Бағдарламасы бойынша жарық көрді НҰРҒалым ұ. Болмыс. Мақалалар/Ұ. Нұрғалым



жүктеу 6.44 Kb.

бет9/12
Дата15.02.2017
өлшемі6.44 Kb.
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

113
БОЛМЫС
өліктердің арасында бір шал тірі жатады. Оны Бураш 
көреді, артынша Колька көреді. Кольканың әкесіне 
айтады, «тірі жатыр, құтқарып алайық» дейді. Біз 
екі-ақ ауыз сөзбен баяндап өткен осынау оқиғалардың 
шиеленісі, тартысы, адам жанының терең түкпіріндегі 
шыңғырысы, әке мен бала арасындағы рухани 
қашықтық, қоғамдық жүйенің адам төзгісіз астарлары 
әр сөз, әр сөйлем, әр диалогтарда тұнып тұр. Тұнып... 
Осының бәрін бір-біріне көлеңке түсірмей бөлек-
бөлек қалай алып шығамыз, қалай көрсете аламыз? 
Бізге қиын сын осы болып тұр. Себебі, шалдың жағдайы 
сол қоғамның, сол жүйенің негізгі бір сипаты болса, әке 
мен бала арасындағы тартыс тағы бір қыры, автордың 
жанай айтып отыратын символдық тәсілдері тағы бар. 
Өліктер жайында айтылатын философия өз алдына. 
Баяндау тәсіліне сіңісіп, астасып кеткен автордың өз 
тағдыры тағы бір бөлек. Тағы...
Бастадық. Енді шегіну жоқ. 
Бураш әкесі бір келіп кеткеннен кейін ғана әкесін 
сағынатын болған. Әкесі алғаш келгенде Бураш қарсы 
алған. Таң қалған, бала жүрегі басқаша тулаған. «... 
әкесi ендi бұған қарай өзi жүгiрдi.
– Әй, Бураш, иттiң күшiгi, неғып тұрсың состиып!
Әке құшағының ғажайып ләззат екенiн бала Бураш 
сонда ғана алғаш рет сезген». «Бураш бұрын әкесiн 
сағынбайтын. Ендi Бураш әкесiн күнде күтетiн болған. 
Мектепке барарда станса басына бiр соғып өтедi. 
Мектептен қайтарда станса басында айналып көп 
жүредi». Енді сол Бураш келіп жүретін станса жағдайын 
баяндайық. Өліктер жайындағы автор философиясын 
тарқатып жатпай-ақ, үзінділер келтірсек түсінікті болар 
дейміз.

114
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
«...кеше ғана адам аталған сойдиған сүйектердi 
стансаның форма киген екi қызметкерi жинап алып 
жүретiн. Базар жақтан үш арба келедi. Екеуiнде 
базардан жиналған «олжалар». Үшiншi арба станса 
басындағы «табысқа» лық толады. Бураштың бiр 
таңқалғаны өлiктердiң аяқ-қолдары ешкiмге, еш уақытта 
бағынбайды екен. Қолдар көкке көтерiлген қалпы, 
аяқтар иiлуге келмеген қалпы, сексеуiлдiң серейген 
бұтағындай жан-жаққа қашып бара жатқаны...». Иә, 
бұл жүйеге өліктер ғана бағынбайды, қарсылық та 
көрсетпейді. Тек ерегесіп жатқандай әсер қалдырады.
Енді осы шығармадағы негізгі оқиғаға келейік. Осы 
тартысты барынша көбірек үзінділер келтіруді қажет 
деп таптық. Өліктер арасында көзі жылтырап тірі 
жатқан шалды Бураш көреді. «Бураш темiр тор iшiне 
үрейлене қарады. Қараған жоқ-ау, қарап қоям ба деп 
қорықты.
«Түсiнiксiз әлдебiр өктем күш: «Берi қара! Берi 
қара!» – деп талап етiп тұрғандай.
Амал жоқ, қайтадан мойнын бұрды. Дәл сол! 
Өлiктердiң арасында екi көзi жәудiреп, кiрпiктерi сәл 
ғана қимылдап, тiрi шал жатыр! Бұған қарап жатыр. 
Ендi Бураш өзiн-өзi жеңдi. Үрейдi жеңдi. Ендi Бураш 
кiрпiгi қимылдап жатқан шалға тiк қарады. Шалдың 
солғын көздерiнен жылт еткен от көрiндi. Үмiт оты. 
Маған қарағаныңа ризамын дегендей. Бураштың дәтi 
шыдамады. Басы қайтадан кегжең еттi».
«Шалға қайта қарады бала. Үнсiз жалынып жатыр. 
Менiң тiрi екенiмдi көрдiң ғой дейтiндей. Үлкендерге 
айт дейтiндей. Менi мынау арадан құтқарып ал 
дейтiндей. Ернi кемсеңдедi. Көзi жәутеңдедi. Жақсы 
бала сияқтысың, маған көмектес деп жағына бастаған 
сияқты.

115
БОЛМЫС
– Қара, қара! – дедi Бураш Колькаға, – Анау тiрi 
ғой...
Екi бала бiр-бiрiне телмiрдi.
– Ие, тiрi сияқты... – дедi Колька.
– Оттапсыңдар! – деген дауыс гүж еттi екi баланың 
көк желкесiнен.
Кольканың әкесi мен оның серiгi – тапал қара кiсi 
келiп қалғанын балалар байқамапты. Жалт бұрылған 
қас-қағым сәтте Бураш көз қиығымен ғана тапалтақ 
қара ұстап тұрған қол арбаны аңғарды, қол арбаның 
үстiнде көлденең жатқан темiр сап темiр күректi көрдi. 
Бұл күректiң сабы неге темiр? – деп ойлап та үлгердi.
– Ағай! – дедi Бураш, – Анау бiр кiсi тiрi жатыр! 
Сергей ағаның: – Қойшы-ей? – деген үнi күмiлжiп 
естiлдi. 
– Оттапсыңдар!   – дедi тағы да тапал қара. – 
Ондай болмайды!
– Шын айтамын! Өзiңiз де көрiп тұрсыз ғой! – 
Бураш екi үлкен адамға жалбарына қарады. – Тiрi 
ол, тiрi! Бураштың көзi қалмақ шалдың көзiмен қайта 
ұшырасты. Бұл жолы қалмақ шалдың көзi бала көзiн 
арбап алды. Жiберер емес. Ернi кемсең-кемсең етедi. 
Көздерi сайрап қоя бердi. Мен тiрiмiн деп жатыр. Менi 
құтқар деп жатыр. Сөз ұғатын бала сияқтысың ғой. 
Түсiндiр аналарға деп жатыр.
Бураш күйiнiп кеттi.
– Жөндеп, ден қойсаңыздаршы! – дедi. 
Екi үлкен безерiп үндемедi. Ендi Бураш Колькаға 
бұрылды. – 
– Колька, сен айтшы ендеше!
– Иә! – дедi Колька. – Ол тiрi! – дедi Колька. – 
Көзi тiрi! – дедi Колька. Осы сөздердi ол ықылық атып 
тұрып айтты. Өз түкiрiгiне өзi шашалып тұрып айтты. 

116
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
Әкесiнен қорқып тұрып айтты. – Шындық қой, тiрi 
екенi, папа! – деп аяқтады ол соншама ұзаққа созылған 
«монологiн».
Папасы ендi ғана қарады. Мойындап қарады.
– Иә, солай сияқты... – деп мұрын астынан 
мiңгiрледi.
– Қорыққанға кос көрiнер! – деп гүж еттi тапал 
қара. – Ал, жарайды, былай кетiндер, боқмұрындар! 
Сендермен тәжiкелесiп тұруға уақыт жоқ!».
Осы арада тоқтала кететін аса маңызды бір мәселе 
бар. «Бүгiн Алматыдан Москваға қарай үлке-е-е-
е-н бастық өтедi. Қазақстанның главасы. Ол пойыз 
келгенше калбиттардың бәрiн қаланың сыртына 
апарып тастау керек. Түсiндiң бе? Ал папам болса... 
Үлгермей жатыр». Бұл Кольканың сөзі. Қара тапал 
мен Кольканың әкесі Сергей де біледі. «– Осы бiр 
тiрi өлiкке бола қайта оралып жүремiз бе?! Әне-мiне 
СЕКСЕН БIРIНШI де келiп қалады. Бiлесiң ғой, ол 
пойызбен бүгiн кiм өтетiнiн...
Сергей ағаның басындағы ресми фуражкасы қисайып 
кетiптi. Шұңғыл көздерiне үрей ұялапты.
– Иә... – дедi ол күрсiнiп калып. – ӨЗI келе жатыр! 
Рас. Заң жоқ!» Бастықтың кім екенін білмейміз, қажеті 
де шамалы, кім бастық болмады. Ол кезде. Әйтеуір 
бұларды үрейлендіріп келе жатыр, ол өткенде, жай ғана 
өткенде стансада серейіп, үйіліп, «ерегесіп» өліктер 
жатпауы керек. Енді екі бала мен екі үлкен адамның 
арасындағы тартыс онан сайын күшейе берді. 
«– Папа! – дедi Колька да.
Тапал қара екi баланы темiр тор қақпаның алдынан 
итерiп барады.
– Тайыңдар! Тайыңдар бұл арадан! От винта!

117
БОЛМЫС
Бураш шыңғырып жiбердi. Шыңғырып жiбердiм деп 
ойлады. Бiрақ даусы шықпай қалған. Көзi бақырайып, 
әлденеге тұншығып қалған.
– От винта! – деп тапал кара Бураштың желкесiнен 
түйiп жiбердi».
«Темiржолшының формасын киген, екi жағасының 
ұшында ағараңдап жылтыраған орақ пен балғасы бар 
екi ресми қызметкер өлiктердi мұқият шешiндiрiп, 
киiмдерiн бүктеп жинап, шидиген сирақтары мен 
шидиген бiлектерiнен алып, сексеуiлдiң қу бұтағындай, 
жайдақ арбаның үстiне аспай-саспай лақтырып жатқан.
Кольканың әкесi Сергей аға тiрi шалды аман алып 
қалсам ба дегендей бiр сәт толғанып тұрды да, оның 
денесiн темiр тордың сыртына шығарып, анадай жерге 
бөлек калдырды.
Бураш қуанып кеттi.
«Рахмет» деп айтқысы келген, бiрақ өңешiнен үн 
шықпады. Кемсеңдеп тұра бердi. Коляның бiлегiнен 
ұстады. «Әкең сенiң жақсы адам» деп айтқысы келген. 
Сол ойын алақанымен жеткiзген. Колька түсiндi. 
Колька ұзын мойнын иiп, қауақтай басын шұлғыды. 
«Менiң әкем сондай!» – дегенiн Бураш та ұқты.
Мәйiттердiң бiразын шешiндiрiп, киiмдерiн мұқият 
бүктеп, әлдекiмнiң шапанына орап, ыңғайлап алған 
тапал кара киiмдердi арқасына салып, әлдеқайда алып 
кеттi де, бiраздан кейiн екiншi ат арбаны жетектеп қайта 
оралды.
Бураш пен Колька әлi қалшиып тұрған. Үлкендер 
бұларды ұмытып кеткен тәрiздi. Жұмыстары қауырт. 
Екi қол, екi аяқтан алып мәйiттi перронға шығарады, 
шешiндiредi, киiмдерiн мұқият бүктейдi, Тапал қара 
әлдебiр қағазға әбден мүжiлген қаламмен әлдененi 
түртiп жазады. Бiр-бiрiне күңк етiп сөйлейдi, сөйлейдi 

118
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
де, келесi өлiктiң денесiн арбаға тарс еткiзiп лақтырып 
тастайды.
Ендi ең соңғы өлiк калды. Үмiт пен күдiк жанталасып, 
арпалыса бастады. Қайтер екен? Бураш Колькаға 
қарады. Колька күмiлжiп тұр. Екеуi бiрiн-бiрi түсiндi. 
Екеуiнiң бар сенгенi ендi Кольканың әкесi. Анау Тапал 
қарадан қайыр жоқ. Бiр ғажабы, Кольканың әкесi, ұзын 
бойын тiк ұстайтын, кезiнде зиялы болған-ау, шамасы, 
үркек көз кiсi, өзiнiң қарауындағы Тапал қарадан қорқа 
ма, қалай, соған жалтақтап қарай бередi.
– Мынаны қайтемiз? – үнi күмiлжiп естiлдi.
Бураш қалмақ шалдың қасына барып қалыпты. Өзi 
де байқамаған. Сәл бүгiлiп, басын тұқыртып, қалмақ 
шалдың өңiне үңiлiп тұр екен.
Қалмақ шал оң қолын көтермек болды. Қолы 
бағынбады. Сәл қыбыр еттi де сұлық қалды.
Шал басын шайқамақ болды. Аштықтан мүжiлген 
мойын терiсi катпар-қатпар екен. Қылғынып барамын, 
жағамды ағытшы дегендей белгi жасады. Бураш сана 
түкпiрiндегi әлдебiр құпия сезiммен шалдың ниетiн 
ұқты.
Кеңiрдегiне тақап түймеленген жағасыз қалмақ 
шапанның түймесiн ағыта берген. Ағыта берiп таңқалып 
тұрып қалды. Қалмақ шапанының ашық қалған 
өңiрiнен кара китель көрiндi. Қара кителдiң жағасынан 
күмiстей жылтыраған орақ пен балға көрiндi. Ақ көйлек 
көрiндi. Қара галстук көрiндi. Ендi аналарға менiң мына 
формамды көрсет дегендей ишарат жасады қалмақ шал. 
Осы бұйрықтың бәрiн, осы өтiнiштiң бәрiн қалмақ шал 
көзiмен жеткiздi. Көзi үлкен екен. Көзi ұялы екен. 
Бас киiмдi шеш дегендей сигнал бердi көздерi. Бураш 
жапырайған қалмақ бөрiктi шештi. «Ар жағынан» 
толқындаған қара шаш көрiндi. Зиялы адамның шашы. 

119
БОЛМЫС
Өзiнiң папасының шашы. Бураштың жүрегi дiр еттi. 
Әрине, ол емес. Бала басын кегжең еткiзiп аспанға бiр 
қарады да, шалдың өңiне кайта үңiлдi. Басқа. Бұл – 
басқа! Бұл – қалмақ! Бұл – шал!
Кольканың әкесi шалдың касына келдi. Үнсiз қарап 
тұр. Ендi Колька да жақындады. Ол да үнсiз қарап 
тұр. Ең соңынан Тапал қара келдi. Ол да үнсiз қарап 
тұр. Қалмақ шал бiрдеңе айтпақшы болды. Ерiндерi 
жыбырлады. Көздерiмен «сигнал» жiбердi. Сигналды 
Бураш қабылдады. Бураш түсiндi. Бураш Сергей ағаға 
қарады. Сергей аға да ұққан сияқты. Бураш Колькаға 
қараған. Колька да ұққан сияқты. Бураш Тапал қараға 
қарады. Тапал қара мiз бағар емес.
Бураш сана түкпiрiнен Тапал қараның есiмiн iздей 
бастады. Бiлушi едi. Ап-анық бiлетiн. Есiне түсiре 
алмады. Иннокентий ма едi, қалай едi? «Бұл кiсi де 
қалмақ екен-ау!» деген ой келдi. Бүйрек бет, бiтiк көз... 
Кенет соққан ойдан тағы да есеңгiреп бiраз тұрды.
– Дядя Инок, – дедi Бураш, – Мынау тiрi адам 
ғой!
– Тiрi... – дедi Сергей аға, – Бұны осында 
қалдырайық! 
Тапал қара күңк еттi.
– Не положено! Болмайды!
– Қалдырыңызшы, ағатай, – дедi Колька. – Бiз 
мектепке алып кетейiк!
– Болмайды! Не положено! – дедi Тапал кара.
– Қалдырып кетейiк балаларға... – деп жалынып 
қарады Сергей ағаТапал қараға. – Кешке дейiн өзi де 
бiтедi...
Түтiгiп, түнерiп тұрған Тапал қара күлiп жiбердi.

120
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
– Заң жоқ! – дедi ол. – Әне-мiне СЕКСЕН 
БIРIНШI де келiп қалады. Бiлесiң ғой, ол пойызбен 
бүгiн кiм өтетiнiн...
Сергей ағаның басындағы ресми фуражкасы қисайып 
кетiптi. Шұңғыл көздерiне үрей ұялапты.
– Иә... – дедi ол күрсiнiп калып. – ӨЗI келе 
жатыр! Рас. Заң жоқ!
Сергей аға Тапал қараға жағымпаздана қарады.
Бураштың жүрегi мұздап сала бердi. Ендi бiр 
сұмдықтың басталатынын сездi. Үлкендер асықпай 
қимылдап, қалмақ шалды шешiндiре бастады. Қалмақ 
шапан жерге төселдi. Шапанның үстiне екi етiк пен 
екi шұлғау қойылды. Шалдың бұтындағы қара галифе 
екен. Шалдың үстiнде қара китель екен. Белiнде 
жалпақ офицер белдiгi бар екен. Сол жақ иығына түскен 
портупея көрiндi.
Қалмақ шал: менiң кiм екенiмдi ендi түсiндiңдер ме 
дегендей екi үлкенге карады. Екi үлкенге екi бала да 
қарады. Жалынып-жалбарынып қарады.
– Тiрi ғой, тiрi! Офицер ғой! – дедi Бураш қазақша 
сөйлеп тұрғанын аңғармай.
– Тiрi! – дедi Колька да.
– Былай кетiңдер, – деп Тапал қара екi баланы 
екi итердi, өзi бүгiлiп тұрып, қалмақ шалдың кителiнiң 
түймелерiп ағыта бастады.
Сол сәтте Бураш не iстеп, не койғанын байқамай 
қалды. Қатты өкiрiп, қатты айқайлап, оншақты қадам 
шегiнiп барып, қайта ұмтылып келiп, еңкейiп тұрған 
Тапал караның дүмiнен баспен сүздi. Тапал қара калмақ 
шалдың үстiне құлады.
– Ой, иттiң баласы, мен саған көрсетейiн, – дедi 
Тапал қара тап-таза қазақ тiлiнде. Орнынан көтерiлiп 
келедi. Бурашқа қарай төнiп келедi. Бураш шегiншектеп 

121
БОЛМЫС
барып, темiр арбаға артымен сүрiнiп құлады. Темiр 
арбаның үстiнде жатқан темiр сап темiр күрекке қолы 
тидi. Темiр сап темiр күрек қолына қалай iлiнгенiн 
байқамады. Жан даусымен айқайлап, Тапал қараға 
қайта ұмтылды. Қолындағы күрекпен басқа соқпақ едi. 
Сергей аға темiр саптан қағып алды.
– Не болды саған, балақай?!
– Екеуiңдi де өлтiремiн! – дедi бала. – Осыдан 
шалға тиiп көрiңдер! 
Бураш қайта ұмтылған. Сергей оны құшақтай алды.
– Қарағым, атың кiм едi? Бұл болмайды, – дедi 
ол. – Заң жоқ дедi ғой Иннокентий ағаларың. Жарты 
сағаттан кейiн СЕКСЕН БIРIНШI пойыз келедi. 
Жүрдек пойыз. Оның iшiнде кiм бар екенiн бiлесiң бе? 
Жанашуға қақымыз жоқ, ешкiмге жанашуға қақымыз 
жок. Это нелогично... Атыламыз өйтсек! 
Бураштың көзi қарауытып кеттi. Ендi ол, шегiнiп 
барып, жан даусымен айқайлап келiп, Сергей ағаның 
өзiн сүздi.
– Өлтiремiн бәрiңдi!
Сол сәтте түсiнiксiз және бiр оқиға болды. Егiн 
шетiне қойған ұзынсирақ құбыжықтай қалшиып тұрған 
Колька, кенет, ол да айқайлап, әкесiне карай, өз әкесiне 
қарай тұра ұмтылды.
– Қатын екенсiң ғой, папа! Қатын екенсiң!
Колька мен әкесiнiң арасы бес-алты-ақ қадам жер едi. 
Колька қалбалақтап жүгiрiп келедi. Әлi жүгiрiп келедi. 
Әлi жүгiрiп келедi. Таң алдында көрген Бураштың түсi 
тәрiздi. Жетер емес. Екi алақаны жайылып кеткен. 
Саусақтары темiр көсеу дерсiң. Әлi ұмтылып келедi. 
Әлi ұмтылып келедi.
Түсiнiксiз оқиғадан түсiнiксiз оқиға туды. Сергей 
аға, колындағы темiр сап темiр күректi тiк көтерген 

122
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
қалпы, өз баласына қарай ұмтыла бердi. Темiр сап темiр 
күрек Кольканың сол иығына сарт еттi.
Сәл ғана лып еткен желдiң екпiнiне шыдай алмай 
құлап түскен қарауыл құбыжықтай, аяқ-қолы ербеңдеп 
барып, Колька тас перронға тiзерлей бердi.
Сол сәтте, сол бiр қас-қағым сәтте, Бураштың 
санасы басын көтерiп тұра берген қалмақ шалдың 
бейнесiн көрiп үлгердi. Қабылдап үлгердi. Қалмақ шал 
Бурашқа ежiрейе қарап, ап-анық, өте сабырлы үнмен, 
тап-таза орыс тiлiнде:
– Да, логика – железная! У них всегда была железная 
логика! – дедi. Дедi де шалқалай берiп тас перронға 
шүйдесiмен соғылды. Тұла бойы бiр-екi рет дiр-дiр 
еттi де, тез тынды. Қимылсыз калды. Бураш қалмаққа 
қарай тұра ұмтылған. Көздерi әлi тiрi едi. Тапал қара 
бiр сирағынан ғана сүйретiп барып, шалажансар дененi 
арба үстiне былқ еткiзiп лақтыра салды.
Содан кейiн Тапал қараның өзi де мелшиiп тұрып 
қалды.
Әлгi түсiнiксiз сұмдықтан және бiр түсiнiксiз сұмдық 
туды. Ештеңенi көрмегендей, ештеңенi сезбегендей, 
дарынсыз мүсiншi қашаған колапайсыз тас мүсiндей 
безерiп тұрған Тапал қара, кенет:
– Ах ты, подлец! Иттiң ғана баласы, осының бәрi 
сенiң кесiрiң! – деп кiжiнiп келiп қысқа бұтын ыңғайсыз 
ербең еткiзiп, баланы iштен тептi. Екi бүктетiлген Бураш 
тас қараңғы түпсiз құзға құлап бара жатты».
Бұл оқиға осымен аяқталған жоқ. Сорақысы 
соңында. Адам болмысындағы аяушылық дейтін асыл 
сезімнің осыншама өзгеріп кетерін, Бураш та, Колька 
да түсінбес, түсініп жете алмас. Жанрдың теориялық 
шарты бойынша айтатын болсақ бұл әңгімедегі оқиғаның 
шырқау шегі мына екі көрініс, мына екі сөз дер едік.

123
БОЛМЫС
«...Бураш буынып өлердей халге келдi. Даусы шаңқ 
ете қалды.
– Имансыздар!».
«Егiн шетiне қойған ұзынсирақ құбыжықтай 
қалшиып тұрған Колька, кенет, ол да айқайлап, әкесiне 
карай, өз әкесiне қарай тұра ұмтылды.
– Қатын екенсiң ғой, папа! Қатын екенсiң!».
Осыншама зұлымдыққа, бала жүрегінің осыншама 
шырылдаған қарсылығын осыншама анық көрсетеді 
автор. Ауыр көрсетеді автор, ақиқатын көрсетеді автор! 
Ары қарай не болды?
«Бес-алты күннен кейiн Бураш ауыр соққыдан 
айығып, тұрып кеттi. Мектепке баруға жарады. 
Мектепке барған соң естiдi, Колька сол күнi, сол 
сағатта, есiн жимаған қалпы, о дүниеге өтiп кетiптi».
Осылай. Осылайша жай ғана стансадан өтетін 
бастықтың жолын өліктен тазалау үшін бауыр етін 
баласын өзі ұрып өлтірген аянышты хал, ауыр хал... 
заһарлы жүйе, аяусыз аждаһа... тағы бірдеңе... айтуға 
тіл жетпейді...
Біз бұл шығармадағы негізгі оқиғаны толық келтіруге 
тырысып автордың жанама мәтіндерін шегере тұрған 
едік. Енді соған келеміз. Тақырыбымызға байланысты 
толғамдарды сол мәтіндер арқылы жарқырата 
көрсетеміз. Дәл осы орайда, дәл осы автордың яғни 
Әкім Таразидың проза жазу тәсілі жайлы бір ауыз 
сөз қыстырсақ зерттеу тақырыбымызды толықтыра 
түспесе, кемітпейді. Әкім Тарази бір шығармаға отырар 
алдында алыс сапарға дайындалған жолаушыға ұқсайды. 
Жолаушы болғанда да ел сырын, жер сырын қанық 
білетін кәнігі жолаушы. Ол жолаушы қайтушы еді? Ол 
жолаушы алдымен ат таңдайды, сосын оны баптайды, 
жаратады. Және қосар алады. Әкім Таразидың біз 

124
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
оқыған шығармаларында ешқашан жалғыз атпен 
жолға шыққан емес. Екі қосар, үш қосар, кіл сайлаулы 
сайгүліктермен шығады. Бірі шалдыққанда келесісін 
мінеді. Жалғыз аты тұралап тұрып қалғанша сабалап, 
жетер жеріне не жетіп, не жетпей зорығып жығылатын 
жазушылардан емес.
«Аран» аталатын әңгімені жазарда да әрине, 
қосармен шығады. Негізгі оқиғаны үзе тұрып «Жылдар 
өтер. Бураш ер жетер...» деп сол оқиғаны Бураштың 
кейін еске алып жазып отырғанын айтады. Тіпті сол 
Бураш әңгіме аяғында автордың өзі болып шығады. 
«Жылдар өтер. Бураш ер жетер. Бiрақ сол бiр калмақ 
шал, сол бiр отыздардағы қалмақ «шал», үкiмет 
адамының кителiн киген қалмақ шал, орысша таза 
сөйлейтiн қалмақ шал Бураштың есiнен кетпес. Мен 
туралы жаз, менi ұмытпа деп зерде шалғайына талай 
жармасар. Менi ұмытуға қақың жоқ деп жалбарынар. 
Басын көтере берер. Алқынып, кителiнiң жағасын 
ағыта берер. Орақ пен балға айқасқан оқалы жағасын 
аша берер». Иә, автордың басынан осындай қасіретті 
оқиға өтіпті-ау дерсіз, (иә, автордың, иә Бураштың 
деп ауыстырып айталық) одан да қасіреттісі бар. Ол 
сол қалмақ шалды өзінің әкесіне ұқсатуы. Мүмкін, 
әкесі емес те шығар. Алайда неге «Түсiнiксiз әлдебiр 
өктем күш: «Берi қара! Берi қара!» – деп талап етiп 
тұрғандай». Жақыны болмаса өйтпес еді ғой. Бұл 
жұмбақ. Автордың жұмбағы. Бәлкім біздің ашуға 
қақымыз жоқ шығар, бәлкім...
Енді бір қосар, оқиға арасында жиі қайталанып 
отыратын қоғамның сипаты және автордың сол жүйенің 
болашағы жайлы болжамды сөзі. Мүмкін басқаша да 
болар, біз солай деп ойладық. «Алатау мен Қаратаудың 
қолтықтасқан тұсында әлдебiр жаудан жеңiлiп, 

125
БОЛМЫС
қанаттары алба-жұлба, тоз-тоз, жырым-жырым болған 
алып қара құс, әне құлаймын, мiне құлаймын деп 
теңселiп келе жатар. Төнiп келе жатар. Қара бұлттың 
сауырынан ызғар есер. Үрей желi уiлдер.
Үрей желi есiп тұр әлi де». 
Бұл мұндай аяусыз, мұндай зұлымдық шашқан 
жүйенің өзінің де өлім сәті жақын деген сөз шығар. 
«Қанаттары алба-жұлба, тоз-тоз, жырым-жырым» 
алып қара құсты басқа неге теңеуі мүмкін?
Жоғарыда иә Автордың, иә Бураштың басынан 
«осындай қасіретті жағдай өтіпті-ау дерсіз, одан да 
қасіреттісі бар» деп қалмақ шалды өзінің әкесіне ұқсатуы 
жайын айтқан едік қой, негізі одан да қасіреттісі бар. Ол 
қасірет бұл шығармада үш рет қайталанып айтылады. 
Ол қасірет иә Автордың, иә Бураштың ғана басынан 
өткен жоқ, Кольканың да басынан өткен, Кольканың 
ғана басынан өткен жоқ, мыңдаған Колька, мыңдаған 
Бураштың басынан өткен. Тіпті Бураштың мамасының 
басынан да.
«– Әй, иттiң күшiгi, неғып тұрсың состиып! 
– дедi. Бурашқа ендi ғана «жан бiттi». Екi қолын 
жайып жiберiп, папа! – деп айқайлап, әкесiне карай 
тұра жүгiрдi. Аралары оншақты-ақ кадам едi. Бiрақ 
жете алар емес. Әлi жүгiрiп келедi, әлi жүгiрiп келедi. 
Әкесi тұр, жымиып. Ол да екi қолын жайып жiберген. 
Бураш жүгiрiп әлi келедi, әлi келедi. Жетер емес. Ыза 
болды. Жылап жiбердi». Бұл Бураштың түсі еді. Ал 
оны түс делік десек, мынау шын, кәдімгі өң: «Колька 
мен әкесiнiң арасы бес-алты-ақ қадам жер едi. Колька 
қалбалақтап жүгiрiп келедi. Әлi жүгiрiп келедi. Әлi 
жүгiрiп келедi. Таң алдында көрген Бураштың түсi 
тәрiздi. Жетер емес. Екi алақаны жайылып кеткен. 

126
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
Саусақтары темiр көсеу дерсiң. Әлi ұмтылып келедi. 
Әлi ұмтылып келедi».
Әке мен баладан жақын кім бар? Бірақ алыстап 
кеткен. Бір-бірінен рухани алыстап кеткен. Бір-бірін 
жүректерінен жоғалтып алған. Бірақ жүгіреді, іздейді, 
алақандары жайылып кеткен, жете алмайды. Соғыс, 
жүйе үлкендерінің болмысын, психологиясын өзгертіп 
жіберген. Иә, шығармада «үлкендердің», «үлкендерге» 
деген сөз көп жерде қайталанады. Үлкендер өзгеріп 
кеткен. Мүлде. Балалардың халі... Бураштың халі 
мынау, Колька Өлім құшты. Әкесінің қолынан. Ол 
да жүгірген. Әкесіне қарай. Алақандарын жайып... 
Алыстап кеткен. Үлкендер балалардан алыстап 
кеткен. Үлкендер балалардан ғана алыстап кеткен жоқ, 
үлкендер бір-бірінен де алыстап кеткен. 
«Жылдар өтер, Бураш ер жетер, ел қатарына 
косылар, Бураш бала Бурахан Өртайұлы аталар. Бiрақ 
сол кезде де мамасының станса басына өзi шықпай
Бурашты ғана жұмсағанын, бәрiбiр, түсiнбес». Неге? 
Бураш түсінер, ержеткенде түсінер, бірақ түсінгісі 
келмейді, жүрегі дауаламайтын шығар. Бәлкім 
түсінбейді. Бәлкім... 
Бұл шағын ғана шығарманы талдау өз басынан он 
есе көлемді материалды қажет ететінін енді түсіндік. 
Өйткені, әр деталь сөйлейді. Иықтағы, кеудедегі 
әр медаль, белгілер сөйлейді, киім сөйлейді. Тіпті 
адамның аттары сөйлейді. Неге Бураш Тапал қараның 
атын есіне түсіргісі келеді? Иннокентий деген есімді 
еврейлер қоятын шығар бәлкім, бәлкім... және де 
балалардың соғысып ойнайтыны, соғыс тәртібіне қатаң 
бойұсынатыны, бәрі-бәрі жіті талдауды қажет етеді. 
Кеудесіне таққан орақ пен балғасы бірдей өлі (қалмақ 
шалды айтамыз) мен тірі неге бір-біріне соншама 


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал