Бағдарламасы бойынша жарық көрді НҰРҒалым ұ. Болмыс. Мақалалар/Ұ. Нұрғалым



жүктеу 6.44 Kb.

бет7/12
Дата15.02.2017
өлшемі6.44 Kb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

84
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
кілтін біріне жасырып қояды автор. Біреуін ашпай 
екіншісіне өте алмайсың. Екіншіге өткен екенсің үшінші 
есіктің кілтін іздейсің. Романның тағы бір ерекшелігі 
кейіпкер жанына үңілуде ешқашан біржақтылыққа 
жібермейді. Жоғарыда сыртқы әрекеті мен ішкі дүниесі 
ұқсамайтын кейіпкерлер жайында айтсақ, енді ішкі 
дүниесі сыртымен ұқсас кейіпкерлер жайында да айта 
кетуге тиіспіз. Өйткені шығарма солай көрсеткен, 
өйткені өмірдің өзінде де сондай жағдай бар. Бұл 
шығармадағы Ұлжан, Күләй сынды кейіпкер іші мен 
сырты бірдей кейіпкерлер. Күләй сұмырай болса, 
Ұлжан нағыз қазақы болмыстағы әйелдер образының 
жиынтығы. Ол жайында сәл кейінірек.
Қорқау жұлдыз. Роман атауы жайына келейік. 
Лима Арасанбайдан таяқ жеп, талықсып, сандырақтап 
жатқанда ылғи да жұлдыздар туралы айтатын. 
Қоғамды, жүйені жыбырлаған құмырсқаға теңейтін... 
Әрбір адамдарды жұлдызға теңейтін... 
«Сондай түндердiң бiрiнде Арасанбай күтпеген 
жерде күйзелiске ұшырады. Алдында әйелiнiң 
сандырағын қыбыр етпей мұқият тыңдап отырған. Көп 
сөзiне түсiнбедi, бiрақ Лима бiр сөздi қайталай бергенi 
анық:
– Көк жұлдыз... Көк аспан... Көк жұлдыз... Көк 
аспан...
Арасанбай адам болып, бала болып, жасөспiрiм 
болып еш уақытта аспанға қараған жан емес едi. 
Әйелiнiң сандырағын тыңдап отырып «Мына шiркiн не 
дейдi? - деп ойлады. - Көк жұлдыз бола ма екен? Көк 
аспан бола ма екен? Аспан ашық болады немесе жабық 
болады деп, - сандырақтап жатқан әйелiн кекете мырс 
еттi. - Осы әйел деген қызық қой, бастары толған қиял, 

85
БОЛМЫС
өлейiн деп жатып аспанда несi бар десеңшi, жұлдызда 
несi бар десеңшi...
Соңғы айларда Арасанбайды Лимадан құтылсам 
деген сезiм билеп алған. Оған өзi де мән берiп жүрген 
жоқ, бiрақ Лиманы көрсе жыны қозып, буындырғысы 
келiп, шымшығысы келiп, қолдарын бұрағысы келiп 
тұратын әдет тапқан. Жеңгесi түн ортасы ауа мұны 
оятып, зорлағандай тұр-тұрлап, осы бөлмеге алып 
келген соң, бұл әдеттегiден ерекше, қорқынышты халге 
душар болған. Нәрестедей монтиып жатқан әйелiнiң 
аппақ жүзiн көргенде, ұрлана қарап, қызыға қарап, 
сұқтана қарап бiраз отырды да, орнынан қарғып тұрды. 
Лиманың ұзын мойны көз тартып, құмарлық сезiмiн 
оятты. Еңкейiп иiскегiсi келдi. Бiрақ басқа бiр күш 
таудан құлаған лай судай мұның жан дүниесiн астаң-
кестең етiп кеттi де, ендi қара шыбықтай сойдиған 
саусақтарын жазып жiберiп, әйелiнiң мойнынан 
қылқындыра бастағысы келгенiн сезiп қалды. «Қой, 
құрысын, өлтiрiп тастармын!» деп ойлады. Сөйтсе де, 
әлденеден үрiккендей, төсек жаққа шошына қарап, 
дәлiзге шығып кеттi. Сол арада есiк тырналап, мысық 
болып мияулап тұрды да, өз қылығынан өзi жалыққан 
соң сыртқа беттеген.
Аула ортасына жеткенде тұра қалып, аспанға 
қараған. Есiнен адасқандай бейжай халге келдi. Түнгi 
аспан көкпеңбек екен. Тұңғиық терең екен. Аппақ 
жұлдыздар жымыңдап нұр шашып тұр екен. «Кәне, 
көк жұлдыз? – деп ол әйелiн кекете тағы да мырс еттi. 
– Көк аспан, көк жұлдыз дейсiң, аспан көк болса көк 
шығар, бiрақ жұлдыздар ақ қой. Мiне, көрдiң бе, ал 
сен... сен... шынында да ақ жұлдызсың, Лима. Сонда 
мен қандай жұлдызбын?»

86
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
Арасанбай ойланып қалды. «Осыдан ғой, сен өлiп 
кетсең... Сен аспанға кетесiң, ақ жұлдыз болып кетесiң... 
ал мен өлемiн... мен де өлемiн, сонда мен қандай жұлдыз 
боламын? Мен, әрине, қара жұлдыз боламын да... Қара 
жұлдыз... қара...»
Өзi оқушыларға талай айтқан қаражыра жұлдыз 
болады деген сөздер есiне түстi. «Ешқандай мән бермей, 
сол сөздердi айта берiппiн-ау... Қаражыра жұлдыз, 
жалмауыз жұлдыздар! Маңайындағы сәулелердi жұта 
беретiн тойымсыз қара жұлдыздар! Мен өлсем, соның 
бiрi боламын да! Адамдардың бәрi өлгенде жұлдыз боп 
кетедi, әйтпесе қайда кетедi? Әрине, жұлдыз болып 
кетедi. Лима – ақ жұлдыз, мен – қара жұлдыз, бiр 
өлсек, қайтып келмеймiз, түу сонау тұңғиық аспанда 
бiр-бiрiмiзден алыс, миллиондаған жылдар ұмтылсаң 
жетпейтiн қашықта жүремiз, қандай жаман?».
Автор роман атын символдау ретінде алғандай. Сол 
кездегі қоғамдық жүйені қорқау жұлдызға теңейді. 
«Маңайындағы сәулелердi жұта беретiн тойымсыз 
қара жұлдыздар!» дейді. Осы сөзден-ақ ойымыздың 
қате кетпегенін аңғарамыз. Ғарыш әлемінде әлі 
зерттеліп болмаған дүниелер өте көп. Соның бірі, 
бірі ғана емес бірегейі – Қорқау жұлдыз. Орысша 
атауы «черная дыра». Қазақ оны «қара құрдым» деп 
атайды екен. Қорқау жұлдыз – автордың анықтамасы. 
Енді осы қорқау жұлдыз жайына аз-кем тоқтала 
кетуге тура келеді. Ол туралы уикипедия – ашық 
энциклопедиясының анықтамасында былай делінген.
«Қара құрдым деп кеңістіктегі кездесетін тартылыс 
күші арқылы бүкіл материяны және жарықты өзіне 
тартып алатын денені қарастырады. Астрофизиканың 
заңдылықтарына сәйкес, массасы салыстырмалы түрде 
жетілген дене деформациялап қара құрдымға айналады. 

87
БОЛМЫС
Қара құрдымның айналасында математикалық жолмен 
дәлелденген оқиға көкжиегі деген орын бар, бұл жерден 
қайта келу мүмкін емес болып саналады. Құрдымдар 
қара деп аталады, себебі оқиға көкжиегіне түскен бүкіл 
жарықты сорып алады, жарық шағылыспағандықтан 
оны термодинамикадағы абсолютті қара дене ретінде 
қарастыруға болады. Кванттық өріс теориясы оқиға 
көкжиегі радиация бөлетінін дәлелдейді, сонымен 
қатар температуға ие болатыны айқындалған. 
Осы температура қара құрдымның массасына кері 
пропорционал болғандықтан олардан бөлінетін 
радиацияның мөлшерін анықтау қиынға соғады. Өте 
үлкен тартылыс күшке ие болған денелерді (жарықты 
кері шағылыстырмайтын) ең алғашқыда XVIII ғасырда 
Джон Митчел және Симпсон Лаплас қарастырған. 
Ал алғашқыда толық қара құрдымға сипаттама беріп, 
салыстырмалық теориясы арқылы есептеген 1916 
жылы Карл Шваршильд болатын. Осы кездескен 
астрофизикадағы ауытқушылықтарды 1960 жылдан 
бастап толықтай зерттей бастады. Қара құрдымдар 
Салыстырмалық теориясының созындысы болып, 
астрофизиканың реализміне бағынатыны айқындалды. 
Қара құрдымдар, өте үлкен жұлдыздар гравитациялық 
коллапсқа ұшырағанда пайда болады. Қара құрдымдар 
құралғаннан кейін олардың массасы мен көлемі 
ұлғаяды, себебі айналасындағы бүкіл материяны өзіне 
тартып алады. Олар басқа жұлдыздарды өзіне қосып 
алып немесе басқа қара құрдымдармен бірігіп, күннің 
массасынан миллиард есе үлкен, жоғары сатыдағы 
құрдымға айналады. Сондықтан қара құрдымдар 
көбінесе галактикалардың центрінде орналасады».
Ондағы әр сөз әр философиялық ұғымдарды 
білдіреді. Автордың қорқау жұлдыз ұғымын сол 

88
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
қоғамдық жүйеге теңеп отырғанын анық білсек те, 
Лиманың әр сөзіне жасырған ұғымдарын тарқатып 
алып шығуға шыны керек қауқарымыз жетпеді. Оның 
қызықты құпияларын бүгінгі қоғамтану ғылымдарын 
жете меңгерген білікті маманмен бірлесе отырып ашуға 
болар еді, ондай мүмкіндігіміз болмады әзірге.
Мінеки, романның мазмұнын, көтерген 
тақырыбының көлеміне көз жеткіздік. Енді біз 
романдағы негізгі түйін – ұлттық болмыстың өзгерісі 
жайын аршып алайық.
Жоғарыда, іші мен сырты бірдей кейіпкер туралы 
айтқанда «Ұлжан нағыз қазақы болмыстағы әйелдер 
образының жиынтығы» деген едік. Енді осы бір 
Ұлжанның бойынан қазақ әйеліне тиісті қасиеттерді 
бір-бірлеп санап берейік. Жар ретінде, келін ретінде, 
абысын ретінде, жеңге ретінде.
Жар. Ұлжан күйеуі жоқта оның жексұрын іс-
әрекеттеріне күңкілдеп ренжігенмен бетке келгенде 
беттей алмай қалады. Мысал: 
«Көршiдегi сыпылдақ келiншектiң сөзiне сене қойған 
жоқ едi, бiрақ сол күнi кешке мектеп жақтан шаршап 
оралған Ұлжан абысыны аулаға ашулана, айқайлай 
кiрдi:
– Бұлар оңбайды, ағайынды екеуi де оңбайды! 
Бiздiң Сәрсенбай оңбайды! Бiздiң Әппақтың да ниетi 
қара, ниетi қап-қара! – деп кiжiне сөйлеп келдi. Iстiң 
мән-жайын келiнi бұрыннан бiлiп жүргендей-ақ, оған 
ештеңенi түсiндiрмей, Ұлжан өзi балпылдап, үйде 
жоқ күйеуiмен, үйде жоқ қайнысымен салғыласып 
ұрсып жүр. Төсекте жатқан келiнiн тұрғызып алып, 
сүйемелдеп шығарып, аула ортасындағы сәкiге, 
көрпеше үстiне жайғастырды. Өзi сәкiнiң шетiне iлiнер-

89
БОЛМЫС
iлiнбестей болып отырды да, күйеуi мен қайнысымен 
қайта салғыласып кеттi:
– Әй, құрғырлар-ау, бұларың ұят емес пе, ертеңгi 
күнi ел-жұрттың бетiне қалай қарайсыңдар, қиянат 
қой! Орманов байғұсты бекер қаралап отырсыңдар 
ғой, оның пара алмағаны жұртқа мәлiм ғой, «анасын 
өлтiрдi» дегенi не сұмдық?! «Машина ұрлады» дегенi 
не сұмдық?! Ол арыздың бәрiн жазғызып жүрген бөтен 
емес, осы бiздiң үйдегi екi момақан, мен бiлем! Ертеңгi 
күнi соттала қалса, бұларды мен-ақ әшкерелеймiн. 
Бұлар ма, бұлар оңбайды! Аудандағы, облыстағы, қала 
бердi Алматыдағы тiректерi мықты, туыстары көп. 
Өңкей бөрi, ұялы қасқыр!
Осылай қатты кiжiнiп, көп сөйлеген Ұлжан 
бойындағы бар ашуын шығарып алғандықтан ба, әлде 
жеме-жемге келгенде күйеуiнен қорқатындықтан ба, 
iңiр қараңғысымен араласып, аулаға Сәрсенбай мен 
Арасанбай кiргенде бiрден жым болды. Әзiрлеп қойған 
шайын, әзiрлеп қойған көжесiн солардың алдына 
тосып, жәмпеңдеп жүр. Әлгi ашу-кектен, «қырамын 
да жоямын, әшкерелеймiн» деген айбаттан белгi 
қалмаған. «Екi момақанның» алдында, «қиянатшыл 
оңбайтындардың» алдында өзi момақан болып, өзi 
бетегеден биiк, жусаннан аласара қалыпты. Түнғатар 
туралы, оған жасап жүрген ағайынды екеуiнiң зымиян 
әрекетi туралы жұмған аузын ашқан жоқ».
Қайран, Жар! Қазақ деген халықтың отбасын 
шайқалтпай ұстап, бар ауыртпалығын өзі көтеріп, 
автордың сөзімен айтқанда «Оның бойында жоқ 
қасиеттi өз бойынан жалғайтын» адал жар! 
Қорқау жұлдыз – қорқау қоғам сені де өзіне тартып 
әкеткен-ау...

90
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
Келін. Ата-енесінің атын айтпақ түгілі, атасының 
атына жуық келетін сөзден қашып ат тергейтін қазақ 
келінінің ешкімде жоқ ерекшелігі еді. Ол да Ұлжанның 
бойында. Мысал:
«Лимаға мебель қатты ұнаған. Сол ойын жасырған 
жоқ:
–  Әйбәт екен, табыла бермейтін дүние, бірақ тым 
қымбат қой. 
Мұның сөзіне Ұлжан қуанып кетті, мырс етіп күліп 
жіберді:
– Ой, әкем-ай, қымбат-сымбатын қайтесің, ұнаса 
болғаны да! Елікбай атамның балалары аман болса...
Бұлардың арғы аталарының аты Арқарбай екенін 
Лима естіген. Мына 
Ұлжанның Елікбай деп тұрғаны сол кісі».
Қайран, Келін! Келген жеріне «тастай батып, судай 
сіңген», сол әулеттің жоғын жоқтап, жырын жырлаған, 
үлкенінің алдын кесіп өтпек түгілі атын айтпаған келін... 
Қорқау жұлдыз – қорқау қоғам сені де өзіне тартып 
әкеткен-ау...
Жеңге. Ұлжан Арасанбайдай сиықсыз, мұртын 
шайнап сөйлейтін қап-қара қайнысын «Әппақ» деп 
тергейді. Атын айтпайды. Ренжітсе де. Аталарымыздың 
осы дәстүрі жақын адамдар бір-біріне қатты ренжісе де 
қатты сөздер айтпауының алдын алатын амал да шығар 
бәлкім, бәлкім... Арасанбайдың шешесіндей болып 
кеткен Ұлжан жеңге өкпелеп отырса да атын айтпайды 
«Әппағым» дейді. Мысал:
 «– Бұл Әппаққа қашанғы мен әже бола бермекпiн? 
Өз әйелi бар, оятса, ендi сонысы оятсын!».
Қайран, Жеңге! Қазақтың «Жолы болар жігіттің 
жеңгесі алдынан шығады» дейтіні тегіннен-тегін емес 

91
БОЛМЫС
екені анық. Адамдар ара дәнекерлікте, жақсылыққа 
дәнекерлікте жеңге ұғымының орны бөлек-ақ! 
Қорқау жұлдыз – қорқау қоғам сені де өзіне тартып 
әкеткен-ау...
Абысын. Лиманың бұл отбасыдағы ең қимасы 
– Ұлжан. Лиманың басынан құс ұшырмауға бар, 
құрақ ұшады. Оның Арасанбайға тұрмысқа шығуына 
қуанғаны, қалған уақытта та Лиманың жақсы көңілде 
болуы үшін, Лима ауырғанда өзінің жаны бірге шығып 
кете жаздаған жағдай Ұлжанның абысындық аманатты 
абыроймен атқарғанын анық көрсетеді. Тәнті қылады. 
Абысынының Лимаға қатысты бүкіл сөзі – «айым, 
күнім». Мысал:
« – Қарағым-ай, жарығым-ай! ...Әппақтан көңiлiң 
әбден қалған-ау, менен несiн жасырасың, күнiм?».
Бұл ғана емес. Өмірден баз кешерде Лима Ұлжан 
жайлы ойланған. Қимаған. Ал Лима өмірден өтіп 
кеткеннен кейінгі жайды Лима айта алмайды әрине. 
Автор айтады.
«Лима, сенiң өлiмiң сол күнi-ақ шағын ғана өзбек 
қаласын дүр сiлкiндiрдi. Сенiң қайғылы қазаңды көп 
адам көрдi, көп адам естiдi. Жиналып қалған топтың 
алдында Сәрсенбай мен Арасанбай келiсiп алғандай-ақ, 
бiрiнен соң бiрi:
– Бұл әйелдiң өзi жынды едi, ауру едi! – деп әркiм-
әркiмнiң бетiне жалтақтай қарап, ақталып тұрды. 
Жайшылықтың өзiнде алқынып, әрең жүретiн, әрең 
демалатын абысының Ұлжан сот залының iшiнде 
жүрегiн ұстап, еденге шалқасынан құлағанын ешкiм 
байқаған жоқ».
Қайран, Абысын! «Ағайын тату болса ат көп, 
абысын тату болса ас көп» деген қазақтың берекесін 

92
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
бекіткен абысынның орнын басқа қандай ұғым, қандай 
жан толтыра алмақ? 
Қорқау жұлдыз – қорқау қоғам сені де өзіне тартып 
әкеткен-ау...
Қарындас. Бәсіре. Бұл шығармада Лиманың 
ағасы Жанәли жайында арнайы айтылуы керек. Бұл 
Қараспан әулетінің жайын автор ылғи аңдатпа ретінде 
көрсетіп отырады. Бұл әулет ішкі шеңбер – әулетін 
қатаң ұстағанмен сыртқы шеңбер – жүйеге мойынсал. 
Қарындасын іздеп келмеген жайын Лимаға: «... күзде 
келе алмағаныма ренжiме, ендi аттанам деп жүргенде, 
өзiң бiлесiң, Брежнев қайтыс болды, ол кiсi қайтыс 
болғанда ел қыдырып жүргенiм жараспас деп үйден 
шықпадым»деуінен-ақ аңғаруға болады. 
Алайда автор ағалы-қарындасты екеудің арасындағы 
нәзік байланысты аса шеберлікпен көрсетеді. 
«Қызылжидеде бiр аптадай жүрiп Жанәли ауылына 
қайтты. ... Ағасы ауладан шығып, Сәрсенбайдың 
«Жигулиiне» отыра берiп, әлдененi ұмытқандай, 
машинадан қайта шығып келiп, қорбаңдай басып келiп, 
босағаға сүйенiп тұрған мұның маңдайынан сүйiп 
алғанда қыз көзiнен жас парлап ақты. Бiрақ бұл ағасын 
құшақтаған жоқ, екi қолы салбырап, сөлмиiп тұрған 
қалпын өзгертпедi».
Бұл ғана емес, Лима Арасанбайға тұрмысқа 
шығатын болып, оны Қараспан әулетіне жеткізгенде 
олар ризашылықтарын беріпті дегенде Лима тағы 
қиналған, «Лима өз еркімен айтты ма деп бәсіре ағам 
Жанәли сұрамап па екен» деген. Енді соның шешуін 
оқиық:
«– Бәсе! – дедi Лима жылап тұрып. – Сен бiлмей 
қалған екенсiң ғой!

93
БОЛМЫС
– Мен ауылда жоқ едiм, – деп гүр еттi Жанәли. – 
За то, келген соң, жағдайды естiп бiлген соң, папам мен 
мамамның төрт аяғын бiр етiкке тықтым! Ағаларымның 
да көкесiн таныттым. Лиманың тағдырын менсiз қалай 
шештiңдер деп жанжал шығардым. Әлi де болса кеш 
емес, егер сен өз еркiңмен келiсiм бермеген болсаң, айт, 
тап қазiр жетектеймiн де, алып кетем!
Жанәлидiң күректей жалпақ, қайың бұтағындай 
қатты қолдары мұның арқасына түстi. Қыз мойнына 
ыстық жас тамды. Ағасының да жылап тұрғанын 
Лима сонда сездi. Өзi де егiлiп тұрған нәзiк жан, тiптi 
дауыстап сыңси бастады. Содан кейiн iштегi бiр ауыр 
дерттен арылғандай, iшкi сарайы ашылып, тазарып 
қалғандай болды. Бұл ағасының құшағынан ақырын 
қозғалып босана бердi де, төменнен жоғары қарады
жылап тұрып күле қарады. Екеуiнiң бала күннен бергi 
дағдылы әзiлiне көшiп:
– Өй, өңкиген жарықтық, мен жыласам, кетем деп 
жылап тұрмын, сенiң мынауың не, ей?! – дедi.
Қарындасының алдында әлсiздiк көрсеткенiне, 
босаған көңiлiн байқатып алғанына Жанәли намыстанып 
қалған. Сондықтан шығар, жорта қабағын түкситiп, 
ашулана сөйледi:
– Сен қыз бар ғой, осыдан бар ғой, бiзге ерегiсiп, 
бiзге қырсығып күйеуге шығатын болсаң, мынау шидей 
мойныңды өз қолыммен бұрап тұрып, басыңды жұлып 
алам, бiлдiң бе?!
Лиманың денесi шынымен-ақ тiтiркенiп, түршiгiп 
кеттi. Көңiлiн үрей биледi. Тезiрек жауап бермесе 
мынау нойыс ағасы сабап салатындай-ақ басын тез-тез 
шұлғып, тез-тез үн қатты:
– Сен қорықпай-ақ қой, мен өз еркiммен. Бұлар 
жақсы адамдар!

94
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
Жанәли қып-қызыл боп бөртiп шыға келдi. Айқайлап 
жiбердi:
– Әй, сен қыз Арқарбай әулетiне түгел шығайын 
деп отырған жоқсың ғой! Бұлар жақсы адамдар дегенiң 
не, ей?! Сен жақсы адамдарға шығасың ба, жоқ әлде бiр 
жақсыға шығасың ба?
Ағасының мына қылығына ендi Лима мәз болып 
күлдi:
– Өзiң, тегi, қырып кетерсiң! Мен, әрине, бiр адамға 
шығам. Жақсы адамға шығамын.
– Е, онда сөз басқа. Болды, бiттi».
Қазақтың бір үйлі жанның ішінде қарындасты ағаға 
бәсірелейтін осы бір ғажап дәстүрінің астарында біз 
толықтай түйсініп үлгермес ұлы сезімдер жатқанын 
тамсанып қана сезе алмақпыз. Осы бәсіре арқылы 
аға мен қарындастың арасындағы ыстық сезімді автор 
қалай көрсетеді! Оны қалай айтсақ та шығармадағыдай 
жеткізе алмақ емеспіз. Өз басы зор қасіретке шырмалып, 
елі-жұртын, әке-шешесін сағынып, зарығып күндіз 
күлкіден, түнде ұйқыдан айырылып жынды болуға 
айналып есеңгіреп тұрса да ағасы Жанәлидың жасы 
мойнына тамып кеткенде өзінің бүкіл қасіретін ішке тыға 
тұрып ағасына ойнақы әзілмен бала кездеріндегідей тіл 
қатып: «– Өй, өңкиген жарықтық, мен жыласам, кетем 
деп жылап тұрмын, сенің мынауың не, ей?!» деуіне не 
айта алармыз?! Қарындас деген жаратылысты қазаққа 
қалай ғана осылай сыйлады екен Жаратқан! Қалай 
ғана...
Қайран! Қарындас! Бәсіре! Қарындас деген 
қадірлі, бәсіре деген осынша биік ұғымның қайда сіңіп 
жоғалғанын түйсіндік пе?! 
Қорқау жұлдыз – қорқау қоғам сені де өзіне тартып 
әкеткен-ау... 
Қорқау жұлдыз – қорқау қоғам, қара құрдым.

2-бөлім
ҚАЗАҚ БОЛМЫСЫНЫҢ 
ҚҰЛЫН ДАУЫСЫ 
ЖӘНЕ 
ЖАЗУШЫ ЖАНЫ

96
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
Құлақ бұрау
«Тарихты көркем әдебиет дей алмасақ та, 
әдебиетті көркем тарих деп әбден айта аламыз» деген 
Чернышевскийдің сөзін Қазақстан Жазушыларының 
V-ші съезінде «Көркем әдебиет шығармалары терең де 
шыншыл болсын» атты тақырыпта баяндама жасаған 
Жұбан Молдағалиев мысалға келтіреді. Ал қазақтың 
ұзақ тарихын шындық негізінде ғылыми жүйеге түсіруге 
талпыныстар болғанымен Кеңес үкіметінің цензурасы 
оған мүмкіндіктер бермегені, тарих ғылымының жүгін 
амалсыз әдебиет көтергені де рас. Бұл сөздерді ары 
қарай растап керегі жоқ. Өйткені, оны қаламгер 
шығармалары дәлелдейді. Біз соны талдап көрсете 
алсақ болғаны.
Жазушы Әкім Таразидың бірқатар көркем 
баяндалған хикаяттарының ұлтымыз бастан кешкен 
тарихи оқиғаларды жадыңда қайта жаңғыртуымен және 
шындығын көрсете білуімен құнды екенін автордың 
«Тасжарған», «Қорқау жұлдыз» романдарындағы 
кейіпкерлердің қоғаммен ымыраға келу-келмеуі, санаға 
салынған түрлі бұғаулар арқылы көруге болады. Оларды 
ұлттың санасына, жанына салынған құрсау, шіре десек, 
ендігісін ұлттың санына яғни тәніне салынған қылбұрау 
деуге де келетіндей. Тіпті, одан да ауыр...
Тәуелсіздік жылдары қазақ халқы үшін ең алдымен 
сана-сезімді, ойлау жүйесін бостандыққа шығаруымен 
қымбат болатын болса, сол тәуелсіз сана тудырған талай 
ғылыми-көркем әдебиеттерге «жүк» болған тарихи 
тақырыптар біздің санамызға сіңіп кетті. Соны «көркем 

97
БОЛМЫС
тарихтың міндетін атқаратын» шығармалар оқтын-
оқтын жаңғыртып тұратыны бар. Неге десеңіз, ғылыми 
әдебиеттердегі құрғақ баяндаулар мен көп цифрлардың 
«ар жағында» қалып кететін адам тағдыры, жақсылық 
пен жамандықтың, зұлымдық пен мейірімділіктің, 
махаббат пен ғадауаттың майданы, бастысы сол тұстағы 
қоғамдық өмір, адамдардың психологиялық жай-күйі, 
өмірге көзқарасы көркем әдебиетте ғана ашылатынына 
бәс тігуге бармыз. Сонымен, жазушының жекелеген 
кейіпкерлер мен бірқатар кейіпкерлер арқылы тұтас 
дәуірдің ақтаңдақ тұстарын көркем шындықпен 
бейнелеуіне әсер еткен оқиғалар желісі қандай және ол 
қай әңгіме, хикаяттарында анық көрініс табады дегенге 
келейік.
«2999999+1», «Андрей», «Аран» және «Күлтай 
жеңешем мен Александр Солженицын» сынды 
әңгіме, хикаяттар арқау болмақ. Әр қайсысы қазақ 
халқының басынан өткен зобалаң жылдардың белгілі 
бір кезеңдерін суреттейді. Өз алдына бөлек-бөлек 
әңгімелер болғанымен бірін-бірі толықтырып отыратын 
туындылар екенін талдау барысында білетін боламыз. 
Сонымен, осылардың ішіндегі ең ауыры, ең 
қасіреттісі, тіпті адамзат тарихында болмаған қасіреттісі 
«2999999+1» атты жұмбақ әңгімеден бастадық. 
«Адамзат тарихында болмаған» деген сөзімізді 
артықтау алынды деп ойларсыз, жоқ. Оған да көзіңіз 
жетеді әлі...

98
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
Адамзат тарихындағы аянышты 
эпизод
2999999+1.  Өткен ғасырдың 30-жылдары 
қазақ тарихының ең бір қаралы беттері реттерінде 
бейнеленетіні әмбеге аян. Қолдан ұйымдастырылған 
ашаршылық барысында халқымыздың тең жарымына 
жуығы қынадай қырылды, біразы шетел асты. 
Бірақ түрлі зерттеу жұмыстарында түрлі цифрлар 
көрсетіліп, бұл туралы ортақ тұжырым жасалмаған соң 
біз өз тарапымыздан «дұрысы мынау» дегенді айта 
алмаймыз. Өкінішке қарай, ашаршылық салдарынан 
құрбан болғандар саны туралы әлі ортақ тұжырым 
болмай отыр. Әрине, бұл туралы нақты мәлімет беру 
тарихшылардың міндеті екенін білеміз. Ал, көркем 
әдебиеттің міндеті сол ақтаңдақ жылдардағы қоғам 
басындағы жағдайды көркем шындық арқылы 
бейнелеу. Соны бейнелеу аясында кейіпкерлер 
галереясын, қоғам картинасын жасау. Жазушы Әкім 
Таразидің ұлт тарихының ақтаңдақ беттерінен шағын 
бір эпизод алынған «2999999+1» әңгімесін оқып 
шығып, түйгенімізді төмендегі жолдарға арқау еттік. 
«Шағын эпизод» дегенді әдейі айтып отырмыз. Алапат 
ашаршылық қазақ жерін түгел қамтып, қазақ халқының 
жартысына жуығы аштан өлгенде, әңгімедегі Абыз 
ағаның айтқан оқиғасы шынымен шағын ғана эпизод 
сияқты әсер қалдыратыны бар. Бірақ, сол эпизод қазақ 
халқының бастан кешкен тауқыметін өмір бойы есіңнен 
қалғысыз етіп, миыңа шегелеп тастауға жетіп жатыр. 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал