Бағдарламасы бойынша және Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары



жүктеу 5.16 Kb.

бет1/10
Дата13.06.2017
өлшемі5.16 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ДББҰ Басқармасының 
2016 жылғы 18 мамырдағы 
шешімімен бекітілген (№ 19 хаттамасы) 
(ДББҰ Басқармасының шешімімен бекітілген 
2017 жылғы 26 қаңтарында 
енгізілген өзгертулер мен толықтырулар (№ 4 хаттамасы))
 
Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының 
біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курстардағы 
Бағалау нұсқаулығы 
Екінші басылым 

 

 
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
 
«Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы баспаға ұсынған
 
 
 
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығы, Кембридж 
Халықаралық  Емтихан  Кеңесі  (КХЕК)  және  Кембридж  университетінің  Білім  беру 
Факультеті  арасындағы  ынтымақтастық  нәтижесінде  педагогикалық  қызметкерлерді 
тәуелсіз  бағалау  жүйесін  әзірледі.  Бұл  бағалау  жүйесі  Кембридж  университетінің  Білім 
беру  факультетімен  бірлесе  отырып  Педагогикалық  шеберлік  орталығы  құрастырған 
Қазақстан  Республикасының  педагогика  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру 
бағдарламасы  бойынша  және  Қазақстан  Республикасы  жалпы  білім  беру  ұйымдары 
басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курстарында қолданылады.  
 
Бағдарламаның  барлық  қатысушылары  жалпы  критерийлерге  сәйкес  бағаланады: 
бағдарламаның  идеяларын  білу  мен  түсіну,  осы  идеяларды  өз  тәжірибесінде  қолдану  мен 
идеяларды тәжірибеде жүзеге асыру рефлексиясы.  
 
Бағалау қағидалары, критерийлері, стандарттары мен  құралдары "Тиімді оқыту мен оқу", 
"
Мектептегі  мұғалім  көшбасшылығы", "Педагогикалық  қоғамдастықтағы  мұғалім 
көшбасшылығы"  және  Қазақстан  Республикасы  білім  беру  ұйымдары  басшыларына 
арналған  бағдарламалары  үшін  жасалған;  "Тиімді  оқыту  мен  оқу",  "Мектептегі  мұғалім 
көшбасшылығы", 
"Педагогикалық 
қоғамдастықтағы 
мұғалім 
көшбасшылығы" 
бағдарламалары бойынша мұғалімді бағалау қағидаларында, Экспертті бағалау нұсқаулығы 
мен  Басшыларды  бағалау  нұсқаулығында,  Этикалық  кодексте,  Тренерді  бағалау  үлгісінде  
қамтылып  көрсетілген.  Бұл  құжаттардың  ағылшын  тіліндегі  алғашқы  нұсқалары 
Кембриджбен ынтымақтастықта жасалған.  
 
Бағалау  үдерісінде  бағдарлама  тренерлері  мен  эксперттерін  аккредиттеу  және  бағалау 
сапасын сырттай қадағалауға КХЕК қатысты. 
 
2012  мен  2015    жылдар  аралығында  КХЕК  басшылығымен  Педагогикалық  өлшеулер 
орталығының эксперттері бағалау рәсімдерін өткізді. Осы кезең барысында басты назар 
Педагогикалық өлшеулер ортадығы эксперттерінің мақсатты түрде біліктілігін арттыру 
болды. Бұл эксперттер 2016 жылдан бастап тренерлер мен экспертерді тәуелсіз бағалау 
және аккредитациялауды жүргізе алады.  
 
Осылайша,  2016  жылдың  қаңтарынан  бастап  рәсімдер  мен  материалдарға  барлық 
өзгерістер Кембридждің қатысуынсыз енгізіледі. 
 
 
 
 
 
© «Назарбаев Зияткерлік мектептері»,
 2016 
Барлық  құқықтар  сақталады.  Осы  басылымды  кез  келген  түрінде  және  кез  келген 
құралдармен,  фотокөшірмені  және  кез  келген  электронды  нысанды  қоса  алғанда, 
авторлық  құқық  берушінің  жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға 
немесе таратуға тыйым салынады.
 


Мазмұны 
Жалпы білім беру ұйымдары 
басшыларын бағалау 
4
 
1.
Кіріспе

2.
Таныстырылымдарды бағалау
5
 
2.1.
 
Таныстырылы
мдардың
 
мазмұны
5
 
2.2.
 
Таныстырылымдарды формативті бағалау үдерісі
6
 
3.
Портфолионы бағалау
6
 
3.1.
 
Портфолио мазмұны
6
 
3.2.
 
Портфолионы бағалау үдерісі
10
 
4.
Сертификаттауға ұсынылған басшылар тізімін ресми бекіт
у. Апелляция
   11
Тренерлерді бағалау 
 13 
5.
Кіріспе
13
 
6.
Тренер тәжірибесін бағалау
     
14
 
7.
Тренер портфолиосын бағалау
15
 
7.1.
 
Портфолионы бағалау қағидалары
15
 
7.2.
 
Портфолио мазмұны
16
 
7.3.
 
Портфолионы бағалау үдерісі
17
 
8.
Сертификаттауға ұсынылған тренерлер тізімін ресми бекіту. Апелляция  20
Эксперттерді бағалау 
22
 
Қосымшалар 
23
 
1.
Басшыға арналған стандарттар
23
 
2. 1- 
таныстырылымды бағалау проформасы
26
 
3. 2- 
таныстырылымды бағалау проформасы
27
 
4.
Жалпы білім беру ұйымдары басшыларының дәлелдемелер
портфолиосын бағалау рубрикасы
28
 
5.
Тренерге арналған стандарттар
35
 
6.
Жалпы білім беру ұйымдары басшыларының тренері
портфолиосының мазмұны
37
 
7.
Жалпы білім беру ұйымдары басшылары тренерінің портфолиосын
бағалау рубрикасы
40
 
8.
Рөлдердің анықтамасы
44 

 

 
Жалпы білім беру ұйымдары басшыларын бағалау 
 
Қазақстан  Республикасы  жалпы  білім  беру  ұйымдары  басшыларының 
біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша басшыларды бағалау 
 
1 Кіріспе 
 
Бұл Бағдарлама ҚР жалпы білім беру  ұйымдары басшыларын оқытуға (бұдан әрі -
басшылар) және олардың басшыға арналған стандарттарын меңгеруге арналған (1 
Қосымша).  Бағдарлама  21  ғасыр  мектебінің  көшбасшы-басшысы  үшін  қажетті 
түсінік  пен  дағдыларды  қалыптастыруда  басшыларға  қолдау  көрсетуге 
бағытталған.  Бағдарлама  шеңберінде  қол  жеткізілетін  түсінік  пен  дағдылардың 
тетіктері басшыларға арналған стандарттарында көрсетілген. Жалпы алғанда, олар 
келесілерді қамтиды: 

 
моральдік мақсаттарға негізделген мектеп қоғамы үшін түсінікті қағидалар мен 
құндылықтардың болуы; 

 
белгіленген  қағидалар  мен  құндылықтарға  қатысты  «тиімді»  оқыту  мен  сабақ 
беруді түсіну; 

 
мектеп жағдайы туралы дәлелдерді жинау және жинақтау қабілеті; 

 
мұқият  әзірленген  құндылықтар  мен  қағидаларға,  сонымен  қатар  мектептің 
жағдайы туралы дәлелдерге негізделген стратегиялық жоспарлауды түсіну; 

 
мектепті  басқару  және  дамуын  қолдау  үшін  мектептегі  әріптестермен,  ата-
аналармен және кеңірек қоғамдастықпен бірлесіп жұмыс жасау қабілеті. 
 
Бағдарлама  оқытудың  екі  «бетпе-бет»  аудиториялық  кезеңінен  және  мектептегі 
тәжірибе екі қашықтықтағы кезеңнен тұрады. Басшылар оқытудың бірінші «бетпе-
бет»  аудиториялық  кезеңі  алдында,  бірінші  оқыту  кезеңі  барысында  мектеп 
жағдайы  туралы  талдауды  жүргізуге  көмектесетін  өз  мектептері  туралы 
мәліметтерді  жинақтаумен,  сауалнама  жүргізумен  және  т.б.  айналысады.  Бұл 
талдау  мектептің  даму  жоспарын  құру  және  стратегиялық  даму  басымдықтарын 
сәйкестендіру  үшін  тірек  нүкте  болып  табылады.  Басшылар  бірінші  «бетпе-бет» 
кезінде «әзірлеушілер тобымен» бірлесіп, оны одан ары енгізу және сапаны бағалау 
(эвалюация)  мақсатында  мектептің  даму  жоспарын  жасайды.  Олар  «әзірлеушілер 
тобы»  жиналыстарының  жазбалары,  коучинг  жоспарлары,  сабақтарды  бақылау 
және эвалюацияны қолдау үшін оқушылардың арасында сауалнама жүргізу сияқты 
дәлелдер жинайды. 
 
Эвалюация  дәлелдерін  талдау  жұмысы  бойынша  негізгі  қолдау  басшыларға 
оқытудың  екінші  аудиториялық  «бетпе-бет»  кезеңінде  көрсетіледі.  Соңында  бұл 
талдау тәжірибенің анағұрлым ұзақ екінші кезеңінде мектептің даму стратегиясын 
енгізу  бойынша  жұмысты  жоспарлау  үшін  көмектеседі.  Бұл  кезең  алты  айға 
созылады,  бұл  басшы  мен  оның  тобына  мектептің  ұзақ  мерзімді  даму  жоспарын 
әзірлеу,  енгізу  және  бағалауына  мүмкіндік  береді.  Мұндай  жоспар  мектептегі 
барлық  мұғалімдердің  әрекеттерін  бағалау  арқылы  олардың  кәсіби  деңгейін 
арттыруға мүмкіндік береді. 


Бағдарламаның  әрбір  кезеңінде  басшылар  таныстырылымдар  мен  жазба  есептер 
арқылы өздерінің дамыған түсінік пен дағдыларын көрсетеді. Мысалы, басшылар 
Бағдарламаның  аудиториялық  кезеңдерінде  таныстырылымдарын  көрсетеді. 
Тренерлер мен әріптестер таныстырылымдар бойынша формативті пікір береді, ол 
портфолио есептерін жазуға көмектеседі. 
Басшылар  портфолиосында  ұсынылған  дәлелдемелер  негізінде  Бағдарламаны 
табысты аяқтағаны туралы суммативті баға беріледі. 
Басшылар  оқытудың  «бетпе-бет»  аудиториялық  кезеңі  мен  мектептегі  екінші 
тәжірибе  шеңберінде  суммативті  бағалау  үшін  портфолио  бойынша  жұмыс 
жасайды.  Тренерлер  аудиториялық  кезеңдерде  өз  топтарына  портфолио  мазмұны 
және  құрылымы  бойынша  формативті  қолдау  көрсетіп,  кеңестер  береді.  Тренер 
мен  басшылардың  арасындағы  портфолио  есептерін  жетілдіру  бойынша 
қашықтықтағы (онлайн) жұмыс екінші мектептегі тәжірибе кезінде де жалғасады. 
2.
Таныстырылымдарды
 
бағалау
2.1 Таныстырылымдардың мазмұны
 
Басшы  оқытудың  «бетпе-бет»  аудиториялық  кезеңдерінде  портфолио  мазмұнына 
қатысты  екі  таныстырылым  ұсынады.  Бұл  таныстырылымдар  басшы 
портфолиосындағы  есептердің  түпнұсқалығын  анықтауға  септігін  тигізеді  және 
формативті  бағаланады.  Таныстырылымдар  басшының  мектептегі  өзгерістерді 
басқару  және  мектептегі  әріптестері  мен  мектепаралық  сындарлы  қарым-
қатынастарды дамыту қабілетіне шоғырланған. 
Оқытудың бірінші «бетпе-бет» кезіңіндегі 1- таныстырылым (20 минут) 
Бұл  таныстырылым  келесілерді  көрсететін  бес  слайдтан  немесе  үш  плакаттан 
тұрады: 

мектептегі бұл өзгерістерді жүзеге асыру қажеттіліктері қалай анықталды;

бұл  өзгерістерді  енгізу  үшін  іс-әрекеттегі  әріптестерді  қолдау  (коучинг  пен
тәлімгерлік) қалай өтті; 

бұл өзгерістердің тиімділігі қалай бағаланады.
Оқытудың екінші «бетпе-бет» кезіңіндегі 2 - таныстырылым (20 минут) 
Бұл таныстырылым келесілер кіретін бес слайдтан немесе үш плакаттан тұрады: 

мектепті  дамыту  жұмысына  қатыстырылған  барлық  әріптестерді,  олардың
рөлдерін  сызба немесе  диаграмма  арқылы  көрсету  (әріптестерін  қолдайтын басқа 
көшбасшылар,  коучтар,  тәлімгерлер,  коучинг  сессияға  қатысушылар,  тәлім 
алушылар,  ақпарат  немесе  мәліметтерді  жинақтауға  үлес  қосқан  адамдар,  оның 
ішінде оқушылар және/немесе ата-аналар); 

бір негізгі әріптестің мектепті дамыту жұмысына қосқан үлесін толық сипаттау.

 

 
Басшының  бұл  әріптеспен  кәсіби  қатынастарын  талдау  және  олардың  мектепті 
дамыту жұмысына қалай көмектескендері немесе бөгет болғандары; 

 
мектептегі және/немесе одан тыс жердегі оқыту және оқу тәжірибесінің дамуын 
қолдайтын кәсіби әріптестер қоғамдастығын құру жоспары. 
 
2.2 Таныстырылымдарды формативті бағалау үдерісі 
 
Көп  оқушылары  бар  топтар  таныстырылым  күндері  топшаларға  бөлінуі  тиіс. 
Таныстырылымдарды ұсынатындардың саны әр топшада 15 адамнан аспауы керек. 
 
Әріптестердің портфолио таныстырылымдарын бағалауға қатысуы топтың барлық 
басшыларының оқу үдерісіне септігін тигізетін болады. 
 
Тренерлер,  басшылар  мен  эксперттер  (егер  қатысса)  таныстырылымның  әрбір 
бөлігін  формативті  бағалау  үшін  проформалар  қолдануға  тиісті  (2  және  3 
Қосымшалар) 
 
3.
 
Портфолионы бағалау 
 
Портфолио  –  дәлелдемелердің  үш  түйінді  критерийлерге  сәйкестігінің  және 
басшылардың  Бағдарламаны  табысты  бітіргенінің  басты  көрсеткіші  болып 
табылады. 
Бұл критерийлер басшылар: 
1.
 
бағдарламада  ұсынылған  түйінді  идеяларды  түсінетінін,  қажетті  білім 
алғандығын; 
2.
 
осы идеяларды өздерінің тәжірибесінде қолданатындығын; 
3.
 
жаңa  тәжірибені  енгізуін  рефлектілейді  және  өздерінің  қызметін  одан  ары 
жетілдіру үшін нәтижесін ескеретіндігін көрсетеді. 
 
Басшыға арналған стандарттар (Қосымша 1) бағалау критерийлеріне қалай жетуге 
болатынын  анықтайды.  Портфолионың  әрбір  бөлімі  үш  критерийлердің  болуын 
көрсетуі  тиіс,  алайда  портфолионың  кейбір  бөлімдеріндегі  бір  немесе  бірнеше 
критерийлердің дәлелі басқаларына қарағанда анағұрлым сенімді болуы мүмкін.  
 
3.1
 
Портфолио мазмұны 
 
Портфолионы  әзірлеуге  қойылатын  талаптар  төмендегі  кестеде  көрсетілген. 
Бағдарламаның  барлық  кезеңінде,  тренерлер  формативті  баға  беріп,  өз 
топтарындағы  басшыларға  портфолиосының  мазмұны  мен  құрылымы  бойынша 
қолдау көрсетеді. 
 
Бөлімдер 
Сөздер 
саны 
Қосымша құжаттар 
Орындалу 
кезеңдері 
1 
 
 
 

 

 
А. Курс  алдындағы  кезеңде 
жиналған 
мәліметтерді 
талдау. 
 
1-
қосымша: 
Аралық  және  қорытынды  кесте  мен 
диаграммада берілген курс алдындағы 
кезеңде 
жиналған 
мәліметтерді 
талдау. 
1- 
аудиториялық 
кезең 
B. 
Курс  алдындағы  кезең 
шеңберінде 
жүргізілген 
мектеп  тәжірибесін  зерттеу 
мәліметтерінің 
негізіндегі 
рефлективті есеп. 
1000 
2-
қосымша: 
Өзінің  түзетулері  және  әріптестердің 
немесе/және  тренердің  формативті 
кері  байланысы  ескерілген,  мектеп 
мәліметтерін 
талдауы 
бойынша 
таныстырылым (5 слайд) 
1 -
аудиториялық 
кезең 
2 
 
 
 
С.  Мектептің  даму  жоспары, 
1- 
нұсқа мазмұнына 
келесілер енгізілген: 
мектептің  стратегиялық  даму 
басымдықтары,  жоспарлау, 
енгізу  мен  сапаны  бағалау 
бөлшектері; 
дарынды  мұғалімдер,  басшы 
орынбасарлары 
немесе 
бірінші  (ілгері)  деңгей  және 
«Педагогикалық 
қоғамдастықтағы 
мұғалім 
көшбасшылығы» Бағадарлама 
мұғалімдерінен 
тұратын 
көшбасшылар  тобын  құру 
бойынша жұмыс; 
жоспарлау 
тәсілі 
мен 
күтілетін 
нәтижелерді 
бағалауды 
сипаттайтын 
қысқаша түсіндірме. 
 
3-
қосымша: 

тармағының 
бөлшектерімен 
Е 
тармағы бар Мектептің 
даму жоспары (кесте). 
1- 
аудиториялық 
кезең 
D. 
Енгізу жоспары. 
 
 
1- 
аудиториялық 
кезең 
E. 
Сапаны 
бағалау 
бөлшектері. 
 
 
1 -
аудиториялық 
кезең 
3 
 
 
 

 

 
F. 
Зерттеудің 
алғашқы 
нәтижелерінің 
талдауымен 
мектеп дамуының сынамалық 
жоспарлауының  жүзеге  асу 
үдерісі  туралы  рефлективті 
есеп. 
1000 
4-
қосымша:  
Е  тармағы  бойынша  жиналған 
мәліметтерді талдау. 
5-
қосымша: 
Е  тармағы  бойынша  мектептің  даму 
жоспары  дәлелдерінің  эвалюациясы. 
Дарынды  мұғалімдерді  іріктеудің 
түрлі әдістері бойынша жазбаша есеп. 
Тәлімгермен,  басшының  орынбасары 
немесе  бірінші  (ілгері)  деңгей  және 
«
Педагогикалық 
қоғамдастықтағы 
мұғалім 
көшбасшылығы» 
Бағадарламасы 
мұғалімдерімен 
жүргізілген 
жиналыстардың 
хаттамасы 
6-
қосымша: 
Басшының жеке белгілері бар 
2-
таныстырылым (көп дегенде 

слайд) 
мен 
әріптестердің 
және/немесе  тренердің  формативті 
пікірін басып шығару. 
2- 
аудиториялық 
кезең 
(
мектептегі 
тәжірибенің 
бірінші 
кезеңінің 
жиналған 
мәліметтері) 
4 
 
 
 
G. 
TALISтің  11,  18  және  24- 
сұрақтары  бойынша  зерттеу 
нәтижелерінің 
талдауымен 
рефлексивті есеп 
1000 
7-
қосымша: 
TALIS  зерттеу  мәліметтерінің  11,  18 
және  24-  сұрақтары  бойынша 
талдаулар  кестелері  және  графиктері 
бойынша есеп. 
2 -
аудиториялық 
кезең 
H. 
Аудиториялық  оқыту 
кезеңі 
идеяларына 
негізделген 
мектеп 
мұғалімдерінің 
даму 
басымдықтарын 
 
 
 
1000 
 
2 -
аудиториялық 
кезең 
5 
 
 
 
I. 
Стратегиялық 
басымдықтары, 
әрекеттер 
жоспары  мен  жүзеге  асыру 
жоспары 
(коучинг 
пен 
тәлімгерлік)  бар  мектептің 
екінші  даму  жоспары.  Қысқа 
түсіндірме  мектептің  даму 
жоспарын    енгізу  кезінде 
жүргізілген  өзгерістер  мен 
олардың  себебін  түсіндіру 
үшін қажетті. 
 
8-
қосымша 
Жүзеге  асыру  және  эвалюация 
жоспарлары  бөлімдері  көрсетілген 
Мектептің қорытынды даму жоспары. 
2 -
аудиториялы
қ кезең 

 
 
 

 

 
J. 
K  және  L  тармақтарының 
негізінде 
тренер 
келіп- 
кеткеннен  кейінгі  үш  айда 
аралық  көрсеткіш  бойынша 
мектептің 
екінші 
даму 
жоспарын жүзеге асыру 
мен 
эвалюациясының 
рефлексивті есебі. 
1000 
 
Мектептегі 
тәжірибенің 
екінші кезеңі 
K. 
Тренердің  аралық  келуі 
және  сол  кезеңде  берген 
формативті  кері  байланысы 
(немесе/  және  формативті 
онлайн  қолдау)  бойынша 
 
 
9-
қосымша: 
Тренердің  келуі  мен  ол  берген 
формативті  кері  байланыс  бойынша 
аралық есеп. 
Мектептегі 
тәжірибенің 
екінші кезеңі 
L. 
Аралық  есепті  негіздеу 
бойынша ақпарат. 
 
10-
қосымша: 
Келесі  құжаттар  негізінде  монторинг 
нәтижелері бойынша аралық есеп: 
1.
 
Басшылардың  құзыреті  қалай 
бағаланғандығы туралы есеп. 
2.
 
Мұғалімдер  топтары  арасында 
коучтарды бөлу туралы есеп. 
3.
 
Тәлімгердің 
басшының 
орынбасарымен кездесулері бойынша 
жазбаларды жинақтау. 
4.
 
Коучинг  үдерісі  және  жоспарлар 
мен  кездесулер,  сонымен  қатар  алға 
қойылған 
мақсаттар 
бойынша 
мәліметтерді жинақтау. 
5.
 
Зерттеу  сабағы  үдерісі  бойынша 
есеп. 
6.
 
Сынып тәжірибесіндегі өзгерістер 
бойынша мәліметтерді жинақтау: 
-
 
орта мерзімді сабақтар тізбегі; 
-
 
сабақтарды бақылау; 
-
 
оқушылар эвалюациясы; 
-
 
оқушылардың жұмысы. 
Мектептегі 
тәжірибенің 
екінші кезеңі 
7 
 
 
 
M. TALIS 
екінші талдауының 
11, 18 
және 24 сұрақтары. 
 
11-
қосымша: 
TALIS зерттеу мәліметтері. 
Мектептегі 
тәжірибенің 
екінші кезеңі 
N. 
Мектептің  даму  үдерісінің 
мониторингі 
дәлелдерін 
жинақтау. 
 
12-
қосымша: 
10- 
қосымша  есебінің  жалғасы 
бойынша. 
Мектептегі 
тәжірибенің 
екінші кезеңі 

 
10 
 
O. 
тармағына  (5  Қосымша) 
ұқсас  дәлелдерді  одан  ары 
жинақтау. 
 
13-
қосымша: 
10-
қосымшаға  ұқсас  есеп  беру 
кезеңінің үш айынан бастап жиналған 
дәлелдер: 
басшылардың  құзыретін  бағалау 
туралы есеп; 
2  TALIS  М  тармағының  сауалнама 
нәтижелері; 
тәлімгердің 
басшының 
орынбасарымен  кездесулері  туралы 
қосымша жазбалары; 
коучинг  мониторингінің  одан  арғы 
жазбалары. 
Мектептегі 
тәжірибенің 
екінші кезеңі 
P. қорытынды есебі: 
M,  N  и  O  тармақтарының 
негізінде мониторинг 
пен  эвалюация  үдерісінің 
алдынала 
нәтижелерін 
талдаудың негізінде 
даму үдерісі туралы. 
2000 
 
Мектептегі 
тәжірибенің 
екінші кезеңі 
Барлығы 
7000 
 
 
 
3.2
 
Портфолионы бағалау үдерісі 
 
Портфолиолар  бағалау  үшін  тәуелсіз  тренерге  және  топ  тренеріне  онлайн  түрде 
қолжетімді болады. 
 
3.2.1
 
Формативті бағалау 
 
Оқытудың  бірінші  «бетпе-бет»  аудиториялық  кезеңінің  соңында  басшылар  №  1-
ден № 3-ке дейінгі (А-дан Е-ге дейінгі бөлімдер) портфолио есептерін электронды 
түрде  топ  тренеріне  тапсырады.  Осы  кезеңде  топ  тренері  (4-қосымшадағы) 
критерийлерге сәйкес есептерді формативті бағалайды. 
 
Оқытудың екінші «бетпе-бет» кезеңі соңында басшылар № 4,№ 5 есептерін (F - тен 
I  – 
ға  дейінгі  бөлімдер)  электронды  түрде  тапсырады.  Формативті  пікір 
критерийлерге сәйкес жүргізілетін болады. Эксперт формативті бағалау барысында 
тренерге қолдау көрсетеді. 
 
Эксперттің  тренерге  кеңес  беруі  мектептегі  екінші  тәжірибе  кезеңінде  де 
жалғасады. 
 
3.2.2
 
Суммативті бағалау 
 
Портфолионың  қорытынды  нұсқасы  мектептегі  екінші  тәжірибенің  соңында  веб-
порталға  жүктеледі  және  оған  №  1  бастап  №  7  дейінгі  (А  бастап  Р  дейінгі 
тармақтар)  барлық  есептер  кіреді.  Тренерлер  әрбір    басшының  портфолиосын 

 
11 
 
суммативті  бағалап,  алдынала  баға  қояды.  Осыдан  соң  тәуелсіз  тренер 
портфолионы  дербес  бағалайды. 
Келесі  алгоритмге  сәйкес  портфолиоға 
қорытынды баға қойылады.
 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал