Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет11/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38

121

ие болған оларды  мемлекет басшысы басқарады және өз 

құрамында атқару билігінің өкілдері арқылы шектелмейді. 

орталықта сатылы биліктің күшеюі өңірлерде де осындай 

үлгіні  туғызатын  еді.  бұл  кезде  облыстардағы  Президент-

тің  өкілдері  жойылып,  әкімдерді  бұрынғыша  Президент 

тағайындайтын  болды.  Реформалау  барысында  облыстық 

кеңестердің орнына келген облыстық мәслихаттардың рөлі де 

төмендетілді. Экономикалық дағдарысты еңсергеннен кейін 

бұл проблемаларды шешуде қайта оралып, демократиялық 

реформалардың келесі жаңа кезегін қолға алатынымызды 

біле отырып, біз бірқатар бірегей шараларға саналы түрде 

бардық. 

Атқару  билігін  әсіресе  жергілікті  жерлерде  күшейтудің 

бірқатар жүйелік кемшіліктері болатынын мен түсінген едім. 

бұл кемшіліктердің ең бастысы сыбайлас жемқорлық еді, ол 

бүгін де сол күйінде қалып отыр. биліктің өкілетті органдары 

тарапынан бақылаудың төмендеуіне байланысты, орталықтан 

тағайындалғандар көп жағдайларда өздерінің лауазымдық 

өкілеттіліктерін  асыра  пайдалана  бастайды.  баршаның  іс-

әрекеттерін бақылап отырудың қиындығын білгендіктен олар 

өздерінің тікелей міндеті – халыққа қызмет ету екендігін жиі 

ұмытады. осының нәтижесінде реформаны жүргізудің ең ба-

сынан бастап-ақ Президент Әкімшілігіне жергілікті жерлердегі 

шенеуніктердің  жүгенсіздігі  жайындағы  шағымдар  қаптап 

келе бастады. тұрғындар ескі әдеттерімен «орталық коми-

тетке жазып жатты». 

Сыбайлас жемқорлық экономикалық саясатпен еліміз- 

дің  даму  стратегиясының  маңызын  бұрмалап,  мемлекет 

өмірінің басқа да салаларына ене бастады.  осыған байла-

нысты  мен,  сыбайлас  жемқорлықпен  ымырасыз  күресте 

қолдауларын  сұрап  Республика  азаматтарына  үндеу  тас-

тадым.  Сол  кезеңде  сыбайлас  жемқорлықты  туғызатын 

себептерге бағытталған заңның қабылдау қажеттігі жөнінде 

заңгерлер арасында әртүрлі пікірлер болды. Алайда қалыптаса 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

122

бастаған жағдай шұғыл да ымырасыз қимыл жасауды талап 

етті. Сондықтан мен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес тура-

лы» заңның жобасын жасауды тапсырдым. ол 1998 жылы 

шілдеде қабылданды. Сол сияқты сыбайлас жемқорлықпен 

күрестің бағдарламасы жасалды, құқық бұзудың сыбайлас 

жемқорлық түріне жауапкершілік күшейтілді. 

конституциялық  ереженің  пәрменді  болуы  қоғамдық 

қатынастардың барлық субъектілерінің, әсіресе мемлекеттік 

органдардың және жеке лауазым иелерінің соған сәйкес қа-

былданған  заңдарды  қалтқысыз  орындауы  мен  сақтауына 

тікелей байланысты. 

Құқықтық  мемлекетте  азаматты  қорғайтын  Президент 

те емес, аймақтың басшысы да емес, министр де емес, сот 

екеніне мен сенімдімін. Әділетті және адал сотсыз, жетілген 

құқықтық базасыз тұрақты және өркениетті қоғам болмай-

ды.  Нарықтық  құқықтық  тәртіпті  орнатқаннан  кейін  ғана, 

мемлекеттік аппараттың, барлық азаматтардың және заңды 

тұлғалардың конституция мен заңдарды қатаң орындауын 

орнықтырғаннан кейін ғана барып, осындай қоғамның негізі 

болып табылатын мықты экономиканы қалыптастыруға бола-

ды. бұл жұмыста бәрі де маңызды: деңгейлес құқықтық база-

ны құру да; конституцияның, жеке және заңды тұлғалардың 

құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  қорғау  күзетінде  тұрған 

заңдық пирамиданың ең жоғары биігіндегі сотты бекіту де; 

сол сияқты оларда тек қана заңға бағынатын, сот шешімдерін 

бұлжытпай  және  жылдам  орындайтын  құзіретті,  адал 

қызметкерлер  қызмет  істейтін  сапалы  сот  жүйесін  құру  да 

бірдей қажет. 

Саяси  реформалардың  әрбір  кезеңі  экономиканың, 

азаматтық қоғамның, тұрғындардың саяси және құқықтық 

мәдениетінің  даму  деңгейімен  тығыз  байланысты  болуы 

қажет. Соттарды күшейту мәселені шешудің алғашқы баста-

масы ғана болатын. бүгіндері, экономика саласындағы негізгі 

реформалар  аяқталған  кезде,  экономикалық  табыстарға 


1995 жылғы 

к

онституция



123

сәйкес саяси жүйені де ырықтандыру бізге өмірдің өзі қойған 

талаптары болып табылады. 

мен осы жерде тағы да мынаған тоқталғым келеді: кез 

келген  саяси  реформа  ең  негізгі  шартты  –  орташа  тапты 

қалыптастырмай нәтижелі болмайды. тұрақты және гүлденген 

қоғам ғана тұрақты саяси жүйені құруға қабілетті.

«...қоғам  осындай  (батыстық)  демократиялық  саяси 

жүйені табыспен пайдалана алатын жағдайға жеткенге дейін, 

халық білім мен экономикалық дамудың жоғары деңгейіне 

жетуі, едәуір көлемде орташа тап құруы, ал адамдар өмірде 

тірі қалу үшін күресуді ойламайтын болуы тиіс... 

Орташа тап өміршең экономикасы жоқ елде пайда бола 

алмайды,  ал  мұның  өзі  елді  бір  орында  шыр  айналудан 

шығаруға қабілеті күшті, дана басшылықты керек етеді».

Ли Куан Ю, «Сингапурская история: 

из «третьего мира» – в «первый» 

(1965–2000)»

Азаматтардың күнделікті өміріндегі мемлекеттің рөлі ту-

ралы мәселеге қайтып оралғанда, біз мемлекеттік басқаруды 

орталықсыздандыруды аяқтауымыз керек. бұл, ең алдымен, 

мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасындағы өкілеттілікті 

айқындауға,  мәслихаттардың  рөлін  көтеруге,  сол  сияқты 

бюджетаралық қатынастар жүйесін жақсартуға байланысты. 

мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыруды аяқтай сала, 

бізге жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың үрдісін 

бастау қажет. 2005–2007 жылдар арасындағы кезеңде біз 

қала,  аудан,  т.б.  төменгі  деңгейдегі  әкімдер  үшін  сайлау 

жүйесін енгізуді және сол сияқты олардың қызметін саралап 

бағалаудың қажеттілігін қарастырамыз. 

бұл  міндеттерді  шешкен  соң,  саяси  жүйені  ырық- 

тандырудың  кейінге  қалдырылған,  одан  да  маңыздырақ 

кезеңіне – Парламенттің рөлін көтеруге қайтып орала ала-


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

124

мыз.  ел  Парламентінің  саяси  мәртебесін  нығайту  біршама 

мәселелерді конституциялық деңгейде шешуді талап етеді. 

біз  Парламенттің  екі  Палатасының  да  депутаттар  санын 

көбейтуіміз керек. Парламенттің қызметіне тек мемлекеттік 

бюджетті  бекіту  ғана  емес,  сонымен  бірге  оның  орындалу 

барысын бақылауға да шынайы араласуы тиіс. 

конституциялық  өзгерістердің  барысында  Үкіметті 

құрудың жаңа жүйесін жасау да қажет болуы мүмкін. осыған 

байланысты бізге Үкіметті парламент көпшілігінің тетігі арқылы 

құру мәселесін қарастырудың қажет болатыны анық. 

Қазақстанның  өз  дамуының  жаңа  кезеңіне  кіру  логи-

касы,  осыған  сәйкес  мемлекеттік  басқаруды,  саяси  жүйені 

және,  бәлкім,  конституцияны  да  реформалауды  мұқият 

қарастырып, жүзеге асыруды талап етеді. біз, түптеп келген-

де, еліміздің мемлекеттік және саяси құрылымының оңтайлы 

моделін енгізуіміз керек. мемлекеттік басқаруды жаңғырту 

және саяси реформаларды іске асыру біздің қоғамымызды 

топтастыруға,  Қазақстанның  дүние  жүзіндегі  беделі  мен 

абыройының өсуіне қызмет ететіні айқын. бұл Қазақстанға 

халықаралық саясаттың, өркениеттер үндесуінің, орта Азия 

аймағындағы  тұрақтылық  пен  интеграцияның  орталығына 

айналуына мүмкіндік береді. 

осы және басқа көптеген өзгерістердің барлығы біздің 

көздеген  мақсатымызға  жетуге  жол  ашады.  біз  өз  дамуы-

мыздың  жаңа  кезеңіне  енді  ғана  шыққан  жас  елміз  ғой. 

тіпті көптеген жылдар өткеннен кейін де, мен өзімнің жұмыс 

үстелімде  жатқан  конституцияға  қарап,  сол  бір  кездегі 

оқиғаларды ойға түсіремін. оның жобасымен қалай ынталана 

жұмыс істегеніміз, түрлі баптарды талқылағанда қандай қызу 

таласқа дейін барғанымыз, халықтың талқылауына ұсынғанда 

қалай толқығанымыз – бәрі де есте. 

Жұмыстан қол сәл босаса, мен конституцияны ашып, оның  

баптарын  қайта-қайта  оқимын,  оқимын  да  сол  кездерде  

біздің шешімдеріміздің дұрыс болғанына тағы да көз жеткі-


1995 жылғы 

к

онституция



125

земін. оның тамаша дәлелі – Қазақстанның мемлекеттік құры-

лыстағы және экономиканы реформалаудағы бүгінгі табыста-

ры. конституцияның маңызды ережелеріне сүйене отырып, біз 

еліміздің тағдыры үшін аса өмірлік маңызды қайта құруларды 

іске асырдық: нарықтық экономиканы қалыптастырдық және 

демократиялық қоғамның негізін қаладық. 

осы бір жылдары демократияландырудың аса маңызды 

институты  –  парламентаризмнің  дамуына  толық  жағдай 

жасалды.  Қос  палаталы  кәсіби  Парламент  уақыт  сынынан 

сүрінбей  өтті,  онда  сан  салалы  мүдделердің  өкілеттілігі 

қамтамасыз етілген. біз – осы жолмен орталық Азияда батыл 

қадам жасаған бірінші елміз. басқалар біздің ізімізбен жүріп, 

тәжірибемізді пайдаланды. 

Атқарудың тік сатылы жүйесі оңтайландырылған әкім-

ші лік-территориялық  құрылыммен  және  мемлекеттіліктің 

басқа да нығайтылған тетіктер жиынтығымен үйлесім табуы 

Қазақстанның  жүйелі  дағдарыстан  шығуына,  серпінді  да-

муды бастауына қолайлы жағдайлар жасады, ал мұның өзі 

қазір  жеделдетілген  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси 

жаңғыртулар туралы айтуға мүмкіндік беріп отыр. 

конституция қолданылған жылдардың ішінде бірде-бір 

саяси  қайшылық  дағдарысқа  ұласқан  жоқ.  барлық  дау-

дамай  конституциялық  рәсімдер  шеңберінде  шешілуде. 

мемлекеттік институттар арасындағы өзара қатынастардың 

жүйесі қалыптасты. бұл жүйе дәстүрге айналды. 

Ұлтаралық қатынастардың көкейкестілігі және олардың 

әртүрлі  елдердің  бәсекелік  артықшылықтарына  тигізетін  

әсері  біздің  отандық  тарихтың  оқиғалары  мен  атаулы 

мерзімдеріне ғана тірелмейді. Дүниежүзілік тарихтың соңғы 

онжылдығына жасалған талдауға қарасақ, жиырмасыншы  

ғасырдың соңғы ширегінің басты оқиғасы планетаның ұлттық  

және нәсілдік құрамының түбегейлі өзгеруі болғанын көреміз. 

кәне, әлемде не болып жатқанына қарайықшы. Қазіргі 

дүние  жүзіндегі  мемлекеттердің  басым  көпшілігі  өзінің 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

126

құрамы  жағынан  көпұлтты,  әлемнің  12  елінде  ғана  бір 

этнос  тұрғындардың  90  пайызын  құрайды.  Ұлтаралық 

қатынастардың  қазақстандық  моделінің  біріккен  Ұлттар 

Ұйымының,  еуропадағы  қауіпсіздік  пен  және  ынтымақ 

ұйымының және т.б. беделді халықаралық ұйымдардың тара-

пынан ең жоғарғы баға алуы кездейсоқ емес. Ұлттық топтар 

дамуының барлық түйінді мәселелері реттеудің үш деңгейлі 

жүйесінде өрістетілді. 

бірінші деңгей – бұл сол топтардың өздерінің белсенділігі. 

біз  ұлттық  қауымдастықтардың  өз  мәдениетін  дамытуға 

байланысты  заңды  ұмтылыстарын  бүтіндей  қолдадық. 

Қазақстанда  бірнеше  ондаған  ұлттық  мәдени  орталықтар 

қызмет жасауда. 

екінші деңгей – бұл біздің Қазақстан халықтары Ассам-

блеясы мысалында ұлттық қатынастардың бірегей құралын 

жасауымыз. бүгінде дәл осындай беделді де өкілетті ұлттық 

саясаттың құралы әлемнің бірде-бір елінде жоқ. 

Үшінші деңгей – бұл тіл жайлы мемлекеттік саясат.  біз 

қазақ  тіліне  мемлекеттік  тілдің  жай  ғана  үстірт  мәртебесін 

бере салған жоқпыз, оның қоғамдық өмірдің барлық сала-

ларында толыққанды қызмет етуінің міндеттерін де шештік. 

бүгіндері еліміздегі оқу орындарының жартысынан астамы 

сабақты  қазақ  тілінде  жүргізеді.  кеңестік  ұлттық  саясаттың 

мемлекеттік тілге тигізген ауыр зардаптарын нақ Қазақстан 

шеккенін ұмытпауымыз керек. бірақ та біз, көптеген елдер-

ге қарағанда, осы бір жолды әлде бір тілдік кемсітушіліксіз 

лайықты жүріп өттік. 

Қазақстанда саяси әралуандылық және көппартиялылық 

қамтамасыз етілген. елде саяси процестерге ықпал жасайтын 

жалпыұлттық ірі партиялар қызмет жасайды, олардың ішінде 

оппозициядағылар  да  бар.  Сол  сияқты,  бізде  азаматтық 

қоғамның аса маңызды сегменттерінің бірі – үкіметтік емес 

ұйымдардың біршама нығайғаны да даусыз. егер де осыдан 

10  жыл  бұрын  олардың  саны  400  болса,  қазір  5  мыңнан 


1995 жылғы 

к

онституция



127

астам.  олар  бір  кезде  өзім  ұйымдастыруға  бастамашы 

болған Азаматтық форумның шеңберінде, әріптестік негізінде 

өкіметпен белсенді өзара іс-қимылдар жасайды. Қазір осы бір  

қатынастарда «бірінші скрипка» рөлін орындаушы дәл осы  

мемлекеттік емес ұйымдар болғаны – аса жағымды құбылыс. 

түбегейлі өзгерістер ақпараттық салада да болды. Қазақ-

станның медиа-нарығында өзін-өзі көрсету бостандығы, өз 

пікірін еркін айту және өкіметті сынау бостандығы қалыптасты, 

азаматтардың баламалы дерек көздерінен ақпарат алу құқығы 

іске асты. бүгіндері елімізде 2 мыңнан астам әртүрлі саяси 

бағдардағы бұқаралық ақпарат құралдары шығады, олардың 

ішінде радикалды оппозициянікі де бар. Сіздер білетіндей, 

бұқаралық ақпарат құралдарының 80%-ы мемлекеттік емес. 

Дүние жүзінің көптеген елдеріндегідей, біздің конститу-

ция да қатып қалған догма емес. конституцияны қолданған 10 

жыл ішіндегі жинақталған тәжірибе бізге ішкі міндеттерді шешу 

үшін де және уақыттың өзі тудырған жаңа талаптарға тиімді 

жауап беру үшін де керек. конституцияны қатаң ұстану – бұл 

мемлекеттің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық 

келісімнің негізі. ол бойынша өмір сүру – бұл демократияның 

ең  жоғарғы  мектебі.  бұл  мектептен  барлығымыз  да  өтуге 

тиіспіз. 

біздің  міндет  –  конституцияға  аса  ұқыптылықпен  қа-

рау.  Өзіміздің  елімізді,  өзіміздің  тарихымызды,  өзіміздің 

жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны да солай аялауымыз 

керек.  конституцияны  сыйлай  білмесек,  оның  талаптарын 

мүлтіксіз орындай алмасақ, онда қоғамдық келісімге, тәртіпке, 

бейбітшілікке және тыныштыққа жету мүмкін болмайды, яғни 

мұндай жағдайда отанның ырыс-берекелі болашағы туралы 

айтудың да қажеті жоқ. 

конституция біздің бостандықтарымыздың негізіне ай-

налды. ол бізге тәуелсіздік алып келген жеңістеріміздің, біздің 

тапқан табыстарымыздың бүкіл кешенін баянды етті. біздің 

конституцияның бізге берген ең басты құндылығы – таңдау 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

128

құқығы, басқаша айтқанда, өз өміріңнің қожасы өзің болуы 

кез келген қазынадан бағалы. 

біздің конституция – бұл шынайы өмірдің айнадағы кө-

рінісі емес, қоғам мен мемлекеттің қандай жағдайда болу 

керектігінің көрінісі. Сондықтан оның әлеуетінің сарқылуы таяу 

араларда бола қоятын жағдай емес. Негізгі Заңда бекітілген 

базалық стратегиялық сипаты бар заңдық ережелер мен прин-

циптер мемлекет пен қоғамның даму мүмкіндіктеріне, саяси, 

экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың қалыптасуына 

қарай ашыла түспек. 

Небәрі  15-20  жылдың  ішінде  біздің  қоғам  бүтіндей 

дамыған  демократияның  деңгейіне  сәйкес  келетініне 

мен  сенемін.  Парламентте  тұрақты  қызмет  істейтін  екі-

үш  партиялық  жүйе  қалыптасады  және  орташа  тап  бүкіл 

тұрғындардың жартысын құрайтын болады. 

менің атап көрсеткенімдей, бұл конституция біздің эко- 

номиканың дамуына жаңа серпін берді. Қазір, дәлірек айт-

қанда,  Қазақстанның  экономикасы  барлық  болып  жатқан 

өзгерістердің – жаңа конституцияны жасаудан бастап және 

әрбір  қазақстандықтың  өмір  салтындағы,  ең  бастысы,  ой-

санасындағы өзгерістерге дейін – солардың қозғаушы күші 

болды. осы кезеңдегі біздің экономиканың «қаны» – қазақ 

жерінің «қара алтыны» мұнай. мұнай мен газ біздің басты 

ресурсымызға  және  тәуелсіздіктің  алғашқы  күнінен  өзінше 

бір  бастапқы  капиталға  айналды.  болашақтағы  15-20 

жылда  да  Қазақстан  көмір-сутегін  дүние  жүзінің  рынок-

тарына  шығаратын  ірі  ел  болады.  біздің  байлықтарымыз 

сонымен  бірге  бізді  көре  алмаушылықтың  және  бізге  кінә 

тағушылықтың нысанына айналды; бізде тек соның кесірінен 

ғана  өз  тәуелсіздігімізден  шынында  айырылып  қалу  қаупі 

болды. мен келесі тарауда, өзімізді бір минутта босаңсытпай 

және алдауға жол бермей, оны бақылайтынымызды үнемі 

естен шығармай, осы бір асауды қалай қолда ұстағанымыз 

туралы айтпақпын.


каспий үшін 

күрес және 

мұнай дүмпуі

3-тарау


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

130

«ғ

Асырдың

 

мұнАй

 

фонтАны

»

менің  Қазақстан  компартиясы  орталық  комитетінің 

хатшысы ретінде экономика және өнеркәсіп мәселелерімен 

айналысып жүрген уақытымда, сондай-ақ оған дейін де және 

одан  кейін  де  атқарған  жұмыстардың  барысында каспий 

аймағында бірнеше рет болған едім, алайда 1985 жылдың 

жазында көргенімді бұдан бұрын ешқашан көрмеппін. 

бұл көрініс тек мен үшін ғана айтарлықтай оқиға болып 

қалмады.  кСРо  жоғары  басшылығының  барлық  назары 

кішігірім Гурьев аймағы жағына ауды. 

оның бәрі теңіздегі мұнай ұңғыларының біріндегі өрттен 

басталды.  бұл  оқиға  1985  жылдың  23  шілдесінде  болды, 

4467 метр тереңдікте жүргізіліп жатқан бұрғылау жұмыстары 

кезінде т-37 ұңғысынан мұнайдың алып фонтаны бұрқ ете 

қалады.  Ұңғыдан  атқылаған  мұнай  бұрқағы  бой  бермей, 

үлкен өрт пайда болады. Нәтижесінде ұңғылау қондырғысы 

толықтай қирап, ал бұрғылау құралы үлкен қысым күшімен 

ұңғыдан жанышталып шығарылады. мұнай-газ бұрқағының 

сол кездегі сыртқа атылу ұзақтығы 400 тәуліктен асты. 900 

атмосфералық  қысыммен  атқылаған,  биіктігі  250  метрлік 

үлкен өрт бағаны бой көтерді. Ауаға таралған күкірт қыш-

қылының  көлемі  8  млрд  шаршы  алаңды  жайлады,  ал 

экологияға  және  адамдардың  денсаулығына  тигізілген 

зардаптарды есепке алмағандағы материалдық шығындар  

1 млн АҚШ долларынан астам соманы құрады. 

Ауаға  тараған  күкірт  қосындылары  мөлшерінің  өте 

көптігінен айналадағы тіршілік атаулы қырыла бастады. түнгі 

уақытта  ас панға  шапшыған  от  бағанның  ыстығына  қанаты 

күйіп, күкірт иісімен уланған құстар тура жерге құлап жатты. 

Алып  от  алауы  өзіне  таяу  жердегі  мұнай  ұңғысы  басында 

апаттың зардабымен алысып жүрген адамдарды да шарпыды. 

Өкінішке қарай, бұл оқиға адам өлімінсіз болмады. Әскери 



к

аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі



131

өртшілер  бөлімі  қызметкерлерінің  бірін  от  жалыны  жұтып, 

ол тірідей өртеніп өлді. Ұңғыдағы өртті сөндіруге қатысқан 

жауынгерлердің барлығы да әртүрлі дәрежеде күйік алды. 

Ұңғы маңайындағы өрт қызуының күштілігі соншалық, отқа 

өте төзімді деген киімдердің өзі санаулы минуттарға ғана кию-

ге жарады. Өртті сөндіруге қолданылған құм да табан астында 

түрлі-түсті балқымаға айналып, бықсып жанумен болды. 

Өртті бүкіл одақ болып сөндірдік. оған кСРо-ның түк-

пір-түкпірінен  жиналған  және  шет  елдерден  шақырылған 

ең  үздік  мамандар  жұмылдырылды.  Сол  уақытта  осындай 

аса  қатерлі  өрт  тасқынын  өшіруге  еліміздің,  соның  ішінде 

Украинадан Полтаваның және Өзбекстаннан Қаршының ең 

таңдаулы әскери өрт сөндіру бөлімдері қатысқанын ерекше 

ризашылықпен айта кеткен орынды. Ұңғыдағы апатқа бай-

ланысты жұмыстар теңіз-37 ұңғысындағы апаттың зардап-

тарын жою жөніндегі жедел штабтың төрағасы, кСРо мұнай 

өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары И. Игревскийдің 

басшылық етуімен жүргізілді. 

кСРо мұнай өнеркәсібі министрлігінің өртті сөндіруге ша-

масы жетпеді, өйткені онда мұндай күшті фонтанды жою үшін 

қажетті қондырғылар болмады. тығырыққа тірелген мұнай 

өнеркәсібі  министрлігі  келесі  бір  сәтте  бұл  бұрқақты  атом 

бомбасы жары лысын бағыттау арқылы тоқтатқысы келді. ол 

кезде жақын ауылдарда тұрып жатқан адамдар туралы тіпті 

сөз де болмады. Алайда біз оған дер кезінде араласып, бұл 

қорқынышты ойдың жүзеге асуын болдырмадық. 

теңіз-37  ұңғысында  аспанға  шапшып  жанған  ашық 

газ-мұнай  бұрқағын  тікелей  күш  жұмсап  сөндірудің  өзі  екі 

айға жуық уақытқа созылды. Ақырында, мұнайшылар осын-

дай ғаламат отқа оранған 37 нөмірлі теңіз мұнай ұңғысын 

«ғасыр  фонтаны»  деп  атап  кетті.  Ғаламат  өртті  сөндіруде 

Гурьевтегі  Петровский  атындағы  зауыттың  мұнайшылары 

жасаған гидроқысым қондырғысы үлкен рөл атқарды. Соның 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

132

көмегімен  ырық  бермей  атқылаған  газ  бен  мұнай  екпіні 

бірден бәсеңсіп жуасытылды. 

Өрт апатын ауыздықтаудағы жұмыстың екінші кезеңін-

де  ұңғыға  құбыр  жіберіп,  соның  бойымен  төмен  қарай 

ауыр  сұйықтық  ағызу  және  сол  арқылы  бұрқақты  сөндіру 

ұсынылды. Дегенмен, мұндай жұмысты жүргізу үшін үлкен 

қысым күшімен бір жүйеден басқарылатын арнайы қондыр-

ғы талап етілді. 

кСРо-дан  мұндай  технология  табылмады,  сол  себепті 

американдық «Шеврон» мен канадалық «отис» компания-

ларының мамандарынан ақыл-кеңес алумен қоса, арнайы 

американдық және канадалық қондырғыларды пайдалану ту-

ралы шешім қабылданды. Нәтижесінде, кеңестік мұнайшылар 

мен аталмыш компаниялар мамандарының бірлесе күш са-

луымен ұңғыға құбыр жіберіліп, өрт бұрқағы сөндірілді. 

37 нөмірлі ұңғыдағы бұрқақ теңіз кен орнындағы орасан 

зор қуат көзін көрсетті. бұл каспий шельфінің қазақстандық 

бөлігіндегі «үлкен мұнайдың» бізге берген алғашқы белгісі еді. 

Сол кездің өзінде-ақ кСРо-да мұндай мұнай кен орындарын 

игеру үшін қазіргі заманғы технологиялар жоқтығы түсінікті 

болды.


к

Аспий

 

мұнАйын

 

игерудің

 

тАрихы

Қазақстан тарихында мұнай аса маңызды рөл атқарды. 

Ғылыми сипаттама бойынша, «мұнай – бұл газ тектес және 

басқа да заттардың сұйық ерітіндісінен құралған көмірсутегінің 

күрделі қоспасы». осы «қара алтыннан» алынатын бірнеше 

мыңдаған  заттардың  тізімі  бір  парақ  қағазбен  бітпейтіні 

белгілі. бір кезде Д.И. менделеевтің өзі «пешке мұнай жағу 

оған қағаз ақша жағумен бірдей» деп айтқан еді. 

Қазақстан аумақтарынан сонау ерте замандарда-ақ мұ-

найдың  табылғанын  алғашқы  деректер  дәлелдейді.  Алай-



к

аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі




1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал