Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет1/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

АлмАты

«Жібек Жолы»

2012

н.Ә. нАЗАРБАЕВ

ҚАЗАҚСТАн 

ЖОЛЫ


УДК 94 (574)

ББК 63.3 (5 Қаз)

Н 17

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат 

министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің 

әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 

бағдарламасы бойынша шығарылды

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – 

Елбасының Қоры

               Назарбаев Н.Ә.

Н 17      ҚазаҚстаН жолы. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі,  

 

2012. – 472 бет.



 

ISBN 978-601-294-092-3

елбасының  кітабы  Қазақстанның  қазіргі  тарихының  аса 

күрделі  де  жарқын  сәттерін  баяндайды.  тоғыз  тараудың  әр-

қайсысы  тәуелсіз  жас  мемлекетіміздің  қалыптасу  жолындағы 

айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. бұл – Қазақстанның 2030 

жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі 

қолданыстағы  ел  конституциясын  қабылдау  үрдісі,  мұнай-газ 

ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты 

банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда 

жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, 

елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш 

ғарышқа ұшуы айтылады. 

кітап  Президенттің  ел  жастарына  арнаған  үндеуі  түрінде 

ойластырылған. Автор бұл кітапты Қазақстан көшбасшыларының 

жаңа  буыны  үшін  қолдан  түсірмейтін  құралға  айналар  деп 

сенеді.

 

 



 

 

 



         

УДК 94 (574)

 

 

 

 

 

 

ББК 63.3 (5 Қаз)     

 

ISBN 978-601-294-092-3 



 

 

   



© Назарбаев Н.Ә., 2012

© ҚР  тұңғыш Президенті – 

     елбасының Қоры, 2012


А

лғы сөз


5

А

лғы

 

сөз

Әрбір  отбасы  өзінікі  деген  меншікті  мекен-жай  салып 

алуды арман етеді. бәрі де кәдімгі қарапайым тілектен баста- 

лады. ең әуелі отағасы болашақ үйінің нобайын ой жүзінде 

жобалап, көз алдына елестетеді. Әрбір бөлшегін ой елегінен 

өткізеді. Үйдің салынатын орыны анықталғаннан кейін, оның  

жобасы  қағаз  бетіне  түсіріледі.  Үй  іргетасынан  басталып, 

қабырғалары мен шатырына қарай бірте-бірте салына бас- 

тайды. көптеген жанұялар үйіміз сәнді де сапалы болсын деп,  

оны жылдар бойы салады. отағасы үйді өзінің балалары мен  

немерелеріне, шөберелеріне қалсын деп тұрғызады. Адамға 

өзінің қолымен салынған үйден қымбат еш нәрсе жоқ. бірақ 

үй дегеннің мән-мағынасы – оның жай ғана қабырғалары, 

терезелері және ішкі бөлмелері сияқты ұғымдардан әлдеқайда  

ауқымды. Үй деген сенің баспанаң, құтханаң, тіршілік мекенің. 

белгілі  жазушы  Антуан  де  Сент-Экзюперидің  мынадай 

бір  сөзі  бар:  «Үйдің  мән-жайын  білгісі  келіп  бұзған  адам, 

оның қабырғасын қалаған кірпіштерін, төбесін жапқан қыш 

тақталарын ғана көреді, ал бірақ солардың талай уақыт бойы 

басқа пана, жанға сая болған рақатын көре алмайды. егер 

осының барлығын біртұтас етіп біріктірген сәулетшінің ойлаған 

ойы бір сәтте ғайып болса, жаңағы жалаң кірпіш пен қыш 

тақталардан қандай тағылым болмақ? тас екеш тастың өзі де 

адамның жүрегі мен жан жылулығын керек етпей ме?» 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

6

Жұрттың көбі, әсіресе аға ұрпақ жақсы үй салудың оңай 

емес  екендігін  біледі.  Ал  біздің  ортақ  үйіміз  –  Қазақстан 

сияқты жас мемлекетті құрып орнықтыру бұдан әлдеқайда 

қиын болды. мемлекет құрылысы біздің болашақта қандай 

мемлекетте өмір сүретінімізді анық бейнелейтін нақты, бас 

жоспары болуын талап етті. 

тәуелсіздіктің жадағай ресми тарихы сол тарихтың мағы-

налық  егжей-тегжейлері  мен  адам  тағдырларын  түп-түгел 

жеткізе алмайды; өйткені ондағы әрбір оқиға небір қызба 

мінездер мен қайғылы кептердің, әртүрлі топтар, тіпті керек 

десеңіз, әртүрлі ұрпақтар арасындағы мүдделердің аса қатал 

қақтығыстарының жиынтық көрінісі болып келетін еді. Соны-

мен бірге, адамның табиғаты сондай – өткендегі оқиғалар, 

әсіресе олардың жағым сыздары тез ұмытылады. 

бейбітшілік пен тыныштық, бүгіндері басымыздан өткеріп 

отырған  экономикалық  қауырт  шақ  және  азаматтарымыз-

дың өмірлік құштарлығы, өз күштері мен ертеңгі күндеріне 

деген  сенімдері  біз  үшін  үйреншікті  құбылысқа  айналып 

отыр. біз  оларды,  Астанадағы  биік  ғимараттардың  үстінен 

күнде  ертемен  баяу  көтеріліп  келе  жатқан  күн  шапақта-

рын  байқамайтынымыз  сияқты,  жаңағыларды  да  көбінесе 

байқай  бермейміз.  Ал  осыдан  он  жыл  бұрын  дәл  осылай 

болатынына ешкім сенген жоқ. Әсіресе, Астананың бүкіл еу-

разия құрлығында жаңа рухани, экономикалық және саяси 

аңсардың орталығына айналарына кім сенетін еді? Қазақстан 

еуразия  құрлығындағы  экономикалық  және  саяси  рефор-

малардың көшбасшысына, бейбітшіліктің эпицентріне айна-

ларына кім сенетін еді? менің осы кітапты жазуды қолға алуым 

нақ сондықтан еді. мен сіздерге қазіргі тәуелсіз Қазақстанды 

құрудың қаншалықты күшке түскенін айтқым келеді. 

осындай кітапты жазу тілегі менде ерте бастан-ақ пайда 

болды.  Өткен  жылдар  ішінде  дарынды  жастармен  –  уни-

верситет  студенттерімен,  «болашақ»  бағдарламасының 



А

лғы сөз


7

стипендианттарымен және жоғарғы мектепті бітірушілермен 

кездескендегі, лекциялар оқығандағы айтқан сөздерімнің не-

месе кәдімгі идеялардың көптеген жазбалары менде сақталып 

қалған  болатын.  Әрдайым  солардың  жалын  атып,  жігері 

тасыған, табанды ізденістерге толы көздерін көрген сайын 

мен біздің жастарымызға өткен жылдардағы оқиғалардың 

– барлық өзгерістердің қалай басталғанын, қалай жүргенін, 

өзімізге аса қиын болған кезеңде қабылданған шешімдердің 

негізгі қисыны неде екенін көрсететін нақты фактілердің, шы-

найы сараптамалардың жетпейтіндігін түсінетін едім. міне, 

сондықтан  да  мен  бұл  табыстарға  жету  үшін  жүріп  өткен 

жолдың әр қадамының қаншалықты қиын да азапты болғанын 

айтып бергім келді. 

менің  кітабым,  бұрнағы  жылдардағы  оқиғаларды  си-

паттай отыра, өткенге емес, келер болашаққа меңзейді. мен 

мұның Қазақстанның болашақ көшбасшылары үшін ақылшы 

кітапқа айналатынына сенемін. 

еліміздің  болашақ  көшбасшылары  –  бүгінгі  студенттер 

мен мектеп оқушылары «Қазақстанның іргетасына қаланған 

әрбір кірпішін» білуге тиіс. 

мен  мемлекетіміздің  қалыптасу  кезеңдерінде  халыққа 

тіпті де етене емес шешімдердің өздері – күштеу әдістерімен, 

ерік-жігерді  барынша  шоғырландыру,  аса  зор  өмірлік 

күш-қуат  жұмсау  арқылы  жүзеге  асырылғанын  айта  келіп, 

олардың  мемлекетіміздің  қалыптасуының  әрбір  кезеңде-

рінде  қабылданған  шешімдердің  ауқымын,  жауапкершілік 

салмағын сезінгендерін қалар едім. 

Сіздердің, бүгінгі жастардың – ерекше ұрпақ екендеріңізді 

қайталаудан мен жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда 

өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің 

жастық шақтарыңыз – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену 

мезгілі. Сіздер осы жетістіктер мен табысқа жете беру рухын 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

8

бойларыңызға сіңіргенсіздер. Атап айтқанда, біздің еліміздің 

тағдыры сіздердің тағдырларыңызбен айқындалады. 

бүгіндері  Қазақстандағы  реформалар  тәжірибесінің  

нәти желі  екендігін  халықаралық  сарапшылар  ғана  емес, 

сонымен  бірге  әлемдегі  басты  мемлекеттер  лидерлерінің 

өздері  де  мойындап  отыр.  Қазақстанның  көшбасшылығы 

сәтті  таңдап  алынған  өтпелі  дәуірдің  саяси-экономикалық 

үлгісіне негізделген. ол – күшті президенттік билік және оған 

қоса жедел де қарқынды экономикалық реформалар. біздің 

үлгінің  мәні  мемлекеттік  билікті  әлсіретпестен,  нарықтық 

экономиканың негіздерін жасауға және демократияланды-

руға  бағытталған,  сонымен  бірге  «естен  тандырмайтын», 

түбегейлі реформалардың жиынтығына саяды. 

Әдетте,  автордың  жазған  сөзінен  гөрі  ауызша  айтқан 

пікірі кеңірек келеді. Шынында да, тәуелсіздік жылдарында 

атқарылған жұмыстардың орасан молдығы сондай, оны кітап 

ауқымына сыйғызудың өзі қиын. Сонымен бірге кітап атының 

өзі де көптеген міндеттер жүктейді. 

егер де «Қазақстан жолы» туралы айтатын болсақ, әрине, 

бұл  жол  тек  экономикалық  үлгіні  таңдауға  ғана  қатысты 

емес. бұл – жалпы конституциялық ережелерді ғана емес, 

сонымен  бірге  саяси  режимді,  инфрақұрылымды  және 

конфессионалдық қатынастарды қамтитын саяси да үлгі. бұл 

аса бай ауқымды дүние және дәл осы мәселелерде Қазақстан 

үлгі  аларлық  мемлекет  ретінде  бүкіл  әлемге  әйгілі  болды. 

бұл  табыстар  дүние  жүзінде  және  өз  ішімізде  аса  жоғары 

бағаланып отыр. 

Ғаламшардың осы бір шетін өңірінде он бес жыл бойына 

этникалық және діни өзара түсіністіктің сақталуы көп жағдай-

ларда қазақстандық жолды айқындап тұр. ол өте нәзік тепе-

теңдікке  құрылған,  сондықтан  оны  бұзып  алу  жағдайды 

тұрақ сыздандыруға апарып соғар еді. бұл арада мәселенің 

көбі жеке тұлғаға келіп тіреледі. 



А

лғы сөз


9

Қазақстан  жолының  ендігі  бір  өлшемі  –  қауіпсіздік. 

Ядролық қарусызданудан, аймақтық және әлемдік держава-

лармен шекараны анықтаудан, лаңкестікпен күресуден және 

әскери-саяси топтардан бастап, жеке адамның қауіпсіздігіне 

дейінгі  мәселелердің  барлығы  –  осы  жүріп  өткен  үлкен 

жолдың белестері. бірақ та мұның бәрі әлі де жеке-жеке ой 

елегінен өткізуді қажет етеді. менің ойымша, бұл мәселелер 

туралы  айту  әлі  ертерек,  өйткені  осы  бағыттағы  жұмыстар 

одан әрі жалғасуда. 

бұл  жерде  босаңдыққа  салынуға  әсте  де  болмайды, 

ең бас тысы – алға үнемі ұмтылу. тіпті, бейнелеп айтқанда, 

чемпионның міндеті тек «алтынды» жеңіп алу ғана емес, со-

нымен бірге өзінің көшбасшылық қалпын ұстап тұра білуінде. 

Ал бұл өзіңнің алдыңа жаңа, күрделі және биік мақсаттарды 

үнемі қойып отырғанда ғана мүмкін болмақ. 

менің кітабым дәл осылар жөнінде. біздің ескіден қалай 

арылғанымыз туралы. Қазіргімізге қайтіп жеткеніміз хақында. 

Сонымен бірге бұл жолдың – тәуелсіз Қазақстан жолының аса 

оңай болмағандығы туралы. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

10

ТӘУЕЛСІЗДІК 

СТРАТЕГИЯСЫ



1-тарау

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

12

егемен Қазақстанның дүниеге келуі қарсаңында болған 

кезеңнің  тарихи  ерекшелігі  сол,  оны  аса  ірі  мемлекеттік 

құрылым – кеңестік социалистік республикалар одағының 

жантәсілім  кезіндегі  жағдайымен  салыстыруға  болатын 

еді.  мемлекеттік  құрылым  экономикалық  және  саяси 

дағдарыстардан ес-түссіз талмау күйде болды, сол уақытта 

бұл ауыр үрдіске қоғамдық ақыл-ой тарихтың қысқаша кур-

сына боямасыз жіті көзбен қарады да, әлеуметтік сана осынау 

ауыр көріністен біржола сансырап қалды. 

1985 жылғы кеңес одағы коммунистік Партиясы орталық 

комитетінің Сәуір пленумынан басталған «қайта құру» қашан 

құрдымға кеткенге шейін ел өз тарихының шым-шытырық 

оқи ғаларын ой елегінен өткізді. миллиондаған саяси қуғын-

сүргін  құрбандарының  бейнесін  тірілтіп,  тоталитарлық 

режимнің зауалына ұшыраған зиялы қауым тұлғасына жан 

бітірді, үлкенді-кішілі халықтардың жадына төл тарихының 

естеліктері  орала  бастады.  көбінесе  бұрынғы  кСРо-ның 

түрлі аймақтарында бұл үрдіс ұлттық шиеленістер толқуын, 

саяси тартыстар мен қа рулы қақтығыстар тасқынын туғызды. 

«Аурудың» асқынғаны соншалықты, әлі күнге дейін бұрынғы 

кСРо-ның кейбір аймақ тары осы ауыр жағдайдан шыға ал-

май,  үрейге  толы  жаңалықтар  мәліметтерінде  планетаның 

«шиеленісті нүктесі» ретінде көрініс беруде. 

міне, осыған байланысты менің есіме 2005 жылы наурыз-

да Грузия Президенті  михаил Саакашвилидің Қазақстанға 

алғаш  ресми  сапармен  келуі  барысында  бірге  өткізген 

баспасөз конференциясы түседі. ол сонда журналистердің 

сұрақтарына жауап бере келіп, өз елінің тәуелсіздікпен өткен 

он бес жылын өлім халіндегі жан ағзасына дем сала бастаған 

жағдайымен салыстырған еді. тмД-ның бірқатар елдерінің 

экономикасы  шамамен  осындай  жағдайда.  бұл  дегеніңіз 

біздің олардан 11-12 жыл алда екенімізді білдіреді. 

Алайда, аумалы-төкпелі кезеңдегі адамдардың әлеуметтік 

күйзелісі мен бейжайлығы, психологиялық шиеленісі тәрізді 


Т

ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ



13

әлеуметтік дерттердің сынағына түскенімізбен – Қазақстан 

бұл  дағдарыстан  анағұрлым  ерте  шықты,  ол  –  ол  ма,  бұл 

«дерт»  бізді  кеңестік  уақыттың  елесінен  айықтырды  және 

бүтіндей жаңа елді – тәуелсіз де өркенді Қазақстанды құру 

үшін орынды тазартты. 

біз «талмау күйдің» өліара жағдайы соншалықты тұрақсыз 

және  екі  жақты  болатынын,  кез  келген  кешігу  мен  теріс 

шешім  қабылдаудың  зардабы  «өліммен  аяқталатынын» 

түсіндік.  бұ рынғы  өкпе  мен  әлдеқашан  тарихқа  айналған 

өткенді  түзетуге  ұмтылған  әрекеттерге  байланысты,  қазіргі 

мен  келешек  туралы  ойлағанның  орнына,  бізде  керексіз 

даңғазалыққа ұрынудың үлкен қаупі болды.  кеме суға ба-

тып бара жатқанда, оның командасы болған жағдайға кім 

кінәліні  іздеп  жатпай-ақ  қоян-қолтық  жұмыс  істеуі  керек 

қой.  Иә,  жағдай  оңай  болмады.  бірақ,  ол  қандай  күрделі 

болмасын, одан шығу үшін мықты басқарушылық тәртіп пен 

біздің әрқайсымыздың күшімізді ширықтыру қажет болды. 

Ауыртпалықты қоғам қаншалықты қабылдайды, салма ғы да 

соншалықты болады. кез келген дағдарыс жағдайды ушық-

тыруға болмайды, өйткені әртүрлі дағдарыстың мәні – жаңа 

кезеңге  қандай  жол  ашатындығында.  мен  бұрын  да  және 

қазір де кез келген дағдарыс кезінде, сөз ең алдымен даму 

туралы болмақ деп есептеймін. ескінің соңы – әрқашан жаңа 

бір дүниенің бастауы. 

Әлемнің бірде-бір елі қалыптасу кезеңінде, ең алдымен 

мемлекеттің  экономикалық  негізін  қозғайтын  дағдарыс 

құбылыстарынан қашып құтылмаған. Үлкен күйзелістер мен 

құлдырауларды  Америка,  Франция,  Англия, түркия,  Гер-

мания, Индия және басқа да елдер бастан өткерді. тек осы 

сілкіністердің күші ғана әртүрлі болды. бірқатар елдердің, мы-

салы, оңтүстік-Шығыс Азия «жолбарыстары» атанғандардың 

нарықты  қалып тастырудағы  «кедір-бұдыры»  ішкі  саяси 

тұрақсыздық, жер реформалары мен қаржы дағдарыстары 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

14

кезеңдері арқылы өтті. бұл дағдарыстар, латын Америкасын-

да болғандағыдай, жекелеген елдерде төңкерістер мен азамат 

соғыстарынсыз  өтпеді  және  әлемнің  кейбір  аймақтарында 

қазір де солай өтіп жатыр. 

барлық  осы  қиындықтар  арқылы  өте  отырып,  бір 

мемлекет тер  өз  экономикасын  нығайтуға  және  әлемдік 

шаруашылық құрылымында еліктеуге тұрарлық үлгі болуға 

жарады. басқа бір елдерде оның нәтижесі аз болды: олар әлі 

күнге дейін өзара қақтығыстардың, тұрақсыздықтың, сыртқы 

қарыздардың  өсуінен  соншалықты  ауыртпалық  әкелген 

экономикалық  күйзелістердің  шытырман  бұғауынан  шыға 

алмай келеді. 

Әрине,  бұған  әр  мемлекетте  әртүрлі  жағдай  болады 

деп дау айтылуы мүмкін. Географиялық орналасу жағдайы 

мен  экономикалық  дамуының  ерекшеліктері,  өткендегі 

тәжірибенің  өзгешелігі  мен  ақыр  аяғы  адамдардың 

менталитеті  –  осының  бәрі  реформа  нәтижелеріне  және 

түпкі қорытындыларға объективті әсер етеді. Алайда, менің 

пікірімше,  объективтік  себеп тер  әрдайым  айқындаушы 

болып  табылмайды,  өте  көп теген  жағдайлар  осы  елдер 

басшыларының субъективтік са пасына тәуелді болады. міне, 

сондықтан біздің мемлекетті құруға кіріскенде, мен олар бас-

тан өткерген табыстар мен сәтсіздіктерді білу үшін көптеген 

мемлекеттердің  негізін  салушы  тұлғалардың  өмірбаянына 

көңіл қойып таныстым. Өз елдерінің тарихында аса көрнекті 

тарихи  рөл  атқарған  тұлғалар  өнегесі  жетерлік.  олар 

түркияның тұңғыш Президенті кемал Ататүрік, американдық 

31-ші  Президент  Франк лин  Делано  Рузвельт,  «қытайлық 

реформалардың әкесі» Дэн Сяопин, малайзияның бұрынғы 

Премьер-министрі махатхир мохаммад – бұл қатарды әрі 

қарай жалғастыра беруге болады. 

бірақ мен мемлекеттердің негізін салушы болып табыла-

тын және мен үшін жеке басының өнегесімен үлгіге айналған 



Т

ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ



15

аса  көрнекті  екі  қайраткерді  ерекше  атап  айтқым  келеді.  

ол – әлдеқашан өмірден өткен Франция Президенті Шарль 

де  Голль,  сондайақ  қазір  де  күйлі-қуатты  өмір  сүріп  жүріп 

жатқан Сингапурдың негізін салушы ли куан Ю. 

екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Француз республи-

касын  парламент  дағдарысы  бірінен  соң  бірі  жалғасып,  

жұлмалап жатты. Франция қайта-қайта жеңіліске ұшырады. 

1930-шы жылдары Франция саяси тартыстарға тап болып, 

Германия тарапынан жасалған агрессияға қарсы тиімді күресе 

алмады  және  осының  нәтижесінде  теңіздің  ар  жағындағы 

өзінің  жерлерінен  айырылып  қалды.  екінші  дүниежүзілік 

соғыстың масқарасынан француздар айығып үлгермей жатып, 

Алжирде ұзаққа созылған қанды азамат соғыстары басталды. 

Үнді-қытай  қақтығысына  киліккен  француз  армиясы  вьет-

нам шаруаларымен соғыста жауынгерлерінен айырылып, өз 

беделін жоғалтты. 1950-інші жылдардың соңына қарай Фран-

ция әлемдік держава мәртебесінен біржолата айырылды. 

Саяси  дағдарыс  экономиканың  жалпы  жағдайында  өз 

қол таңбасын  қалдырды.  Францияға  өз  тарихының  кезекті 

парақтарын неғұрлым тезірек қайта аударыстыру қажеттігі 

туындады. елге француз ұлтын топтастыруға қабілетті күшті 

тұлға керек болды. Сондай тұлға генерал де Голль еді. 

Өз отандастары арасында саяси қайраткерлігімен кеңінен 

танымал және сөзсіз үлкен беделге ие болған ол күшті де тұ-

рақты президенттік республиканы құруға қолы жетті. Қысқа 

мерзімнің ішінде Шарль де Голль тізерлеп қалған Францияны 

тікесінен тік тұрғызды, фашистік жаушылықтан азат болғаннан 

кейін, оның бұрынғы абыройын қайта оралтты және әлемдік 

державалар  қатарына  қайтадан  кіргізді.  Шарль  де  Голль 

өз  отан дастарына  өсиет  етіп  қалдырған  Франция  консти-

туциясы  елін  қайта  түлетіп,  европалық  одақтың  жүрегіне 

айналдырды. Сол уақытта Шарль де Голльді француз демо-

кратиясын  «өлтіріп,  жерлей  жаздады»  деп  кінәлауға  дейін 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

16

барған сыншылар да аз болмады. бірде оның сондайларға 

былай  деп  жауап  бергені  бар:  «мен  сайлаушылардың 

тым  аңғал  ұмытшақтығына,  кереғар  тенденциялардың 

ықпалымен бөлініп-жарылуға бейім тұратын француздардың 

ескі  әдетіне,  саяси  ойындарға  әуестігіне  қайран  қаламын. 

осы  тенденциялардың  ықпалымен,  күшті  билікке  қарсы 

дүрдараздықтың  отын  тұтандыра  отырып,  партиялар  өз 

өктемдігін қалыпқа келтірер еді де, елді қайтадан құлдырауға 

апарып соқтырар еді. Саяси партиялар режимі Францияны  

40-шы жылдардың басында масқара жеңілістерге ұрындырған 

жоқ па еді». 

келесі мысал – ли куан Ю. отыз жылдан сәл асқан уақыт 

ішінде ол Сингапурды өмір сүру деңгейі жоғары, дамыған 

қала-мемлекетке айналдыра алды. бүгінгі күні Сингапурдегі 

білім  беру  мен  денсаулық  сақтау  жүйелері  әлемдегі  ең 

үздіктердің бірі болып табылады, жан басына шаққандағы 

кірісі 25 мың доллардан асты, ал тәуелсіздігін алған кезде ол 

небәрі 1 мың долларға да жетпейтін еді. екі миллион халқы 

бар мегаполис ірі ұлтаралық компаниялардың жұмыс істеуі 

үшін ерекше тартымды азиялық қалаға айналды. 

1991  жылы  мамырда  ли  куан  Ю  биресми  сапармен 

Алматыға  келіп  қайтқан  еді.  міне,  сол  кезден  күні  бүгінге 

дейін  жалғасқан  біздің  өзара  достығымыз  басталды.  ол 

Қазақстанда  өткізген  бес  күннің  ішінде  біздің  еліміздің 

жағдайымен  танысып,  менің  өтінішім  бойынша,сол  кезде 

Қазақ  кСР министрлер  кеңесінде жұмыс істеп жүрген жас 

экономистер тобы алдында сөз сөйледі. 

табан астында ұйымдастырылған лекцияда ли куан Ю 

мемлекет-қаланың  қалай  құрылғаны,  қалай  дамығаны 

туралы  әңгімеледі.  ол  тыңдаушылар  назарын  1965  жылы 

Сингапурдың тәуелсіздік алуымен байланысты тап болған 

проблемаларға  аудар ды.  бұл  негізінен  мемлекеттік  ин-

ституттар мен өз армиясын құруы, ұлтаралық келісімдерді 



Т

ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ



17

сақтауы және көрші мемлекеттердің Сингапур ісіне аралас-

пауы жөніндегі проблемалар еді. Сингапур өз экономикалық 

саясатын  сүйей  отырып,  сингапурлықтардың  ерік-жігері 

мен  еңбексүйгіштігіне  негіздеп  жүргізді,  порттың  тиімді 

географиялық  жағдайына  және  кадрларының  жоғары 

біліктілігіне арқа сүйеді. 

Сингапур  Премьер-министрі  өзінің  ерекше  мінезімен, 

жігерлі  сөзімен  және  жарқын  бейнесімен  аудиторияны 

бірден  баурап,  үйіріп  әкетті.  Шығысқа  тән  биязылығымен 

және өрнекті ойымен ли куан Ю үлкен мемлекетті үлкен ке-

меге теңеп, оның ебдейлі қимылы үшін кең жер және қауіпсіз 

тереңдік  қажет  екенін,  әйтпесе  кеме  төңкеріліп  қалатынын 

айтты. басқаша айтқанда, кСРо мен Қытай секілді тұғырлы 

мемлекеттер үшін түбегейлі экономикалық реформаларды, 

содан кейін саяси реформаларды жүргізуге ұзақ уақыт және 

түбегейлі есептеулер қажет екен. Сонымен бірге, Сингапур 

мен Қазақстан секілді елдерден тарих түбірлі өзгерістер мен 

қатал тәсілдерді талап етеді екен, ұзақ ойлану мен толғануға 

уақыт бермейді екен. 

ли  куан  Ю  өз  лекциясында батыс  және  Шығыс  Герма-

нияның,  Солтүстік  және  оңтүстік  кореяның  дамуынан 

мысалдар  келтіре  отырып,  аудиторияны  коммунизмнің 

ешқандай болашағы жоқ екеніне сендіруге тырысты. бірың-

ғай  мәдениеті,  менталитеті,  климаты  және  табиғи  ресурс-

тары  бола  тұрып,  коммунистік  жүйедегі  елдер  өздерінің 

капиталистік туысқандарымен бәсекелесе алмағанын айтты. 

тәжірибелі  саясаткер  және  мемлекеттің  көшбасшысы 

ли  куан  Ю  кСРо-ның  сөзсіз  құлайтынына,  алайда  соған 

қоса,  ол  Қазақстанның  болашағы  зор  екеніне  күні  бұрын 

таза сенімде болды. Дегенмен жұрттың көбі сол кезде оның 

біздің елдің атына айтылған сөзін тек шығыстық қонақтың 

дипломатиялық сыпайылығы деп қабылдады, алайда Уақыт 

оның көрегендікпен айтылғанын көрсетті. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал