Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.19 Kb.

бет4/19
Дата08.01.2017
өлшемі7.19 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
 деген талабы жолданған. Осы 
жеделхатқа 4 болыс тұрғындарының атынан Арынғазин, Заги­
ров, Нұркин және Байзақов қол қойған.
Біздің шамалауымызша, Нұрғали Қадылбеков – В.И. Ленин­
ге жолданған осы жеделхаттың мәтінін дайындап қана қоймай, 
соған қол қойған адамдарды таңдаушы. Кедей отбасында туып, 
жоқшылық зардабын жас күнінен тартқан, сол себептен де Кеңес 
өкіметін жан­тәнімен жақтаған һәм бұқара арасындағы үгіт­
насихат жұмысына ағыл­тегіл өлеңімен қызмет етуші ақын Иса 
Байзақұлын осы жиынға қатыстыру Нұрғали Қадылбекұлының 
ынтасымен жүзеге асқаны шүбәсіз. 
Иса ақын Ертіске құятын Қыпшақ өзенінің жағасында ту­
ған. Қызылағаш болысының тумасы (Иса мен Нұрғалидың туған 
бажалар екенін ілгеріде ескерткенбіз, екеуінің достығы, сірә, 
Нұрғали осы өңірдегі болыс кеңсесінде хатшы болған кезінде, 
1919 жылы басталған. «Сақыпжамал тәтеме ағатайым сол кезде 
үйленген. Екеуін жақындастырушы – Иса ағай. Үш перзентін де 
ол кісі сол жеңгемнен көрді. Сақыпжамал тәтем 1930 жылдың 
бас кезінде төтенше сырқаттан опат болған соң, ағатайым өз 
үйінде тұратын Гүлжан есімді бойжеткен балдызына «Мына 
жиендеріңді жетімсіретпе, маған енді өзіңдей жанашыр қосақ 
керек!..» деген тілегінен аса алмай, туған жездесіне тұрмысқа 
шыққан...  – деп отбасының көпшілікке беймәлім сырын Рузи­
ма Қадылбекова әулеті туралы естелігінде сөз еткен. – Нұрғали 
ағам атақты палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлымен де құшағы 
айқасқан дос болған. Қазірде ойласам, сол кісілер – дарын­
өнерімен де, кісілік парасатымен де қайталанбас тұлғалар...»).
Әсілі, осындай жиындар жер­жерде өтіп, солардың бәрі де 
Мәскеуге жоғарыдағыдай жеделхаттар жолдаған. Ақыры со­
ған Мәскеудегі Қазақстан делегациясының пәрменді жұмысы 

Медеу СӘРСЕКЕ
44
қосылып, жеңіске жетті. Сібірліктер оп­оңай олжалап қалмақ 
болған Ертіс бойындағы 10 болыс ел, Өскемен, Семей және Пав­
лодар қалалары біртұтас қалпында және солтүстіктегі уездер 
де КСРО Халком Кеңесінің төрағасы В.И. Лениннің тікелей 
жарлығымен Қазақ Автономиясына берілген. Өзге де даулы жер­
лер Қазақстанға қайтарылған. Әрине, біржола жоғалтқанымыз 
да аз емес...
Менің алдымда Өзбекстанның Андижан облысы Үшқорған кентінің 
Ленин көшесіндегі 47­үйдің тұрғыны, ескі коммунист, оқу­ағарту ісінің 
ардагері Уали (Вали) Шамсудиновтың 1960 жылғы 8 мамырда Павлодар 
облыстық «Қызыл ту» газетінң редакторы Омарғали Құдышевке жолдаған 
көлемі 40 бет естелігінің қолжазбадан түсірілген ксерокөшірмесі жатыр. 
У. Шамсудинов 1918­1921 жылдары Павлодар уезінің Қызылағаш болысын­
да Кеңес өкіметі ашқан қазақ мектебінде ұстаздық еткен әрі бұқара халық 
арасындағы үгіт­насихат жұмыстарына белсене қатысқан...
«...21­жылғы сайлауда Қызылағаш волостында бірінші рет БКП(б) ячей­
касы ұйымдастырылды. Бұл жұмысты орындауға укомнан уәкіл болып 
Нұрғали Кодаленко­Әділбеков (қолжазбада солай, сірә, оның қазақша фа­
милиясын ұмытыңқыраған – М.С.) келді. Ол кісі өткізген ашық жиналысқа 
мен секретарь болып, протокол жаздым. 19 кісі партияға кандидаттыққа 
алындық», – дейді естелік иесі қолжазбасының 32­бетінде. Одан әрі кан­
дидат болғандардың тізімін береді. Бастауыш ұйымына секретарь болған 
Жармағанбет Тіленшиннің ұсынысымен Еділ бойында ашаршылыққа 
ұшырағандарға жәрдем ретінде 250 бас ірі қара жиналғанын, қаражат жи­
наушы комиссияға өткізілгенін тәптіштей баяндайды.
Нұрғали Қадылбеков Павлодар уезінің ауыл­селоларын ке­
ңес тендіру жұмысын хал­қадерінше жігерлі атқарған. Сөйтуіне 
бірбеткей, айтқанынан қайтпайтын томырық мінезі де түрткі 
болған. Ешкімге ағайыншылық жасамай, ел арасында туатын 
дау­шарды әділ шешкен. Болыс болуға жан­тәнімен тырыс­
қан дәулет иелерін билікке жолатпай, оларға мейірімсіздік жа­
сап, кедей­кепшіктің мүддесін қорғайтын белді, сауатты аза­
маттарды таңдап қойған­мыс. Бұл жұмысты ол Ресей КП(б) 
Орталық Комитетінің 1924 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан 
партия ұйымына арнайы жолдаған, «Қазақ өлкесіндегі ауылдық 
кеңестердің төзгісіз жағдайы туралы» деп аталған ресми хатында 
атап көрсеткен, «шалғай түкпірдегі ауылдар мен қыстақ иелері 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
45
әлі күнге дейін Кеңес өкіметін бұлталақсыз тануға ден қоймаға­
нын, сол жайтты тезірек түзету қажеттігіне баса көңіл аудар ған» 
нұсқауына сәйкес атқарғаны түсінікті. Шынында да ол больше­
виктер партиясының жолына адалдығымен, қатыбас жараты­
лысымен губерния басшыларының көзіне түскен: 1922 жылдың 
маусым айында Нұрғали Қадылбекұлы Губерниялық атқару 
комитетінің «ресми қарарымен, яғни жоспарлы түрде жүргізген, 
бұқара халықты кеңестендіру саясатына орай» (сенімді кадрлар­
ды жиі ауыстырып, қазақ қауымына тән тамыр­таныстыққа, сол 
арқылы жүзеге асатын бұрмалауларға жол бермеудің пәрменді 
шарасы аталған), Өскемен уезіне ауыстырылады. Бұл өңірде 
атқарған қызметі – Уездік атқару комитеті төрағасының орынба­
сары және кадр басқармасының меңгерушісі.
Өскемен уезінде Н. Кодаленко (партиялық құжаттарында 
үнемі осылай аталған) келесі жылдың мамырына дейін қызмет 
істейді.
«Өлкелік партия комиетінің жоспарлы саясатына тағы да 
бойсұнып, 1923 жылы Ақтөбе губерниясына аттандым, – дейді 
Нұрғали Қадылбекұлы өмірбаяндық құжатында. – Жергілікті 
губкомитет мені әуелі Темір уезінің кадр бөлімін басқаруға 
тағайындады, одан соң уезд съезінде комитет төрағасы бо­
лып сайландым. Бұл жұмысты 1924 жылдың мамырына дейін 
атқардым. Содан беріде Ақмола губерниялық сот округының 
төрағасы қызметіндемін...» – деген қысқа ақпармен аяқтапты ол 
1896­1924 жылдар арасындағы өмір жолы туралы кеңсе тілімен 
қысқа әрі тұжырымды түрде жазылған өмірбаянын.
* * * 
Нұрғали Қадылбекұлының Ақмола губерниясының сот алқа­
сының төрағасы қызметі бір жылға жетер­жетпес мерзімде аяқ­
талады. О күндегі тәртіп солай. «Бұл жұмысқа бармаймын, 
заңгерлік білімім жоқ немесе отбасымның жағдайына байла­
нысты мені қинамаңыз» дей алмайсың. «Партия сізге сенім 
артып отыр, 24 сағатта аттанасың!» десе, бітті әңгіме, көйлек­
көншегің салулы қоржыныңды арқалап, жөнеп бересің. Соңғы 
төрт­бес жылда Нұрғали большевиктің көрген­білгені осы. Ең 
ғажабы, соншама мәртебелі қызметтерді ол мұғалімдер семина­
риясын орталаған біліммен атқарған. Жаңа қызметке өрем жете 

Медеу СӘРСЕКЕ
46
ме деген түйткілді сауалды өзіне де, билік иелеріне де қоймаған. 
Өйткені орысша жазу­сызуы мығым, бұқара халықпен де өз 
тілінде сөйлесе біледі. Қандай міндет артсаң да соны тап­тұйнақ 
орындауға дайын, қатаң тәртіптің адамы...
Петропавл – о күнде Ақмола, Қостанай, Көкшетау, Атба­
сар уездері, Қарағанды, Балқаш, Ұлытау атырабы қарайтын, 
Ақмола губерниясы аталған ұлан­ғайыр алқаптың әкімшілік 
орта лығы. Ресеймен темір жол қатынасы ертерек қалыптасқан 
іргелі қала. Нұрғали Қадылбекұлы губерния орталығына 1925 
жылдың жазында келген...
Менің үстелімде қалыңдығы кірпіштей, қазақ және орыс 
тілдерінде жарық көрген екі кітап тұр. Сенесіз бе, екі кітаптың 
да жиырма шақты беті 1926 жылдың көктемі мен жазында 
Ақмола губерниялық партия комитетінің екінші секретары 
Нұр 
ғали Қадылбекұлының өз міндетін қалай атқарғандығын 
тәптіштеп көрсетуге арналған. Екеуінің де авторы – Сәбит Мұ­
қанов, атақты қаламгердің 1960­1970 жылдарда өзіне тән ерек­
ше еңбекқорлықпен шабыттана толғап, «Жұлдыз» журналын­
да неше жыл бойы, соңынан жеке кітап түрінде жариялап, ең 
соңында 16 томдық шығармалар жинағының 3­кітабында қайыра 
басылған «Өмір мектебі» атты естеліктері («Жазушы», Алматы, 
1970 жыл, «Есею жылдары» кітабының «Өмірдің өріне» бөлімі, 
екінші кітап – осы шығарманың 1966 жылы жарық көрген орыс­
ша аудармасы, тәржімелеуші – Алексей Брагин).
«Өмір мектебі» естелігінің «Қуаныштан жүрек жарылмай­
ды» тарауынан (150­151­беттер) үзінді оқып көрелік (Автордың 
емлесін, сөзін де қаз­қалпында беремін)...
«Губкомның бірінші секретары ұсынудан ба, әлде менімен көптен та­
ныстығынан ба, Жанұзақ Жәнібеков (Қызылжарда қазақ тілінде шығатын 
«Бостандық туы» газетінің редакторы – М.С).
– Қызмет болады, – деп көне кетті.
– Қандай? – деген сұрауға.
– Жауапты секретарымыз әлсіздеу боп жүр, оны басқа іске ауыстырып, 
орнына осы Мұқанов жолдасты қою керек, – деді.
Гримблад та мұны мақұлдай кетіп: 
 – Әзірге осыған бара тұрыңыз, кейін тағы көрерміз. Мүмкін редактор да 
қоярмыз, – деді. 
Әдетте менің секретарь болатын ісімді бюроның бекітуіне губкомның 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
47
үгіт­насихат бөлімі даярлауға тиісті. Оның меңгеушісі – Дейнегі дейтін не­
міс екен. Бірақ Гримблад оны шақырмай, ұйымдастыру бөлімінің меңгеру­
шісі (бұл қызметтегі адам қазіргі екінші секретарь орнында жүретінін 
оқушыларға ескерте кетейік) Нұрғали Кодаленконы шақырды. «Кодален­
ко» дегеніміз – Кәдірбеков (?) дейтін адам екен. Оны Нұрғалидың өзі укра­
иншылап алыпты. Ол – төртбақ, толық бойлы, қоңыр өңді, толық бетті, 
қалың қара мұртын жоғары ернін жиектей қырқып жүретін, қасы, қабағы 
қалың, көзі өткір және томпақ, түсі суықтау адам екен. Сырт естуімше – бұл 
Смағұл Садуақасовтың оң қанатындағы мықты қауырсынның біреуі. Грим­
блад оған мен туралы ұсынысын айтып еді:
– Сіз солай ұйғарсаңыз, болсын, – деп көне кетті. 
Әңгіме одан әрі созылған жоқ. Тез арада болған бюрода мені «Бостандық 
туы» газетінің жауапты секретары болсын деген қаулы алынды.
Менің қызметім алғашқы бірнеше айда жаман жүрген жоқ. Ең алды­
мен айта кететін сөз: мен қызмет атқара бастаған алғашқы айда газеттің 
тұрақты редакторы боп Зейнолла Төреғожин дейтін адам тағайындалды. 
Ол губерниялық сауда бөлімінің бастығы еді. Бұрын баспасөз орнының 
ешқайсысында қызмет атқармаған немесе оларға қатынасқан адам емес. 
Жабайы тілмен айтқанда, ол кәдімгі мекеменің қызметкері. Бірақ өзі 
пысық. Жиналыстарда көбірек сөйлейді және шешен (әсіресе орыс тіліне), 
оның үстіне Губкомның бюросына мүше. Сырттай естуімше, Төреғожин – 
Атбасар уезіндегі бір білікті кісінің баласы. Ой­сана жағынан ол бізге белгілі 
Нұрғали Кодаленкомен пікірлес, оны редакторлыққа ұсынуы сондықтан 
деседі. Кодаленконың бюрода дәлелдеуінше – редактор – бюро мүшелерінің 
біреуі болу керек, оған Төреғожиннан лайықтысы жоқ.
Төреғожиннің редактор болуы, оны маған теріс ыңғайлылау кісі – Нұр­
ғали Кодаленконың ұсынуы алғаш елеңдетіп тастады. Бірақ жүре келе оның 
тиер залалы жоқ боп шықты: газет материалдарын қызметкерлер даярлай­
ды, мен қарап шығам да, редактордың орынбасары Жанұзақ Жәнібековке 
берем, маған сенетін ол қолымнан өткерілген материалдардың көпшілігін 
қарамастан, Төреғожинге тек макетін ғана апарып ризаласады...» 
 «Есею жылдары» кітабының «Мейірімсіздік» тарауынан да 
шағын үзінді келтіремін.
«Қызылжарда басқарушылық қызметте тұратын Нұрғали Кодаленко 
мен Зейнолла Төреғожиннің пікірлес адамдар екенін жоғарыда айттық. 
Осы аталған кісілердің қатарында Ақмола губерниялық атқару комитетінің 
председателі Мұқаш Орымбаев қосылады екен. Наразы адамдар бұл үшеуін 
«Святая тройка», яғни «Үш әулие» деп атайды екен.

Медеу СӘРСЕКЕ
48
...«Үш әулиенің» бұл қаладағы әлеуметтік істе ең үлкен атқаратын ісі 
– тамыр­таныстарын, елдестерін мекемелердің қызметіне көбірек тоғыту. 
Өзінен басқа ешкімге сенбейтін, барлық дүниеге күдіктене қарайтын Елжас 
Бекеновтің айтуынша, Семей губерниясынан келген Орымбаев пен Кодален­
ко, Атбасар оязынан келген Төреғожин, қызмет сапасына көңіл бөлместен, 
елдестерін Қызылжарға және Ақмола губерниясының өзге ояздарына тар­
тып жатыр. Маған оның бәрібір. Өз қызметіме бөгет жасамаса, қайта тартса 
да мейілдері». 
Естелік иесінің баяндауынша, 1926 жылдың сәуір айының 
орта кезінде соған дейін көнтерлі жағдайы шұғыл өзгерген: 
жалдаған пәтері жайсыз болып, тұмса босанған әйелі ауырып 
қалады; үйіне шақырылған дәрігер туберкулездің ашық түрі 
екенін анықтап, келіншегін ауруханаға әкетеді, байғұс әйелдің 
сырқаты дендеп, күннен­күнге ауырлай түседі... Сол қарсаңда 
Сәбеңді Губком шақырады. Шақырушы – Кодаленко. Айтуын­
ша, Орталық Комитет «Шалғайдағы қазақ ауылдарына бет бұру» 
ұранын көтеріпті, жас коммунист Сәбит Мұқанов Қызылжардан 
Ұлытау болысына басшы қызметке жедел аттануға тиіс. Журна­
лист жігіт үй ішінің жағдайын мәлімдеп, бас тартады...
«– Сен кіммен сөйлесіп отырмын деп ойлайсың? – деді Кодаленко 
тікіленіп.
– Губкомының ұйымдастыру бөлімінің бастығымен, секретарьдың 
қызметін уақытша атқарып отырған секретарьмен сөйлесіп отырмын деп 
ойлаймын, – дедім мен де тікіленіп.
– Именно секретарьмен! – деді Кодаленко маған шұқшиып. – Партияның 
ұсынысын орындамайтын кімсің? Ондай анархияға партия жол бере ал­
майды. Не партиялық билетіңді мына столдың үстіне саларсың, не партия 
қаулысын орындарсың.
– Бұл партиялық қаулы емес! – дедім мен де қаным қайнап кетіп ащы 
дауыспен.
– Енді кімнің қаулысы? – деді Кодаленко ұшып тұрып, кескіні ашудан 
түтіге қап.
– Кодаленконың! Сәдуақасовшылдықтың!.. – дедім мен де орнымнан 
ұша түрегеліп.
Олай дейтінім, Қызылжарға Смағұл Сәдуақасовтың келіп кеткенін, Ко­
даленкоға «Мұқановты газетке неге қойдыңдар?» деп ренжігенін естігем. 
Сәдуақасов қазір күшейді... Казкрайкомның бұрынғы секретары Ненай­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
49
швили кетіп, орнына Голощекин деген кісі келді, ол бұған дейін тізе қоса 
әрекет еткен Сәдуақасов пен Қожанов арасына жік түсіріп, Сәдуақасовты 
қарсы қою арқылы Қожановты қызметінен қуды. Голощекиннің қазақ 
қызметкерінен қазіргі сүйенері – Смағұл Сәдуақасов... десетін. Бұрыннан 
да соның кісісі саналатын Кодаленко енді Сәдуақасовтың сөзін екі қылар 
ма?..
...Бүйтуіме, ашуға булықты ма, әлде аузына сөз түспей қалды ма, кескіні 
түтеген Кодаленконың үні шықпай қалды. Мен: «Сөзім осы! – деп теріс ай­
налып, есікті тарс еткізіп қатты жаптым».
Естелік иесі одан әрі келіншегіннің сырқаты күшейіп, опат 
болғанын баяндайды. Жап­жас қосағынан қапылыста айырыл­
ған жасаң жігіт ауыр қайғыдан егіліп әрі Арыстан есімді тұңғыш 
баласын бағудан есі шығып есеңгіреп жүргенде, Губкомға қа­
йыра шақырылады. Кодаленко тағы да қыдиып, Ұлытау болы­
сына дереу аттануды талап етеді. Журналист тағы да бас тарта­
ды. Губком секретары партия талабын есіне салып: «Балаңды 
таныстарыңның біріне беріп, дереу аттан!..» – деп күш көрсетеді. 
Сол күні жедел жиналған бюро шешіміне бас игендей болып 
мәжілістен шыққан Сәбит Мұқанов поштаға барып, екі же­
делхат жөнелтеді: біріншісін әйелінің төркініне – кішкентай 
жиенде рін ауылға әкетуді өтініп, екіншісін – демалыста жүрген 
Губкомның бірінші секретары Гримбладқа (әлбетте, төтенше 
арызының Казкрайкомның жауапты секретарына бұрынырақ 
жетерін ес керіп, Өлкелік комитетке жолдайды). Ол есебі ойлаған 
жерінен шығып, алғашқы хабарды Қызылордадан алады: Го­
лощекин қол қойған жеделхатта «Мұқановты Ұлытауға жіберу 
Гримблад барғанға дейін тоқтылсын» делінген­міс. Нәтижесінде 
қыңыр Кодаленко «өктемдігін ұмытып, өзімен момақансып 
сөйлеседі», бірақ: «Губкомның бюросын бір саған жығып беретін 
Крайком болса көрерміз, – деп шіренеді. – Не мен Губком қыз­
метінен кетермін, егер кетпедім бар ғой – қаулыны орындата­
мын!..»
Сол сөзді естіген соң қаламы жүйрік, мінезі одан да ұшқыр 
журналист қарсыласын мұқату шарасына кіріседі. «Бостандық 
туының» баспасөз мейрамы саналатын 5 мамыр күнгі санын­
да Алашорда үкіметінің төрағасы болған Әлихан Бөкейханов­
тың, оның күйеу баласы Смағұл Сәдуақасовтың, өзі «тап жаула­
ры» санайтын Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың 
4­247

Медеу СӘРСЕКЕ
50
бетпердесін «сыпырып», солардың айтағын орындаушы әрі 
белсенді большевиктерді губерния орталығынан шалғай болыс ­
тарға қуып, жақтастарын маңына топтап жатқан әсіре ұлт  шыл 
Кодаленконың «қастандығын» әшкерелеп, бас ма қа лада аяу сыз 
сынайды. Қысқасы, Губкоммен дауды қасақана өр шітеді... 
«
Біз Кодаленконың кабинетіне кірсек, «Үш әулие» түгел отыр екен. 
Кодаленкодан қатты сөз естірмін деген оймен келіп едім. Неге екенін кім 
білсін, түсін суық ұстағаны болмаса, аузынан мені жәбірлерлік сөз шыққан 
жоқ. Бар айтқаны:
– Сәдуақасовтың Крайкомда бюро мүшесі екенін білесің. Оған нұқсан 
келтіретін сөзді Крайкомның лұқсатынсыз ешкім де айтуға тиіс емес. Мына 
мақалаңмен сен партиялық норманы аттап өттің. Сәдуақасовтың ғана емес, 
Крайкомның атына кір келтірдің. Мақалаңды кезекті бюрода қараймыз. 
Оған дейін Жәнібеков екеуің типографияға барыңдар да, бас мақаладағы 
барлық адамның атын өшіріп, газеттің бұл санын бүгін қайта шығарыңдар!
– Мен оны істей алмаймын, – дедім.
– Неге? – деді Кодаленко тікіленіп.
– Газеттің ертемен шыққан саны тарап кетті. Жұрт оны оқып отыр. Ертең 
осы санды қайта алып, алғашқысында бар адам аттарының кейінгісінде 
жоғын көрсе, не дейді олар?
– Бұл сұрауды өзіңе бұрынырақ қоюың керек еді, – деді Төреғожин. – 
Жұрт алдында біз ұятты емеспіз, өзің ұятты боласың.
– Ұятты емеспін, – дедім мен. – Өтірікті емес, шындықты жаздым.
– Бұл осылай жүгенсізденіп болған, – деді Кодаленко серіктеріне. – Со­
нымен, – деді маған сүзе қарап, – әлгі тапсырманы орындайсың ба, жоқ па?
– Орындамаймын.
– Ақтық сөзің бе бұл?
– Ақтық сөзім.
– Ендеше, бар! – деді Кодаленко ақырған дауыспен есікті көрсетіп. – 
Мәселені сенсіз­ақ шешеміз.
Мен үн­түнсіз шығып кеттім.
Ертеңіне пәтеріме келген «Бостандық туына» қарасам, кешегі санын 
қайталапты. Тек бас мақаланың ішінде мен жамандап сипаттаған адам­
дарымның аты ғана жоқ. Одан кейін білсем, Губком бюросы, біріншіден – 
«газетті өз қара басының пайдасына жаратып, Крайком бюросының мүшесі 
Смағұл Сәдуақасовты орынсыз қаралады» деп, жеке ісіме тігілетін қатаң 
сөгіс беріпті: екіншіден – конфискацияланған газет сандарының құны 
Мұқановтың есебі берілгенде ұсталып қалынсын», – депті...» 
Кітаптағы көлемі 21 бет баяндауды біз тұжырымдай баян­
дап, мәнді тұсын ғана қаз­қалпында келтірген үзінділерден 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
51
туа тын уәж: билеуші партияның өкілі коммунист журналиске 
әлеуметтік тапсырманы орындамағаны үшін үстемдік көрсет­
кен; Сәбит Мұқанұлы отбасының жағдайына байланысты одан 
бас тартқан; қысқасы, екі жаққа да пәлен­түген деп, 1926 жылғы 
оқиғаға қырық­елу жылдан кейін төрелік айту қиын... Сөйтсе 
де осы тәжікені тәптіштеп баяндаудың астарында Сәбит ағамыз­
дың өзін шынайы большевик етіп, билік басындағы қарсыла­
сын ұлтшыл жасап, өздерінің топтық мақсатын көбірек көзде­
ген «сәдуақасовшыл» екенін, «алашордашыл» пиғылға бұрғаны 
да содан деп түсіндіргені бірден­ақ көзге ұрады. Сірә, түп мақ­
сатында өзін Қазақстанның бас газеті «Еңбекші қазақтан» 
қуылып, Қызылордадан Қызылжарға баруына мәжбүрлеген 
Смағұл Сәдуақасовты қайткен күнде мұқатуды мақсат еткен 
(Бұл жерде біз «ұлтшыл топтар құрған», сонымен­ақ Кеңес 
үкіметінің, яғни өз түйсігінде «қазақ халқының қас жауы» деп 
қандай тұлғаларға «Есею жылдары» авторының қара күйені 
баттита жағып, мейлінше қаралап отырғаны жайында, сол 
арыстардың XX ғасырдың аяғында қайыра ұлықталғаны тура­
сында сөз қозғауды қажет етпедік. Өйткені бұл – тарих пен уақыт 
төрелігімен айқындалған ақиқат).
Ең өкініштісі – қаламы жүйрік қаламгердің осы естелікті оқи­
ға болған 1926 жылы емес, 35­40 жылдан соң жазып, неше мәрте 
қайыра жариялауы. 1960 жылдарда Н.С. Хрущев жариялаған 
«жылымық» кезінде «халық жауы» атанып атылған, иә түрме 
азабын тартқан шерменделер жаппай ақталып, жазалаушы орган 
ойдан шығарған ауыр «қылмыстардан» арылғаны мәлім. Алайда 
өзім білемі басым жазушы әділдік салтанат құрғанын, бұрын ғы 
большевиктік тұрпайы ұстанымдар түбірімен өзгерген уақытта 
өмір сүріп отырғанын ескермеген. Есею жылдарындағы басы­
нан кешкенін жалпақ елге өнеге етіп, «шыққан тегім – тақыр ке­
дей, өмірлік ар­ожданым – коммунистік идея» деген пәлсафамен 
қағазға түсірген.
Екінші сорақылық – кәнігі қаламгер осы оқиғаларды әсіре­
леп баяндауда қиял қанатына мініп, Кодаленко­Қадылбеков мар­
құмға мүлдем қатысы жоқ іс үшін нақақтан кінә артуы. Солтүс­
тік Қазақстан облыстық партия комитетінің партия мұрағаты­
ның меңгерушісі В. Трусов қол қойған 1989 жылғы 8 маусым 
күні 96­санды ресми анықтамада «Коммунист Н. Кодаленконың 
1926 жылдың 18 ақпанында съезд өткізу үшін Ақмола уезіне 

Медеу СӘРСЕКЕ
52
жіберілгені, сол шараларды тәмамдаған соң Қазақ өлкелік ко­
митетінің аппаратына ауысып, 26 сәуірде Қызылордада шы­
ғатын өлкелік «Ленинский путь» журналының алқа мүшесі 
болып тағайындалып, сол басылымның орынбасары міндетін 
ат қарғаны» айтылған. Демек, журналист Сәбит Мұқановтың ес­
телік кітабында соншама тәптіштеп жазған оқиғалар шынын­
да да болса, яғни 1926 жылдың 15 мамыр күні Губком бюро­
сында өзінің жұмыстан қуылып, партиялық сөгіс арқалауына 
Н. Кодаленконың ешқандай қатысы жоқ. Онымен тәжіке сәуір 
айында өрбіді деген дау­дамай кезінде, одан кейін де Нұрғали 
Қадылбекұлы Қызылжарда болмаған...
Үшінші өрескелдік – естелік иесінің «Бостандық туы» газеті­
нің бас мақаласында ұлтшылдарды аяусыз әшкереледім дегені 
де күмәнді іс. Өйткені газеттің 5 мамыр күнгі саны мұрағатта 
жоқ, автордың айтуынша, Губкомның бюро қаулысымен жойыл­
ған. Сондықтан да Сәбең өз уәжіне иландыру үшін редакция 
есепшісі еңбекақысынан 45 сом ұстап қалғанын, түбіршектің өз 
мұрағатында сақтаулы екенін атөтті ескертеді...
Біздіңше, жоқтан бар жасауға әуес, қандайда бір оқиғаны қы­
зықты етіп, оқиғаларды шиеленістіре баяндау тәсілін меңгер ген 
аға жазушы отбасында болған ауыр қасіретті бұрмалап жанас­
тырып, соған әлеуметтік мән бере суреттеп, ел жадынан есімі де, 
еңбегі де ұмыт болған қайраткерді (әлбетте, ол сорлының өмірде 
жоғын білгені де анық) нақақтан жазықты етіп, бүгінгі оқырман 
лағынет айтқандай түрде бейнелеген.
Жә, қарт қаламгер қисынсыздығы қара жіппен дөрекі көк­
телген күйкі оқиғаны не себепті жариялаған? Жарық дүниеден 
баяғыда аласталған Нұрғали Қадылбекұлын соған не себепті 
жазықты еткен? Бұл сауалдардың жауабын біз білмейміз.
Бізге мәлім – басқа жайт, оны хикаяттың соңында сөз етеміз...
* * *
Қайталауға мәжбүрміз: Нұрғали Қадылбеков «Жоспарлы түр­
де ауысу» рәсіміне қарсылықсыз бойсұнып, 1927 жылы Қы зы­
лордадан Шымкент қаласына қоныс аударады; бұл жолғы ман­
сабы – губерниялық прокуратураның заң бақылаушысы. Ең 
ғажабы, бұл жұмыста да байыздап отырмаған. Бірнеше айдан соң 
Сырдария губерниясының бас прокуроры болып тағайындалып, 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
53
Қызылордаға қайта көшкен. Неге, не себептен деген сұрау қою­
дың жөнсіздігін ілгеріде ескерткенбіз. Өкінішті гәп: біріне бірі 
өзара жанаспайтын қызметтерді оның қалай атқарғаны тура­
сында деректер өте сирек, естеліктер де жоқ, ал жұмыс бабы­
на байланысты толтырылған анкеталар мен мінездемелерде 
жазылған сөздер бір сарынды: «Қызметі мінсіз, жігерлі ком­
мунист, партиялық тәртіпті қатаң сақтайды». Әсілі бұл – сол 
кездегі партия шенеуніктерінің басынан кешкен ахуал. Нұрғали 
Қадылбеков те адуын мінезімен, іскерлігімен, жігер­қабілетімен, 
одан да гөрі «негесі» жоқ тәртібімен, сірә, Кодаленко аталған 
лақап атына сай большевиктігімен де өз қатарынан дарала­
нып, ең бастысы, партия саясатына адалдығымен, тапсырылған 
істі тиянақты атқаруымен сенімді коммунист саналып, жұмыс 
ақсаған участоктерге жиі ауыстырылған. Сондықтан да оған 
1927 жылдан бастап, өлкелік қана емес, күллі Одақ көлемінде 
аса мәнді саналған жауапты жұмыстар сеніп тапсырылған... 
VI
 Ресей КП(б) ОК­нің Саяси бюросы 1926 жылғы 25 қараша­
дағы мәжілісінде «Мемлекеттік жоспарлау комитеті ұсынған 
бүкілодақтық мәні аса зор үлкен екі құрылыс – Сібір мен Орта 
Азияны жалғастыратын Жетісу темір жолын және Днепрдегі 
электр стансасын алдыңғы кезекте салу қажетттігін...» анық­
таған тарихи қаулы қабылдаған. КСРО Еңбек және қорғаныс 
кеңесі іле­шала, яки 3 желтоқсанда Қазақстанның шығыс ше­
бін оңтүстіктегі Орынбор – Ташкент магистралымен байланы­
стыратын ескі жобаны талқылап (Семей қаласына темір жол 
Барнаул дан 1915 жылы келген), соны іске асыруға 7 жыл мер­
зім белгі лейді. Мә жіліс хаттамасында жаңа магистральдың эко­
номикалық, стратегиялық, саяси мәні бадырайта көр се тіл ген: 
Сібірдің мол ас тығын, ағашын, өзге де өнімдерін Қа зақ стан мен 
Орта Азияға тасымалдауға сенімді қатынас жолы қажет; соны­
мен қатар ол Орта Азияда мақта шикізатын көптеп өсіріп, Сібір 
қиырында тұрғызылмақ өңдеу өндірістеріне жеткізуді тиімді 
шешеді; анығында түстік өңірдегі қалың елге 40 миллион пұт 
дәнді дақылды автомобильмен, көлікпен тасу жыл сайын өте 
қымбат; ал мақтаны Кеңес өкіметі тонналап алтын беріп, шетел­
ден алуда...

Медеу СӘРСЕКЕ
54
Анығында осы жолды салуға әзірлік 1887 жылы басталып, түрліше 
ізденістер жасалған. Сол жұмыс XX ғасырдың басына дейін жүріп, жол та­
набы түсетін басты бағыттарға жобалар дайындалған. Мысалы, Арыс бекеті­
нен болат магистраль екі бағытқа тартылады: алғашқы тармағы – 200 шақы­
рым, Ташкентке жеткізеді; екіншісі шығысқа бет түзеп, Луговой бекетіне 
жетіп тоқтайды, оның ұзындығы – 237 шақырым. Осы жұмыстарды 
жүзеге асыруға келісімшарт алған Жетісу акционерлік қоғамы жол са­
луды 1913 жылы бастаған, алайда бірінші дүниежүзілік соғыс тауқыметі 
құрылысты аяқтатпаған. Кеңес өкіметі Луговой мен Пішпек бекеттерін 
(қазірде Бішкек аталады) темір жолмен 1924 жылы қосады. Енді, міне, екі 
жылды артқа тастап, бастапқы жобаның Түрксіб аталған ең үлкен тармағын 
салуға әзірлік басталды. Қайтадан қаралған жоба бойынша жаңа жолдың 
ұзындығы 1457 шақырым болмақ. Құрылыс Луговой мен Семей бекеттерінен 
бір мезгілде басталып, Жетісу губерниясына қарасты Айнабұлақ стансасын­
да түйісуге тиіс.
1927 жылдың басында­ақ Түрксіб жолын салатын басқарма құрылып, 
оған бастық болып байырғы теміржолшы инженер, коммунистік иде­
яны ғасыр басында қабылдаған большевик В. Шатов тағайындалған. 
Құрылыстың орталық штабы Алматы қаласына орналасады. Құрылыс 
алаңына күн сайын 20 мың жұмыскер шығатыны жобаланған, олар бірнеше 
участоктер мен бригадаларға бөлініп, жұмысты таң жарығымен бастап, 
күн ұясына қонғанша атқаруға тиіс. Жұмыскердің басым бөлігі қазақ ау­
ылдарынан тартылмақ және олар өздерінің киіз үйлерімен, құрал­сайман 
және күш­көліктерімен шақырылады. Жол бойындағы үлкен бекеттер мен 
қыстақтарға барақтар тұрғызылмақ. Топырақ қазу, оны жолға төсеу, таспен 
бекіту жұмыстарын өнімді жүргізу үшін Америкаға қуатты эксковаторлар, 
бульдозерлер, компрессорлар, автомобильдер, тепловоздар, вагонеткалар, 
бетон араластырғыштар мен бұрғылау қондырғыларына тапсырыс беріледі. 
Қысқасы, Сталиндік бірінші бесжылдықтың екпінді нысандары Днепро­
ГЭС, Волховқұрылыспен теңестірілген, олардан да мәндірек саналған 
Түрксібті жобаланған мерзімде іске қосу үшін КСРО үкіметі қаржы аямай 
(сол үшін 176 миллион сом бөлінген, сол кезде бұл ерекше мол сома!), ділгір 
қажеттерін сөзбұйдаға салмай, тездетіп шешкен. Саяси бюро Түрксібтің 
түбегейлі мәселелерін 1926­1927 жылдарда 10 мәрте талқылапты...
Әлбетте, жаңа жол шөлейт даламен жүріп, ондаған шақыры­
мы таулы­тасты қыраттарды жанамалап, бірнеше жерде арын­
ды өзендер мен бұлақтар арқылы өтеді (солардың ең күрделісі 
әрі ең қымбаты – арналы Ертіс үстінен салынбақ көпір). Шоқпар 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
55
бекетінің тұсында темір жол жақпар тасты тауды тесіп өтуге тиіс. 
Жол табаны кейде өрге өрмелеп, енді бірде биік жоталарды шыр 
айналып, амалдап жүреді. Сөйтсе де инженерлік ақыл­ойдың 
сыннан өткен тәжірибесі септігін тигізіп, табиғи кедергілерді 
амал дап жеңіп, оған қоса осы құрылысқа деген жергілікті халық­
тың ынта­жігері қосылып, Қазақ даласының мәңгі ұйқымен 
манаураған келбетін өзгертетін социалистік құрылыс делінген 
үгіт­насихаттың әсері де айтарлықтай өрекпу туғызып, 1927 
жылдың сәуірінде Луговой бекетінен шығысқа бет түзеген болат 
жолдың алғашқы шақырымына құрылған, қазақтың киіз үйі 
іспетті, шаңырақсыз аркадан жолаушы вагондарын сүйреткен 
паровоз арқырап өтіп, оның маңдайында «Аттан, қазақ, Сібірге 
бет алдық!» деген тақтайша ілінген, құлақ тұндырғандай ала­
пат үнмен дыбыс қатып тоқтайды. Сол жерде көлденең керілген 
жібек бауды КСРО үкіметі төрағасының орынбасары Тұрар Рыс­
құлов қиып, жаңа жолдың үстінде тұрған мыңдаған адамға 
Түрксіб темір жолының құрылысы басталғанын жария етіп, сал­
танатты жиынды ашады...
Түрксіб құрылысы бастапқыда сылбыр жүрген. Сірә, ал­
дағы жылдарда жұмыс қарқынын үдетеміз деген керенау 
жайбасарлық әсер еткен. Оған қоса Қазақстанның өлкелік 
үкіметі, Сырдария, Жетісу және Семей губернияларының бас­
шылары құрылыс участоктарына жұмыскер бөлу тапсырма­
сын орындамаған. 20 мың жұмысшының қақ жартысы жұмыс 
басталған алғашқы жазда жол бойына шықпаған. Бұл енді қа­
зақтың ежелгі енжарлығына тән кешірілмес сылбырлық. Амери­
кадан алынған техника да дер кезінде жеткізілмеген. Қысқасы, 
бір жоққа екіншісі қосылып, құрылыс қарқыны үдемеген. Сірә, 
құрылыс бастығы В. Шатовтың жергілікті жағдайды жете білмеуі 
де қалыптасқан баяулықты жеделдетуге дәрменсіздік аңғартқан.
Осы жайт Мәскеудегі үкіметке мәлім болады.
1926 жылғы 27 мамырда РКП(б) ОК­нің арнайы қарарымен Тұрар Рыс­
құлов РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары қыз­
метіне (он орынбасардың 3­сі болып) тағайындалған. Бұл болса Қазақстан 
өлкелік КП комитетінің қаперіне алмаған төтенше жайт: өйткені Комитерн 
басшыларының өкілдігімен Моңғол халықтық­төңкерісшіл партиясы­
на 1924 жылы көмекке жіберілген Тұрар Рысқұлұлы интернационалдық 
міндетін сәтті атқарып, Моңғол Халық Республикасы үкіметінің құрамын 

Медеу СӘРСЕКЕ
56
сенімді қайраткерлермен бекемдеуден соң, 1926 жылдың көктемінде РКП(б) 
ОК­нің жолдамасымен туып­өскен Қазақстанға оралған. Қайрат кер тұл­
ғаның ойынша, Қазақ АКСР­інің үкімет билігіндегі санаулы аза маттардың 
қатарында болуға тиіс еді. Бірақ саяси ойынның қитұрқы амалдарына 
жетік Ф. Голощекин оны өлкелік партия комитетінің баспасөз секторы­
на меңгеруші әрі «Еңбекшіл қазақ» газетінің жауапты шығарушысы етіп 
тағайындаған (о күнде бас редакторлық мансап болмаған). Ауызбірлігі 
жоқ қазақ саясаткерлері, сірә, Филип Исай баласының айтағымен бізде 
енді «рысқұловшыл» топ құрылады десіп, сол «топты» күшейтпеудің қам­
қарекетіне кіріседі. Бірбеткей мінез иесі Тұрар Рысқұлұлы Голощекиннің 
Қазақстанды билеп­төстеген одағай әрекеттеріне наразылық білдіруден 
тайсалмаған­мыс. Мысалы, сол көктемдегі бір жиында ол: «Қазақстанның 
ахуалын келімсек сізден гөрі, дала перзенті мен артығырақ білемін, мұндай 
мәселеде, Филип Исаевич, менімен таласпаңыз!» – деген.
Қысқасы, екі қошқардың басы бір қазанға сыймаған дерлік ахуал қа­
лыптасады. Нәтижесінде Т. Рысқұлов Қазақстанда небәрі үш ай жұмыс 
істеп, мамыр айының аяғында Мәскеуге шақырылып, РСФСР Халық Комис­
сарлар Кеңесі (Совнарком) төрағасының орынбасары болып тағайындалады 
(сол міндетті ол аттай 11 жыл, 1937 жылғы қуғын­сүргінде мерт болғанға 
дейін атқарған). Қандай да мәселенің байыбына барып, әріден ойлайтын 
қабілетімен, іскерлігімен, білгіштігімен танылып, турашыл болмысынан 
да айнымай, реті келгенде ешкімнен қаймықпай, Қазақстан мүддесіне бұра 
тартып та еңбек еткен.
ҚСЭ­нің 11­кітабының 217­бетінде жарияланған Түрксібке 
арналған мақалада құрылысы баяу жүріп жатқан үлкен жолдың 
үкімет белгілеген мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету мақсаты­
мен РСФСР Совнаркомы «Түрксіб құрылысына жәрдемдесу 
комитетін» ұйымдастырып, оның төрағалығына Т. Рысқұлов 
та ғайындалғанын ескертіп: «Осы комитетте ауылшаруашылық, 
өнеркәсіп, жол қатынасы және ирригация секциялары жұмыс 
істеді. Оның құрамына 50­ден аса белгілі мамандар мен ғалымдар, 
Халық комиссариаттары мен Ұлттық аудандардың жетекші 
өкілдері енді. Комитет ғылыми экспедициялар ұйымдасты рып, 
жан­жақты зерттеп, Түрксіб құрылысын тез және сапалы жүр­
гізуге басшылық жасады, құрылысты жұмысшы күшімен, ма­
териалдармен және техникамен қамтамасыз етуге көмектесті. 
Әсіресе жергілікті ұлт өкілдерінен жұмысшы кадрлар даярлауға 
назар аударды...» – делінген. Соған орай темір жол танабы өте­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
57
тін үш губернияның және соларға қарасты уездердің бәрінде 
де Жәрдемдесу комитеттері ұйымдасып, оларды басқаруға сол 
елдің бірінші басшылары тағайындалған. Қазақстан АКСР­
інің үкіметі де сондай комитет құрып, оған Қазсовнаркомның 
төрағасы Нығмет Нұрмақов жетекшілік еткен. КСРО Ғылым 
академиясы да осы құрылысқа ерекше мән беріп, академия 
президенті А.П. Карпинский басқаратын арнайы комитет құрып
жол бойына жиырмадан астам экспедициялар жасақтап, рельс 
төселетін жерді геологиялық, гидрогеологиялық, сейсмикалық 
тұрғыдан мұқият зерттеп, ұсыныстар дайындаған. Қысқасы, әр 
алуан көмектесу топтарының жұмысын үкімет мүшесі ретінде 
реттеу, басқару ісін де Тұрар Рысқұлов өз қолына алған: мыса­
лы, Темір жол наркоматы бұл құрылысқа 1927 жылы 25 милли­
он сом жұмсауды жобалап, соған орай атқарылмақ жұмыс көле­
мін белгілесе, Т. Рысқұлов Саяси бюро мәжілісінде бұл соманы 40 
миллион сомға өсіріп, темір жол құрылысын бұрын белгілеген­
дей 7 жылда емес, 4 жылда аяқтауға ұсыныс жасап, өз сөзін 
нақты есеп­қисаппен дәлелдеген; бұл ұсынысты құрылыс басшы­
сы В. Шатов та құптайды; сөйтсе де алып құрылысты салудың 
мерзімін екі есеге жуық мерзімге қысқартуды ойға қонбайтын 
қияли іс санағандар да болған. Енді біреулер оны ашықтан­ашық 
«Рысқұловтың фантазиясы» немесе өзінің мәртебелі қызметін 
бекемдеу үшін жасаған қитұрқы айласы деп те әжуалаған...
Алайда осы мәселені талқылауға арналған екінші мәжілісте ол 
өзінің ұсынысын тағы да қайталап: «Түрксібті салудың шығыны 
4 жылда ақталатынын нақты есептеген мен емес, Госпланның 
білгір мамандары. Жуықта мен сол мамандарға қосымша тап­
сырма беріп, тексерме есеп жасаттым. Сөйтсек, осы жол іске 
қосылғаннан кейін үкімет қорына жыл сайын 50 миллион сом 
қосымша қаржы түсіреді екен, демек, шығынды қазірде көбірек 
жұмсап, құрылыс мерзімін жобадағыдан 3 жылға қысқартсақ, 
КСРО бюджеті 1931 жылы 150 миллион сом таза пайда алады. 
Осыншама пайданы ескермеу, ғапу етіңіздер, өз қалтамызға 
өзіміз түскендей ашықауыздық емес пе?!.» – деп Госплан ма­
мандарының есеп­қисабын Саяси бюро мүшелерінің алдына 
қояды. Ақырында Құрылыс басқармасы сұраған қаржы бөгеусіз 
бөлінген.
Біздіңше, Тұрар Рысқұловтың араласуымен сол қарсаңда жү­
зеге асқан екінші шаруа – құрылыстың барлық жұмыстарына 

Медеу СӘРСЕКЕ
58
техникалық басшылық жасауға, яки бас инженер міндетін ат­
қа руға теміржолшы инженер Мұхамеджан Тынышпаевтың та­
ғайындалуы.
Ол болса – Түрксіб жолы жанамалай өтетін бұрынғы Жетісу облы­
сына қарасты Лепсі уезінің Мақаншы­Садыр болысының қазағы. Жасы 
сол кезде елудің шебінен енді ғана асқан аса қайратты шағы. Ең бастысы, 
Мұхамеджан Тынышпайұлы Санкт­Петербургтің жол қатынасы институ­
тын 1906 жылы бітіріп, Орта Азияда салынған темір жолдардың бәрінің 
құрылысына қатысқан. Осы саладағы соңғы қызметі 1914 жылы аяқталған 
Арыс – Әулиеата темір жолының құрылысында бас инженер болып, іскерлік 
танытып, зор білімпаздығын аңғартқан кәнігі маман. Амал не, қазақтың 
өз ортасынан шыққан тұңғыш теміржолшының, сол істің бүге­шігесін 
жұрттың бәрінен де артық білетін әйдік маманның туған жерінде басталған 
ұлы құрылыстан шетқақпай қалуы да – сол күннің ащы шындығы. Рас, 
себепсіз емес. М. Тынышпаев – төңкеріс жылдарында Алаш қозғалысына 
белсене қатысып, Алашорда үкіметіне мүше болған қайраткер, оған қоса 
Орта Азия кіндігінде шаңырақ көтерген Түркістан Республикасының тұң­
ғыш премьер­министрі міндетін атқарған, яки саяси көзқарасы жөнінен 
сенімсіз адам...
Тұрар Рысқұлұлы бұл мәселені де жоғары үкімет назарына 
жеткізіп, алып құрылысқа пайдасы көбірек тиетінін дәлелдеп 
әрі Тынышпаев үшін кепіл болып, болат жолдың бас инженері 
қызметіне тағайындатады. Әлбетте, биік ар­инабатына ұлттық 
болмысы сай азамат сол сенімді ақтап, жол құрылысын барынша 
әскездеп, ұтымды жүруіне басшылық еткен. Ең ғажабы, жобаның 
күдік туғызған кейбір участогын жол­жөнекей өзгертіп, мемле­
кетке миллиондаған сом пайда келтірген, құрылыс жұмысының 
үрдіс жүруіне де тиімді ұсыныстарымен мұрындық болған (Амал 
қанша, дарынды инженердің сол істегі жанқиярлық еңбегі 
ескерілмей, Түрксіб пайдалануға берілген соң­ақ, 1930 жылғы 
саяси науқанда, Алаш қайраткерлерінің отыздан аса басшы то­
бын қайыра жазалау кезінде М. Тынышпаев тұтқынға алынып, 
сотталып, соңынан Воронеж қаласына жер аударылған. Ал 1937 
жылғы сүргінде қайыра ұсталып, өмірі үзілген).
Тұрар Рысқұловтың Түрксіб құрылысына Жәрдемдесу ко­
митетінің жетекшісі ретінде атқарған тағы бір сәтті әрекеті – 
жол салушы басқарма төрағасының орынбасары етіп Нұрғали 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
59
Қадылбековті ұсынуы. Сірә, оның іскерлік қабілеті туралы 
естіген. Мәскеуге шақырылған Нұрғали Қадылбекұлы РСФСР 
Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы орынбасарының ка­
бинетіндегі алғашқы кездесуде­ақ атақ­дақпыртына сырттай 
қанық үкімет мүшесінен нақты нұсқаулар алады: ел мүддесіне 
жаны ауыратын азамат ретінде ол туған даласының көшпелі 
тіршілігін түбегейлі өзгертетін, Қазақстан экономикасына жан 
бітірер өзгеріс әкелетін алып құрылыстың басы­қасында оты­
рып, күн сайын туындайтын жұмыстармен шұғылдануға тиіс; ең 
бастысы – жолдың барлық участогын жұмыскермен қажетінше 
жабдықтау; қазірде бұл мәселе – мүлдем ақсаған жағдайда...
– Аттың жалы, түйенің қомына сүйеніп, күншілік жер­
ге бес­алты түнеумен әрең жететін, жолшыбайғы нағашы, иә 
төркін жұртынан сыбағасын жеп, жата­жастана қозғалатын 
баяғы заман, Нұрғали жолдас, келмеске кеткенін біздің халық 
түсінуге тиіс. Түсінгісі келмесе сен сияқты адуын жігіттер 
мәселені басқаша қойып, ұғындыруға міндетті. Қысқасы, осы 
істі мойныңа артып отырмын. Әрі дегенде бір айдан кейін пәлен 
жерде жұмысшы жетпейді деген сөзді естімейтін болайын! Бір 
ме? Екінші, құрылыс басқармасы ұшы­қиырсыз әрі елсіз да­
лада жүретін жұмыстың ауырлығына мән бермеген. Оған қоса 
жергілікті әкімдердің сөйтеміз, бүйтеміз, пәленше жүз кісі 
береміз деген ауызша уәделеріне сеніп, ашықауыздық жасаған. 
Басқарманың кадр жөніндегі орынбасары уәдешіл әкімдерді 
большевиктік жігермен тәртіпке шақыруға тиіс! Есіңде болсын, 
халқымыз зор үміт артқан Түрксіб жолын үкімет тағайындаған 
мерзімде аяқтау – саған да, маған да, бастығың Шатовқа да сын! 
Үшеу делік! Жә, әзірше жетер, жақсы інім, іске сәт!.. – деп каби­
нет иесі өзіне қадала қарайды. 
Шат­шадыман сезімге бөленген Нұрғали қолын ұсынып:
– Тұреке, түсіндім, сеніңіз, тура солай етемін. Жатын орным 
құрылыс басында болады! Алғашқы пойыз жүргенше демалыс 
сұрамаймын... – деп қағілездік аңғартады.
Айтты, бітті, орындалды деңіз. Бұл болса – біртуар азамат 
Рысқұловқа тән қылық.
Алматыға жеткен күннен­ақ Нұрғали Қадылбеков жер­жер­
ге дабыл қағып, Түрксіб жолы кесіп өтетін губерниялар бас­
шыларының ұйқысын бұзып, қу жанын түршіктіргендей айқай­
шу көтереді. «Бұл неғылған тәртіпсіздік әлде бейғамдық? 

Медеу СӘРСЕКЕ
60
Сталиндік бірінші бесжылдықтың басты нысаны атанған ұлы 
құрылысқа немқұрайды қараған самарқау көзқарасты дереу 
өзгертіңдер, өздерің уәде еткен пәленше мың жұмыскер жол 
бойына үш тәулікте шықпаса, тыныштық бермеймін, тілесең­
дер, Өлкелік комитетте кездесеміз!..» – дегені, құрылыс участок­
тарына күн сайын тыңнан келген жұмысшылар санын, қанша 
адам жетіспейтіні бадырайта көрсетілген кестені вагондағы 
кабинетінің төріне іліп қойып, сол арқылы жер­жерге дабыл 
қағуы ақыр аяғында нәтиже берді. Әр жердегі участоктарда 
қолына күрек, қайла ұстағандардың саны 1927 жылғы тамыз 
айында екі есеге жуық көбейіп, біраздан соң олардың қарамы 
жобаланған межеге тақайды. Құрылыс басқармасы солардың 
бәрін жатын орынмен, ас­сумен қамтамасыз ете алмайтынын, 
қылышын сүйреткен қыс айында бұл да күрделі мәселеге айна­
латынын ойлап, жұмыскер шақыруды біршама тежеуге мәжбүр 
болған. Сол себепті кадр бөлімінің күш­жігері келесі жылғы 
көктем мен жазда жол танабында жұмыс істейтін жұмыскерлер 
санын күрт көтеруге жұмсалған...
Түрксіб жолының құрылысы туралы бертінде жарияланған 
көптеген естеліктер мен ғылыми кітапшаларда құрылыс ала­
ңындағы жұмыс ерекше қызу жүрген 1928­1930 жылдардың жаз 
айларында 30 мыңға таяу жұмыскер істегенін, солардың 55 па­
йызы ат­түйесімен, арба­шанасымен келген жергілікті қазақтар 
екендігі айтылған. Әлбетте, соның бәрі Нұрғали Қадылбековтің 
қажырлы еңбегінің салдары десек – қисынсыз мадақтау болмақ. 
Алайда сол азамат іс басына келген соң­ақ темір жол құрылысы 
жұмыскер қолы мен топырақ тасушы көліктен кемшін көрме­
гені – тарихи шындық!
Түрксіб құрылысы 1927 жылғы 23 қаңтарда Луговой беке тінде ағаш 
шпалға алғашқы көршегені қағумен басталып, 1930 жылдың 28 сәуірінде 
Айнабұлақ стансасында оңтүстік пен күншығыстан тартылған болат 
рельстердің түйісуімен аяқ талған. 1 мамыр күні жаңа жолмен екі жақтан 
қарама­қар 
сы жүрген, жолаушылар тасыған төрт пойыз Айнабұлақ 
бекетіне бір мезгілде арқырап жеткен. Әлбетте, төртеуі де күллі Қазақстан 
алқабының пролетариат өкілдерін, үкімет адамдарын, жол салған екпінді 
жұмысшыларды жеткізген. Алып жолдың құрылысы жобаланған төрт жыл 
емес, небәрі үш жыл төрт айда аяқталды. Бұл енді адамзат қауымы естіп­
білмеген ерлік! 1457 шақырым жол соншама қысқа мерзімде пайдалануға 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
61
берілді. Шағын стансада сол оқиғаға арналған митинг өтеді. Болат жолдың 
үстінде тау­тасты жаңғыртқан паровоз даусы Қазақ даласындағы соци­
ализм құрылысының тұңғышы өмірге келгенін паш етеді. Сол жиынға 
И. Сталиннің: «Түрксіб құрылысын үздік еңбекпен, мерзімінен бұрын 
орындаған барлық құрылысшыларға жалынды сәлем!» – деген жеделхаты 
оқылған.
Түрксібтің салынуы Қазақстан Республикасына ұлан­ғайыр 
игіліктер сый еткен: ең бастысы, осы күнге дейін көшпелі тір­
лікпен өмір сүрген халқымыздың отырықшы тұрмысқа бет бұ­
руына, үнемі жұрт ауыстырумен күн кешетін мазасыз көшуден 
тыйылып, бала­шағасын мектепке беріп, тұрмыс күйтін оңдауға, 
одан да өзге алуан игіліктер туғызады. Темір жол төселген да­
ла келбеті өзгеріп, жер­жерде фабрик, зауыттар құрылысы ба­
сталады. Күні кеше ат құлағында ойнаған қазақтардың жа ңа 
мамандықтар игеріп, кәсіби өнерін өзгертуге жеткізеді. Қыз­
мет бабындағы адамдардың, студент жастардың бір қаладан 
екіншісіне қатынасуы да жеңілдейді...
Нұрғали Қадылбекұлы жол құрылысының кадрлар жұмы­
сын 1928 жылдың күзіне дейін басқарған. Бұл міндетті ол құры­
лыс аяқталғанша атқаруға құлықты болған. Амал не, бұрын да 
ескерткеніміздей, о күндегі партия мүшесінде ерік жоқ, жол 
бойындағы еңбек мейлінше қызып, жұмыс сұраушылар көбейіп 
(солардың шексіз молаюына қазақ даласында қауырт жүрген 
социалды өзгерістер де әсер еткені анық), «Күні ертең осы жол­
мен, жұмсақ вагонда рақат ұйқыға беріліп, шалжиып жату да бір 
ғанибет сәт!..» деп қиялдап жүргенде Өлкелік партия комитетінен 
төтенше шақыру түседі.
Тағы бір тың жұмысқа жегілерін жүрегі сезген сияқты, үй­
реншікті дағдысымен жол қапшығына киім­кешегін салып 
алып, Нұрғали сабаз жолға шығады. Қызылордаға келген бетінде 
Өлкелік комитеттің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісінен 
Орталық Қазақстандағы Берікқара ауданына жауапты жұмыс­
қа жіберілетінін естиді. «Неге?» – деген сұрауына меңгеруші: 
«Қазірде қазақ ауылдарын отырықшы тұрмысқа көшіруді пар­
тия маңызды науқан санайды. Темір жол құрылысы қарқынды 
үрдіспен жүріп жатыр. Сіздің ұйымдастырушылық қабілетіңіз 
енді мына жұмыста керегірек!..» – деген уәж естиді. Амал не, 
партиялық тәртіпке бас иген коммунист бұрынғы Қарқаралы 
уезінде ұйымдасқан Берікқара ауданына аттанады... 

Медеу СӘРСЕКЕ
62
* * *
 Бұл ауысу да Ф. Голощекиннің Қазақстанға келген күннен 
бастап арман еткен науқаны, «Кіші Қазан» төңкерісін бастауына 
байланысты жүзеге асқан.
Мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрал­
қасына соғыстан беріде жетекшілік еткен, одақтық дәрежедегі 
зейнеткер Даниял Керімбаевтың 1974 жылғы 21 қаңтарда Пар­
тия тарихы институтына тапсырған, Нұрғали Қадылбекұлының 
Берікқара ауданындағы әлеуметтік жұмысы туралы естелігінің 
Рузима Қадылбекова мұрағат қорынан алған ксерокөшірмесін 
маған сыйлаған папкаға салыпты.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал