Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.19 Kb.

бет14/19
Дата08.01.2017
өлшемі7.19 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

 1976 жылдың наурызы
МӘЙIМБЕТТI IЗДЕУ
– Левон Мирзоянның Қазақстанда хатшылық құрған кезiнiң 
екiншi жылы, мен онда Өлкелік партия комитетінің мәдени­
ағарту бөлімшесін басқарамын, сектор дейтінбіз, Халағарком 
комисса ры – Темiрбек Жүргенов, – деп бастаған­ды Ғабит аға 

Медеу СӘРСЕКЕ
224
бiрде өткен ғұмыр жайындағы әңгiмесiн. – Кеше ғана қазақ да­
ласын жайпап өткен аштық лаңынан бiржола айықпағанымен, 
қатары сиреп қалған қырдағы елдiң бiршама қоңайып, еңсесiн 
көтере бастаған кезi...
Әлқисса, содан алды­артымызға қарап, iргелi ел екенiмiздi 
танытарлық түрлi тiрлiкке ден қоятын болдық. Соның бiрi – бұ­
қара халық үлгі етерлiк қаһармандарды iздеп тауып, насихатқа 
пай далану. Бұл болса – социализм құрып жатқан еңбекшi елдiң, 
оның жетекшi идеология сының басты құралы – бiрдi мыңға, 
мыңды миллионға өнеге ете отырып, бүкiл халықты соған елiк­
тiрiп, жапа­тармағай қолдаған дүрмек туғызу. Ұқтыңдар ма? 
Ол кезде бұл – оп­оңай ша руа. Әлдебiр облыс бастама көтергiсi 
келдi ме, озат колхозшыны iздеп табады да, көрсеткiшiн оңдап, 
Өлкелiк комитетке ұсынады. Автономия үкiметi қолдады екен, 
бiттi әңгiме: әлгi колхозшының атағы бiр­ақ күнде дүрiлдеп, 
бүкiл Қазақстанға, кейде Одаққа мәлiм болады. Нақ сол жыл­
дарда бұл шараның ерекше әсерлi болғаны дау 
сыз шындық. 
Мақта тергiш Мамлакат қыз, шахтер Стаханов, бертiндегi Ма­
май, бiздегi Шығанақ Берсі баласы, Салиқа, Ыбырайлар – қызыл 
үгiттiң әйгiлi қаһармандары. Әлбетте, олардың адал еңбек иесi, 
өз жұртында аса қадiрлi адамдар болғанына дау жоқ. Бiрде­бiрi 
солардың озат болайын деген мақтан үшiн еңбек етпеген шығар­
ау. Бiрақ заман оларға шамшырақ атанып, көш алдында жүрудi 
мiндеттедi. Шынын айту керек, бүкiл социалистiк жүйе нақ 
осындай шамшырақ жұлдыздардың ерен үлгiсiмен алға өрбiдi. 
Тек солар бесжылдықтар ауысқан сайын өзгерiп, түрленiп отыр­
ды...
– Мирзоянның хатшылық дәуiрiнен хикаят айтпақ бол­
ғансыз...
– Ие­е, бiр күнi Левон Исаевич шақырады деген соң бірінші 
хатшыға барсам, каби нетiне қазақтың сол күндегi бетке шығар 
зиялы қауымы түгел дерлiк жина лыпты. Мирзо ян не істі бол­
сын тез орындап, мiнезi де соған орай өте шапшаң, қызуқанды 
жан еді. Көлгiрсiген, алыстан орағытқан ұзақ сөздi ұнатпайтын. 
Бұл жолы да «Батырсыз халық болмайды, жолдастар, – дедi тура 
сөзге көшіп. – Қазаққа да сондай бiр жойқын батыр керек, әмбе 
ол кедей табынан шыққан, өзiнiң дәулетiн емес, туған халқының 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
225
мұң­мұқтажын қорғаған ерекше кесек қимылдың адамы болу­
ға тиiс. Сон дай бір батырды жария ету керек. Социалистiк 
Отан ды сыртқы жаудан қорғау iсiнде оның ерлiгiн қазақ халқы, 
әсiресе әскер қатарына алынған жастар өзiне үлгi ететiн бол­
сын!..»
Жиналған жұрт сол жерде­ақ бiрнеше есiмдi атап, халық ба­
тыры болуға лайық десіп едi, Левон Исаевич сақылдап күлдi де, 
«Бәсе, қазақтың батырдан кемшiн емесiн сезiп едiм, бақсам – 
олар тiптi көп екен, ал бiзге солардың бiреуi ғана, нағыз хас баты­
ры және тақыр кедейi керек!» дедi.
– Мынауыңыз қызық екен!? – деп таңдану бiлдiрiп едiк, аға 
қаламгер сөзiмдi бөлмеңдер дегендей, қолын сермеп наразы лық 
аңғартты.
– Осы күнгi академияның мiндетiн ол кезде ғылыми база дей­
тiн шағын мекеме атқаратын. Соның тарих секторында iстейтiн 
тарихшылар, көрнектi әдебиетшiлер, өзге де зиялы қауым алқа­
қотан жиналып, бiрнеше мәрте бас қостық. Құдайға шүкiр, ба­
тырдан кенде емес екенбiз. Мәселен, Жетiсу қазақтарының 
патшаға қарсы 1916 жылғы қозғалысын Бекболат Әшекеев деген 
батыр азамат басқарыпты. Тарихқа оның қозғалысы «Үшқоңыр 
көтерiлiсi» деген дүрбелеңмен кiрген. Ұмытпасам, Жәйiлмiш 
болысының – Алматы іргесіндегі осы күнгi Жамбыл ауданының 
бас көтерер қазағын атқа мiнгiзген. Кем де генде он мың кiсi... 
Аңқаулық салдарынан опық жеп қолға түскенде, сабаз бiрде­бiр 
жолда сын ұстап бермептi, дарға асыларда да өрепкіген қалпынан 
айнымай кетiптi. Нағыз хас батыр! Бiрақ арғы­бергі тегi – ке­
дей емес, дөңгелек дәулеттi орта шаруа. Баянауылдағы халық 
көтерiлiсiн Сапақ деген кiсi басқарған. Оның да қимылы кесек, 
соңына бес мыңдай жiгiт ерт кен. Баяғы Ертіс линиясынан әскер 
келiп, көтерiлiсшiлердi тықсырғанда, сарбаздарын жебеу үшiн 
жауып тұрған оққа қарсы шауып, шейiт болыпты. Амал қанша, 
нағыз ер болғанымен, Сапақ батырға да тоқтай алмадық. Өйткенi 
оның өзi ғана емес, жетiншi атасы да нағыз шұбар балақ, шын­
жыр төс бай болыпты. Әлқисса, содан неше күн бас қатырып, 
әрi­берi тартып, өзара ығы­жығы керкісуден соң қолымыздағы 
батырлардың ұзын тiзбесiнен Торғай қазақтарының көтерiлiсiн 
бастаған Аманкелдi Иманұлы лайық деген байламға тоқтадық: 
15­247

Медеу СӘРСЕКЕ
226
оның да қимыл­әрекетi өзге батырлардан бiр мысқал кем емес, 
қайта патша әскерлерiмен ұзағырақ соғысып, әскери әдiстер 
қолданған қолбасшы; ол да сол жо лда жүрiп мерт болған; ең бас­
тысы – шыққан табы тақыр кедей, патша өкiметiнiң бұра тана 
халықты отарлау саясатына өмiр бақи қарсы күрескен жүректi 
адам...
– Сонымен Аманкелдi Имановты батыр деп жарияладыңыз­
дар...
– Иә, зиялылардың ұйғарымы Мирзоянға бiрден ұнады, 
Өлкелiк партия коми 
тетiнiң бю 
росы бiршама талқылаудан 
соң Аманкелдi марқұмды қаза тапқаннан кейiн 15­16 жылдан 
соң «Халық батыры» деп жариялады. Оның қаза тапқан күнiн 
бүкiлха 
лықтық жиын жасап, салтанатты түрде аза тұтатын 
болдық. Ақындар Аманкелдi ба тырға арнап өлең, толғау, дастан­
дар жаза бастады. Бейiмбет Майлин мен Иван Шу ховқа сардар 
туралы «Ленфильм» студиясы түсiрмек фильмнiң сценарийiн 
жазу тап сырылды. Кейiннен бiрақ Иван Петрович үзілді­кесілді 
бас тартқаннан соң, Биағаң бұл жұмысқа менi тартты. Оның 
орысша нұсқасын мәскеулiк боп кеткен байырғы қазақстандық, 
Керекудiң орысы Всеволод Иванов жазатын болды.
– Хош, батыр жөнiнде қателеспегенсiздер, – деймiз өзiмiз 
бұрын­соңды естiме ген ескi та рихтың бүге­шүгесiне жанасып, 
бiршама мағлұмат алғанымызға қуаныш білдіріп. – Аманкелдi 
Имановтың батырлығын, кiсiлiгiн, жанқиярлық ерлiгiн бүкiл 
халық шүбәсiз мойындап, бiрден­ақ iрi тұлға деп таныды. Тек 
қарулас серiгi Кейкi батыр Көкембайұлының қақас қалғаны 
өкiнiштi. Ал Аманкелдiнiң есiмiн, құдайға шүкiр, дүйім ел бiлді! 
Бұған сiздiң де еңбегiңiз көп. «Аманкелдi» драмаңыз, әсiресе 
соғыстың алдында экранға шыққан әйгiлi ки 
нофильміңіз де 
айтарлықтай үлес қосты...
– Е, оны жарық дүниеге шығаруға Бейiмбет марқұм екеумiздiң 
бiрталай уақыты мыз шығын болды. Торғайға барып, көтерiлiске 
қатысқан сарбаздарды iздеп, түрлi де ректер жи надық. Сонша­
ма зор бейнеттiң зейнетiн мен ғана көрдiм. Биағаңа бұл құрмет 
бұйырмады, фильм шығардан бiр ай бұрын ұсталып кеттi. Тек 
жиырма жыл өткен соң ғана титрге есiмi жазылып, қиянат 
түзелдi. Оны ендi тағдыр дың жазуы деймiз бе, әлде қиянаттың 
асқан түрi деу керек пе – өздерiң бiлiңдер...

ШЫҒАРМАЛАРЫ
227
* * * 
– Арада бiршама уақыт өткен соң Левон Исаевич шақыр­
ды, – деп әңгiмесiн жалғады Ғабит аға. – Тегiнде Мирзоянның 
қайраткерлiгiнiң бiр қыры – тың ой айтқыштығы, бiлгiрлiгi де өз 
қатарынан едәуір iлгерi болатын. Қайдағы жоқты ойлап шығарып 
және соны жүзеге асыру үшiн қолындағы билiктi шексiз пайда­
ланатын. Ең ғажабы, өз ойын дереу жүзеге асыру үшiн уақыттың 
ерте­кешi, күндiз, иә түн екендiгi оған есеп емес, телефон шалады 
да, «Пәленше жолдас, мынадай бiр мәселе бар, қалай көресiз?» 
дейдi. Айтып тұрғаны – ұлтымыздың мерейiн көтеретiн, рухани 
бiр қазынасын дүниеге паш етер игi iс. Мұндайда аянуға бола ма, 
соны бiр жайлы еткенше бiзде де маза болмайды...
– Әлбетте, ондай iстi өздерiңiз бастасаңыздар – ұлтшыл ата­
натын гәп тағы бар. Ал ар мян халқының бауырмал перзентi, 
жалынды революционер Мирзоян көтерсе, әрине, ешкiм де оны 
ұлтшыл, иә ойшыл оппортунист демейдi...
– Иә, солай, құдай сөзі! – деп қаламгер мырс етіп, осын­
дай көрiпкелдiктi қайдан бiлесiңдер деген кiсiше бiзге жымия 
қарап таңданыс білдірді. – Амал не, Мирзоян да нақақ жаладан 
құтыла алған жоқ, сiрә, асқан iскерлiгi мен халық алдындағы 
зор беделiнен жапа шектi... Жә, ат төбеліндей зиялыларды 
қайыра жинаған шаруаға оралайын. Сүлеймен Стальскийдiң, 
осы күнгi мадақ дақпырты дүрілдеп тұрған әйгiлi дағыстандық 
Расул ақынның әкесi Ғамзаттың ойда жоқта бүкiл Одаққа 
мәшһүр болған атағына қызықты­ау білем, Левон Исаевич бiзге 
«Қазақта ба тырдан гөрi ақындар көбiрек болса керек. Өйткенi 
екi қазақтың бiреуi өлең шығарғыш, мақалдап сөйлегенде алды­
на жан салмайды. Қысқасы, халық ақындарының да ең мықты
ең беделдi, қиыннан қиыстырғыш ең кексе бiреуiн жедеғабыл та­
уып, төкпе жырларын орысшаға ау дарып, күллі кеңес халқына 
жедел таныту қажет! – дедi. – Мұны да социалды тапсырма деп 
біліңдер: ақынның шыққан тегi – кедей, жырлайтын тақыры­
бы – езiлген елдiң мұң­шерi, қазiргi заманда қолы жеткен теңдiгi 
мен қуанышы болсын!»
– Жарайсың, Мирзоян! Мирзоян емес – нағыз Мырза­
жан! – деймiз армян халқының перзентiне қазақтың шынайы 

Медеу СӘРСЕКЕ
228
ризалықпен еншiлеп қойған бейнелi есiмiн қайталап. – Мұнысы 
ендi ғажап, өзi атқарып отырған iске – нағыз адалдық!
*
– Левон Исаевичтiң «батырдан ақыны көп...» дегенi расқа 
шықты. Қолымыз дағы деректердi екшеп көрсек: шыққан тегi 
ғана емес, жыры да, ақындық шама­шарқы да хатшы қойған 
социалдық талапқа сайма­сай ақындар ондаған екен. Әр об­
лыс өзара жа рысқа түскендей­ақ, бiздiң сұрыптауымызға та­
лай­талай дүлдүл жыршылардың, термешi 
лердiң есiмдерiн 
атапты. Әмбе сол жер­жердегi өлеңқұмар жұрттың жершiлдiк 
намысын қоздырып, әрқайсысы өз ақындарын мақтап, зиялы­
лар тобы солардың бiреуiне тоқтауға ниет бiлдiрсе­ақ, де 
реу 
біздің үстiмiзден Ағаркомға, Өлкелiк комитетке шағым түсіріп, 
«Пәленше жол дас өз ауылына тартып, бұрмалап отыр» десiп, 
оңай мәселенi қиындатып қоятын қа шанғы қиыс әдетiмiзге тар­
тып, халық ақынын таңдау iсiн ақыры тұйыққа тiреп, бiрталай 
уақытқа созып алдық...
– Бұларыңыз ендi түсiнiксiз қылық. О күндегi ақындар 
сұмдық күштiлер едi ғой. Қайсысы болсын шаршы топта алдына 
жан салмайтын саңлақ жүйрiктер емес пе?
– Оған дау жоқ, тума дарындар едi, – дейдi Ғабең де бiздi 
қостап. – Нұрпейiс, Жам был, Шашубай, Доскей, Орынбай, Тай­
жан, Төлеу, Шәкір, Нартай, Нұрлыбек, Тұрмағанбет... Дүйiм 
жұрт тыңдағанда түгел елтiп, суырыпсалма қабiлетiн та ма ша­
лайтын дүлдүл Исаның өзi әлгiлердiң алдында әншейiн сияқ­
танатын. Бәлкiм, бiзден де кiнә болған шығар, соншама да рын 
иелерiн бiле тұрып, солардың бiреуiн даралап алға шығаруға 
қимағанымыз. Мүмкiн, шынында да жершiлiк жасадық. Әлде 
дарынды ақындардың көптiгi бөгет болды...
– Неге? Жамбыл атамызға тоқтадыңыздар емес пе?
– Жоқ, ә дегенде тоқтай қоймадық. Тiзiмде Жәкең де болды. 
Бiрақ ақырғы таңдауды тая уда шақырылатын ақындар слетi жа­
сасын дестiк. Бұл ендi бөлек әңгiме... – деп қаламгер сәл тыныс­
тады. – Сөйтiп, өзара таласып жүргенiмiзде «Правда» газетiне 
етектей болып «Мәйiмбет – халық мұңын жоқтаушы» деген 
тақырыппен, бәлкiм нақты атауын ұмытқан болармын, әйтеуiр 
*
 Біздің тарихшылар бертінде Л. Мирзоянның қарақан басын қорғау мақсатында 
1937 жылғы репрессия жоспарын екі­үш есе көбейту турасында Мәскеуге ресми 
жолдаған жеделхатын тапты. Демек, оны Мырзажан атандырғандар шынайы ахуалды 
нақты білмеген...

ШЫҒАРМАЛАРЫ
229
осы сыңайлас ұранды сөз, бiр бетке тақау толғау өлең шыға 
қалсын. Аударушы – Па вел Кузнецов. Өскеменнiң ақыны, сол кез­
де Алматыдағы «Ленсмена» ма, «Казправда» ма, бiреуiнде әде би 
қызметкер. Қазақшаға көп­көрiм жетiк ақын­ды. Аудармасы ның 
қапысы жоқ, сол күндегi қызыл үгiтшiл по эзияның жақсы үл­
гiсi: халық мұңын жоқтаған; қазақтың ескi өмiрiнiң ауырлығын 
ашып, сол елдiң бүгiнгi шат тұрмысын, «қой үстiне бозторғай 
жұмыртқалаған жаңа заманды» ризалық сезiммен, көшпелi 
елдiң алысқа бет алған үлкен керуенiне теңеп асқақтата жырлап 
берген; толғаудың поэтикалық ырғағы, төкпелiк нышаны, әредiк 
термелеп өткен қисыны да, өлең құрылысы да – қазақтікi... Па­
вел Кузнецов бұл жөнiнен ерекше шебер аудармашы, ал мына 
жолы өнерiн өзгеше асырған. Құдайшылығын айтқанда, сол 
күннiң өзiнде ол – әдеби қабiлет­дарыны ауқымды ақын.
– Бәрекелдi, болды қызық!
– Е, несiн айтасың, – деп мырс еттi Ғабең, – қызықтың 
аяғын да шыжығы бар, асық паңдар. Күткенiмдей­ақ, «Прав­
да» Алматы ға келген күннiң кешiнде менi Темiрбек Жүргенов 
шақырды. Те мең – Халық ағарту комиссары ғана емес, Өлкелiк 
комитеттiң бюро мүшесi, өнер мен әдебиет саласында дегенi 
жүрiп тұрған беделдi білгіріміз.
Бауырсақ пiшiндi үлкен танауын саусағымен қысып қойып, 
Темең маған «Сендер бiр­бiрiңе қимай, жыл бойы сарыла iздеген 
ақынды ақыры орыс Кузне цов тауып бердi. «Ала қойды бөле 
қырыққан» қазақ қаламгерлерiне ол шіркін оңдыртпай сабақ 
бердi! Левон Исаевич те солай деп алақанын соғып, бізді мазақтап 
отыр!.. Қысқасы, Павел Ни колаевичтi тауып алып, Мәйiмбеттiң 
мекен­тұрағын бiл! Қайда тұрса да оны дереу Алматыға алдыру 
ке рек. Сөзiне қарағанда, оның жыр шығарымпаздық қуат­күшi 
ерекше мығым!..» деп шүйiле сөйлесiн.
Кузнецов жас кезiнде қаңғыбастау болатын, редакцияда ба­
йыздап отырмай, қайда экс педиция, қызықты науқан болса – 
соған қатысып, саяхаттап жүретiн. Iзде генiмiзден құлақтанып 
қойған ба, ол неме жөпелдемде тапқызбады. Ақыры бiр күнi 
қолыма түстi. «Ал, Некалайдың Пашасы, Мәйiмбеттi қашан 
көрдiң? Жасы нешеде, қай елдiң қазағымын дейдi, ақындық 
қуатын қалайша бағалайсың? Бәрі­бәрiн бүкпесiз ес тiрт» десем, 
менiмен ертеден көжетаныстығы бар, кейде үйге де келiп жүретiн 
Кузнецов аяқ астынан кекжиiп, әлденеге бұлданғандай әлпет 

Медеу СӘРСЕКЕ
230
аңғартып, керенау сөйледi: «Мен Мәйімбеттің әлденеше өлеңiн 
аудардым: «Караван чудесной страны», «Боль шое сердце», «Над 
колыбелью сына»... Бәрi де «Казправдаға» шықты, «Лен смена», 
облыс тардағы орыс газеттерi де түгелдей көшiрiп басты. Сендер, 
қазақ әдеби етшiлерi, өздерiңдi мадақтауға ғана шеберсiңдер. Ал 
қаны бөтен жұрттың еңбегiн бағалауға кел генде... – Павел қолын 
сермеп, ренiш бiлдiрсiн. – Не маған рақмет айтпайсыңдар, не 
Мәйiмбеттi iздеп тауып, талантты кiсi екен деп қадірлеу жоқ. Ал 
«Правда» бетіне жарқ етіп едi, әбiгерге түсiп, «Жiбек жолын» 
ке зетiн алыс сапардан мені кері қайтарып алдың дар. Бұларың, 
Ғабеке, барып тұрған қияңқылық!»
«Ойбай­ау, сен әуелi бiзге тiрi Мәйiмбеттi көрсетiп, қолынан 
ұстатып қойып жазғырсаңшы. Ол шалды сенен басқа бiр адам 
көрме ген, тiптi қазақша жарияланған бiр ауыз өлеңiн ешкiм 
оқымаған! Өзi дүниеде бар кiсi ме, қайда тұрады?» десем, Куз­
нецов түңiлдiре тiл қатты: «Е, оны бiр құдай бiледi? Бәлкім 
өлiп те қалған шығар, тым егде кiсi едi. Мен оны былтыр ком­
сомол үгiтшiлерге ерiп, түйелi керуенмен мың шақырымдық 
са парға шыққанда кездестiрдiм. Шымкенттiң ба зарынан, әлде 
Қызылорданың? Нақты айту үшiн дәптерімді қарауым ке рек». 
«Қара ендеше. Мәйiмбеттi таппай, Паша, екеумiзге де тиыш­
тық болмайды!..»
Бiрер күннен соң Кузнецовты қайта шақырттым,– деп жалғады 
әңгiмесiн қаламгер. – Әнеугүнгiдей емес, жүнi жығылып, мү­
ләйiмсiп қалыпты. «Құдай менi қара бастырып Мәйiмбеттiң ауы­
лын, тұрағын ықтияттап жазып ал маппын. Бiрнеше тәулiк бойы 
бiзге жолбасшы болып жүргенде, жол қысқарту үшiн әредiк 
жырлаған өлеңдерiн ғана жолма­жол аударып отырыппын. Сiрә, 
жыршының зор шабытпен төндiре жырлаған жырларына тәнті 
боп отырып, тұрағын сұрауды ұмытып кеткемiн. Бұл ендi, Ғабит 
Махмутович, мен ғана емес, барша ақынның әдетi. Олар үшiн 
бас ты гәп – элегия, шабыт, қы зыға бiлу!» деп бұрынғы уәжінен 
жатып тансын.
«Элегияң құрысын, бiзге Мәйiмбеттiң тұрағы керек!»
«Оны ендi дәлдеп айту қиын, – дейдi Кузнецов төмен қарап. – 
Ел кезiп жүрген дәруiш ақында белгiлi тұрақ бола ма?..»
Кузнецовпен ұзақ сонар тәжiкеден жасаған қортындым мы­
нау болды: Мәйiмбет есiмдi жыршы – түстiк жақта ел аралап, ән­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
231
жырымен күн көрiп жүрген кезбе адам; көбiрек жү ретiн 
жерi – базар маңы; демек, оны оңтүстiктегi үлкен қалалардан 
iздеу керек! Осы ойды бастықтарға бипаздап жеткiзiп едiм, олар 
өзiме шап бердi: «Қазақтың иен даласынан «Правдаға» өлеңi 
шыққан ақынды таппау деген не сұмдық? Бұл сөздi бiзден басқа 
кiсiге естiртпеңдер, – дестi. – Барлық облысқа iздеу салып, же­
делхат жолдаңдар. Iздеудi жеделдету үшiн оңтүстiк жаққа де реу 
кісі аттандыр!..»
Амал қанша, солай iстедiк. Қызылордаға, Әулиеата мен Шым­
кентке қос­қостан ақын дар экспедициясын да жөнелттiк.
– Оныңыз рас, Ғабит аға, – дедiм мен де, Семейдiң өлкетану 
мұражайында көп жылдар бойы шынылы рамада тұрған, об­
лыстық «Прииртышская правда» газетi көшiрiп басқан Мәйiмбет 
жырларын есiме түсiрiп.
– Бiрер аптадан соң ақындарымыз қайтып келдi. Айтула­
рынша, түстiктiң Тәшкенге дейiнгi қыстақ, қала, кенттерін 
түгел шарлаған, өлең айта бiлетiн ақын­жыршы, термешiлердiң 
бәрiмен кездескен. Бiрақ олардың iшiнде Мәйiмбет есiмдi жыр­
шы жоқ, тiптi ондай ақынды ешкiм естiмеген. Не iстеймiз? Ама­
лымыз құрыған соң Па вел Кузнецовты Өлкелiк коми тетке ресми 
шақырттық. Бұл жолы пар тиялық ожда нын ескерте отырып, 
қатаңырақ сөйлесуге тура келдi. Ол байғұс қарғанды, сiлендi, 
үстiңнен қылмыс қозғаймыз деген сесiмiзден, сiрә, имендi бiлем, 
ақыры ана жолы бұл мәселеге мүлдем жауапсыз қарап, Мәйiмбет 
жыршыны көрген қаласын шатастырып алғанын мойындап, 
кешiрiм сұрады. Сөйтсек оны Ақтөбенiң базарынан көрiптi. Ал 
оның өлең­жырдың нағыз кенi, төкпе ақын екендiгiне шәк жоқ. 
Қара сөзді білмейді, сөзді тек өлеңмен төкпелеп айтады екен, 
әмбе заман ағымын тануы да ғажап! Қысқасы, бiр жерде өлiп 
қалмаса – оны тауып, халыққа тезiрек таныту ке рек!..
Осы әңгiменi Өлкелiк комитеттiң хатшыларына естiрттiм, 
олар бұған бiрден иланды да «Е, бәсе, iздеулерiңде шалағайлық 
болған. Сондықтан ендiгi экспе дицияны өзiң басқа р, Ғабит жол­
дас, – дестi. – Қайда барып, қанша жүрсең де – Мәйiмбеттi тап­
пай, Алматыға қайтуға рұқсат жоқ!» 
«Ол байғұс өлiп қалса ше?» деп Кузнецовтың күдiгiн еске 
алып едiм, «Ең құрығанда соған көзiңдi жеткiзiп, моласын 
көрген ше – бұл сапардан қайтпайсың!» деп ықтияттады Жүр­
генов...

Медеу СӘРСЕКЕ
232
Амал қанша, жазған құлда шаршау жоқ, «Лениншiл жас тың» 
қызметкерi, сол кезде аты шыға бастаған белсендi комсомол 
ақыны Саин Жұмағалиды ертiп, Ақтөбеге аттандық. Еке уiмiз 
бiр ай бойы Елек пен Жем бойын, тiптi Ойылға дейiн, қысқасы, 
Ақтөбенiң қазағы мол ар жақ, бер жағын түгел шарлап шықтық. 
Мәйiмбет үштi­күйлi жоқ, ешкім ондай ақынды білмейді. Тек 
қайтар кезде ғана облыстық газеттегi журналистердiң бiрi «Ма­
йымбек пе, әлде Мәйiмбет пе – әйтеуiр сол ат тас ақынсымақ, 
шалығы бар бiр шалды милицияның жiгiттерi былтыр Қызыл­
ордаға жөнелтiптi, қолында домбырасы бар дейдi, көшеде кiм 
көрiнгендi тоқтатып, «Мен әлей ақынмын» деп жарапазан айта 
берсе керек» деген соң, Қызылордаға тарттық.
– Бәрекелдi, аласұрып iздеген ақын жындыханада отырмаса 
игi едi...
– Солай болып шықты. Қызылорданың есi ауысқандар 
емханасының бас дәрiгерi бiзге «Төрт ақын науқасымыз бар, 
қайсысы Мәйiмбет екенiн өздерiңiз айырып алыңыздар...» дедi 
де, бейкүнә мүсәпiрлердi кабинетiне алдырды. Сендерге өтiрiк, 
маған шын: есiк айқара ашылып, ала шекпен киген, шаштары 
ұстарамен қырқылып, төбе құйқалары маса тайып жығылған дай 
жалтыраған, қолдарында бiр­бiрден көне домбыралары бар төрт 
шал үстiмiзге кiрiп келгенде, Жұмағали марқұмды бiлмеймiн, 
мен едәуір абдырап қалдым. Өйткенi төртеуi де кiрген беттен­ақ 
тақтай еденге тiзерлеп отыра қалып, сахнаға шыққан әншiлерше 
домбыраларын күйлей бастаған­ды...
– Мәссаған, әңгiмеңiз жаңа қызды, – деп едiк, Ғабең қолын 
шошайтты. «Сабыр етiңдер!» дегенi.
– Содан бiр сәтте маған ес кiрiп, «Ал, ақсақалдар, қайсыларың 
Мәйiмбет ақын бо ласыз дар?» десем, төртеуi бiрдей жарыса шу­
лап, «Мен, мен, мен – Мәйiмбет!» дейдi даурыға айғайлап. Iз­
деуiмiз бұрынғыдан да қиындады. Бас дәрiгерден анықтама 
сұрасам, ол биязы жымиып, «Ауруханаға түскенде солай деп 
жазылған, бiздiң кiсiлер бұларды «Мәйiмбет бiрiншi, екiншi...» 
деп түстейдi, ешқандай дерек, құжаттары жоқ, аштық жылы 
ақыл­есiнен адасқан мүсәпiр жандар» деп ақталды. Амал қанша, 
сөзге тартып, әрненi суыртпақтап тер геу жасадық. «Қайсыларың 
әулетi ұста Кузнецов деген ақын орысты бiлесiңдер?» деген 
сұрауға «Шайыр кiсi ұсталық құра ма екен? – дестi олар өзiмдi 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
233
жазғырып. – Әулекi орысқа жалынбаймыз, бiздiң өзiмiз де әлей 
ақынбыз». 
«Ал, қане, өлең айтып көрiңдер» деуімiз сол екен, төртеуi 
бiрдей домбыраларын дыңғырлата қағып, бiрiн­бiрi тоспай, жап­
пай жамырап қоя бердi. Жұмағали марқұм момын ғана емес, 
қыздай ұялшақ һәм бейкүнә жан едi, алды мызда тiзерлеп отырған 
төрт мүсәпiр шал төрт түрлi мақамды, оларды ән деу қайда, 
жарапа 
занға да келмейтiн түсiнiксiз бiрдеменi домбыраның 
қу тақтайына сабалай қосып, қаз­қатар боздатып қоя бергенде 
зәресi ұшып, әлде есi шығып, құлағын қос қолдап басып, каби­
неттен ата жөнелдi. Төртеуiнiң итше үрiп, қозы жамырағандай 
бейберекет боздауын әрең дегенде тоқ татып, әрқайсысына ақы 
есебiнде жоралғы ұстатып, «Жарайды, төрт Мәйiмбет, дайын­
дықты күшейте берiңдер. Емделу бiткен соң Алматыға ша­
қыртамыз» дедiм де, сыртқа безіп шықтым. Өзiмiз мiнiп жүрген 
автомобильге кел сем, жол серiкке алып шыққан Жұмаш артқы 
креслода өксiгiн баса алмай жылап отыр. «Өй, мынауың не? 
Жiгiт басыңмен саған не болды?» десем, кiршiксiз пәк көңiлi 
әлгiндегi одағай көрiнiске мүлдем қарайған жас ақын одан бе­
тер кемсеңдеп, «Ғабеке, Мәйiмбетi құрысын, үйге қайталық. 
Әлгi мүсәпiрлер ендi түсiме кiредi, қазақтың асыл жыры қор бо­
лып, қазаға ұшырағанын бүгiн көрдiк» деп ал егiлсiн. «Жарай­
ды, олай десең, қайталық. Iздеу де осымен тәмам болды!» деймiн 
Жұмағалиды жұбатып...
– Сонымен үйге қайттыңыздар?
– Қайтпағанда не iстеймiз? Алматыға оралған соң Кузне­
цовты үйге шақырып, алдына графин толы арақ қойып, оңаша 
сөйлестiм. Аңқылдақ сорлының ар жағына «ауыл қонып», 
тiлi күрмеле бастаған кезде «Паша, дүниеде жоқ Мәйiмбеттi 
қазақтың дүлдүл ақыны деп жариялап, бүкiл Одақ оқырма нын 
шатастырғаның не? Бiздiң қазақ ақын­жыршыдан аса сорлы 
халық емес. Ал сен соншама көп дүлдүлден тiрi жүрген бiр ақын 
таппай...» десем, «Өздерiң ше? – деп амалы құрыған Кузнецов та 
мастығынан кенет айығып, дүрсе қоя бердi. – Үкiмет пен партия, 
Сталин жолдас та «Халықтың тума талан ттарын iздеп табыңдар, 
қайнар бұлақтың көзiн ашыңдар» деп, үндеу тастап, «Правда» 
газетiнен маған те 
лефон соғып, «Тездетiп солардың бiреуiне 
аударма жасап бер» десiп қолқа салғанда, Ғабеке, сен өзiң не 
iстедiң? Қай ақынды аударуға кеңес қылдың? Қайта «Қоя тұр, 

Медеу СӘРСЕКЕ
234
асықпа» деп тежеп қойдың. Неше ай?! Ал сендерде қаншама та­
лант иесi жа рия болмай тұншығып жүр? Нұрпейiс, Омар Шипин, 
Нұрқан, Нұрлыбек, Иса, Шашу бай?!. Өлі Абайдың өзiн әлi күнге 
дейiн арғы тегi жуан деп, қор ғып жүрсiңдер. Солай, Ғабеке. 
Бұл – айдай шындық! Өз бетiммен әлгiлердiң бiреуiн таң дап ау­
дарайын десем – түбi шикi, әлде жуан тұқым ның нәсiлi болып 
шыға ма, кiм бiлсiн? Өйтсем қып­қызыл пәлеге қаламын. Сонсоң 
былтырғы саяхатта өзiмiзге жолбасшы болған Мәйiмбет есiмдi 
ибалы шалды қолдан жыршы еттiм. Сендердiң бұған мән берiп, 
байғұсты сарыла iздейтiндерiңдi қайдан бiлейiн. Әмбе ол байғұс 
та уақыт таппағандай дәп биыл жындана қалыпты. Ал маған сол 
қарсаңда ол нағыз дүлдүл жыршы сияқтанған. Өзiңiз бiлесiз, мен 
ақынмын, тызетпе әсердiң адамы мын. Әйтпесе менен жарытым­
ды өлең туа ма?..»
Қысқасы, Павел Кузнецовты қаншама айналдырғаныммен 
өтiрiгiн мойындата алмадым. Қазақстанның төрт бұрышынан 
сабыла iздеп таппағанда­ақ Мәйiмбеттiң Го 
гольдың ойдан 
шығарылған «Өлi жаны» екенiне шүбәсіз сен гемін. Бiрақ соны 
жұртқа әйгiлеп, баспасөз бетiнде жария етуге дәтiмiз бармады. 
Баратын едi, қолымызды байлаған Өлкелiк комитеттегi бiлгiр 
басшылар «Бұл өтiрiктi жария қылсақ – Кузнецов қана емес, 
оны тексерусiз жариялаған «Правданың» да бе 
делiне нұсқан 
келтiремiз, – десін. – Оны бiзге кешiрмейдi, әсiресе Кремльдегi 
дөкейлер. Сондықтан да бұл iстi жауып тастау керек. Мәйiмбет те 
жынданып емес, кенеттен өлiп қалған кiсi болсын...» 
Ақыры осы уәжге тоқтадық. Бiрақ құлағы түрiк журналис­
тер бiлiп қойыпты. Павел Николае вичтi әжуалап «Маимбет ис­
чез с полос газет. Маимбет, может быть, и нет?..» деген тәрiздi 
пародия­сықақ «Казправданың» қабырға газетiне жарияланып, 
Кузнецовты күлкi iздеген әзiлқой әрiптестерi бiраз уақытқа дейiн 
мазақтап жүрдi...
  
* * *
– Бұл хикаятқа ноқат қою үшiн Жамбыл атамызды қалай 
тапқандарыңызды әңгiме леу қажет, – дедiк бiз Ғабеңе емеурiн 
бiлдiрiп.
– Оның ешқандай құпиясы жоқ, жұртшылыққа жалпы но­
байы мәлiм әңгiме.

ШЫҒАРМАЛАРЫ
235
– Сөйтсе де, Ғабеке, оның да өзiндiк ұлағаты бар деседi. Әмбе 
қазiрде Жәкеңдi мен тап тым деп естелiк жазушылар да көбейiп 
барады. Жаңылмасам, бес­алты адам.
– Бәрi де әншейін былшыл! Шежiреге 1936 жыл енiп, Қа­
зақ 
станның Мәскеуде өтпек тұңғыш онкүндiгiнде әзiрлiк 
қызу қарқынға көшкен мезгiл­дi. Бұл болса о күнде үлкен ме ­
реке ғана емес, саяси мәнi ерекше оқиға! Сондықтан да он­
күндiкке әзiрлiктiң жөн­жобасын Өлкелiк комитет, Қазақ КСР 
Кеңхалкомы, Ағарком басшылары қатаң қадағалап, қажет 
көмектердiң бәрі­бәрiн дер кезiнде көрсетiп отырды... – деген 
кiрiспемен бастаған­ды қаламгер бұл жайында әңгiме сiн. – Бiр 
күнi Темiрбек Жүргенов телефон шалып, «Ғабит, тезiрек жет­
кiн!» деп нығырлады.
Бар сам жалғыз екен, әлденеге кiржиiп отыр. «Мәйiмбеттi бір 
жыл iздеп, басты шаруаны ұмыттық, – дедi маған кiдие қарап. – 
Левон Исаевич Парижден (денсаулығының әлдебiр ақаулығын 
түзеу үшiн Мирзоян нақ сол кезде Францияға емделуге кеткен­
дi) Оразға, Исаевты айтамын, телеграмма жолдапты: ай туынша, 
онкүндiкке қазақтың суырыпсалма өнерi мол егде ақындарын 
да таңдап апару ке рек, өйткенi бұлардiкi – нағыз қазақы, ұлттық 
өнер және басқа ха лықта сирек кездесетiн, демек, Мәскеу жұртын 
ерекше таңғалдыратын, әмбе солар дың iшiнен ерекше талантты 
бiре уiн дара шығаруды мiндет еткен. Ал не дейсiң?»
«Әдебиетшiлердi шақырып, ақылдасайық».
«Ақылдас, бiрақ үш күннен әрiге созба».
Мұхаңды, Сәкен, Биағаң, Илияс, Сәбит, Қалмақан, Әбдiлда, 
тағы бірқанша әдебиет бiлгiрлерiн, Алматыда сол кезде едәуiр зия­
лы қауым болатын, бәрі­бәрiн жұмыс аяғында кеңсеге шақырып, 
«Не iстеймiз, қай ақынды алға оздырып атай мыз?» мәселесiн 
мәслихатқа салдық. Ескi тiзiм тағы да талқыға түсiп, бiреу олай 
деп, бiреу былай деп, екшей бастадық. Сөйтiп отырғанымыз­
да үстiмiзге Ораз Жандосов кiрiп келдi, айбары күшті, қай­
раткер азамат, ұмытпасам, сол кезде ол Ал маты облаткомының 
төрағасы. Дауымызды бiршама уақыт тыңдап отырды да, «Жол­
дастар, құп көрсеңдер, бас ақын жолын Жамбыл ақынға жүктеу 
керек. Асығыс деп абыржып отырсыңдар, ал ол иек астындағы 
Ұзынағашта тұрады. Екі­үш сағатта жеткізіп беремін. Бiр ме? 
Екiншiсi, мен бiлетiн қазақ өлеңшiлерiнiң iшiнде одан үлкенi 
жоқ, былайша айтқанда, бәріне аға. Үшiншi, кезiнде ол Жетiсу 

Медеу СӘРСЕКЕ
236
ғана емес, қырғыз бен бүкiл түстiк елiне атағы шыққан әлей 
ақын болған. Төртiншi, нағыз кедей, өмiрi шыр бiтпеген әрi дәу­
лет жимаған жан. Рас, жасы тоқсанға iлiнiп қалды. Бiрақ әлi де 
тың. Бұрнағы жылы бiздiң үйге келiп қонғанда байқадым, бiр 
кеш жырлауға күш­қуаты қаптал жетті. Тек тұрмыстан жүдеп 
жүр. Қысқасы, тәтемдi таптырып берейiн, тыңдап көрiңiздер» 
деп нақтылы ұсыныс жасады.
Ақырғы сөздi осыған байлап, Жәкеңдi алдыруға келiсумен 
тарадық. Жаңылмасам, Жамбыл ақынды Алматыға әкелуге 
қазірде өз рөлін күшейтіңкіреп жазып жүрген, өз бетімен емес, 
онысы бекер, бiздiң тапсырмамен Әбдiлда Тәжiбаев аттанды. 
Арада екi­үш күн өттi­ау деймiн. Бiр кеште астанадағы ақын 
атаулы бiрiн­бiрi қостап улап­шулап, жерге тақау бiр планета­
дан бейтаныс қонақ келгендей­ақ дүрлiгiп қалды. О күнде бiздiң 
әдебиетшiлер бiр­бiрiне ұрымтал тұратын, заманның да пәле­
жала қумаған тыныш кезi, қалайда өзара ерекше бауырмал
тату қарым­қатынаста болатын. Иә, солар бiр­бiрiнен сүйiншi 
сұрасып, «Әбдiлданың алып келген қарты нағыз дүлдүл, жырдың 
ағып тұрған кенi екен. Кiмдi көрсе де қолма­қол әзiлдеп жыр ай­
тады, әмбе сондай тапқыр, кiсiге атқойғыш...» деген сөз гуледі. 
«Мұхаң, Сәбиттер барып сәлем берiп, аз­маз шүйiркелескен 
екен, Жамбыл ақын оларға да ұнапты. Жасы сексен сегiзде, 
бiрақ тісі бүтін, тілі ұзын, сөзi, үнi бұзылмаған... – дестi Жәкеңді 
мақтаушылар. – Ескi ақындардың жырларын ерекше көп бiледi, 
жанынан қосып та айта алады, жадында сақтаған асыл мұра 
нұсқалары да сұмдық мол! Тек оған тиiстi жағдай туғызу керек!»
Сонымен айналысы бiр аптаның iшiнде Жәкеңнiң аста­төк 
жырын үкiмет басын дағылар, бiз де түгел тыңдап, разы болдық. 
Кiм тыңдаса да «Мына кiсi – өлең­жырдың сарқылмас қоймасы. 
Өткен өмiр жайында сайрап тұрған тiрi шежiре. Бағыттай бiлсең, 
жаңа заман ту ралы да ағынан жарыла сөйлеп кеткендей, нағыз 
төкпе ақын!» деп бағалады. Рас, бiрде­бiрiмiз сол күндерде бас 
ақын осы болсын десiп, үкiметтен, иә Жазушылар одағынан 
қаулы­қарар талап еткемiз жоқ, тiптi сол жайында ауызға ал­
ған емеспiз. Өйткенi онкүндiкке қатысуға дәмеленiп жүрген 
ақындарымыз бар­ды. Солардың бағы жанып, оза шыққан бiреуi 
атанар деген әдiлдiктi ойлап едiк. Жәкеңнiң тасы өрге домалап 
тұрды ма, кiм бiлсiн, бас ақын таңдау мәселесi де ойда жоқта оп­
оңай, өз­өзiнен шешiлiп қалды. Және сол онкүндiк баста ларға 
дейiн...

ШЫҒАРМАЛАРЫ
237
– Солай ма? Бiз ойлағанбыз, Жәкең Москвадан оралған соң 
ғана дүйiм елге атағы жайы лып кеттi деп. Бұл қалайша?
– Солай екенi де шындыққа жақын, – дедi Ғабит аға. – Тарих 
дәлдiктi сүйедi, жігіттер, мұны да ұмытпаңдар! Шындығында 
былай болды: қарт ақынға тұңғыш әдеби хатшылыққа тағайын­
далған Әбдiлда бiр күнi Жәкеңнiң жаңа жырын жазып әкелдi. 
Бiз оны Кузнецовқа аудартып, «Правдаға» жолдадық. Ол жыр – 
атақты «Туған елiм» толғауы. Оны ең алдымен жария лаған, 
естерiңде болсын, өзiмiздiң «Қазақ әдебиетi» газетi. Бiр апта­
дан соң толғауды «Прав да» басып, Жәкеңнiң суретiмен қоса 
бердi. Нақ сол күнi онкүндiкке қатысушыларды апарған ар­
наулы пойыз Москваның Қазан вокзалына тоқтағанда, қарсы 
алушылардың қолында Жамбылдың суретi мен жыры басылған 
газет болады да, ал ауыздарында «Джамбул, Джам бул!» деген 
жалғыз сөз жүредi. Одан арғы әңгiме барша жұртқа әйгiлi: сол 
жолы қарт ақын мәскеуліктердің ерекше қошеметiне бөлендi: 
бүкiлодақтық староста атанған Ка 
лининнiң қолынан Еңбек 
Қызыл Ту орденiн алды; Мавзолейге кiрiп, Лениннiң мүрдесiне 
тағ 
зым еттi; Сталин болған қонақасыға қатысты; қолма­қол 
туған төкпе өлеңдерi де әдеби хатшыларының көмегiмен қағазға 
түсiп, орталық газеттерге басылып, ақындық дақ пырты бүкiл 
Одаққа, дүние жүзiне тарап кеттi. Тихонов болса керек, оның та­
лантын ерекше бағалап, «Жиырмасыншы ғасырдың Гомерi» деп 
атады. Әлбетте, бұл жерде оның кенет көтерiлген абы рой­атағын 
кездейсоқтыққа, иә бiр ғана баққа балау – Жамбылдың ғажайып 
дары нын мұқату болмақ. Әңгiме, тегiнде, қарт ақынды iздеп та­
уып, бiржола көмiлуге айналған табиғи қабiлетiн оятуға жағдай 
туғызып, шабытын қоздыра бiлгендiкте емес пе. Одан арғыны, ту­
расын айтсақ, Жәкеңнiң әлi сарқылмаған дарыны мен ақындық 
өнері шештi. Менiңше, қазақ әдебиетi, әсiресе халқымыз бұдан 
ешқандай зиян көрген жоқ, қайта өрiс­ауқымы кеңiп, рухани 
өрлеуге түстi. Халық ақындарына деген көзқарас та кiлт өзгердi. 
Жер­жерде оларға ерекше дарын иесi деп құрметпен қарайтын 
болды: Қарағанды облысы Доскей мен Шашубайға, Ақтөбеде 
Нүрпейiске үй салып бердi; Қызылорда мен Шымкентте На­
ртай мен Орынбайға, Жезқазғанда Тайжан ақынға жайлы үй 
берiлiп, қаражат бөлiп, қастарына хатшылар қойылды. Осының 
бәрi, сайып келгенде, ұлы тәркiлеу мен жаппай колхоз дастыру 
кезiнде, одан аштық жылдары қатары сиреп, адуын заманнан 

Медеу СӘРСЕКЕ
238
именiп, өнерлерi бұғынып қалған ескi тарландардың қайтадан 
түлеп, қолына домбыра алуына түрткi болды, – деп Ғабит ағай 
өткен өмiрiмiздiң қалтарысында қалып, ұмыт болуға айналған, 
кешегi дүбiрлi де қым­қуыт әрi кесiрлi уақыттың айнымас белгi­
таңбасын сақтаған естелiк әңгiмесiн аяқтаған­ды.
 Наурыз, 1991 жыл

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал