Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.19 Kb.

бет9/19
Дата08.01.2017
өлшемі7.19 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
«1936 жылдың қоңыр күзі, Алматыға тұрақтауымның екін­
ші жылы, үшінші класта оқимын. Көкем кеңседегі жұмысынан 
ертерек келді де, әжем мен Мәрзия тәтемді әбігерлеп қазан 
көтертті. Елден іздеп келіп, біздің үйде тұратын Мәкіш 
әжемнің сіңлісі Қалимаш екеуміз де үйді жинауға қолғабыс ет­
тік. Ол менен гөрі ересектеу. Содан бір мезетте көкем екеумізді 
сыртқа алып шығып: «Қазір бірнеше минуттан соң үйге қонақ 
келеді, ерлі­зайыпты адамдар, бізге бөтен емес. Екеуің мына 
Дзержинский көшесінің қарсы бетіндегі шатырсыз тоқал үй­
де тұратын, газетте істейтін журналист Айтмағанбет 
Шай баласының пәтерінің алдындағы шоқ ағаштың артына 
барып, біздің үйді бақылаңдар. Бейтаныс біреулер қақпаға ба­
сын сұғып, иә қорғанға асылып, үйде не істеп отырғанымызды 
көріп, бәлкім суретке түсіреді. Сөйтетін болса, біздің үйде неге 
бақылайсыңдар деп айқай­шу көтеріңдер. Ұқтыңдар ма?» – 
деді. Мен: «Ұқтым, көке. Тура сөйтеміз», – деп едім, Қалимаш 
әпкемнің мінезі қыңырлау әрі қаланың шектеулі тұрмысына 
көндіге алмай, үнемі ауылды аңсап жүретін ашық­жарқын жан 
еді. Көкемнің тапсырмасын ұнатпай: «Біз сонда қонақ күтудің 
орнына көшенің ұрыларын аңдимыз ба? Олар бізді соғып кет­
се қайтеміз?» – деп қыңырайды, көкем түсін суытып: «Сен 
қыз шатаспа! Олар – ұры емес, бірақ ниеті бұзық адамдар
біздің үйге кімдер келетінін аңдитын сұмпайылар. Сендерге 
тиіспейді, бірден­ақ кетіп қалады...» – деді. Әпкем бәрібір көнбей: 
«Қонақтың кім екенін қалай білеміз? Кімді күзетеміз?..» – деп 
қайыра сұрады. Көкем кенет кеңкілдеп күліп: «Е, оны айтпап­
пын ғой. Өткен қыста әжеңе амандаса келіп, қонақ болған, 
Ұлытауда кен іздеп жүрген инженер Қаныш ағаларың, Сәтбай 
қажының немересі, бізге туыс адам... – деді. – Қаныш ағай жалғыз 
емес, әйелімен келеді. Келіншегі орыс, жеңгей де – кен іздеуші...»
Менен гөрі Қалимаш әпкемнің түйсігі артықтау болып, 
қыңырайғанды доғарып, көкем айтқан шаруаға кірістік.
НКВД­ның бас кеңсесі Дзержинский көшесінің біздің үй 
жағында, екеуінің арасында бір­ақ ғимарат бар, ол – саңырау­
мылқау балалардың мектеп­интернаты. Интернат – жер 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
111
жалдаған аласа үйде, НКВД­ның кеңсесі одан едәуір еңселі. Оның 
екінші қабаттағы терезесінен қараған адам біздің аулада не 
болып жатқанын дүрбі салса айқын көреді... Көкем үйге кіріп 
кеткен соң Қалимаш әпкем қарсы бетке барып, шоқ ағаштың 
түбінде өзі қалды да, біздің үй жақтағы жолға мені жіберді. 
Айтқаны: «Күткен қонақтар үйге келген соң сен біздиіп бір жер­
де тұрма, интернаттың ауласына кіріп, НКВД кеңсесінің біздің 
жақтағы терезесін бақыла. Ал көшеден келетін аңдушыны 
мен қараймын», – деді. Әпкемнің мінезі шадырлау, айтқанына 
көнбесем, қол жұмсаудан да тайынбайды. Сонымен айтқанын 
істедім. 
Қаныш аға мен Таисия жеңгей кешіккен жоқ, ол кісілерді 
өзім жасырынған ағаш түбінен анық көріп, біздің үйдің 
ауласы на кіргенін Қалимашқа сездірдім де, интернаттың 
мыжырайған ағаш қақпасына сып бердім. Діңгегіне құлашым 
жетпейтін жуан ағаштың түбінде тұрып, НКВД­ның тау 
жақтағы терезелерін бақылауға алдым. О, тоба, көкемнің бол­
жамы қолмен қойғандай болды: екінші қабаттағы бір терезе 
айқара ашылды да, бет пішіні қазақ сияқты, домаланған, бойы 
тайпақ бір адам біздің үйге дүрбімен ұзақ қарады; сірә, ештеңе 
көре алмаған сияқты, әлден соң терезені жауып, өзі де көрінбей 
кетті; бес­он минуттан соң жасырынған орнымнан көшеге 
шығып едім, әлгі тайпақ 
тың Совет көшесіне бұрылғанын, 
күншығысқа қарай еңкеңдеп кетіп бара жатқанын көріп, 
соңынан ердім. Ол тоқтаған жоқ, асы ғыс кетіп барады. Біраз 
жер ұзатып салып, үйге келсем, Қалимаш әпкем есік алдында 
тұр. «Жә, не көрдің?» – деді. Көрген­білгенімді айттым. «Қаныш 
ағайдың соңынан да ерлі­зайыпты қыдырмашылар құсап, екі 
адам аса жақындамай соңынан еріп келді де, қонақтарымыз 
үйге кірген соң НКВД­ның үйінің ауласына сып берді. Сен олар­
ды көрген жоқсың, сірә, жоғарыға қарап тұрып, байқамай 
қалдың...» – деп әпкем маған сөгіс естіртті. Көрмегенім рас еді, 
бірақ өзіміз тұратын жұпыны үйдің күндіз­түні аңдуда екеніне 
көзім жетіп, аңғал кезім ғой, көз жасыма ие бола алмай. «Апыр­
ай, бұларға не жаздық? Қадылбек атамды көз алдымда ұстап 
әкетті, Нұрғали ағатайым хабар­ошарсыз жоғалды, енді мына 
бас сүйер, күні­түні үкімет жұмысында жүрген көкемді неге аң­
диды? Қаныш ағайдың басқан ізін бақылайтын кінәсі не?» – деп 
те қамығайын. Қалимаш: «Әй, қыз, көз жасыңды тый, бетіңді 

Медеу СӘРСЕКЕ
112
жу. Үйдегілерге жылағаныңды сездірме!..» – деп, мені бауырына 
тартып, біршама сергіген соң үйге кірдік. Қаныш ағай мен Та­
исия жеңгей әлдебір күлкілі жайтты айтып, мәз­мейрам болып 
отыр екен. Бізбен жылы амандасқан соң әңгімелеріне қайта 
кірісті». 
Рузима Мерғалиқызының айтуынша, әжесінің сөгісінен 
кейін көкесі 1936 жылдың жазында келіншегі Мәрзияны, өзін 
де Жоңғар Алатауындағы барлау алаңына апарып, Жетісудың 
сол атыраптағы көрікті жерлерін көрсетіп, Көксу өзенінің 
жағасындағы барлаушылардың оңаша палатасында бірер апта 
қонақ етіпті. Рузима да рақатқа шаш етектен кенеліп, өгей 
шешесі екеуі қол ұстаса жүріп, Жоңғар Алатауының сулы, нулы 
жерлерін емін­еркін аралапты. Әлбетте, көкесі бұлардың гүл тер­
ген, жидек іздеген серуеніне қатыспаған, жүздеген жұмыскер 
жақпар тасты қашап, тау қойнына бойлаған үңгірдің (кенші 
қауым «барлау штрегі» дейді) ішінде тапжылмай отырып, кента­
сы көрінген жүлгені зерттеумен өткізген.
Жоңғар Алатауына 1936 жылғы сапарлары турасында (сон­
дай саяхат өзі үшін сол жазда екі мәрте қайталанған) Рузима 
Қадылбекова 1990 жылдары жазған естелігінде: «Ақырында 
Мәкіш әжемнің болжамы қолмен қойғандай болды. Үнемі сағына 
күтумен зарыққан, содан да жалыққан әкемнің жас келіншегі 
1937 жылдың басында киім­кешегін буып­түйіп алып, әлдеқайда 
кетіп қалды. Әжемнің тежеген сөзіне құлақ асқан жоқ. Қосағым 
деп оны іздеуге әкем де құлықты болмады. Қазірде ойлаймын: 
екі жыл бойы ер адамдар құсап үйіне жоламай, үнемі қонақ кісі 
болып өз төсегіне сирек оралуы салдарынан ол байғұс перзент те 
сүймеген. Өзінен суынған келіншегін көкемнің оны іздемеуіне 
сол жайт та түрткі болған, әлде сол күндерде басына төнген 
қауіп­қатер де іздетпеген. Сірә, жас адамның обалына қалмайын 
деген...» – деп шаңырағын жайлаған қоңылтақы жағдайды 
бүкпесіз шертеді. 
IX
 
 1935 жылдың көктемінде, бәлкім одан да ертеректе Мерғали 
геолог Жоңғар Алатауының қойнауларына ат басын көбірек 
бұрып (автомобиль жолы о күнде атымен жоқ, жергілікті халық 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
113
тау қойнауына салт атпен, түйе қомын пайдаланып жайлауға 
шыққанын ұмытпалық), сол өңірдегі Текелі, Көксу өзендерін 
жағалап, көктемгі мол су жағаға шығарып тастаған топырақ пен 
құмдауыт тастарды мұқият қарап, өзендер табанын да шұқшия 
зерттеп (әрине, жалғыз емес, қасындағы көмекшілерімен ішер 
асын, палаткасын, жер қазатын жарақтарын арқалап жүріп, 
кейде түйе қомымен де жеткізіп), ақырында Суықтөбе аталған 
биіктің етегіне шатыр тігеді. Сол жерде бір айдай жатып, суыр 
інінен шыққан жертастарды сүзіп отырып, кейбірін сумен ша­
йып қарағанда күнмен шағылысып, мың сан жұлдыз жарығына 
ұқсаған галенит минералының сынықтарын көреді. Көреді де 
бүкіл үймені аударып, қайыра тексереді. Тексерген сайын жол 
дорбасы ауырлап, галенит сынықтарына толады (қорғасынның 
зілмауыр ауырлығын асық ойнайтын балалар жақсы біледі, 
қорғасын нәлі тараған минералдар да ерекше салмақты болады). 
Ақыры, галенит табылған інді тереңдете үңгіп, қорғасын ми­
нералдарын көптеп табады. Сол жүлгені қуалай қазып, тасқын 
сойған өзен жарын да ақтарып, қазған сайын қыруар олжаға 
кенеледі. Әр жерден жіңішке жыралар қаздырып, солардың 
да астынан сіресіп жатқан қорғасын нәлі дарыған кентастарын 
кездестіреді.
Бұл енді кәсіби геологтардың қайсысы болсын айлап жатып, 
түбегейлеп қарайтын жағдаят. Мерғали болса сол кезбелердің 
сорлысы емес. Қысқасы, ол тәуекелге бел байлап, кен белгісі 
табылған алғашқы жыраға серіктерін қалдырып, өзі Алматыға 
барып, «Қазполиметал» басшыларын үмітті кен орнына кезік­
кеніне сендіріп, қаржы мен қосымша күш­құрал алып, Жоңғар 
Алатауындағы екі өзеннің бойына қайта оралады. Сол жазда осы 
өңірге бірнеше барлау тобын жасақтап, оларды өзі үмітті санаған 
үш жерге қондырады. Жүз қаралы жұмысшысы бар барлау 
техниктерінің басшылығымен Текелі және Көксу бойын шамала­
ры жеткенше қопарады...
Көңіл шіркін құрық тимеген көк дөнен сияқты, сол жаз­
да Мерғали геолог ерекше құлшыныспен жұмыс істеп, көңілді 
әуендерді даусы жеткенше шырқап жүріп, барлаушы топтар 
ұңғып жатқан төбелерге тауға жүргіш аттармен күн құрғатпай 
қатынап, үш­төрт жерден кен жүлгелерін кезіктіреді. Күзде 
үлгермеген ізденісті қыста да тоқтатпауға ұсыныс жасап, 
оның да тоқтаусыз жүруіне керек­жарақты қиналмай табады. 
8­247

Медеу СӘРСЕКЕ
114
Зәулім бәйтеректері көк тіреген зеңгір таулардың жолбарыс 
жонды жотасын ерсілі­қарсылы айғыштатып барлау жырала­
рын қаздырады, шурфтармен де әр жерін теседі. Бір ғажабы, 
үміттенген төбелердің бәрінен де қорғасын нәлі мол тараған кен­
тасын табады. Текелі өзенінің бойына көбірек, қалған екеуінен 
кемірек олжа салыпты. Сөйтіп, бұл өңірдегі барлауды қар мол 
жауып, күн суытып, жолшыбайғы табиғи асулар өткізбей, 
еріксіз бөгегенше тоқтатпайды (Анасын ренжіткен, жап­жас 
келіншегінің көңілін суытқан енжарлықтың түп себебі – осы 
құштарлық, тек қана кен іздеуші фанатиктерге тән ынтызарлық 
екені даусыз шындық).
 «Текелі саласы – Талдықорған ауданында орналасқан
Үштөбе стансасынан 110 шақырым жерде, Жоңғар Алатауын 
жарып шығатын Текелі өзенінің оң қабағында. Кен орнының 
сұлу сүгіретін қарапайым тілмен жеткізу қиын, ерекше 
көркемдікпен тұнған таңғажайып табиғаттың тасаға 
мықтап жасырған қымбат қазынасын терең қойнауынан 
таптық. Айнала ит тұмсығы өтпес жиі өскен қарағай мен 
бойшаң шыршалар. Соларды қуалай ылдиға толассыз жөңкілген 
су сарқырамасы. Биік таудың жақпар жартастары төбеңнен 
төніп тұр. Ал табан астыңда – көкмайса жасыл желек, неше 
түрлі хош иісті көгал.
Анығында кен орнының ашылу тарихы мен Текелі «сұлудың» 
келешек таңғажайып тағдырын суреттеуді біз емес, басқалар 
жазарына сенімдіміз. Ал біз соның өзіміз бастан кешкен тари­
хын қысқаша сөз етеміз.
Пайдалы қазбаларды зерттеуге құрылған қазақстандық 
трестің қаржысымен бұл жердегі бұрғылау жұмыстары 1935 
жылдың бас кезінде басталды. Текелі өзенінің жағасына түскен 
алғашқы ұңғымада­ақ біз алдын ала болжаған кен белгілеріне 
жолықтық. Бұрғы ұшы төменге бойлаған сайын қорғасын кені 
орналасқан қабаттың аумағы мен тереңдігі зорая түсті, содан­
ақ аса сүбелі кен қорын күтуге сеніміміз күшейді. Сондықтан да 
1935 жылда Текелідегі кен көмбесін жан­жақты және қаумалай 
зерттеу ұйымдастырдық. Мен өзім сол жерде жаз бойы тап­
жылмай отырып, барлау бағытын күнбе­күн қадағаладым. 
Өйткені осы кен орны күткен үмітімізді ақтаса, Шымкент за­
уытын мол қорғасын кенімен бес­он жыл емес, ондаған жылдарға 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
115
жабдықтау мәселесін шешетініне кәміл сенген едік. Сол себепті 
барлық күшті, қаржыны да осы жерге аяусыз жұмсадық... – де­
ген түсініктеме жасапты геолог Қадылбеков республиканың 
бас газеті «Социалистік Қазақстанда» 1936 жылғы 26 маусым­
да жариялаған, «Текелі» деп атаған көлемді мақаласында. – 
Сондықтан да алғашқы барлау жылының оңды деректерін 
көзір етіп, алдағы уақытта бұл кенді тезірек игеру туралы 
тиісті мекемелерге ұсыныс түсірдік. Онымыз ойлаған жерден 
шықты... – Одан әрі мақала иесі 1936 жылдың басында Текеліні 
тезірек игеруге бағышталған кең көлемді әзірлік жұмыстары 
басталғанын баяндайды. – Бүгінгі ахуал қандай деген сұрау 
туса, біз оған қанағаттанғандық сезіммен қуана жауап береміз: 
бұрғылау жұмыстары өте­мөте сәтті жүріп жатыр; жұмыс 
алаңына бұрғылау қондырғылары жеткілікті жеткізілді, те­
рең бұрғылаудың кәнігі шеберлері де бар; жыл басынан онда 7 қон­
дырғы жұмыс істеп тұр, таяуда олардың саны 10­ға жетеді; 
10 станок тоқтаусыз жүрсе, бұрғылау жоспары артығымен 
орындалады...»
Мақала иесі болашақ кеніштің геологиясын нақты анықтау 
үшін барлаушылардың арнаулы партиясымен келісімшарт жа­
сап, олар да Текелі қыртысына әр түрлі тереңдікке шурфтар 
қазғызып, кейбір тұста штрекпен ұңғылап, кең көлемді әрі 
тереңге барлау жасауға жоба ұсынғанын қуана мәлімдепті. Ай­
туынша, Қаратал елді мекені мен Текелі кеніші арасында ав­
томобильдер жүйелі түрде жүре бастаған. Демек, асу бермес 
өткелдерге уақытша көпірлер тұрғызылып, шатқалдарды ай­
налып жүретін жол төселген. Болашақ қалашық орнына көп 
кісілік палаткалар апарылып, бірнеше жерүйлер салынғанын да 
ескертуді ұмытпапты.
«Жер үйлер бұрыннан да мол еді, енді соларға ағаштан қиыл­
ған үйлер қосылуда, – дейді М. Қадылбеков мақаласында. – Таяу 
күндерде 60 адамдық жатақхана беріледі. Қонақ үйдің де іргесі 
көтерілді, сонымен бірге 8 бөлмелі үлкен үйдің де құрылысы 
бітпек. 4 және 8 пәтерлі екі үйдің де қабырғасы биіктеп 
келеді. Жұмыс алаңында әзірше екі монша бар, уақытша асха­
на да жұмыс істеп тұр, мектеп үйі күзге таман дайын бола­
ды... Осы игіліктердің бәрі жыл басынан бөлінген қаржының 

Медеу СӘРСЕКЕ
116
септігімен іске асты. Әділін айту керек, қаржы жөнінен біз 
ешқандай қағажу көргеміз жоқ. Сұрағанымызды түгел алдық. 
Жуықта шағын гидроэлектростанса құрылысын бастай­
мыз, әзірше электр қуатын өзіміз орнатқан движоктен алып 
отырмыз. Кенішке таяу жерден құрылыс материалдарын 
іздеуге мамандар шақырдық... Сөйтсе де байырғы енжарлық 
пен оралымсыздықтан, мән бермеуден туған кемшіліктер аз 
емес. Ең бастысы, жайдары жаз күндерін пайдаланып, қыста 
қысылмауды ойластырудамыз...»
Жаңа кен орнының қорғасын қорын ілкі көтеруді қадағалау­
мен қоса (әсілі, бұл турасында кәнігі геолог өз жазбасында 
аса тереңдемейді, сірә, таяу күндерде мол олжаға кезігетініне 
сенімді болған) шаруашылық мәселелері жайында: «Текелінің 
бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелері баспасөз бетінде жиірек 
жазылғаны жөн болар еді. – дейді автор. – Өйткені күзге таман 
кеніш пен байыту фабрикасының іргетасы қаланып, құрылысы 
жедеғабыл жүреді. Жоғарыда аталған әзірліктер соның қамы. 
Келесі жылы Текеліде 5 мың адам жұмыс істемек. Демек, сол 
жылы­ақ жер қойнынан кентасын алып, оны байытып, Шым­
кентке жөнелтуге тиіспіз. Сол шараны жүзеге асыруға тиіс 
әзірліктер белгіленген мерзімде тап­тұйнақ аяқталса игі!..»
Мерғали Қадылбеков ілгеріде аталған бір мақаласында осы кен 
орны туралы: «Текелі кенге бай. Оның қоры Ащысай кенішінің 
қорынан әлденеше есе көп болады деген үміттеміз... – десе, сол 
жарияланымда ол республика жұртшылығын Текелі кенін игеру 
мемлекеттік үлкен мәселе екеніне иландыру үшін тағы бір мәнді 
айғақты қайыра жазыпты... – Биыл қазақстандық ауыр өндіріске 
стахановтық еңбек әдісін енгізу мақсатымен Шымкент зауы­
тын бұрынғыдай жылына 60 мың тонна қорғасын емес, келесі 
жылдан бастап 140 мың тонна өнім беруге міндеттеген шешім 
қабылданғаны жұртшылыққа мәлім. Соған орай онда қосымша 
қондырғылар орнатылуда. Шымкент металлургтері өздеріне 
қажет руданы әзірше Ащысай комбинатына қарасты Байжан­
сай, Хантағы, Қарасай сияқты шағын кен орындарынан алмақ. 
Алайда сол үшеуінің кентас қоры мықтағанда алып за уытты 
2­2,5 жыл ғана жемдейді. Сірә, шымкенттіктер содан кейін 
өздеріне керек шикізатты тек қана Текеліден тасуға тиіс. Демек, 
Текелідегі жұмыстарды барынша қауырт жүргізуге тиіспіз...»

ШЫҒАРМАЛАРЫ
117
Ескерту парыз: «Почему молчит Гавцветмет?» және «Отан 
байлығын жалықпай іздей беремін» деп атаған мақалаларында 
ол:  «Текелі кенін жолдастарыммен бірге аштым...» – деп, бірге 
ашушы геолог ретінде Оразалы Жандосовтың есімін атаса, екінші 
еңбегінде: «Текелі кенін өзім іздеп, зерттеп, ақыры таптым...» – де­
ген мәлімдеме жасаған. Үшінші рет осы ақпарды «Пайдалы 
қазбалардың кен орындарын іздестіру» (авторлары Оразалы 
Жандосов және Мерғали Қадылбеков) мақаласында қайталайды. 
* * *
 Мерғали Қадылбековтің кен барлаушылық ғұмырының 
жетінші жылында Текелі сияқты аса ірі кен орнын ашуы оның 
беделін биікке көтеріп, қазақстандық геологтардың алдыңғы 
легіне шығарған. «Социалистік Қазақстан» газеті 1935 жылы 
оған «Жас ғалым» деген дара атаумен бас мақаласын арнаған. 
Мерғалидың кен іздеу жолындағы таңғаларлық тамаша табыста­
ры ғылыми­геологиялық конференциялар мен республикалық 
ресми жиындарда Үлкен Жезқазғанды әлемге әйгілеуші Қаныш 
Сәтбаевпен қатар аталып, республикалық газеттер екеуінің 
суреттері мен мақалаларын да бір бетте жариялаған. Мерғали 
Қадылбекұлының білімпаздығын, іскерлігі мен кәсіби көреген­
дігін Қазақстан КП(Б) Орталық Комитетінің бірінші секретары 
Л.И. Мирзоян жоғары бағалап, алқалы жиындарда О. Жандо­
сов пен М. Қадылбековті өндіріс білгірлері деп даралап атаған. 
Сондықтан да 1937 жылдың басында Текелі қорғасын­мырыш 
комбинаты құрылғанда республика басшылары инженер­геолог 
екеуіне үлкен істі мойындарына артып, Жандосовты бас дирек­
тор, Қадылбековті сол өндірістің техникалық жетекшісі, яки бас 
инженері міндеттерін атқаруды сеніп тапсырған. Алайда...
ОГПУ жендеттері Мерғали Қадылбековті Текелідегі жұмыс 
кабинетінде 1937 жылдың 30 мамырында тұтқындап, Алматының 
Орталық түрмесіне жеткізген. Оразалы Кәкімұлы Жандосов та 
сол күні Алматыдағы кабинетінде қамауға алынған.
X
 
 Рузима Қадылбекованың айтуынша (әкесі тұтқындалған кез­
де он жаста), көкесі Кеңес Одағында сол қарсаңда жапа­тармағай 

Медеу СӘРСЕКЕ
118
жүрген «Үлкен террордан» құтылмасын білген. Өйткені ма­
мырдың аяқ шенінде, жазғы каникулға шыққан кезде әжесі 
екеуін Отар стансасында тұратын Садық ағасының үйіне апарып­
ты...
А
рада көп жыл өткен соң жедеғабыл «қоныс ауыстырудың» себебін 
ересек туыстары естияр қызға өздерінше ұғындырыпты: «Кеңес өкіметіне 
әкеңнің зәредей қастығы жоқ, қайта соның тезірек нығайып, индустриалды 
ел атануы үшін аянбай еңбек етті. Не үшін Кеңес өкіметіне ұнамай қалғанын 
осы күнге дейін білмейміз. Мерғали әжең екеуіңді Отарға әкелгенде бізге: 
«Сірә, мені де жуықта тұтқындайды. Алды­артымды қаумалап алып жатыр. 
Соры бес батпан шешем мен кішкентай Рузима тұтқындалған қасіретімді 
көрмесін деп сендерге әкелдім. Екеуіне де бас­көз болыңдар. Мені жау деген 
лақапқа сенбеңдер, әділдікке жеткен күні қайтып ораларым хақ!..» – деп түн 
ішінде асыға қоштасып, мініп келген автомобильмен Текеліге жедеғабыл 
аттаныпты.
Содан кейін Мерғалиды қызы да, туыстары да көрмеген. 
Соңынан сұрау салып та іздемеген. Әкесін, ағасын іздеушілердің 
қосаметкей жазаланып, қашық қияндарға аттандырылып 
жатқанын ет жақын туыстары жақсы білген. Анасы Бибі­
мәрияның атынан жазылған арызға көп уақыт зарықтырып, 
тілдей хат келіпті. Онда айтылған жайт: «М. Қадылбеков 
58­баптың пәленше тармақтары бойынша 10 жылға сотталды, 
хат жазысуға рұқсат жоқ...» 
Сол хабарға имандай сенген сорлы анасы 1960 жылға дейін, 
96 жасқа жетіп, қылтамақ дертіне ұшырап, бір жұтым сусын 
тамағынан өтпей шөлдеп жатқанда: «Мерғалиым дәм жазған 
күні елге қайтады. Оның кәсібі үкіметке аса керек, сол үшін 
де бір қиын жерде жер қазынасын іздеуде жүр. Мен енді оны 
көрмейтін болдым, ал сендер үміттеріңді үзбеңдер. Алла жазса 
көресіңдер!..» – деумен тынысы үзіліпті. Шындығында әлгіндей 
хабар алған шерменделердің бәрі де «сұрау салған жақының ату 
жазасына кесіліп, үкім дереу орындалғанының белгісі...» екенін 
бертінде, көп жыл өткен соң білген. Бұл да жазалау жүйесі 
қаныпезерлікпен ойлап тапқан қитұрқы амал...
(Осынау бірінен­бірі асқан сыпыра шерлі оқиғалар туралы Ақбота 
Жетпісбаев «Ағайынды Қадылбековтер» эссесінің қолжазбасын оқудан 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
119
кейін маған мынадай тың дерек жолдапты: «Жетпісбай атам 1932 жылы 
22 жасында Қарағандыға қоныс аударып (ол кісі он үш жасында әкесі опат 
болған соң шешесі екеуі көбіне ағайынды Қадылбековтердің тәрбиесінде 
болып, ересек екеуінің де қамқорлығын көп көрген), Нұрғали ағайдың 
үйінде өседі. Ол кісі әкемді Машау Кемпірбайқызына үйлендіріп, отау 
үй етіп шығарған. Қарағандыға барған соң әкей моторист мамандығын 
игеріп, бірер жыл шахтыда істейді. Бірақ Нұрғали ағай қамауға алынған 
соң Қарағандыда қалудан сескеніп, Бибімәрия шешеймен бірге, өз ана­
сы және келіншегімен Алматы маңатына қоныс аударады. Әрине, сағалап 
барған туысы – Мерғали ағай. Сірә, оның да ақылымен Текеліге көшіп, сол 
жердегі геологиялық отрядқа жұмысшы болады. Амал не, ұзақ істей ал­
майды. Сеніп барған жанашыр ағасы қамауға алынған соң, Павлов есімді 
қартаң жұмыскер оған: «Әй, Әбішев, саған да тықыр таяды. Нұрғали 
Қадылбековтің туысы екеніңді осы экспедициядағы біраз адам біледі. Де­
мек, бір күні сені де қамайды. Сондықтан аманыңда табаныңды жалты­
рат!..» – депті. Әке­шешем сол түні жанұшырып, әлдебір жүргіншілерге 
ілесіп, Алматының арғы бетіндегі «Дружба» стансасына жетеді. Сірә, 
шешемді кейінірек алғызған. Содан қуғын­сүргін саябырлаған 1939 жылы 
Баянауылға қайтып оралады. Әкей елге келген соң колхозға бастық болған, 
Компартияға мүшелікке Алматы маңында жүргенде өтіпті. Бергі жылдарда 
партком секретары болып та еңбек етті. Өз айтуынша, дер кезінде жылыстап 
кетуі – оны НКВД­ның құрығынан сақтаған, бәлкім фамилиясының Әбішев 
болуы да себеп болған»).
Мерғали Қадылбеков 9 айға созылған ұзақ тергеуден соң, 
КСРО Жоғары сотының әскери алқасының 1938 жылғы 27 ақпан 
күнгі қаһарлы үкімімен, РСФСР­дың Қылмыстық кодексінің 
58­бабының 7, 8, және 11­тармақтары бойынша ату жазасына 
кесілген (үшеуі де үкіметті әлсірету, құлату мақсатымен тер­
роршы топ құрып, белсенді қарсылық ұйымдастырғаны үшін 
қолданылатын ауыр жазалар, әсіресе қимыл­әрекеті террорға 
жатқызылатын 8­тармақ). КСРО Жоғары сотының көшпелі 
Әскери алқасының 4 н­1496/60­санды үкімінде қылмыскердің 
қай күні, қай жерде атылғаны туралы ештеңе айтылмаған.
Рузима Қадылбекованың 1956 жылдан арызданып, неше 
мәрте қадала талап етуімен оның қолына 1960 жылғы 16 маусым 
күні жазылған екі түрлі құжат берілген.
Алғашқысы – орыс тілінде толтырылған тұтқындалушы­
ның жалпылама анкетасы. 22 тармақтан тұратын 4 парақ 
бланкаға қылмыскердің жауабы тергеушінің қолымен қота­

Медеу СӘРСЕКЕ
120
рылған деректерді орысша емлесін сақтап, жазылған қалпында 
келтіреміз:
«...фамилиясы – 

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал