Бағдарламасы бойынша оқып-біліп келген жас талап ендігі жерде кәсіби тілде



жүктеу 122.1 Kb.

Дата28.03.2017
өлшемі122.1 Kb.

198

Г

У

М

А

Н

И

Т

А

Р

Н

Ы

Е

И

П

Е

Д

А

Г

О

Г

И

Ч

Е

С

К

И

Е

Н

А

У

К

И

ОРЫС АУДИТОРИЯЛАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРТУ

БАРЫСЫНДАҒЫ КОНТЕКСТІҢ РОЛІ

Ахметова Б.А.

Басқару колледжінің оқытушысы,

филология магистрі

Соңғы  жылдары қазіргі  заман  талабына  сай  мемлекеттік  тілді  жетік

меңгерген  кәсіби білікті  маман  даярлау  ісі қолға  алынуда.  Жоғары  оқу

орындарында  білім  берудің мемлекеттік  стандарты  негізінде  жасалған қазақ

тілінің типтік  бағдарламасында  студенттердің кәсіби  деңгейін  жетілдіру

көзделіп,  мамандық  әлеміне  арнайы  бір  семестр  арналған.  Бұл семестрде

студенттің  өз  мамандығына қатысты  терминдермен,  тілдік

ұғымдармен

танысуына  кең мүмкіндік  туылады.  Яғни  он  бір  жыл  бойы қазақ тілін  мектеп

бағдарламасы  бойынша  оқып-біліп  келген  жас  талап  ендігі  жерде  кәсіби  тілде

сөйлеп, өзінің өмірлік кәсібіне қатысты мәліметтерге қанығуы қажет.

Адамдардың  қоғамда өзара қатынас  жасап,  пікір  алысып  түсінісетін

құралы –  тіл  екендігі  баршамызға  аян.  Тілдік ұғымдарды  меңгеру,  оларды

күнделікті  тәжірибеде қолдану,  түрлі ғылыми  пәндер  жүйесін  меңгерудің бәрі

де  тілдік  атау  сөздерімен, ұғымдарымен  бейнеленеді.  Сөйтіп  адамның ойлауы

мен сөйлеуі қанат жайып өрістеп, дүниенің сырын танып біледі.

Тілдің

осындай  ерекшеліктерін  айта  келіп,  алдымызда  отырған



студенттік  аудиторияны  алсақ, олардың көбінің ауызекі  сөйлеу  тілі  де, қатесіз

жазу жақтары да әлі толық қалыптаспағанын байқап жүрміз.

Өкінішке  орай,  жоғары  оқу  орындарының  өзінде-ақ

тіл  дамыту

сабақтары, кәсіби арнайы мәтіндерді меңгеру жұмыстары көбіне студенттердің

жазу, айту жақтарын түзетуге, ережелерді еске түсіруге, сондай-ақ кей сәттерде

тілдік  мәселелерді қайта  түсіндіруге  жұмсалады.  Ауызекі  сөйлеу  тілін  кәсіби

мәтіндер арқылы дамыту – заман талабы.

Оқытылуға  алынған  мәтіндер құрылымына  тоқталсақ, бұл  мәтіндер

үйренушінің тілдік қабілетіне  сәйкес  жеңілдетілген,  түсінікті  болғаны  жөн.

Сабақта  пайдаланылатын  мәтін ғылыми  тұрғыда  сұрыпталған, өңделген  болуы

керек. Мұндай мәтіндерді сұрыптауға зерттеушілер әр қырынан келіп, көптеген

талаптар қояды:  «Мәтін  шартты  түрде  екі қырынан:  мазмұндық-әдістемелік

және лексика-синтаксистік, стильдік жағынан тексеріліп, бағаланады» [1; 43].

Мазмұндық-әдістемелік  сипатына: ғылыми  мазмұны,  оның  қажеттілігі,

қайталаусыз,  жүйелі  баяндалуы,  теориялық абстракциялық деңгейі, өткен

материалмен  сабақтастығы,  күрделірек  деңгейі,  студенттердің  білімі  мен

логикалық ойлау  деңгейіне  сәйкестілігі,  терминологияның бірізді қолданылуы,

түрлі  ақпараттық және  фактілік  материалдардың мөлшері  т.б.  мәселелер

жатады.


Ал  лингвистикалық-стилдік  сипатына:  студенттердің лингвистикалық

әзірлік  деңгейінің ескерілуі,  сөйлемдердің тым ұзын,  шұбалаңқы  немесе  кілең



199

тақ-тұқ  қысқа  да  болмауы,  оқылуы  мен  жазылуы қиын  көп  буынды  сөздердің

сирек қолданылуы,  абстракт  мағыналы  және  бейтаныс  сөздердің  қажетті

мөлшерде әрі  мағынасы  мәтін  ішінде  түсінікті  болатындай  етіп  жұмсалуы,

сөздердің бір мәтінде екіұшты мағына беретіндей қолданылмауы жатады.

Сабақта қолданылатын  мәтін  студенттің психофизикалық ерекшелігіне

бейімделіп  немесе  бейімделмей  де  алынуы  мүмкін.  «Мәтінді  сұрыптағанда

мынадай  факторлардың

кешенді  жүйесін  ескерген  жөн:  студенттердің

мамандығы  бойынша  актив  сөздер  мен  түсіндірме  терминдердің ауқымы;

лексико-грамматикалық материалдың ерекшелігін қамтамасыз  ету;  мәтіннің

қиындық деңгейін  анықтау  критерийі;  мәтіннің семантикалық моделін құру

мүмкіндігі;  мәтінде  ойлау-танымдық мәннің болуы;  контекстік  көркемдік  пен

жанрлық шектеулік;  тақырыптық принцип;  мәтіннің композициялық-мәндік

құрылымы мен стилі» [2; 18].

Р.А. Шаханова мәтінді сұрыптауға үш түрлі шарт қояды:

1. мәтіннің лингвистикалық мақсатқа;

2. мазмұнының танымдық-педагогикалық ұстамға;

3. әдістемелік нысанаға сәйкес болуы керек [3; 111].

Осындай  факторларға  негізделіп,  белгілі  бір  тақырып  бойынша

сараланған мәтіндерден бір модуль құруға болады. Атап айтқанда, әрбір модуль

мазмұны  жағынан  бірін-бірі  толықтыратын  бірнеше  мәтін  жиынтығынан

тұрады.  Мәселен,  «Дизайн  дегеніміз  не?»  модуліне  «Өнерді  білу  пайда»,

«Дизайн  тарихынан»,  «Дизайн  түрлері  »,  сияқты  т.б  тақырыптағы  мәтіндер

жиынтығы  кіреді.  Бұл  мәтіндер  мазмұнын  түсініп, ұғыну  көп  жағдайда  оның

дұрыс  сұрыпталып берілуіне  байланысты.  Сондықтан  да  колледждерде  орыс

аудиториясына қазақ тілін  меңгерту  барысында  жоғарыда  аталған  талаптарды

ескере  отырып, әр  мамандыққа, әр  салаға қатысты  мәтіндерді  жеке-жеке

топтастыруды  жөн  көрдік.  Мәселен,  дизайн  мамандығына

ұсынылатын

мәтіндер осы салаға қатысты ұғымдар мен түсініктерді, дизайн мамандығының

өзіндік ерекшеліктерін қамтыса, жерге орналастыру саласына қатысты мәтіндер

жердің  қыр-сыры,  жерге  орналастыру,  жер  кадастры  мамандықтарының

ерекшеліктері  мен  осы  мамандықтарға  арналған  термин  сөздерді  берумен

өзгешеленеді.

Ал  осы  мәтіндерді  толық және  дәл ұғыну  оның ішіндегі  сөздердің дәл

мағынасын  түсініп,  білуге  байланысты.  Сондықтан  да әрбір  модульге  енген

мәтіндер  соңында  сөздік  материалдар  да  берілуі  тиіс.  Сондай-ақ бұл  сөздер

жеке талданып, студенттердің сөздік лексиконын толықтыруы қажет.

Сабаққа қажетті  мәтін  осылай  сұрыпталып  алынған  соң, онымен

жүргізілетін жұмыс мынадай кезеңдерге бөлінеді:

1. Мәтінмен жұмыс алдындағы кезең. 2. Мәтінмен жұмыс кезеңі. 3. Мәтін

соңындағы жұмыс кезеңі.

Мәтінмен  жұмыс  алдындағы  кезең

оқытушының

басшылығымен

жүргізіледі. Мұнда алдын-ала мәтінде кездесетін сөздер, сөз тіркестері іріктеліп

алынып,  түрлі  тапсырмалар,  коммуникативтік,  грамматикалық жаттығулар

жүйелі  түрде  беріледі.  Бұл үйренушінің алдағы  оқытылатын  мәтінді қиналмай

түсінуіне дайындық болмақ.



200

Мәтінмен  жұмыс  кезеңінде  мәтінді  оқу,  мазмұнын  түсіндіру,  мәтін

бойынша  сұраққа  жауап  беру,  жоспар  жасату,  бірнеше  бөлімдерге  бөлдіру,

қорытынды  жасату,  т.с.с.  Бұл  жерде үйренушінің мәтінді  түсініп,  мәнерлеп

оқуына, оқу жылдамдығына көңіл бөлінеді.

Аталмыш  тәсіл үйренушінің осы  тақырып  бойынша  сөздік қорын

дамытып,  сұрақ  қоюға  және  оның шешімін  табу үшін  ойын  жетілдіріп, өз

пікірін еркін айтуға төселдіреді.

Келесі  мәтін  соңындағы  жұмыс  кезеңі  мәтінге  түсініктеме  беру,  ондағы

мамандыққа

қатысты 

терминдерді 

күнделікті

қарым-қатынас 

кезінде,

болашақта, қызмет  барысында  еркін қолдану үшін  жасалынады. Үйренушінің

мәтінді қаншалықты  меңгергендігі  түрлі  тапсырма,  проблемалық тақырып,

пікірсайыс арқылы жүзеге асады.

Жалпы кәсіптік қазақ тілін 4 бөлікке бөліп оқытамын.

1.

Оқылым

Дизайн  мамандығында  оқитын  студенттерге  арналған  мына  бір  мәтінді

алайық:

Дизайн (ағылшынша design – жоба, жобалау, сызу, жоспар, сурет) көркем



сурет  және  сәулет өнерінің  өнеркәсіп ұйымдарының ең  үздік үлгілерін  жасау

және  заттық ортаны үйлестіру  шараларын қамтитын  бағытының бір  атауы.

Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі  көркем  жасалған  тұтыну  заттары  мен

бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың

жаңа үлгілерін  ойлап  табу.  «Дизайн»  атауы  1928  жылы  АҚШ-та  пайда  болды.

Дизайнның терминдік  атауы  жаңа  болғанымен  оның негізі  ерте  замандарда-ақ

қалыптасқан.  Мысалы, қазақ халқының  қолөнер  бұйымдарының  қайталанбас

түрлері  этнодизайндық  үлгіде  жасалған.  (Қобыз,  домбыра,  сандық, ожау,

торсық, қару-жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар т.б.) Дизайн өнері заттар мен

нысандардың эстетикалық және  тұтынушылық сапасын,  олардың тікелей

қолданысына  арналған  тиімді құрылымымен,  дайындалу  технологиясымен

байланыстыратын көптеген әдістерге жүгінеді.

Негізінен,  ауызша  сөйлей  білуге,  ондағы  сөздердегі  дыбыстарды  бұзбай

дұрыс  айтып,  ойын  білдіруге үйретуде  мәтіндегі  сөздікпен  жұмыстың орны

ерекше. Мысалға оны жазылым бөлімінде қарастырамын.

 Жоба – проект

 Жобалау – проектирование

 Сызу – черчение

 Жоспар – план

 Сурет – рисунок

 Көркем сурет - изобразительное искусство

 Сәулет өнері – архитектура

 Бұйым – изделие

 Сәндік - нарядность; украшение;

Әшекей – украшение

 Торсық - бурдюк

Қару-жарақтар – оружие


201

3.Тыңдалым. Бұл  жерде  студенттерге  аудио  арқылы  мәтін  беріледі.  Ол

мәтін үш – төрт оқылғаннан кейін, сұрақтарға жауап беріледі.



4. Айтылым. Сабақтың қорытындысы. Жалпы әр оқушы өз ойын бір–бір

сөйлемнен қорытындылайды.

Қорыта  келгенде,  туған  тіліміздің  қадір-қасиетін,  оның байлығын,

еліміздің болашақ мамандарын ана тілінде сөйлей білу мүмкіндіктеріне жеткізу

– тіл мамандарының алдына қойылған үлкен міндеттердің бірі. Бүгінгі студент

– ертеңгі маман білім ордасынан білімді, білікті, жаңа технологияны меңгерген

жаңашыл  тұлға ғана  емес,  мемлекеттік  тілді  жақсы,  кәсіби қазақ тілін  жетік

меңгерген 

тұлға 

болып 


шығуы 

керек. 


Осы 

орайда 


студенттерге

мамандықтарына қатысты мәтіндермен жұмыс жасату әбден қажет. Студенттер

мәтінмен  жұмыс  жасау  кезінде  мамандықтарына қатысты  термин  сөздерді

меңгергеннен кейін, өз беттерімен диалогтар құру мүмкіндігіне ие болады және

де  хабарлама,  реферат  жұмыстарын

әзірлеу  арқылы

өздері  де  мәтін

құрастыруды үйренеді.  Бұлардың барлығы  орыс  аудиториясында  оқитын

студенттерге  мемлекеттік  тілді  меңгерту  жұмысын  жетілдіруге,  мамандыққа

қатысты  термин  сөздерді  сөйлеу  дағдыларында  белсенді  түрде қолдануға  зор

мүмкіндік береді.

Әдебиеттер

1.

Құсайынов  А.Қ., Асылов Ұ.Ә.  Оқулықтанудың  өзекті  мәселелері.

Алматы. – 2000.

2.

Жақсылықова К. Мәтінмен жұмысты ұйымдастыру.//Қазақ тілі мен

әдебиеті. N5-1999.

3.

Шаханова 



Р.А.

Қазақ


тілін 

оқытуда 


мәтіндердің

жалпы


сипаттамасы//Әл-Фараби  атындағы Қазақ  ұлттық университетінің хабаршысы.

Филология сериясы. N8-2004.

4.

Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы. – 1991.

5.

Әбдікәрімова  Т.  Бастауыш  класта  текспен  жұмыс  істеудің

әдістемесі. Алматы. – 1993.

Резюме

В  данной  статье  рассматривается  вопрос  подбора  текстов  в  процессе

обучения  казахскому  языку  лиц  неказахской  национальности.  А  также

акцентируется  внимание  на  введение  в  лексику  терминов,  касающихся

определенной профессии или специальности.

Summary

The  question  of  texts`  assortment  in  the  process  of  the  Kazakh  language

learning  by  persons  of  not  Kazakh  nationality  is  considered  in  the  given  article.  An

attention  also  accentuates  on  the  introduction  of  terms  into  vocabulary  concerning

definite profession or specialty.


202

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ПӘЛСАПАЛЫҚ РУХАНИ БАЙЛЫҒЫ

ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ АБАЙ

Ә. Ж.Оспан

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ

аға оқытушысы

«... Бұл кісіден бұрын да, кейін де Даналар болды. Бірақ олардың ішінде...

дәл  Фарабидей  геометрия,  музыка,  астрономия  сияқты үш ғылым  саласында

бірдей Ұлы үлес қосқан...  аса  ірі  жаңалық ашқан ғалымдарды  табу қиын...

Платон,  Аристотель,  Птолемей  сияқты ғұламалар  музыканы  жөнді  меңгере

алмағанын өздері  жазып  кеткен...»  Бұл  жарты ғасырдай  уақыт  бойы үзбей Әл-

Фараби  мұрасын  зерттеумен  шұғылданған  марқұм ғұлама ғалым  Ақжан

Жақсыбекұлы Машановтың тұжырымы.

Әл-Фарабидің математикалық, әсіресе, философиялық трактаттарына зер

салушылар  жоқ емес,  бірақ  ұлы  бабаның музыка  теориясына  арнаған  еңбегін

математикасымен өрнектеп,  геометриясын  аспан әлемімен атастыра, қазақтың

ежелгі  аспантаным  түсініктері  тұрғысында  тұжырымдап,  бәрін  табиғат

болымысымен байланыстыра, Әл-Фараби  тұлғасын сомдап, ұрпағына зерделеп

берген Машановтан басқа зерттеуші әзірге арамыздан шыға қойған жоқ – дейді,

Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. т.ғ.к. Ш. Әбдіраманов (Ш.Ә.).

Шындығында Әл-Фараби  тек ғалымдығымен ұлы  емес,  ол  көп қырлы

ғұлама, өнерпаз, ақын да. Ал, біздің заманымызда оған жақын, рухани сабақтас

адам бар ма десек, біз алдымен Абайды атар едік. (Ш.Ә.). Ұлы адамдар дүниеге

мың жылда  бірақ келеді  дегендей, қазақ топырағынан  шыққан  екі  ойшыл

данышпанның арасында мың жыл шамасы.

Осы екі алып тұлғаны жеке-жеке тануда едәуір істер атқарылғанын айта

тұра,  олардың ортақ даналық сипатты  мен  рухани  сабақтастығын  зерттеуді

былай қойғанда,  азаматтық болымысының  өзін ұрпағымызға  жеткізе  алмай

келеміз–ау деген күдік көңілді алаңдата береді. (Ш.Ә.).

Ұлы дана Абайды халқымыз ақын ретінде тануы, Әл-Фарабиді тек ғалым

деуге  бейім    тұратындығы  осыдан  болса  керек. Әріге  бармай-ақ  қоялық, тек

Абай даналығын айтуды күні бүгінге шейін әдеби шеңбермен шектелеп келген

сияқтымыз.  Ал,  ол  кісінің  ғылыми,  табиғи,  философиялық мирастары  күні

бүгінге шейін өз деңгейінде зерттелмей отыр.

Екі ұлы бабаларын дана дейді ұрпағы. Сонда олардың даналығы неде?

Егер екі алыптың даралығын айта білсек, олардың рухани сабақтастығын

неге зерттемеске!

Екі ұлының арасын жақындастыру, үндестіру халқымыздың мың жылдық

рухани, мәдени дүниесін тірілті деген сөз емес пе? Демек, бұл бір ғана адамның

емес, халқымыздың игі мақсаты болғандықтан, бүтін қауым қолға алар қастерлі

іс.  Міне,  тәуелсіз Қазақстанның жас  философтарына  көзі  толық ашылмай

тұрған  бұлақ-қайнардың,  ғалымдыққа  баулитін-ғылыми қиястары  бар,  тарихқа

қайта ұңілдіріп,  ескілік  деп  ескерілмей  келген,  кертартпа  деп  мансұқ еткен

рухани  байлығымыздың бастауы  бар.  «Әл-Фараби  музыкант,  біз  оны  философ


203

дейміз, Абай философ, оны ақын дейміз» деген Ақжан Машановтың тұжырымы

бар.

Заманымыздың ойшылы М.Әуезов Абай нәр алған рухани үш қайнар көз



бар деген-ді. Олар: біріншісі – қазақ халқының көнеден келе жатқан мәдениеті

мен өнері,  екіншісі –  орыс  мәдениеті  сол  арқылы  келеген  Батыс  мәдениеті,

үшіншісі

–  Шығыс  мәдениеті  және

өнері.  Осының

біріншісі,

әсіресе

үшіншісінің Абайға да, Әл-Фарабиге де ортақ екендігі талас тудыра қоймас.



Арабстада  баба ғұмыр  кешуі,  Абайдың орыс  мәдениетінен  хабардар

болуы  олардың кемелденіп  есеюінің себебі ғана.  Бірақ Абай  болмысындағы

даналық төркінін орыс мәдениетіне қарыздар ететіндей пікірдің үстемдік етеуі,

тіптен ұлы  Мұханның да  мұны  баса  айтуы  империалық сананың кіріптар

етуінен екені белгілі.

Ал, шындыққа жүгінсек, Батыс мәдениетінің, әсіресе ғылымның бастауы

орта ғасырлық араб  елінде  жатқан  жоқ па.  Бұл  жерде  араб  елін  айналып өте

алмайсың. Сөйтіп  араб  мәдениетін  екі  данаға  да  ортақтастыра қарап,  Абай

дүниетанымына  ықпал  еткен  орта ғасырдағы  араб ғылымы  десек,  сол  орта

ғасыр ғұламаларының көшін бастаушы Әл-Фараби болғанын ескерсек, мұны екі

дана  арасын  жалғастырар  нәзік  жіптің желісі  демеске  неге  болмайды.  Және

Ұлы  бабаларымыздағы ұқсастықты  олардың ататегінен  іздестірудің де әбестігі

жоқ сықылды.

Мың жыл бұрын Әл-Фарабидің кіндік қаны Отырарда – Сыр топырағына

тамса, Абай атамыздың шыққан жері де сол Сыр өңірі емес пе еді. Оған дәлел

Сыр  дан,  Сары-Су  арқылы  Кеңгір  бойында  туған  атасы  Кеңгірбай,  Ырғыз

бойында туған Ырғызбай аталарының есімдері. Рас, жерге,

Елге  ортақ тарихи  жағдайлар  жұрттың бәріне  бірдей  болғанымен

олардың бәрі Әл-Фараби,  Абай  бола  алған  жоқ  қой.  Сондықтанда  олардың ата

өтегін  айтқанда  даналардың бойына  ана  сүтімен  дарыған  табиғи  дарын

ұқсастығын тілге тиек еткен жөн сияқты.

Егер  Абайдың  ғылыми  мирастар  деңгейін  шырқау  биікке  көтерген Әл-

Фараби ілімінің нұр сәулесі десек, кестенің бізіндей өрнекті Абайдың көркем де

нәрлі тілі арқылы, ұлы бабаның терең қағидалары, сап алтын күйінде, қонымды

да  түсінікті  түрде  халқына  жетті.  Бұл  халқымыздың рухани өміріндегі ұлан

асуы деуге әбден тұрарлық мақтаныш.

Ал,  Абай қара  сөздері ғылыми  ойға,  философиялық толғамға  тұнып  тұр

ғой.  Осыларды  жете  талдап  көрер  болсақ, Әл-Фараби  ілімінің ізін  Абай

шығармаларының бәрінен  кезіктірер  едік.  Алдымен  ақын,  сосын  музыкант,

ақырында  дүние  жүзіне  философ  ретінде  танылған Әл-Фарабидің аспаптаным,

математика, медицина, сәулет, механика, физика, оптика салаларындағы құнды

еңбектерімен  көпшілігіміз  таныс  емеспіз.  Сондай-ақ табиғат  танудағы Әл-

Фарабидің басты еңбегі «Табиғат тағлымы» («Табиғат матбуғат»)  идеясы Абай

шығармаларында  кеңінен  айтылатындығын  Ақаң

кітапта  екі  алыпты

жалғастырар желі етіп тартуы тегін емес. Мәселен Әл-Фараби «Ғаламның көркі

оның иесін  танудың жолы»  екендігін  ескертсе,  Абай  жер  жүзін безендірген

тәңірім шеңбер деп ғалам иесіне тәуба келтіреді. Немесе бабаның: «Әр адамның

ғаламда  орын  бар»  деген  тұжырымын,  Абай:  «сенде  бір  кірпіш  дүниеде»  деп

анықтай  түсіде.  Сол  сияқты Әл-Фараби ғаламның тартылыс  күшін  магнитте,



204

жер  заты-темір  деп  бүгінде қапысыз  дәлелденген ғылыми  ойын,  Абай:  «Қара

жер  адамзатқа  болған  мекен, қазына  іші  толған әр  түрлі  кен.  Ішінде  жүз  мың

түрлі  асылы  бар.  Солардың ең артығы қайсы  екен?  деп  жұмбақтап  баба  ойын

«сөз  патшасы өлеңге»  айналдырып  алған  соң,  қалың оқушы  зердесіне  бірден

жететіндей  етіп  «айналысын  тептегіс  жұмырланған»  соң шешуі –  темір  екенін

өз айтады.

Әлемнің  құрылымын  тану үшін,  оны  іздеп  табу үшін  саналы  зат, ғақли

парасат қажет. Ол үшін әр затқа есім беріп, есебін айыра білу керек. Сонда ғана

сен  санатты  адам  санындасың, ал  дүниені  айыра  білмеу –  надандыққа  саяды –

дейді Әл-Фараби: «Ғақли көзбен қарасаң, Дүние ғажап, сен есім. Жаһли көзбен

қарасаң, Дүние қоқыс  сен –  мешін».  Кәне  осы  идеяны  Абай  тұрғысында

қалайша  айтылады  екен,  көрейікші:  «Әсемпаз  болма әр неге, Өнерпаз  болсаң

арқалан. Сенде бір кірпіш дүниеге, Кілтін тапта бар қалан».

Енді  осыны  салыстырар  болсақ екі  дана  да,  дүние ғажап құбылыс

екендігін, әр заттың, әр адамның өз орыны болатындығын, соны тапқанда ғана

өзінің 

қадіріңнің



артатындығын, 

ерліктің,

адамгершіліктің

содан


туындайтындығын,  яғни Әл-Фараби –  Абай қағидасының  «адам  табиғаттан

үйренеді» дегенге саятындығын түсіндіру Ақжан Машановты басқаның аузына

түспеген тұжырым екендігін айта кеткен жөн. Абайдың: ғақлия-нахлия, ғылым-

құдрет, жүрек таразысы – инсаф, өмірдің өзі – шындық тәрізді әр қайсысы бір-

бір  томдық шығармаға өзек  болатындай қағидалардың  Әл-Фараби  мирасынан

кезіктіру де тәңірдің тек Ақана берген еншісі демекпіз.

Әл-Фарабидің математикалық ілімінде  сандар  талданады,  геометриялық

тұрпаттар  (фигура) қарастырылады.  Сөйтіп  болымыстағы  сиқырлы  сегіз

санының  қасиеті  көрсетіледі.  Ал,  Абай  болса  дүниенің сегіз  сипатын  адам

бойынан  тауып  «Сегіз  аяғын»  жазды, Өстіп  баба  ашқан  табиғаттың сегіздік

заңдылығын  Абай  дана Әл-Фараби  мұрасын  игеруді өміріне өзек  еткен  Ақжан

сынды ғалым ғана байқауға тиіс сияқты.

Зерделілердің ертеде айтқан ой-түйіндерін бұл күнде ғылым растап отыр.

Адамзат өз мекеніне жарастықпен тату-тәтті, өнімділік өлшемімен, келешегенің

қамын  жеген  инсафпен ғұмыр  кешпесе өз  мекенін өзі  ойрандайды.  Кешегі

Кеңес империясы кезінде қазақтың бастан өткерген анды шындығы емес пе бұл.

Осыны  көріп  болжағандай  абай  дана.  «Адаспайтын  хакімдер  болмаса  дүние

ойран  болар  еді» -  деген  сәуегейлік  сөзі  мың жыл  бұрын  «Қайырымды қала

адамдары»  кітабында  баба  айтқан  оймен  астасып  жатуы  кездейсоқ болмаса

керек.


Екі  дананың рухани  сабақтастығын,  ой-толғаныстырып қазақ халқына

тән  дүниетанымының  қайталанбас  ерекшеліктерін ғылыми  тұрғыдан  зерттеп

қайта  жаңғырту  ісі  бүгінгі  күнгі ұлтжанды  жас  философ ғалымдарының

қасиетті парызы деп білемін.

1

А.Машанов «Әл-Фараби және Абай»



2

Қ.Өмірәлиев «Абай Афоризмі»



205

Түйін

Автор екі ұлы бабаларының даңалығы неде деген сұрақ маңайында, егер

екі  алыптың даралығын  айта  білсек,  олардың рухани  сабақтастығын  неге

зерттемеске  деген,  болашақ  «қазақ философиясы»  ілімінің дүниеге  келуіне

ынтасымен  ат  салысатын ұлжанды  жас ғалымдарға  жол  сілтеп, өз  мамандығы

инженер-механик бола тұра табыс тіледі.



Summary

The author brings up about a spiritual harmony of great. The author, being an

engineer-mechanic,  supposes  that  the  abut  on  intellectual  wealth  and  philosophy  of

Kazakh people is necessary.



ОРЫС МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІ АРҚЫЛЫ ХАЛЫҚТЫҚ

ПЕДАГОГИКА МӘСЕЛЕЛЕРІН МЕҢГЕРТУ

Майканова А.К.

Дәріс орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілін оқытудың басты мақсаты

- оқушыларды қазақша ауызекі сөзге түсініп, осы тілде өз ойын айтып, оқып, жаза

білуге үйрету.  Оның  үстіне қай ұлттың  өкілі  болмасын өзі  сүретін  елдің  әдеби,

мәдени казынасын, салт-дәстүрін білуі керек екенін ескере келіп, қазақ халқының

тәлімдік,  танымдық рухани мұрасының жағымды қырларын  бала  бойына

дарытуда қазақ тілі, әдебиеті пәндерінің мүмкіндігінің басым екені анық. Себебі

қазақ тілі  мен әдебиеті  пәндерінде  берілетін  мәтіндер,  тапсырмалардың

барлығы  да  танымдық мақсатта құрылады.  Мәселен,  9-сыныпқа  арналған

Т.М.Артықованың авторлығымен жарық көрген Қазақ тілі оқулығында «Билер»

(32  бет),  «Қазақтың батырлары»  (34  бет),  «Қазақ отбасы»  (45  бет),  «Қазақ

халқының салт-дәстүрлері»  (49  бет),  «Қолөнер»  (53  бет),  «Киіз үй»  (54  бет),

«Ұлттық киім»  (55  бет)  сияқты  сабақтарда  халықтық педагогика  элементтері

кеңінен қолданылады.

Қазақ –  балажан  халық.  Қазақ малды  бала үшін  жинайды.  Келешек

ұрпақ  үшін  барын  аямайды. Қазақ  қариялары  немерелеріне  «сенің табаныңа

кірген  шөгір  менің маңдайыма қадалсын»  деген қағиданы ұстанады.  Енелер

немерені өз қамқорлығына алуды міндет деп есептейді. Қазақ халқы «Қыз өссе

елдің көркі»  деп қыз  балаларға үлкен  ілтипатпен қараған.  «Қыз өрісің» деп

келешекте қыз арқылы қауышар өрісін, туыс-жекжатын көбейтуге ниет еткен.

«Қыз  жат  жұрттық» десе  де, қыздан  туған  балаға –  жиенге  ерекше

ілтипатпен қарап, үнемі  көмек  көрсетуге  тырысқан.  Жиеннің нағашысынан

қырық серкештің құнындай енші алуға, қалаған затын алып, қалаған атын мініп

кетуіне, жиендік жасауына хұқы бар.



206

Қазақтардың  ұлға  деген  көзқарасы  ерекше әлеуметтік  мәнге  ие. Қазақ

үшін ұл –  бұл өмірдің жалғасы, ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз  етуші ғана

емес, ол азамат, ел қорғаушы. Қазақтар өмірінің мәнін ұлмен байланыстырады,

ұлы жоқтар өзін бақытсыз санайды.

Қазақтар – ежелден жасы үлкенді сыйлағыш халық жасы үлкенді сыйлау

– қазақтар  арасында  сонау  ертеден  келе  жатқан үрдістердің бірі.  «Алпысқа

келгеннен  ақыл  сұра»  деген  содан қалса  керек.    Аталған  «Қазақ отбасы»

сабағында ата-анасын сыйлап, әдеп  сактайтын  касиеттерін  балаға ұғындыру

мақсатымен  мұғалім  мен  оқушылар арасында қызу әңгіме  басталуы  тиіс.

Мәселен:

- Әдепті бала деп кімді айтамыз?

- Әдептілікке нелер жатады?

- Үлкенді, ата-анаңды сыйлай білесің бе?

Ата-анаңды құрметтесең, сен де сондай игілік көресің», «Әке -асқар тау,

ана - бауырындағы      бұлақ,  бала -  жағасындағы

құрақ»,      «Кәріге - құрмет,

балаға -  міндет», «Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі», «Үлкенге - құрмет,

кішіге-  ізет»  көрсетіп,  ізеттілік,

кішіпейілділікке  баурайтын      мақал-

мәтелдерімізді      көрнекілік      ретінде      пайдаланып,

өзің үлкенді  сыйламасаң,

өзіңнен кіші сені де сыйламайтынын үйрету керек.

Оқылған  шумаққа  орай  «әдептілік»,  «сыйластық»  т.с.с.  бала  мінезін

шыңдайтын адамгершілік қасиеттер  төңірегінде  «пікір  жарыстыру  сәтін»

ұйымдастыру да тапқырлық.

Қазақ салты  бойынша үлкен  сөйлеп  тұрғанда  кішінің араласуына,  сөзін

бөлуіне,  пікір  таластыруға қақысы  жоқ.  Үлкен  кісі  төрге  отырғызылады,

тамақтың сүбесі үлкенге  тартылады. Үлкен  соңғы  сөзді  сөйлейді.  Солай  болса

да,  халқымыз үлкеннің соңынан  көз  жұмып  ілесіп  кете  бермей,  «көп  жасаған

білмейді,  көпті  көрген  біледі»  дегенді  де  айтқан.  Керекті  жерінде  аталы  сөзге

ақсақалын  жығып  та  бере  білген.  Айтары  бар  жас үлкеннен  бата  сұраған.

Үлкендер  де  дат  айтушының меселін қайтармаған.  Осы  сияқты қазақтың

елдігінің көрінісі  болар  мәселелерді қазақ отбасы  сабағында  оқушының

санасына сіңіріп, қарапайым мысалдармен түсіндіріп отырған абзал.

Өнершілдік – қазақтардың ежелден  келе  жатқан, ғасырлар қойнауынан

тамыр  алған,  бұқараның санасына  мықтап  орнаған  психологиялық ерекшелігі.

Қазақ халқының  өнерге,  соның ішінде ән  музыка өнеріне  бейім  болуының

әлеуметтік-экономикалық

және 


табиғи 

негізі 


бар. 

Негізінен 

мал

шаруашылығымен  айналысқан қазақ халқы  табиғат  аясында,  малын  айдап,  бір



орыннан екінші орынға көшіп жүрді. Сол жолда асқар таулар, айдынды көлдер,

нулы-құрақты өзендер,  көз  жетпес  жазықтар...  бірінен  соң бірі  алмасып өтіп

жатты. Халықты аясына салып, әлдилеген сұлу табиғат оның көкірегіне әсем ән

мен тәтті күй ұялатпай қоймайды. Табиғаттың сол жерді мекендеген халықтың

өнерінің сипатына әсер ететіні белгілі. Оны біз қазақ музыкасының мысалынан

да  көре  аламыз.  Сыр  бойының  әндері  ойнақы,  сазды,  Сарыарқаның  әндері  кең

толғамды, көсілген, шалқыған, кең тынысты болып келеді.

Тұрмыс  пен  табиғат қазақты өнерге  бейім  етсе,  дәстүр қазаққа өнерді

міндет етті. Бұған мынадай мысалдар келтіруге болады: қалыңдық ұзатылардан

бірнеше  күн  бұрын  елмен,  жерімен,  туыстарымен қоштасады.  Сонда,  ол өзінің



207

қоштасуын  тек өлеңмен  жеткізуі  тиіс.  Жақын  туысы өлген қазақ  әйелі  де

жоқтау айтқанда қазаға ұшыраған адамға қатынасын өлеңмен айтуға міндетті.

Халық арасында  «естірту»,  «көңіл  айту»,  «жоқтау»  сияқты  дәстүрлі

тұрмыс өлеңдердің көркем орындалған түрлері көп сақталған.

Осының бәрі қазақты  «қыз  көрсе  бір  ауыз өлең шығармайтын, домбыра

көрсе  бір  күй  тартпайтын» қара  жаяуы  жоқ, тіпті  сақауына  шейін  суырып

салма, өнер әбден дарыған халыққа айналдырды.

Қазақ  қауымының  қоғамдық-экономикалық және әлеуметтік-тұрмыстық

жағдайлары  оның  өміріне ән-музыка өнерін  мықтап  ендірді. Ұлы  Абай  бұл

құбылысты:

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең-

деген  жолдармен  сипаттап  берді. Қазақ халқының  өнер  сүйгіш  екенін,

қазақ жерінің, шынында,  тұнып  тұрған  поэзия  екені,  төгіліп  тұрған  музыка

екендігін көптеген зерттеушілер атап жазды.

Қонақжайлылық

та

қазақ



халқының 

ұнамды 


психологиялық

ерекшеліктерінің бірі. Әрине, қонақжайлылықтың кез  келген  халыққа  тән

қасиет  екені  рас.

Әр

ұлт



өзінше

қонақжай.  Сөйтсе  де,

қазақтардың

қонақжайлығының тек қана өзіне тән ерекшелігін атап өту керек. Егер өзге ұлт

өкілдерінің  қонақжайлығының себептері  азаматтық, адамгершілік,  гуманистік

тұрғылармен  түсіндірілетін  болса, қазақтың  қонақжайлығы  бұлармен қоса,

әлеуметтік-экономикалық

және  демографиялық

себептерден  де  туындап

отыратынын  көруге  болады. Қазақ жерінің кеңдігі  мен  халқының сирек

қоныстануының  өзі-ақ  қазақ халқының  қонақжайлығының себептерін  аңғартса

керек.  Елді  мекендердің бір-бірінен  алыс  орналасуы,  малшылық кәсіптің

даралық сипаты,  ер  адамның айналаны қоршаған өмірмен қатынасқа  түсуге

құштарлығы  кез  келген  жолаушы қонақты  белгілі  бір  мағлұмат  көзі  ретінде

қабылдауға 

мәжбүр 


еткен. 

Осы 


жағдайлар

қазақтар 

арасында

қонақжайлылықтың

ешбір

өзге  халықта  жоқ



спецификалық

ережелерін

қалыптастырған. Қазақтардың жазылмаған  заңы  бойынша  таныстығы болмаса

да  жолаушының кез  келген  ауылдағы қалаған үйіне қонуға  еркі  бар. Қонаққа

жатын орын, қонақасы үшін ақы төлеу туралы сөз болуы да мүмкін емес.

Халық педагогикасының мақсаты –  оқушылардың бойына  адамгершілік,

имандылық  қасиеттерін қалыптастыра  отырып,  болашақта  еліміздің тізгінін

ұстайтын  жастарды  тәрбиелеп  шығару.  Халық педагогикасы –  халықтың ең

берекелі, ең парасатты тәжірибесі. Ол ғасылар бойы жинақталған сан-алуан іс-

тәжірибелер мен ой-пікірлер негізінде қалыптасты.

Қазіргі  таңда  орыс  тілді қандастарымызды  былай қойғанда, қазақша

тәрбиеленіп, қазақ мектебінде  білім  алатын  бауырларымыздың біразы ұмытып

бара жатқан, онша мән бере қоймайтын осындай қасиетті түсініктер мен ұлттық

тәрбие  элементтерінің сабақ  үстінде  ауызға  алынып,  белгілі  бір  мәтіндер,

тапсырмалар  арқылы  жеткіншектердің бойына  атадан қалған  тағылымды

ұғымдарды, қасиеттерді ұялата  білу қажет.  Бұл  жаһандану үрдісі  белең алған

қазіргі қоғамда қазақтығымызды  сақтап қалудың бірден-бір  жолы.  Ол  жолда

мектеп үрдісінде қазақ тілі мен әдебиеті сабағы маңызды орын алады.



208

Әдебиеттер

1. Т.М.Артықова Қазақ тілі. Учебник для 9 класса обще-образовательной

школы с русским языком обучения. Алматы «Атамұра» 2005 б.

Резюме

В  статье  рассматриваются  вопросы  этнопедагогики  в  процессе

преподавания  казахского  языка  для  неязыковой  аудитории.  Автор  анализирует

темы и задачи уроков, акцентируя внимание на изучении казахского языка, где

в  процессе  преподавания  в  каждом  тексте,  упражднениях  и  заданиях

применяются элементы этнопедагогики.



Summary

The  problems  of  ethnopedagogy  in  the  process  of  teaching  Kazakh  language

for the class who don’t study language are considered in this article. The topics and

aims  of  classes  are  analyzed  by  the  author  paying  attention  to  studying  Kazakh

language  where  in  the  process of  teaching  in  every  texts,  exercises    the  elements  of

ethnopedagogy are applied.






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал