Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.19 Kb.

бет19/19
Дата08.01.2017
өлшемі7.19 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

СӨЗ ЗЕРГЕРIНIҢ ШАПАҒАТЫМЕН
Қазақ қаламгерлерiнiң өзiнше толымды­ау деген төл еңбе­
гiн Ғабеңе сыйлау рәсiмi қашан, кiммен басталғанын бүгiнде 
нақтылы айту қиын. Әлбетте, әрбiр тартудың соңында, жасы­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
311
рып қайтемiз, түрлiше мүдде, мақсат жатады: айталық, осы 
еңбегiм үлкен қаламгердiң iлтипатына iлiнiп, әлдеқандай бiр 
мақаласында мақталып, иә, баян дамасына жақсы лебiзбен iлiгер 
ме екенмiн деген есеп болады; бәлкiм, қай сыбiрiмiз көшбасшы 
жазушының жолына, атағына жығылып, тек қана құрмет 
тұтқандықтан сыйлаймыз...
«Туған жердiң асылы» деген атпен жарық көрген Қаныш 
Сәтбаев туралы деректi новелла 
лар кiтабымның («Жазушы», 
1974) бiр данасын Ғабит ағаға тарту ет кемiн. Оның сәтi 1975 
жылдың көктемiнде, iлгерiдегi хикаяттарда азды­кем сөз болған 
«Алматы» демалыс үйінде тән саулығын күйттеген кездесу ке­
зiнде түсiп едi.
«Кең аспанның астында еркiн тыныстап» (Ғабеңнiң сөзi), 
жайқалған әсем гүлдер мен сам саған ағаштың аясында тебiре­
не толғанып, әр тұстан сайраған әншi құстардың дамылсыз 
шырылына құлақ түре жүрiп, баптана әңгiме шерту – кексе қа­
ламгердiң жан рақатына бөле нетiн мерейлi сағаттары. Ондай кез­
де Ғабең дарқан өмiрдiң кейбiр оңды­оңсыз құбылыстары, өзiнiң 
де басынан кешкен күлкiлi оқиғалар туралы езу тарта отырып, 
еркiн көсiле әңгiмелейдi.
Сондай бiр сырласу үстiнде мен тәуекелге бел байлап, өзiмдi 
мазалап жүрген күптi шаруа жайында сөз бастап:
– Ғабит аға, сiзге ана жолы сыйлаған кiтабымды iшiнара оқы­
ған сияқтысыз... – деп күмiлжи тоқтадым.
Күмiлжiген себебiм – кеше қаламгер жатқан екiншi қабаттағы 
люкске кiргенiмде, жатын бөлмесіндегi жатаған таған үстiнде 
тұрған төл еңбегiмдi ашып көргемiн: кiтаптың әр жерiне тү­
зетулер жасапты, тұтас жолдар қарындашпен шұбарланған 
беттерi көзiме оттай басылған; әр новелланың аяғына, кейбiр 
беттердiң ашық жерiне пiкiрiн аз сөзбен қысқаша жазып оты­
рыпты; бұл болса – мен үшiн аса мәндi жайт...
Кітаптың әр жерiне түзетулер жасапты: 5­беттiң шекесiне 
«Бұл қымбатқа түскен су» деген сөйлемдi – «түсетiн» деп түзет­
кен; 28­беттегi ұзақтау сөйлемнiң тұсына «созба лаңдау» десе, 
тағы бiр беттiң аяқ жағына «ауыр құрылған» деген ескерту 
жазған. «Дұрысы осылай атау болар» деп ойымды мақұлдаған 
беттер де бар. «На шар өлең, ауыстыру ке рек», «Ұзақ», «Кiм дi, 
ненi?» деп сұрау қойған немесе «Әншi мен академик» хикая­
тының аяғына «Қаныштың Ескенi ұзақ уақыт танымай оты­

Медеу СӘРСЕКЕ
312
руы – нанымсыздау...» деген тәрiздi ұсақ қақпайлар жазыпты. 
«Аттанарда» деген новелланы «Курсивке көзiм жетпейтiн бо­
лыпты» деп оқымай аттап өтiптi (бұл әңгiмеде төл сөздiң бәрi 
айшық әрiптермен терiлген едi). Оның есесiне жинақтың «Қыс ­
талаңда» аталған тарауын шұқшия оқыған. Бұл новеллада 
Қаныш Имантайұлының «Үлкен Жезқазған» үшiн 1933­1934 
жылдарда басынан кешкен ауыр арпа 
лысы баянда 
латын­ды. 
Мұнда да үлкен қаламгер шығарманың сөз тiнiне едәуiр шүйiлiп, 
арагiдiк түзетулер жасаған. Ал новелланың негiзгi желiсiн, оқиға 
қақтығысын ұнатқан тәрiздi. Алайда оқиға өрiсiнде Қанышпен 
қатар сипатталған геолог Ақтай Оралхановты «Өз атымен алған 
дұрыс болмас па?», сол беттiң ашық тұсына «Әлиханды да өз аты­
мен алған дұрыс» деп мәндi ескерту жазыпты (Бұл арада әңгiме 
Сергей­Угэдей Әлиханұлы – белгiлi әлеумет қайраткерi, Алаш 
партиясының негiзiн қа лаушылардың бiрi Ә.Н. Бөкейхановтың 
геолог баласы туралы болып отыр). Ғабең, әсiлi, Ақтай есiмдi 
қаһар манның кiм екенiн, түп тегiн бiрден сезген. Мен оның есімін 
бүркемелеп, әкесі еркелетіп атаған атымен жазып едiм. Өзiмше 
сол күндегi қытымыр редакторлар мен қырағы цензорларға та­
рауды туратпас үшiн жасаған ама лым болатын.
«Туған жердiң асылын» Ғабең жай ғана парақтап қоя сал­
май, әр жолын, әрбiр сөзiн қолына қарындаш ала отырып 
шұқшия оқыған. Ұнатты ма? Оны бiлу үшiн бiртуар суреткерден 
«Жазғаным сiзге ұнады ма, қалай көресiз?» деп тура сұрау қиын, 
ал ұнатпаса – әр бетiн соншама шұбарлап нелiктен сызған деген 
ой ғана көңiлге дәт!
Неге күмiлжiгенiмдi Ғабит аға ұқты. Адымын санап басып, 
көгалдан қайтқан қазша мамырлап баяу келе жатқан қалпында 
маған бұрылып, бетiме маңқия бiр қарады да:
– Маңдайымызға бiткен жалғыз Қанекең туралы жазылған 
кiтапты оқымауға бола ма?! – деп әр сөзiн қарызға бергендей 
үздiк­создық соза сөйледі. – Бiрақ, соны оқуға қызыққаныммен, 
жан қинау менiкi!.. Кiтабыңның әрiптерi сонша ұсақ болар ма... 
Бәз­баяғы көз менде жоқ, жанарым жылдан­жылға құрып бара­
ды...
– Медеудiң бұл еңбегiн мен де мұқият қарап шықтым. Ме нiң, 
Ғабе, таң болатын бiр жайым бар. Сондай ұлы кiсi туралы кiтап­
ты көркемдеп шығаруға болады ғой. Баспадағы бiлгiштер осыған 
ойланса керек­тi... Мұқабасы жұп­жұқа жұмсақ қа 
тырма, 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
313
сыртындағы суретi де ғылыми кiтаптарға салынатын алабажақ 
бiрдеме, ал мәтiн әрiптерiнiң тышқан iзiндей құрыған сиқын 
әлгiнде өзiңiз айттыңыз, – деп Ғабеңнiң оң жағында келе жатқан 
Нығмет Ғабдуллин де қаламгердi қостай тiл қатты.
– Жарық көрген шығармаға айтылар әтегенайлар тегiнде көп 
болады. Оның қайсiбiрiне налисың? Кiтап иесi үшiн бәрiнен де 
керегiрегi – iшiндегi сөздiң әсерi, жұртшылықтың соны қалай 
қабылдағаны, жігіттер.
– Новеллалардың тiн­құрылысы, бұрыс, иә сәтсiз қолданыл­
ған сөздер, нәрсiз сөйлемдер жайындағы ескертулерiңiз түсi­
нiктi, оңай түзетiлетiн олқылықтар. Менiң сұрап отырғаным, 
аға, кiтаптың жалпы әсерi. Айталық, сiз одан өзiңiзге жақсы та­
ныс, сұхба тында талай болған Қа некеңдi көре алдыңыз ба? – деп 
әңгiме арнасын көкейдегi күптi ойға бұрдым.
– Сенiң сауалыңа бiрер сөзбен жауап берсем, сiрә, қанағат 
қылмассың. Жүрiңдер, аяқ суытайық.
Қаламгер асфальт төселген теренкурдың түбiндегi отырғышты 
нұсқады.
Арқалығы биік орындыққа үшеумiз қатар жайғастық. Ғабең 
кенет сұқ саусағын шошайтып белгi бердi де, қалың ағаш арасы­
нан дамылсыз тымпылдап тұрған еңбекқор тоқылдақтың тақ­тұқ 
еткен әрекетiн рақаттана тыңдап, бiршама уақыт үнсiз мүлгiдi. 
Бiз де оның сол бiр қоңырқай өңi жайдарыланып, тұңғиық ой 
тұнған көзiне мейiр ұялаған, жайсаң та биғаттың құбылысына 
балаша қуанып, жаны жадыраған қуанышты сәтiн бұзуға дәтiмiз 
бар май, тым­тырыс мелшиiп қалдық.
– Шоқан, Мұхтар, Қаныштар – қазақтың ғылым көкжиегiн­
дегi алып тұлғалар. Он дай бiртуар жандар, тегiнде, әр ғасырда 
жарала бермесе керек. Сондықтан да оларға деген көзқа 
рас, 
iлтипат, сүйсiну мен қызығу өзгеше болуға тиiс! Ал бұлар жай­
лы еңбек жазбақ қалам гер осы гәпті әманда есiнен шығармаса 
деймiн. Асығу да, ой дан шығарып қисындастыру да, өмiрiнде 
болмаған, басынан кешпеген iстi ол кiсiлерге қисынсыз жап­
сырып жалған ма дақтау да бұл жерде келiспейдi. Жаңа киiмге 
көктел ген жамау құсап жараспай тұрады...
Асықпай, әр сөзiн баптана сөйлеген қаламгер не айтып отыр­
ғанымды ұқтың ба де гендей әредiк маған бағдарлай қарап қояды. 
Мұндай кезде орынсыз жалпақтап, жеңiл сөзбен қолпаштап, 
иә бiлгiшсiнiп сөз жарастыру әбестiк болмақ. Ең аб залы, ойын 
бөлмей, үнсiз тыңдауды бiл.

Медеу СӘРСЕКЕ
314
– Медеуо, – дедi Ғабең, – Қанекең жайында бiрталай iзден­
генiң, әзiрлiгiң барлығы сезiледi. Әсiресе оның iлiмiн түсiнiп 
жазуың ұнады маған... Сөйтсе де жазуыңда созбалаңқылық бар, 
қысқа қайырудың ор нына ұсақ­түйектi шыр айналып, сөздi кө­
бейтiңкiреп жiбересiң. Кәсiби терминдердi әрлi­берлi тықпалап, 
өндiрiстiң бүге­шiгесiн тәптiштеп жазудан да, тегiнде, сақ болу 
керек. Әр нәрсенiң шегi бо 
лады. Бiлiмпаздық сөзуарлыққа 
ауыс са, өзiң бiлгендi түгел айтуға тырысу қазымырлыққа ұлас­
са – жарытпағаның, соның бәрі­бәрiн оқырман жұрт талғамсыз 
қабылдай бередi деп ой 
лама! Мына жинағыңда ел таныған 
Қанекең бар, бiрақ нобай­келбетi ғана. Бiтпей қалған суреттей, 
айталық, киiм киiсi, сөйлеу мәнерi, жүрiс­тұрысы, түр­тұлғасы, 
әрекет кеңiстiгi Қанекеңе ұқсағанымен, әлi де жетiспей тұрған 
ақауы көп. Кiтабыңды мен ықыласпен оқып, жақсы астың дәмiн 
татып, тек тоймай қалғандай сезiммен жаптым.
Бiразға дейiн ешқайсымыз да тiл қатпай, тым­тырыс оты­
рып қалыппыз. Екi үлкендi бiлмеймiн, мен өзiм әдiл қазының 
қатал үкiмiн естiгендей, соған тәнтi болғандай ме рейлi сезiмге 
бөленгем­дi. Сөйтсе де, әлден соң тәуекелге жеңдiрiп, өзiмдi 
көптен берi тежеп жүрген көкейтестi сырымды ақырына дейiн 
естiртуге бел байладым да:
– Қаныш Имантайұлы туралы iзденiстi мен тiптi ертерек бас­
тап едiм. Талай жердiң дәмiн таттым, талай мұрағаттың ша­
ңын жұттым. Тапқаным аз емес, бiрталай қазынаның иесiмiн 
қа зiр... – деп жайлап бастап, көкейiмде жүрген күдiк­алаңды, 
қолымды бөгеп, қаламымды тежеп келген се бептердi естiртiп, 
ағымнан жарыла бiр­ақ тоқтайын...
– Сен өйтiп бұл шаруаны былқылдатпа, Медеуо! – дедi Ға­
бең сол сәтте маған кiдiлеу үнмен. – Ау, бұл тақырыпты сен 
жазбағанда, филология iлiмiнiң докторы деген лауазымға ие, 
Ғабдолла орманшының баласы жазады деп пе едiң? Қаныштың 
геология сынан, ол басқарған академияның сан салалы күрделi 
ғылымдар саласынан ха бары шамалы кiсi ондай кiтапты қалай 
жазады? Бұл жерде жазушылық қана емес, ғы лыми бiлгiрлiк 
те керек! Бұл сөздi кезiнде Ебіней Бөкетовке де айтқамын, саған 
да айтамын. Бiле бiлсеңдер, Қаныштың ұлағатты ғұмыры әлi де 
талай ұрпаққа азық болады. Тек асылды жасытпай жазыңдар! 
Қысқасы, менiң саған үлкендiк кеңесiм: тiрлiктiң оны­мұны 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
315
күйтiн ысырып тастап, өзге де шаруаларды кілт доғарып, нақ 
осы тақырыпқа шұқшия отыр! Адамның жас кезiнде онда­мұнда 
ауытқулары көп болады. Ал жасы жер ортаға таянғанда өмiрлік 
бiр тақырыпқа берiле үңiлгенi жөн. Сен өзi қазiр неше десiң?
– Келесi жылы қырыққа шығамын.
– Онда дер кезiң, Медеуо! Тоғыз­он жылды сарп етіпсiң. Несi 
бар, әлi де бiр он жылды Қа некеңдей асылдың жолына арнап 
еңбек ет!..
– Елдiң бәрiн, Ғабе, өзiңiздiң өмiрi асықпайтын бабыңызға 
салғыңыз келедi. Ғы лыми­техникалық адуын заманның тегеу­
рiндi талабы мұнша жырғалғанды көтере ме? Бiр кiтапты он, 
он бес, тiптi жиырма жыл жазу – сiздерге ғана тән мiнез, – деп 
Нығаң әзiл айтып едi:
– Қабылда, қабылдама – мен бiлетiн Қанекеңнiң алып тұлғасы 
оп­оңай бопсалай салатын асығыс еңбекпен ашылмайды, – деп 
қаламгер орнынан көтерiлдi.
Бұл әңгiменiң соңы Ғабит ағаның қолтаңбасы түскен кiта­
бымды қайта сұрап алуыммен (ол кiсiге басқа данасын сый­
лап) бiткен­дi. Осы күнде бұл кiтап – үй ар хивiмдегі ең қымбат 
заттарымның бiрi...
* * * 
Арада екi­үш жыл өттi­ау деймiн, бұл қарсаңда мен «Сәтбаев» 
атаған ғұмырнама кiта бымның алғашқы қазақша нұсқасын Ал­
матыда жарыққа шығара алмай, қиянатқа тап болып, қиналып 
жүрген қапалы күндердiң бiрiнде Ғабит ағайдың үйiне бардым. 
Әңгiме үстiнде, сiрә, естiген болу керек, жолы болмай тұрған 
ғұмырнама жайында қаламгердiң өзi сөз бастады.
Қазақстан КП ОК­інiң идеолог хатшысына дейiн iзденгенiм­
дi, сол шенеуніктің әмiрiмен «Жазушы» баспасында терiлiп 
жат 
 
қан ғұмырнаманың тоқтап қалғанын, қа 
былдау кезiнде 
хатшының бұл мәселеде кінәлі емесін тұспалдап сездiрiп, кiта­
быңды кейiндеу шығарамыз деп, белгiсiз жылдарға ысырып 
тастағанын айтып:
– «Сәтбаевты» тоқтатуға нұсқау одан да жоғары үлкен кiсi­
нiң өзiнен туған. Өз басым осыған сенбеймiн, сенгiм де келмейдi! 
Өйткенi бұл iс – Қонаев сынды тым үлкен тұлғаның биiк сипа­
тымен қиыспайтын тым ұсақ та күйкi әрекет, – деп қынжылыс 

Медеу СӘРСЕКЕ
316
бiлдiрiп едiм, Ғабит ағай бiразға дейiн үндемей ойланып отырды 
да:
– Сөзiң қисынды, бiрақ... – дедi. – Үлкендердiң де ақылға 
сыймайтын ұсақ мiнездерi бо лады. Оны қазақ пендешiлiк дейдi. 
Тегiнде, адам баласының бәрі­бәрiне әр iсiнен ұлылық өрбiсiн 
деу – қиын талап. Менiң өз ойым айтады, шамасы, сол кiсi Қа­
некеңнiң халыққа ерекше дабыра құрметi мен зор атағын iштей 
қызғанатын сияқты. Әнебiр жылы әлдеқалай ес кертпе айтамын 
деп түңiлгенiм бар едi...
Көкейiнде берiш боп қалған сырды қозғағанымды сезiп, тым­
тырыс құлақ түрдiм.
– Шафық Шокиннiң президенттiк қызметтi тым шолақ мер­
зiм атқарғанына налы дым бiлем, Қонаевқа бiрде «Димаш, ака­
демияның жайы болыңқырамай жүр­ау. Қанекеңдi ауысты ратын 
шынайы ғалым бiзде шынымен таусылған ба?» деп қытығына тие 
сыр тартып едiм, бiрiншi хатшы соны естiмеген сыңай танытты. 
Сiрә, Шокиндi қорғап, әлде Қанекеңдi көтере сөйлегенiмдi жа­
ратпады бiлем.
– Димекеңнің қабылдауына да сұрандым. Екі көмекшісін 
бірдей жағалап, небір сөзі өтімді қимас достарымды салып, бірақ 
ештеңе шықпады. Айтар уәжі әншейін желеу: «Уақыты болмай 
тұр». Ойлаймын, көмекшiлерін тектен­текке кінәлауға бол­
майды, сірә, Үлкен кісінің өзі жылы шырай бермеген. Өйткенi 
Қанекең туралы қандай да мадақ кiтаптың жарық көргенiн 
көңiлi қаламаған. Оның түп себебiн әлгiнде өзiңiз айттыңыз: 
пен дешiлiк, iшкi қызғаныш, қазақ тарихында дара тұлға болып 
жалғыз өзi қалмақ. Қысқасы, мен үшiн жаны ауырған, «Үлкен 
үйде» істейтін бір досым жуықта маған «Бостан­босқа әуреленбе, 
бұл кiта 
быңды саяси басшы өзгермей, Алматыдан шығара 
алмайсың!» деп көзімді ашты. Онысына да рақмет! Осы сөз маған 
тыйым болды. Алматыдан әділдік iздеудi содан кейiн бiржола 
тоқтаттым.
Ғабит ағай басын шайқап, бұйығы қалыпта тым­тырыс отыр.
– Бұл ендi көпе­көрiнеу қиянат, қаншама ғалым­әдебиет­
шiлер, iшiнде академик тер бар дейсiң бе, иә, солар бiрауыздан 
«Қанекеңнiң тұлғасына лайық шығарма» деп баға берген, әл­
денеше жыл көз майын тауысқан еңбегiңнiң себепсiз тежелуi 
саған да оңай емес. Әсiресе нағыз шабыттана жазатын шағыңда. 
Әрине, жазылған шығарманың жарық көргенi жөн едi, амал 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
317
қанша?! Менен де тап қазiр саған көмек бола қоймас. Бұрнағы 
жылғы маған жасалған қиянатты естiген боларсың? Менiң 
Жоғарғы Советке бiр­ақ жыл төраға болып, со дан оп­оңай босап 
қалуымның шынайы себебiн білесің бе? Әдебиетшілер бас қосқан 
бір жиында «Бiздiң үйдiң ал дындағы кең алаң – Сәкен Сейфул­
линге қойылмақ ес керткiшке нағыз қолайлы жер емес пе?» деген 
ойымды бұрмалап, «Мүсiрепов соны жұрт арасында кереғар пiкiр 
туғызу үшiн әдейi жасап отыр» дегендей мағынада жеткiзген 
ғой бірінші хатшыға. Бұл алаңды Димаштың өзiне дайындап 
жүргенiн қайдан бiлейiн. Қысқасы, қасында жүрген пысықтар 
бұдан да ұпай түгендеген. Осыдан соң бiрiншi хатшыға барып 
ақталып, иә кiмдердi қорғап, мәндi мәселе қозғауға болады? 
Жоқ, мен оған бара алмаспын. Тегiнде ай тармын бұл жайында, 
бiрақ соны өзіне оңашалап, ақыл­кеңес не сұрау түрiнде емес, бiр 
қауым жұрт көзiнше шалғайына жармасып, шымбайына баты­
рып. Қаныштай асылды ел жадынан ұмыттыруға, әлдекiмдердiң 
жөн­жосықсыз бопсалауына жол берiп, қарап отыруға болмай­
ды!.. – дедi әлден соң.
Менде үн жоқ. Аға қаламгер болса әлi де сыр шерте түсті.
– Мен саған, Медеуо, бiр ақыл айтайын, құп көрсең? – Ғабит 
ағай бетiме барлай қа рады. – Мына бiздiң өзбек ағайындар бiраз 
жылдан берi дербес саясат ұстап келедi. Хрущев билеген кезде 
солай болған, ал қазiр де солай, Ләнит Ильичтi (Л.И. Брежневтi 
Өзбекстан Компар тиясы ОК­iнiң бiрiншi хатшысы Ра шидовтың 
тiлiн бұрап, есiмiн өзбекше мәнерде бұзып айта тынын әжуалау. 
Бұл болса – жөнең жазушы Шараф Рашидовты Ғабеңнiң ұнат­
пауының айқын белгiсi) арқаға қағып қойып, өздерiнiң дегенiн 
iстеп отыр. Хрущев ана жылы бiзден тартып әперген үш ау­
даннан олар iле­шала он аудан жасап, қасақана бөлшектеп 
жiберген ғой. Содан Қазақ станға үш­ақ аудан қайтарылды, яки 
бұрынғы атақонысымыздың үш бөлегiнiң бiреуi ғана. Соншама 
сорақы тонауға бiздiң Димаш не iстедi? Тигенiне қанағат деп, 
жылы жауып қойды. Ал анау жетi ауданда қанша қазақ қалды, 
олардың келешек тағ дыры не болады? Бұл жайында ол жаны 
ауы рып ойланған жоқ, ойланса – құшақ айқастырып жүрген 
досы Леонид Ильичке қайта айтпай ма «Мына Шараф Рашидов 
досымыз сізді де, бізді де алдап отыр» деп. Жоқ, оған басқан 
жоқ, артық­ауыс сөзбен көзге түсiп, Бас хатшыны мазалауды 
жөн көрмедi. Нәтижесiнде бұл мәселе келер ұрпақтың үлесiне 

Медеу СӘРСЕКЕ
318
көштi. Ал олар мұны қандай жолмен шешедi? Болжау қиын, 
қалай десек те: өзара қаны­жаны жақын бауырмал екi халықтың 
арасына тасталған ала жiп бұл! Ел мүддесiн ой лаған, соған жаны 
ауырған басшылар бұлай етпесе керек­тi: ең құрығанда, Ша­
раф екеуi бiр мезет оңаша жолығып, осымыз қалай болады, ке­
лешек ұрпақ артымыз дан лағынет айтарлықтай шатақ iс емес 
пе... десiп өзара ақылдасса – мұндай сойқанды күпiрлiкке со­
лар барар ма едi, бармас па едi? «Екеуi өзара бәсеке» деседi, де­
мек, бiр­бiрiне кiшiреюге көңiлдерi соқпайды. Ал халық мүддесi 
үшiн жеке бастың сырдаң iстерiн кейiнге шегере тұруға болмас 
па?! Жә, сенiң опық жеп жүрген iсiңе келейiк. Ретiн тауып Ра­
шидовке жете алсаң, менiң кәмiл сенген ойымша, кiтабыңды 
Тәшкенде­ақ қазақша шығаруға болады. Неге десең, қазiрде олар 
өздерiнде тұратын бiр мил лионнан астам қазақтың көңiлiн аулау 
үшiн Абай, Шоқан, Ыбрай сынды дарабоздардың шығармаларын 
қазақ тiлiнде шығара бастапты. Қаныш ғұмырна масы солардың 
санатында жарық көрсе – несi бар, тіпті жақсы! – деп қаламгер 
маған қадала қарасын.
– Әрине, Тәшкенде шығара алсам – бұл жақта ұтылған есем он 
мәрте қайтар едi! Бiрақ бостан­босқа әуре боламын ғой...
– Болмайсың! – дедi Ғабең бекем үнмен. – Тәшкенде Натай Ке­
несарин деген мықты ағаң бар. Кәдiмгi хан Кененiң ұрпағы, елу 
екiншi жылғы науқанда солай жыл жып кеткен үлкен ғалым: 
естуiмше, Қаныштың шәкiртi, Орта Азия мен бiздiң оңтүстiктегi 
каналдардың жобасын жасаушылардың бiрi, өзбектер оны аса 
құрметтеп, Ғылым академияларына сайлап, тiптi дербес бiр ин­
ститутты билетiп, төрде ұстап отыр. Хат жазып беремiн, бiрден 
соған барасың. Одан арғы шаруаны На тайдың өзi реттейдi.
Баяны белгiсiздеу iске бiрден қолқ ете түсу маған қиынға 
соқты. Әлде Алматыдағы нәтижесіз iзденiстен тауаным қайтып 
қалған ба?
– Ойланайын, баруға бекiнсем, өзiңiзге келермiн, – дедiм 
ақырында.
– Әрине, ойлан. Ойланбауға болмайды бұл iсте!
Түптеп келгенде мен Ташкентке сапарды кейiнге қалдырдым 
да, «Сәтбаевтың» орысша балама аудармасын тыңғылықты әзiр­
леп алып, Мәскеуге бет түзедiм.
Ақыр аяғында өмiрiме мансұқ iске айналған «Сәтбаев» Ал­
матыда терімде тоқтатылған соң алты жылдан кейiн, яғни 1980 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
319
жылдың соңында Москвада жарық көрдi. Сол кітаптың бiр да­
насын Ғабеңе келер жылдың басында тарту еттiм. Ұмытпасам, 
алғашқы бетiне:  «Ардақты Ға 
бит аға! Бұл кiтаптың дүниеге 
келуiне кезiнде маған рух берiп, демеген ақыл­кеңесiңiз түрткi 
болды. Сол үшiн де және Сiзге деген зор құрметпен, iнiңiз Ме­
деу», – деген сөздер жа зылған­ды.
Сыртына Қанекеңнiң маңғаз бейнесi салынған, оның қасына 
Баянауылдағы Жасы бай көлiнiң жалтыр айдыны үстiндегi оқ­
шау жартаста шаншыла өсiп тұрған жалғыз шынардың тама­
ша суретiмен кескiнделген, екеуiнен сәл төменiректе ғалым 
iргетасын қалаған Қазақ КСР ҒА­ның бас ғимараты бейнеленген 
түрлi түстi мұқабалы, көлемi де көп­көрiм кiтапты аға жазушы 
қолына алып, алақанына салып салмақтағандай, бiршама уақыт 
баптана парақтап шығып:
– Қайран Қанекем! Маңғаз келбетiңнен­ақ ұлылығыңды 
танытқандайсың, – дедi терең күрсiнiп. – Нақ осы күндерi Ал­
матыда бiр үйге қонаққа барсақ, иә төрт­бес кiсi өзара бас қосса, 
көбiне екi түрлi әңгiме айтылады. Соның бiрi – Қа некеңнен соң 
сайланған академия президенттерiнiң жиi­жиi ауысуы жайын­
да. Шокин неге түстi? Шаһмардан Есе новке не болды? Қысқасы, 
қаптаған неге, нелiктен, нендей кiнәсi үшiн? Әркiм өзiнше 
тұспалдап, әр түрлi жорамал айтады. Екiншi әңгiме – сенiң осы 
кiтабың туралы. Алматыда әлiмжеттiк жасап басқызбай, құлып­
қа салып қойған қолжазбаны шалғайдағы семейлік жазушы 
қалайша Мәскеуден шығарды деп таңғалу да баяғы. Таңғалады 
да кiтабыңды таласып оқиды. Бұл да сенiң бағың, Медеуо! Көп­
шiлiк жұрт оны қолына түсiре алмай жүр. Бұл жаққа тiптi аз 
келiптi. Не десек те, бұл кiтап сенiң жазушылық жолыңды ашты! 
Оқыдым кiтабыңды! Қайырлы болсын, әдеби жөнiнен де, ғылыми 
жағынан да Қанекеңе лайық ескерткiш деуге болады!
САЙЫСКЕР ҒАБЕҢ
Кешегi кеңестік заманда туып, бой түзеген, қалам ұштаған 
үлкендi­кiшiлi әдебиетшiлер қауымы роман, хикая, әңгiме түгiлi 
естелiк жазсақ та, нысанаға ұстаған оқиғаның жағымды жағын 
көбiрек ықтияттап, кейiпкердiң ұнамсыз сияқтанған мiнез­құ­
лықтарын, сөлекет қылықтарын қасақана «ұмытып», турасын 

Медеу СӘРСЕКЕ
320
айтқанда, жабыны жаба тоқып, әсiрелей сипаттауға әдеттенген­
бiз. Соның бәрi, әсiлi, кейiпкердi «жағымды», «жағымсыз» деп 
екi топқа бөлiп, бiрін­бiрiне қарсы қойып суреттеудi талап еткен 
«социалистiк реализм» әдiсiнiң кереғар әсерiнен туын 
дайды. 
Оның ғылыми да ресми атауы – «әдеби шын дық», яки өмiр 
шындығының ыңғайға орай бұрмаланған түрi. Сол себептен де 
мадақталып отырған қаһарма нымыз ешқашанда қателеспейтiн, 
кеңестiк қасаң идеология мен социалистiк қоғамның шек теулi 
қағидасына сайма­сай, ешқандай терiс­қағыс қылығы жоқ, 
«әулие» адам болып шығады. Ал шындығында дарқан өмiр бұдан 
гөрi бөлектеу...
Айталық, ел ағасы, құдіреттi қалам иелерi, сөз зергерi атанған 
қос Ғабеңдi өмiр бақи ұлағатты ақыл айтып, бар уақытын жазу 
үстелiнде тапжылмай отырып, көркем сөз кестеле 
ген жазу­
шылар едi десем – оларды жақсы бiлетiн кекселер «Бiз бiлетiн 
қос Ғабең бұдан гөрi бөлегiрек...» деп мұқатуы хақ! Шынында 
да, екеуiнiң замандасы Сәбит Мұқанов айтқандай, олар да «ет 
пен сүйектен жаралған», кәдiмгi пенделiк қы лық­шылықтары 
болған, адами мiнез бен қасиеттiң түр­түрiне ие жандар­ды.
Ғабең қаламгердiң ұзақ ғұмырында мұндай да оңды­солды 
жүрiстен, аң 
шылық құмарлыққа парапар дерлiк сергу мен 
серiлiктен әредiк бас тартпағаны анық. Соның кейбiрi жайын­
да қаламгердiң өзi де оқта­текте есiне алып, әсiресе күлкiлi 
жағдаятқа тап болған, иә сәтсiз аяқталған қыдырыстарын әңгi­
мелеуден тартынбаушы едi. Бiрақ бiрде­бiрiнде әйел затын қор­
лап, иә есiмдерiн түстеп атап қаралауға бас пайтын. Бәрі­бәрiн 
Александр Дюманың мушкетерлерi сипатында көтере мадақтап, 
жiгiттiк құрған кешегi шақтың ұмытылмас бiр әсерлi оқиғасы 
ретiнде тыңдаушыны қызықтыра әңгiмелейтiн­дi. Мен өзiм 
Ғабеңнен ондай «хикаяттардың» бiразын естiдiм. Соның бiрi – 
мылтығы жайындағы iлгерiде баяндалған әңгiмеде ай тылатын 
келеңсiздеу оқиға...
Ғабеңнiң аңқұмарлығы туралы да замандастары түрлiше хи­
каяттар айтады. Сон дай бiр сергу сапары туралы, яки Мұхтар 
Әуезов пен Ғабиден Мұстафин үшеуiнiң Iле бойына құс ата 
барғаны жайында қаламгердiң өзi де «Социалистiк Қазақстан» 
га зетiнiң iшкi екi бетiнде егжей­тегжей әңгiмелегенi жұртшы­
лыққа мәлiм. Аңшылық өнердi бiршама жақсы меңгергендiгi 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
321
жазушының «Ұлпан» хикаятында айқын сезiледi. Осы жайында 
пiкiрлесу үстiнде Ғабең: «Е, онда екi тазы ертiп жүретiн Мүсiреп 
атам ның аңшылығын мен өзiмнен көшiрген едiм. Жiгiт шағымда 
үйде екi тазы ұстадым, екеуi де алғыр едi. Жазу үстiнде солар­
мен iс­қарекетiм есiме түсiп, «Ұлпан» оқиғасын қалауға солар 
қолғабыс еттi», – деп сыр шерткенi есiмде.
Қаламгердiң жете бiлiп, талай мәрте сүйсiне ойнаған, иә жа­
лықпай тамашалаған өнерiнiң бiрi, тiптi бiрегейi – бильярд ойы­
ны. Ғабит ағаның бұл жайындағы ой­толғамын тұжырымдай 
айт сам, «Алдындағы ақ қағаз бен қаламнан өзге ермегi жоқ жа­
зушы адамға бильярд ойнау – бiрден­бiр қажет те пайдалы өнер! 
Өйткенi ол үстелдi шыр айнала жүрiп, дамылсыз қимыл дауға 
мәжбүр етедi...» дегендей түйсiкке саятын.
Қазiрде мемлекеттiк қаржылаудан шығып қалып, Жазушы­
лар одағының ат төбелiндей қызметкерлері паналап отырған 
үш қабат (астыңғы бөлегiн қосқанда төртеу) зәулiм ғимарат 
«Қаламгерлер үйiн» салғызған да, қаз­қалпында сақ таған да да­
рабоз қайраткерiмiз Ғабең екендiгi жұртқа мәлiм.
1960 жылдардың орта шенiнде осы ғимараттың құрылысы 
аяқталып, кiлтi берiлер кезде, әлдебiр лауазым иесi оны бiзден 
тартып алып, әлдеқандай министрлiкке бергiзбек болған. Ғабит 
Махмұтұлы сол қарсаңда Мәскеуде екен, әлгi хабарды ес тiсiмен 
дереу жетiп, сақал­шашы көкбурыл тартқан қаламгерлердi түгел 
ертiп алып, қарамды топ қалпында Орталық Ко митеттiң бiрiншi 
хатшысына барып, партия қайраткерiнiң есiнде қалғандай (әлде 
есiн тан 
дырғандай) желеу айтып, қысқасы, шешiлiп қойған 
мәселенi қайта қарауға уәдесiн алады. Сөйтiп, зәулiм ғимаратты 
қаламгерлерге бiржолата меншiктейдi. Сiрә, келешек күндерде 
де оған ешкiмнiң көз а лартпауын ойлағаны шығар, оның түу 
маңдайындағы кемерге арбиған әрiптермен ойғызып, «Жазушы­
лар үйi» деген таңбаны да нақ сол кезде жаздыртады.
Осы ғимаратты иемденген кезде, көзкөргендердiң айтуынша, 
үшiншi қабаттың ортасындағы кең фойеге айналасы құлаш жет­
пес бильярд үстелi өзге бұйым дардан бұрын қойылыпты­мыс. 
Шығармашылық одаққа мүшелiкке мен сол үстелдiң сукносы 
жұлым­жұлым боп тозыңқыраған кезде қабылдандым. Сөйтсе 
де, қол босай қалса сол жердi жағалап, ойыншылар сайысын 
тамашалап, кейде өзiм де қатысып, қол сына уға әуей болдым. 
21­247

Медеу СӘРСЕКЕ
322
Мен сайысқа iлкi жараған кезде «бас сайыскер» Ғабең бiрақ бұл 
үстелде ойнаған жоқ. Ол кiсi көбiне «Алматы» мейрамханасының 
бильярд залына баратын­ды, бертiнде өзi тұрған үйдiң астынан 
зал ашқызып, сонда ойнайтын болды. Бiрнеше мәрте сайысын та­
машалап, бұл өнердi жете меңгергенiне тәнтi болғанымды қазiр 
де сүйсiне еске аламын...
Қаламгердiң өз айтуына қарағанда, бильярдшылардың 
Алматыда да, Мәскеуде де неше алуан шынайы шеберлерiн 
кездестi рiп қол сынапты. Кейбiрiмен көтере бәс тiгiп, апта бойы 
сайысқан тәрiздi.
– Бiр жылы қыста Мәскеудiң бiр жебірей шалы менi оңдырмай 
ұтып жүрдi. Кий мен үстел ден көретiнi жоқ, өнерi артық, – деп 
әңгiме шерткен­дi Ғабит аға. – Хас ше берге не шара? Нағыз 
қолмергеннiң өзi! Көздемейдi, таяғын шынашағына iлiп жүрiп, 
көзiнiң астымен үстелдiң бойына тұнжырай қарап тұрады да, ке­
нет соғатын шардың тұсына жақындап келiп, елеусiз ғана түртiп 
қалады. Атқан шарының ұяға топ ете түскенiн бiр­ақ көресiң. 
Әйте уiрi сiлтеуi бос кетпейдi. Ақыры дымым құрып, оны жеңе 
алмайтын болған соң қайткен күнде мұны бiр сүрiндiрiп, есемдi 
қайтарайын деген амал ойладым. Содан, бақылап жүрiп, Дима 
есiмдi бiр жасаң ойыншының таяқ сiлте уiн ұнаттым. Ойынға 
шақырып, ке 
зекпе­кезек жеңiсiп, екi­үш күн тең ойнадық. 
Байқаймын, шеберлiгi осал емес. Тек әлдеқан дай ұтқыр есеппен 
ойнайды: қалталы сайыскердi бiрден түре жеңiп түңiлдiрмей, 
күн сайын сорып, ұзақ уақыт сауын сиыр дай емуге бейiм күйкi 
ойыншы. Содан бiр күнi Димадан сыр тарттым: «Анау жебірей 
шалы Аронмен шайқасуға қа лайсың?..» Әккi неме от басқандай 
ыршып түстi: «Ойбай, ағасы, менi оған итермеңiз. Түгiмдi 
қоймайды, қаңғытып жiбередi, күнделiктi ризығымнан айыры­
ламын. Ол бильярдтың барып тұрған сырттаны, айтпаңыз, одан 
да артық, нағыз көкжал! Оның орны – шетелдегi атақты сайыс­
керлер үстелi, халықаралық деңгейдегi әлей ойыншы!» «Ал 
сен одан қорықпа. Салымды мен төлеймiн. Жығылсаң – жер 
көтередi, әмбе жоғалтарың жоқ. Үш күн, керек болса бес тәулiк 
сайыс. Соңғы күнi қолы қалтырағандай етiп күйрете жеңсең бол­
ды» десем, Диманың көкшiл көзi тұздай болып, «Есiңiз дұрыс па, 
мұның артында нендей гәп бар?» дегендей таң данған шыраймен 
маған мөлие қарасын. Әрине, көмейi бос: қызба қылықты әккi 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
323
ойын шының қызыл көрген аңшыдай құмарлығы жеңдi; әлде өзi 
үшiн тегiнге түсетiн бәсеке ойынды уысынан шығарғысы келмедi? 
Тоқетерi, келiстiк: шалға ұсынысты өзi жасайды; әлбетте, ойын 
бәсiн анау көтерiңкi сұрары хақ; бұл да бiрақ бiрден қылп ете 
түспей, бiршама саудаласып, ерiксiз көнген болады; күн сайын 
бес не жетi партия ойналуға тиiс. Соңғы шар тты айтқанымда, жас 
әрiптесiм «Неге?» деп сұраған­ды. «Шалдың сiлесiн шығарып, 
шарша тып жеңу үшiн». «О, жоқ, ол сығырды шаршату қиын...» 
дейдi Дима. «Сенiң артықшылығың – жастығыңда! – дедiм әрiп­
тесiмдi емексітіп. – Ойынды орталаған кезде бәсеке на рқын екi есе 
көтересiң». Бұған да Дима «Не себептi?» деп таңданыс бiлдiрдi. 
«Арон шалдың жүйкесiне әсер ету үшiн. Ол шiркiннiң құлқынын 
тескен жегi құрт – ақша табу! Көк ала банкноттар көз алдында, 
қол созымда тұрғанда төзбейдi, қолы қа лайда қалтырайды, көзi 
де бұлдырайды...»
Сонымен, не керек, қол алыстық. Диманың бiр қалтасын көк 
ала қағазға толтыр дым. Шал да бiршама бұлданып келiсiмге 
келiптi. Мен баяғы «түк бiлмеймiн», екеуi ойынға кiрiскен кезде 
сайысын кездейсоқ көрiп, жанкүйер қызықтаушылар қатарын­
да болдым.
Бес­алты сағат ұдайы ойнап жүріп, Арон шал үш күнге дейiн 
алдырмады. Жойқын сайыскер екен. Аяғын iлби басып әрең 
жүрсе де сыр бермей, Диманы жеңу ден жаңылмады. Мен тiптi осы 
шiркiнге бекер малданып, қаншама ақшаны босқа шығындадым­
ау деп те өкiне баста дым. Бiрақ, уәделесiп қойдық, шегiнерге 
жол жоқ.
Дес бергенде үшiншi тәулiктiң соңында шалдың бұрынғы бап­
күйi қайтқандай, керенау қимылдап, әрбiр шарды ұруға ерiнген 
кiсiдей сүлесоқ соға бастады. Сiрә, бiр ойыншымен үш күн ұдайы 
тәжiкеге түсу де жүйкесiн жұқартқан бiлем. Мұндай осал дықты 
кәнiгi ойыншылар «Уақытша мүлгу» дейдi. Соны сезген соң­
ақ Димаға «Ендi ұтасың, батылырақ қимылда!» деген емеуiрiн 
аңғарттым.
Алайда төртiншi күнi шалдың өзi шатақ шығарды, «Жетедi, 
сенiмен ендi ойнамаймын! Ұтудан да қажыдым» деді. Дима 
найсап маған бiр қарап алып, соңғы көзiрiн шығарды, «Жоқ, 
Арон Наумович, сiздi бiр жеңбей тоқтамаймын. Нарықты екi 
есе көтеремiн» десiн. Шалдың көзi шарадай болып, ұясынан 

Медеу СӘРСЕКЕ
324
шығып кете жаздады. Тiлi күрмелiп «Неше ойын?» деуге әрең 
келдi. «Бес ойын! Бүгiн бiтiремiз тек». «Әкел қолыңды, аван­
тюрист. Келiскен соманы тек мына көрерменнiң бiрiне өткiзiп 
қоямыз» десiн. Құдай тағала дес бергенде, тұрақты жанкүйер 
деп, екеуiнiң төрелiкке таңдаған кiсiсi – мен болдым. Өзара 
шығарған жарнасын алған кезде, шалды әсiре қызылға емексiту 
үшiн мен де тиыш тұрмай, бес ойынды қатар ұтқан сайыскерге 
осы жарнаның қақ жартысы мөлшерiнде сыйлық беретiнiмдi жа­
рия қыл дым. Бұл мәлiмдемем, әрине, ойлаған жерiмнен шықты. 
Менiмен қол алысқанда Аронның саусақтары дiрiлдеп тұрғанын 
аңғардым. Iшiмнен «Иә, сәт!» деп, өзiне көрсете әмиянымды 
ашып, әр партияның тиесiлi сыйлығын өздерi берген жарнаның 
үстiне қосып қойдым.
Кәрi мен жастың марафон сайысы Одақ үйiнiң ежелгi кө­
рермендерiн, әсiресе бильярдқа аса құмар жанкүйерлерiн түгел 
ынтық етiп, нақ сол күнi үстелдер тұрған кең залға қызықтаушы 
жұрт сыймай кеттi. Не керек, өз көзiңмен көрмеген соң сену 
қиын, сол күнгi айқас, менiң шамалауымша, «Ерте дүние та­
рихынан» дақпырты мәлiм гладиаторлардың шайқасы нан бiр 
мысқал кем болған жоқ. Менiң Димамның да түпке сақтаған 
өнерi мол екен. Бәлкiм, жас қайраттың қажымас тегеурiнi 
септiгiн тигiздi. Қалайда бiрден­ақ алға шығып алды да, есептi 
теңгертпей, шалды өңкiлдетiп артынан қууға мәжбүр еттi. 
Бiрiншi ойында ойсырата жеңбесе де өз пайдасына шығарды. 
Мен де шартты әйгiлеп, бәске тiгiлген соманың бестен бiр 
бөлiгiн екiншi қалтаға ауыстырдым. Шалдың астыңғы ернiнен 
қан бiлiндi. Сiрә, өкiнiштен өле жаздап, қыршып алса керек.
Әлқисса, содан үшiншi, иә төртiншi сағат таусылар кезде кәрi 
боз бесiншi ойында күйрей жеңiлiп, қымбат таяғын қақ белiнен 
шарт еткiзе үстелге атып ұрды да, «Бiттiм, болдым! Ендi ешкiммен 
де ойнамаймын. Құрысын!» деп, қолы­басы қалтыраған қалпы 
сөлбiрейiп есiкке беттедi. 
Ойынды тамашалаған көпшiлiк бильярд сырттанының күй­
реуiн өздерi кешкендей күңiрене қабылдап, соны тiзе бүгуге 
мәжбүр еткен жас жолбарысты құттықтауды да ұмы тып, ойын 
аренасынан құр сүлдерiн сүйретiп бара жатқан гладиатормен 
ақырғы рет қоштасқандай, то 
маға­тұйық күйде тым­тырыс 
тұрып қалды. Менi де шерлi мұң билеп, «Осы шiркiндi бе кер­ақ 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
325
жазаладым­ау?!» дегендей өкiнiш еңсемдi кеулеп, өзiме бұрын­
соңды беймәлiм қа мығуға берiлейiн.
Дима найсапқа, әрине, мұндай боркемiк осалдық – мүлдем 
жат қылық. Тиесiлi сыбағасын тiлегендей, сiрә, мақтау да күткен 
болар, қасыма келiп арсалаңдап, шыр айнала қипақтап тұр. Неге 
екенiн бiлмеймiн, тiлдескiм келмедi. Бәс сомасын түп­түгел 
алақанына бастым да сырт айналдым. Ол неме менi билеген аза 
күйдi түсiнген жоқ. Сiрә, түйсiгi жетпедi. Бiр Арон шал емес, кек­
се атаулыны жаппай күйреткен жас қайрат оны қайдан бiлсiн?
Естуiмше, кәрi ойыншы сол кеште инсульт болып, ауруханаға 
түсiптi. Жарым де несi жан сызданып қалыпты деп естiдiм.
Не деуге болады? Мұндайда бiздiң жұрт «Ойыннан от шы­
ғады» деген пәлсафа айтады. Одан туатын қортынды: ойынды 
да, тегiнде, байқап ойнау керек! Амал қанша, адамды құмарлық 
билегенде, орыстар азарт дейдi, соның бәрі­бәрiн ойлап, әр қа­
дамыңды аңдап басуға мұршаң жетпейдi. Өйтер болсаң – нағыз 
сайыскер шық пайды сенен, – деп Ғабең жадында сақталып қалған 
өкiнiштi бiр сырын әңгiмелеп едi бiзге. Әсiлi, бұл оқиғадан да 
дүниенiң небiр құмар iсiнен үлкен қаламгердiң сырт болмағанын, 
қажетiнше қызықтай бiлгенiн аңғару қиын емес.
«Қаламнан қол босаған кезде» деген лебiзбен 1981 жылы «Қа­
зақ әдебиетi» га зетi шым кенттiк жазушы Нәсiретдин Сералиев 
екеумiздiң Орал қаласының Шаған жағасындағы қонақ үйiнiң 
кең залында бильярд ойнап жүрген суретiмiздi жариялады. Нәсiр 
марқұм бұл ойынды жап­жақсы меңгерген құмар ойыншы едi. 
Сол бiр фотоде рек менiң де бұл өнерден құра лақан болмағаным­
ды аңғартса керек. Дей тұра менiң бұл iстегi шеберлiгiм Ғабең­
дей әккi ойыншымен тең сайысуға жарамайтынын мойындауға 
тиiспiн. Сол себептен де ол кiсiмен бильярд соқтым деп бүгiнде 
өтiрiк айта ал маймын.
Оның есесiне қаламгердiң басқа бiр ермек iсiнде, әсiресе жү­
рiс­тұрысы шау тар тып, үстел басынан ұзап шықпайтын ша­
ғында көптеген сағаттар бойы қатарлас оты 
рып, преферанс 
ойнағанымды бiрқанша қаламдас, тұрғылас әрiптестерi жақсы 
бiледi. Шынтуайтын айтқанда, ойын үстiнде мен кексе қаламгер 
мiнезiнiң қыры­сырын аңдап, өмiрiнiң де былайғы жұртқа 
беймәлiм жайттарына көбiрек тәнтi болған едiм. 

Медеу СӘРСЕКЕ
326
«Алматы» санаторийiнде ем алып жатқан бағзы күндердiң 
(1975 жылдың жазы) бiрiнде Ғабит ағай: «Сары шал бүгiн маған 
сыбаға бермекшi. Мен оған төртiншi қолды iздеме дедiм, сенi 
апарамын. Түстен кейiн орныңнан табыл!» – деп ескерттi. Сары 
шалы – құрдасы Ға биден Мұстафин.
Түстен кейiнгi «мүлгу сағатын» ұзатқан соң­ақ санаторийдiң 
күнбатыс бөктерiн дегi сиыр соқпаққа түсiп, Қарғалы елдi меке­
нiндегi Ғабиден ағайдың үйiне бет түзедiк. Қорғаннан әрi шыққан 
соң Ғабең тоқтап, сiрә, сөзiне мән беру мақсатымен: 
– Бұл ағаң сенiң бұрын да аса мырза кiсi емес едi. Қазiр тiптi 
шық бермес Шығайбай 
дың өзiне айналды. Қартайған сайын 
сараң болып барады. Мiне, көрдiң бе, бiз осы маңатқа келгелi 
он бес күн болды. Бүгiн бiрiншi рет дәмге шақырып отыр, – дедi 
езу тартпастан, әншейiнгi әзiлi еместiгiне менi сендiре сөйлеп. – 
Бүгiн оның сазайын тартқызу шарт! Әсiлi, мұны ендi ойынның 
сәтi бiледi. Сөйтсе де, не сен, не мен оны ұтуға тиiспiз.
– Ғабиден ағайдың туған ауылы бiздiң елден күншiлiк жер­
де. Содан ба, маған iштарта амандасушы едi... – деп шынымды 
ақтара күмiлжiп едiм:
– Сен өйтiп бұлғақтатпа, Медеуо, карта ойынында туыстық 
болмайтынын бiлетiн шығарсың?! – деп және түйдi қаламгер 
ағам.
Бiз кiрiсiмен­ақ шынылы кең верандадағы ұзын үстелдiң 
үстiне газет төселдi де ойын басталды. Төртiншi кісі – Әлжаппар 
Әбiшев ақсақал.
Үшеуi де жетпiстi еңсерген өмiрлерiнiң қырық­елу жылын 
астанада бiрге жүрiп һәм әде биет саласында хал­қадерiнше ты­
нымсыз еңбекпен өткiзген кекселер. Әрқайсының еңбегiне лайық 
орны бар дегендей. Бiрден байқағаным – преферансқа кiрiскенде 
ағаларым бiр­бiрiне құрметiн уақытша «ұмытып», құдды бiр 
кiлем үстiнде белдескен палуандарға ұқсап аяусыз­ақ айқасады 
екен. Әсiресе қос Ғабең: бiрiн­бiрi әзiлмен аяусыз түйреп отырып, 
ойын егесiне түскенде – қайткен күнде есесiн жiбермей, қайта 
басым түсуге тырысады; әгәрәки бiреуi жазатайым «құлап» қал­
са – «Өзiңе, бәлем, сол керек, соншама өлермен боп таласып ең» 
дегендей табалауы және дайын; бiр ғажабы, үлкен Ғабең мизерге 
құмар – картаның шығуы соған жақындады­ақ, қолын үстелге 
сарт еткiзедi де: «Ал, кеттiм!» – дейдi; Кiшi Ғабең ондайда жор­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
327
та қиналып: «Апыр­ай, бiр келген тоғызды ойнат пайсың», – деп 
қасақана қынжылып, қимағандай ұзақ ойланып, ақырында: 
«Ала ғой ендi, алтау бол маса да, бес алымға құлағың келiп тұр 
екен», – деп ортадағы тұздық екi картаны ашады. Кейде ол оң 
шығады. Ондайда үй иесi: «Апыр­ау, аузың неткен салымды?!» –
деп шынайы қынжылады. Ал тұздық карталар қолайсыз боп 
шықса, балаша қуанып, қолын үстелге соғып: «Әп, бәлем, өзiңе 
де сол керек. Сонша өзеуреп ең!» – деп қарақоңыр жүзi түнере 
түскен құрдасын зықысын шығара тұқыртады...
Қысқасы, қос Ғабеңнiң ортасында отырған үшiншi, иә төр­
тiншi ойыншыға – рақат, сәл­пәл сақтанып ойнасаң – ұтып 
шығуға мүмкiндiк көп. Әлжекең, сiрә, бұл жағдаятты өз пай­
дасына талай жыл оңды пайдаланған болу керек. Алайда сақ 
ойыншының да кейде ойраны шығатын кездейсоқ жағдаяттар бо­
лады. Тоқетерiн айтқанда, үш кексенiң ортасына тұңғыш түскен 
сол жолғы қадамым жолды болып, әлде қо лым әлей шығып
қалайда үлкен ас кел генше үш мәрте қайталанған пулькадан 
мен бiрталай соманы қалтама бастым. Үшеуi де ұтылды. Бірақ 
көбiрек шығынданғаны – қонаққа шақырып отырған Кiшi Ғабең 
едi.
Базардан алынған тайдың дәмдi етiн тоя жеп, шайға қонған 
соң, жатын орнымызға қайта тын болдық. Үш партиядан артық 
ойнамайтын дәстүрлерi бар екен, сiрә, аса шаршамаудың амалы. 
Iшiмнен ойлап отырғам – төртiншi пулькада түсiңкiреп ойнап, 
алға нымды қайтарып бергенiм жөн болар деп. Оның ретi келме­
ген соң, бөлек қалтаға жиналған ұтысымды елеусiздеп газеттiң 
астына қалдырып кеттiм – Ғабиден ағайдың үйiнде тұңғыш бо­
луым едi, соған жоралғы есебiнде жүрсiн дегендей таза ниетпен.
Алайда оның жөнi мүлдем басқаша болды.
Арада төрт­бес күн өттi­ау деймiн, аптаның соңында Ғабит 
ағай:
– Медеуо, кеттiк сары шалға. Сенi де қалдырма деп ес керттi, – 
десiн.
Табалдырығынан аттай бере Ғабең үй иелерiне:
– Әй, екеуiң де өзгере бастапсың: бұлар сараңдықты қойған 
екен деп, жолшыбай ши сын дырып, мақтап келемiн. Бес күн 
аралатпай екi мәрте қонақасы беру деген – сен дерде ғұмыры 
болмаған мырзалық, – деп тиiсе кiрген­дi.

Медеу СӘРСЕКЕ
328
Кiшi Ғабең бұл сөзге мырс еттi де:
– Шатасуыңа болайын! – дедi кеңкiлдей күлiп. – Бүгiн сен 
мына Медеу iнiмiздiң арқасында дәм iшкелi отырсың...
Үлкен Ғабең маған көзiнiң астымен барлай қарап едi, мен 
үндегем жоқ. Әлгi сөздiң ас тарындағы мәнiн бiрден сездiм. Оның 
жай­жапсарын құрдасы картаға отырғанымызда жария етті.
– Медеу қарағым, әнеугүнгi ұтысыңды қалдырып кетiпсiң, 
сiрә, пайда қылуға ұялған бо ларсың, – дедi маған маңқия қа­
рап. – Жеңгең соны базарға шығарып, бүгiн де бiр балғын құ­
лынның етiн тауып келдi. Сендердi қайта шақыруымыздың мә­
нiсi – сол. Екiншiде өйтпегiн, бiзбен картаға отырдың ба, ұтсаң –
аласың, ұтылсаң – төлейсiң, ала қағазда бiз аға­iнi дегендi бiл­
меймiз. Ата жауымыз қалмақпен жекпе­жекке шыққандай 
жұлқысамыз...
Бұдан әрi бостағай сөз тоқталып, ойынға кiрiстiк.
Оның жай­жапсарын қазымырлап әңгiмелеудiң қазiргi 
оқырман үшiн қажетi шамалы. Менiң кәмiл түсiнiгiмше, екi 
Ғабең де преферанстың қитұрқысы мол күрделi есеп тiлейтiн, де­
мек, ақыл мен парасат та талап ететiн ерекшелiгiн жете меңгерiп, 
сiрә, сол үшiн де оған құмар болып, көбiне­көп ығыр сөз бен өсек 
әңгiмеден безiнiп, берiле ойнаушы едi. Бұл ойын олар үшiн – 
өздерi аса машық етпеген спорт ойынымен парапар болатын­
ды (әрине, аңшылық пен бильярдтың жөнi басқа). Сондықтан 
екеуi де ұтылса да, ұтса да – иә ренжiп, иә қуанып сыр алдыр­
майтын. Бiрақ, қарсы ойнаушының кәсiби сауаты мен параса­
тына әрдайым мән берiп, кiнәмшiл, ұсақ­түйекке қыжылы көп 
кiсiлермен әстiлi ойнамайтын.
Өз басым, сiрә, iзетшiл мiнезiмнiң үлкендi құрмет тұту сипа­
тын ұнатқан болар, екеуiмен де бiрқанша жыл бойы талай мәрте 
ойнадым. Ылғи ұттым десем, көпе­көрiнеу мақтан бол 
мақ, 
талай мәрте бердiм де. Есте қалған бiр жайт: одақтың кезектi 
бiр жиынына келгенiмде Ғабиден ағайды есiк алдына дейiн 
шығарып салып, iзет бiлдiрiп едiм, Кiшi Ғабең менiң қолымды 
ұстап тұрып: «Сен өзi көптен берi біздің үйге соқпай жүрсiң», – 
дегенi. Мен күмiлжiп: «Жол билетiн алып қойып едiм. Келесi 
келгенде сәлем берудi сiзден бастайын», – дедiм. «Е, сөйт, ай­
налайын. Екi ағаңды алалама, сәлемдi кезек бергенiң жөн!» – 
дедi. Амал қанша, осы ескертпеден тура бiр айдан кейiн ол кiсi 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
329
опат болды. Үйiне арнайы сәлемдесе келген қарағандылық бiр 
iнiсiмен жұмыс бөлмесiнде әңгiмелесiп отырып, креслоға қисая 
кетсе  ке рек...
Былайғы жұртқа әншейiнгi сыпайы сөз сияқтанғанымен, осы­
нау болмашы лебiзден­ақ Ға биден ағайдың маған үлкен басымен 
iзет көрсете қарағанын аңғаруға болады. Әрине, мұндай iлтипат 
сенiмнен туады. Қос Ғабең сияқты ерекше тұлғалардың сенiмiне 
ие болу үшiн, тегi нде, iзет, парасат, сыпайы мiнез ғана емес – 
өз орныңды, баға­қадiрiңдi бiлетiн, тиiстi жерде қажыр­қайрат 
көрсетерлiк намыс, инабат та қажеттiгi түсiнiктi.
Бұл ретте Ғабит ағай маған әлденеше мәрте сенiм артып, 
түрлiше тапсырмалар жүктеушi едi. Кейде өзi iздеу салып, 
үстел басындағы сайысқа қосатын. Бәрі­бәрiн емес, бiреуін ғана 
әңгiмелейiн...
Жаз айы. Бiздi одақ басқармасынан секретариат мәжілісіне 
шақырған. Талқыланбақ мәселе лердiң бiрi – облысаралық бөлiм­
шелердiң есебiн тыңдау. Мен тиiстi есебiмдi берiп, ұзын үстелдiң 
шеткергi тұсына жайғасқаным сол едi, ауыз бөлмеден хатшы 
Роза апай кiрдi де, бiрiншi бастығымыз Жұбан Молдағалиевке 
тiлдей хат әкеп бердi. Жұбағаң оқыды да, менi қасына шақырып, 
әлгi қағазды қолыма ұстатты. Оқысам: «Ғабит аға телефон шал­
ды. Меде удi жиналыстан босатып, үйге жiберсiн деді...» – дептi. 
Бiрiншi хатшы бетiме жымия қарады да: «Жүре бер, бүгiнге 
боссың!» – дедi. Сөйтіп, сағат күндiзгi он бiрдiң шамасында 
аяңдап оты рып Ғабеңнiң үйiне жетейiн. Ортаңғы үлкен бөлмеге 
дастарқан жайылыпты, үстi толған тағам. Әлдебiр үлкен жиынға 
әзiрлiк екендігі түсiнiктi болды. Одан арғы бөлме – Ғабеңнiң 
жұмыс орны. Сәлем бере кiрiп едiм, ағай қарындаш ұштап отыр 
екен.
– Отыр, – дедi сәлемдесуден соң Ғабең. – Евгений Брусилов­
ский есiмдi әйдiк компози торды естуiң бар шығар? Сол келген 
екен Мәскеуден шығармашылық есеппен. Ол өзi қа зақтың музы­
ка өнерiн Одаққа танытуға айырықша еңбек еткен кiсi. Менiмен 
де достығы ер теден. Евгений Григорьевичке, қысқасы, бiздiң 
үй бүгiн қонақасы бермекшi. Артынан, сiрә, карта ойнармыз
оның бұл жөнiнен өнерi саз герлiгiнен де басымырақ! – Үй иесi 
бұл ескер тпем есiңде болсын дегендей бас бар мағын көтерiп, езу 
тартты. – Қалай жағдайың, үйден әкел генiңдi Алматының қыз­
келiншектерiне ұстап қойған жоқсың ба?

Медеу СӘРСЕКЕ
330
– Ала қағаздың үлесi бөлек қалтада сақталады. Әзiрше шы­
ғындалған жоқ, – дедiм сайысқа әзiр екендiгiмдi аңғартып. – 
Бiрақ бүгiнгi қонақтың қарамы дастарқан мәзiрiне қарағанда 
молдау сияқты ғой...
– Е, ол жөнiнде қам жеме. Қонақтың қасында қошеметтеп 
жүрген нөкерi бар сияқты. Бiздiң үй шақырған соң олар қала 
ма? Дастарқанның билігін саған жүктеймiн, қошеметшiлердiң 
тiлмарсыған сөзуарлығына ерiк бермей, билiктi берiк ұста!..
Жиналысты тастатып жедел шақыртқан себебi де түсiнiктi 
болды. Е дегенше күткен қо нақтар да сау етiп кiрiп келдi. Денi ер 
адамдар, бiрдi­екiлi әйелдер де бар. Олар және бұл үйге сыралғы 
жандар тәрiздi, бiрден­ақ Ғазиза жеңгейге көмектесiп, дастарқан 
мәзiрiн ретте уге кiрiстi. 
Бас қонақ Евгений Григорьевич дембелше бойлы, дене бiтiмi 
ықшам, шашы күмiстей ап пақ, көкшiл көзi адамға жылы нұрмен 
күлiмсiрей қарайтын бекзат кiсi екен. Ғабеңмен төс түйiстiрiп 
қазақша амандасты. Бiраз жылдан берi кездеспеген бе, құшағын 
бiршама босатпай, ұзақтау құшып, көңiлi де босап, ауызғы дә­
лiзде iлкi уақыт тұрып қалысты. Мұндай босаң сезiмге сараң үй 
иесi де көңiл хошын аста­төк бiлдiрiп, сағынған iлтипат көрсеттi. 
Қалайда мен жiгiт кезiнен басталған қалтқысыз достықтың жыл­
дар сынынан сүрiнбей өтiп, қазiрде бiрі­бiрiне шексiз құрмет пен 
iзетке ауысқанын сездiм. 
Қонақтарды бастап келген Композиторлар одағының сол 
кездегi бастығы, белгiлi сазгер Еркеғали Рахма диев едi. Ерекеңдi 
мен бұрыннан бiлетiнмiн, жерлестiгiмiз өз алдына, нақ осы 
үйде сан мәрте преферанс ойнағанбыз. Үшiншi қонақтан жете 
танығаным – жасы өзiммен шамалас, сол кезде атағы дүрiлдеп 
тұрған сазгер Базарбай Жұманиязов әйелімен болды. Өзге қо­
нақтың есiмi есiмде қалмапты, бiрақ мерейтой иесi мен Ерекеңе 
нөкер болып жүрген әншi, күйшiлердің серкелері. 
Түс әлетi жақын болғандықтан бiрден­ақ дастарқанға отырып, 
мәскеулiк қонақты құрметтеуге кiрiстiк. Сөздi Ғабит ағайдың 
өзi бастады. Одан соң басқаларымыз. Мұндай қауышуда сыйлы 
қонақтың еңбегi мен өнерi қашанда асырыла айтылып, игi iсi 
артығымен ұлықтанатыны түсiнiктi. Оның үстiне мадақталып 
отырған қонағымыз – ұлтымыздың небiр асыл әнi мен күйiн 
сұрыптап алып, «Қыз Жiбек», «Жалбыр», «Ер Тарғын», «Ду­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
331
дарай», «Аманкелдi» операларында солардың iнжу­маржанын 
жарқырата көрсеткен, сонысымен­ақ ежелден әнқұмар, би­
құмар, күй шығарымпаз ел ме рейiн асқақтата бiлген саз бiлгiрi 
болса?! Қасында тiзе қосып отырған Ерекең, Базар бай тәрiздi, 
марқұм болған Мұқан Төлебаев сынды қазақтың әлденеше тума 
сазгерлеріне ұстаз атанған ұлағатты жан да – сол. Ендi сол 
кекселiктiң шыңынан гөрi мәңгi қар түскен шырқау басы дерлiк 
елеулi кезеңге жетiп, жас күнiндегi тынымсыз еңбегi Қазақстан 
сынды мархабатты елден ерекше марапатталып көңiлiн өсiрiп 
отырса?!.
Мәжiлiстi бiраз қыздырып, асқазанға ауыл қонған кезде, 
мерейтой иесiнiң ме рейiн бiршама биiкке өрлетудiң соңында 
үзiлiс жа рияладым. Кең үйдiң бiр бөлмесi оңаша тидi, төрт 
ойыншы  болдық: Евге ний Григорьевич, Ғабең, Ерекең және 
мен. Базарбай бастаған қауым сол кезде алматылықтар ерекше 
құмарланған үш карта дода сына кiрiстi.
Ойын үстiнде әр түрлi жағдаят туады. Кейде ойламаған 
жерде мүлт кетесiң, көбiне кар 
таның терiс­қағыс шығысы 
сүрiндiредi, не өзiңнiң жаңсақ жүрiсiң шатастырады. Бүгінгі 
сайыскеріміз Евгений Григорьевич сарабдал мінезді ойыншы 
екен, қандай жағдайға түссе де қынжылып, иә қуанған шырай 
аңғартқан жоқ. Кездейсоқ қателессе: «Амал қанша, ұлы Цезарь 
да сөйткен...» – деп ескi Рим билеушiсiнiң әлдебiр нақыл сөзiн 
айтады. Кейде ойын қазақы қалжыңмен бiлдiредi. Қазақтың 
қайсыбiр ескi әнiн ыңылдап: «Дүние­ай, Үриядай көңiлшек 
көңiлiм­ай, Бұл жұртқа сенем деп құрыдым­ай!» – деп те әндетiп 
қояды (бұл қалжыңның астарында ескiлiктi бiр серiлiк оқиға 
жатқаны анық).
Ғабең де ойын үстiнде, әдейi айтады­ау деймiн, өзiне жақын­
жуық жүретiн үлкен­кiшiлердiң есiмiн қасақана бұрмалап 
атайтын әдетiмен құрметті мейманын «Брус» деп, ертедегi 
Рим қолбасшысының әйгiлi есiмiмен атап отырды. Әрі соны 
картаның шығысына қарай ежiктеп, дауыс ырғағын құбылтып 
мысқылдайды. Мысалы, жабық ойында қонағы жорта жүрiс 
жасап, аяқтан шалса: «Мұның сенiң Брус адасың тәрiздi нағыз 
қастандық болды», – дейді. Немесе осы сөздiң түп мәнiн ашпай, 
ақырын ғана: «Е, сен де Брус сияқты...» – деп қысқа қайырады 
(Брустың өзiнiң әрiптесi Цезарға қастан дық жасауға қатысып, 
көппен бiрге кеудесiне пышақ сұққанда, қолбасшы досының: 

Медеу СӘРСЕКЕ
332
«И ты, Брус тоже...» – деумен жантәсiлiм болатын, жұртқа 
нақыл боп тараған сөзiн ескертіп отыр).
Әрбiр кездесу (өз басым бекзат жандармен болған карта ойы­
нын да қосамын) – өзiнше тағылым десек, өнер жолында жақын 
танысып, өмiрлiк дос болып табысқан Ғабең мен Евгений Гри­
горьевич сынды екi кексенiң зiлсiз қалжыңын тың дау, бiрнеше 
сағат қатар отырып, ойынға қатысу – мен үшiн ұмытылмас 
ұлағат болғаны сөзсiз.
Ойынымыз түннiң бiр уағында аяқталып, мәскеулiк қонақты 
мен Опера және ба лет теат рының сыртындағы Күләш Байсейiтова 
атындағы көшедегi екi қабат ескi бiр үйдiң есiгiне дейiн шығарып 
салдым.
– Бүгiнгi қызметiңiзге бек рақмет, Медеу. Алда­жалда Мәс­
кеуге жол түссе, те 
лефон соғыңыз, қазақстандықтармен кез­
десуге мен әрқашанда құштар жанмын, сіздің ел маған қайын 
жұртымдай ыстық! – деп Мәскеудегi үй телефоны, тұрағы жа­
зылған тiлдей қағазды ұсынды. – Ықыласыңыз болса карта ой­
нап, сайыс та жасай мыз!..
Келесi күнi жұмыс жайымен одақтың бiрiншi хатшысына 
қайыра соқтым, Жұбағаң жымия қарап: «Кеше қалай шықтың? 
Бердiң бе, алдың ба?» – десін. Мен күмiлжiп, хатшының өзi де бұл 
өнерден құралақан емес­тi, қызба ойыншы едi, сонсоң да шыным­
ды айттым: «Бердiм аздап, мен үшiн тым үлкен де iрi ойыншылар 
болды, – деп бас қосқан қауымның түр­түсiн атадым. – Алайда 
рухани алғаным – бергенiмнен әлдеқайда мо лырақ болды!..»
Шынтуайтын айтқанда, бұл да – имандай шыным. Сiрә, сол 
жолғы әсердiң ұмытылмас ұлағаты болар, бүгiн де, ширек ғасыр 
өткен соң, сол күнi көрген­бiлген, iшке түйгенiмдi қаз­қалпында 
баяндап отырғаным...
 Семей.
13 маусым, 2001 жыл

МАЗМҰНЫ
Ағайынды Қадылбековтер .......................................................... 3
Мен білетін Ер Ғабең .............................................................. 175

Медеу Сәрсеке
 ШЫҒАРМАЛАРЫ
Үшінші том
 
Деректі хикаяттар 
Редакторы Маржан Абсалықова
Техникалық редакторы Эльмира Заманбек
Көркемдеуші редакторы Жеңіс Қазанқапов
Корректоры Аяужан Рысқұлқызы
Компьютерде беттеген Ақерке Сқақова 

Басуға 01.10.14 қол қойылды.
Пішімі 60х90 
1
/
16
. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс. 
Шартты баспа табағы 21,0.
Тапсырыс №247. Таралымы 2000 дана.

«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13
«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13


1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал