Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақ әдебиеті тарихында поэма жанрын дамытуға өлшеусіз



жүктеу 2.65 Kb.

бет1/14
Дата09.09.2017
өлшемі2.65 Kb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ISBN 978–601–293–969–9
ISBN 978–601–293–969–9
© Досбай Ж., 2013
© “Мектеп” баспасы, 
  көркем безендірілуі, 2013
  Барлық құқықтары қорғалған
  Басылымның мүліктік құқықта-
  ры “Мектеп” баспасына тиесілі
4702250206—299
404(05)—13
139—13
Д
УДК 821.512.122.0
ББК 83.3Қаз
УДК 821.512.122.0
ББК 83.3Қаз
 Д64
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат 
министрлігі 
Ақпарат және мұрағат комитеті 
“Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару” 
бағдарламасы бойынша шығарылды
Қазақ әдебиеті тарихында поэма жанрын дамытуға өлшеусіз 
үлес қосқан, қырыққа жуық поэма жазған эпик ақын, Мемлекеттік 
сыйлықтың иегері, Халық ақыны Қалижан Нұрқожаұлы Бек-
хожиннің шығармашылығы бүгін гі күн тұрғысынан қайта баға-
ланған бұл зерттеу еңбегі екі негізгі бөлімнен тұрады. 
Бірінші бөлімде ақын шығармаларының тарихи-тақы рыптық 
сипаты мен жанрлық түрлері анықталып, образ жасау және тип-
тендіру, азаматтық әуен, автор көзқарасы, көркемдік ізденістер 
мәселелері қарастырылады. Екінші бөлімде поэмалардың көркем-
дік, тілдік, ұлттық-этникалық ерекшеліктері сараланып, азаттық 
идея, фольклорлық сарын дар мен ұлттық таным, көркемдік-эсте-
тикалық нысана негізге алынып, поэтикалық тұрғыдан талданады.
Еңбек ақын Қ. Бекхожиннің (1913—1990) 100 жылдық мерей-
тойына орай ұсынылып отыр.
Кітап әдебиет, тіл, мәдениет, тарих, этнопедагогика, филосо-
фия, саясат және т.б. қоғамдық-гуманитарлық сала мамандарына 
және руханият мәселесіне бей-жай қарамайтын көпшілік қауымға 
арналған.
Досбай Ж.
Қалижан Бекхожин поэмаларының поэтикасы. — 
Алматы: Мектеп, 2013. — 224 б., сур.
Д64

3
Кіріспе
Тарих парақтарында өз ізін қалдырған, бүгінгі 
таңда әлемдік деңгейде танылып, дербес мемлекет 
болып отырған қазақ елінің рухани құндылығының 
бірі — төл әдебиеті. Халықтың рухани дүниесін мо-
лайтып, эстетикалық талғам-түсінігін жетілдіретін, 
өмірдегі ғажайып құбылыстардың сырын сырлы 
сөзбен ұқтыратын көркем әдебиет.
Көркем әдебиетті, ұлттық мәдениетті, халықтық 
мұраларды сақтап, ғасырдан-ғасырға ұласқан гума-
нистік идеяларды зерттеп, халқымыздың басынан 
өткен арғы-бергі тарихтан сыр шертіп, сол тарихты 
көркемсөзбен кестелеген рухани қазыналарымызды 
ұрпақ еншісіне ұсыну — әдебиеттану ғылымының 
негізгі міндеті.
Елуінші жылдары филология ғылымдарының док-
торы, профессор Есмағамбет Исмайлов: “Қазақтың 
өткендегі материалдық тіршілігінің өте мешеу тари-
хына көз жібергенде, соның ішінен ұрпақтан-ұрпаққа 
мұра болып жеткен ең бір көрнекті, ауыз толтырып 
айтарлықтай мәдени мұрасы — көркем әдебиеті”, — 
деген еді [1].
Ендеше, ғалым айтқандай, халқымыздың “мәдени 
мұрасы — көркем әдебиетінің” сан ғасырлық тарихы 
бары баршаға мәлім. Сонау ежелгі сақ, ғұн дәуірле-
рі нен бастау алған Орхон—Енисей ескерткіштері 
мен ауыз әдебиетіндегі сансыз жыр жауһарлары қа-
зіргі төл әдебиетіміздің бастау көзі. Одан бергі орта 
ғасыр әдебиеті мен қазақ хандығы тұсындағы жы-
раулық поэзия — бүгінгі әдебиеттің тамыры тереңде 
жатқандығының айқын көрінісі. 
Тамырын тереңге жіберіп, іргесін мықтап қала ған 
қазақ әдебиеті, яғни рухани мұрамыз, XVIII ғасырда-

4
ғы Бұқар жыраудан, XIX ғасырдағы батыр-ақын Ма-
хамбеттен, зар заман өкілдері — Дулат Бабатайұлы, 
Шортанбай Қанайұлы, Мөңке Мұратұлдарынан бері 
қарай ұлы Абай Құнанбайұлына келіп тірелетіні 
белгілі. Аталған әр дәуірлердегі әдебиет өкілдерінің 
шығармаларының бәрі де әдебиетіміздің замана 
қарқынынан қалмай өскен, әрбір дәуір, әрбір кезең 
шындығымен кемелденген ұлтымыздың ұлан-ғайыр 
тарихы. Сол тарихқа ұлттың шығу тегі (этногенез), 
өсіп-өнуі (демография), тұрмысы, мәдениеті (этно-
графия), өркендеуі, кемелденуі (цивилизация), яғни 
генетикалық, психологиялық, саяси-әлеуметтік, 
қоғамдық-эко номикалық және т.б. қоғам дамуының 
көптеген заңдылықтары жататыны белгілі. Сондық-
тан да әдебиет — тұтас бір ұлттың, халықтың бірнеше 
ғасырлық өмірін бейнелейтін құрал. Әдебиет туралы 
айтылған бұл ұғым-түсінігіміз барлық халықтар, 
ұлттар мен ұлыстар үшін де ортақ. 
Әдебиет туралы айтылған осы таным- түсінігімізге 
бізге дейін де әдебиеттанушы ғалымдар, ақын-жазу-
шылар бір ауыз сөзбен құнды пікірлер білдірген 
еді. Мысалы, атақты сыншы В.Г.Белинский (1811—
1848): “Әдебиет — халықтың санасы, оның рухани 
өмірінің бояуы мен жемісі” десе, белгілі сатирик 
жазушы М.Е.Салтыков-Щедрин (1826—1889): “Әде-
биет — ықшамдалған әлем”, ал жазушы-философ 
Д.И.Писарев (1840—1868): “Әдебиет — керемет қо-
ғамдық күш”, — дейді [2].
Әдебиет туралы айтылған құнды пікірлерге, ой 
қорытуларға, берілген ғылыми бағаларға қазақ 
ғалымдары да көзқарастарын білдіріп, өз топшылау-
лары мен ойларын қосқан болатын. Мұхтар Әуезовтің: 
“Әдебиет оқушының ақыл-сезімін тәрбиелеп жетіл-
діруден басқа сол оқушыға қазақ деген елдің өт-
кендегісі мен бүгінгі пішінін танытуға керек” де-
ген сөзі тек ұлт әдебиетінің болашағына қатысты 
айтылғандығы белгілі. Ал академик Евней Букетов: 
“Адамның мәдениеттілігінің, ой-өрісінің кеңдігінің, 

5
жан дүниесінің ләззатшыл нәзіктігінің бірден-бір 
белгісі — көркем әдебиетті қол үзбей оқи білуі” деген 
екен. Ғалымның бұл сөзі адамның ішкі дүниесінен 
хабар беретін жақсы нышандар, байыпты белгілер, 
мінез сұлулығы көркем әдебиетті оқумен байланыс-
ты деген ойды білдіріп, сол себепті көркем әдебиетті 
үзбей оқып тұруға қоғамның барлық мүшелерін ша-
қырса, Ғабит Мүсірепов: “Әдебиет — халықтың ру-
хани байлығы”, — дейді [2]. Анық айтылған бұл сөз 
ешқандай түсіндірмені қажет етпейді. Әдебиет тура-
лы айтылған бұл пікірлер қазақ ғалымдарының ой-
өрісінің әлемдік деңгейден көрінгендігінің бір белгісі.
Сонымен бірге қазақ халық ауыз әдебиетіне этно-
граф-ғалым А.В.Затаевичтің (1869—1936), қазақ ке- 
ңес әдебиетіне көрнекті орыс жазушысы А.А.Фадеев-
тің (1901—1956) берген бағалары мен ғылыми пікір-
лері нің маңызы өз құндылығын күні бүгінге дейін 
жоғалтқан жоқ.
Бұл пікірлерге сүйене отырып былайша ой қоры-
туға болады: ұрпақтың мәңгүрт болмай, ойлы болып 
өсуі, көбіне әдебиетке байланысты; әдебиеті жоқ елдің 
мәдениеті де болмайды, тілі де оңбайды; әдебиетсіз 
ұлттық қасиет жоғалып, ауыз әдебиеті де ұмытылады; 
көркемсөздің құдіретін тек қана әдебиет танытады; 
халықты ойлы ететін де, дана ететін де — осы әдебиет. 
Өмір өзекті мәселені қозғайды, өнер сол мәселенің 
эстетикалық құдіретін танытады, әде би ет сөз өнері 
мен ой өнерін дамытып, жетілдіреді. Ал әдебиеттану 
ғылымы — әдебиет тарихын, теориясын, сынын өнер-
дің шыңына көтеретін ғылым. Осы үш сала ны жетік 
меңгерген ақын-жазушылар өмірге классикалық 
туындылар әкеле алады. Жалпы қай ғылым сала сы 
болса да, онымен айналысқан адам ешкімге тәуел сіз 
болуымен бірге, өте білімді болуы шарт. Осы пікі-
рімізді Шоқан Уәлихановтың мына сөзі дәлел дейді: 
“Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең 
алдымен, азаттық пен білім қажет” [3].

6
Сөзіміздің басы, яғни негізі — әдебиеттің күрде лі 
жанрларының бірі — поэзия. Поэзия, шын мәнінде, 
ұлттық, жанрлық, стильдік, көркемдік ерекшеліктері 
мол әрі үздіксіз дамып отырған қазақ әдебиетінің де 
үлкен саласы. Поэзияның жанрлық ерекшелігі ту-
ралы, оның мүмкіндігі, адам өміріндегі атқаратын 
қызметі жөнінде академик Зәки Ахметов: “Поэ-
зия — сөз өнері, көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ 
озық үлгісі. ...поэзияның аса маңызды әлеуметтік, 
қоғамдық құбылыстарды бейнелеп көрсете алатын 
зор мүмкіншілігі бар. Ол — айналамыздағы дүниені, 
өмірді танып-білудің күшті құралы, біздің қоғамдық 
ой-санамыздың, көркемдік-эстетикалық сезіміміздің 
үлкен, өнімді саласы”, — дейді [4].
Тарих өнер иесін елге танытса, әдебиет сөз өнерін, 
сөз құдіретін елге танытып келеді. Ұлттық ерекшелігі-
мізді әлемге таныту кез келгеннің қолынан келеді деп 
айту қиын. Отызыншы жылдары ойран бола жаздаған 
қазақ әдебиетінің туын желбіретіп, қазақ даласының 
тынысын поэзиялық көркемдікпен көрсеткен, клас-
сикалық туындылар жазып, сөзінің шеберлігімен, 
ойының жетіктігімен артына қайталанбас мол мұра 
қалдырған ақын-жазушыларымыз қаншама!? Солар-
дың бір бөлігі кеңестің сойқанды саясатының сан түр-
лі айласынан, өмір азабынан, замананың тірі адамға 
сыйлаған тозағынан, айдаудан аман қалып, біздің 
өмірімізге рухани азық, таусылмас нәр сыйлады. 
В.Г.Белинский: “Ақын — қоғамның, уақыттың, 
адамзаттың органы және өкілі”, — деген екен [5]. 
Сыншы айтқандай, қазақ әдебиетінің “…органы  
жә не өкілі”, осы монографияның негізі, яғни зерттеу 
объектіміз — әдебиет тарихында поэмаларының саны 
жағынан да, сапасы жағынан да айрықша көзге түскен 
эпик ақындардың бірі — Қалижан Нұрқожаұлы Бек-
хожин (1913 — 1990). 
“Әр адам — зерттелмеген кен”, — десе [6], енді бірде: 
“Әдебиет — ардың ісі”, — дейді академик Зейнолла 
Қабдолов [7]. Қазақ әдебиетінде сол “зерттелмеген 

7
кеннің” бірі — Қ.Бекхожин. Сол “ардың ісін” абы-
ройлы атқарғандардың бірі — Қ.Бекхожин. Ақынның 
бүкіл шығармашылық мұрасын бес топқа бөлуге 
болады: 1) эпикалық поэмалары; 2) ұсақ лирикала-
ры; 3) аудармалары мен драматургиясы; 4) ғылыми 
мақалалары; 5) балалар әдебиеті, сатира, эссе, естелік, 
эпистолярлық жанрларға қосқан үлесі және мектеп 
оқулықтарын құрастыруға, жазуға сіңірген еңбектері.
Демек, Қ.Бекхожин шығармашылығы — дара 
құбылыс, ол — эпик ақын. Ақынның эпиктігінің 
белгісі — монографияның негізгі нысанасына ай-
нал ған көлемді де көркем поэмалары. Ақынның 
шы ғармашылығын дәстүр және жаңашылдық тұр-
ғы сынан зерттеген ғалым Төкен Ибраги мов: “Оқыр-
ман қауымға ертеден таныс “Орман қызы”, “Кек”, 
“Ақсақ құлан”, “Соңғы сайран”, “Кремль сақшысы”, 
“Мариям Жагор қызы”… т.б. кесек бі тім ді толғау, дас-
тандарынан өзге қырыққа тарта эпикалық тынысты 
шығармалары — оның эпик тігінің даусыз айғағы” , — 
дейді [8]. Бұл — ақынның эпикалық туындыларды 
жазудағы жетістігіне беріл ген баға. 
Қ.Бекхожин поэмаларының табиғаты тари хи 
тақырыптарды жасампаздыққа шақыруында. Ақын-
ның зерттелінбеген шығармалары — асыл қазына. Сол 
қазынаны сақтау, бағасын беру — міндетіміз әрі пары-
зымыз. Сонымен бірге ақынның эпикалық поэмалары 
монографияның негізгі өзегі болып табылады. 
Қ.Бекхожин поэмаларының құндылығын көрсе-
ту, кеңес саясатына сай келмей, түрлі себептермен 
екі нұсқасы жазылған туындыларының әділ бағасын  
беру, поэмаларының жанрлық, көркемдік ерек ше-
ліктерін жіті зерттеп, оларды бүгінгі күн тұрғы сынан 
жаңаша бағамдау — тәуелсіз кезең әде биетінің ең не-
гізгі мәселелерінің бірі. 
Қ.Бекхожин Павлодар облысы, Баянауыл ауда-
нында ақындығымен аты шыққан Нұрқожа ақын-
ның отбасында 1913 жылдың соңғы айында дүние ге 
келген. Арқаның сұлу жерлерінің бірі атақты Баян-

8
ауыл қасиетті де киелі мекен. Оның қазақ халқының 
маңдайына талай марқасқа ұлдарды, қырмызы 
қыздарды сыйлаған өлке екені алты алашқа аян. 
Сол қасиетті өлке сыйға тартқан қадірлі ұл-қыздар 
туралы айтар болсақ, онда бүгінгі тақырып аясынан 
ауытқып кетеріміз анық. Дегенмен, ақынның өмірі 
мен шығармашылығына тікелей ықпал еткен аяулы 
жандардың бірсыпырасының аты-жөндерін атап өту 
парыз деп санаймыз. Олар: Ақан сері, Жаяу Мұса, 
Естай, М-Ж.Көпеев, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, 
Ж.Шанин, И.Байзақов және т.б. Керімсал Кереку 
өңірі — бұлардан басқа аты алысқа кеткен Қ.Сәтбаев, 
Ә.Марғұлан, Е.Бекмаханов сынды біртуарларды да 
дүниеге әкелген қасиетті мекен.
Ақын алғашқы өлеңдерін 14-15 жасында жаза 
бастаған. Олар кезінде аудандық, облыстық баспасөз 
беттерінде жарық көрген. Әдебиетке отызыншы 
жылдары біржола бет бұрған ол өмірінің соңына 
дейін көптеген кітаптардың авторы атанды. Ол “Отан 
соғысының қаһармандары” (1941), “Көктем” (1948), 
“Батырлық жыры” (1949), “Қамбар ағай” (1950), “Ата 
мен Атан туралы аңыз” (1954), “Үш кезең” (1962), 
“Ардагерлер туралы аңыздар” (1965), “Жеті дастан” 
(1966), “Қайран жастық” (1968), “Мамырстан” (1970), 
“Шардара” (1972), “Әппақ-намә” (1974), “Менің 
замандастарым” (1978), “Бақытстан — байтағым” 
(1980), “Кешкі жаңғырық” (1987), “Сері күйші” (1989) 
және т.б. көптеген жинақтар шығарып, Халық ақыны 
атағын алды. Қ.Бекхожин екі мәрте Еңбек Қызыл 
Ту орденімен, бірнеше медальдармен марапатталып, 
1978 жылы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының 
лауреаты болды.
Француз жазушысы Эмиль Золя (1840—1902) 
XIX ғасырдың өзінде-ақ поэзия туралы: “Таңғалар-
лық жаңалықтар ашып, көркейіп келе жатқан ғы лым — 
заманымыздың ұлы поэзиясы”, — депті [2]. Бұл сөз 
Қ.Бекхожин шығармашылығынан бір ға сыр бұрын 
айтылғаны белгілі, демек одан бергі уақытта поэзия 

9
кемеліне келіп, дамудың үстіне дами түскені анық. 
Ендеше Қ.Бекхожин — тамаша лирик ақын және 
оның ұсақ лирикаларын бірнеше түрге бөлуге болады. 
Бірақ осы арада айта кету керек, З.Қабдолов: “Лири-
калық шығармалардың күрделі композициялық 
формалары бола бермейді, сондықтан оны белгілі 
бір жүйеге келтіріп, түр-түрге бөліп жатудың керегі 
жоқ”, — деген пікір білдіреді [7]. Десек те, XVIII 
ғасырдан, яғни классицизм дәуірінен бастап, лири-
каның түр-түрге бөлініп (элегия, баллада, романс, 
эпиграмма, эпитафия, сонет, ода және т.б.) кел генін 
жоққа шығара алмаймыз, яғни Э.Золя пікірі абсурд 
емес. Сол се бепті де ақын лири каларының түрлеріне 
шолу жасап өтпекшіміз. 
Шығыс поэзиясында өлең түрлерінің қал ыптасқан 
үлгілерінің бірі — ғибрат, өнеге түрінде келетін өсиет 
өлең. Өсиет өлең жазу көп уақыттан бері қазақ поэ-
зиясында қалыптасқан дәстүрге айналғаны бел гі-
лі. Көркемдік деңгейі әртүрлі, тәрбиелік мәні зор, 
ақыл-кеңеске толы өсиет өлеңдер Қ.Бекхожин шы-
ғармасында молынан кездеседі. Ақынның ұлттық 
нақышта жырға, термеге лайықтап жазылған өлең-
дері де бір шоғыр. Өз уақытында бұларға арнап әуен 
жазылып, олар күні бүгінге дейін орындалып жүр.
Сонымен бірге ақынның ұсақ лирикаларының 
ішінен ерекше орын алатын тағы бір түрі — танымдық 
мәні зор, ойды ұтымды әрі ықшам жеткізетін нақыл 
өлең. Негізінен, өсиет өлеңдер мен нақыл өлеңдер 
бір-бірімен ұқсас. Бірақ екеуінің табиғаты екі бөлек. 
Олар ішкі мазмұнына және өлең құрылысына қарай 
ажыратылады. Жол саны екі немесе төрт жол түрінде 
кездесетін қанатты сөздер (гнома) ұлтымыздың мақал-
мәтелдерімен үндес келеді. Осындай өсиет, нақыл 
(назидание) түріндегі шумақтар Қ.Бекхожин поэзия-
сынан кең орын алған.
Ақын поэзиясының ішінде лириканың сирек кез-
десетін түрлері — сонет, романстар да бар. Бұл туған 
ел тағдырымен ғана шектелмей, әлем тынысына 

10
құлақ түретін, соның жақсысына қуанып, жаманына 
жаны ауыратын ақын сезімінің ауқымы кең көлемде 
екенін аңғартады. Демек, ақынның романстары мен 
сонеттері — Еуропаның озық әдебиетімен таныстығын 
байқатып қана қоймай, қазақ поэзиясының ұсақ ли-
рика жанрын дамытуға қосқан үлкен үлес екендігі 
ақиқат. 
Қ.Бекхожин — танымал аудармашы. Оның ау-
дармасы арқылы қазақ халқына М.Ю.Лермонтов, 
А.С.Пушкин, К.М.Симонов, С.Вургун, Ғ.Ғұлам, 
Н.Хикмет, Я.Колос және Байрон, Гете, Гюго шы-
ғармалары таныстырылды. Ақын қалмақ халқы ның 
эпосы “Жонгорды” (Жәңгір, 1940), “Жаңа қытай поэ-
зиясын” (1954) және қырғыз эпосы “Манастан” бірне-
ше тарауларды аударды. Өзбек халқының ұлы ақыны 
Ә.Науаидің “Ғазалдарын” (1968), әзірбайжанның ұлы 
ақыны Г.Низамидің “Жеті ару” (1971) атты даста-
нын аударып, олардың ақындық құдіретін шынайы 
жеткізе алды. Оларға қоса Араб, Индия, Африка, Куба 
елдері өлеңдерін аударды. Осының барлығы ақынның 
аударма саласындағы зор еңбегі болып саналады.
Талантты ақын Қ.Бекхожин драматургия саласын-
да да жемісті еңбек етті. Ол “Егер жүрек шын берілсе” 
(1962), “Нөсерден кейін” (1966), “Гималай сарыны” 
(1972) және “Ұлан асу” (1973), “Әзірейілдің әлегі” 
атты пьесалар жазды. Олар кезінде республикалық, 
облыстық театрларда қойылды.
Қ.Бекхожин С.Төлешовпен бірігіп “Түрлі түсті 
бастар бар” (1957) деген тақырыпта фельетондар 
жинағын шығарған. Бұл ақынның сатира жанрына 
қосқан үлесін көрсетеді. 
Қ.Бекхожин әдебиеттану саласына да өзіндік үлес 
қосты. Ол әдебиеттің өсу жолдарындағы әртүрлі мә-
селелерге ден қойып, қоғамның дамуы барысындағы 
әдебиеттің орнын көрсететін бірнеше ғылыми-зерттеу 
мақалалар жазды. Оның Абай, Махамбет, Ақан сері 
поэзиясы жөнінде айтқан ойлары мен талдаулары 
әдебиет тарихынан өз орнын алды. Сонымен қатар 

11
қазақтың белгілі тұлғалары жайлы (Ш.Уәлиханов, 
С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов, 
С.Мұқанов, Қ.Аманжолов, Ғ.Орманов, Б.Момышұлы, 
И.Байзақов және т.б.) толғаныстар мен естеліктер 
жазып, олардың шығармаларына талдау жасады. 
Ақынның осы зерт теулері, әдебиет хақындағы ойлары, 
естеліктері және өзінің көрнекті шығармаларының 
өмірге қалай кел гені туралы қызықты әрі деректі 
әңгімелері екі кітап болып баспа бетін көрді (Дәстүр 
және жаңашылдық, 1969; Өлең өткелдері, 1986).
“Ғылым дегеніміз — тұнып тұрған ғажайып поэ-
зия”, — деген орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің 
бір сөзі бар [2]. Сол ғылымға, яғни поэзияға бар 
ғұмырын арнап, әдебиеттің көптеген жанрында 
өзіндік қолтаңбасын қалдырып, кеңес дәуіріндегі әде-
биетіміздің қанаттанып, көркеюіне зор үлес қосқан 
Қ.Бекхожин өз халқының тарихи тұлғаларын, дәуір 
тудырған үлкенді-кішілі оқиғаларды, әр кезеңнің 
өзіне лайық бейнелерін, заман жаңалықтарын шебер 
де өткір жырлай білді. 
Поэзияға зор қабілетпен келіп, соңына өте мол мұра 
қалдырып, “Қазыналы Қалижан” атанған ақын өз 
замандастарының арасында өте талантты да талғам-
паз бола білді. Ақынның жалпы шығармашылығы 
хақында, оның ішінде, эпикалық поэмалары жөнінде 
өз пікірлерін білдіріп, зерттеу жасамаған ғалымдар, 
қаламгерлер кемде-кем. Ақынның шығармашылық 
портреті жасалып, өмірбаяны жинақталып, әдебиет 
тарихы мен мектеп оқулық тарына енгізілді [9].
Монографияның негізгі мақсаты: Қ.Бекхожиннің 
қазақ поэзиясына, оның ішінде, салмақты саласы —
поэ ма жанрына қосқан үлесін анық, ашып көрсету; 
ақын поэмаларын әр қырынан талдап, тарихи-та-
қырыптық, стильдік, көркемдік ерекшелігін ай қын-
дау; поэмалардың жанрлық түрленуіне байланыс ты 
идеялық-тақырыптық, мазмұндық негізіне сай бөліп 
қарастыру; дәстүр сабақтастығы, идея үндестігі тура-
лы мәселелерге тоқталу.

12
Бұл еңбекте еліміздің егемендік алуына байланыс-
ты төл әдебиетімізді жаңаша бағамдау тұрғысынан 
ақын поэмалары тұңғыш рет қарастырылып отыр. Сол 
себепті төмендегідей міндеттер жүктейміз: 
— поэмалардың идеялық сипатын анықтау;
— әрбір поэманың жанрлық табиғатын зерттеу;
— поэмаларды тарихи-тақырыптық, мазмұндық 
ерекшеліктеріне байланысты топтастыру, жүйелеу;
— әр шығарманың жазылу тарихы негізінде ақын-
ның саяси-қоғамдық көзқарасын анықтау;
— ақын шығармаларындағы тоталитарлық жүйе-
нің озбырлығын астарлап жеткізген тұстарды саяси-
қоғамдық тұрғыдан бағалау;
— поэмалардағы типтендіру, образ жасау және 
түптұлға (прототип) мәселесіндегі ізденістерді ашу; 
— поэмалардың көркемдік ерекшеліктерін саралау;
— екі нұсқасы бар дастандардың жазылу себептерін 
ашу, көлемдері мен мазмұнын салыстырып, айыр-
машылықтарын санамалап көрсету.
Монографияның деректілік негізіне ақынның таң-
дамалы дастандар мен балладалар жинағы, әдеби-сын 
мақалалары, мұрағат материалдары, қолжазбалар 
пайдаланылды. 
Монографияның теориялық және әдістемелік 
не гізіне қазақ және орыс әдебиеттану ғылы мының 
көрнекті ғалымдарының, басқа да қоғамдық ғылым 
өкілдерінің құнды пікірлері, сын зерттеулері, ой-тұ-
жырымдары, теориялық таным-түсініктері, жекеле-
ген қағидалары негізге алынды. 
Ақын поэмаларының тарихи-тақырыптық сипа-
тын, стильдік, көркемдік ерекшелігін ашу барысын-
да жүйелі-комплексті, объективті-аналитикалық, 
тарихи тұрғыдан жүйелі талдау, жинақтау, қорыту 
әдіс-тәсілдері басшылыққа алынды. Сонымен бірге 
салыстырмалы және тарихи-хронологиялық әдістер 
де қолданылды.
Ақынның ұсақ лирикаларынан бастап, көлемді поэ-
маларына дейін уақытында әдебиеттанушы ғалымдар 

13
тарапынан өз бағасын алды. Бірақ бәрі де лайықты 
бағаланды деуге болмайды. Себебі, кеңестік жүйенің 
саясатына орай көпшілігі біржақты ғана бағаланып, 
орынсыз ұшқары пікірлер айтылып, ақын қатты 
сынға ұшырады. (Бұл жөнінде монография тараула-
рында рет-ретімен сөз болады). Олар ақынның жалпы 
шығармашылығы жөнінде әртүрлі деңгейде ғылыми-
зерттеу мақалалары мен кітаптар жазды. Десек те, 
эпик ақынның эпикалық дастандары жүйелі түрде 
жеке қарастырылған жоқ. 
Ғ.Мүсіреповтің бір ауыз сөзіне тоқталсақ: “…онға 
тарта поэма — қандай поэзия үшін болса да әншейін 
нәрсе емес”, — [10] деген екен. Ал Қ.Бекхожиннің 
үл кенді-кішілі қырықтан астам поэма жазып кеткені 
белгілі. Сондықтан ақын поэмалары жеке монография 
жа зуға арқау болып, тікелей зерттеу объектімізге 
айналып отыр. Сол себепті, бұл жұмыста бізге дейінгі 
ғалымдардың зерттеулеріне, жекелеген ойларына, 
құнды пікірлеріне сүйене отырып ақынның тек поэ-
маларын кешенді (комплексті) түрде қарастыруға 
талпыныс жасалды. 
Еңбектің жаңалығы болып мына тұжы рымдар та-
былады:
— ақын поэмалары біртұтас зерттеле отырып бү-
гінгі күн тұрғысынан қайта бағаланады;
— кезінде тек аты ғана аталған жекелеген поэмала-
ры ғылыми айналымға бірінші рет түседі;
— ақынның “Батыр Науан” поэмасының жазылу 
тарихына, көркемдік ерекшелігіне байланысты тың 
тұжырымдар жасалады;
— зерттеуде әр шығарманың жазылуына орай, 
ақын өмірінің көлеңкелі тұстары да алғаш рет дәйекті 
деректермен дәлелденеді;
— ақын поэмаларының ішкі жанрлық түрленуіне, 
көркемдік ізденісіне талдау жасалады;
— ақынның саяси-қоғамдық көзқарасын аңғар-
татын тұстарына тұңғыш рет назар аударылады;
— шығармалар тақырыптық сипатына қарай топ-
тастырылады.

14
Еңбектің негізгі тұжырымдары:
— Қ.Бекхожин — қазақ поэзиясының көрнекті 
өкілі;
— ол — эпикалық поэманың шебері;
— ақын дастандарында патриоттық және ұлттық 
идеяның азаматтық пафоспен жырлануы;
— ақынның эпикалық поэмаларының саяси-қо-
ғамдық, тарихи-тақырыптық, идеялық-эстетикалық 
құндылығы;
— дәуір шындығының, замана келбетінің ақын поэ-
масында суреттелуі; 
— тарихи тақырыпты жырлаудағы даралығы;
— “Батыр Науан” поэмасының жазылу, баспа бетін 
көру тарихы және көркемдігі;
— ақынның лиро-эпикалық поэмаларындағы фоль-
клорлық сарындардың қолданылуы;
— Қ.Бекхожин поэмаларының өзіндік жетістіктері 
мен көркемдік ерекшеліктері және ұлттық таным, 
тәрбие мәселесі.
Аталмыш монография екі бөлімнен тұрады. Бөлім-
дер көздеген мақсат-мүддесіне сай бірнеше тараулар 
мен тараушаларға бөлінген.

15


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал