Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.19 Kb.

бет12/19
Дата08.01.2017
өлшемі7.19 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

МЕН БІЛЕТІН ЕР ҒАБЕҢ
(Деректі эссе)
СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ СУРЕТКЕР
 Өзiн қазақпын дер пенде атаулының қай­қайсысы сөз зерге­
рi Ғабеңдi, бiртуар қаламгер, Еңбек Ерi Ғабит Мүсiреповтi 
жақсы бiледi. Біледі деу аз, қадір тұтады. Менiңше, ұлы Отан 
соғысының арғы­бергi жағында, әсiресе 1940­50 жылдардың ау­
ма лы­төкпелi кезеңдерiнде мектепте, жоғары және орта дә­
режелi бiлiм ұяларында оқыған, иә соларда ұстаздық еткен 
мыңдаған қауым, кешегi партиялық­кеңестiк жүйенiң әр сала­
сында еңбек еткен көзi қарақты үлкен­кiшi, болмаса iлiм жо­
лында көз майын тауысқан барша зиялының бәрі­бәрi өздерiмен 
замандас қаламгердiң оқшау да дара сипатымен адамды бей­
жай қалдырмайтын, ой тереңдiгiне қоса әлеуметтiк­тарихи 
мәнi өзгеше, тамаша шығармаларын сүйсiне оқи жүрiп рухани 
есейгенi даусыз. Әрiректе «Аманкелдi» кинофильмi мен дра­
масы, берiректе «Қазақ солдаты», «Ана туралы әңгiмелерi» 
мен «Оянған өлкенiң» бiрiншi кiтабын алыңыз. Республика 
театрларының сахнасынан түспей, солардың алтын қорына 
айналған «Қыз Жiбек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мен «Ақан 
серi – Ақтоқты» драмаларын жұртшылық сүйсiне көрдi. Осы ­
лардың қайсысы болсын кемелденген қаламнан туып, ке мең­
гер ой мен кестелi сөз тұнығынан өрiлгендiгiн о күндегi оқыр­
ман айна қатесiз тани бiлдi. Шынтуайтын айтқанда, қа­
зақ қауымының танымдық деңгейi сол жылдарда жаппай са­
уаттылыққа жетудiң арқасында едәуiр биiктеп, асыл мен 
жасықты жаңылмай айыратындай бiлiктiлiкке көтерiлген. 
Оны ендi жөнсiз қампиған роман көлемiмен немесе жылда бiр 

Медеу СӘРСЕКЕ
176
кiтап шығарғыш әлей жазғыштығыңмен қанағаттандыра ал­
майсың. Сонау бiр жылдардағы саяси қуғындау мен көп тазар­
тулардан соң қатары мүлдем сиреп (бәлкiм, жұтап қалған), 
көш басындағы сом дарынды әдебиет бәйтеректерiнiң орнын 
толтырмақ ниетпен, жауыннан кейiнгi дала көгiндей қаулап 
шыққан өңкей қызылшыл әсiре жазғыштар тобырынан қара 
үзiп алға озған санаулы саңлақтардың ең алдыңғы легiнде Ғабең 
қаламгердiң болғаны да – тарихи ақиқат. 
Бiр ғажабы, сол топтан да ол не болса соны талғаусыз тол­
ғап, әсiрелеп жазуымен емес, кезектi жаңа туындысын ұзақ 
жыл дар бойы ой қазанында қайнатып, әбден пiсiрiп, кемелдiкке 
жеткiзгенде ғана ұсынуымен де дараланады. Сол себептен де 
Ғабең қолынан шыққан әрбiр кiтап қалың оқырманға шексiз 
қуаныш сыйлады! Сөз зергерiнiң қаламынан туған (Ол кісі 
әр шығармасын қарындашпен жазып, кем дегенде үш мәрте 
тазалап көшірмей ешкімге көрсетпеген және жол үстінен 
түзетпеген машығын ақтық демі біткенше өзгертпеген) әрбiр 
жаңа туындысы оған деген халық құрметi мен iзетiн асыр­
ды. Әсiлi, бұл да – кешегi заманда екiнiң бiрi ие болмаған дара 
қасиет. Бәлкiм, тектiлiк нышаны...
Өз басым қаладан шалғай түкпірдегі қазақ ауылының орта 
мектебiнде оқып жүрген жылдарда­ақ үлкен суреткермен асыл 
шығармалары арқылы табысып, соларды күнi бүгiнге дейiн сәу­
лесi жарық, жылу шапағаты сөнбеген қалпында танып, шек сiз 
сүйсiнумен ержеткен, әсiрелеп айтсам, әдебиетке де сол әсермен 
келген пендемiн. Бұл арада Ғабеңдей суреткердiң шәкiртiмiн 
деп емiне еншiлеуге ауыз бармайды, мен үшiн тым үлкен сыбаға 
сияқтанады.
Сөйтсе де таңдаған инженерлiк мамандығымды тастап, 
шы ғармашылық iске бiржола ауысуым – нақ осы кiсiнiң ық­
палымен, тiкелей араласумен жүзеге асқанын айтсам ше? КСРО 
Жазушылар одағының мүшелiгiне мен 1962 жылы, ғылыми­фан­
тастика жанрында жазған шағын екi хикаятым жеке кiтап 
болып шыққан соң арыз бердiм. Қазақстан Жазушылар одағы 
басқармасының төралқасы менiң арызымды қарарда «Бұл 
кiм?..» деген сұраулар туып, әркiм түрлiше пiкiр айтып, та­
лас өрбіген. Жұқалтаң екі кiтабымды парақтап жайбарақат 
отыр ған Ғабит ағай: «Қабылдағанымыз жөн болар, инженер­
жазушылар да бiзге керек!..» – дептi­мiс. Сараң сөйлесе де, ны­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
177
ғарлап қысқа айтатын қаламгердiң бiр ауыз лебiзi сөйтіп 
менiң тағдырымды шешiп, алдағы ғұмыр жолыма бағдар­бағыт 
сiлтегені – өмірде болған жайт...
Аға қаламгермен жақынырақ танысудың сәтi екi жылдан соң 
түстi. 1964 жылдың қара күзiнде Қазақстанда орыс әдебиетi­
нiң күндерi аталып, Ғабең соған орай Мәскеу мен Ленинград тың 
бiр топ белдi әдебиетшiлерiн бастап, Өскеменге келдi. Мен ол 
кезде «Социалистiк Қазақстан» газетiнiң Шығыс Қазақстан 
облысы бойынша меншiктi тiлшiсi едiм. Газет тапсырмасы­
мен қаламгерлер тобына қосылып, шалғайдағы Зайсан ауда­
нына ұшақпен аттандық. Бiздiң ұлт шоғырлана қоныстанған 
өңiрге бет алған топта Ленинград ақыны, соғыстан бұрын Абай 
өлеңдерiн сәттi аударған Всеволов Роджественский, мәскеулiк 
драматург Исидор Шток, ал Алматыдан Ғабең мен Тайыр Жа­
роков болды. Леонид Соболев бастаған және бiр қарамды топ iрi 
өндiрiс орталығы Лениногор қаласына машинамен аттанды.
Зайсан ауданының қос басшысы рухани, саяси мәнi зор кез­
десудi айтарлықтай әскездеп ұйымдастыра алмады: ақын­
жазушылармен сұхбат әншейiнгi жиналысқа ұқсап, желдiрме 
сөз жарыстырған сарында өттi; әрине, соңы арақ­шарап ағын 
судай тасыған ұзақ отырысқа ұласты; солардың бiрде­бiрiнде 
қазақтың шалқар әуенді ән­күйiн төгiлткен жергiлiктi өнер­
паздар өнерiн тамашалай алмадық; болса да ұмытылмас әсер 
қалдырмады. 
Шындығында Зайсан жұрты өзiндiк әншi­жыршыларымен 
атағы шыққан өнерлi өңiр болатын. Демек, сол кездегі жаппай 
орыстану, ана тілімізді тәрк ету (ұлттық мұраларымызды 
қосаметкей) дүрмегiне атсалысқан аудан басшылары ұлт мүд­
десiн ескермей, жергiлiктi халық арасындағы рухани­мәдени 
жұмыстарды қолдап, иә жандандыруды бiржолата ұмытқан. 
Осы жаққа аяғы тиген сағаттан көңiлсiз жүрген Ғабеңнiң 
төзiмi, сiрә, жарым күнге ғана жеттi. Кешкi кездесуде, аудан 
орталығындағы мәдениет үйiнде өткен жиынның мiнберiнен ол 
төрде шалқиып отырған ел басшыларына қадала қарап тұрып, 
«Қазақ жұрты атанудан жерiген екенсiңдер...» деп бастап, өте 
ауыр сөздер айтты (қаламгер ренiшiнiң мән­жайы «Өскемен са­
пары» хикаятында нақтырақ баяндалады). Көңiлсiз сапардың 
салқыны әсер еткен болар, маған да аға қаламгерден бiршама 
сыбаға тидi: «Сен де жазушылықтан жерiп, газетшi болып 
12­247

Медеу СӘРСЕКЕ
178
кеткенсiң бе?..» – деп ренiш айтсын. «Кендi Алтайдың өндiрiс 
қуаты мен келешек мүмкiндiгi – ерекше мол өлке, даму тарихы 
да – ғасырлар тереңiнде...» – дегендей желеу айтып ақталған 
болып едiм, Ғабең қолын сермеп, тыңдауға құлық көрсетпедi. 
Қызба мінезді Тайыр ағай: «Ғабе, бұл жiгiтiмiз Зайсанның өз 
ұлтына кереңқұлақ басшыларын партиялық газет бетiнде 
сықпыртамын деп отыр», – деп едi, аға қаламгер оған да ожы­
рая қарап: «Оны басатын Кеңес Үсебаев па? Жайықты – Урал, 
Ертiстi – Иртыш деп, зиялыны – интеллигентке айналдырып, 
байырғы қазақ атауларын орысшалап отырған бәлшебек редак­
тордан не үмiт, не қайыр?! Тайыр, сен де соңғы кезде орысшыл 
боп барасың, ал ақын атыңды шығарған – қазақша өлеңдерің...» – 
десiн. Бұл сұхбат қайтар жолда, ұшақ үстiнде қатар отырғанда 
болып едi. Тәкең «Ендi сен тіс жарып үндеме!» дегендей қолымды 
нығарлай қысты. Сiрә, кешегi ренiшi тарқамаған үлкеннің көңiл 
қыжылын одан әрi қоздырмауды қалағандай. Сырмiнез кiсi ғой. 
Сәлден соң үшеумiз де ұйқылы­ояу мүлгуге көштiк.
1965 жылдың сәуiр айының бас кезiнде маған Алматыдан 
одақ басқармасының хатшысы Қабдыкәрiм Ыдырысов теле­
фон шалып: «Медеу, Семейдегi облысаралық бөлiмше қайтадан 
ашылатын болды. Соны басқаруға қалайсың?» – деген ұсыныс 
жасады. Семейде тұратын жазушылар бұл орынға өзара тала­
сып, сол кездегi одақ басқармасының төрағасы Ғабеңе әр жер­
ден кісі салып, сұранып жүргенiн естiгенмiн. Солардың жолын 
кескендей болмайын деп әрi республикалық партия газетiне 
жақында ғана ауысып, содан да iле­шала сырғып кетудi 
ыңғайсыз көрiп: «Қабеке, жуықта ғана төрт бөлмелi, бұрын 
обкомның екiншi хатшысы тұрған, кең де көрiктi пәтерге кiрiп 
едiм...» – деп қашыртқы жауап айтып едiм, студент кезiмнен 
өзiме қамқоршы боп жүретiн Қабдыкәрiм ақын: «Әй, сен құмар 
iсiңдi төрт қабырғаға байлағаның қалай? Ал бұл іс – Қаныш 
ағайдың ғұмыр тарихын емiн­еркiн іздеуіңе, толғауыңа қолайлы 
қызмет... – дедi. – Ғабең де сенiң кандидатураңды дұрыс көрiп 
отыр, ойлан!..»
Қысқасы, осы iстiң бүге­шiгесiн менен де гөрi әрiптес ағала­
рым әрiден толғап, өздерi кесiп­пiшiп, шығармашылық кәсiп­
пен алаңсыз шұғылдануыма жағдай туғызып отырған соң 
келісетінімді айтып, келесі күні Қабеңе телефон шалдым. 
Бiрер аптадан соң одақ басқармасының төрағасы Ғабит аға 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
179
қол қойған, өзiмдi Семей бөлiмшесiн басқаруға ресми шақыр­
ған жеделхат алдым. Алайда «С.Қ.»­ның бас редакторы менi 
жұмыстан босатудан үзiлдi­кесiлдi бас тартыпты. Қабдыкәрiм 
марқұмның айтуынша, Ғабең кабинетiндегi қызыл телефонның 
(үкiмет басындағылармен тiкелей жалғастыратын) трубка­
сын көтерiп, Орталық Комитеттегi бiр дөкейге, сiрә, идеология 
хатшысы болса керек: «Анау Үсебаев деген шенеунiктiң жазу­
шыдан жорналшы жасамақ терiс пиғылына тыйым салатын 
кiсi бар ма?!.» – десе керек. Шындығын айтқанда, Қазақстан 
Компартиясы ОК­інде о күнде Ғабит Мүсiреповтiң бiр сөзiн 
терiске шығарып, иә кейiнге сырғытар жан болмайтын. Әкiм­
шенеунiктердiң бәрi де өз ойын кiмге болсын бетiне айтатын, 
мінберден де аяусыз түйрейтін қаламгердің кiдi мiнезi мен әлей 
айбарынан қарадай сескенетін­дi. Бұл жолы да солай болды. 
Еңбек кiтапшамда бұл әрекеттің соңғы түйiнi 1965 жылдың 
14 сәуiрiнде сәтті аяқталғаны нақты жазылған. Жазушылар 
одағының Семей бөлiмшесiнде мен табан аудармай 33 жыл, 
яки 1997 жылдың маусым айына дейiн хал­қадерiмше қызмет 
атқарып, зейнеткерлiк демалысқа шықтым.
Тегінде, бұл – айлық еңбекақысы мардымсыз, құқық­мiндетi 
шектеулi, ал әдеби­рухани дабысы мен дақпырты жөнiнен 
жұртшылық ұғымында көп­көрiм қадiрлi саналатын қызмет. 
Әрине, оның шынайы беделі өз мiндетiңдi қалай атқарып, 
қандай мәндi еңбекпен шұғылдануыңа байланысты. Менiң кәмiл 
сенген пайымдауымша, облыстардағы бөлiмшелер ғана емес, Жа­
зушылар одағының қадiр­құрметi осы ұйымды Iлияс Жансүгiров 
басқарған 1934 жылдарда ілкі көтерiлiп, Ғабит Махмұтұлы 
төрағалық еткен алпысыншы жылдарда шырқау биiкке жет­
кен. Бұл жерде гәп – шығармашылық одақты кiмнiң, қандай бе­
делмен басқаруында. Айталық, қандай да жоғары лауазым иесiне 
(әлбетте, мен облыстық деңгейдегi әкiмдердi айтып отырмын) 
ба рып: «Сiзге Ғабит Мүсiреповтiң тапсырмасымен келдiм...» – 
десең, көкейтестi шаруаң оп­оңай шешiлiп, мерейiң өсiп шы­
ғады. Шығармашылық ұжымда отыз жылдан астам уақыт 
еңбек еткенде мен әрқилы деңгейдегi алты жазушы бастықпен 
iстес болдым. Бәрiне бiрдей мадақ айтсам – шындыққа қиянат 
болар, солардың iшiнде есiмiн атай қалсаң – «Оның кiм едi?..» де­
ген қарсы сауалмен тұсалып, ұнжырғаң түсiп қайтқан марғау 
жылдарды бастан кешкеніміз – өмір шындығы...

Медеу СӘРСЕКЕ
180
Өкiнiштi жайт: мен Семей бөлімшесіне ауысқаннан кейiн 
бiр жыл шамасында Ғабең ойда жоқта орнынан кетуге мәж­
бүр болды. Нақты себебiн бүгiн де дөп басып айту қиын, естуi­
мiзше, бәйбiшесi Ғұсни қайтыс болған соң, өзiнен қилы жас 
кiшi адамға үйленуiн коммунист қалыбына сыйыспайтын 
моральдық құлдилау деп мұқатқан­мыс. Соны өсектеп, жұрт­
шылық тезiне салмақ болған ұрдажық пысықтар да шықты. 
Амал қанша, бүгiнде тек қана бас шайқап, қынжылыс туғы­
зарлық әрекет жолды болды, алайда қолымен жасаған iсiне 
титтей де қымсынбаған қаламгер биік мансабын тәрк етiп, 
«еркiн шығармашылыққа» (сол заманда қызмет iстемейтiн 
қаламгерлерге тиесiлi атау) кете барды. Сайып келгенде қазақ 
әдебиетi, оның мың­мыңдаған оқырман қауымы бұдан ұтылған 
жоқ: «Кездеспей кеткен бiр бейне», «Ұлпан», «Оянған өлкенiң» 
екiншi кiтабы сынды асыл шығармалар жарық дүниеге келдi. 
Кем дегенде жарым күндi кеңседе өткiзуге жегiлген сөз зергерi 
әлеуметтiк ауыр жұмысты басына үйiп­төгiп қойған соң – 
көркемдiгi биiк туындыларды әспеттеуге мұршасы келер ме едi, 
келмес пе едi? Үзiлдi­кесiлдi айту қиын. 
Ғабеңдей ұлы қаламгерге қызметтiң бағынышты жөнiмен 
емес, әдеби кәсiптiк ретiмен һәм iнiлiк iзетпен рухани 
жақындасуым менiң нақ осы жылдарда, аға қаламгер ертелі­
кеш үйiнде отырған кезiнде басталды. Ең ғажабы, соған 
ықылас суреткердiң өзiнен туды. Ұзын ырғасы жиырма жылға 
тақау уақытқа созылған қарым­қатынасымыздың ұлағатты 
сәттерi осы жинаққа енген хикаяттарда бүкпесiз, әсірелеусіз, 
қаз қалпында жазылғанын ескертемін. Оның бәрі­бәрi сурет­
кер Ғабеңнiң былайғы жұртқа беймәлiм, әдеби қауымның да 
көпшiлiгiне бейтаныс ғұмыр тiршiлiгiн, мiнез­қалыбын, әдет­
машығын, қала бердi жүрек түпкiрiнде бұғып жатқан бүкпе 
сырларынан бiршама хабардар етедi. Әрине, ол кiсiнiң болмысын 
түп­түгел танып, толық аштым деген күпiр ойдан аулақпын.
Ғабең – көптеген замандас тұрғыластары үшiн жабық 
та жұмбақ адам болды. Жол үстiнде, оңашада өткен әңгiме­
сұхбаттарда, дастарқан басындағы отырыстарда ол кiсi 
«жалпақ шешей» болып, елдiң бәрiне ашыла бермейтiн 
тәкаппарлық мiнезден де құралақан емес­тi. Сiрә, соған орай 
қаламгер қатысқан жиындарда әңгiменi көл­көсiр және өтiрiк­
шыны аралас соғатын әсiре бiлгiштер де сөздi аңдап айтушы едi. 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
181
Өйткенi сол шіркіндер өтiрiкке жаны қас Ғабеңнiң кенет: «Әй, 
сен не былшылдап отырсың, жан­жағыңа қарасаңшы!» – дейтін 
кiдi жаратылысын жақсы бiлетiн­дi.
Тәкаппарлық тегiн өз басым түрлiше түсiнем: әсiлi, адамға 
жаратылысынан туа бiтетiн мiнез; тектiлiктiң де басты 
сипаты осында; алайда қанжығасына торсық байлатпай­
тын кеудемсоқтардың кердең қылығы, әлбетте, биік лауазым 
иелерінен туады – дәрежелі қызметін өзiнше мадақ көрiп, ал­
дына келген кiсiнi қабылдамай, ал қабылдаса – жөндi сөйлеспей, 
дөңайбат көрсететін дөрекілiк те бiлiмi таяз, ақылы кемшiн 
адамдардан шығады. Мен бiлетiн Ғабеңнiң тәкаппарлығы – жа­
ратылысымен қоса бiтiп, ұзақ өмiр жолында көрген­бiлгенiнен, 
басынан кешкен түрлi өткелектер мен адал деп сенген дос­жар 
қаламдастары көрсеткен қастандықтардан запы шегуден 
туған, яки өмірдің ащы сабақтарынан өрбiген сақтық шарасы...
Зер сала қарасаңыз: 1928­1954 жылдар аралығындағы аумалы­
төкпелi қиын кезеңдер көзi қарақты қауымды қандай тезге 
салмады, ақ дегенi қара болып, кеше ғана құдайдай сенiп жүрген 
бiлiктiлер, ел бастаушы, ақыл­қайраты ерен серкелер ағаш 
атқа мiнгiзiлiп, қайта келмес сапарға аттандырылып жат­
ты... Ғабең болса – солардың бiрi емес бiрегейi санатында жүрiп, 
тағдыр жазуымен аман қалды. Көпшiлiк тұрғыластары құсап 
тасада бұғынып отырып, жан сақтамағанын бертiнде бiлiп­
танып, таңдай қағыстық: қазаққа қызыл жендет боп қырғиша 
тиген Ф. Голощекиннiң арамза пиғылын әшкерелеп, Алматыдан 
жөнелтiлген Бесеудiң де, Екеудiң де хатына қолы қалтырамай, 
қу жанынан түңiлiп, пәк жүрегiн шүберекке байлап қол қойған, 
күллi қазақтың (аштықта шыбындай қырылып, опат болған 
екi миллионнан астам сормаңдай жандардың) мұң мен шерi, 
кегi мен жан ашуы ашық төгiлген екi хаттың да мәтiнiн 
әзiрлесiп, әрi «Күн көсемнiң» қолына тиюiн ұйымдастыра бiлген 
Екеудiң де, Бесеудiң де бiрi – Ғабит Мүсiрепов болғандығын 
бүгiнде мақтан тұтамыз. Бiле бiлгенге сол – ұлтымыздың ат 
төбелiндей зиялы қауымының туған халқының бiржола құрып 
кету қаупiне бейтарап қарамай, қатты қарсылық бiлдiрiп, 
атой салғаны – тарихымыз үшiн, бүгiнгi және келешек ұрпақ 
үшiн де үлгi боларлық теңдессіз ерлiк!
– Алғашқы хатқа Филипп Исай баласының ызбары әлей 
болды. Бiздi түтiп жеуге шақ қалып, үстел сабасын. Құртып 

Медеу СӘРСЕКЕ
182
жiберуге амалы жоқ, сiрә, Мәскеуден қатаң ескерту алса ке­
рек. Қысқасы, не керек, өздерi жасаған қателiктi «түзеттiру» 
үшiн бесеуімiздi дереу жан­жаққа аттандырды. Бәлкiм, арам ой­
ында жолшыбай бiр жерде ашынған елдiң кәрiне ұшырап, мерт 
болар деген пиғыл жатса керек. Менiң еншiме хатта айғаққа 
келтiрiлген Торғай өңiрi тидi, соның Батпаққара ауданына 
төтенше өкiл боп кете бардым. Сол сапарда бiр айдан артық 
жүрдiм, – деп Ғабең бiр әңгiме үстiнде сыр шерткен­дi. – Сон­
да көргенiмдi «Аштықтың көзi» әңгiмемде жаздым. Жадымда 
мәңгi жатталып қалған суреттер бертiнде жазбасқа еркiме 
қоймады. Ал шындығында, жiгiттер, сол сапардан қайтқан 
соң өмiр сүргiм келмей, қу жанымнан түңiлiп, ұйқым бұзылып, 
мәңгу күйден айыға алмай, көп уақыт сенделiп жүрдiм. Айбыны 
алғашқыдан қатаңырақ екінші хат сол кезде жазылды...
Мен бiлетiн Ғабең тәкаппарлықты да қошеметi сырдаң, 
жел сөзге қарабайыр жұрттан (бұлардың ішінде қаламдас 
қауым да бар) қорғану үшiн, қымбат уақытын солармен мезi 
сөзге шығын етпес үшiн де қасақана жасаушы едi. Жаратылыс 
оған, ойлаймын, өзiне әңгімелесуге келген жанның түпкi ойын 
бiрден аңғарып, оңғақ та арзан мадақты бекерге шығындап 
отырғанын жаңылмай танып, бойын аулаққа саларлық 
сұңғыла қабiлет дарытқан. Сол себепті қаламгердiң үйiне 
емiн­еркiн барып, тiршiлiк жолында қойын­қолтық араласқан 
досжар жандары некен­саяқ болды. Әрине, бұл уәжден бүкiл 
қаламгерлер қауымы, иә алматылық тұрғыластарын әрдайым 
өзiнен алыс ұстады деген жаңсақ ұғым тумаса керек. Көпшiлiк 
Ғабеңдi сырттай қадiр тұтты, бiрегей суреткер деп сыйла­
ды. Менiң айтып отырғаным – елге шыққан сапарларында 
қасына ертетiн, иә Алматыда өз сұхбатына алатын шынайы 
серiктерiнiң сарабдал сиректiгi. Түстеп айтсақ, олар: өмiрлiк 
досы һәм әзiлi жарасқан құрдасы Ғабиден ақсақал Мұстафин; 
үйелмендерімен етене араласқан замандасы, жерлесi, бауыздау 
құдасы – Сәбит Мұқанов; ұлы тұрғыласы Мұхтар Әуезовпен 
де сырлас, сыйлас болғаны қаламгердiң кейбiр жазбаларынан 
айқын сезiледi. Преферанс ойынында үнемi сайыс жасап, жиi 
араласқан тұрғыластарынан: Әлжаппар Әбiшев, аудармашы 
Ғазиз Оспанов, мемлекет қайраткерi Мәжит Бутин, әрiректе 
Шәкен Айманов, берiректе белгілі сазгерлер Еркеғали Рахмади­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
183
ев пен Евгений Брусиловский. Ал ел аралау сапарларына жиiрек 
ертетiн серiгi – ән мен жырдың таусылмас кенi, әмбе соны көбiне 
жатқа айтатын Ғафу Қайырбеков, оқта­текте Сағи Жиенба­
ев едi. Бiрер сапарында драматург Мұхаметқали Хасенов пен 
о кезде жасаң қаламгер Асқар Сүлейменовтi ертiп шыққанын 
жете бiлемiн. Ал шығармашылық iстерi жайында ақылдасып, 
нақтылы көмегiн пайдаланатын iнiлерi – белгiлi қаламгер 
Сафуан Шаймерденов пен Жайсаңбек Молдағалиев болатын. 
Жайсаңбектi ол кiсi түрлiше ұсақ шаруаларды орындайтын, 
академияға, Жазушылар одағына, баспаға жұмсайтын сенiмдi 
көмекшiсi ретiнде пайдаланды.
Дарқан өмiр маған да Ғабеңдей ұлы суреткер, бiртуар 
тұлғаның сұхбатына алып, үйiне де әредік шақыратын сараб­
дал тобының қатарында жүрiп, әсiресе ұзақ өмiрiнiң соңғы жыл­
дарында айрықша сенiмiне ие болып, ұмытылмас бағзы сәттердi 
басым нан кешу бақытын сый еттi. Ойлап отырсам – құдіреттi 
қалам иесiмен кездесулерiм сонау 1964 жылдың қара күзiнен 
Өскеменде, Алтайдың түстік түкпiрiндегі Зайсанда басталып, 
одан соң тағы Шығыс Қазақстан облысының орталық шәрi мен 
Асубұлақ, Ұлан сияқты таулы өңiрiнде, берiректе Семей мен 
ұлы Абайдың кiші отаны – Жидебайда жалғасыпты. Бұған Ал­
матыда ондаған мәрте кездесiп, әлденеше күндер, кейде ұзақ 
сағаттар бойы үстел басында отырып, ұлағаты мол әңгiмелерiн 
тыңдаған, құмар iсi карта ойынында да тең әрiптесi болып 
өткiзген айшықты сәттерiм бүгiнде маған кешегi рухани­
әдеби тарихымыздың бел­белесi сияқтанып, өзгеше мәнмен еске 
түседi.
Тағдыр маған Ғабит ағайды екi мәрте Мәскеуде көрiп, КСРО 
Жазушылар одағының екi құрылтайында Кремльдiң мәжiлiс 
залында қасында оты рып, үзiлiс кездерiнде, иә кешкi демалыс 
сағаттарында дәмдес болу ризығын да сый лады. Соның бәрi 
мен үшiн әдебиет майданына өндiрiстен келiп, арнайы кәсiби 
бiлiмсiз, иә теориялық дайындықсыз қосылған қатардағы қа­
рабайыр жазушыға үйре нерi мол, ұлағат­өнегесi ерекше кездесу­
лер болғаны сөзсiз. Ақыл­ойы кемелденген, өнерi шырқау биiкке 
көтерiлген үлкен қаламгерге өз тарапымнан бергенiм – шама­
лы болар, ал өз басымның алғаны – орасан мол дер едiм: қырық 
жылдай аңшылық саяттарында қолынан түспеген үшауыз 

Медеу СӘРСЕКЕ
184
немiс мылтығы, Париждiң аса көркемдеп шығарған пластик 
ойын картасы, қолтаңбасы түскен «Ұлпан» туындысы – өз 
қолымен тарту еткен сыйлықтары болса; әр кездесуде кемеңгер 
қаламгердiң шығармашылығым жайында айтқан ақыл­кеңесi, 
сыни сөздерi – ешқандай безбенмен өлшеуге болмай тын, шынайы 
бағасы қолымнан шыққан шығармаларым арқылы ғана бiлiнер –
өзiндiк дара мектеп дер едiм; жасыратыны жоқ, «Сәтбаев» 
атты ғұмырнама еңбегiмдi жарыққа шығару жолында мен 
тартқан ауыр тауқыметті жеңу, әдiлетсiздiкпен күресу жо­
лында да ол кiсi менi ұшқары қадамнан, өрескел әрекеттен 
сақтандырып, ақыр аяғында жақсы күндерге аман жетуiме 
дәнекер болғаны – өзіме мәлім шындық.
Ұлы суреткермен етене араласқан бағзы күндер мен жылдар, 
сансыз көп кездесулер мен сұхбаттар менiң мойныма ауыр па­
рыз жүктеп, ол кiсi жайында бар бiлгенiмдi, ойыма түйгенiмдi 
қағазға түсiру жазушының жүз жылдық мерейтойы ЮНЕСКО 
деңгейiнде тойланар айшықты мезетте әзір болды. Әрбiр парыз 
өтеуiмен құнды. «Мен бiлетiн Ер Ғабеңнiң» 2002 жылы жарыққа 
шығуы – ұлы суреткер, қадiрменді қаламгер, халқымыз мерейiн 
шырқау биiкке көтерген тағы бiр асыл перзентiмiздiң ару ағы 
алдындағы iнiлiк борышымның өтеуi болып, ұлы той үстiнде ел­
жұртына шашу ретiнде тегін таратылды.
Өткен ғасырдың ту ба сында дүниеге келiп, сол ғасыр жылна­
мадан көшер шағында бақи болған бiртуар суреткер, қазақтың 
қорлы сөзiн кемең герлiкпен көркем кестелеп, жерiне жеткiзе 
бiлген айтулы шебер Ғабит Мүсiреповпен жиырма шақты жыл 
етене таныс болып, үйiнде, дүзде де сан мәрте сұхбат құрған 
айшықты жылдарда өзінен естіген оқиғалар осы кітаптағы 
әрбір эссеге негiзгi желi боп тартылды.  Тартымды оқылуын 
ойлап мен соларға жасанды тартыс iздеп, иә қиялмен тербеп, 
өз жанымнан ештеңе қоспай, әдеби әсiрелемей, естiген, бiлген, 
түйсiнген қалпымда қағазға түсірдім.
Ер Ғабеңнiң кешегi қиянаты мен қияпаты мол кер заманда 
иiлмей, өр қалпында өткен өнегелi ғұмыры, өлмес еңбегi бүгiнгi 
ұрпаққа жебеушi болса игi!..
 
Семей. 
2005 жылғы 5 шілде

ШЫҒАРМАЛАРЫ
185
 ӨСКЕМЕН САПАРЫ
Ұмытпасам, 1967 жылдың ақпан айының аяғы, әлде нау­
рыздың басы болса керек, Семейдегi әдеби бөлiмшенiң телефоны 
мазасыз дырылмен шыр­шыр ете қалды. Алматыдан екен, Жазу­
шылар одағы басқармасының хат шысы Қабдыкәрiм Ыдырысов.
– Медеу, – дедi ақын амандық сұраудан соң, – әлгi бiр әзiрде 
Ғабең Өскеменге... сайлаушылармен кездесуге аттанып кеттi. 
Бұл жақтан қасына кiсi ерткен жоқ, неге сөйткенiн бiлмеймiн. 
Маған тапсырғаны – саған хабар бер дедi...
– Мезгiлiнде хабарлап тұрсыз, Қабе. Ол кiсi қазiр Өскеменге 
жеттi, аэропорттан қарсы алуға үлгермеймiн (о кезде үлкен 
ұшақтар Семей арқылы ұшатын­ды). Ал соңынан қуа барғаным 
қалай болады? – деп наразылық бiлдiрiп едiм, әлденеге кiдиiп 
отырған бастығым сөздiң төтесiн естiрттi:
– Әй, бауырым, мен саған ағаңның сәлемiн жеткiзушiмiн, 
оның өзiн әлгiнде, үйiнен аттанарда ғана ескертті. Сондықтан 
менi жазғырғанды қой, не iстейтiнiңдi айт!
– Жарайды, аэропортқа кеттi деп бiлiңiз...
Үйге соғып, жол киiмдерiмдi қамдап алып, аэропортқа кел­
сем – бiзден тiкелей ұшатын ұшақтардың бәрi де аттанып кетiптi. 
Амал қанша, онда­мұнда телефон ша лып, пошта әкетiп бара 
жатқан қосымша рейске әрең іліктім.
Өскемен – маған танымал қала, еңбек жолымды бастаған 
құтты мекен, дос­жарандарым да мол. Әр жерге телефонмен сұрау 
салсам – Ғабит ағай В.И. Ленин атындағы Өскемен қорғасын­
мырыш комбинатының дербес мейманханасына тоқтапты, бұл 
болса – әкiмшiлiк орталықтан жырақ салынған металлургтер 
қалашығындағы оңаша жай, әмбе осы қаладағы сол күндегi 
бiрден­бiр жөндем қонақ үйi. Мен де сонда келiп, кезекшiмен 
сөйлесiп, люкс бөлменiң тап қасынан бiр кiсiлiк оңаша орын ал­
дым. Iздеп келген кiсiмдi әлдекiмдер қонаққа алып кетiптi.
Жұмыс аяқталған мезгiл едi, бөлмемдегi телефон шыр ете 
қалды. Бейтаныс бiр үн:
– Медеу, аман­есен жеттiң бе? Қалай орналастың? – Осы об­
лыста қазақша шығатын газет редакторының орынбасары 
Жұмағали Ысмағұлов. Қалада ғана емес, бүкiл шығыс өңiрiндегi 
Жазушылар одағына мүше бiрден­бiр жазушымыз, әмбе май­
талман аудармашы. – Ғабең облаткомның төрағасы Бәкежан 

Медеу СӘРСЕКЕ
186
Төртқариннiң үйiнде. Сiрә, кештеу қайтады, – дедi Жұмекең 
ақы рында. – Есiңде болсын, ертең ертелетiп Ұлан ауданына жү­
ремiз. Машина дайын, облыстан еретiн – мен...
– Өте жақсы! – деп қуаныш бiлдiрдiм.
Өйткенi нақ сол жылдарда Шығыс Қазақстан облыстық пар­
тия комитетiнде Ғабеңдей атақты қаламгердiң қасына ерген дей, 
әдебиеттен танымы бар зиялы қазақ азаматы жоқтың қасын да 
едi. Ал Жұмекеңнiң жағдайы бөлек: бiрiншiден, кәнігі әдебиетшi; 
екiншiден, Алматыда бiрталай жыл еңбек еткен танымы мол зия­
лы жан; үшiншiден, жуықта ғана «Қазақ әдебиетi» газетiне бас 
редактор болып Ға 
беңнiң қарауында, Қазақстан Жазушыла 
р 
одағының басқармасында қызмет iстеген, яғни бұрыннан да ара­
лас­құралас болған кiсi; төртiншiден, Өскеменде тұрған кезiмде 
мен де Жұмекеңмен жиі араласып, әредiк бас қосып, преферанс 
ойнайтынбыз. Осының бәрiн ой елегiнен өткiздiм де:
– Құп болады, Жұмеке! Мен дайынмын, өзiңiз де сайысқа әзiр­
ленiп шығыңыз, үшiншi қолды сырттан iздемейтiн болдық... – 
дедім.
Кештеу қайтады деген қонағым сағат он шамасында жатын 
ор нына үрдiс оралды. Сәлем бере кiрiп едiм, ауызғы кең бөлмеде 
Жұмекең екеуi әңгiмелесiп отыр.
– Келiп қалдың ба?! – дедi Ғабит ағай ақжарқын шырай бiл­
дiрiп. – Елiң аман ба?
– Дiн аман.
– Шәкiр ағаң қалай?
– Шәкiр ақсақал да күйлi.
Семей елiнiң хал­күйiн, қыс жайын сұраудан соң бұл кiсi ме­
нен әрдайым өзiнiң құрдасы, ерекше құрметтейтiн халық ақыны 
Шәкiр Әбенов ақсақалдың жайын да тәптiштей ыждағаттаушы 
едi. 
– Қанша күйлi дейсiң, ол шiркiндi қу өмiр тағы да оңдырмай 
соқты жақында... Ер жеткен қызына тролейбустың сымы түсiп, 
Алматыда мерт болыпты. Байғұс ба ланы көргенмін: көзiнiң оты 
бар, сөзiнде ой, көкiрегiнде жалын маздаған ақылды қыз деп 
шамалаған едiм. – Ғабең басын шайқап, Дауа Шәкiрқызы ның 
мезгiлсiз қазасына қынжылыс бiлдiрдi. – Бiрде кеңсеге келдi 
сол бала. Әкесi хат жазып берiптi. Өлеңмен маған соқтыққан, 
айтуға болмайтын балағат сөздер!.. Баласы оқымаған болу ке­
рек, өйткенi хат арап әрпiмен жазылған. «Әкеңнiң ақындығында 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
187
қапы жоқ, қарағым, бiрақ қартайғанша ақылы жетілмеген 
нағыз әңгүдiк» дедiм. Ақсары өңдi қыз баланың бетi шиедей 
болып қызарып шыға келдi, нұрлы көзi тұтанған шырпыдай 
лып еттi. «Өйтпесе ақын бола ма?! Ал Сiзге жөнсiз тиiссе – құр­
дасым деп еркелегенi, кешiрiммен қараңыз, аға!» деп төмен 
қарады. Әкесiнiң маған себепсіз тиіскен шатақ хатын жауапсыз 
қалдырайын деп қырсығып­ақ отыр едiм, баласының қызғыштай 
қорғап сөйлегенiн ұнаттым да, «Жарайды, әкеңе сәлем айт! Әдеби 
қордағы қарызын өте усiз шегеремiн, бiрақ мұндағы жұртқа тек­
тен­текке тиiспесiн» дедiм... Соңынан естi сем, жаза тайым мерт 
болған сол бала екен. Өмiр бойы соққы жеп, «Айналайын!» деген 
сөздi естiмей келе жатқан қыңыр шалға бұл ендi оңай емес!..
– Бiрақ ол Мысырдың алмас қылыш соғатын шарболаты­
нан жаралғандай мықты кiсi! Баласын қайғыратынын бiр адам­
ға сездiрмейдi, Дауаның соңында екi дәптер балауса өлеңдерi 
қалған екен, соны да кемпiрiне көрсетпей тығып қойыпты.
– Жә, Өскеменнiң тiрлiгiн айтыңдар... Әнебiр жылы орыс әде­
биетiнiң күндерiн өткiзе келiп, Мәскеуден Леонид Соболев, Ле­
нинградтың Всеволов Рождественский деген Абайды ертеде ау­
дарған кәрi ақыны бар, үш­төрт тәулiк жүргенде бiраз нәрсеге 
көңiлiм толмай, бұл жақтан ренжiп қайтып едiм, – деп Ғабит аға 
сөздi ел жайына аударды.
Ол сапарыңызда мен осында едiм, Зайсан ауданына бiрге 
барғамыз, – дедiм сол бiр қолайсыздау сапарды аса ежiктемей. – 
«Елдiк белгiден айырыла бастаған екенсiндер. Халқымыздың 
ұлттық дәстүрiн ұмытып, бойымызға ежелден етене болған асыл 
қасиеттерiмiз де бiржола жоғалған ба бұл жақтан?» деп, Зайсан 
қаласында өткен жиында ренжiп сөйлегенiңiз есiмде.
– Ие, мен де соны айтып отырмын. Қазақ мектептерi бұл 
жақ та мүлдем азайып, барлық жерде жиынды тек қана орысша 
өткiзетiн күйкi халге ұшырапты. Сонда өздерi орысшаға ағып 
тұрса жөн­ау. Қыдыра келген екi­үш қонақ үшiн мал бағып, иен 
далада бейнет тартып жүрген қарабайыр қойшының тiлiн бұрап, 
орысша сөйлеткенде менің жылағым келіп отырды. Атағы елге 
дабыра Өскеменнiң сиқы мынау: Жамбыл атында жалғыз мек­
теп болған екен қазақша оқытатын, оны да артық көрiп, мектеп­
интернатқа айналдырыпты; мұғалiмдер институтындағы қазақ 
бөлiмiн жауып, тек қана орыс тiлiнде оқытатын болған; айтатын 
желеулерi – қазақша оқыған маманға ауылда да жұмыс жоқ. Ау, 

Медеу СӘРСЕКЕ
188
сонда жиырма жылдан соң бұл өңiрдегi қазақтың халi не бола ды? 
Немерелерiмен тiлмәш арқылы сөйлесетiн масқараға ұшырар­
мыз, сiрә? Осыны жасап отырғандар – өзге емес, өзiмiзден шыққан 
басшылар. Қарауындағы халқының келешегiн ойламаған, оған 
жаны ауырмаған басшының, тегiнде, ертеңi қараң!..
– Оларға бiр күн тұрса да мансабын сақтау керек. Қазiргi бас­
шылардың қарекет­тiрлiгi соның қамында, ағасы...
– Ғабеке, Сiздiң айтып отырғаныңыз – коммунизмнiң алғашқы 
нышаны, – деп қостады Жұмекең де мені. – Никита Сергеевичтiң 
жасап кеткен бағдарламасы бойынша, сексенiншi жылдардың 
орта кезiнде коммунизмнiң алғашқы сатысына жетемiз. Ал онда 
күллi кеңес халқы бiр тiлде сөйлеуге тиіс.
– Ондай теңгерме коммунизмдi жасаң екеуiңе қалдырдым, 
бiзге шет­пұшпағын көрген социализм де қанағат!.. – дедi ке­
нет Ғабит ағай екеумiзге тұнжырай қарап. – Демалайық, қалған 
әңгiменi ертең жолда айтамыз....
 
* * *
Келесi күнi Ұлан ауданына қарасты «Обухов» кеңшарына 
келгенбiз. Аудандық пар тия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Орал 
Малдыбаев бастаған бiр топ адам бiздi осы кең шарда күтiп отыр 
екен.
Сайлаушылармен кездестік. Одан соң орта мектепке барып, 
Олег Кошевой атындағы пионер дружинасының құрметтi мү­
шесi атанып, қызыл галстук тағуға қатыстық. Мұғалiмдермен 
сұхбат. Шаруашылық иелерiнiң қонақасысы...
Барлық жерде, үлкендi­кiшiлi елдi мекендерде бiрыңғай жо­
бамен, жаттанды да әрi көпiрме мадақ сөздердi суша сапырып 
өтетiн өңкей бiр сарынды мәжiлiстер мен жиын дарды тәптiштеп 
хаттаудың, сiрә, қажетi болмас. Солардың бұл жолы мүлдем 
жадағай өткенi соншалық, бiрде­бiрi әлдеқандай өзгешелiгiмен, 
мәндi бiр белгiсiмен есте қалмапты: депутатқа үмiткердiң жұрт 
сенген өкiлi Ғабит Махмұтұлының өмiрбаянын, жариялаған төл 
еңбектерiн сыпыра тiзiп шығады; бiр жұмысшы (әрине, еңбек 
озаты), бiр мұғалiм (әрине, әдебиет пәнiнiң) жазушының басты­
басты туынды ларына, қоғамдық қызметтерiне мадақ сөздер ай­
тады. Сөз кезегi соңында аупаркомның ақсары жүздi, еңсегей 
бойлы, орақ тiлдi хатшысына тиедi. Орекең едәуiр шешен адам

ШЫҒАРМАЛАРЫ
189
сөзiн әрiден қозғайды: жуықта осы облыстан үлкен топ бастап, 
көршi отырған Қытай елiне барғанын, сонда көргенiн мән бере 
тәптiштеп ай тып өтiп, одан соң халықаралық ахуалға бiршама 
тоқталып, аудан еңбекшiлерiнiң коммунизмнiң шикiзат базасын 
жасау жолындағы жанқиярлық ерлiгiн сипаттауға көшедi...
Әрбiр кездесуде осылайша сан мәрте қайталанған сөз нөпiрiнен 
жалыққан Жұмекең екеумiз, сiрә, зерiккендiктен болар, бiр­
бiрiмiзге сыбырлап әңгiме айтып, кейде өлеңмен әзiлдесiп отыра­
мыз. Солардың бiр нұсқасы мынадай:
«Кiрiстiң басқа түрiн құлатқасын,
 Хатшымыз айтып жатыр жұмыртқасын»,– 
 
деп екi жол өлең қиыстырып, қойын дәптерiмдi серiгiмнiң ал­
дына сырғытамын. Бұл мысқылдың астары – Ұлан ауданы­
ның жұмыртқа өткiзуден ғана мемлекеттiк жоспарды асыра 
орын 
дап, өнiмнiң қалған түрлерiнен тапсырманы құлатып 
алған дығын да. Әккi хатшы сөйлеген сайын пәленбай миллион 
жұмыртқа бер гендерiн екi­үш мәрте даусын көтере қайталап, 
жүн, астық, ет тапсыру туралы жұмған аузын ашпайды...
Мысқылымды түсiнген Жұмекең:
«Онысы ас бола ма қаламгерге,
 Берсейшi дәмді болса омыртқасын!» –
деген тәрiздi екi жол қосып, дәптерiмдi өзiме қайтарады. Осы 
ермегiмiз әр жиында жалғасады. Бiр ғажабы, Ғабит ағамыз 
ұшы­қиырсыз сөздi назар қойып тыңдауға көнбiс. Ығыр сөз­
ден жалыққанын әсте сездiрмейдi, алды­артына қарап қозға­
лақтамай, ағаш тұғырда қалғыған қарт бүркiтке ұқсап құздияды 
да отырады. Өзiн көкке көтерiп мадақ таған жел сөзге де, шы­
найы оқырман iлтипатын танытқан жақсы лебiзге де титтей мән 
бермей, тұнжыраған қалпынан аумайды.
Аупартком хатшысы ақырында сөзiн жинақтап, аудан еңбек­
шiлерiнiң үмiткерге тапсырмасын түгендеуге ауысады. Сонсоң 
қадiрлi қаламгерге денсаулық тiлейдi. Ең аяғында сөз кезегi 
Ғабеңе тиедi.
Әрбiр кездесудiң өзiндiк сын­сымбаты болады. Одан алған 
әсе рiң де сапар үстінде кезiктiрген адамдарыңның ақыл­пара­

Медеу СӘРСЕКЕ
190
сатына, дүниеге көзқарасы мен та ным­талғамына байланысты 
есте қалмақ.
Келесi күнi Кендi Алтайдың осы төңiректе шоғырланған 
жер асты қазыналарының сүбелi көмбесiнiң iргесiне орнаған 
Белогор комбинатына келгемiз. Хатшы Орекең бiздi Асубұлақ­
тағы жұмысшы қалашығының шағын қонақ үйiне алып келдi 
де, екiншi қабаттағы санаулы бөлмелердi өзі нұсқап жүріп, 
үлестiрiп бердi. Жұмекең екеумiзге бiр бөлме тиді. Төсектерiмiздi 
меншiктеп жайғасқанымыз сол едi, жирен шашты, шегiр көз, 
бәкене бойлы орыс адамы үстiмiзге баса­көктей кiрдi. Сөйтсек, 
комбинат директоры екен. Амандаса келiптi: кеншi инженер, 
Алматыдағы кен­металлургия институтын елуiншi жылдары 
бiтiрiптi; Кендi Алтайға содан берiде қоныс тепкен. Сiрә, жиi 
қайталайтын мықты көзiрi болса керек, сол кезде Қазақстан 
ҒА­ның президентiне сайланған Шаhмардан Есеновпен бiрге 
оқып, жатақханада бiр бөлмеде тұрыпты. Бізге де соны ерекше 
мақтанышпен айтты.
– Байырғы қазақстандық болғандықтан Ғабит Махмутович 
сынды ұлы жазушы һәм көрнекті мемлекет қайраткеріне қо­
лымыз жеткенiне өз басым ерекше тәнтімін! – дедi комбинат 
директоры ауыл иесiнiң ежелгi iлтипатын бiзге де асып­төге 
бiлдiрiп. – Бiрақ ол кiсiмен әлгiнде жайланып отырып әңгiмелесе 
алмадым, кешкi кез 
десуге дейiн демалмақ екен. Сондықтан 
сiздерге ат басын бұрдым, аз­маз сұрақтарым бар едi...
– Сұраңыз.
– Кандидатымыздың ең басты шығармасы туралы айтып бер­
сеңiздер...
Алексей Григорьевичтiң қазақшылдығы, мәртебелi қонаққа 
шексiз ризалығы да әншейiн сөз болып шықты. Байқауымша, 
Ғабеңнiң көрнектi жазушы екендiгiнен өзге ештеңе сезбейдi, 
бiрде­бiр туындысын оқымаған. Бiздi сөзге тартып, кездесуге 
дейiн ол кiсi жайында мағлұмат алмақ. Сұрақтары да мектеп оқу­
шысының деңгейiндегi болмашы нәрселер. Қысқасы, өзi игер­
ген кеншi мамандығынан басқа ештеңе бiлмейтiн, жергiлiктi 
халықтың зиялы азаматтарына та 
науын шүйiрiп менсiнбей 
қарайтын дүмбiлез жан екенiн сездiк те, әңгiменiң төтесiн 
естiрттiк.
– Ең жөнi, қымбаттым, комбинатыңыздың кiтапханасынан 
қонағыңыздың «Оянған өлке» романының орысша басылымын 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
191
тауып алыңыз. Өзiңiзге қажет деректiң бәрiн де сол кiтаптың 
кiрiспесiнен табасыз, – дедiк сәл­пәл көз шырымын алуға ниет 
бiлдiрiп...
Кешкi сағат төрт шамасында комбинат жұмысшыларымен 
кездесу басталды. Одан соң кент өнерпаздарының ойын­сауығын 
қызықтадық. Ақырында комбинат еңбеккерлерiмен басқосу 
асханадағы кең дастарқанға ұласты. Пысық директор өз өнерiн 
осы жерде көрсеттi. Қонақтарға ниет бiлдiру үшiн орнынан 
тұрған Алексей Григорьевич бiрер мәрте тамағын кенеп алып, сөз 
нөпірiн ағытсын:
– Габике, сiздiң әрбiр шығармаңызды өз басым әрқашан 
да сүйсiне оқимын. Өйткенi оның бәрi шебер қолдан шыққан, 
мәңгi өлмес асылдар боп сомдалған! О, солардың кереметтiгi 
сондай – бiр­бiрiнен ерекшелігін, ұлылығын айырып алу бiз­
дей қарапайым оқырманға өте қиын. Сөйтсе де мен сiзге, қым­
батты мей ман, жұмыскер тегiме ұқсап, сөздiң турасын айтай­
ын: әрбiр үйдiң бүлдiршiн бала сының ең бiр сүйiктiсi, ерекше 
ақылдысы болатыны сияқты, сiздiң асыл қаламыңыздан туған 
туындыларыңыздың бәрiнен де өз басым «Оянған өлке» ро­
маныңызды керемет ұнатамын. Әсiресе анау Игилик деген бас 
қаhарманыңызды! Ой­ой, ол ендi ғажап сомдалған образ! Тұп­
тура ескi өмiрден қаз­қалпында көшiрiп алғандай келістіріп 
жазғансыз! Қандай iскер, қандай ақылды жан! Осы күнде туса 
мен оны ойланбай­ақ облыстық совнархозға бастық етіп қояр 
едiм, Габике. Тiптi болмағанда соның коммерция жөнiндегi ди­
ректоры етiп...
Үстел басында қатарлас отырған Жұмекең екеуiмiз бiр­бi­
рiмiзге қымсына қараймыз. Күлейiк десек, төрде отырған үлкен 
қонақ «Мына шіркін не дейдi?» деген кiсiше комбинат дирек­
торына қадала қарап, тым­тырыс отыр. Ал жергілікті шешен 
Игiлiктi адақтап болып, Байжанға ауысты. Бай жанды сипаттау­
дан соң «жауыз көпес» Ушаковқа. Оның жылмиған бет­аузынан 
түк қоймай жамандап шықты да, халықтар достығының Шило 
қарт тәрiздi өкiлдерiне. Қойшы, әлден уақытта бұл мәселенi де 
едәуiр жерге жеткiзiп, соншама сом кейiпкерлер тобын шебер 
қалаушы қонақтың денсаулығына ниет бiлдiрiп, сәл тоқтады.
Шұңғыл тарелкалар салдырлап, шанышқы, қасықтар әрлi­
берлi қозғалып, дастарқан үстi бiршама дабырға енiп, барша 
жұрт алдындағы асты апыл­ғұпыл қарбыта бастады. Алайда 

Медеу СӘРСЕКЕ
192
тәбетi ендi ашылған құрсаққа ауыл қондырып үлгермедiк, Алек­
сей Григорьевич тағы да орнынан тұрды.
– Габит Махмутович, «Оянған өлкеде» сiз сомдаған тамаша 
қаhармандар галерея 
сын мен бүгiн айтып тауыса алмаймын, 
сiрә, – деп төс қалтасынан тiлдей қағаз алды да, жұртқа бай­
қатпағансып қарап шықты. – Сөйтсе де анау Жұман деген со­
ғынды адам туралы бiрер сөз айтпай тұра алмаймын, өйтпесем 
маған бүгiн ас батпайды. Ондай ит мiнездi адамдар Қазақстан да­
ласында өте көп болған ғой. Солардың бәрi де өткен ғасырда өмiр 
сүрiп, бір тәуірі, бiржола құрыған. Сiз де соны өте жақсы түсiнiп, 
жұмандарды социализм заманына жеткiзбегенсiз, ана дүниеге 
тезбе­тез аттандырып салыпсыз. Оныңыз ендi ғажап, өте тамаша 
көрегендiк!..
– Ғажап, ғажап! – Мырс еткен қаламгер кенет әлденеге масат­
танғандай қол соқты. – Сiз, Алексей Григорьевич, Ақтау ком­
бинатында аса сирек кездесетiн тантал металын өндiру iсiн 
мең 
герiп қана қоймай, менiң шығармаларымды ғана зер 
ттеп 
жүргендей бiлгiрлiкпен сөйлеп тұрсыз. Жұмандар бiрақ, сiз 
айтқандай, бiздiң өмiрден бiржола құрыған жоқ. Жұмандардың 
қайсыбiрi, ойлаймын, шындап iздесеңiз, сiздiң осы Асубұлақтан 
да табылады. Бәлкiм, осы дастарқан басынан...
– Әлбетте, дұрыс айтасыз, Габике. Сараң адамдар қайда бол­
сын кездеседi. Бiрақ Жұмандарды бiз тап жауы ретiнде конфи­
скация кезiнде түбiрiмен құрттық емес пе?
Әйтсе де қонақтың мысқылы көкезу директорға жел сөзден 
тыйылып, алды­артын бағып сөйлеуге мәжбүр еттi. Бiрақ, амал 
қанша, бiржола тоқтата алмады. Бірнеше минуттан соң ол аузын 
сүртiп, орнынан қайта тұрды.
– Мынаны тоқтату керек қой, өзге жұрт та бiрдеме айтпай ма? 
– дедiм қасымда отырған қазақ жiгiтiне сыбырлап.
– О, бiздiң Алексей Григорьевичтi бүгiн тоқтата алмай­
сыз. Бұл сондай адуын кісі. – Басын шайқаған жасаң көршiм 
маған кекшие қарап, мысқылдай сөйледi. – Ал тайдың түпкiргi 
қуысына орныққан өндірісті, осындағы елу­алпыс инженер мен 
мың қаралы жұмыскердi талай жылдан берi билеп­төстеп келе 
жатқан мықты бұл! Көрерсiз, бiз ғана емес, сiздер үшiн де бүгiн 
ол бiр өзi сөйлейдi.
– Ойбай­ау, аупарткомның сомадай хатшысы қасында құздиып 
отыр ғой, ең болмағанда сол кiсi бұған қой демей ме?

ШЫҒАРМАЛАРЫ
193
– Демейдi, бұған да шүбә келтiрмеңiз. Мұны осылай был­
шылдатып қойып, ойындағы шаруасын iстетiп отырса – «Сен 
солайсың, көп сөйлейсің» деп несi бар хатшының?
Жұмекең екеумiз күнкiлдесiп отырып сөзшең директорды 
«қа зақ әдебиетiнiң бiлгiрi» атағанбыз. «Бiлгiрiмiз» қыза келе ай­
далаға лағып кеттi.
– Ой, сiз, қымбатты қонақ, анау бiр жындыкөс балақанды 
керемет қып жазғансыз. Аты кiм едi, қап, есiмнен тарс шығып 
кетiптi, – деп жәрдем күткендей ұмсынып, бiзге қарап едi, жуық 
маңда жауап ала алмасын сездi бiлем, төс қалтасындағы тiл дей 
қағазды суырып, бұл жолы ешкiмнен қымсынбай қарап алды. – 
Иә, иә, есiме түсiрдiм. Тилеуке болса керек. Ой, оның өзi қызық 
тұлға, төре орыстардың күймесiнiң iзiнен үнемi бiр сомдық теңге 
iздейдi. Құдды бiр көпес атаулы жолға ақша шашып жүргендей...
– Браво, браво! Менiң азды­көптi жазғаныма соншама тәнтi, 
сiздей бiлгiр оқырманды бұрын­соңды кездестiрген емеспiн! – 
Тағы да қолын соғып, шешенге жорта iлтипат бiлдiрген қаламгер 
ағамыз орнынан жайлап тұрып, сөзiн жалғады. – Өндiрiсшi 
жолдастар, маған бiлдiрген құрметтерiңiзге ризамын! Алайда 
әрбiр сый­құрметтiң тоқталар шегi болуға тиiс. Сiздердi ертеңгi 
жұмыс, бiздi де кез десулер күтулi дегендей... Сондықтан бүгiнгi 
сұхбатымызды осымен доғарып, ал дарыңыздағы iшiмдiктi сiз­
дердiң денсаулықтарыңыз үшiн, еңбекте бұдан былай да табысты 
бола берулерiңiз үшiн алайық!
Қаламгер соны айтып үстелден жылжып шыға бергенде, қа­
пыда қалған директор:
– Пәлi, бұларыңыз не, бiздiң адамдар әлi ниет бiлдiрген жоқ. 
Мен де... – деп наразылық бiлдiрiп едi, Ғабең қайырылмады.
Дастарқан басындағы көпшiлiк орындарынан жапа­тармағай 
тұрды. Далаға шыққан соң Ғабит ағай маған қарап:
– Медеуо
*
, мына пақырды бiз қонатын жерге ендi жолатпағын. 
Ал кiргiздiң бар ғой, таңға дейiн шығара алмайсың, – дедi.
Маған қиыны осы болды. «Апыр­ай, қонақ үйдiң қожасы – 
менмiн» деп қырсығар болса – бұл шiркiнге қандай дәлел айтам, 

Өзімен жақын­жуық араласқан кісінің бәріне Ғабең даралап ат қойып алатын­
ды: менің есімімді осы сапарда­ақ Алматының төріндегі Медеу шатқалындағы мұз 
айдынының атымен Медеуо дейтін болды. Сірә, шатқалдың бұрмаланған есімін әжуа 
еткен болар. Нақты себебін білмеймін, өзінен де сұраған емеспін...
13­247

Медеу СӘРСЕКЕ
194
нендей амал қолданамын?..» деп қынжылған басым, әдебиетшi 
ағаларымды ұзатып жiберiп, асхана 
дан едәуiр кiдiрiңкiреп 
шыққан директорды есік алдында тосып алдым. Алексей Гри­
горьевич жалғыз емес, қасында екi­үш көмекшiсi бар, олардың 
қолында – ас пен iшiмдiкке сықалған түрлi буыншақтар.
Жатын орнымыздың алдына келгенде мен тура сөзге көштiм.
– Алексей Григорьевич, жатын орынға кiруге рұқсат жоқ, 
Ғабит Махмұтұлы дема лады, бiзге де мезгiлiнде ұйықтау керек...
– Жо­жоқ, бiз бес­ақ минутке кiреміз. Қолтаңба алып, қайта 
шығамыз.
– Ол шаруаны ертеңге қалдырыңыз, тұп­тура таңғы шайдың 
үстiнде аласыз.
– Жоқ, онда асығыс болады.
Қасындағы кісілер менi құптап, директорды үгiттей бастап 
едi.
– Әй, сендер, тиыш тұрыңдар! Маған ақыл айтуға сендерге әлi 
ерте! – деп жекiп тастады комбинат директоры. – Ал менiң ол 
кiсiге айтар ықылас сөзiм бiткен жоқ...
– Олай десеңiз, Алексей Григорьевич, бес минут тоса тұрыңыз, 
мiнезi қытымырлау ақсақал ғой, мен ол кiсiден рұқсат сұрап 
шығайын, – дедім мейманхананың сыртқы есiгiнiң алдында 
көлденең кес­кестеп тұрып.
Бұл ақылға қырсық директор оңай малданды. Үстiңгі қабатқа 
көтерiлiп, бес­алты минут дәлізде селтиiп тұрдым да, қайта 
шығып:
– Ғапу етiңiздер, ол кiсi жатып та қалыпты. Қатты шаршадым 
дейдi. Ал ертеңге, рақым етiңiздер, қолтаңба беретін болды... – 
дедiм.
– Ау, мынаны қайтемiз? – Шарасыздығына мойыған комби­
нат директоры алақанын жайып, серiктерiнiң қолындағы қол­
дорбаларды нұсқады.
– Ауырлап тұрсаңыздар, амал не, ас iшетiн бөлмеге қалдырып 
кетiңiздер, таңертең­ақ бiр жайлы етемiз.
Ақыры солай iстедi. Комбинат адамдарын аулаға шығарып са­
лып, сыртқы есiктi iштен жауып, төменгi қабаттағы шамдарды 
сөндiрiп, Ғабит ағай оңаша жайғасқан үлкен бөлмеге келсем – 
қаламгердiң қолында етектей газет, үстел басында қаздиып отыр. 
– Құтылдың ба?
– Әрең дегенде.

ШЫҒАРМАЛАРЫ
195
– Оның енді жөн болды. Ал... не iстеймiз?
– Шай қояйын.
– Бұл үшiн әзiрлiк керек қой, оның бәрiн түн iшiнде қайдан 
табасың? – Байқауымша, ұйқыға бас қоюға құлқы жоқ, күндiз 
едәуiр ұйықтаған. Әлi де бiраз отырып, әңгiме шертуге кетәрi 
емес. – Сүтi табылса кәдуiлгi қазақы шайға қарсылығым жоқ...
– Әзiрлiктiң бiразы өзiмiзде бар, – деп Семейден ала шыққан 
ауқатымды үстелге қойдым да, кемшiнiн төменгi қабатқа түсiп, 
комбинат жiгiттерi тоңазытқышқа қойып кеткен мол тағамның 
түр­түрiмен толықтырдым. Обалы не, сүтi де, шайы да, оған 
қосымша дәмді тағамдар түгел екен..
– Жұмекеңдi шақырсам қайтедi?
– Шақырғаның жөн болар.
– Хатшымыз нәумез қалады ғой. Ол кiсi де осында.
– Хатшылар ашқұрсақ жата қоймас, – дедi Ғабең мырс етiп. –
Өзi iздеп келмесе қозғама. Ал Жұмағалиды жатып қалса да 
келтiр!
Өзiмiз иеленген бөлмеге барсам – Жұмекең төсегiне киiм шең 
қисайыпты. Қа лайша тып­тыныш ұйықтап қаламыз деген кiсi­
ше есiкке қарағыштап, шақыру күткендей елегiзiп жатыр екен...
Электр самауыр ызыңдай бастағанда қыпша бел рюмкелерге 
коньяк құйып:
– Аға, ұшы­қиырсыз көп жиыннан да, жөн­жосықсыз сөзден 
де шаршаған бо ларсыз. Мынаны ештеңе айтпай­ақ ауыз тисек 
қайтедi? – дедiм.
– Оның рас. Бұл шiркiндер өндiрiстi де жосыған сөзбен 
басқара ма? Нақтылы өнiм берiп отырған кәсiпорын мұншама 
көл­көсiр һәм керексіз сөздi қалай көтередi? Таңмын, миым 
жетпейдi... – Коньякты қолына алған Ғабең шым­шымдап бас­
тап, ақырында шешiле сөйледi. – Өмiр шынында да өзгерді, 
бұрын бұлай емес­тi. Осынау аткөпiр сөзi құрғыр Хрущевтен 
басталды да, дүниенi бiр кезде қаптамақ топан су құсап, бүкiл 
қарекет­тiршiлiгiмiзге жаппай енiп алды: қаптаған өтiрiк, 
жалған мәлiмет, кiшi бастық үлкен әкiмнiң бетiне қарап оты­
рып, бетi бүлк етпестен жағымпаздық жасайды және болмаған 
iстi болғандай етiп сөйлейдi; ең қиыны, соған қой дейтiн қожа, 
әй дейтiн әже жоқ. Айталық, анау ұзынтұра хатшы бөспе ди­
ректорды неге тоқтатпайды? Тым құрығанда «Әй, пәленше, 

Медеу СӘРСЕКЕ
196
дастарқан басында сенен де басқа кiсi бар, қойсаңшы!» десе – бе­
дел, мәнсабына оның нұқсан келе ме?
– Ол кiсiнiң үндемеуiнде мән бар, Ғабе, – дедi Жұмекең қын­
жыла сөйлеп. – Өз ба сым Орекеңдi кiнәлай алмаймын. Өйткенi 
мұндай кiрiптарлық – осы облыста атқа мiнiп жүрген барша 
қазақ азаматтарының басындағы ахуал. Бұлар өзi бүкiл облыс­
та төрт­ақ қазақ, аудандық бiрiншi хатшылар. Әлгiнiң тежеусiз 
бөспелiгi тегiн дейсiз бе, сiрә, облыстағы орыс басшылар 
мен 
әмпей дос. Әмбе бұл – сирек кездесетiн және өте қымбат өнiм 
шығаратын озат кәсiпорын, яки директордың қолы ұзын адам, 
сірә, ауданның кем­кетiк шаруасына қарайласып тұрады. Сонсоң 
Оралдың несi бар, сөйлегiсi келiп, тiлi қышып тұрған әйдiк 
бөспеге қой дегісі жоқ...
– Мұның аты – ымырашылдық. Естiп отырып – үндемеймiз, 
көзiмiзге түртiп тұрса да – көрмеймiз, сонсоң да бұлар тас тө­
бемізге шығып алған, – деп мен де сөз қостым. – Әрине, бұл 
iндеттiң басты себебi – осы облыстағы бiздiң халықтың ара­
салмағында, төрт адамның бiреуi ғана қазақ. Ал Өскемен мен 
Лениногордағы жағдайымыз мұнан да сорақы. Лениногордағы 
қазақтың арасалмағы – бес­ақ пайыз, Өскеменде – он екі... 
Атқа мiнген азын­аулақ қазақ жiгiттерi сонсоң қайтпек, ман­
сап үлестен бiржола құралақан қалмас үшiн бұғынып отырып, 
қасақана жағымпаздық жасап, тiршiлiк етедi. Ақылы жеткендері 
осылайша амалдап күн көреді, аға.
Ғабең басын шайқады. Қолындағы коньякты орталап iшiп, 
рюмкені өзінен әрірек ысырды.
– Мұның аяғы, тегiнде, жақсылыққа жеткiзбейдi, – дедi ты­
жырынып. – Сөйтіп жүріп ұлттық қасиетiмiзден айырыламыз. 
Ал өйткен бейшара тiрлiктiң керегi қанша?! Құрғақ сөздi де 
көбейтіп, жиын сайын мiнберден ерсiлi­қарсылы жосуға әбден 
дағдыланып алдық. Өтiрiк мәлiмет барлық саланы жайлады. 
Өмiрдi көпе­көрінеу бояп, жөн­жосықсыз әсiрелеп көрсету әде­
биетте басталып едi, сол дерт қазiрде бүкiл қауымды жайлады. 
Ал осыны үкiмет басында отырған үлкен басшыларға алда­жал­
да құлаққағыс етсең – пәлеге қаласың, қарадан қарап жүрiп 
пиғылы теріс кiсiге айналасың, ақыр аяғында өзің ақымақ бо­
лып шығасың. Сонсоң да әлгiндегi алексейлерің мен оралбайлар 
егiндiкті жайлаған арам шөптей қаулап, өмiрiмiздi уландырып 
барады...

ШЫҒАРМАЛАРЫ
197
Өзiмiздi қоршаған қауым жайындағы ашық сұхбатымыз 
бiрте­бiрте әдебиет әуенiне ауысып, оның соңы қапылыста мерт 
болған саңлақ жазушыларымыз ту 
ралы естелiкке жалғасты. 
Ғабит ағаның олар жайында айтары – ұшы­қиырсыз мол әңгiме. 
Әсiресе Биағаң (Бейiмбет Майлин), Iлияс, Мағжан, Сәкен тура­
лы. Соларды тыңдауға аса ықыласты серiктер кезiккенiне тәнтi 
болды ма, әлде сол бiр – өзi үшiн тым құсалы жайттарды өзiнен 
қилы жас кiшi әдебиетшi iнiлерiне естiртiп, шер тарқатуды қажет 
деп бiлдi ме, кiм бiлсiн, қалайда сол түнi аға қаламгер бiзге отыз 
жетiншi жылдың сергелдеңi жайында бiрталай сыр шерткен­дi.
Сөйтiп отырып таңғы төрт болғанын бiлмей қалыппыз.
– Жарар, – дедi Ғабит аға бір мезетте. – Екi­үш сағат көз шы­
рымын алайық...
* * *
 
 Содан кейiн де мен Ғабит ағаймен екi­үш мәрте сапарда бол­
дым. Солардың бәрiнде де бiр байқағаным – ол кiсi ешбiр жи­
ында, иә дастарқан басындағы оты рыстарда өзiн үлкен санап, 
қасына ерген атқосшы серiктерiне кiшiсiң деп үстемдiк жаса­
майтын 
дығы. Кiмдi болсын тең ұстап, құрметпен қараушы 
едi. «Әй, пәленше, әнебiр за тымды алып бершi!» немесе «Сен 
қоя тұр, мен айтайын» деген сықылды дөрекі жекумен өзiңнiң 
кiшi екендiгiндi еске салатын ерсі мiнезге баспай, мейілiнше 
сыпайылық аңғартушы еді. Тiптi мейманхананың жамбасақысы 
да, иә мейрамхананың ас қайтарымын да кезек төлеп, бұған 
қарсылық бiлдiрсең: «Сенiң қаламақың менiкiнен көп емес 
қой...» – де гендей ескерту естiртетiн­дi.
Жасырып керегi не, өз басым нақ осындай сапарларда Ал­
матыдан, иә Мәскеуден келген кейбiр әдебиетшiлердiң көкiрек 
керiп: «Сен, шырақ, тиыш отыр...» болмаса: «Мен сөйлегенде 
өзгелерiң ауыз жабыңдар!» – деп жекiргенiн немесе: «Кеме кел­
генде қайық судан шығады» деген мәтелдi бiлесiң бе?» – десiп, 
жорта күлiп, қасақана төмендеткен ерсiлiгiн де естумен есей­
ген жанмын. Ал солардың қайсының болсын әдебиеттегi атақ­
абыройы Ғабеңнiң қасына қоңсы қона алмайтын қарабайыр 
қаламгерлер.
Ғабит ағайдың тәлiмi, үлгiсi бұлардың бәрiнен де жоғары, 
әмбе ерекше ұлағатты болатын. Сiрә, бұл да оның ұлы тұлғасынан 
туған асыл өнеге шығар­ау...

Медеу СӘРСЕКЕ
198
 * * *
Екi­үш тәулiктен соң Өскеменге қайтып оралдық. Iңiрде кел­
гемiз, ванна қабылдаған соң­ақ жатып қалып едiк, ертеңiнде 
ұйқымыз қанып, ерекше сергек тұрдық. Ертеңгiлiк шайдан соң 
не iстерiмiздi бiлмей зерiге бастадық. Қала әкiмдерiнiң бiзбен ша­
руасы болған жоқ. Жұмекең газеттегi мiндетiнен босай қоймады. 
Алматыға ұшатын рейс кешке таман...
– Машина тапсаң қаланы аралайық, Медеуо,– дедi Ғабең, сiрә, 
қарекетсiз бос отыру дан жалыққан тәрiздi.
Облаткомның сол кездегi жауапты хатшысы Зарықбай Ыбра­
ев деген қағілез қы лықты, көп­көрiм ақындығы бар, жаратылы­
сы жомарт жiгiт едi. Бейдауа дерттiң кеселi нен ерте рек қайтыс 
болып кеттi. Зарықбай марқұмға телефон шалдым да, дереу ма­
шина алдырдым.
Өскеменнiң көрiк­келбетi, тегінде, жөнең қала. Сол кезде 
тiптi қораш едi. Соғыс уақытында көшiп келген өндiрiстер есе­
бiнен қауырт өскен шаhар Ертiстiң тараң аңғарына қысылып­
қымтырылып, оның да зеңгiр таулар қаумалаған оң қабағына 
қолайсыз орна 
ласқан. Қаптаған өндiрiс ғимараттары, қайда 
қарасаң да қолдан оралған ұзын сигардай қарақошқыл түтiн 
бұрқыратып жатқан зауыт мұржалары, әмбе соларға үш­төрт жүз 
қаралы жылу орталықтары аспанға ататын қою түтінді қосыңыз. 
Қалайда қала дала жағы нан келгенде көк мұнарға оранып, iшiне 
енгенде де танауыңды түтiн иісі жыбырлатып, тынысыңды та­
рылтып тұрады.
Ғабеңдi мен әуелi Аблакеткадағы (қазақтың «Абылай кеттi» 
деген сөзiнен өрбiген) Өскемен ГЭС­iне апарып, бетi бұжырла­
нып мұз торлаған тоспадағы су айдынын көрсеттiм. Одан соң 
қаланы қақ жарып өтiп, Үлкен Нарынға шығатын тас жол 
бойын дағы ти тан­магний комбинаты орналасқан кең аңғарды, 
«Шығыс шеңбері» атанған тау жо лын қуалап барып, Алтайдың 
ну жынысты небiр шұрайлы беткейiн аралаттым Сiрә, тұнған 
табиғат суретiнен көңiлдендi бiлем, қайтарда қаламгер тәуiр бiр 
дүкенге соғуға ниет бiлдiрдi.
Металлургтер қалашығындағы ең iлкi деген әмбебап орта­
лыққа келiп, оның iшiн бiрқыдыру аралап едiк, сiрә, үйiндегi 
жас қосағы Раяға сыйлық iздедi­ау деймiн, қо лайлы ештеңе тап­
пады. Дүкеннен бос шыққанына қапаланғанын сезiп:

ШЫҒАРМАЛАРЫ
199
– Тағы бiр дүкенге соғайық, – дедiм қайткен күнде көңiлiн 
сергітуді ойлап.
– Баста.
Келесi тоқтаған жерiмiз – Өскеменнiң елеусiздеу түкпiр бұ­
рышы, трамвай ғана бара тын шетiндегi аңшылар дүкенi едi. 
Оның сөресiндегi бұйымдарды Ғабең асықпай көрдi. О күнде 
мылтықтар сөреде жыпырлап тұратын, аңшылық кiтапшаңды 
көрсетсең болды. Қа ламгер оларға көз салған жоқ, бiрақ аң­
шылардың керек­жарағы орналасқан сөренi бiрта лай ақтарды. 
Алайда ештеңе алмады. Мен де бұл мезетте қарап тұрғам жоқ­
ты, сатушы жiгiтке көз қысып үлгергемін. Онымды қағілез сату­
шы тез ұқты да, кiсi аяғы сиреген сәтте менiң алдыма елеусiздеу 
бiр бума тастады. Ашып қарасам – сабы мөлдiр плекси глаздан 
құйылған, екi жағына ирелеңдеген жылан бейнесi салынған, 
жүзi лыпылдаған ұстарадай өткiр, сүйегi де шертiп қалсаң – ән 
салып тұрған шарболаттың нақ өзi, тұрқы қарыстай ұзын кездiк. 
Зауыт өнімі емес, қолдан соғылған.
Ғабит ағай оны бiрден ұнатты.
– Хорош, хорош товар! – деп қолынан тастамай, сатушы ұсын­
ған газеттi әрлi­берлi тiлiп, кездiктiң ұстарадай өткiрлiгiне көзiн 
жеткiздi де, қалтасынан әмиянын шығарды.
– Тағы не тiлейсiз?
– Мынаның қадiрiн жасытпас үшiн басқаны көруді қоялық, – 
дедi қаламгер жы миып. – Ал бағасын сұра...
– Төлеп қойдым, осы сапарыңызға менен ескерткiш болсын!
Мейманханаға қайтып келсек – қонақжай Зарықбайдың кө­
мекшiлерi люкс бөлменi ашқызып, дастарқан жайып жүр екен.
– Сенiң аңшылығың бар екен ғой, бұрын неге айтпаған сың? – дедi 
Ғабит ағай қонақ үйге келген соң кездiктi қолына қайта алып. –
Оның жөн, бiрыңғай жазумен са рылып отыра берсең – сөздiң қа ­
дiрiн жоғалтасың, кейде осындай ермектер жасау ке рек. Мен бi­
летiн үлкендердiң хас аңшысы – Жақаң марқұм едi, Мiржақып 
Дулатовты айтамын. Сенiң қатарыңды аса бiлмеймiн, әлей аң­
шымыз деп бөсушілер аз емес...
Ғұлама кiсiлердiң де балалыққа тән оғаш қылықтары бола­
ды. Кейiннен бiлдiм: Ғабит ағай таяқ, бәкi тәрiздi қолдан жасал­
ған заттарға құмар екен, бiрақ солардан тым тез айнитын; ұнат­
қан бұйымын бiрер жыл жұмыс бөлмесiнде ұстайтын едi де, 
көңiлi одан суыған күнi әлдекiмге сыйлай салатын­ды. Мысалы, 

Медеу СӘРСЕКЕ
200
бiр жолы Париж ден әкелген, сыртында Моно Лизаның («Джо­
конда») жымиған портретi бар әдемi ойын картасын «Медеу 
iнiме, 12 май, 1975» деп жазды да, қолын қойып, маған ұсынды. 
Нақ сол күнi қа ламгердi риза еткендей қызметiм болған жоқ­ты. 
Сiрә, тар тпасын ұсақ­түйектен та зартқысы келiп отырған кезiне 
дөп келсем керек. Ал өзiм Өскеменде сыйлаған алмас жүздi әдемi 
кездiк те ол кiсiнiң үйiндегi жазу үстелінде бiраз жыл жатты да, 
соңынан көрiнбей кеттi. Қолды болғаны сөзсiз.
Сол күнi кiшi бесiнде қаламгердi Өскеменнiң бiрталай жа­
уапты қызметкер, үлкен азаматтары жиналып, Алматыға аттан­
дырып салды. Ғабең риза сезiммен көңiлдi аттанған сияқты едi, 
онымның жаңсақ байлам екенiн кейiннен бiлдiм.
* * *
 Арада төрт жыл өткен соң Шығыс Қазақстан облысының 
еңбекшiлерi Ғабит Махмұтұлын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң 
депутаттығына екiншi мәрте кандидат етiп, тек бұл жолы Шемо­
найха сайлау аймағынан ұсынды. Бұл жолғы кездесуге қаламгер 
Се мейден аттанды. Өйткенi нақ сол қарсаңда Абайдың туғанына 
125 жыл толған тойына қа тысу үшiн (ал бұл той бір жылға 
кешігіп, 1971 жылы тойланған­ды) Ғабең Семейге кел 
ген­дi. 
Қасында Алматыдан сайлап шыққан ақын­жазушы серiктерi – 
Ғафу Қайырбеков, Мұхаметқали Хасенов, Асқар Сүлейменов 
бар едi (Бұл сапарына мені ерітпеді, сірә, той әзірлігінің алуан 
тауқыметін ойлаған болса керек. Сол себептi оның қаншалықты 
қызықты, мәндi болғанын бiлмеймiн. Менiң анық бiлетiнiм – 
келесi сайлауда, бұл 1975 жылдың жазы, Ғабит Махмұтұлы 
үкiмет басшыларына барып, бұдан былай Шығыс Қазақстаннан 
депу тат болғысы келмейтiнiн ескерткен).
Оның себебiн ежiктеп сұрағанымда жазушының өзі:
– Екi мәрте сайлағанда да сол елге септiгiм тигендей мардым­
ды iс тындыра алмадым. Өздерi де, сiрә, қолымнан келерлiк 
мәндi тапсырма жүктей алмады­ау деймiн. Ал онда өткен кез­
десулер мен есеп беру сапарлары тек қана ас iшiп, аяқ босатуға 
сайды. Сөзiңдi ұйып тыңдау, иә өздерi бiр келелi ой айтуды бұл 
жақ ұмытқан тәрiздi. Қысқасы, шынайы сүйсiнер оқушым жоқ 
өңiрге барғым келмедi, ешқайда ұсынбай қойса да бас тартқанды 
құп көрдiм, – деген­дi қынжыла сөйлеп. – Бiздiң елдегi сайлау 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
201
атаулының бәрi де күн iлгерi дайындалған спектакль, Шығыс 
Қазақстаннан мен соның ең нашар дайындалған қарадүрсін но­
байын ғана сезiндiм. Сонсоң сайлаушыларды да, өзiмдi де текке 
малдандырмай, үйде отырғанды қаладым...
Ойлаймын, өмiр бақи шығармаларына арқау еткен – жерiн, 
табиғатын, мiнез құбылы сын жақсы бiлетiн Арқа елiнiң бiрiне, 
әлде бiздiң ұлт iргесiн бұзбай, жиын отырған түстiк облыстар­
дан Жоғарғы Кеңеске сайланып, депутаттық парызын құштар 
көңiлмен белсене ақтауды қалаған тәрiздi.
 1980 жылдың ақпаны

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал