Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 1.12 Mb.

бет1/14
Дата15.09.2017
өлшемі1.12 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Е. В. Бритвина 

АППЛИКАЦИЯ

ӘдістЕмЕЛіК нұсқАу

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу

 бағдарламасы бойынша мектепалды 

дайындық тобы мен сыныбы 

педагогтеріне арналған 

Қазақстан Республикасының Білім

және ғылым министрлігі ұсынған

Алматыкітап баспасы

2017


Б 80

Бритвина Е.В.

Аппликация. Әдістемелік нұсқау

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу

 

бағдарламасы бойынша 



мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған. Е.В. Бритвина. – Алматы: Алматыкітап 

баспасы, 2017. – 86

 

бет.


   

 

 



          

© Бритвина Е.В., 2017

© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2017

ОӘЖ 373.2

КБЖ 74.102

      Б 80

ОӘЖ 373.2

КБЖ 74.102

ISBN 978-601-01-30

80-7

ISBN 978-601-01-3080-7


3

АЛғы сөз

«Аппликация»  оқу-әдістемелік кешені жаңа буынның төмендегі нормативтік құжаттарына сәйкес дайын-

далған.


1. 

Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты  (Қазақстан  Рес­



публикасы  Үкіметінің  2016  ж.  15  мамырдағы  №  292  қаулысымен  бекітілген).  Аталған  стандарт  Қазақстан 

Республикасының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін 

анықтайды;

2. 


1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы 

(Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің  2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен 



бекітілген);

3. 


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Білім 

және ғылым министрлігінің  2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген). Жаңартылған бағдарлама 

мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білім беру саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр. 

ОӘК дайындаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда көрсетілген мектепалды даярлық пен 

бастауыш мектеп арасындағы  оқытудың бірізділігін сақтау. 

Бұл  әдістемелік  нұсқау  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  бағдарламасы  (мектепке 

дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  мазмұнын  жаңарту  аясында)  «Шығармашылық»  білім  беру  саласындағы  «Ап-

пликация»  ұйымдастырылған  оқу  қызметі  (бұдан  әрі  –  ҰОҚ)  бойынша  дайындалған.  Оқу-әдістемелік 

кешеннің мазмұнында ҰОҚ жүргізуге деген негізгі ғылыми және педагогикалық көзқарастар іске асырылған. 

Ұсынылып отырған ҰОҚ ұзақмерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) және қысқамерзімді жоспарлау бойынша 

әзірлемелерді  пайдаланудың  алғышарттары  ашып  көрсетілген.  Педагогтің  әліппе-альбоммен  жүргізетін 

жұмысының  әдістемелік  міндеттері  айқындалған.  Мектепалды  дайындық  сыныбына  арналған  «Апплика-

ция» әдістемелік нұсқауының мақсаты айшықты жапсыру бейнелерін жасау, композиция құру дағдыларын 

дамыту, қию тәсілдерін меңгерген кезде көру және қозғалу үйлесімділігін дамыту арқылы педагог мектеп 

жасына дейінгі балалардың шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әдістемелік 

нұсқау ұсыну болып табылады.

Оқу-әдістемелік  кешен  (бұдан  әрі  –  ОӘК)  мектепалды  дайындық  сыныптарының  тәрбиеленушілеріне 

базалық деңгейде негізгі техникалық және көркемдік-эстетикалық білім мен дағдыларға үйретуді қамтамасыз 

етеді және педагогке арналған әдістемелік нұсқау мен әліппе-альбомды қамтиды. 



«Аппликация» бойынша білімнің ғылыми-әдістемелік негіздері, оларды іске асыру

ҰОҚ-нің негізгі тұжырымдамалық идеясы, олардың ерекшеліктері және қазіргі білімнің мақсаттары мен 

міндеттеріне, ҚР ЖМБС талаптарына сәйкестігі.

Қазіргі білім парадигмалары және адамзаттың шығармашылық, рухани қажеттіліктері бейнелеу өнерін 

алдыңғы қатарға шығарып отыр.

Оқу-әдістемелік  кешеннің  негізгі  тұжырымдамасы  бейнелеу  өнерінің  құралдары  (аппликация)  арқылы 

тұлға қалыптастыру, тәрбиеленушілердің біртұтас оптимистік дүниетанымын білдіруіне ықпал ету, өнердің 

әртүрлілігін ескере отырып, олардың өз күшімен рухани-эстетикалық орта құруына ықпал ету. 6–7 жастағы 

балаларда ұлттық сана-сезім мен шығармашылық қиялды қалыптастыру негізгі міндет болып табылады.

  Мектепалды  дайындықты  іске  асыратын  педагогтердің  алдында  баланың  дербес  дүниетанымын 

қалыптастыру, ол туралы ойлану, көркем мәдениет тәжірибесін меңгеру негізінде оған деген өз көзқарасын 

білдіру қабілеттерін дамыту міндеті тұр.

Баланың рухани дамуы, яғни оның бойында шынайы адамгершілік, мейірімділік және әлемді қабылдаудағы 

толыққанды  мәдениеттілік  туралы  ұғымдарға  жауап  беретін  қасиеттерді  қалыптастыру.  Тәрбиеленушілердің 

шығармашылыққа  қызығушылықтарын  арттыру.  Бағдарламаның  басты  міндеті  –  баланы  адамгершілік  пен 

отансүйгіштікке тәрбиелеу. Бұл міндет әлемдік үдерістер мен байланыстарды шектемей, керісінше, «туған үйдің 

табалдырығынан жалпы адамзат мәдениетіне дейін» қағидасын оқу-әдістемелік кешеннің негізіне алған.

Педагог балаларды аппликация ұОқ арқылы қалай оқытуы, дамытуы және тәрбиелеуі тиіс? 

Әзірленген ОӘК-де аппликацияның ең маңызды ерекшелігі: аппликация жасаудың технологиясы болып 

табылады. 

Осы  ерекшелік  6  жастағы  балалар  үшін  аппликацияның  мазмұнына  тән  ерекшеліктерді  ескере  оты-

рып,  тиісті  әдістерді  (негізінен  практикалық),  оқу  қызметін  ұйымдастыру  нысандарын  (практикалық, 

шығармашылық, өз бетімен жұмыс) және оқыту құралдарын (ерекше әліппе-альбом, интерактивті жабдық, 

көрнекі құралдар және т.б.) қолдануды талап етеді. 

Оқытудың пәндік мазмұны 6 жастағы балаларды аппликация жұмысының түрлерімен таныстыру, аппли-

кация бойынша ҰОҚ арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үдерістерін көрсетеді және 


4

оның негізгі мақсаты – айшықты аппликация бейнелерін жасау арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың 

шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыруға, композиция құру дағдыларын дамытуға, қию тәсілдерін 

меңгерген кезде көру және қозғалу үйлесімділігін дамытуға бағытталады.

Бұл ретте педагог мынадай нақты міндеттерді іске асырады:

халық қолөнері, материалдар мен құрал-жабдықтар туралы ұғым қалыптастырады;

– бөлшектерден зат бейнесін құру, есте сақтау, түсінік бойынша әртүрлі нысандардан композиция құру 

дағдыларын дамытады;

– геометриялық және өсімдік өрнектері негізінде жырту, өру техникасын қолдана отырып, симметриялық, 

сұлбалық, бірнеше қабатталған заттарды қию техникасына, сондай-ақ әртүрлі үйлестірілген техникаларға 

үйретеді;

– мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық қабылдау қабілетін дамытады;

– саусақтың ұсақ моторикасын, көзбен өлшеу, байқағыштық қабілеттерін дамытады;

–  аппликацияда  түс,  нысан,  өлшем  және  т.б.  сияқты  көркемдік  мәнерлілік  құралдарын  пайдалануға 

үйретеді;

–  аппликацияда  қазақ  халқының  ұлттық  қолданбалы  көркемөнерінің  желісін  пайдалану  арқылы 

отансүйгіштікке тәрбиелейді.

ОӘК-ді  пайдалану  күтілетін  нәтижелерді  тұжырымдауға  мүмкіндік  береді  және  мектепалды 

дайындық сыныбының тәрбиеленушілері:

– жырту, қию тәсілдерімен қарапайым аппликацияны орындау арқылы әртүрлі ертегі кейіпкерлерін және 

т.б. жасай алады;

–  үлгіқалыпқа,  затқа  қарап  заттардың  тиісті  түсін,  нысанын,  пропорциялары  мен  фактурасын  таңдап, 

бөлшектерді дұрыс жапсыру кезектілігін дұрыс пайдалана отырып, жапсырма құрастыра алады;

– елестету бойынша геометриялық фигуралар негізінде бірнеше бөлшектерден жапсырмалар құрастырып, 

біртұтас  айшықты  ойыншықтардың  бейнелерін  немесе  қағаздан  жыртылған  түзу  емес  бөлшектерден 

үлпілдеген ойыншықтар бейнесін жасай алады;

– жапсырмада жеке/ұжымдық сюжетті композиция құра алады, заттардың кеңістіктік қатынасын, түсін, 

пропорцияларын, текстурасын ескере отырып, оларды жер, су, аспанға қатыстылығына қарай жатқыза алады;

– қазақ халқының қолданбалы көркемөнерінің желісі негізінде, жапсырмадағы ою-өрнек элементтерінің 

кеңістіктік қатынасын ескере отырып, ою-өрнек нысандары мен элементтерін кезектестіріп, қарқынды және 

симметриялы түрде орналастыру арқылы ою-өрнектерден жапсырмалар құрастыра алады;

– қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің желісі негізінде балалардың ойы/үлгіқалып бойынша ойыншықтар 

мен  қуыршақтарға  арналған  ұлттық  бұйымдарды,  сондай-ақ  жаңажылдық  шыршаға  арналған  әшекей 

бұйымдарды, құттықтау ашықхаттарын, ұжымдық панноларды безендіре алады;

– геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттарды қия алады (жолақтарды тікбұрыш етіп қияды, 

шаршыларды үшбұрыш етіп қияды, шаршы немесе тікбұрыштың бұрыштарын қиып алып, дөңгелек және 

сопақша пішіндерді қиып алады);

 – симметриялы заттарды бейнелеу үшін салынған немесе қиялдағы контур бойынша сұлбаларды қия 

алады; 

–  екіге,  қатпарланып  бүктелген  қағаздан  әртүрлі  симметриялы  нысандар,  табиғат  пен  жасанды  әлем 



бейнелерін қайшымен ойып алады;

– аппликацияға арналған материалдарды (тығыздығы, түсі, текстурасы бойынша әртүрлі қағаз түрлері) 

тиімді пайдалана алады;

–  бірнеше  қабатқа  бүктелген  қағаздан  бірнеше  көркемдік  элементтерді  қия  алады,  геометриялық  фи-

гураларды  (шаршылар,  тіктөртбұрыштар,  шеңберлер,  сопақшалар)  екіге  бөліп  және  диагоналі  бойынша  

қия алады;

– екіге бүктелген қағаздан ортасы мен бұрыштарын безендіретін, қатпарлап бүктелген қағаздан тізбектер, 

шілтерлер, қар үлпектерін, гүлдер және т.б. қия алады;

– жұмыс барысында жұмыс орнын тәртіпке келтіре алады.

ұОқ жүргізу ерекшеліктері

ҰОҚ-нің өзгеше ерекшелігі сол, берілген оқу процесі тәрбиеленушілердің шығармашылық іс-әрекеттерінде 

ерекше  белсенділік  танытулары  болып  табылады.  Мысалы:  педагогтің  баланы  шығармашылық  ізденіс 

жағдайына қою білігі, тәрбиеленушілердің үздіксіз білім алуға деген қажеттілігін іске асыру үшін балалар-

ды зияткерлік шығармашылықпен қызықтыру білігі, «білімді адамнан» (яғни білім, біліктер және дағдылар 

жүйесімен қаруланған) «өмір сүруге дайын адамға» дейін жетелеу білігі жаңа педагогикалық ұстанымдар. 

Балалардың шығармашылығын дамыту баланы «ең жақын даму аймағына» бағытталған мақсатты оқытуға 

байланысты екендігін түсіну елеулі маңызға ие.



5

 Авторлар педагогке көмек ретінде ұзақмерзімді және қысқамерзімді жоспарларды әзірледі. Ұсынылып 

отырған қысқамерзімді жоспарламада пәнаралық байланыстарды (сурет салу және жапсыру, өзін-өзі қауіпсіз 

ұстау, валеология, қоршаған ортамен таныстыру, драма, өзін-өзі тану сабақтары және т.б.) пайдалана отырып, 

бөлімдердің оқу материалы бірізді ашылады.

  Тәрбиеленушілердің  ҰОҚ  шығармашылық  жұмысы  әртүрлі  нысанда  жүзеге  асады:  тегістікте  және 

көлемде  бейнелеу  (заттың  өзіне  қарап,  жады  бойынша,  сипаттама  бойынша);  безендіру  жұмысы;  құрбы-

құрдастарының  жұмыстарын,  сабақтағы  жобалық  (ұжымдық)  және  жеке  жұмыстың  нәтижесін  талқылау; 

халық мұрасын зерделеу; оқылатын тақырыптарға иллюстративтік материал іріктеу; (халықтық, классикалық 

және заманауи) музыкалық және әдеби шығармаларды тыңдау. Практикалық, рефлексиялық әрекет ҰОҚ-нің 

негізгі бөлігі болып табылады. 

 Оқу материалының мазмұны балаларға өнер мен өмірдің өзара байланыс жүйесі туралы айқын түсінік 

беруге  бағытталады.  Балалардың  өмірлік  тәжірибесі  мен  қоршаған  ортадан  мысалдарды  көбірек  тарту 

көзделеді.  Айналадағы  шынайы  өмірді  бақылау  және  эстетикалық  тұрғыдан  ортақтасу  негізінде  жұмыс 

істеу балалардың бағдарламалық материалды меңгеруінің маңызды алғышарты болып табылады. Қоршаған 

әлемге көзқарасты білдіруге деген талпыныс бейнелі ойлаудың дамуының көзі болуы тиіс. Баланың адамның 

ішкі дүниесіне қызығушылығын, өзінің жан дүниесіне үңіле білу, өзінің ішкі уайым-қайғысын түсіне білу 

қабілетін дамыту өнерді үйретудің басты мақсаттарына айналады.

Бұл – өзге адамның сезіміне ортақтасу қабілетін дамытудың алғышарты. 

Ұсынылып отырған қысқамерзімді ҰОҚ-нің жоспарлары түпкілікті құрылым болып табылмайды және 

тәрбиеленушілер  ұжымының  даму  деңгейіне  қарай,  педагогтің  ұйғарымы  бойынша  түрленуі  мүмкін. 

Әдістемелік нұсқауда 6–7 жастағы балаларды шығармашылыққа үйретудің қолжетімді әдістемелік тәсілдері, 

ең  тиімді  нысандары  мен  әдістері  қамтылған.  Олар  балаларға  зерттеу  әрекетінде  алғашқы  қадамдарын 

жасауға көмек көрсетуге арналған.

ҰОҚ-де тұлғаға бағытталған көзқарасты пайдалану балалардың субъективті тәжірибесіне, олардың жеке 

өмірлік тәжірибесіне ұдайы сілтеме жасау арқылы жүзеге асады. Педагог пен балалар оқу әрекетінде тең 

құқылы серіктестер ретінде жұмыс істеуі тиіс.

Қысқамерзімді  жоспарламада  балалардың  меңгеруі  тиіс  алдын  ала  нәтижелер  ұсынылды,  әр  ҰОҚ-нің 

оқыту  мақсаттары  әзірленді,  пәндік  мазмұнмен  жұмыс  жүргізуге  арналған,  көптілді  компонентті  (қазақ, 

орыс,  ағылшын  тілдерінде  негізгі  терминдер)  қамтитын  тілдік  мақсаттар  айқындалды,  тәрбиеленушілер 

сабаққа  келетін  алдыңғы  білім  бөлек  берілген.  Бұл  педагогке  тақырып  бойынша  жұмыс  перспективасын 

көруге және әр ҰОҚ-нің нақты мақсаттарын оқытудың түпкілікті нәтижесімен салыстыруға көмектеседі. Пән 

бойынша тақырыптар мазмұнының ықпалдастығына, олардың басқа да білім салаларының материалымен 

сабақтастығына ерекше көңіл бөлінеді.

Қысқамерзімді  жоспарламада  берілген  оқу  материалы  тәрбиеленушілерді  әртүрлі  материалдардың 

қасиеттерімен  таныстырады.  Олар  геометриялық  фигураларды,  түстерді  ажыратуды,  шамасына  қарай 

бөлшектердің арақатынасын белгілеуді және бөлшектерді біртұтас біріктіруді, заттың құрылымын, кеңістікте 

орналасуын айқындауды, қағаз бетінде бағдарлауды үйренеді.

ОӘК  мазмұны  тәрбиеленушілердің  жеке  практикалық  шығармашылығын  ұжымдық  (жобалық) 

шығармашылық әрекетпен кезектестіруді көздейді.

Ұжымдық жұмыс нысандары әртүрлі болуы мүмкін: топтар бойынша жұмыс, оқушылардың әрқайсысы 

жалпы  панноға  немесе  құрылысқа  арналған  өзінің  бөлігін  жасайтын  жеке-ұжымдық  жұмыс.  Бірлескен 

шығармашылық әрекет балаларды келісуге, ортақ міндеттер қойып, оларға қол жеткізуге, бір-бірін түсінуге, 

өз  құрбы-құрдастарының  жұмысына  құрмет  және  қызығушылық  танытуға  үйретеді,  ал  ортақ  оң  нәтиже 

болашақ шығармашылыққа ынталандырады және өз күшіне сенімділік туғызады. Көбіне осындай жұмыс 

қандай да бір үлкен тақырыпты қорытындылау үшін жүргізіледі және оны толығырақ және жан-жақты ашуға 

мүмкіндік береді, осылайша барлық балалардың күш-жігерін біріктіру нәтижесінде айшықты әрі біртұтас 

қолөнер туындысы жасап шығарылады.

Әдістемелік нұсқауда оқу материалының мазмұнын екі бөлімге бөлу ұсынылады:

1.1. Аппликация бағыттары.

2.2.  Материалдармен  және  құрал-жабдықтармен  жұмыс  істеу  тәсілдері  және  еңбек  гигиенасы  мен 

қауіпсіздік техникасының негіздері.

Осы бөлімдердің мазмұны сегіз тақырыпшалар арқылы іске асырылады:

«Мен кіммін және қандаймын?»

«Мектепке не үшін барамыз?»

«Менің айналамда кімдер бар?»

«Менің айналамды не қоршап тұр?»


6

«Жолдар бізді қайда бастайды?»

«Салт-дәстүрді білу не үшін керек?»

«Мен үшін не дәмді және пайдалы?»

«Денсаулықты қалай күту керек?»

Аппликация бойынша материалдар мен құрал-жабдық ҰОҚ жүргізудің алғышарты болып табылады:

-қағаз (ақ, түрлі түсті, жұқа және тығыз қатырғықағаз, қатпарланған қағаз, газет-журнал және т.б.);

-қайшы (ұзындығы шамамен 120 мм);

-желімге арналған жаққыш қылқалам (жалпақ тегіс қылқалам – флейцтер, жіңішке қылқалам);

-жаққышты қоюға арналған ыдыс;

-желім (ПВА, клейстер, қарындаш-желім);

-қиындыларға арналған ыдыстар және жайпақ қораптар;

-желім жағуға арналған клеенка-төсеніш;

-сулық; 


-интерактивті жабдық;

-цифрлы фотоаппарат;

-картиналардың репродукциялары;

-тақырыптар бойынша көрнекі материал;

-тақырыптар бойынша бейнематериалдар жиынтығы.

Әліппе-альбоммен жұмыс жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері мен міндеттері

Әліппе-альбомның материалында болашақ бірінші сынып оқушыларына білім беруді мақсат етуден гөрі 

әзірленген шығармашылық тапсырмалар арқылы белсенділікті, өз бетімен жұмыс істеуді, шығармашылық 

қабілеттерді, танымдық қызығушылықты, коммуникативтік біліктерді дамытуға ден қойылған.

Иллюстративтік материал және оған іріктелген сұрақтар өнер мен адам өмірінің байланысын нығайтуға, 

оның  және  қоғамның  күнделікті  өміріндегі  өнердің  маңызын  мойындауға,  өнердің  баланың  дамуындағы 

маңызын түсінуге тәрбиелейді.

Әліппе-альбомдағы  шығармашылық  тапсырмалар  білімін,  біліктері  мен  дағдыларын  жасампаз  әрекет 

арқылы  іске  асыруға  баланы  тәрбиелеуге  бағытталады.  Әліппе-альбомда  шығармашылық  әрекетке 

арналған сұлбалар, үлгіқалыптар қамтылған қосымшалар (жұмыс парақтары) бар. Алты жастағы баланың 

жас  ерекшеліктеріне  сүйене  отырып,  әліппе-альбомға  әртүрлі  жағдайларда  әрекет  ететін  «толассыз  ойын 

кейіпкерлері» Қуаныш пен Айсұлу енгізілді.

Әліппе-альбоммен  жұмыс  кезінде  тәрбиеленушілер  материалдармен,  қағаз  өңдеу  техникасымен  және 

тәсілдерімен  танысады.  Қоршаған  ортамен  танысқан,  көркем  әдебиетті  оқыған,  иллюстрацияларды, 

суреттерді, халықтық қолданбалы көркемөнер бұйымдарын көрген кезде алатын әсерлерін сұлбалық нысан-

да, бейнелі әрі шығармашылықпен өңдеу, заттарды графикалық бейнелеу кезінде қолданады.

Әліппе-альбомның  материалы  тәрбиеленушілерге  материалды  өңдеуге  (бүктеу,  қию,  жапсыру),  құрал-

жабдықты (қайшы, желім, жаққыш) пайдалануға байланысты бірқатар еңбек біліктерін меңгеруге мүмкіндік 

береді. Балалар күш-жігерін салу арқылы қиындықтарды жеңе отырып, жоспарлы түрде, ыждағаттылықпен 

оң нәтижеге қол жеткізуге тырысуды үйренеді. 

Техникалық  біліктердің  жеткіліксіз  дәрежеде  дамуы  қиялға  кедергі  болады,  балалардың  бастамашыл-

дығын шектейді, әрекет нәтижесінің сапасын төмендетеді. Ал егер тәрбиеленуші қию, жапсырманы негізге 

жапсыру тәсілдерін жақсы меңгерген болса, оның назары нысаны, өлшемі және түсі бойынша әртүрлі ком-

бинацияларды жасауға бағытталады, бұл жаңа, ерекше нәтижелерге әкеледі, жұмысқа деген шығармашылық 

көзқарасты ынталандырады. Педагог ҰОҚ ең тиімді оқыту әдістерін қолданған, тапсырмаларды дайын күйде 

бермей, балалардан меңгерілген білімі мен біліктерін өсімпаздықпен емес, жасампаздықпен қолдануды та-

лап еткен жағдайда ғана осыған қол жеткізуге болады. Осының барлығы ОӘК-де көрініс тауып отыр.

Балалар  эмоциялық  жағдайдың,  бағдарламалық  материалды  меңгеру  және  әрекет  ету  деңгейін  реф-

лексия  шеңберінде  бағалайды.  Балалардың  жұмыстарын  мазмұны,  мәнерлілігі,  ерекшелігі  тұрғысынан 

талқылау шығармашылық қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастырады. Мерзімді көрмелерді ұйымдастыру 

балаларға  өз  жұмыстарын  жаңа  қырынан  көруге,  бағалауға  және  жетістігіне  қуануға  мүмкіндік  береді. 

Тәрбиеленушілердің ҰОҚ-де орындаған жұмыстарын туыстарынаға сыйлық ретінде беруге және мектепті 

безендіру үшін пайдалануға болады.

Аппликация  бойынша  мақсаттар  мен  міндеттерді  іске  асыру  үшін  мынадай  ҰОҚ-нің  құрылымы 

ұсынылады:

Оң көңіл күй орнату.

ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс: өнімді әрекет.

Қорытындылау рефлексиясы.



7

ҰОҚ-нің бірінші бөлімінің мақсаты оң көңіл күй орнату, ізденіске ынталандыру болып табылады. Пе-

дагог балалардың жаңа білім алуға деген ықыласын оятады, өз әрекетінің маңыздылығын ұғындырады және 

өздерінің күш-жігеріне сенім туғызады.

«Өмірлік тәжірибені өзектендіру» («өзектендіру» –  балалар үшін  мағынаны, маңызын  табу) деп  атала-

тын  2-бөлімнің  шеңберінде  таңғалу,  қызығушылық  туғызуға  арналған  жағдай,  проблемалық  жағдай  жа-

салады.  Тәрбиеленушілер  мен  педагогтің  бірлескен  әрекетінің  барысында  педагогтің  жалпы  бағыттаушы 

басшылығымен тәрбиеленушілердің барынша өз бетімен әрекет етуі арқылы осындай жағдайларды түсінуімен 

шешім табуы, сондай-ақ осындай әрекет кезінде балалардың проблемалық міндеттерді шешу жөнінде білім 

мен жалпы қағидаларды меңгеруі проблемалық жағдайларды қолданудың негізгі мақсаты болып табылады. 

Қойылатын мақсат айқындалады. 

ұОқ-нің тақырыбы бойынша жұмыс әліппе-альбоммен жүргізілетін жұмыстың бастапқы кезеңдерінде 

берілетін қысқаша теориялық материалды зерделеуге негізделеді. Жаңа тақырып қарапайым және ұғынықты 

етіп түсіндіріледі, түсіндірілген материал көрнекі материалмен бекітіледі. Иллюстрацияларды, суреттерді 

және өзге де көрнекі материалды көру бақылағыштықтың, шығармашылық қиялдың дамуына әкеледі.

Жұмысты  орындау  тәсілдері,  кезектілікті  белгілеу  туралы  нақты  нұсқауларға  назар  аударылады. 

Педагогтің ынталандыруымен, балалар белсенділікпен қатысуы тиіс, олар сұрақтарға жауап беріп, бұрын 

меңгерілген біліктерді естеріне түсіреді.

Аппликация жасау технологиясы мынадай жұмыс кезеңдерінен тұрады:

-аппликация жасау үшін зат, сюжет, ою-өрнек таңдалады;

-эскиз жасалады (қарапайым аппликациялар эскизсіз орындалады);

-материал дайындау, оны таңдау;

-құрал-жабдық, қосалқы материалдар таңдау;

-әртүрлі тәсілдермен бөлшектер мен суреттерді дайындау;

-бөлшектер мен суреттерді фонға орналастыру;

-бөлшектерді негізге жапсыру.

ҰОҚ жүргізген кезде оның жекелеген бөлімдерін оңтайлы байланыстыру маңызды. Практикалық бөлім 

тәрбиеленушілер  алған  теориялық  мәліметтердің  үйлесімді  жалғасы  болып,  оны  бекітуі  үшін  педагог 

ҰОҚ-нің  әрқайсысының  мазмұны  мен  барысын  ойластыруы  тиіс.  Практикалық  бөлімде  тікелей  оқытуға 

бағытталған  тәсілдерді,  мысалы,  педагогтің  тақтаға  немесе  бөлек  параққа  қарындашпен  не  фломастер-

мен салған түсіндірме суретін пайдалануға болады. Ол балаларға бейне жасау үдерісін, аппликация жасау 

кезектілігін көрсету болып табылады.

Жұмыстың кезектілігі барлық кезеңдері бейнеленген сызба түрінде тақтада көрсетіледі. Аппликация  жа-

сау тәртібі күрделі болмаса, түсіндірме сызбасы тақтадан өшіріледі, ал балалардың назары алдағы жұмыс 

барысына  –  аппликация  бөліктерін  жасау  тәсілдеріне,  композицияны  ойластыруға  және  т.б.  аударылады. 

Тақырыптық қозғалыс үзілістері, саусақтарға арналған жаттығу ойындар жүргізіледі. Қорытындылау рефлек-

сиясы орындалған жұмысты ұғынуға, балалардың әрқайсысының байқағанын, түйген ойларын, түсінгенін 

ортақ қорға жинақтауға бағытталады. Оның мақсаты ҰОҚ-де бекітілген нәтижемен шектелмей, мағыналық 

тізбек құру, өз жетістіктері мен сәтсіздіктерін өзгелердікімен салыстыру болып табылады.



8


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал