Бағдарламасы бойынша жарық көрді Шәріпов Қ. Ш 34 Қаруластар: Деректі хикаяттар / Қ. Шәріпов. Алматы



жүктеу 9.55 Kb.

бет1/14
Дата15.09.2017
өлшемі9.55 Kb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

1
Қасым  ШӘРІПОВ
ҚАРУЛАСТАР
Деректі хикаяттар
АЛМАТЫ 
«ҚАЗАҚСТАН»
2015

УДК 821.512.122
ББК 84 (5 Қаз)
Ш 34
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 
“Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару” 
бағдарламасы бойынша жарық көрді
  Шәріпов Қ.
Ш 34   Қаруластар: Деректі хикаяттар / Қ.Шәріпов. – Алматы: 
            “Қазақ стан”  баспа үйі”, 2015.  –  320 бет.
ISBN 978-9965-10-130-4
«Қаруластар»  –  майдангер  журналист  Қасым  Шәрі- 
повтің  көп  жылдар  бойы  ойланып,  толғанып  жазған 
соңғы  кітабы.  Кітаптың  атынан  да  көрініп  тұрғандай, 
негізгі  кейіпкерлер  автордың  өзі  білетін,  кешегі  Отан 
соғысының сұрапыл күндерінде оқ пен оттың арасында 
ыстық-суықты бірге көрген қаруластары, Жеңістің сол-
даттары.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
УДК 821.512.122
ББК 84 (5 Қаз)
ISBN 978-9965-10-130-4
© Шәріпов Қ., 2015
© “Қазақстан”, 2015

3
Ұлы жеңістің шежіресі
Алғашында  Қасым  Шәріпов  бұл  шығармасын  «Жеңіс» 
деп атамақ болған екен, оны кітапқа өзінің кіріспе сөзінде 
айтады. Сірә, баспагерлер оның «Қаруластар» деп атал ға - 
нын жөн көрген-ау шамасы. Оның үстіне кітап автор қай- 
тыс болғаннан кейін жарық көрді. Өзінің алғысөзінде: «Әлі 
талай жылдар, ғасырлар өтер, ал біздің Жеңісіміздің даңқы 
ұрпақтан  ұрпаққа  мирас  болып  қала  береді»  деп  жазады 
Қасекең.  Бұл  сөздің  шындығына  бүгінгі  ұрпақ,  біз  куәміз. 
Сол Жеңістің шежіресін жасап кеткен де, сол сұрапыл со- 
ғысқа бастан аяқ қатысып, от жалынының ортасында өзі  
де  болып,  ерлік  те  көрсеткен  Қасым  Шәріпов.  Осы  кітап- 
ты оқып шыққанда оған көзіміз айқын жетеді. 
Кітапқа  автордың  ертерек  жазылған  атақты  «Біз  – 
панфиловшылармыз»  хикаясы  мен  «Батыл  жігіттер»  жә- 
не «Жеңіс» хикаялары кірген. Бұлардың барлығы уақыт жү- 
йесімен  жалғасып,  тұтас  бір  бүтін  дүниені  құрайды,  Ұлы 
Отан соғысының шежіресін жасайды. 
Кітапта не жазылғанын мазмұндап айтқымыз жоқ, он- 
дағы халықтық сипаттағы ерлікті оқып, білген жөн. Бұл ав- 
торлық қиялмен көркемделген дүние емес, көзбен көрген, бас- 
тан кешкен өмір шындығы. Бұл өмір шындығының әсері көп 
жағдайда көркем туындылардағы әсірелей жазылғаннан әл-
деқайда  күштірек  болып  жатады.  Мұнда  басты  кейіпкер 
– автор. Ол оқырманды өзімен бірге ұлы ерліктің ортасына 
алып барады. Бұл кітаптың басты құндылығы сонда. 
Әдетте  көркем  шығарма  мен  деректі  шығармалардың 
ерекшелігін айтқанда, көбіне біз көркем дүниеде сюжеттің 
тартымдылығын  алға  тосамыз.  Кейде  өмірдің  өзі  ұсынған 

4
сәттер сол көркем шығармалардағы қиялдан туған сюжет- 
терден де тартымдылау болатынын осы кітаптың өн бо- 
йынан  көреміз.  Алматыда  жасақталып,  алғы  шепке  бара 
жатқан дивизия жауынгерлерінің жүрек лүпілін сезіп тұр- 
ғандайсың.  Ертең  не  болар  екен,  бүкіл  әлемді  тітіреткен, 
бақайшығына  дейін  қаруланған  қаныпезер  жаумен  бетпе-
бет кездесуге сол жауынгерлермен бірге бара жатқандай се- 
зінесің. Ал сол жан беріп, жан алысқан алапат шайқас бас- 
талғанда,  жанын  шүберекке  түйген  жауынгерлерге  аман- 
дық тілеп, оқиғаға ересің. 
Соғыс та өмір екен. Онда да қуаныш пен өкініш қатар 
жүреді  екен.  Адам  жауын  жайратқанына  қуанады  екен. 
Қандас серігінен айрылғанда, жылайды екен. Автор – рота 
политругы  Қасым  Шәріпов  оны  өз  көзімен  көрді,  көргенін 
жазды. 
Ол соғысқа бастан-аяқ қатысты. Алғашында қолына қа- 
ру алып, ротаның политругы болып қатысты. Бұл жайында 
осы кітапта егжей-тегжейлі жазылған. Өзі де ерлік жаса- 
ды, басқаның да ерлігін көрді. Оның оқ ататын қаруды қа- 
ламқаруға  қалай  айырбастағаны  былай  болып  еді.  «Қата- 
рымызда өлгендер, жараланғандар көбейіп кетті, – деп жа-
зады  Қасым  Шәріпов.  –  Чалаповтан  және  оның  автомат- 
чиктерінен  атысты  күшейтуді  талап  етіп,  әрлі-берлі  жү- 
гіріп,  арпалысып  жүрмін.  Қапелімде  мені  санинструктор 
Иван Харченко ұстап алды. 
– Сіз жаралысыз, политрук жолдас, – деді. 
Мен төмен қарап едім, қардың беті қып-қызыл қан екен. 
Өз  қанымды  көргенде,  көзім  қарауытып,  басым  айналып 
кетті». 
Бұл жарақат Қасым Шәріповті сол 1941 жылдың қара- 
шасының аяғында қолына қару ұстаған командир қатарынан 
шығарды. Сонда ол қару ретінде қолына қаламын алған. 
Бұл қарумен ол жеңіске жеткенше соғысты. Өзінің қа- 
рулас достарының ерліктерінің шежіресін жазды. Ол әске- 
ри тілші, біршама дивизиялық газеттердің редакторы, май- 
дандық «Суворовец» газеті редакторының орынбасары бол- 
ды. Екі тілде бірдей жазатын. Үнемі ол өзіне таныс соғыс 

5
майданының алғы шебінде жүрді. «Батыл жігіттер», «Же- 
ңіс» деректі хикаяларына сол көргендері арқау болды. 
Оқырман  қауым  автордың  соғыс  жылдарындағы  өмірі 
жайында  осы  кітаптан  жан-жақты  мағлұмат  алады.  Ал 
Қасым Шәріповтің сол соғыстан бұрынғы да, кейінгі де өмірі 
ғибратты болды. Сондықтан да оқырманды одан біршама 
хабардар етуді жөн көріп отырмыз. 
Жалпы  Қасым  Шәріпұлы  Шәріпов  –  үлкен  азаматтық, 
қайраткерлік жолдан өткен тұлға. Ол – күрес жолы, өнегелі 
жол. Оның жолы – еліміздің өткен жолы. Еліміз Ұлы Отан 
соғысында Ұлы Жеңіске жетті десек, Қасекең сол жеңіске 
айрықша үлес қосқан адам. 
Ол осыдан 100 жылдай бұрын, нақтырақ айтқанда, 1912 
жылдың  29  желтоқсанында  Қызылорда  облысы,  Тереңөзек 
ауданындағы  Сексенбай  ауылында  шаруа  малшының  отба- 
сында дүниеге келген. Тағдыр оған туа қаталдық көрсетті 
– үш жасында әкеден, он жасында шешеден айрылды. Жа- 
қындары тұлдыр жетім Қасымды балалар үйіне тапсырды. 
Жамандықтан – жақсылық деген рас-ау, ауылда жүре бер- 
се, сауатсыз қалар еді, енді балалар үйінде ол сауатын аш- 
ты. Оның білімге құштарлығы ерен еді. Жеті жылда айтар- 
лықтай білім алумен қатар, «Лениншіл жас», «Социалистік 
Қазақстан» газеттерінің жұмысына да араласты. Сол же- 
ті жылдық біліммен Орынбордағы Халық-ағарту институ- 
тының дайындық бөліміне қабылданып, оны жедел бітірген 
соң  Мәскеудің  Кинематография  институтының  әдеби-сце- 
нарий факультетіне түседі. 
Оқуын оқыса да, ол кинематограф болмады. Өзінің жа- 
нына  жақын  жазу  жағына  ойысты.  1933-1935  жылдарда 
баспаларда редакторлық қызмет атқарса, білімдарлығымен, 
саяси сауатымен көзге түскен оны Партия тарихы инсти- 
тутына жауапты жұмысқа шақырады. Ол марксизм-лени- 
низм классиктерін аудару жұмысына тартылады. 
Осы тұста соғыс басталып кетеді. Ол бірден өзі сұра- 
нып, майданға аттанады. Бұл жайында осы «Қаруластар» 
кітабында егжей-тегжей жазылған. 
Қ.Шәріпов елге соғыс біткен соң емес, келесі жылы нау- 

6
рызда  ғана  оралады.  Майданға  аттанған  ұжымына  келді. 
Үлкен  ерлік  жасап,  сұрапыл  соғыстың  отын  кешіп,  шыны- 
ғып,  ширап,  біраз  басшылық  жұмыс  атқарған  оны  бірден 
институт директорының орынбасары етіп тағайындайды. 
Ол мұнда да бірден көзге түседі. Елдегі білгілі саяси қай- 
раткерге айналады. Бұл бедел оны «Социалистік Қазақстан» 
газетінің редакторлық қызметіне жоғарылатады. Бұл – рес- 
публиканың бас газеті. Бас газеті болғанда, ол – Қазақстан 
Компартиясы  ОК-нің,  Республика  Жоғарғы  Кеңесінің  және 
үкіметінің органы. Ол бұл басылымның ақ дегені алғыстай, 
қара  дегені  қарғыстай  қабылданар  заман  еді.  Оған  басшы 
болу – уақыт жауапкершілігін арқалаған тұлғаны тану, үл- 
кен сенім. 
Бірақ  ол  қиын  заман  еді.  Ұлт  мүддесін  қадір  тұтатын 
адамның жолына кедергі көбейген кез. Ұлтшылдыққа қарсы 
науқан күшейген кез. Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Ермұ- 
хан Бекмахановтар сияқты талай ардақты азаматтар қу- 
даланған  заман.  Сол  заманның  салқыны  Қасым  Шәріповке 
де тиді. Бір жағы Бекмахановты жақтап жазған мақала- 
сы  үшін,  екіншіден  газетте  ұлтшылдықты  белсенді  әшке- 
релемеді деген айыппен ол редакторлықтан босатылды. 
Қызметтен төмендетіліп, бұрынғы институтына жібе- 
рілді.  Өткір  пышақтың  қап  түбінде  жатпайтыны  белгілі, 
көп уақыт өтпей ол Қазақстан Компартиясы ОК-не жауап- 
ты қызметке шақырылады. Арада біраз уақыт салып, оны 
«Социалитік  Қазақстан»  газетіне  редакторлық  қызметке 
қайта көтереді. 
Қасым Шәріпов қайда жүрсе де, жұмысына ерекше жа- 
уапкершілікпен қараған адам. Содан да ол қалай жұмыс іс- 
теді деген әңгіме артықтау. Ал 1960 жылы бұл жұмыстан 
қалай кетті дегенге келсек, оның басқа мәні бар. Сол тұста 
қуғын-сүргінге ұшырағандар ақтала бастаған еді. Сонда да 
кейбіреуінің  ұлт  мәселесі  жөніндегі  көзқарастарына  сын 
айтылатын. Сондай тұлғаның бірі Тұрар Рысқұлов еді. Со- 
ған қарамай, «Социалистік Қазақстан» газеті кезінде өзі де 
қуғын-сүргін  көрген  Р.Байжарасовтың  бір  беттік  мақала- 
сын жариялап, оны толық ақтағандай болған. Сол үшін ре-
дактор орнынан алынды. 

7
Саяси кінә тағылған соң, оны бұл қызметте ұстап тұ- 
ру қиын еді. Бірақ оның іскерлігін еске алып, республика бас- 
шылығы Қасым Шәріповті тағы да басшы қызметке жібер- 
ді – ол Қазақ телеграф агенттігінің директоры қызметіне 
тағайындалды. Бұл қызметті 13 жыл абыроймен атқарып, 
содан зейнеткерлікке шыққан. Ол атқарған саяси, қоғамдық 
жұмыстар өз алдына бір төбе. 
Сірә,  оның  үлкен  қоғамдық  қайраткер  болып  қалыпта- 
суында  Ұлы  Отан  соғысының  аса  қатал  өмір  мектебінен 
өтуінің орны бөлектеу болды десек, сол соғыс тақырыбына 
ден  қойып,  қалам  тартуы  да  оның  ел  таныған  қаламгерге 
айналуына себепші болғандай көрінеді де тұрады. Бар күш- 
жігерін, уақытын өзіне тапсырған жұмысқа арнаған Қасе- 
кең «Біз – панфиловшылармыз» хикаясын ертерек жазса да, 
«Қаруластарға» кіретін хикаяларды зейнеткерлікке шыққан 
соң  ғана  жазды.  Кейде  күнделікті  жұмыстың  күйбеңімен  
кетпей,  сол  шығармаларын  соғыстың  ізі  суымай,  оған  іле- 
шала жазғанда, олардың сапасы да, өзектілігі де, жұртшы- 
лыққа әсері де, оған берілетін баға да қазіргіден әлдеқайда 
жоғары болар еді-ау деген ой да қажайды. 
Қалай десек те, «Қаруластар» кітабы Ұлы Отан соғысы 
туралы  оған  қатысып,  көзімен  көрген  адамның  жүрегімен 
жазылған сүбелі шығарма ретінде қазақтың деректі проза- 
сында  өзінің  үлкен  орнын  алатыны  күмәнсіз.  Оқып  көріңіз, 
көзіңіз жетеді. 
Мамадияр ЖАҚЫП,
Қазақстанның құрметті журналисі. 

8
АвтордАн
Біздің  кітабымыз  «Жеңіс»  деп  аталады.  Жеңіс  оңай- 
лықпен  түскен  жоқ,  көп  күшті,  көп  кұрбандықты  керек 
қылды. Кітапта жүз шамалы каһармандардың аты аталған; 
олардың көбі опат болған адамдар. Бәрін тізбектеп жазсаң, 
талай парақ толар еді. Әдебиетте кейіпкерлердің аз болуға 
тиіс екенін де жақсы біле міз. Бірақ біз кейіпкерлер жасау- 
ды  ойлаған  жоқпыз.  Біздің  қа һар мандарымыздың  бәрі  де 
–  тірі  кезінде  көріскен,  біліскен  адам дарымыз.  Оларды 
ұмытуға болмайды.
Ұлы Отан соғысына көптеген журналистер қатынасты. 
Біз, жур налистер, өз мамандығымызды мақтаныш етеміз. 
Ұлы Ленин партиялық документтерінде өзін публициспін, 
журналиспін деп атады. Маркстің журналист екенін жұрт- 
тың  бәрі  біледі.  Энгельс  те  тамаша  журналист  болды.  
Оның  болжамынша,  журналистер  –  күрескерлер;  бірі  қа- 
ламмен, екіншісі қарумен, үшіншісі қалам мен де, қарумен 
де  күреседі.  Біздің  Коммунистік  партиямыз  нақ  осындай 
журналистерді тәрбиелеп шығарды. Қазақстандық журна- 
листер  майданда  өз  кәсібін  істеді.  Бірсыпырасы  қатар да-
ғы  жауынгерлер,  әр  түрлі  дәрежедегі  командирлер,  саяси 
қыз мет керлер болды. Олардың көбі Отан үшін жанын пи- 
да  етті.  Тек  Алматыдағы  редакцияларда  жұмыс  істеген 
журналистердің май данда қаза тапқандары елуден асады. 
Олардың  ішінде:  Бау бек  Бұлқышев,  Әли  Еспембетов, 
Аманғали Сегізбаев, Қажым Кө шеков, Рамазан Аманкел- 
дин, Иван Киселев, Прокопий Кочетков, Арсений Петраш- 
ко,  Мұхамеджан  Исламқұлов,  Дмитрий  Сала нов,  Әуеш 
Қошмағамбетов,  Несіпбай  Манашев,  Сабыр  Үкенов  бар. 
Бұларды ұмытуға бола ма?

9
Мен тәрбиеленген Қызылорда питернатында жүз сек- 
сен бала бар еді. Кейін бәрі дерлік соғыска қатынасты. Тек 
менімен  бір  класта  оқығандардың  ішінде  Бақтияр  Мең- 
діғазин,  Құдайберген  Есмағамбетов,  Әбділда  Мыңжаса- 
ров,  Ісмәділда  Жөнербаев,  Ме деу  Майдашев,  Қайрақбай 
Әбденов ерлікпен қаза тапты. Оларды қалай ұмытарсың?
Алғашқы шайқастарымызда опат болған Иван Панфи- 
лов, Ва  силий Клочков, Петр Вихрев, Манап Мусин, Иико- 
лай  Мол ча нов,  Аманбек  Жаманбеков,  Георгий  Яремич, 
Иван Давыдов, Ми хаил Прийма, Микола Трубка, Жұмаш 
Марқабаев  сияқты  қарулас  жолдастарымды  ұмытуға  ха- 
қым бар ма?
Шынын айтсақ, біздің де өлуіміз мүмкін еді. Бірақ біз 
тірі  қалып,  соғыстан  соңғы  коммунистік  құрылысқа  қа- 
тынастық. Де генмен біз бейбітшілік тұрмыстағы өміріміз- 
ді тек өз меншігіміз емес, сол опат болған ерлер өмірінің 
жалғасы деп есептейміз. Өйткені солар, солардың тірі жол-
дастары жанқиярлық көр сетпесе, жеңіс те, бейбіт өмір де 
болмас  еді.  Сондықтан  біз  оларды  әрдайым  құрметтеп, 
есте  сақтауға  тиіспіз.  Олардың  есі мін,  ерлік  ісін  жас  ұр- 
паққа жеткізуге міндеттіміз. Бұл – біздің борышымыз. Бір- 
неше  жыл  еңбек  етіп,  осы  кітапты  жазғанда  мен  тек  өз 
борышымды орындадым.
Біздің  жеңісіміз  туралы  әлі  де  көп  жазылуға  тиіс. 
Оның зор маңызы бар. Совет Армиясы 1418 күнге созыл- 
ған соғыстың нә ти жесінде (фашистік Германияны талқан- 
дады;  небәрі  24  күн нің  ішінде  Қиыр  ІІІығыстағы  Жапо- 
ния әскерлерін де тізе бүк тірді. Сөйтіп батыс пен шығыс- 
тағы агрессияның екі ошағы да жойылды. Екінші дүние- 
жүзілік соғыс аяқталды. Біз жеңіп шық тық. Біздің тарихи 
жеңісіміздің  негізі  –  советтік  кұрылыс.  Тек  со веттік  кұ- 

10
рылыстың  артықшылығы  арқасында  ғана,  совет  халық-
тарының  достығы  арқасында  ғана  осындай  ұлы  жеңіске 
жеттік.  Еліміздегі  барлық  халықтар  сияқты  қазақ  халқы 
да бұл жеңіске өзінің үлесін қосты. Партиямыздың орта- 
лық  органы  «Правда»  бы лай  деп  жазды:  «Қазақтар  май- 
данда жақсы соғысуда; олардың әкелері, аналары, әйелдері 
тылда жұмысты жақсы істеуде. Бізде қазақтың тура, жай- 
дары,  ержүрек  мінезін,  опың  кішіпейілдігін,  оның  адал- 
дығын  сүйеді».  Бұл  тамаша  қасиетті  қазақ  халқы  өзінің 
ағасы  орыс  халқынан  үйренді.  Соғыста  орыс  халқы  елі- 
міздегі жетекші күш екенін жалпыға танытты.
Біздің  жеңісіміздің  ұйымдастырушысы,  дем  берушісі 
Ком му нистік партия болды. Ұлы жеңіске жеткізгені үшін 
партиямызға мың мәртебе алғыс айтамыз.
Әлі талай жылдар, талай ғасырлар өтер. Ал біздің же- 
ңісіміз дің даңқы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қала бе- 
реді.

11
БІЗ – ПАНФИЛОФШЫЛАРМЫЗ
I
Сол бір күндер естен кетпейді. Сонау 1941 жылы басталған 
сұрапыл соғыстың қиын-қыстау кезеңдері де, жеңіс қуанышы да 
әлі есімізде. Содан бері талай жылдар өтсе де, жеңімпаз қа һар- 
мандардың бейнесі көз алдымызда елестейді де тұрады... Бү гін 
жексенбі, 22 июнь. Алматылықтар жексенбінің қарсаңында, сен- 
бі күні ұзақ саяхат құруды жақсы көреді. Біз Комсомол көшесі 
мен Талғар көшесінің бұрышында тұрамыз. Екінші этаждағы үйі- 
мізден бәрі көрінеді. Июньнің қайнап тұрған ыстығында қар жа- 
мылған зәулім Алатау аспанмен таласып тұр. Төменде Алматы 
өзені ағып жатыр. Өзеннің арғы бетіндегі Максим Горький атын- 
дағы парктен музыка үні естіледі. Сонау Тастақтан басталып, қа- 
ланы қақ жарып, Талғар көшесіне тірелетін темір жолмен жүріп 
келіп,  алтыншы  трамвай  жолаушыларды  соңғы  аялдамада  түсі- 
реді де, бізге өнерін көрсеткендей, жайдақ күйде, дөңгеленіп жат- 
қан рельсті айналып өтеді де, күтіп тұрған кісілерді отырғызып, 
Тастаққа тартады Тастақтан бізге келеді. Лықып келген адамдар 
паркке  қарай  жөңкіледі.  Олар  паркте  сайраңдап,  түнгі  сағат  он 
екілерде үйді-үйіне қайтады; топырласып, трамвайға тығылыса- 
ды. Трамвай зырылдап жүріп жатыр, жұртты алып келетіп жатыр. 
Небәрі  бір  жарты  сағаттан  кейін  жан-жақ  тып-тыныш  болды. 
Осындай кезде жазу-сызуға отырған жақсы. Мен Лениннің «Бір 
адым  ілгері,  екі  адым  кейін»  деген  кітабын  аударумен  шұғыл- 
данып,  түнгі  сағат  төртке  дейін  отырып,  шаршадым  да,  жатып 
ұйықтамақ болдым. Мұндайда тезірек көзің ілінбей, дөңбекшіп 
жатасың  да,  біраздан  кейін  талықсып,  ұйықтап  кетесің.  Әрине, 
кеш тұрасың. Бүгін де нақ осылай болды.
Көзімді уқалап, төсектен тұрдым да, терезенің пердесін аш- 
ып, далаға қарадым. Көшеде адам толып кеткен. Әдетте, жексен- 
бі күні паркке баратындар жақсы киініп, бір-бірімен қолтықта- 
сып, маң-маң басатын. Ал бүгін жұрт қалай болса солай киінген. 
Әркім өз бетінше асығып-үсігіп, жүгіріп барады. Таныс адамдар 
да көп. «Мынау Ғабең емес пе?» – деп шұқшия қараймын. Иә, 
Ғабит Мүсіреповтің өзі. Жәй уақытта асып-сасу дегенді білмей-

12
тін, сабырлы, салмақты Ғабекеңнің балаша жүгіріп бара жатқаны 
несі? Мына жұртқа не болған? 
Телефон шылдыр ете қалды. 
–  Радио  хабарын  естідің  бе?  –  деп  сұрады  жолдасым  Бақ- 
тияр Меңдіғазин.
– Жоқ, радио тыңдаған жоқпын.
– Ендеше, тыңда, досым, тыңда! – деді де, трубканы қоя сал- 
ды. 
Мен дереу радионы сөйлеттім. Радио құлағымды қақ жарған- 
дай болды. Есеңгіреп кеттім. Үй-ішімізбен үймелеп, үнсіз тұрып 
қалдық.
– Неміс-фашис басқыншыларына қарсы совет халқының Ұлы 
Отан соғысы басталды. Біздің ісіміз – әділ іс. Жау талқандалады. 
Біз жеңеміз. 
Басымызға осындай күн туды дегендей, біз бір-бірімізге қа-
бақ астынан қараймыз. Ал радио сарнап тұр.
– Паркте митинг болады. Митингіге барыңыздар! 
Паркке қарай біз де жүгірдік. Ондаға халықта сан жоқ. Ми- 
тинг  басталды.  Ашулы  ызамен  сөйлеген  шешеңдердің  сөздерін 
естуге ынтыққан жұрт алға ұмтылып, бірін-бірі итермелейді, ты- 
ғылысқан күйі әрлі-берлі ауытқып, толқын басқан теңіздей тең- 
селеді. 
Үйге келген соң біздің әңгімеміз тек соғыс жөнінде, мобили- 
зация туралы болды. Мен 29 жастамын. Кезек біздікі.
–  Мен  майданға  баратын  шығармын,  менің  киім-кешегімді 
кішкене чемоданға салып, әзірлеп қой, – дедім Зураға.
Чемодан сол күні-ақ дайын тұрды.
Дүйсенбі күні жұмысқа жұрттың бәрі де келіпті. Ол кезде мен 
Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитеті  жанындағы  Партия 
тарихы институтында бөлім меңгерушісі, әрі бас редактор болып 
қызмет істеуші едім. Институтқа келісімен шұғыл түрде партбю- 
ро мәжілісі, коллектив жиналысы өткізілді, үкіметіміз бен пар- 
тиямыздың совет халқына арнаған үндеуі түсіндірілді.
Соғыс әр үйге, әрбір завод пен мекемеге кіріп келгендей бол- 
ды. Барлық жерде жұмыс соғыс жағдайына қарай қайта құрыла 
бастады. Орталық Комитеттің нұсқауы бойынша, бізде де жұмыс 
бағыты өзгерді. Енді Қазақстан партия ұйымының тарихын жазу 
тоқтатылды.  Ленин  шығармаларының  толық  жинағын  аударуға 
кіріспей, алты томдығының соңғы томын аяқтап шығумен тын- 

13
ған мақұл деп саналды. Негізгі міндет – В.И.Лениннің социалис- 
тік Отанды қорғау туралы жазған еңбектерінің жинағын әзірлеу, 
халықты жауға жұмылдыратын мақалалар жазу, еңбекшілер ара- 
сында үгіт- насихат жұмысын жүргізу, лекция оқу.
Мен лекция дайындайтын бригаданы басқардым. Тарихи де- 
ректер, орыс классиктерінің патриотизм туралы жазғандары, ше- 
телдік  интервенция  мен  азамат  соғысы  кезіндегі  документтер, 
күнделікті  ресми  хабарларлар  мен  насихаттық  мақалалар  зерт-
теліп,  көп  материалдар  жиналды.  «Совет  халқының  Ұлы  Отан 
соғысы» деген лекциямыздың ақырғы тексті елу бет болып шық-
ты.  Лекцияны  Орталық  Комитет  мақұлдады.  Кейін  Орталық 
Ко митет осы тақырыпта лекция оқу үшін насихатшылар тобын 
құрды.  Лекторлардың  тізімінде  мен  де  бармын.  Куәлігімді  қо-
лыма алып, ертең Семей облысына командировкаға шығатын бо-
лып, кешке үйге келдім. Бұл июльдің он бесі күні еді.
Үйде  аудандық  әскери  комиссариаттан  келген  повестка  жа-
тыр екен. Командировка өз жайына қала берді.
16  июль  күні  таңертең,  көрсетілген  уақытта  ескі  қамалға 
жи налдық. Бұрын ішіне кіріп көрмесек те, бұл қамалды жақсы 
білеміз. Дмитрий Фурмановтың «Бүлік» деген кітабында сурет-
телген негізгі оқиға нақ осы арада болған. Фурманов өлімге ба-
сын байлап, дұшпандарының қақ ортасына барып, жалынды сө-
зімен солдаттарды өзіне қаратып алады. Кітаптың осы жері ме ні 
ерекше толғандыратын. Міне, коммунист деп Фурмановты айт! 
Қамалға кіргенде осындай ойға шомдым.
Камалға  жүздеген  кісі  жиналған.  Олар,  шақыру  бойынша, 
әр бөлмеге бір-бірлеп кіреді. Кезегі жетпегендер топырлап жүр. 
Бұ лардың  ішінде  таныс  адамдар  да  аз  емес.  Манап  Мусин  де, 
Леонид  Макеев  те,  Алексей  Кузнецов  та,  Дмитрий  Снегин  де, 
Бақтияр  Меңдіғазин  де  келіпті.  Таныстар  бірінен  бірі  жаңалық 
білгісі  келеді.  Әрлі-берлі  өтіп  жатқан  әскери  адамдардан  жәй-
жағдайды сұрастырамыз. Біреулері қабағын түйіп, өте шығады, 
ал  енді  біреулері  «Сен  де  мендей  боласың,  сенен  жасырарым 
жоқ» дегендей, жайдары жүзбен түсінік береді. Сонымен, біраз 
мәліметке қанықтық.
Орта  Азия  Әскери  округі  әскери  советінің  1941  жылғы  12 
и
юльдегі бұйрығына сәйкес, 14 июльде Алматыда Қазақстандық 
тұңғыш дивизия – 316-шы атқыштар дивизиясы құрыла бястады. 
Дивизияның командирі болып И.В.Панфилов тағайындалды. Ол  

14
кім? Осы сұраққа жауап бергендей, редакцияда істейтін Л.Ма ке-
ев «Генерал-майор Панфилов» деген листовканы ұсынды. Иван  
Васильевич 1893 жылғы 1 январьда Саратов облысындағы Пет-
ровск  деген  кішкене  қалада,  ұсақ  кеңсе  қызметкерінің  семь я-
сын да  туған.  Ол  ерте  жетім  қалып,  он  екі  жасынан  еңбек  етіп, 
ауыр тұрмыс шеккен. 1915 жылы армия қатарына шақырылып, 
дүниежүзілік бірінші соғысқа қатардағы жауынгер болып қа ты-
сады. Азамат соғысы кезінде, 1918 жылы өз еркімен Қызыл Ар-
мия  қатарына  енеді.  Атақты  Чапаев  дивизиясында  взвод,  рота, 
батальон командирі болады. Украинада, Оңтүстік Россияда, Вол-
га  бойында,  батыс  Қазақстанда  ақтармен  алысып,  Уфа,  Орал, 
Гурьев қалаларын азат етеді. Қаһармандығы, ерлігі үшін Қызыл 
Ту орденімен наградталады. 1920 жылы Коммунистік партияның 
қатарына  алынады.  Азамат  соғысынан  кейін  Киевтегі  жаяу  әс-
кер мектебін ойдағыдай бітіреді. 1924 жылдан бастап Орта Азия 
Әскери округінде рота, батальон, полк командирі болып, бас ма - 
шыларға  қарсы  күреседі.  Ұрыстағы  шеберлігі  үшін  екінші  рет 
Қызыл Ту орденімен наградталады. Ол 1938 жылы Қырғыз ССР 
Әскери  комиссары  болып  тағайындалады.  Қырғызстан  Ком-
пар тиясы  Орталық  Комитетінің  мүшесі,  Қырғыз  ССР  Жоғарғы 
Советінің депутаты болып сайланады.
Сонымен, 316-шы атқыштар дивизиясының командирі – ге - 
не рал-майор  Иван  Васильевич  Панфилов,  комиссары  –  баталь-
ондық  комиссар  Сергей  Александрович  Егоров,  штаб  басты ғы 
– полковник Иван Иванович Серебряков. Дивизияның құрамын-
дағы  1073-ші  атқыштар  полкінің  командирі  –  майор  Георгий 
Ефимович  Елин,  комиссары  –  Петр  Васильевич  Логвиненко;  
1075-ші атқыштар полкінің командирі – полковник Илья Ва силь- 
евич Капров, комиссары – Ахметжан Латыпұлы Мұхамедияров, 
штаб  бастығы  –  капитан  Иван  Михайлович  Монаенко;  1077-
ші атқыштар полкінің командирі – майор Зиновий Самойлович 
Шехтман, комиссары Андрей Михайлович Корсаков; 857-ші арт-
полктің командирі – подполковник Георгий Федорович Курганов, 
комиссары Александр Иванович Скоробогат-Ляховский.
Біз  қай  полкке  барар  екенбіз?  Командиріміз  оңды  кісі  ме? 
Таныс жолдастармен бірге болсақ жақсы болар еді. Біздің ендігі 
ойымыз осы болды.
Бір кезде бейтаныс комаидир шыға келді де, жұрттың фами -
лиясын дауыстап атай бастады. Ол елу шақты кісіні іріктеп ал ып, 

15
қатарға тұрғызды да, қаланың ортасымен жүргізіп отырып, Қы-
зыл әскер көшесіндегі (қазіргі Панфилов көшесіндегі), респуб  ли-
каның Әскери комиссариаты жанындағы үлкен казармаға әкелді.
Казармада жататын да, отыратын да ештеңе көрінбейді; тып- 
типыл  еденнен  басқа  түк  жоқ.  Вокзалдың  кең  залында  кез дес-
кендей,  жұрт  біресе  жүріп,  біресе  тұрып  әңгімелеседі.  Мұнда 
жиналғандар запастағы офицерлер болып шықты. Екі күннен бе-
рі запастағылар осы жерге жиналып, біреулері командир, бі реу-
лері политрук ретінде полктерге жөнелтіледі екен. Ал мен партия 
тарихы институтында істегендіктен жыл сайын шақырылу мер-
зімі ұзартылып жүрген адаммын. Тек осы жылдың басында ғана 
Термездегі үш айлық курста солдаттың міндетін атқарып, шұғыл 
түрде кіші лейтенант болып шыққанмын. Демек, мен взвод ко-
мандирі болуға тиіспін.
Кәзір бізді керек қылып жатқан ешкім жоқ сияқты. Осындай 
кезде үйге барып келуге болар еді. Үйде әйелім, бес балам хабар 
күтіп отыр ғой. Бірақ рұқсатсыз кетуге болмайды. Командирлер- 
дің  не  істеп  жүргенін  білмейсің,  бірі  келіп,  бірі  кетіп  жатыр. 
Олардың ішінде жалғыз-ақ қазақты көрдім. Бұл 1073-ші полктың 
бірінші батальонының командирі, аға лейтенант Бауыржан Мо-
мышұлы еді. Мен оның атын да, фамилиясын да білмеймін. Бірақ 
жүзі  таныс.  Бала  кезімде  Шымкенттегі  жеті  жылдық  мектепте 
көрген адамым сияқты. Ол кезде де сидаңдау еді, ал кәзір ұзын 
бойлы, сымбатты, қараторы жігіт болып шығыпты. Әскери киім 
де өзіне қонып тұр. Командирлердің сүйегіне біткен мінез мұның 
да  басында  бар:  көзі  өткір,  қабағы  қатыңқы,  жүзі  суық.  Мен 
қорғалақтап жанына келдім.
– Үйге барып келуге рұқсат етіңізші, үйдегі әйелім, балала-
рым менің армияға алынғанымды әлі білмейді, – дедім.
–  Немене,  майданға  қатын-балаңды  сүйретіп  апармақ  па  
едің?! – деп кекете жауап берді де, – Тез кел! – деді. Мен кекетке-
нін ұнатпасам да, рұқсат бергеніне ырза болдым.
Үйге жүгіріп барып, жәй-жағдайды айтып, дайын тұрған кіш-
кене чемоданымды алдым да, тезірек казармаға қайтып келдім. 
Біз киім-кешегімізбен еденде жатып, осында түнеп шықтық!
Таңертең бір офицерге еріп, бір топ кісі қаланың сыртында-
ғы,  Басарықтың  арғы  жағындағы,  кәзіргі  Сәтпаев  көшесіндегі 
Байланыс техникумының үйіне келдік. 1075-ші полктың штабы 
осында екен.

16
–  Сізді  полк  комиссары  Мұхамедияров  шақырып  жатыр,  – 
деді офицер.
Кіріп  келген  бөлмем  бос  тұрған  сияқты.  Тез  көз  жүгіртіп, 
есіктің қасындағы жалғыз столда отырған кісіні көргенде сасып 
қалдым. Тұсынан орағытып өттім де, қарсы алдында тұрып:
– Комиссар жолдас, сіздің шақыруыңыз бойынша келіп тұр-
ған Шәріпов, – дедім.
Менің сөзімді түрегеліп тұрып тыңдаған комиссар өзінің ор-
нына отырды да, маған:
– Отырыңыз, – деп, алдындағы орындықты көрсетті.
Комиссар  өзінің  алдында  жатқан  менің  документтеріме  бір 
қарап қойды да, сөзін бастады:
–  Шәріпов  жолдас,  мен  сіздің  өмірбаяныңызбен  таныспын, 
– деді ол. – Қалалық партия комитетінің ұсынысы бойынша, біз 
сізді 3-ші батальондағы 8-ші ротаның саяси жетекшісі қызметіне 
тағайындап отырмыз. Сізге жуырда политрук атағы беріледі. Со- 
ғыс  жағдайында  армиядағы  саяси  қызметкерге  ерекше  міндет 
жүктеледі. Рота үшін алдымен, командир емес, сіз жауап бересіз. 
Бірақ  командирді  дұрыс  бағыттап,  қолдап  отыру  қажет.  Ротада 
әскери темір тәртіп орнатылуға тиіс. Жауынгерлер тез арада со- 
ғыс өнерін үйреніп шығатын болсын. Үгіт-насихат жұмысы бар-
лық жағдайда үздіксіз жүргізілуі керек. Әрбір бөлімде үгітші та-
ғайындалсын. Оларды «саяси жауынгерлер» деп атаймыз. Солар 
арқылы  сіз  әрбір  кісінің  пиғылын  біліп  отыруға  міндеттісіз. 
Жа уынгерлермен  жеке  әңгімелесуді,  олардың  хал-жайын  біліп, 
оларға қамқорлық етуді ұмытпаңыз. Тамақтың сапасы үшін де сіз 
жауап бересіз.
Комиссарымыз  Ахметжан  Латыпұлы  Мұхамедияровтың  әр-
бір сөзі менің көкейіме қонып тұр. Орта бойлы, қара көзді, қи-
ғаш қасты, қызыл шырайлы, аққұба, сұлу жігіт маған ә дегеннен 
ұнады.  Сыпайы,  ұстамды.  Комсомол  ұйымдарында,  атты  әскер 
бөлімдерінде  ұзақ  уақыт  қызмет  істеген.  Басмашыларға  қарсы 
күресте ерлік көрсеткен.
Мен кетуге ыңғайлана берген кезде, бір полковник кіріп кел- 
 ді. Комиссар мені оған таныстырды. Бұл И.В.Капров болып шық- 
ты. Ол – тапалтақтау, ашаң, көзі көк, жүзі қара-күрең, бәсең да- 
уыспен ақырын сөйлейтін кісі. Илья Васильевич 1898 жылы ке- 
дей ша руаның семьясында туған. Ол И.В. Панфиловпен бір жер- 
де  өсіп,  бір әскери мектепте  оқып,  азамат  соғысына,  басмашы- 

17
ларға  қарсы  күреске  бірге  қатысқан.  Қызыл  Ту  орденімен  наг-
радталған, әске ри училищеде оқытушы болып істеген. Дивизияға 
осы қызметтен келген.
Біздің  қадірлі  басшыларымыз,  майдандас  достарымыз,  бау-
ыр ларымыз Мұхамедияров пен Капровты бірінші рет осы жолы 
көрдім.
Комиссардың бөлмесінен шыққан соң, 3-ші батальонның ор-
наласқан  жеріне,  байланыс  техникумының  жатақханасына  кел-
дім. Мұнда телефонистен басқа ешкім жоқ екен.
– Мен политрукпін, – дедім.
– А, политрук болсаңыз, орныңызды көрсетейін, – деп, теле-
фонист мені екінші этаждағы бір бөлмеге кіргізді де, тайып тұр-
ды.
Шамалыдан соң осы бөлмеге екі қазақ кіріп келді. Таныстық. 
Бұл екеуінің біріншісі – біздің батальондағы 7-ші ротаның полит-
ругі, африкалықтар сияқты қап-кара, айран көзді, сопақ мұрын-
ды,  аласа  бойлы  семейлік  Аманбек  Жаманбеков  екен.  Екіншісі 
– біздің батальондағы 9-ші ротаның политругі, ұзын бойлы, қа - 
рақошқыл, таңқы мұрынды, қалмақ тұрпатты шымкенттік Әб ді-
кәрім Үсенов болып шықты.
Үшеуміз біраз әңгімелестік. Жаманбеков пен Үсеновтің сөз-
де ріне қарағанда, олар әскери жағынан мендей құралақан емес, 
тәжірибелі кісілер екен. Екеуі де бұрын бірнеше жыл қазақ атты 
әскер полкінде болған кавалеристер. Екеуі де сен тұр, мен ата - 
йын дегендей, жігерлі жігіттер.
Төменге түссек, әскери киімді адамдар жүр екен. Олар Таш-
кенттен келіпті. Кенет бізді батальон командирі шақырды. Бата-
льон  командирі  Николай  Алексеевич  Молчанов  –  ұзын  бойлы, 
арық, тісі сойдиған, құлағының мүкісі бар, қырық бестен аса бас-
таған кісі. Бізге ол қарт сияқты көрінді. Бұл кісі де – чапаевшы, 
Панфиловтың майдандас досы. Азамат соғысы кезінде Қызыл Ту 
орденімен  наградталған.  Капитан  бізді  дәрежелес  жолдастарша 
жайдары  жүзбен  қарсы  алып,  өзінің  кім  екенін  таныстырып, 
полктың құрамын түсіндірді.
Біздің  полкте  үш  батальон  бар.  Бұларды  басқаратындар  – 
капитан  Михаил  Александрович  Лысенко,  аға  лейтенант  Иван 
Иванович Райкин, капитан Николай Алексеевич Молчанов. Үшін-
ші  батальонның  штаб  бастығы  –  лейтенант  Андрей  Акимович 
Вет ков, 7-ші ротаның командирі – лейтенант Деревянко, 8-ші ро-

18
таның командирі – лейтенант Давыдов, 9-шы ротаның коман дирі 
– кіші лейтенант Отроков. Біз бір-бірімізбен таныстық.
Сегізінші ротаның командирі Иван Давыдов – 22 жаста. Та-
палтақ,  бауырсақ  мұрынды,  сыпайы  кісі.  Ташкенттегі  әскери 
учи лищеден бұрын педагогикалық техникумды бітіріп, мұғалім 
болған. Командир ретінде қатал болғысы келсе де, мұғалім ретін-
де жұмсақ болмай тұра алмайды. Давыдов – сүйкімді жігіт. Ол 
кезде көп роталарда, Чапаев пен Фурманов сияқты, командирлер 
мен  политруктер  біраз  уақыт  бір-бірімен  түсінісе  алмай  жүрді. 
Екі жыл әскери училищеде оқыған, әскери өнерді жақсы білетін, 
енді командирлік дәрежеге жеткен комсомолецтер политруктерге 
бағына  қойған  жоқ,  өйткені  соғыстан  бұрын  политруктер  ко-
ман дирдің  орынбасары  сияқты  болатын.  Ал  ендігі  жағдай  бас-
қаша. Ендігі политруктер – жастары отызға келіп қалған, үлкен 
мекемелерде қызмет істеген тәжірибелі коммунистер; коман дир-
лерге бақылау жасауга тиіс. Бірақ ондай жағдай Давыдов екеу-
міздің  арамызда  болған  жоқ.  Екеуміз  де,  қоғамдық  салада  көп 
істеген кісілер болғандықтан, тез түсінісіп кеттік. Біздің жауын-
герлер  алдындагы  тактикамыз:  ол  маған  бағынады,  мен  оған 
бағынамын.
Кейін Давыдов екеуміз өзімізге бағынышты бастықтарды жи-
нап алдық. Біздің алдымызда отырған кісілер: бірінші взводтың 
командирі – кіші лейтенант Прийма, екінші взводтың командирі 
– кіші лейтенант Гусев, үшінші взводтың командирі – лейтенант 
Яремич, пулемет взводының командирі – лейтенант Никифоров, 
старшина – Чалапов, замполит – Трубка. 
Замполит жөніндегі мынадай бір оқиға есімде: мені комиссар 
Мұхамедияров шақырып алып, тиісті нұсқау берді.
– Кәзір бір жарты сағаттың ішінде батальондарға, роталарға, 
соның ішінде сіздің ротаға жауынгерлер келеді, соларды қарсы 
алыңыздар, – деді ол.
Жаяу барып жеткенше уақыт өтіп кетеді ғой деген оймен, мен 
полк штабынан батальон штабына телефон соқтым.
– Замполитті шақырыңыз, – дедім телефонистке.
– Трубканы Трубкаға берем, – деді ол бір кезде. – Трубка,– 
деді біреу, украин акцентімен.
– Трубканы замполитке беріңіз, – дедім мен.

19
– Мен замполитпін, менің фамилиям Трубка, ғапу етіңіз, мен 
сізді тыңдап тұрмын, – деді ол.
– Бізге көп «қонақтар» келеді, оларды жақсылап қарсы алуға 
тиіспіз, кәзір мен де жетемін, – деп, трубканы қоя салдым.
Өз орынбасарымның фамилиясы Трубка екенін осылай біліп, 
жаттап алдым. Украин акцентімен сөйлейтін момын, тіл алғыш, 
зерделі, саяси сауатты, шикіл сар жас жігіт менің ең сенімді кісім 
болып кетті.
Рота командирі Давыдов бізге келген екі жүзден ас адамды 
қатарға тұрғызды да, төртке бөлді; оларға өзін, мені, взвод ко ман-
дирлерін, замполитті, старшинаны таныстырып болған соң:
– Взвод командирлері өз міндеттерін атқаруға кіріссін, – деді.
Взводтар бөлініп кетті. Ал біз Давыдов, Чалапов үшеуміз ма-
шинадан түсіріліп жатқан киім-кешектер мен әбзелдерді қабыл-
дауға  кірістік.  Бір  сағаттан  кейін  техникум  жатақханасы  нағыз 
казармаға айналды, ал ротадағылардың бәрі біркелкі киім киін - 
ген  әскери  адамдар  болып  шыға  келді.  Офицерлер  портупея 
асын ған; жағаларына кіші лейтенанттар бір кубик, лейтенанттар 
екі кубик тағып алған; менің жағамда үш кубик, сол жақ қарымда 
қызыл  жұлдыз  белгісі  бар;  жұлдыз  –  саяси  қызметкерлердің 
белгісі.
Бұйрық  бойынша,  полк  штабына  баруға  асықтым  Онда  біз 
пистолет пен противогаз алдық. Ілезде барлық командирлер мен 
саяси  қызметкерлер  үлкен  залға  жиналдық.  Капров  пен  Мұха-
медияров күтіп тұр екен.
– Становись! – деп полковник жұртты қатарға тұрғызды да – 
смирно! Серт береміз ! – деді. Ол комиссарға қарады.
– Фамилияларыңыз аталғанда кезектеріңізбен бір адым алға 
шығасыздар да, қатты дауыспен «Әскери серттің» тексін оқып, 
ант етесіздер, – деді комиссар.
Бірімізден  соң  біріміз  алға  шығып,  дауысымыз  қалтырап, 
жүрегіміз дірілдеп, ант етіп жатырмыз:
Мен серт беріп, ант етемін!
Мен Отанымды қорғауға әзірмін!
Мен адал болып, ерлік көрсетемін!
Мен жеңіс үшін қанымды да, жанымды да аямаймын!
Антымды бұзсам, мені совет заңы жазаласын!
Антымды бұзсам, халықтың қарғысына ұшырайын!
Мен ант етемін!

20
Сол күні капитан Молчанов батальондағы барлық жауын гер-
лерді қатарға тұрғызып, әрқайсысына винтовка берді, бәрінен ант 
алды.  Штаб  бастығы  лейтенант  Ветков  «әскери  серттің»  әрбір 
сөзін жеке оқиды, жұрттың бәрі үн қосып, сол сөзді қайталайды. 
Жүздеген адамның қатты дауысы кең даланы жаңғыртып, кү ңі-
рентіп жіберді, халықтың қаһарындай естілді, Майданның рухы 
сезілді.
Қызыл әскерлер бір километр жердегі асханада тамақ ішеді. 
Оларды сапқа тұрғызып, старшиналар апарады. Тамақтың сапа-
сын,  роталардың  уақытында  келіп-кетуін  кезекші  политруктер 
ба қылайды.  Ал  командирлер  мен  политруктердің  өздері  полк 
шта бының  үйіндегі  кішкене  асханада  тамақтанады.  Біздің  көп 
кездесетін, асыға-үсіге әңгімелесіп, әзілдесетін жеріміз осы ма-
ңай. Көбіміз асханаға ерте барсақ та, кезек күтіп, кеш шыға мыз.  
Ал Әбдікәрім Үсенов кеш барса да, ерте шығады. Біз Әбдікәрім- 
мен бір столда отыруға тырысамыз: бірге отырсақ құрметті бо- 
ламыз.
Екінші  бір  беделді  политрук  Василий  Клочков.  Ол  туралы 
толығырақ  айтқым  келеді.  Василий  Георгиевич  Клочков  1911 
жылғы  8  мартта  туған;  оның  туған  жері  –  Саратов  облысының 
Воскресенск  ауданындағы  Синодское  селосы.  Ол  дивизия  ко-
мандирі  И.В.Панфиловты,  полк  командирі  И.В.Қапровты,  ба-
таль он командирі И.И. Райкинді жерлесім ден мақтаныш ететін. 
Клочков – 1939 жылдан партия мүшесі. 1940 жылы СССР Сауда 
комиссариатының Бүкілодақтық сырттан оқитын институтын бі - 
тіріп,  жоғары  білім  алды.  Сол  жылғы  октябрьде  әйелінің  ата-
аналары тұратын – Алматыға келді. Мұнда ол 1940 жылғы 2 ноя- 
брьден бастап Қазақ ССР Сауда Халық  комиссариатының инс- 
пекторы және инженер-технологі болып, 1941 жылғы 10 майдан 
бастап Алматыдадағы Асханалар мен ресторандар тресі басқару- 
шысының  орынбасары  болып  жұмыс  істеді.  В.Г.Клочков  16 
июльде  316-шы  дивизияға  шақырылып,  1075-ші  полктегі  4-ші 
ротаның политругі болып тағайындалды.
Василий Қлочков отыз жаста ғана болса да, кұрбыларымен 
салыстарғанда  үлкенірек  көрінетін.  Бұл  оның  бойшаңдығынан 
болар. Оның мұрны ірілеу, ұзындау, козі көгілдір, маңдайы кең, 
шашы  ұяң,  аздап  бұйралау.  Жоғары  қайырылған.  Ол  қатаң  кісі 
сияқты, бірақ әзілдескенде мүлде сүйкімді болып шығады. Алай-

21
да,  мылжың  сөзді  ұнатпайды;  мұндайда  ол  әңгімені  бөліп,  іске 
көшеді. Оның мінезі қызық еді.
Офицерлер, асханадағы даяшылар Василийді ерекше құрмет- 
теп, кезексіз тамақтандыратын, өйткені олар оны асхана тресін- 
дегі жұмысы жағынан білетін. Осы жағын әдейі қазбалап, кей- 
біреулер оны «Ресторандық политрук» деп атайтын. Ол мұндайда 
ешкімге өкпелемейтін; тек қана: «Қойшы, сенің осындайың бар» 
дей салатын.
Клочков – командир болуға лайық адам. Ол старшинаға сен- 
бегендей,  роталарын  жауынгерлердің  асханасына  өзі  апарады. 
Василийдің дауысы алыстан естіледі:
– Алаңдама, тура қара! Аяғыңды жаны бар кісіше бас, қат- 
тырақ  бас!  Ән  бастаушы,  қайдасың?  Мен  кімге  айтып  келемін, 
баста деймін! Қаттырақ шырқа! Бәрің қосылыңдар, бәрің дейім. 
Міне, осылай! Бәрекелде, жігіттер! – дейді де, өзі әнге қосылып 
кетеді.
Мұндайда кездесіп қалсақ, біз Василиймен әдеттегіше әзіл- 
деспей, оның беделін сақтап, оған әскери тәртіп бойынша сәлем- 
десіп өте шығамыз.
Бір  жолы  Василий  екеуміз  полк  бойынша  кезекші  болып, 
түнгі сағат он екіге дейін Басарықты күзеттік. Біздің міндетіміз, 
Пушкин көшесі мен Алатау (қазіргі Күләш Байсейітова) көшесі- 
нің арасында қала жақтан да, қала жаққа да ешкімді арықтан өт- 
кізбеу. Бұл кең арықтан тау суы сарқырап ағып жатады. Жағасы 
– биік жар. Сол жардың төбесінен жүретін жіңішке жол бар. Жол 
бойымен екеуіміз екі жаққа кетеміз де, бір кезде қайта кездесеміз.
Арыққа құлап кетпеу үшін бірімізді-біріміз құшақтап, екеу-
міз екі жаққа ауысамыз. Тағы кездесеміз, Тағы ауысамыз. Сөйтіп 
жүргенде алдымнан кісі сияқты бірдеңе қараңдады. Мен жүрісті 
тездеттім. Ана жақтан Василий де келіп қалды. Қараңдаған шы - 
нында да кісі болып шықты. Біреу емес, екі кісі. Біріне бірі жа- 
бысып қалғандай. Бізді тұсынан өткізіп жібергілері келеді. Васи- 
лий ол екеуін құшақтап, әрең дегенде мен жаққа өтті де, маған 
сыбырлап:
Балалар ғой, – деді.
– Мұнда қайдан жүрсіңдер? – дедім мен. 
– Біз күндізден осы маңда ойнап жүрдік, – деді бірін-бірі қос- 
тап екі бала.

22
Оларды Пушкин көшесіне жеткіздік те, қала жаққа қуып жі- 
бердік. Жеке қалған соң екеуміз күле-күле сөйлесеміз.
– Тыңшылар ма деп қалдым.
– Мен де.
– Апырмай, сенің қырағылығың-ай!
– Сен де кем соқпадың.
Осы екі ортада біздің кезегіміз бітіп, басқа офицерлер келген 
соң, екеуміз қоштасып, өз батальонымызға кеттік.
Таңертең мен ротаны жинап алып, саяси сабақ өткіздім, со- 
ғыс жағдайын түсіндірдім. Орыс тілінде сөйледім. Қазақтардың 
көп екенін аңғармағандықтан емес және орыс тілін қазақ тілінен 
гөрі жақсы білгендіктен емес, – әдейі істедім мұны. Майданда екі 
тілде бұйрық беру болмайтын нәрсе, сондықтан қазақтардың осы 
бастан орысшаға дағдыланғанын мақұл көрдім.
Әдетте саяси сабақтан соң ішкі қызмет уставы, строй уставы 
және басқа уставтар жөнінде сабақтар жүргізіледі. Көбінесе атыс 
өнері үйретіледі.
Кәзір  лейтенант  Давыдов  8-ші  ротаны  кірпіш  заводының 
сыртындағы тауға қарай апара жатыр. Рота алдында екеуміз қатар 
жүріп келеміз. Ол жан-жағына қарап, кейде бүйірге шығып кетіп, 
жауынгерлерге ескертпе жасайды. Марш тәртібімен жедел жүріп, 
тауды өрмелей береміз. Бір кезде атыс алаңына жеттік.
Алыста, екі жүз метрдей жерде нысаналар тұр. Оқ соған тию- 
ге тиіс. Нысана алдындағы қазулы орда жатқан қызыләскер оқ- 
тың тиген-тимегенін телефон арқылы командирге жеткізеді. Біз- 
дің ротаның жауынгерлері кезегімен бірінен соң бірі атып жатыр. 
Атыс  позициясы  дұрыс  орналасуды,  аяқтарыңды  екі  жаққа  жа- 
йып тастауды, сол қолыңды еңкейте түсіп, шынтағыңды жер ті- 
реп қоюды, оң қолыңды еркін ұстап, сұқ саусағыңды шүріппенің 
ілмегіне іліктіруді, асықпай көздеп, атар сәтте дем алмауды Да- 
выдов қайта-қайта түсіндіріп тұр. Кейде мен де білгішсініп, оның 
айтқанын қайталап, қалай атуды өзім көрсетемін.
Сайыс қызып жатқан кезде, анадай жерде бір топ командир- 
лер  келе  жатты.  Капровты,  Молчановты  тани  кеттік.  Тағы  бір 
кісінің,  екі  генералдың  кім  екенін  білмедік.  Әне-міне  дегенше 
олар жақындап қалды.
– Мұндайда не істеу керек? – деп сұрадым Давыдовтан.
–  Атыс  алаңында  команда  берілмейді.  Мен  оларды  қарсы 
алып, не істеп жатқанымыз жөнінде рапорт беруге тиіспін.

23
Давыдов  алға  шықты.  Бірақ  бастықтар  тұсынан  өткенде  ол 
түк үндемеді. Мен мылтық атайын деп жатқан жауынгердің қа-
сында тұрмын. Генералдар төніп келіп қалды.
–  Рота  атыс  өнерін  үйреніп  жатыр,  баяндаушы  –  политрук 
Шәріпов, – дедім мен демімді әрең алып.
Бастықтар мені қоршап алды. Генералдар үндемейді. Жа ға-
сында ромб белгісі бар бір кісі менімен сәйлесе бастады.
– Бұрын армияда қызмет еттіңіз бе?
– Жоқ.
– Қайда жұмыс істедіңіз?
– Партия тарихы институтында.
– Батальоннан дивизияға дейін командирлерді айтып беріңіз.
–  Батальон  командирі  капитан  Молчанов,  полк  командирі 
пол ковник Қапров, дивизия командирі генерал-майор Панфилов.
– Алдыңызда тұрған екі генералдың қайсысы Панфилов? – 
деді бір генерал.
– Сіз боларсыз, – дедім мен.
– Көрдіңіз бе, сізді білмейді, – деді әлгі генерал екінші ге не-
рал ға қабақ шытып.
– Политрук жолдас, осы 15 июльде генерал Панфиловтың сіз-
дерге баяндама жасағаны есіңізде жоқ па? – деді Егоров.
– Ғапу етіңіз, мен дивизияға 16 июльде келдім деп жауап бер-
дім.
– Демек, соңғы он күннің ішінде сіз бұл батальонда болмаған 
екенсіз  ғой,  –  деді  бірінші  генерал  екінші  генералға.  Екіншісі 
үндемеді.
– Ротаңыздың командирі қайда?
– Менмін, – деді алыстау тұрған Давыдов.
– Рапорт бермей, тәртіп бұзғаныңыз үшін мен сізді рота ко-
ман дирі қызметінен босатамын.
Бастықтар  басқа  батальондарға  қарай  жүріп  кетті.  Ал  біз 
есімізден танып қалдық. Сұрастырсақ, ромб белгісі бар кісі Ор - 
та Азия Әскери округінің әскери советінің мүшесі, бригадалық 
ко миссар  Пантас  екен.  Бірінші  генерал  округтің  штаб  бастығы 
генерал-майор Казаков екен. Нұсқау беру үшін келіпті, дивизия-
ны мақтап кетіпті. Екінші генерал И.В. Панфилов болып шықты. 
Одан  кейін  оның  түр-сипатын  өмірімде  ұмытпайтын  болдым. 
Мен  дивизиямыздың  командирін  ыңғайсыз  жағдайға  қалдыр-

24
дым-ау деп өзімнен өзім қапаландым. Жастықтан жасқаншақтық 
еткен Давыдовты аяп, оған жаным ашыды.
Осыдан кейін Давыдов үшінші взводтың командирлігіне ау-
ысты.  Сегізінші  ротаның  командирі  болып  лейтенант  Яремич 
тағайындалды.  Комсомолец  Григорий  Михайлович  Яремич  23 
жаста. Ұлты – украин. Харьковтегі театр техникумында оқыған. 
Оны бітіремін деп жүргенде Ташкенттегі әскери училищеге ша-
қырылған.  Училищені  бітіремін  деп  жүргенде  соғыс  басталып 
кетіп,  майданға  баратын  дивизияға  келді,  үшінші  взводтың  ко-
мандирі болды, енді рота командирі. Ол шымыр, шапшаң қи мыл-
дайды.  Команда  бергенде  әрбір  сөзін  нақыштап,  дауысын  қат-
тырақ шығарады. Тәртіпке мықты. Өзі әрбір коммунисті партия-
ның өкілі деп құрметтейді.
Тактикалық сабаққа күндегідей таңертең емес, кешке кеттік. 
Тағы  да  марш  жүрісімен  тауға  қарай  өрледік.  Бірақ  күндегідей 
қара жолмен жүрмей, жырадан жыраға өтіп, қайдағы бір үңгірге 
келдік. Қараңғы түсіп кетті. Жүру де қиынға айналды. Нақ осы 
кезде «Рота түнгі ұрыста» сабағы басталды. Ай жарық. Біз ша - 
буыл  жасаушымыз.  «Дұшпандар»  да  жақындап  қапты.  Әйдә, 
атыстық, ұрысқа шындап кіріскеніміз сонша – бұл шын дұшпан-
дар сияқты көрінді. Ұрыс түн ортасына дейін созылды. Ақыры  
біз  жеңдік.  (Кейін  білдік:  олар  да  бізді  жеңіпті).  Жеңістен  соң 
сақтық үшін төрт жағымыздан, бір-бір бөлімшеден қорғаушылар 
қойдық. Ротаға тыныс берілді. Жүгіре-жүгіре шаршаған жауын-
герлер киімдерімен кез келген жерге жата кетті. Яремич екеуміз 
ортада жатырмыз. Ол да ұйқыға кірісті. Ал мен ұйықтай алмай, 
таң  атқанша  жұлдыздарға  қараумен  болдым.  Таң  ата  сегізінші 
рота сап түзеп, марш жүрісімен қала шетіндегі казармасына жет-
ті.
Бүгін, 22 июльде дивизиялық «За Родину» газетінің бірінші 
номері шықты. Газеттің редакторы – ақын Павел Кузнецов, әде би 
қызметкері – Леонид Макеев. Газетте И.В. Панфиловтың – «Зор 
шабуыл  шайқастарына  дайындалайық»  деген  мақаласы  басы-
лыпты. “Соғыстың басталғанына бір ай болды. Жаумен шындап 
шайқасатын күн алдымызда. Әрбір қызыләскер қысқа мерзімде, 
бар күшін салып, каһарман батыр болуға әзірленуі тиіс”, – деп 
жазыпты біздің генерал. Саяси сабақ ретінде, бұл мақаланы рота 
жауынгерлеріне оқып бердік. 

25
Телефон  арқылы  біздің  Бахтияр  Меңдіғазин  штабқа  шақы-
рыл ды. Қайтып келген соң: 
– Не үшін шақырыпты? – дедім.
– Бір қиын мәселе, – деп Бақтияр күле береді. – Мен бар лау-
шылар взводында болатын болдым. 
Келешектегі батырларымыздың бірі Бақтияр Меңдіғазинмен 
таныстырайын. Ол республикамыздың батысында, Жымпиты ау- 
 данында  туған,  ал  жастық  шағы  Қазақстанның  сол  кездегі  ас-
та  насы  Қызылордада  етті.  Ленин  атындағы  жетімдер  интер на- 
тына орналасып, онда бес жыл болды. Пионер, комсомол ұйым-
дарында тәрбиеленді. Екеуміз бір класта оқыдық. Аққұба, жал-
пақ  бет,  момын,  жайдары  жолдасымыз  жасынан-ақ  ете  сүйкім-
ді  болатын.  1922  жылы,  он  жеті  жасында  ол  «Социалистік  Ка-
зақстан»  газетінің  редакциясына  орналасып,  басқа  қызмет кер-
лермен  бірге  астанамыз  Алматыға  келді.  Өзінің  өнегелі  кол-
лек  тивінде  сегіз  жылдай  қызмет  істеп,  әдеби  қызметкер,  бөлім 
мең герушісі болды. Сол жылдарда газет бетінде оның өнер кәсіп, 
ауыл шаруашылығы, мәдениет тақырыбына жазылған мақа лала- 
ры жиі-жиі басылып, өзі көрнекті журналист болып қалып тасты.  
Бақтияр кейінгі жылдарда «Қазақстан» және «Көркем әдебиет» 
баспаларында редактор болып қызмет істеді. Жазушылар одағы- 
ның мүшесі ретінде бүл ұйымның жұмысына белсене қатынасты. 
Ол татар әдебиетінің классигі Ғалымжан Ибрагимовтың «Терең 
тамырлар»  деген  романын  қазақ  тіліне  аударды.  Енді  ол  армия 
қатарыңда.  Әскери  адамдар  Бақтиярдын  журналистігіне  емес, 
интернатта болғандығына көңіл беліпті. Өзі тентек, қайсар, өжет 
жігіт болар деп, барлаушыға лайық көріпті. Бұдан былай момақан 
Бақтияр әскери барлаушы болады.
Офицерлер полк штабының алдына жиналып жатыр. Алды-
мен келгендердің ішінде бірінші батальонның командирі капитан 
Лысенко да бар.
Ол – әуелден әскери адам. Михаил Александрович Лысенко 
жасөспірім кезінде атақты Чапаев дивизиясының құрамында аза-
мат соғысына қатынасқан. Жоғары дәрежелі кавалерия мектебін 
бітірген. Он жыл бойы атты әскерде стратегиялық қызмет істе- 
ген.  Біздің  дивизияға  келер  алдында  Жамбыл  қаласында  Осо а-
виахим қоғамынын председателі болды және чапаевшы ретінде 
ерекше  құрметтелді.  Ол  өзі  мінезі  жағынан  да,  сыртқы  пішіні 
жағынан да В.И.Чапаевқа өте ұқсас болатын. Осы Лысенко ұзын 

26
мұртын ширатып қойып, күлдіргі әңгімелер айтып тұр. Қолында 
өріктен  сәл-ақ  үлкен  алмасы  бар.  Әңгіменің  бір  үзілісінде,  ше-
мішке шаққандай, алманы аузына лақтырып жіберді де, тісімен 
күрт  еткізді.  Осы  мезгілде  генерал  Панфилов  кіріп  келді.  Кап-
ровтың «Смирно!» деген командасы бойынша тік тұрып, сіресіп 
қатып  қалдық.  «Вольно!»  –  деді  де,  генерал  жүре  берді.  Бірер 
адым аттады да, Лысенкоға көзі түсіп, тоқтап қалды.
– Х
а
л қалай, мұртты капитан? – деді оған. «Мұртты капитан» 
аузындағы алмасын алақанына салды да, тез жауап берді:
– Хал жақсы, чапаевшылардың халі ешуақытта жаман болуға 
тиіс емес.
– Аузыңдағы Алматының апорты болса, халің белгілі болар 
еді, – деп Панфилов күлді де, тез-тез жүріп кетті. 
Бұл – Панфиловты екінші көруім. Командирлердің бәрін қа-
тыгез кісілер деп ойлаушы едім. Генералдың, лауазымына қа ра-
май, бұрынғы майдандас жолдасымен осылай әзілдескені маған 
ұнап кетті.
Жиынымыз бес-ақ минутке созылды.
– Біз майдан жағдайына көшеміз, Алматыдан кетеміз, барлық 
батальондар мен роталарда бұйрық қатаң орындалуға тиіс, – деп 
Капровқа қарады да, Панфилов шығып кетті. Шамасы, ол баска 
полктерде де осындай жедел жиын өткізетін болар.
«Майданға аттанатын болдық қой», – деді үшінші ротаның 
политругі Мәлік Ғабдуллин.
 Батальондар да, роталар да жорық тәртібіне келтірілді. Бі-
рінші батальон кете бастады. Мәлік те кетті.
Мәлікті  мен  бала  кезінен  білемін.  Москвада  оқып  жүріп, 
жазғы  практика  ретінде  «Социалистік  Қазақстан»  газетінің  ре-
дак циясында  қызмет  істеген  кезімде  Мәлікті  күнде  көретінмін. 
Ол «Лениншіл жас» газетінің пионер бөлімінде істеді. Мойнына 
галстук тағып жүретін. Жұғымды, тәрбиелі, көп ойлайтын, сон-
дықтан да қартамыстау көрінетін тапалтақ бала еді. Бірер жыл - 
да  ұзын  бойлы,  сырықтай  жігіт  болып  шыққан  екен.  Одан  соң 
оның ҚазПИ-де оқып жүрген кезін де көргемін. Ротаның полит-
ругімен  күн  сайын  кездесіп  жүрсек  те,  оның  пионер  кезіндегі 
пішіні есімнен кетпейді. 
Бір сағаттан соң екінші батаьон қозғалды. Біздің үшінші ба-
тальон да жорыққа аттанды. Шығысқа қарай жүрдік. Қатты қар-
қынмен  екі  сағат  жүріп,  Талғарға  жеттік.  Мұнда  дивизияның 

27
1073-ші  полкі  тұратын.  Шамасы,  барлық  полктер  осы  маңайға 
жинастырылған. Біз Талғардың бергі жағына, таудың етегіне ор-
наластық. Бірінші рет шатыр тіктік. Алатау маңының түні суық 
болатыны  белгілі  ғой,  оның  үстіне  жаңбыр  себеледі  де  тұр ды. 
Шатырдың іші су болып кетті. Мен бұл түнде де ұйықтай алма-
дым. 
Ертеңіне, он сегізінші августа, таңсәріден «Тревога!» жасал-
ды. Біз тағы жорыққа шығып, Талғардан Алматыға тарттық. Мұ-
ның бәрі маневр (әскери алдарқату) екені мәлім. Соны сезе тұр-
сақ та, бір-бірімізгі: «Қаскелеңге барамыз» – дейміз. 
Алматыға  жақындай  бергенде  мен  Яремичпен  келістім  де, 
ротадан  озып,  жүрісті  бірте-бірте  тездетіп,  жүгіре  басып,  ақы-
рын да жүгіре-жүгіре үйге жеттім. Зура қатты ауырып жатыр еен. 
Зәуре, Абай, Роллан, Виссарион, Сырым мамасының маңайында 
шырылдап жүр. Балалар әкесі жөнінде де, шешесі жөнінде де қа-
мығулы.  Нәрестелерді  жұбатпақшы  болып,  өздерінің  күнде  ай-
татын өлеңдерін айтқыздым.
Балалар  бұрынғы  әдеттері  бойынша  күлімсіреген  болады. 
Шынында жылағылары келіп тұр. – Бұл өлеңді біз әлі талай ай-
тамыз, – дедім де, балапандардың беттерінен сүйдім. Жұбайым-
мен сүйісіп қоштастым.
Мен институттан көлік шақырып алдырып, Зураны ауру ха-
наға  жеткіздім  де,  өзім  Бірінші  Алматы  станциясына  тарттым. 
Станцияға жақындағанда ротамды қуып жеттім.
Вокзалда  көп  тұрған  жоқпыз.  Бізді  шығарып  салуға  Қазақ-
станның басшылары – Н.Скворцов, Н.Оңдасынов, Ж.Шаяхметов 
келіпті. Товарлы поездың вагондарының есігіне тақтай төселіпті. 
Команда бойынша, әрбір взвод жүгіріп барып, тақтай арқылы ва-
гонға кіріп жатыр. Рота бастықтары, келісім бойынша, әр вагонға 
міндік. Ә дегенше поезд жылжи бастады.
Біз майданға аттандық.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал