Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.19 Kb.

бет2/19
Дата08.01.2017
өлшемі7.19 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
«...Қадекең ауылы Баянауланың ерекше әсем жаралған, та­
биғаты аса сұлу Керегетас тауының баурайында екен. Жаз дың 
жайма­шуақ кезі. Құлпырған жер көркі жаныңды күншуақ жази­
расына бөлегендей. Дала гүлдерінің хош исі мұрныңды жарғандай 
тамаша сәт. Иен шалғынның ортасында еңселі киіз үйлер. 
Байырғы қазақ ауылы, қазақ тіршілігі... Боз үйлердің ортасын­
да алты қанат ақ орда, оны жағалай кішірек үйлер тігілген. 
Қадылбек ақсақал соларды балаларына тігіпті. Нұрғалиы – 
Қызылжардағы үлкен қызметінен үй ішімен келген, Мерға лиы –
Ленинградтан (?), Ахметі – ...Мәскеудегі жоғары оқу орны­
нан атажұртына оралған соң (Сірә, бұл да жаңсақ дерек. Сол 
жылы ол небәрі 14 жаста, мектеп оқушысы – М.С.), өзіне де, ба­
лаларына да сауық­сайран жасамақ болып, осы салтанатты 
ұйымдастырған (Керекуден қырдағы жұртымызға көшіп келген 
жамағайын біздің үйді ерулікке шақырған­ды). Қадылбек ағаның 
балаларының үлкені Садық ағай осы маңатта ауыл мұғалімі 
екенін білетінмін, ол да бала­шағасымен жайлауға келіпті.
Қадекеңнің өзін бұрыннан білетінмін, ал оқыған балала­
рын көргенім сол жолы, бозбала кезім. Кіші Қадылбековтердің 
кішіпейіл, ізетті жандар екенін бірден байқадым. Оқыған быз, 
біліміміз сендерден артық деп көкірек керу жоқ, инабат ты жан­

Медеу СӘРСЕКЕ
16
дар. Менің әке­шешемді, басқа да үлкендерді олар ілтипатпен 
қарсы алып, кішілік жолмен қызмет көрсетті. Менің домбы­
ра тартып, ән салғаныма риза болғанын сездім. Олардың киім 
киісі, жүріс­тұрысы сондай жарасты. Көргендігі, білімпаздығы, 
өмірден тоқығандығы бірден танылады. Әсіресе Нұрғали ағайдың 
жұбайы келбетті, сұлу, ибалы жан екен. Сол қалыптарын 
көргенде «Шіркін­ай, мен де осылардай болсам­ау?!» дегендей ой 
түйгенім – имандай шыным».
– Нұрғали ағам шақырған сияқты, Ертіс бойындағы туған 
елінен, әлде Семейден дүлдүл ақын Иса Байзақов ағай әйелі 
Шәрбану апаймен біздің ауылда 1926 жылдың жазында қонақ 
болыпты. Нұрғали ағамның алғашқы қосағы Сақыпжамал 
жең гем – Шәрбанудың туған сіңлісі, әлде әпкесі. Ес білген ке­
зімде соны Мәкіш әжемнен айырып сұрамаппын. Шынтуай­
тын айтқанда, ол кісілер келгенде мен дүниеде жоқпын... – деп 
әңгіме шерткен­ді бізге әжесінен естіген жайлау оқиғасын Ру­
зима апай. – Ән мен жырдың дарабозы Иса ақын келген соң­
ақ біздің ауылға төңіректегі ағайын еру болып, сауық­сайран 
жасаған. Сол думанның ерекше қызған күндерінің бірінде Иса 
ағай Мәкіш әжеме «Қадекем бәйбішесі, жыршылық өнерден 
қаражаяу емесіңді бажамнан естігемін. Ауылдың алты ауы­
зы дейтін рәсім барын білетін шығарсыз? Құрметті қонақ 
жөніммен мен сізден асыл текті Торайғыр бидің ақын ұрпағы 
Сұлтанмахмұттың «Қамар сұлуын» жырлауыңызды өтінемін. 
Осы елге неше мәрте келгенде талай жақсыдан қиыла сұрап, сол 
хикаяттың қолжазбасын ала алмадым. Ақынның сыйлы досы де­
ген соң дәрігер Шайбай Айман баласына да барып, әнебір жылы 
нәумез қайттым. Алты ауызға, жеңеше, соны айтасыз!» деп бір 
орнында құздиып отыруды жаны сүймейтін ақын әжемнің алды­
на құйрығымен сырғанап жетіп, домбырасын ұсынады.
– Әжеңіз домбыра тарта ма?
– Жоқ, домбырамен жас күнінен әуей болмаған. Бірақ ол 
кісі нің өзіне тән сүйікті өнері бар­ды. Қадылбек атам Баянаула­
ның қызыл қарағайынан қиған он шақты қасықтары мен қол­
ға ұстауға жеңіл таяқшалары болатын, соның бәрін әкемнің 
өзі сыртына ою шеккен әдемі дорбаға салып сақтағанын жақсы 
білемін. Ән айтқанда әлгі қасықтарды етегіне тізіп қойып, бір­
біріне ұрып, кейде таяқшалармен де соққылап, неше түрлі әуезді 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
17
дыбыстар шығарып, онысы кәдуілгідей әуенге айналып, айтып 
отырған әнді, иә жырды көтермелейтін ерекше үндер қосады. 
Екі қасықты төбесіне көтеріп соққыласа да сыңғыр­күмбір ды­
быстар өзара қосылып, шапқан аттың тұяғының дүрсіліндей, 
не жел гулегендей уіл естіліп, тыңдаушы жұртты тебірентіп, 
неше түрлі әсерге бөлейді. Ие, сондай өнерімен де асыл әжем 
немерелеріне «ойын» көрсетіп, әстілі зеріктірмейтін өнерпаз 
жан еді, кезінде соған мән бермедік. Үйренуге, ең құрығанда 
әнші қасықтары мен әшекейлі дорбасын сақтауға жағдайымыз 
да болмады, амал қанша?!.
– Жә, Иса ағайдың «Қамар сұлуды» сұраған өтінішіне не деді? 
– Садық ағатайымның айтуына қарағанда, әжем кең етек 
көй легінің ұзын жеңін түріп, білегін сыбанады. Дорбасын алды­
рып, таяқшалары мен қасықтарын алдына тізеді. Иса ақын соны 
көрген соң қолына қамшы алып, домбырасын керегеге сүйеп 
қойып, бес өрім таспаны олай­былай иіріп, «Биекем бәйбішенің 
жырын бөліп, иә жөнсіз көтермелеп, бөгде дыбыс шығарсаңдар, 
ескертемін, мына қамшыны төбелеріңде ойнатамын. Менің 
қияңқы мінезімді білетін шығарсыңдар?» деп ескерту жасайды. 
– Апыр­ау, сонда Мәкіш әжеңіз «Қамар сұлуды» жатқа білген 
бе? Оның өзі өлеңмен өрілген дастан емес, үштен бірі ғана жыр, 
өзгесі – қара сөзбен жазылған роман. Менің үйдегі кітапханамда 
Сұлтекеңнің екі том шығармалар жинағы бар, «Қамар сұлу» ро­
маны соның екінші кітабына енген, көлемі едәуір...
– Мен соның жай­жапсарын нақты білмеймін. Әжем оны 
қалай жаттаған, кімнен үйренген? Одан да хабарым жоқ. Мен 
сізге естияр кезімде ол кісінің өз аузынан естігенімді айтып 
отырмын. Өзіңіз құсап, «Қамар сұлудың» бәрін білесіз бе?» деп 
сұрағанымда «Бәрі­бәрін еске ұстау әрі қара сөзді жадта сақтау 
қиын, құрметті қонақтың сөзін аяқасты ете алмай, уақытты 
үнемдеп, ықшамдап айттым. Сөйткенім өлең сөзге жүйрік Исаға 
ерекше ұнады» деп әжем жымия жауап берді.
– Сұлтанмахмұттың бұл шығармасы 1933 жылы жариялан­
ған. Ал жазған уақыты – 1914 жыл. Сіздің ауылға сол роман 
қалай жеткен?
– Қадылбек атам Сұлтанмахмұт ағайдың туысы Айман ауы­
лымен аралас­құралас болған. Олар – Шоң бидің ұрпағы, ал 
Сұлтанмахмұт – Шоң бидің туған інісі Торайғыр бидің шөпшегі. 
Айман ауылының бас көтерері Аббас дәрігер мен Шерияздан де­
2­247

Медеу СӘРСЕКЕ
18
ген кісілер – өз заманының үздік білімпаздары, олар Қадыл бек 
атаммен, біздің ауылдың оқыған жастарымен өзара сыйлас­
тық та ғұмыр кешкен. Естуімше, сол кісілердің ақылымен атам 
балаларын орыс оқуына берген. Садық пен Нұрғали ағаларым 
Аббас Аймановтың першіл баласы Шайбаймен жастары шама­
лас. Ал Шайбай ағай Сұлтанмахмұтпен түйдей құрдас деседі, 
екеуі молда алдында бірге оқыған...
– Шайбай дәрігер – Сұлтанмахмұттың жанашыр досы, оның 
шығармаларын қайыра көшіріп, ұқыптап сақтаған адам. Бұл 
енді ақын мұрасын зерттеушілер жақсы білетін жайт, естелігі 
де жарияланды. Қысқасы, «Қамар сұлу» Шайбай Аймановтың 
қолжазбасы арқылы сіздің ауылға жеткен бе?
– Солай сияқты. Мәкіш әжем хат танымайды. «Қамар сұлу­
ды» ол кісі, сірә, балаларының көмегімен жаттаған.
– Жә, жайлаудағы сауық кешіне оралайық. Исадай ән мен 
жыр дүлдүлінің сынынан Мәкіш әжеңіз қалай өткен? 
– Сенесіз бе, әжем сол күні тапқырлық жасап, ауыр сыннан 
сүрінбей өтіпті. Қадірлі қонақ ауылдың алты ауызын айт де­
генде, әжем бес баласын шақырып, әрқайсына міндет артқан. 
Айтқан шарты мынау: «Қамар сұлудың түр­сымбатын бастағанда 
бесеуің де аузыма қарап отырасыңдар, мен біреуіңе иек қағып, 
«Ал, қане!» дегенде іле жөнелесіңдер; кібіртіктеп, бастарыңды 
сипап, ұмытып қалыппын деп теріс қарасаңдар, қонақтың 
қолындағы дырау қамшыны төбелеріңде ойнатамын. Қайсыбір 
сөзін ұмыттық десеңдер, мына дәптерден қарап алыңдар» дейді.
– Қызық шарт! Ағаларыңыз не депті?
– Нұрғали ағам ғана шешесіне «Дат!» деп, «Маған басқа шаруа 
беріңіз, «Қамар сұлуға» мен түу бастан ынтық болғам жоқ. Бол­
маса дүреңді көтеремін, міне, қылша мойным...» деп шешесінің 
алдына келіп, тізесін бүгеді. Әжем оған «Жарайды, ән­жырға 
әуейлік саған дарымаған. Сақыпжамалды қасыңа алып, қазан­
ошақты қарайсың. Біз Қамардың сүйген жігіті Ахмет сорлыны 
ана дүниеге аттандырған сәтте қазандағы ет алдымызға келетін 
болсын» дейді әжем. Ал төрт ұлы малдас құрып, анасы ұсынған 
дәптерді қолдарына алып жағалай отырады.
– Басталды қызық!
– Әлқисса, содан Мәкіш әжем қоңыр дауыспен хикаятты 
төгілтеді...

ШЫҒАРМАЛАРЫ
19
 «Жіңішке сымға тартқан әні қандай,
 Балауыз балбыраған тәні қандай.
 Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп,
 Толықсып толып тұрған сәні қандай...» – 
деп роман сөзін шымыр бастап, он бес жасар Қамар сұлудың нұр­
жүзін жеті­сегіз шумақпен асқақтата сипаттап, әкесі Омардың 
жуас мінезін, талшыбықтай бұралған сұлу, ақылды перзентін 
орысша оқытып, ауыл тәрбиесінен өзгеше һәм ерекше мәпелеп 
өсіргенін шымырлата баяндап, одан әрі:
«Омар да қоя берді бетін қақпай,
 Жүрсе де сонысымен жұртқа жақпай.
 Әркімде құдалықты ойланса да,
 Қамар қыз қайдан көнсін теңін таппай...» –
деп жыр төгеді.
Бибімәрия ана кенет қолына екі қасық алып, бір­біріне тақ­
тұқ соғып, әлдебір оқиға болатындай, иә әлдеқайдан жаушы келе 
жатқандай ат тұяғының дүрсілін бейнелегенде, тыңдаушы жұрт 
есік жаққа елегізе қарап, кейбірі іргеге қолын сұғып, киізін 
көтеріп, айдалаға көз тастайды. Сол сәтте әнші ана саңқылдаған 
үнмен «Қане, Садықжан, кезек сенікі!» деп иегін көтереді.
Садық та кезектің өзіне бұрын тиетінін сезіп отырса керек, 
қолындағы домбыраның шанағын саусағымен екі­үш мәрте сарт­
сұрт қағып, күмбірлеген ашық дауыспен:
 «Сұлу Қамар, ақын Қамар, жаным Қамар,
Қамаржан, сені ойласам, ішім жанар. 
Үлбіреген аузыңнан бір сүйгізсең,
Ішкендей кәусар сусын мейірім қанар...» – 
деп, қасындағы құдайы қосағын тарс «ұмытып», бозбала жігіт­
тердің Қамар сұлуға ынтыққан, үздіккен, шетінен құмар бол­
ған кейпін сөзбен де, бет бейнесімен де бейнелеп әрі бір өзі ға­
на емес, қыз ауылын ертелі­кеш торыған іңкәр жігіттердің 
түр­түсін көрсетіп, кейде тымақ киіп, кейде бешпентін жамы­
лып, жас сұлуға жүрек ділін өткізе алмаған бейшара қалпын 
әжуалап, шығарманың оқиғасы ширыққан сәтіне жеткенде бір­

Медеу СӘРСЕКЕ
20
ақ тоқтайды. Қамар болып отырған Бибімәрия бәйбіше қасығын 
сарт­сұрт соғып, өзінен қашықтап, үй толған кісілердің ығында 
отырған үшінші ұлы Мерғалиға қарап, «Әй, Мерғалижан, көп 
жігіттен Қамар сұлудың көзіне іліккен жалғыз дарабоз сенсің
соның Ахметі болып, алдыма кел!» деп қарсылық тілемеген 
үнмен саңқ етеді.
Сол жылы он тоғыз жастың шегінен өткен мәскеулік студент 
кезегім оп­оңай келеді деп күтпесе керек. Әлде оқу соңында 
жүріп бұрынырақта жаттап алған мәтіннен тосаңсып қалған ба, 
сәл кібіртіктеп, сөйтсе де бәсеңдеу қоңыр дауыспен: 
«Көп жүрдім шыдайын деп іштен жанып,
 Кейде олай, кейде бұлай ойға қалып.
 Амалсыз арды түйіп қалам алдым,
 Кеткен соң ғашық оты бойымды алып...» – 
деп бастап, үні әуелеп ұшқан қаздай бірте­бірте көтеріліп, сәл­
ден соң­ақ ырғағы әсем әуенге түсіп, киіз үйдің ішіне сыймай жо­
ғарылай береді.
«Талпынып қол сермедім ұшқан құсқа,
 Болса да жетер ме деп қолым қысқа.
 Көзге күйік көріндің, іш күйдірдің,
 Мейірімсіз отқа салдың, бұл дұрыс па?...» – 
деп бебеулеп, қаракөлеңке үйге төбеден күшті жарық құйыл­
ғандай етіп шабыттана шырқайды. Ғашық жігіттің үні бірде 
тұншығып, бірде аттай тулаған жүрек дүрсіліне көміліп, қалайда 
тұмса іңкәрліктің қызу отына күйгендей болып әуелетіп, даусы 
да ашыла түседі.
 «Қалқам­ай, қапа қылдың жауап бермей,
 Жүр ме екен қолың тиіп, реті келмей.
 Дәрменсіз, дертім қалың, жүрек толқып,
 Мен жүрмін сол қападан әзер өлмей...»
Мерғалиы бес ұлдың ішіндегі әншілігі озық, сол өнерге құ­
марлығы жөнінен де өзге балаларынан үздігі, топ алдына 
шығарар жампозы екені тыңдаушыларға түсінікті болады. Бибі­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
21
мәрия ана оны қыстың ұзақ түндері мен жайлаудың сары май­
дай толықсыған жайлы кештерінде ән бәйгесіне қосатын саң­
лағы есебінде кейінге ұстаған сияқты. Еңгезердей бойымен де, 
озық ойымен де жұртқа ұнаған ұлының томпақ беті қызара түсіп, 
қоңқақ емес, қыр мұрынды дерлік жоталы суағарын әнтек қы­
сып қойып, қолындағы домбыраны әрлі­берлі көтеріп, Ахметтің 
жүрек наласын нәрлі сөздермен ұзақ бебеулеткен әнші жігіт ел 
әдебиетіндегі алғашқы ғашықтық романдардың бірегейі, тылсым 
оқиғасы әбден ширыққан, кеудесінде сезімі бар жанды бейжай 
қалдырмайтын тұсын барынша жарқырата бейнелеп жеткізеді. 
Қызы бар болғыр өзіне ғашықтығын ашық айта алмай, өзімен­
өзі сөйлесетін тұста «Ахметті сүйемін­ақ, сүйгенім үшін осынша 
күйемін­ақ, ал енді шыдамадым, қапаландым. Күні ертең қыз 
атаулыны малға санайтын қарабайыр ел­жұртым екеумізді екі 
айырып жібереді. Сөйткенде не болдым? Қосылуға шара таппаған 
құрғыр көңіл айырылысуға қайтіп шыдайды? Әке, ағаларым бол­
са, мені саған кедейсініп бермек тұрсын, бұл күнімізді өзімізге 
көп қылады ғой» деп, оңашада әлі келетіні баяғы аяусыз көздің 
жасы еді» деген автор сөздерін тақ­тұқ естірткенде, Мерғали сол 
ахуалды өз басынан кешкендей етіп, жиырма бір жасар заманда­
сы, ол да өзіндей орысша оқу соңында жүрген Ахметтің кенеттен 
душар болған ахуалын барынша қайғылы түрде жеткізеді.
Сөйтіп, екі жас басынан кешкен өмір драмасы шарықтай 
келе Қамар сұлудың ғашықтық халіне қарсы тұра алмай, Ах­
меттен кетәрі емесін білдіруге ойысады. Драманың осы тұсын 
Қамар атынан бейнелеуші Бибімәрия Бөлебайқызы да, текті 
атадан туса да кедейшіліктің тауқыметін тартып құсада өткен 
жастық шағын есіне түсірді ме, әлде өзі өскен қыр төсіндегі ор­
тада ұрғашы атаулыға теңдік тимей, ерік те берілмейтін бәз­
баяғы теңсіздікке лағынет айтқаны ма, кім білсін, алпыс жастың 
шебінде отырған қалпын тарс «ұмытып», Қамардың зар­мұңын 
былайша толғайды:
 «А, құдай, жасты жасқа пар қылғаның,
 Біреуді жоқ, біреуді бар қылғаның.
 Біреуге алтын, гауһар, жақұт беріп,
 Алдына жұрт билеген хан қылғаның.
 Біреуге мал мен бақты үйіп беріп,
 Ақылсыз екі аяқты мал қылғаның.

Медеу СӘРСЕКЕ
22
 Біреуге Аплотондай ақыл беріп,
 Мінер ат, ішер асқа зар қылғаның.
 Қыздарын теңге бермей, малға беріп,
 Қазақты қара көңіл аң қылғаның...» – 
деп, драманың күллі тартысын айқын ашатын ащы сөздерді нө­
сер лете төгіп, ақырында ақылды сұлудың тоқтау айтқан жауа­
бын сот үкіміндей термелеп жеткізеді.
 «Сен шыда, күйіп тұрсың бір­ақ отқа,
 Болсаң да қандай қызу жалын­шоқта.
 Аузың айтып, ар жағын біліп тұр ғой,
 Екі оттың арасында тұрғам жоқ па?!» – 
деп өлең төгеді. Ақыры, не керек, орысша оқып, қала тәрбиесін 
көрген екі ғашық бірін­бірі сүйсе де қосыла алмады. Асықтығын 
ақылға жеңдіріп, қыз уәжіне ден қойған Ахмет сорлы қалаға 
кетіп, оқуын тәмамдауға жегіледі. Он бес жасар хас сұлу орыс­
ша оқу­сызы бар, замана жайынан да хабардар әкесі зұлым ағасы 
Оспан би мен жамағайыны Қалтаң қажының дегенінен аса ал­
май, шынжыр балақ, шұбар төс, болыстық қолынан кетпеген, 
байлық босағасына жеті атасынан бері байланған, бір аяғын 
сыл 
тып басатын табиғи кемшілігі де жағымпаз нөкерлерінің 
бүр кеуімен Жорға Нұрым атанған, жасы елуді еңсерген, қаба 
сақалы кіндігіне түскен, иегіндегі мұрты жуылмаған жабағыдай, 
аузы сасық, сол қарсаңда бәйбішесі опат болып жас иісті құшуды 
аңсаған жуанның көзіне ілігіп, қазақ жолымен құда түсіп, 
ақырында сол найсап қыз ауылына ұрын келеді...
Бұл енді қара сөзі басым, бірақ кейбір тұсы өлеңмен жа­
зыл ған романның шарықтау шегіне жеткен жері. Рузима Қа­
дылбекованың айтуынша, оқиға шарықтау шегіне жеткенде тың­
даушы көпті таңғалдырған бір оқиға болыпты. Басты айтушы 
Мәкіш әжесінің өзі, Мерғали мен Ахмет анасын сүйемелдеуші бо­
лып, тартыстың мейлінше қызған кезінде Қадылбек отағасының 
кенжесі, сол қарсаңда он жастағы Алтынтас ортаға атып шығып: 
«Жорға Нұрым мен Қамар сұлудың үй болу тойына жазылған 
«Жар­жарды» мен айтайыншы!» – дегенде, анасы қолындағы 
қос қасықты сарт­сұрт соғып: «Тілегіңді бердім, құлыным! Айта 
ғой!..» – депті.

ШЫҒАРМАЛАРЫ
23
Алтынтастың құлындай құлдыраған әуезді үні орындаушы­
лық шеберлігіне сайма­сай екен. Балақан мүдірмепті, Сұлтан­
махмұт ағасы қазақы дәстүрді қасақана бұзып, сірә, Жорға Нұ­
рымды құбыжық етіп көрсету мақсатымен «Зар­зар» деген оқшау 
сөз қосқан жырды термелей жөнеліпті.
«Кетпес қына таулардың тасында дүр, зар­зар,
Кетпес қайғы Қамардың басында дүр, зар­зар.
Нұрым ақсақ жорғалап қасыңда дүр, зар­зар,
Алжымас, кәрі емес, дәл елу­ақ жасында дүр, зар­зар.
Қошамет, мақтау Нұрымның сөзінде дүр, зар­зар,
Қарт бураның порымы өзінде дүр, зар­зар!
Ащы қайғы, қанды жас, тыңдаса оны жібір тас,
Сорлы болған Қамардың көзінде дүр, зар­зар.
Күйек сақал Нұрымның иегінде дүр, зар­зар,
Итмұрындай тікендер жиегінде дүр, зар­зар.
Түсі суық қоңыздай, жеп семірген доңыздай,
Кеспеге қара жоқ шығар сүйегінде, зар­зар.
Аузы толған боғауыз, насыбайға тоқ ауыз,
Бір жақсылық жоқ ауыз, Қамарға соны теңгерген,
Көзіңді ашпа, ел жауыз! Зар­зар, зар­зар!
Қарт қарақұс сұқсырға қалайша тең, зар­зар?!
Мал мен бағы болған соң, көпіріп шалқып­толған соң,
Қара қарға болса да барқылы ем, зар­зар!
...Әуреленбе қу ақсақ, төбеден алтын құйсаң да,
Сүйісу жоқ, зар­зар!
Аққу құсты жапалақ қалай алар, зар­зар?! 
Ойлап па едің ақ тұйғын, текке қалар, зар­зар!
Қорлығыңа шыдамас, дүние салар, зар­зар!
Мал мен басың таланып, басың отқа қаланып,
Сұлу алғыш ақсағым, сонда болар, зар­зар!..» – 
деумен Алтынтас балақанның әрі күлкілі, әрі түрпілі мәнер мен, 
ең ғажабы, саңқылдаған сайқымазақ үнмен, сірә, бір кезде ән­
ші анасы жадына құйып берген ән ырғағымен келістіре орын­
дап, «Жар­жарды» шын мәніндегі «Зар­зарға» айналдырғанын 
сүйсіне тыңдаған жұрт: «Бәрекелді, бәйбіше, үлкен ағалары нан 
мына жұдырықтай кенжеңнің өнері асты. Болайын деп тұрған 
бала екен, Алла тағала тек қас пен сұқтан аман қылсын», – десіп, 
біршама уақыт қол соғып, жас өнерпазға қошемет білдіреді...

Медеу СӘРСЕКЕ
24
Керегетас бөктеріндегі жайлау төрінде, Қадылбек Бейсен­
ұлы тіккен алты қанат киіз үйдің ішінде өткен сауық кеші Қа­
мар сорлының текесақал Жорға Нұрым болыстың зорлауына 
көн бей, ауыр қайғы мен күні­түнгі қысымнан дел­сал ауыруға 
ұшырап, жауыз ишан мен делқұлы бақсының ем­домы дарымай, 
Қамар сұлудың тәні мен жаны қиналып, ақырында арыздаса кел­
ген Ахмет бейшараның күні кеше өзін ынтық еткен асыл жанның 
мүсәпір халіне төзе алмай, ақыл­есінен шатасып, бақсыны пы­
шақтап өлтіріп, үй иесі мен өзін ұстамақ болғандарды қан жоса 
етуімен роман тәмам болады... 
* * *
 
Келесі күні қызықтаушы жұрт Иса ақыннан: «Ауылдың ал­
ты ауызы кеше артығымен айтылды. Сізден енді қонақкәде сұ­
раймыз. Оны айтқызбай сізді ешқайда жібермейміз, өзіміз де 
ешқайда кетпейміз!..» – деген қолқа білдіреді.
Кергуді білмейтін Иса жампоз домбырасын күйлеп, алдына 
көлденең ұстап:
– Ей, жамағат, мен үнемі ел ішінде сайрандап жүріп, қайда 
болсын шексіз құрметке бөленген серілердің соңғысымын. Семей 
шәрін ұнатып, сол шәрде тұрақтаған едім, дәм жазуымен өткен 
қыста Қызылордаға шақырылып, сонда шаңырақ көтерген қазақ 
театрына келіншегім Шәрбану екеуміз әртіс болып орналастық. 
Ал мына отырған Қадылбек ағаның ойы өз қатарынан оқ бойы 
озық әрі заман аужайын ерте аңдап, бес баласын бірдей қала 
оқуына беріп, дегдарлық жасағанын білуші едім, соған тіпті дән 
риза едім. Соның пайдасын ең алдымен өзі мен күллі ел көріп 
отыр. Нұрғалиы – Кеңес үкіметінің белді қызметкері, інілерінің 
алды Мәскеу оқуында. Кішілері де, құдай жолын оңғарса, ел­
жұртын қуантар білімді азамат болатынына кәміл сенемін. Жә, 
кеше олар бізге қандай қызмет көрсетті? Өз басым күллі Ертіс 
бойы, Сырдария жағасында көріп­білмеген жаңаша ойынды та­
машаладым. Ең ғажабы – Бибімәрия жеңгейдің өнері: өзі әнші, 
өзі қасықшы, өзі ойынның бапкері. Қысқасы, бір өзі – бір театр! 
Бәрінен де тамашасы – сол өнеріне балаларын баулыған! Бірде­
бірі меселін қайырған жоқ, Сұлтанмахмұт марқұмның он екі жыл 
бұрын аманатқа қалдырған асыл мұрасын күні кеше естігендей 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
25
етіп, қайыра айтып берді. Және қандай дауыс, қандай мақаммен! 
Шынымды айтсам, Қадылбек ағам сақалы сапсиып қасында 
отырмаса, жеңешемді алпысты алқымдаған жасына қарамай, 
Қызылордаға ертіп барып, өзім істейтін ұлт театрының бас әртісі 
етіп штатқа алғызар едім, амал қанша, өйтуге амалым жоқ!..
– Сөз­ақ! Шын айтып тұрсаң, жеңгеңді береміз, ал Қадекең 
Жор ға Нұрымнан кем бе, тоқал әпереміз.
– Әй, ағайын бос сөзді қойыңдар, қонақкәде сұраңдар! Иса ақын 
біздің қолымызға күнде түспейді... – дескен күңкіл әр жерден 
естіледі.
Қонақ та сол сөзді күтіп отырғандай, тізерлеп отырған қал­
пында ұшатын құсша қомданып, домбырасын қолына алып, 
жұртқа мәлім «Желдірмесін» аңыратып қоя береді. Жамыра ған 
жұрт кенет сап тыйылып, әйгілі ақын­әншіге таңырқай қарайды. 
Кейбіреулерге киіз үйдің түңлігі ұшып түсердей желп­желп ет­
кендей болады.
Иса ақын тыңдаушысын үміттендіріп, одан да гөрі өзін жел­
піндіретін, шабытын қоздыратын рәсімін өткерген соң:
– Алтынтас қарағым, сенің кешегі өнерің маған ерекше ұнады, 
қалың дәптердегі «Қамар сұлуды» әкел де, бетін ашып, қасыма 
жақын отыр. Мына жұртқа мен кешегі естігенімді қайыра ай­
тамын, әрине, өз қабылдауыммен, жанымнан қосқаныммен. 
Еге рәки бұрыс кетіп бара жатсам, балақан, қымсынбай түзету 
жасағын, жарай ма? – дейді.
Үйдегі жұрт аң­таң. Дүлдүл ақын кеше естігенін бүгін өз бе­
тінше қайталамаақ. Сірә, сөйтіп, «Қамар сұлуды» өзінше орын ­
даушы атанбақ...
Алтынтас балақан екі айтқызған жоқ, шешесінің қараша үй­
дегі сандығына қайта түскен дәптерді тауып әкеліп, ақын аға­
сының тізесін баса жайғасады.
Иса ақын да бастапқы шумақты бөгелмей бастайды...
– Мәкіш әжем сол күні өз құлағымен естігенін неше мәрте 
бізге әңгімелеп, Иса ағайдың ғажап жадын, даусын, әртістігін 
сүйсіне қайталап, Сұлтанмахмұт ағайдың қара сөзбен жасаған 
суреттерін өлеңмен кестелеп, ғашықтық романға ерекше әр, тың 
сүгірет қосып, тыңдаушы жұртты таң­тамаша еткенін майын та­
мыза айтушы еді. Тамсана сөйлеп отырып, өздерінің отбасылық 

Медеу СӘРСЕКЕ
26
«ойынынан» жыр дүлдүлінің келістіре орындауы әлдеқайда ар­
тық болған­мыс.
Осы әңгімені Қадылбек отағасының екінші ұрпағының ау­
зынан естігенімде қызыға тыңдағаныммен, сенер­сенбесімді 
біл мей, дүдәмал көңілмен қабылдаған едім. Сол күдігім Се­
мейге келген соң С. Торайғыровтың екі томдық шығармалар 
жина ғын ашып, өлеңмен аралас жазылған романды қайыра 
оқығаным да күшейе түскен­ді. Өйткені бір отбасының көлемі 
едәуір шығар маны бастан­аяқ жатқа білгені қисынсыздау кө­
рініп, өз әулетінің қадір­қасиетін шексіз әсірелеудің салдары де­
генге сайғамын. Алайда...
Бертінде мені сол ойдан айнытқан қосымша деректер қолыма 
түсті. Соның бірі – жоғарыда келтірілген ұстаз­профессор Тө­
леутай Ақшолақовтың естелігі. Рас, ол Иса ақынның сол ауыл­
да қонақ болғаны жайында ләм­мим демейді. Бірақ Қадылбек 
отағасының Керегетас бөктерінде ақбоз үйлер тігіп, өздерін 
қо 
нақ еткенін, оқудан оралған балаларының басын қосып
жадыраң қы жаз күндерінде мәре­сәре болғанын тәптіштей жа­
зады. Бертінде жазылған тағы бір естелікте Иса Байзақұлының 
осы үймен қарым­қатынасы қашан өзі өмірден озғанша, өткен 
ғасырдың орта кезіне дейін үзілмегені, Қадылбековтер қайда 
тұрмасын, олардың селдіреген ұрпақтарына ат басын бұрып 
келіп, әрдайым хал­қадерінше көмек бергені, солардың басына 
қиындық түскен күндерде жұбатушы болғаны айтылған.
Біздің болжамға күдік қалдырмас үшін тағы бір куәлікті 
келтіреміз, бұл енді қиыннан қиыстырған, қиялмен құрастырған 
лақап емес, тасқа басылып, сол кезде кітапқа шыққан шынайы 
айғақ, сондықтан да оны даралап көрсетеміз...
Есімі мен ұлан­ғайыр еңбегі халқымызға кеңінен мәлім, қа­
зақтың ән­күй қазынасын жинаушы, ұлты поляк Александр 
Викторович Затаевичтің 1931 жылы жарық көрген «Қазақтың 
500 әні мен күйі» жинағының түсінік бөлімінде:

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал