Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.19 Kb.

бет7/19
Дата08.01.2017
өлшемі7.19 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
 деп 
егілумен сорлы ана өмірден өтіпті. Нұрғалидың адал досының 
есімін атап, Әміржан Абдуллин депті...
Нұрғали Қадылбекұлын Алматыға әкеліп, екінші мәрте қылмыс бай­
ламақ болған іс Қазақстан НКВД­сы емес, сол жүйенің Мәскеудегі «құдай­
ларының» тапсырмасымен өрбіген. Көздеген мақсаттары да – Еңбек түзеу 
лагеріндегі тұтқынды екінші мәрте жазалау емес, соның көмегімен одан 
әлдеқайда мықтырақ тұлғаны құрықтап, яки КСРО үкіметі төрағасының 
орынбасары Тұрар Рысқұловтың басын жою...
Өйткені И. Сталин бертінде Т. Рысқұловтың Комитерн тапсырмасымен 
Моңғолияға барып, сол елді соцреспубликаға бетін бұрып қайтқан интер­
националдық еңбегін қасақана төмендетпек болып, үнемі оны Шыңғысхан 
деген лақап атаумен әжуа еткен­міс; Тұрар Рысқұлұлы сол дөрекілікке бір­
де: «Мен Шыңғысхан болсам, Иосиф Виссарионович, өзіңіз кім бола­
сыз?» – дегенде, Бас хатшы жирен мұртын жайбарақат сипап: «Жұтпа 
сөзіңді, айт шапшаң!» – десе керек, шегінерге жол қалмаған Тұрекең са­
баз: «Сіз енді Грозный патшасыз, солай деп жариялауға тек ұлтыңыздың 

Медеу СӘРСЕКЕ
88
орыс еместігі бөгет...»  деген­міс. Мұндай қалжыңды И. Сталин ешкімге 
кешірмейді. Қысқасы, Ішкі істер комиссары Ежов жасырын тапсырма 
алып, Рысқұловқа «халық жауы» немесе «зиянкес ұлтшыл» бабын бай­
лайтын «қылмыс» іздеуге кіріскен. ОГПУ­да қалыптасқан рәсім бойынша, 
қандай да тұлғаны жалғыз­жарым соттау – әншейін әрекет, ал сол неме 
үкіметке қарсы астыртын топ құрды десең – жүздеген адамды шаласың әрі 
тобыр үшін иланымды жаза. Қырағылығың үшін үкімет марапатына да ие 
боласың...
Сол рәсіммен Рысқұловқа жақын­жуық жүргендердің тізімі жаса­
лып, жер­жерден қармаққа ілу ойластырылған. Әрине, екі рет Мәскеуге 
шақырылып, Т. Рысқұловтың қолдауымен Түрксіб пен «Қарағандыкөмір» 
басқармаларында жұмыс істеген Нұрғали Кодаленко сол тізімнің түу ба­
сына ілінген. Нұрғали сорлының Орта Азия ИТЛ­інде отырғандығы оны 
қаралауды тіпті жеңілдеткен. Сондықтан да «Рысқұлов ұйымдастырған 
жау ұйымның» мүшелерінің «зиянкестігін» ашуға қолғабыс етер куәгер 
ретінде дереу Алматыға жеткізіп, бірнеше тергеуші оны қинауды мейілінше 
қатаң және үрдіс жүргізген...
Әумесер уақыттың ашкөз жасауылдары Қадылбеков­Кода лен­
коның ешкімді ұстап бермеген қайсарлығына өшіккен тәрізді, 
қалайда «Халық жауының отбасы да жау» деген қисық иланымға 
бас ұрған соғындылар Шымкентте уақытша тұрақтаған бала­
ларын басқаларға көзтүрткі болғандай етіп жазалауға бұйрық 
берген. Сену қиын, сөйтсе де біз баспасөз бетінде 1990 жылдары 
жария болған естеліктерде жазылған одағай оқиғаны қайталауға 
мәжбүрміз. Қысқасы, жан түршіктірер қатыгездікпен жазалау­
дың фашистік әдісі жүзеге асқан, ең ғажабы, сол қылмысты 
кісілік инабаты өзгелерге үлгі болуға тиіс мектеп ұстаздары 
жасаған.
1937 жылдың басында, Нұрғалидың балалары оқитын ор­
та мектептің директоры кең аулада төтенше жиын (линейка) 
шақырып, күллі мұғалімдер мен балалардың алдына үш Қа­
дылбековті шығарып: «Мына үшеуі – Кеңес өкіметін құлатпақ 
болып, сендердің бақытты өмірлеріңе қастандық жасағысы 
келген, ниеті зұлым «халық жауының» бөлтіріктері. Бұларға 
бүгіннен бастап біздің ортамызда орын жоқ, комсомолдан да, пи­
онер ұйымынан да аластап, біздің мектепте білім алуына тыйым 
саламыз!..» – деген. Он жасар Бекет осы үкімді естігенде есінен 
танып, тас еденге жалп еткен. Он бес жастағы Абылай: «Бұл – 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
89
ойдан шығарылған өтірік, менің әкем – жау емес, нағыз жау – 
сендер!» – деген ащы айқаймен наразылық білдіріп, әлдеқайда 
зытып кетеді. Он екі жасар Роза ғана алаңда ес­түссіз сұлап 
жатқан бауырын құшып, көз жасына ерік береді. Әлдекім «Же­
дел жәрдем» шақырған. Оның дәрігері де кімге ем жасап көмек 
беруді, кімге бермеуді жете білетін найсап екен, ессіз сұлап 
жатқан балақанды қалалық «Жындыханаға» жеткізіпті. Жан 
шошырлық «емдеу» орнына тап болған бүлдіршінге ақ халат 
киіп, дәрігер атанған дәндүрістер дәрінің орнына «ұзақ ұйқыға» 
душар ететін ем жасаған... Айтып­айтпай не керек, Бекет балақан 
сол «емханадан» жарық дүниеге шықпаған, ұйқылы­ояу мәңгу 
қалпында жатып, бірер аптадан соң жантәсілім болған. Абылай 
жасөспірім де мектеп ауласынан қашып шыққан бетінде үшті­
күйлі жоғалған. Қандай жағдайда, қайда мерт болғаны, әлде 
адам аяғы баспайтын алыс бір қиянға безіп кетіп, есімін өзгертіп, 
жаңа тіршілік бастағаны беймәлім...
Роза Нұрғалиқызы – сол жылы бесінші сыныптың үздік 
оқу шысы. Бекет бауырынан айырылған соң Алматыға келіп, 
Мерғали ағасының үйін паналаған. Оқуын бірақ жалғастыра 
алмаған. Арада үш­төрт жыл өтеді. Қадылбековтер әулетін шыр 
айналдырған бақытсыздық жас қыздың еңсесін басып (тал­
шыбықтай бұралған, қос бұрымы тізесіне түскен қыз бала тез­
ақ ержетіп, 14­15 жасында­ақ бозбала атаулы сұқтана қа райтын 
бойжеткен болып жетілген), алайда ешқандай оқуға іліге алмай
«халық жауы» қызының шерлі тағдырын тартқан. Жан сақтау 
үшін не істемейсің, сөйтіп жүріп, Алматыға соғыс жылдарында 
қоныс аударған Ауыр машиналар жасау зауытына токарьдың 
шәкірті болып орналасқан. Бұл кәсіпті де үйреніп, еңсесін көтере 
бастаған кезде, станокта жонған тетігі бірде бракқа шығып, 
акт жасалған. Қорғаныс комитетінің зауыттағы өкілі оны 
«қылмысқа» жатқызып (сұлу бойжеткен онымен көңілдес болу­
дан бас тартқан деседі), 18 жасар қыз бала он жылды арқалап, 
Қиыр Шығыстағы Норильск қаласына жөнелтілген. Бұл енді 
«Сорлыны сор жақтайды, кім оны ақтайдының» кебі...
Роза Қадылбекова 1954­1955 жылдардың «жылымығын да», 
отыз жасқа тақаған шағында Алматыға қайтып оралған. Рузи­
ма Мерғалиқызының айтуынша, «Көп­көрім өңі, талшыбықтай 
бұралған сымбаты болса да байғұс қыз орта жасқа жеткенше 
тұрмыс құруға құштарлық аңғартпаған. Өйтуіне басты се беп: 

Медеу СӘРСЕКЕ
90
арқа­жоны, қол­аяғы түп­түгел тұтқындық таңбамен шұбар­
ланып, «мөрмен» таңбаланғанына намысқой қыз арланып, сол 
сиқын ер адамға көрсетуге қорланған; моншаға да бармай, тек 
қана үйде жуыныпты.
Роза туралы екінші деректі бізге Ақбота Жетпісбаев жазбаша 
мәлімдеді:
«Әкесі қылмыстан ақталған құжатын қолына алған соң Роза 
апай өзінің соңғы тұрағы Шымкент қаласынан «Репрессияға 
ұшыраған шерменделер» тізімі бойынша кезексіз пәтер алды. 
Ақшадай да көмек алыпты, нақты сомасын білмеймін. Қысқасы, 
ел қатарлы жұмыс істейді. Тұрмыс жағдайы түзелген соң 
өзінен бірталай жас үлкен, лауазымы биік бір қызмет иесімен 
жасырын түрде көңіл қосып, одан ер бала сүйіпті. Перзентінің 
есімі – Нұрлан. Өмірінің соңғы кезеңі сөйтіп көнтерлі ғана 
емес, шат­шадыман дерлік тұрмыс кешіп, 1992 жылы жасы 
жетпіске іліккен шақта опат болған. Жаны жай тапқан соңғы 
орны – Шымкенттен Ташкенттке қарай шығатын даңғыл жол 
бойындағы мұсылмандар зираты. Өкінішті жайт: бізден шалғай 
жұртта туып, жырақта өскен жиенімізбен байланысымыз мәз 
болмады, шынтуайтын айтқанда, ол – Нұрғали ағайдың өмірін 
жалғастырған жалғыз перзенті. Аман болғай!..
...Мен сізге, құрметті Медеке, тағы бір, негізі шерлі бол­
ғанымен, қуанышы молырақ жайтты айтайын, оны да, сірә, 
кітабыңызға қосқаныңыз жөн сияқты... – деп жүрек түбінде 
жатқан сырын шертіпті Ақбота інім Семейге жолдаған хатын­
да. – 1971 жылдың екінші жартысында облыстық газет, о 
кезде «Қызыл ту» аталатын­ды, Қазақстанда Совет өкіметі 
орнауының 50 жылдығына арнап, «Ұмытылған есімдер» деген 
атпен мақала жариялап, соның ортасына бір топ большевик 
ардагерлердің фотосуретін беріпті. Суретті облыстық газет­
тер редакциясына Мәскеуде тұратын зейнеткер большевик, 
Павлодар уезінде лейтенант шенімен Совет өкіметін орнатуға 
қатысқан Мочалов есімді полковник жолдапты. Әлдеқайда жо­
лаушы кетіп, үйге келсем, қарт әкем әлгі газетті бетіне қайта­
қайта басып, еңкілдеп жылап отыр. «Оу, сізге не болды?» десем, 
әкем одан әрман өксіп, «Мына суреттен із­түзсіз жоғалып кет­
кен Нұрғали ағатайымды танып отырмын, міне, мына екінші 
қатарда түрегеп тұрған, маңдайы жарқыраған, танауы тау­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
91
дай боп теңкиген, мұртты қазақ – менің Нұрғали ағатайым, 
сенің кескін­кейпің сол кісіге тартқан, нанбасаң айнаға қарап
суреттегі туысыңмен салғастыр. Оның қасындағы ақ көйлек­
ке қайыс белбеу буынған, бұйра шашы бұрқыраған келбетті 
орыс – біздің баянауылдық большевик, төңкеріс комитетінде 
істеген Петр Зарембо. Алдыңғы қатардың сол жағында жы­
миып отырған мұрынды, мұртты азамат – өзіміздің атақты 
жерлесіміз, әртіс әрі режиссер Жұмат Шанин. Өзгелерін айыра 
алмадым. Ал сурет 1920 жылдардың басында түсірілген...» деп 
әкем қайта еңіреді. «Ойбай, қойыңыз, жамандық шақырмай!..» 
деп жұбату айтып едім, әкем маған түйіле қарады: «Әй, балам, 
бұл – жақсылыққа жоритын нышан. Соған қуанғаннан жылап 
отырмын. Жұмат ағай да азаматтың төресі еді, он саусағынан 
өнер тамған, өзі әнші, өзі басшы. Нұрғали ағаң екеуі құшақ 
айқастырған әлей дос болатын. Сол 20­жылдарда Жұмат екеуі 
елге келіп, ауыл аралап, қымыз ішіп, бір ай шамасы Баянды 
аралады. О да бір қой үстіне торғай жұмыртқалағандай кең за­
ман еді. Амал не, өздері іргесін бекемдеген Совет өкіметі екеуін 
аяған жоқ, «халық жауы» атандырып ерте құртты. Енді, 
міне, елу жылдық тойында сол өкімет қателескенін мойындап, 
суреттерін жариялап отыр...»
Сол жылы мен әкемнің қайта­қайта айтуымен Шымкентке 
хат жазып, Розаны алғызып, Баянауланың іші­сыртын арала­
тып, Павлодарға да апарып, сол шәрдегі жекжаттарға таны­
стырып, көңілі әбден көншігенше қыдырттым. Барлық жердегі 
кездесулер ыстық қауышумен өтті. Қазірде ойласам, Медеке, 
әкемнің қалауымен сол жаздағы жүріс­тұрысымыз кәдімгідей 
мәре­сәре той екен. Есімі де, еңбегі де көбіне айтылмай келген, ай­
тылса да әредік қана еске алынатын Қадылбек атам әулетінің 
бүгінгі өмірімізге қайтып оралуын қуаныштау екен...»
1942 жылдың бас кезінде, Қадылбековтердің үлкен қалаларда тұруға 
құқы болмай, Алматы мен Жамбыл қалаларының аралығындағы шөл 
дала да ірге тепкен Отар бекетінде қоныстанған кезінде, сол жерде жол 
қараушы болып істейтін Садыққа жұмыскер әріптесі: «Кеше түнде біздің 
стансаға әскери эшелон келіп, алдыдан келетін пойызды тосып, бірер сағат 
аялдағанда, вагонның есігінен бойшаң денелі, бет пішіні қазаққа ұқсаған 
жас жігіт басын сұғып. «Ағай, қазақпысыз?» деп сұрады, мен «Иә, қазақпын, 
өзің кімсің?» деп едім, ол таза қазақ тілінде «Бері жақындаңызшы. Мен де 

Медеу СӘРСЕКЕ
92
қазақ баласымын, есімім Абылай Қадылбеков. Төтенше бір жағдаймен ел­
ден безіп, Сібірге кетіп қалған едім. Енді, міне, майданға өз еркіммен кетіп 
барамын. Ағаларым бар еді, фамилиялары Қадылбеков. Солардың бірін кез­
дейсоқ кездестірсеңіз, Абылай інің тірі деңіз. Мына алапат соғыстан аман 
қайтсам, туыстарымды іздеймін. Түп тегім баянауылдық, арғынмын...» 
деді. «Апыр­ай...» дегенімше пойызы бар болғыр жүріп берді. Соңынан 
қуып, «Ойбай­ау, бір Қадылбеков бізде істейді, есімі Садық!..» дегенімді 
естіді ме, білмеймін, ар жағынан әлдекім вагонның сырғыма есігін тарс 
жапты. Ой, Сәке, сізге бауыр тауып беріп, сүйінші алатын едім, Алла маған 
сол нәсіпті қимады. Жә, сіздің аштық жылы, әлде содан бергі зобалаңда 
жоғалтқан ініңіз бар ма? Жігіттің дене бітімі, бет­пішіні, құдауанда, сізге 
ұқсайды, рас, мен оны ай жарығымен көрдім, неге сөйткенімді білмеймін, 
бірден­ақ сізге ұқсаттым...» – деп тосын әңгіме айтады.
Аузын бағып сөйлеуге дағдыланған Садық отағасы көңілі босап тұрса 
да: «Менде жоғалған туыс жоқ, бары жер жастанған», – деп дүдәмалы көп 
әңгімені шорт үзіпті.
Содан бері Абылай Нұрғалиұлынан ешқандай хабар болмаған. Сірә, 
қантөгіс майданның мыңдаған адамды қомағайлана жұтып жатқан 
кенеуінің біріне тығын болып, отаншыл жас боздақ шейіт болған. «Тірі 
болса қайткен күнде бір хабар берер еді. Әлде сол лақапты жел сөзге үйір 
жол қараушы ойдан шығарды ма? Оның да анық­қанығы беймәлім. Бірақ 
өмір бойы сол інімді біржола жоғалтқаныма сенбей, зарыға күтумен, 
міне, өмірден озғалы отырмын. Сол өкінішім де енді өзіммен бірге 
кетеді...» – деген мұңды Садық Қадылбекұлы Бейсенов байғұс 1970 жылға 
дейін қайталаудан жаңылмапты... 
VIII
Қадылбектің ортаншы ұлы Мерғали Жаманқыстауда 1907 жы­
лы дүниеге келген. Баянауыл станицасындағы орыс­қазақ мек­
тебін он үш жасында бірінші шәкірт атанып тәмамдаған соң 
ол 1920 жылы Орынбордағы дарынды балалар пансионаты­
на қабылданып, төрт жылдың орнына үш жылда оны да үздік 
бітіреді. Он алты жасар бозбала Қазағарком жолдамасымен Мәс­
кеуге аттанады. 1923 жылдың күзінде Мәскеудің тау­кен инсти­
тутына түсіп, геологиялық барлау факультетінде бес жыл оқып, 
оны да үздік дипломмен тәмамдаған.

ШЫҒАРМАЛАРЫ
93
(Қазақстандық «Достық­Дружба» журналы 2005 жылғы ақпан­наурыз 
айларындағы санында Ж. Ашуевтің «Кто открыл Миргалимсай?» деп 
атаған, орыс тілінде жазған мақаласына қосымша дерек ретінде үш фотосу­
рет жариялапты. Соның үшіншісінде: «Мәскеудің кен институтын бітірген 
қазақстандықтар, үшінші қатарда, сол жақта бірінші тұрған Мерғали 
Қадылбеков», – деген түсініктеме берілген. Суретте 15 адам бейнеленген. Со­
лардың төртеуі ғана орыстар, біреуі – қыз бала. Бізді таңғалдырған гәп: осы 
суреттегі қаракөз 11 жастың дөңгеленген бет­пішіні, қалқиған құлақтары, 
ұзынша, әнтек қоңқақ мұрындары, ашық маңдайы, тіпті сорайған бойла­
ры мен алпамса дене бітімі де қазаққа ұқсайтындығы. Амал не, көпшілігін 
түстеп ажырата алмадық. Тек екінші қатарда отырған алты азаматтың 
ортасындағы галстук таққан маңғаз жігітті Оразалы Жандосовқа ұқсаттық 
(белгілі мемлекет қайраткері, жетісулық Ораз Жандосовтың туған інісі).
Суреттің жоғары тұсына «В честь окончания МГИ от группы товарищей» 
деген аңдатпа жазылған).
Мерғали Қадылбеков оқуды бітірген жылы, сірә, үздік ди­
плом алғандықтан Санкт­Петербургте XIX ғасырдан ірге тепкен 
Геологиялық комитеттің (Геолком) қарамағына жіберілген. Ол 
болса Кеңес Одағындағы кентастарын іздейтін қызметтің жол­
жобасын жасаушы, шартарапқа көктем шыға аттанып, қар 
түсе қайтып оралып, қыс бойы ізденіс үлгілерін өздеріндегі хи­
мия құтыханасында тексеріп, барланған кен қорын есептейтін 
үлкен ұжым. Оның қарамағында сол жылдары екі мыңға та­
қау кәсіби мамандар жұмыс істеген. Бәрі­бәрі де іздемпаздығы 
атағына сай білімпаз тарландар. Сондықтан да Геолком ат­
қарған жұмысқа ешқандай күмән­күдік айтылмайды. Ең ға­
жабы, өзімен кәсібі бір деңгейлес барлау ұжымдарының ізденіс 
нәтижелері тек қана осында тексеріледі. Геология комитетінің 
жер­жерде бөлімшелері бар. Олардың да тұжырымы – басқалар 
үшін заң...
Студент кезінде­ақ осы ұжымның кен іздеуші отрядтарына 
ілесіп барлауға шығып, екі­үш жыл ұдайы өндірістік шыңдалудан 
өткен, сөйтіп жүріп геология ілімінің тылсым сырларына 
бойлаған жап­жас қазақ геологы Мерғали Қадылбеков, бұл да 
таңданарлық жайт, Геолком басшылары Қазақстанның Қаратау 
бөктеріне 1928 жылы жасақтаған экспедицияға басшы болып, 
қорғасын кенін іздеуге аттанады. Жүктелген міндет ерекше жа­
уапты: осы өңірдегі бұрыннан мәлім Ащысай, Байжансай кен 

Медеу СӘРСЕКЕ
94
орындарындағы қорғасын қорын түбегейлі зерттеп, құрылысы 
1931 жылы басталуға тиіс, Сталиндік екінші бесжылдықта Шым­
кент қаласында тыңнан салынбақ қорғасын зауытын қосымша 
шикізат көзімен қамтамасыз ету; экспедицияның сол тапсыр­
маны ұтымды атқаруына орай жаңа зауыттың да күш­қуаты 
анықталады; алда­жалда қателессең – басыңды жоясың; өйткені 
қорғасын қорытуды таяу жылдарда еселеп арттыруды КСРО­ның 
Жоспарлау комитеті кезек күттірмейтін стратегиялық маңызды 
шара деп жариялаған...
Мерғали Қадылбековтің Қаратауға алғашқы сапары ә дегенен­
ақ сәтті болыпты. Жаздың жайма­шуақ күндерінде Ащысай 
мен Байжансайда тапжылмай отырып, терең бұрғылау жаса­
тып, кен қорын жан­жақты тексерумен шұғылданады. Тегінде 
жас мамандарға, әсіресе ізденіске алғаш шыққан геологтарға 
тән осалдық – бұрыннан мәлім кен орнын ертелі­кеш зерттеуді 
мезі ермекке балап, тұңғыш кен ашушы атану үшін ат тұяғы 
жетер атыраптан тың кен көздерін табуға тырысу. Мерғали сол 
қарсаңда небәрі 22 жаста. Бір ғажабы, жас маман мадақ атаққа 
елікпей, 1928 жылы да, содан кейінгі көктем мен жазда, яғни 
екі жыл бойы ескі кен орнынан алысқа ұзамай және ізденіс 
бағытын терең қабаттарға бұрады. Сөйткені ақырында пайдаға 
шығады. Геолкомның Ленинградтағы жатақ үйінен өзіне тиген 
қуықтай тар бөлмеде қыс бойы тапжылмай отырып, арифмо­
метр құлағын дамылсыз шыр айналдырып, өзі тапқан кен қорын 
есептеп, нәтижесінде кен орнының бұрынғы көлемін үш есе 
молайтыпты; сол есепті іле­шала ЦКЗ­дан өткізеді (кен қорын 
бекітетін мемлекеттік Орталық комиссия, оның шешімі – заң, 
ешқашанда талқыланбайды); ақырында сол акті бойынша Шым­
кент зауытының құрылысы екінші бесжылдықтың жоспарына 
енеді...
Бұл енді кен іздеуге тұңғыш аттанған жас геолог үшін таң­
данарлық ғажап табыс!
Осы жерде бізге мәлім бір гәпті ескертуге мәжбүрміз: әу бас­
та Тұрлан атанған Ащысай мен Байжансай кен орнын Қаныш 
Сәтбаев та 1927­1928 жылдарда шұқшия зерттеген. Бұл тура­
сында «Қазақтың Қанышы» атты деректі роман­эссемде мен 
ішінара жазғанмын. Өйткені Қазақстанның оңтүстігінде тың­
нан салынуға тиіс қорғасын зауытын сенімді кен көздерімен 
жабдықтау 1925­1929 жылдары Мәскеуде ірге тепкен Атбасар 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
95
тресіне жүктелген. Қ.И. Сәтбаев – сол трестің 1926 жылдан бергі 
бас геологы. 
Қаныш Имантайұлы сол жылдарда көктемнен қар түскенге 
дейін Ұлытаудың Жезқазғаны мен Қарағанды маңындағы Өс­
пен мыс кендерін, соларға қоса Тұрлан кенішінде жүйелі түрде 
геологиялық барлау жүргізген (Тұрлан атауы, біздіңше, идеоло­
гия «білгірлерінің» қытығына түрпідей тиіп, сірә, ертеден мәлім 
Тұран ойпаты мен Тұран елі атанған көшпелі халық құрған 
мемлекеттің тарихи атауын қайыра жаңғыртуды хош көрмеген. 
Себебі: бұл – Ресей империясының ұлылық рухын төменде­
тетін атау. Сондықтан да мемлекеттік цензура геологиялық 
құжаттардан Тұрлан атауын алып тастауды талап еткен. Сол 
себепті 1930 жылдан бергі Геолком деректерінде Тұрлан кен 
ошағы қорғасын кентасы табылған Ащысай және Байжансай 
атау ларына  көшкен.
Екі жылдық ізденісте геолог Сәтбаев Қаратау бөктеріндегі 
қорғасын және барит кендерінің жаралу ерекшелігін көреген­
дікпен ашқан: сөйтсе, мұндағы кентастар жер қабатына жаппай 
жайылмай, ұзындығы жүз метр, кейде одан да тереңге бойлай­
тын жер қуыстарын толтырып тік жаралған; яғни миллиондаған 
жылдар бұрын осы алқапта жүрген геологиялық процестерде 
қорғасын мен мырышқа қаныққан ертінділер әлгі қуыстарда 
суыған; демек, осы атыраптан кен іздеуші жер астынан тек 
қана осы қуыстарды табуға тиіс; қымбатқа түсетін бұрғылауды 
жапа­тармағай жүргізбей, полиметал ертінділері құйылған 
жарықшақтардың қайда екенін ақылмен долбарлауы шарт. Бұл 
енді айтарға оңай әрі мейілінше қарапайым теория. Жә, сонда 
жүздеген шақырымға созылып жатқан Қаратаудың қай сайынан, 
иә етегінен әлгі қуысты оймен шамалап, бұрғы ұшын туралап 
қаайсың? Әлбетте, бұл үшін «көріпкелдік» қабілет қажет. Одан 
да бұрын геологиялық білім мен іздеушілік таным керек. Геолог­
тар тілімен айтқанда, іздегеніңді көкірекпен сезер, кәрі Оралдың 
алтын іздеушілері фарт дейтін «ауыз салымдылық» керек! Кен 
іздеушіге тегінде қыртыстың жаратылысын зерттеп, кейде 
өсімдік түрлеріне қарап, кен белгілері байқалған жердің қойны­
қонышын, терең сайдың қандай жыныстардан түзілгенін де 
ескеруге тура келеді. Көптеген кен орындарының суыр індерінен 
шыққан кентастары арқылы мәлім болғаны – табиғаттың тыл­
сым сырына ақылмен қараудан туған білімпаздық.

Медеу СӘРСЕКЕ
96
Қаныш Имантайұлы бұл өңірді екі жыл шұқшия зерттегенде 
жер қыртысының осы өңірдің дара ерекшелігін жақсы білген. 
«Тұрландағы кен іздеу партиясы биылғы барлауды белгіленген 
мерзімнен бір жарым ай кешігіп бастады. Енді жаздың қалған 
уақытын мейілінше ұтымды пайдаланып, бүкіл жұмысты 
тездетіп орындау қажет, – депті Сәтбаев Қызылорда қаласында 
ашылған Геолком бөлімшесінде істейтін екінші қосағы, гео­
лог Таисия Кошкинаға Мәскеуден 1928 жылдың 4 тамызы күні 
жолдаған хатында. – Әлгінде ғана Атбасар тресінің басшылары­
нан Тұрландағы партияның Түркістанға шығатын жолдан небәрі 
төрт жарым шақырым жерден жаңа кен жүлгесін тапқаны тура­
лы ақпар алдым. Неғылған кен? Бара көремін...»
1929 жылдың күзінде Атбасар тресі тарап, Жезқазғанда Қар­
сақбай, Өспенде Спас мыс комбинаттары ұйымдасып, геолог 
Сәтбаев өз қалауымен Ұлытауда ірге тепкен жаңа өндірістің 
бас геологы және геологиялық бөлімінің меңгерушісі болып 
тағайындалады. Соған орай оңтүстіктегі кен орындарын зерт­
теу Геолком басқармасына жүктелген. Сол міндетті атқаруға 
былтырдан бері екінші қазақ білімпазы Мерғали Қадылбеков 
кірісіп, алғашқы сапарда­ақ сәтті барлаумен шұғылданғаны 
оқырманға мәлім. Байырғы қазақ ортасынан шыққан, оған қоса 
баянауылдық тумалар әрі ағайындас екі геолог барлау алаңында 
кездесті. Қаныш Имантайұлы – аға, Мерғали Қадылбекұлы – іні 
болып (айырмашылығы – тоғыз жас, ал геологиялық тәжірибе 
жөнінен небәрі – екі жыл), халқымыздың киелі жұрты Қаратау 
қойнауынан кен іздеуі – таңғаларлық оқиға! Бұл енді кездейсоқ 
деуден гөрі – көңілді қарадай марқайтатын тамаша іс. Өйткені 
екеуі де жер асты байлығын іздеп, туған елі Қазақстанның 
индустриалды республика атануына қайткен күнде татым­
ды үлес қоспақ игі ниетпен еңбек етер ірі мамандар. Әлбетте, 
сол жазмыштың жазуы әрі тарихи шындық! Демек, Қаныш 
Имантайұлы Қаратаудың қойны­қонышын екі жыл бұрын зертте­
уде көрген­білгені мен ойына түйгенін жасаң әріптесіне бүкпесіз 
ашып, ізденісіне пайдасы тиер ақыл­кеңес беріп, жол­жоба 
сілтегенін шамалау қиын емес. Анығында бұдан кейін екеуінің 
геологиялық ізденістері түйіспеген. Қ. Сәтбаев Сарыарқаның 
кіндік жонындағы Ұлытауда, ал М. Қадылбеков көбіне Алатау 
мен Қаратау қойнауынан кентасын іздеген. Бірақ бірі­біріне 
сүйеу болудан, қолғабыс етуден жаңылмаған. Бұл туралы сөз 
ілгеріде... 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
97
* * *
 Шымкентте салынбақ қорғасын зауытын (бастапқы жос­
пар бойынша ол жылына 60 мың тонна таза металл береді деп 
жобаланған, жедеғабыл салынып, 1934 жылдың қаңтар айында 
өнім берген) 20­30 жылға жететін шикізатпен қамтамасыз еткен 
соң­ақ Мерғали Қадылбекұлы кен қазыла бастаған қос кенішті 
айналсоқтап зерттеуді азайтып, ат тұяғы жетер төңірекке де на­
зарын аударады.
Сөйтуіне геологиялық ізденіс жүйесінің өзгеруі де септігін 
тиіз ген. 1932 жылы Алматы қаласында «Қазполиметалл» атан­
ған кен барлау тресі тыңнан ұйымдасып, М. Қадылбеков сол 
ұжымға жетекші геолог болып қызметін ауыстырған. Бұл болса 
кен іздеуші маманды барлау алаңына жазда ғана шығып, қысты 
сонау Балтық жағалауындағы Ленинградта өткізу азабынан 
құтқарған. Жаңа тресте ол қорғасын кенін іздеуге маманданған 
бағытын өзгертпеген. Өйткені Шымкент зауытын сенімді қор­
ғасын көзімен жабдықтау мәселесі жыл сайын өткірленіп, гео­
логтарға жүктелген міндет бұрынғыдан да зорая түскен. Сон­
дықтан да «алтын шыққан жерді белден қаз» дейтін халық 
мәтеліне сүйенген Мерғали Қаратаудың қойны­қонышынан гале­
нит пен барит кентастарын (қорғасын алынатын минералдардың 
техникалық атауы) іздеуге аса мүдделі болған. Әлбетте, бұл 
қарсаңда ол едәуір тәжрибе жинақтап, ізденіс құпиясының 
кілтипанын оймен болжайтын көкірек көрегендігін сезіне 
бастаған кезі. Кім­кім, кен іздеуші геологтарда сондай сезік бол­
маса, білгір маман атануы екіталай іске айналмақ...
Мерғали геологтың осы жолдағы алғашқы олжасын жұртшы­
лыққа қайыра жария еткен, Қазақстан қауымына танымал жур­
налист Мыңбай Ілес «Егемен Қазақстан» газетінің 1993 жыл ғы 
7 қыркүйектегі санында жарық көрген «Шыңыраудағы шындық» 
деп атаған көлемді очеркін мынадай мәнді естелікпен бастайды...


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал