Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.19 Kb.

бет11/19
Дата08.01.2017
өлшемі7.19 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
* * *
Жоғарыда біз мәні мен мазмұнына қарай мерзімді баспасөз 
жарияланымдарынан таңдап та, талғап та келтірген үзінділер 
арқылы ағайынды Қадылбековтердің, әсіресе Рузима Мерға­
лиқызының жанкешті еңбегімен, қозғауымен, ой салуымен 
ағайындылар есімін ел тарихына қайтару үшін атқарған игі жұ­
мыстарын көрсеттік. Зер сала қарасаңыз, бұл іске көптеген адам­
дар, орыс, корей, қазақ қауымының өкілдері, әсіресе қаламгер лер 
белсене атсалысқан. Яғни, әділдік жолындағы күресінде әулет 
ізбасары көптеген тілектестер тапқан. Бұл да, анығын айтқанда, 
қазіргі қауымның бойын жайлаған бойкүйез ұйқыдан оянып, 
өткен тарихын, соны түзеуші тұлғаларды іздеп, екшеп, алдағы 
рухани тірлігіне ізгі ой, сара жол саларлық игі мұрат ұстағанын 
паш етеді. Тәубе дейміз! Осы эссені айғақтармен айшықтауға 
біз сол азаматтардың әр жылдары жария еткен үлкенді­кішілі 
еңбектерін, естеліктерін, түрліше деректерін әжетімізге жарат­
тық. Даралап айтқанда, олар – Ж. Сәбитова, Ж. Ашуев, М. Ілес,
Т. Ақшолақов, З. Ақышев, М. Төлепберген, Д. Примак, К. Ким, 
Б. Дүйсебаев, А. Жетпісбаев, Қ.И. Сәтбаев атындағы ГҒИ 
ғалым­геологтары Н. Нұралин, В. Ли және басқалар. Осы 
тізімге Р.М. Қадылбекова­Байжуминаның сұрау салған соңғы 
жылдардағы хаттарына мән бере қарап, нақтылы жауап берген 
партиялық, мемлекеттік ұжымдардың, ҚР прокуратурасы мен 
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР Жоғары сотының ресми 
өкілдерін қосамыз.

ШЫҒАРМАЛАРЫ
155
Қысқасы, ұзақ та ауыр ізденіс соңында ағайынды Нұрғали 
мен Мерғали Қадылбековтердің қоғам үшін атқарған, республи­
ка іргесін бекемдеу жолындағы ұлан­ғайыр еңбектері, толық бол­
маса да негізгілері мәлім болып, кешегі сұрқия уақытта жолды 
болған қиянаттың бетпердесі ашылды дейміз.
XIII
 Мұрагерлік құқығын заңды еткен соң­ақ Рузима Мерғали­
қызы әкесінің геологиялық ізденісте қолы жеткен айшықты 
табыстарын ел тарихына қайтаруға құлшына кіріскен. Соның 
бірі, сірә, аса мәндісі – Қазақ КСР ҒА­ның вице­президенті, 
Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының 
директоры, академик А.А. Абдулиннің Қазақстан КП Орталық 
Комитетіне, екінші данасы әкесінің еңбегін жоқтаушы Р. Қа­
дылбековаға 1990 жылғы 8 маусымда жолдаған 724­санды рес­
ми хаты (көлемі 7 парақ жауаптың түйінді тұстарын ғана аудар­
ғанымызды ескертеміз).
«...Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институ тының (ГҒИ) 
жетекші ғалымдары, геология­минералогия ғы лымдарының докторлары 
В.Г. Ли мен Н.Н. Нұралин қол қойған ресми тұжырымдаманың кіріспесінде 
Мерғали Қадылбековтің кім екенін анықтау үшін әрі Мерғалымсай, Текелі 
кендерін бағамдаудағы барлаушылық еңбегін саралау мақсатымен респуб­
ликадағы геологиялық қызметтердің мұрағат қоймаларын мұқият сүзді. 
Алайда солардың бірде­бірінен марқұм геологтың есімін де, еңбектерін де 
кезіктірмеген, тіпті өзі «жаздым, таяуда баспадан шығады» деген «Минера­
логия және геология» кітабын таба алмады. Сол себепті екі зерттеуші ғалым: 
«Инженер М. Қадылбековтің қызметі, ізденісі жазылған геологиялық есеп­
тер мен құжаттар өзімен бірге тәркіленіп, ауыр қылмыспен сотталғаннан 
кейін жойылған тәрізді...» – деген пікір айтады.
Сонымен бірге олар: «Геологтың «Социалистік Қазақстан» газетінде 
1935­1936 жылдары жарық көрген 6 мақаласының ксерокөшірмелерімен 
танысудан соң дарынды геолог респуб ликадағы геологиялық қызметтің 
қалыптасуына тынымсыз ізде 
нісімен едәуір еңбек сіңірген... – деген 
түсіндірмеден соң ғы 
лым докторлары Шымкент қорғасын зауытының 
шикізатқа ділгер жағдайын ескертіп, Қадылбеков мақаларында атап көр­
сеткендей, қорғасын өнімін жылына 60 мыңның орнына 140 мың тоннаға 
жеткізу үшін жанталаса іздеу жүргізенін нақты мысалдармен баян дай­

Медеу СӘРСЕКЕ
156
ды. – Сол үшін де ол Қаратау қойнауынан (Ащысай, Мерғалымсай, Қарасай, 
Хантағы, Байжансай), Іле бойынан (Қастек, Қаскелең, Ұзынсу), Жоңғар 
Алатауынан Текелі кендерін зерттеген экспедицияны ұйымдастырғанын, 
кейбіріне өзінің жетекші болғанын біз геологиялық есептерден емес, өзі 
жазған газет мақалаларынан білдік...» – дейді.
Сарапшы ғалымдар өз тұжырымдарына айғақ ретінде: «Текелі 
қыртысын бұрғылауды 1935 жылы бастадық. Ең алғашқы ұңғыма алдын 
ала болжанған кен қабатын кезіктірді. Сол ұңғыма кен таралған қабаттың 
қуаты мен көлемі біз ойлағаннан әлдеқайда тереңде екенін көрсетті. 1936 
жылы Текеліні зерттеуге шындап шұғылдандық. Құрылыс басталды, 
келесі жылы рудниктің өзін салуға кірісеміз», – деген газеттегі сөзін дара­
лап көрсетіп: «Мұндай фактілерді ойдан шығару, иә ойжотамен долбарлау 
мүмкін емес. Мұндай бекем түйінді өз ісіне бекем мамандар ғана жазатыны 
әлмисақтан мәлім...» – деген де салиқалы ой түйеді.
Өз тұжырымдарын нақтылап бекемдеуден соң қос ғалым Р. Қадылбекова­
Байжуминаның әкем тұңғыш ашқан деген кен орындары туралы ойларын 
талдауға кіріседі.
1. Қаратау, Іле бойындағы және Жоңғар Алатауындағы қорғасын мен 
мырыш белгілері байқалған көптеген кен орындары М. Қадылбековке дейін 
де белгілі болатын. Бірақ түпкілікті зерттелмеген еді. Геолог Қадылбеков 
осы кендерге кәсіби барлау ұйымдастырған. Солардың кейбірін, нақты 
айтқанда, Мырғалымсай мен Текелі кен орындары туралы геологтың өзі 
де «Қорғасын» мақаласында «Казполиметалл» экспедициясы (басқарушы 
өзім) 1933 ж. Қастек, Шынасылсай, 1934 ж. Ұзынсу, 1935 ж. Қаскелең мен 
Текелі кен орындарын түбегейлі зерттеп, өндірістік қорын анықтағанын, 
1936 ж. үкіметтен 3 млн. сом қаржы алып, Орталық Қазақстандағы бұрыннан 
мәлім 8 кен орындарын шұқшия қарауға жұмсайтын жоба жасағанын сөз 
етеді. Осыдан­ақ М. Қадылбековтың қарауында сол жылдарда Оңтүстік 
Қазақстан ғана емес, республиканың ең үмітті аудандарындағы қорғасын 
мен мырышы бар кен орындары болғанын аңғарамыз. Ол жетекшілік ет­
кен кең көлемді ізденіс көлемін біз Оразалы Жандосовпен бірігіп жазған, 
«Еліміздің байлығын зерттей береміз» деп атаған мақаласынан да байқадық. 
Демек, Р. Қадылбекова Орталық Комитетке жолдаған арызында көтерген 
мәселе, яғни «Мерғалымсай және Текелі кен орындарын тұңғыш ашушы 
М. Қадылбеков дегені» жоғарыда аталған айғақтармен толық бекиді, тек 
соны геологиялық құжаттар арқылы әлі де зерттеп, дәлелдеу қажет...
2. М. Қадылбековтің ғылыми­зерттеушілік бағыттағы, тіпті біреумен 
бірігіп жазған еңбектерін геологиялық басылымдардан кездестіре алмадық. 
Сондай­ақ, оның жаздым, орысшадан аудардым деген «Минералогия және 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
157
геология» кітабын да біз таба алмадық. Алайда М. Қадылбековтің геология 
мен металлогения ілімін терең білетіндігін, полиметалл кендері ғана емес, 
жер қойнындағы пайдалы қазбалар жайында да мағлұматы молдығын, 
сондай­ақ пайымдау қабілетінің күштілігін «Пайдалы қазбаларды зерттеу» 
деп атаған, баспасөзде жарияланған мақаласын оқығанда айқын аңғардық. 
Осы мақаласында ол өзіне мәлім барлау деректерін келтіре отырып, 
таңғаларлық ғылыми болжам жасайды: Оңтүстік Қазақстандағы қорғасын­
мырыш металдары шоғырланған кендердің ортақ белгілерін атап көрсетіп
алдағы уақытта сондай мүдделі орындарды осы өңірден іздеуге, зертте­
уге ұтымды пікір айтады. Сол ойын білгір геолог одан әрі дамыта түсіп, 
Оңтүстік Қазақстан аймағынан мыс, темір, марганец, никель, платина, ал­
тын кендерін, тіпті мұнай көздерін іздеуге және соларды қандай белгілері 
бойынша қарауға да пайдалы ақыл­кеңестер ұсынады.
«Техникалық әдебиеттерді қазақ тіліне аудару туралы» деген мақа­
ласында М. Қадылбеков тағы да өз қатарынан ондаған жылдар алға 
шыққан соны ойлар білдіреді. Бұл істі жүйелі түрде жүргізіп, кәсіби биік 
деңгейге көтеру үшін ол техника лық терминдер сөздігін жасауды ұсынған. 
Ең ғажабы, Мерғали білімпаз сөздік түзгенде «шахта», «шурф», «забой», 
«скважина» сияқты ескі ұғымдарды және орыс тіліне шетелдік техникалық 
әдебиеттерден енген кірме сөздерді жаппай қазақшалаудың қажетсіздігін, 
я ки тіл шұбарлаумен шұғылданбай, кен барлау мен қазу жұмыстарында 
істейтін қазақ жұмысшылары ауызекі тілде қолданатын халықтық атаулар­
ды, мысалы, жезқазғандық кеншілер «шахты стволын» – «шахты оқпаны», 
«бұрғылау станогын» – «бұрғылау қондырғысы» деп атайтынын үлгіге 
ұсынып, ұтымды ой айтады. Сөйте тұра ол «Геологиялық ғылыми термин­
дер – «антиклиналь», «синклиналь», «метаморфизм» сияқты қыртыс атау­
ларына қазақша балама іздеп, бас қатырудың қажеті қанша?» деген де 
таңғаларлық түйін жасаған. Бұл мақаладан да біз ғылыми ілімді меңгеруге 
шақырған, ұлттық ойлау санамыздың кеңістігін жоғарыға көтеруді арман 
еткен, қазақ жастарын техникалық мамандықты игеруге қызықтырған, 
өз ұлтын жан­тәнімен сүйген, ой­өрісі биік азаматтың тұлғасын танимыз. 
Бұл мәселені ол мезгіл қырқыншы жылдарға ауған аумалы­төкпелі ауыр 
кезеңде көтеріп отыр, сол ойымен­ақ Мерғали Қадылбековтің пікірі бүгінгі 
уақыттағы, яки қазақ тілі мемлекеттік қарым­қатынас құралы ретінде 
танылған айтулы 90­жылдармен үндесіп жатқанын мойындау қажет!..
3. Түйіп айтқанда, Мәскеудің тау­кен институтының гео логиялық бар­
лау факультетін 30­жылдарда бітіріп, қазақ халқының техникалық жоғары 
білім алған жастарының ал дыңғы легінде инженер­геолог атанған Мерғали 
Қадылбеков туған даласының жер асты байлығын халық шаруашылығына 

Медеу СӘРСЕКЕ
158
тезірек жарату үшін тоғыз жылдан астам уақыт кен іздеумен тынымсыз 
шұғылданып, осы жолда Қаратау бөктері, Іле бойы мен Жоңғар Алатауы­
нан көптеген кен көздерін түбегейлі зерттеуімен Оңтүстік Қазақстанда түсті 
металлургия алыбы – Шымкент қорғасын зауытын аяғынан тік тұрғызуға 
зор еңбек сіңіргені ешқандай күдік туғызбайды. Сонымен қатар білімпаз 
маман ретінде ол Қазақстандағы геологиялық қызметтің бекем негізде 
қалыптасып, тез өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқан. Нәтижесінде біздің 
республикада түсті металлургияның ең сенімді, ең қуатты өндірісі пайда бо­
лып, қазіргі озық деңгейге көтерілді.
Осы жайтты ескерте отырып, біз, геолог­ғалым ретінде, Мер 
ғали 
Қадылбеков марқұмның азаматтық және саяси жазадан ақталғанын ескеріп 
және оның Қазақстанның түсті металлургиясын бекемдеу жолындағы 
жанқиярлық тамаша еңбегі мен есімі тарихқа қайтарылып, лайықты 
түрде бағалануға тиіс деген ой айтамыз. Өз тарапымыздан біз марқұмның 
өмірі мен еңбек жолы туралы деректер сұрап, Мемлекеттік мұрағатқа хат 
жолдадық...»
Анығында бұдан 80 жыл бұрын жүрген геологиялық ізде­
ністің, сол іске қатысқан адамдардың қам­қарекетін, кімнің не 
істегенін қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп жұртқа әйгілеу –
қиын міндет. Сол үшін тек таза пиғыл, түзу ниет болсын!.. 
Жо 
ғарыдағы тұжырымдаманы сан қайтара оқудан біз ғұмыр 
жолы қасақана қысқартылған дарынды әріптесінің алмағайып 
уақытта қаншама кен орындарын іздеп тауып, жедеғабыл зерт­
теп, Қазақстан өндірісіне сый еткен еңбегін ғылыми­тарихи са­
раптамамен әділ бағалауға тырысқан пиғыл­ниетті аңғардық. 
Тіпті сол үшін геологиялық есептер емес, газет бетіндегі ба­
сылымдарды әжетіне жаратқан. Яғни, геологиялық есептерді 
қайыра сүзу арқылы марқұм геологтың ұлан­ғайыр еңбегінің ізін 
жойып, өз аттарына иемдену әрекеті жүзеге асқанын да сарапта­
ушы ғалымдар айқын аңғарған. Алайда... Әлдеқандай себеппен 
қос сарапшы осы қастандықты ашық мәлімдемей, тұсаулы ат­
тай кібіртіктейді. Неге? Геология­минералогия ғылымдарының 
білікті докторлары «Біреудің ақ адал еңбегі ұрланғаны анық, 
соны әділ анықтау үшін плагиат жасаушылардың бертінгі 
жылдардағы мұрағатта сақтаулы күллі есеп­қисабын, сөз бо­
лып отырған кен орындарында 1935­1936 жылдары жүрген 
алғашқы барлау нәтижелерімен салыстыру қажет...» деген 
ұтымды тұжырымды не себепті айтпайды? Түсініксіз жайт. 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
159
1928 жылдың жазында Оңтүстік Қазақстанға экспедиция бас­
шысы болып келуімен басталған геолог Мерғали Қадылбековтің 
барлаушылық жұмысы 1937 жылдың мамыр айының аяғына 
дейін жалғасқан. Бұл – аксиома! Жә, 9 жыл бойы үздіксіз жүрген 
ізденісте бейнетқор геолог еңбекақы, иә далалық саяхаттарына 
қосымша қаржы алмаған ба? Сарапшы ғалымдар өздеріне он­
дай сауал қоймаған, Қадылбеков есімі бірде­бір геологиялық 
есепте жазылмағанын ғана анықтаған. Сонда Мерғали сор­
лы Қаратау бөктерінен, Іле бойынан, Жоңғар Алатауынан, 
Сарыарқа қиырынан тоғыз жылда кен іздемей, ешкі баққан 
ба деген сайқымазақ ой туады. Жә дейік, сонда УНКВД 1937 
жылы геологты не себепті тұтқындап, нендей қылмысы үшін 
көзін жойған? Қадылбековке шығарыл ған екі үкіммен таныс 
оқырман бұл уәжге келіспей, басын шайқауы сөзсіз. Қысқасы, 
Геологиялық ғылымдар институтының тұжырымдамасы түсінік­
сіз сәйкессіздікпен жазылған. Ал ресми жауап, жоғарыда ескерт­
кеніміздей, Қазақстан КП Орталық Комитетіне жолданып отыр. 
Ең ғажабы, біз ілгеріде арнайы тізген сұраулардың бірде­біріне 
жауап жоқ...
– Академиялық институттың дардай екі ғалымының барын­
ша әскездеп, көкемнің мақалаларын ғылыми тұрғыдан жоғары 
бағалаған сипаттамасын қолыма алған соң тағы да қапа бол­
дым. Геология ғылымының қос докторы менің арызым бойын­
ша тыңғылықты ізденіс жасаған. Бірақ ресми тұжырымдарында 
Мерғалымсай, Текелі, Қарағайлы мен Қайрақтыны тұңғыш ашу­
шы атағын Мерғали Қадылбековке қайтарып берейік деген түйін 
жоқ. Осы гәп мені қатты ойлантып, ұйқымды бұзды, – деп сыр 
шерткен­ді маған Рузима Мерғалиқызы. – Аңдауымша, кейбір 
сорақы жайттарды қос ғалым ашық айта алмаған. Неге? Со­
дан бірнеше ай бұрын мен Ғылым академиясының вице­прези­
денті Айтмұхамед Абдоллаұлы деген егде жастағы ғалымның 
кабинетінде болғамын. Мені ол әуелде қабылдағысы келмей, 
бірер ай сүйреткіге салды. Ол кісіге сұранғаным – түп негізі 
ұлытаулық, текті кісінің ұрпағы әрі өзі де геолог­ғалым, Қаныш 
Имантайұлының шәкірті, академик екенін естігенмін. Ғалым 
кісі көкемнің абырой­атағын қорғар деген үміт те баяғы. Бірақ 
Айекең менің жанымды жеген көкейкесті мәселемді ұққысы 
келмеді. Әкемнің Қаныш ағамен достығын, жерлестігін айта 
бастағанымда, ол «Әңгімені қойыңыз, шаруаңызды айтыңыз» 

Медеу СӘРСЕКЕ
160
деп сөзімді бөлді. Ал жазба өтінішімді оқыған соң, «Жарты 
ғасыр бұрынғы оқиғаны біз қалай іздейміз, сіз айтып отырған 
кен орындарын тұңғыш ашушы атағын иеленген адамдар сол 
кендерді көп жыл зерттеп, шұқшия ізденіспен алған. Оларға енді 
«Бұларың өтірік!» деп қалай айтамыз?» деп бұлқан­талқан бол­
ды. Қысқасы, ақиқатқа төрелік жасаудан үзілді­кесілді бас тарт­
ты. Мен де бетімнен қайтпай, Абдулинге «Мен сізді Ерден бидің 
ұрпағы, текті әулеттің сынығы деген соң үкілі үмітпен келіп едім, 
үмітім ақталмады. Сіз әлдеқалай себеппен плагиатор­ұрылардың 
пасық мүддесін қорғап отырсыз. Ал мен бұл істі аяғына жеткізбей 
тоқтамаймын, Орталық Комитетке арызданамын» дегенімде, ол 
«Уақытымды алмаңыз!» деп тағы да дөңайбат көрсетті.
– Айтмұхамед ақсақалды аздап білемін. Тәуекелге жоқ, амал­
шыл кісі, жақсы айтқан екенсіз. Содан кейін не істедіңіз?
– «Шешінген судан тайынбас» деген мәтелге бой ұрып, кім 
екенімді, жас күнімнен басымнан кешкен бейнетімді тізіп, 
Қазақстан КП ОК­нің сол кездегі бірінші хатшысы, Горбачевтің 
қайта құру саясатын жүргізуші Г.В. Колбинге арыз жолдадым.
– Геология институтының ғылыми сараптамасы содан кейін 
жазылды ма?
– Иә. Ли мен Нұралиннің мемлекеттік мұрағаттан дерек­
тер іздейміз дегені әншейін сөз болды. Жылға тақау уақыт то­
сып, хабар болмаған соң Қаныш ағаның атындағы Геологиялық 
ғылымдар институтына бардым. Лиді таба алмай, Нұралинді 
кабинетінен ұстадым. Иманжүзді, кішіпейіл жігіт екен, орта 
бойлы. Жөнімді айтқан соң кабинетінің есігін іштен кілттеп, 
маған жақынырақ отырды.
– Ол азаматты білемін, Сәтбаев туралы кітабымды жазған кез­
де жиі араласып, ғылыми кеңес алғам. Қаныш Имантайұлының 
рухына ерекше адал, білімі де терең жігіт, – деп едім, Рузима 
Мерғалиқызы бетіме аңыра қарады. – Нұрғазы Нұралин не деді?
– Есімін атағаның көрім болды, Нұрғазы екенін есіме түсіре 
алмай отыр едім. Әлқисса, содан ол жігіт маған мұңая қарап, 
«Рузима апай, Орталық Комитетке жолдаған хатыңызды оқыған 
кезде­ақ мен сізге зор ізетпен қарап, арызыңызда көтерген 
мәселені шұқшия зерттеп, жеті құлып астында жатқан құпияны 
түбірімен қопаруға құлшына кірістім. Мен сізге қазір ресми 
тұжырымдамада жазбаған жайттарды ашамын, тек соны менен 
естідім деп ешкімге айтпаңыз...» деді. 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
161
«Келістім, ішімде сақтаймын».
«Мерғалымсай мен Текелі жөніндегі геологиялық есептер дің 
кейбір тұсы, әсіресе кім жазғаны көрсетілетін соңғы беттері аты­
мен жоқ, мүлдем жойылған. Енді бірін машинкаға қайта басты­
рып, о күндегі қағаз бен қазіргінің айырмасы бесенеден белгілі, 
көпе­көрінеу ауыстырған. Виталий Габрилович Ли екеуміз соны 
алғаш көргенде жағамызды ұстадық. Ли менен әлдеқайда үлкен 
кісі, соғыстан бергі жылдарда Ащысайды зерттеген геологиялық 
партияда геолог, аға геолог және бас инженер болып та еңбек ет­
кен. Яғни, Қаратаудағы кен орындарының ашылу тарихын, гео­
логиясын терең білетін ғалым. Қысқасы, ескі есептер әлдекімнің 
пайдасына өзгертілгенін бірден аңғардық. Біздің жорамалымыз­
ша, ұрлықшы­плагиатор Мерғалымсайды иемдене алмайтынын 
білген, есеп қағаздарындағы әкеңіздің фамилиясын сыпыра 
өшірумен тоқтапты. Өйткені Мерғалымсайды, бұл енді НКВД­
ның тергеушілерінің қиянаты, Миргалим Фахрезетдинов деген 
жұмысшының атына тіркелген...»
«Сол қиянатты хаттамағаға неге бадырайта жазбадыңдар?» 
деп едім, «Асықпаңыз, апай. Сонынан айтамын, – деді Нұрға зы. –
Ал Текелінің ашылу тарихын бұрмалау бұдан да сорақы. 1935­
1936 жылдарда жазылған есептерде, оны «Казполиметалдың» 
мұрағатынан таптық, тағы да талай беттер ауысып, кейбірі 
қайтадан басылған. Мүлдем жоғалғаны да аз емес. Соны жа­
саған адамның да есімін анықтадық. Есімі – Юдичев М.М., Мәс­
кеу геологы, Оңтүстік Қазақстан геология бірлестігі 1970 жы­
лы Қазақ КСР Геология министрлігінің және Мемлекеттік ве­
домствоаралық комиссиясының біріккен шешімімен «Текеліні 
тұңғыш ашушы» куәлігі беріліп, қыруар сыйлық алыпты».
Осы сөзді естігенде менің шыдамым түгесіліп, «Сығыр құ­
дай, марқұм болған адамның еңбегін ол неме 33 жылдан кейін 
қалайша иеленеді? Әлгі комиссияның мүшелері соқыр ма, көпе­
көрінеу ұрлықты қалайша көрмеген? Текелі кеніші 1944 жылы 
кен бере бастады, соны да білмей ме? Сол кен орнында әкемнің 
нұсқауымен жыралар қазып, бұрғылау жүргізген адамдар тірі 
отырғанда, соншама жұрттың көзін бақырайтып қойып, масқара 
ұрлықты ол неме қалай жасаған?» деп бұлқан­талқан болып едім, 
Нұрғазы басын шайқады. 
«Текелінің кенінің 1970 жылы «ұрлануына» екі түрлі се­
беп айтайын, қортынды түйінді өзіңіз жасаңыз, – деді кабинет 
11­247

Медеу СӘРСЕКЕ
162
иесі. – Біріншіден, Мерғали Қадылбекұлымен Жоңғар Алата­
уына 1935­1936 жылдары бірге келген жұмысшылар мен тех­
никтер өмірден озды. Екінші, сол істі жақсы білетін Қаныш 
Имантайұлы 1964 жылдың қаңтарында қайтыс болды. Қанекең 
тірі тұрғанда Текеліні иемдене алмайтынын Юдичев, әлбетте, 
жақсы білген...»
Қапа болғаным сонша, қапелімде не айтарымды білмей, тым­
тырыс отырып қалдым.
«Нәтижесіз қуынудан шаршаған да боларсыз? «Ақиқаттың 
жолы ұзақ, тек соған жетем деген сенімің мықты болсын» деуші 
еді бізге Қаныш ағай».
«Несін айтасың, қарағым, Қаныш ағай кемеңгер кісі ғой. 
Құдай мені қара бастырып, ол кісі ортамызда жүргенде алды­
на барып, өзі аралас­құралас болған жеделдес інісінің саяси 
қылмыстан ақталғанын хабарлап, еңбегін халыққа қайтару тура­
сында ақыл­кеңес сұрауым керек еді. О күнде мен Ақмолада бол­
дым, көкірек­көзіміз мұндай іске ашылмаған қорғаншақ қана 
емес, көрсоқыр кезіміз. Алматыға арнайы келіп, Қаныш ағайдың 
көмекшісіне барып, Мерғали Қадылбековтің қызы екенімді айт­
сам, ол кісі мені қуана қабылдап, арызымды тыңдауы сөзсіз еді, 
амал қанша?..»
«Жә, енді не істемексіз? – деді ғалым жігіт. – Маған нендей 
шаруамен келдіңіз?»
«Күресемін, қарағым. Аяғына жеткізбей сірә да тоқтамаймын. 
Жаратылысым солай. Күллі әулетім – ақиқат жолында қатты 
қаржасып, жан берген мықтылар. Руым да – қаржас, яки кешегі 
көшпелі заманда ата жауымен қатты қаржасқан жандар... Маған 
не істе дейсің, жөн­жоба нұсқа. Қазақ азаматы деп ақылдаса 
келдім, қарағым...» 
«Әкеңіздің өміріндегі бұқпа жайттарды көрген соң, Ли екеуміз 
бастыққа соны қаз­қалпында жазып бердік, алайда директоры­
мыз соны ұнатпай, көп жерін далдалатып қайта жазғызды. НКВД­
ның фальшивкасын ашпай, Текелінің қалай «ұрланғанын» да 
жауып тастап, тек қана Мерғали Қадылбековтің іздемпаздық 
еңбегін, дарынын сыпыра мақтаған, бірақ ешқандай ұсыныс 
айтылмаған жадағай тұжырымдама сіздің қолыңызға тиді. Сіз, 
сірә, соған да мәз болдыңыз...»
«Оның рас, шырағым, ә дегенде қатты қуандым...»
«Осы әңгімені сізге жасыңызды сыйлап әрі әулетіңіз тарт­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
163
қан бейнетіңізді ескергендіктен айтып отырмын. Күресті тоқта­
тпаңыз! Ақиқат – сіздің ауылда, апай!..»
«Рақмет, қарағым, жүрегімнің түбіне жетер ойлы сөз айттың! 
Жә, әділдік сұрап кімге барамын? Оның да жөн­жобасын нұс­
қа, үкімет басшыларына сұрансам қайтеді?» деп едім, Нұрғазы 
Нұралин сәл­пәл ойланып, «Мен сізге бір азаматтың есімін ата­
йын, ол – Қазақстанның Геология және жер қойнауын қорғау 
министрі Серікбек Дәукеев, жасаң қайраткер, жаңылмасам, 
1950 жылы туған, үлкен геолог­ғалым. Кен орындарын іздеу мен 
тұңғыш ашушыны анықтау билігі де сол азаматтың қолында. 
Жиған­терген құжаттарыңызды, біз жазған тұжырымдаманы, 
әкеңіздің мақалаларын, анкеталық деректерін алып, ақиқатты 
анықтауды талап еткен арыз жазып, қабылдауына барыңыз. 
Кексе жасыңызды, марқұм болған геологтың қызы екеніңізді 
айтсаңыз бөгеусіз қабылдайды...»
«Тура солай істеймін. Рақмет, қарағым, ұзақ жаса!»
«Есіңізде болсын: менімен кездескен жоқсыз. Ұқтыңыз ба? 
Сіз ұсынған құжаттарды оқыған соң министр Ли екеумізді 
шақырады. Виталий Габрилович үшін жауап бере алмаймын, 
жасы сексенге тақаған егде кісі, сақтық жасап, батыл кіріспеуі 
мүмкін. Ал мен, министр ресми түрде түсінік талап етсе, өзіме 
мәлім шындықты ашамын, қажет десе жазып та беремін...» 
 
* * * 
 
 Оқиғаның одан ары қалай өрбігенін Рузима Мерғалиқызы 
төмендегідей баяндады.
– Ақиқатқа жетудің төте жолы – баспасөз бен теледидар де­
ген ақылға бас иіп, ағайынды Қадылбековтердің шерлі тағдырын 
әркімдерге айтып, әредік өзім де қатысып, жұртшылыққа наси­
хаттап, біраз жұмыстар жасадым. Сайып келгенде соның да пай­
дасы тиді. Сөйтсе де нағыз тура жолды ғылым докторы, осы іс­
тің ескі мұрағатта бүркелген қитұрқысын аңдаған Нұрғазы інім 
нұсқапты, ақырында соның айтқанына ден қойдым.
ҚР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі ұлы 
ақынның ескерткіші тұрған алаңға иық тіреген, Достық және 
Абай даңғылдарының қиылысындағы үлкен ғимаратта екен, 
министрдің көмекшісі аты­жөнімді жазып алып, «Ол кісі 
экспедицияға кеткен, оралған кезде айтамын, хабар өзімнен бо­

Медеу СӘРСЕКЕ
164
лады» деді. Бірер аптадан соң үйіме телефон шалып, қабылдауға 
шақырды.
Министр орта бойлы, кең иықты, қою, көмірдей қара мұрты 
бар, көрікті жігіт екен, жас мөлшері қырықты еңсерген шамада. 
Аты­жөні – Серікбек Жүсіпбекұлы.
Министр мені жылы шыраймен қарсы алды. Соңымнан ілесе 
кірген секретарь әйел алдыма шай қойды. «Ә, құдай, жолымды 
оңғар!..» деп, аруақтарға сиынып отырып, шерлі әңгімемді бас­
тадым, ұзақ сөзге түсерімді аңдаған сияқты, кабинет иесі кенет 
жымия қарап, «Апай, нендей шаруамен келгеніңізді біліп отыр­
мын. Марқұм болған геологтың перзенті екеніңізді де білемін. 
Менен нақты не тілейсіз, әуелі соны айтыңыз?» деді. 
Маған ақыл берушілер «Жаңа министр мезі сөзді сүймейді, 
қысқа сөйлеуге тырысыңыз» деген­ді. Сөзімді бөлгенін соған 
жорыдым да, «Серікбек қарағым, ақиқат іздегеніме қырық 
жыл болды, мен осы дауды бастағанда өзің мектепке бармаған 
шығарсың... – дедім бетіне тура қарап. – Алайда сол ақиқатқа 
жете алмай, міне, жетпіс жастың өріне көтеріліп діңкелеп отыр­
мын. Жә, соның жай­жапсарын айтайын, қырық жыл бойы 
сұрап жүрген ақиқатым төртеу, олар – Кентау қаласындағы 
Мерғалымсай, Жоңғар Алатауындағы Текелі, Қарқаралы ірге­
сіндегі Қарағайлы және Алматы – Қарағанды тас жолының 
бойындағы Ағадыр стансасына ұрымтал жердегі Қайрақты 
кендерін геолог әкем Мерғали Қадылбеков ашқан. Ол кісі 21 
жасында Қаратау бөктеріне Геолкомның экспедициясын ба­
стап, 1928 жылы келген. Байқайсыз ба, қазақ даласының қазба 
байлығын іздеуге Қаныш ағамызбен қатарлас шыққан... Тоғыз 
жылға созылған ғұмырында он шақты кен көздерін зерттеген, ал 
мен тек қана төртеуін қуып, соларды тұңғыш ашқан атағын түп 
иесіне қайтар деген арызбен өзіңе келіп отырмын. Сол үшін мем­
лекеттен бір тиын сұрамаймын. Алла тағаланың барлығы рас бол­
са, екеуміз туып­өскен Қазақстанның тәуелсіз ел болғанына мені 
сендіргің келсе, Серікбек қарағым, жаңағы төрт кенді әкемнің 
ашқанын бекітетін қолыма құжат бер!.. Талабымның заңды 
екенін дәлелдейтін, қырық жыл бойы жиған­терген құжаттарды 
қолыңа беремін, мінекей...» деп кеудеме басып отырған жуан 
папканы Серікбек Жүсіпбекұлының алдына қойдым.
Министр мен ұсынған құжаттарды асықпай парақтады. Ескі 
газеттердің көшірмесін ежіктеп оқыды. Көбірек оқығаны – 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
165
екі геолог­ғалымының ұзақ түсініктемесі. Ең ақырында менің 
машинкаға басылған, көлемі екі парақ арызымды қолына алып, 
«Рузима апай, үлкен шаруамен келіпсіз. Соны мен шешеді де­
ген сеніміңізге рақмет. Сұрап отырған ісіңіз – өте ауыр, бірер 
айда шешетін жұмыс емес. Арада көп жыл өткен, сіз сұраған 
кен орындарын есімдері Одаққа белгілі ғалым­геологтар көп 
жыл зерттеп, кейбіріне тұңғыш ашушы атанған. Алпыс жылдан 
бұрынғы ақиқат басқаша деп түзетудің қиын іс екеніне сіз мән 
бере қараңыз... Бірақ, қалай болған күнде де, қиянатты түзетуге 
тырысамын. Мәселені тек жан­жақты тексеру керек» деп каби­
нет иесі арызымның бірінші бетіне әлдене жазды да, папканы 
жапты.
«Қарағым, менің алдағы өмірім өзің үміт отын жаққан қуа­
ныш ты күнді асыға күтумен ұзармақ. Жасымның 68­де екенін 
ұмытпағын!..» деп орнымнан тұрдым.
Рәсім солай ма, министр мені ауызғы бөлмеге дейін шығарып 
салып, көмекшісіне «Мына кісіні үйіне апарып салып, пәтерін 
көре кел, кейін де керегі болады...» деді.
Үйге төбем көкке жеткендей болып мейірленіп оралдым. 
Көптен бері мұндай көңілденбеген едім. Ғабдышүкір ақсақалым 
жымия күліп, «Асқақтама, бәйбіше. Лауазым иелерінің жымиы­
сы кейде жалған да болып шығады...» деп сәуегейлік жасап 
еді, сірә, өтірік болып шықса көтере алмай, ауырып қалады деп 
қауіптенген сияқты. Сөйтсе де мен сол күннен бастап «А, жаппар 
құдай, Серікбек інімнің іс­қарекетіне демеуші бол, құтты орнын­
да ұзағырақ сақта!..» деген тілеуден жаңылмадым. Қалайда сол 
азаматтың үмітімді ақтайтынына ерекше сендім.
Шынында да күткен үмітім іле­шала ақтала бастады.
Министрдің қабылдауында мен 1995 жылдың соңғы айында 
болғанмын. Оңтүстік Қазақстан территориялық басқармасына 
(«Южказнедра») қарасты кен орындарын ашушыны анықтай­
тын комиссиясы 1996 жылдың 6 қаңтарында менің арызым­
ды талқылаған №9 хаттамасын алдым. Комиссия төрағасы – 
И.С. Өрбісінов, 7 адамнан тұратын комиссия мүшелерінің аты­
жөні жазылған, дөңгелек мөр басылып, секретары Р.П. Арис­
кина қол қойған хаттамада: В.В. Поляков деген адам ары­
зымды комиссия мүшелеріне оқып, әкемнің өмірбаянын, 
гео 
логиялық ізденістерін, шерлі тағдыры туралы хабарлама 
жасаған; М.М. Юдичевтің Текелі кенін тұңғыш ашушы ди­

Медеу СӘРСЕКЕ
166
пломын 1970 жылы иеленіп, қомақты сыйлық алғанын да мә­
лімдепті; одан әрі 1995 жылы қабылданған 1048­санды жаңа 
ереже бойынша, тұңғыш ашушы атағы екі рет берілмейтіні көр­
сетілген тармаққа сілтеме жасалып, менің арызымның 25 жыл­
ға кешігіп жазылғандығы ескертіліпті; «Әкесінің еңбегін жоқ­
таушы қызы бізге ұсынған материалдарда, – депті комиссия 
мүшелері, – геолог М. Қадылбековтің Текелі кенін іздеп та уып, 
тұңғыш зерттегенін, оның өндірістік мәнін анықтағандығы ту­
ралы бірде­бір геологиялық құжат жоқ. Ең шатағы, сондай 
құжатты мұрағат қоймаларынан арнайы іздеген Геологиялық 
ғылымдар институтының ғалымдары да таппаған. Олардың 
тұжырымдауынша, М. Қадылбековтің осы кен орнын зерттеуді 
бастағаны туралы материалдар әлдекімнің қолымен ұқыпты 
түрде жойылған...»
Комиссияның екінші тармағында әкемнің «Социалистік Қа­
зақстан» газетінде жариялаған мақалаларына сілтеме жаса­
лыпты, «Текелі» деп атаған соңғы еңбегінде ол «бұл кенді зерт­
теп, өзім аштым...» деген сөзі де хаттамаға түскен. Ең соңында 
«Мерзімді баспасөз бетінде нақ сол жылдарда мұндай мәлімдеме 
жасау өте жауапты, ал тексерілмеген дерек газетте жарияланбай­
ды» деген де тұжырым жасалған. «Сондықтан М. Қадылбековтің 
азаматтық және саяси қылмыстан ақталғандығын ескеріп, Қазақ­
станның жер асты байлығын әйгілеу жолындағы жанқиярлық 
еңбегін кеш болса да жұртқа жариялап, лайықты түрде марапат­
тау қажет деген пікір білдіреміз...» делінген.
Мен күткен түйін хаттаманың аяғында екен: «Геолог М. Қа­
дылбековтің шерлі тағдырының ерекшелігін ескеріп, Жер 
қойнауының пайдалы қазбаларын ашушыны анықтап, тиісті 
марапаттар тағайындайтын ведомствоаралық комиссиядан біз 
Текелі кен орнын тұңғыш ашушы атағын Мерғали Қадылбековтің 
кеш болса да мәңгі иеленуге толық хақысы бар деп есептейміз...» 
депті.
Бұл енді менің ұзақ ізденісімде, 1960 жылы екі Қадылбеков­
тің саяси қылмыстан ақталды деген жаңа үкімді алғаннан бергі 
36 жылда қолым жеткен екінші қуаныш. Тұңғыш ашушы ди­
пломы қолыма тимесе де, сол хабарды үйіме жолдаған «Южказ­
недра» басқармасының комиссия мүшелеріне, оның бастығы 
И.С. Өрбісіновке шексіз алғыс айтып, айран­асыр қуандым. 
Ақсақалыма көрсетіп, «Міне, сенбеген едің, осы қуанышты 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
167
маған сыйлаушы – Серікбек министр, айналайынның мәртебесі 
жоғарыда болсын!..» дедім. Ең ғажабы, сол хаттаманың көшір­
месін ол поштамен жібермей, министрдің көмекшісі, жап­жас 
қазақ жігіті үйге әкеліп беріп, «Министр балаңыз сізге сәлем 
айтты, мәселені жуықта оң шешеміз!» дегені де көңілімді көкке 
жеткізгендей болды...
Көңілімді шаттық билеп, телефонның әрбір шылдырына 
елең деп жүргенімде Серікбек Жүсіпбекұлының көмекшісі тағы 
бір ресми сараптаманы үйіме жеткізіп берді. Ол болса айналып 
кетейін геолог­ғалым Нұрғазы Нұралиннің Геология және жер 
қойнауын қорғау министрлігінің сұрауы бойынша жазылған 
ғылыми рецензиясы. Жазылған күні – 1996 жылдың 14 ақпаны.
Геолог­инженер М. Қадылбеков туралы жаңа сараптаманың 
көлемі орысша нұсқасында 2 бет, сәл ықшамдап келтіремін...
«Мерғали Қадылбековтің өмірі мен қызметі туралы біз, гео­
логия ғылымдарының докторлары В.Г. Ли екеуіміз, 1990 жылы 
зерттеу жасап, өткен уақыттың аса ірі маманы екендігіне 
ресми тұжырымдама жазып, Ғылым академиясына тапсырған 
соң, сол азаматтың кен барлау жолындағы таңғажайып 
ізденістері мен табыстары жайында «Егемен Қазақстан» 
және «Казахстанская правда» газеттерінде көлемді мақалалар 
жарияладық. Содан кейін де мәлім болған қосымша материалдар 
Қадылбековтің қорғасын, мырыш кендерінің сүбелі қорын іздеп 
табудағы еңбегі зор екеніне бізді күмәнсіз сендірді. Шынтуай­
тын айтқанда, ол сол қарсаңда іске қосылып, металл қорыта 
бастаған Шымкент қорғасын зауытын сенімді шикізатпен 
қамтамасыз еткен: Қаратаудың Жамбыл облысына қарайтын 
бөктерінен бұрыннан мәлім Ащысай, Байжансай кеніштерін 
тыңғылықты зерттеумен қоса соған дейін қоры мардымсыз 
саналған Қарасай және Хантағы кен көздерін қайтадан бар­
лап, бертінде Мырғалымсай және Сүлейменсай аталған кен 
орындарын өндіріске қосқан. Демек, Мырғалымсайды, жұрт 
айтқандай, бақташылар мен жергілікті тұрғындар ашыпты­
мыс деген сөз – әншейін лақап. Оны ашып, өз атына жазған – 
геолог Мерғали Қадылбеков. Осы күнге дейін құнарлы кен беріп 
келе жатқан кеніштің аты Мырғалымсай болып бұрмаланбай, 
Мерғалисай аталуға тиіс!..
Республикалық баспасөз бетінде жарияланған қысқа да 
тұжырымды мақалаларында М. Қадылбеков Орталық Қа­

Медеу СӘРСЕКЕ
168
зақстан алқабындағы Қарағайлы және Қайрақты деген жерлер­
ден қорғасын мен мырышқа бай екі кен орнын тапқанын жазады. 
Бұл екеуі де қазірде Қазақстанның сүбелі кен орындары ретінде 
танылды.
Таңғаларлық жайт: көпшілікке жария еткен жазбаларын­
да ол Оңтүстік Қазақстан және Шу­Іле бойындағы таулы 
аймақтарда орналасқан көптеген қорғасын­мырыш белгілері 
байқалған кен көздерін, яки Ащысай, Байжансай, Сүлейменсай 
және Қарасайдан өзгесін қоры мардымсыз деп мәлімдеген; бұл 
да оның геологтық танымы мен өзгеше көрегендігінің айқын 
аңғартады. Сонымен қатар білімпаз геолог Текелі тобындағы 
ұсақ кен көздеріне бірден назар аударып, 1935­1936 жылдар­
да өзі басқарған барлау экспедициясының негізгі құрал­күшін, 
үкімет қаржысын да осы кенді шұқшия зерттеуге жұмсаған. 
Нәтижесінде сол кезде­ақ Текелі қойнынан қорғасын мен 
мырыштың аса ірі қорын тапқан. Сірә, Текелінің зор мүмкіндігіне 
сенгендіктен, қазақ даласынан жаппай кен көздерін іздеуден 
сап тыйылып, Текелі кен комбинатының бас инженері міндетін 
атқаруға өз қалауымен құлшына кіріскен. М. Қадылбековтің 
Текелі кенін тұңғыш ашушы екендігі – күмәнсіз ақиқат...
Сондай­ақ, Мырғалымсай кенін тұңғыш ашушы – экспе­
диция жұмыскері, ұлты татар, геологиялық әдебиеттерде 
көрсетілгендей, Мерғалы Фахрезетдинов пе, әлде сол кенді түу 
бастан зерттеп, мол қорын нақты ізденіспен дәлелдеген геолог 
М. Қадылбеков пе – бұл мәселе де ешқандай күмән туғызбауға 
тиіс. Соған шүбәсіз илану үшін М. Қадылбековтің газет­
те жарық көрген «Текелі», «Главцветмет неге үнсіз?» және 
«Отанымның жер асты қазынасын қажымай іздей беремін» 
атты үш мақаласымен танысу жеткілікті деп есептеймін.
...Баспасөз бетінде 1935­1936 жылдарда жарияланған мұндай 
мәлімдемеге сенімсіздік жасауға әстілі болмайды, әсіресе 
«Текеліні ашқан өзіммін» деген сөзді автор жұртқа ашық 
түрде жариялап отырғанда. Сондықтан да газет мақаласын 
геологиялық есеп құжаты санап, тарихи әділдік түзетілуге 
тиіс! М. Қадылбековтің қысқа өмірі мен инженерлік қызметінің 
ұлағаты мол мәнді деректері мұрағатта сақталмаған. Сірә, 
солардың сақталмауына репрессия доңғалағына түскен ауыр 
тағдыры түрткі болып, қасақана жойылған...

ШЫҒАРМАЛАРЫ
169
Осы айтылғандардан біз мынадай қортынды жасадық: 
М. Қадылбеков – екі бірдей аса ірі қорғасын­мырыш кендерін – 
Қаратау бөктеріндегі Мерғалисай және Жоңғар Алатауындағы 
Текеліні тұңғыш ашушы (ұсақ кен көздерін де ашқанына әдейі на­
зар аудармай отырмыз). Жайсаң геологтың осы кендерді ашып, 
Отан алдындағы кәсіби борышын адал атқарған жанқиярлық 
ерлігі мен ұлан­ғайыр ісі бүгінде халыққа жарияланып, лайықты 
түрде ұлықталуға тиіс. Көрегендік қабілет, яки жеті қат жер 
астында жатқан құпияны білу мен соны батыл түрде мәлімдеп, 
іздеу жасауды екінің бірі ғана емес, жүздеген, мыңдаған кен 
барлаушының маңдайына жазбаған. Демек, Мерғали сияқты 
дарабоздардың ерлігімен, еңбегімен, көкірек танымымен келетін 
игілік екенін жұртшылыққа паш етіп, геологтың есімін есте 
қалдыру шараларын да ойластыру қажет!..»
– Әлқисса, содан Серікбек Жүсіпбекұлының шақыруын шы­
дамсыздана күтіп жүргенімде, 1996 жылдың көктемінде кө­
мекшісі телефон шалып, «Рузима апай, бүгін түскі сағат екіде 
министрдің қабылдау бөлмесіне келіңіз. Серікбек ағай сізді 
көргісі келеді...» деді. Мен «Жайшылық па? Менен әлдебір 
құжат сұрай ма?» деп едім, ол «Жоқ, сізді ол кісі коллегияға 
шақырады...» деді. Ақсақалым «Бәйбіше, ең тәуір деген киім­
деріңмен сықиып бар. Зейнеткер адамды коллегияға тектен­тек­
ке шақырмайды. Не естісең де сабырмен тыңда, жазатайым сыр 
алдырсаң – сені олар ынжық, бейшара әйел екен деп ойлайды...» 
деп мені өзінше ширатып бақты. «Бірге барайық» деп едім, 
«Шақырылмаған кеңсеге сақалды басыммен қалай барамын?» 
деп көнбеді. «Шешеңнің қасында бол» деп, тек кенже қызымды 
қосты.
Сонымен, тағайындалған сағатта министр Дәукеевтің қабыл­
дау бөлмесінде болдық. Ауызғы бөлмеде кісі көп екен, отыз ша­
малы адам. Кілең қасқа мен жайсаңдар. Сірә, жасаң кезінде 
дала кезген, жел өтінде болған, кен іздеген мамандар. Сағат 
екіге бес­алты минут қалғанда қабылдау бөлмеге Серікбек Жү­
сіпбекұлы келді, әріптестерімен басын изеп амандасып, бұрышта 
отырған менің қасыма келіп, «Апай, денсаулығыңыз қалай? 
Ақсақалыңыз, бала­шағаңыз аман ба?» деді. Мен «Шүкір, қа­
рағым, өзің шақырды деген соң асыға жеттім», деп едім, ол жы­

Медеу СӘРСЕКЕ
170
миып, «Жақсы хабарға шақырдым, апай. Қазір бірінші кезекте 
сізді шақырамын...» деп кабинетіне беттеді.
Бөлмеде тұрғандар министрге ілесе төрдегі кабинетке жапа­
тармағай кірді. Мен сыпайылық сақтап, ауызғы кабинетте оты­
рып қалдым. Қызым қолымнан ұстап, «Мама, ерекше абыр­
жып тұрсыз, мына дәріні ішіңіз!» деп, қалтасынан кішкентай 
қорап шығарды. Бірден екі түйірін жұттым. Су ішіп тұрғанымда 
көмекші қасыма келіп, «Апай, жүріңіз!» деді, абыржыған жа­
йымды сезді­ау деймін, қызыма да бірге жүр дегендей иек қақты. 
Бұдан үш ай бұрын көрген кабинеттегі ұзын үстелді жағалай 
геологтар жайғасыпты. Көмекші мені қолтықтап келіп, ми­
нистрге ұрымтал жердегі бос орынға отырғызды. Қызым ту 
сыртымдағы шағын үстелдің тұсына жайғасты.
Министр Дәукеев орнынан тұрып, «Мырзалар, мына кісі – 
Рузима апай Мерғалиқызы, есімі мен іздемпаздық зор еңбегі 
көп жылдарға жабылған, 1937 жылғы Үлкен репрессияның 
құрбаны, біздің аға әріптесіміз, қазақ қауымынан Қ.И. Сәтбаев­
тан кейін, екінші кезекте, сонау 1928 жылы Мәскеудің тау­
кен институтының үздік дипломын иеленген геолог Мерғали 
Қадылбековтің артында қалған жалғыз перзенті, зейнеткер­
мұғалима...» деп, көкемнің өмір жолын, қайда туғанын, тоғыз 
жылдық геологиялық ізденістерін атап өтті де, менің арызым 
бойынша арнаулы мамандар тобы тексеру жүргізгенін, оның 
ұсынысын ведомствоаралық комиссия бекіткенін жариялады.
Содан соң маған қарады да, қолына көкшіл тыстықпен қап­
талған дипломды алып, «Рузима Мерғалиқызы, әкеңіз Мерғали 
Қадылбековке «Текелі қорғасын­мырыш кенін тұңғыш ашушы 
атағын берілсін» деген бұйрыққа, міне, қол қойдым. Енді сол 
атақтың дипломы мен омырау белгісін марқұм геологтың бірден­
бір мұрагері өзіңізге тапсырамын! Сіздің осы ақиқатты дәлелдеу 
үшін қырық жыл қажымай ізденіп, қыруар бейнет шегіп, 
таңғаларлық қайрат пен төзімділік көрсеткеніңізді білемін. Соған 
таңданып әрі сүйсініс білдіремін! Министрліктің алқа мүшелері 
түгел бас қосқан жиында, өзімнің және осы мырзалардың аты­
нан, Рузима апай, Сізді шын жүректен құттықтап әрі табанды 
еңбегіңіз үшін рақмет айтамын!..» деп тебіріне сөйлеп, диплом 
мен айырықша белгіні қолыма ұстатты.
Үстел басындағылар дүркірей қол соқты. Қапелімде үнім 
шықпай, абдырағаным сонша, көзімнен ыстық жас домалап, 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
171
ойымда сайрап тұрған сөзімді тарс ұмытып, тым­тырыс тұрып 
қалдым.
Серікбек Жүсіпбекұлы тағы да жымиып, «Апай, біздің ми­
нистрліктен күткен қуаныштың бұл алғашқысы. Әкеңіз ашты 
деп арызыңызда көрсеткен кен орындарының тарихын тек­
серу жүріп жатыр. Көп жыл жабық жатқан мәселенің әлі де 
анықтайтын гәптері бар. Бұйырса оны да шешіп, нәтижесін 
өзіңізге хабарлаймыз... Ал Текелі туралы сол өндірістің өзінен, 
Текелі қаласының басшыларынан да қолдау түскен соң бұл 
мәселені біз әдейі бөле қарап, тездетіп шештік. Ал мынау – сізге 
ұсынған диплом мен омырау белгінің байғазысы!..» деп қалың 
конвертті алдыма қойды.
Көмекші жігіт қай жерден суырып алғанын білмеймін, бір 
құшақ гүлді қолыма ұстатты. Құдай дес бергенде есімді жиып, 
ұзын үстел басындағы азаматтарға қарап, «Серікбек қарағым, 
саған серік болып осы министрлікті бірге басқарып отырған 
қымбатты азаматтар!.. – деп бастап, жүрекжарды сөзімді айт­
тым. – Менің қырық жылдан бергі ізденісім, басымнан кеш­
кен бейнетім сыпыра тұман еді. Сол тұман ашылмай, күн көзін 
көре алмай, өмірден өтетін шығармын деген құса оймен мәңгу 
болған бейкүнә жан едім. Бүгінгі сыйлықтарыңмен сол тұманды 
сейілттіңдер, қарақтарым! Өмірде ақиқат барын білетін ем, ерте 
ме, кеш пе, соған қолым жетеріне сенгенмін. Бүгін, міне, алдым­
нан жарқырап күн шықты. Соны жасаған, Серікбек, айнала йын, 
сенсің, мына отырған қызметтес серіктерің. Бәріңе ақ күміс 
шалған ғазиз басымды иіп, рақмет айтамын. Алдағы күндерің 
жарық, маңдайларың ашық болсын! Әрқашан да ақиқаттан 
таймаңдар! Ақиқат үшін арыстанша күресіңдер, қарақтарым!..
Үстел басындағылар тағы да қол соқты. Министр қызым 
екеумізді ауызғы бөлмеге дейін шығарып салып, хатшы 
келіншекке «Мына кісіні үйіне жеткізіп салсын, жүргізушіні 
шақыр» деді.
Келесі күні шама­шарқымызша дастарқан жайып (әкеміздің 
Жоңғар Алатауының аса көрікті аңғарынан 1936 жылы іргесін 
қалаған Текелідей көркем қаланың өмірге келуіне негіз болған 
мемлекеттік құжат, №61, 2 сәуір, 1996 жылғы куәлік біздің үйде 
сақтаулы), туыс­жақындарымызды шақырып кәдімгідей той 
жасадық.
Енді өзім арызымда қадала сұраған үш кен орнының да тари­
хын айтайын: министр С.Ж. Дәукеев, қазірде басқа жұмыста деп 

Медеу СӘРСЕКЕ
172
естідім, қайда болса да Алла жолын оңғарсын, оларды да оңды 
шешті.
1997 жылдың қаңтар айының аяқ шенінде Серікбек Жүсіп­
бекұлы тағы да мені министрліктің алқа мәжілісіне шақырып, 
өз кабинетінде әкемнің Қарағайлы және Қайрақты түсті ме­
талл кен орындарын тұңғыш ашушы дипломы (екі кен орны 
да 1997 жылғы 23 қаңтарда толтырылған №157 бір куәлікте 
бірге жазылған) мен омырау белгісін тапсырды. Сол марапатты 
ұсынып тұрып, «Апай, Кентау қаласындағы Мерғалымсай кен 
орны туралы даулы мәселені шеше алмадық. Бірақ сіз осы кен 
орнының жергілікті халықтың атауымен ту бастан, қазірде де 
Мерғалымсай атанғанына тәубе деңіз. Ол енді шынында да сіздің 
әкеңіздің есімін алған кеніш. Кен орнының қоры таусылғанда да 
сол жерде ірге тепкен қалашық сол қалпында қала береді. Ешкім 
оны жұмыскер Миргалим Фахрезетдинов ашты дегенге сенбейді. 
Солай деп газеттер де жазыпты, біз де осы уәжге тоқтадық. Соған 
сіз де разы болыңыз!..» деген ойлы сөзін естіген соң, «Жарайды, 
қарағым, түйе сұрап, бие алғаныма разымын. Кезінде өз зама­
нына сыймаған әкеме сүбелі үш кен орнын ашушы деген атақты 
сый еттің. Мен енді сол куәліктерге сүйеніп, әкемнің есімін сол 
кеніштерде сақтау, құрметтеу ісімен шұғылданамын!..» деп ба­
сымды иіп, рақмет айттым. 
* * *
Рузима Мерғалиқызы бізге ұсынған құжаттардың бірі – 
Текелі қаласының әкімі Н. Русиновтың 1998 жылғы 27 нау­
рыздағы (№1­26­189) хаты. Онда ҚР Президентінің 1998 жылды 
«Халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жариялауы  на 
байланысты және Р.М. Қадылбекованың біздің әкімшілікке 
ұсынған құжаттарын негізге ала отырып, осы жылғы 2 нау­
рыздағы №364 шешімімен Текелі қаласының орталығындағы 
бұрынғы Щорс көшесіне Мерғали Қадылбековтің есімі берілгені 
айтылған. Осыған ұқсас екінші игі жораны Баянауыл ауданының 
әкімі К. Кеңесбаев 1999 жылы 27 желтоқсанда 310­санды әкімият 
шешімімен Майқайың кентіндегі бұрынғы Геологтар көшесін 
Мерғали Қадылбековтің есімімен аталғанын мәлімдеген. Тәубе 
делік! Алайда...

ШЫҒАРМАЛАРЫ
173
* * *
 
 «Біздің баянауылдықтардың дәті ерекше берік жандар десем 
де артық емес. Өздерінің етжақын адамдары болмаса, артынан 
іздеушісі жоқ, өмірден қағажулықты көп көрген, қолы қысқа 
жерлестерінің арыздарына мұрындарын шүйіріп қарайды. Газет 
бетінде, иә теледидар мен радио арқылы сол ауданда туып­өскен, 
тамаша істерімен елі мен жері даңқын көтерген, сөйте тұра 
репрессия жылдарында басы жойылған көрнекті тұлғаларын 
жоқтаушылар әйгілеп, хал­қадерінше жұртшылыққа таныс­
тырып бақса да аудан басшылары соларды естімеген, оқымаған 
адамша жым­жырт қалады. Оларды бір нәрсеге иліктіру үшін об­
лыс басшысы немесе республика үкіметінен біреу «Ау, бұларың 
не?» дегенше ешқандай ізет білдірмейді... – деп мұңын шағады 
Рузима Мерғалиқызы Баянауылдағы туыстарына жолдаған ха­
тында. – Нұрғали мен Мерғали Қадылбековтердің есімін қазірде 
күллі Қазақстан біледі. Екеуінің де есімдері «АЗА» кітабына 
жазылып, туған халқы үшін жасаған айтулы еңбектерін 
республиканың бас газеттері соңғы 10­15 жылда неше мәрте 
қайталап жазды. Олардың авторлары – мен емес, жазушылар, 
газет тілшілері, әлеуметтік қоғамдардың ресми өкілдері. Рас, 
соған мен де, сендер де атсалыстыңдар. Жә, содан не шықты? 
Әзірше ауыз толтырып айтқандай игі шаралар жасалған жоқ. 
Сірә, Мерғали көкеме құрмет Майқайың кентінің бір көшесін 
атаумен тоқтайды. Ал Нұрғали Қадылбековтің Қазақстанның 
6­7 облысында атқарған партиялық қызметтері өз алды­
на, Түрксібті салуға атсалысып, «Қарағандыкөмір» тресін­
дегі жанқиярлық жұмысы үшін Қарағандының бір көшесіне 
есімі қойылып, өлкетану мұражайында суреті мен өмір жолы 
көрсетілсе немесе Павлодар өңірі туралы жазылып жатқан сан 
алуан кітаптарға енсе деген арманым қиял қалпында қалып, 
жыл ұзаған сайын сағымға айналып барады. Мерғали көкемнің 
тынымсыз еңбегі арқасында Кентау мен Текелі қалаларының 
қаз тұрып, ондаған мың халық қоныстанған шаһар болғанын 
елемеу, көрмеу, ескермеу – ұлттық болмысымызға мін емес 
пе? Ең құрығанда, Кентаудағы Мерғали көшесінің бір жеріне 
гранит тастан болса да кеудемүсінін қойып, соның астына 
«Осы қаланың ірге көтеруіне дәнекер болған дарынды геологқа 
қала тұрғындарынан...» деген бір ауыз сөз жазылса – әкімият 

Медеу СӘРСЕКЕ
174
басшыларының беделі өспесе, төмендемесі айқын. Амал қан­
ша, мен зейнеткермін, сен аудандық мекемедегі қарапайым 
қызметкерсің. Екеуміздің көкірегімізді кернеген ащы өксікті кім 
тыңдайды, кімнің жүрегіне жетеді?.. Қысқасы, аман болайық! 
Өз басым қолым қалам ұстаудан қалғанша бұл мәселені жазу­
дан тоқтамаймын. Ақбота, бауырым, жассың, менің осы ісімді 
жалғастыруды саған аманат етемін. Алла саған жар болсын!..»
Ағайынды Қадылбековтердің шерлі тағдырына азды­көпті 
жанасып, өмір жолының қаһармандық оқиғаларына сүйсінген, 
ауыр тағдырының бүге­шігесін нақты деректермен өріп, өзімше 
шерткен қаламгер ретінде, мен, осы эссе авторы, Рузима 
Мерғалиқызының жүрекжарды хатында сөз еткен мәселелердің 
әлеуметтік мәнді іс екенін барынша қолдап, Кентау, Текелі, 
Баянауыл, Қайрақты, Қарағайлы кенттерінің, Талдықорған. 
Қарағанды және Павлодар қалаларының зиялы қауымына, 
билік басындағы қайраткер азаматтарға ағайынды Нұрғали 
мен Мерғали Қадылбековтердің есімін, ел тарихындағы еңбегін 
қандай да бір игі шаралармен ардақтау туралы өтініш айтумен 
шерлі хикаятымды аяқтаймын. Сол шараға атсалысқан ағайынға 
алдын ала рақмет айтамын!..
Ел түтінін түзеуге, Ел мерейін көтеруге 1919­1937 жылдарда 
белсене қатысып, сол жолда мерт болған ағайынды Қадылбековтер 
есімдері Ел тарихына алтын әріптермен жазылып, олар еңбек 
еткен елді мекендерде есімі лайықты түрде ардақталар деген 
үміттемін!..
Семей.
 15 шілде, 2012 жыл
 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
175

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал