Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет12/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38

133

да  Қазақстан  мұнайына  тек  XVII  ғасырдың  соңында  ғана 

патшалық Ресейдің тарапынан ерекше назар аударыла баста-

ды. XVIII–XIX ғасырлардың өн бойына Ресей өзінің жетекші 

топографтарын, геологтары мен тау-кен инженерлерін батыс 

Қазақстанға жіберумен болды. 

1892 жылы батыс Қазақстан аумағында орналасқан же-

келеген жер телімдеріне барлау жұмыстарын жүргізу туралы 

орыс кәсіпкерлерінің алғашқы өтінімдері келіп түседі. Доссор, 

Қарашұңғыл және ескене жерлеріне тұңғыш өндірістік барлау 

жұмыстары жүргізіледі.

«Ресейлік кәсіпкер С. Леман басқарған «Ембі-Каспий 

серіктестігі»  Қарашұңғыл  кен  орнында  (қазіргі  Атырау 

облысында) тереңдігі 38-ден 275 метрге дейінгі 21 ұңғы 

бұрғылады. 1899 жылы қарашада Қарашұңғылда, 40 метр 

тереңдіктегі № 7 ұңғыдан бірінші мұнай бұрқағы алынды, 

тәулігіне небәрі 20-25 тоннаға жуық мұнай өндірілді. Бұл 

оқиға қазақстандық мұнай өндіру мен мұнай өнеркәсібін 

дамытудың басы болып танылды. 

Бұдан соң Доссор, Мақат, Ескене және басқа да кен 

орындарынан мұнай алынды. Каспий мұнайын барлау мен 

іздестіру, өндіру үшін түрлі ресейлік және басқа да шетелдік 

серіктестіктер, қоғамдар құрылды. Айтпақшы, Қазақстан 

аумағында  сол  уақытта  жұмыс  істеген  алғашқы  мұнай 

өндірушілердің бірі, атақты швед өнеркәсіпшісі Альфред 

Нобель болды».

«Қазақстан мұнайы» энциклопедиясы

1999 жыл

Сонымен бір мезгілде аймақтағы мұнай өндірудің жыл 

сайынғы көлемінің өсуімен мұнай инфрақұрылымының да-

муы басталды. Гурьев портына дейін мұнай өндірісі шикізатын 

тасымалдау үшін тұңғыш мұнай құбыры тартылды, ал одан 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

134

әрі қарай қазақстандық шикізат теңіз арқылы бакуге жөнел- 

тілді. 

Алайда заман өзгеріп, бәрі, соның ішінде Қазақстанның 



жаңа қалыптасып келе жатқан мұнай өнеркәсібі де қатал уақыт 

сынына тап болды. біздің халқымызды алда – 1916 жылғы 

Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың, 1917 

жылғы  Қазан  төңкерісінің,  1921–1922  және  1931–1932 

жылдардағы, бүкіл елдің 40 пайызын қырғынға ұшыратқан 

сұмдық ашаршылықтардан туындаған үлкен сілкіністер мен 

қасіреттер күтіп тұрды. 

кеңес өкіметінің келуімен мұнай саласы мемлекет иелігіне 

алынып, барлық компаниялар жойылды. 1920 жылы олардың 

негізінде  орал-ембі  аймағындағы  мұнай  қорын  өндірістік 

жолмен  игеру  үшін,  алғашында  мұнай  кәсіпшіліктерінің 

басқармасы, ал кейінде «Эмбанефть» тресті құрылды. 

Қазақстан мұнайы туралы алғаш Ұлы отан соғысы жыл-

дары ашық айтыла бастады.  кавказ мұнайынан айырылып 

қалу  қаупі  және  Қызыл  Армия  үшін  жанар-жағар  маймен 

қамтамасыз  етудегі  іркілістер  кеңес  үкіметі  басшылығын 

алдымен мұнайдың бір бөлігін өндіруді, содан кейін оларды 

өңдеуді Гурьевке ауыстыруға мәжбүр етті.



«Германия қолбасшылығы өз әскері үшін қажетті жаб-

дық тарды жеткізіп беруде, әсіресе жанар-жағар маймен 

қамтамасыз  етуде  елеулі  қателіктер  жіберді.  Ол  1942 

жылдың  алғашқы  айларында  герман  әскерлері  «Блау» 

атты соғыс операцияларын жүргізе бастады. Ондағы бас-

ты мақсаты КСРО-ның мұнайлы аудандары – Майкопты, 

Грозныйды, Бакуді жаулап алу болатын. Сол үшін 15 мың 

адамнан тұратын арнайы мұнай техникасымен жарақтанған 

бригада құрылды, олар басып алынған мұнай ұңғыларын 

қайта  қалпына  келтіруі  керек  болды.  Алайда  герман 

әскері жүргізген операциялар барысында, тек Майкопты 

к

аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі



135

(9 тамыз 1942 ж.) ғана жаулап ала алды. Бірақ оның да 

инфрақұрылымын шегініп бара жатқан Қызыл Армияның 

әскерлері түгелдей әдейі істен шығарып кеткен-ді. 

Фашистік Германия үшін КСРО-ның мұнайлы аудандары 

қаншалықты маңызды болғанын тағы бір факт дәлелдейді. 

1943 жылдың қысында Гитлер Кавказ бағытындағы армия-

сының  үлкен  бір  бөлігін,  неміс  генералитетінің  қаншама 

үгіттеуіне  қарамастан,  Сталинградқа  жіберуден  бас  тар-

тады».

Даниэль Ергин, «Добыча», 2003 жыл

1943–1945 жылдары тұңғыш қазақстандық мұнай өңдеу 

зауыты – каспий аймағы экономикасындағы жаңа саланың 

пионері  –  Гурьев  мұнай  өңдеу  зауыты  салынды.  Дәл  осы 

уақыттан  былай  қарай  Қазақстанда  көмір-сутегі  шикізаты 

өнеркәсіптік жолмен өндіріле бастады. 

Алайда  Қазақстанның  мұнай  өнеркәсібі  дамуының 

бұзып-жарып  нағыз  алға  шығуы  1979  жылдың  аяғында 

Атырау  облысындағы  теңіз  мұнай  кен  орнының  ашылуы 

болды, бүгінде ол әлемдегі ең ірі бес мұнай кен орындарының 

қатарына кіреді. одан кейін батыс Қазақстан облысындағы 

Қарашығанақ  алып  мұнай-газ  конденсатының  кен  орны 

ашылды. 


Сонымен бірге, Қазақстан өзінің жер қойнауында осын-

дай қымбат қазыналары бола тұра, өзін-өзі солардың нақты 

иесі  ретінде  сезінбеді.  мұнай  саласы  кәсіпорындарының 

барлығын  одақтық  министрліктер  басқарды.  кСРо-ның 

жоғарғы партиялық басшылығы біздің көмір-сутегі шикізатын 

өз  күшімізбен  иге ріп,  өндіруімізге  жол  бермеді,  барлық 

бастамаларымызға  қызға нышпен  қарады.  біз  барлық 

жағынан, тіпті қондырғылар мен өнімдерді жеткізуден бастап, 

ақыр аяғы кСРо-ның түпкір-түпкі рінен келген кадрлардың 

даярлануына шейін орталыққа тәуелді болдық. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

136

1985 жылы м. Горбачев билікке келгеннен кейін «қайта 

құру» басталды. 

мұнай өнеркәсібі және де бүкіл экономика ресурстарды 

үнемдеу және ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып, өнім 

өндіруді ұлғайту, тиімді өндірістік инфрақұрылымды құрып, 

ауыр  қол  еңбегін  пайдалануды  жою  жөніндегі  міндеттерді 

шешуді  талап  етті  –  мұның  бәрі  экономиканың  бәсекеге 

қабілеттілігін арттыруға, демек, қыр соңымыздан қалмай төніп 

келе жатқан күйреуден құтылуға жеткізетін еді. 

бірақ  реформалауды  жария  еткен  бағыт  жинақталып 

қалған  барлық  проблемаларды  шешпеді.  Әуелгіде  ре-

форматорлар  әлде  бір  жартыкеш  шаралармен  шектелгісі 

келді,  ал  шындығында  тек  мұнай  саласы  ғана  емес,  бүкіл 

экономикалық жүйе түбірлі қайта құруды талап еткен еді. одақ 

басшылығы экономикадағы үйлесімсіздіктің басты себебін 

жоюға  –  жоспарлы  бағаның  қалыптасуынан  бас  тартуға, 

сөйтіп артық сұранымды жойып, шаруашылық ағзасының ішкі 

тұрақтылығын қалпына келтіруге бара алмады. 

Экономиканы реформалаудың кеңестік кезеңінің нәти-

жесінде  өндіріс  көлемі  қысқарды,  ақша  құнсызданды, 

бюджеттің тапшылығы молайды, халықтың тұрмыс деңгейі 

құлдырады. Жалпы дағдарыс мұнай өнеркәсібін де сырт ай-

налып кетпеді. Дәл сол уақытта жоспарлы шаруашылықтан 

нарыққа ауысу жөнінде кезең-кезеңімен кең көлемде рефор-

малар жүргізу мүмкіндігін уыстан шығарып алдық. 

одақта саясат әрдайым экономикадан үстем тұрды. Сон-

дықтан одақ басшылығы мен РкФСР Жоғары кеңесінің тай-

таласы түріндегі қосөкіметтілік елдегі мемлекеттік басқарудың 

берекесін  кетірді,  осы  «саясаттан»,  шын  мәнінде,  жүйедегі 

шалыс  басудан  бүкіл  экономикалық  реформалар  барысы 

тұралап қалды. бұл бүкіл кеңес жүйесінің дағдарысын одан әрі 

шиеленістіре түсті. кСРо-ның құлауы соның жалпы нәтижесі 

болды.


к

аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі



137

э

кономикАлыҚ

 

тәуелсіздіктің

 

іргетАсы

 

ретіндегі

 

мұнАй

Қатаң  кесімді  бағамен  орталықтан  жоспарлау  тәртібі 

белең алған кСРо құрамында бола тұрып, одақтас респуб-

ликалардың әрқайсысы еңбек бөлінісінде белгілі бір орынды 

иеленді. Қа зақстан, негізінен, шикізатпен, азық-түлікпен және 

әскери өнім дермен қамтамасыз етуші болып табылды. 

біз «темір перденің» жағдайында өмір сүрдік және бүкіл 

сауда-саттық одақтың ішінде жүргізілді. барлық өнеркәсіп, 

энергетика, көлік, мұнай-газ құбырлары, байланыс пен сауда 

бүкіл кСРо-ның қажеттеріне бағытталды. Сондай жағдайда 

Қазақстанның батысын шығысымен жалғайтын тікелей көлік 

қатынасы болмады. 

Қазақстанның қызметі жөніндегі барлық экономикалық 

және саяси шешімдер мәскеуде қабылданды. мысалы, бізге 

өнеркәсіптің  небәрі  7%-ын  басқаруға  мүмкіндік  берілді, 

ал  мәскеудің  билігінде  өнеркәсіп  пен  инфрақұрылымның  

93%-ы  болды.  Сауданың  жеке  үлес  салмағы  РкСФР-мен 

арада – 75%, Украина кСР-мен арада – 15%-ды құрады, сол 

себепті Қазақстанның ішкі экспорттық әлеуеті тар шеңберде 

ғана мамандандырылған болды. 

Қазақстанға мұнай саласында одақтың құбыр жүйесіне 

шикізат өндіру мен тауарлы мұнайды тасымалдап жеткізу рөлі  

берілді. Сонымен қатар мұнай-газ кәсіпорындарының қызметі  

тек  кен  орындарындағы  операторлықпен  ғана  шектелді. 

Экономиканың мұнай жобалары, мұнай және газ экспорты  

мен маркетингі мәселелерін мәскеу өз құзырында қалдырды. 

мұнай өнеркәсібінің жоғары әлеуетінің жеткілікті болға-

нына қарамастан, Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылда-

рында мұнай мен газды барлау, игеру, өндіру, өңдеу және та-

сымалдау салаларында елеулі қиындықтар мен кедергілерге 

тап болды. мұнай-газ өнеркәсібі технологиясының, маши-


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

138

налар  мен  қондырғылардың,  инвестициялық  капиталдың, 

сондай-ақ  батыстың  мұнай  компанияларымен  жұмыс 

тәжірибесінің  қатаң  жетіспеушілігін  сезінді.  Өйткені  басты 

мәселе  –  мұнай  өндірудің  көлемінде  емес,  оны  әлемдік 

нарықта өткізе білуде болды. 

Алайда  тәуелсіздік  алған  кезеңде  біздің  менеджмент 

әлемдік  нарықта  әрекет  етіп,  табысты  бәсекелестікке  түсе 

алатындай  соншалықты  қазіргі  заманға  лайықты  және 

озық  болмады.  кеңес  кезеңінде  жасалған  республиканың 

ішкі  тасымалдау  жүйесі  егемен  мемлекеттің  талаптарына 

жауап бере алмады, халықаралық нарыққа шығу мүмкіндігі 

шектеулі  болды.  кСРо  тарағаннан  кейінгі  кезеңде  мұнай 

құбырының  үлкен  бөлігі  Ресей  аумағында  қалып  қойды, 

мұның өзі посткеңестік кеңістіктегі біртұтас мұнай-газ секто-

ры жұмысының пайдалылығы мен тиімділігіне айтарлықтай  

әсер етті. кеңестік уақытта көңіл бөлінбей келген қоршаған 

ортаны қорғау мәселесі өте өткір сезіліп тұрды. 

мен  мұнай  ресурстарымызды  тиімді  де  сапалы  игеру 

үшін  кен  барлау  жұмыстарында,  көмір-сутегі  шикізатын 

өндіру  мен  өңдеу,  оны  тасымалдау  салаларында  аса  бай 

тәжірибесі  бар  дүние  жүзінің  ірі  мұнай  компанияларымен 

кең  ынтымақтастықтың  қажеттігін  түсіндім.  Әлі  Қазақстан 

өз тәуелсіздігін алып болмаған кездің өзінде әлемдік мұнай 

өнеркәсібі алыптарымен келіссөздер жүргізе бастадым. 

Иә, алғашқы кезде қиын болды. бізде шет елдермен ке-

ліссөздер жүргізу тәжірибесі болмады. турасын айтқанда, 

мұның бәрін келіссөздер уақытында үйрендік. мен әрдайым 

өзіме-өзім: «бұл келісім халықаралық стандарттарға сай келе 

ме? келешекте ол Қазақстанның мүддесіне кесірін тигізбей 

ме?» деген сұрақтар қоюмен болдым. біздің біліміміз бен 

беделіміз жеткілікті емес еді. Жаңашыл, тың идеялар мен 

қиын-қыстау кезеңдерде жұмыс істеу тәжірибесі бар адам-

дар қажет болды. Өте қиын болды. Шетелдік инвесторларды 



к

аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі



139

тартуға  байланысты  еліміздің  ішінде,  сондай-ақ  таяу  шет  

елдерде қарсыластарымыз көбейді. бізді отанына сатқындық 

жасады, сонымен қатар өз ресурстарын тиімді пайдалана 

алмай,  шетелдік  мұнай  компанияларына  тәуелді  болған 

Нигерияның  қайыршылық  жағдайына  душар  етеді  деп  

айыптады.  Соған  қарамастан,  біз  жаңа-жаңа  аяғын  қаз 

басқан  жас  республикамыздың  әлеуметтік  және  эконо-

микалық  дамуы,  сондай-ақ  мемлекеттің  стратегиялық 

қауіпсіздігі  үшін  мұнай-газ  саласының  маңызды  екенін 

ұғындық. осыған орай 1992 жылдың өзінде қазақстандық 

мұнай-газ индустриясын одан әрі дамыту жөніндегі жақсы 

ойластырылған  перспективалық  жоспарды  жасауға  көп 

күш-жігерімізді жұмсадық. 

Әсіресе бұрын-соңды кездеспеген қиындықтар көп бол-

ды, алайда басты стратегиялық мақсатқа – мұнай өндірудің 

деңгейін арттыруға қалай болғанда да жеттік. егер де кеңес 

одағы тарағаннан кейінгі жылдық мұнай өндірудің деңгейі 

1991  жылғы  25  миллионнан  1994  жылы  20  миллионға 

дейін төмендесе, ал одан соңғы жылдары оның жедел өсуі 

байқалды. 

Атырау облысында сонау кеңес одағы тұсында-ақ мөлшері  

1  миллиард  тоннаға  жуық  мұнай  қоры  барланған  75-тен 

астам  кен  орны  табылған  еді.  тәуелсіздік  жылдары  біз 

солардың мөлшері 846 млн тоннадай қоры бар 39 кенішін 

игердік. бұдан басқа 7 кен орнында дайындық жұмыстары 

жүргізілді.  Ал  тағы  да  25  кеніш  барлауға  дейінгі  жұмыс 

кезеңінде болды.



«Ең  ірі  кен  орындарынан  мына  төмендегілерді  атап 

өтуге болады: 

1.   Қашаған  (жалпы  барлау  жүргізілген,  алынатын 

мұнай қоры 1 млрд 648 млн тонна, газ – 969 млрд текше 

метр); 

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

140

2.  Теңіз (жалпы барлау жүргізілген, алынатын мұнай 

қоры 237,3 млн тонна, газ – 687,3 млрд текше метр); 

3.  Қарашығанақ (жалпы барлау жүргізілген, алынатын 

мұнай қоры 1 млрд 318,7 млн тонна, газ – 684,4 млрд 

текше метр)».

Дерек көзі: Қазақстан Республикасы 

Энергетика және минералдық ресурстар 

министрлігі

Қазақстан тәуелсіздік алумен бірге орасан зор пробле-

маларға,  соның  ішінде  тәуелсіз  Қазақстан  экономикасын 

алға сүйреуші – мұнай өндірісі саласына инвесторлар тарту 

мәселесіне тап болды. 

біздің  алдымызда  каспийдің  шикізат  байлығы  үшін 

мәс кеу мен  арада  ұзақ  күреске  төтеп  беру  міндеті  тұрды. 

Ресейдің  мұнайшыл  жақтастары ельцинді  теңіз  кен  орнын 

Ресей меншігіне алуға итермелеп, қатты қысым көрсетті. міне, 

осыған  байланысты  ельцинмен  арада  көптеген  қолайсыз 

әңгімелер болды. 

бірде мәскеуде ельцинмен болған кездесуде ол маған: 

«теңізді  Ресейге  беріңдер»,  деді.  мен  бетіне  қарадым, 

байқаймын, қалжыңдап тұрған жоқ. «Жә, егер де Ресей бізге 

орынбор  облысын  берсе,  өйткені  орынбор  Қазақстанның 

астанасы болды ғой» деп жауап қаттым. ол: «Сіздің Ресейге 

жер жайында айтатын дауыңыз бар ма еді?» деді. «Ә, жоқ», 

дедім. ол күліп жіберді, мен де күлдім. 

Ресейде  мұндай  күрделі  кен  орнын  игеру  үшін  қаржы 

мен  технология  жоқ  болатын.  егер  де  сол  кезде  теңіз 

ресейліктердің иелігінде қалса, олар бұл кен орнын жауып 

қойып,  Қазақстан  экономикалық  жағынан  кіріптар  болып 

қалатын еді. 

Республикамыздың  бүкіл  мұнай  саласының  одан  әрі 

дамуына ықпал еткен Қазақстанның алғашқы елеулі табысы 



к

аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі



141

оның  «Шеврон»  компаниясымен  жасасқан  келісімшарты 

болды. бұл келісімшарт барлық кейінгі келген инвесторлар 

үшін  белгі  болды.  ол,  шын  мәнінде,  біздің  экономикалық 

тәуелсіздігімізге негіз қалаған «ғасыр келісімшарты» атанды. 

бірақ оған шейін де үздік-создық келіссөздердің талай жыл-

дары тұрған еді, енді сол туралы айтпақпын.

«ғ

Асыр

 

келісімшАрты

»

80-ші  жылдардың  соңы  мен  90-шы  жылдардың  ба-

сында-ақ  «Шеврон»  теңіз  кеніші  туралы  кСРо-мен  келіс-

сөздер  жүргізген,  бірақ  кСРо  басшылығы  мұнай  қорын 

шетелдіктердің игеруіне барынша бөгет болып, жол бермеді. 

Ресейлік  мұнай  өнеркәсібінің  жақтастары  теңіздегі  мұнай 

қоры  туралы  білетін,  сондықтан  теңіздің  басқалардың 

қолында болуын қаламады. 

Сол уақыттың өзінде теңізде жыл сайын шамамен 3 мил-

лион тонна мұнай өндіретін 60-қа жуық ұңғы жұмыс істеді. 

Өнім  көлемін  15  есе  арттырудың  мүмкіндігі  болды,  тек  ол 

үшін  орасан  зор  қаржы  мен  инновациялық  технологияны 

пайдалану  қажет  еді.  Сол  кезеңде  мәскеуде  олардың  бірі 

де болмады, сондықтан СокП  орталық  комитеті шетелдік 

инвесторларды тарту туралы оймен келісуге мәжбүр болды. 

мәселе тек кімді тарту керектігіне тірелді. 

барлық  ұсынылған  инвесторлардың  арасында  жапон-

дықтар, ағылшындар мен итальяндықтар болатын, мәскеу 

өз таңдауын американдық «Шеврон» компаниясына жасады. 

«Шевронмен» келісімге қол жетті, сондай-ақ теңіз кен орнына 

жұмсалатын инвестициялармен қатар кСРо-ның ішкі рыно-

гын сапалы мұнай өнімдері тауарларымен толтыруға тиісті 

бірлескен әртүрлі кәсіпорындар құрылатын болды. 

Сөз  жоқ,  бұл  таңдау  кезінде  мәскеуге  күшті  ішкі  және 

сыртқы мүдделер тарапынан қысым көрсету болмай қалмаған 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

142

еді. мәскеу орталық биліктің шайқалған негізін нығайту үшін 

бәріне  даяр  болды.  1988  жылдың  өзінде-ақ  кСРо  мұнай 

және газ өнеркәсібінің министрлігі мен «Шеврон» арасында 

королев  кен  орнын  игерумен  айналысуға  тиіс  «Совшев-

ройл» бірлескен кәсіпорнын құру ниеті туралы хаттамаға қол 

қойылған. бұл  құжатқа  біздің  қатысуымызсыз  қатаң  құпия 

жағдайда қол қойылды. бірақ кСРо-ның құлауы мен одақтас 

республикалардың  егемендігін  алу  үрдісі  күш  алып  келе 

жатқан, бір жылдан соң мәскеу бізді американдықтармен 

болатын  келісімдерге  тартып  қана  қоймай,  біздің  қоятын 

шарттарымызбен санасатын болды. 

1990  жылғы  маусымда  «Шеврон»  басшылығымен 

алғашқы ресми келіссөздер жүргізілді. Американдық «Шев-

рон» мұнай компаниясы мен сол уақытта кСРо мұнай және 

газ  өнеркәсібі  министрлігі  жүйесіне  кіретін  қазақстандық 

«теңізмұнайгаз» өндірістік бірлестігі арасында ниет білдіру 

туралы  Хаттамаға  қол  қойылды.  осы  Хаттамаға  сәйкес, 

«Шеврон» компаниясы теңіз және королев кен орындары 

бойынша техникалық-экономикалық негіздерді дайындауға 

және  «теңізмұнайгазбен»  бірлескен  кәсіпорындар  құру 

туралы  ықтимал  келісімдер  жөнінде  келіссөздер  жүргізуге 

міндеттенді. 

Аталған Хаттамаға қол қойылғаннан кейін мен алғаш рет 

Америка Құрама Штаттарын аралап, үш аптаға жуық Нью-

Йоркте, Вашингтонда және «Шеврон» корпорациясының ка-

лифорния мен луизиана штаттарындағы кәсіпорындарында 

болдым. 


Сол уақытта мен мәскеуде Сан-Франциско университеті-

нің профессоры, шығу тегі жағынан корейлік болып келетін 

американдық Чан Ян бэнгпен танысқан едім. Соның көмегімен, 

АҚШ-та болған үш апта уақыт ішінде, мен экономика, қаржы 

және  құқық  мәселелері  бойынша  кәсіби  мамандармен 

әңгімелесіп, біраз нәрсе үйрендім. бұл әңгімелер АҚШ-тың 



к

аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі



143

экономика  және  қаржы  жүйелерін,  инвесторлардың  ақша 

салуына жағдай туғызатын заңдарды егжей-тегжейлі зерде-

леуге, сондай-ақ инвестициялаудың тетіктерін қарап шығуға 

мүмкіндік берді. 

осы «теориялық» сабақтарға, іс жүзінде сол «Шевронның» 

өзі де нақты мысал болды. бұл күні бүгінге дейін жалғасып 

келе жатқан жаңа сабақ алуымның жақсы бастамасы еді. 

бүгінде доктор Ч. бэнг білімнің қазіргі заманғы барлық  

талаптарына жауап беретін, еліміздегі ең үздік жоғары оқу 

орны – ҚмЭбИ-ге басшылық етуде. 

1991 жылдың бірінші тоқсаны аяғында «Шеврон» ком-

паниясы мен «теңізмұнайгаз» бірлескен кәсіпорындар құру 

туралы келісім жобасы мен алдын-ала жасалатын техникалық-

экономикалық негіздемені дайын етті. бұл тЭН мен жобаны 

кСРо мемлекеттік жоспарлау комитетінің сарапшылар тобы 

қарастырып, бекітуі керек болатын. Алайда техникалық қана 

емес, басқа да қиындықтар туындады. 

1989–1990 жылдары кСРо-дағы саяси жағдай күрт на-

шарлап кеткені белгілі. 1991 жылдың жазында борис ельцин 

өз кандидатурасын Ресей Президенттігіне ұсынып, бұрынғы 

бас хатшы, ол кезде Президент м. Горбачевпен және СокП 

басшылығымен ашық жанжалда болды. бір жағынан ельцин 

егор Гайдар секілді өз жақтастарының көмегімен «Шеврон» 

мен  «теңізмұнайгаз»  арасындағы  бірлескен  кәсіпорынды 

елдің  мүддесіне  жауап  бермейді  деп  сынға  алды.  Гайдар 

келісімге тікелей өз сараптауын жүргізді. теңіз мұнай кен орны 

мәселесін шешудің орнына оны саяси ойынға айналдырды. 

осы дүрбелеңнің нағыз қызған шағында тағы да үшінші бір 

комиссия құрылды, ол да ұсынылған келісімшарттарын сынап 

шықты. 

1991 жылдың ортасына таман жобаның ілгері баспайты-



ны түсінікті болды. бұл кезеңде біз батыл қимылдарға көштік. 

м. Горбачевтың кезінде Президенттік кеңестің мүшесі ретінде 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

144

мен  келіссөздерді  жүргізу  жөнінде  Қазақ  кСР  министрлер 

кеңесіне өкілеттік берілуіне мәскеуді көндірдім де: Қазақстан 

үкіметі неғұрлым тиімді шарттарға жетеді, – деп сендірдім. 

кеңестік басшылық бұған келісті. 1991 жылдың 23 шілдесінде 

мәскеудегі Қазақ  кСР-інің тұрақты өкілеттігінде «Шеврон» 

өкілдеріне  келіссөздерде  жоба  бойынша  жаңа  шарттар 

талқыланатынын хабарладым. 

мұның алдындағы түннің жарымынан астамын Горбачев-

пен және басқа да одақтас республикалардың лидерлерімен 

жаңа  одақтық  келісімшарттар  жөніндегі  келіссөздермен 

өткізгенбіз. тура бір аптадан кейін мен Горбачевпен және ель-

цинмен кездестім. ондағы ойым – жанжалдасқан екі жақты 

татуластыру және ұсынылған одақтық келісімшартты түпкілікті 

қалыпқа келтіруге тырысу болатын. одан келесі күні ядролық 

қауіпті қысқарту жөніндегі «Старт-2» келісімшартына қол қою 

үшін мәскеуге келген АҚШ Президенті үлкен Джордж бушпен 

кездестім.  біз  «Шеврон»  мен  «теңізмұнайгаз»  арасындағы 

келіссөздердің барысын бүге-шігесіне дейін талқыладық, ол 

жобаға қолдау көрсетуге келісті. 

АҚШ Президенті келіссөздер кезінде м.С. Горбачевтың 

не  айтқанын  білгісі  келді.  мен  оған  кен  орнының  барлық 

қиын дықтары,  мысалы,  соның  ішінде  құрамында  күкірттің 

жоғары болуына және тағы басқа жағдайларға байланысты 

технологиялық тасымалдың жоқтығы туралы егжей-тегжейлі 

айттым. ол разы болып қалды. Әлі есімде, менен Джордж 

буш: «Сіздің біліміңіз мұнайшылық емес пе?» деп сұраған. 

мен оған: «Жоқ, мен металлургпін, бірақ өмір экономиканың 

барлық  саласын  түсініп  білуге  мәжбүр  етеді»  деп  жауап 

бергенмін.  2006  жылы  үлкен  Дж.  буштың  үйінде  қонақта 

болғанымда,  ол  осы  жайды  еске  түсіріп,  мені  содан  бері 

білетінін айтты. 

бұл  Қазақстан  үшін  қиын  кезеңде  қабылданған  дұрыс 

шешім болды. Үш аптадан соң, кСРо мемлекет ретінде өмір 

сүруден қалды. одақ құлағаннан кейін теңіз жөніндегі барлық 


к

аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі




1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал