Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.19 Kb.

бет6/19
Дата08.01.2017
өлшемі7.19 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
«...Қадылбек ағаның әкесі Бейсен ақсақалдың еті тірі, орыс­
шаға да жетік болғанын білетін шығарсың? Сол кісінің өнегесі, 
одан кейін Қадылбек ағайдың балаларын орысша оқытқан үлгісі 
бізге де дарыды. Менің туған жылым – қоян, 1915 жыл. Жас 
күнімнен Баянауылға барып, кісі есігінде жүріп, орыс мектебінде 
сауатымды аштым. Одан кейін Қарқаралыдағы педтехникумға 
барып едім, тұрмыс қиыншылығынан түбегейлеп оқи алмадым. 
1931 жылдың күзінде атақыстауымыздың естияр иесі Қа­
дылбек ағай ұсталып кетті. Артында қалған ағайындарына 
да қысым түсе бастады. Содан, не керек, «есің барда жөніңді 
тап» дегенге сайып, колхоздан безген бір топ ағайындарға еріп, 
Қарағандыға жеттім. Қыр елін жаппай жусатқан аштықтың 
босағаға ентелеп тұрған кезі. Әйтеуір келген бетте­ақ Қоңырат 
руднигіне шарт алып, Балқаш көлінің жағасында салынбақ 
мыс зауытының дүрмегіне қосылдым. Денім сау, күш­қуатым 

Медеу СӘРСЕКЕ
78
тасыған он жеті жасар бозбаламын. Қоңыратта моторист 
кәсібін игердім. Бір жылдан соң, еңбекақыны молырақ төлейтін 
болған соң, Өспен руднигіне ауыстым. Қарағандының іргесіндегі 
ескі кеніш. Ескі болғандықтан сонда істейтін жұмыскердің 
кәсіпкерлігі ілкі жоғары, солардың өнегесі маған да жұқты. 
Мотордың бабын дарылдаған дыбысынан айыратын шеберлікке 
жеттім.
– Нұрғали ағаңызды іздемедіңіз бе?
– Ә дегенде іздегем жоқ, өйткені менен басқа баянауылдықтар 
іздеп барып, жұмысқа орналасыпты дегенді естігенмін. Мен 
өзі жас күнімнен бұйығымын, біреуге ұпай түгендеп жабысуға, 
жұғысуға жоқтау адаммын. Сірә, сол да бөгет болды... Бірақ 
1933 жылдың орта шенінде кеңсесіне іздеп барып, Қарағандыға 
ауысқым келетінін айттым. Нұрекең бетіме тұнжырай қарап, 
«Білімің қанша, Баянауыл мен Қарқаралыда неше жыл оқыдың?» 
деді. Мен «Бар­жоғы бес жыл, балалық жасап, тиіп­қашып 
оқыдым» дедім. Ол кісі жымиып «Енді ақылың кірді ме?» деді, 
мен «Кірген сияқты, үсті­басым күлімсі боп май сасып қашанғы 
жүремін, басқадай бір өнерге үйренсем деймін. Қысқасы, шахтер 
болғым келеді...» дегенімде, ол кісі «Жоқ, ақылың әлі жетілмепті, 
інім. Саған оқу керек, шахтердің үстінен қарайтын техниктер 
даярлайтын техникум бар. Соған түсірейін, тиянақты оқисың, 
ақылың да сонда кіреді...» деп шорт кесті.
– Онысы енді жөн сөз ғой.
– Ақырында солай істедім. Күзге таман Нұрғали ағайым 
қолымнан жетектеп барып, техникумға қабылдатты. Одан 
арғыны өзіңе бұрын да айтқамын. Соғыстан бұрын Украинаның 
Днепропетров тау­кен институтын тәмамдадым. Нұрекеңнің 
ақылын орындап, шахта ісінің инженері атанып, өмірдің асу­
белін осы іспен өткізіп келемін...
– Ту алыстағы оқу орнына қалайша тап болғансыз? Дәм жа­
зуымен деген уәжіңізді естігенмін. Ол енді, ақсақал, иланымсыз 
дәлел...
Ақсақал мырс етіп, бетіме ожырая қарады.
– Жаманқыстаудың бұрынғы иелерін сыпыра ұстап жатқан 
соң сақтық жасап, елден қашығырақ қалада оқығанды жөн 
көрдім. Сөйткенім, сірә, дұрыс болды...
– Нұрғали ағаңыз 1933 жылдың қара күзінде ұсталған. Бұл 
жайында не білесіз?

ШЫҒАРМАЛАРЫ
79
– Білетінім шамалы.
– Сөйтсе де... Заман түзелді, жүгенсіз қиянат атаулы жария 
болып жатыр...
– Естуімше, ол кісіні шатастырған өзіміздің баянауыл­
дықтар. 1932 жылы ол кісі Баянауылдан жаяу шұбырған аш­
тарды құтқару үшін Қарағандыға кіреберіс жолда балалар 
үйін ұйымдастырып, аш­арық жасөспірімдерге арнап асхана 
ашқызған. Детприютке керек қаражатты, азық­түлікті де 
көмір тресінен бөлгізіп, естуімше, ФЗУ мектебіне тиісті бір 
жылдық қаражатты жұмсаған. Оған қоса бір жиында мінбеде 
сөйлеп тұрып, «Қыр елін шыбынша қырған аштықты қолдан 
жасаған Голощекин мен соның жарамсақ көмекшілері неге жа за 
тартпайды? – деп төрде отырған Мирзоянға сұрау қойып, – біздің 
айбары әлей жазалаушы жүйе осы қылмысты неге көр мейді?» 
деу мен іштегі наласын жұртқа естірткен...
– Бұл енді сол күнде саяси қылмыс әрі нағыз ұлтшылдық. 
Қазірше ұлтжандылық.
– Әрине, қылмыс іздегендер үшін – бұлтартпас айғақ! Сол 
сөзді естігендер жағасын ұстапты, бірде­бірі тек қол соғып, не 
мінберге шығып қолдау көрсетпеген...
– Содан беріде Қадылбековтер туралы ештеңе естіген жоқ­
сыз ба?
– Естімегенім – елде болмадым, Украинада оқыдым. Қадыл­
бектердің фамилиясына табу қойылды, есімін атаудан қорық­
қан, әркім бас амандығын тілеген қиын уақытқа тап болдық. 
Менің білетінім осы ғана, Медеу інім».
Тәубе дерлік жайт: сөйтіп «жазалы» болған Нұрғали сорлы 
ту қиырдағы Сібірге емес, Ташкент қаласындағы Ортаазиялық 
еңбек түзеу лагеріне жөнелтілген.
Ойда жоқта «саяси қылмыскер» болып шыққан туысын 
ақтауға жедел кіріскен ағасы Садық та, жоғары білімді екі 
інісі де әділдік талап еткен арыздарын жоғарғы мекемелерге 
қарша боратқан. Үкімет шенеунігі о күнде қылмысты мүсәпірге 
жанашырлық жасамайды, Кеңес сотының үкімі әділ деп са­
найды. Сондықтан да естияр екі Қадылбеков өзара ақылдасып, 
Садық үй ішімен Шымкентке көшіп, Нұрғалидың бала­шағасы 
да жас келіншегімен сол қалаға қоныс аударсын деген мәмілеге 
келеді. Өйткені екі отбасы да Шымкентте тұрып, ұрымтал 

Медеу СӘРСЕКЕ
80
жердегі Нұрғалиға ас­су апарып, қапаста жатқан азаматқа руха­
ни сүйеу болуға тиіс (Нұрғалидың алғашқы қосағы Қараған дыға 
келген жылы опат болып, балдызына үйленген. Үрпе­шүрпе үш 
баласы, үлкені Абылай 1922 жылы туған, екіншісі үш жылдан 
кейін өмірге келген қыз бала, есімі – Роза, кенжесі – 1927 жылы 
дүние жарығын көрген Бекет. Екінші қосағы Гүлжаннан да екі 
перзент сүйген, есімдері – Күләнда мен Жоламан. Екеуі де бірақ 
жастай опат болған). Екі отбасының көш­қонысын, жаңа шәрдегі 
тұрмыс жағдайын оңдауды Мерғали інісі мойнына алады. Ахмет 
әзірше Мәскеуде, тау­кен институтын келесі жылы тәмамдамақ. 
Мерғалидың қызметі Алатау баурайында болғандықтан, үй алы­
сымен шешесі Бибімәрия мен жалғыз қызы Рузиманы Алматыға 
алғызады...
Рузима Қадылбекованың айтуынша, екі үйдің де Шымкентке 
қоныс аударуын жөн көріп, солай еткенше екі ұлына маза бер­
меген сол кезде алпыс жастың бел ортасына шыққан Бибімәрия 
әжесі болыпты. «Мәкіш әжем айтты екен, орындау қажет. Бұл 
енді біздің әулетке ата­бабасынан ауысқан дәстүр. Бейсен атам, 
Қадылбек атам барда да солай болған. Мәкіш әжемнің айтқанын 
бірде­бір перзенті «Жоқ, оныңыз қате» демеген, ұнатпай тұрса 
да, іштен тынып, сол кісінің әмірімен жүріп­тұрған...» деген 
уәжді ол өмірбаяндық жазбасында екі­үш мәрте қайталаған.
Садық пен Нұрғалидың отбасы Шымкенттің шеткергі бір 
тұсынан қозы үйшігіндей жөнең үйді сатып алыпты. Бір тәуірі, 
қазақ мектебіне ұрымтал жерде болған. Гүлжанның аз­маз са­
уаты болғанымен мамандығы жоқ, сол себепті жұмыс таңдауға 
жайы болмай, қалалық ауруханаға санитар болып орналасыпты. 
Келешегін ойлап, кеште оқытатын медбикелік курсқа жазылған. 
Садық қайнағасы қорғасын зауытының металл ағызатын қара 
жұмысына түскен. Оның табысы көп­көрім, қысқасы, екі үйдегі 
бала­шаға ас­судан тарықпаған.
1934 жылдың жазында инженер­металлург дипломын алып, 
Ахмет Қадылбеков те Шымкентке келген. Қорғасын зауытының 
кадр бөлімі бірақ жас инженерді жұмысқа алмаған. Сол ниетінен 
ештеңе өнбесін сезген соң, техникалық сауатты инженер, тех­
никтер керек деген жарнама бойынша, осы қаладағы бірнеше 
өндіріске барады. Солардың бірде­бірінен мардымды жауап ала 
алмайды. Сөйтіп, бірнеше ай бойы біліміне сай жұмыс таба алмай 
текке сенделеді.

ШЫҒАРМАЛАРЫ
81
Таңғаларлық одағай рәсім демеске шарамыз жоқ: осы қаладағы түсті 
металлургия өндірісі іске қосылғаннан бері қорғасын ағызудың жобаланған 
қуатына жете алмай діңкелеп отырса да, кәсіби мамандардың жоқтығынан 
зардап шексе де зауыт басшылары инженер жігіттің қызыл дипломын 
тәрк еткен. Неге? Сөйтсе, 58­баппен сотталған «зиянкестің» туған інісін 
жауапты жұмысқа алмайтын қатаң нұсқау бар екен, оны былайғы жұрт 
білмегенімен, кадр бөлімінде отырған ОГПУ­дің әріпшіл тыңшылары әстілі 
бұзбайды. Демек, жазалаушы органның жасырын жарлығы жоспар орын­
дауды қамтамасыз ете алмаған себептерді ескермеген. Осыдан­ақ КСРО­ға 
стратегиялық мәні зор қорғасын өндіруді көбейтуден гөрі сол іске саяси 
сенімсіз маманды жолатпауды артық көргенін аңғару қиын емес. Кереғар 
тежеудің зиянды екеніне ойланған, талдау жасаған қайраткер болмағанына 
қынжыласың, амал қанша?!.
Шындығында, нақ сол жылдарда Кеңес үкіметі шетелге қыруар алтын 
беріп, жүздеген тонна қорғасын алған. Осы жағдайды қаперіне алмаған 
жазалаушы органның одағай нұсқауына таңғаласың. Таңғала отырып 
солардың білімсіздігінен өрбіген нағыз зиянкестік екенін мәлімдеуге 
тиіспіз. Әсілі сол шектеудің авторы орта білімді Ішкі істер наркомы Ягода 
екенін ескертеміз...
Ақыры неше ай жұмыссыз сандалған инженер­металлург, се­
несіз бе, губерниялық қазақша газеттің әріп қатесін қарайтын 
корректор болып күнкөріс жасапты. 
* * *
 Үш айда бір рет інілері, кейде келіншегі Гүлжан Ташкентке 
барып, тар қамақта отырған шерменде Нұрғалиға ас кіргізеді. 
Кейде соны да қабылдамай әуре етеді. Жылына екі мәрте лагерь 
басшыларына арызданып, неше күн тосып, темір тордың екі 
жағында бірі­біріне мөлие қарап отырып, бет­жүздерін көреді. 
Соған да тәубе дейді. Екі­үш мәрте балаларымен кездесті: он төрт 
жасқа таянған Абылайы естияр бала, мінезі де, түрі де – аумаған 
әкесі, төртбақ, иықты, томырық қалпы да өзін қайталаған, тірі 
жүрсе өз қатарының соңында қалмасы анық, тек өзінің мына 
кіріптар жағдайы оның мінез­құлқына теріс әсер етпегей деп 
те қынжылады; ал Розасы он бір жаста, мөлдіреген қара көзі, 
жұмыртқадай аппақ бет ажары, қылтасына түскен толымды 
шашы, бойшаңдығы да сұлу анасы Сақыпжамалды айнытпай 
6­247

Медеу СӘРСЕКЕ
82
қайталаған, қызын көрген сайын сорлы әкесі «Менің осы қарагөз 
бойжеткенім кімге бұйырар екен, кімнің отбасын қуанышқа 
бөлейді?» дегендей сұқпен қарап, тіл­көзім тасқа деп сүйсінгенін 
жасыра алмай қатты қиналады; ал кенжесі Бекет – небәрі тоғыз 
жаста, үйдегі күтімі нашар ма, әлде буыны қатпаған баласы 
өзін сағынатын сияқты, туған анасын ол білмейді, жас күнінде 
жетім қалды. О да сәбидің уыз жүрегіне түскен кінәрат, қалайда 
кенжесінің жүдеу жүзін, шынашақтай боп ілмиген, боп­боз түрін 
көрген сайын әкесі шарасыз жайына қамығып, тағдырдың ауыр 
соққысына лағынет айтып іштей қорынады, көзі алдында жоқ, 
есімдері де белгісіз дұшпандарына кіжініп, тісін шықырлатып, 
жұдырығын түйіп, әлдекімнен өш алғандай болады... Амал 
не, жуандығы білектей темірден өрілген тордың тар қуысына 
қолын созғаны болмаса, қарсы алдында көздері жасаурап, өзіне 
имене қарап тұрған үш қарғасын құша алмағанына да налиды. 
«Шыдаңдар, құлыншақтарым, әділдік жеңеді, үкімет басшы­
ларына жазып жатырмын, бостандыққа шығамын. Ал сендер 
оқуларыңа уақып болыңдар. Қадылбековтер үздік оқыған. Сен­
дер де сөйтіңдер!..» – деп зорлана жымиып, өзін де, балаларын да 
жұбатқан болады.
Кіріптарлық жағдайдағы ілдебай тірлікпен екі жыл өтті.
1936 жылдың күзінде кезекті жолығуға келгенде үй іші 
Нұрғалиды Орта Азия лагерінен таба алмайды. Лагерь кезекшісі 
алдындағы папканы қарап: «Кодаленко бізде жоқ, басқа лагерь­
ге жөнелтілген. Тиісті жерге барған соң тұрағын өзі хабарлай­
ды...»  –  деп, балалары әкелген азық­түлікті қабылдамай кері 
қайтарады.
Шымкентке сүлдерін сүйретіп әрең жеткен кіші Қадылбе­
ков тер өздері тап болған жұмбақ жағдайды Мерғали ағасына 
хабарлайды. Садық пен Ахмет жазалаушы органның жергілікті 
өкілдеріне сұрау жолдайды: қайда, не үшін? Тірі адамды неге 
жасырасыңдар?.. Бірде­бірінен бірақ жөндем жауап алмайды. 
Түсініксіз жағдаят. Басқа лагерьге ауыстырылса, қалайда бір ха­
бар келер еді. Сірә, тағы да бір қылмыс байлады ма? Мүмкін емес. 
Лагерьде отырған тұтқын қалайша қылмыс жасайды? Жасамаса 
тіл­ауызға ие, сауаты да бір басына жетіп­артылатын тірі пенде 
неге үнсіз жатады?.. 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
83
VII
Хат­хабар тосумен күз өтеді. Жерге қар түседі. Күні­түні 
жылаулы бала­шағасы «Әкетайлап» зар қағады. Інілерінен де 
ұйқы қашады. Жасы жетпіске еңкейген Бибімәрия анасы: «Қар­
тайғанда көрешегім осы ма еді? Кімге не жаздым? Елім деп 
еңіреген азамат ұлым кімге жақпады, нендей қылығы үшін осын­
шама қорлық көреді? Менің жазығым не?..» – деп те көз жасын 
төгеді...
Бірақ сорлы ананың зарын құлағына ілген пенде болмайды.
Не істерін білмей жаны жүдеп, ақыл­ойы азып үйінде жал ғыз 
өзі отырғанда, күндізгі мезгіл екен, 1936 жылдың қазан айының 
аяқ шенінде, Алматыдағы Дзержинский көшесіндегі 58­үйдің 
қоңырауы шылдырлап, есіктің шынжырын ағытпай, жарты­
лай ғана ашқан анаға: «Бибімәрия апа, сізді іздеушімін, есікті 
ашыңыз...» – деген ер адамның көмескі үнін естиді. Сегіз жасар 
немересі Рузиманы мектепке жіберіп, даңғарадай үш бөлмелі 
үйге сыймай отырған ана өзінің есімін бадырайта атаған бейтаныс 
жанның сөзіне елең етіп, жүрегі дүрсілдеп, есікті айқара ашады. 
Ер адам қаратаяқ зиялылар тобынан сияқты, галошын шешіп, 
сырт киімін босағаға іліп, ортаңғы бөлмеге кіреді. Бәйбіше оны 
Мерғалидың кезбе кәсіптегі жолдастарының біріне ұқсатады. 
Далалық саяхаттан қайтқан әріптестері кентасқа толы дорбала­
рын арқалап келіп, әредік соғып тұратын­ды. Алайда мына аза­
мат оларға ұқсамайды, үстел шетіне жайғасты да тыныш отыр. 
Кім екенін, неге келгенін де түсіндірген жоқ. Жүрегі күпті ана 
содан да күдіктенді. Бірдеме деуге тек көңілі дауаламады. Не 
десе де өзінің бастауын күтті.
– Апа, мені танымайсыз, Сырдария губерниясының прокура­
турасында Нұрғали балаңызбен бірге істеген досымын...
Бейтаныс азамат даусы дірілдеп, төмен қарады. Үні де көмескі 
шықты.
– Е, айналайын, Нұрғалидың жолдасы болсаң – білгеніңді айт, 
қарағым. Добалдай азамат ұлымды күн жарықта жоғалтып алып, 
ақылдан адасып отырмын, алжасудың аз­ақ алдындамын. «Жүзі 
жылыдан түңілме» деген, не білгенің бар, қарағым? Нұрғалиым 
қайда, тірі ме?
Жігіт үндеген жоқ, ананың өзіне телмірген көзінен жасқанып, 
төмен қарады.

Медеу СӘРСЕКЕ
84
– Апыр­ай, неге үндемейсің? Нүкіжаным тірі ме?
– Балаңыз Алматыда, апа. Мына үйіңізден таяқ тастам жерде, 
үш күн бұрын көрдім...
– А, не дейді?! Рас па? Таяқ тастам жерің – осындағы түрме ме? 
Жүдемеп пе? Алматыға әкелсе жұмысын қайта қарап, біржола 
босайтын шығар? Тірі пендеге қастығы жоқ, өкімет жұмысына 
адал адамды нақақтан айыптауды түзететін бір төре табыла­
тын шығар... – Бейтаныс мейман басын шайқады. Көзін ыстық 
жас буған байғұс ана оны сезген жоқ. – Мерғали інісі үнемі дала 
кезетін ығыр жұмыста, бүгін­ертең үйге келеді. Ағасының зым­
зия жоғалғанына ақылы азып, жүдеп жүр. Мына хабарың бізді 
ауыр қайғыдан құтқарды. Рақмет, қарағым! Жолдасы екенсің, 
азаматтық жасадың! Ас­су дайындап берсем, апарып бересің бе? 
Өзің хұқымет қызметкері боларсың?..
Көз жасын көлдетіп отырып, іштегі шер­мұңын ағытқан сор­
лы ананы тежемесе – әлі де талай жерге баратын сияқты. Бейта­
ныс азамат сол гәпті ұққан соң­ақ күмілжуді доғарып, жан досы 
тап болған қиын жағдайды естіртуді жөн көрді.
– Апа, апатай, бекініңіз! Бұл тілегіңізді орындай алмаймын. 
Нұрғалиыңызға енді ештеңе керегі жоқ. Қу жаны жай тапты...
– А, не дейсің?! Сығыр құдай, менен алғаның аз еді, тағы 
бір құлынымды жаусатқанбысың?! Не дедің, қарағым? Рас па? 
Қашан, қай күні демі үзілді баламның? Неге, кімнің отына түсіп? 
Ұзында өші, қысқада кегі жоқ, арыстандай айбатты, жолбарыс 
жүректі құлыным түрменің қараңғы нарында жантәсілім болды 
ма?..
Мосқал жастағы жігіт әрлі­берлі қозғалақтап, әлдене айт­
қысы келгендей тамағын кенеді. Бірақ үні шықпады. Кеше кеш­
те кезекті қинаудан соң досының миына қан құйылып, мерт 
болғанын көрген сәтте өзі де осындай қапалы күй кешкен­ді. 
Прокурорлық бақылау жасау құқығымен бұрнағы күні Орталық 
түрменің жер астындағы карцерін ашқызғанда, ыстық еден­
де қол­аяғы бүрісіп жатқан Нұрғалиды көріп, үстіге шығарып, 
дәрігерлік жәрдем беруді ықтияттаған. Бет­жүзін көрмесе де досы 
өзін шырамытқан тәрізді, әлдене демек болып ұмсына қарағанда, 
теріс айналып, тергеушіге жекіп: «Бұл найсапты әуелі емдеп, 
есін жиғыз. Өйтпесең аса ділгір куәден айырыласың. Ұқтың ба, 
дәрігер шақырт! Хал­күйін түзе, тергеуді содан кейін қайтадан 
бастайсың!..» – деп нығарлап сөйлеп, нұсқау берген­ді. Ақыл­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
85
есі мәңгу досы жанашырлық көмек жасап тұрғанын ұққаны 
анық. Сұңғыла ойлы азамат содан кейін өзіне еміне қараған жоқ. 
Досының шама­шарқы шектеулі екенін білген тәрізді. Содан қу 
жаны маза таппай, кеше кеште тергеушілер отыратын жабық кор­
пусқа қайыра барды. Республикалық прокуратурадағы қызме­
ті – заң бабының бұзылмауын, жауапқа тартылғандардың хал­
күйін бақылау. Қағаз жүзінде солай делінгенмен, шын мәнінде 
жанашырлықпен қадағалау емес, болған оқиғаны тіркеу ғана. 
Бұл жолы да содан аса алмады: тұтқынға ешқандай дәрігерлік 
көмек көрсетілмеген, ыстық карцерден құтылып, камерада жа­
тып есін жиған кезде тағы да тергеліп, түрме жендеттерінің 
кезекті соққысынан өлім құшқанын оймен білді...
Жантәсілім болғаны жайында дәрігерлік актіні қолына ал­
ғанда, «Тұтқын Н. Кодаленко миына қан құйылудан опат болды» 
деген анықтаманы көзі бұлдырап, неше мәрте оқып, әрең ай­
ырды. Басын шайқап, қанішер тергеушіге: «Мен саған бұрнағы 
күні ескерткемін, сірә, не істегеніңді білмейсің, өте маңызды 
айғақтар беретін куәгерді өз қолыңмен құрттың, найсап! Демек, 
сен өзің де мына қылмыскерден асқан зиянкессің!..» – деп, тағы 
бірдемелерді қыстыға айтып, тергеушіні кабинеттен қуып тас­
тап, іске тіркелген тергеу хаттамаларын ақтарды. Соларды шола 
оқып, Нұрғалиды соншама қинаған себепті оймен шамалады: 
«Кімдермен сыбайлас болдың, өзіңді жасырын ұйымға тартқан 
Мәскеулік қорғаушыңнан қандай тапсырмалар алдың, оларды 
қалай және кімдердің көмегімен жүзеге асырдың? Ең алдымен 
соны айтасың. Бұл бір, екінші... Қазақстанда сол ұйымға кімдер 
қатысты? Түрксіб басқармасына, одан кейін «Қарағандыкөмір» 
басқармасындағы жауапты қызметке қалайша тағайындалдың? 
Кімдер саған қол ұшын берді?..»
Байқауынша, қайсар досы қаншама азап шексе де ежелгі 
қайсар болмысынан айнымапты. Тергеушінің: «Жаныңды сақтар 
бірден­бір жол осы, кінәңді мойында, жау топтың белсенді мүшесі 
болғаныңды, оны кім басқарып, кімдердің қатысқанын түп­түгел 
айт. Сонда ғана саған кешірім болады, бұрынғы жылыңа аздаған 
жыл қосасың, бірақ атылу бабынан құтыласың. Күндердің 
күнінде кешірім алып, бостандыққа шығасың...» – деген айла­
шарғысына көнбей, өзімен қызметтес болған достарының бірде­
бірін қараламай: «Ешқандай жау топты білмеймін, жапонға да, 
қытайға да қызмет еткем жоқ, Кеңес өкіметінің адал қызметкері 

Медеу СӘРСЕКЕ
86
болдым. Партия жолынан ешқайда ауғамын жоқ...» – деген жа­
уаптан Нұрғали сабаз жаңылмапты. 1936 жылдың қазан айының 
бірі күні арнайы күзетпен Ташкенттегі лагерьден Алматыға 
әкелініп, бір ай бойы күні­түні, кейбір тәулікте 18­20 сағат 
жүрген тергеуде сол сөзінен айнымаған қалпы көз жұмыпты. Іс 
қағаздарынан ағасына жазған хатын да кезіктірді: «Садық, мені 
«халық жауы» деген өтірік жалаға ешқашанда сенбе. Уақыты 
жеткенде тарих мені ақтайды. Өздеріңді сақта, менің үш қарғама 
қамқоршы бол! Соры бес батпан пұт Бибімәрия анамызды 
күтіңдер. Бұл – менің қоштасу сөзім!..» Бір тәуірі, латын әрпімен 
жазылған сол хат іске тіркелмеген. Көрген сәтте­ақ қалтасына 
сүңгітті...
Кеудесін кернеген өксіктің бәрін болмаса да кейбірін шым­
шымдап шығарып, сорлы ананың түйсігіне жеткенін көрген соң 
прокурор жігіт соңға сақтаған ойын да бүкпеді.
– Апа, сіздің ақылыңыздың кемел, заман аужайына сабырмен 
қарайтын естияр кексе екеніңізді білемін. Сіз жайында балаңыз 
маған Қызылордада жүргенде талай кеш сөз еткен. Сондықтан 
да қаралы хабарды оңаша отырған кезіңізде келіп, өзіңізге ғана 
естіртіп отырмын. Осы жайтқа сіз мән бере қараңыз. Бала­шаға, 
келін­кепшіктерге бұл жаманатты сездірмеңіз, жарай ма? Олар 
тегінде «Тау тұлғалы көкеміз тірі, әділдік жеңген күні қайтады» 
деген сеніммен өмір сүрсін. Сөйтетін болса немерелеріңіз, 
Нұрғалидың үш қарғасы өмірден түңілмей, әлдекімге кектенбей, 
салауатты өмір сүреді. Бұл бір. Екінші, менің осы жаманат хабар­
мен сізге келгенімді бірде­бір тірі пендеге, тіпті балаларыңызға да 
айтпаңыз. Өйтетін болсаңыз, жаман айтпай жақсы жоқ, мені де 
құртасыз. Менің қызметім қиын, маған да амандық керек, бала­
шағам бар, сізге мен Нұрғали досымның рухына адалдығымды 
көрсету үшін келдім, түк білмегенсіп ішімде сақтауға, апатай, 
дәтім жетпеді.
– Жарайды, құлыным. Уәде! Айтқаныңды ұқтым, сенен 
естігенді ішімде өлтіремін...
– Иә, сөйтіңіз, апа! Енді үшінші тілегімді айтайын. Нұрға­
лидың ісінен мен сіздің атыңыздан жазылып, шарқ ұрып із­
ден ген арыздарды көрдім. Балаларыңызға ескертіңіз, апа, аға­
сын енді тірілте алмайды. Ал әділдік іздеп қуынар болса өздері 
тұтылады. Мен істейтін кеңседе аяушылық жоқ, «Мына шір­
кіндерді бостандықта қалдыру қауіпті екен» деп, оларды да ша­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
87
лады. Ұқтыңыз ба? Ал мына Нұрғалидың қоштасу хатын әлдекім 
есікке қыстырып кетіпті деңіз, не болғанын олар осыдан­ақ бол­
жайды...
– Тағы не айтасың?
– Болдым, апатай, маған енді қош деуге рұқсат етіңіз, жұмыс 
адамымын...
– Жарайды, сені осындай қамкөңіл етіп жаратқан ата­анаңа 
рақмет, қарағым! Құдай жолын оңғарсын деп тілеушің боламын, 
ныспың кім, қай елдің баласысың?
Прокурор жігіт қипақтап, қайғы жұтып егіліп отырса да ес­
тілік аңғартқан қарияға өтірік айтқысы келмей, тура сөзге көшті.
– Абдолла деген кісінің баласымын, апа. Есімім – Әмір жан, – 
дейді. – Әлгінде келістік, апа. Менің есімімді, қызметімді, ар­
найы келгенімді ұмытыңыз!..
– Ұмыттым, балам. Аман­есен жүріп ұзақ жаса, бала­шағаң­
ның игілігін көр!..
Бибімәрия Бөлекбайқызы 1960 жылға дейін, яки жасы тоқ­
саннан асып, өмірмен қоштасар уақыты жақындағанда ғана 
өзін бағушы немересі Рузимаға ішінде сарғайып жатқан жа­
манатты ашып: «Нұрғалиымды күтпеймін, жұлыны үзілгенін 
1936 жылдың қара күзінде бір досынан естіп, ауыр қайғыны сол 
азаматқа берген уәдемді сақтап, жалғыз өзім көтердім...» 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал