Бағдарламасы бойынша жарық көрді Сыдықов Ұ. Ұлттық рух және ақпараттық кеңістік: Мақалалар



жүктеу 9.44 Kb.

бет1/15
Дата13.09.2017
өлшемі9.44 Kb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Ұлықпан СЫДЫҚОВ
ҰЛТТЫҚ РУХ 
ЖӘНЕ
АҚПАРАТТЫҚ 
КЕҢІСТІК
                            
АЛМАТЫ
«ДӘСТҮР»
2015

ӘОЖ 070
КБЖ 76.01
С 93 
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша жарық көрді
Сыдықов Ұ. 
Ұлттық  рух  және  ақпараттық  кеңістік:  Мақалалар  / 
Ұ.Сыдықов. – Алматы: «Каратау КБ» ЖШС; «Дәстүр», 
2015.– 288 б.
             ISBN 978-601-7505-08-0
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ұлттық жаратылы-
стану ғылымдары академиясының академигі, философия ғылымы-
ның докторы, профессор Ұ.Е. Сыдықовтың бұл кітабында соңғы 
жылдары  баспасөзде  жарияланған  ғылыми-публистикалық  мақа-
лалары топтастырылған. Мақалалардың негізгі өзегі – жаһандану 
үдерісінің  барлық  елдер  мен  халықтарға  ықпалы  барған  сайын 
артып  отырған  жағдайда,  еліміз  әлемдік  ақпараттық  кеңістікте 
өмір сүріп жатқан бүгінгі заманда ұлттық болмысымызды әспет-
теп, ұлттық рухымызды асқақтатып, дүние таныған Мәңгілік Ел 
болудың қам-қарекеті  жөніндегі мәселелер. Ұлттық рухтың мәні, 
қайнар көзі, қалыптасу және даму механизмдері, оның ақпараттық 
кеңістікте көрініс табу ерекшеліктері, сондай-ақ, ұлттың ұйысуын-
дағы, өсіп-өркендеуіндегі алатын орны жан-жақты қарастырыла-
ды.
Айтары  мол,  көңілге  қонымды,  оқуға  жеңіл  бұл  кітап  қоғам 
проблемаларын зерттеушілерге, студенттер мен магистранттарға, 
бүкіл оқушы қауымға арналған.
ӘОЖ 070
КБЖ 76.01
ISBN 978-601-7505-08-0
© Сыдықов Ұ., 2015.
© «Дәстүр», 2015.
© «Каратау КБ» ЖШС, 2015.
С 93

3
Ұ. Сыдықов  
Ұлттық рух және ақпараттық кеңістік
РУХЫ БИІК ҰРПАҚ 
ТӘРБИЕЛЕУ – 
ЗАМАН ТАЛАБЫ
(Кіріспе орнына)
Жаһандану  бүкіл  әлемнің  тұтастығын,  өзара  бай-
ланысын,  өзара  тәуелділігін  қоғамдық  санаға  сіңірді. 
Жаһанданудың әлем елдерінің бірлесуіне, әр түрлі, әр 
текті ұлттық, діни, саяси мүдделердің, өркениеттердің 
интеграциялауына ықпалы мол екені даусыз және оның 
сапалық мәні де осында. Алайда жаһандану қоғамның 
барлық  саласына  ықпал  жасайтын  күрделі,  екіжақты 
құбылыс.  Жаһанданудың  субьектілері  мен  қозғаушы 
күші  өнеркәсіптік  дамыған  елдер,  сол  елдерде  орна-
ласқан  трансұлттық  корпорациялар  мен  әлемдік  қар-
жы  орталықтары  болып  табылады.  Сондықтан  олар 
дамушы елдерді өздеріне тәуелді етіп алуы айқын. Ал 
жаһандану үрдісі ақпараттық технологиялар мен ақпа-
раттық  кеңістік  арқылы  ақпараттық  қоғамда  дамиды. 
Демек,  қазіргі  таңда  қай  елде  болмасын  ақпараттық 
қауіпсіздік  жалпы  ұлттық  қауіпсіздіктің  ең  маңызды, 
өзекті бөлігі болып отыр. Басқаларға қарағанда, мемле-
кеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласы-
ның бірі – қоғамның рухани өмірі негізінен ақпараттық 
кеңістікте жүзеге асырылатын ақпараттық-насихаттық 
ықпалға,  идеологиялық  қысымға,  мәдени  өктемдікке 
сезімтал болады. Осы тұрғыдан алғанда, автор жаһан-
дану үрдісінің залалды жақтарына қарсы түру құралы, 
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмінің 
бірі  ретінде  ұлттық  рухты  қалыптастырып,  дамыту, 
шетелдік әріптестерімен бәсекеде ұлттық болмысы жа-
ғынан да, білімі жағынан да, рухы жағынан да жеңіл-

Ұ. Сыдықов 
Ұлттық рух және ақпараттық кеңістік
4
мейтін  жас  ұрпақ  тәрбиелеп  өсіру  қажеттігін,  екінші 
жағынан,  мемлекеттің  оң  имиджін  қалыптастыруда, 
ұлттық идеологияны дәріптеуде, ұлттық рухты дамыту-
дағы ақпараттық технологиялардың маңызын екшелеп, 
ұлттық рух пен ақпараттық кеңістік мәселелерінің өза-
ра байланысын өте ұтымды түрде, ғылыми-тәжірибелік 
негізге  сүйеніп  баяндаған  деп  есептеймін.  Профессор 
Ұ.Е.  Сыдықовтың  ұзақ  жылғы  зерттеулерінің  жинағы 
осы салада еңбек етіп жүрген ғалымдар мен ізденуші-
лердің,  мамандардың,  жалпы  оқырман  қауымның  қы-
зығушылығын тудыратыны сөзсіз.
Рәт БеРдіБаев,
саяси ғылымдарының кандидаты, 
доцент, Халықаралық ақпараттандыру 
академиясының академигі

I-ТАРАу
«ҰЛТТЫҢ 
ҚҰТЫ МЕН 
ҚҰДІРЕТІ – 
ҰЛТТЫҚ РУХ»

Ұ. Сыдықов 
Ұлттық рух және ақпараттық кеңістік
6
ҰЛТТЫҚ РУХ: МӘНІ 
жӘНЕ ҚАЛЫПТАсУ 
ЕРЕКшЕЛІКТЕРІ
Ұлттық рухы біртұтас, айқын, асқақ халықтар ғана та-
рих көшінде ұлы жеңістерге жететіні адамзат қоғамын-
да сан мәрте дәлелденген айдай шындық. Ендеше, осы 
құдіретті құбылыстың мән-мағынасына үңіліп көрейік.
Жеке  адамның  болсын,  бүкіл  қоғамның  болсын  ру-
хани әлемі, жан дүниесі өте күрделілігімен, сан алуан, 
қатпар-қатпар  қабаттарымен  сипатталатын  құбылыс 
екені  баршаға  аян.  Белгілі  бір  деңгейге  дейін  рухани 
дүние  материалдық  жағдайдан  тәуелді  болғанымен, 
ары  қарай  дербес  өмір  сүретін  өзінше  заңдылықтары 
бар  құбылыс  екені  тағы  да  белгілі.  Бірақ  сол  рухани 
дүниенің ішінде қадау-қадау бірнеше категориялар мен 
түсініктерді алатын болсақ, мысалы рух пен сана – олар 
ортақ қасиеттері, ортақ мазмұны көп болғанымен тұтас 
біртектес бір мағынаны білдіреді десек, қате болар еді. 
Осы  тұрғыда,  біздің  ойымызша        сананың  өзін  са-
наның  қалыптасуы,  өсіп-өркендеуі,  дамуына,  қоғамға 
ықпалына  байланысты бірнеше деңгейге бөліп қарас-
тыруға болады:
1) Пендешілік сана – ең төменгі деңгей. Пендешілік 
сана деп отырғанымыз сүйек пен еттен жаралған пен-
денің күнделікті өмір сүру үшін, тіршілік үшін күресі-
мен сипатталады. «Қайтсем нан тауып жеймін, қайтсем 
киім  кием»  деген  мәселелер,  сұрақтар    осы  сананың 
негізгі  мазмұны  болып  табылады.  Бұл  тұрғыдан  ал-
ғанда пендешілік сана бүкіл хайуани дүниеге, жан-жа-
нуарларға тән инстинктермен өте ұқсас келеді. Барлық 
тіршілік  иелерінің  өмір  сүруі  үшін  күресетіні,  жаула-
рынан  қорғанатыны,  азық  тауып  жеп,  тіршілігін  ары 

7
Ұ. Сыдықов  
Ұлттық рух және ақпараттық кеңістік
қарай жалғастыруға, ұрпақ жалғастыруға ұмтылатыны 
белгілі. Бұл инстинкті, биологиялық, психикалық дең-
гейде  болатын    құбылыс.  Пендешілік  сана  осыменен 
өте ұқсас. Пендешілік сана қоғам өмірінде қай кезде ба-
сым болады? Егер де қоғамды кедейшілік жайласа, қо-
ғамда өмір сүру, тіршілік ету мәселесі алдыңғы қатарға 
шыққан кезде. Мысалы, біздің еліміз тәуелсіздік алған-
нан  кейін  экономикалық  салада,  материалдық  өндіріс-
те көп дағдарысты жағдай кешкен кезде, кешегі өндіріс 
орындарының барлығы жабылған кезде, жұмыссыздық 
етек алған кезде тіршілік үшін күрес алдыңғы деңгей-
ге шықты да, қарапайым халықтың көбісі осы тіршілік 
үшін күресті негізгі мақсат етті, яғни пендешілік сана-
ның  ықпалына түсіп кетті. Ауылдағы жағдай, көптеген 
мектеп бітірген жастардың ауылда жұмыссыз қалып, қа-
лаға ағылуы, қара базарларды жағалауы, қолы жеткен-
дерінің арба сүйреп, күн көруі, соның аржағында бұза-
қылыққа ұрынуы деген сияқты үлкен проблемалар осы 
пендешілік сананың басымдылығын көрсетсе керек. 
Кеңестік дәуірдегі қоғамдық өмір тоқырауға ұшырап, 
теңгермешілік, сұрқайлық, біркелкілік сияқты құбылыс-
тар етек алған кезде «партия аман болсын, үкімет өлтір-
мейді»  деген  бойкүйездікке,  немқұрайдылыққа,  жал-
қаулыққа бастаған масылдық сананың да тәуелсіздік 
алғаннан кейінгі жылдары тіршілікке, іс-әрекетке ұмты-
луда көп кедергілер келтіргенін айта кеткен орынды.
2) Сананың келесі деңгейін біз таптық сана  дер едік. 
Бұл  қазақтың  «Кедей  бай  болсам,  бай  құдай  болсам» 
дейтін  психологиясымен  анықталады  десек  қателес-
пеген болар едік. Мұнда сананы билейтін басты нәрсе 
«қайтсем қамтып қалам, қайтсем жағдайымды күшей-
тем,  материалдық  жағдайымды  байытам,  басқадан 
асып түсем?» деген сұрақтар.  Бүгінгі біздің қоғамдағы 
нарықтық жағдайда осы сананың басым түсіп тұрғаны 
белгілі. Кешегі Кеңес одағы ыдырағаннан кейінгі дәуір-

Ұ. Сыдықов 
Ұлттық рух және ақпараттық кеңістік
8
де  қолында  сол  кезде  билігі  болған  адамдардың  көбі 
халықтың  барлық  байлығын  талан-таражға  түсіріп, 
мүмкіндігінше  қамтып  қалып,  соның  негізінде  бай 
болып  шыға  келгені  баршаға  аян.  Таза  еңбек,  маңдай 
термен баю бір басқа да, басқаның байлығын иемдену 
деген  мәселе  осыдан  туды.  Қарапайым  халық    қалта-
сын қағып, алақанын жайып, кедейленіп қалды да, ал  
«пысықайлар» байлық  иесі болып шыға келді. Мұнда 
сананы билейтін негізгі нәрсе – дүниеге құмарлықтың 
басым  түсуі,  нысапсыздық,  қанағатсыздық.  Осының 
негізінде қоғам поляризацияға түседі, жіктеледі. 
Аталған сананың екі деңгейінде де рух туралы әңгі-
ме болуы мүмкін емес. Ал рух, ұлттық рух қай кезде 
туындайды? Рух сананың дамуының, өркендеуінің, қо-
ғамға ықпал ету деңгейінің ең жоғарғы биігінде туын-
дайды.  Бұл  кезде  әрбір  адам  немесе  қоғамның  негізгі 
тобы  жеке  бас  пайдасынан,  жеке  өзінің  тіршілігінен, 
күнделікті өмір күйбеңінен жоғары биіктейді де, бүкіл 
елдің, халықтың қам-қарекетін негізгі нысана қып, са-
насының өзегіне айналдырады. Дәл осындай жағдайда 
ғана ұлттың қалыптасуы жөнінде әңгіме қозғалады. 
Бізде қазір халық пендешілік санадан әлі толық ары-
лып болған жоқ, ал қоғамда таптық сана басым  болып 
тұр.    К.  Маркс  айтқандай  «таптық  сана  –    қоғамның 
қозғаушы  күші».  Пендешілік  сана  қоғамның  жағдайы 
жақсарған сайын кішкене түзеліп келеді, бірақ әлі ха-
лық бұдан арылып болған жоқ. Сондықтан бұл жерде 
рух  туралы,  ұлттық  рух  туралы  әңгіме  болуы  мүмкін 
емес.  Сана  пендешіліктен,  күнделікті  тіршілікке  бай-
ланысты мәселелерден, дүниеқұмарлықтан азат болып  
рух деңгейіне жеткен кезде материалдық тәуелділіктен 
арылады, керісінше тұтас қоғамды қатыстырады және 
қоғамға ықпал ету жағында тұрады, сана жүйеге түседі, 
мазмұны, формасы жағынан байиды. Сосын сана жеке 

9
Ұ. Сыдықов  
Ұлттық рух және ақпараттық кеңістік
адамның орбитасынан шығады да, қоғамға қарай бұры-
лады. Осы кезде барып рух пайда болады.
Рух  дегеніміз  не?  Әсіресе,  бізге  қажетті  ұлттық  рух 
немен   байланысты? Рух –  жалпыадамзаттық құбылыс, 
негізінен ол ұлттық формада өмір сүреді. Өйткені қандай 
да  бір  адам  болмасын,  ол  белгілі  бір  ұлттың,  ұлыстың 
өкілі. Ұлттық рухтың мазмұны – өз ұлтыңа деген ерекше 
сүйіспеншілік.  Ол  сүйіспеншілік  қайдан  пайда  болады? 
Егер де ұлттың топырағында туып өссең, оның болмысын 
қаныңа,  жаныңа,  тәніңе  сіңірсең,  тілін  меңгерсең,  тари-
хын білсең, мәдениетін білсең, әдет-ғұрпын білсең  сүйіс-
пеншілік пайда болады, бұл ұлттық рухтың негізгі базасы  
болып табылады. Ары қарай рух қалыптасу үшін ұлттың 
жағдайын, жете алмай тұрған кемістіктерін, алдына қоя-
тын  нақты  мақсатын,  яғни  ұлттық  рухтың  мәнін  сезіне 
білу керек. Сонда ғана ұлттық рух қалыптасады. Ұлттық 
рухты  тек түсініп, сезініп қою жеткіліксіз, ең негізгісі өз 
ұлтың  үшін  белсенді  іс-әрекетке  көшу  керек.  Мысалы, 
жоңғар шапқыншылығы кезіндегі ұлттық рухтың (қазіргі 
кезде бұны ұлттық идея деп те атауға болады) негізгі мәні 
– жаудан ата-баба жерін азат ету болды.   Сол кезде ұлт-
тық  рухтың  мазмұны  бір-ақ  ауыз  сөзбен  –  «Аттанмен»  
жеткізілгені, осы сөздің құдіретінің, ұйымдастырушы-
лық күшінің қалай болғаны  баршамызға белгілі.
Қазақтың ұлттық рухының қайнар көзі қайдан қалып-
тасты?  Ерекшелігі қайсы? Қазақ халқының ұлттық рухы-
ның қайнар көзін бірнешеу деп қарастыруға болады. Ол: 
-біріншіден, көшпенді өмірге байланысты табиғатпен 
етене қабысып кету, яғни бүкіл табиғаттағы керемет гар-
мония,  үйлесімділік, табиғаттың сұлулығын, құдіретін 
бойына сіңіріп, ерекшелігін танып, табиғаттағы өзгерісті 
танып, сол арқылы ауа райын болжай білу, жұлдыз арқы-
лы болжау, жыл мезгілінде орын ауыстырып отыру, т.б.;
-екіншіден, қазақтың ұлттық рухының бекемдігінің, 
күштілігінің қайнар көзі – жеті атаға дейін қыз алыс-

Ұ. Сыдықов 
Ұлттық рух және ақпараттық кеңістік
10
пауынан туындайтын қан тазалығы, тектілігі. Осының 
арқасында  ұлан  байтақ  жердің  батысы  мен  шығысы, 
оңтүстігі мен солтүстігі бір-бірімен қыз алысып, құдан-
далы болып, әдет-ғұрпының бір-біріне ұқсас болуына,   
тілінің тазалығын, қоғамның бірлігін, жердің бүтіндігін 
сақтауға  жағдай  жасаған.  «Құда  мың  жылдық»  деген 
мақалдың мағынасының өзі неге тұрады?
-үшіншіден,    қазақта  кедей  болмаған,  жетім-жесір 
болмаған. Өйткені әрбір қазақ өзінің аталас бауырына 
қамқор  болған.  Жетімін  жылатпаған,  жесірін  жалғыз 
қалдырмаған.
-төртіншіден, сөзге тоқтау, сөз бостандығын сақтау қа-
сиеті. Қоғамдағы әлеуметтік жағдайды баяндауда ақын-
жыраулардың, шешендердің рөлі зор болған. «Тура биде 
туған жоқ» деген мақал тегін айтылмаса керек. 
-бесіншіден,    жоғарыда  айтылғандардан  туындайтын 
мықты ұлттық тәрбие, ар, ұят мәселесі. «Малым жаным-
ның садақасы, жаным арымның садақасы»  деген қанатты 
сөзді ұлттық рухтың сипаты ретінде қарастыруға болады.         
Үш жүз жылға жуық қазақ орысқа бодан болды. Осы 
уақытта ұлттық рух аяусыз жаншылды, тығырыққа ті-
релді. Кіріптарлық, бодандық психология басым болды. 
Оның  көрінісі  –  тілдің  жоғалуға  таяу  болуы,    ұлттық 
дәстүрдің,  діннің  әлсіреуі.  Әсіресе  қазіргі  жаһандану 
кезіндегі батысқа еліктеушілік, батыс мәдениетінің ық-
палы арта түсті. 
Ұлттық рухты ояту, қалпына келтіру деген ескіні көк-
сеу, консерватизм емес. Мысалға, Жапония ұлттық рухты 
берік сақтап қалғанының арқасында жаһандану көшінен 
қалмай экономикасы, мәдениеті  дамыған   мықты мемле-
кет ретінде қалыптасып отыр. Бізде де заманның ағымы-
на қарай белгілі бір жүйеге, логикаға, ұлттың негізгі мақ-
сатына сәйкес ұлттық рухты жандандыру, ояту жұмысын 
жүргізу керек.  Осы тұрғыдан алғанда, Алаш қайраткер-
лерінің, одан бергі уақыттағы Қ. Сәтбаев, М. Әуезов бас-

11
Ұ. Сыдықов  
Ұлттық рух және ақпараттық кеңістік
таған ғалымдардың, қайраткерлердің еткен еңбектері бір 
басқа, осы мәселеге бүкіл болмысын, жанын-тәнін арна-
ған адам Ақжан Машани еді. Фарабиді қазаққа қауышты-
ру, Абай мен Фараби арасындағы ішкі байланысты ашу, 
ғылым  мен  білімнің,  дін  арасындағы  байланысқа  жаңа 
көзқарас қалыптастыру  сияқты еңбектерін ұлттық рухқа 
қосқан үлесі деп қарастыруға болады.
Біздің ұлттық мүддеміз не? Ол қазіргі кезде заман та-
лабынан  туындап  отырған,  жаһандану  заманында  жұ-
тылып  қалмай,  керісінше  экономикасы,  әлеуеті,  мәде-
ниеті мен салт-дәстүрі берік қалыптасқан, жан-жақты 
дамыған әлемдегі озық 30 елдің қатарына кіру. Қазіргі 
кездегі  ұлттық  рухты  көтерудің  өзектілігі  де  осында 
тұр. Бұл тұрғыдан алғанда бүгін таңда қоғамдық ой-са-
наның өзегіне айналып отырған ел басымыз ұсынған, 
бүкіл халқымызды ұлы мақсат жолында ұйысуға  бас-
тап  отырған  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясының  маңы-
зы ерекше. Ел басы өзінің Қазақстан халқына арнаған 
кезекті  Жолдауында  «Мәңгілік  Ел»  идеясының  тари-
хи астарына тоқталып өткен болатын. «Мәңгілік Ел – 
ата-бабаларымыздың  сан  мың  жылдан  бергі  асыл  ар-
маны.  Ол  арман  әлем  елдерімен  терезесі  тең  қатынас 
құратын,  әлем  картасынан  ойып  тұрып  орын  алатын 
Тәуелсіз  Мемлекет  атану  еді.  Ол  арман    тұрмысы  ба-
қуатты,  түтіні  түзу  ұшқан,  ұрпағы  ертеңіне  сеніммен 
қарайтын бақытты ел болу еді. Біз армандарды ақиқат-
та    айналдырдық,  Мәңгілік  Елдің  іргетасын  қаладық. 
Мен Мәнгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – 
«Қазақстан-2050»Стратегиясының түп қазығы етіп ал-
дым». Ендеше, бүкіләлемдік бәсекелестік үдерістерін-
де табысқа жетуге мүмкіндік беретін, босағасы берік, 
керегесі  кең,  шаңырағы  биік  Мәңгілік  Ел  атанумызға 
қуат беретін күшті ұлттық рух қалыптастыру жолында-
ғы қадамымыз сәтті болсын!

Ұ. Сыдықов 
Ұлттық рух және ақпараттық кеңістік
12
ҰЛТТЫҚ РУХ жӘНЕ 
АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПсІЗДІК
Қазіргі таңда бүкіл әлемді шарпыған экономикалық 
дағдарысқа байланысты Еліміздің Президенті Н.Ә. На-
зарбаев  үстіміздегі  жылы  Қазақстан  халқына  арнаған 
«Дағдарыстан – жаңару мен дамуға» атты жолдауында: 
«Дағдарыстар  өтеді,  кетеді.  Ал  мемлекет  тәуелсіздігі, 
ұлт  мұраты,  ұрпақ  болашағы  сияқты  құндылықтар 
мәңгі қалады... Халқымыздың басына түскен қандай да 
бір  сынаққа  қарамастан  біз  тәуелсіздігімізді  нығайту 
жолындағы жасампаз істерімізді жалғастыра бермекпіз. 
Барша  қазақстандықтардың  жұмған  жұдырықтай 
бірлігінің арқасында біз алмайтын асу, біз жеңбейтін ке-
дергі болмайды» деген болатын («Егемен Қазақстан», 
2009, 6 наурыз). Яғни бұл жерде Елбасы халқымызға, 
әсіресе «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқына үлкен 
сенім  блдіріп,  бір  жағынан  жауапты  міндет    жүктеп 
отыр. Бұл туралы Жолдауда: «Сан түрлі саясаткерлер, 
сарапшылар Қазақстан қазіргідей қиындықтан өтер ме 
екен,  осы  кезде  ел  бірлігін  сақтап  қалар  ма  екен,  бұл 
ел өзінің мемлекеттілігін құрметтей білер ме екен деп 
тұрған сын сағатта мен, әсіресе, қазақ халқына бөлек-
ше  жауапкершілік  жүктеп  сөз  арнаймын...  Бел  шеше 
кірісіп,  білек  сыбанып  жұмыс  істейтін  кез  келді.  Бір-
бірімізге қарайласатын, көмектесетін, ағайыншылықты 
танытатын кез дәл осы кез.» деп түйіндеді. 
Экономикалық  дағдарыс  бір  мезетте,  бір  мемлекет-
те  ғана  пайда  болған  жоқ.  Бүкіләлемдік  жаһандану, 
әлемдік ақпараттық кеңістікке қатысу процесімен қатар 
келіп отырған дағдарыс ешқандай мемлекетті, әсіресе 
біздің  жас  мемлекетіміз  сияқты  экономикасы    көбіне 
шикізаттық  факторға  негізделген  елдерді    оқшау  қал-

13
Ұ. Сыдықов  
Ұлттық рух және ақпараттық кеңістік
дырмайды,  керісінше  бұрынғыдан  да  күштірек  жан-
жақты  тәуелділікке  мәжбүрлеуі  мүмкін.  Сондықтан 
Елбасы  дағдарыстан  шығуда  тек  Үкіметке  ғана  иек 
артпай,  сонымен бірге бүкіл халқымыз болып жұмыла 
кірісуіміз керек дегенді міндеттеп отыр. Әрине дағда-
рыстан  шығуға,  оның  ықпалын  азайтуға  бағытталған 
саяси, экономикалық және басқа да түрлі шаралар жа-
салып жатыр. Дегенмен, біздің ойымызша, дағдарысты 
еңсеріп, мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту үшін қо-
ғамда болашаққа деген сенім, рухтың күштілігі керек. 
Рух сананың дамуының, өркендеуінің, қоғамға ықпал 
ету деңгейінің ең жоғарғы биігінде туындайды. Бұл кез-
де әрбір адам немесе қоғамның негізгі тобы жеке бас 
пайдасы, жеке өзінің тіршілігі сияқты күнделікті өмір-
ден жоғары биіктейді де, бүкіл елдің, халықтың қам-қа-
рекетін негізгі нысана қып, санасының өзегіне айнал-
дырады.  Дәл  осындай  жағдайда  ғана  ұлттық  рухтың 
қалыптасуы жөнінде әңгіме қозғалады. 
Сана  пендешіліктен,  күнделікті  тіршілікке  байла-
нысты  мәселелерден,  дүниеқұмарлықтан  азат  болып  
рух деңгейіне жеткен кезде материалдық тәуелділіктен 
арылады, керісінше тұтас қоғамды қатыстырады және 
қоғамға ықпал ету жағында тұрады, сана жүйеге түседі, 
мазмұны, формасы жағынан байиды. Сосын сана жеке 
адамның орбитасынан шығады да, қоғамға қарай бұры-
лады. Осы кезде барып рух пайда болады.
Рух – бұрын атап көрсеткеніміздей, ұлттық формада 
өмір  сүреді.  Ол  сүйіспеншілік  қайдан  пайда  болады? 
Егер де ұлттың топырағында туып өссең, оның болмы-
сын қаныңа, жаныңа, тәніңе сіңірсең, тілін меңгерсең, 
тарихын білсең, мәдениетін білсең, әдет-ғұрпын білсең  
сүйіспеншілік пайда болады, бұл ұлттық рухтың негізгі 
базасы    болып  табылады.  Ары  қарай  рух  қалыптасу 
үшін  ұлттың  жағдайын,  жете  алмай  тұрған  кемістік-
терін,  алдына  қоятын  нақты  мақсатын,  яғни  ұлттық 
рухтың мәнін сезіне білу керек. Сонда ғана ұлттық рух 
қалыптасады. Ұлттық рухты  тек түсініп, сезініп қою 

Ұ. Сыдықов 
Ұлттық рух және ақпараттық кеңістік
14
жеткіліксіз, ең негізгісі өз ұлтың үшін белсенді іс-әре-
кетке көшу керек. 
Ұлттық  рухты  қалыптастыруға,  оны  дамытуға  ық-
пал ететін құралдардың бірі – тіл. Өйткені тіл – ұлттың 
тарихының,  мәдениетінің  алтын  өзегі,  ұлттық  рухтың 
қайнар көзі. 
Кеңестік  идеологияның  ықпалымен  70  жыл  бойы 
бодандықта болған қазақтың ана тілі жойылу алдында 
қалды.  Еліміз  тәуелсіздікке  қол  жеткізіп,  тіліміз  мем-
лекеттік дәреже алғалы да 20 жылға жуық уақыт өтті.  
Үкімет  тарапынан  мемлекеттік  тілді  дамытуға,  оның 
қолдану аясын кеңейтуге арналған бірнеше мемлекеттік 
бағдарламалар  қабылданып,  Президент  жарлығымен 
бекітілді. Атқарылған іс көп, атқарарымыз одан да көп. 
Мемлекеттік органдарда, оқу орындарында мемлекеттік 
тілдің ықпалы, қолданылу аясы жыл санап үлкейіп келе 
жатыр. 2009 жылғы ұлттық санақтың алдын-ала қоры-
тындысы бойынша Қазақстандағы қазақ ұлтының саны 
70 пайызға жуықтап отырғанын ескерсек,  болашақта 
мемлекеттік тілдің   ықпалы арта түспек. Оны бірқатар 
министрліктер  мен  ведомостволардың  іс  қағаздарын,  
Үкімет  пен  Парламент  отырыстарының  қазақ  тілінде 
жүргізіле бастауынан байқауға болады. Сонымен қатар 
«Әділет» партиясы «Мемлекеттік тіл туралы» заң жо-
басын  дайындап,  бірқатар  қоғамдық  ұйымдар  мемле-
кеттік тіл мәселесіне қатысты акция, жиындар өткізіп, 
көпшілік тарапынан қолдау тауып жатқанын айта кету 
керек. 
Біздің Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техника-
лық университетінде 1989 жылы алғашқы қазақ топта-
ры  ашылып,  «Қазақ  тілі»  қоғамдық  ұйымы  құрылған 
еді. Содан бергі уақытта бірталай жетістіктерге жеттік. 
Қазіргі таңда студенттердің 68 пайызы қазақ бөлімін-
де оқиды, профессор-оқытушы құрамының 70%-ы (938 
адам) мемлекеттік тілде сабақ береді. Қазақ бөлімінде 
оқитын  студенттер  қазақ  тіліндегі  оқулықпен  –  30%, 
оқу құралымен – 60% қамтамасыз етілсе, ал оқу-әдісте-

15
Ұ. Сыдықов  
Ұлттық рух және ақпараттық кеңістік
мелік кешенмен және силлабустармен қамтамасыз ету 
90 %-дан асып отыр. Кітапханадағы 2 миллионға жуық 
кітап қорының 22%-ы, жазылып алынатын жорналдар-
дың  –  87%-ы,  газеттердің  –  42%-ы  қазақ  тілінде.  Со-
нымен бірге 2002-2008 жылдары 786 қызметкер қазақ 
тілін үйрететін курсты бітірген. Университетте тәрбие 
жұмысы,  оның  ішінде  мәдени-бұқаралық,  қоғамдық-
саяси шаралар негізінен (90%-дан жоғары) мемлекеттік 
тілде жүргізіледі. Жыл сайын Мемлекеттік рәміздер мен 
қатар мемлекеттік тілді, ұлттық салт-дәстүрді, Отанға, 
Университетке  деген  сүйіспеншілікті  қалыптастыруға 
бағытталған  іс-шаралар тұрақты, жүйелі түрде ұйым-
дастырылып тұрады. Мемлекеттік тіл бірлестігі, тіл ка-
федралары, Ғылыми кітапхана бірлесіп өткізетін «Тіл-
дер апталығы», «Жаныңда жүр жақсы адам» кештері, 
дөңгелек  үстелдер,  белгілі  ақын-жазушылармен,  өнер 
қайраткерлерімен,  әйгілі  университет  түлектерімен 
кездесіп отыру дәстүрге айналды. «Ғибрат» клубының 
ұйымдастыруымен белгілі әдебиет және өнер тарланда-
рымен кездесулер ұйымдастырылды. Соңғы жылдары 
қалалық «Мемлекеттік тіл – менің тілім»  конкурсының 
қорытынды  кештері  ҚазҰТУ  базасында  ұйымдасты-
рылатын  болды.  Сонымен  бірге  Университеттегі  дәс-
түрлі  «ҚазҰТУ  аруы  мен  Жайсаң  жігіті»,  «Қылықты 
қыз-келіншектер-ай», «Жайна, жастық» эстрадалық ән 
байқауы, «Інжу-маржан» дәстүрлі әндер байқауы сын-
ды кештер таза қазақ тілінде өтеді. Ал биыл 44-ші рет 
өткізілген  дәстүрлі  «ҚазҰТУ  көктемі»  фестивалінің 
жастарды  ұлттық  рухта,  отандық  патриозмге  тәрбие-
леуде ерекше орын алады деп есептейміз.
Алайда, мемлекет деңгейінде қазақ тіліне байланыс-
ты әлі де толық шешілмеген,  саннан сапаға көшуді та-
лап ететін мәселелер көп. Өкінішке орай, өндіріс орын-
дарында әлі күнге дейін мемлекеттік тілдің қолданылу 
аясы өте тар. Сондықтан қазақ бөлімін бітірген түлек-
теріміз жұмысқа орналасу жағынан, жұмыс орнына үй-
ренісу, қалыптасу жағынан қиыншылықтарға кездесіп 

Ұ. Сыдықов 
Ұлттық рух және ақпараттық кеңістік
16
жүр. Ал, жыл санап университеттегі қазақ топтарының 
үлес салмағы көбейіп келе жатқанын ескерсек, бұл мә-
селе күрделене түспек.   
Біздің  мақаламызда  қарастырылып  отырған  ұлттық 
рухты  дамытумен  тығыз  байланысты  мәселенің  бірі  – 
ақпарат,  ақпараттық  қауіпсіздік  мәселесі.  Маңызына, 
мазмұнына  байланысты  ақпарат  жалған  немесе  ақиқат, 
құнды немесе құнсыз, пайдалы немесе жағымсыз болуы 
мүмкін. Адамның санасы ақпаратты тек қабылдап қана 
қоймайды, сонымен бірге  ол ақпараттың түріне байла-
нысты,  оның  әсерінен  өзгеріске  ұшырайды.  Яғни  ақпа-
рат бір жағынан адамның білімін жетілдіріп, пайдалы іс 
атқарса, екінші жағынан материалдық күш ретінде адам-
ның бүлдіруші немесе күрес қаруына айналады. «Тіл тас 
жарады, тас жармаса бас жарады» демекші, қазіргі жа-
һандану процесінде ақпараттың, ақпараттық технология-
лардың  тіршіліктің  қай  саласында  болмасын,  маңызы, 
ықпалы зор. Сондықтан қазіргі таңда қай елде болмасын, 
ақпараттық  қауіпсіздік  мәселесі  ұлттық  қауіпсіздіктің 
ажырамас бөлігі ретінде қарастырылуы тегін емес.  
Ақпараттық  қауіпсіздіктің  саяси,  экономикалық, 
ұйымдастырушылық, техникалық, рухани   сияқты бір-
неше аспектілері бар. Ал ұлттық рух мәселесі ақпарат-
тық қауіпсіздіктің түгелдей дерлік аспектілерімен өзара 
байланысты деп есептейміз. Өйткені ұлттық рухы қа-
лыптасқан, дамыған елдерде ақпараттық қауіпсіздік мә-
селесі барынша шешілген. Мысалға, мұндай елдердің 
алдыңғы қатарына Жапония мемлекеті жатады. Екінші 
жағынан,  мемлекеттің  оң  имиджін  қалыптастыруға, 
ұлттық идеологияны дәріптеуде, сонымен қатар ұлттық 
рухты  қалыптастырып,  дамытуда  ақпараттық  насихат 
жұмыстарының алатын орны ерекше. Осы орайда Ел-
басымыз жоғарыда аталған Жолдауда:  «Мен бұқаралық 
ақпарат құралдарын белсенді азаматтық ұстаным таны-
туға шақырамын! Сіздерді «төртінші билік» деп кездей-
соқ атамайды. Қазір БАҚ адамдар үшін қиындықты қа-
лай еңсеруге болады, мынандай қиын кезде қалай аман 

17
Ұ. Сыдықов  
Ұлттық рух және ақпараттық кеңістік
қаламыз,  қалай  төтеп  береміз  деген  мәселелерде  «ке-
ңесші»  ретінде  көрінуге  тиіс.  Азаматтарды  басқа  адам-
дардың оң тәжірибесі арқылы үйрету керек... Сенімділік, 
жеке  белсенділік,  төзімділік,  патриотизм,  Отанға  деген 
сүйіспеншілік секілді көңіл күйлерді орнықтыратын ма-
териалдарды жиі беру керек»  деген болатын. 
Елімізде таралатын отандық телеарналар мемлекеттік 
тілдегі хабарларын «жоқтан бар құрап» 50%-ға көбіне 
басқа  тілдегі  хабарларды  аудармалау  арқылы  жеткізіп 
отырса,  ал  қазақ  тілінде  шығатын  газет,  жорналдар 
30%-ға да жетпейді.  Бұған түрлі мекемелер арқылы Қа-
зақстанға тарайтын Ресей Федерациясының  бес мың-
нан  астам  газет-жорналын  қосыңыз.  Ал  әлемдік  Ин-
тернет торабы арқылы келіп жатқан ақпарат тасқынын 
қазіргі таңда шектеу мүмкін  емес. Интернеттегі онсыз 
да саусақпен санарлық қазақ сайттары  көпшіліктің сұ-
ранысын  толық  қанағаттандыра  алмайды.  Ал  Үкімет 
тарапынан Интернетті  бұқаралық ақпарат құралдарына 
жатқызып, оны реттеу мәселесіне байланысты дайын-
даған заң жобасы журналистер қауымының, қоғамдық 
ұйымдардың арасында үлкен қарсылық тудырып отыр. 
Қорыта айтқанда, Қазақстан жағдайында ұлттық рух-
ты  қалыптастырып,  дамытуда    ақпараттық  қауіпсіздік 
– аса өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан бұл мәселені 
шешуге БАҚ өкілдерінен басқа,  ғалымдардың, саясат-
керлердің,  ұстаздардың да белсене араласуы керек деп 
есептейміз.
 
«Жаратылыстану-гуманитарлық 
ғылымдары және олардың 
Қазақстан Республикасының
 индустриалды-инновациялық даму бағдарлама-
сын жүзеге асырудағы рөлі» 
IV халықаралық ғылыми тәжірибелік 
конференцияның жинағы, 3-бөлім, 208-211 бет, 
алматы, ҚазҰТУ,  2009 .
 Р. Бердібаевпыен бірге 

Ұ. Сыдықов 
Ұлттық рух және ақпараттық кеңістік
18
ҰЛТТЫҚ РУХ жӘНЕ 
жАҢА ҚАЗАҚсТАНДЫҚ 
ПАТРИОТИЗМ
Ұлттың  болмысын,  әлеуметтік  табиғатын  анықтай-
тын ошақтың үш бұтындай үш тірегі – оның ділі, діні, 
тілі екені белгілі. Бұл құбылыстар өзара етене қабыса 
келіп, тұтастық  құрай отырып, ұлттың мәдениетінен, 
рухани әлемінен, яғни ұлттық рухынан көрініс табады. 
Ұлттық рух халықтың табиғи ортамен байланысынан, 
материалдық-өндірістік тіршілігінің ерекшеліктерінен, 
өмір сүру салтынан, сан ғасырлық тарихынан, қалып-
тасқан  әдет-ғұрпынан,  салт-санасынан,  ой  өзегінен, 
дүниетанымынан бастау алады. Ары қарай қалыптасу 
барысында  ол  ұлттың  мақсат-мүддесін,  ішкі  жан  дү-
ниесін, арман-тілегін бойына сіңіре отырып, кіндік қаны 
тамған топыраққа, өз жұртына, Отанына деген ерекше 
сүйіспеншілікті  өзінің мазмұнына айналдырады. Сөйте 
отырып, ұлттық рух ұлттың ұйтқысына, бет-бейнесіне, 
айбынына, оның дамуына, қозғаушы күшіне айналады. 
Ұлттық рухы біртұтас, айқын, асқақ халықтар ғана та-
рихтың көшінде ұлы жеңістерге жетіп отырған.
Ұлттық  рухтың  қыр-сыры,  мән-мағынасы  туралы 
айтқанда оның сана түсінігімен байланысына назар ау-
дарған  жөн.  Рух  пен  сананың  ортақ  қасиеттері,  ортақ 
мазмұны  көп  болғанымен,  олардың  айырмашылығы 
баршылық. Бұл жөнінде бұрында айтқамыз, жазғамыз. 
Тағы да назар аударғымыз келеді. Мәселен, пендешілік 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал