Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.19 Kb.

бет13/19
Дата08.01.2017
өлшемі7.19 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

ҚОС ЖҰЛДЫЗДЫҢ ЖАРЫҒЫ
 Сауықтыру орындарына тән «Мүлгу сағатының» тәмам болу­
ға та яған мезгiлi. Мен жатқан бөлменiң есiгi тық­тық қағылып, 
iле жарым­жартылай ашылды.
– Ояндың ба? – Табалдырықтан аттағанымен берi баспай, есiк 
алдында қалт тұрып қалған Ғабит аға әр сөзiне ноқат қойғандай 
үзiп­үзiп сөйледi. – Оянсаң – ескертуге келдім. Сен өзi қала жақ­
қа кетiңкiреп жүрсiң. Ертең жоқ, бүрсiгүнi, түс қайта орныңнан 
та был. Үйге барамыз. Қайрошым келiптi, сәлем бер мек екен. Мен 
оған «Ертең емес, сәлемiңдi бүрсiгүнi үйге келiп бересiң» дедiм...
Мен жауап қатқанша есiк қайта жабылды. Ғабит ағаның соңғы 
сөздерiн жастықтан ба сымды көтерiп отырып тыңдағам. Тек лып 
етiп атып тұра алмай қалдым. Осы санато рийде ем алып жатқан 
қаламгер кiсi қамсыз жатқанда келдi. Сірә, беймезгiл уақыттағы 
ерсi ұйқының кесiрi... Ұйқылы­ояу қалыпта көзiмдi уқалап, 
тұзға сiре 
скен желкенi мытылап («Алматы» санаторийiнде 
мен алып жүрген емнiң бiрi осы болатын) сәл­пәл отырдым да, 
жастыққа қисайдым.
Көңiлдi қозғаған ұшқыр ой тыныштық берер емес. «Әлгi 
кiсi үйге барамыз деп кеттi; бiр тәуiрi, ертең емес, бүрсiгүнi; 
демек, бүрсiгүнге белгiленген шаруала рымды тежей тұру ке­
рек; екiншi айтқаны – қонағым Қайрош дедi. «Қайрошым» деп 
оны меншiктеп атады. Сiрә, алыстан келген адам, сәлем бермек 
болғанына қарағанда, көптен берi көрмеген, бiрақ көруге ынты­
зар, аса құрметтi мейман. Апы р­ау, бұл?.. Иә, иә, дәл өзi, сол, сол 
Қайрош! – деп қи ялға шомдым бiр уақ. – Ғабит аға үшiн дүниеде 

Медеу СӘРСЕКЕ
202
бiр­ақ Қайрош бар, ол өзi келістіре сипаттаған, әйгілі қазақ ба­
тыры, мақтан етер ұлың деп үлгi ғып тартқан жайсаң азамат! 
Кәдуiлгi «Қазақ солдаты» романының бас қаһарманы – Кеңес 
Одағының Батыры Қайырғали Смағұлов! Азамат тiрi екен­ау?!.»
Неге сөйткенiмдi түсiндiру қиын, сол сағаттан бастап ме­
нен дегбiр қашты. Гәп мек тепте оқыған жылдардан сүйкiмдi 
қаһарман боп жадымда сақталған, шексіз ерлiгiне ел сүйсiнiп, 
аты аңызға айналған, атағы әлденеше халыққа мәшһүр болған 
Қайырғали батырды көретiндiгiмде. Әмбе қандай жағдайда? 
Оның ерен ерлiгiн неше жұртқа паш еткен хас шебердің өз үйiнде, 
тiзе қосып бiрге болатын дастарқан басында...
Батырмен кездесуге мен сол сағаттан­ақ қамдана бастадым. 
Ең алдымен санато 
рийдiң кiтапханасына барып, «Қазақ сол­
датының» орысша, қазақша басылым дарын тауып алып, әр же­
рiн шола қарап, бір кезде тәнтi болған оқиғалар сүреңiн еске тү­
сiрдiм.
* * *
 Мезгiл мамыр айының басы болатын. Ұлы Отан соғысы­
ның жеңiспен аяқталғанына отыз жыл толуын мерекелеуге 
әзiрленiп жатқан дүрбелең кез. Қайырғали Смағұловтың сонау 
Гурьевтен (қазiргi Атырау) астанаға келуi де осыған байланы­
сты екен: Қазақстан Компартия сының ОК­iнде Кеңес Одағының 
қазақстандық батырларына арнайы қабылдау болмақ; бұдан 
соң олар Ленин алаңындағы 9 мамыр күнгi салтанатты шеруге 
қатысады. Мерекенiң шырқау шегі – сол алаңда өтетiн әскери 
шеру, соңында Алматының спортшы жастарының өнерiн тама­
шалау...
Уәделi күнi түс ауа Ғабит аға еншiлеген екiншi қабаттағы 
екi бөлмелi люкске көтерiлдiм. Iле­шала Қазақ КСР Жоғарғы 
Кеңесiнiң қаламгерге бекiткен басыбайлы ма шинасы келдi де 
(бұл кезде ол кiсi Жоғарғы Кеңестiң төрағасы мiндетiн атқаратын­
ды), дереу Алматыға тар ттық. Жүрдек «Волгамен» үрдiс келсек 
те күткен қонағымыздан бұрын жете алмадық. Мұқан Төле­
баев көшесiне кесе­көлденең тұрғызылған үлкен үйдiң үшiншi 
қабатына көтерiлiп, 25­пәтердiң (бұл үйде қазірде қаламгердің 
мұражайы орналасқан) есiгiн ашқанымыз сол едi, сол жақтағы 
қонақжайдан орта бойлы, қы зыл шырайлы кексе жiгiт шыға келiп:

ШЫҒАРМАЛАРЫ
203
– Ассалаумағалейкум, аға! – деп самбырлаған ашық үнмен 
сәлем беріп, үй иесiн құшақтай алды.
Мұндай мезетте бiлгiшсiнiп сөз қыстырып, иә сүйсiнгенiңдi 
бiлдiрiп, жөнсiз даурығу – әншейiн әрекет. Ондай арзан мадақты 
Ғабең жаратпайды. Екi жайсаңның құшақтарын айқастырып, 
ұзақ амандасқанына сүйсiндiм бе, есiк алдында тым­тырыс, 
қимылсыз сiлейiп қарап тұрмын. Батырдың қимыл­қозғалысы 
маған ширақ көрiндi, елудiң шебiнен асқаны ешбiр сезiлмейдi, 
тiлi де кiсiнi ерiксiз үйiргендей шалымды екен.
– Мiнi, аға, құдай оңдап тағы да кездестiк. Сiздi аман­сау көр­
генiме ерекше қуанышты 
мын. Алтын жұлдызыңыз қайырлы 
болсын, аға! Несiн айтасыз, ша 
бытыңыз тасып, ше 
берлiгiңiз 
кемелденген шағында берiлген әлей атақ болды бұл! Ғұмырлы 
болыңыз, абырой­атағыңыз арта берсiн, асыл шығармалармен 
бiздi қуанта берiңiз! Халқыңыздың мәртебесi мен мерейi үшiн 
ұзақ жасаңыз! Опера ция жасатып, бойдағы кеселден құлан таза 
айықты деп естiдiм. Сiздi ажал иттен арашалап алған хирургтiң 
шипа қолы ғана емес, мың­мыңдаған оқушы қауымның тiлек 
үмiтi де шығар­ау, сiрә?!.
Осыншама көл­көсiр мол тiлектердiң бәрі­бәрiн батыр қо­
нақ бiр­ақ минутта, алғашқы қауышу сәтiнде асыға айтып, кө­
кейiндегi барша ой­пiкiрiнен бiржола арылғысы келгендей, сөз 
нөпірін үйiп­төге кiдiрiссiз жаудырып жатыр...
Содан бiр мезетте сәлемдесу кезегi маған да тидi. Қайрекеңнiң 
қолын алып, жеңiс мере кесiмен құттықтадым.
Батыр жалғыз келмептi. Бiз қонақ бөлмеге кiргенде төрдегi 
диванның бергi шетiнен дем 
белше бойлы, тығыршық денелi, 
ақсары жiгiт көтерiлдi.
– Пәлі, Ғабит аға, ұмытып барады екем, мына жiгiт – менiң 
бiрегей бастығым әрі жолбасшым Аман. – Қайрекең әлденеге 
қымсынғандай жымиып, қайта сөйледi. – Менiң Үйшiктегi
*
 кә­
сiби­техникалық училищеде директордың шаруашылық жө­
нiндегi орынбасары болып еңбек ететiнiмдi ана жылы айтып 
едiм ғой, ағасы. Аман iнiм – жас болғанмен сол училищенiң дар­
дай дирек торы, әйбат жiгiт. Мен осы жаққа жүрерде облыстағы 
ардақты азаматтар «Мұндай мерекеге батырды жалғыз жiберуге 
болмайды, қасында қызмет көрсететiн ептi жiгiттен серiгi 
*
 Атырау қазақтары бұрынғы Гурьев қаласын ежелден Үйшік атандырған.

Медеу СӘРСЕКЕ
204
болғаны жөн» дептi. Қа зақша айтқанда, маған атқосшы ізде­
мек болды. Менiң мiнезiмдi бiлесiз, көкейi мдегi сөздiң тура сын 
айтамын. Бұл жолы да соған басып, «Кiсi iздеп әуре ленбеңдер, игi 
жақсылар. Аман iнiмдi қоссаңдар болды» дедiм. Бұл ендi жұмыс 
ор нымдағы бiрден­бiр бастығым болған соң, қалайша атқосшы 
демекпiн, Алматыға келгеннен кейiн жолбасшым деп дәрежесiн 
көтерiп алдым, аға...
Аман директор орынбасарының көл­көсiр лебiзiне түзету 
жасаған жоқ, бiзбен сыпайы амандасып, жымиған қалпы 
тым­тырыс тұр. Шынында да Қайрекеңдей аузын ашса жүрегi 
көрiнетін аңқылдаған, алыпқашпа мiнездi батырға жолсерiк 
болу үшiн де бiрқыдыру төзiм қажеттiгiн айт пай­ақ сезiп тұр­
мын.
– Қане, дастарқанға жақындаңдар, – дедi Ғабит аға демалыс 
бөлмесiнен киiмiн ауысты рып, қол шайып келген соң. – Бүгiнгi 
сұхбаттың билiгi сенде, Медеуо.
Ғабит ағаның дастарқан билiгiн ұсынғанын мен өзiмше 
ұқтым: осыдан бiр ай шамасы бұрын бұл кiсi соқырiшектiң 
асқын 
ған дертiне ұшырап, тәулiк бойы дәрiгер шақырмай, 
кешiгiп көрi 
нiп, өлiм аузынан қалған; соның зардабы, ай­
туынша, бойынан әлi де тарқай қойған жоқ; клиникалық 
сауықтыру орнында ұзағырақ жатқан себебi де сол; демек, үй 
иесiне дәрiгерлер тағайындаған қатаң диетадан шығуға болмай­
ды; ал мына қонақты мейлiнше құрметтеу қажет; бұл мiндет 
сондықтан да маған жүктелiп отыр...
Ғабит ағай мен батыр қонақ төрге жайғасты да, Аман дирек­
тор екеумiз үстелдiң екiншi жағына қатарлас отырдық. Ға зиза 
жеңгей шайын әкеп, жағалай құйған соң, мен коньяк шөл­
мектердiң бiрiн қолыма алдым.
– Сiзбен кездесетiнiмдi естiгеннен берiде менде дегбiр қалған 
жоқ, құрметтi Қайреке, – дедiм батырға барлай қарап, – шыным­
ды айтсам, өткен түнде әлденеге елегiзiп, жөндi ұйық тай алмай 
шықтым. Сiрә, батыр атаулының алыстан әсер ететiн ерекше 
сесi болса керек. Мiне, ендi қаламгер ағаның үйiнде өзiңiз бен 
дастарқандас болып отырмын. Мұны өзiме үлкен олжа көремін! 
Ал сiз, турасын айтсам, нағыз хас батырдың өзiсiз. Ғабит ағаның 
шебер қаламына iлiгiп, есiмiңiз бүкiл қазаққа мәшһүр болды, 
қазақты қойып, бүкiл дүние жүзiне де сем де артық емес. Соғыста 
асқан ерлiгiмен көзге түскен шы найы ерлер аз емес. Алайда бар­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
205
ша жұртқа хас батырлығымен, ақжүрек азаматтығымен үлгi, 
нұсқа болған сiздей айбынды арыстар бізде санаулы! Ендi бiр 
сәт назар ларыңызды төрге аударыңыздар! Бiр емес, екi батыр­
ды қаз­қатар көрiп отырмыз. Бiрi оның кешегi қантөгiсте жау­
ды өз қотанында күйрете жеңiп, майданнан есейiп те мерейлi 
қайтқан қазақтың халық қаһарма ны – ер Қайрекең! Екiншi сi – 
туған халқының ержүрек ұлының керемет ерлiгiн жер жүзiне 
паш етiп, өзге де ерен еңбектерiмен туған елiмiздiң Ерi атанған 
Ғабит аға! Былайша айтқанда, ағасына iнiсi сай, iнiсiне ағасы 
тең – қос арыс, ұлағатты азаматтар! Бүгiнгi сұхбаттың алғашқы 
рюмкесін осы екi батырдың айқасқан достық құшағына арнап 
көтеремiн...
– О, бәрекелдi, сөздiң түбiн түсiре айта бiлетiн жігіт екенсiң, 
ныспың кiм дедiң, iнiм? – деп құшырлана қол соғып, батыр қонақ 
маған да қошемет бiлдiрдi.
– Бұл жiгiт – менiң санаторийдегi серiгiм, жазушы Медеу, 
Абай ауылының жiгiтi, – дедi Ғабит аға менi таныстырып.
– Онда, Медеу шырақ, сен маған iнi емес, балдыз болдың. 
Бiздiң үйдегi жеңгең – Семейдiң қызы, Аягөз стансасының iр­
гесiндегi бекетте туған найман қызы. Демек, сенiң апаң, – деп 
Қайрекең тағы бiр сырын сұратпай­ақ ашып тастады.
Онысын мен қолма­қол керегiме жараттым.
– Әттеген­ай, жездей болып шығатыныңызды бiлмедiм ғой, 
шаштаразға барып, тап бүгiн шығынданбайтын едiм. Со 
ғыс­
тан бұрынғы шашалғыш кәсiбiңiз есiме түсiп, Қайреке, нан­
саңыз, бүгiнгi күннiң қақ жартысын мен бiздiң санаторий тұр­
ған Қарғалыдағы шаштараздың кезегiнде өткiздiм. Ұстара, 
қайшымды осы үйге ала келiп, өзiңiзге­ақ алғызатын едiм...
Бұл сөзiм жаппай күлкi туғызды. Әсiресе сырын бөгде жұрт­
тан бүге бiлмейтiн батыр қо нақ балаша аңқылдап, шын айтасың 
ба дегендей, алды­артын тегiстеп қиып, қобыраған жер 
лерiн 
басып жылмитып қойған, о күнде ерекше мол шашыма қадала 
қарап, рақаттана күлсiн. Ғабит аға да «Бетiң түзеу, осылайша 
қыздыра бер» дегендей шаттанған ишаратпен тамағын кенеп 
қойды. Соны сездiм де, темiрдi қызған кезiнде иiп алуды құп 
көрiп, рюмкелердi қайыра толтырайын.
– Онда мен, жақсы ағалар, жезделi болғаныма iшкiм келiп 
тұр. Ал жездем жазушы балдызы үшiн iше ме, iшпей ме – өзi 
бiлсiн! – деп қыздырма бiр сөз тастап, өз рюм кемдi қолыма алайын.

Медеу СӘРСЕКЕ
206
– Өй, сен, қу балдыз, байқап сөйле! Үйге қайтқан соң мына 
Аман iнiм сенiң жөн­жосығыңды жеңгесiне мәнiстеп айтпай ма... 
Ал сенiң апаң да өте­мөте қаншыл, ерекше бауырмал кiсi. Мына 
сөзiңдi естiген соң, бiр көрген бауырымды сыйламапсың деп 
маған ұрыспай ма, қой ондай әзiлдi. Мен де сенен қалмаймын...
Сонымен жезде­балдыз болып, қалжың айтысып, бiр­бiрiмiздi 
қолпаштай отырып, Қайрекең екеуiмiз бiраз жерге барып та 
қалдық. Ғабит аға рюмкесiне ерiн ұшын ғана тигiзiп, әредiк 
сараң сөйлеп, бiзді көтермелеп емеурiн жасап қояды. Аман 
iнi мiз сол емеурiншiлер әулетiнен боп шықты. «Мұның қа­
лай, жiгi тiм?» – деп алғашқы көтеруде­ақ таңданыс бiлдiргем. 
«Iшпеушi едiм, кешiрiм етiңiз», – деп ол кеудесiне қолын қойып, 
рақымшылық сұраған. Мүлдем ішпейтiнi бекер болу керек, 
үлкендердiң алдында бiрақ бой бағып, көргендiк аңғартқанын 
iшiмнен ұнатып та отырмын. Сiрә, батыр ағасына жол серiк бо­
лып шыққаны да оның осы жағына бекемдiгi болар­ау деген 
ойдан да құралақан емеспiн. Сөйтiп, бүгiнгi сұхбаттың басты 
«кейiпкерлерi» де анықталды...
Қуырдақ желiнiп, шай iшiлiп, үлкен асқа дейiн үзiлiс жа­
риялаған кезде, сiрә, бiршама тыныс бергiсi келдi ме, Ғабит аға 
бас қонаққа бұрылып:
– Қайрошпен алғаш танысқан күндерiм есiме түсiп отыр, 
қырық төртiншi жыл, иә, соғыстың аяқталып қалған кезi едi­ау, 
ә, Қайрош? – деп тың әңгiме бастауға емеурiн бiлдiрдi.
– Дәл айтасыз, қырық төртiншi жылдың қоңыр күзi болатын. 
Госпитальдан шыққан бетiмде Алматыға келгем­дi. Киров көшесi 
мен Сталин даңғылының (бұл көше лер қазiрде Бөгенбай батыр 
және Абылай хан даңғылы ата лады) қиылысында көп­көрiм мей­
манхана болушы едi ғой. Соның бiр бөлмесiн оңаша иемденiп, 
өзiме­өзім еркiн демалыс жариялап, шалжиып жатқамын. 
Сөкеттiгi жоқ қой оның, жиырма бiрдегi жасаң кезiм, қан май­
даннан ер атанып қайтқан желiк те бар бойда! Бiр күнi есiк тық­
тық қағылып, қасыңызда екi­үш азаматтар бар, сау етiп үстiме 
кiрiп келдiңiз...
– Қайрош, сен сабыр қыл, бұл әңгiменiң кiрiспесiн тастап 
кетсек, тұздығы келiспеген асқа ұқсап дәмсiзденiп қалады, – 
деп қаламгер аға батырдың сөзiн бөлдi. – Соғыс тақыры бына бiр 
нәрсе жазуға толғанып жүрген кезiм едi. Бiрақ жөндемдi ештеңе 
туа қоймады. Тегiнде, татымды бiрдеме шығару үшiн жазбақ 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
207
дүниеңдi жете бiлу керек. Ал маған, өздерiң бiлесiңдер, майдан да 
болып, оқ­дәрi иiсiн иiскеуге дәм бұйырмады: ту бастан осында­
ғы бiр топ қаламгер бронь алып, шектеуге түсiп, елде қалдық. 
Қысқасы, соғыстың нендей ауыр хикмет екенiн сезгенiммен, 
нақ өзiн көрген, бiлген кiсi емеспiн. Ойлана келе бұл олқылықты 
толтырар iс – ұрыс даласы нан аман­есен қайтқан майдангердiң 
әңгiмесi деген тоқтамға келдiм. Ондай куәгерлердiң талайына 
жолықтым. Амал не, солардың бiрде­бiрiне көңiлiм тоқтасайшы, 
әлде көкейiм аңсаған шынайы майдангер кезiкпедi ме, кiм бiлсiн?
Майданға бармағанымызбен бiздi де мезгiл­мезгiл әскери 
дайындық, түрлi жаттығуларға шақырып, батыс жақта алапат 
соғыс жүрiп жатқанын еске салып қоятын. Бiр күнi бiздi, бiз 
деп отырғаным – өңкей ғалымдар мен әдебиетшiлер қауымы, 
академияның филиа лында өтпек кезектi кездесуге шақырды. 
Ес туiмiзше, майданнан ерен батыр бiр жiгiт келiптi. Омыра­
уында Алтын жұлдызы болмаса да, нағыз хас батыр деседi. Бар­
дық, сұхбатында бол дық. Майдан туралы әңгiменi келi стiрiп 
айтады: шынайы болған, көзi көрген ұры старды тал дайды; май­
дангерлердiң тiрлiк жайынан да әр алуан сыр шертедi; соғысу 
әдiстерi, әскердiң қаруы, оның түрлерi мен жiктелуi турасын­
да да сан алуан мағлұматтарды ұзақты күн тыңдап отырамыз, 
қайсыбiрiн құлаққа құйып, ең қажет­ау дегендерiн қағазға түртiп 
аламыз. Лекторымыз жап­жас, әскери дәрежесi небәрi аға лейте­
нант болғанмен, бiз үшiн генералдан кем емес – мiнберден сөйлеп 
тұрған сөзi де, қаққан қазықтай қаздиған өзi де, ұстараның 
жүзiндей лыпылдаған мiнезi де көңiлдi көншiткендей. Бiр минөт 
кешiкпей, нақ уақытында залға кiрiп келе жатады, бiр минөт 
асырмай, кесулi сағатта сөзiн бiтiредi. Ай тып тұрған әңгiмесiне 
бөгде бiр сөз қоспайды, жайыла отырып, жалпылама сөйлеуге 
дағды ланып кеткен бiзге де артық­ауыс бiр сөз қостырмайды. 
Әлқисса, содан аз күнде­ақ әскери қатаң тәртiптiң не екенiн 
бiлiп­танып қалдық. Бiр күнi тiптi келеңсiздеу бiр оқиғаға 
куә бол дық: егде тартып қалған ғалым кiсi дәрiс басталған соң 
залға келiп, соңғы орындардың бiрiне жайғаса берiп едi, май­
дангерiмiздiң түсi бұзылып, өктем даусы саңқ етiп, «Ақсақал, 
орныңыздан тұрыңыз!» десiн. Ана кiсi сөлбiрейе тұрды. «Бүгiнге 
боссыз!» деп бұйырды әскери лекторымыз. Байғұс ғалым қатты 
ұялып, не iстерiн бiлмей қипақтап тұрып, кешiккен себебiн 
түсiндiре бастап едi, майдангерiмiз «Әуре болмаңыз, ақсақал!» 
деп қайыра түйiп тастады. Амал қанша, ұрыс даласынан келген, 

Медеу СӘРСЕКЕ
208
екпiнi әр сөзiнен сезiлiп тұрған тарпаң майдангер мен сөз талас­
тыру қайда, байғұстың иығы салбырап, тұқия төмен қараған 
қалпы залдан шығып кеттi. Бұл оқиға бәрiмiзге де сабақ бол­
ды. Жетi күн ұдайы тапжылмай отырып, әлгi офицердiң әскери 
сұхбатына құлақ түрдiк... Менiң бастапқы ойым – осы жiгiттi 
оңаша әңгiмеге шақырып, айналдырып көру бо латын. Тура сын 
айтсам, оның майдан туралы ойлы мәслихатына ынта қойғаным 
содан едi. Алайда ұстараның жүзiндей лыпылдап тұрған ұрдажық 
мiнездi майдангерге жақындаса алмадым. Көкейiмде сол күнде 
түйiп жүрген ержүрек те қарапайым жауынгерден ол әлдеқайда 
жоғары тұрған шы найы әскери қолбасшы адам сияқ тан­ды, оны 
бейнелеуге өрем жетпес деп ойладым. Бiлiм­таным дәрежесi де, 
қазiрде интел лект дейсiңдер ме, тым көтерiңкi едi. Оған бойлау 
оңай болмас деп топшыладым. Сезiп отырған шығарсыңдар, 
менiң ежіктеп отырғаным – кәдiмгi Бауыржан Момышұлы.
– Бәсе, өзiм де сол кiсi болар­ау деп шамалап отыр едiм. Ба­
уыржан аға адуын ғана емес, керемет өр кiсi ғой. Дардай ғылым 
иесiн өйтiп залдан айдап шығу – менiң қолымнан ешқа шанда 
келмейтiн өрлiк! Өйту қайда!.. – деп басын шайқады Қайрекең.
– Әрi қарай тыңдаңдар. – Шырайлана жымиған Ғабит аға 
ба тыр iнiсiне толғана қарады. – Күндердiң күнiнде тағы да бiр 
қауесет дүңк ете қалды: «Бiздiң филиалға бiр батыр жiгiт келiптi; 
өзi тума ғалым дейдi; мiнезi қандай биязы, әңгiмеге жұртты қарық 
қылып, бәрі­бәрiн риза етiп жатыр!..» Жұрт мақтаған батырды 
маған неге көрмеске?! Көңiлiмде көптен ұялаған майдангерiм, 
бәлкiм, сол болса игi деген далба са үмітпен сәтiн салғай деп, қағаз­
қаламымды сайлап, филиалға барайын. Филиал деп отырғаным – 
осы күнгi үлкен ака демиямыздың қара шаңырағы орнаған Вино­
градов көшесiндегi екi қабат тас үй, сол кезде ол небәрi екi­үш 
институттан тұратын ғылыми орталық болатын. Соның бiрi – 
Тарих, әдебиет және тiл институты атанған бiзге төл шаңырақ. 
Бiр тәуiрi, батыр көп iздеткен жоқ, мен жайғасқан кабинетке өзi 
іздеп келiп, сәлем бердi. Батырлығында, сiрә, қапы жоқ, омырауын­
да – жарқыраған Алтын жұлдыз. Мiнезi де қыздай сызылған, сiз­
бiз деп қымсынып тұрған нағыз ұялшақ биязының өзi. Соғысқа 
дейiн осы жайда аспирантурада оқыпты, мамандығы фило лог. 
Сөз тартып көрсем: батырлар жырын, эпостарды жатқа соғады. 
Әңгiмесi дәмдi, сөзi нәрлi. Ешбір жалықтырмайды. Майдан тура­
лы сұрасам, «Ой, ағасы, майдан деген қып­қызыл қантөгiс қой, 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
209
оны айтып тауысу мүмкiн емес, әйтеуiр сүлдерiмiздi сүйретiп 
тiрi келдiк қой!» деп күрсiнедi, одан әрiге баспайды. Қойшы, 
екi­үш күн әурелеп, ақыры «Ал, батыр, өзiңнiң ерлiгiңдi естiрт, 
Алтын жұлдызды кеудеңе не үшiн тақтың?» деп әңгiменiң ту­
расына көштiм. «Пәлi, Ғабит аға, бiздiкi әншейiн нәрсе ғой. Ер 
деп анау өзiмiздiң Алтайдың төрiндегі Риддерден келген Төлеген 
Тоқтаровты айтсаңызшы! О, Төлеген сынды қандай ат пал азамат­
тар, қыршын боздақтар Отан үшiн шейiт болып кеттi, шiркiн! 
Соларды жазу керек қой!..» деп батырым майдандас достарын, 
ержүрек серiктерiн есiне алып, көл­көсiр әңгiме шертедi. Ал өзi 
жайлы бiр сөз айтпайды. Талай кiшiпейiлдi бiлетiн едiм, мы­
нау со лардың серкесi болып шықты. Амал не, одан да ақырын­
да ештеңе шықпады. Сезiп отырған шығарсыңдар, менiң ай­
тып отырғаным – кәдiмгi Мәлiк Ғабдуллин! Кейiннен iрi ғалым 
атанған, батырлығы алғы шепте сыналған, халқымыздың асыл 
перзенттерiнiң бiрi едi ғой ол! Бiрақ, не шара, Мәлiктiң зор тұл­
ғасын көп жұрттан ертерек танысам да, шығармама кейiпкер ете 
алмадым. Қолымнан келмедi!..
– Мынауыңыз тың әңгiме, қайда қызық? – деп қалды батыр 
қонақ қаламгердiң сөзiне ба лаша елiгiп, әңгiме сүреңiнiң өзiне 
жақындап келе жатқанын аңғарған жоқ.
– Сiздiң iздегенiңiз, сiрә, қарабайыр адамдар болды ғой? – 
деп мен де үнсiз тыңдаушы сана тында қала бергiм келмей, 
сөз қос тым. – Баукең мен Мәлiк ағай болса – сол кездiң өзiнде 
терең бiлiмдi, салауатты, әрқайсысы өзiнше сындарлы, ерекше 
тұлғалы адамдар. Әмбе олар майдан өмiрiн, ұрыс әдiсiн жап­
жақсы меңгерген, қиын­қыстау кезеңдерде қол бастаға коман­
дирлер. Олардың шынайы келбетiн, бейнесiн типтеп сомдау 
үшiн сiзге кем де генде кiшi офицер дәрежесiне көтерiлу қажет. 
Бәлкiм, осы жағын да ойлаған шығарсыз? Ал Қайрекең болса – 
халықтың қалың ортасынан шыққан, ауылда өскен қарапайым 
кiсi. Бiлiмi де көп емес...
– Е, дәл айтасыз, балдыз. – Қайрекең де менi қостады. – Батыр 
атағын алғанда менiң әскери дәрежем сержант едi. Ғабит аға сол 
дәрежемдi аздап өсiрiп, романында менi аға сер жантқа көтерді.
– Менiң де түпкi мақсатым – халқымыздың Ұлы Отан соғы­
сына жаппай қатысуын көрсету болатын, романның аты да осы 
ойдан өрбiдi. Қол бастаған Бауыржан, Мәлiк сынды зиялы азамат­
тарымыз болғанымен, олар санаулы едi. Ал Қайрош тәрiздiлер – 
14­247

Медеу СӘРСЕКЕ
210
жүздеген мың. Қайроштың романға кейiпкер болып шығуы ның 
түп себебi де осында... Жә, бiз алға түсiп кеттiк, әлгi әңгiменiң 
жалғасын тыңдаңдар... – Қаламгер бiздi ын тықтыра түскiсi кел­
гендей сәл уақыт үнсiз қалды. – Сонымен май дангер қазақ тура­
лы жазылмақ хикаят кешiге бердi. Уақыт болса өтiп бара ды, – дедi 
әлден соң. – Бiр күнi, ұмытпа сам, жексенбi ғой деймiн, мон шаға 
бармақ болып, боқшаға керегiмдi бәйбiшем Құсни марқұмға 
салғызып алып, Киров көшесiн қиыстай кесiп келе жатқамын. 
Бетiм – Карл Маркс көшесiндегi ескi монша. Қайрош айтқан 
мейманхананың алдынан екi­үш таныс кездесе кетті. Қай қазақ 
тоқ татқан соң оттық сұрамай, иә темекiңнен тартпай тып­тыныш 
өткен? Ұзақ сонар амандықтың соңы қысыр кеңеске айналып, 
оны­мұныдан сөз қозғап, бiршама тұрдық. Ақырында кетуге 
айналғанда әлгiлердiң бiрi «Пәлi, Ғабеке, басты жаңалықты 
сiзге айтуға ұмытып кетiппiз. Осы мейманхананың астындағы 
буфеттен әлгiнде сыра iшiп тұрып, бiр жайсаң жiгiтпен та­
ныстық. Өзi хас батыр. Иә, иә, нағыздың өзi! Тұрған бойы сөз 
бен ерлiк, кейбiреулер құсап бәлденiп, бұлдану жоқ және майдан 
әңгiмесiн майын тамызып қалай айтады десеңiзшi. Өзi детдом­
да тәрбиеленген жетiм жiгiт екен, тегi де, демек, сiңiрi шыққан 
тақыр кедей! Небәрi жарым сағат бiрге болып едi, жарым жылға 
жетерлiк әсер арқалап, қимай айырылыстық» деп менi елiктiре 
сөйледi. Бiр нәрсенiң сәтi түсерде өстiп бәрі­бәрі орайласып 
тұрады ғой. Әншейiнде желiкпе сөзге елiкпем жоқ менiң де оп­
оңай қолқ етiп, «Айда, бастаңдар менi сол жiгiтке!» де генiм...
– Ал мен нақ сол мезетте ендi кiммен сұхбат құрсам екен 
деп, бiр құмыра сыраны алдыма алып, әлсiн­әлсiн есік жаққа 
үмiттене қарап, зерiгiп отырғам. Мен өзi осы күнде де сондай­
мын – мейманханада әстiлi жалғыз жатпаймын. Сiздер сау етiп 
кiрiп келдiңiздер. Кiм екенiңiздi бiлген соң әкем тiрiлiп келген­
дей қуанып қалдым! Бола шақ шығармаңызға қаһарман iздеп 
жүргенiңiздi аңқау басым қайдан бiлейiн. Әй, сол күнi әңгiменiң 
де сазайын бердiк­ау деймiн, ә, аға? – деп Қайырғали батыр 
қолын құшырлана соғып рақаттанып қалды.
– Монша жайына қалды. Сенiң бөлмеңнен сол күнi тiптi кеш 
қайттым емес пе?
– Пәлi, аға, кешiңiз не? Сол күнi­ақ сiз менi «домашний арест­
ке» алдыңыз. Үйiңiзге алып кетiп, ешқайда шығармай ұста­
дыңыз...

ШЫҒАРМАЛАРЫ
211
– Неше күн? – деп күлдi Ғабит аға.
– Ұмытқансыз ба? Онда айтайын. Артық­кемi жоқ, тұп­тура 
он екi күн сiздiң үйде «тұтқын» болдым. Несiн айтасыз, ол да 
бiр ұмытылмас қымбат уақыт екен. Әр күнi бүгiнгiдей есiмде. 
Марқұм Құсни жеңгей де әйбат кiсi едi­ау, туған бауырындай 
күтті.
– Сол он екi күнде, демек, бiз бiлетiн «Қазақ солдаты» рома­
нының қаңқасы қаланды деуге болады екен­ау, – деп түйдiм мен 
өзiмше долбар жасап.
– Солай екенi анық. Ә дегенде мен бiрақ Қайроштың ауызекi 
әңгiмесiн өз атынан айтқы зып, деректi хикаят сүреңiмен жаз­
дым. Турасын айтсам, бастапқыда мұның қызықты әңгiмесiнiң 
әсерiнен шыға алмай қалдым. Фамилиясы өзгерiп, Сар талиев бо­
лып, типтiк тұлғаға бұл кейiнiрек айналды, оның өзiнде Қайрош, 
Костя, Қайырғали атын өзгертiп, иә бұрмалауға қимадым. Адам 
өмiрiнде, жiгiттер, сондай бiр ешқандай ал тынға айырбастамай­
тын, ешқандай дәреже­атаққа бермейтiн қимас сәттерiң бола­
ды...
Әрбір сөзiн үзе сөйлеген қаламгер көкейiндегi сыр үзiгiн аң­
ғартқандай едi. Мен оны сол заматта Қайырғалидай ер азаматқа 
бiлдiрген құрметi ғана емес, бiзге, барша қаламгерлер қауымына 
ұлағат еткен үлгi­өнегесi деп ұқтым.
– Сол хикаятты мен мектепте жүрген кезiмде оқыған едiм. 
Ұмытпасам, соның алғашқы жолдары «Зытып келем, зытып 
келем. Артыма қарай­қарай зытамын. Зытып келе жатқаным – 
қашып келемiн, артыма қарай беретiнiм – қорқып келемiн» деп 
басталатын. Сол жолдар өзгермеген қалпында кейiннен роман­
ға да ауысты. Сондағы қашқын балаңыз – мына Қай рекең, елудi 
еңсеріп, ел ағасы атанып төрiңiзде отыр! – Батырдан естелiк 
әңгiме күткенiмдi сездiре сөйледім. – Ауылыңыз – Гурьевтiң 
iргесiндегi Қайрақты, сонда бұзау бағып жүрiп қалаға қашып 
кеткенiңiз де рас. Ойлаймын, Ғабит ағаның шебер қаламы кей 
жерде қиялға ерiк бер генiмен романның негiзгi желiсi – сiздiң 
ғұмыр жолыңыз...
– Дәл айтасың, бауырым, то есть, балдыз. Ағайдың өз жаны­
нан қосқандары да бар: Бо раш, Ақбота, Самед тәрiздi майдангер­
лердi. Бiрақ көпшiлiк достарымның есімін бұл кiсi өзгертпе  стен 
енгiздi. Шеген ағай ерен азамат едi, шiркiн! Соғыс жылда рында 
көз жазып қалдым. Хабарсыз кеттi. Қандай­қандай боздақтардан 

Медеу СӘРСЕКЕ
212
айырылдық құрып қалғыр бұл соғыста. Мәлiк ағайдың өзi жа­
йында ештеңе айтқысы келмей, өңкей шейiт болғандар туралы 
сыр шертетiнi түсiнiктi. Бiлiмдар кiсi сөйтедi ғой. Ал менiң Ға бит 
ағамен алғаш кездескен кезiм – қылшылдаған жас күнiм, алды­
артын бағдарлап ой ламайтын, сенiң сөзiңе құлақ түрiп отырған 
үлкен­кiшi бар деп елең қылмайтын әңгүдiк шағым. Қазiр мен 
де өзгердiм. Балалармен кездесуге барғанда өзiмнен бұрын Ше­
ген аға, Петр Ушаков, Зорин тәрiздi әскери достарым жайында 
көбiрек айтқым келiп тұрады. Бұл ендi өмiр сабағы...
Әлгiнде ғана жөн­жосықсыз лепiрiп, тасыған судай лықылдап 
отырған батыр ке нет өзгерiп, лезде мұңлы, әлденеге өкiнгендей 
қоңылтақы күйге ауысты. Бұл да бірсәрі, шынайы көңілденсе – 
қуанышын жасыра алмайтын, ренжiсе – ренiшiн де бүкпейтiн 
ақжарқын мiнезiнiң сал дары. Бiрақ жаратылысы қағілез жан 
ұзақ мүжiлген жоқ, әлдене есiне түскендей iле жымиып күлдi де:
– Айтпақшы, мен сiздерге Қарамұртпен қайта кездескенiм­
дi айтып берейiн, – дедi жайба рақат қана. – Ғабит аға кiтабында 
келiстiрiп суреттейтiн, бiздiң ауылдың «Адырақ 
пайы» атан­
дырған Қарамұрт бар ғой, иә, иә, «Қайрақты» колхозына бас­
қарма болатын белсендi. Нақ сол кiсiмен қалай кездескенiм дi 
айтып берейiн. О, бұл да бiр қызық хикаят! Әсiресе сiздердей 
қаламы жүйрiк жазушылар үшiн...
– Оныңыз, аға, таңға дейiн созылатын ұзақ әңгiме, – деп Аман 
директор ай туын қаламағандай ыңғай аңғартып едi, батыр оған 
мойыған жоқ.
– Ә, мен оның бұл кiсiлерге керек болатын жерлерiн ғана шо­
лып, қысқарта айта мын, – деп өршелене түстi.
– Түгел айтсаң да тыңдаймыз, құлағымыз сенде! – дедi Ғабең.
* * *
 
– Аман iнiм ауылдың намысын ойлап отыр. Оның ендi ән­
шейiн iлiк, Аманжан. Намыстанатын ештеңе де жоқ, ондай 
қарамұрттар әр жерде бар. Қайта ол сияқты ме рездердi мына 
кiсiлердiң қаламымен үнемі әшкерелеп отыру керек. Солай емес 
пе? – дедi батыр бiзге ұмсына қарап.
Сiрә, жұмбақ Қарамұрт менi ғана емес, Ғабит ағаны да қы­
зықтырғандай. Екеуiмiз де жарыса бас изедiк. Мен дастарқан 
жаққа қарап, емеурiн бiлдiрген едiм.

ШЫҒАРМАЛАРЫ
213
– Жоқ, балдыз. Қарамұрттың қашанғы сыбағасы – су, анау 
минерал шөлмегiңнен толтыра құй! – Мырс еткен Қайрекең iшiм­
дiк су құйылған бокалды қолына алған соң әңгiмесiн  бастады. – 
Алматыға келгенiм госпитальдан шыққаннан кейiнгi кеңшiлiк 
қой. Демалыстың көкесiн майданға, өз бөлiмiме сауығып қайтқан 
соң алдым. «Батыр атағын алған жауынгерге үй iшiн көрiп қайту 
үшiн, жолын есептемей, бiр ай демалыс берiлсiн» деген Жоғарғы 
Бас қол басшы Сталин жолдастың арнайы бұйрығы бар екен. 
Рақат емес пе? Әмбе бек тамаша үгiт! Сол бұйрық бойынша елге 
баратын болып, Мәскеуге келейiн. Бұл да маған Алтын жұлдыз 
еншi еткен мол сый­сыбағаның бiр түрi. Бүкiл әскердiң саяси Бас 
басқармасына соға жүруiмдi өзiмiздiң дивизия штабында мiндет 
еткен. Соққа ным жақсы болды: басқарманың бiр жас офицерi 
машинаға мiнгiзiп алып, Қазан вокзалына ертiп келдi де, жол 
билетiмдi қолма­қол әзiр еттi, тiлеуiң бергiр, шешеме апаратын 
базарлығыма, жол азығыма шектi ко 
мендатурадан түгендеп 
берсiн. Бiздiң Үйшiкке де Саяси басқарма аты 
нан «Советтер 
Одағының Батыры Қайырғали Смағұлов түгеншекең пойызбен 
елiне аттанып барады. Шешесiне хабарлап, лайықты дәрежеде 
құрметпен қарсы алу қажет!..» деген бұйрығы бар тілграм жол­
дапты. Ол да үлкен құрмет!..
– Иә, сонымен елге қарай аттанып кеттiңiз...
– Ескертуiң жөн, балдыз, қысқартып айтайын... – дедi ба­
тыр жымиып. – О күнде бiздiң Үйшiкке жолаушылар пойызы 
Мәскеуден тура бармайды. Үйшiкке баратындар «Мәскеу – Ал­
маты» пойызы нан Қандыағаш стансасында түсiп қалады да, об­
лыс орталығына осы жерден жүретiн арнайы вагонды күтедi. 
Қандыағашқа мен таң ата келдiм. Бұрын шағын бекет болған 
Қандыағаш бертiнде, әсiресе соғыс жылдары үлкен кентке 
айналғанын бiлетiн шығарсыздар? Станса басында халық көп 
екен, бiреудi бiреу бiлiп болмайды. Өзiмше бiр рақаттанып шай 
iшпек болып, ыстық су берiп жатқан жерге ба 
рып, шiретке 
тұрдым. Мұнда да адам көп, бәрiнiң де қолында бiр­бiр жез 
шәйнек...
– Ойбай­ау, қарсы алғандарыңыз қайда? – деймiн батырдың 
сөзiн бөлiп.
– Е, оны мен қайдан бiлейiн, тiлграм берiлгені туралы да ха­
барым жоқ... Бiр мезетте әлдекiм жеңiмнен тартады. Жалт 
қа расам – көмірдей қара мұрты қияқтай тiкiрейген, көзi қы­

Медеу СӘРСЕКЕ
214
сыңқы, бет­аузы iсiңкi мосқал кiсi, үстiнде тозыңқыраған, ете­
гi ақжағалданған ескi кожеңке. Қияқ мұрттының түрi таныс 
сияқтанды. Бiрақ тап сол ме зетте кiм екенiн айыра алмадым. 
Қасында бас­аяғыма тiнте қарап тұрған сiрiңке қара жiгiтi бар, 
оның қо лында – аумақтылау ала қоржын. «Әй, салдат бала, сен 
бүйтiп болжырап шiретте тұрма. Әскери адамның ыстық суды би­
зошерет алуға қақысы бар. Кимелеп алға шық та, бiзге де, өзiңе 
де су алып кел!» дедi Қияқмұрт өктемдеу үнмен.
«Мұртыңның бiрер талын жұлып алып қолыңа берсем, сол­
дат баланы сонда та ныр едiң...» дегiм келiп, детдомдағы қиян­
қылығым есiме түсті, сөйтсе де ұятты ойлап, жез құманын 
қолыма алдым. Айтқаны рас болды, менi ешкiм тоқтатпады. 
«Мұның жарады, өзiң бiр елгезек жiгiт екенсiң, – деп қияқ 
мұртты дәрежемдi қолма­қол өсiрдi. Өйтуінің де есебi бар екен. – 
Мұны ендi сен әнебiр шошала үйге жеткiзiп бер!..» Амал қанша, 
аяқ астынан елге зек малай табылды. Қияқ мұртты алда, екi қолы 
артында, кожеңкесi судырлап, басы қайқайыңқыраған қара 
пимасын тырп­тырп басып, бастай жөнелдi. Оның соңында ала 
қоржынды мықшыңдай арқалап, сiрiңке қара келедi. Ең соңын­
да – мен, бiр қолымда – әлгiлердiң едәуiр аумақты жез құманы, 
бiр қолымда – өзiмнiң солдат құтым, арқамда – жол қапшығым 
бұлтыңдап келеді. Абиұр болғанда баратын үйiмiз ұрымтал жерде 
екен. Сәлден соң­ақ жергiлiктi бiр қазақтың шатырсыз жантай­
ма үйiне келiп тоқтадық. «Әй, сен өзi, қызталақ бала, әскерден 
қашып келе жатқан салдат емеспiсiң?» дегенi қияқ мұрттының 
тағы да жыныма тиiп. Оның кiмге ұқсайтынын да ақырында тап­
тым: бағуға берген торпағын жоғалтып алып, қорыққанымнан 
Үйшiкке қашып құтылатын өзiмiздiң Қайрақтыдағы Қа рамұрт 
басқарманың өзi. Болмаса да соның ағайындас iнiсi. Тек мынаның 
мұрты iрiлеу, әр талы сойдиған қияқ дерлiк. Қызметi де әнтек 
жоғарылау сияқты. Онысын ақжағал болға нынша үстiнен та­
стамай жүрген былғары кожеңкесiнен аңғардым. Бұл жолы 
қорықпадым. Балалар үйiнiң тәрбиесi, төрт жылғы соғыс, оған 
дейiнгi екi жыл әскери өмiрде көргенiм бар, несiне қысылайын, 
«Ақсақал, тiлiңiздi тарта сөйлеңiз. Қашқын солдат вокзал ба­
сында жүре ме екен?» дедiм жез құманын қолына ұстатып тұрып. 
«Қашқын болмасаң – үйге кiр, бiзбен бiрге шай iш».
Ындыным кеуiп тұр едi, отағасының бұл сөзiн теріс көрмей
үйге кірдім.

ШЫҒАРМАЛАРЫ
215
– Басталды қызық! 
– Саспа, балдыз. Қызық алда, – дейдi Қайрекең маған қулана 
қарап. – Үйге кiрген соң Қи яқмұрт, мен оны ішімнен солай 
деп атап қойғам­ды, жуандықтың көкесiн көрсетті. «Бала, мы­
наны пешке қой, шайды қайтадан ысыт», «Үстелдiң үстiн таза­
лап жiбер», «Майданнан келе жатсаң – базарлығың көп болар, 
бiзге де ауыз тигiз!», «Ал, қане, шайды жақсылап құйып жiбер!» 
деп бұйыра бастады. Қияқмұрттың өзi жер үстелдiң төрiнде, 
оны өкшелей Сiрiңкеқара, оған да осындай ат еншіледім, серігі 
жайғасты. Мен босаға жақтамын, әмбе екеуiнiң күтушiсi есебiн­
де. Шай iшкен соң бойым жылып, терлей бастадым. Шинелiмдi 
шешiп босағаға iлiп қойып, әлгi орныма тiзе бүккенiм сол едi, ар 
жақтарына «ауыл қонып», шайға да қанып, бойлары манаурай 
бастаған серiктерiм кенет әлденеге алаңдап, қозғалақтап қалды. 
Әуелi күбiр­күбiр сыбырласып едi, онысы ақыры бiрiн­бiрi сыбап­
сөккен, әлденеге таласқан ұрысқа айналды. Керiстерiнде шаруам 
қанша, шайға қайтадан бас қойғамын. «Әу, салдат бала, сенiң 
өзi омырауың толған жез теңгелер. Бұлардың бәрiн сау сылда тып 
неге тағып алғансың?» дедi Қияқмұрт серiгiмен дауды тоқтатып.
«Қайдан болушы едi? Ерлiгiм үшiн, майданға да бұзау баға 
барғаным жоқ».
«Бәрiн де ме?»
«Бәрiн де».
«Әнебiр жарқыраған әдемi жұлдыз қандай медаль?»
«Қызыл жұлдыз орденi».
«Оның үстіндегі ше?»
«Ленин орденi».
«Мәссаған, сенi мен бала салдат деп отырсам, пәлекет салдат 
болып шықтың ғой, маладес! Соғысқан соң тура сөйту керек, 
шорту!.. Анау бәрiнiң үстiнде дара тұрған сары жұлдыз ненiң 
белгiсi?» деп тағы қажады Қияқмұрт.
Ызам келдi, барлық сұрағына қиқар сөзбен жауап берейiн деп 
ойладым да, «Ақсақал, бiлмейтiнiң бар, үстіңе кожеңке киіп, 
неменеге iрiленесiң? –деп қағытып алдым әуелi. – Мұны «Ал­
тын жұлдыз» дейдi. Совет Одағының Батыры атағын алғандарға 
берiлетiн айырықша белгi. Осы жұлдыздың арқасында шешемдi 
көрiп қайтуға Сталин жолда стың арнайы бұйрығымен бiр ай де­
малыс алып, елге келе жатырмын...»
«Тоқта, бала! Пәмилаң кiм?» деп Қияқмұрт кенет қалбалақтай 
бастады.

Медеу СӘРСЕКЕ
216
«Смағұлов».
«Ысмағұлып болсаң, маған дүкементiңдi көрсет!»
«Ау, менi сонша тергейтiн кiм едiң? Әскери коменданттан 
өзге бiр жанның жауын гердi тексеруге қақысы жоқ» деп мен де 
күшейе қалайын.
«Ысмағұлып шынымен сен болсаң, шырақ, сенi әке­бабаңнан 
түк қоймай терге уге бiздiң қақымыз бар, біз опкомның өкіліміз» 
деп отағасы кенет қолын жайды...
Бұл жолы оның жүзiнен тәкаппарлығы жойылып, мүләйiмсі­
ген шырайды аңғардым. – Батыр сәл ты ныстап күле сөйледi. – 
Сiрә, соған жығылдым бiлем, солдат куәлiгiмдi, жол құжатта­
рымды қойнымнан суырдым. Қияқмұрт оны әрлi­берлi аударып, 
ұзақ оқыды, сауаты шамалы сияқты, бір мезетте серiгiне ұсынды. 
Ал серiгi одан гөрi сауат тырақ екен, куәлiкке бiр қарағаннан­ақ 
орнынан атып тұрып, «Ақсақал, бiз әбден шатастық. Бұл жiгiт 
кешеден берi екеумiз осында зарыға күтiп жүрген құрметтi 
қонағымыз! – деп қасыма жетiп келдi де, қолтығыма жармас­
ты. – Қане, батыр iнiм, тез ғана орныңыздан тұрыңыз!..»
«Ау, қайда сүйрейсiңдер, сiздерге мен не жаздым?»
«Сiз емес, жазалы – бiз! Аяқ астынан мына кiсiнiң кекiрей месi 
ұстап, көрдiң бе нен дей масқараға душар еткенiн? Сiздiң орны­
ңыз – төр! Қане, ақсақал, үстiңдегi кожеңкенi шешіңіз де қонақ­
тың астына төсеңiз. Батыр кiсi бiз құсап сірі тәйтерiге отырмай­
ды!..»
– Қайда, нағыз комедия! Бәсе, бағанадан берi бұларды неғып 
сипаттап кеттi деп таңғалып отырсам, – деп қол соғайын ала­
қан қызарғанша. – Жездеке, өзiң тiптi бұл әңгiменi әскездеп, 
мейiлiнше қатырып айттыңыз!..
– Одан да қызығы бар, асықпа, балдыз. – Батыр орнынан тұ­
рып барып, дастарқаннан су алып iштi. – Қияқмұрт сасқалақтап, 
қауғалақтап орнынан әупірімдеп тұрып, кожеңкесiн шеше бас­
тады. Дөңгелек үстел қайтадан жасалды. Бағанадан берi ме­
нiң солдат ризығыма еншiлес бо лып отырған пайдакүнем па­
қырлардың әзiрлiгi едәуiр екен, ала қоржыннан неше түрлi та­
ғамдар шықсын: қазы, қарта, жылқының пiскен етi; теңіздің 
балығы мен уылдырығы; тiптi ауылдың жент, құрт, iрiмшiгiне 
шектi аткөпiр болып, алдыма үйiле қалсын; ең соңында аузы га­
зетпен тығындалған шөлмек суырылды. Елдiң дәмi көңiлдi боса­
тып едi, босаған шөлмек тiлдi шығарды. Жатсынғанды қойып, ел 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
217
мен майдан әңгiмесiн жарыса сөйлеп, несiн айтайын, мәз­мәйрам 
болып қалдық...
Бiр мезетте Сiрiңкеқара бастап, Қияқмұрт қостап, «Өмiр 
бойы өзiңдi ағатай деп өтелiк, бiздiң мына масқара болған 
iсiмiздi, айна лайын, ешкiмге айта көрме. Айтатын болсаң – оп­
ком ауданға ұрысады, ал аудан түптеп кел генде бiздi табады: 
жұмыстан қуыламыз; iшiп­жеп отырған нанымыздан, соғысқа 
алмай тын броньнан айырыламыз, қарағым. Бізді ая!..» деп жа­
лына бастады.
Тегiнде мен көңiлшек кiсiмiн. Бiрден қолқ етiп, «Жарайды, 
өздерiң айтпасаңдар, менен ештеңе шықпайды!» дедім. Сөйтсем, 
бұл байғұстар менi қарсы алу үшiн ауданнан жiберiлген өкiлдер 
екен. Қандыағашқа кеше кештете келiп, менi күтiптi. Қара ба­
сып осы үйде ұйықтап қалып, сірә, екеуі де түні бойы ащы суды 
тоя ішкен, станса басына кешiгiп барып, күткен батырла рын 
вагоннан жолықтыра алмаған. Айтуларынша, батыр кiсi ерек­
ше сымбатты, тұрпаты адуын, жүрiс­тұрысы да өзгеше болса 
керек­тi. Әрине, ыстық судың кезегiнде тұрған тобырдың iшiнен 
оны кезiктiремiз және ол мендей қылшылдаған жас жiгiт деп 
ойламаған...
– Аңқаулық, әлде бiлместiк?
– Екеуi де қисынды.
– Немене екенiн соңынан ажыратып аласыздар ғой, мен 
сiздерге бұл хикаяттың аяғын ай тып берейiн, – деп Қайрекең 
тағы да жымиды.
– Өйтетiн болсаңыз әуелi сiз, Қайрош аға, бұл кiсiлерге жер­
лестерiңiздiң Үйшiкте сiздi қалай қарсы алғанын айтып берi­
ңiз. – Сөзге араласқан директор серігі тағы да ескерту жасады, 
сiрә, күлдiргi оқиғаның аяғынан да қымсынатын болса керек...
– Оның да жөн, келiстiм, – дедi батыр орындығын сықыр­
латып, әлденеге құшыр ланғандай қозғалыстар жасап. – Бiз 
мiнген пойыз Үйшiкке қызыл iңiрде келдi. Жүрегiм аузыма 
тығылғандай болып лүпiлдеп, мазасызданып, вагонның те­
резесiнен қарасам – перрон толған ығы­жығы халық; денi – ба­
лалар, үлкендер де қаптап жүр; әр жерден қызыл ту желбi­
рейдi; әлдеқандай бiр әскери маршты дүңкiлдетiп оркестр тұр. 
Ойымда ештеңе жоқ, әлдеқандай бiр жиын барын шамаладым. 
Пойыз тоқтасымен мен отырған вагонга бiр топ кiсi сау етiп 
кiрiп келдi: облыс басшылары. Перрондағы көптiң өзге емес, 

Медеу СӘРСЕКЕ
218
тап менi, қатардағы қарапайым солдат Қайырғали Смағұловты 
қарсы алуға жиналып тұрғанын сонда бiр­ақ бiлдiм. Сiздерге 
өтiрiк, маған шын: туған елдiң батырға деген шексiз құрмет­
сыйын мен алғаш рет сол күнi таныдым; өзiмнiң қатардағы 
солдат емес, өзгеше сарбаз екенiмдi де нақ сол жолы түсiндiм. 
Ой, Ғабит аға, айтып­айтпай не керек, сол күні өзiмдi шексiз 
бақытты сезiнген кездесу болды, вагоннан шығысымен жұрт 
менi тiк көтерiп әкеттi, аяғымды жерге тигiзсейшi. Құрметтiң 
де сондай бiр айран­асыр көрiнетiн, асып­тасып төгiлетiн шағы 
бо лады екен. Бiр күлiп, бiр жылап, құдды бiр өзiнiң ерi, иә ұлы 
келгендей­ақ жаппай қуаныш 
тап жүрген халық! Бiр мезетте 
вокзал сыртындағы шағын алаңның ортасына қойылған жүк 
ма 
шинасының үстiнде тұрғанымды аңғардым. Сөйтсем, ол – 
митингi жасауға ойластырылған мiнбер екен. Басшылардың бiрi 
жиынды ашты. Бiр шешен бiр шешендi ауыстырып, небiр әсерлi 
сөздермен менi құтттықтауда, ерлiгiмдi асыра мадақтап жатыр. 
Бiр кезде сөз кезегi маған тидi. «Көп көрген көсем болады, көп 
сөйлеген шешен болады» дегендей, қазірде, сенсеңiздер, қандай 
жиынға болсын қиналмай барып, бiрер ауыз сөздi қиыннан 
қиыстырып айтатын қауқарым бар. Мұны маған өмiр үйреттi. Ал 
сол күнi... О, сұрамаңыздар... Көптiң алдына сөзге шығамын деп 
ойлаппын ба? Қарсы алған жолбасшыларым соны маған ес кертiп 
пе? Бұлай боларын, сiрә, солардың өздерi де күтпе ген тәрiздi. 
Батырды аман­есен қарсы алғандарын Үйшiкке хабарлаған 
соң, iс бiттi деп, қасымда iшiп­жеп тиыш отырған. Алғы шепте, 
қарша бораған оқ астында жатқанда қаймықпаған қайран жүрек 
қобалжып, аузыма тығылып, немiспен бетпе­бет кездесуден 
де шайлықпайтын батырдың аяқ астынан сескенiп қалғанына 
сiздер сенесiздер ме? Сол жолы нақтылы не жайында сөйлегенiм 
есiмде жоқ, жүдә. Әйтеуiр терлеп­тепшiп тұрып, майдан туралы 
әлденелердi асыға айтып өтiп, «Ау, ағайын, сiздерге мен алғы 
шеп тегi жауынгерлердiң туған жұртына жолдаған ыстық сәлемiн 
әкелдiм. Өзiм де сiздердi, туған жерiмдi, ауыл­аймақты, апам­
ды керемет сағынып келдiм. Мұны ендi сөзбен айтып жеткiзу 
қиын...» деп дау сым дiрiлдеп, сөзiмдi әрең бiтiрейiн. Басқасын 
бiлмеймiн, нақ осы сөзiмнiң көпшiлiкке қатты әсер еткенi анық 
Ал ризамысың, жолбасшы iнiм? – деп батыр мырс етiп серiгiне 
қарасын.

ШЫҒАРМАЛАРЫ
219
– Банкеттi ұмытпаңыз. Сiзге арналып ресторанда үлкен дас­
тарқан жасалғанын айтқыңыз келмей ме? Иә, одан да қалайша 
қашып кеткенiңiздi айтып берiңiз, – деп Аман директор өзге 
әңгiмеге жетелегендей едi, батыр бұл жолы оған қыңбады.
– Қашып емес, сұранып, – дедi ол бiзге қарап. – Өзiмдi қо­
шеметтегендердiң шекесi әбден қызғанда мен дастарқанды билеп 
отырған басшы ағайға «Қайрақтының жарығы атойлап тұр ған 
жерге келiп, шешемдi көрмей қалайша тыныш ұйықтаймын? 
Ендi маған рұқсат етiңiз» дейiн. Бақсам, қарсы алудың соңы 
қаптаған кезде сулер екен. Оның бәрi кейiнге қал дырылды да, 
тiлеуiң бергiр, үлкен бастық дереу жүрiп кетуге нұсқау берді. 
Жолсерiк болып тағы да өздерiңiзге таныс екеу ерсiн. Олар өзi бы­
лайша кекiрт көрiнгенiмен шаруа қамын ойлағыш немелер екен. 
Бiз жүретiн бiр жарым тонналық машинаға бiрталай дүниелер са­
лып алыпты, рес тораннан да әлдеқанша буыншақ­түйiншектердi 
еселеп тиеген. Даяшы қыздарды да қосып алды. Ал менің есiл­
дертiм – апама тезiрек жету!..
– Анаңыз, тегi, хабарланған болды ғой?
– Иә, хабарлапты. Тегiнде осындай жақсылықтардың басы­
қасында кейде шалағайлық та қоса жүретiнi – бiздiң дала хал­
қына тән нәрсе. Егiс даласына көң төгiп жүрген апама бiр бала 
атпен шауып келедi де, басқарма шақы рып жатыр деп кеңсеге 
сүйрей жөнелдi. Апам ойлайды: екi баламның бiрiнен айы­
рыл ған екенмiн, «қара қағаз» келген деп... Қысқасы, кеңсеге 
өкпесi өлiп­өшiп әрең келсе – онда тірі жан жоқ, ал үйшiк үйi 
жағына қара са – қара құрым халық... Одан әрi жүруге шама­
сы болмай, сорлы апам дауыс айтып, сол жерге отыра кетедi. 
Ауылдағы қарамұрт бүлдiргенiн сонда бiледi. Апама менiң келе 
жатқанымды айтады. Көршiлерi шашу ша шады. Апам сенбейдi. 
Хабарға келген өкiл «Үйшiкке жүресiз, ба лаңызды қарсы ала сыз» 
дейдi. Апам оған да көнбейдi. «Үйшiкке алдап апарып, Қайрош­
тың жаманатын естiрткелi отырсыңдар. Ешқайда бармаймын. 
Қайрошым тiрi болса, қалада қонбайды, өзi iздеп келедi!» дейдi...
– Неғылған қайратты кiсi!
– Апыр­ай, жүрегi сезген­ақ екен! – деп қостау бiлдiрдiк.
Қайрекең биязы жымиып, әңгiмесiн жалғады.
– Әрi қарай тыңдаңыздар, Аман iнiм айтуымды қаламай отыр­
ған қызық та сонда, – дедi батыр. – Бiз ауылға жеткенде ел ұй­
қыға жататын мезгiл едi, апам ғана емес, бүкiл ауыл «Келе ме, 

Медеу СӘРСЕКЕ
220
келмей ме бүгiн?» деп дүрлiгiп отыр екен. Кiшкене үйiмiз толған 
кiсi. Кол хоздың бiр тайыншасын басқарма рұқсат беріп, жайра­
тып тастапты. Баяғыда өзiм жаятын торпақтар өгiз боп кеткен. 
Екi­үш жерде қазандық көтерген. Екi жыл шекарада, одан соң 
төрт жыл соғыста жүрiп, демек, шешемдi бақандай алты жыл 
сағындырып оралуым ғой бұл. Апам екеуiмiздiң қауышуымызды 
еске алсам – бүгiнде де көзiме жас келедi, оның бүге­шiгесiн қазір 
айтпаймын. Майдан даласында қолын, иә бiр аяғын «қалдырып», 
жарымжан бо 
лып оралған бiрлi­жарым жауынгерлер бiздiң 
Қайрақтыда да бар екен, бiрақ он екi мүшесi сау және батыр ата­
нып қайтқан аза мат – мен ғана. Сондықтан ба, ауыл­аймақпен 
менiң қауышуым ерекше ыстық болды. Бiреу баласын сұрайды, 
бiреу күйеуiн... Бәрiнiң де көкейiн тескен жалғыз сауал: «Зұлым 
жаудың жеңiлетiн күнi қашан?..» Мен де әредiк, қарап отырмай: 
«Апа­ау, – деймiн ерекше өзгерiп кет кен үйшiк үйiмiзге таңдана 
қа 
рап, – тұрмыс қиын деп жазды 
рушы едiң хатыңда. Үйiң 
толған кiлем, осынша алашаны қай уақытта жинап жүрсiң? Дас­
тарқаның толған ас. Барлық колхозшы соғыс күндерiнде осылай 
тұрса – тұрмыстарың жаман емес сияқты...»
«Е, айналайын, бұйырғаны бар ғой. Дүниесi құрысын, өзiңдi 
тiрi көргенiмдi айтсаңшы!» деп апам менi қайыра толғанып ба­
сымнан сипайды. 
Қойшы, не керек, өздерiнiң дайындығы бар, әлгi Қияқмұрт 
пен Сiрiңкеқараның Үйшiктен әкелгенi де аз емес, құймалас 
салынған екi бөлмемiзге сығылыса отырған көпке солар бiрталай 
ризық болып, таң қылаң бергенше менiң аман келгенiмдi тойлауға 
молынан жеттi. Әлде шексiз қуаныштан, әлде кештен бергi сый­
сыяпаттан шаршадым, мен де ел аяғы сиреген ме зетте тынығу 
тiлеп, төргi үйдiң бiр қабырғасын түгел алған никельденген ақ 
кереуетке келiп құлағанымды бiлемiн. Қатты ұйықтап кетiппiн. 
Әлден уақытта әлдекiм жұлқылап оятады... – деп тоқтады да, ба­
тыр кеңкiлдеп күлді.
Қайырғали ағамды жалғыз күлгiзiп қойғаным ұят болар де­
гендей, Аман директор да кенет қоса кеңкiлдесiн. Ғабең екеумiз 
аң­таңбыз. Әңгiмесiн ерекше баптап, кей тұсына күлдiргi әзiл­
оспақ қосып жандандырып айтатын қабiлеттен қонақтың құ­
ралақан емесiн мана аңғарғам. Қазiр де ол айтып отырған хи­
каятының сондай бiр мәнді тұсына жеткен тәрiздi.

ШЫҒАРМАЛАРЫ
221
– Ғабит аға, қазiр сiз күлмеңiз. Күлу сiзге зиян, тiгiлген iше­
гiңiздi үзiп аласыз, – дедi Қай рекең, iле­шала маған қарап, – ал 
сен, балдыз, қалай күлсең де өзiң бiл...
– Тәуекел, айтып көр, – деп жебеп қойды Ғабең.
Оянбаған еркiме қоймаған соң көзiмдi сығырайтып жартылай 
ашсам, жұлқылап тұрған – өздерiңiзге таныс Сiрiңкеқара. 
«Батырекесi, тұрыңыз!» дейдi маған.
«Е, не болып қалды?»
«Бiз Үйшiкке кетейiк деп жатырмыз».
«Е, кетсеңдер – жолдарың болсын!»
«Маған сiздiң астыңыздағы кереует керек».
«Ау, бiздiң үйдiң кереуетiнде шаруаң қанша?»
«Кереует сiздердiкi емес, қаладағы бәлнiстiң мүлкi. Мен оны 
қолхат берiп әкел гемiн. Ендi қайтадан тапсырамын...»
Ұйқым тарқамаса да, сығырайған көзiм мына сөзден соң 
толығырақ ашылды.
«Ау, ағайын, бәлнестiң мүлкiн бiздiң үйге сүйреп не ақыларың 
бар? Бұларың қандай мазақ?!» деймiн Сiрiңкеқараның қызарып 
кет кен қысық көзiне қадала қарап.
«Қайдан бiлейiк, сiзге ерiп облыс басшылары осында келiп 
қалса ұят болар деп, талай дүниенi қаладан тасып едiк, ол кiсiлер 
келмедi, бостан­босқа әуре болып пыз...»
Ұйқым шайдай ашылды. Сөйтсе де естiгенiме сенiңкiремей 
жан­жағыма қарасам – сiздерге өтiрiк, маған шын: түнде жайнап 
тұрған қымбат кiлемдердiң, түрлi түстi алаша лардың, жастық­
көрпелердiң, орындық­үстелдердiң бiрi жоқ; пеш түбiнде – екi 
тәйтерi, апамның бала кезiмнен көзге қанықты төсек­орны ғана 
қалыпты; иә, сонсоң... мен жатқан ақ кереует... Менен басқа 
кiсi, сiрә, бұған бұлқан­талқан болар ма едi, кiм бiлсiн, ал мен 
жайбарақат қана «Кожеңкелi ағаң қайда?» деймiн. 
«Сыртта менi күтiп тұр, сiз ендi әйтеуiр оянып кеттiңiз ғой, 
кереуеттi тезiрек босатыңызшы!» деп тақылдады Сiрiңкеқара.
«Тағы бiр сұрақ, – деймiн орнымнан тұра берiп. – Осының бәрi 
сол кiсiнiң ойлап тапқан ақылы ма?»
«Әрине, әрине, – деп жалбалақтап қалды көмекшiсі, қолқалап 
тұрған кереуетiнiң оп­оңай босағанына қуанып кетсе керек. – 
Ол кiсi қонақ қабылдаудың жөн­жосығын менен гөрi жақсы 
бiледi...»

Медеу СӘРСЕКЕ
222
Осы жерде менi ашу орнына күлкi қысты. Сенсеңiздер, май­
данда жүрген төрт жылда нақ сол жолғыдай рақаттанып, әй, 
күлмеген шығармын. Кереуеттен тақыр жерге құлап түсiппiн. 
Iшiмдi басып кеңкiлдеп жатқанымда үйге апам кiрдi.
«О не, қарағым?»
«Өзiңе еркелейтiн жастық күнiм есiме түсiп, бала болып жа­
тырмын, апа».
«О, тiлiңнен айналдым, сен маған әлi де сол өзгермеген, тентек 
құлыншағымсың!»
Анасы баласын еміне құшып, баласы да ел қорғаған азамат ата­
нып есейiп кеткенiн ұмытып, шешесiнiң құшағына күмп бердi. 
Өзге дүниенiң екеуiмізге керегi қанша?! О, бұдан бақытты, бұған 
жетер сәт дүниеде бар ма екен, сiрә?! Қалай екен, не дейсiздер?..
Шынын айтқанда, нақ сол шақта бiздiң сөйлеуге шамамыз 
жоқтау едi. Қайрекеңнiң сол мезеттегi шуақты әзiлi бiзге де 
дарығандай сылқ­сылқ күлiп, iшiмiздi басып әрең отырғамыз. 
Қияқмұрт пен Сiрiңкеқараның қайталанбас дөрекi қылығына 
күлемiз. Қайырғали батырдың оларға деген төзiмпаздығына 
да ризалықпен күлемiз. Тiл қатуға бiраздан соң ғана шамамыз 
келдi.
– Көзбояушылықтың асқан түрi!
– Не десек те қызық типтер! Бұларсыз өмiр сүруге болмайды...
– Бұл хикаяның соңына биыл кезiктiм, – дедi батыр бiзге 
қулана қарап. – Жеңiстiң отыз жылдығына байланысты менi 
жер­жерге жиi шақыратын болды. Сондай бiр кездесу кезiнде жи­
ынды басқарушы естелiк айту үшiн партия ардагерi пәленшекең 
ақсақалға сөз берiледi де генi. Онысы белi бүгiлiп, сақал­шашы 
аппақ қудай еңкiш қарт болып шықты. Түрi таныс сияқты, бұл 
кiсiнi қайдан көргенiмдi есiме бiрден түсiре алмадым. «Қайрош, 
шырағым, менi ұмытпаған шығарсың? – дейдi қартым маған 
ежiрейе қарап. – Майданнан алғаш келгенiңде Қандыағаштан 
өзiңдi Мәскеу пойызынан қарсы алған мұртты ағаңмын, айна­
лайын» деп бастаған ол жо сыла сөйлесiн. Сiздерге өтiрiк, маған 
шын, тыңдасам: менi қандай зор құрметпен қарсы алғанын, 
ауылға да әкеп салғанын, түп­түгел кеше болғандай­ақ майын та­
мыза айтып тұр. Әрине, суға жұмсап қолбала қылғаны, төсектен 
сүйреп тұрғызғаны есiнде сақтал маған. Ең қызығы, естелiгiн ай­
тып шығып, «Солай емес пе, қарағым?» деп қадала қарап тұрып, 
көп алдында әлгі әңгімесін өзiме мойындатқаны болды...
Үлкен астың әзiр болғандығы жайында Қазиза жеңгейден ха­
бар келгенде сағатыма қарасам, Қай рекең бұл хикаятты  ар тық­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
223
кемi жоқ екi жарым сағат әңгiмелептi. Тыңдаушыларын сонда 
бiр уақ жалықтырсайшы. Бөгде сөз қоспай, бiр күлдiрiп, бiр 
сүйсiндiрiп, бiздi де елiктiрiп отырып, басынан кешкен дерiн 
ешқандай бояма әсiрелеусiз, бүркемелеусiз ашық шертiптi. 
Сол мезетте менiң есiме «Қазақ солдаты» романындағы 
Қайырғали Сарталиев батыр оралды. Ол да өстiп көпшiлiкке 
танымал кiтаптың бiрiншi бетiнен­ақ оқушыны өз өмiрiне 
елiктiрiп, қолынан жетелегендей ертiп алып, бiр күлдiрiп, 
бiр жылатып, небiр шалдуар қылығына сүйсiндiрiп отыра­
ды емес пе. Романның нелiктен бiрiншi жақпен, қаламгердiң 
жа зу мәнерiнде сирек кездесетiн жөнмен, батырдың өз аузы­
нан айтылған ауызекi әңгiме сыры ретiнде жазылғанын мен 
ендi ғана түсiнген тәрiздiмiн. Сiрә, соны жазу үстiнде риясыз 
көңiлi мейлiнше ақжарқын, аңғал да адуын, үлкен азамат, әмбе 
кiшiпейiл Қайрош, кәдiмгi Қайырғали Смағұлов жетекшi болып, 
автордың көз алдында кес­кестеп тұрғаны шүбәсіз анық деп ой­
ладым...
 
* * *
– Мiне, көрдiң бе, Медеуо?! – дедi Ғабит аға әзiлқой райға 
көшiп, батыр қонақ әңгiмесiн аяқтаған сәт едi бұл. – Менiң 
Қайрошымның қандай азамат екенiн аңғарған боларсың? Тұрған 
бойы осы. Мұның шымыр денесiнен бiр мысқал арамдық таба ал­
майсың. Жүрегi де сондай пәк, перiштедей таза!..
– Көрдiм, таныдым, аға. Қайрошыңыздың шынында да қа­
пысы жоқ! Осындай ер ағалар емес пе мерейiмiздi көтеретiн, 
кейiнгi толқын iнiлерге нұсқа болатын! Бiр сөзбен айтқанда, 
нағыз ер, байырғы қазақ сарбазы!.. – дедiм орнымнан тұра берiп.
Қонақтар да орындарынан көтерiлiп, қол шаюға беттедi.

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал