Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.19 Kb.

бет8/19
Дата08.01.2017
өлшемі7.19 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
«...1952 жылдың жазы болатын. Оныншы класты енді ға­
на бітіріп, оқу іздеп Алматыға аттанар алдында Қаратау 
қойнындағы Хантағы поселкесінде тұратын нағашым Әуесбек 
Алдашевтің үйіне қыдырып барғам. Кентау қаласы – ол кезде 
бірі­бірінен алшақ жатқан Хантағы және Мырғалымсай атала­
тын шағын­шағын екі поселке. Нағашым марқұм әңгімешіл кісі 
7­247

Медеу СӘРСЕКЕ
98
еді. Қаратау сілеміндегі биік шоқының неге Хантағы аталғаны 
жөнінде ел аузында ежелден келе жатқан бір аңызды айтып 
берді. Мен іле­шала Мырғалымсай деген ат қайдан шыққанын 
сұрадым.
Нағашым бұл жолы аңыз емес, өмір шындығынан бір әңгіме 
бастап кетті.
– Кешегі Голощекин заманында қолдан жасалған ашар­
шылықтан біздің қазақтың қара шыбындай жаппай қырылып 
жатқан кезі. Бұл – 1932­1933 жылдардағы ашаршылық. Сол 
кезде Хантағыға таяу үлкен бір сайда геологтардың кен бар­
лау экспедициясы жұмыс істеген. Жер қойнауынан байлық 
іздеп жүрген бір топ орыс пен қазақтың басшысы Мерғали де­
ген оқыған қазақ инженері болыпты. Әлгі азамат қайырымды 
жан екен. Аштықтан өзегі талып, көзі қарауытып, жер ба­
сына телміріп келген талай бейшараны ажал тырнағынан 
аман алып қалған деседі. Сонда әлгі қазақтар біріне­бірі «Анау 
үлкен сайда Мерғали деген қолы ашық, жомарт жігіт бар. Өз 
ауыздарынан жырып, жұмырығымызға жұқ боларлық ас беріп, 
жүрегімізді жалғады. Әжептәуір әлденіп қалдық. Бізге жасаған 
жақсылығы құдайдан қайтсын. Атасына мың да бір рахмет!» –
деп алғыстарын жаудырады екен. Содан әлгі сайды жергілікті 
халық «Мерғали сайы» деп, бертінде сол жер «Мырғалымсай» 
аталған, – деп нағашым әңгімесін аяқтады...
 Өмірде өзің күтпеген жағдай кез бола береді ғой. Арада қырық 
жылдай уақыт өткенде әлгі Мерғали атты инженер­геологтың 
қайғылы өміріне қатысты құжаттарды қолыма ұстап, оның 
фотосуреттегі жарқын бейнесін көремін деп сірә да ойлаппын 
ба?..»
 Мыңбай замандасымыз жас күнінде өзін таңғалдырған, ай­
туынша, халық жады сақтаған осы оқиғаны қырық бір жылдан 
кейін қайыра жаңғыртып, геолог қазақтың азаматтық бітім­
парасатына сүйсініс білдіріп, Мерғали Қадылбековтің одан 
кейінгі ауыр тағдырын біршама сөз еткенімен, Мырғалымсай 
атан ған жұмысшы кентінің жұмбақ тарихын ашпайды. Сірә, 
нақ ты жағдайды білмеген.
Шындығында тарихи ақиқат бұдан өзгерек...
Мерғали геолог «Қазполиметалл» барлау тресіне ауысқан 
соң­ақ Қаратау бөктерін шарлап, одан соң Іле аңғары мен Жоң­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
99
ғар Алатауына экспедиция жасақтап, қайсыбір жылдарда Қыр­
ғызстан аймағына да жетіп, бәрінен де қорғасын мен мы рыштың 
айырықша белгілері бар кен көздерін тапқан. Әрине, қорғасын 
нәлі кездескен жердің бәрі кен орны болып шықпайды. Бірақ 
соған илану үшін де сол жерді мұқият барлап, жыралар мен 
құдықтар (шурфтар) қазып тексеру керек. Үмітті құнар кездес­
се бұрғылау қондырғыларын әкеліп, ұңғымалар жасауға тура 
келеді.
Біздіңше, Мерғали Қадылбекұлы ә дегеннен ден қоя зерттеген 
жер – жоғарыда сөз болған Мырғалымсай кеніші. Бұл сайдағы 
кентасының белгілерін ол алғаш рет 1930 жылы суыр інінен та­
уып, зерттеу бастаған. Сол ізденісі сәтті болыпты. Екі жылдай 
шұқшия барлағанда Ащысай мен Байжансайды келешекте ау­
ыстыратын немесе екеуіне сенімді қолғанат болатын қоры ба­
рын оймен шамалаған. Тек соны аса әйгілемей, жата­жастана 
зерттеген. Жаз айларында сол сайдың басына қос тіккізіп, кен 
жатқан аумақты, оның қаншалықты тереңде екенін болжағанша 
бұрғылау жасатпаған. Мыңбай Ілес әріптесіміз бозбала күнінде 
естіген аңыз да, сірә, сол кезде туған. Ақырында 1933, әлде 
1934 жылы ол қорғасынға қаныққан ертінді құйылған қуысты 
жан­жақты барлаумен нақты шамалаған, жан­жақты бұрғылау 
жобасын жасап, бұрғы ұшын тереңдегі қыртыстарға сүңгіт­
кен. Алғашқы ұңғымада­ақ тереңнен суырылған керн үлгілері 
қорғасынның құнарлы нәлін көрсеткен. Бұрғылаушылар брига­
дасы аты жоқ сайдың өне бойын қуалап, геолог ұсынған жобамен 
барлау жасап, ұңғыма санын молайтады. Нендей іске болсын ат 
қойғыш қазакем оны «Мерғали сайы» атандырады. Бұрғылау 
жүрген сайға құжат жасалғанда, яки геологиялық сипаттама мен 
есеп­қисап құжаттарына сол атау жазылады. Қайыра ескертуге 
мәжбүрміз: Мырғалымсай емес, Мерғали сайы!..
Кен қоры, соның мөлшерін тұңғыш болжаған геолог Қадыл беков күт­
кендей, кейіннен миллиондаған тонна кентасын берген «Мерғали сайы» 
Шымкенттен 180 шақырым теріскейде, Түркістан қаласының солтүстік­
шығысында, 30 шақырым жерде жатқан, бертіндегі жағрафиялық карта­
лар мен ресми құжаттарда «Мырғалымсай» атанған кент зорая келе, 1955 
жылы Кентау атанып, қала құқығына ие болды. ҚСЭ­нің 1974 жылы жарық 
көрген 5­кітабының 378­бетінде осы қалаға мынадай анықтама берілген: 
«Қазақстандағы тау­кен және машина жасау өнер кәсіп орталықтарының 

Медеу СӘРСЕКЕ
100
бірі. «Октябрь революциясы» орденді Ащысай полиметалл комбинатының 
құрамына Ащысай, Мырғалым 
сай, Қарасай рудниктері мен Ащысай, 
Мырғалымсай және Хантағы байыту фабрикалары кіреді. Ащысай ком­
бинаты өндірген қор 
ғасын концентраты Шымкент қорғасын зауытына, 
мырыш қоспасы Өскеменге, барий кентасы еліміздің мұнайлы аудандары­
на жөнелтіледі. 1966 жылы қабылданған жаңа жоба бойынша, Кентауды 
одан әрі өрістету жолдары қарастырылды. 2­3 қабатты тұрғын үйлердің 
орнына 4­5 қабатты, ішінара 9 қабатты зәулім үйлер салынбақ. Қала үш 
бөліктен – Мырғалымсай, Хантағы, Байылдырдан тұрады. Оның ең ірі 
бөлігі – Мырғалымсай кенті, ол темір жол арқылы қаланың екінші бөлігі 
Хантағымен жалғасады, одан солтүстік­шығысқа қарай 5­6 шақырым жерде 
Байылдыр атты үшінші бөлегі басталады. Қаладағы құрылыстың жыл сай­
ын ұлғаюына байланысты үш кент те біріне­бірі қосылатын уақыт қашық 
емес. Қалада тау­кен­металлургия техникумы (жаңа ғасырда осы қалада 
Түркістан МУ­ының филиалы жұмыс істеді – М.С.), кәсіптік­техникалық 
училище, 4 сегізжылдық, 19 орта мектеп, мәдениет сарайы, кинотеатр, 
7 клуб, 35 кітапхана, 3 аурухана, дербес перзентхана, тері­венерология жә­
не туберкулез диспансерлері, тазалық­эпидемиология стансасы, 5 дәріхана, 
20 балалар бақшасы жұмыс істейді».
Жалаң сандар мен айғақтар тізбегінен тұратын (әлбетте, 
көңілде шаттық туғызатын) осы анықтамадан Мерғали Қа­
дылбеков байғұс күні­түні жаяу кезіп, қолына түскен кентасын 
жол қапшығына сала жүріп, шаршап­шалдыққанымен көкейін 
тескен асыл мұратына жеткен, небәрі 4­5 жылда шұқшия зерт­
теп, ел игілігіне жаратқан қымбат қазынаның 40­жылдар­
да, Ұлы Отан соғысы жүрген ауыр кезеңде, одан бергі дүбірлі 
уақыттарда қойнындағы кентасын миллион тонналап беріп, 
мемлекет байлығын арттырғанын, ақырында Мырғалымсай 
кентінің Кентау қаласының ең бай, ең көрікті қалашығына 
айналғанын аңғарамыз. Иә, ғажап игілік, ғажап көрегендік! 
Бір ғана осы еңбегі үшін Мерғали геологтың омырауына Алтын 
Жұлдыз қадап, Еңбек Ері атандырып, өзі іргесін бекемдеп, ең­
се сін шырқау биікке көтерген сәулетті қаланың бас көшесіне 
есімін беріп, соның төріне геолог фуражкесін кигізіп, қолына гео­
лог балғасын ұстатып, қола, иә гранит тастан зәулім ескерткіш 
тұрғызу жөн­ақ еді, амал қанша? Кешегі Ұлы Отан соғысында 
жауға атылған он қорғасын оқтың тоғызы Қазақстан кентасы­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
101
нан құйылғанын ескерсек – осы істегі М. Қадылбековтің қыруар 
еңбегін шамалауға болады.
Жә, Мерғали Қадылбековтің геологиялық ізденістеріне ора­
лайық...
Жолды геологтың сол жылдары іздеп тапқан кен орында ры – 
бір ғана Мерғалисай емес, бірнешеу және солардың дені сүбелі 
кен қоры бар іргелі кеніштер. Атап айтқанда, ол басшылық 
еткен экспедиция 1933 жылы Алатау аңғарынан Қастек, Шы­
насылсай, келесі жазда Ұзынсу, 1935 жылы Қаскелең және 
Жоңғар Алатауынан Текелі кенін ашқан. Оларды зерттеп әрі 
жаңа ізденістер жасау үшін 1936 жылы Мерғали Қадылбекұлы 
үкіметтен 3 миллион сом қаржы алып, барлау өрісін кеңейту 
мақсатымен Орталық Қазақстанға аттанған. Жаз бойы Са­
рыарқа қиырын шарлап, 8 жерден (!) кен көздерін табады, бәрі 
де қорғасыны мен мырышы бар, әредік мысқа құнарлы кендер. 
Тынымсыз геолог басқарған экспедицияның сол жазда шолғын 
барлау жүргізген аймақтары – Ұлытау өңірі, Есіл бойы, Көксала, 
Майқайың, Баянауыл, Берікқара, Қарағайлы, Спас­Өспен, Қы­
зылеспе; оны аз десеңіз, күзге таман Шу мен Іле өзендерінің бой­
ынан да қорғасын кенінің танымал белгілерін тапқан...
Бұл деректерді біз М. Қадылбековтің 1936 жылы «Социалис­
тік Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде
*
 
жа 
риялаған мақалаларынан алғанымызды ескертеміз. Ең ға­
жабы, еңбекқор геолог барлық мақалаларында өзі ғана емес, 
экспедицияға қатысқан геолог әріптестері де іздеп тапқан кен 
көздерін түгел атап, бәріне де жалпылама сипаттама беріп, кен 
көздерін зерттеуді жеделдету жайын сөз етеді. Геологиялық 
ізденіс нәтижелерін ұғынықты түсіндіріп, қорғасын кенін Қа­
зақстанның қай түпірінен іздеуге де нақты ұсыныстар жасаған. 
* Нақты айтқанда, мынадай: «Техника кітаптарын қазақшаға аудару туралы» 
(«Соц. Қазақстан», 27 қаңтар, 1936 ж.); «Қорғасын» («Соц. Қазақстан», 10 ақпан, 
1936); «Қорғасын зауытына кен жетістіру үшін күрес» («Соц. Қазақстан», 12 наурыз, 
1936 ж.); «Почему молчит Главцветмет?» («Казахстанская правда», 21 наурыз, 1936 
ж.); «Текелі» («Соц. Қазақстан», 26 маусым, 1936 ж.); «Елімнің байлығын ерінбей­
жалықпай зерттеймін» («Соц. Қазақстан», 29 маусым, 1936 ж.); «Пайдалы қазбалардың 
кен орындарын іздестіру» (Біздің қолымыздағы ксерокөшірмеде жарияланған мезгілі 
жазылмаған, әрпіне қарағанда «Соц. Қазақстан» газеті); Оразалы Жандосов және 
Мерғали Қадылбеков, «Жер қойнауының байлығын іздестіруге жорыққа шығайық» 
(«Соц. Қазақстан», мұның да жарияланған мерзімі көрсетілмеген). Жиыны 8 мақала.

Медеу СӘРСЕКЕ
102
Мерғали Қадылбекұлының білім­танымын аңғарту мақса­
тымен, ел тарихынан сызылып тасталған дарынды һәм аса жол­
ды геологтың жанкешті және қомақты еңбегін жұртшылыққа 
әйгілеу үшін осы мақалалардың кейбірінен үзінділер береміз. 
Солардың бірде­біріне қол тигізбей, жарияланған қалпында 
көшіргенімізді ескертеміз...
«Біз Алматы маңындағы кенді зерттеп жатырмыз. Жоңғар 
Алатауы, Іле сыртындағы Алатауды, Қастек ауданындағы 
Шынасылсайдағы кенді де зерттеудеміз. Жоңғар Алатауының 
Текелі деген жерінде зерттеу жұмысы былтырдан бері 
жүргізіліп келеді. Бұрғылау және тауды үңгірлеу ісі қызу жүріп 
жатыр. Текелі – кенге бай жер. Мұның кені Ащысайдан көп 
болуы мүмкін. Қазіргі шамалауымызға қарағанда, мұнда 300 
мың тонна қорғасын­мырыш барлығы сезіліп отыр... – деген 
ақпармен басталған «Қорғасын зауытына кен жетістіру үшін 
күрес» мақаласында Мерғали Қадылбеков өз ойын одан әрі былай 
жалғастырады. – Іле сыртындағы Алатаудың Қаскелең, Ұзынсу 
деген жерлерінде де зерттеу жұмысы жүргізіліп келеді. Мұндағы 
міндет – кеннің қаншалықты өндірістік маңызы барлығын 
анықтау. Мұнда он мың тонна шамасында кен бар деп шамала­
нып отыр. Қастек ауданындағы Шынасылсай 1933 жылдан ба­
стап зерттелген еді. Бірақ қаржы болмағандықтан 1934 жылы 
зерттеу жұмыстары тоқталып қалды. Биыл қайтадан зерт­
теуге кірісеміз. Бұл кеннің келешегі күшті, кені мол. Сондай­ақ 
Балқаш пен Қарқаралы маңын жақсылап зерттеу керек. Бұл 
маңат бұрын бір рет зерттеліп, артынан жабылып қалған еді. 
Биыл оны зерттеуге қаржы беріліп отыр. Бұлардан табылған 
руда да Шымкент қорғасын зауытына берілмекші» (Сірә, бұл 
жерде сөз Қарағайлы кен ошағы туралы деген жорамал айта­
мыз – М.С.). 
 «Қазақстан бұрынғы Ресей патшасының дәуірінде өндіріс, 
мектебі, оқымысты адамы, темір жолы жоқ, артта қалған ел 
еді. Маман жұмысшы, инженер дегеніңді білмейтін еді. Қазіргі 
уақытта қазақтан шыққан біз сияқты инженерлер, маман 
жұмысшылар көбейді, неше түрлі өндірістер ашылды. Совет 
үкіметі орнаған соң, өте­мөте бірінші бесжылдықтан бастап
Қазақстанның ауыр өндірісі жақсылап қолға алына баста­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
103
ды. Әсіресе кен зерттеу жұмысы түзу жолға қойылып, үлкен 
байлықтар табылды. Мысалы, бүкіл Советтер Одағының мыс 
байлығын алсақ, соның 64 проценттейі Қазақстанда. Міне, 
осының арқасында жылына 100 мың тонна мыс шығаратын 
Үлкен Балқаш өндірісі салынып жатыр. Жылына 150 мың тон­
на мыс беретін Үлкен Жезқазған салынбақшы... – деп шалқиды 
геолог Қадылбеков «Елімнің байлығын ерінбей­жалықпай зерт­
теймін» атты кезекті мақаласында. – Қазақстан қорғасынға 
да орасан бай: Одақтағы барлық қорғасын байлығының 75 
процентіне ие. Міне, осы байлықтың арқасында Шымкент­
те қорғасын зауыты салынып, елімізге қорғасын беріп отыр. 
Алтайдағы қорғасынның жалпы қоры 2 миллион тонна шама­
сында... – Одан әрі геолог туған жеріндегі мырыш, алтын, воль­
фрам, молибден және сирек кездесетін металдар кендерін атап, 
Қазақстандағы көмір мен сұйық отын – мұнай байлығы жайын­
да сөз етеді. Сол тізбеде Батыс Қазақстандағы индер­борат кен 
орнын (уранға бай кенді айтып отыр – М.С.) атайды. – Биылғы 
жылы жаңадан бірсыпыра кен орындарын ашамыз деген үмітіміз 
зор. Жазда 100 шамалы кен зерттеу партиялары шығады. Жыл 
сайын кемінде бір кен орны табылуда. Былтыр Алматының 
іргесінен Ащысайдан кейін екінші орын алатын Текелі қорғасын 
кені ашылды. Ол кенді зерттеп, ашқанның бірі өзім... −  дей 
келіп, −  ...бар күшімді кен зерттеу жұмысына, Отанымыздың 
байлығын зерттеуге, Қазақстанның өндіріс күшін молайтуға 
жұмсаймын», −   деп кезекті мақаласын аяқтайды.
  
«На 1­ом пленуме Крайкома ККП(б) тов. Л.И. Мирзоян об­
ратил особое внимание на этот дефицитный металл. Это воз­
лагает большие задачи на геологов, которые призваны обеспе­
чить рудной базой мощный свинцовый завод в Чимкенте, – деп 
Мерғали Қадылбекұлы сол іске саяси мән берген анықтамамен 
бастайды «Почему молчит Главцветмет?» деп атаған, «Казах­
станская правда» газеті 1936 жылғы наурызда жариялаған 
мақаласында.  – Вопрос о рудной базе для Чимкентского завода 
может быть разрешен, если будет развернута разведочная ра­
бота на всех участках, где по геологическим условиям и заявкам 
ожидаются свинцовые месторождения. Идет дальнейшая ра­
бота по изучению геологии и увеличению перспективных запа­
сов в основных районах Каратау, Карамазаре и Киргизии. Воз­

Медеу СӘРСЕКЕ
104
обновляется разведка в Северо­Восточном Казахстане, где еще 
по разведкам 1930­1931 годов, я выявил ряд серьезных точек: 
Карагайлы, Кайракты и др. За последние 2­3 года, включаются 
в разведку новые районы, например, Алма­Атинская область, 
которая уже стала серьезным районом полиметаллов. В 1935 
году, во время пребывания в Алма­Ате, на эту область особое 
внимание обратил тов. Ю.Л. Пятаков
*
... – Одан әрі геолог кен 
көздері байқалған бірнеше жерді атап, бәрінің де қорғасын 
қорын дәлірек анықтау міндеті жүктелген геологиялық барлау 
басқармасы құрылғанын сөз етеді. – Со дня издания Главцвет­
метом приказа о создании Управления, прошло четыре месяца, 
но и до сих пор не ясен вопрос о структуре этого управления, о 
титуле и местонахождении. Без разрешения чего трудно раз­
вернуть работу. Потому как реагирует Главцветмет на наши 
требования, можно думать, что в аппарате Главцветмета 
нет определенной ясности об Алма­Атиннском геологоразве­
дочном управлении. Необходимо форсировать подготовитель­
ные работы, чтобы во всеоружии приступить к разведке, что­
бы в 1936 году окончательно и положительно решить вопрос о 
дефицитном металле­свинце». 
«Өлкелік партия комитетінің жақында болып өткен 
5­пленумында Мирзоян жолдас Риддер комбинатының дирек­
торы Дувановқа: «Қорғасын бізге өте керек, тіпті алтын­
нан да көбірек керек, өйткені біз оны шет елдерден алтынға 
сатып аламыз, – деді. –  ...Қазақстан қорғасынды қорытып 
шығарудан Советтер Одағында бірінші орында. Шымкенттегі 
қорғасын алыбы жылына 60 мың тонна қорғасын қорытатын 
болып салынғанымен, оның күш­қуаты одан да артық металл 
қорыта алады. Советтер Одағында мұндай алып зауыт әзірше 

Ю.Л. Пятаков – КСРО Ауыр өнеркәсіп наркомының бірінші орынбасары. 
Техникалық білімі жоғары, сан салалы өндіріс тынысын жақсы білетін маман, 
сондықтан да ол наркомат жұмысында күн сайын туатын мәселелерді сөзбұйдаға 
салмай бірден шешетін іскер, тындырымды қайраткер атанған. Нарком С. Ор­
джонокидзе Пятаковке шүбәсіз сенген (Гри горий Константиновичтің мамандығы 
фельдшер), өндіріс басшылары кө терген ділгер шаруаларды білгір орынбасарымен 
ақылдаса отырып шешкен. Сол серігі 1936 жылы зиянкес топқа дем беруші басшы 
болған деген кү дікпен қамауға алынғанда, Григорий Константинович жазалау жүйесі 
ұйымдастырған сойқанды іске жан­тәнімен қарсы болып, іскер серігін қор ғап, И. Ста­
линге телефон шалып, қатты қаржасып, көндіре алмаған түнде өзіне қол жұмсаған...

ШЫҒАРМАЛАРЫ
105
біреу. Біз бір күнгіні, бір жылғыны ойлап отырмаймыз... – де­
ген кіріспемен бастайды геолог «Қорғасын» деп атаған кезекті 
мақаласын. – ...Бізде қорғасын кені көп төрт өңір бар: Алтай, 
Қаратау, Алматы облысы және Орталық Қазақстан. Бұлардың 
алғашқы екеуінде көптен бері кен зерттеу жұмысы жүріп 
келеді. Нәтижесіз де болған жоқ, қазір бірнеше кен орындары – 
рудниктер салынды. Тек соңғы екеуінде зерттеу жұмысы шабан 
жүруде. Алматы облысындағы кендер тауда, зерттеу жұмысына 
қолайсыз жерде, ал кен қоры өте көп, келешегі мол. Бұл облыс­
та зерттеу жұмысы бұрын да аздап жүрген. Белгілі білгір Ро­
мановский мұнан әлденеше жылдар бұрын Түркістандағы кенді 
зерттеуге шыққанда, Алматы облысын да шолып өткен. Одан 
кейін үлкен геологтар Мушкетов, Преображенский, Григорьев, 
Яковлевтер де болған. Бұлардың зерттеуіне бірақ Алатаудың 
кең қойнауы, үлкен қатпарлары, сай­салалары кірмеген. Әсіресе 
осы облыстағы қорғасын көздері назарына ілікпеген. Шымкент­
те қорғасын зауытының салынуымен байланысты Алматы 
облысының Шу­Іле аймағын 1930 жылы ең бірінші болып инже­
нер Әмірсыланов аралады. Сонан бастап, яғни 1933 жылдан бері 
Қазполиметал кен зерттеу экспедциясы шыға бастады. 
  ...Былтыр Алматы облысының қорғасынында үлкен өзгеріс 
болды, ол Жоңғар Алатауында табылған Текелдегі ірі қорға­
сын кенімен байланысты. Бұл кен бара­бара Ащысай кенішінің 
байлығынан қалыспауы мүмкін. Биылдан бастап онда рудник 
салуға әзірлік жұмысы жүрейін деп отыр. Бұл – біздің қорғасын 
майданындағы ірі табыстарымыздың бірі. Бұл кенге ең көңіл 
аударып, қаржыны молайтқан ірі өндіріс басқарушыларының 
ең жауапты, белгілі командирлерінің бірі Пятаков жолдас 
болды. Ол кісінің өткен жылы Алматыға келуі осы жұмысқа 
қозғау салды. Қасқелең кенін зерттеу ісіне 700 мың сомдай 
қаражат бөлді. Бұл бізге өте­мөте күш беріп кетті. Сонан бері 
Алматы облысының қорғасын кенін зерттеу жұмысы мықтап 
қолға алына бастады. Былтырғы күзде Одақтық түсті ме­
тал басқармасының бастығы Шахмұрадов жолдас Алматы 
облысының кен зерттеу жұмысына көңіл аудару үшін Ащысай 
комбинатының Алматы облысындағы кен зерттеу группасын 
Ащысайдан бөліп, тұп­тура Мәскеуге қаратты. Сол үшін 1935 
жылы 3 миллион сом беріледі деп телеграмма жолдады. Алматы 
кен зерттеу партиясы 3 миллион сомға шамалап, ірі кен зерт­

Медеу СӘРСЕКЕ
106
теу планын жасады. Биылғы жылғы ізденіске бұрын ескерілмей 
келген, қорғасын шығатын сенімді 4 ауданның бірі Орталық 
Қазақстан қамтылады. 1936 жылды біз жақсылап пайдалануы­
мыз керек. Қазақстан большевиктерінің басшысы Мирзоян жол­
дас айтқандай, қорғасын кенін зерттеу жұмысын ақсатпай, 
күллі Қазақстан болып қолға алуымыз керек. Қорғасын кен­
дерінің көзін тезірек ашу керек. Зауыттарымыздың қорғасын 
қорытып шығаруына жетерліктей руда базаларын тауып, 
рудниктерді көбейтуіміз керек. Сонда ғана қорғасынды шеттен 
алтынға сатып алудан елімізді біржола құтқарамыз».
 Кен іздеумен қоса Мерғали Қадылбеков «Минералогия және 
геология» оқулығын қазақ тіліне аударып, Алматыдағы Кен­
металлургия институтының орысшаға шорқақ студенттеріне 
көмекші құрал ретінде жария еткен.
Республикалық газетте басылған «Техника кітаптарын қазақ­
шаға аудару туралы» деп атаған мақаласында ол техникалық 
кітаптарды қазақшалау рухани қажеттіліктен туған іс екенін 
баса айтып: «Мысалы, мен жақын арада «Минералогия және 
геология» деген кітапты аударып, баспаға тапсырдым. Халық 
ағарту комиссариатынан өтті. Аз уақытта басылып шығады. Бұл 
кітапта түрлі пәндер кездесті, есебі 11 пәннің басы қосылды. 
Солардың көбінің терминдері жоқ, амалсыздан өзімізге қажет 
термин жасап алуға тура келді... −  дей келіп, осы мәселе тура­
лы өз топшылауын былайша саралайды. –  Ендігі сөз терминді 
тиянақтау туралы. Бұл оңай жұмыс емес. Бұл жөнінде азды­
көпті тәжрибеміз бар. Былтыр Халық ағарту комиссариаты 
басқан «Бюллетеньдер» бұған айқын дәлел. Онда толық түсінік 
беріліп, жалпы жобасы, қолданатын әдіс талданған... Бірақ сол 
бюллетеньді қайтадан көрмей қалдық. Техникалық термин­
дер туралы да сол жобаны негізге алу керек. Бүйректен сирақ 
шығарып, жалпылама, барлық сөзді қазақшалаудың қажеті ша­
малы. Алдымен өзіміздің осы саладағы жұмысшыларымыздың, 
техник адамдарымыздың жұмыс үстінде қолданатын кәсіби 
тілімен жақсылап танысу керек. Өйткені олардың өмірде машық 
еткен, бойларына сіңіп кеткен терминдері болады. Терминдерді 
қабылдағанда мамандармен, олардың пікірімен санасу керек...» − 
деп сол уақыттың көкейкесті мәселелерін көтереді.

ШЫҒАРМАЛАРЫ
107
Жоғарыда өзім аударып, баспаға өткіздім деген М. Қадыл бековтің «Ми­
нералогия және геология» кітабы келесі жылы жарық көрген. Сол еңбекті 
бертінде әлдекімнен көріп, қолына ұстап, беттерін парақтаған Рузима Қа­
дыл 
бекованың үлкен назамен жазуына қарағанда, кітаптың алғашқы 
бетінде не соңында аударушының есімі көрсетілмеген. Құдды бір ғылыми 
еңбек өз­өзінен туа салған сықылды. Бұл да – жазалаушы органның өздері 
көзін жойған адамның есімін ел жадынан өшіретін қитұрқы амалының сал­
дары.
Мақаланың соңғы тармағында М. Қадылбеков инженер Сәтбаевтың 
«Геология негіздері» деген кәсіби кітапты қазақ 
шалауға кіріскенін де 
ескертіпті. Сол туралы сөз ете отырып, автор «Қазақстан» баспасындағы 
Елубаев есімді шенеуніктің оны тек қана жұмысшылар үшін шағын кітапша 
етіп шығару керек дегенін, соған қоса Сәтбаев жолдастың күллі геоло­
гия ілімін қазақшаға қотармақ талабы да мүлдем қате түсінік деп, өзінің 
шалағай ойын нұсқау ретінде ұсынып, білгішсінгенін аяусыз сынайды.
Бұдан да біз парасатты мінез иесі, сақа геологтың салиқалы 
ойын, не іске болсын мемлекеттік көзқараспен қарайтынын аң­
ғарамыз. Соған қоса республиканың бас газеттерінде жария­
ланған мақалаларынан өзі шұғылданған іске жауапкерші лігін, 
әр күнін тындырымды еңбекпен атқарғанын көреміз. Ең ғажабы, 
іздемпаз геологтың барлаушылық өмірінің 9 жылында тауып
ел экономикасына қосқан кен ошақтарының кейбірі ол өмір сүр­
ген XX ғасырдың аяғына дейін түгесілмеген. Солардың сүбелісі − 
Орталық Қазақстандағы Қарағайлы қорғасын кеніші мен Қай­
рақтыдағы вольфрам кені. Ал Кентау мен Текелі қалаларының 
Қазақстан картасында өткен ғасырдың 60­жылдарында пайда 
болып, күні бүгінге дейін халық қоныстанған, өзіндік тірлік­
тынысы бар өндіріс ошағына айналғаны жұртшылыққа мәлім.
Мерғали геологтың көрегендігімен, кәсіби білгірлігімен, со­
ларды іздеуге ерекше құлшынуымен ашылған төрт кен орнын 
даралап атап, мұндай салымдылыққа жүздің бірі емес, мың 
геологтың бірегей таңдаулыларының ғана қолы жететіндегі 
турасындағы бұрынғы ойымызды қайталауға мәжбүрміз. Шын­
туайтын айтқанда, бұл – феномен дерлік, кен барлау тарихында 
сирек кездесетін оқиға! Ондай табысқа тегінде аузы салымды­
лар, білім­танымы ерекше, көкірегі ояу дарындылар ғана ие бо­
лады. 

Медеу СӘРСЕКЕ
108
* * *
Кен іздеуге құныққан Мерғали Қадылбекұлы, бұл да, әсірелеп 
айтқанда, сүйген қызыңды сағат сайын көруге ынтық болған­
мен бірдей құмарлық. Шамалауымызша, есіл­дерті тау­тасты 
аралап, дала кезіп, өзіне мәлім кен белгілерін ойдан­қырдан 
іздеуге әбден құныққан геолог, жасы сол кезде отызға жақында­
ған сақа жігіт Алматыдағы пәтерінде бір апта байыздап оты­
ра алмайтын болған. Бұл да кезбе әдетке еліккен жандардың, 
халық тілімен айтқанда, фанатиктердің машық ісі. Рас, сол 
жылдары ол екінші рет үйленген, келіншегінің есімі – Мәрзия, 
жасы жиырманың үстінде, А.С. Пушкин атындағы Орталық кі­
тапхананың қызметкері. Рузима Мерғалиқызының айтуынша, 
Бибімәрия әжесінің Алматыға қоныс аударған күннен: «Балам, 
отбасын түзеуге қам жаса, қызың жас, мен қартайдым, екеуміз 
де көйлек­көншегіңді жуып, ас қамдауға жарамаймыз. Саған 
да, шешең маған да, жұдырықтай мына қызыңа да күтуші ке­
рек. Мына үйге ие болатын, өзіңе тең шүйкебас тап. Соны өзің 
таппасаң, мен іздеймін, менің тапқанымды тек ұнатпаймын 
деп қыржимайтын бол!..» – деген талабын жүре тыңдап жүріп, 
1935 жылдың көктемінде, сірә, өзі жиі баратын кітапханада 
кездестірген сияқты, көп­көрім көркі бар бойжеткен қызды үйіне 
қолтықтап келіп, «Міне, апа, сұраған көмекшің, көңіліңе жақса 
келін етесің...» – дейді. Содан былай ортаншы Қадылбековтің 
отбасының жағдайы біршама түзеліп, көнтерлі қалыпқа ойыс­
қан. Мәрзия болса адуын мінезін Алматыда да өзгертпеген Би­
бімәрия ананың көңілінен шығыпты: жаратылысында біртоға 
жуас әрі 1932 жылғы аштықта ата­анасынан айырылып, жетім 
балалар үйінде ержеткен қыз енесінің билеп­төстеген қаңқу сөзін 
кек тұтпай, келген күннен ыңғайына қарай жығылып: «Тағы не 
айтасыз, не істейін?» – деуімен де ибалы келін атаныпты. Тек 
келеңсіз бір жайт кәрі әжесін де, естияр Рузиманы да алаңдат­
қан: ол – өз үйінде анық бір апта байыздап отырмайтын бұрынғы 
әдетін отағасының өзгертпеуі; далалық саяхаттан қаншама ұзақ 
жүріп, титықтап келсе де бірер күн демалып, моншаға барып, 
ұйқысын қандырып, кеңседегі жұмысын қаузаған соң­ақ зерігіп, 
есікке қарап елеңдеумен болады да, үшінші күні жол қапшығына 
киім­кешегін салып, геолог балғасы мен сабы қысқа кішкене 
күрегін сайлап, кезекті сапарға дайындала бастайды; ақырында 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
109
үй сыртынан келіп дыбыстаған автомобильмен далалық саяхат­
қа тайып береді. Содан екі­үш апта, кейде араға ай салып, 
күтпеген түнде есіктің қоңырауын шырылдатады. Осы қылықты 
ол жаз бойы, күзде де жасайды. 1935 жыл солай болып еді, келесі 
жылы да үй иесінің айдалаға безуі былтырғыдан да жиілейді.
Мәрзияның жуастығын, қорғаншақ қалпын, өзге келін 
де­
ріндей ішіндегісін бүкпейтін ашық­жарқын еместігін енесі бірден 
байқаған. Өйткені «Қайда жүрдің?» не «Қашан қайтасың?» де­
ген сұрауды күйеуіне әстілі қоймайды. Неше апта сағындырып 
оралғанда да жас адам құсап, жүзі жайраң қағып қуаныш та 
білдірмейді. «Е, әйтеуір аман­есен келдің бе?» дегендей боп, ба­
сын изеп амандасады да, шай қамдауға кіріседі. Моншаға барам 
десе киім­кешегін салып береді. Ас­су әзірлегенде де үндемей 
істейді.
Үй ішінің шаруасына қыры жоқ, жас қосағына да сондай 
тағылық аңғартқан можантопай ұлының екі­үш тәулік үйінде 
болып, қаладағы шаруасын қамдаған соң­ақ айдалаға аттануға 
жинала бастағанын білген шешесі бірде айқай­шу көтеріп:
– Әй, кезбе, сенде өзі ес бар ма?! Еркекпісің, әлде диуана 
жанбысың? Өз үйің, өлең төсегіңнен безіп, тағы да қайда зытып 
барасың? – деп бұлқан­талқан болады.
– Ой, апатай, неше жүз жұмыскер тау ішінде мені тосып отыр. 
Ашуыңды бас, қыдыруға емес, үкімет жұмысымен кетіп барамын.
– Бүгін түгілі, ертең де ешқайда бармайсың!.. – деп анасы ке­
нет сомадай ұлының қолындағы қоржынға жабысады. – Қысы­
жазы бітпейтін не жұмыс ол? Ең құрығанда мына өрімдей жап­
жас келіншегіңнің құса жайын ойласаңшы, шірік! Бұл байғұсқа 
не үшін үйлендің, пәтеріңді күні­түні күзеттіру үшін бе? – деп 
басалқы айтады өмірдің көлеңкелі шерін көп тартқан анасы 
кимешегінің етегімен көзінен сорғалаған жасын сүртіп. – Әй, 
сен мұны қойдан қоңыр жуас деп ойлама, бір күні сені де, бізді де 
тотитып өз жөнін табады. Үйінде бір апта байыздап отырмайтын 
күйеудің бұған керегі қанша?!.
– Ұқтым сөзіңді. Мені машина тосып тұр, бүгін босат. Келесі 
келгенде Мәрзияның өзі рұқсат дегенше үйде боламын.
– Жарайды, бар. Бірақ, қашан айтты деме, бір күні келін­
шегіңнен айырыласың...
Сол сөз қамшы болды ма, кім білсін, келесі келгенде Мерғалиға 
сабырлылық дарып, Алматыда бұрынғыдан гөрі ұзағырақ бола­
ды...

Медеу СӘРСЕКЕ
110
Сол жылдың ұмытылмас одағай бір оқиғасы тоғыз жастағы 
естияр Рузиманың жадында мәңгі сақталып қалған, сол әңгімені 
де қаз­қалпында баяндаймын...


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал