Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет10/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38

110

кесілді келіспеді, олар да өз тарапынан бұқаралық ақпарат 

құралдарында мәлімдеме жасады. конституциялық Соттың 

өз ішіндегі жаңа  конституцияның жобасын қарау кезіндегі 

мұндай алалықтар қоғамда пікірталастың қаншалықты өткір 

жүріп жатқанының айқын көрінісі болды. 

конституцияның жаңа жобасын талқылауға 3 миллион 

345 мыңнан астам қазақстандық қатысып, 31 886 ұсыныстар 

мен  ескертулер  жасады,  соның  нәтижесінде  жобаның  98 

бабының 55-іне 1100 түзетулер мен қосымшалар енгізілді, 

сол  сияқты  конституцияға  жаңа  тарау  мен  бірқатар  жаңа 

баптар қосылды. түсіп отырған ұсыныстарды ескере отырып, 

жобамен жұмыс істеу барысында тағы да жаңа өзгерістер мен 

қосымшалар енгізілді. кейіннен жалпы алғанда конституция 

мәтінінің 18 нұсқасы дайындалғанын санап шықтық. 

конституция  жобасының  жұмысы  әбден  аяқталды-ау 

деген кезде, мен «1995 жылы 30 тамызда республикалық 

референдум өткізу туралы» 1995 жылы 28 шілдедегі №2389 

Жарлыққа қол қойдым. Атап айтқанда, осы Жарлықта қаулы 

шығарылды:



1. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум 

өткізілсін. 

2. Республикалық референдумға жаңа Конституцияның 

жобасы енгізілсін, онда: «Сіз 1995 жылы 1 тамызда жария-

ланған Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жо-

басын қабылдайсыз ба?» – деген сұрақ тұжырымдалсын. 

3.  1995  жылы  1  тамызда  бұқаралық  ақпарат  құрал-

дарында  бүкілхалықтық  талқылауды  ескере  отырып, 

толықтырылған және өзгертілген Конституцияның жобасы 

жариялансын.  Конституцияның  жобасы  Қазақстан  Рес-

публикасы  Орталық  сайлау  комиссиясына  бір  мезгілде 

жіберілсін.

Дерек көзі: Қазақстан Республикасы 

Президентінің Мұрағаты


1995 жылғы 

к

онституция



111

Жобаны ресми түрде жариялау қарсаңында мен жұмыс 

тобының мүшелері – б. мұхамеджанов пен к. колпаковқа, 

барлығының  дұрыс  көрсетілуіне  күмән  қалмас  үшін,  оның 

мәтінінің  баспаханада  дайындалған  гранкасымен  тағы  бір 

танысып шығуды тапсырдым. түннің бір уағында, шамамен 

екі  жарым  кезінде,  олар  маған  барлығының  дұрыстығы 

туралы қоңырау шалды. Сол кезде барып қана мен оларға 

және Н. Шәйкеновке гранкадағы нұсқаға қолдарын қойып, 

жобаны баспасөзге жіберуді тапсырдым. келесі күні таңертең 

конституцияның  жаңа  жобасы  республикалық  бұқаралық 

ақпарат құралдарында жарияланды. 

Жоба жарияланғаннан кейін баспасөз конференциясын 

шақырдым, онда болашақ конституцияның негізгі ережелері 

туралы  айтып  бердім  және  журналистердің  сауалдарына 

жауап бердім. ең бастысы, бұқаралық ақпарат құралдарының 

өкілдері  арқылы  жаңа  конституция  –  ұлтаралық  және 

азаматтық келісім жағдайында еліміздің тұрақты дамуына, 

саяси  және  экономикалық  реформаларды  дәйекті  түрде 

іске  асыруға  мүмкіндіктер  ашып  беретін  факт  екенін  бүкіл 

қазақстандықтардың есіне салғым келді. 

конституциялық реформаны бастауды тек бүкілхалықтық 

қолдау жағдайында ғана іске асыруға болатын еді. конститу-

цияның жаңа мәтінімен қарқынды жұмыс жүргізудің қажеттігі 

туралы  шешім  осыдан  келіп  туындаған  еді.  Сынның  ыстық 

шарпуы маған қарай бағытталды. осы бір қиын кезеңде мен 

Қазақстан халықтарының Ассамблеясынан қолдау таптым, 

ол маған Парламенттің құрылуын күтпей-ақ халықтың өзіне 

төте шығып, ойымды айтуды ұсынды. Қазір мен бұның дұрыс 

шешім болғанына сенімдімін. 

мойындау  керек,  мен  күмәнді  күйде  жүргенмін.  бір 

жағынан,  мәселе  объективті  түрде  және  дұрыс  қойылды. 

Парламент  пен  Үкіметтің  отставкаға  кетуіне  байланысты 

туындаған  саяси  дағдарыс  жағдайында,  тұрақтылықты 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

112

сақтау  және  президенттік  билікті  нығайту  мақсатында, 

қоғамды  шектен  тыс  саясаттандырудан  сақтау  керек 

болды.  Ал  екінші  жағынан,  Президент  –  ол  да  өзгелер 

сияқты адам, мені мәселенің қойылуының кейбір жақтары 

қымсындырды.  мен  сайлаудан  қорықты  деген  дауыстар 

шыға бастады. Сонымен бірге, маған ондай сайлауға баруға 

тұратындығын  көзімді  жеткізе  дәлелдеген  социологиялық 

зерттеулердің шынайы мәліметтері де болды: егер де әңгіме 

тек  менің  президенттігімді  сақтау  туралы  ғана  болатын 

болса,  ондай  жағдайда  мені  мен  президенттіктен  дәмесі 

бар-ау дейтін басқа да кандидаттар арасындағы алшақтық 

шын мәнінде даусыз еді. Сонымен бірге сайлау – бұл екі-үш 

кандидаттардың арасындағы ғана таңдау еді, ал референ-

думда сұрақ төтесінен қойылды: Нұрсұлтан Назарбаев. Не 

иә, не жоқ? маған ашық түрде таңдаудың бір басында тұруға 

тура келді, ал екінші басында – өтпелі кезеңнің қиындықтары, 

тұрмыс деңгейдің құлдырауы, осы жылдардың ішінде жина-

лып қалған дүрдараздық, мақсатты түрде бағытталған сын 

және ашық арандату тұрды. 

біз қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуының қиын 

кезеңінен өттік. бірақ та енді одан әрі қалай өмір сүреміз деген 

таңдаудың алдына қайта келдік. бұл экономикаға да, саясатқа 

да,  қоғамның  өмірінің  басқа  жақтарына  да  қатысты  еді. 

Саясаткерлердің, жұртшылық өкілдерінің, ғалымдардың, өмір 

тәжірибесі мол адамдардың көптеген ұсыныстарымен таныс-

қаннан кейін ғана, халықтан мені қолдауларын сұрадым. 

Қазақстан үшін қалыптасқан тарихи ахуалда референдумға 

тұрақтылықты  сақтау  туралы,  шын  мәнінде  мемлекетке  де 

және қоғамға да қажетті сұрақ қойылды. Референдум: біздің 

осы жылдар бойы жүргізген саясатымыз дұрыс па?, Қазақстан 

халқы  оны  одан  әрі  жалғастыру  үшін  Президентке  сенім 

білдіре ме? – деген бүкіл еліміздің көкейтесті сауалдарына 

жауап беруі тиіс болады. Сонымен, шешім қабылданды. 



1995 жылғы 

к

онституция



113

бір  ай  жылдам  өте  шықты.  Ақыры,  1995  жылы  30  та-

мызда  жоғарыда  айтылған  Жарлыққа  сәйкес  Қазақстан 

Республикасының жаңа конституциясын қабылдау жөнінде 

бүкілхалықтық  референдум  өткізілді.  Референдумның  өту 

барысын 19 қоғамдық бірлестіктерден мыңға жуық өкілдер 

қадағалап  тұрды.  Шетелдік  бақылаушылар  қатарында 

Венгрияның,  мысырдың,  канаданың,  Польшаның, 

Румынияның, тәжікстанның, Украинаның және т.б. өкілдері 

қатысты. 

Референдумға  сайлаушылардың  90,58%-ы  қатысты. 

олардың ішінен жаңа конституцияның қабылдануын қолдап 

89,14%-ы дауыс берді. Дауыс берудің нәтижесінде Қазақстан 

Республикасының  жаңа  конституциясы  қабылданды.  бұл 

жеңіс  еді.  Дауыс  беруге  қатысушылардың  жоғары  деңгейі 

Негізгі  Заңда  біз  көрсеткен  мемлекеттік  бағытты  қолдай-

тындарының көрсеткіші болды. 

мені орасан зор ризашылық сезімі биледі. бүкілхалық-

тық қолдауды тапқанда, өзінің міндетін орындадым-ау деген 

үлкен  бір  ризалық  сезімді  басынан  кешіргенде,  кез  келген 

саясаткердің  бір  жұлдызды  сәті  болатыны  анық.  Үлкенді-

кішілі істердің үздіксіз тоғытылған орасан зор проблемалар 

толқыны алдында, кейде өзіңнің маңайыңды бос қалғандай 

сезіну,  сенің  пікірлестеріңнің  түкке  тұрмайтындай  аз  боп 

көрінуі  сияқты  көптеген  жылдар  бойғы  күмәнданулар  мен 

алаңдаушылықтардың босқа кетпегенін көрдім. 

1995 жылғы конституция шын мәнінде халықтың ерік-

жігерінің көрінісі болды, ал Қазақстан халқы Негізгі Заңның 

қосалқы  авторына  айналды.  Референдумның  нәтижесі 

бойынша 1995 жылы 1 қыркүйекте өткен баспасөз конфе-

ренциясында  мен  барлық  қазақстандықтарды  біздің  жас 

егеменді мемлекетіміздің өміріндегі осы бір тарихи оқиғамен 

құттықтадым.  еліміздің  жаңа  конституциясының  жобасын 

қолдап  дауыс  бере  отырып,  біздің  азаматтарымыз  бүкіл 

елімізге  үшін,  әрбір  азамат  үшін  маңызды  таңдау  жасады. 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

114

бәлкім, Қазақстан тарихында бірінші рет халық өз болашағын 

өз қолында ұстады және сол үшін дауыс берді. бұл шынында 

да солай еді. Негізгі Заңда мемлекеттің принциптері ғана жа-

рияланып қойған жоқ, сонымен бірге әрбір адамның, біздің 

азаматтардың  тікелей  өмірімен  байланысты  шешімдер  де 

қабылданды. бұлар олардың бостандықтарына, құқықтарына, 

қоғам алдындағы міндеттеріне байланысты мәселелер еді. 

түптеп келгенде, осылар адамның, әрбір жанұяның және біздің 

еліміздің болашағының перспективаларын анықтайтын. 

Сөз сөйлегеннен кейін мен журналистердің сауалдарына  

жауап бердім. бұлардың кейбіреулері әдеттегідей «астарлы» 

сұрақтар болатын, бірақ, Қазақстан халқы жаңа конституцияға 

бірауыздан дауыс бергеннен кейін, оларға жауап беру маған 

жеңіл болды. 

мәселен, «би-би-си» корреспонденті кривенконың жаңа 

конституция ел Президентіне тым үлкен өкілеттіліктер берген 

жоқ  па?  –  деген  сұрағына,  мен,  Қазақстан  Президентінің 

өкілеттілігі Франция Президентінің өкілеттілігінен әлдеқайда 

аз, бірақ бұдан Франция демократиясыз мемлекетке айналған 

жоқ  қой,  –  деп  жауап  бердім.  «Экономист»  журналының 

корреспонденті мак Вильямс референдумның өткізілуі үкімет 

шенеуніктерінің бақылауында болған жоқ па? – деген сұрақты 

көлденең тартты. мен референдумның барысын мыңнан астам 

бақылаушылар қадағалағанын, оның ішінде шетелдіктері де 

болғанын, бірақ ешқандай да заң бұзушылықтың болмағанын 

оның есіне салдым. 

Журналистердің бірі 1991–1995 жылдары біз жинақтаған 

тәжірибенің қысқаша қорытындысын беруді сұрады. Жауап 

ретінде мен саясаткердің жұмысын, картоп өсіріп емес, алма 

ағашын  өсіріп,  соның  нәтижесін  күтумен  салыстырдым: 

«картопты көктемде салып, ал күзде оның өнімін жинайсың. 

Ал, алма ағашының жемісін алу үшін 5-6 жыл керек. Өткен 

жылдарда ешкім де бізге барлығын жылдам жасаудың жо-

лын айтқан емес, сондай-ақ ешкім де посткеңестік кеңістікте 


1995 жылғы 

к

онституция



115

барлығын жылдам жасай алған жоқ. бірақ, біздер ең бастыны 

– біздің отанымыз – Қазақстан Республикасында тыныштықты 

сақтадық,  қантөгісті  болдырмадық.  біз  өзіміздің  меншікті 

қаржымыздың иесі болдық, біз өз экономикамызды өзіміз 

басқардық, жақсы өмір үшін оларды қалай қарай бұру керек 

екендігін түсіндік. біз осы кезеңде бүкіл дүние жүзінде, өзімізге 

сенім туғыза білдік. Қазақстанға инвестициялар құйылды». 

мен  мемлекетті  құруда,  реформаларда,  біз  бекіткен 

құжат тарда қателер болған жоқ десем, жалған айтқан болар 

едім. бірақ қателеспейтін тек ештеме істемейтін адам болар. 

Саясаткердің жұмысы кейде сағатшының жұмысына ұқсас, тек 

айырмашылығы сонда – сағатшы бұзылған сағатты жөндемес 

бұрын тоқтатып ала қояды да, содан соң жөндеуге кіріседі, ал 

саясаткер бұл сағатты тоқтатпай жөндеуі керек. міне, барлық 

күрделілік осында. 

1995 жылы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Пре-

зидентінің резиденциясында біздің еліміздің конституциясы 

ресми  таныстыру  рәсімі  болды.  осы  салтанатты  жағдайда 

орталық  сайлау  комиссиясының  төрағасы  Юрий  ким 

жаңа  конституцияны  қабылдау  бойынша  бүкілхалықтық 

дауыс берудің нәтижесі туралы қаулыны оқып шығып, маған 

еліміздің Негізгі Заңының жаңа мәтінінің түпнұсқасын тапсыр-

ды. бұдан кейін мен «Қазақстан Республикасы конституциясы 

туралы» Жарлыққа және оның 100 түпнұсқасына қолымды 

қойдым.  еліміздің  1993  жылы  28  қаңтарда  қабылданған 

бірінші  конституциясы  мәтінінің  түпнұсқасын  мемлекеттік 

мұрағатта сақтауға тапсырдым. 

Рәсімге қатысқан үкімет мүшелерінің, қоғам өкілдерінің, 

дипломатиялық  өкілдіктер  басшыларының  және  бұқа-

ралық ақпарат қызметкерлерінің алдында сөйлеген сөзімде, 

мен  барлықтарын  жаңа  конституцияның  қабылдануымен 

құттықтап, осы сәттен бастап біздің алдымызға шешілмеген 

көптеген  мәселелерді  қоятын,  біздің  дамуымыздың  жаңа 

кезеңі басталады деп атап көрсеттім. 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

116

біздің экономиканы дүниежүзілік шаруашылыққа қалай 

интеграциялау  керек?  Дүниежүзілік  шаруашылыққа  бұлай 

біріктірмейінше, біздің шалғайдағы, сөзсіз аутсайдер ел бо-

лып қалатынымыз анық болатын. кепілдік берілетін там-тұм 

мемлекеттік «пәйөкке» дағдыланған жұртты енді өз күштеріне, 

өз ақылдарына, өздерінің іскерліктеріне қайтіп сендіруге бола-

тын еді? Адам өзінің, өз отбасының тағдырына жауапкершілі-

гін сезінбей, еш уақытта нағыз табыстарға қол жеткізуі мүмкін  

емес. 


түбегейлі әлеуметтік реформалардың негізгі құралы бо-

лып табылатын, қазіргі заманғы және күшті мемлекетті қалай 

құруға болады? 

Қазақстан халықтарының әрқайсысының төл мәдениетін 

томаға-тұйықтыққа  апарып  тірейтін  ұшқарылыққа  ұрын-

дырмай, қалай сақтауға болады? біз бойкүйездіктің де, сол 

сияқты шыдамсыз асығыстықтың да мәдени тоқырауға апа-

рып соғатынын түсінуіміз керек. 

Қоғамда руханилықтың, ұлтаралық келісім мен азаматтық 

бейбіт өмір сүрудің мұраттарын қалай орнықтыруға болады? 

Ақырында,  қылмысты  қалай  ауыздықтауға,  сонымен 

бірге ешбір қысым шараларына бармай-ақ қоғамда, биліктің 

барлық  қабаттарында  заңның  үстемдігін  қалай  орнатуға 

болады?


1995 

жылғы

 к

онституция

 – 

жАңА

 

Қ

АзАҚстАнның

 «

іргетАсы

»

осыдан екі жүз жылдан астам бұрын, қазіргі демокра-

тияның негіздері қаланып жатқан кезде, заңдар мен консти-

туциялардағы жиі өзгертулердің жақтасы болмаған американ 

президенті томас Джефферсон «заңдар мен адами инсти-

туттар адамзат ақыл-ойының прогресімен қол ұстасып бірге 

жүруі тиіс» деп жазды. бұл көзқарас, содан бері екі ғасыр өтсе 

де, өзінің маңызын бүгіндері жойған жоқ. 



1995 жылғы 

к

онституция



117

1995  жылғы  конституция  Қазақстанда  реформаны 

жүргі зудің аса қуатты серпіні болғанын мен мақтанышпен 

айта аламын. көп жағдайда, оның ережелерінің арқасында, 

аздаған  мерзімдердің  ішінде  ғана  жас  мемлекеттің  эконо-

микасы мен саясатында, ұлтаралық тұрақтылықта аса үлкен 

жағымды нәтижелерге жеттік. 

Қолданымдағы  конституцияны  қабылданғаннан  кейін 

Қазақстандағы  экономикалық  реформаны  жүргізу  үшін 

«даңғыл  жол»  ашылды.  бейнелеп  айтқанда,  барлығын  да 

басқарған, бірақ ештемені басқара алмаған Жоғарғы кеңестің 

орнына, осы жылдардың ішінде елдің бет-бейнесін өзгерткен 

заңдарды қабылдаған екі палаталы кәсіби Парламент келді. 

1995 жылғы конституция экономикалық реформаларға 

жаңа серпін бере отырып, қазіргі нарықтық қатынастардың 

талаптарына жауап берген және жауап беретін Парламент 

пен Үкіметтің заңнамалық шеңберде қызмет жасаулары үшін 

тиімді нормативті құқық базасын қамтамасыз етті. конститу-

ция мемлекеттік меншікті, сонымен бірге жеке меншікті де 

қорғауға тең жағдайда кепілдік береді. 

Қолданымдағы  конституцияда  мемлекет  адам  құқық-

тарына  шынайы  кепілдіктер  берген;  олар:  әркімнің  еңбек 

ету  және  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысу  бостандығы; 

заңмен мөлшері көрсетілген медициналық тегін көмек алу; 

тегін орта білім алу; діни жоралғыларды атқару бостандығы 

құқықтары. Сондай-ақ конкурстық негізде ақысыз жоғарғы 

білім  алуға,  жасына  қарай  әлеуметтік  қамсыздандыруға, 

сонымен  бірге  ауырған,  мүгедек  болған,  асыраушысынан 

айырылған жағдайда әлеу меттік қамсыздандыруға кепілдік 

берілген. бүгіндері осы конституциялық құқықтар заңдардың 

нақты нормаларында баянды етіліп, адамдардың күнделікті 

өміріне берік енді. конституция адамның негізгі құқықтары 

мен бостандықтарын бекітіп, еліміздің азаматтарының құқық 

алдындағы теңдігін қамтамасыз етті, бұлар сөзсіз қоғамның 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

118

саяси  өміріне  демократияның  іргелі  принциптерін  енгізуге 

қолайлы жағдай жасайды. 

басқаша айтқанда, конституция азаматтардың консти-

туциялық құқықтарының, бостандықтары мен міндеттерінің 

мәні  мен  мазмұны  қазіргі  нарықтық  экономиканың  прин-

циптеріне  сәйкестеп  тұжырымдалған;  ал  бұл  принциптер 

жеке  тұлғаның  сан  алуан  мүдделерін  қанағаттандыру 

мүмкіндіктерін қамтамасыз етуді оның еңбек процесіндегі 

үлесіне тәуелді етіп қояды. Сонымен бірге мемлекет тарапынан 

қажетті әлеуметтік тегін қызмет минимумының кепілдіктері де 

беріледі. Экономикалық бостандық, идеологиялық және сая-

си сан алуандық, жұрттың барлығының заң алдындағы теңдігі 

Қазақстан дамуының негізгі басымдықтарына жатады. 

Саяси  режимнің  демократиялануы  мемлекеттің  жеке 

тұлғаға беретін әлеуметтік мүмкіндіктерінің шеңберін кеңейтті. 

осының  нәтижесінде  ұлттық  құқықтық  жүйедегі  адам  мен 

азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтарының  рөлі  елеулі 

түрде  күшейтілді,  олардың  дәстүрлі  заңдық  кепілдіктеріне 

жаңа  толықтырулар  енгізілді.  біріккен  Ұлттар  Ұйымының 

азаматтық  және  саяси,  сонымен  бірге  экономикалық, 

әлеуметтік  және  мәдени  құқықтары  туралы  Халықаралық 

пакеттерінің  талаптарын  толық  орындау  үшін  жағдайды 

қалыптастырғаннан  кейін,  Қазақстан  осы  бір  маңызды 

құжаттарды ратификациялады. 

конституцияның  негізінде  жаңа  заңнама  қалыптасты. 

Жаңартылған  конституциялық  құқық  жасалды.  Азаматтық 

қо ғамдағы  жеке  меншік  қатынастарды,  еркін  кәсіпкерлікті 

реттейтін  азаматтық  құқық  одан  әрі  дамытылды.  Әлем 

қауымдастығында  қалыптасқан  принциптерге  сәйкес, 

азаматтық-процессуалдық,  қылмыстық-процессуалдық 

және қылмыстық-орындаушылық заңдарға елеулі өзгерістер 

жасалды. 

Қылмыстық құқықта, оның принциптерінде көрініс тап-

қан,  әлеуметтік  құндылықтарды  қорғайтын  жаңа  иерар-


1995 жылғы 

к

онституция



119

хия  айқындалды.  бұлардың  негізінде  Қылмыстық  кодексті 

қалыптастыру қажет болды. міндет мейлінше күрделі және 

жауапты  болғандықтан,  мен  тікелей  жұмысшы  тобының 

жетекшісі И. Роговпен және б. мұхамеджановпен бірлесе от-

ырып, заң жобасының әрбір бабын мұқият қарап шықтым. 

Құқықтық  мемлекеттің  дамуын  қамтамасыз  ететін  

құрал дардың бірі дұрыс айқындалған қылмыстық-құқықтық 

саясат  болып  табылады.  біздің  елімізде  бұл  адамды, 

оның  өмірін,  құқықтарын,  бостандықтарын  ең  жоғары 

құндылық  деп  жариялаған  Негізгі  Заңнан  келіп  шығады. 

Заң  бұзушыларға  қарсы  қатаң  жазалау  шараларынан  бас 

тарта отырып, мемлекет олардың жауапкершілігінің ақылға 

қонымды  түрлерін  орнықтырады,  ол  құқықтық  саясаттан 

және  жазаны  орындау  жүйесін  ырық тандырудан  көрінеді. 

Нәтижесінде, егер осыдан біраз ғана бұрын Қазақстан бас 

бостандығынан  айырылғандардың  саны  жағынан  әрбір 

100 000 адамға шаққанда АҚШ пен Ресейден кейін дүние 

жүзінде үшінші орында тұр, бұл көрсеткіш бойынша ол қазір 

24-позицияға түсті. 

Сонымен бірге қылмыстың жаһандануы және өзгеріске 

ұшырауы, сөйтіп күннен-күнге аса қауіпті түрлерге енуі жағ-

дайында барлық заң бұзушылықтарға, әсіресе қылмыстың 

аса қауіпті түрлеріне жауапкершіліктің бұлтартпастық прин-

циптерін актуальды ете түседі. 

Қазіргі  кезеңде  жұртшылық  пікірінің  беделін  көтерген 

әлеуметтік және құқықтық дилемма сипатындағы өлім жаза-

сына қатысты аса күрделі мәселе шешілуде. Әзірге бұл мәселе 

бойынша оны қолдануға мораторий енгізілген. бұл мәселе 

қоғамның рухани өмірінің белсенділігі артуымен, әлеуметтік 

құндылықтарды қайта бағалаумен қатарласа жүретін мем-

лекет  дамуының,  күрт  өзгерістерге  толы  сәттерінде  өткір 

қойылатынын біз білеміз. 

ешқандай да өсіріп айтпай-ақ, бүгінгі күні біз тәп-тәуір 

нәтижелерге жеттік деп айтуымызға болады. Жеткен жетіс-


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

120

тіктеріміздің ішінде бастылары: ішкі саяси және ұлтаралық 

тұрақтылық, макроэкономикалық тұрақтанушылық, инфля- 

цияны  толықтай  тежеу,  тиімді  қаржы-несие  жүйесін 

құру,  меншік  қатынастарын  қалыпқа  келтіру,  бірте-бірте 

жекешелендіруді  іске  асыру  болып  табылады.  Өнеркәсіп 

өндірісінің  табанды  түрде  өрлеуі  басталды,  ауыл  шаруа-

шылығы жанданды. бүгіндері біздің жаңа конституция және 

заңдарымыз адам үшін жұмыс істеп қана қоймайды, соны-

мен  бірге  оның  шығармашылық,  жасампаздық  қуатының 

белсенділігін күшейтіп, іскерлік бастамаларын ынталанды-

рады деп айтуға барлық негізіміз бар. 

Экономикалық  табыстарға  қолы  жеткен  Қазақстанның 

тәжірибесі  өтпелі  кезеңде,  экономиканы  ырықтандыру 

үшін  жеткілікті  түрде  қатаң  саяси  құрылымның,  кәсіби 

қызметшілер мен қоғамдағы тәртіптің қажеттігін көрсетеді. 

бұл көп жағдайда қолдау таба бермейтін, бірақ аса керекті 

күрделі  экономикалық  реформаларды  іске  асыруға,  саяси 

тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

1995 жылы шынайы президенттік республиканы құруға 

бара отырып, мен дамудың осындай нұсқасында елді басқару 

мүмкіндігі күшейетіндігін және жанға бататын экономикалық 

реформалар  нәтижесінің  көп  күттірмейтіндігін  түсіндім. 

Реформаның  жүзеге  асырылу  барысына  Президенттің 

тікелей жауапкершілігінің артуы сол сияқты оның бірқатар 

өкілеттілігін  арттыруды  да  талап  етті.  осы  кезеңнен  бастап 

министрліктер мен ведомстволардың басшыларын Президент 

тағайындайтын болғандықтан, бұған Парламент араласпай-

тын  болды.  Алқалы  басқару  органы  ретінде  министрлер 

кабинеті де біршама ықшамдалды. Президенттің ұсынуымен 

Парламенттен  қолдау  алған  Премьер-министр  «елдің 

басты  дағдарыс  менеджері»  өкілеттілігін  алды.  кейіннен 

келе  Экономикалық  саясат  жөніндегі  кеңес,  Ұлттық  банк 

басқармасы, Ұлттық қор басқармасы, Ұлттық кеңес сияқты 

алқалы  кеңестер  заңдық  түрге  ие  болды.  Нақты  бағытқа 


1995 жылғы 

к

онституция




1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал