Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.19 Kb.

бет18/19
Дата08.01.2017
өлшемі7.19 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

ЖАҚСЫЛАРДЫҢ ҮЛГІСІ
Әдетте әлдебiр әкiмдi шексiз мақтағымыз келсе – «Ой, ол 
керемет қайырымды жан. Ал дына барған адамның бәрiн iлти­
патпен қабылдап, түк iстемесе де келе шекке сенiмiн күшейтiп 
жiбередi...» дегендей мадақты небір жорға сөздермен үйiп­
төгемiз. Ал егер әлгi «көңiлшек қайраткерiмiз» тiленушiнiң 
қи сынсыз талабына тежеу қоймай немесе өресi жетпейтiн iске 
өтiрiк уәдемен мал дандырып әуреге салса не деймiз?
Менiңше, нағыз iзгiлiк нышанын – әрқашан да адалын айтып, 
барды бар деп, ал қолынан келмейтiн шаруаға араласпаудан­ақ 
аңғаруға болады.
Мен өзiм азды­көптi қарым­қатынас жасап, сұхбаттарында 
талай мәрте болған қос Ғабең – Ғабит және Ғабиден ағайлар, 
кiсi лiк сынына өте биiк талаппен қарап, өздерi бұл қағиданы 
өмiр бақи бұзбай, хал­қадерiнше қастерлеп өткен аса сырбаз 
жандар едi. Бiлуiмше, екеуi де ешкiмге ешқашан өтiрiк айтқан 
кiсiлер емес. Қолынан келмейтiн не көңiлiнен шықпаған iске 
олар босқа әуреленiп, иә атақ­абыройын пұлдап араласқан 
жоқ. Мұны әдетте бiздiң қа зақ бой бағу дейдi. Ал бұл да – үлкен 
кiсiлiктiң белгісі!

ШЫҒАРМАЛАРЫ
287
Екеуi де, турасын айтсақ, қазiрде жаппай сөгу мен сынға 
ұшырап жатқан кешегi ау малы­төкпелi кезеңде, бағзы бiр бiл­
гiштер тоқырау атандырған күрделi заманда өмiр сүрдi. Барлық 
шығармаларын олар сол жылдарда жазып, жария еттi. Солар 
арқылы дүйiм елге, шет жұрттарға танылып, абырой­атаққа 
бөлендi. Өткен ғасырдың 30 бен 90­жылдары аралығындағы са­
уатты қазағы нақ осы кiсiлердiң көркемдiгi жоғары, әдеби негiзi 
бе кем һәм өмiрдiң сан түрлi, дүбiрлi де қатыгез, кейде бақытқа 
кенелткен бел­белестерiн бар лық сын­сипатымен, бедерлi оқи­
ғаларымен суреттеген шығармаларын оқып, рухани қуат танды. 
Демек, қаншама ұрпақ өзiне өнеге тұтып, тәрбие алды. Ендi 
солардың бәрі­бәрi бекер әурешiлiк едi, жаппай теңгермешiлiктi 
ту еткен социалистiк қоғамның оңғақ үгiтшiлдiгi деушiлер де 
шығып жатыр. Мұның артында, шынтуайтын айтқанда, өзiне 
дейiнгiлердiң ұлан­ғайыр еңбегiн тәрк етiп, өздерiн ғана шы­
найы әдебиет жасаушы, батыл да батыр қай раткер етiп көрсету 
пиғылы тұрғандығын аңғару қиын емес.
Алайда дарқан өмiр шындығы бiзге мүлдем басқа жайтты мо­
йындатады: бұл үшiн Бейi мбет, Iлияс, Сәкен, Ахмет, Мiржақып, 
Жүсiпбектер еңбектерiнiң ел жа 
дынан ұмыттырылып, ақыр 
аяғында қайыра танылғанын айтсақ та жеткiлiктi. Менiң кәмiл 
сенген ойымша, қос Ғабең шығармалары да – ұлтымыздың ал­
тын қорында сақталар асыл туындылар. Оларды бүгiнде жоққа 
шығару, болмаса рухани қуат­күшiн, қажеттiлiгiн кемсiту – 
кешегi әсiре белсендiлер ұшыраған уақыттың қатал үкiмiндей 
әншейiн iс...
* * *
Өз шығармаларына ерекше қатаң талаппен қарайтын Ға­
бит ағай тұстастарына ғана емес, кейiнгi толқын – iнiлерiнiң 
еңбектерiн де нақ сондай сараб дал талғаммен саралап, ал кейбiр 
шикiлi­пісілі әлжуаз нұсқаларды газетке жазып, мiнбердi де 
тайынбай пайдала нып, бұлардың көкежасық дүниелер екенiн 
аяусыз әшкерелеп отыратын едi. Сыны аяусыз өткiр және 
мейiлiн ше әдiл болатын­ды. Ал хас дарындарды кәнiгi аңшыдай 
аса көр гiш едi. 
Бiр жолы Ғабең, бұл оның сексеннiң сеңгiрiне iлiнген шағы, 
мiнберде екi жарым сағат бойы талмай сөйлеп, қазiргi әдебиет 

Медеу СӘРСЕКЕ
288
шығармаларының тiлi жайында келелi ба 
яндама жасады. 
Нысанаға орта буын мен жасаң әдебиетшiлердiң ұзын саны қы­
рық шамалы жаңа шығармала 
рын алыпты. Әрине, онда сол 
шығармалардағы шұба лаңқылық пен орашолақтық, халықтың 
бай да байырғы тiл нұсқаларын сақтамай, өре скел бұзу, жаңа 
сөз жасауға әуестенушiлiк, кәсiби жауапсыздық пен үстiрттiк 
жөнiнде де ащы сындар айтылды. Әлбетте, бәрi де нақтылы 
мысалдармен. Бұрын мұндай сынға түспеген, болмаса тек қана 
мақталып келген кейбiр өркеуде әдебиетшiлер үлкен қаламгер­
ге қатты налып, сыртынан небiр ғайбат сөздер айтып жүрдi 
(Олардың кейбiрi сол кезде әжептәуiр лауазымға ие баспасөз 
әкiмдерi едi). 
Сонда бiр байқаға ным – өкпелеушiлердiң бәрi дерлiк Ғабең­
нiң найзасына нелiктен мен iлiндiм, менен де нашар жазатын 
пәленше, түгеншелердi ол кiсi неге сынамады де гендей желеу. 
Бiр ғажабы, солардың бiрде­бiрi «Сыны әдiл емес, Ғабең менiң 
шығармамды түсiнбе ген» деп дау айтқан жоқ, көпшiлiгi: «Ондай 
кемшiлiктер барлық жазушыларда бо лады...» – деп ақ талды. 
Өкiнiштi гәп: қаламгердiң сол жолғы ұлағатты баяндамасының 
толық нұсқасы осы күнге дейiн жарияланған жоқ, бұл да 
сыналған әдебиетшiлердiң қастандық әрекетiнен туған сорақы 
iс; қо лында билiк пен баспагерлiк өкiм тұрған соң, не шара?! 
Ал әдебиет мүддесiн қорғауда Ғабең – ерекше мейiрiмсiз 
болған кісі.
Қадiрмендi қаламгердiң Қазақстан Жазушылар одағының 
тө ралқасына мүше болған шағы. Сол жолғы мәжiлiске бiз де, 
облысаралық бөлiмшелердің хатшыларды да қатысқамыз. Қа­
ралған мәселе – одаққа жаңа мүшелер қабылдау.
Құжат қабылдаушы комиссия сол күнгi мәжiлiске жетi­сегiз 
әдебиетшi әзiрлеген екен. Бәрi дерлiк бiршама талқылаудан 
соң жолы болып мүшелiкке қабылданды. Төралқа мүше лерi де 
қытымыр талап аңғартпай, әлде сарапшы ко миссияның iрiктеуi 
көңiлдерiнен шықты ма – жас әдебиетшiлердi дау­дамайсыз 
өткiзiп отырды. Комиссияның сол кездегi жауапты хатшысы 
Қадыр Мырзалиев ұтымды сәттi пайдаланғысы келдi бiлем, бiр 
мезетте:
– Жолдастар, С.Б. деген ақын жiгiттiң арызын сырттай қа­
рауды ұсынамын. Ол өзi ауру ханада жатыр, жуық маңда, сiрә, 
шықпайды, – деп келесi хабарламасын жайлап бастап едi:

ШЫҒАРМАЛАРЫ
289
– Е, оған несiне асығамыз, әуелi құлан­таза жазылсын, – деп 
қалды әлдекiм.
Есiмi танымал ақын, қарап жiберсек те ештеңе етпейдi! – 
Қадыр да өз ұсы нысын қалайда өткiзудi жөн көрген қыңырлық 
аңғартты, әлгi ақынның өлең кiтаптарын үстел басына қарай 
сырғытып жiберiп, әдебиетшiнiң бас жұмысын қолына алды.
– Шынында да қарап жiберелiк, мүшелiк мәселеге қайта 
оралғанымызша жыл өтедi, – деп Жұбан Молдағалиев те Қадыр­
ды қостады. Бұл қарсаңда ол кiсi – басқарманың бірінші хат­
шысы.
– Әу, олай десең, Қадыр, баста, тек созба! – деп Сәбит Мұқанов 
ақсақал да кенет екеуiне демеу жасады.
Қысқасы, Қадыр ақын қоңыр даусымен үмiткердiң өмiрбая­
нын, шыққан кiтаптары туралы сыншылардың жазба пiкiрiн, 
кепiлдеме берген әдебиетшiлердiң есiмдерiн қысқаша айтып 
шықты. Мәжiлiске қатысып отырған әдеби кеңесшiлердiң кей­
бiрi, сiрә, алдын ала үгiттелген тәрiздi, жаңағы сипаттамаларды 
бiрден құптап, жас ақынды одаққа мүше болуға лайық десiп, тұс­
тұстан мақтау лебiздер айта бас тады.
– Әу, жолдастар, тым жақсы бiлсеңдер, бұл байғұсты ұзақ 
ежiктеудiң қа жетi қанша, бiрден дауысқа салайық, – дедi шы­
дамсызданған Сәбең жұртқа мәлiм бәз­баяғы қырылдаған кәртаң 
үнiмен.
Үстел басындағылар бұл ұсынысты жапа­тармағай қостап, 
қол көтеруге айналғанда, алдында жатқан өлең кiтапшаларының 
бiрiн қолына алып, маңғаздана па рақтап отырған Ғабит ағай ке­
нет тамағын кенеп:
– Сәл сабыр етiңіздер, мына бiр өлеңiн оқып берейiн, – дедi де 
С.Б.­ның бiр жырын тым баяу сөйлейтiн ежелгi мәнерiмен жай­
лап, әр сөзiне үтiр, ноқат қоя созыңқырап оқи бастады.
Жұртта үн жоқ. Өлең өте ұзақ екен. Сондықтан ба, тыңдау­
шылардың көкейiнде жағымды әсер туғызған жоқ. Сiрә, сол әсер 
кексе қаламгердiң әр сөзге ерекше мән берiп, үзiп­үзiп оқуынан 
да күшейе түстi­ау деймiн. Әлқисса, одақтың төралқа мүшесі 
жырды оқуды аяқтағанда, мәжiлiске қатысушылар жаңағы бiр 
әзiрде бiрiн­бiрi қостап, өзара мақтағандарын ұмытып кеткен­
дей, тым­тырыс отырып қалды.
– Ал, не дейсiңдер? – Ғабең көзiлдiрiгiн қолына алып, көпке 
қадала қарады.
19­247

Медеу СӘРСЕКЕ
290
Басқа жұрт бой бағып үндей қоймаған соң, Қадыр орнынан 
қайыра тұрып:
– Ғабеке, бiр өлеңiне қарап, ақынның күллi творчествосына 
төрелiк жасау қиын. Менде де сәтсiз өлеңдер бар. Мынау С.­ның, 
сiрә, сәтсiздеу өлеңi... – деп күмiлжiдi.
– Дұрыс айтасың, Қадыр. Сәтсiз болғанда, өте­мөте сорақысы. 
Өздерiң әлгiнде керемет деп жабыла мақтаған кiтабының бiрiн­
шi бетiнде басылған өлеңiн оқыдым. Өлеңнiң аты – «Монолог». 
Монологтың қазақшасы – мен кiммiн емес пе, яки ағымнан 
жары лып айтар жан сырым дегендей. – Ғабең әр сөзiн нақтылап 
және шеге қаққандай қадала сөйледi. – Демек, бұл өлең оның 
оқушыға ұсынар пас порты – кiм екенiн, ұлтын, тумысын, ой­
өрiсiн анықтап беретiн.
Қадыр да әлгiден соң, шынайы ақындық болмысы бөгет бол­
ды бiлем, үмiткердi қорғауға ұтымды сөз айта алмай, мелшиiп 
тұрып қалған­ды. Сiрә, келеңсiз жайтқа тап болғанына ұялып та 
тұрған тәрiздi...
– Ол өзi жақында машина опатына ұшырап, жағдайы тым 
ауыр деп едi. Өлiм мен өмiр арасында, қатер үстiнде жатқанда 
мүшелiкке қабылдап жiберсек – рухын көтерiп, сауығып кетуiне 
дәнекер болар едiк, Ғабе, – дедi Жұбағаң даулы мәселеге екiншi 
қырынан жағалап.
Бірінші хатшыны демеушi көпшiлiк ендi байғұс ақынға 
көмектесер жал табылғанына қуанып, Жұбан Молдағалиевке 
тұп­тұстан «Е, сөйтелiк!» десiп құптау бiлдiрiстi.
– Жазушылар одағы – әлеуметтiк қамсыздандыру мекемесi 
емес, Жұбан. Сормаңдай жiгiттiң көңiлiн көтергiлерiң келсе – 
қасына барып отырыңдар, көмек жасаңдар. Ал бiз, сендерге 
жер лес, иә дос екен деп, жол апатына ұшыраған әрбiр кәсiпқой 
өлеңшiге шығармашылық одақтың мүшелiк билетiн үлестiре 
ал маймыз! Мына өлеңшiнiң әлi де бiрер қайнауы iшiнде, сөзге 
жауапсыз қарайтын жан, бiрiн айтып, бiрiне лағып кететiн 
дүмбiлездiгi көп. Төрт жолды қисындастырғанның бәрі­бәрi 
ақын емес, ондайларға тосқауыл қою керек!.. – Сөйлеген сайын 
Ғабеңнiң даусы қатайып, өңi қарасұрланып өзгере түстi. – Өлең 
қадiрiн бiлетiн Қадыр, мен сенiң осы жолғы ымырашылдығыды 
түсiнбей  отыр мын...
– Жерлестiк бауырмалдық бар емес пе, Ғабе... – деп қалды 
әлдекiм.

ШЫҒАРМАЛАРЫ
291
– Ау, жолдастар, бұл не өзi? Бiр С.­ны бiр сағат талқыладық, –
деп кенет Сәбит ақсақал тарғыл дауыспен Ғабеңе түйiле қара­
ды. – Сен де, Ғабит, қызықсың, тым қатты кеттiң бұл жолы. 
Қадыр әлгiнде дұрыс айтты. Сәтсiз өлең менде де бар. Бiр өлеңiне 
бола бәлнесте жатқан байғұс баланы соншама жазғырдың. Өзi 
хал үстiнде жатса обал болмасын – бiржола бетiннен қақпалық 
сорлыны. Ғабит, сен – бiр кiта бын, мен – бiр кiтабын, Жұбан, 
сен де – бiреуiн бөлiп алып, үйге апарып, асықпай оқиық. Өзi 
тiптi кiтап шығарғыш неме екен. Сонсоң оның тағдырына келесi 
мәжiлiсте қайта оралып, ақын ба, өлеңші ме – әділ шешейiк, 
жолдастар!..
Төралқа мүшелерi ақыры осы сөзге жә дестi.
Жаңылмасам, С.­ның мәселесi келесi мәжiлiсте де қаралған 
жоқ. Арада бiраз уақыт өткен соң ғана талқыға түстi. Естуімше, 
Ғабең де, Сәбең де қатыспаған бір талқыда мүшелікке бөгетсіз 
қабылданды. Бірер жылдан соң ол Алматыға қоныс ауда­
рып, облыста тұратын ақын әріптестерінің өлеңдерінің тағды­
рын шешетін мәртебелі қызметке ие болды (Амал не, осындай 
ымырашылдық, одан да гөрі жерлестік бұрмалау мадағымен 
әдеби одақтың мүшелері қазірде 800 адамға тақады. Бұл кесел 
әсіресе соңғы ширек ғасырда ерекше өрбігені – көңілді қарадай 
қынжылтатын шындық).
Әділін айтқанда, жоғарыдағы оқиғадан Ғабең әдебиетшi жас­
тарға үнемi қарсы шығып, олардың одаққа мүшелiкке алынуы­
на кедергi жасаған деген жалған түсiнiк тууы мүмкiн. Әлбетте, 
бұл – жаңсақ ұйғарым. Өйткенi естi ағаларымыздың қайсысы 
болсын, шы найы дарын иелерiне қамқор лық жасап, оларды 
көтермелеуге әрқашан да мұрындық болғаны белгiлi...
Мысал үшiн Ғабеңнiң жұртшылыққа мәлiм, кезiнде «Қазақ 
әдебиетi» газетiнде жария ланған «Қос Мұхтар» деген мақаласын 
айтуға болады. Бұл мақаласында кексе қаламгер қазiрде белгiлi 
әдебиетшiлер Мұхтар Мағауин мен Мұхтар Шахановтың алғашқы 
шығар маларына талдау жасап, болашағынан үлкен үмiт күттiрер 
дарын иелерi екенiн көтере мақтап, сүйсiне жазған­ды.
Менiң нақтылы бiлетiнiм – Ғабең көптеген жас әдебиетшiлерге 
қолма­қол көмек көрсетiп, әлдебiр дiлгiр iсiнiң (көбiне бұл пәтер 
алу, иә кiтабын шығаруға қолғабыс ету тәрiздi) тезiрек шешiлуiне 
қолғабыс етсе де, соны өзiне мадақ көрiп, кейбiреулер құсап 
жұртқа жария қы лып ешқашанда айтпаушы едi. Қарағандылық 

Медеу СӘРСЕКЕ
292
әдебиетшi Жайық Бектұров «Орталық Қазақстан» газетiнде 
бертiнде жарияланған естелiгiнде Ғабеңнiң сонау бiр қиын жыл­
дары Мағжан Жұмабаевтың жесiрi Зылиха шешемiздi Солтүстiк 
Қазақстанның бiр ауданында жүдеп­жадап отырған кезiнде, 
ал бұл – Мағжанның өлеңдерi түгiлi, есiмiн атауға дүйiм жұрт 
қорқып жүрген мезгiл­дi, Алматыға көшуге қаражат берiп, 
қазынадан екi бөлмелi үй әпергенiн жазыпты (Айта кетер кереғар 
жайт: Сәбит ағамыздың Мағжанды ақтатпай мын деп, КазГУ­
дiң ұлы ақынды жақтаушы оқытушылар тобын күйрете сы­
нап, Орталық Комитетке арыз айтып, сормаңдай ақын ның туған 
халқымен қайта қауышар жолына жиырма жыл шама сы жаңадан 
тосқауыл тұрғызғаны да сол мезгiл).
Қаламы жүйрiк әдебиетшi, бiрақ өмiр жолы өте ауыр ақын 
Хамза Абдуллин де әуре­сарсаңға түсiп, грузин әдебиетiнiң 
мәңгілік ұлы дастаны «Жолбарыс терiсiн жамылған жiгiт» 
атты көркем аудармасының тағдыры екiталай болып тұрғанда, 
ержүрек Ғабең дау­дамайды шорт үзiп: «Жоқ, бұл – өте көркем 
дәрежеде жасалған тамаша еңбек!» – деп қана қоймай, сол ойын 
шығармаға жазған беташар сөзiнде де қайталап, Хамзекеңнiң 
әдебиет әлемiне қай тып оралуына даңғыл жол ашқаны жұрт­
шылыққа мәлiм. Шындығында бұл – қатаң цензура, қасаң идео­
логия талабына мүлдем кереғар әрекет болатын: өйткенi Хамза 
Абдол лаұлы соғыс кезiнде «немiстiң тұтқыны» болған; оны аз 
көрсеңiз, ол «Түркiстан» легио нының рухани басшыларының 
бiрi атанып, кеңес әскерiне қарсы күрескен адам; оның өз қо­
лынан туған өлең, дастандарын жариялауға қауiпсiздiк мекемесi 
тыйым салғаны және бар; бiрақ Ғабең соның бiрiне де әй­шай 
деген жоқ, Абдуллиннiң көп жылғы ақ адал еңбегiн жоғары 
бағалап, жарыққа шығуына мұрындық болды...
Рас, аға қаламгердiң айналасына зор үмiтпен еккен дәнi, 
қамқор шапағаты үнемi тәтті жемiс бермейтiн сәттер де болған...
Қаншалықты дұрыс­бұрысын бiлмеймiн, қаламгердiң бер­
тiн дегi қосағы Ғазиза жеңгей бiрде маған сыр қылып айтқан 
әңгiмесiнде: «Ой, Медеу, бұл ағаңның мырзалығы мен сараң­
дығын, әсіресе қаты гездiгiн ешқашанда түсiнбейсiң. Бiреуге – 
көл, бiреуге – шөл... – деген­дi ол кiсi мысқылдай сөйлеп. – Жа­
қында Т. деген ақынға үйден қыруар ақша бергiздi. Ал ол бей­
шараны мен көптен бiлемiн, берекесiздеу неме, әуелi барлық 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
293
өлеңiн жинатып, неше дәптерге көшiрттi. Одан соң баспаның 
машинисткаларына тазартып бастырды, олардың еңбегiн де ағаң 
төледi. Қазiр ендi соны кiтап қылып шығарту үшiн баспаның ди­
ректорына ай сайын телефон шалады. «Осы ақынсымақта, құдай 
бiледi, ешқандай кiсiлiк жоқ, қамқорлығыңды ақтамайды» де­
сем, миығынан күледi де, «Оның есесiне, бұл – тума ақын!» деп 
менi мазақтайды. Өзiң айтшы, қайным, кiсiлiгi шамалы жаннан 
қазақ әдебиетiн жарылқайтын ақын шыға ма?..»
Шынын айтсақ, әлгi шiркiн Ғабеңнiң сенiмiн ақтай алмады. 
Бiр емес, әлденеше кiтабы жарыққа шығып дүйiм елге таныл са 
да, араққа салынуды қоймай жүрiп, бертiнде айтуға ауыз бар­
майтын дүлей әрекетке ұрынып, масқара болды.
Мен де бiр жолы Ғабеңнен көмек сұрауға мәжбүр болдым. 
Тегiнде, он бес жылдан астам уақыт ол кiсiмен жақын арала­
сып, үйiнде де бола жүрiп, өзiме әлдеқалай септiгi тиер iске ол 
кiсiнi араластырудан қатты қымсынушы едiм. Әсiлi, бұл – үлкен 
қаламгердi ерекше қадiр тұтудың салдары...
Мәскеудiң «Литературная газетасы» одақтық «Молодая 
гвар дия» журналында жарияла нуға әзiрленiп жатқан «Жары­
лыс» атты романымнан үзiндi бермек болды. Редакцияның 
үзiндiнi әзiрлеген әдеби басылымдар бөлiмi қазақстандық үлкен 
жазушылардың бiрi ро манның авторын Одақ оқырмандарына та­
ныстырып, екi­үш ауыз беташар лебiз жазып берсiн дептi. Осы 
талапты маған газеттiң Қазақстандағы тiлшiсi Александр Самой­
ленко Се мейге телефонмен хабарлап:
– Ал, Медеу, саған сондай лебiздi Алматыда кiмнен сұрай­
мыз? – десiн.
– Ғабит Махмұтұлын қалай көресiң?
– Ой, ол тым үлкен кiсi ғой, классиктердiң дөйi! «Кiтабын 
оқыған жоқ едiм, қалай жаза мын?» деп сiрә да көнбейдi. Бұрын 
да бiрер мәрте сөйткен. Әлей кергi, әрi мінезі қырсық. Әнуар 
Әлiмжанов сияқты жасаңдау, өзiңмен досжар жазушылардың 
бiрiн айт, қалғанын өзiм реттеймiн. Ең дұрысы, бiрер күнге 
Алматыға келiп қайт. «Литгазетаға» романыңнан үзінді жария­
лану – үлкен абырой! Сондықтан ерiнбегiн... – деп Самойленко да 
тықақтап бақты.
– Жарайды, Саша, бiр күнге мұрсат бер, ойланайын. Хабар 
өзiмнен болсын, – дедiм де, Семейде отырып Ғабит ағайдың үйiне 
телефон шалып едiм, трубканы қаламгердiң өзi алды. Амандық 

Медеу СӘРСЕКЕ
294
сұраудан соң мен тiлегiмдi айттым, барып қайтуға да рұқсат 
сұра дым.
– Менiң күйiм қазiр жоқтау, Медеуо, Ғазиза ауырып, екi 
айдан берi ауруханада жатыр... Бiрақ сен де жылда мазалай­
тын кiсi емессiң... – дедi әдеттегi машығымен әр сөзiн үзе сөй­
леп. – Ұзақ сөз менен қазiр шықпас, қысқа болса да бiрдеме та­
бармын сен үшiн... Бүгiн жоқ, ертең жоқ, үшiншi күнi тiлшiнiң 
өзi менімен хабарлассын. Ал романның қазақшасы қашан шығып 
едi? «Жұлдыз» журналында жарияланған нұсқасын ата, маған 
сол да жетедi...
1979 жылдың алғашқы екi санын атадым да:
– Сонда қалай, менiң баруым қажет емес пе?.. – деп күмiлжiп 
едiм:
– Екi ауыз сөз үшiн қайтесiң әуреге түсiп, – деп Ғабең сөздi 
шорт үздi. – Ал қош!
Үш тәулiктен соң Александр Самойленко маған қайтадан те­
лефон соғып:
– Медеу, құттықтаймын! Ғабит Махмұтовичтiң саған ықыласы 
өзгеше екен, өте әдемi және қып­қысқа арнау сөз жазып бердi. 
Менiңше, кейбiр бәсекелестерiң күндеп, шалқасы нан түсерлiк 
тамаша лебiз! – дедi. – Ендiгi хабарды газеттен тос...
Ғабеңнiң беташар лебiзi «Литературная газетаның» 1982 
жылғы 27 қазан күнгi санында менiң романымнан берiлген 
«Ауыр қорғасын» деген көлемдi үзiндiнің түу басына жариялан­
ды. Ал басылымның айдары «Жаңа есiм» болатын.
Төменде қаламгердiң құтты қолынан шыққан лебiзді қаз­
қалпында келтiремiн (оның қазақша тәржімесі «Жарылыс» 
романымның 2006 жылғы басылымында беташар ретінде берілді):
«Нам, старшему поколению казахских писателей, когда при­
ходилось писать о жизни ра бочих людей, было присуще показы­
вать их приобщение к производству, ученичество, при об щение к 
ремеслу и вообще ко всему новому, что тогда составляло особый 
социальный ин терес. Это было оправданно и исторически вер­
но. Но, увы, когда современные наши литера торы продолжают 
писать о том же все еще осваивающем машины или какую­ли­
бо произ водствен ную профессию казахе, должен заметить, что 
это в корне противоречит образу и правде жизни современного 
индустриального Казахстана.

ШЫҒАРМАЛАРЫ
295
Роман Медеу Сарсекеева «Взрыв» тоже посвящен показу жиз­
ни заводских людей, но су ще ственно отличается от подобных 
произведений. О своих коллегах со знанием дела, углуб ляясь в 
производственный процесс, пишет автор – в недавном прошлом 
инженер­металлург. «Взрыв»– произведение остросюжетное. 
Несмотря на «трудность» описываемого техноло ги ческого про­
цесса, сложность самой заводской жизни, роман легко читается. 
Это несо мненный успех писателя.
Мне остается добавить, что журнал «Молодая гвардия» по­
знакомит своих читателей с но вым произведением казахского 
прозаика.
Габит МУСРЕПОВ, Герой Социалистического Труда».
Сол жылдың аяғында «Молодая гвардия» журналы рома­
нымның орысша нұсқа сын мәскеулiк орыс жазушысы Николай 
Родичевтiң аудармасымен жариялады. Ал одан екi жыл бұрын 
«Сәтбаев» атты ғұмырнама еңбегiм «Молодая гвардия» баспасы­
ның әлемге әйгiлi «Тамаша адамдардың ғұмыры» («ЖЗЛ») се­
риясы бойынша жүз мың дана таралыммен жарық көрген­дi. 
Ендi соған Кендi Алтайдың өндiрiсшiлерi өмiрiн әдеби бей­
нелеген жаңа туындым «Взрыв» қосылып, «Советский писа­
тель» баспасы нан 1983 жылы жеке кiтап болып шықты. Әмбе 
қазақша нұсқасына қарағанда көлемi едәуiр өсiп, кiрпiштей 
боп «қампайып» келдi дүниеге (қазақша нұсқасындағы өзiм 
қойған «Жарылыс» атын кеңес өндiрiсiнде ондай опат болмайды, 
болса көрсетуге рұқсат жоқ деген желеумен жұлғызып тастап, 
«Жаңғырық» қойғызумен бiрге алматылық цен 
зорлар оның 
тым батыл сияқтанған әр жерiн, жеке тарауларын шұнтитып 
қысқартуға да мәжбүр еткен­дi). Бұларға қоса одақтық баспасөз 
бетiнде менiң туынды ларымды мақтаған рецензиялар да көрiне 
бастады...
Сайып келгенде, менiң астанадан шалғай қала Семей­
де тұрып, одақтық баспаларға үрдiс шығуым өзiме қып­
қызыл қырсық болып жабыссын: әдеби әрiптестерiм ара­
сында мұқатушылар көбейдi; туралап сынамаса да әр сөзiмдi 
жұлмалап тиiскен белсенді сыншылар шықты; ендi бiр 
қызғаншақтау әрі пиғылы тараң аға әрiптесiм, өзін классик 
санайтын жазушы партия жиналысында Ғабеңе соқтығып: 

Медеу СӘРСЕКЕ
296
«Сiз кейде кiм көрiнгенге мақтау лебiз айтасыз, ал қасыңызда 
жүрген бiздi көрмейсiз...» – дегенiне не дерсiң?..
Алматыға жол түсiп барғанымда әдейi соғып, Ғабит ағайға 
осынау пен дешiлiк әрекеттер жайында қынжыла мұң шағып 
едiм, ақсақал әлденеге миығынан күле мырс еттi де:
– Е, Медеуо, ол ендi бiздiң ежелгi ауруымыз ғой. Құдай 
жөнi – ондай әрекетке көңiл ау дармау. Сен сонау Семейде жатып 
мұндағы дау­дамайдан, бақталастық пен өзара қырқы стан ада 
жансың. Сол қалпыңнан аума! – дедi.
Ұтымды айтылған, үлкен қаламгердiң көкейiнен шыққан 
ақылгөй ойға не дерсiң? Құп көрдiм iшiмнен, бәз­баяғы тiрлiгiм­
дi өзiмше қамдауда болдым. Әйтсе де, Ғабеңдей зор тұлғаның 
маған iштартқан екi­үш ауыз лебiзiн қызғанған пендешiлiк 
тоқтаған жоқ. Соның ақырғысы 1987 жылы, «Жарылыс» орыс 
тiлiнде 60 мың таралыммен Алматыда, екiншi мәрте шыққанда 
жасалды. Оны жариялауға дайындаған «Жазушы» баспасының 
орыс әдебиетi ре дакциясының меңгерушi Фарида Жанұзақова 
маған күйеуi Тельман арқылы досжар адам едi, сол кiсi аяқ 
астынан ойлы ұсыныс айтып: «Сен маған Ғабит ағаның бұрнағы 
жылғы сөзiн әкеп бер, кiтабының бiрiншi бетiне беташар ретiнде 
беремiз», – десiн. Кiтапханаға барып, қолма­қол көшiрiп, әкеп 
бердiм. Кiтабым жарыққа шыққанда қарасам, Ғабеңнің сөзі 
үштi­күйлi жоқ, ба сылмапты. «Бұл қалай?» – десем, Фарида 
менi оңашалап: «Ой, сұрама, сенi жек көретiндер табылып, бас 
редактор алғызып тастады. Суретiңнiң өзiн әрең қойғыздым», –
деп шындықтың бетін ашты. «Бәлкiм, бас редактордың өзi 
қызған 
ған шығар? Ғабеңнiң мадақ сөзi өзіне ғана айтылуын 
жөн көрген болар?» – дедім. Фарида сонда: «Өзiң де бәрiн бiлiп 
тұрсың...» – деп биязы жымиды. Әншейін атөтті сөз болмасын
маған қызғаныш жасаған бас редактор өзімнің інім есепті, осы 
күнгі мақтаулы қаламгеріміз Мұхтар Мағауин болатын...
* * * 
Ғабең қаламгердiң қалтқысыз көңiлмен араласқан санаулы 
достарының бiрi – академик Ебiней Арыстанұлы Бөкетов. Екеуi 
Алматыда танысқан, Ебiней Арыстанұлы Қарағандыға ғылы ми 
жұмысқа ауысқан соң да қарым­қатынасы үзiлмеген.

ШЫҒАРМАЛАРЫ
297
Бiр жолы мен Ғабеңнiң үйiнде отырып, iнiлiк жолмен өкпе 
айттым.
– Биыл Қарқаралыда болыпсыз ғой. Маған неге хабар бер­
медiңiздер? Бiздiң ауыл одан бiр түстiк жерде, – деп едiм, Ғабит 
ағай сұқ саусағымен үстелдi бiрер тықылдатты:
– Медеуо, сенi ойлауға сол кезде менде мұрша болмады. Өзiң 
сықылды үйге келген бiр қы дырмашы «Бөкетовті әлдекiмдер 
соңына түсiп орнынан түсiрдi. ҚарМУ ғана емес, бұрынғы инсти­
тутынан да лайықты жұмыс бермептi, тап қазiрде үйiнде бос жа­
тыр...» дегенi. Сол күнi­ақ пойызға билет алдырдып, жедеғабыл 
аттанып кеттiм. Қарағандыға келсем – атағы дардай, өзi де тау­
дай Ебiнейiм «Қолым әбден босады, рақат! Қайда апар дейсiз, 
қанша болам дейсiз – еркiңiзде, сiз – бастаушы, мен – жолсерiк» 
деп қарап отыр. Баруға сәтi түспей жүр едi, бiрден Қарқаралыға 
тарттық. Шахтерлердiң көп­көрiм сауықтыру орны бар екен, сон­
да Ебiней екеумiз бiр ай болдық. Қаласаң, Медеуо, келесi жылы 
келгiн, тағы да баруға уәде қылып келдiм. Мұндай әдемi, тауы 
да, саясы да ерекше жердi көрген емеспiн, – деп сыр шерттi аға 
қаламгер. – Ал Ебiнейге, әрине, зор қиянат жасалған. Ол өзi 
қа 
зақ ғылымының атақ­абыройын Қаныштан кейiн жаңа бе­
леске көтерушi бола ма деп жүрген ғұлама жан едi, әмбе оның 
әдебиетшiлiгi де мықты. Осы күнi ондай қия натты тыя алмайсың, 
түзеген кезде кеш болып қалады...
Ғабеңнiң әдебиетшi, иә ғалымдар ғана емес, қарапайым еңбек 
адамдарының ортасында да көп жылдар бойы етене дос болып, 
жақын­жуық араласқан досжар кiсiлерi де аз емес­ті. Солардың 
iшiнде бiрегейi, әмбе туған iнiсiнен артық сыйласқан айнымас 
досы болған жан – Орынбор – Ташкент темiр жолының бойындағы 
Сексеуiл кентінің тұрғыны Оразғали Ерекешов деген азамат...
Оразғалидың өзi «Егемен Қазақстан» газетiнiң 2000 жылдың 
30 тамыз күнгi санында жа рияланған «Ғажайып Ғабең» атты 
шағын естелiгiнде (оның тап ортасына екеуiнiң сұхбаттасып 
отырған суретi жарияланған): «Менiң қазiрге дейiнгi өмiрiмде 
нұрлы бiр сәуле болса – ол Ғабеңмен бiрге өткiзген сәттерiм. 
1958 жылы таныстым. Ол кезде мен Арал маңындағы Сексеуiл 
темiр жол қалашығындағы ауылдық кеңестiң төрағасы болып 
iстейтiнмiн. Жасым жиырма тоғызда едi», – деп бастапты жан 
сы рын.

Медеу СӘРСЕКЕ
298
Бұдан әрi бiз ұлағаты өте мол һәм жан тебiренткендей бұл 
екi кiсiнiң таңғаларлық та маша достығының бүге­шiгесiн ұлы 
қаламгердiң өз аузынан естуiмiз бойынша баяндаймыз.
* * * 
«Алматы – Мәскеу» жүрдек пойызы неше тәулiк бойы тоқ­
таусыз зымырап келе жатып, ертеңгiлiк алагөбе мезгiлде 
Сексеуiл стансасына iлiге тоқтайды. Жолаушы атаулы кез­
дейсоқ кiдiрiс бес­он минутқа созылар, қарсы келе жатқан эше­
лонды өткiзген соң жүремiз деп ойлаған. Бiрақ, алдыңғы жақтан 
ешқандай пойыз өткен жоқ, кідіріс болса ұзап барады. Ұзақ 
сапардан зерiгiп келе жатқан жолаушы лар таза ауа жұтпақ бо­
лып далаға шыға бастады. Неше тәулiктен берi тар да қапы­
рық ва гонның сасық ауасына тұншыққан көпшiлiк Арал теңiзi 
жағасынан ескен самал лепке кеуде лерiн тосып, кешелi­бүгiнде 
жауған қардың тозған киiмдей ақжемденген бозғылт түрiне там­
сана қарасып, сортаң даланың керiмсал жұпарын құмарлана 
жұтып, соған да рақаттанып қалысты. Алайда бiрде­бiрi өз ва­
гондарынан ұзамай, соның айналасында ғана қыдырып уақыт 
ұзатты.
Осылайша ауа жұтып, аяқ созушылардың қатарында Мұх­
тар Әуезов пен Ғабит Мүсiрепов те бар едi. Екеуi де Мәскеуге 
шығармашылық шаруамен барып, ай жарымдай болған, содан 
ендi ғана оралып келедi. Елдi сағынды, Алматыға тезiрек жетiп, 
үй iштерi, дос­жарандарымен қауышуға асыққандай. Амал 
қанша, бұрын бiрер минут аялдап өте шығатын елеусiз бекет­
те, мiне, бiр сағаттан асты, себепсiз кiдiрiп тұр. Әрине, себепсiз 
емес, бiрақ соның мән­жайын дегбiрсiзденген жолаушыларға 
түсiндiрген бiр жан жоқ.
– Әу, не бiлгендерiң бар? Неге кiдiрдiк?
– Алдыңғы жақта бiр пәле болған­ау деймiн. Тiптi қыбыр ет­
кен қозғалыс жоқ.
– Ең болмағанда ас­суы молырақ елдi мекенге тоқтамадық. 
Күнi бойы осында тұрып қалсақ – мына жұрт не iшедi, ас­
суды қайтемiз? – дескен жолаушылар бiр­бiрiн қажап шы дам­
сызданады.
Бекет атанғанымен, бұл жерде көп­көрiм ауыл бар сияқты: 
төрт­бес тоқал үй темiр жол бойында сап түзеп тұр; құм 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
299
басқан жатаған төбешiктiң ар жағынан тағы да әлденеше 
қора­қопсының жүлгесi көрінеді; ал бергi бетте он шақты 
түйе, жүз қаралы ұсақ мал жайы лып жүр. Әр тұстан шуда­
лана ұшқан түтiн де ашқұрсақ жолаушылар дың пәс көңiлiн 
қытықтағандай...
– Ау, жiгiттер, желаяқ бiреулерiң анау ауылға жүгiрiп ба рып, 
шұбат сатып әкелiңдер. Жайылып жүрген түйелердiң қарамы на 
қарағанда, мына ауылда, құдай бiледi, шұбат мол, – дедi Ғабең 
қасындағы жасаңырақ жолаушыларға емеуiрiн бiлдiрiп. – Бiр 
тостаған шұбат аузымызға тисе – мен өзiм өзгедей ас сұрамас едiм.
Мұхаң да бұл сөзге бас изеп қостау бiлдiрдi. Кейбiр жолау­
шылар соған елеңдегенiмен, вагоннан ұзап кетуге дәттерi жет­
пей, қипақтап тұрып қалды.
Әрi­сәрi ежіктеумен бiршама уақыт өттi. Алдыңғы жақтан еш 
хабар жоқ. Кiдiрiстiң тегiн емесiне жұрт ендi бiржола сендi.
Қос жазушы келе жатқан жұмсақ вагонның бiр топ жолаушы­
сы ақырында жолға ұрымтал төбешiкке көтерiлiп, алқа­қотан 
отырған. Әдетте уақыт ұзарту үшiн айты латын қысыр әңгiме бұл 
жолы қыза қоймады, одан да гөрi қимылсыз мелшиiп жатқан 
рельстің ұзына бойына жиi қарағыштап алаңдау басым.
Сол қарсаңда олар өздерiнiң вагоны тұсына әлденеге алаң 
кiсiдей елпілдеп жетіп, әлдекiмдi iздеп жүрген қапсағай денелi, 
басына қызыл бөрiк киген, күрең шапанды иығына желбегей 
жамылған бойшаң жiгiттiң: «Ау, ағайындар, осы пойызда атақты 
жазушылар – Мұхтар Әуезов пен Ғабит Мүсiрепов бар дейдi. 
Тiлеуiң бергiр бiреуiң маған сол кiсiлердiң вагонын көрсетiп 
жiберiңдершi!» – деген даусын да естiдi.
Әлдекiмдер оған қос қаламгер дамылдап отырған төбешiктi 
нұсқады. 
– Ассалаумағалейкум, асыл ағалар! – Қызыл бөрiктi жiгiт 
жете берiп, қос қолын кеудесiне басып, тiзесiн де жерге тигiзе 
иiлiп қос жазушыға сәлем бердi. – Сiздердiң нұр жүздерiңiздi 
көргенiме шексiз қуаныштымын, ағалар! Жолдарыңыз болсын!
Үнi саңқылдаған қаздай ашық екен. Түрiк ернiнiң үстiн жи­
ектей тебiндеген қою мұрты бар. Томпиған бет­жүзiнен, ашық 
маңдайынан, бадана көзiнен ерекше нұр құйылғандай. Желбе­
гей киiнiптi, бiрақ желтоқсанның ертеңгiлiк ызбарын елер емес. 
Сiрә, қылшыл даған жастық әсерi.
– Әлiксәлем, жақсы iнiм!

Медеу СӘРСЕКЕ
300
– Сәлемiңдi қабыл алдық! – десiп екі қаламгер де жатсынбай, 
бейтаныс жiгiттiң қолын емiрене қысты.
– Бұрын бiр жерде кездесiп, ал қазiр жете танымай тұрсақ – 
айыпқа бұйырма, жөн­жоба айту кiшiден... – деп Мұхаң сөз бас­
тады.
– Менi бiлмейсiздер, ағалар. Осы жердiң шаруа баққан байырғы 
қазағымын. Өз есiмiм – Оразғали, әкем жөнiмен айтсам – Ереке­
шов. Сексеуiл мекенiнiң ауылкеңесiмiн. Әлгiнде бiр кездейсоқ 
жағдаймен сiздердiң осы пойызда келе жатқандарыңызды естi­
ген соң­ақ, жөндеп киiнуге де мұршам келмей, шапанымды 
иығыма iле салып, тұра жүгiрдiм. Асыққан дағы ниетім – сәлем 
беру! Сiздер ендi халқымыздың бүгiнгi бақ­талайына жарқы рап 
бiткен ай­күнi тәрiздi көрнектi азаматы болған соң, сәлем берiп, 
қолдарыңызда алу – бiздей кiшiге әрдайым зор мәртебе, әмбе па­
рыз емес пе?!.
Жылдам сөйлеген Оразғали қою мұртын әредiк сипап қойып, 
жолшыбай ойлап кел ген сөзiн апыл­ғұпыл айтып болды да, тым­
тырыс тұрып қалды.
– Ә, сен онда, Ораз iнiм, қазақылықтан арылмаған нағыз ба­
уыр болдың. Соншама жерден өкпеңдi қолына ұстағандай бо­
лып, дардай басыңмен жүгiрiп жеткенiң – бiлгендiк! Саған да тап 
өзiңдей аға сыйлағыш iнiлер дарысын! – дедi Мұхаң кенет көңілі 
босап, ағынан жарыла тіл қатты. – Ауыл­аймағың аман ба? Бала­
шаға бар шығар?
– Бар, ауыл дiн аман, жақсы ағалар, әне тұр, шағыл төбенiң 
астында, – дедi Оразғали кенет желпiне сөйлеп. – Менiң сiздерге 
келгендегi екiншi шаруам – ауылыма барып, от жаққан жерiмдi 
көрiп, қонақ болып аттаныңыздар деу едi. Осы отырған алқалы 
топ түгел жүрсiн, ас­су жетедi!
– Бәрекелдi, сөз­ақ!
Мұхаң «Апыр­ай, қайтемiз?» деген кiсiше Ғабеңе қарайды. 
Сiрә, баруға кетәрi емес. Ғабең болса, әлгiнде өзi ескертiп тұрған 
жайт алдынан шыққанымен, бiрден үндей қоймады, тек әлденеге 
алаңдап, пойыздың ту басына қарайды.
– Пәлi, Оразғали бауырым, оның жөн­ақ! Сен ендi бәрiмiздi 
үйiңе ертiп апарған соң қой соям дейсiң, сірә. Оны жеймiз деп 
баптанып отырғанымызда мына пойызы бар болғыр жүрiп кетiп, 
бiз қалып қойсақ – ұятқа ұшыраймыз ғой. Алдағы елде де бiзге 
ас­су әзiрлеп, во кзалға әкелмек болып отырған азаматтар бар 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
301
деп едi, – деп Мұхаң бiрден қолқ етiп, жә демей, әрi­сәрiге сала 
сөйледi. – Ал қазiр, бiз өзi бәрiмiз де ашқұрсақ, жарау күйдемiз. 
Жүдә, қайтсек екен, жарандар?
– Кешiкпейсiздер, жақсы ағалар. Мен бәрiн де бiлiп келдiм. 
Алдыңғы стансада жүк пойызы соғылысып, жолдың едәуiр жерi 
бүлiнiптi. Оны жөндегенше кем де генде төрт­бес сағат өтедi. Ал 
бұл уақытта, өздерiңiз бiлесiздер, қой түгiлi тайдың етi пiседi, – 
дедi Оразғали, қонақтарым айнып кете ме дегендей аптыға 
сөйлеп.
– Жөн сөз, осы жiгiт, Мұха, бәрiн де бiлiп тұр! – деп мақтады 
әңгiмеге орта жол дан килiк кендердiң бiрi.
– Ал, Ғабит, не iстеймiз? – дедi Мұхаң. – Не істеудің билігін 
саған бердім.
– Оразғали, қойың сонда әлi сойылмаған болар?
– Әлбетте, Ғабит аға. Сiздерге өлi ет жегiзу ұят қой. Бата жа­
сатып дегендей... – Күмiлжiген Оразғали шынын айтты. – Мал 
қорада тұр, жарым сағатта жайғап тастаймыз.
– Онда былай болсын, – дедi Ғабең бiрден­ақ би леп­төстеп, 
бұйыра сөйледi. – Көктемде туған лақтың қазiр жетiлген шағы. 
Соның бiреуiн сой да, етiн бiр пысқылап жiбертiп, қаймақпен 
қуыртсаң – келiннiң шайы қайнағанша әзiр болады. Дәл қазiр 
бiзге ораза ашар – ең қажет, ең дәмдi ас – осы.
– Сiздердей қасиеттi кiсiлердi лақ сойып сыйласам – естiген ел­
ден ұят емес пе? Ауылым онда менi, кеңес жұмысы түгiлi, соның 
есiгiн күзетуге қоймайды... – деп Оразғали қипақтай бастап едi: 
– О, не дегенiң, бауырым? Ең дұрысы осы, Ғабит ағаң айтқан. 
Мен өзi лақтың етiнен жа 
салған қуырдақты жемегелi, әй, 
бiлмеймiн, көп уақыт өттi. Жиырмасыншы жылдары өзiмiздiң 
Шыңғыстауда, сосын, ұмытпасам, Сыр бойында бiр мәрте жедiм­
ау деймiн. Сөйткiн, Ораз iнiм. Бұл Ғабит ағаң дәмдi астың 
қадiрiн бiледi, әлгі айтқанын бұлжытпай iстесең – ештеңеден 
ұтылмайсың! – деп Мұхаң да iле қостау білдірді.
– Ау, онда амал жоқ, мен кеттiм, ағалар! Лақты қазанға салы­
сымен қайыра ке лемiн!
Оразғали аяғын жылдамдата басып, ауылына қарай дедек 
қағып жүгiре жөнелдi.
– Бұл жiгiт сiздерге бүгiн, қой түгiлi, тай союға да әзiр тұр 
едi. Бекер­ақ бас тар ттыңыздар. Не де болса жарысқазан жасап, 

Медеу СӘРСЕКЕ
302
қойды да қоса жайратса жарады, – деп жорамал айтты ерiккен 
жолаушылардың бiрi.
– Жiгiттер, қанағат! Алты аласы, бес бересi жоқ ағайынның 
жомарт пейiлiне бiз дән риза мыз! – деп Мұхаң оған басу айтты.
Арада бiрер сағат өткен жоқ, резина доңғалақты жеңiл арбаға 
жүрдек күреңдi жеккен, ар баның үстiне түктi қызыл ала кiлем 
төсеген Оразғали қайтып оралды да, ас­судың әзiр екендiгiн ха­
барлады. Жайдан­жай оралмапты, стансаның бастығымен ке­
лiсiп келiптi: айтуынша, алдағы жөндеу әзiрше бiтпейдi, ал ал­
да­жалда хабар келiп қалса – кезекшi жiгiт үйiне кiсi жiбередi; 
өзiнiң де бiр баласы ерттеулi тайымен станса басында болады; 
қысқасы, пойыз сiздерсiз ешқайда қозғалмайды...
Ендi, амал жоқ, бармасқа лаж қалмады. Лақтың уылжыған 
дәмдi етiн тоя жеп, оның арты 
нан тостағандап шұбат iшiп, 
одан соң түйенiң құнарлы сүтiне қатқан қазақы күрең шайға 
әбден қанып, қос қаламгер бастаған бiр топ жолаушы үй иесiнiң 
дастарқанына көл­көсiр рақмет айтып вагонға қайтқанша, 
пойыздың жүруi жайында әлi де ешқандай хабар болған жоқ­
ты. Жолаушы жiгiттердiң манағы жорамалы да түп­түгел 
дұрысқа шықты: жолазыққа арналған үйеме табақ ет пен екi 
қымыран шұбат қоса келiп, қос қаламгердiң купесiне енгiзiлдi. 
Оразғалидың өзi бұл мезетте қадiрмендi ағаларына бойы үйренiп, 
көзi қанықты болған соң еркiнсiген шығар, тағы бiр шаруаны 
пысықтап айтып, ықтияттап тұрған­ды: апта сайын осы пойыз­
бен, нақ осы вагонның жүзтаныс боп қалған кезекшiсi арқылы 
екi үйге де бiр­бiр қымыран шұбат жөнелтiп тұрады; ағалардың 
мiндетi – соны Алматы стансасынан алғызып тұру ғана болмақ.
Сол жайында Оразғали Ерекешов газеттегi естелiгiнде былай 
деп сыр шертiптi:
«Әкелген заттарымызды, яки Аралдың дәм­тұзын – шұбат, 
балық, қазы­қартаны iшке кiргiзiп жайғастырдық. Мұхаң 
Мәскеуден базарлық деп, өз сый­сияпаттарын берiп жатыр. Ал 
Ғабең болса, неге екенi белгiсiз, менi бiрден Алматыға қонаққа 
шақырды. «Жазға қарай астанаға кел, зиялы қауыммен та ­
ныс», – дедi. Содан келесi жылдың мамырында Алматыға келдiм. 
Ғабең Медеу жақта, жеке үйде тұрады екен. Үйiнде екi күн 
қонақ бол дым. Маған ықыласы ерекше ауып: «Оразғали, сен 
маған iнi бол, қатынасты үзбе, келiп тұр!» – дедi. Бұл маған 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
303
пайғамбардың сөзiндей әсер еттi. Сол күннен бастап өзiмнен 25 
жас үлкен Ғабеңмен әкелi­балалы адамдардай ғұмыр кештiк. 
Менiң сол кездегi бiр арманым – Ғабеңдi Аралдың жағасына 
апарып, аунатып­қуантып, елмен, жермен таныстыру бол­
ды. Ол кезде қазiргiдей емес, Арал кемерiне толып, шалқып 
жатқан теңiз едi. Неше жыл шақырып жүргенде Ғабеңнiң 
Арал топырағына келу сапары 1966 жылы ғана сәтi түстi. 
Қасында Қасым Қайсенов, Ғафу Қайырбеков, Сағи Жиенбаев –
үш нөкерi бар. Тағы кино түсiретiн жiгiттердiң де бiр тобы 
келгенi есiмде. Теңiз жағасына екi киiз үй тiгiп қойғанбыз. Ғабең 
сонда екi аптадай демалды. Ара­тұра аудан еңбекшiлерiмен та­
нысты, жүздестi. Ол кезде Арал байырғы қалпында. Кемеңгер 
адам емес пе, Ғабең Аралдың болашағына көз жүгiртпей оты­
ра алмады. Теңiз жағасындағы ұзақ кештерде ол ел адамдары­
мен бiрге сұхбат құрып отырып, Аралға төнiп келе жатқан 
қауiп жөнiнде әңгiме қозғап қоятын. Сол жылы оның «Прав­
да» газетiнде мақаласы шықты. Сонда ғана барып бiлдiк Арал 
болашағының бұлдыр екенiн. Бiр мақаласында ол кiсi: «Теңiз 
тiршiлiгiн жақсы бiлетiн ғалымдардың ойларына қарағанда, 
бiздiң Арал теңiзiн осынша тонауымыз түптiң түбiнде үлкен 
өкiнiшке соқпай қоймайтын апатқа ұшыратады. Алпыс төрт 
мың шаршы шақырым жердi алып жатқан теңiз ақыр аяғында 
құрғап қалар болса – одан борайтын тұзды шаң қанша дүниенi 
бүлдiретiнiн кiм бiлсiн!?» («Қазақ әдебиетi», 1981 жыл, 11 қыр­
күйек), – деп жазды. Бұл ойлар оны сол 1966 жылы­ақ мазалай 
бастаған екен...»
– Ту баста бiз оған ризалық пейiлмен ғана келiсiп, үйiмiз­
дiң тұрақ­жөнiн айтқамыз, – деп әңгiмелеген­дi бертiнде 
Ғабит ағай маған. – Мұхаңның үй iшiнiң Сексеуiл стансасы­
нан апта сайын келетiн жұғымды шұбатты нақты неше жыл 
iшкенiн бiлмеймiн, ал бiздiң үй оның рақатын көргелi, сірә, 
жиырма жылдан асты бiлем, көктемнiң ту басынан басталатын 
тасымал қар бiрер жауғанға дейiн үзiлiп көрген емес. Оразға­
лидың бiзге мiндеттеп қойған шарты – босаған ыдыс оралса 
болғаны. Әрине, әйелдер жағы өзара сәлем­сауқат ауысатын болу 
керек, оның үстiне екi арадағы қоржын тасымалдаушы вагон 
кезекшiлерiне де терiс емес, өйткенi екi жақ та олардың еңбегiн 
қақас қалдырмайды...

Медеу СӘРСЕКЕ
304
– Мұныңыз ғажап әңгiме екен. Бiрер ай, иә бiр жыл емес, 
жиырма жыл бойы сонау Арал жағасынан қаншама бейнетпен 
Алматыға шұбат тасып, бәрі­бәрiн соның сiзге деген құрметпен 
түсiндiру, – деп мен сенер­сенбесiмдi бiлмей таң болғам. – Әмбе 
соны ба быма келтiрiп әзiрлеу мехнаты қаншама!..
– Иә, сену қиын, – деп қостаған­ды менi аға қаламгер. – Бiздiң 
қазақтың кейбiр сый­сияпатының соңында күн iлгерi ойлаған 
есебi де болады. Ораз iнiмнiң мұншама мыр залығына бiздiң үй 
бiршама уақытқа дейiн күптене қарап жүрдi. Мен өзiм де қай 
күнi алдыма келiп, «Мына бiр баламды оқуға түсiрiп берiңiз, 
иә астанадан қолайлы қызмет, пәтер әпер!» десе, амал қанша, 
қарыз болып қалдық, бiр кездегi көңiлшектiгiң үшiн өкiнесiң 
де, қолыңнан келгенше бiрдеме жасайсың ғой. Алайда Оразғали 
бiзге мұндай тiлекпен бiрде­бiр мәрте қолқа салған жоқ. Телефон 
соқса да, телеграмма жолдаса да, айтатыны – бiр сөз: «Шұбат 
ұнады ма, тағы не тiлейсiздер, жиiрек жiберейiк пе?»
– Онда бұл – нағыз әулие кiсi! Бүгiнде тiптi кездеспейтiн.
– Не десең де, Медеуо, бұл бағаңа сенiң алып­қосарым жоқ!
1972 жылдың көктемiнде Ғабит Махмұтұлының туғанына 
жетпiс жыл толған тойы Алма тыда зор салтанатпен атап өтiлдi. 
Сол тойға Ертiс бойында тұратын әдеби 
етшi қауым атынан 
құттықтап мен де барғамын. Абай атындағы қазақтың мемле­
кеттiк опера және балет теат рының әсем залында басталған сал­
танат келесi күнi Жа зушылар үйiнiң клубында жалғасты да, 
оның соңы «Алматы» мейманханасының ас тындағы үлкен мей­
рамханада төрт­бес жүз кiсi қатысқан үлкен банкетпен бiттi...
Той тарқаған соң Ғабит ағай менi үйiне шақыртты. Тағайын­
далған мерзiмде барсам – жалғыз емес, той күндерi қызмет жа­
саған үлкен­кiшi серiктерiн түгел жинапты. Дастарқан жасатқан. 
Үстел басында алқа­қотан отырып, әңгiме шерттiк. Әрине, кеше 
ғана болып өткен той жөнiнде де әркiм өзiнше мадақ айттық.
– Осы күнгi тойдың машақаты аз емес, онда артық­кем айты­
латын сөздер де аз болмайды. Менi төрге отырғызып қойып, ба­
ладан бетер көп мақтаудан бұл жолы кемшiн болған жоқ, – дедi 
бiр сәтте Ғабең өзiн тағы да нешiншi мәрте қошеметтеушiлерге 
тыйым салғысы келгендей тоқтау айта сөйлеп. – Ал мен өзiм осы 
тойда бiр досымды сыйлап, сiрә, разы етiп қайтардым. Нақ бүгiн 
соған қуанып, мой нымнан бiр ауыр жүк түскендей жеңiлейiп 
отырмын...

ШЫҒАРМАЛАРЫ
305
Айтуынша, осыдан бiр ай шамасы бұрын Қызылорда облы­
сынан Оразғали досы телефон шалып: «Ғабит аға, сiз маған 
Алматыға барған сайын жалғыз неге келесiң деп ренiш бiлдiрушi 
едiңiз. Ал биыл, рұқсат болса, сiздiң жетпiс жылдық тойыңызға 
бала­шағаммен баруға көңiлiм ауып тұр», – деген. «Құп, – дедiм 
оған. – Бiздiң шаңырақ сенi бар қонақтан өзгеше қарсы алып, тек 
қана үйде күтедi. Тек келудi бiл!»
Сол уәде бойынша, той басталуға бiр апта қалғанда, ертеңгiлiк 
мерзiмде есiктегi электр қоңырау зың етiп, «Ассалаумағалей­
кум!» деп, қоңырқай жүзi күнге күйiп мүлдем қарайған, баяғы 
қою мұрты селдiреп, бозқырау кiрген Оразғали кiрiп келедi. 
Жолдан шаршап келгенiн, әмбе әлденеге абыржып тұрғанын 
аңғарған қаламгер:
– Ал, жоғарылат, Ораз інім! Қош келiпсiң! – дейдi.
– Жоғарыға ертең шығамын, ағасы, – деп жөнiн айтады Ораз­
ғали. – Ал қазiр ертелетiп жет кен шаруамды тындыруым керек. 
Сiзге арнап сонау Аралдан әкелген бiр сыйлығым бар едi, ана 
жылы өзiңiз жататын киiз үй. Соны қай жерге тiк дейсiз? Есiк 
алдындағы әйдiк алаң өте­мөте қолайлы екен, тәуекел деп сонда­
ақ тiккiзсем – қалаңыздың милициясы төбеме әңгiртаяқ ойна­
тып, әкiреңдеп жүрмей ме?..
– Өйткенiң көлденең көзге түрткi болар, әмбе қаланың топыр­
лаған бала­шағасынан да көз ашпайсың. Жарайды, келiп қалған 
екенсiң, үйдi тiгетiн жердi сусын iшiп, терiңдi басқан соң бiздiң 
балалар көрсетедi, – дейдi қаламгер.
...Бұдан бiрер жыл бұрын Алматының Кеңсай деген күншы­
ғыс бөктерiнен Ғабең де сая жай сатып алған. Алматының зиялы 
қауымы жазда барып тұратын, жемiс ағашын, бақша өнiмдерiн 
өсiретiн жер алып, бiр­бiрiмен жарысқа түскендей, небiр сәндi 
де кең үйлер қалқайта бастаған жаппайғы дақпыртқа, сiрә, 
елiксе керек. «Кеңсайдан сiзге қолайлы бiр саяжай таптық» де­
ген хабар тиiсiмен­ақ, М. Горький атындағы демалыс бағының 
ту жел кесiнде тұрған шатқалға көтерiлiп, сатылатын үйдi көредi 
де, қожайынның сұраған пұлына бiрден келiсiп, қол алыса­
ды. Сауда ғана емес, тiршiлiктiң өзге де қам­қарекетiне ен жар 
қарайтын қаламгер, әрине, сол кездегi саяжай нарқынан екi­үш 
есе артық төлеген. Бұл үйдi мен де көргенмiн. Жазушы Бердiбек 
Соқпақбаев, менiмен сыйластығы бар кiсi едi, өзiнiң осы сайдың 
желке тұсындағы саяжайын көрсетуге апара жатып, шатқалдың 
20­247

Медеу СӘРСЕКЕ
306
тап ор тасындағы шағын да жайдақ алаңда оқшауланып тұрған 
шатырлы ақ үйдi көрсетiп: «Мынау Ғабит ағаңның әлей қымбат­
қа сатып алған саяжайы», – деген­дi. Үйдiң Бекең атаған нарқы 
маған тым көтерiңкi сияқтанған соң, бiр жолы оның себебiн 
Ғабеңнiң өзiнен сыпайылап сұрағанымда, ол кiсi жымиып: «Е, 
оны мен мамырдың аяғында алдым ғой. Көруге барсам, үйдiң 
айналасы қызылды­жасылды жайқалған гүл екен және нендей 
бiр әдемiсi, түр­түрi өсiрiлген. Қызыққаным сонша, сол жер­
ден ешқайда кеткiм келмедi. Қожайыны да пәлекет неме екен, 
соны сезiп қалып, әкесiнiң құнын сұрады», – деген­дi. «Гүлдер 
биыл да өсiп тұр ма?» – десем: «Қайдағы, – деп қолын сермеген­
дi қаламгер, – оны баптап өсiру үшiн көп еңбек ету керек екен. 
Бiздiң үйдегiлер соған уақытында барып, жерге түсiп жатқан 
өрік пен алмасын жинауға да ерiнедi. Ал қазiр айналасы жүрiп 
болмайды, белуардан келген алабота, неше түрлi арам шөп...»
Оразғалиға Ғабеңнiң ертiп берген күйеу баласы сонау Арал 
теңiзiнiң жағасынан келген жүк машинаны нақ осы жерге алып 
барады.
Келесі күні Оразғали қаламгерге келiп, сыйлық үйiн көруге 
шақырады.
– Сендерге – өтiрiк, маған – шын, – дедi Ғабең бiзге жымия 
қарап. – Бап­күтiмi болмаған соң, бiр жылда­ақ адам көргiсiз 
қалыпқа енген саяжайымды танымай қалдым. «Еңбекқор адам 
барды ұқсата бiледi» деп, тегiнде, осы Ораз тәрiздi азаматтарды 
айту керек: бұрын неше түрлi гүл өсiрiлген алаңның тап ортасы­
на алты қанат ақбоз киiз үй тiгiлген; айналасындағы арам шөптi 
шалғы орақпен бiртегiс етiп отап тастапты; шырмауық басып, 
қалың шөп орап тұрған алма, алмұрт, өрiк ағаштары да бұғаудан 
босаған тұтқын құсап, еркiндiк алған соң, жапырақтарын кеңiрек 
ашып, жайнай қалыпты. Қысқасы, не керек, қараусыз тұрған 
саяжайымыз қайтадан жайқалып, өзiмiзге қайтқандай болды. 
Ал тұнған көктiң ту ортасына қонған киiзi аппақ шағаладай, 
сүйегi еңселi үйдiң сән­салтанатын айт паймын, мақтанды деп 
ойларсыңдар. Ескертер бiр гәп: көрсiн, iшi күйсiн деп анау кәрi 
құрдасымды ала барып едiм, шынында да қызғанды­ау деймiн, 
Ғабиден ағаларың үйге кiрерде есiнен танып, құлап қала жазда­
ды...
– Ғабиден ағай қызғанған жоқ, бiрақ сiзге «Оразғалидай 
Атымтай жомартты баяғыдан берi таныстырмай, жалғыз өзiң 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
307
сорып келдiң» деп орайлы қалжың айтты, – дедi Жайсаңбек 
Молдағалиев, ол да дастарқан басында отыр едi. – Үйдiң, әрине, 
iшi­сыртын бiрдей етiп, қазақ салтымен шыттай жаңалап, iс­
мерлерге әдемiлеп әзiрлеткен; басқұр, дөдеге, таңғыштардың, 
бақан, уық, шаңырақтың сүйегi, бояу­өрнектерi, тiптi босағаға 
ұстайтын ас шиiне дейiн айтып болмайды, ерекше сәнді кес­
кiнделген. Оның үстiне Оразғали сабаз алдын ала ойластырып, 
бiрнеше күнге жетерлiк етiп ас­суын, iшiмдiк, сүр ет, шұбат, 
қазы­қарта, неше түрлi балық түрлерi сияқты той жабдық тарын 
да дайындап келiптi...
– Жөн­ақ, қандай келiстi iс! Ғажап адам!
– Осының бәрiн бiр ғана оқырмандық iзетпен жасап отыр! – 
дестік біз.
– Әлқисса, содан той тарқаған соң, бұрнағы күнi Оразғали 
бiзден ауылына қайтуға рұқсат сұрады, – деді қаламгер со­
зылып бара жатқан әңгіменің аяғына бірден түсіп. – Ендi бiз 
ойладық: бұл қонақты қалайша разы етiп қайта рамыз? Атамыз 
қазақ мұндай жағдайды да ескерiп, «Алаған қолым – береген!» 
деген. Бала­шаға айтты: «Осы тойға Қазақстанның барша облыс­
тарынан келген қымбат сыйлықтар дан таңдап­талғап, аралдық 
досымыздың үй iшiне түп­түгел сыбаға­жоралғы берейiк...» 
«Дұрыс, – дедiм. – Не бергiлерiң келедi, кәне, ортаға қойыңдар!» 
Шапан, бөрiк, кiлем бас татқан үш тоғыз дерлік сый­сияпат бір 
төбе болды. Оразғалиды шақырттым. Ол сабаз ештеңе алмай­
мын деп азар да безер болды. Бiрақ бiздiң балалар да еркiне 
қоймады, қоржынына са лып бердi. «Ал ендi, Ораз iнiм, менiң 
жеке­дара сыйлығымды өзiң таңдайсың, – дедiм ақырында. – 
Менде қазiр екi машина бар... Бiрi – жүрдек «Волга», ГАЗ­24, 
жаңа деуге болады, алғаныма үш­төрт жыл болса да көп жүргем 
жоқ. Екiншiсi – аңға мiнетiн ескiлеу УАЗ, алды­арты бiрдей 
жүргiш, оның алынғанына он шақты жыл болды, өңi жөнендеу, 
жамылғышын күн жеп ағараң тартты, бiрақ күйi жаман емес. 
Осы екеуiнiң бiреуiн саған сыйлаймын, қайсысын қалайсың, 
таңдау – өзiңнен!» Қонағым тағы да жатып тулады. Айтаты­
ны – баяғы «Сiзден машина мiнем деп кел гем жоқ, тойыңызды 
көрiп, өзiңiздi құрметтеу үшiн келдiм!» «Жоқ, аласың, қазiрде 
мен аңнан қалған кiсiмiн. Екі машинаның маған енді керегі 
жоқ! Ескi демесең – УАЗ­ды мiнiп кет, болмаса жүйрiк «Волга­
ны». «А пыр­ай, мұныңыз қиын болды­ау...» деп байғұс шын­ақ 

Медеу СӘРСЕКЕ
308
қиналды. Әсiлi, қолы ашық кiсiнің алуға онша құмар болмайты­
нын бiлетiн шығарсыңдар? Сондай да адамдар болады. Ақыры, 
мен «аласыңды» үш мәрте қайталаған соң, «Жаңа машинаны 
кiшi күйеу балаңыз мiнiп жүр екен, қозғамаңыз. Өзiңiздiң ащы 
терiңiз сiңген, қимас досыңыздай көзiңiз болған ескiсiн алайын» 
дедi.
– Апыр­ай, мұныңыз да тiптi жөн iс болған екен!
– Оразғалидай жомарт жанға лайық сыйлық!
– Сонымен, кешегi күн машинаның документiн алмастыруға 
кеттi. Оның қағазына «О 
разғалиға, ескiрмес­тозбас достығы 
үшiн осы машинамды сыйладым!» деп, қол қойып бердiм. Бү­
гiн түске таман Ораз iнiмдi қаланың түстік сыртына дейiн шы­
ғарып салып, иықты бiр борыштан босатып, қуанып отырмыз. 
Оразғали да дән риза болды, ауылына «ат мiнiп», абы ройлы 
кеттi; бiз де разымыз – көп жылдан берi үйiнен дәмдi асын ақы­
пұлсыз тасып, ақ адал жүрегiмен қызмет етiп жүрген шынайы 
досымыздың көңiлiнен шықтық деп. Солай, жарандар, бұл 
дүниенiң қызық­шыжығы да нақ осындай алыс­берiстен тұрады. 
Бiрiңдi бiрiң тiршiлiкте шынайы пейiлмен сыйлай бiлу керек. 
Ешкiм де бұл тiрлiктiң мал­мүлкiн өзiмен бiрге ана дүниеге 
алып кетпейдi. Дүниеден тоқ сан мыңды айдаған Қарабай да, он 
жетi мың жылқы бiткен Жұман да, өз заманының кiлтiн тауып, 
қара суды терiске ағызған ақылды Игiлiктер де өткен. Тегiнде, 
жер бетiнде тырнақтап, арыңды жалдап жиған­терген байлығың 
емес, атқарған азды­көптi мәндi iсiң қалады, – деп Ғабит аға 
өзіндік ұлағаты мол осы хикаятты тәмамдаған­ды...
* * * 
Ғабит ағаның туғанына жүз жыл толу мерейтойына «Мен 
білетін Ер Ғабең» деген атпен шағын көлемді хикаяттар 
жинағын «Атамұра» баспасынан жарыққа шығарып (Демеу­
шісі – Солтүстік Қазақстан облысының сол қарсаңдағы әкімі 
Қ.Ы. Нағыманов), Ғабит ағаның рухын өзімше жаңғыртқан дай 
болып мерейленіп жүрген шақ еді, 2002 жылдың қоңыр күзін де 
үйімдегі телефон шыр­шыр ете қалды. Трубканы көтерсем, бай­
ланысшы әйел:
– Сәрсекенің пәтері ме? Сізді Арал қаласымен жалғастыра­
мын, – десін. Арал бойында менің танысым жоқ, ат ізін салмаған 
жерім. Таңданарлық қоңырау...

ШЫҒАРМАЛАРЫ
309
– Медеу інімсің бе? Мен өзің Ғабеңнің досы деп жазатын 
Оразғали Ерекешовпін, – дейді Арал қаласынан телефон соғушы.
– Ассалалаумағалейкум, Ореке! Білдім жөніңізді, есен­саусыз 
ба? Үніңізді естегеніме қуаныштымын! Хал­күйіңіз қалай? Бала­
шағаңыз есен бе? Қайда тұрасыз?
– Дін аманмын, қарағым. Сірә, мен сізден үлкенірек болар­
мын, інім деп тұрғаным да содан. Денсаулығым жоқтау, кә­
ріліктің қорасындамын, заңгер қызымның күтімінде, Арал 
қа 
ласында тұрамын. Денсаулықтың кемдігінен Ғабит ағаның 
жүз жылдық тойына бара алмадым, балалары шақырған еді, 
амал қанша?! Жә, енді өзіңді іздеген себебімді айтайын: балам 
жуықта маған «Ақиқат» журналын тауып әкелді. Ғабит ағамен 
қимас достығымды жеріне жеткізе, қарағым, тәптіштеп­ақ 
жазыпсың. Ерекше қуанып, жастық шағым есіме түсіп, Ғабит 
ағаның өзін көргендей болып, қатты тебірендім. Жасымнан он 
жылымды шегеріп тастағандай болып, көңілім марқайып, жа­
сарып та қалдым, Медеужан. Көп рақмет, рақымы күшті Алла 
саған зор денсаулық һәм бақыт берсін! Сөзіңнің қатесі жоқ, тұп­
тура қасымда жүргендей, өз аузымнан естігендей етіп жазыпсың. 
Ағаның 70 жылдық тойында бірге болсақ та – кездеспегеніміз, 
тілдеспегеніміз өкінішті. Соны енді кеш болса да түзетейін, өзіңе 
шексіз ризалығымды білдірейін деп, телефоныңды Жазушылар 
одағынан сұратып алып, хабарласып тұрмын, қарағым!..
– Зор рақмет сізге! Ғабең мерекесіне арнап кітап шығардым. 
Оған өзіңіз журналдан оқыған хикаятты да қостым, Ореке.
– Бәрекелді оңды іс болған екен, кітабың туралы ештеңе біл­
меймін. Естіп тұрғаным осы. Ал енді, қарағым, тұрағыңды айт, 
келіннің есімін. Ендігі рақметті саған пошта арқылы айтамын...
– Ақсақал, оны қойыңыз! Қазіргі заман оны көтермейді. 
Атымтай жомарт атанған адамның кеңпейілдігі, қолында 
барды алыс­жақын демей, үлестіргіш қылығы, сірә, өзгермейді. 
Арада он шақты күн өткен соң біздің үйге сонау Аралдан 
қомақты сәлемдеме келді: маған қалпағымен оқалы шапан са­
лыпты, қосағыма көйлектік пұл, «Кәрі жолдасым еді, Медеу 
ініме риза көңілден байладым» деген қолтаңбасы бар шын­
жыр баулы қалта сағаты, менің хикаятымды көшіріп басқан 
жергілікті газеттің бір данасы, Орекеңнің өз замандастары жай­
ында шығарған естелік кітабы, Ғабеңмен бірге түскен бірнеше 
фотосуреттің көшірмесі...

Медеу СӘРСЕКЕ
310
Қарыз болып қалмауды ойлап, «Мен білетін Ер Ғабеңнің» он 
шақты данасын, өзге кітаптарымнан да бірер данасын Аралға 
жөнелттім. Орекең сыйлығымды алғанын, риза болғанын айтып 
хат жазыпты. «Жол – ағадан» деп, қазірде қоныс еткен мекеніне 
қосағыммен қонаққа шақырыпты. «Ғабеңе мен қадірлі іні болып 
едім, енді саған аға болайын, от жаққан үйімді көріп, дәм татып, 
аунап­қунап қайт, қарағым!..» деп, жүрек қалауын білдіре тілек 
жолдапты. «Жіберген кітабыңды бала­шағама, олар тауып бер­
ген құдалар мен сыйлас ағайынға үлестіріп бердім. Бәрі де дән 
риза болды. Бірақ жетпей қалып, өкпе айтып жүргендері де аз 
емес» деген сыпайы ескертпесі де бар...
Бұл хат бес­он жыл бұрын жолданса – он екі мүше сау, көңіл де 
алып­ұшып тұрған кезде, Арал бойын аралап қайтуға құлшына 
аттанар едім. 1987 жылдың қоңыр күзінде Жезқазғаннан екі 
машина алып, Байқоңыр космодромын қиыстай өтіп, Аралдың 
тандыр боп кепкен табанын баса жүріп, Жосалы стансасы­
на жетіп, одан Қызылордаға дейін емін­еркін саяхаттаудан 
ерінбеген һәм соншама үрдіс жүріске мәу демеген едім. Амал 
қанша, сол күндегі ел аралауға құштарлық та, тәулігіне он 
шақты сағат бел жазбай, жеңіл автомобильдің руліне шыдайтын 
денсаулық та қазір менде жоқ. Оразғали Ерекешұлына рақмет 
айтып, оған қоса өзі қалаған кітабымның тағы бір бумасын пош­
тамен жолдап, «Дәм жазса көрерміз...» деген сыңайда сыпайы 
жауап бердім.
Содан бері де үш жыл өтті. Ал өмір ағын судай қым­қуыт 
тір 
лікте өтіп жатыр. Төртінші жылы болса керек, «Егемен 
Қазақстан» газетінен «Ғабит Мүсіреповтің сыйласқан дос інісі 
Оразғали Ерекешов қайтыс болды» деген ақпарды оқып, бәйбі­
шеме шелпек пісіртіп, Орекеңнің аруағына арнап дұға оқып, ар­
тында қалған ұл­қыздарына саулық пен бақыт тілеп бетімді си­
падым. Көрмесем де жақсы кісі екендігі көңілде ұялаған қимас 
жанға көрсеткен құрметім еді...
1991 жылдың сәуірі – 2001 жылдың мамыры

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал