Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.19 Kb.

бет5/19
Дата08.01.2017
өлшемі7.19 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
«...Мен 1928­1931 жылдарда Нұрғалимен бірге қызмет іс­
тедім. Бұрынғы Қарқаралы уезіндегі болыстар қысқартылып
солардың бірнешеуінен аудандар ұйымдасқан кез. Солардың 
бі рі – Қарқаралыға ұрымтал жерде ұйымдасқан Берікқара 
ауда 
 
ны, орталығына Милыбұлақ елді мекені белгіленді. 
Н. Кодаленко сол ауданға райисполкомның председателі бо­
лып сайланды. Ал мен сол елдегі райколхозсоюзда нұсқаушы 
болдым. Нұрғали тө 
раға 
лық еткен ауатком мәжілістеріне 
та лай  рет  қатынас тым,  – депті Даниял ақсақал естелігін­
де. – Ауыл шаруашылығының сол кездегі ең күрделі мәселесі – 
шабындық жерлерді кедейлерге бөліп беру. Нұрғали осы шаруа­
ны өзі басқарып, шұрайлы жерді бөлгенде әділдікті қатты 
сақтады. Кейбір басшылар құсап малға жайлы, егістікке қо­
лайлы жерді өз руының адамдарына, иә тамыр­таныстарына 
бұрмалаған жоқ. Партиялық принципке сүйенді. Соңынан әлгі 
жерлерге батырақтардың басын қосып, серіктес артельдер 
ұйымдастырды, бертінде солар «Қуаныш» және «Жәнібек» кол­
хоздары атанып қайта құрылды. Әлеуметтік жұмыстарда, 
әсіресе әйел теңдігін сақтауда да ол қара қылды қақ жарған 
әділдіктен айныған жоқ. Жадымда сақталған тағы бір игі 
ісі: серіктес ұжымдар орналасқан, адам саны молырақ ауыл­
дарда школдар ашып, мұғалімдер тауып беріп, жасөспірім 
балалардың оқуына жағдай туғызды. «Саужой» ұранын қызу 
қолдап, үлкендердің сауатын ашатын курстар ұйымдастырды. 
Бұл істі тіпті белсендірек атқарды. Тегінде ол өзі бастаған 
шаруаны тындыра білетін азамат еді. Ақырында сондай игі 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
63
істерімен көзге түсіп, 1930, әлде 1931 жылы ма, нақты мерзімі 
есімде жоқ, «Қарағандыкөмір» тресіне жауапты жұмысқа та­
ғайындалды...»
Нұрғали Қадылбекұлы 1931 жылдың басында Мәскеуге екін­
ші рет жедеғабыл шақырылған. Шақырушы – КСРО үкіметінің 
төрінде отырған Тұрар Рысқұлов.
1920­1930 жылдар аралығында тыңғылықты және жан­жақты жүрген 
геологиялық барлау Қарағанды көмір бассейнінің күш­қуаты ересен зор 
екенін шүбәсіз анықтаған (Ресей КП(б) ОК­нің Қарағанды көмір бассейнін 
жеделдетіп игеру туралы қаулысы 1931 жылғы 16 тамызда қабылданған). 
Осы уақытқа дейін шағын шахтылардан там­тұмдап алынған (1930 жылы 
небәрі 30 мың тонна) көмірдің көлемі бес жылдан кейін 2360 мың тоннаға 
жетіп (яғни, 78,5 есе көбейіп), жылулық қуаты 7000­8500 ккал/кг шама­
сында әрі кокстелетін қасиетке ие таскөмір өндірген (Қарағанды бассейнінің 
27 шахтысы соғыстан бергі жылдарда жыл сайын 48 миллион тонна сапалы 
көмір беретін қуатқа көтерілген).
Бұл енді – жомарт табиғат Қазақ даласына сый еткен қисапсыз мол 
байлық. Сондықтан да оның қызуы аса күшті, кокстелетін таскөмірін 
Жезқазған мен Балқаштың мыс алыптары, кәрі Оралдың ірі өндірісі – Маг­
нитогор, Шығыстағы Кузнецк және өзіміздің Теміртау металлургия ком­
бинаттары керегінше пайдаланып, мыс пен болат бұлағын ағызып келеді. 
КСРО үкіметі Қарағанды көмір ошағының зор мүмкіндігін білген соң­ақ оны 
игеру жобасын жасатып, сол үшін қажет шаралардың бәрін де ойластырған.
Шындығында Қарағанды көмір ошағын игеруге әзірлік Түрксіб салына 
бастаған кезде­ақ тыңғылықты жүргізілген. Мысалы, Петропавл – Көкше­
тау – Бурабай темір жолы 1927 іске қосылып, іле­шала Бурабай – Ақ мо ла – 
Қарағанды магистралын салуды бастап, 1931 жылы пайдалануға беріл ген. 
Соған ілесе жүрген екінші құрылыс – Қарағанды ошағындағы тұрғын үй­
лер: 1930 жылға дейін онда ағылшын концессионерлері мен орыс көпестері 
тұрғызған барактар, жерүйлер әр жерде қалқиып тұрған; кеңестік заманда 
соларға Ескі және Жаңа Қарағанды қалашықтары, Майқұдық, Үлкен Ми­
хайловка, Федоровка аталған елді мекендер жедеғабыл тұр ғызылып, Дон­
бас пен Кузнецкіден, орталық Ресейден үкімет жүктемесі бойынша жүз­
жүздеп көмекке келген шахтерлер мен кенші мамандарды қабылдаған. 
Сол қарсаңда социалистік жаңа қалашықтың (Соцгородок делінген) іргесі 
қаланған. Негізгі жұмыс қолын жергілікті тұрғындардан әзірлеу де сол 
кезде жобаланған. Саяси бюро бекіткен қаулы бойынша, Сталиндік екінші 
бесжылдықта тыңнан іске қосылатын көмір шахтылары мен жер бетіндегі 

Медеу СӘРСЕКЕ
64
қосалқы шаруашылықтарда 50 мыңдай жұмыскер еңбек етуге тиіс. 
Қарағанды көмір ошағын игеру жұмысы ІІІ бесжылдықта одан әрі өрістеп, 
Орталық Қазақстанның кіндігі саналатын орталықта Жаңа Қарағанды 
қаласы бой түзеп, онда жүз мыңнан астам халық тұрмақ (1939 жылы осы 
қалада 155 мың тұрғын болып, қала құқығын иеленген шахтерлер мекені 
сол қарсаңда құрылған облыстың әкімшілік орталығына айналғаны – 
кешегі өмірдің ертегі тәрізді таңғажайып шындығы!
Сенесіз бе, оқырман, Қарағанды көмір ошағын тездетіп иге ­
ру 
ге жобаланған қыруар шараларды КСРО үкіметі атынан 
басқа руға, белгіленген мерзімде жүзеге асуын қадағалауға тағы 
да Тұрар Рысқұлов тағайындалып, яки «Қазақстанның жағ­
рафиялық ерекшелігін әрі жергілікті халықтың тілі, ділін, өмірін 
жете білетін большевикке» сенім білдірген. Аңдауымызша, 
И. Сталин партиялық жұмысқа тартқан серіктері ғана емес, 
мемлекеттік жұмысқа жер­жерден шақырған ұлт кадрларының 
қолынан не келетінін, іскерлік қабілетін де жақсы білген. 
Сондықтан да ол өзі сенген адамдарға аса мәнді, үлкен шаруалар­
ды тапсырып, сол істі билеп­төстеуден қолын қақпаған. Тегін­
де бұл – оның бірегей басшылық кемеңгерлігі. Көшпелі елдің 
орта 
сынан шыққан, қарапайым коммунист, орта деңгейдегі 
білімімен өз тұрғыластарының алдынғы легіндегі қазақ азаматы­
на осыншама міндет артуы, біздіңше, Иосиф Виссарионовичтің 
кемел ақылы мен көрегендігі демекпіз (Рас, дара кемеңгердің 
сол қайраткерлерді қолайына жақпаса жер жастандырған иман­
сыздығын да ескертуге мәжбүрміз).
Шынында да Тұрар Рысқұлұлының шалымды тұрпаты мен, 
ешкімнен қаймықпайтын турашылдығымен де мемлекеттік ірі 
қайраткер деңгейіне көтерілгені – даусыз ақиқат. Түрксіб жо­
лын жобаланған мерзімінен үш жыл бұрын тапсыруға мұрын­
дық болғаны, әлбетте, оның беделін бұрынғыдан да көтеріп, 
сірә, Қазақстанда жүзеге аспақ екінші алып құрылыстың жа­
уап кершілігін жүктеуге түрткі болған. Ұлт жанкүйері Тұрар 
қайраткер бұл міндеттен де бас тартпаған, қайта ел мерейін 
көтерер, республика экономикасын алға сүйреп, индустрия­
сы озық жұрттар қатарына жеткізер игі іс деп, соны орындауға 
құлшына кіріскен. Кіріскен соң­ақ сол кезде ұйымдасқан 
«Қарағандыкөмір» басқармасын (кейіннен трест атанған) аяғы­
нан тік тұрғызатын іскер карларды таңдау мәселесімен шұғыл­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
65
данған. Әлбетте, алғашқы кезекте басқарма жетекшілігіне жер 
астынан көмір қазу технологиясын жете білетін маман іздеп, 
ақырында соған донбастық инженер Горбачевті шақырған (бұл 
таңдаудан да Тұрар қайраткер қателеспеген: Донбас шахтері 
іскерлігімен, жер астындағы жұмысты жақсы білетіндігімен, 
әсіресе жергілікті қазақтар ортасынан кәнігі шахтерлер тобын 
ондап, жүздеп тәрбиелеумен үлкен беделге ие болған. Қараған­
ды да XX ғасырдың аяғына дейін Горбачев атындағы шахты жұ­
мыс істеді). 
«Қарағандыкөмір» басқармасы жетекшісінің орынбасар 
лы 
­
ғына Тұрар Рысқұлұлы Түрксіб құрылысында ұйымдасты 
ру­
шылық қабілетімен танылған Нұрғали Қадылбековті ұсынады. 
Рузима Қадылбекованың айтуынша, үкімет мүшесі Тұрар мен 
Нұрғали ағасы (екеуінің жас айырмашылығы – небәрі екі жыл, 
Рысқұлов 1894 жылы туған) Мәскеуде кездескенде Қарағандыда 
атқарар міндеті мен ел тірлігі жайында ұзақ әңгімелескен. Бұл 
әңгімені оған Садық ағасы айтқан. Өйткені Садық Қадылбек­
ұлы Бейсенов те інісі көмір басқармасына екінші басшы болып 
тағайындалғанда Баянауылдағы жұмысын тастап, үй ішімен 
әрі шешесін алып, Қарағандыға қоныс аударған. Алғашқыда 
Майқұдыққа ұрымтал елді мекенде мұғалім болып істеген. 
Алайда бала­шағасын асырай алмайтынын білген соң, ұстаздық 
кәсіпті тастап, 1932 жылдың жазында жер астындағы жұмысқа 
түскен. Демек, бастық інісімен ол 1931­1933 жылдары ірге айыр­
май, бір қалада тұрған...
– Қазақтың ежелгі тірлігі таяу күндерде түбірімен өзгереді. 
Көкірегі ояу, көзі ашық азаматсың, Нұрғали замандас, сол 
өзгерісті тас түйін қарсы алуға дайын бол!.. – деп қайраткер 
Тұрар өзін күпті еткен саяси мәселенің жай­жапсарын аша 
сөйлепті. – Бұл науқан ірі байлардың малын тәркілеп, кедей­
кепшікке үлестірумен басталды. Ғасырлар бойы қазақты асырап­
сақтап келе жатқан төрт түлік малдың қаншасы қазынаға кетіп, 
қаншасы елде қалды? Оның нақты есебін қазірде ешкім де айта 
алмайды...
– Мен істеген Берікқара ауданында бұрынғы малдың көп де­
генде бестен бірі ғана сақталғанына куәмін, Тұреке. Мал бөлісте 
қолына тиген бірді­екілі қара мен ұсақ малды Алла сыйлаған 
олжа санап сойып алып, Кеңес үкіметі кедейді өлтірмейді деп, 
қолын қусырып қарап отырған ашықауыздар қыр төсінде әзірше 
5­247

Медеу СӘРСЕКЕ
66
жеткілікті. Сол шіркіндердің басын қосып, ортақ қожалықтар 
құрумен мен екі жыл әуре болдым. Жер бөлістің күн сайынғы 
дауы мені қатты титықтатты. Бірақ бітіргенім шамалы...
– Жазға салым жағдай мүлдем қиындайды. Жеке қожалық­
тарға тыйым салынып, қыр елінің қолындағы малды, жер­
суды ортақтасу науқаны басталады. Турасын айтшы, жетпіс 
жыл бойы азын­аулақ малымен күн көріп, балаларын асырап 
әрі оқытқан кәрі әкең соны түп­түгел колхозға өткізіп, ортақ 
қазанға телміруге көне ме?.. – Жеделдес әріптесінің әлденеге 
күмілжіген кейпін аңғарған Тұрар Рысқұлұлы күпті сұрауының 
жауабын да өзі айтыпты. – Көнбейді! Демек, жер­жерде соған 
наразылық білдірген дүмпулер басталады. Оның аяғы немен ты­
нарын құдай білсін... Жә, ортаға түскен мал бұрынғыдай өсіп­
өне ме, әлде ысырапқа тап бола ма? Оны енді бір Алладан өзге 
ешкім білмейді. Ортақ шаруашылық құрып, колхоз болып өмір 
сүруге үйренбеген қыр қазағы «Аспан асты кең, күрекке боқ та­
былады» деп беті ауған жаққа босуға түссе, құдай тағала оның 
бетін әрі қылсын, екеуміз туып­өскен кең далада жан иесі қала 
ма, болжау қиын... 
Нұрғали тіксініп, үкімет мүшесіне сұстия қарайды. Үрейлеге­
ні сонша, ә дегенде ләм­мим деп ештеңе демепті.
– Жә, тоқетерін айтайын, Нұрғали, биылдың өзінде сенің 
қара мағыңда 30­40 мың жұмыскер болады. Қужақ
*
 сенің кан­
дидатураңды ұнатпады, дөрекі, әпербақан, өзімшіл дегендей сыл­
таулар айтып, айтқанынан шықпайтын, «Ләппай, тақсыршыл» 
можантопай біреулерді тықпалады. Ал мен сені дұрыс көріп, 
үкімет төрағасы Нұрмақов пен басқарма бастығы Горбачевті 
дегеніме көндірдім. Сенімді ақтайтыныңа шүбәм жоқ. Бірақ 
есіңде болсын, сенің сүрінуіңді тілейтін көрсеқызарлар елде аз 
емес. Жә, әлгі мәселені неге сөз еткенімнен ештеңе ұқтың ба? – 
деп кабинет иесі бетіне қарайды. 
Нұрғали да ағынан жарылған қайраткердің сұсынан қай­
мықпай:
– Тұреке, түсіндім ойыңызды. Қырық мың жұмыскерді 
қиналмай табатыныма кәміл сенімдімін. Колхозды әзірейіл 
көріп, қырдан босқандарды Көмір басқармасына кедергісіз қа­
былдап, шахтерлік кәсіпке жегуге тиіспін. Сөйтермін­ау, Тұреке, 

Қазақ қайраткерлерінің әпербақан Ф.И. Голощекинге қойған лақап аты. 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
67
бірақ 30­40 мың адамды жұмысқа алғаным Қарағандыға жан­
жақтан құйылған қалың қазақты құтқара ала ма? Қазақ шаруа­
сын ортақ шаруашылыққа біріктіруді науқан жасамай, біртіндеп 
икемдеу керектігін бұл жақтағылар білмесе, елдегі басшылар 
түсіндірмей ме?..
Нұрғали даусын әнтек көтеріп, ашына сөйлейді. Кабинет иесі 
қабағын түйіп, қызыл сукно жабылған үстелдің бет тақтайын 
тықылдатады.
– Кім? Қайта жүз процент орындаймыз деп жаппай жінік­
ке нін көреміз әлі­ақ! Бұл мәселені екеуміз түзете алмаймыз, 
ал содан туатын науатты қолымыздан келгенше жеңілдетуге 
міндеттіміз! Алдыңа жұмыс сұрап келген босқын қазаққа сен 
жанашыр көзбен қарауға тиіссің, саған мен осы жайтты ес­
кертіп отырмын. Иә, Қарағандыға биылдың өзінде Донбас 
пен Кузнецкіден бір мыңдай кәнігі шахтер жібереміз, өзгесін 
жергілікті тұрғындар ортасынан тауып, жаңа кәсіпке баулиды 
деген жобаны, міне, қолыңа ұстатып отырмын... – деп үкімет 
мүшесі сөзін түйеді.
Нұрғали да жан­жүйесі елжіреп:
– Тұреке, тура солай істеймін! Өзіңіздей сеніңіз! Туған хал­
қымның амандығы – менің де, сіздің де амандығыңыз! Елім үшін 
жан пида!.. – дейді.
Нұрғали Қадылбеков «Қарағандыкөмір» басқармасы жетек­
шісінің кадр жөніндегі орынбасары болып 1931 жылдың қаң­
тарынан 1933 жылдың 6 қазанына дейін табан аудармай істеген. 
Шамалап айтқанда, бұл – үш жылдай уақыт. 
* * *
 
Голощекиннің үстелді жұдырықтаған ызбарымен, бәріңді 
«контр» етіп құртамын деген айғайымен жүзеге асып, мал­
мүлікті ортаға салғызып, «көгенде қозы, желіде бұзау, қорада 
аша тұяқ қалмасын» талабымен жүрген науқанда қыр елінен 
жинатқан мыңдаған тонна мал етінің орталық қалаларға жетпей 
рәсуа болғаны бірсәрі, қолындағы төрт түлігінен айырылған қыр 
қазағы 1932 жылдың алғашқы айларында­ақ ұрымтал жердегі 
қалаларға жаяу шұбыра бастаған. Көпшілігі бірақ діттеген же­
ріне жете алмай, айдалада жер жастанған. Сол науатта 3­3,5 мил­
лиондай қазақтың опат болғаны – қазірде айғақтармен бекіген 
шерлі дерек...

Медеу СӘРСЕКЕ
68
«Қарағандыкөмір» басқармасының кадр бөлімінің жұмы­
сы сол жылы ерекше «жеңілдеп», тыңнан ашылған шахтылар 
мен қосалқы шаруашылықтарды жұмыскер қолымен керегінше 
қамтамасыз еткен. Кеңсе есігін ашық ұстасаң болды: қолына 
күрек ұстауды тілеген аш босқындар контордың алдында таң 
жарығынан мың­мыңдап кезекке тұрып, қандай жұмыс ұсынсаң 
да – Алла тағаланың жарылқауы деп қуана атқарған...
Бір жайтты өкінішпен мәлімдеуге мәжбүрміз: Нұрғали Ко­
даленконың көмір басқармасындағы күні­түні тыным көрмей 
атқарған жұмысы жайында Қарағанды қаласының қаһарман­
дық тарихы жазылған ғылыми зерттеулерде, әр кезде жарық 
көрген ондаған кітаптар мен жүздеген естеліктерде, қазақша 
да, орысша да жарияланған энциклопедияларда бір сөз жоқ; 
қайраткер жанның есімі мен тынымсыз еңбегі сол кездегі мұра­
ғаттардан қасақана өшірілген деген күпір ой туады...
Десек те зиялы қауымның естияр өкілдері ақтаңдақ бо­
лып қалған қиын уақыттың белгі­бедерін жаңғырту ниетімен, 
одан да гөрі туған елінің көркеюі үшін аянбай қызмет еткен 
арлы азаматтың есімін ардақтау мақсатымен естеліктер жазып 
қалдырған. Солардың бірі – баянауылдық қаламгер, ескі зиялы 
Зейтін Ақышевтің «Қазақ әдебиеті» газетінің 1988 жылғы 29 
шілдедегі санында жарияланған «Білсін мұны бүгінгілер» деп 
атаған шерлі жазбалары...
«Баянауыл дуаны революциядан бұрын 10 болыс ел болған. 
Соның бірі – біздің Далба болысы. Қарамағында 1500 түтін бо­
лыпты. 1931 жылдың жазында содан небәрі 200­дей үй қалған. 
Малдан, күнкөрістен айырылған ел жаяу шұбырып жан­жаққа 
кете бастайды. О кезде Қарағандыынң даңқы жер жарады. 
«Қарағандыға барған адам ертеңінде­ақ нанға қарық болады 
екен. Шахтыға түсіп, жұмыс істегендер үш күннен кейін үй 
алады­мыс...» – деген дақпыртқа елігіп, үлкен ағам әйелімен, бір 
баласымен, одан кейінгі ағай әйелімен, екі баласымен Семізбұғы 
деген рудникке кетіп еді, ашығып барған бетінде түгелдей опат 
болыпты...  – деген шерлі баяндаумен басталған жазушының 
естелігі одан әрі кәрі әке­шешесі мен өзінің елде қалып, қыс 
бойы ілдебайлап күнкөріс жасағанын тәптіштеп жазады. – Жаз 
шықты. Азық таусылды. Ендігі күніміз қараң. Ертеңіміз тіпті 
үрейлі. Бұл – 32 жылдың шілдесі. Менің районодан алатын 27 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
69
сом еңбекақым төрт адамның жұтқыншағына жұқ болмайды 
және соған табылып жатқан тамақ та жоқ. Районо қызметкері 
ретінде маған айына 8 келі қара тары береді. Бар корегіміз сол. 
«Қарағандыға кетейік, бір балам үй ішімен сонда ғой», – деп 
әке­шешем күңкілдей бастады (олардың өліп қалғанынан хаба­
рымыз жоқ­ты). Ақырында жаяу аттандық. Неше тәулік жол­
да болып, Қарағандыға жақындап, Ащылы­Айрық деген жерге 
жеткенде алдымыздан үш салт атты кездесті. Қазақ жігіт­
тері. Қарағандының ортақолды әлдебір мекемелерінде қызмет 
істейтін азаматтар екен. Халықтың мүшкіл халге душар 
болғанын естіп, ең болмаса балаларын аман алып қалайық деп 
атқа мініпті. Ащылы­Айрықтағы иесіз қалған қыстаулардың 
кетеуі кетпеген біреуін лайықтап, детдом ашыпты. Шұбырып 
келе жатқан көтерем аштар балаларын жылай­жылай соған 
беріп кетеді екен. Бірақ жілігінің майы үзіліп, сіңіріне ілініп 
барған баланың бірқатары ас аузына тиген соң өліп қалады 
екен. Оларды ертеңінде өгіз жеккен арбаға салып, әлдеқайда 
апарып көмеді­міс. Осы сұмдықты, естияр кезім, өз көзіммен 
көрдім. Бізбен бірге келе жатқан немере інішекті осы детдомға 
беруге бір ойыстық. Бірақ арбаға тиеп жатқан өліктерді көрген 
соң тастап кетуге қимадық. Алайда көтерем халдегі бала 
жолды көтере алмай, Қарағандыға барған соң шейіт болды. 
Қарағандыға жеткен соң біздің әулет ұшыраған ауыр қасіретті 
естідік: Арғымақ бабамыздан тараған 32 түтіннен бір жыл 
ішінде 4­ақ үй қалыппыз, оның үшеуі – әкемнің туған інілері, үш 
үйдің ортасында 4 бала тірілер санатындамыз...
Жаңағы үш салт атты халық басына түскен ауыртпалықты 
біліп, қанатымен су сепкен қарлығаштай көмек етіп жүрген 
есті азаматтар екен. Басшылары ертеректе оқып, Совет 
өкіметі орнаған соң қызметке қолы жеткен Жағыпар Солтан­
беков пен Нұрғали Кодаленко дейтін кісілер болып шықты. 
Соңғысының фамилиясы неге Кодаленко болғанын күні бүгінге 
дейін білмеймін. Үшіншісінің есімін ұмыттым...»
 Төлеутай АҚШОЛАҚОВ, «Осы жұрт Кодаленколарды (?) біле 
ме екен?»:
«...Әкем Қази Баянауылда алғаш ұйымдасқан «Жасасын» 
деген колхоздың басқармасы болып тұрғанда... ұжымдастыру 

Медеу СӘРСЕКЕ
70
саясатын бұрмалады деген айыппен сотталып, ҚарЛАГ­қа 
айдалды. Артынан барар естияр кісі үй ішінде болмай, әкемді 
іздеуге бел байладым. О кезде жасым 15­ке іліккен кез. Үйдегілер: 
«Барма, жол қиын, ашаршылық зардабы елді жайлап тұрған 
уа қыт, ол жақта жанашырың жоқ, бір жерде көмусіз қала­
сың», – дегендеріне көнбей, Қарағандыға аттандым. Оған жету 
үшін Сібірдің біраз жерін айналасың. Пойыздардың кестесі шым­
шытырық әрі өгіз аяңмен жүреді екен. Жол азабын әбден тар­
тып, әйтеуір өлдім­талдым дегенде Қарағандыға жеттім.
Нұрғали ағадан басқа ешкімді білмеймін. Таба алам ба, жоқ 
па, о да маған жұмбақ. Ол кісінің өзін де жете түстей алмай­
мын. Бұдан төрт­бес жыл бұрын ата­әжем мен әке­шешеме 
еріп, Баянауылға көшіп келгенімізде, Қадылбек ақсақал бізді 
шақырып ерулік бергенде, Нұрғали ағаны көргенмін. Енді, міне, 
«Ел қайда, Есіл қайда?» дерлік заман туып, неше тәулік жол­
да сенделіп, Қарағандыға әрең жетіп, бұдан бірнеше жыл бұрын 
өзіме: «Балам, оқудан қол үзбе, ендігі дәулет – оқуда...» – деп ба­
сымнан сипаған Нұрғали ағаның жанашыр сөзі есіме түсіп, кең­
сесін емес, үйін іздеуге бел байладым. Қолымда бірақ адресі жоқ. 
Естуімше, ол кісі – осы жерде ашылған үлкен бір комбинаттың 
бастығы, әйтеуір бір кеңсеге қожа дөкейлердің бірі, түкірігі жер­
ге түспейтін әлей қайраткер деген қауесетті елде естігенмін. 
Қарағандыдағы көмір өндірісінің қанат жайып, атағы дүрілдеп 
өсіп келе жатқан кезі. Қаз­қатар тізілген барақтарды, со­
лардың арасындағы жыпырлаған киіз үйлерді шетінен ақтап, 
анадайдан андыздап тұрған биік ақ үйге жақындағанымда, 
қарсы алдымнан орта жастағы бір мосқал қазақ кездесті. Жүзі 
жылы сияқты, қолымды кеудеме төсеп, қазақша сәлем бердім. 
«Ағай, алыстан келемін, Нұрғали Кодаленко деген кісі ағам еді, 
пәтерін білесіз бе?» – деп жалбарына қарадым. «Шырағым, бұл 
атырапта Нұрғали жайсаңды білмейтін жан кемде­кем. Ол 
азаматтың шапағаты кімге тимеді дейсің, жүр, туысы болсаң, 
үйіне апарып салайын...» – деп, жолың болғыр құрақ ұшып, мені 
жетелеп келіп пәтер үйіне кіргізді. 
Нұрғали ағаның жұбайы (есімін ұмыттым) жүзі жылы, иба­
лы, келбеті де сұлу кісі екенін ана жылы қонаққа барғанымда 
бала болсам да байқағанмын. Қазір тіпті де жасарып кет­
кен. Туыс екенімді айтқан соң: «Жуынып, жайланып үйден 
күт. Кеңсесінде ағаңды күтуші көп, кіре алмайсың. Қолы бо­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
71
саса түстікке үйге келеді. Шаруаңды сол кезде айтасың...» – 
деп жеңгей қазақтың жөн­жоба білетін әйелдерінің қылығын 
аңғартып, мейірбандық жасады.
Не керек, құдай жолымды аңғарды. Нұрғали аға да діттеген 
жерімнен шықты. «Әкең осындағы лагерьде болса табамын, 
жан сақтайтын еңбекақысы бар жұмысқа ауыстырамын. Ал 
ақсақалдың мойнына ілген жазадан құтқару қолымнан кел­
мейді, ол үшін Алматыға барып қуыну керек. Өзің әзірше біздің 
үйде бол, көшеге көп шықпа, шықсаң да аузыңа қақпақ қой. 
Ұқтың ба? Елдің бәріне менің әмірім жүрмейді, заман түтігіп 
тұр, шырағым...» – деді.
Ағай уәдесін орындады. Әкеме де жолықтым. Ол да маған: 
«Қазіргі жұмысымды үдете істеп, кешірім алып, бірер жылда 
бостандыққа шығамын. Ал қуынсаң – бүлдіресіз, құдай жөні – 
жазалаушы органды ашындырмау деген ойды маған өзің үйінде 
жатқан қамқоршы ағаң ұғындырды. Сен де елге қайтпа, жете 
алмайсың, біліміңді көтеретін оқуға түс», – дегенін жөн көріп, 
Қарағандыда тұрақтадым...»
Уақыт 1933 жылға ауғанда тұрғын халқының қақ жарты­
сынан айырылған қазақ елінің жағдайы ауыр науқастан әбден 
титықтаған сырқатқа ұқсағаны – қамкөңіл жандардың жүрегін 
осы күнге дейін сыздататын ащы шындық. Егер сол науқан тағы 
бір жылға созылса, Қазақстан атанып, жұрт қатарлы ел ата­
нуымыз да екіталай іс екендігі – көзі ашық, көкірегі ояу әрбір 
зиялыға айқын болған...
Осы нәубет турасында сол кезде де, өткен ғасырдың 90­жылдарында да 
қазақ зиялылары ортасында қалыптасқан тұжырым мүлдем сорақы: Ф. Го­
лощекин қазақтың асыраушы малын сыпырып алғызып ортақ шаруашылық 
ұйымдастырғанда, оған қоса кедей­кепшікті неше түрлі салықпен қысып 
(тері, жүн, сүйек, астық пен етті қыр елінен тонналап жинатып), сол шараға 
наразылық білдірген неше мың адамды аттырып, атақонысын тастатып, 
отырықшы етеміз деген желеумен жүздеген отбасыларын бір жерге жина­
тып, киіз үйден ойыншық «қалалар» тұрғызуда бір ғана мақсат көздеген; 
нәтижесінде бұрынғы 40­45 миллион түліктің қарамы екі­үш жылда он 
есе кеміп, иен далада 4­5 миллионға жетер­жетпес мал қалған; мылтық 
дүмімен, тұрпайы әкіреңмен көшпелі жұртты отырықшы тұрмысқа көшіру 
қалың қазақты ұлан­ғайыр даласынан зорлықпен ығыстыру немесе жер 
бетінен біржола жою үшін жасалған демеске шараң жоқ... 

Медеу СӘРСЕКЕ
72
Осы уәжді бүгінгі саясаттанушылар, кейбір тарихшылар мен демограф­
ғалымдар соңғы кезде ашына жазып жүр. Тәубе дейміз! Ал ресми дерек­
тер не дейді: Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің арнайы комиссиясы бертінде 
жариялаған деректе 1928­1929 жылдары 34121 қазақ азаматы сотта­
лып, оның 152­і саяси баппен атылған. Екі жылдан кейін 6765 қазақ ша­
руасы атақонысынан жер аударылып, 33345 адам ортақтасу науқанына 
қарсы шыққаны үшін әр түрлі жауапқа тартылған. 1931 жылы 5551 адам 
«бүлік ұйымдастырған» деген үкіммен Сібірге айдалып, 883 жанкешті 
сотсыз атылған... Солай дегенде, тегінде, бір гәпті қатты ескеру қажет: 
қазақтың қақ жартысын жер бетінен жойған аштықты бір ғана Голоще­
кин мен оның жөнсіз нұсқауын жүзеге асырған жергілікті нақұрыстар 
ұйымдастырды деу – әділдіктен ауытқу болмақ, геноцид науқан И. Сталин 
басқарған Саяси бюро мү шелерінің толық мақұлдауымен, «күш­жігерді ая­
май, құрбандықтарға қарамай батыл қимылдау керек» деген нұсқауымен 
жасалғаны айқын...
Кеңес өкіметіне жол­жоба нұсқаушы болған Саяси бюро кең­
байтақ жерге ие Қазақстанды социализмнің үлгілі ошағы ет­
пек болғаны анық, сол үшін үрдіс жүргізген екпінді шаралары 
күйреп, ауыр зардаптарға тап қылғанын білген соң­ақ, өздерін 
бұл қылмыстан адақтайтын жолды оп­оңай ойлап тапқан: бәрі­
бәріне кінәлі – өмірлік мәні зор нұсқауды асыра сілтеумен асығып 
орындаған жергілікті басшылар, олай болса...
Қысқасы, Ф.И. Голощекин, оның нұсқауларын қарсылықсыз 
қолдаған Өлкелік комитеттің басшы қызметкерлері мен об­
лыс басшылары 1933 жылы биік мансаптарынан сыпырылып, 
Қазақстаннан аласталған (Мәскеуге қайтқан бетінде Ф. Голоще­
кин КСРО Халық Кеңесіне бас арбитр болып тағайындалған. 1939 
жылы қамауға алынып, келесі жылы атылған). Қазақстан КП 
Өлкелік партия комитетін басқаруға соған дейін Әзербайжанда, 
Перм мен Орал өлкелерінің партия ұйымдарына жетекшілік ет­
кен Л.И. Мирзоян тағайындалған. Левон Исаевич Қазақстанға 
келген күннен жарғақ құлағы жастыққа тимей, шаруашылықтың 
көтерем халдегі түрлеріне дем салып, аштық жайлаған қалалар 
мен аудандарға азық­түлік жеткіздіріп, мал да бергізіп, дәнді 
дақылдар еккізген. Сонымен бірге жергілікті азаматтардың 
білімді, ақыл­ойдан да құралақан емес ширақ тобын қызметке 
тартып, солардың көмегімен аштықтан титықтаған ел тірлігінің 
жандануына айтарлықтай әсер еткен. Алайда...
Қазақстанда төрт жылдан астам уақыт еңбек етіп, алуан 
түрлі игі істерімен көрініп, Дала халқының көкейінде ертеңгі 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
73
тіршілігіне үміт отын жаққан қайраткер қыр елінде тежеусіз 
жүрген саяси қуғындауға тыйым салмаған. Қайта соны жүйелі 
түрде өрістетіп, шоқпар еткеніне біздің тарихшылар соңғы кез­
де көптеген деректер тапты. Жағымпаз серіктерінің таратуымен 
«Мырзажан» атанған бірінші хатшының оң қолымен жақсылық 
жасап, жазалау жүйесінің талабына қарсы тұрмай, сол қолымен 
ұлт қайраткерлерін жүздеп, мыңдап атуға, айдауға тоғытқанына 
таңғаласың, зығырданың қайнайды. «Бұл неғылған тағылық?!» 
деп жаның түршігеді...
Нақақтан жазаланушылардың алдыңғы легінде есімі де, 
еңбегі де Қазақстан ғана емес, Мәскеуге де жақсы мәлім Нұрғали 
Қадылбеков­Кодаленконың ОГПУ жүйесінің қанды қармағына 
ілінген. Әлбетте, одақтық алып өндіріс ұжымы саналатын «Қа­
рағандыкөмір» тресінің әйдік орынбасарын, яғни БКП(б) ОК­нің 
номенклатурасында енген қайраткерді жергілікті орган өздігінен 
тұтқындамайды. Сөйту үшін Қазақстан КП(б) Өлкелік партия 
комитеті секретарының ресми рұқсаты керек. Демек, Нұрғали 
сорлының большевиктік партия ісіне жан­тәнімен беріліп, 1918 
жылдан бергі жанқиярлық еңбегі ескерілмей, әлдекімнің ынта­
сымен құрбандыққа шалынған...
* * *
Нұрғали Қадылбекұлы Қарағандыға ауысқалы демалыс ал­
мағанын 1933 жылдың жазында есіне түсіріп, Ауыр өнеркәсіп 
наркоматының Мәскеу іргесіндегі сауықтыру орнына жолдама 
алып, бір айға жуық уақыт сол жерде отбасымен рақатқа батып, 
қайтарында Орал өндірістерінің әкімшілік орталығы Сверд­
лов қаласындағы (бұрынғы Екатеринбург, қазірде ежелгі ата­
уын қайыра иеленді) Тау­кен институтына емтихан тапсырып, 
сырттай оқуға тіркеледі. Сірә, ғұмыр жасы 38­ге ауған шағында 
әлдеқандай себептен ойға түсіп, алдағы өмірін ауыр өндіріске 
арнауға қадам жасаған. Сөйтуіне инженер інісі Мерғали, одан да 
гөрі Қарағандыға ауысқаннан беріде жиі көріп, аралас­құралас 
болған жерлесі, Жезқазғанның жер асты қазынасын Одаққа 
әйгілеп, білім­танымымен де өз қатарының алдына шыққан 
Қаныш Сәтбаев та әсер еткен­міс...
Ішкі істер комиссариатының қызметкерлері (НКВД) оны 
сол жылғы 6 қазанда жұмыс кабинетінде тұтқындайды. Тергеу 

Медеу СӘРСЕКЕ
74
бір  айға созылып, «ұлтшыл топ құрып, Көмір басқармасына 
жұ мысшылар қабылдағанда қызмет бабын пайдаланып, зиян­
кес әрекеттер жасағаны үшін» РСФСР Қылмыс кодексінің 
58­бабының 7 және 11­тармақтары
*
 бойынша айып тағылып, 
Қазақстан ОГПУ­ының 1933 жылғы 11 қарашадағы үштігінің 
үкімімен бес жылға бас бостандығынан айырған.
Нақты айғағы дүдәмал, ойдан шығарылған осы «қылмысты» 
Нұрғали Қадылбекұлы не үшін арқалады, «ауыр кінәсін» мой­
нына қойған кімдер, оның халыққа қарсы жасаған «қастан­
дық әрекетін» тергеу органы қандай айғақтармен дәлелдеді, 
айып таушы «үштікке» кімдер қатысты, заң қағидаларының 
бұ зылмауын бақылауға тиіс прокурор нақақ жалаға не себеп­
тен жол берген?.. Сыпыра «негелердің» нақты жауабын біз біл­
мейміз, соны білу де 2012 жылы, яки 79 жылдан соң мүмкін 
еместігі түсінікті. Құдды бір қуықтай тар коридормен айдалып 
келіп, конвейерге түсіп, мойны пышаққа ілінгенде ғана маңырай 
бастайтын қой отары сияқты із­түзсіз жоғалғаны анық. Не­
ткен қаныпезер рәсім демеске шараң жоқ. Қоғамдық тәртіпті 
қадағалаушы жүйенің айтағымен екі­үш адам куәлікке тарты­
лады, одан арғысы оңай, бір Нұрғали емес, мыңдаған адам аты­
шулы 58­баптың 14­тармағының бірнешеуіне байланып, ГУЛАГ­
тың темір торлы қапасына тап болғанын бір­ақ біледі, одан 
аман шығу – жүздің емес, мыңның біреуінің ғана пешенесіне 
жазылған сыбаға (Осы баппен 1930­38 жылдары сотталған, 
атылған қазақстандықтардың жалпы қарамы – 128 мың адам, сол 
шерменделердің 102 мыңы 1960 жылдары ақталған. КСРО бой­
ынша Ресейдің «Мемориал» қоғамы жинаған деректе олардың 
қарамы 12 миллион делінген. Бұл енді бірінші дүниежүзілік 
соғыс науатына тең жалпыхалықтық трагедия!). Ең ғажабы, 
темір торға түскен бейшараның соған дейінгі қауым мен мемле­
кет үшін атқарған жанқиярлық қызметі, партия тапсырмасымен 
күні­түні сабыла жүрген қаншама жылғы елеулі еңбегі, сол үшін 
омырауына таққан орден­медальдары еленбейді. Шындығында 
58­бапты Қылмыс кодексіне кіргізіп, заңды еткен ниет­пиғылы 
* 7­тармақ өндіріс орнында зиянкестік жасағандарды жазалауға ар 
налған; 
11­тармақ зиянкестікті топ құрып, ұйымдасқан түрде жасаушыларды қамтиды. Де­
мек, Н. Кодаленконы осы екі тармақпен айыптау жаз бойы әскездікпен дайындалып, 
қара күзде жүзеге асқан.

ШЫҒАРМАЛАРЫ
75
бұзық жандар осы жазалаумен қарауындағы халықты үнемі 
қорқытып, үрейде ұстауды жобалаған. Ең шатағы, жазалаушы 
органның үлкенді­кішілі қызметкерлері, қанқұмар жандайшап­
тары бұзық әрекеті үшін ешқандай жаза тартпайтынын да жақсы 
білген...
Десек те, қиянат атаулы ешқашанда жабулы қалпында қал­
майтыны әлмисақтан мәлім. Ерте ме, кеш пе, күндердің күнінде 
жеті құлыптың астына жасырылған құпияның бәрі де ашылады. 
Нұрғали бейшараның да «қылмыстық» ісінің жаппай зиянкес­
тік делінген бүркеулі сыры бізге бертінде, кездейсоқ жағдайда 
мәлім болды...
Академик, кенші­ғалым, Социалистік Еңбек Ері Әбілқас Мұсаұлы 
Сағыновпен мен 1981 жылы таныстым. «Сәтбаевтың» Мәскеудің «ЖЗЛ» 
сериясынан жарық көрген алғашқы басылымын ол кісі сол жылы өзімнен 
сыйлыққа алып, көп жыл өзі ректор болған Қарағандының мемлекеттік по­
литехника институтында мамыр айында менімен кездесу өткізудің алдын­
да жұмыс кабинетінде болған оңаша сұхбатта Қаныш Имантайұлымен ұзақ 
жылғы қарым­қатынасы туралы, сол кісінің шапағатымен ғылым жолына 
бет бұрғаны жайында жүрекжарды сырын шертіп, көл­көсір әңгіме айтқан­
ды (Әбекең тегінде жөпшеңді кісіге пейіл беріп, ашық­жарқын сөйлесе 
қоймайтын бұйығы адам екенін мен бертінде білдім. Сөйте тұра алғашқы 
кездесуде маған білдірген ілтипатын өз басым атақты топтамада жарық 
көрген ғұмырнама кітабыма саямын). Әбілқас ағаймен кездесуіміз содан 
былай жиіледі, әсіресе 1997­1999 жылдары. Нәтижесінде Қ.И. Сәтбаевтың 
100 жылдық мерейтойы қарсаңында жарық көрген «Қаныш елі» альбом­
кітабымда ол кісінің де өмір жолын, ұстаздық қызметін баянауылдық 
тұлға ретінде сипаттап жазып, суретін де бергенмін. Одан соң Әбілқас 
Сағынұлымен сұхбатымыз ғылыми әріптесі академик Ебіней Арыстанұлы 
Бөкетов жайында болып, ғұмыр жолы шерлі ғалым інісінің өміріндегі 
кейбір күпті оқиғалар турасында өзіне ғана мәлім сырлардың мән­жайын 
ашқан­ды.
Қысқасы, ұзын­ырғасы жиырма жылдан асқан таныстықта мен ол 
кісімен неше мәрте кездесіп, ұзақ ғұмырының айшықты сәттеріне біршама 
үңілгенмін.
Әбекеңмен соңғы рет 2001 жылы, қыркүйектің бірі күні 
Қаныш Сәтбаевтың туған ауылы Теңдікте кездестім. Ғалымның 
100 жылдық тойы қарсаңында жобаланып, бірақ құрылысы 

Медеу СӘРСЕКЕ
76
кейінге қалдырылған игі шараның бірі – Қаныш ұлы бастау ыш 
білім алған бұрынғы Ақкелін болысының мектебін қайтадан 
салып, үлгілі білім ошағына айналдыру жобасы еді. Сол істі Пав­
лодар облысының іскер әкімі Ғалымжан Жақиянов екі жыл дан 
кейін жүзеге асырып, жаңа ғимаратты салтанатты түрде ашуға 
жер­жерден қонақтар шақырды. Мен де шақыру алып, Семейден 
Теңдікке жетуге асықтым.
Іргесінен бастап шатырына дейін тыңнан тұрғызылған, он 
шақты сынып бөлмесі, арнайы спорт залы бар жаңа ғимараттың 
алдына келгенімде, мектеп алдындағы алаңда отырған Әбілқас 
ағайды көрдім. Бұл кезде ол кісінің жасы 87­де. Сәлем бергенімде 
ақсақал көзін шағырмақ күннен көлегейлеп, бетіме ұзақ қарады. 
Естуі де нашарлапты. Есімімді қаттырақ қайталадым. Сонда 
ғана кексе академик әлденеге қымсынғандай кеңкілдеп күлді: 
«Кәрілік келді деген осы. Медеужан, сені әрең таныдым, ғапу ет! 
Семейің бұл жерден неше шақырым, сірә, кеше шыққан боларсың, 
үй ішің аман ба?..» – деп бауырына тартып, кең құшағына алып, 
біразға дейін босатпады. Мен де Әбекеңнің әлденеге қамыққан 
кейпін аңдап, құшағынан сытыла қоймадым.
Салтанатты жиын тарқап, мектеп бөлмелерін аралап шығып, 
Қаныш Имантайұлына арналған мұражай бөлмеге келгенде 
Қарағандыға барып, Әбекеңнен сұрауға ойланып жүрген күпті 
әңгімені бастадым. Кексе ғалым аңырая қарап, Қадылбеков­
тің фамилиясын қайыра сұрады. «Сізбен ағайын, өзіңіз туған 
Жаманқыстаудың перзенті Нұрғали Қадылбековті, Кодален­
ко атанған қайраткер қазақты айтып отырмын. Ол кісінің 
Мер ғали інісі туралы деректерім мол. Ал Нұрғали ағасының 
«Қарағандыкөмір» басқармасындағы жұмысы жайында ештеңе 
білмеймін. Мысалы, сол жайсаңның Үлкен репрессиядан төрт 
жыл бұрын, 1933 жылы сотталған себебі мүлдем жұмбақ...» – 
деп көкейдегі күпті ойымды қайталадым.
Әбілқас Мұсаұлы басын шайқады. Онысын айтқысы кел­
мегендей, әлде жадынан баяғыда сызылған туысының есімін 
XXI ғасырдың басында, күтпеген сәтте естуі көңілін шәт­шәле­
кей күйге бөлеп, «Апыр­ай, мына жазушы сол байғұсты неге 
сұрап отыр, не үшін?..» деген күпті сұраулар да ойын шырмаған 
тәрізді.
Содан әлден уақытта:
– Нұрекеңді неге сұрадың? Жазбақсың ба? – деп бетіме аң­
тарыла қарады.

ШЫҒАРМАЛАРЫ
77
– Ағайынды Қадылбековтердің шерлі тағдырын халыққа 
ашуға құштармын, бірақ айғақтары кемшін. Мен деректі жанр­
дың қаламгерімін, нақты айғақсыз жаза алмаймын.
– Оны білемін, сонда өзі Нұрекең ақталған ба? Тұқым­тұя­
ғынан ешкім бар ма?
– Бар. Нұрғали ағаңыз 1960 жылы ақталған. Маған керегі, 
Әбілқас аға, ол кісінің Қарағандыдағы қызметі. Сіз соның жай­
жапсарын біледі деген ойдамын... – деп сұрауымды нақтылай 
қайталадым.
Әбекең біршама уақытқа дейін үн қатпады. Жадын оятып, 
ойланып отырғанын ұқтым. Әлде «халық жауы» бабымен басы 
жойылған туысын еске алудан шошыған ежелгі сақтық па, кім 
білсін? Қытымыр уақыттың өзгергенін, демократиялық жаңару 
жүріп жатқан жаңа ғасырда бұрынғыдай қауіп­қатер ойлаудың 
қажетсіздігін кемеңгер ғалым білуге тиіс деген де үміттен құ­
ралақан емеспін.
– Жарайды, білгенімді айтайын. Тоқсанның өріне тақап отыр­
ғанда алпыс жыл бұрынғы, одан да әрірек оқиғаларды еске тү­
сірудің оңай емесін тек ұмытпа... – деп Әбілқас Мұсаұлы сөзін 
үзе отырып, өткен ғасырдың 30­жылдарының шерлі оқиғаларын 
там­тұмдап тарқата бастады.
Төменде сол күнгі үзік­үзік айтылған естеліктің жалпы 
сүреңін өз баяндауыммен келтіремін...


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал