Бағдарламасы бойынша жарық көрді



жүктеу 7.21 Kb.

бет1/14
Дата09.01.2017
өлшемі7.21 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Қазақ қауымына жақсы мәлім, орыс тіліне де аударылып, жұрт шы­
лық тезінен өткен деректі хикаяттары туралы: «Өмірлік мұраттарымыз 
жаңарған соң өткен тарихымызға деген бұрынғы көзқарас түбірімен 
өзгерді. Күні кеше құнды болған жайттарға сыпыра жаңару жүруде. Кезінде 
жұртшылыққа ұсынылған, мақтау­мадақ көрген кейбір шығармалар қате 
түйсікпен мара пат талған деген желеумен қайбатталатын болды. Алайда 
сол туындыларды бүгінгі талапқа қабыспайды деп жадымыздан сызып 
тастауға бола ма? Өз басым соған шүбәлімін. Жоқ, ұмытуға болмайтын 
да жайттар бар, кешегі тарихымызға да тергеу жасағанда жадымызда сақ­
тарлық құндылықтар аз емес...» – деген тұжырым айтады сексен жастың 
өріне таяған кексе жазушы Медеу Сәрсеке.
Сол себептен де ол жасаң кезінде қаламы өрген бірнеше деректі туынды­
сын үкілі үмітпен оқырманға қайыра ұсынды.    
Сәрсеке М.
Шығармалары М. Сәрсеке. – Астана: Фолиант, 2014. 
ISBN 978-601-7568-20-7
Т.2. Деректі хикаяттар мен әңгімелер. – 328 б.
ISBN 978-601-7568-22-1
ISBN 978-601-7568-20-7
УДК 821.512.122-3
ББК 84 (5 Қаз) 7-44
УДК 821.512.122-3
ББК 84 (5 Қаз) 7-44
      С 28
© Сәрсеке М., 2014
© «Фолиант» баспасы, 2014
С 28
ISBN 978-601-7568-22-1 (Т.2)
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі 
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша жарық көрді

3
ОҚЫРМАНҒА АРНАУ СӨЗ
Осы кітапқа енген төл туындыларымның бәрі дерлік жасаң 
кезімде дүниеге келіп, оқырман қауымға 38-40 мың таралыммен 
жеткен-ді. Кейбірі орыс тіліне аударылып, 1981 жылы «Чингис-
ская быль» деген ортақ атпен жарық көрді. Содан бері қанша 
жыл тарих еншісіне өтіп, уақыт түбегейлі жаңарды. Демек, 
оқыр манның талғам-танымы да өзгерді. Бұл енді өмірдің өз заңы, 
әр нәрсенің өзіне тән уақыты, тағдыры, сәті болады дегендей...
Осынау деректі хикаяттар XXI ғасырда қайыра жарияла-
нуының себебі неде деген сұрақ тууы ықтимал. Шынтуайтын 
айтқанда, сол сауалды мен өзіме де қойып, едәуір ойландым. 
1930 жылдардың аумалы-төкпелі кезеңінде өз қатарының ал-
дында жүріп, қапылыста өлім құшқан қыршындардың немесе 
1960 жылдарда қоғам малын көзінің қарашығындай сақтап, 
қаскөй топтан жан-тәнімен қорғаған бақташы жастың қа-
жыр-қайраты тап бүгін кімге керек, кімге өнеге? Заңды сұрақ, 
заңды талап демеске шарам жоқ! Алайда...
Өзгерген уақытта жаңарған талапқа сай жаңа шығарма-
лар туып жатыр. Жә, сонда өткен тарихымызды, күні кеше 
халқымыз басынан кешкен, XX ғасырдың орта шенінде көшпелі 
елден отырықшы тұрмысқа ауысқан, көптеген қалалар мен 
елді мекендер тұрғызып, фабрик-зауыттар салып, өркениетті 
елдер қатарына ілігіп, білім мен ғылымға сусындаған, жаппай 
сауатты халыққа айналған, рухани жаңарған кезеңдерді неге 
ұмытамыз? Бүгінде сол уақытты сындарлы оймен талдап, 
«Ұлттық рухымыз төменге құлдилады, ел көгіне жарқырап 
шыққан арыстарымыз құрбандыққа шалынып, ұлттық та-
рихымыздан ажырадық, тіліміз бен ділімізден айырыла жаз-

4
Медеу СӘРСЕКЕ
дап, дінсіз халыққа айналдық...» деушілер аз емес. Әсілі, бұл да 
өткен өмірдің ащы шындығы. «Коммунизм елесі» қазақ дала-
сын ондаған жыл әрлі-берлі шарлап, ел шырқын бұзды десек те, 
ақиқатқа жүгінейік, өрлеу мен жаңару жылдары санамыздағы, 
тіршіліктегі түбегейлі жеңісін ел тарихынан мүлдем сызып 
тастауға бола ма?
Иә, өмірлік мұраттарымыз жаңарған соң өткен өмірімізге 
деген бұрынғы көзқарас түбірімен өзгерді. Күні кеше құнды 
болған жайттарға сыпыра жаңару жүріп жатыр. Кезінде 
жұрт 
шылыққа ұсынылған, мақтау-мадақ көрген кейбір шы-
ғармалар қате түйсікпен марапатталған деген желеумен 
қай батталатын болды. Алайда сол туындыларды бүгінгі та-
лапқа қабыспайды деп жадымыздан сызып тастауға бола ма? 
Өз басым соған шүбәлімін. Жоқ, ұмытуға болмайтын да жайт-
тар бар, кешегі тарихымызға да тергеу жасағанда жадымызда 
сақтарлық құндылықтар аз емес...
Осы уәжге мән беріп ойланудан соң сол кезеңдегі төл шы ғар-
маларымды қайыра жариялауға бел будым. Өйткені осы хи -
каяттарда тағдыры сөз болатын кейіпкерлерім – кешегі за-
манның марқасқа ел билеушілері емес, қарапайым еңбек адам-
дары. Солардың еңбек еткен жер-суын нақты атап, есімдерін 
де қаз-қалпында көрсеттім. Демек, бұл хикаяттар – кешегі 
өміріміздің шынайы болмысы. Солар арқылы халқымыздың 
жап пай кешкен бейнет-зейнеті, өмір үшін күресі мен бел-белесі 
қайыра жаңғырып отыр.
Қайта қарау үстінде мәтінге ішінара түзету жүрді. Бұл бол-
са – әрбір автордың өзіне еншілеген қаламгерлік құқы. 
 
 
Медеу Сәрсеке.
Семей, 19 шілде, 2014 жыл
 

5
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ШЫҢҒЫС ХИКАЯСЫ
(Деректі хикаят)
«Күресте, жұмыста, өмір жолында «Табымның намысын 
сатып, табымның арын қорлағанша, жер жастанғаным 
ар тық» деген қағидамен өмір сүрген аумалы-төкпелі ауыр 
ке зеңдегі Ленин комсомолын келер ұрпақ мақтан ететін 
болады: қиыншылықтан қорыққан жоқ; тап күресінің 
қиян-кескі жылдарында ол дауылпаздай саңқылдап үнемі 
алда жүрді; оның құрбандары болашақ ұрпақтың бақыты 
гүлденер топыраққа айналып жерге сіңді».
 Александр КОСАРЕВ, 
БЛКЖО ОК-нің 1929-1938 жж. бірінші хатшысы 
 
«Орта білім беретін қазіргі мектептердің іргетасын 
қалауда алғашқы мұғалімдердің еңбегі ерекше зор. Солар-
дың бірі комсомол мүшесі Рамазан Әбішев еді...»
 Д.А. ҚОНАЕВ, 
КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі,
 Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы
(Қазақ КСР мұғалімдерінің V құрылтайындағы сөзінен.
1-24 мамыр, 1978 жыл)

6
Медеу СӘРСЕКЕ
I
Осынау белгі тас жұрт таңырқағандай көрікті емес. Тақия­
дай дөңестің үстінде жермен­жексен болып жатқан тас қорым. 
Қыста оның бетін қар басып, жазда жаңбыр шаяды. Шағырмақ 
күн де оны аяусыз қақтайды. Долы дауыл қойны­қонышын 
аралап, топырағын суырады. Жапан дүздегі қорым болса беді­
рейген қалыпта жалаңаш жатыр. Үлкен жолдан жырақта, жүр­
гінші сая лар көлеңкеден де жұрдай, құдды бір қу медиен далада 
елеусіз жатып, ұмыт болуын әдейі ойластырғандай.
Жапан дүздегі жалғыз қабірдің «Жатсын сөйтіп ел көзінен 
тасада» деген жазаға тап болып, қорым таспен басылғаны – 
кешегі кер заманның өктем үкімі. Тек ел жадынан ұмытылғаны 
бекер.
Мейірбан жандар алғашқы ізді соған тас қорым пайда болған 
кезде салған. Сол із бертінде сүрлеуге айналды. Аттылы, түйелі, 
арбалы, жаяу жүргіншілердің табан ізі сол маңаттан өшкен емес. 
Бәрі де тастақты төбеге соға жүріп, етегін көде басып, бетіне 
қына өскен қабір тасын сипап, құран оқиды. Мінәжат етуден соң 
қолын көлегейлеп күн батар қиырдағы түйеөркештенген ақар­
шақар тауға қарайды. Айналасындағы ат шаптырым кең өлкеге 
де телміре көз қадап, мелшиіп ұзақ тұрады...
Шынтуайтын айтқанда, бұл да дәстүрге айналған ізет. Үлгі бо­
лып ұрпақтан­ұрпаққа ауысып келеді, таңғажайып рәсім десек 
те рауа, жылдар керуені озған сайын мінәжат етушілер қарамы 
көбеймесе азайған жоқ. Тәубе дейік!.. 
II
 Қоңыр күз еді. Иен тоғай, тал­шіліктен тұт жалаңаш 
дала ның сұрқай келбеті бәз­баяғы қалпында. Шөп сүйегі қа­
тайғанмен реңі өзгерген жоқ, бетегелер желкілдеп, көде біткен 
әрлі­берлі теңселіп тұр. Аспан да бүгін сүртілген әйнектей жал­
тыр. Күн жылы, кең өлке соны да қуаныштағандай бар көркін 
айқара жайып, манаурап жатқан беймаза сәт.
Түнде қонған бекеттен таң қылаң бере аттанған жолаушы­
лар табиғаттың бүгінгі мейіріне дән риза: жазға бергісіз жайма­
шуақ күн шығыс белдеуден алтын табақтай жарқырап шықты да 

7
ШЫҒАРМАЛАРЫ
қуалап отырды; сол бетінде көк жүзін сызып отырып, батыстағы 
ұясына ұзап кеткенше мол қызуынан айырған жоқ.
Жолаушылар – төрт адам. Дертеде қос күрең, екеуі де белді ат­
тар. Жеңіл арбаны жүк көрмей, сар желіспен жер танабын қуырып 
келеді. Өйтетін себебі – төртеуі де асығыс. Әсіресе арқалыққа 
арқасын сүйеп қатар отырған ерлі­зайыпты екі жастың ересегі, 
өзін Рамазанмын деп атаған жігіт Семейден шыққан сәтте­ақ 
божыға ие болып отырған делбешіге:
– Отағасы, жүрісті шират. Біз қызмет адамымыз, – деген­ді.
Келбетті келіншегі Рәпіш те:
– Шынында да асығыспыз, ағатай, – деп күйеуін қостаған.
Айтуларынша, ерлі­зайыптылар облыстық оқу­ағарту меке­
месінен жолдама алып, Шыңғыстау ауданына мұғалімдік қыз­
метке тағайындалған. Мектептің оқуы бір ай бұрын басталуға тиіс 
еді. Ал бұлар қай мектепке баратынын да білмейді. Қыр елінде 
жедеғабыл ашылып жатқан мектептерге ұстаздар жетіспейті­
ні – жұртшылыққа мәлім жайт. Ерлі­зайыпты екі білімпаз 
жұмыс сұрап оқу бөліміне барған сәтте­ақ елпілдеген нұсқаушы 
қос жолдаманы қолдарына ұстата қойды. Сөйтсе қиыр шеттегі 
Шыңғыстау ауданына жіберіпті. Амал қанша, құм басқан, күні 
де табаға салып шыжғырғандай Семейде қос мұғалім жіпсіз бай­
ланып, бірнеше тәулік көлік таба алмай текке жатты. Ақыры 
бір күні делбе ұстап отырған ағайға кез болды. Қалаға өкіл әкеп, 
қайтарында жаяу базарға соққан аупарткомның атшысы Бейсен 
Атсоғарұлы оп­оңай келісе кетті. Қуана келіскені – ұзақ жол 
қатерсіз емес, сенімді жолсерік іздеп базарға да әдейі соққан­
мыс. Сөйтіп, өзара тіл табысып, ұзақ жолды біріге тауысып келе 
жатқанда төртінші жолаушы жолшыбай кезікті.
Ұзын мұрт, жарқабақ, қарасұр отағасыны көргенде­ақ Бей­
секең ыңылдап айтып отырған ән әуенін тыйып, неге сөйт­
кені беймәлім, төрдегі орнынан босағаға қарай жылжып кетті. 
Өңі суық отағасыны ерлі­зайыптылар да ұнатқан жоқ. Бекет 
үйінде бірге қонса да, кеш бойы бір ауыз сөзге келмеді. Ертең­
гілікте ол ішін тартып жараған күрең атын дертеге байлады 
да, қоржынын астына басып, арбаға қонжиды. Сөйтейінші деп 
делбешіден рұқсат та сұраған жоқ. Бейсен атшы да үндемеді. 
Түсі суық, мұртты жолаушының мысы жеңіп, күмілжіп қал­
ғаны анық.

8
Медеу СӘРСЕКЕ
Қарасұр өңді кексе отағасы кездескенге дейінгі үш жолау­
шының ермегі ұшы­қиырсыз әңгіме болып, әсіресе сөзшең Бей­
секең қайдағы­жайдағыны соқтыртып, шер тартқандай сыңай 
байқатқан­ды; қыза келе ескі қиссаларды бірінен соң бірін жа­
дынан суырып, армансыз төпеген... Ал бүгін сол қалпынан 
жаңылып, сылбыр сөйлеп, самбырлаған ашық үні де тұншыға 
шығып отыр. Сол гәп ерлі­зайыпты екеуді еріксіз алаңдатты. 
Бірақ бой бағып үндемеді.
Түс ауа жолаушылар көделі жазықты түгесіп, шалғыны қау­
лап өскен, кең өлкеге ілікті. Жер келбеті өзгеріп, көгалды алаң­
қайлар жиі­жиі ұшыраса бастады.
Ұзақ үнсіздікке шыдамады білем, бір кезде Бейсекең:
– Ералы өлкесін де еңсердік, жастар, – деген­ді. Бірақ тағы 
да күмілжіп, қасында отырған мосқал отағасыға сұқтана қарап, 
үнсіз тұншықты.
Қаладан шыққалы ауыз жаппай, желдей ескен сергек атшы­
ның бейшара кейіпке түскеніне кектенген сияқты, әлде өзгер­
ген дала келбеті желпіндірді ме, кім білсін, манадан бері қалың 
шилі, томарлы, жер түгі де ұзара өскен өлкелі өңірге тамсана 
қарап отырған Рамазан кенеттен тамағын кенеп, біржосын кең 
тыныспен «А­а­лаған» айғайға басып, ән бастады. Сызылтып 
баптанған жоқ, кең үнмен бірден көтеріңкі бастады да, биікке 
шығып алып сорғалата жөнелді.
Анығында күні кешегі беймәлім күтуден қажыған кезде де 
жас жұбайлар уақытты ән шырқаумен өткізген­ді, ал сахараға 
шыққан соң­ақ сол әдетті үдетіп, өздері жас күнінен жақсы бі­
летін, машық еткен Баянауыл әндерін даусын көтермей, ақырын 
ғана ыңылдап айтып келе жатқан.
Рамазан мұғалімнің бүгінгі қарекеті кешегіден бөлегірек. 
Әл денеге қатулы сияқты, әлдекімге айбын көрсеткендей. Соны 
жүрек ділімен аңғарған, одан да гөрі бүгінгі шырқау мәнеріне 
таңданған Рәпіш күйеуіне сүйкене түсіп аңтарыла қарады. 
Бұрын да ерін сүйсіне тыңдаған, көп­көрім әнші деп білетін­ді. 
Бірақ мына дала төсінде естігені, әсері де өзгеше болды. Бөлек үн! 
Бөлек шырқау! Бұрын­соңды аңдамаған өзгеше мәнер...
Дала тым­тырыс. Теңбілсіз көк тас төбеден төңкеріле төніп, 
иен сахара марғау күйде сұлық жатыр. Баяу желпінген бетеге­
лер «Осың дұрыс, жас жігіт, сөйткенің жөн...» дегендей боп ба­

9
ШЫҒАРМАЛАРЫ
сын иіп, болар­болмас желкілдейді. Жұдырықтай бір шымшық 
біраздан бері қатарласа ұшып шырылдап келе жатқан, сол да 
таңырқағандай, о, тоба, өз әнін үзіп, тым­тырыс тына қалды. 
Дертедегі қос күрең ғана әу деген үн шыққанда­ақ бастарын 
шұлғып тастап сар желіске көшкен, сол бетінде әлі желіп келеді.
Бейсекеңнің аузы ашылып кетті. Божысы тізесінде бос жатыр. 
Бадырайған көзі жайнаң қағады, тымағының құлағын жымқыра 
көтеріп қойыпты, еліге тыңдап отыр.
Қыбыр етпеген қарасұр отағасы ғана. Түк естімегендей, көзін 
алысқа қадап, қырын отыр. Шошақ тымағын баса киген, шоң 
желкесі одырайып, бойы аласара түскендей.
Рамазан аңырата әуелетіп келіп:
«Қозы Көрпеш – Баяндай
 Бір молада өлсем-ай!» –
деп шымырлата бітіргенде, делебесі қозған делбеші бар даусымен 
қостады:
– Е, бәсе! Сызылтқаныңды қой, Рамазан інім! Дәп осылай бар 
даусыңмен шырқатқаның жөн­ақ!..
– Әй, әумесер, аузыңа түскенді оттамай, божыға ие бол! 
Бейтаныс отағасы Бейсенді талмауыр бүйірінен нұқыды, оны­
сы «Доғар!» деп ыңқ еткізгеннен кем болмады.
Делбеші бірақ айылын жиған жоқ. Миығынан күле мырс 
етіп, божыны уысына жиып, қос күреңді жонынан екі­үш мәрте 
жүремелете қағып­қағып жіберді. Іле­шала жолаушы серігіне 
қарап:
– Қасеке, сен осы қызық адамсың. Оттайтын мен мал емеспін. 
Бір ме? Сосын қолыңа ие болып тиыш отыр. Ән тыңдағың кел­
месе, тымағыңның бауын түсіріп, құлағыңды тарс қымта, білдің 
бе? Маған да қайтып зекіме! Бұл – екі! Зекитін заманың келмес­
ке кетті деп біл. Баяғыда мені еркіме қоймай, Бақанас бойына 
күштеп апарып, жаңа қыстау салып, егін еккеніңде, екі жыл 
желкеме мінгенде зықымды әбден шығарғансың. Мен қазір өз 
еркім өзімдегі адаммын, аупарткомның атшысымын. Мұны енді 
үш дейсің!.. – деді зілдене үн қатып. – Бұдан да қаттырақ айтар 
едім, мына екі жасқа көзтүрткі жасамайын деп, егде жасыңды 
сыйлап отырмын...

10
Медеу СӘРСЕКЕ
Қасекесі бірер мәрте түйіле қарады, бірақ ләм­мим демеді. 
Қатты қақырынып, алысырақ жерге түкірді де теріс қарап кетті.
– Ау, екі жас, енді мені тыңдаңдар. Мен сендерге қазір Бая­
науылда сендер естімеген, білмейтін қисса айтамын. Бұл қис­
саны Абай ақсақалдың немере інісі, өзі ақындыққа баулыған 
Шәкәрім қажы шығарған, ол кісі қазір де бар. Қажының өлең­
мен шығарған сөзі «Жолсыз жаза» аталады. Ал жазған тарихы 
осы өңірде болған, біраздан соң сол қос марқұмның моласының 
қасынан өтеміз... – деп қопаң­қопаң етіп, орнынан көтеріле 
түсіп, тамағын кенеп, желпініп алды.
Қасеке атанған отағасы үндеген жоқ. Қыңырайған әлпетінен 
аумай, теріс қараған қалпында қара тастай қатты да қалды.
Бейсекеңнің кенеттен желпінген қылығына еліккен Рәпіш:
– Мола дейсіз бе? Кімнің моласы? – деп жаутаңдап жан­жа­
ғына қарады. Сірә, сенбеген. Аппақ борықтай өңі күнге күйіп, 
кешегі бозаң қалпынан қоңырқай тартыпты. Баданадай үлкен 
көзі мөлдіреген қарақаттай қап­қара. Қою қасы қиып қойған 
сықылды. Ұзын кірпіктері тік шаншылып тұр. Әлде аңғалдық 
райы, әлде пәк тазалық жайы? Қалайда келбетті бет­пішіні кісіні 
өзіне еріксіз қаратқандай. Бойы да тұрықты. Өзінен әнтек тапал 
күйеуінен қарыстай жоғары.
Рамазан әлгінде шырқаған әнді Бейсекең білетін­ді, шамала­
уынша, тобықты еліне де өнері мәлім Әсет Найманбайұлының 
әуені. Соны әуелете салып, көңіл күйі елікті ме, Рамазан да 
келіншегін демде қостап:
– Олай болса, Бейсеке, қиссаңызды бастаңыз, жол қысқара­
ды... – деп демеу білдірді.
Бейсен Атсоғарұлы жалындырған жоқ. Тамағын кенеп, бірер 
мәрте жөткірініп, қозғалақтап, алды­артына қарады. Бишігін 
жанына қойып, жас жолаушыларына бетін бере отырды. Құран 
оқыған сопыларша көзін тарс жұмып алған, сірә, ойға түсті, әлде 
мақамын іздеді, біршама уақыт үнсіз отырып, ақырында қиссаны 
бастады:
«Өткен адам болады көзден таса,
Өлді-өшті, оны ешкім ойламаса...
Ол кетсе де белгісі жоғалмайды,
Керектісін ескеріп, ұмытпаса...»

11
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Даусы күңіренте толғауға жетіңкіремей аз­кем кібіртік теді. 
Бәсең бастады. Сөйтсе де құлаққа жағымды, көнтерлі қоңыр үн.
Бейсекең кеше де бірер дастан айтқан. Жаттауында қапы 
жоқ, мүдірмей, судырата соқтыртқан. Бүгінгі мақамы одан 
бөлегірек. Асықпай, шым­шымдап қана айтып отыр. Жолсерік 
жастар ғана емес, өзі де сүйсіне тыңдауға құштар жандай еліге 
жырлауға ынтасы ауғаны анық... 
* * *
 ...Орда қойнауында құс салып, түлкі іздеген тобықты жігіті, 
батыр тұлғалы Кебек боранды іңірде жолдан адасып, әлде әдейі 
шатасып, жалғыз үйлі ауылға тап болады. Қаражартас түбіндегі 
қыстау иелері аңшы жігітке ілтипат көрсетеді. Таңертең қайтар 
жолын батырға нұсқаған шал­кемпірдің жалғыз перзенті Еңлік 
болыпты. Сұлу қызға көңілі құлаған жігіт қыз ауылын әлденеше 
күннен соң жаңылмай тауып келіп, жасырын жолығады. Бірін­
бірі тани келе екеуінің арасында махаббат жібі жалғаныпты.
Заманның қатыбас кезі. Мың адам бірдің еркінде болып, жат 
десе жатып, тұр десе тұрып, көшбасшы бидің қас­қабағын бағып, 
тірлік жалғастырған айбынды уақыт. Ру десе жабыла көтеріліп, 
аттандай шауып, есі қалмай еліретін ереуіл мезгіл. Соны да дала 
жұрты өзіне бақ санаған. Сол бірлікпен абырой­атақ алған адуын 
шақ.
Албырт көңіл, бірі­біріне деген іңкәрлік сезім ақыры алды­ар­
тына қаратпады. Екі жас ескі дәстүрдің ала жібін аттамақ болды: 
Еңлік сұлу бесікке бөленген шағында басы шырмалған кемтар 
жігітінен жеріді; Кебек батыр да уәдесінде тұрып, өзін құштар 
еткен ғашығын алып қашып, ауылына әкеледі. Бұл оқиға о күнде 
ат төбеліндей азаң тобықтыға едәуір сын­салмақ салған күр делі 
іске айналады. Еңлік – найман жесірі; найман болса – қарамы 
өздерінен әлдеқайда мол, іргелі ел; нәркес көз, хас сұлуын 
көлденең көк атты біреуге жетектетіп жіберіп қарап отыра ма? 
Еңлік сұлу түгілі, жарымес, жырық ерін бір жетімін тектен­тек­
ке жібере ме? Жоқ! Өйтетін болса... 
Амал не, екі елдің арасы ушығып, дүрдараз дауға ұласады.
Тобықтының игі жақсылары Кебек ердің жанкешті ісіне 
өжеттік жасадың деп елпілдемепті, қалың найманмен келісімге 

12
Медеу СӘРСЕКЕ
келгенше ауылдан жыраққа кетіп, бой тасалауын жөн көрген­
міс...
Екі ғашық қашқын атанады, о күнде бозторғай мен арқардан 
өзге тіршілік иесі жоқ Кіші Орданың тас үңгіріне келіп пана­
лайды. Ал найман жағы қол жасақтап, тобықты шебіне келіп, 
«Тұрысатын жеріңді айт, болмаса екі тентекті қолыма бер, жа­
засын өзіміз кесемізге» салып, бітімгерлік сөзге құлақ аспаған. 
Ауыл үстінде ат ойнатқан...
Тобықты елі егер сөзге шыдамапты: ғашықтарды ұстап бер­
меген, бірақ қорғамайтынын да мәлімдепті. Әлдекімдер екі жас 
паналап жатқан жерді нұсқаған.
Кебек ер жанталаса қарсылық көрсетсе де, күші басым көпке 
топырақ шашсын ба, құтыла алмапты. Құтылар ма еді, кім 
білсін, жауын жапыра қайрат қылып, сытылып шыққан бетте 
Еңлік сорлы осалдық жасап Қозыкүрең аттан құлап қалмаса?.. 
Ол байғұс ер үстінен түспес пе еді, кім білсін, тау басындағы 
тас үңгірдің қуысында кішкентай бөбегі шырылдап жатпаса?.. 
Сөйтіп, қайран сұлу қапылыста қолға түскен. Қоршауды бұзып 
шығып, бәйгекүреңімен қуғыншылардан қозы көш жерге ұзап 
кеткен Кебек ер асық жарын қиып кетпеген. «Өлсек – бірге 
өлеміз, жер үстінде – төсегіміз, жер астында қабіріміз бірге бола­
ды» деген уәдесін, сірә, бұза алмапты. Қайтып оралып, сойылын 
тасқа ұрып сындырған да, тізе бүккен. Қайрап салса қайтпайтын, 
жау десе күн­түн шабудан таймайтын есіл ер осылайша морт 
сынған деседі. Неткен асыл қасиет, неткен адалдық?! Мұндай 
ерді жауыңа ғана салсаң етті, қазақ елі!..
Аямапты қан тілеген ашулы тобыр: қол­аяғын байлап қойып 
дүре салған; аяусыз әжуалап бетіне түкірген; ата дәстүрін бұздың 
деп Кебекке, батадан аттадың деп Еңлікке алма­кезек кіжінген; 
ақыр аяғында көшбасшы билерінің алдында әкелген.
Шошақ бөріктерін шалқайта киген, қаба сақал кегежін 
билердің емешесі үзілсін бе, екеуін де өмірден аластауға билік 
айтқан. Жан қинамай үзілер ақ өлім де емес, жан түршігер қатал 
жазаға, ат құйрығына байлап сүйретіп өлтіруге үкім еткен. Ел 
дәстүріне қарсы шыққан әрбір тентектің жазасы осы деген! 
Бәлкім, кейінгі толқын ізбасарлардың бірде­бірі қайталамасын, 
баршасының аяғына салған тұсау осы болсын деп те кіжінген. 

13
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Билер үкімінің бұрын­соңды ел естімеген, жан көрмеген қатал 
жаза болғаны анық...
Екі ғашық кешірім сұрамай кетіпті. Сірә, кешірім болмайты­
нын білген. Тек үкімді естіп, мойнына арқан түскен сәтте екеуі 
қасқайып тұрып:
– Арызымыз бар, дат! – дескен.
Үш түрлі тілек айтыпты:
– Үңгірде жылап жатқан сәбидің кінәсі жоқ. Бейкүнә сорлыны 
өлтірмеңдер, нағашысы ұрпақсыз қалды, соларға табыс етіңдер.
– Бір­бірімізбен арыздасуға рұқсат беріңдер.
– Бұл өмірде жүрегіміз бір соғып, қысқа болса да бір тілекте 
өмір бастап едік. Өлген соң да айырмай, бір қабірге жерлеңдер.
Қолы босатылған соң қос ғашық арыздасып, қол ұстасып 
тұрып, анталаған тобырға қасқая қарапты деседі. Екеуін 
беттестіре байлап, қос аттың құйрығына байлап алып, әулекі 
топ олай­былай шаңдата шапқан білем. Бұл жайында «Жолсыз 
жаза» дастанына мынадай шумақ өрілген:
«Екеуінің мойнына арқан салып,
Екі аттың құйрығына байлап алып,
«Матайлап» ұран салып шауып-шауып,
Өлтіріп бір төбеге қойды апарып...»
III
 Ералының иен шалғыны таусылып, кең өлкенің шетіне шыға 
бергенде даңғыл қара жолдың түстік жағынан сүрлеу жол ке­


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал