Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.19 Kb.

бет10/19
Дата08.01.2017
өлшемі7.19 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Кадильбеков Мергалий, 1907 жылы Қа­
рағанды облысының Баянаульский ауданының Жаман­Киста­
уский ауылында туған, Алматының Дзержинский көшесін­
дегі 58­үйде тұрған, соңғы қызметі – Текелі кен басқармасы ның 
техникалық жетекшісі, мамандығы – кен барлаушы инже­
нер, ВСГ­нің (сірә, «Всесоюзный сообщество геологов» қоғамы –
М.С.) 1924 жылдан мүшесі, қауымдық жағдайы – ешқандай 
меншігі жоқ, «1917­1929 жылдар аралығында қандай партияға, 
қауымдастыққа, иә ұжымға мүше болдың?» деген сұрақтарға 
тұтқын  «Бірде­біріне мүше болғаным жоқ» деп жауап берген, 
тұтқындалған кездегі қауымдық жағдайы – қызметкер, одан 
кейінгі «Патша әскерінде, ақ гвардияның құрамында, Қызыл 
армияда болдың ба?» деген үш тармаққа да тұтқын «Болғам 
жоқ» деп қысқа қайырған. «Шыққан тегің кім?» деген сұрауға 
«1925 жылға дейін кедей отбасында тәрбиелендім, одан кейін 
әкем жеке шаруашылық құрған» депті, ұлты мен азаматтығы 
жөніндегі сұраққа – «қазақпын, КСРО­ның азаматымын» десе, 
партиялығы туралы – «БКП(б)­ға алғашқыда 1920 жылдан, одан 
кейін 1931 жылдан кандидатпын, білімім жоғары техникалық, 
Москваның геологиялық барлау институтын бітірдім, әскери 
есепте жоқпын, бұған дейін сотталған емеспін», денсаулығы 
туралы тармаққа «эпилептикпін (генудальный)»
*
 деп жа­
уап беріпті. Ал отбасы туралы сұрауға «Мәкіш шешем 70 жас­
та, әйелім мен тәрбиемде 18 жасар қарындасым бар, есімі –
Қалимаш, үшеуі
**
 де өзіммен бірге Дзержинский көшесіндегі 
58­үйде тұрды» деп жауап берген. Тұтқындалған уақыты – 30 

Адамның миында болатын ұстамалы сырқат, ғылыми атауы – эпилепсия 
(epiIepsia, гректің «ұстаймын, шап беремін» деген сөзінен туған). Анасының 
құрсағында жатқанда пайда болады немесе жас күнінде ми қабының кенеттен 
қабынуынан қозады. Шамалауымызша, Мерғали Қадылбекұлы сол сырқатпен жас 
кезінен ауырған, әскери есепке алынбауы да содан. Түрмеге тап болғанда, сірә, ұзақ 
қинаудан, ұйқысыз өткізген азаптан сырқаты жиі ұстап, ерекше қозған. Бәлкім, 
нақақ жаладан жан­жүйесі жұқарған азамат анкетаға ескі сырқатын әдейі жазып, қу 
жанына араша іздеуі де мүмкін...
** 
Рузима қызын көрсетпеуі, сірә, жалғыз перзентінің тағдырына мазаланудан 
туған амал. Оны ағасының қолына апаруы да тегінде сол ойдан өрбіген. 58­баппен 
айыпталғандардың отбасы да тұтқындалып немесе шеткергі қа лаларға жер аударыла­
тынын білген. Бәлкім, балалар үйіне түспеуін ойла ған...

ШЫҒАРМАЛАРЫ
121
мамыр, 1937 жыл. Жұмбақ жайт: біз сөз етіп отырған анкета 
1937 жылғы 14 қарашада толтырылған, 4­парақтың аяғында 
тұтқынның қолы қойылған. 
Екінші құжат – КСРО Жоғары сотының 1960 жылғы 14 мау­
сымда Мерғали Қадылбековтің қылмысты ісін қайта қарап, 
марқұм болған геологты 23 жыл бұрынғы қылмыстан ақтаған 
үкімнің машинкаға басылып, мөрмен расталған көшірмесі. Бұл 
құжатты да толық келтіреміз. 
«КСРО Жоғары сотының Әскери алқасының 4 н­1496/60­
санды анықтамасы.
Алқаға төрағалық етуші – юстицияның генерал­майоры Ко­
стромин, алқа мүшелері – юстиция майоры Васильев және юсти­
ция подполковнигі Тарасов.
1960 жылғы 14 маусымда Жоғары Әскери прокурордың тұ­
жырымдамасын басшылыққа ала отырып, біз, жоғарғы құрамда, 
РСФСР­дың УПК­ның 378­бабына сәйкес, 1907 жылы туған, 
Қарағанды облысының Баянаульский ауданының Жаман­Ки­
стау ауылының тумасы, 1937 жылдың 30 мамырына дейін 
Текелі кен басқармасының техникалық жетекшісі міндетін 
атқарған Мергалий Кадильбековтің КСРО Жоғары сотының 
Әскери алқасының үкімімен 1938 жылғы 27 ақпанда 58­баптың 
7, 8 және 11­тармақтары бойынша ату жазасына кесіліп, 
қылмыскердің жеке мүлкін тәркілеу туралы және бұл үкімнің 
кассация бойынша қайта қаралуға тиіс еместігін ескере оты­
рып, жазаланған істі қайта қарадық.
Қылмысты іс бойынша Васильев жолдастың баяндамасы 
тың далды. Оған қоса Бас әскери прокурордың аға көмекшісі, 
юстиция полковнигі Титковтың осы істі зерттеген тұжырым­
дамасын тыңдаудан кейін КСРО Жоғары сотының Әскери 
алқасы төмендегідей а н ы қ т а м а жасады:
Сот алқасы Кадильбековті 1935 жылдан бастап Қазақ КСР­
інде жасырын түрде жұмыс істеген, Кеңес өкіметіне қарсы 
ұйымдасқан ұлттық ұйымға мүше болғанын анықтаған, өзін 
осы ұйымға тартқан Уразали Джандосовпен бірге зиянкестік 
әрекеттер жасап, нақты айтқанда, кеніштің тезірек өнім 
беруіне кедергі жасаған.
Бас әскери прокурордың Кадильбеков туралы соңғы тұжы­
рымдамасында кейіннен мәлім болған айғақтардан оның бұл 
қылмысқа қатысы жоқтығы анықталған, сондықтан да бұ­

Медеу СӘРСЕКЕ
122
рынғы үкім қайтадан қаралуға тиіс. Сөйтуге негіз болатын 
айғақтар мынадай: Кадильбековті соттауға өзінің жауабы
яғни Кеңес өкіметіне қарсы зиянды әрекет жасайтын ұлттық 
ұйымға Уразали Джандосов мүше болуға 1935 жылы өзін зорлап 
тартқанын мойындауы себеп болған; Кадильбековтің сол жау­
абы басқадай қылмыстары үшін тұтқындалған А. Шарибаев, 
И. Игенов, У. Джандосов және Д. Коссаевтың тергеу үстіндегі 
жауаптарымен бекіген, олардың бәрі де Қазақстанда жасы­
рын түрде жұмыс істеген, кеңеске қарсы күресуге ұйымдасқан 
ұлттық ұйымға мүше болғанын мойындап, Кадильбековпен тізе 
қоса зиянкестік жасағанын дәлелдеген.
1960 жылы осы істі қайтадан қарағанда мәлім болған айғақ­
тарды тексеруден кейін Кадильбековтің нақақтан айыптал­
ғанына көзіміз жетті.
Кадильбековті кеңеске қарсы ұйымға мүше болуға тартқан 
әрі өзі де сол үшін 1938 жылы айыпталған У. Джандосов 1957 
жылы біржола ақталып, қылмысты ісі қысқартылды. Сондай­
ақ, 1955­1959 жылдарда Джандосов ұйымдастырды деген ұйымға 
мүше болғаны үшін сотталған Игенов, Шарибаев, Коссаевтың 
нақақтан жазаланғаны анықталып, кешірімге жатқызылды.
Қосымша тексеру мақсатымен біз Текелі комбинатында сол 
кезде жұмыс істеген еңбек ардагерлері И.М. Бондарев, И.Г. Баз­
деров, П.Е. Павлов және басқалар Кадильбековтің аса сауатты 
инженер екенін және жұмысты жанын сала жақсы істегенін 
нақты айғақтармен сипаттады. Кадильбеков Текелі кен 
басқармасының техникалық жетекшісі ретінде ұйымдастыру 
жұмысын ерекше ынта­жігермен атқарған және өндірістің 
ділгір қажеттерін дұрыс шешкен. Ал қарауындағы адамдар 
жұмысты ақсатса, иә төзуге болмайтын олқылықтар жіберсе, 
соларды жазалау туралы жоғары органға хабарлап, дер кезінде 
дабыл көтерген...
КСРО Жоғары сотының Әскери алқасы Бас әскери прокурор­
дың тұжырымдамасын ескере отырып, қосымша тексеру жасап, 
осы іске байланысты жиналған барлық материалдарды мұқият 
қараудан соң төмендегідей шешім жасады: КСРО Жоғары 
сотының Әскери алқасының көшпелі сессиясы Кадильбеков 
Мергалийдың қылмысты ісі туралы 1938 жылғы 27 ақпандағы 
үкімін жаңадан мәлім болған қосымша айғақтарға байланысты 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
123
күшін жойып, оны айыпты еткен қылмысты тоқтату қажет 
деген шешімге келді.
Осы үкімнің алқа мүшелерінің қол қоюуын растаушы – капи­
тан Пашков. 
 Москва, 16.06.1960 жыл». 
 Мерғали Қадылбековтің «Кеңес өкіметіне қарсы қылмысын» 
өзіне «мойындатып», басын жойған 1938 жылғы алғашқы үкім 
де, 23 жылдан кейінгі, 1960 жылғы, сол «қылмыстың» бастан­
аяқ ойдан шығарылғанын, «жаңадан мәлім болған қосымша 
айғақтарға байланысты» алғашқының күшін жойып, ақтаған 
үкімді де қабылдаушы КСРО Жоғары сотының Әскери алқасы 
екендігіне, оқырман, мән бере қараңыз! Екі үкімде де бірден 
көзге түсетін келеңсіз жайт: «Текелідегі қорғасын кенін игеруді 
зиянкестікпен кешеуілдетті» деген жалғыз «айғақты» қылмыс 
деп таныған – жергілікті НКВД емес, Мәскеудің Әскери алқасы. 
Демек, осы істің күрмеуі ту баста Үлкен астанада байланып, яки 
сол бойынша кімдерді тұтқындау туралы тапсырма Ішкі істер 
наркоматының жоғарғы басшыларынан өрбіген. Сондықтан 
да қазақстандық тергеушілер қосымша қылмыс іздеуге баста­
рын қатырмай, талай сорлыны арандатқан үйреншікті әдіске 
бас ұрып, Текелі комбинатының екі басшысын және солар­
мен бірге істейтін бірнеше бейбақты тұтқынға алып, кеніш 
құрылысын қасақана «кешеуілдеткеніне» айғақтарды жантала­
са іздеген. Шынтуайтын айтқанда, іздемеген, тек «күнәларын» 
мойындатуға табандатқан 9 ай (!) жұмсаған.
Шынында да шерменделерге 58­баптың ауыр үш тармағымен 
байланған «қылмыс» бүгінгі күн ғана емес, сол кездегі иланым­
мен қарағанда да ешқандай сын көтермейді. Нақты айғаққа 
жүгінейік: Жоңғар Алатауының ақар­шақар шоқылары мен ну 
жыныс, өткел бермес арынды өзендерін жаяу­жалпы шарлап, 
зор бейнетпен тапқан, жеті қат жер астында жасырынып жатқан 
кенін көрегендікпен көріп, ел игілігіне жаратуға асыққандар – 
Мерғали Қадылбеков, оның бастығы – Оразалы Жандосов. Енді 
соған жанкештілік жасап, жедеғабыл іздеп тапқан мол қазынаны 
тездетіп игеруге қастандық жасаушылар да кім­кім – сол 
екеуі. Яғни, бір қолымен кен көзін ашса, екінші қолымен соны 
жасыруға тырысқан­мыс. Екінші, екеуі де Текелі тау­кен ком­
бинатын небәрі 4­5 ай басқарған. Бұл болса темір жолдан қашық 

Медеу СӘРСЕКЕ
124
тау ішінде, ел қоныстанбаған қиын жерде тыңнан ұйымдасқан 
ұжым. Ондай өндірісті аяғынан тік тұрғызу үшін кем дегенде 
4­5 жыл керек болатынын (шынында да Текелі алғашқы кента­
сын 1944 жылы жөнелткен) заңгерлер білмеген бе? Білген, бірақ 
қасақана елемей, қылмысқа жатқызған. Демек, оларға кентасын 
ел экономикасына дер кезінде қосудан гөрі, бір топ кенші мен 
білікті мамандардың басын жою қажеттірек болған...
Ал «Текелі тобына» неліктен мәскеулік тергеушілер шүйілген 
деген сұрауға жауап беру үшін сол кезде Одақта қалыптасқан 
төтенше жағдаятқа шолу жасауға тура келеді...
КСРО Ауыр өнеркәсіп наркомының бірінші орынбасары 
Ю.Л. Пятаковтың Қазақстанға 1935 жылғы сапарында тыңнан 
салынып жатқан комбинаттар мен зауыттардың аса ділгір 
қажеттерімен айналысып, қолма­қол шешуге тырысқанын 
жоғарыда біз ішінара сөз еттік. Мерғали сорлы да «Социалистік 
Қазақстан» газетінде басылған мақаласында наркомат басшы­
сына «Нағыз мемлекет қайраткері, өндірістің шынайы білгірі» 
деген сипатта мадақ білдіріп, Текелі кенінің де сол тұлға 
бергізген мол қаржымен едел­жедел барланғанын мәлімдеген. 
Амал не, жағдай бертінде шұғыл өзгерді. Пятаковтың жазалау­
шы органның құрығына ілініп, 1937 жылдың ақпан айының 
басында тұтқынға алынуы (С. Орджоникидзенің 2 ақпанда аты­
лып өлгенін осы оқиғамен байланыстыра қарап отырмыз) сол 
қайраткер Қазақстанда істес болған өндіріс басшыларын да жар 
жағасына жақындатқан.
Өйткені кеңестік жазалау жүйесі құрылған кезінен өздері не 
етене еткен сорақы рәсім – кімге болсын қылмысты іс қозғар­
да сол күнәкарды жалғыз шалмайды, онымен бірге істеген, 
аралас­құралас болғандарға түгелдей «компромат» жинайды. 
Нәтижесінде ондаған, кейде жүздеген адамдарды «жазалы» етіп, 
Кеңес өкіметінің «қаскөй жауларын» мың­мыңдап ұстайды. Ең 
шатағы, сол мамандардың білімі, еңбегі, үкіметтің индустрия­
ландыру жобасына өлшеусіз зор қызмет көрсеткені ескерілмейді.
НКВД қасапшылары бұл жолы да сыннан өткен тәсілді 
қолданған. Мысалы, ең алдымен осы наркоматтағы Главцвет­
мет басқармасының әйгілі басшысы Шахмурадов тұтқындалып, 
Балқаш көлінің жағасындағы мыс алыбын тұрғызушы директор 
Ивановты да зауыт ауласынан қамауға алып, іле­шала Мәскеу­
ге жеткізген (Ивановпен бірге қазақтың тұңғыш кен байыту­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
125
шы инженері Жармағанбет Төленов және ондаған балқаштық 
инженер­техниктер тұтқындалған). «Пятаков тобы» аталған 
«қара тізімнен» Қарсақбай мыс зауытының 1933 жылдан бергі 
директоры Гулин мен 1932­1937 жылдарда Қарсақбай комби­
натын, Алтайполиметал тресі мен Зырянов кен басқармасына 
жетекші болған, дарынды өндірісші Жұмажан Тәттібаев та қақас 
қалмаған. Шамалауымызша, мамыр айында тұтқындалу кезегі 
Текелі комбинатының қос басшысына жеткен.
Одан арғысы оңай: қармаққа ілінген шерменделерді күні­
түні дүрелеп, жантүршігерлік қинаумен болмаған, ойламаған 
«зиянкестік қылмыстарын» мойындату жүзеге асады (Тегінде 
кімде­кімнің де қылмысын мойнына қою үшін нақты айғақ 
іздеу қажет емес. Кінәлі екенін қылмыскер мойындаса болды. 
Миллиондаған пендені оп­оңай құртуға мұрындық болған осы 
«теорияны» ойлап тауып, заңды етуші – КСРО­ның Бас проку­
роры, заң ғылымының докторы, академик А.Я. Вышинский). 
Алайда біздің жігіттер («Текелі ісі» бойынша 6 бейбақтың есімін 
атадық) көп уақытқа дейін кереғарлығы бетке ұрып тұрған 
«зиянкестігін» мойындамай, қатты қаржасқан тәрізді. Тергеудің 
9 айға созылып, М. Қадылбековтің ісіндегі «Тұтқындалушы ан­
кетасының» мамырда емес, қараша айында қайта толтыры луы – 
соған дәлел...
Алайда 1937 жылдың аяғында жағдай күрт ауырлайды.
Қазақстан КП(б) Орталық Комитетінің бірінші секретары 
Л.И. Мирзоян Мәскеуге жедеғабыл шақырылып, ол отырған 
жүрдек пойыз астанаға тақағанда тұтқындалады. Демек, бұ­
ған дейін лениншіл­сталиншіл қайраткер саналған тұлға да 
«ішкі сырын жасырып, қой терісін жамылған қасқыр» болып 
шығыпты. Сөйтсек, ол нағыз троцкист, рыковшыл, зиновьевшіл, 
каменевшіл, бухариншіл, тағы кімдершіл зиянкес топтың бас­
шысы екен. Қазақстанды көтерем халден көтерген әрекетті де ол 
халық көңілін өзіне бұру үшін зимияндықпен жасаған­мыс. Түп 
мақсаты жаулық болғандықтан 1933­1937 жылдар аралығында 
республика мен облыстарды билеуге қойған ұлт кадрлары да түп­
түгел соның сыбайластары, Кеңес өкіметін құлатып, Жапонияға 
колония етуге дайындаған серіктері. Осы «теорияға» сәйкес 
Қазақстан атырабынан іле­шала бірнеше мың адам, негізінен об­
лыстар мен аудандардың бірінші, екінші, үшінші деңгейдегі бас­
шылары түгелдей «Мирзоян тобының» мүшелері ретінде қамауға 
алынған.

Медеу СӘРСЕКЕ
126
Солардың бірі – 1918 жылдан КПСС мүшесі, Қазақстанның 
Жетісу губерниясында Кеңес өкіметін нығайтуға белсене қатыс­
қан мемлекет қайраткері, Верный (Алматы) қаласындағы ерлер 
гимназиясын тәмамдаған Ораз Кәкімұлы Жандосов. 1928­1935 
жылдарда ол ҚазКСР Ағарту халкомы, Қазақ ауыл шаруашылы­
ғы институтының директоры, БКП(б) Кеген аупарткомының 
бірін ші секретары болып та еңбек еткен. Жазмыштың жазуына 
не шара, 1936 жылы ол да Л. Мирзоянның ұсынысымен Алматы 
облыстық атқару комитетінің төрағасы болып сайланған. Оған да 
«Кеңес өкіметіне, И. Сталиннің жеке басына қастандық жасау­
ды жобалаған қаскөй ұйым» құрған Л.И. Мирзоянның оң қолы, 
белсенді жақтаушысы деген айып тағылған.
Үлкен Жандосов «халық жауы» болып шыққан соң оның 
туған інісі Оразалы Кәкімұлы астыртын топтан қақас қала ма? 
Қалмайды, белсенді мүшесі болуға тиіс. Себебі ол да ағасына 
ұқсап, Верный гимназиясының 4­класын бітірген соң 1924­
1925 жылдары Мәскеудегі жоғары кооператив курсында білімін 
көтерген, одан соң Қазақстандағы ауыл шаруашылығы коопе­
рациясын басқарып, 1926­1929 жылдарда Ақтөбе губерниялық 
атқару комитетінде жауапты жұмыстар атқарған. Алайда 
тыңғылықты білім алуды көксеп, қазақ жастары көбірек құш­
тар болған Мәскеудің тау­кен институтына түсіп, кен барлау 
факультетін 1933 жылы тәмамдаған. Геологиялық кәсібін кіші 
Жандосов Семейдегі «Қазсирекметаллбарлау» тресінде бастап, 
бастығы да болып, 1935­1936 жылдарда туған өлкесі Жетісуға 
оралып, Қаскелең геологиялық барлау партиясына жетекшілік 
еткен. Оразалы мен Мерғалиды орға жыққан айғақ 1937 жылдың 
қаңтарында, Текелі комбинатының іргетасын бекемдеу ісінде 
байланған.
Л.И. Мирзоянның екі геологты, олардың Қазақстан қыр­
тысынан қорғасын, мырыш, мыс және сирек металл кендерін 
іздеп табудағы еңбегін жақсы білгендіктен өндіріс мәселелерін 
талқылаған жиындарда есімдерін даралап атап, олар ұсынған 
мәселелерге қолдау көрсетуі пәле­жала іздеген НКВД тергеу­
шілерінің назарына іліккен. Ілікті ме, сорлады деңіз: «шығасы­
ға иесі басшы» болып, 7 ай бойы қамауда жатқан «Текелі ісі­
нің» қатысушыларына 1938 жылдың қаңтарынан бастап Ораз 
Жан досов басқарған «Жетісу тобы» және Мирзоян құрған «Қа ­
зақстандық зиянкестер» ұйымының белсенді мүшелігі зор­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
127
лықпен телінеді, күнәкарлардың ауыр кінәсін «мойындауы» 
тағы да айғаққа айналып, КСРО Жоғары сотының Әскери 
алқасы ату жазасына кескен үкімі ақпан айының аяқ шенінде 
шығарылады. Үкімнің орындалуы да іле­шала жүзеге асқан. 
Марқұмдардың мүрдесі жерленген орын, қазірде мемориал­
ескерткіш тұрғызылған, Алматының іргесіндегі Жаңалық елді 
мекені деген жорамал айтамыз... 
* * * 
 
 Мерғали Қадылбекұлының Шымкент зауытын қайткен күн­
де сенімді қорғасын шикізатымен қамтамасыз ету үшін қу жаны­
на тыным бермей, Қаратау бөктерін, Іле мен Жоңғар Алатауын 
неше жыл шарлаған геологиялық сапарларында іздеп тапқан, 
ақыр аяғында сол істі баянды етер қарсаңда қиянат жалаға тап 
болып, көзін жоюмен аяқталған «Текелі ісінің» бертінгі өркені 
жайында бірер сөз айтудың кезегі келген сияқты...
Текелі полиметалл кені, сонда жұмыс істейтін комбинат 
пен Текелі қаласы туралы ҚСЭ­нің 1977 жылы жарық көрген 
11­кітабының 8­бетінде егжей­тегжей жазылған...
«Текелі полиметалл кені»... – Талдықорған облысындағы 
Текелі қаласының маңындағы кен. 1933 жылы (?) ашылды, 
1935­37 жылдарда барланып, қоры есептелді. 1938 жылдан пай­
даланылуда. Оңтүстік Жоңғар антиклинорийінің солтүстік 
қанатындағы Текелі свитасында орналасқан. Свита бір­бірімен 
қабаттасқан көмірлі­сазды, көмірлі­әктасты, кремнийлі тақ­
та тастардан және әктерден түзілген. Қалыңдығы кейде он­
даған метрге жететін руда иірімдері ендік бағытта созы лып, 
солтүстікке қарай 60­85 градус бұрышпен еңістенген. Басты 
руда минералдары: пирит, сфалерит, галенит. Негізгі ме­
талдары: мыс, мырыш. Мырыш мөлшері қорғасыннан екі есе 
жоғары. Біраз қосалқы элементтер бар. Руда шахта арқылы 
өндіріледі. Байыту фабрикасы бар. Кеннің гидротермалдық және 
метасоматикалық жолдармен жаралғандығы жөнінде пікірлер 
бар. Қоры жөнінен ірі кендерге жатады».
Сол беттегі «Октябрь революциясының 50 жылдығы атын ­
дағы Текелі қорғасын­мырыш комбинаты» деп атылған мақа­
ланы да назарларыңызға ұсынамыз:

Медеу СӘРСЕКЕ
128
«Қазақстандағы аса ірі түсті металлургия кәсіпорын да­
рының бірі. Талдықорған облысының шекарасындағы Жоң ғар 
Алатауының қойнауына орналасқан. Кен қойнауын 1911 жы­
лы барлаушы П.А. Казанцев ашты
*
. Комбинат құрылысы 1937 жы­
 
лы жобаланып, жоспарлы кен алу мен оны өңдеу жұмысы 
1944 жылы басталды. Қазіргі кезде комбинат Текелі, Көксу 
(Талдықорған обл.), Тұйық (Алматы обл.) рудниктерімен, 
2 байыту фабрикасымен, сондай­ақ бірнеше цехтармен ке­
ңейтілген. Комбинаттың негізгі өнімі – қорғасын, мырыш 
және барит концентраттары еліміздің түсті металлургия 
зауыттары мен химия және мұнай өндіру кәсіпорындарында 
қайта өңделіп, пайдаланылады. Сонымен бірге комбинат КСРО 
кәсіпорындарының негізгі технологиялық жабдықтарына ар­
нап запас бөлшектер де шығарады...»
ҚСЭ­нің осы бетінде Текелі қаласы туралы мынадай анықтама 
берілген.
«Текелі – Талдықорған облысындағы қала. Талдықорған 
қаласының оңтүстік­шығысынан 50 км., Қаратал өзенінің жо­
ғары жағын ала, Жоңғар Алатауының сілеміне орналасқан... 
Геологиялық барлау нәтижесінде Текелі полиметалл кені 
Одақ 
тағы ірі өндіріс орны ретінде 1937 жылы бағаланды. 
1944 жылы Текеліде рудник және қорғасын­мырыш комбина­

Осы деректің шындығына күдіктіміз: біріншіден, жоғарыдағы мақалада 
«Текелі кені 1933 жылы ашылды» делінген, тұңғыш ашқан маманның есімі 
түсінікті себеппен аталмаған; ал біз осы эсседе Текелі кенін 1935 жылы үкіметке 
мәлімдеп, оны түбегейлі зерттеуге кімнен және қанша қаржы алғаны жа­
йында М. Қадылбековтің қыруар еңбегін егжей­тегжей сөз еткенбіз; екіншіден, 
XX ғасырдың бас кезінде Жоңғар Алатауында ешқандай да геологиялық зерттеу 
жүрмеген, Қазақстан қыртысының қазба байлығын түбегейлі зерттеу 1920 жыл­
дан беріде жүргені – тарихи шындық, мақалада аталған П.А. Казанцевтің кім екені 
және осы кенді ашқандығы жайында дерек көзі нақты көрсетілмеген; үшіншіден, 
«Кен қойнауы» деген терминнің ғылыми мәні түсініксіз, егер ол «Кен провинци­
ясы» деген мағынада айтылған болса, мысалы, Алтай қойнындағы қисапсыз мол 
полиметалл кендерін зерттеушілер сол өлкені XX ғасырдың басында­ақ (профессор 
В.К. Котульский және басқалар) Кенді Алтай атап, онда полиметалл кендерінің 
ерекше молдығын даралаған; Жоңғар Алатауы туралы мұндай анықтама бұрын 
да, қазір де айтылмаған; төртіншіден, осы өңірдегі бірден­бір қоры мол кен орны – 
Текелі мен Көксу кен орындары ғана...

ШЫҒАРМАЛАРЫ
129
ты іске қосылды. Сол кезде ірге көтерген Текелі поселкесі 1952 
жылы облыстық қалаға айналып, бірте­бірте Жетісудағы 
өнеркәсіп орталықтарының бірі болып қалыптаса бастады. 
Текелі қорғасын­мырыш комбинатымен қатар қалада энерго­
комбинат, құрылыс материалдары мен конструкциялар ком­
бинаты, кірпіш зауыты, Дзержинский атындағы трикотаж 
бірлестігінің филиалы, нан зауыты, баспахана, Жоңғар гео­
логиялық экспедициясы шоғырланған. Жалпы білім беретін 10 
мектеп, мектеп­интернат, мектеп жасына дейінгі 18 балалар 
мекемесі, мәдениет сарайы, 4 клуб, 3 кинотеатр, 8 кітапхана, 
медициина­санитарлық мекеме, балалар және туберкулез ау­
руларын емдейтін емхана, аурухана, санэпидстансия, т.б. 
мәдениет орындары бар...»
XI
 Орынбордағы дарынды балалар пансионатын тәмамдаған 
соң (о кезде кеңестік оқу жүйесінде «Жедел оқу әдісі» қол­
данылған: орта мектеп куәлігін 9 жылда аласың немесе бір сы­
ныпта жыл бойы отырмай, үздік оқып, келесі басқышқа аттап 
кетуге де болады). Ахмет Қадылбеков те сол еркіндікті әжетіне 
жаратып, мектеп бітірушінің аттестатын жедеғабыл иеленіп, 
Мерғали ағасы салған даңғыл жолмен Мәскеу тау­кен институ­
тына 1929 жылы 16, иә 17 жасында қабылданған.
Инженер­металлург мамандығына ие болып, 1934 жылы ту­
ған еліне шат­шадыман көңілмен оралған жас маманның кә­
сібіне сай жұмыс ала алмай әуре­сарсаңға түсіп, ақырында 
жергілікті газеттің корректоры болып еңбек еткенін жоғарыда 
ескерттік. Әріп қараушының шамалы еңбекақысы дардай 
азаматтың күнбе­күнгі жұтқын тілеуі мен тұрмыстық қа­
жетінен аспағандықтан отбасын құрамайды. Сөйтіп жүріп 
Ах мет пұшайман төрт­бес жылды артқа тастайды. Мерғалиы 
ұсталып кеткен соң Отар бекетіне қоныс аударған Бибімәрия 
анасының әмеңгерлік міндетін есіне салып телуімен 1939 жылы 
Нұрғали ағасының шаңырағын күзетіп отырған жасаң жеңгесі 
Гүлжанмен отасады. Одан бір перзент сүйген, сол шарана бірақ 
туа сала шетінепті...
9­247

Медеу СӘРСЕКЕ
130
Өмір жолы сыпыра өксік, шетқақпай сүргінмен басталған 
Ах мет Қадылбекұлы отыз жастың өріне жақындағанда, сірә, 
әу летіне байланған саяси қылмыстылар атағынан құтылудың 
бірден­бір амалы деп ойлаған ба, әлде өзінің отансүйгіштік 
пейілін дәлелдегісі келген бе, кім білсін, 1941 жылдың күзінде 
майданға сұранып, Шымкент қаласының әскери комиссариа­
тына арыз берген. Арызы қанағаттандырылып, әскер қатарына 
алыныпты. Қысқа мерзімді дайындықтан өткен соң жаяу әскер 
құрамында майданға жөнелтілген. Ағасы Садыққа жазған хат­
тарында үнемі алдыңғы шепте болатын барлаушылар ротасын­
да екенін мақтана жазыпты. Бірнеше мәрте ерлік көрсетіп, ме­
дальдар алып, бір мәрте орденмен марапатталған. Компартия 
мүшелігіне де майданда өткен. Амал не, тағдырдың жазуымен 
1944 жылғы қаңтарда Витебск қаласы үшін болған шайқаста 
қаза тапқан. Сол қарсаңда Ахмет небәрі 32 жаста. Орынбор 
мектебін үздік бітірген, ән­әуеннен құралақан емес, жан­жақты 
өнерпаз, 21 жасында жоғары техникалық білім алған, сөйте тұра 
дарқан өмірден ешқандай қызық көрмей, артына бір перзент те 
қалдырмай өмірден озған.
1944 жылдың басында­ақ майданнан жиі келетін хаттар ке­
нет үзіліп, туған інісінің әлденеге ұшырағанын жүрегі сезіп, 
ұйқысы қашып жүрген Садық Бейсенов тұратын Отар бекетіне 
көктемнің жайма­шуақ күндерінде Иса Байзақов келеді. Ақын 
азамат – бұлармен ежелден аралас­құралас жан, жерлестігі­
не қоса Нұрғалидың туған бажасы, бір емес, екі мәрте. Ахмет 
інісінің көктей сөнген жаманат хабарын естіп, қыршын жастың 
«қара қағазын» Шымкенттің әскери комиссариатынан алған 
ақын әуелде не істерін білмей есі шығып, ақырында өзімен 
құрдас, сыйлас адамы, ауылдық кеңестің төрағасы Бекмолда 
Құлғаринмен ақылдасып, соның үйіне Қадылбековтерді бала­
шағасымен шақыртып, Ахметтің қазасын естіртеді.
Садықтың бала­шағасы «Ой, бауырымдап!» жаппай өксігенде, 
көрші­қолаң: «Қайран ер бұл дүниеден ешқандай қызық көр­
мей, қапылыста кетті. Бір ғана уаныш – дүйім жұрт шейіт бо­
лып жатқан Отан үшін құрбан болды. Қу жаны пейіште бол­
сын!..» – деп жұбату айтқанда, жетпіс жастың өріне көтерілген 
анасы Бибімәрия бес ұлдан сопиып жалғыз қалған Садығын 
қайта­қайта құшып: «О, жасаған ием, шұнақ құдай, 16 ұлымның 
он бесін алдың. Маған бұдан артық тағы не істейсің?! Солардың 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
131
біреуінің орнына мені ал да, қан тілеген жұтқыныңды толтыр деп 
талай жалбарындым. Көзімнен аққан қанды жасты көретін, иә 
күні­түні сұраған тілегімді тыңдайтын, құдай тағала, сенде көз 
де, құлақ та жоқ, нағыз дүлейсің. Міне, тағы да дауыс айтып, 
тоғыз ай көтерген Ахметімді, омырауымды суалтқан кенжемді 
жоқтап аңырап отырмын. Жылай­жылай көзім де суалды. Сон­
шама керең бұл құдайға не деймін, ойбай?!.» – деп аңырағанда 
Бекмолда кеңестің үйіне жиналған жұрт ештеңе айта алмапты. 
Тек қосыла егілген...
Жаны азып, көңілі құлазып отырған Иса ақын ғана әлден соң:
– Бәйбіше, сабыр ет! Бұл жолғы – дүйім халық көрген қаза! 
Ахметің Отан үшін шейіт болды!.. Садығыңның амандығын тіле! 
Анау қазақтың арысы дерлік азамат ұлдарыңнан қалған не­
мерелеріңе ие бол! Олар да саған жұбаныш!.. – деген уәжін неше 
мәрте қайталапты.
Ақындық шабытымен мыңдаған тыңдаушыны аузына қарат­
қан дүлдүл ақын қайран ана басынан кешкен ауыр қазаға не ай­
тарын білмей, мәңгу боп абдыраған деседі.
Садық бастауыш мектепке ұстаздық еткен кәсібінен Отар 
стансасында тұрақтағаннан кейін қол үзіп, темір жол бекетінде 
жол қараушы болып еңбек еткен. Қысқасы, көзге түспейтін 
жұпыны тірлігін өзгертуге аса құлықты болмаған. Жас күнін­
дегі ақжарқын мінезін де кілт өзгертіп, ешкімге сенбейтін, 
тіршіліктің қандай да қызық­шыжығына селт етпейтін бұйығы 
қалыпта өмір сүріпті. Соңынан ерген Мәдияр, Ерік, Берік, Ринат 
және Серік есімді бес ұлын қарапайым еңбекке баулып, орта мек­
тепте тиянақты білім алуын қатты қадағалаған. Солардың бәрінен 
де ерекше мақтаныш етіп, бес ұлына үлгі етері әр сыныпты үздік 
бағалармен тәмамдаған Рузима болыпты. Әрине, Бибімәрия ана­
сын ренжітпеуге тырысқан. Соғыс басталар қарсаңда Гүлжан 
келіні мен асыранды қарындасы Қалимашты Отарға алдырып, 
қолында ұстапты.
«Екеуіне де бірақ станса басынан лайықты жұмыс болма­
ды. Мәкіш әжем және мен қосылған соң, ағамның жұпыны 
үйі тарлық етті, ұйықтарда бастасып­аяқтасып, тіпті үстелдің 
астына жататынбыз. Гүлжан мен Қалимаш жұмыс іздеп, Шу 
өзенінің бойындағы ауыл­селоларды көп кезді. Отар бекетінің 
айналасы – өсімдігі жұтаң, қу медиен шөл дала. Жаз күндері да­
ладап дәрі шөп – соя жиямыз. Оны дайындау конторасына тап­

Медеу СӘРСЕКЕ
132
сырып, тиын­тебен аламыз. Естияр әпкелерім соны да нәпақа 
көріп, ұзақты күн Шудың жағасын кезеді. Көктемгі тасқында 
кейбір ойлауыт апандарда батпақты көлдер түзіледі. Күзге та­
ман олар тобарсып, сорайған қамыстың арасына, батпақ бетіне 
неше түрлі ұсақ жәндіктер жұмыртқалап, құжынап көбейеді 
екен. Дала кезіп жүріп, ыстыққа шыдамай өлі көлге түскен бе, 
екі әпкем де қышыма дертіне ұшырап, қатты қиналды. Үйде бай­
ыздап отыра алмады. Бізге жұқтырудан да қорықты. Не керек, 
бір себеп болар деп, өздері далада танысқан қырғыз жігіттеріне 
еріп, көрші республикаға қоныс аударып еді, сол жақта екеуінің 
де опат болғанын естідік...» – деген шерлі оқиғаны да Рузима 
Қадылбекова біз жоғарыда бірнеше мәрте сілтеме жасаған ғұмыр 
тарихында ішінара сөз етіпті.
– Садық ағайдың қолына мен Алматының қазақ мектебінің 
үшінші класын бітірген жазда келдім. Күзде ол кісі маған «Сен 
енді Мерғалидың қызымын дегенді ұмыт, қалқам. Сөйтпесең 
пионер мен комсомол ұйымына мүшелікке алмайды. Ал онсыз 
тиянақты білім ала алмайсың. Сені өзімнің қызым, жас күнінен 
шешемнің тәрбиесінде болған, екеуін де биыл қолыма алдым деп 
ауылкеңестің книгасына тіркетіп қойдым. Бұл амал да сенің 
болашағыңды ойлаудың қамы, сөйт, айналайын!..» деп айналып­
толғанып басымнан сипады. Мен ә дегенде көнбей, «Көкемнің 
атында қаламын» деп жылап­сықтадым. Садық ағам «Айтқанды 
істемесең – Әулиеатаға апарып, балалар үйіне өткіземін. Фа­
ми лияңды өзгертіп, панасыз қалған тұл жетім боласың...» деп 
зәре­құтымды алды. Ағатайымның мінезі шатақ, айтқанын 
істетеді. Мәкіш әжем де «Қарағым, тірі отырғанда сені ешкімнің 
көзтүрткісіне бермеймін. Қадылбекова болмай­ақ қой, Садық 
ағаң саған әке болады, соның атына біржола көш!..» деп есімді 
шығарды. Ақыры дегеніне көніп, 1937 жылдың жазынан Рузима 
Садықова атандым... – деп сыр шерткен­ді Рузима Қадылбекова 
бізбен әңгіме үстінде. Шынында да 1944 жылғы 20 маусымда 
жазылған, Жамбыл облысына қарайтын Отар стансасындағы 
Түрксіб темір жол мектебі берген кәмелеттік аттестатында солай 
делінген. Сол құжатта 17 пән тізілген, шетел тілі мен химиядан 
ғана төрттік баға қойылған, қалғаны – кілең бестік. 7­сыныпты 
қазақ мектебінде оқып, одан әрі орысша оқытатын оқу ұясын 
тәмамдаған.
«Түрксіб мектебінде сол кезде білімдері керемет мұғалімдер 
ұстаздық ететін­ді: 8­10­кластарда Гомель пединститутының 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
133
қар 
таң профессоры Николай Митрофанович Голубенко ма 
те­
ма тикадан сабақ берді, орыс тілі мен әдебиетін Одесса уни вер­
ситетінің доценті Елена Петровна Улицкая, химия пәні нен Ле­
нинград университетінің доценті Галина Сергеевна Архангель­
ская, ал тарих пен жағрафияны өзіміздің КазПИ­ді үздік диплом­
мен бітірген Рақымтай Әбішев ағай оқытты; мектеп директоры 
Друзь қабағы түксиген мосқал кісі еді, аты­жөнін ұмыттым; 
оқу ісін Кнут басқарды, қатыбас адам, балалар «Шынында да ол 
нағыз кнут, қамшы үйірер қылығы фамилиясында тұр...» деп 
әзілдейтін­ді... Өзім бірақ оның қамшы үйіргендей қатаңдығын 
көрген емеспін, үздік оқығандықтан ұстаздарым мені ерек­
ше жақсы көрді. Соншама білімпаздардың біздің мектепке қа­
лайша шоғырланғанын білмеймін, жасаң кезім, сол кезде мән 
беріп сұрамаппын. Ал қазірде солар саяси сенімсіздер ретінде 
Қазақстанға жер аударылып келген болар деген ойдамын, бәлкім 
соғыс кезіндегі эвакуация легімен келуі де мүмкін. Қалайда сол 
білімпаздардың шәкірттеріне дарытқан білімі текке кеткен жоқ, 
өз басым соның қырық­елу жыл бойы пайдасын көрдім.
Түрксіб мектебін мен 1944 жылдың жазында бітірдім. Қа­
тынас жолдары наркоматы ұйымдастырған қысқа курсты же­
деғабыл аяқтап, кеңсесі Бірінші Алматы стансасындағы Түрксіб 
оқу бөлімінің жолдамасымен өзім оқыған мектептің 5­7­класта­
рына математика мен физика пәндерінен сабақ беретін мұғалім 
болып, Отар бекетіне күзде қайтып келдім. Қыркүйектің аяғын­
да тұңғыш рет еңбекақы алып, Мәкіш әжемнің алақанына 
салғаным – күні бүгінге дейін есімде. Әжем мен берген ақшаға 
бірнеше кило қант пен тоқаш алдырып, кішкентай қарғашым та­
быскер болды деп көршілерге үлестірді...
Станса мектебінде үш жыл істедім. Жетімсіздікті күн сайын 
бастан кешкен жадау тұрмысымыз көп­көрім түзелді. Мен де 
үсті­басымды жөндеп, көмірдей қара шашым керемет қалың әрі 
қылтама дейін жететін ұзын еді, нұрлы көзімнің жанары о кезде 
қарақаттай өткір, талдырмаштың бойшаңы болатынмын. Сабақ 
беруге қиналғам жоқ. Есеп пәніне жас күнімнен жүйрік едім, 
жетіжылдық мектептердің есебін шемішкедей шағатынмын. 
Сөйтсе де білімімді көтеруді жөн көріп, 1947 жылы, 19 жасым­
да, Шымкенттегі екі жылдық мұғалімдер институтында емти­
хан ұстағанымда, бірден 2­курсқа қабылдандым. Сол оқуды 
келесі жылы үздік бағалармен тәмамдап, Оқу министрлігінің 

Медеу СӘРСЕКЕ
134
жолдамасымен 1948­1950 оқу жылдарында Талдықорған қала­
сындағы орта мектепте мұғалім болдым. Бір қыс Текелі кен­
тіндегі жұмысшы жастардың кешкі мектебіне физикадан са­
бақ бердім. Текеліге баруым, сенесіз бе, мені ерекше қуанышқа 
бөледі. Көңілімді желік билеп, кішкене күнімде гүл терген 
тау баурайын аралап, өзен жағасына қыдырып, көкеммен сер­
уендеген бақытты күндеріме қайта оралғандай болып, мерейім 
тасыған сәттерді бастан кештім. Көрнекті қала орнаған жерде 
қорлы кен орнын ашқан геологтың ұрпағы екенімді, әкеме ере 
келіп, Текелі жағасындағы палаткада түнегенімді бірақ ешкімге 
айтқамын жоқ. Әділдік жеңген күні айтамын, сол кезде мені 
Рузима Мерғалиқызы Қадылбекова деп танисыңдар деген ой 
көкейімді торлап, өзімді­өзім жігерлендіріп, Садықова болған 
қалпымда осы кенттегі мейірімді бір қазақ кемпірінің үйінде жа­
тып, Текеліден жазға салым қайттым.
1950 жылдың жазын Алматыда өткіздім. Мақсатым – Абай 
атындағы Қазақ педагогика институтының толық курсын 
сырттай оқып, жоғары дәрежелі диплом алу. Алматы қаласы 
сол кезде қайыра түлеп, жаңа даңғылдар мен көшелер бой 
түзеп, неше түрлі әсем үйлер тұрғызыла бастаған кез. Көңіл 
шіркін әр алуан қиялға түседі. Талдықорған о күнде небәрі он 
шақты көшесі бар, тау аңғарында қысылған жөнең қала. Менің 
есіл­дертім – көкем жұмыс істеген көркем Алматыда тұру!..
Қабылдау емтиханын ойдағыдай тапсырған соң өзіме­өзім 
демалыс жариялап, Талдықорғанға қайтпай, Алматыда аялда­
дым. Пәтер жалдап тұратын құрбым екеуміз Орталық бақтағы 
би алаңына барамыз, жазғы кинотеатрдан жаңа фильмдер 
көреміз. Қысқасы, серуенді көбейттік. Содан бір күні құрбым 
Ғабдышүкір есімді жігітпен таныстырды. Жасы менен едәуір 
үлкен, майдангер, отызға іліккен шамада. Мінезі орнықты, 
өмірге көзқа 
расы мығым жан сияқты. Ал жұмысы – банк 
қызметкері. Отбасын құрмаған. Сол жылы жасым жиырма 
екіге толған. Бұл шамадағы бойжеткен қыздар алдағы өмірі 
туралы ойлануға тиіс. Өйткені бұл – дарқан өмір еріксіз душар 
ететін жайт. Ақыры Ғабды екеуміз бір­бірімізді ұнатып, отба­
сын құруға уәделестік. Мен ойлағам: Алматыда тұрмақ арманым 
жедеғабыл жүзеге асатын болды деп... Сөйтсем, жігітім Ақмола 
қаласында тыңнан ұйымдаспақ құрылыс банкіне меңгерушілік 
қызметке келісім беріп, жоғары мекеменің бекітуін күтіп жүр 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
135
екен. Соны естіген соң мен «Тіпті жақсы, Ғабды, дербес шаңырақ 
көтеруді ешкім бізді танымайтын бейтаныс қалада бастаймыз!..» 
дедім. Ақырында жігітім жаңа қызметіне бұйрық алды. Сол күні 
екеуміз қол ұстасып, Отар бекетіндегі үлкендерге келдік.
Мән­жайымызды білген соң Садық әкей мен Бөпіш шешем 
(Баянауылдағы Сүлікей әулетінің қызы еді, әкесінің есімі – 
Нұрғалы) ақылдасып, Мәкіш әжемді ортаға алып отырып, Ғаб­
дышүкірге біздің әулет басынан кешкен шерлі тарихты баян дап, 
«Шырағым, қандай әулеттің қызына үйленетініңді білсін деп, 
бұл жайтты саған әдейі айтып отырмыз. Аса жауапты жұмыста 
екенсің, күні ертең «халық жауының» қызына үйленіпсің, мына 
қызметіңе бұл жайт қиыспайды деген әңгіме өрбісе не істейсің
өкінбейсің бе?..» дегенде, бұл жайтты тұңғыш рет естіп отыр­
са да, жігітім нағыз ер азаматтың сөзін айтты. «Ақсақал, мен 
алды­артымды аңғаратын шамадамын. Рузимаңызды шын 
көңілден ұнатып, өмірлік қосақ болуға үміт артып, алдыңызға 
келіп отырмын. Шешімімді өзгертпеймін, маңдайыма жазған­
ды қызыңызбен бірге көремін. Батаңызды беріңіз, сіз бізге 
әке болыңыз, біз де сізге бала болайық!..» деді. Садық әкем 
сонда да қатыбас райынан қайтқан жоқ, түсін суық ұстаған 
қалпында «Рузимам – балаларымның алды әрі ақылдысы еді. 
Шамам келгенше той­томалақ жасап жөнелткенім жөн еді. Бірақ 
сенің жұмысыңды, қызымның бақытын ойлағандықтан мына 
келістеріңді мұндағы жұртқа жария етпейміз. Бізде дос­жаран 
көп, қуанышымызды көре алмайтын қаскөйлер де аз емес... Сол 
себепті, шырағым, жүрегің қалаған қалыңдығыңның тегі күллі 
Қазақстанға есімі мәлім, атақты Қадылбековтер екенін көлденең 
жұрттың білмеуін жөн көріп отырмын. Мұның фамилиясы – 
Садықова. Ақмолаға барған соң әкеңнің атына шығарып алсаң 
тіпті жақсы, тіпті құдай жөні сол... Мен өзім де Бейсенов болып, 
арғы атамның атымен жан сақтап жүрмін. Бүгін үйіме қонып, 
күйеудің сыбағасы – дәстүрлі төсіңді жейсің, сұраған батаңды 
ертең аттанарда мына шешемнен аласың!..» сөзін түйді.
Әлқисса, содан келесі күні әжемнің батасын алып, аз ғана 
буыншақпен Алматыға қайттық. Бірер аптадан соң небәрі екі 
шабадан киім­кешегімізбен пойызға отырып, Алматы, Семей, 
Новосібір жолымен төрт тәулік жолда болып, Ақмолаға келдік.
1950­1965 жылдар аралығында Ақмолада табан аудармай 
тұрып, сол қаладағы №4, 2 және 62 орыс мектептерінде физика 

Медеу СӘРСЕКЕ
136
пәнінен сабақ беріп, аракідік оқу ісін басқарушы, директор бо­
лып та істедім. Айтпақшы, неке қағазын аларда ерімнің фами­
лиясына шығып, Байжумина атандым. Ғабдышүкір ұзақ жыл­
дар бойы сол қаладағы құрылыс банкісінің меңгерушісі болды, 
жұмысын жақсы біледі, қақ­соқпен жұмысы жоқ, есеп­қисапқа 
жүйрік және ешқандай бұрмалауға жол бермейтін тақуалығы 
күшті жан.
Ұстаздық жұмыс – менің нағыз құштар ісім, шәкірттерім 
жақсы көрді, үш мектептің де ұжымында абыройлы болдым. 
1954 жылы КСРО кәсіподағының XI съезіне делегат болып сай­
ланып, Мәскеуге бардым. 1957 жылы КПСС қатарына мүшелікке 
қабылдандым. Ақмоланың Целиноградқа өзгерген жылдарын­
да «Құрметті тыңгер» сияқты мәртебелі атақтарға ие болдым, 
бірнеше рет медальдармен марапатталдым. Қазақ КСР­інің үздік 
мұғалімі деген де куәлікті де сол жақта иелендім.
Жайлы пәтер алып, үй­жайымызды оңдаған соң ерімнің 
рұқсатымен Отардағы үлкен үйге барып, сол қарсаңда сексен 
жастың төріне көтерілген әжемді Ақмолаға әкелдім. Отардың 
ауа райы ол кісіге жақпай, жиі ауыратын­ды. Арқаның дәру са­
малы қарт әжеме майдай жақты. Мәкіш әжем менің қолымда 
ұзын ырғасы он жылдай тұрып, 1960 жылдың 2 қаңтары күні 94 
жасында қылтамақ ауруынан опат болды.
Сарыарқаның кіндік қаласы отбасымызға құтты қоныс бол­
ды. Тек бір ғана жайт көңілдегі кірбіңді тарқата алмады. Жеті­
сегіз жылға дейін нәресте сүймей, опық жедік. Ақыл­ойы күшті 
әжем еңсемді басқан мұңды өзі кешкендей сезінген сияқты, бірде 
екеуміз оңаша отырғанда «Әй, қарағым, өзіңді де, күйеу балам­
ды да сары уайымға салмай, тастанды сәбилерді тәрбиелейтін 
қазына үйіне барып, бала сұра. Біздің қазақта жас сәби уілімен 
өзіне серік шақырады деген жақсы ырым бар. Солай істесең, денің 
сау, перзент көтересің...» деді. Мен «Қойыңызшы!..» деп иліге 
қоймап едім, сол ойды Ғабдыға да айтыпты. Бірер ай ойланып­
толғанып, тиісті құжаттар әзірлеп, ақырында солай істедік. 
Балалар үйінен шыр етіп жарық дүниеге келе жетім атанған 
қазақтың қарагөз қызын асырап алып, есімін Сәуле қойып, дос­
жаранды шақырып, шілдехана жасадық. Ол да сүйкімді бала бо­
лып кезікті. Қырқынан шығар­шықпаста бетіне қарасам­ақ езу 
тартып, ынта­пейілімді өзіне баурап алды. Заңды демалысымды 
алып, қойныма алып жатып, күні­түні бақтым, бір сағат сыртқа 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
137
шықсам, сағынып тұратын құмарлыққа тап болдым. Сенесіз бе
омырауыма сүт дарып, өзім емізетін ғажап құбылысқа кезіктім. 
Ақыры, не керек, әжемнің айтқаны келді. Сәулетайым алты­
жеті айға толған шағында бойыма шарана бітіп, содан кейінгі он 
жылда үш нәресте тудым. Төрт қарғашым қазірде дін аман, Ал­
матыда тұрады. Сәуледен кейінгілерінің есімдері – Жұмажан, 
Зәуре, Әміржан. Төртеуі де үй болды, қазірде сегіз немеренің 
әжесімін...
1965 жылы Алматыда Құрылыс банкі ашылып, бүкіл Қазақ­
стан бойынша салынатын құрылыстарды қаржыландыратын 
Бас банкіге айналды. Ғабдышүкір сол ұжымға меңгеруші болып 
тағайындалды. Алматыға көшіп келгесін А. Жұбанов атындағы 
ән­саз мектебінде физика пәнінен сабақ бердім, сегіз жылдан 
астам уақыт сонда істеп, техникалық училищеге ауысып, 1971­
1989 жылдарда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт ин­
тернатында математика пәнін жүргіздім. Сонда жүріп зейнетке 
шықтым, бірақ тағы да алты жыл бойы қосымша сабақ беріп, 
ақырында 1992 жылы ұстаздық жұмысты біржола тоқтаттым. 
Ақсақалым бұдан бес жыл бұрын опат болды, өзім қазірде 84­
тен астым, естуім төмендегенімен жалпы күйім жаман емес, оқу 
жасындағы немерелеріме бас­көз болып үйде отырмын. Біздің 
қазақ ерте кезде «Жас күнімде бейнетке жек, қартайғанда зейнет 
бер!..» деп Аллаға жалбарынады екен. Жас күнімдегі бейнетімді 
айттым, қазірде бақытты әжемін, ұзақ жылғы еңбегімнің 
рақатын көрудемін...» 
* * * 
 И.В. Сталинге бас ұрған бұрынғы қатыбас жүйені адамгерші­
лік жолға бұрған «тарихи жылымық» 1954 жылдың көктемін­
де іске асып, алдыңғы кезекте Сібірдің суық төріне 1951­1952 
жыл дарда ширек ғасырға жөнелтілген «қазақ ұлтшылдары» 
елге қайтты. Соның артынша 1937­1938 жылдарда 58­бапқа 
қой ша көгелгенделіп, «халық жауы» атанғандардың атылу­
дан аман қалып, ГУЛАГ­та ұсталғандардың тірілері отбасы­
на орал ды. Жер жастанғандардың ісін қайта қарау бастал­
ды. Ең ғажабы, үкіметтің арнаулы қаулысы бойынша, азап 
шеккендерге не солардың отбасына бір жылдың ішінде пәтер 
берілді, егде жастағыларға зейнетақы тағайындалды. Соның 

Медеу СӘРСЕКЕ
138
бәрі КПСС­тің жаңа басшысы Н.С. Хрущев батыл қимылдап, 
жүзеге асырған, халық зарыға күткен, риза болып, тәубе де­
ген игі шара еді. 
Қандайда тәубенің соңынан «Неге?», «Не үшін?», «Кім?» де­
ген күпті сұраулар туатыны мәлім. Солардың жауабын қайт­
кен күнде білуге құштарлық өрбіп, бұрынғы қорқынышты 
ұмыттырғаны да – сол күндердің айтулы шындығы. Қауымдық 
сананың оянуы, өткендегі одағай оқиғаларға күмәнмен қарау да 
тарих қалтарысында қалған ақтаңдақ жылдарды қайыра сүзуге 
ынтық еткені түсінікті.
Сондай жан азабына түскен шерменделердің бірі – Байжу мина 
атанса да, түп тегінде Қадылбекова екенін ұмытпаған Рузима 
Мерғалиқызы.
«Із­түзсіз жоғалып кеткен Қадылбек атамды, атақтары тау­
дай демесем де кішігірім төбе дерлік екі Қадылбековке сұрау са­
лып, ел тарихына қайтаруға бел будым. Кім­кім, мен үшін екі 
арыстың тынымсыз күреске толы өмірі көңілімде сайрап тұр, 
екеуінің де Кеңес жұмысына жан­тәнімен беріліп, небәрі 10­
15 жылда қыруар игі істер атқарып, Қазақстанның индустриал­
ды­аграрлы социалистік ел болуына айтарлықта үлес қосқа нына 
шүбәм жоқ­ты. Ендеше?.. – деп қамкөңіл жан ішінде жатқан 
өксік әңгімесін екінші кездесуде маған ағыл­тегіл шертті. – 
Са 
дық ағаммен ақылдасып едім, «Әй, қарағым, жас күніңде 
сол бейнетті бізбен бірге өзің де тарттың. Рухы түгілі, есімі де 
ұмытылған аруақтарды қайта тірілтем деп шатаспа! Өзіңнің 
де, біздің де қазіргі тыныш тірлігімізді бұзба. Сенің де, менің 
де балаларым аман болса, біздің әулеттің өзімен кеткір сұрқия 
заманда жоғалтқаны әлі­ақ орнына келеді...» деп қорғаншақ 
жан байбалам салып, теріс қарап жатып алды. Ол кісінің әбден 
зәрезап болған ахуалын түсіндім. Еріммен ақылдасып едім, ол 
да «Жылымық науқан, шамалауымша, бірер жылда тоқтайды, 
бәз­баяғы темір ноқтаны, сірә, қайта киеміз. Әкей де содан 
қорқып отыр...» деп екіұшты ой айтты. Амал қанша, солардың 
ақылына ден қойдым. Бірақ ішімдегі өксікті тұншықтыра ал­
мадым, бірде соны әжеме айтып едім, батыр қазақтың бұрынғы 
ұрдажықтығынан құралақан емес әжем жарықтық «Айнала­
йын, Рузимажан, ата­бабаңның ешкімнен тайсалмайтын өжеттігі 
тура саған дарыған. Аруақ қолдасын, Қадылбек атаңды ақта 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
139
демеймін, ал екі ұлымның нақақ жазадан ақталғанын көрсем, 
ана дүниеде тыныш ұйықтаймын» деді...»
Қысқасы, 1956 жылы Рузима Байжумина кеңес түрмесінде 
басы жойылған үш Қадылбековтің қылмысты ісіне сұрау салып, 
жазалаушы органға хаттар жолдайды. Бұрынғыдай емес, ай­
быны қайтып, иншаллаға келе бастаған Ішкі істер министрлігі 
мен Қауіпсіздік мекемесі жолдаған хаттарына «Бізде сіз сұраған 
адамдар туралы құжат сақталмаған, іздеу саламыз, нәтижесін 
хабарлаймыз...» деген сарында қашыртқы жауаптар алады. 
Әкелі­балалы Қадылбековтердің жоқтаушысы (біздің халық 
құныкері дейді) екі­үш ай тосып, сұрауын қайталайды. Бір 
емес, бірнеше мәрте. Баянауылға да ат басын бұрып, етжақын 
ағайындарына сұрау салады, Жаманқыстаудың бұрынғы иелері 
туралы деректер, естеліктер іздейді. Жас күнінен жадында 
жатталып қалған жантүршігерлік оқиғаларды есіне түсіріп, 
қайсыбірін елдегі егде тартқан қарттардан естіп, талай кеш 
қамығады, жылайды, әлсіздігіне торығады, сірә, осы қарекеті 
де қу медиен даладан атасы мен әкесінің, Нұрғали ағасының 
ізін іздеп тектен­текке бейнет кешу екенін ұғады. Арада өткен 
ширек ғасырда сол іздердің бедері өшіп, ел жадының мүлдем 
ұмытылғанына көзі жетеді.
Сөйтсе де жүрек түкпірінде жатқан өксік пен наланың 
қозғаушы болғаны айқын, Рузима Мерғалиқызы әділдікке жет­
пей тоқтамауға бел байлайды. 1960 жылғы көктемде Қазақ КСР 
Жоғары сотының төралқасына жолдаған арызында ол «Текелі 
комбинатының бас директоры Оразалы Жандосов туған ағасы 
Ораз Кәкімұлымен бірге бұдан екі жыл бұрын ақталды, ал сол 
комбинаттың бас инженері болған М. Қадылбековтің қылмысты 
ісінің қайта қаралмайтын себебі неде? Менің жолдаған хат­
тарыма сіздер неше түрлі сылтау айтып, мәселені қасақана 
ушықтырып отырсыздар. Сіздерден бір айда жағымды жауап 
алмасам, жазғы демалысымда Мәскеуге барып, Н.С. Хрущевтің 
қабылдауына сұранамын. Ол кісінің бұл мәселеге нағыз лениндік 
жанашырлықпен қарайтынына кәміл сенімдімін...» деген са­
рында ашулы хат жолдаған.
Сөйтіп, қажымай­талмай іздеудің төртінші жылында (!) Рузи­
ма Байжумина­Қадылбекова бір аптада жазалаушы жүйеден екі 
хат алады.

Медеу СӘРСЕКЕ
140
 «Шығыс саны – 22/063н, 9 мамыр, 1960 жыл. 
 СПРАВКА
 Дело по обвинению КАДОЛЕНКО Нургалия, 1896 года рождения, до аре­
ста работавщего начальником сектора кадров «Карагандауголь», рассмо­
трено судебной коллегией по уголовным делам Верховного суда Казахской 
ССР 27 апреля 1960 года.
Решение бывшей тройки ПП ОГПУ в Казахстане от 11 ноября 1933 
года по делу по обвинению КАДОЛЕНКО Нургалия отменено и дело произ­
водством прекращено за отсутствия в его действиях состава преступле­
ния.
Заместитель Председателя Верховного суда КазССР УРАЗАЛИЕВ».
Екінші хат өз әкесі Мерғали туралы: 1960 жылғы 16 маусым­
да жолдаған КСРО Жоғары сотының №4н­1496/60 АНЫҚТАМА­
СЫ (бұл құжаттың қазақша аудармасын ілгеріде келтіргенбіз). 
Айы рықша ескертер гәп: КСРО Жоғары сотының Әскери ал­
қасының соңғы үкімі 1960 жылғы 14 маусымда қабылданған...
Рузима Қадылбекова екі хаттың да көшірмесін Отардағы 
төркін жұртына жолдап, сүйінші сұрайды.
Екі бірдей биік лауазымды Жоғары соттың ресми үкімі Қа­
дылбековтердің әділдік тілеген құса көңілін біраз жылдарға 
тыныштандырғаны анық. Ширек ғасырдан кейін түзетілген 
қателікке не дейді? Шейіт болғандар қайтпайды, «халық жа­
уының тұқымы» деген пәлелі­жалалы атақтың зардабын тарт­
қан перзенттері де сор­бейнетті жеткілікті көрді, өмірден өш­
ті, жүдеп­жадады. Оларды да енді қайта тірілте алмайсың. 
Сондықтан кеш болса да әділдіктің жеңгеніне, Қадылбек әуле­
тінің өшпес таңба болған ауыр жаладан арылғанына тәубе деп, 
өмір ағысына нық сеніммен, мен пәленшенің ізбасар ұрпағымын 
деген мақтанышпен ілескенді өздеріне мерей етпек...
Сөйтіп, мазалы өмірін қызғыш құстай қорғап мәре­сәре бо­
лып жүргенде, төтенше жолыққан бір оқиға шат­шадыман кө­
ңіл күйін ойда жоқта бұлқан­талқан етсін.
Баянауылдық таныстарының бірі әлдебір отбасылық жиын­
да Рузимаға:
– Сәбит Мұқанов ақсақалдың жуықта «Өмір мектебі» кіта­
бының «Есею жылдары» деп атаған бөлімінің жалғасын оқып, 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
141
бір жайтқа таңғалдым. Естелігінің бір тарауын түп­түгел Нұр­
ғали ағаңа арнаған. Тек Қадылбеков демейді, Кодаленко деп 
фамилиясын украиншалап жазыпты. Оқыдыңыз ба? – дегенде, 
Қадылбек немересі басын шайқайды.
Ертеңінде­ақ атақты жазушының кітабын іздейді. Ә деген де 
«Школа жизни» деп аталған орысша аудармасының 3­кітабы­
ның «Годы возмужания» бөлімін оқиды («Жазушы» баспасы, 
1966 жыл). Қазақшасын да тауыпты. Оның да «Мейірімсіздік» 
тарауына шұқшия үңіледі. Бір емес, бірнеше мәрте. Сөйтсе, 
губерниялық комитеттің екінші секретары міндетін атқарған 
большевик ағасының 1926 жылғы қызметін қаламгер теріс­
қағыс баяндап, Алаш қозғалысының жақтаушысы етіп әрі әлде­
бір ұлтшыл топтардың қолшоқпары жасап, жөнсіз бұрмалап 
көрсеткеніне аң­таң болады.
Нұрғали ағасы туралы қолындағы өмірбаяндық деректерді 
сұрыптап, жетімсіздерін ол кісі жұмыс істеген облыстардағы 
партия мұрағаттарына хат жазып, бірнеше анкета, мінездемелер 
алдырып, сонын бәрін бір мұқабаға салып, үлкен Қадылбековті 
білетін, қызмет бабымен аралас­құралас болған Компартия 
ардагерлеріне барып ақылдасады. Олардың кейбірі: «Жазу­
шының атағынан именбе, сотқа бер», – дейді. Енді бірі: «Сәбең 
көпшіл адам, үйіне барып, «Аға, мұныңыз не? Нұрғали аға­
тайым ның артында жоқтаушысы жоқ деп ойладыңыз ба, мар­
құм болған замандасыңызға не себепті қара күйені баттитып 
жақтыңыз? Мына мен тумысым бойынша Қадылбековамын, мы­
надай қиянатқа қалай төземін?..» деп қадала сөйлеп, алдынан 
өт, – дейді. – Қателігін мойындап, Нұрғали марқұмды жазғырған 
сөзімді түзетемін деп кешірім сұраса – әкеңдей кісімен айтысып­
тартысып қайтесің, келіс...» – деген сыңайлы ақыл айтады.
Тағы бір ақылдасқан зиялылар өзгеше ой айтыпты. Ақы ры 
соған тоқтайды.
Әлқисса, содан күндердің күнінде Алматыдағы теміржол­
шы лар мектебінде Сәбит Мұқановпен кездесу болатынын естіп, 
Нұрғали ағасының құжаттары сақтаулы папканы алып, жиынға 
барады. Кездесу мектептің спорт залында өтіпті. Жазушы көңілді 
отырып, тұс­тұстан жауған сұрауларға риясыз жауап беріп, ара­
сында неше түрлі қызықты әңгімелер айтып, тыңдаушы көпті 
риза етеді. Содан жиын аяқталуға айналғанда Рузима да жазу­
шы жайғасқан үстелдің алдына келіп, республиканың үздік 

Медеу СӘРСЕКЕ
142
мұғалимасы, үлгілі ұстаз екенін ескертіп: «Сәбит аға, Кодален­
ко атанған, шындығында Қадылбеков Нұрғали ағамды және 
бір топ ұлт қайраткерлерін сіз «Есею жылдары» кітабыңызда 
сұмпайы кісілер етіп, Кеңес өкіметін көркейту жолында жан 
аямай қызмет еткен, бәрі де нақақтан мерт болған аяулы аза­
маттарды мияулаған мысыққа, кейбірін шәуілдеген итке теңеп, 
естелік кітабыңызда не себептен мазақ еттіңіз? Қазірде солардың 
бәрі де ақталды, ал ұлт мақтаны атанар уақыт алда. Міне, менің 
қолымда тұрған құжат – сіз түзелмейтін ұлтшыл, шексіз дөрекі 
деген Нұрғали ағамның Қазақ КСР Жоғары соты алқасының 
1933 жылғы нақақ жазадан ақтаған үкімі... Соңғы жылдар­
да том­том етіп, жүз мың дана таралыммен қазақша да, орыс­
ша да жариялаған кітаптарыңызда сіз Смағұл Сәдуақасовты, 
Сұлтанбек Қожановты, Нәзір Төреқұловты Бөкейханов пен Бай­
тұрсыновтың итаршысы, сойылын соғушы деп, партия жолын 
рушылдыққа бұрушы етіп көрсеттіңіз. Ал Коммунистік партия 
қазір Сталиннің өз басын көсем еткен өрескел қиянатын түзетті. 
Түзелмеген, сол шындықты мойындамаған, ғапу етіңіз, сіз ғана. 
Жас кезіңіздегі білім­танымыңыз кем болғандықтан қателескен, 
әлде әсіре белсенділікпен жасаған күйкі ісіңізді кешірсем де, 
ағай, сол қарекетіңізді қырық жылдан кейін қайталап, жас 
ұрпаққа қайыра әйгілеуіңізді өз басым кешіре алмаймын!.. 
Қысқасы, марқұм болған қайраткерлерді жаппай қорлаған кі­
табыңыздың сыпыра өтірік екенін әшкерелеп, сотқа беремін. 
Өйткені мен, Рузима Қадылбекова, Нұрғали ағамның бірден­
бір жоқтаушысымын...» – деп көзінен сорғалаған ыстық жасты 
ірікпей, көкейіндегі қыжылды шығарып қадала сөйлегенде, 
кездесудің шырқын бұзған мұғалима әріптесін тоқтатпақ болған 
мектеп директорын қартаң жазушының өзі тежеп: «Апыр­ай, 
Рузима қарағым, кешір, менен қателік болған екен. Әкеңдей 
кісіні сотқа сүйреме. Жуырда шықпақ шығармалар жинағым­
ның алғашқы томдары баспада жатыр, тура ертең соның терімін 
үйге алдырып, Нұрғали ағаңның қытымыр мінезін сипаттаған 
беттерін қиып тастаймын. Өкпең әбден дұрыс, жас күнімдегі 
есерлікті қартайғанда жаңғыртуым қате болыпты, кешір, 
қарағым!..» – деп ағынан жарыла басын иіп, кешірім сұрапты, 
бет­аузын қайта­қайта сүртіп, тарғыл даусымен қылғына сөйлеп, 
өзінің өрескел ісіне көпшілік алдында өкініш білдіріпті.
– Ішімде қорланған қыжыл жазушының жұрт алдында ба­
сын иіп, кешірім сұраған сөзімен әп­сәтте тарқады. Мерейім 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
143
үстем болған қуанышымды бала­шағама естіртіп, еріме де мақ­
танғандай, біраз уақытқа дейін өрекпіп жүрдім, – деп мұңая 
отырып әңгімелеген­ді бізге сол күнгі уақытша жеңісін Рузима 
апай. – Амал қанша, Сәбит ағайдың кексе жасына қарамай, мені 
оңдырмай алдағанын кейін білдім...
Ескерту парыз: Сәбең жарықтық сол тарауды түбірімен өз­
гертемін деген уәдесін орындамаған, шығармалар жинағының 
3­томындағы нұсқасында Нұрғали Кодаленко есімін бұрынғы 
қалпында сақтап, қазақшасын ғана Кәдірбеков деп өзгерткен; 
«Мейірімсіздік» тарауында баяндалған, Губком секретары ның 
шексіз қатаңдығын әшкерелеуге арнаған 159­170­беттердің 
оқиғасын бұрынғы қалпында қалдырыпты.
Рузима Мерғалиқызы осы жайында наразылық білдірмек бо­
лып заңгерлермен ақылдасқан екен, олар: «Атақты жазушымен 
соттасып әділдікке жете алмайсыз, қайда барсаңыз да қазақша 
фамилияның өзгерген екі әрпі сіздің талабыңызды қабыл дау­
ға бөгет болады. Сотқа ол кісі бармайды, адвокатын жіберіп, 
«Менің жазғаным – лақап адам, ойдан шығарылған Кәдірбеков» 
дейді», – деп ақыл айтады. 
Р.С. Байжумина­Қадылбекова сол істі жұртшылық тезіне 
салу ниетімен бірнеше газет редакциясына хат апарады, бірақ 
олар да көп жыл өткен оқиғаның дұрыс­бұрысын айыру қиын 
деген сылтаумен әшкере хатты басудан бас тартады. «Казахстан­
ская правда» газеті ғана, араға 21 жыл салып, яғни көрнекті жа­
зушы опат болған соң, 1992 жылғы 1 мамыр күні жариялаған 
Б. Дүйсебаев пен К. Кимнің «Как свет давно погасших звезд, пе­
чальна память о них» деп аталған, ағайынды Қадылбековтер ту­
ралы жариялаған шерлі эссесінде осы қиянатқа небәрі 28 жол ар­
напты. Ал қазақ газеттері күпірлігі көзге түртіп тұрған оқиғаны 
қайыра жаңғыртудан ат­тондарын ала қашып, марқұм болған 
жазушыға тас лақтыруды жөнсіз санаған. Сөйтіп, қиянат үстіне 
қиянат жамалған. Өкінішті дәрменсіздік демеске амалымыз 
жоқ!.. 
XII
Арада жиырма жыл өтеді.
Ақсақалы Ғабдышүкір жасы жетпіске іліккенде банктегі жұ­
мысын үзіп, зейнеткер атанды. Кешігіп көрген төрт қарғасы өз 
замандастары қатарлы білім алып, үлкендері дербес шаңырақ 

Медеу СӘРСЕКЕ
144
түзеп, кішілері студент атанды. Дарқан өмір сыйлаған бұл 
қуанышқа ерлі­зайыптылар дән риза. Еңбектің жеңілін іздемей, 
ауырына ұмтылып, өздеріне жүктелген қоғамдық, мемлекеттік 
міндеттерді адал атқарды, алдағы ғұмырларына жетіп­артылар 
абыройға ие болды. Енді соның ризығын көруден өзгені тілеу­
ге хақысы жоқ, барына қанағат дейді. Парасатты мінезі 
нен 
айнымаған ақсақалы мен білімді балаларының ақыл­ойы бір 
жерден шығып: «Зейнетке шықтың, соның да рақатын көріп, 
үйде тыныш отыр. Немерелеріңді бақ, сабағын үлгеруге жәрдем 
бер...» – дегенін жөн көріп, үй шаруасына жегілді. Кішкентай 
немерелерінің бірін балалар бақшасына жетелеп, екіншісін 
мектепке апарып, үшіншісін үйінде бағумен шат­шадыман қуа­
нышқа кенелді.
Алайда төрт­бес ай өткен жоқ, Рузима Мерғалиқызы күн­
делік ті күйбең тірліктен тез зерігіп, бір кезде тауаны қайтып, 
тастап кеткен құныкерлік мүддесін жиі ойлайтын мазасыздыққа 
тап болды. Әсіресе қыстың ұзақ түндерінде ұйқысы бұзылып, 
неше түрлі қиялға түсіп, орта жолда екі­үш мәрте сүрінген 
жайт тарды ойында саралап, тәжірибесіздіктен, одан да гөрі 
билік басын дағы төрелерден көңілі қалып, ақиқат іздеуді ерте 
тоқтатқанына өкі ніп, өзінен­өзі қамығатын күйзеліске ұшы­
рады. Сөйтіп, беймаза күйге түскен түндердің бірінде таңға­
жайып түс көреді: Баянауылға барып, Жаманқыстаудағы ескі 
қорымдағы ата­бабаларының басына құран оқытып, кері қайтуға 
айналғанда, өзін апарған көлігі әлдеқайда кетіп қалыпты; соған 
да қамығып қыстау іргесіндегі қима құдыққа келсе, Мәкіш 
әжесін кезіктіреді... Ол кісі әбден қартайып, шашы аппақ болған, 
кимешегінің етегімен өзінің бетін қақпалап, «Сен қыз, сүтке 
тойған мысық құсап, кімнен туғаныңды ұмытқаның қалай? 
Үмітімді ақтамадың. Нұрғали ағаңды, Мерғали әкеңді ел тари­
хына қайтарар уақыт туды. «Елу жылда ел жаңа» деген мәтелді 
білетін шығарсың?..» деп, қабағын тарс түйіп, құшақтағысы 
келсе қасына жолатпай, теріс айналады. Өзі ә дегенше зым­зия 
жоғалады... Көзін ашса, өздері «Жайлау үй» дейтін дачасын­
да жатыр. Алатау баурайынан жер алып, бұдан бірнеше жыл 
бұрын жазда тұратын үй қалқайтып, соның айналасына бау­
бақша еккен. Екі­үш күннен бері ақсақалы екеуі «Жайлау үйде» 
түнеп, бау­бақшаны күтіп жатқан­ды. Ғабекең күн көтеріле 
тұрып кеткен сияқты. Ал өзі... Әлгі түсінің кенеттен үзілгеніне 
қамығып, әрлі­берлі аунақшып біраз жатты. Содан сыртқа 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
145
шыққан бетінде жеміс ағаштарының түбін қопсытып жүрген 
Ғабдышүкір ақсақалына жақындап келіп: «Ғаба, шай ішейік 
те қалаға қайталық. Мәкіш әжем аян беріп, көкейге қонымды 
ой айтып, үлкен іске жебеді...» – дейді. «Ағаларыңды іздеуге 
ме?..» деп ақсақалы жымиып еді, оқыс сұраудың аста рындағы 
мысқылды ұқты да, көрген түсін бастан­аяқ баяндады. «Несі 
бар, заман өзгерді. Екеуміздің пенсиямызды ешкім де тартып 
алмайды. Өзіңді іштей жеп қамығып жүргеніңді білемін, кіріс, 
сәттілік тілеймін!..» – деп ері де құптайтынын білдірді. «Шының 
ба, Ғаба?..» «Шыным, сол істі жеріне жеткізбей тыныш 
тық 
таппасыңды сезіп отырмын, бәйбіше!..
Осы оқиғаны эссе иесінің ойдан шығармағанына оқырманды 
иландыру үшін Баянауылда тұратын жанашыр туысы Ақбота 
Жетпісбаевқа Рузима Қадылбекованың 1996 жылдың 9 сәуірде 
жолдаған ұзақ хатынан үзінді келтіремін:
«...Жер­жерге сұрау салған хаттар жазып, бәрінен де көңілімді 
суытқан қасаң жауап алу мені әбден діңкелетті, бауырым. Ал 
мен адамгершілік сезімнен жұрдай шенеуніктерге жолдаған 
хаттарымда партиялық газеттер 1935­1936 жылдарда бады­
райтып жазып, тіпті суретін де басқанын көлденең тартып
«Өмірде Қадылбеков есімді геолог болмаған десеңдер – КСРО 
Жоғары сотының Әскери алқасы саяси қылмысын ақтаған 
1960 жылғы үкімін жоққа шығарыңдар, оған қоса Орталық 
Комитеттің екі бірдей бас газеті жариялаған мұрағаттан 
алғызып тастаңдар. Солай етуге құқықтарың жетпесе – туған 
әкемнің ақ адал еңбегін өзіне қайтарыңдар... – деп қадала жа­
зып, сөз соңында, – Қаратау бөктеріндегі Мерғалымсай, Жоңғар 
Алатауындағы Текелі, Орталық Қазақстандағы Қарағайлы мен 
Қайрақты полиметалл кендерін тұңғыш ашушы – менің әкем. 
Осы кендерді соғыстан бергі жылдарда қайыра зерттеп, қорын 
көбейтіп, өндірістік зор қуатын дәлелдедік, сондықтан да солар­
ды біз аштық деушілер барын білемін. Бірақ осы кендерді солар­
дан кем дегенде 10­15 жыл бұрын үкіметке тұңғыш мәлімдеген 
геолог Мерғали Қадылбеков екенін сол жұмысты білетін, әкем 
басқарған экспедицияда жұмыс істеген техниктер, қарапайым 
жұмысшылар, құдайға шүкір, әзірше тірі. Қажет болса, мен со­
ларды да куәлікке шақырып, әкемнің заң ды құқығын сот арқылы 
қорғаймын. Ал өйтетін болсам – тарихи әділдікті қасақана 
көрмей, бюрократтық амалдармен теріске бұрып отырған 
10­247

Медеу СӘРСЕКЕ
146
әкімсымақтар, тарихи, ғылыми әділдікті түзетуге дәрменсіз­
дік танытып отырған Қазақстан КП Орталық Комитетінің 
осы саланы басқаратын секретары мен бөлім меңгерушісі жұрт 
алдында масқара болады. Мен, Рузима Қадылбекова, кеңес 
халқы өткен қаһармандық жолда атам Қадылбекті, оның екі 
бірдей білімпаз ұлын жоғалтқан шерлі әулеттің ұрпағымын. 
Жас кү нім менің жылаумен, сы пыра жоқшылық азабын тар­
тып, бірнеше қалаға тентіреумен, одан соң шөл даланың 
шетіндегі Отар стансасында тұрмыс азабын тартумен өтті. 
Енді, құдайға шүкір, жаңарған уақытқа жеттік, қайта құру за­
маны салтанат құрған, Кеңес Одағы шынайы демократиялық 
ел атану үрдісіне бағыт ұстаған кезде өмір сүріп отырмыз.
Бүгінде Қазақ елі тәуелсіздік алып, күні кеше сол үшін аянбай 
күресіп, автономия құрмақ болып арыстанша алысқан Алаш 
арыстары, «ұлтшыл топ құрды, Кеңес өкіметін құлатуға ты­
рысты» деген нақақ жаламен атылған, айдау көрген, есімдері 
мен ұлан­ғайыр еңбектері ел тарихынан сызылған жүздеген, 
мыңдаған қайраткерлеріміз, білімпаз зиялыларымыз ұлт тари­
хына қайтарылды. Тәубе деймін! Шексіз қуаныштамын! Солар­
мен бірге шейіт болған Нұрғали ағатайым мен Мерғали әкемнің 
еңбектері неліктен ұмыт қалуға тиіс? Олар да өзінің ұлы за­
мандастары сияқты Тәуелсіз Қазақстанның даңқты азамат­
тары, тұлғалы қайраткерлері санатында аталуға тиіс! Та­
рихи әділдік түзелгенше мен тоқтамаймын, өйткені бір кез­
де табанға тапталған жарқын іс – маған демеуші, ағайынды 
Қадылбековтердің ұлан­ғайыр еңбегі алыстан мұнартқан биік 
таулар сияқты ерекше айбынды әрі зор!..»
Әсілі бұл хат – Рузима Қадылбекованың 1989 жылдан әділ­
дік қуған ұзақ күресінің баянауылдық бауырына көкейіндегі 
шерді шерткен, өзі айтқандай, «отыз жылдан астам уақыт» 
әуре­сарсаңға түскен, соңғы 7­8 жылда Қазақстан КП Орталық 
Комитетіне, 1991 жылдан беріде ҚР үкіметіне, ҚР Ғылым 
академиясының президенті мен Геология және жер қойнауын 
қорғау министріне жолдаған арыздарында ашына жазған ойла­
рының жиынтық сүлбесі. Ақбота Жетпісбайұлына жолдаған 
сол хатында ол: «Биік лауазым иелеріне ондаған хаттар жаз­
дым. Арызданудан шаршадым, бірақ тоқтағым келмейді. Бұл 
да мен үшін емі жоқ дертке айналды. Қаланың қымбатшылық 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
147
жағдайында төрт баламен ел қатарлы өмір сүру оңай емес, зей­
нетке шығып алып, пенсиямның елу пайызын үкіметке беріп, 
бір жарым үлеспен қайтадан жұмыс істеп, сауықтыру орны­
на барып бірер ай демалу қайда, балаларға жеміс болсын деген 
үмітпен дача бейнетпен әлекпін. Жездең қазір 80­де, мен 69 жас­
тамын. Үйдегі жұмыс та менің мойнымда... Сен де, Ақбота, төрт 
құбылам түгел деп тыныш жатпай, ағаларыңды ұлықтау ісіне 
қатысып, жергілікті газеттерге жаз. Майқайыңда, Баянауылда, 
Павлодарда олардың есімі жазылған көшелер болуға тиіс. Есіңде 
болсын, Мерғали мен Нұрғали Қадылбековтер – өз заманында 
халық бақыты үшін еңбек еткен сабаздар. Олардың тұрлаулы 
істері қазіргі жастарға өнеге болуға тиіс. Ал екеуміз үшін олар – 
зор мақтаныш! Мен сол үшін де күрес бастадым, сен де маған осы 
істе жәрдемші бол. Қысқасы, шаруа күйлеп, үйіңде тыныш жат­
па! Түбінде жеңіс бізде болады... – деп те нығырта жазып қозғау 
салыпты. – Баянауылдың әкіміне арыз жолдадым көше сұрап. 
Ал саған мен Мерғали ағаңның газетке шыққан статьяларын 
жіберемін, оны арыз жазғанда әжетіңе жарат. Қысқасы, қазіргі 
ұрпақтарға екі Қадылбековтің еңбегін, ерлігін паш ету керек. 
Соларды есте қалдыру туралы іс­әрекет баста! Саған ең жақын 
апаң – Тынышбала, одан соң Дәмежан Сәрсенбекқызы. Оның 
туған атасы – Қадылбекке әке. Яғни, ол – Бейсеннің кенже інісі. 
Жаманқыстауда бәріміз бірге тұрғамыз, мен сол кезде 4­5 жаста­
мын, бүкіл ауыл ол кісіні тәте дейтіні есімде. Сақалы аппақ бола­
тын, нақты есімін Дәмежан апаңнан сұра. Ол кісіні Тынышбала 
да біледі. Тәтемнің балалары – Ишан мен Сәрсембек, басқаларын 
жете білмеймін, ұмыттым...»
Аңдауымызша, ағайындыларды жоқтаушының осы жолғы 
ізденісінде қолы жеткен басты табысы – Нұрғали ағасының 
күллі өмір жолы ай, жылына дейін көрсетілген құжаттарды та­
буы. Сол ізденісте ол Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Семей, 
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Қызылорда 
облыстарының КП комитеттерінің қарауындағы партия мұра­
ғаттарынан және Қазақстан КП ОК жанындағы партия тарихы 
институтының мұрағат қорынан Н. Қадылбеков туралы нақты 
жұмысы, мүшелік билетінің нөмірі жазылған анкеталарын және 
өз қолымен жазған өмірбаяндық жазбаларының көшірмелерін 
алған.

Медеу СӘРСЕКЕ
148
1956 жылдан бастап төрт жыл шұғылданғанда, одан соң 1966­
1970 жылдары қайыра іздегенде, ең аяғында 1989 жылы үшінші 
мәрте белсене кіріскенде ол Нұрғали ағасының сотталған мате­
риалдарымен таныстыруды, оны ақтаған үкімнің көшірмесін 
талап етіп, ақыр аяғында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 
Қарағанды облыстық басқармасынан ресми хат алады. 
«22.09.1995 г. №202
480033, г.Алматы, ул. Басенова, дом 16/1, кв. 6. Байжуминой Р.С.
Уважаемая Рузима Садыковна!
По существу Вашего заявления сообщаем, что Ваш дядя Кадаленко 
(Кодаленко) Нургалий Кадильбекович, 1896 г.р., до ареста работавщий за­
ведующим отдела кадров треста «Карагандауголь», арестован УНКВД по 
Карагандинской области 6 октября 1933 года по обвинению в организации 
националистической группы и проведении вредительской деятельности в 
вопросе подборе рабочей силы в системе «Каругля», т­е. в преступлениях, 
предусмотренных ст. 58 п.п. 7, 11 УК РСФСР. Решением Тройки при ПП 
ОГПУ в Казахстане от 11 ноября 1933 года Кадаленко Н. К. Осужден к 5 
годам лишения свободы.
Определением Судебной коллегии по уголовным делам Верховного суда 
КазССР от 27.04.1960 г. Вышеуказанноей решение Тройки отменено и дело 
производством прекращено за отсутствием состава преступления. Када­
ленко Н. К. реабилитрован. Его фамилия включена в список жертв массо­
вых репрессий на территории Карагандинской области, который был пред­
ставлен в 1994 году в КНБ Республики Казахстан для подготовки респу­
бликанской КНИГИ ПАМЯТИ.
После осуждения Кадаленко Н. К. был этапирован в Средне­Азиатский 
ИТЛ (г. Ташкент). В материалах архивного уголовного дела имеется уве­
домление от 01.10. 1936 г. о том, что Кадаленко Н. «прибыл из Ташкент­
ской тюрьмы и заключен под стражу а Алма­Атинскую тюрьму». Иных 
сведений о его дальнейшей судьбе, в том числе о месте захоронения, в деле не 
имеется. Для выяснения данного вопроса Вам необходимо обратиться в ор­
ганы МВД, где сосредоточены архивные материалы по местам заключения. 
 Зам.начальника Управления, полковник А.В. Мешков».
 – Сенесіз бе, Медеу шырағым, небәрі 23 жол осы хатты 
ар тық­кемі жоқ ширек ғасыр қуып, әрең алдым. Нұрғали 
ағатай ым Алматы түрмесіне әкелінген соң нендей қысасқа 
тап болға нын білетінмін. Сол себепті жүрек талмасынан түрме 

ШЫҒАРМАЛАРЫ
149
лазаретінде опат болды деген сияқты бір өтірікті жазатынын 
білгендіктен де қайыра қазбадым. Ақ қағаздың беті қандайда 
өтірікті болсын көтеретінін өмір шіркін маған үйреткен­ді, жа­
сым да соңғы хатты алған кезде жетпіске тақаған кез. Сондықтан 
да қалған өмірімді Мерғали көкемнің еңбегін елге қайтаруға сарп 
еттім.
Шынтуайтын айтқанда, нақ сол қарсаңда қазақ елінде айтулы 
өзгерістер басталған­ды. Ол болса Қазақстан Республикасының 
дербес мемлекет атанып, тәуелсіздік таңы атқан айтулы кезең. 
Яғни, репрессиядан зардап шеккендер тағдырына көзқарастың 
түбірімен өзгергенін әйгілейтін кеңшілік туғанына ел көңілінде 
сенім күшейген...
Шынында да 1992­1993 жылдарда республикалық баспасөз 
бетінде ағайынды Қадылбековтердің шерлі тағдыры, әлеумет 
ісіне белсене қатысқаны жайында естелік материалдар, дерек­
ті эсселер жарық көреді. Н. Кодаленко­Қадылбековтың фа­
милиясы Қарағанды облысы бойынша репрессияға ұшыраған 
шер 
мен 
делердің ресми тізіміне еніп, республикалық «ЖАД 
КІТАБЫНДА» жарияланды. Яғни, қайраткер азаматтың көзі 
жойылған соң 58 жылдан кейін жазалаушы орган өз қатесін 
түзетіп, Нұрғали марқұмды ардақты қайраткерлер санатына 
қосқан. «Казахстанская правда» газеті 1992 жылы жарияла  ған 
көлемді эсседе (авторлары – Текелі қалалық кеңесінің төраға сы 
Б. Дүйсебаев пен осы газеттің арнаулы тілшісі К. Ким) ағайынды 
Қадылбековтердің Қазақстанның индустрия ошақтарының ірге­
сін бекемдеп, халық игілігіне айналдыру жолындағы іргелі, 
қажырлы еңбектерін баяндап, ақыр аяғында өздерінің эссесін 
мынадай уәжбен аяқтайды: «Халық ғасырлар бойы шырқаған 
әннің сөзін ағымдағы саясатқа бұрып өзгерту оп­оңай іске ай­
налды. Осылайша тарихтың да сан қатпарлы талай оқиғасын 
сызып тастадық. Қасымызда кеше ғана сайрап отырған адамды 
әп­сәтте ұмыттық. Бәрі­бәрін ойланбай және қаныпезерлікпен 
жасағанымыз соншама, осы біз кімбіз деп, қандай елдің ту­
масы екенімізді де ұмытуға шақ қалдық. Тәубе делік, сондай 
мәңгірт пенделікке түсе жаздап, етжақын адамға деген шексіз 
сүйіспеншілігіміз арқасында ғана ұлтымызды сақтап, кімнен 
туып, қалай өскенімізді біліп, әрең дегенде есімізді жидық».
«Уақыттың қатал бұйрығы, кеселді кезең құйыны адамдар тағдырын 
осылайша шарқ үйірген. Бұл құйында қисаймай, шаң жұқтырмай, ар­

Медеу СӘРСЕКЕ
150
ожданын бекем ұстағандар өте аз. «Түйені жел шайқаса, ешкіні аспаннан 
ізде» деген сөз бар. Зобалаң шақта нардай азаматтармыздың өзі шайқалып 
кетсе, желдің осал болмағаны. Демек, «Кім кінәлі?» дей отырып, кінәлі 
болуға қандай жағдайлар итермелегенін де ескеруіміз керек шығар. 
Кім­кімді де осы тұрғыдан түсіндіруіміз керек болар. Тіпті отызыншы, 
қырқыншы жылдардағы баспасөзге де байыппен қараған жөн. Мәселен, 
ол уақытта «халық жауы» аталған адамдарды «ұлтшыл», «контррево­
люционер», «сатқын», «қанішер», «зұлым», «төбет», т.б. деп балағаттау 
республикалық газеттерімізде ғана емес, еліміздің көптеген газет­журна­
лына жұққан әдет. Өйткені сол кездегі Бас прокурор А. Вышинскийден 
бастап, жергілікті шала сауатты белсенділерге дейін осы ыңғайда сөйлеуді 
машық еткен. Уақыт шындығын көзімен көріп, азабын тартқандардың та­
лайы сол жылдардың өзінде­ақ келмеске кетті. Енді біразы ұзақ жылғы 
айдау­сүргіннен әбден қалжырап, шашы ағарып, денсаулығынан айыры­
лып келді де, бүгінгі күнге ақыл­ойы қалжырап әрең жетті. Ақиқаттың 
бәрін аймандай етіп, түп­түгел айтып беруге олардың шамасы аз. Осы тұста 
біз амалсыз архив материалдарына, кешегі баспасөз беттеріне үңілеміз. 
Дүниеде өлмейтін және ештемені жасыра алмайтын да – осы сары қағаздар. 
Бүгінгі жазып жатқанымыз да ертеңгі күні сарғаяды. Сол сарғайған беттер­
ден келер ұрпақтар да біздің кім екенімізді, азаматтық ар­ожданымыз ды, 
әрқайсымыздың ақыл­парасатымызды таразыға тартпасына кім кепіл?» – 
деген редакциялық пікір беріпті «Қазақ әдебиеті» газеті (1988 ж., 30 қыр­
күйек) профессор Темірбек Қожакеевтің репрессия құрбандары және со­
ның себеп­салдары туралы айғақ келтіре өз ойын ашық білдірген «Кім 
кінәлі» деп атаған мақаласына.
«Әкем қартайған кезінде көрген менің үлкен ұлыма Нұр­
ғали ағайдың есімін қойып: «Саған Нұрғали атаңның бейнет­
пен өткен ғұмырын жазбасын, оның білімін, абыройын, ең бас­
тысы, еңбекқорлығын берсін!» деп үкілі тілек тілеймін...» – 
деген­ді. Ал шешем бертінде туған кіші баламды Мерғали деп 
атауды ұсынды. Осыдан­ақ біздің шаңырақта Нұрғали мен 
Мерғали есімдерінің қаншалықты ардақты екенін аңғаруға 
болады. Қадылбековтердің ұрпақтары, туыстары кім дегенде, 
әкеміз Жетпісбай мен Садық Бейсенов марқұмның балалары 
алдыңғы кезекте ауызға түседі. Садық ағайдың балалары бұл 
күнде Ақмола, Павлодар қалаларында тұрады», – деген мәнді 
уәжбен аяқтапты Ақбота Жетпісбаев Баянауыл аудандық «Баян­
тау» газетінің 1995 жылғы 7 қазан күнгі санында жарияланған 
«Жаңа заман үшін күрескен еді» деп атаған естелік мақаласын.

ШЫҒАРМАЛАРЫ
151
«1935­1937 жылдары Текелі кен орнындағы қорғасын мен 
мырышты іздеп тауып, соны өндіруге жан­тәнімен кіріскен 
азаматқа алғыстан басқа еш нәрсе айтылмау керек еді. 1936 жы­
лы «Социалистік Қазақстан» және «Казахстанская правда» 
газеттерінде «Текелі», «Главцветмет неге үнсіз?», «Отан бай­
лығын жалықпай зерттей беремін» деген мақалаларын жария­
лап, нақты ұсынысы мен ой­пікірін Отан­анаға арнап, үйдек­
түйдек айтып жатты. Сол мақалаларында «Текелі кенін жол­
дастарыммен бірге аштым», «Текелі кенін өзім іздеп, зерттеп, 
ақыры таптым» деген нақты сөздерін де сүйсіне оқыдық. Бұл 
Мерғали Қадылбековтің әбден танылып, бедел ала бастаған тұсы 
болатын, – депті «Социалистік Қазақстан» газетінің тілшісі 
Мейрамбек Төлепберген «Кең даланың кенін тапқан» деп атаған 
көлемді мақаласында (біздің қолымыздағы ксерокөшірмесінде 
мақаланың жарияланған күні көрсетілмеген, материал «Халық 
бірлігі мен ұлттық тарих жылы» аталған 1998 жылы берілгенін 
редакциялық аңдатпадан аңғардық). – Сол бір кесірлі жыл­
дар – қадір­қасиеті асқақ азаматтарды қуғын­сүргінге салып, 
қор ғасындай ауыр айыптар байлап, ортадан жаппай аластаған 
алмағайып уақыт. Тіміскілеуге дағдыланған «қырағы» көздер 
мен сыбырлақтар ұлтжанды, білімпаз азаматтың қандай қы­
лығын ұнатпады екен? Билік басындағылар беделді азамат­
тардан қарадай шошыған кез. Қызғаныш оты да әлдекімдерді 
де құтыртқан содырлы жылдар. Бейшара пендешілікті қайда 
қоясың?.. Отыз жасында жігер­қайратымен көзге түскен Мер­
ғали сорлы солақай саясат «мергендерінің» нысанасына ілікті. 
Текеліде қолына кісен салды. Түрмеге әкеп қамады. Бұл не 
сұмдық, түсінсе бұйырмасын? Санасын жаншыған жалғыз ой: 
«Не істеп қойдым? Терроршыл­ұлтшыл деген қандай топ? Олар 
кімдер? Өкіметке қарсы қандай әрекет жасаппын, о, тоба?! 
Текеліде маңдай терімді тамшылатып жүріп, күні­түні тау 
аңғарын кезіп, Отан үшін еңбек еттім... Елге пайдалы қазбаны 
тапқаны кімге қауіп?» Жо­жоқ, ұлт жайсаңдарын ұрымтал 
тұстан ұратын тәсілді кеңес билігіне наразылар ойлап тапқан. 
Олар ұлт асылдарының рухын төмендетіп, сірә, біржолата 
құртпақ...»
«Почему одно из месторождений в горах Каратау названо 
«Миргалимсай»? Возможно, ему просто дали имя его перво­
открывателя Миргали Кадильбекова. Случайных совпадений 

Медеу СӘРСЕКЕ
152
не бывает, да имя довольно редкое... Впрочем, история об этом 
умалчивает. Известно только, что ни в одном геологическом от­
чете, а также в других материалах по полиметаллическим место­
рождениям Южного Казахстана его имя нигде не упоминается, а 
написанной им (и изданной) книги под названием «Минералогия 
и геология» будто и в помине не было...» – деген аңдатпа сөздер 
республикалық «Достық­Дружба» журналының 2004 жылғы 
ақпан­наурыз айындағы санының 37­39­беттерінде жариялан­
ған, «Қуғын­сүргінге ұшыраған шерменделер» ассоциациясының 
вице­президенті Жұмабек Ашуевтің «Кто открыл Миргалимсай» 
деп атаған мақаласына арналған.
Д. Приймак, өлкетанушы. «Тағы да Қадылбеков­Кодаленко 
ту расында» (Павлодар облыстық «Қызыл ту» газеті, 19 шілде, 
1990 жыл): 
«Ұмытылмас есімдер» атты мақаламды архивтік доку­
менттер мен кейіпкерімнің жиені (?) Рузима Садыққызы 
Байжуминаның әңгімесі бойынша жазған едім. Осы мақала 
«Қызыл ту» газетіне жарық көргеннен кейін Нұрғали Қадыл­
бековтің қызы Роза табылды. Ол Шымкентте тұрады екен. 
«Кейбіреу өмірден бар керегін тауып алып жатады. Мен болсам 
соның біреуіне де қолым жетпеді. Тек «халық жауының қызы» 
деген қара күйе жағылып, жазықсыз жапа шегумен, үнемі жы­
лаумен өмір сүріп келемін. Тіпті бесінші класта мойнымдағы 
галстугімді жұлып алған...» – деп жазады Роза Нұрғалиқызы.
Роза мен Рузима кейінгі кезде әкелері туралы документ жи­
нап, іздеу салып жатыр. Соның нәтижесінде Қарағандының 
облыстық архивінен 1931­1933 жылдар аралығында Кодален­
коның «Қарағандыкөмір» тресінің қағаздарынан ол туралы үш 
документ алыпты. Тек жұмыстан не себептен босатылғандығы 
туралы бұйрықты, неге екені белгісіз, бермепті... Омбының 
мұғалімдер даярлайтын семинариясындағы орыс­қазақ бөлімін­
де Н. Қадылбековтің оқығандығы туралы деректер де та­
былыпты. Павлодар тарихи­өлкетану музейі Омбыдан осы 
документтердің көшірмесін алса нұр үстіне нұр болар еді. Ал 
біздің қаладағы бұрынғы орыс­қазақ училищесінің үйінің қа­
бырғасына екінші (біріншісі Қ.И. Сәтбаевқа арналған) ме­
мориалдық тақта орнатып: «Бұл үйде репрессия құрбаны 
Нұрғали Қадылбеков білім алып, 1916 жылы ойдағыдай аяқ­

ШЫҒАРМАЛАРЫ
153
тады» деген белгі қойсақ қайраткер жерлесімізге жасаған құр­
мет болар еді...»
* * *
Менің жазу үстелімде Қадылбекова­Байжуминаның кезекті 
ізденісін куәландырған екі құжат жатыр...
Оның алғашқысы – Алматы қаласындағы Бостандық ауда­
нының сот бөлімшесінің Қазақстан Республикасы атынан бе­
рілген 1997 жылғы 26 сәуірдегі Ү К І М І.
Үкімде 1938 жылғы репрессияда жалған жаламен айыпталып, ату жа­
засына кесілген Мерғали Қадылбековтің туған қызы екенін заңды түрде 
бекітуді өтінген Р.С. Байжуминаның арызы қаралғаны айтылған. Сот хат­
тамасында Рузиманың ауылда туғаны, шешесінің толғақ үстінде қайтыс бо­
лып, әжесінің тәрбиесінде болғаны, ағасы Садық Қадылбекұлы Бейсеновтің 
әйелінің омырауын еміп ержеткені, әкесі нақақ жаламен ұсталғанда, 
Садыққызы атанып мектепке барғанын, бертінгі құжаттарында осы есіммен 
өмір сүргенін баяндап, ал қазірде саяси баппен өмірі үзілген геолог әкесінің 
атына шығып, мұрагерлік құқығымен Мерғали Қадылбековтің геологиялық 
еңбектерін қорғамақ ойы бүкпесіз жазылған.
Сот арыз беруші шақырған куәлерді тыңдайды. Г.Ф. Әшкеева және 
Х.Б. Артековалар Рузима Садықованы кішкентай күнінен білетінін, гео­
лог әкесі Жамбыл облысының кен орындарын зерттеген кезде бірнеше 
рет далалық саяхаттқа алып келгенін, ал әкесі сотталып кетіп, өзі мек­
тепке барған кезде алаңсыз білім алу үшін жұмыскер ағасының қызы ата­
нып, Садықова болғанын білеміз, жас қызға жанымыз ашығандықтан бұл 
құпияны ішімізде сақтадық, сөйткенімізге қазірде де өкінбейміз депті.
...КР ГПК­ның 244­бабына сәйкес сот алқасы арыз берушінің басы­
нан кешкен шерлі оқиғаларды ескеріп әрі Қазақстанның алғашқы геолог­
тарының бірі, аса дарынды маман М. Қадылбековтің қайғылы тағды рын 
және оның 1960 жылғы 15 шілдеде нақақ жазадан КСРО Жоға ры сотының 
Әскери алқасының үкімімен ақталғанын, ал зейнеткер, Қазақстанның 
үздік мұғалімі Р.С. Байжумина мұрагерлік талабымен мате риалдық мүдде 
көздемей, әкесінің есімі мен еңбегін ел жадында мәңгі қалдыру үшін 
өтінгенін ескеріп, оның жалғыз перзенті Рузиманы туған қызы деп тануға 
шешім шығарды делінген. 
Үкімге сот төрағасы М.У. Естекова мен оның хатшысы З. Садыкова қол 
қойып, үкімнің 1997 жылғы 26 сәуірден, қосымша арыз түспесе күшіне 
енетіні ескертіліпті.

Медеу СӘРСЕКЕ
154
Екінші құжат – Байжумина Рузима Мерғалиқызының аты­
на берілген Әлеуметтік қорғау және еңбекпен қамтамасыз ету 
департаментінің №7376 куәлігі. Соның екінші бетіне «Осы куә­
лікті ұсынушы саяси қуғын­сүргін құрбандарын ақтау туралы 
ҚР­ның заңында белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды 
пайдалалануға құқы бар. Куәлік мерзімсіз және ҚР­ның күллі 
аумағында қолданылады...» деген анықтама жазылған. Құжат 
2000 жылғы 14 шілдеде беріліп, мөрмен расталған.
Бұл куәліктің иесіне, иә оның үй ішіне қандай жеңілдіктер 
бергені жөнінде біздің хабарымыз жоқ. Алайда сол куәлікті Рузи­
ма Мерғалиқызының 1997 жылдан беріде кімге болсын мақтана 
көрсетіп, «Міне, тарихи ақиқаттың жеңгендігінің белгісі!» де­
гендей ілтипатпен сақтап жүргені бізге мәлім. 


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал