Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.19 Kb.

бет3/19
Дата08.01.2017
өлшемі7.19 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
 «Ахмет Қадыл­
бековті мен 1926 жылдың тамыз айының соңғы күндерінде Семей­
ден аттанып, Ертісті құлдилап, Павлодардан Омбыға кетіп бара 
жатқанда, кеме үстінде кездестірдім. Он жас шамасын да ғы (?)  
балақан бірнеше әнді маған келістіре шырқады...» −   дей келіп, 
Ахметтен «Әздембай» әнін нотаға түсіргенін тәптіштеп жазады. 
Түсініктеменің 174­тармағында ол жоғарыда есімін атаған әнші 
балақанның ағасы Мерғали Қадылбековтен «Халила­Қалқаш», 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
27
«Жас өтті» әндерін қазақша мәтінімен жазып алып, нотаға тү­
сіргенін және ескертеді.
Жинақты құрастырушының ақпарына қарағанда, ағайын­
ды Қадылбековтер 1926 жылдың жазын Баянауылда өткізіп, 
Орынбор шәріндегі қазақтың дарынды балаларына арналған 
мектеп­интернатқа қайтып бара жатқанын аңғарамыз. Түсін­
дірмеде ағайындылардың тұрағы, мамандығы туралы сөз жоқ. 
Оның есесіне екеуінің де ән шырқау өнерінен құралақан еместігі 
жазылған. А.В. Затаевичтің ән­күй әлеміне талғамы өте күшті 
және қазақтың ән­әуен қазынасының асқан білгірі екендігі 
жұртшылыққа мәлім. Яки, ол кім көрінгенді тыңдауға, жазуға 
ықыласты жан емес. 
III
Жә, ағайындылар өмірінің бел­белестеріне оралайық...
Қадылбек балаларының үлкені Садық дегенбіз. Үлкен бол­
ғандықтан оның міндет­парызы бөлегірек болған. Соңынан ер­
ген інілерінің бәрінен де ұзағырақ жасағандықтан пешенесіне 
жазылған бейнет пен зейнетті аста­төк тартқан. Соның бәрін 
қажымай көтерген. Садық Бейсенов (үлкен атасының атына 
жазылғаны да күллі әулеті тап болған қуғын­сүргіннен аман 
сақтаған тәрізді) әуелі Баянауыл станицасындағы медресе­
де оқып, іле­шала Павлодардың 2­сыныпты орыс мектебін тә­
мам дағаннан кейін осы қалада ашылған мұғалімдер курсында 
білімін көтерген. Оқуға ұғымтал болыпты. Жиырма жасында 
Баянауылға қайтып оралып, ауылдық мектепте мұғалім болған. 
Сол кезде үйленеді, әйелі – Бөпіш Нұрғалықызы. Екеуінің ал­
ғашқы жылдары көрген перзенттері жас күнінде шейіт болған, 
бертінде туған балаларының есімдері – Мәдияр, Қалимаш, Рузи­
ма... («Мен, Рузима Мерғалиқызы, 1928 жылы Жаманқыстауда 
туғанмын. Туған шешемді білмеймін. Мені туған соң марқұм бо­
лып кетіпті. Әкем сол кезде ауылда болмаған, Қаратау бөктерінде 
кен іздеген геологиялық экспедицияны басқарып, отбасына 
қарамаған. Бөпіш тәтемнің омырауын еміппін, бағыма қарай, со 
кезде жеңешемнің үш айлық нәрестесі болған... – деген мұңлық 
сыр Рузима Мерғалиқызының маған берген қолжазбасында 
айтылған. – Әкем мені 1930, иә 1931 жылдардың бірінде, тілім 
шыққан кезде көрген. Сарыарқаның кіндік жонындағы Қай­

Медеу СӘРСЕКЕ
28
рақты және Қарағайлы кен орындарын зерттеуге келгенде ол 
Баянауылға да ат басын бұрған...»). 
* * *
 
«Алтынтас алты жасқа толғанда әкесі оны Орынбор қа ла­
сындағы қазақ балаларын оқытатын мектеп­интернатқа
*
 бе­
реді... – депті Алматыдағы саяси қуғын­сүргіндер қоғамының ат­
қарушы директоры Жансая Сәбитова «Бір әулеттің трагедия­
сы» аталған мақаласында («Егемен Қазақстан», 22 шілде, 
2008 ж.). – Осы интернаттың 3­сынып оқушысы, тоғыз жасар 
Алтынтас В.И. Лениннің қазасына арнап, 1924 жылы жоқтау 
өлең шығарады. Сол өлеңге сүйсінген мектеп директоры: «Ал­
тынтас, сен бола шақта Қазақстанды билейтін үлкен қайраткер 
атанасың!» – депті­міс. Үздік оқитын балақан 6­сыныпқа жет­
кенше ауыл өмірінен сықақ өлеңдер мен шағын пьесалар жазып, 
соларды өзі орындап, тыңдаушы жұртты үнемі таңғалдырған. 
Алтынтастың өнерін қызықтап, өткір әжуасына іліккен үлкен­
дер: «Айналайын, мынауың жақсы өнер, біздің атымызды тек 
өзгертіп айт», – деп жалынады екен...»
Орынбор мен Баянауыл арасында жүріп­тұру – о күнде қиын 
қарекет, бірден­бір ілдебай қатынас – бекетші қазақтардың ар­
ба­шанасы. Алтынтас балақан жасы он екіден асқанда, 1928 
жылдың қысында Жаманқыстауға қос өкпесі қабынып әрең 
жетіпті. Үйіне жете мұрттай ұшып, денесі күйіп­жанып, неше 
тәулік сұлық жатқан...
Кенжетайының саулығын тілеумен мәңгіп отырған отба­
сына сол күндерде тағы бір ауыртпалық сап еткен: уездік төң­
керіс комитетінің хатшысы Петр Зарембо бастаған үш адам 
Қадылбектің жұпыны үйіне баса­көктей кіріп, ауыл иесінің 
қолына кісен салады. «Не үшін?» – деген сұрауға едіреңдеген 
жетесіз қос милиционер: «Қарауыңдағы қарамды малды сен 
төбет ағайындарыңның атына жазып, үкімет салығын бірнеше 
есе кем төлепсің...» – деп, Қадылбекті станицаға әкетпек бо­
лады.

Орынборда осындай интернат болып, ветеринар әкесі Оразғұлдың орыс тілінде 
сауатын сонда ашқаны туралы дерек академик Н.О. Базанованың өмірбаяндық 
құжатында айтылған. Абай Құнанбаевтың «Интернатта оқып жүр талай қазақ бала­
сы» өлеңі – нақты дерекке арналғаны жұртшылыққа мәлім...

ШЫҒАРМАЛАРЫ
29
Пеш түбінде жатқан Алтынтас та үстіндегі ескі тонды сыпы­
рып тастап:
– Жолдас Зарембо! Менің сөзім мына суайттарға емес, сізге, 
дат деңіз!.. – деп атып тұрғанда, құртақандай балақанның орыс 
тілінде мүдірмей сөйлегеніне комитет хатшысы аңтарыла қа­
райды.
Көзі оттай жайнаған бала уком хатшысына жақындай түсіп:
– Мен осы үйдің кенжесімін. Менен үлкен төрт ағам бар, бі­
реуі – Нұрғали Кодаленко. Ол кісіні сіз білесіз, төңкеріс қыз­
метіне өзіңізбен бірге шығып, Кодаленко аталған бәлшебек. Одан 
кейінгі Мерғали ағам – Мәскеуде білім алып, Қазақстанның 
ауыр өндірісін көтеру жолында жүрген инженер. Тағы бір ағам 
Мәскеудегі инженерлік оқуда. Мына сырқаттан оңалсам, мен де 
солардың жолын қуамын... Жә, сонда, жолдас Зарембо, бес ба­
ласын Кеңес оқуына беріп, оқу бітіргендерін Кеңес жұмысына 
жегіп, ескі қыстауда кәператив құрып, өзінше тірлік еткен 
қарт әкем, мына жалақорлар айтқандай, үкіметтен малын жа­
сырды, салықтан қашты деген жала сөзге сіз қалайша сенесіз? 
Қасыңыздағы дүлейлер әкемнің басын жоюды жобалаған, 
«контр» етіп, итжеккенге айдатпақ. Сізді мен бұратана халық­
тарды аяусыз қанаған Николай патшаны тұқым­тұяғымен жо­
йып, езілген жұртқа теңдік әперген ұлы орыс халқының адал 
перзенті санаймын, сіз туралы кедейлердің қамқоры деген де 
лақапты білемін. Ал қазір?.. Ғапу етіңіз, Петро ағай, сізге де­
ген сенімім жоғалып, ерекше налып тұрмын. Мен болдым, 
білгеніңізді істеңіз!.. – деп көкірегіндегі ащы өксікті лақ еткізген 
балақан жүрек тұсын қолымен басып тұрып қалады.
Өкімет өкілі кенет серіктерінің қолындағы жарлықты жұлып 
алып:
– Милый малчуган мой, ты тысячу раз прав, успокойся, ради 
бога! – деп қыстау иесінің қолындағы кісенді ағытып, донос­
қағазды пеш көмейіне сүңгітіп, үй ішіне тағзым етіп, есіктен 
шыға жөнеліпті.
Кенжесінің орыс сөздерін сатырлаған оқша тежеусіз төпеген 
оқыс қылығына, одан да гөрі өзіне тартқан шалт мінезбен тез 
қимылдаған тапқырлығына көңілі елжіреген сорлы әке бала­
сын бауырына басып: «Алтыным­ай, құлындай құлдырап, алты 
жыл қойнымды суытып, Орынборда оқытқан еңбегімді демде 

Медеу СӘРСЕКЕ
30
ақтадың! Шығар биігің алда екен. Ризамын, жас ботам!..» – деп 
еміне құшады.
Қанша уақыт егілгені беймәлім, әлден уақытта бәйбішесі: 
«Қой енді, құлыншағымды шаршатпа», – дегенде ғана, бала­
сын көтеріп, пеш түбіне әкеледі. Тілі байланған бала тон үстіне 
сұлқ құлайды. Сормаңдай әке сонда да ештеңе аңғармапты. Тек 
анасы шыр­пыр болып: «Сығыр құдай, мынаған не істедің?!» – 
деп үстіне құлап, тамырын ұстайды, дем салады, сонда ғана сүт 
кенжесінің дәмі бітіп, жұдырықтай жүрегі соғуын тоқтатқа­
нын сезеді...
Қадылбек отбасындағы – он екінші қаза бұл. Соған дейін де 
он бір перзентін қара жерге берген сорлы ата­ана бұл қасіретті де 
қайыса көтерген. Жылаған, күні­түні егілген. Жас бүлдіршіннің 
төтенше қазасына жиналған ағайынның айтқан желеуі: «Ал­
тынтасың аз жыл өмір сүргенімен, оқу­сызуының пайдасын 
әкесін ақтауға жұмсап, перзенттік парызын өтеп кетті, соған да 
тәубе деңдер!..»
Бибімәрия ананың Алтынтасын жоқтаған ұзақ жоқтауының 
екі­үш шумағы Рузима немересінің жадында сақталған:
«Алтынтасым, түпке сақтаған құлыным,
Артық туған он бес ұлдан үздігім.
Әкесі үшін құлындай құлдырап еді,
Үзілсе де сол мезетте жұлының.
Қапелімде жоқ болды қайран ұлым,
Қош деуге жетпеді сайраған тілің.
Қайтейін, өксік жұтқан – мен анаң,
Кім мені аялайды, жұбатарға жоқ үнім!
Күн­түн ботасын іздеген – аруана мен,
Алтынтасым қайтпайды жылағанмен.
Мен байғыз құс – Жаманқыстауда сұңқылдаған,
Қу жалғыздан жалбарынып сұрағанмен...»
Өткінші уақыттың тоқтаусыз айналған доңғалағы Алтын тас 
бүлдіршіннің де қазасын ұмыттырды. Сорлы ата­ананың соны 
ұмытпасқа шарасы да болмаған. 
Өйткені 1928 жылдан бастап қыр елі одан да зор, одан да 
қайғылы оқиғаларға ұшырап, «балапан ұяда, тұрымтай қияда 
жаурады» дерлік аласапыран заман туып, Дала тұрғындарының 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
31
ежелгі тірлігі шұғыл өзгеріп, соның кесепатымен азып­тозған, 
атажұртынан жаппай ауған қиын уақытты басынан кешкені 
өткен тарихынан мәлім...
IV
 Жаманқыстау иесін шыр айналдырған тауқымет Алтын­
тас балақанның арашаға түсіп, жас өмірін құрбан етуімен ты­
йылмаған. Үш жылдан кейін, жекеше атаулыны мүлдем жойып, 
жалпыға бірдей ортақ шаруашылық құру науқаны басталған 
кезде қайыра шалған. Осы науқанды Қазақстанның сол кездегі 
билеушісі Ф.И. Голощекиннің әкіреңімен үш жылдың ор­
нына бір жылда орындаған аудандар болғаны 1990 жылда­
ры жарияланған санақ деректерінен мәлім. Баянауыл ауданы 
да «Ләппай, тақсыршыл» екпінділердің алдыңғы санатында 
көрінген. Әлбетте, сол науқан қорқытумен, сыпыра жазалаумен 
жүрген. Қарсы шыққандар болса жазалау жүйесінің қармағына 
ілініп, патша заманында салынған, даңғарадай кең қақпасы, 
биік дуалымен алыстан көзге түсетін Ертіс жағасындағы Пав­
лодар түрмесіне жөнелтілген. Солардың бірі – Қадылбек Бей­
сенұлы. Бізге мәлім «қылмысы» ілгеріде баяндалды, «төсек жаң­
ғыртқысы келген» жүгенсіз заңгердің басараздығы. Сол себепті 
«малын ортаға өткізбеді, колхозға кіруден бас тартты» деген 
тәрізді саяси айғақ іс қағаздарында мықтап байланған (Рузима 
Мерғалиқызы өмірбаяндық жазбаларында: «Жасы жетпістен 
асқан Қадылбек атамды «халық жауы» етуді ұйымдастырған 
қаскөйлер – үкімет адамдары, олардың көздегені – қырдағы 
өлмелі шал емес, әкесін саяси баппен жазалау арқылы больше­
вик баласы Нұрғалиға қылмыс байлау...» – деген пікір айтады).
«Ахмет, Айтмағанбет аталарың тірі ме? Сол кісілер біздің 
ауылды күйреткен ауыр қасіретті көздерімен көрген. Соны тек 
айтқылары келсе... 1931 жылдың жазы, әлде күзі... Қадылбек 
атамды тұтқындауға милиция келді. Арбаға отырғызарда қо­
лын артына қайырып байлап, әкетуге айналды. Көзінен жас 
сорғалаған Мәкіш әжемнің түртпегімен арба үстінде теріс 
қарап отырған атама жүгіріп барып, құшақтауға бойым жет­
пей, өкшемді көтеріп, ақ кірмеген қарақошқыл сақалына 
маңдайымды тигіздім. Атам қайраты қайтпаған кісі еді, 

Медеу СӘРСЕКЕ
32
мені мейірлене ұзақ иіскеді. Қазірде, жасым егде тартқанда, 
сол сәт түсіме жиі кіріп, атамның маған мұңая қараған қа­
расұр жалпақ бетін көремін. Егер суретшілік өнерім болса, 
атамның сол мезеттегі өңі қашқан үрейлі сықпытын айныт­
пай салар едім, амал қанша, ондай өнерім жоқ. Иә, айтпақшы, 
тағы бір оқыс оқиға есіме түсті. Ақбота інішегім, мұны да 
жадыңда сақта: біздің үйде Қойбермес деген итіміз болды; сол 
төбет атамды әкеткенде арбаға ілесіп, Баянауылға барған 
соң түрменің көлеңкесінде иесін тосып, үш­төрт тәулік тап­
жылмай жатыпты; ақырында үмітін үзіп, Жаманқыстауға 
сүлдерін сүйретіп қайтып келіпті; содан күні­түні ұлып, 
итаяқтағы асқа тұмсығын тигізбей жатып алған... Бертінде 
бір кітаптан оқыдым: иттің қайғы­мұңға сезгіштігі адамнан 
әлдеқайда күштірек, қауіп­қатерді артық сезеді­міс; біздің 
қазақ та жақсы кісінің адалдығын айтқанда, «иттей адал» 
дейді; Қойбермес те соны істеп, нәр сызбаған қалпы аштан 
өлді. Ауылдағы үлкендер оны аруақтар жатқан қорымның 
шетіне қастерлеп жерледі. Нұрбек пен Тәстенбек аталарың 
үйінен кімдер бар, солардан сұрағын, бұл жайтты олар білуге 
тиіс. Қойберместі де есіме жиі аламын, ит өлген соң ауылдың 
үлкендері көздеріне жас алып: «Ойпырмай, жеті қазынаның 
бірі саналған мына иттің қайғырып өлгені – жаман ырым, 
Қадылбек ағамыз бұл сапардан қайтпайды...»  – депті­міс. Не 
деуге болады? Айтқандары келді. Содан кейін атамды көргеміз 
жоқ, үшті­күйлі хабарсыз кетті», – депті Рузима Қадылбекова 
баянауылдық туысы Ақбота Жетпісбаевқа 1996 жылғы 9 сәуірде 
жолдаған хатында
*
.
Жаманқыстау иесі туралы ең соңғы дерек – Рузима Кадыл­
бекова 1989 жылы заң қадағалау мекемесінен алған, «Павло­
дар облыстық прокуратурасының талабы бойынша Қадылбек 
*
 Жұмбағы көп осы іс турасында Ақбота Жетпісбайұлы қолжазбамен танысқанда 
біздің эссемізге мынадай түзету жасаған: «Қадылбек ағамызды 1931 жылы 
тұтқындап, Павлодарға, одан Қызылжар түрмесіне әкетке нін білген соң менің 
әкем (о кезде небәрі 21 жаста) өзінің байталымен Жаманқыстаудан түнде аттанып, 
тоқтамай жүріп, Қарағандыға жан ұшыра жеткен. Бірақ барған бетте Нұрғали 
ағайды таба алмайды. Ол кісі Мәскеуде болған. Содан арада ай өтіп, атқамінер бала­
сы Қызылжарға жеткенше ұрып­соғуды көтере алмаған Қадылбек атамыз о дүниеге 
аттанып кетіпті дегенді Жетпісбай әкем маған бертінде айтты. Жазмыш солай 
болған соң не шара?..»

ШЫҒАРМАЛАРЫ
33
Бейсеновтің қылмысы қайта қаралып, атуға кесілген айыптан 
біржола ақталды» деген бір жапырақ анықтама.
Жүз жылдай уақыт Қойсары ұрпақтарына қайырлы қоныс 
болған қыстау Қадылбек ұсталып кеткен соң­ақ қожырай бас­
тайды. Қойсарының әкесі Бөгенбайдан тарайтын, одан бергі 
үш атаның бертінгі ізбасарлары өткен ғасырдың 60­жылда­
рына, яғни Н.С. Хрущев жариялаған «жылымық» заманға 
дейін Қадылбек Бейсеновке туыстығын өмірбаянында дабы­
ралап ашпай, өз ұрпақтарынан да жасырып, «сырты бүтін, іші 
түтін» болған бұйығы қалыпта ғұмыр кешкен. Қайда қызмет 
істеп, қандай салада еңбек етсе де түк білмегенсіген бейғам дық 
сақтаған. Әлбетте, «Әу, ағайын, бұларың не? Қаны бір туыс­
тан қалай безесің?» деп жазғыратын жайт емес. Кімге болсын 
қарақан басының амандығы қымбат, кімге болсын сіңірі шыққан 
тақыр кедейдің ұрпағы атанып, үкімет саясатына адалдығына 
титтей де көлеңке түсірмейтін өмірбаяндық таза анкета керек...
V
Естияр егделердің ауызша да, жазбаша да естеліктерінде Қа­
дылбек марқұмның бірбеткей мінезі мен айтқанынан қайтпайтын 
өр қылығы ортаншысы Нұрғалиға көбірек дарыған деседі.
«Ата­анам бес жасымда мені Баянауылдағы қырғыз
*
 медре­
сесіне берді, онда мен сегіз жасқа толғанға дейін оқыдым. Үш 
жылды Құран аятын жаттаумен өткіздім, ғылым­білім жай­
ында ешқандай түйсігім болған жоқ, сөйтсе де ескі оқудың 
қазақша әліппесін жап­жақсы меңгердім. Оқудан қолым бо­
саған кезде өз ауылымның ұсақ малын көздеп, ата­анама 
қолғабыс еттім, – деген деректі біз «Ақмола губерниялық 
сот округының төрағасы Н. Кадоленконың өмірбаяны» деп 
аталған, орыс тілінде баяндалған, машинкаға басылған көлемі 
2 парақ, аяғына партиялық есеп бөлімінің мөрі басылып, 
1924 жылы жазылған, өмірбаян иесінің иректелген қолы қо­

1925 жылға дейін қазақ атауы қолданылмай, отарлаушы өкіметтің біздің 
халыққа зорлықпен теліген қырғыз «болып» өмір сүргеніміз – тарихи шындық. 
Н. Қадылбеков те өзі жазған өмірбаянында XIX ғасырдан қалыптасқан дәстүрді 
сақтап отыр. Неліктен Кадоленко атанғаны жайында сөз – ілгеріде...
3­247

Медеу СӘРСЕКЕ
34
йылған құжаттан келтіріп отырмыз (Осы құжатта ол Семей об­
лысы Павлодар уезінің Баянауыл болысына қарасты 3­ауылда, 
кедей отбасында 1896 жылы туғанын мәлімдеген). – Содан кейін 
тоғыз жасымда Баянауыл станицасында қайтадан ашылған орыс­
қырғыз мектебіне бардым. Осы мектепте 4 жыл оқып, станицада 
тұратын қазақтардың үй жұмысына қолғабыс етіп, күнкөріс жа­
садым әрі тыңғылықты білім алдым...» 
Нұрғалидың орыс мектебіне ауысуы жайында анасы Бибі­
мәрия Бөлекбайқызы Рузима немересіне бертінде мынадай тү­
сінік айтқан: «Нүкежанды әкесі артына мінгестіріп, станицаға 
әкетіп бара жатқанда, жолшыбай кездескен бір танысы «Әй, 
құрдас, қозы бағып, табыс тауып жүрген құртақандай балаңды 
орыстың дінбұзар оқуына беріп, болысқа хатшы етпексің бе?..» 
деп қағытқанда, біздің отағасы ұзын мұртын ширатып тұрып 
«Болыстың хатшылығын сенің бөлтірігіңе қалдырдым. Ал 
менің балам болыстардың үстінен қарайтын шенеунік болады. 
Сол кезде тек менің осы көрегендігімді елге өзің айтасың» деп, 
көкшолақ атын өкпеге тепкілеп жүріп кетіпті.
Нұрғалиды орысша оқытқан оқу ұясы – Земство қаржы сына 
Баянауыл станицасында 1904 жылы ашылған бастауыш орыс­
қырғыз мектебі. Бұл мектеп 1930 жылдарға дейін бала оқытып, 
беріде ШКМ (Шаруа жастардың мектебі) атанып, осы атыраптағы 
жүздеген қазақ баласына тиянақты білім берген.
Қадылбек Бейсенұлының білім алуды көксеген Нұрғалидың 
бетін қайтармай, тұрмыс жағдайының ауырлығын да елемей, 
екінші перзентін орыс мектебіне беруіне, сірә, заман аужайын 
аңдаумен қоса дәулетті ағайындары Шорман мен Сәтбай ауыл­
дарының жасөспірім жеткіншектерін орыс мектебіне беріп, Жа­
манқыстауға ұрымтал ауылдардың иелері Күленбай, Барлыбай, 
Айтбақы әулеттерінің, Қызылтаудағы күлік руының өзіндей 
сіңірі шыққан кедей Аймауыттың Жүсіпбек есімді немересін Ке­
рекуде оқытқаны әсер еткені анық. Өз әкесі Бейсеннің де орыс­
ша оқып, аға сұлтан кеңсесінің іс қағаздарына ие болған өнегесі 
және бар. Бұл үлгіні ол үлкен екі ұлына ғана емес, солардың 
соңына ілесе ержеткен балаларына да міндет еткен.
«Баянауыл мектебінде төрт жыл оқыған соң Павлодар қа­
ласындағы 2­сыныпты орыс­қырғыз училищесіне түсіп, қазына 
қаражатымен төрт жыл оқыдым. Оны 1916 жылы тәмамдап, Зем­
стводан стипендия алатын болған соң қырға қайтпай, Омбыдағы 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
35
мұғалімдер семинариясына түстім...» – депті Нұрғали партиялық 
құжатында.
* * *
Омбы өзенінің суы молырақ Ертіске қосылатын, кеме қаты­
насына қолайлы тұсына 1716 жылы ірге тепкен әскери бекініс 
Тобыл губерниясының сәулетті қаласы атанып, XIX ғасырдың 
басында­ақ Омбы және Ақмола облыстарының әкімшілік орта­
лығына айналған. Батыс Сібір губерниясының (1824­1882), одан 
кейін 1882­1917 жылдарға дейін Дала губерниясының билеу­
шісі генерал­губернатор кеңсесінің осында орналасуы Омбының 
Новониколаевтан (қазіргі Новосібір) кейінгі, екінші деңгейдегі 
іргелі қала атануына (сол кезде 162 мыңға таяу халқы бар) 
қолайлы жағдай туғызғаны анық. Қаланың қауырт өсуіне Ұлы 
Сібір магистралінің 1894­1895 жылдарда Омбыны Орал тауының 
етегіндегі Челябімен жалғастыруы, одан әрі Төмен қаласы­
на темір жол тартылуы да айтарлықтай әсер еткен. Соған орай 
қаланың білімдарлық деңгейі де көңіл көншіткендей жоғары 
болған.
Осы шәрдегі білім шамшырақтарының бірі – мұғалімдер се­
минариясы. Ат тұяғы жетер таяу төңіректе салауатты білім 
ордасы болмағандықтан Қызылжар, Ақмола, Торғай мен Қос­
танай, оған ұрымтал Павлодар уезінен де 2­сыныпты орыс­
қазақ училищелерін бітіріп, білімін көтеруді мұрат еткен қазақ 
жастары оған көптеп түскен (о кезде молда атанған әрі орысша 
оқытатын мұғалімдерге ауыл қазағы ерекше құрметпен қарап, 
қадір тұтқанын ұмытпалық!). Мұғалім болуды көксеушілердің 
бірі – Нұрғали Қадылбеков. 1916 жылы ол жиырма жаста. Семи­
нарист үшін бұл – ересек жас. Сондықтан да Нұрғали туған жы­
лын 1898­ге өзгертіп, екі жылға «жасартып» көрсетуге мәжбүр 
болған: өйткені бозбала жігіттің Омбыға келген кезі – Ресейдің 
бірінші дүниежүзілік соғыс зардабын шеге бастаған қиын шақ; 
ауыр қантөгістің үшінші жылында Ресей патшасы қарауындағы 
бұратана халықтардан, бірінші кезекте қазақтан окоп қазу мен 
тыл жұмысына 19 пен 31 жас аралығындағы азаматтарын алу 
туралы 1916 жылдың жазында төтенше жарлық беруі – сол 
уақыттың ащы шындығы; осы жарлықтың қара тізіміне ілінбес 
үшін естияр бозбала екі жасын кемітіп көрсетуі – ықтимал 
жайт...

Медеу СӘРСЕКЕ
36
Мұғалімдер семинариясында Нұрғали Қадылбеков екі жыл 
оқыған. Земство беретін қаржы – мардымсыз, сөйтсе де «Қанағат 
қарын тойғызады» дейтін уәжге ден қойып, қара нан мен қатығы 
аз, сұйық көжені талғажау етіп, оқуын үзбеген. Бір тәуірі, 
сабақтас серіктеріне ауылдан азық­түлік жиі келеді, пәтер жал­
дап тұратын қалталы жастар да бар. Жаманқыстаудағы ата­
анасының о күндегі тірлігі – «арба сынбас, өгіз өлмес» жағдайда. 
Жиһангерлік соғыстың ауыртпалығы майданнан жырақ қала 
Омбыға да зардабын тигізіп, қымбатшылық алқымнан ала 
бастағанын шәкірт жастар күн сайын сезеді. Қаршадай кезінен 
еңбекке үйренген, қара күштен де құралақан емес Нұрғали 
жексенбі күндері, кейде кешкілікте кеме тоқтайтын жағалау мен 
темір жол бекетіне барып, жүк түсіруге жалданады. Ауылдан 
алатын сыбаға­сауқаттары мол қазақ бозбалалары қара жұмыс­
қа жоламайды, сауық­сайранға әуей. Нұрғалидың көкейі – 
тиын­тебен табуда. Сөйтіп жүріп Ертіс жағасына қауымдасып 
орныққан украиндық хуторлардан келген мұжық балаларымен 
дос болып, көтерме жұмыс алатын болды. Сірә, бұл да пешенесіне 
жазылған нәсіп: Павлодар училищесінде орысшаға жаттық қан 
жігіт енді тілін шұбарлап, «хохолдарша» сөйлей бастайды, жа ңа 
достары оның фамилиясын өздеріне бейімдеп, Кодаленко дей тін 
болды (Ойда жоқта иеленген лақап фамилия азамат соғысы жыл­
дарында, большевиктер партиясының тапсырмасымен Омбы мен 
Павлодар аралығындағы орыс мекендерінде астыртын жұмысқа 
қалдырылғанда біржола бекіп, партиялық билетіне Кодаленко 
болып жазылып, ел­жұртына осы есіммен танылады). 
«Қазахстанская правда» газетінің 1992 жылғы 1 мамыр күнгі санында 
жарияланған «Сөнген жұлдыздардың жарығы сияқ ты уақытынан бұрын 
үзілген тұлғалар бейнесі бұлынғыр көріне 
ді» (авторлары Б. Дүйсебаев 
пен К. Ким) атты эсседе: «Колчак әскері Павлодардағы Кеңес билігін 
құлатқанда большевик ұйымының басшылары Нұрғали Қадылбековтің 
фамилиясын өзгертіп, Кодаленко делінген құжат берген. Астыртын жұ­
мысқа қалдырылған жігіттің украинша сөйлеп, украиндық фамилиялы 
жас азаматтың большевик­қазақ екенін нақты білгендер сол күнде некен­
саяқ болған...» – деп түсіндіреді. Бұл мәлімдемеге біз өз тарапымыздан 
Нұрғали Қадылбекұлының Павлодарға ұрымтал Құлынды даласында өткен 
ғасырда ірге тепкен Славгород және соған таяу хуторларда жиын тұратын 
украиндықтар арасында астыртын жұмыс жүргізгенін ескертеміз.

ШЫҒАРМАЛАРЫ
37
Ақбота Жетпісбаев «Сарыарқа» және «Баянтау» газеттерін­
де жарияланған мақалаларында қазақша фамилиясы бұрмалан­
ған лақап есімді оған Баянауыл укомының төрағасы (?) Петр 
Зарембо берген, өйткені орыс сөзін бұрмалап, украинша айтаты­
нын ескеріп: «Сен хохол тіліне бейімсің, сондықтан Кодаленко 
боласың...» – деген жорамал айтыпты. Байырғы баянауылдық 
Төлеутай Ақшолақов та ағайындылар өміріне арнаған көлемді 
естелігін «Осы жұрт Кадоленколарды біле ме екен?» деп атап, бес 
ағайынды жігіттерді түгел украинша фамилияға телиді. Бұл ен­
ді – шындықтан ауытқу. Кодаленко атанған – тек қана Нұрғали, 
өзгелері Қадылбеков болып жазылып, әкесінің есімін сақтаған.
Нұрғали Қадылбеков мұғалімдер семинариясында оқыған 
жылдарда қазақ жастары Омбыда қарамды топ болған және со­
лар «бетегеден биік, жусаннан аласа» дегендей аса бұйығы жан­
дар емес. Бозбала Нұрғалидың Омбының мұғалімдер семинария­
сында білім алған екі жылы (1916­1918) біз ағайынды Сейітов тер 
туралы оқырманға мәлім эссемізде («Шығармалар жина 
ғым­
ның» 2­кітабына енген туындым) атаған ұлт қайраткерлерінің 
таңдаулы тобының және олардан да өзге қарамы қомақты қазақ 
азаматтарының әлеуметтік­саяси күреске белсене қатысқан 
айшықты кезеңімен дөп келеді. Бұл болса сол жайсаңдардың 
ұлттық автономия шаңырағын көтеруге атсалысқан елеулі 
уақыты. Рас, сол күресте олардың бастары қосылмай, барри­
каданың екі жағына бөлінген: бірі – Алаш қозғалысын бұлта­
лақсыз жақтап, Уақытша өкімет пен Колчак билігінен, соңынан 
Кеңес үкіметінен Ресейден ірге айырмайтын автономия алуды 
көздесе, екіншілері коммунистік идеяға бас иіп, кешегі империя­
дан ажырамауды қалады.
Ал заман аумалы­төкпелі ғана емес, кімнің кім екенін айыру 
өте қиын һәм дүрбелеңі мол уақыт: Ресейдің батыс шебі, Украи­
на мен Белорусия бірінші дүниежүзілік соғыстың зардабын 
тартып, оның аяғы 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерісте­
ріне ұласып, іле­шала Кеңес өкіметін тұншықтыруды көздеген 
әскербасылар Корнилов, Деникин, Врангель бастаған әскери 
қозғалыстарға тап болды. Сібір төрінде ұсталған чех және словак 
әскери тұтқындарының дүмпуі, адмирал Колчактың Антанта 
одағынан қару­жарақ алып, екі жыл бойы Омбыны астана етіп, 
ұлан­ғайыр Сібір өлкесін билеп­төстеуі де осы кез. Ақыр аяғында 
ақ әскерінің қаусаған тобы қазақ даласы арқылы Қытайға 

Медеу СӘРСЕКЕ
38
жөңкілді. Қызыл Армия бел алып, Орынбор мен Омбы арқылы 
Ертіс бойына шеруі басталды. Осы оқиғалардың соңғылары се­
минарист Нұрғалидың көз алдында өткені – өмірлік шындық. 
Соларды көре­біле жүріп, бірде­біріне қатыспай, оқу залында ты­
ныш отыру мүмкін бе? Оның үстіне оқу залдары айлар бойы бос 
тұрып, оқытушылар ғана емес, семинаристер де өзара жіктеліп, 
біразы Алаш қозғалысын жақтап, екіншілері монархист ата­
нып, үшіншілері большевиктер ұранына еліккені үшін Колчак 
түрмесінің азабын тартқанда? Жоқ, мүмкін емес...
Нұрғали да сол қарсаңда өз таңдауын жасаған. Сол уақыт ту­
расында ол өмірбаяндық құжатында: «1918 жылы қыр елінде 
әлей жұт болып, біздің ауыл талғажау етіп отырған азын­аулақ 
малынан айырылып қалды. Оқуымды үзіп, ауылға қайтып, жер­
гілікті байларға жалданып, әке­шешеме қолғабыс еттім...» – де­
ген. Бірақ кімге жалданғанын атап жазбайды. Ал Рузима Мер­
ғалиқызы «Қадылбековтердің өмір жолы» деп атаған жазбасын­
да: «Нұрғали ағам 18 жасында Кодаленко деген лақап атпен, 
1917 жылдың наурыз айынан бастап, Омбы губерниясының 
орталығына таяу селоларда Кеңес өкіметін қолдауға шақырып, 
астыртын жұмыс жүргізген...» – деп, осы деректі Бибімәрия әже­
сінен естігенін ескертеді.
Бұл да қисынды жорамал. Өйткені он үш жыл ұдайы оқу 
соңында салпақтап, 23 жасқа іліккен Жаманқыстау тумасының 
қыр еліне қайтып оралып, бір жыл бойы Баянауыл байында 
жалшылықта жүргені – дүдәмал қарекет. Сірә, өмірбаянындағы 
сол уәжді ол астыртын жұмысын жұртқа әйгілемеу үшін жазған. 
Әлде украин деревнясында жалшылықта жүргенін намыс 
көрген?.. Екеуі де ықтимал жайт. Шынында да ол өмірбаянында: 
«1919 жылы Павлодар мектебінде өзіммен бірге оқыған бір 
жолдасымның септігімен Басқұдық болысының әкімшілік 
кең сесінде хатшының көмекшісі болып істедім. Сол қызметті 
Пав 
лодар уезіне қызыл партизандар отряды келгенге дейін 
атқардым...» – деген. Осыдан­ақ Кодаленко­Қадылбековтің 
Алаш ұранына елікпей, Кеңес өкіметін бірден қолдап, Ертіс бо­
йын дағы болыстық комитетте қызмет еткенін аңғарамыз. Бо­
лыс кеңсесінде тек ұзақ істемеген. Павлодар шәрі қызыл пар­
тизандардың қолына көшкенде, Ресей Компартиясының күрес 
жолын мұрат еткен Жастар одағының бағдарламасымен таны­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
39
сады. «Павлодарда Кеңес өкіметі түпкілікті орнаған 1920 жыл­
дың басында комсомол ұйымына мүшелікке өттім, – депті 
Нұрғали өмірбаяндық құжатында. – Сол жылдың 1 ақпанын да 
РКСМ бюросы мені уездік комсомол комитетінің қырғыз­татар 
(«Укиртат») секциясына секретарь етіп бекітті. Үш айдан кейін 
Ресей Компартиясына мүшелікке қабылданып, мамыр айының 
20­жаңасында уездік Комбюроның мүшесі міндетін атқаруға 
кірісіп, бұл қызметте 1921 жылға дейін істедім». 
Нұрғали Қадылбекұлы айы мен күніне дейін атаған саяси 
өлара мезгіл – Бүкілодақтық Комиссарлар Кеңесінің Қазақ Ав­
тономиялық КСР­ін құру туралы 1920 жылғы 26 тамыздағы 
қаулысы жарияланған айтулы кезең! Әлеуметтік мәні жөнінен 
бұл – тарихи ұлы оқиға! Екі ғасыр бойы Ресей патшасына бо­
дан болғанда қолымыз жетпей, 1917 жылдың Ақпан төңкерісі 
жеңген күннен қазақтың көзі ашық зиялы қауымы автоно­
мия алуға күрес бастаған, қалың елді сол іске жұмылдыруға 
тырысқан ерулі, елеулі кезең! Соны енді Уақытша өкімет емес, 
Кеңес билігі жүзеге асырды. РСФСР­дың Комиссарлар Кеңесіне 
бағынған Автономиялық Республика атандық. Бірақ кәдімгідей 
үкіметі бар, ділі мен тілі дараланған, шекара шебі белгіленген 
мемлекеттік құрылым. Алайда... Байырғы қазақ даласының 
шығысы мен батыс шебінен, орталық тұсынан да дербес уезд 
немесе облыс болғандай ұлан­ғайыр жері Ресей Федерация­
сында қалып қойды (Еділ бойындағы Саратов қаласы, Каспий 
жағасындағы Аштархан хандығына қараған аймақ, ортада 
Орын бор қаласы мен Ор бекінісінің байтақ төңірегі, теріскейде 
Омбы мен Қызылжар іргесіндегі Мыңкесер көліне дейінгі шұ­
рай лы, ну орманды алқаптар, Павлодармен шектесетін Құлын­
ды даласы, Өзбекстанға берілген Ташкент қаласы мен соның 
айна ласындағы шалқар қоныстар). Ресейдің Атқару Комитеті 
және Бүкілресейлік Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы 
В.И. Ленин 1919 жылғы 10 шілдеде қол қойған жарлық бойынша, 
Қырғыз (бұдан әрі байырғы қазақ атауын қолданамыз) төңкеріс 
комитетіне 7 қайраткер тең құқықты мүше болған: Әліби Жан­
гелдин, Мұхамедияр Тұнғашин, Ахмет Байтұрсынов, Бақытжан 
Қаратаев, Сейітқали Меңдешев, С. Пестковский (төраға) және 
большевик Вадим Лукашев. Жеті жампоздың бесеуі – қазақ аза­
маттары және қандай тұлғалар екеніне назар аударыңыз!..

Медеу СӘРСЕКЕ
40
Орынбор қаласын уақытша астана етіп, Дала өлкесін құзырына алған 
Қазақ төңкеріс комитеті (Кирревком) бірден­ақ келешек Қазақстанның ше­
кара шебін айқындауға кіріскен. Ол болса – қазақтың ежелгі атақоныста­
рын Қазақ Автономиясына қай тару әрекеті. РСФСР өкіметінің жергілікті 
ұлықтары әлгі аймақ тарға соңғы екі ғасырда қоныстанған халықтың басым 
көпшілігі – орыстар мен украиндықтар, ал қазақ тұрғындарының қарамы 
25­30 пайыздан аспайды деген қитұрқы желеумен заңды талапты орындау 
түгілі, талқылаудан бас тартқан (Анығында отарлаушы ел бұл аймақтарға 
қарашекпен мұжықтарын мың­мыңдап көшіріп, деревня мен хуторлар ғана 
емес, қалалар мен бекіністер салып, мейілінше орыстандырған. Әрине, екі­
үш ұрпағы жаңа қоныста туып, бірнеше атасы осында жерленген халықты 
Ресейге қайыра көшіру оңай емес. Көш десең­ақ ұлт тар араздығына от 
қойып, өзара қантөгіске ұрындырары хақ). Сондықтан да шекараны 
айқындау жөніндегі комиссияның жұ мысына Қазақ төңкеріс комитеті аты­
нан Сейітқали Меңдешев қатысып (оған кеңесші болған қазақ білімпазы 
Әлімхан Ермеков және басқалар), Ресейдің Қазақстанмен шектесетін губер­
ния басшылары қасақана қоздырған шекара шебі туралы дау­дамайға бел­
сене кіріскен. 
Өйткені Каспий теңізінің қазақ жеріне қараған жағалауы мен Маңғыстау 
түбегін, теріскей шекарада Қостанай, Петропавл және Көкшетау уездерін 
Астрахан мен Челябі губернияларында қалдырып, Павлодар уезін қаққа 
бөліп, оның әкімшілік орталығын, қала іргесіндегі Екібастұз бен Жәміш 
бекінісіне дейінгі 12 тұзды көлді, оған қоса Ертіс бойындағы төрт болысты 
Омбыға қаратып, күншығыста Бұқтырма уезін түгелдей (Кенді Алтайдағы 
Қатын­Қарағай, Үлкен Нарын, Марқакөл көлі, Күр 
шім, Қара Ертіс, 
Бұқтырма өзендерінің таулы атырабын, Зырянов пен Риддердегі полиметалл 
кендерін, Өскемен қаласын, төмендегі Семейге дейінгі орманды, өзен­көлді 
шұрайлы алқапты, яғни Ертістің оң жағалауын Сібір өлкесіне бағындырып, 
Семей шәрін де Ресейге қаратып, сол жағадағы қазақтар қоныстанған Алаш 
қаласын ғана Қазақстанға «сый етпек» болған Сібір төңкеріс комитетінің 
төрағасы И.Н. Смирновтың (жағымпаз көмекшілері оны «Сібірлік Ленин» 
деп атаған) Мәскеуге жолдаған ұсынысы Қазақ делегациясы тарапынан зор 
наразылық туғызған. Әлбетте, сібірліктер өздерінің ұсынысын тарихи же­
леумен дәлелдеген: біріншіден, аталған аймақты мекендеген қазақтардың 
қарамы 30­40 пайыздан аспайды; екіншіден, қазақтар егін егуді білмейді 
және ондай ауыр жұмысты атқаруға ежелден құлықты емес; үшіншіден, 
бүкіл Сібір халқын, сонау Тынық мұхитқа дейінгі орасан үлкен аймақты, 
батыста Пермь губерниясы және Орталық Ресейде тұратын ондаған миллион 
халықты Павлодар уезіндегі 12 көлден алынатын ас тұзымен омбылықтар 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
41
қамтамасыз етіп отыр, бұл көлдерді Қазақстанда қалдырсақ – ет пен 
балық тұздау ісі мүлдем қараң қалады­мыс, нәтижесінде неше миллион 
ресейліктердің наразылығына душар боламыз...
Қысқасы, «Сібірлік Лениннің» ұлыорыстық шовинистік пи­
ғылынан өрбіген дау Ертіс атырабындағы қалың елді қатты 
шошытып, қазақ білімпаздарының да намысын қоздырып, ұлт 
жанкештілерінің қарамды тобы Қазақстанға қосылуды қаласа, 
ат төбеліндей азаң орысшылдар Сібір өлкесінде қалуды жөн 
көріп, өкінішті жайт демеске шарамыз жоқ, өзара айтысқа 
түсіп, ырың­жырың болған. Сол даудың айғақтарын мен «Қазақ­
тың Қанышы» ғұмырнама кітабымда біршама сөз етіп, мерзімді 
баспасөзде ғасыр аяғында жарияланған «Шекара туралы дау» 
атты көсемсөз баянымда толығырақ жазғамын. Сол себепті мына 
эсседе осы мәселеге Нұрғали Қадылбекұлының ішінара қатысын 
ғана сөз етемін. Аңдауымша, ел басқару ісіне енді ғана ат жалын 
тартып мінген жас азамат шекара туралы даудың өңеш жыр­
тысар шекке жетіп, ең қызған кезеңінде қатысып, өз таңдауын 
ашық мәлімдеген.
«Компартияның Семей губбюросының қарарымен 1921 жыл­
дың мамырынан тамызына дейін мен Павлодар уездік төң­
керіс комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқардым
негізгі жұмысым – жергілікті биліктің басқарушы кадрлар­
ды тағайындайтын ұйымдастыру бөліміне жетекшілік ету. Ал 
қыркүйек айынан 1922 жылдың маусымына дейін Павлодар 
уезіндегі кеңес жұмысына ауысып, атқару комитетінің мүшесі 
әрі жер­жердегі болыстық, ауылдық кеңестерді қадағалайтын 
бөлім меңгерушісінің орынбасары болдым», – дейді Нұрғали 
Қадылбекұлы өмірбаяндық құжатында. Зер сала қарасаңыз, 
қайраткер жастың осы уездегі қалың елді кеңестендіру шара­
ларының басы­қасында болғанын, яғни жоғарыда біз тұжы­
рымдап баяндаған шекара дауының да жуан ортасында жүргенін 
аңғарасыз.
1920 жылдың бас кезінен Павлодар уездік төңкеріс комитетін 
темір жол жұмыскері, большевик П. Поздняк басқарып, оған 
орынбасар болып әрі қазақ­татар секциясының меңгерушісі 
мін 
детін омбылық қазақ азаматы Асқар Сыздықов атқарған. 
Ең сорақысы, екеуі де шекара тартысы қызған кезде Сібір ко­
митетінің ұсынысын жақтап, өздерінің құзырындағы аймақты 

Медеу СӘРСЕКЕ
42
Қазақстаннан бөліп әкетуді көздеген жымысқы саясат жүр­
гізген: Омбыдағы төңкеріс комитетіне олар Павлодар ең­
бекшілері атынан уезді бөліп­жармай, Сібір өлкесіне тұтас 
қа 
ратуды өтінген жеделхат жөнелткен; И.Н. Смирнов бұл 
«өтінішті» қуана қабылдап, уезді түгел емес, небәрі теріскей 
бөлегіндегі 10 болыс елді (әрине, Павлодар қаласымен бірге) 
қаратуды көздеп, 1920 жылдың 4 тамызында «Сібірді аудандарға 
бөлу» деп ата 
ған қарар қабылдап, Мәскеуге жолдаған; сол 
қарарды ресми бекі туді жеделдету үшін орынбасары С.Е. Чуцка­
евты Совнаркомға жібереді.
Әлбетте Қазақ төңкеріс комитеті де қол қусырып қарап отыр­
маған: Кремльдегі айтысқа Сейітқали Меңдешев пен Әлімхан 
Ер 
меков аттанады; Қазақ КСР Орталық Атқару Комитетінің 
төралқа мүшесі Смағұл Сәдуақасов 1921 жылдың 20 мамы­
рында Семейге келіп, шекаралық дауда келісімпаздық сая­
сат ұстанған губерниялық комитетті таратып, жаңа мүшелер 
сайлап, төраға міндетін өзі атқарады; жігерлі большевик тің 
жедеғабыл іске асырған шараларының бірі – Сібір өлкесіне 
«бағынышты» етіп, күллі өңірді Омбыға «қаратып» қойған 
Павлодар уезіне қажыр­қайраты, ұлттық ділі мығым Нығмет 
Нұрмақов пен байырғы баянауылдық Ахметолла Барлыба­
ев тағайындалып, «Сібірлік Лениннің» шовинистік пиғылына 
ымырашылдық көрсеткен бұрынғы басшыларды биліктен тайды­
рады. Бұл қарар мамыр айында жүзеге асқан. Осы оқиғаны енді, 
қадірменді оқырман, Нұрғали Қадылбековтің өмірбаянындағы 
нақты деректермен салғастырыңыз: уездің жаңа басшылары 
жас азаматтың жігер­қайратына сенім артып, оны Төңкеріс ко­
митетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі әрі төрағаның 
орын басары етіп тағайындауы, сірә, тегін емес. 
Қадылбеков те өзіне көрсетілген сенімді пәрменді ісімен ақ­
тауға тырысқан. Соның бастысы – еңбекшілер арасындағы үгіт­
насихат жұмысы. Ол уезд орталығындағы көзі ашық, көкірегі 
ояу ат төбеліндей зиялы топты, әрине, тек қана қазақ азаматта­
рын болыстарға аттандырып, жергілікті тұрғындардың таңдауын 
Қазақ Автономиясына бағыттаумен белсене шұғылданған. Бұл 
жұмыс Омбы мен Павлодар аралығындағы қазақ болыстарын да 
айырықша пәрменді жүрген. Соның бірі – Майкөл, Тереңкөл, 
Мұздыкөл және Қызылағаш болыстарының үш мыңдай өкілдері 
қатысқан жиында қабылданып, Мәскеуге, В.И. Лениннің атына 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
43
22 мамырда жолданған жеделхат: «Крайне обидно и прискорб­
но, что мы, природные сыны Степи должны остаться за фла­
гом так долго ожидаемой всем населением свободной Киргиз­
ской республики. Сибревком, не будучи знаком с жизнью тру­
дового киргизкого населения, не принесет той ожидаемой кир­
гизским народом пользы, как Кирреспублика... – Дүние жүзі 
пролетариатының жанашыр көсемі, аз ұлттардың қамқоршысы 
атанған Ленинге төрт болыстың еңбекші халқы айырықша сенім 
білдіретіні баса айтылып, одан әрі, – Потому наши волости бу­
дут причислены Кирреспублике», –

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал