Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.19 Kb.

бет17/19
Дата08.01.2017
өлшемі7.19 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

«ЖОЛДЫ МҰХАҢА БЕРДІМ»
Заманымыз бiр, жасымыз да шамалас – небәрi үш­ақ жыл 
болғанымен бiршама уақытқа дейiн мен Қанекеңе, кәдуiлгi 
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа жақын жуықтап, кейбiр әрiп­
тестерiмдей қойын­қолтық араласқан кiсi емеспiн. Әлбетте, ол 
бiзден ойы да, бойы да, та нымы да көш iлгерi жан: Қанекең ең 
алдымен жолды геолог, iрi инженер ретiнде та нылды; ғылым 
ордасына жетекшiлiк еткенде де, әредiк болмаса – бiзбен де, 
әдебиет iсiмен де тiкелей шұғылдануға мұршасы жетпедi; мен 
де жазушылықты ғылым әуейiнен қашық жатқан тiрлiк деп 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
275
есептеп, академияға онша мойынсұна қоймадым; оның үстiне 
кiсiге жуық маңда жұғыса қоймайтын, әсiресе өзiмнен лауазы­
мы жоғары әкiмдерге жалпақтауды жаным сүймейтiн тарпаң 
мiнездiлеу жанмын. Қысқасы, көп жылдар бойы бiр қалада 
тұрсақ та, кеңсесiне iздеп барып, иә дастарқан басында жиi 
ұшырасып, Қанекеңмен мәсли хат құрудың орайы келмедi. Әл­
бетте, қызмет бабымен әлдебiр жиынның төрiнде ұшырасқан 
кезде бiр­бiрiмiзбен қол алысып, ізетпен сәлем бергенiмiз, аз­кем 
тiлдесiп, оны­мұны жайында сөйлескенiмiз есеп емес... Сөйтсе де, 
бертiнде, Қаныш Имантайұлы академияның президентi мiндетiн 
атқаруға екiншi мәрте оралған кезде ол кiсiмен жақынырақ жа­
насып, тiптi бiр­бiрiмiзге құштарлық байқатқандай жағдайға 
келдiк, – деген кiрiспемен бастаған­ды Ғабит ағай менiмен бұл 
жолғы оңаша сұхбатын.
Академик Сәтбаевтың өмiрi жайындағы деректi еңбегiмдi 
қайыра қотарып, кем­кемтiгiн толықтырып жүрген кезiм едi. 
Заманы тұстас тұлғалар болғандықтан, Ғабеңе де Қаныш Иман­
тайұлымен кездесулерi жайында сыр шертудi өтiнгемін.
– Брежневтiң Мәскеуге, Жоғарғы Советтiң төралқасына бас­
тық болып жоғарылап, Қа зақстаннның билiгi әлжуаз Беляев тiң 
қолына көшкен өлара уақыт­ау деймiн... – Ғабит аға та мағын ке­
неп, әлдебiр жайсыз оқиға есiне түскендей, бiршама уақыт тым­
тырыс отырды да, әңгiмесiн жалғады. – Демек, бұл – елу жетiншi 
жылдың аяғы. Иә, сол кез. Қыс екенi анық. Жол түсiп, Мұхтар 
екеумiз Мәскеуге бiрге барғамыз. Жатқан тұрағымыз – «Москва» 
мейманханасы. Күндiзгi әбiгер жүрiстерден соң, аяқ суытып 
тынығып жатқан кешкi мезгiл едi. Таған үстiнде тұрған теле­
фон ке нет шыр ете қалды. «Ғабеке, сау­сәлеметсiз бе? Мәскеудiң 
қызығын қызықтап, достардың шай­мәзiрiн адақтап болсаңыз – 
маған келiп, кәдiмгi қазақтар құсап бас қосып оты рып, бiрер сағат 
сұхбат құруды қалай көресiз? – дедi бейтаныс бiр үн. – Сәлден соң 
Мұхаң да келмек. Мұхаңның бiзден бiрер көйлектi бұрынырақ 
тоздырған үлкендiгi бар ғой. Әуелi сол кiсiмен келiстiм, ал сiзге, 
Ғабеке, екiншi кезекте телефон шалға ныма ғапу етiңiз!..»
«Мұншама сыпайы сөйлесiп, ерекше инабаттылық таныту­
шы, апыр­ау, кiм?» деп ойлап тұрдым да, күндiзгi түстiк үстiнде 
профессор Төлеген Тәжiбаевтың «Қанекең де осында, онын­
шы қабатқа орналасты» дегені есiме түстi де, «Апыр­ау, сiз 

Медеу СӘРСЕКЕ
276
Қанекеңсiз бе?» деп едiм, «Пәлi, Ғабеке, тағы да ғапу етiңiз! 
Жөнiмдi айтпаппын ғой. – Кеңкiлдей күлiп сәл­пәл сергiп алды 
да, – иә, Сәтбаевпын, – дедi. – Мәскеуге жұмыс жөнiмен кеше 
келiп едiм, сiзбен бiр шатырдың астындамын. Ал күтемiз бе, 
қасыңызда бөгде кiсi жоқ па едi?»
«Бiз келгелi бiраз болды. Қанеке, қазақтың ерулiк деген 
рәсiмi бар емес пе?» деп сыпайы лап емеуiрiн аңғартып едiм, 
«Қазақ дәстүрiн сақтағыңыз келсе, Ғабеке, «Жол – ағадан» деген 
де сөз бар. Сондықтан бүгiн маған қонақ боласыз, ал күтемiн» деп 
бөлмесiн атады. 
– Қаныш аға «Москва» мейманханасында үнемі 1052­бөлмеге 
тоқтаған. Мейманхана кезекшілері де бұл рәсімді бұзбай, үемі 
осы бөлмені әзірлеген... – деп мен де «білгіштігімді» аңғартып 
едім:
– Солай ма, онысы сонда оныншы қабаттағы жалғыз кiсiлiк 
үлкен бөлме екен, – деді Ғабең маған жымия қарап. – Ал бiз, 
қаламгерлер қауымы, сән­салтанаты молдау, екi не үш бөлмеден 
тұратын қымбат та кең жайға түсеміз. Қанекеңдей ғұлама, лауа­
зымы зор кiсiнiң мынадай бiр бөлмелi жұпыны жайды қанағат 
ететiнiн көзiммен көрмесем – сiрә да сенбес едiм. Бөлмесi ерек­
ше кең және Манеж, Қызыл алаң, тiптi Александ ров бағының 
бiрталай бөлегi түп­түгел көрiнетiн бұрышқа орналасыпты. Сірә, 
сол жайтты да ұнатқан сияқты­ау. Бөлменің ішi көп­көрiм сәндi 
жабдықталған. Қысқасы, сол бөлмеге көтерілдім. Өзiмдi сол 
күні түстiкке жығынды еткен Төлеген Тәжібай баласын қайта 
кезiктiрдiм. Бұл қарсаңда ол, ұмытпасам, Қазақстанның Сыртқы 
iстер министрi, «ұлтшылдық iздеу» науқанында бiршама зардап 
шегiп, төмендеп қалған. Сәлден соң «Қаныштың елден әкелген 
қазы­қартасы мол деседi, бiзге де содан бiрдеме бұйыратын 
шығар­ау!» дегендей әзiлмен есiктен дауыстай сөйлеп Мұхаң да 
кiрдi. Мұхаң өзгеше көңiлдi сияқты көрінді.
Қанекеңмен екеуi жас күнінен таныс, Семейдiң мұғалім дер 
семинариясында бiрнеше жыл қатарлас оқыған. Әншейiнде де 
мәжiлiстiң көсемi болып, бәрiмiздi билеп­төстеп еркiн отыратын, 
әдебиеттегi дара көшбасшымыз келе­ақ көл­көсiр әңгiме баста­
сын...
Даяшыға ескертiп қойған тәрiздi, қоларбаға тиелген бiрта­
лай ас, саусылдаған iшiмдiктер де әкелді. Бөлмедегі үстел ортаға 
қойылып, оның бетiне ақ дастарқан жайылған соң, Қанекең 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
277
маған қарап, «Ғабе, төрге шығыңыз. Бүгiнгi құрмет ең алдымен
сiзге! – дедi дау тiле мейтiндей шыраймен бұйыра сөйлеп. – Өйтке­
нi мына кiсiлер – менiң сый­сияпатымды бұрыннан да көрiп жүр­
ген ағайындар. Ал сiз бен бiз бұрын­сонды мұндай оңаша жағдай­
да болған емеспiз. Мұхаң да бұ жолы сiзбен таласпас деймiн...» 
«Жо­жоқ, Қанеке, менi ұялтпаңыз. Мұхаңның жолы әрқа­
шанда төрде» деп шы 
нымды айтып, қарсылық жасап едiм
«Ғабеке, үш академик бiр дастарқанда қатар кезiккенде жол­
ды жалаңтөс жазушыға ұсынғаны жарасымды болмақ, қым­
сынбаңыз, төр сiздiкi» деп Төлеген де көсемсiдi.
Осы ізеттің соңында бiр гәп барын сездiм. Тәптiштеп сұрау 
ыңғайсыз. Бұйырғанын көрермiз дегенге сайдым да, ұсынылған 
төрге жайғастым.
Маңғаз Мұхаңның менiң күптенген жай­күйiмде жұмысы 
болған жоқ, «Е, бұларың тiптi жөн­ақ...» дегендей сәл жымиып, 
әлгiнде бастаған әңгiмесiн көсiле сөйлеп отыр. Мұхаң әңгiме айт­
қан кезiнде тыңдай бiлу керек, өзге дүниенi бiржола ұмытып, 
көкейiндегi хи каятты майын тамыза шабыттана шертумен ғана 
бо лады. Әсiресе Абай тақырыбына түскенде...
Шарап құйылған соң Қанекең маған жанымды жадыратқан­
дай лебiз айтты. Президентiмiздiң кейбiр жазушылардың жаңа 
шығармаларын босатпай қа дағалап оқитынын естiгенмiн. Бiрақ 
ту кеше журналда жарияланған, иә баспадан шыққан жаңа 
кiтабым ғана емес, отызыншы жылдары жарияланған мөлтек 
әңгiмелерiмдi де ол кiсi жетiк бiледi деп ешқашанда ойлаған 
емеспiн. Соны өз аузынан естігенде таңғалдым.
Соның бәрiн аз сөзбен төндiре айтып шығып, ақырында 
Қанекең маған денсаулық тiледi. «Оянған өлкенiң» жалғасын 
сәттi аяқтап, қажет көрсеңiз ескерерсiз дегендей iлтипатпен қа­
зақ даласында үрдiс басталған өндiрiс тарихынан, әсiресе Нiлдi 
мен Спас жайынан нақтылы деректер келтiрiп, роман оқиғасын 
туған өлкемiздiң индуст рияландыру дәуiрiне жалғастыру жа­
йында да ой сала сөйледi. Бұған мен тәнтi бо лып, ойлануға уәде 
бердiм.
«Қанекең солай, iлiмнiң бар саласына бiрдей жетiк, барып 
тұрған энцикло 
педист ға 
лым деп мен ана жылы тектен­тек­
ке жазғам жоқ. Тегiнде, бiз, ака демияның төралқа мүшелерi, 
Қанекең ғылымның әр саласын жiлiкше шағып, ой қосып, толғана 
талдап сөйле генде, керең, иә зағип кiсi құсап, тым­тырыс мүлгiп 

Медеу СӘРСЕКЕ
278
отырамыз. Өйткенi сөз қосуға шама­шарқымыз жоқ. Көрдiң 
ғой, Ғабит, сенiң шығармаларың ту ралы әлгiнде жол­жөнекей 
айтқан пiкiрi әдебиет сыншыларының қай­қайсысына болсын 
ой салғандай, қала бердi бiрер диссертацияға жүк болғандай 
ұлағатты сөздер!..» деп Мұхаң да қостау бiлдiрдi.
– Сонда өзi бұл кiсiлер сiздi үш жақтап мадақтап отырып, 
үлкен бiр қолқа айтпақ па? – деп мен шыдамсыз дық аңғартып 
едiм, Ғабит ағай асықпа дегендей ишаратпен маған түйiле бiр 
қарап, әңгiмесiн жалғады.
– Сонымен, сөздi сөз қозғап, «Москва» мейманханасында бас 
қосқан төрт қазақ бiр­бiрiмiзге қошемет бiлдiрiп, асты да тә­
бетпен iшiп­жеп, түннiң де едәуiр мерзiмiн өткіздік. Ақырында 
мен ендiгi отырыс артық болар дегенге сайып, үй иесiнен жатын 
орныма қайтуға рұқсат сұрадым.
«Ғабеке, – дедi Қанекең үлкен­кiшiнi бiрдей құрметтеп сіз 
дейтін ежелгi әдетiмен маған қарап. – Айыпқа бұйырмаңыз, 
сiзге бiр тiлек айтқалы отырмыз. Тегiнде, мұны Алматыда, елге 
барған соң айтсақ та болар едi. Соны бiрақ уақыт көтерер емес, сiз 
де Мәскеуде, аңғаруымша, бiраз бөгелетiн сияқтысыз...»
«Иә, кем дегенде – бiр ай. Жазушылар одағының басқармасын­
да әр республикадан кезекпе­кезек атқаратын хатшылық мiндет 
бар. Менiң кезегiм ертең бас талмақ».
«Сол себепті мына Төкең екеумiз... – деп президент кенет де­
меу күткендей Төлеген Тәжiбаевқа ұмсына қарады. – Бұл шаруа­
ны сiзге осы жерде­ақ айтуды жөн көрдiк. Ал, Мұхаң, әдiлiн 
айтсақ, бұл әрекетiмiздi ұнатпайды. Сөйтсе де үш бiрдей тiлек­
тес iнiсi өзара сөз байласып, жә десе – бұл кiсi де қайда барар 
дей сiң, келiседi ғой...»
Мұхаң сол ойды жаратпағандай қолын сiлтеп, қарсылық 
бiлдiргiсi келгендей емеурiн аңғартып едi, Төлеген әлдене сұрап 
қасақана килiгiп, әлгі ойынан жаңыл 
дырып жiбердi. Прези­
дент болса әлгi ескертуден соң менен жауап күткендей, тым­
тырыс отыр. Күллi қазақ баласы ғұлама ғалымым деп танып, зор 
iлтипатпен сыйлап, ерекше қадір тұтатын Қанекеңнiң әлде бiр 
жұмбақ iстi туралап айта алмай, сыпайылық сақтап бүгежек­
теп отырғанына назаландым бiлем, «Қанеке, ол өзі нендей ша­
руа? Айта берiңiз, сiз қолқалап отырған тiлектi бермеген, иә 
терiске бұрған қазақтың, сiрә, бұл дүниеде жолы болмас!..» дедiм 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
279
қадiрмендi жанды қинамай әрі қажетсiз ұзақ сөзден бiржола 
адақтағым келiп.
«Рақмет, Ғабеке... – Қанекең жымиып, маған қарап басын 
изедi. – Өзiм де осы лай дерiңiздi бiлiп едiм. Сөйтсе де асықпаңыз, 
бiздiң қалағалы отырғанымыз – жеке бастың мүддесiне байла­
нысты iс, құп көрсеңiз – тәңiр жарылқасын деймiз, ал алда­жал­
да ұнат пасаңыз – ешқандай өкпе айтпаймыз, әңгiме осы жерде 
қалады...»
«Құлағым сiзде, Қанеке».
«Мына Төкеңнiң айтуынша, туар жылдың басында КСРО 
Жоғарғы Советiне депу таттар ұсыну науқаны басталмақ. Ресми 
қалыптасқан дәстүрдi бiлесiз: академияның басшысы ретiнде 
мен де, республика жазушыларының бiрiншi жетекшiсi жөнiмен 
сiз де депутатқа ұсыныла тын ат төбелiндей таңдаулы топтың 
жуан ортасында боламыз...»
«Мен одан, Қанеке, ештеңе бiлмеймiн. Әмбе бұған дейiн бiз­
дiң жазушылар қауымы рес публика болмаса, үлкен Советтен 
ешқашанда орын алып көрген жоқ. Оның үстiне бұл сұрап ала­
тын атақ емес» деп қашырта жауап берiп едiм, Төлеген Тәжiбаев 
тағы да кенеттен килiгiп сөзге қосылды: «Орталық Комитетте 
алдын ала әзiрленген тiзiмдi көрiп келдiм, Ғабеке, сенiңiз, – дедi. – 
Мәскеумен келiсiп, жазушылар үшiн деп бiр орынды қосымша 
сұрап алыпты...»
«Ондай жақсылық бiзге тиер болса – депутатқа лайық қалам­
гердi атау қиын бо лып па, Төлеген? Құдайға шүкiр, қазақ әде­
биетi қаншама қуғын­сүргiн көрсе де, бiржола жұтап қалған жоқ. 
Одақ түгiлi, Еуропа, қала бердi дүние жүзi сүйсiнiп оқитын хас 
суреткерiмiз бар. Ол – мына отырған Мұхаң! Бiзден, иә халықтан 
сұрар болса, бiр ауыздан атайтын қа лаулысы да – дарабоз ағамыз 
Мұхаң!» деп едім, осы әңгiме басталғаннан берi қабағы түксиiп, 
тымырайып отырған Мұхтар Омарханұлы менi өзiне қарай икем­
деп, екі қолымен қапсыра құшақтаған қалпы толғана тiл қатты: 
«Бұл Ғабит қашанда осындай – екi сөзi жоқ, турасын естiртедi, 
тiптi бiреудi жек көрсе де бетiне айтудан таймайды. Депутатқа 
халқым менi атар, иә атамас – ол ендi әлеуметтiң өз құқы. Ал мен, 
жарандар, Ғабиттiң ақ адал пейiлiне шексiз тәнтімін! Бұл – оның 
таза көңiлiнен, жүрегiнiң түпкiрiнен жарып шыққан азаматтық 
сөзi! Тiршiлiк әуенiне орай кiм­кiмде де пендешiлiк пиғыл бо­
лады. Небір жай саң әрiптестерiммен өкпелесiп те жүрдiм, кей­

Медеу СӘРСЕКЕ
280
де олардан түрлiше ғайбат сөздер де ес тiдiм. Ал Ғабит екеумiз, 
әгерәки ұмытсам бекер десiн, мiне, отыз­қырық жыл болды бiр­
бiрiмiздi бiлiскенiмiзге – бiр күн, иә бiр уақ «Әй!» десiп, рен­
жiскемiз жоқ. Әдеби пiкiрталастың жөнi бөлек. Солай ма, Ға­
бит? Ал бiз бұл өмiрдiң небiр тар жол, тайғақ өткелдерiнен аман 
өттiк, небiр аямас, сорақы талқылаудың да мехнатын кешiп, 
тергеу мен екшеуге түстiк...»
Мұхаңның естелiкке ауысыңқырап бара жатқан тебiренiсi 
мол әңгімесiн Қанекең жымиып отырып тоқтатып алды да, 
нақтылы сөзге аударды. «Бұл iске Сәбең қайтер екен? Араға сөз 
тасып, әрлi­берлi жүгiретiн пысықтар да шығады ғой...» деп 
күмiлжiдi.
«Бiздiң арамызда дау­дамай туғызбау үшiн депутат атауды 
Үлкен үйдiң өзi баста сын. Мен әлгiндегi сөзiмнен айнымай­
мын, қажет десеңiздер – бұл пiкiрге Ғаби 
ден құрдасымды 
тiзеге салып көндiре аламын. Орталық Комитет бұл жолы де­
путатқа Мұхаңды таңдадық десе – Сәбең де қарсылық етпейдi, 
партиялық тәртiпке бiрден бой ұсынады. Сөз де осымен бiтедi. 
Осыған уәде қылайық!» дедiм қолайсыз әңгiменi келтесiнен қа­
йырып.
«Бәрекелдi, жөн сөз!»
«Нағыз азаматтың сөзiн айтып отырсыз!»
«Бұл iстiң бiрақ бiр «Но»­сы болып тұр, – дедi Төлеген тағы 
да әңгiмеге қосылып. – Үлкен үйде әзiрленген тiзiмде, Ғабеке, 
сiздiң фамилияңыз тұр. Оны қайтемiз? Бұл, сiрә, сiздiң ресми 
қызметiңiзге байланысты жасалған iзет болу ке рек».
Манадан бергi жұмбақ гәптiң түп сыры маған ендi ғана мәлім 
болды. Сiрә, сол iстiң бүге­шiгесiн бiлiп келiп, әлдеқандай бiр се­
бептен қос ғұламаға ой салып, оларды күмәндi әрекет бастауға 
итермелеп отырған да – Төлеген са баздың өзi болса керек. Бәрі­
бәрiн шеберлiкпен ойластырған: Мұхаңды емексiтiп, Қанекеңдi 
өз ойына илiктiрген; менiң де бұл кiсiлерден жеме­жемге келген­
де аса алмасымды дәл есептеген... Төлегеннiң өзi шұғылданған 
психология iлiмi саласында қандай iрi еңбектер қалдырғанын 
нақтылы бiлмеймiн, оқыған емеспiн, ал iскерлiк қабiлетi ере­
сен мол, әсiресе адам мiнезiнiң құбылыстарын тап басып әрекет 
етуге ғажап ептi десетiн­ді былайғы жұрт. Сол қауесет рас болу 
керек, қырықтың үстiне шыға­ақ республика Ғылым академия­
сының толық мүшесi болып алды. Тегiнде, бiздiң қазақтан ше­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
281
телге ұзап шығып, елшiлiк жұмысқа тағайындалған некен­саяқ 
азаматтардың бірі – сол. Және қандай елге?! Индияға!
«Мен пiкiрiмдi айттым, ағайын, одан ендi қайтпаймын, – 
дедiм Төлегеннiң әлгi ескер тпесiнен соң, үнсiз отырып қалған қос 
ғұламаға қарап. – Орталық Комитетпен өздерiңiз келiсiңiздер. 
Ең дұрысы, бұл шаруаны аяғына дейiн ықтияттауды осы iске 
мұрындық болып отырған Төлегеннiң өзiне тапсырайық...»
«Олай десеңiз, Ғабе, Беляевтiң атына хат жазып берiңiз. Өз ор­
ныма дүние жүзi таныған ұлы қаламгер Әуезовті ұсынамын деп. 
Хатыңызды тиiстi жерге жеткiзiп, ар жағын реттеу iсi маған­ақ 
жүктелсiн» деп Төлеген лып етiп бiрден келiстi. 
«Төкеңнің әлгі ойы жөн сияқты. Тура сөйту керек!» деді Қа­
некең.
Күмәндi iстен өз басымды бiржола адақтап алуды жөн көрдiм 
де, Қанекеңнiң осы уәжiн дереу кәдеге жаратып, «Олай болса, 
хатты да Төлегеннiң өзi жазсын. Бiзден гөрi мұның iс қағазын 
жа зуға ебi басым, орысшасы да артығырақ, – дедiм көпшiк қоя 
сөйлеп. – Ал мен кiмге не жазса да қол қоюдан тартынбаймын...»
Ертеңiнде шынында да солай еттік. Машинкаға басылғанда 
ұзын ырғасы небәрi бiр жа рым беттей шағын хатқа қолымды 
қойғызып алып, Төлеген Алматыға аттанып кеттi.
Бiрақ бұл әрекетiмiзден, сайып келгенде, ештеңе шықпады.
Арада жарым ай өткен соң маған Алматыдан, Орталық Ко­
митеттен Нұрымбек Жандiлдин, хатшылыққа қолы жеткен кезi 
едi, телефон шалып, «Ғабит Махмұтович, Беляев жолдасқа жол­
данған хатыңызға бiрiншi хатшы «Қалып тасқан рәсiмдi бұзуға 
болмайды, Мүсiрепов жолдас сайлауға түскiсi келмесе – Жа­
зушылар одағындағы хатшылық қызметiнен де босат деп арыз 
берсiн...» деген пiкiр айтты. Сондықтан бұл әңгiменi сiз екiншi 
қайтара қозғамаңыз!» дедi.
«Мұхаңдай ұлы қаламгердiң алдына түскенiм өзiме ыңғай­
сыз. Жол тегiнде Мұхаңдікi, сөйткенімді күллі халық қолдайды. 
Осы гәпті Николай Ильичке түсiндiрсеңiз қайтедi?» деп едiм, 
«Мен сiзге, Ғабеке, бюро мүшелерi өзара келiсiп, біржола шешiп 
қойған хабарды жеткi зушiмiн. Оны бұзар құқық менде жоқ!» дедi 
де, өзiнше турашыл бәлшебек, ағайыншылықты бiлмейтiн қасаң 
қайраткер атанған әрiпшiл Нұрымбек хатшы сөздi келтесiнен 
қайырып, трубканы сылқ тас тай салды.

Медеу СӘРСЕКЕ
282
* * *
 
– Қанекеңмен жақындасуыма нақ осы жайт – Мәскеуде кез­
дейсоқ ұшырасып, бiр кеш емiн­еркiн отырған сұхбатымыз 
түрт кі болды... – деп жымиды да қаламгер маған қоңыр көзiнiң 
қиығымен бағдарлай қарап алып, әңгiмесiн қайта сабақтады. – 
Мен саған сәтсiз аяқталған әлгi шаруаның түптеп келгенде бас қа 
бiр iсте кәдеге асқанын естiртейiн. Бiр күнi кеңседегi үкімет адам­
дарымен байланыстыратын қызыл телефон шыр ете қалды. Труб­
каны көтерсем – академияның президенті: «Ғабеке, уақытыңыз 
болса, бүгiн бiр мезет мүмкiндiк тауып, маған келiп шықсаңыз 
қай тедi? – дедi бәз­баяғы сыпайы iзетiмен. – Қай мезгiлде келе 
аласыз?»
«Оның уақытын өзiңiз айтыңыз, Қанеке».
«Оныңыз көрiм болды, Ғабеке, – деп ғалым ризалық білдір­
ді. – Мен, сiрә, жарым сағат мөлшерiнде босаймын».
Тағайындаған мезгiлде ғылым ордасының екiншi қабаттағы 
қабылдау бөлмесiне көтерiлдiм. Хатшысы елгезек жан екен, 
бiрден­ақ төргi кабинетке шақырды. Қаныш Имантайұлы қай 
жөнiнен айтсақ та нағыз қаратаяқ, ерекше зиялы азамат едi ғой: 
үлкенмен де, кiшiмен де тең сөйлесiп, алдына барған адамға 
ертең кел демей, шаруа сын қолма­қол шешiп беретiн; оған кiрген 
кісінің жаны жа дырап, әрдайым риза болып шығады дегендей 
қауесеттi жиі еститiнмiн. Сөйте тұра ол нағыз қазақы тұлға едi. 
Менi ол көлденеңi мен ұзыны бiрдей кең кабинетiнiң ортаңғы 
тұсында құшақ жая қарсы алды. Сәлемдесуден соң қолтықтап 
келiп, кабинеттiң терезе жақ қабырғасына қатарлас қойылған 
қос креслоның бiрiне отырғызды да, өзi екiншiсiне жайғасты. 
Жан қалта сынан ақшыл тастан қиылған шақшасын суырып
ернiне насыбай салды. Шақшасының тығыны шиыршықталған 
газет екен, сiрә, иесiнiң дабыра дақпыртына қиыспағандықтан 
бо лар, жадымда сақталып қалыпты.
«Ғабеке, темекi шегесiз­ау деймiн, қысылмай емiн­еркiн тар­
та берiңiз. Әңгiмемiз ұзақ, сiзбен келелi бiр шаруаны кеңесуге 
шақырдым...»
Менiң соғыстан бергi жылдарда әуей болған темекiм – «Ал­
тын мүйiз». Бұл өзi – сүзгiсi өте сапалы, бiлетiндердiң айтуын­
ша, адамға зияны кемдеу сигарет. Iлгерi жылдарда оны «Алма­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
283
ты» ресторанының астындағы буфеттен алатын едiм, кейiннен 
сол құрып қалғыр өртенiп кеткен соң, амал қанша, көзiн та уып, 
Мәскеуден, Кремльдiң жабық дүкеншiсiнен жәшiгiмен алды­
рып тұрдым. Кабинет иесi рұқсат берген соң, «Алтын мүйiз» 
сигареттiң қорабын алдымыздағы аласа тағанның үстiне қойып, 
бiреуiн ерiнге қыстырдым.
«Академияның құрылғанына едәуiр жыл болса да, оның құ­
рамында Мұхаң мен Сәбеңнен өзге жазушы жоқ, – дедi президент 
маған маңқия қарап. – Әдебиет зертеушiлерiнен кенде емеспiз. 
Сөйтсе де, бiрыңғай шығармашылықпен шұғылданатын жазу­
шыларды қатарға тарту жайында ойланбап пыз...»
Қанекең осы жайтты қайтемiз деген кiсiше сөзiн үзiп, сәл­
пәл тыныс жасады. Түпкi ойын жете түсiнбегендiктен мен бiрақ 
жөпелдемде ештеңе демедiм.
«Соны елеп­ескеретiн де, ойлап қарасаңыз, жағдайымыз бол­
мады­ау. Ту баста, ғы лым ордасы болғандықтан, бiрыңғай ға­
лымдарды тарттық; одан соң, өзiңiз бiлесiз, өзiмен кеткiр елуiн­
шi жылдардың зобалаңы кездесiп, байтал түгiлi бас қайғы де­
гендей қияметке тап болдық. Заман түзелiңкiреп, ес жиған соң 
алды­артымызға қарасақ – бұл олқылық үңiрейiп тұр. Ғылым 
ордасына халықтың сүйiп оқитын ардақты жазушыларының да 
мүше болғаны қажет сияқты. Сiздi, Ғабеке, осы шаруа жайында 
ақылдасуға шақырдым...»
«Оныңыз жөн ғой, Қанеке. Бiзде жоғары бiлiмдi қаламгерлер 
аз емес, олардың азды­көптi шығармалары да жұртшылыққа 
жақсы таныс. Алайда солардың бiрде­бiрiнің ғылыммен берiле 
шұғылданып, иә диссертация қорғап, Мұхаң мен Сәбең сияқты 
жан­жақты бiлiмдi, өнердi әуес көрiп, рухани өсуге талаптанып 
жүргендерi жоқтау...» деп мән­жайды кеңiнен толғап түсiндiре 
бастап едiм, президент жымиып күлдi де, «Ал өзiңiз ше, Ғабеке? 
Менiңше, бiздiң академияға мүше болуға сiздiң қақыңыз толық» 
десiн.
Өзiм туралы сөз болады деп мүлдем ойлаған жоқ едiм.
«Пәлi, Қанеке, менiң бар­жоғы түгескен оқуым – «русско­кир­
гизская школа», онда екi жыл, одан кейін жоғарғы басқышты 
орыс мектебiнде төрт жыл оқыдым, орман техникумын шала 
бiтiрдiм, соңынан Орынбордың рабфагын. Бар­жоғы, осы күнгi 
өлшеммен салыстырғанда, онжылдық деңгейiне тақау. Осындай 

Медеу СӘРСЕКЕ
284
шолақ бiлiммен атағы дардай Ғылым академиясына қалайша 
мүше боламын? Содан үмiтте нудiң өзi ұят емес пе?..» 
«Ғабеке, сiздiң қаламыңыздан туған шығармалар бүкiл қа­
зақ халқын ғана емес, Одақ оқушысын да таңғалдырып, жап­
пай сүйсiнтiп отыр. Қазiрде бiзде топ­топ болып шығып жат­
қан қазақтың жас ғалымдары сiздiң кiтаптарыңыздан нәр 
алып, рухани өсiп­жетiлдi. Дүниежүзiлiк, тiптi Ресей Ғылым 
академиясының iлгерi үлгiсiнде мұндай жағ даяттар болған: Ко­
роленко, Чехов, Горь кий... Есiңiзде ме, Максим Горький ака­
демияға сайланып, Николай патша оны бекiтпей қойғанда, 
алғашқы екеуiнiң соған наразылық ретiнде императорлық iлiм 
ор дасының мүшесi болудан бас тартқаны? Ал Горькийдiң бiлiм 
дәрежесiн өзiңiз бiлесiз, жаңылмасам, екi­ақ класс, қысқасы, 
Ғабеке, әсiре сыпайылықты қойыңыз, бiз мұнда президиум 
мүшелерi өзара ақылдасып, көктемгi сайлауда сiздiң кандида­
тураңызды академияның толық мүшесiне ұсынуға ұйғарым 
жасадық. Осыған сiздiң келiсiмiңiз қажет. Қайдан, қалай ұсыну 
жөнiне қам жемеңiз, оны өзiмiз шешемiз...»
«Ұйғарып отырсаңыздар – менен қарсылық жоқ, Қанеке, – 
дедiм ақырында. – Бiрақ... – Сәл күмiлжiп, сол мезетте ойы­
ма сап ете қалған бiр ойды ескертуді жөн көрдiм. – Бiздiң 
әдеби қауымның Ахмет, Мiржақып, Сәкен, Iлияс, Бейiмбет, 
Жүсiпбектер ұста 
лып кеткен соң алға шығарып, көшбасшы 
көрiп қадiрлеп жүрген төрт жазушысы бар. Оларды сiз де бiлесiз. 
Мұхаң мен Сәбиттiң жөнi бөлек – ғылым ордасына мүше болуға 
құрметтерi де, еңбектерi де толық жетеді. Екеуiнiң қатарына ендi 
менi қоспақ екенсiздер, шамам келгенше оны iсiммен ақтауға 
тырысармын. Бiрақ анау Ғабиден шалды қай тесiз? Менен қа­
лып қойса, құрдас едiк, әдейi тастап кеттiң деген жаласына қа­
лам ғой...» деп сына лап та, сыпайылап та көкейкесті ойымды 
жеткiздiм.
Қанекең бiразға дейiн үндемей отырды да, «Апыр­ай, ескертiп 
отырғаныңыз – жөн iс. Ту баста ойланбаған екенбiз. Ака демиктер 
орны санаулы ғой, тiзім екшелiп қалып едi...» деп күмiлжiдi.
«Бiз ендi, Қанеке... жұрт оны кейде қасақана кемсiтiп, «Кi­
шi Ғабең» деп, әзiл­шыны аралас менiң соңыма тiркегенiмен – 
өмiрде, әдебиетте, тiптi депутат сай лауында да бiрге түсiп жүр­
ген, бiр жылғы төлмiз. Осыны бұл жолы да бұзбасақ деген тiлек 
те баяғы...»

ШЫҒАРМАЛАРЫ
285
«Жарайды, Ғабеке. Бiрден уәде десем – орындай алмай, өтi­
рiкшi болармын. Бұл мәсе леге әлi де ойланайық, – дедi прези­
дент. – Қымбат уақытыңызды бөліп келгенiңiзге рақмет!..»
Қабылдау мезгiлi бiткенiн сезiп орнымнан тұрдым. Қанекең 
менi есiктiң алдына дейiн шығарып салды.
Арада бес­он күн өткен жоқ, президент телефон соғып, «Ға­
беке, әнеугүнi өзiңiз айтқан шаруа туралы бiз мынадай ше­
шiмге келдiк: академиктер тiзiмi толып қалған екен, кейiнге 
ығыстыратын кiсi таба алмадық; құрдасыңызды сол себептi 
корреспондент­мүшеге ұсынсақ – сiз де, «Кiшi Ғабең» де ренжiмес 
пе екен? – дедi. – Ғапу етiңiз, басқадай амалымыз болмай тұр...»
«Сайланбай қалсақ та, бiзден ренiш болмайды, Қанеке. Бұл 
сөзiмдi шынайы көңiлден шыққан ризалық деп бiлiңiз!»
«Солай десеңiз – келiстiк деп есептеймiн. Сiзге көп рақмет, 
зәуiмде бiр тiлегiңiздi дұры стап орындай алмағаныма қиналып 
отыр едiм...» Президент құдды бiр менiң алдымда қылмыс жасап 
тұрғандай­ақ ақтала сөйледi.
Айтып­айтпай не керек, Қанекең жарықтық сондай жампоз 
кiсi едi ғой – жақсылықты алтын табаққа салып, көлденең тар­
тып тұрса да, соны жасаған менмiн деп көкiрек кермейтiн, әрбiр 
лебiзiнен кiсiлiк пен кiшiлiктiң иiсi аңқып тұратын. Амал қан­
ша, ғұмыры қысқа болды. Оның өзiн өмiр бақи алыс­жұлыспен 
өткiздi. Қа некең өмiрден кеткен нен соң оның ұлылығын, кi­
сiлiк парасатын, халық алдындағы да быра атағын қызғанып
өздерiнше кiшiрейткiсi келгендер табылды. Әрине, бәрі­бәрi – 
пен дешiлiк, өткiншi дүние...
Әлқисса, содан академияның көктемгi сайлауында, бұл 
1958 жыл ғой, мен толық мүше болып сайландым. Ғабиден 
ағаң корреспондент­мүшелiкке өттi. Қанекеңмен арада болған 
әңгiменi Ғабиденге айтып, «Академиядан алатын жалақыңды ай 
аралатып маған берiп тұр, болмаса преферанстан бiр жыл бойы 
ұтылып, жақсылығымды ойынмен қайтар» десем – ол шiркiнде 
ынсап жоқ, екi кластық шалағай бiлiммен iлiм ордасына 
сайлануға құдай тағала маңдайына туғаннан жазып қойғандай­
ақ көнбейдi, маған соқыр тиын сыйақы төлеген жоқ, – деп Ғабең 
құрдасын бiршама мысқылдап, жеңiл қағытумен әңгiмесiн 
аяқтаған­ды.

Медеу СӘРСЕКЕ
286
* * *
Осы әңгiменi мен бiрде Ғабиден ақсақалға сыпайылап айтып, 
құрдасының қалжыңына түсінік сұрағанымда, «Кiшi Ғабең» 
кеңкiлдей күлiп:
– Е, ол ағаңның үнемi емес, кейде өстiп кiсiлiк жасайтыны 
бар. Қанекеңе мені ықтияттап айтып, дегеніне иландырғаны 
рас. Медеу қарағым, өзiң ойлашы, жарна ақшасы екi есе көп ака­
демик атағын өзi иеленiп, екiншi дәрежедегi мүшелiктi маған 
қал дырғаны әдiлдiк пе? Кiсiлiк жасадың екен, ақырына дейiн 
көрсетiп, керiсiнше iсте генде қайтер еді? – деп дау айтты. – Бұл 
үшiн рақметтi марқұм Қанышқа айту керек!..
Өзара қатты қалжыңдасатын әз ағалардың ұлағатты әзiлiнен 
мен олардың қадiрмендi Қа ныш Имантайұлына шексiз құрметiн 
аңғардым.
 
 1991 жылдың наурыз айы

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал