Бағдарламасы бойынша жарық көрді НҰРҒалым ұ. Болмыс. Мақалалар/Ұ. Нұрғалым



жүктеу 6.44 Kb.

бет5/12
Дата15.02.2017
өлшемі6.44 Kb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Іш пен сырт. Жазушының шебері кейіпкердің 
сыртқы әрекеті арқылы ішкі болмысын береді. Ал 
шебердің шебері кейіпкердің сыртқы әрекетінде көрініс 
таба бермейтін ішкі дүниесін ақтарды. Былай қарағанда 
екеуі бір нәрсе секілді көрінеді, шындығында мүлде 
олай емес. Біріншісі – кейіпкерінің сыртқы әрекетіне 
алданады, екіншісі – сенбейді. Ал, бұл романның авторы 

58
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
«сыртына қарап сүйінген кісіңнің іші - міне! Сыртына 
қарап күйінген адамыңның іші - міне!» дегендей әдейілеп 
тұрып кейіпкерлердің сыртын бір бөлек, ішін бір бөлек 
ашып көрсетеді. «Мал аласы – сыртында, адам аласы 
– ішінде» деген бабалар өсиетіне имандай сенетін 
жазушының адам болмысына, сол қоғамдағы қазақ 
болмысына қандай күрделі «операциялар» жасағанын 
осы романды зерттеу барысында анық көретін боламыз.
Сырт. Жанәли мен Лиманың келген үйі оларды 
ерекше қарсы алады. Жанәлидің досы екен. «Үй иесі 
Сәрсенбай (оның атының Сәрсенбай екенін Лима 
кейін біледі) ылғи күліп жүретін, күліп сөйлейтін ұзын 
бойлы сары жігіт екен. Жанәлиді көргенде қуанышын 
жасыра алмады, екеуі қайта-қайта құшақтасты, бірін-
бірі түйгіштеді». Қазақтың қонақжай мінезін асыра 
көрсеткен Сәрсенбайдың қылығына қатты сүйсінесің. 
«Сәрсенбай інісіне қарады, сарғыш көздерін ежірейте, 
зеки сөйледі:
– Әй, не ғып тұрсың мұртыңды шайнап?!
– Е, не істейін? – Анау самарқау қалпынан айығар 
емес.
– Кім келгенін көріп тұрған жоқсың ба? Пәтшағар! 
Бар, алып кел қорадағы қойлардың бірін». Бұл 
әдеттегісі. Қазақ үшін қонаққа қой сою бадырайтып 
айтатын әңгіме емес әрине, әңгіме алда. «Жанәлидің 
келгеніне қуанғаны сонша, төргі бөлмеге кіріп, құрақ 
көрпе үстіне жантайып жайғасқаннан соң Сәрсенбай 
оның алдына тізерлеп отыра кетіп:
– Әй, ағатай, рұқсат етші, сенің құрметіңе ат 
шаптырып, той жасайын! – деп жалынды. Оғаш сөз 
естігендей Лима Сәрсенбайдың жүзіне таңырқай 
қараған, келген қонақтың құрметіне де ат шаптырып, той 
жасауға бола ма, жай ғана мезіреті шығар деген, бірақ 

59
БОЛМЫС
мына сары жігіттің қызғылт көздері шыншыл ұшқын 
шашып тұр екен. Әлгі сөздерін және де қайталады: 
– Айналайын Жанәли, қанша жылдан бері көрмей
зәуімен іздеп келіп қалған екенсің, ат шаптырып той 
жасайыншы, ағатай! Дүние-пұл жетеді, әкең...». 
Ал, сүйінбей көр! Жоғалып табылған туысы да емес, 
сыйласып жүрген досы келгенге осындай дархандық 
жасап жатқанына қарап неге сүйінбеске?! «Әй жомарт 
көңіл қазағым-ай!..» – деп елжірейсің. «... аңқылдаған 
сары жігіт Жанәли мен оның қарындасын құрақтай 
иіліп қарсы алды. Ауылының игі жақсыларын жинап, 
той жасады». Ал керек болса! Сөзі мезірет емес, осылай 
іс болып шықты. 
Лима бұларға шынында сүйінеді. «Қарапайым 
адамдар қандай жақсы! – деп ойлады ол. – Қарапайым 
Кеңес адамы дейміз ғой екі сөздің бірінде, дейміз, 
бірақ солардың кім екенін өзіміз анық білмейміз. Мен 
өзімді ұстаз санаймын, бірақ адамдарды білмеймін, 
ұқпаймын, менің жаным соқыр». Лима өзін осылармен 
салыстырып жазғырады да жатады. «... – Сонымен 
бұлар – қарапайым, жақсы жандар, аспандағы айды 
әпер деп жұлқынып тұрған жоқ, бұйырған ризығын 
теріп жеп, жердегі жемісті місе тұтып жүрген тіршілік 
иелері. Бұлар жақсы, сен нашарсың, Лима!». «... сонда 
не істеу керек? Ең алдымен аспандағы айға қол созуды 
қою керек. Мен өзімді олардан артық санап келгенмін, 
артық санауға қандай қақым бар еді? Артықшылығым 
шашымды келте кескенім бе, биік өкше туфли кигенім 
бе, шолақ етек юбка кигенім бе?..». Лима Сәрсенбайдың 
жүріс-тұрысын көз алдына келтіре отырып: «...Демек, 
– деп ойлады қыз, – бұл кісі де қарапайым, қоңырқай 
тіршіліктің адамы. Ал інісі Арасанбай... алма ағашынан 
алыс құлаушы ма еді, арбаның алдыңғы дөңгелегі 

60
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
қайда бұрылса, артқы дөңгелегі сонда ермеуші ме еді. 
Арасанбай мен Сәрсенбайдың айырмашылығы – бірі 
шикіл сары, бірі – қайыс қара, бірі мұрт қояды, бірі мұрт 
қоймайды. Ағасы ылғи күліп сөйлейді, інісі еріндерін 
жымырып, тістеніп сөйлейді. Айырмашылығы сол 
ғана. ... Арасанбайдың және бір ерекшелігі – анда-
санда арақ ішіп қоятыны. Арақ ішсе – темекі тартады, 
ал Сәрсенбай ағай ондайдан аулақ». Лиманың бұл 
үйге келгеннен кейінгі алғашқы күндері тек осыларға 
тамсанумен өтеді. «Қай жерге тоқтап едім? Иә, иә, 
қарапайым, асыл жандар... Бұл отбасының адамдары 
қарапайым, асыл жандар деп түйгем, бұл өмірдің мән-
мағынасы да осыларда! Қарапайым ғана өмір кешіп, 
жарық дүниеге келгендегі өз парызыңды абыроймен 
атқарып, өкінішсіз, армансыз өмірден өту деп тоқтаған 
едім-ау».  
Көптеген шығармаларда кейіпкердің қандай адам 
екені автор сол адамды бейнелей бастағанда немесе 
әлдебір тәсілмен оқырманға таныстыра бастағанда-
ақ сезіп отыратынымыз бар ғой, бұл романда сол 
болжау басқаша болып шығады. Аяңдап келе жатып 
жалт бұрылған аттан ауып түсіп  қалғандай күй кешеді 
оқырман. Жоғарыда досы келгенге ат шаптырып той 
жасаған, Лима осыншама тәнті болған Сәрсенбай мен 
Арасанбайды қалай ғана адам айтса сенгісіз жамандыққа 
барады деп ойлайсың? «Іш пен сырт» аталатын осы 
тақырыбымызда «бұл романның авторы «сыртына 
қарап сүйінген кісіңнің іші – міне!» дегендей әдейілеп 
тұрып кейіпкерлердің сыртын бір бөлек, ішін бір 
бөлек ашып көрсетеді» – деуіміз сондықтан болатын. 
Бұл «кейіпкердің сыртқы әрекетіне алдану» еді. 
Сәрсенбайлардың алғашқы бейнелеріне оқырманның 
да, Лиманың да сүйінгені сондай, тіпті олардың кейінгі 

61
БОЛМЫС
жексұрындық істеріне сенбей қалуың да кәдік пе, 
қалай? Бірақ автор сезімтал оқырманның Сәрсенбайға 
деген сенімдеріне алдын ала сезік тастап отырады.
«Қызғылт көз сары жігіт Лиманы әлі талай 
таңғалтар. Киім киісі можантопай, сырт көзге шала 
сауатты, әрі кетсе ауылдың атқамінерлеріне ұқсайтын 
Сәрсенбай Қызылжиде орта мектебінің директоры 
екендігін білгенде Лима бір таңғалар, можантопай 
көрініп киінетін, арсы-күрсі сөйлейтін, ыржалақтап 
күле беретін Сәрсенбайдың осы ауылдағы ең бақуат, 
ең малды жігіт екенін білгенде және таңғалар Лима, 
можантопай киінетін, ойына не келсе, соны айтып қалып 
отыратын, өз ісі мен өз тіліне шек қоюды білмейтін, 
қызыл көз сары жігіттің педагогика саласынан 
кандидаттық диссертация қорғайын деп жүргенін 
естігенде Лима әлі талай жағасын ұстар». Иә, біздің де 
жаға ұстар тұсымыз алда. 
Осы жерде ескерте бір кетер жайт, ескере кетер 
бір кейіпкер бар, ол Сәрсенбайдың әйелі– Ұлжан. 
Оны сырты мен іші екі басқа адам ретінде емес, сырты 
қандай болса, іші де сондай адам ретінде анық танитын 
боламыз. Сондықтан Ұлжанға бөлек тоқталамыз.
Күдік пен қуаныш. Бұл ауылға Лима келгенде ауыл 
жігіттерінің іштеріне өрт кеткен. Сұлулығына сүйсінген, 
сымбаттылығына тамсанған. Алайда Арасанбайдың 
«Сұлулық, әдемілік туралы да түсінігі бұлдыр» еді. 
«Былтыр күзде бұлардың үйіне Лима ағасымен еріп 
келіп, қалып қойғанда, Арасанбай ол оқиғаға ешқандай 
мән берген жоқ. Ол Лимаға тек қыз деп қана қараған, 
сұлулығына тәнті болып тамсана қоймаған. Күндер 
өткен сайын жора-жолдас, құрдастары Лиманы көріп 
аһ ұрып: «Сен қандай бақыттысың, сондай арумен бір 
үйде тұрасың, сенің бағың бар екен», – деп қайта-қайта 

62
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
айта берген соң, бұл өзі түсінбесе де жұрт пікірінің 
жетегіне еріп, Лиманың көркемдігін мойындады. Өзінің 
дағдысы бойынша, Лиманы жақсы деген бағамен 
көңілінің төріне шығарып қойды. Және де біраз уақыт 
өтіп, құрбы-құрдас, жолдастары: «Құдайдың өзі әкеліп 
аулаңа қондырған анау құсты енді қолыңнан шығарма, 
тегін келген олжа емес пе... – деп айта берген соң, 
шынында, сөйтсем болар еді деген тұжырымға келген».
Сәрсенбайдың атшаптырым ауласынан Арасанбайға 
арналып алты бөлмелі үй салынып жатыр. Алдағы 
жоспар үйлендіру. Енді Сәрсенбайдан да, Ұлжаннан да 
маза кеткен, ықыластары Лимаға біржола ауып алған. 
Ұлжан Лиманың өзін «жеңгей» деп айтуына сүйеп, 
сол жеңгейліктің небір тәсілдерімен өзі «әппағым» деп 
тергейтін қап-қара қайнысы Арасанбайға Лиманы теліп-
ақ бағады. Бұл жағдай романда өте сәтті суреттеледі. 
«Әкетай, көкетайлап» құрақ ұшқаны өз алдына, 
оңашада күрсініп айтатын «Шіркін, «әппағыма» өзің 
сынды бір ақылды жар табылар ма екен?» деген секілді 
сөздерімен арғы ойын көздеген нысанасына талықсытып 
жеткізетін. Үндемей де қоймай, үркітіп те алмай қазақы 
қарым-қатынастың ең нәзік қылын ең нәзік саусақпен 
сәтті уақытында басып кеп жіберетін. Өмірде көп 
кездесетін, жаныңмен түйсінсең де тіліңмен айта алмас 
сондай сәттерді шынайы шығармадан түйсініп оқудың 
өзі бір ғанибет!
Сонымен не керек, ай, жыл өтеді. Ауылының, ата-
анасының сұрау салмағаны, жанындай жақсы көретін 
бәсіре ағасының іздеп келмегені, Қасқатайдың еш 
хабарсыз өз жайына кеткені... бәрі-бәрі Лиманың 
жанын мүжіп бітірген еді. Алайда ол өз-өзін кінәлауын 
тоқтатқан емес. Сонда ғана жаны жай табатын. (Бұл 
да осы шығарма арқылы көзіміз жеткен адам жанының 

63
БОЛМЫС
бір қалтарыс, құпиясы). «Бар пәле өзімде, жұрттың 
балалары ата-анасының арына дақ түсірмейді, әулетінің 
арына қаңқу сөз ертпейді, мен болсам... мен өзімнен 
өзі жиіркенуім керек, осы елдің қоры мен, Майқорық 
ауылында өсіп-өнген жүздеген ұл-қыздың ішінде 
шіріген жұмыртқа жалғыз мен, осы мына Қызылжиде 
ауылындағы төрт мың сегіз жүз пенденің ішіндегі 
ең жаманы және мен...». Оңаша бөлмеде өз ойына 
таланып жатып талықсып көз іледі, ұйқылы-ояу түс 
аралас өмірін қайта жалғастырады. Қабырғаға, төбеге 
құр телміріп жатады да қояды. Төбеде жабысып тұрған 
өрмекшіге қарап тағы ойлайды: «Анау өрмекші менен 
өзін артық санаса несі сөлекет екен? Тап қазір ол менен 
биік тұрғаны рас. Ол төбеде, мен еденде...». 
Жеңгесінің жетегімен, жұрттың желіктіруімен 
жігіттігі оянып Арасанбайдың араны ашылып алған. 
Лиманы құшағына басарға аш арыстан секілденіп 
сүмең-сүмең етеді. «Лима мені менсінер ме?» деген ой 
енді келе бастайды. Өмірі ой ойлап көрмеген ол енді 
«сөйтсем, жақсы», «бүйтсем жақсы» деп неше түрлі 
қиялдарға беріледі. Алайда ол ойын Лимаға айтпақ 
түгілі Арасанбайдың ондай ниеті бар екенін Лима 
біле қалса – бұл жерге кірмек. Арасанбайдың өзінде 
еш талғам болмайтын, сондықтан да «Арасанбай кісі 
жатырқау дегенді білмейді. Кім болса соның қасына еріп 
жүре беруге бар...». Қысқасы, сондай көп достарының 
бірі, Ленинградтан ауылға Коля деген досы келеді. 
Екеуі арақ ішеді. Лиманы айтады. Коля Арасанбайды 
қайрап-қайрап Лимаға ойын айтуға көндіреді. 
«Күндіз ішкен ішімдіктің уыты әлі қайта қоймаған
сол екпінмен Арасанбай ұзын дәлізбен тық-тық басып, 
қыз бөлмесінің есігін қақты. Қос алақандай жұқа 

64
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
көзілдірік жинақы да, жұқа жүзін түгел жасырып, 
Лима шұқшиған қалпы дәптер тексеріп отыр екен.
– Рұқсат па екен?
– Келіңіз, келіңіз.
– Айып етпеңіз...
– Тым сыпайы бола қалыпсыз ғой, бір үйдің адамы 
емеспіз бе?
Жүрексініп, қалтырап, дірілдеп тұрған Арасанбай:
– Осы лебізді сізге айттырып тұрған тағдырдың 
өзі шығар! – деген сөз аузынан қалай шығып кеткенін 
аңдамай қалған. – Бір үйдің адамымыз дедің-ау, менің 
арманым сол емес пе?
Лима сықылықтай күлді:
– Сіз тіпті шындап барасыз ғой...
– Шындамағанда қайтейін? – Арасанбай көзі 
жасаурап кеткенін сезді. – Өлетін болдым ғой, Лима, 
енді айтпасам жарылатын тәріздімін!
Қыз тағы да сықылықтап күле түсті де, оқыс 
тыйылды. Көзілдірігін алып, сұрланып кеткен өңін 
жігітке бұрды:
– Сіз... Сіз... Қызық екенсіз ғой.
Арасанбай қыздың сөзін естімеген тәрізді. Бастаған 
ойын жалғай берді:
– Не десеңіз, о деңіз. Менсінбейтініңізді де білемін. 
Бірақ менің көңілім сізде, оның несін жасырайын... 
Тисеңіз – аламын... тимесеңіз – өзімді құртамын. 
Көзімді жоямын, айттым – бітті!
Лиманың онсыз да үлкен көздері шатынап кетті:
– Сіз... Сіз... Қызық екенсіз ғой. «Көзімді жоямын» 
дегеніңіз қалай?
Арасанбай тістеніп оң қолының жұдырығын түйіп 
алыпты: 

65
БОЛМЫС
– Айтқаным айтқан, егер осыдан жоқ десеңіз, 
барамын да атылып өлем. Себебі мен ағам мен жеңгеме 
айтып қойдым, Ленинградтан келген досыма айтып 
қойдым, олардың алдында масқара болар жайым жоқ
ендігі жерде сізсіз маған өмір де жоқ!».
Сонымен не керек, сөз арасына Лиманың пәктігі 
жайы да бір қыстырылып өтеді. Ол жайлы жоғарыда 
айтқанбыз. Арасанбай бейбақ: «– Мен оған 
қарамаймын, ... Мен ескінің адамы емеспін!» -дейді. 
Лима жылауға бергісіз ызалы, кекесінді күлкімен 
мырс етіп: «– Менің ағам Жанәли базарға байтал 
шығарса  – тек қана тісі бүтінін шығарады, түсіндіңіз 
бе? ... – Ендеше біліп қойыңыз, аға, Қараспан атамның 
қыздарының ежелден малы түгел болатын әдеті!» – 
дейді.
Лима өзін-өзі әбден мүжіп, өзін-өзі іске алғысыз, 
ешкімге керексіз етіп әл-қуаты құрып жүрген осындай 
тұста Арасанбайдың мынадай дүлей әрекеті оны 
қылтадан қағып түсірген. «– Еркіңіз білсін, аға...» 
– деген. «Еркіңіз білсін...» деген де, етпеттеп, еңіреп 
жылаған... Ал, сондағы Арасанбайдың күйін автор 
былайша суреттейді: «– Бітті, ендеше! Келіссеңіз болды! 
Алақаныма салып, пір тұтып жүремін... – Ендеше,  
Лимаш, бүгіннен бастап мен сенің құлыңмын...».
«Бірнеше айдан бері жанды жеген көңілдегі түйткіл 
бұлай тез шешіледі деп Арасанбай күтпеген. Сенерін 
де, сенбесін де білмеді. Екеуі қандай шешімге келгенін 
де түсінбеді. Үлкен бір жардан секіремін деп, секірсем 
жардың арғы жағасына жете аламын ба деп, жардың 
арғы жағасына жете алмай, сүрініп құзға құласам 
ахуалым не болар деп күдіктеніп келіп, жүрексіне 
жүгіріп келіп, «а, құдай» деп секіргенде жар дегені жай 
ғана арық болып шыққандай, өз халіне өзі тосырқап 

66
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
қалған, әлде мына қыз мені мазақтап отыр ма деген 
сияқты дүдәмал ой да буындырып барады».
 Міне, Лиманың Арасанбайға тұрмысқа шығу 
жайы осылай болған. Біз неге шығармадан арнайы 
үзінді келтіріп отырмыз? Оның да өзіндік себебі бар. 
Лима келісімін бергенде Арасанбай осылай қуанған, 
Сәрсенбайдың есі шығып кеткен, Ұлжанның жүрегі 
жарылып кете жаздап, қуанғаннан солқылдап тұрып 
жылаған, бір әулет қана емес, Арқарбай сынды рулы 
ел ту Ташкентте ең үлкен ресторанға жиылып той 
жасаған..., осынау бір аса қуанышты шаттық, думанның 
соңы қалайша қасіретке ұласуы мүмкін? Оқырманға 
сол қасіреттің салмағын анығырақ сезіндіру үшін 
оған айырбасталған қуаныштың да көлемін көрсетіп 
қойғымыз келді.
Сәрсенбай мен Арасанбайдың сыртқы сипаттарымен 
таныс болдық. Сүйіндік. «Қарапайым, асыл жандар» 
деп бағаладық та. Енді іштерінде бұғып жатқан 
«өнерлерін» осы ауылға ауру анасын өзімен бірге 
алып келген мұғалім жігіт Түнғатармен байланыстыра 
отырып көретін боламыз. 
Роман көтерген ең негізгі тақырыптың табалдырығын 
енді аттағалы тұрмыз. Ауыр, әрине. Ақаусыз ашып 
көрсетуге қалам қауқары жеткей! 
Санаға салынған бұғау
Стандарт – Бұғау. «Мектеп директоры Сәрсенбай 
жүрдім-бардым сұрағандай немкетті үнмен оқу ісінің 
меңгерушісіне:
– Әлгі, анау, жаңа келген мұғалімнің халі қалай 
екен? – деп қойған.

67
БОЛМЫС
Оқу ісінің меңгерушісі қайыстай боп қатып қалған, 
тастай берік Күләй деген кәрі қыз еді.
– Оны неге сұрадыңыз? – деп Күләй мұның сөзіне 
сауал қойсын.
– Жай, әншейін. Балалармен ұғынысып, тіл 
табысып кетті ме екен дегенім ғой...».
«Осыдан бір апта өткенде Қызылжиде орта мектебін 
дүр сілкіндірген, Қызылжиде ауылының тіршілігін 
астан-кестен еткен үлкен жанжалдың алғашқы 
ұшқындары жарқ-жұрқ ете қалды». 
«Оқу ісінің меңгерушісі, қайыстай боп қатқан, тастай 
берік кәрі қыз Күләй Ормановтың сабағына кірген екен, 
содан басын ұстап, шашын жұлып ойбайлап шығыпты». 
Жағдайды естіген Сәрсенбайдың жайшылықтағы 
жайдары күлкісі күмірем қабады, көздері шатынап
жүзі күреңітіп, шаштарының арасынан тер саулап қоя 
береді. Бұлар Лиманы шақыртады. Өйткені Түнғатар 
орыс тілінен сабақ беретін еді, ал бұл мектепте орыс 
тілінен сабақ беретін жалғыз Лима ғана еді. 
«– Сонда немене? Ол кісі орысша білмей ме екен?
– Жоқ, орысша сайрап тұр ғой. Жоспар бойынша 
бүгінгі сабағы – Некрасовтың өмірбаяны, ал Орманов 
жолдас болса Лермонтовтың «Ақын өліміне» деген 
өлеңін бүкіл сыныпқа жаттатып, ойнап отыр. Спектакль! 
Кәдімгі спектакль! Цирктегі сайқымазақ.
Ормановтың мына қылығы Лимаға да оғаш көрінді.
– Қызық екен...
– Ойбай-ау, несі қызық, қарағым-ау?! – Енді 
Сәрсенбайға жан бітті. ... – Не қылған қызық? Масқара 
ғой бұл. Бүкіл ауданға ұятқа қалатын болдық-ау!».
Түнғатардың сыртқы сипатын Лима да ұнатпайтын. 
Алайда өз сыныбындағы оқушылар Лимаға Түнғатар 
мүғалімді өте жақсы көретінін айтқан болатын. Тіпті 

68
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
екі сыныптың балалары мұғалімдерін салыстырып, 
ұрсысып қалғанын да білетін Лима. 
Қош, сонымен Түнғатардың сабағына Лима кіреді. 
Сәрсенбайдың шашының арасынан тер саулатқан бұл 
не сұмдық екенін ары қарай үзінділермен баяндайық: 
«Сөйтіп Лима өзі ұнатпайтын, бойын аулақ салып 
жүрген әріптесінің ісіне араласуға мәжбүр болды. 
Алғашқы сабағында ызаға булығып, айқайлап жіберуге 
шақ қалып, бұл да әрең шыдаған. Екінші сабаққа бұл 
өзін-өзі сабырға шақырып, басу айтып, өзін-өзі көндіре 
білді. Үшінші сабақ үстінде көкейіне күдік кірді: 
«Күләй шіркін неге сонша байбалам көтерген? Жанжал 
шығармас бұрын бұл кісінің сабақтарына ерінбей-
жалықпай тағы кіруі керек еді ғой. Мүмкін...»
Сол «мүмкінге» Лима өзін де көпке дейін көндіре 
алмаған. Ормановтың үш сабағына қатысқан соң, 
кешке жақын үйіне келіп, көңілі байыз таппай, өзі де 
сабаққа әзірлене алмай қалды. Сол түні ұйқысы да шала 
болды. Біресе Ормановты жақтайды, біресе оның ісін 
теріске шығарады. Ертеңінде өз сыныптарына жазбаша 
тапсырма берумен шектеліп, Ормановтың сабақтарына 
және кірді. Үзіліс кезінде:
– Қалай екен? – деп сұраған Сәрсенбай қайнағасына 
екіұштылау жауап берді:
– Қайдам... Жалғыз емес, комиссия құрып, тексеру 
керек тәрізді.
Комиссия құрылды. Дау-жанжал өршіп, бұл кезде 
ауданға жеткен, аудандық оқу бөлімінен өкілдер де 
келіп үлгерген. Комиссия да, өкілдер де жанжал өртін 
баса алмады. Бұл екі ортада Күләй мен Сәрсенбай 
асығыстық жасап, Түнғатарға қатаң сөгіс жариялап 
жіберген, ол сөгісті әлдекім апарып оқушыларға 
хабарландыру ілетін дәліздегі тақтаға іліп үлгеріпті, оны 

69
БОЛМЫС
көріп Түнғатар қатты ашуланыпты, бұйрық қағазды 
жұлып алып, жыртып-жыртып лақтырыпты. Дәл сол 
сәтте Күләй бастық қарсы ұшыраса кеткен екен: «Әй, 
сен қара қаншық, қысатын жеріңді қысып, тыныш жүр!» 
депті Түнғатар. Солай деді ме, демеді ме, анығын ешкім 
білмейді, ...Бірақ қалай болған күнде де, Түнғатардың 
қасынан өте беріп Күләйдің баж ете қалғаны рас. 
Жүрегін ұстап, тәлтіректеп барып қаны қашып, үлкен 
қара көздерінен үнсіз жас тамып, өз столына отыра 
кеткені рас». 
Ауыл шетіндегі дәрігерлер келіп болғанша Күләй 
талып қалады. Мектеп іші абыр-сабыр, у-шу болады 
да кетеді. Бөлмеге өрт сөндіргендей түтігіп Сәрсенбай 
кіріп келеді. «Қайда әлгі тажал?! Не ғып тұрсыңдар, 
шақырыңдар тажалды!» деп жағы сақылдап, аяқ-қолы 
дірілдеп кәрленеді. Түнғатар келеді. Саспай кіреді. 
Оның саспай тұрғанын көрген директор онан сайын 
ашуланады. «Жо-жо-ғал! Көрінбе көзіме! Кісі өлтірдің, 
сотталасың! - деп бүкіл мектепті басына көтереді». 
Бәрінен ауыр тигені Түнғатар саспай тұрған қалпы 
Сәрсенбайға: «Өй, сорлы!» - дейді. Енді директор 
ашуына буынып өле жаздайды. Мұрнының ұшы 
нарттай қызарып, қан қысымы көтеріліп, ол да төсекке 
жантаяды...
Келесі күні Қызылжиде орта мектебінде үлкен 
жиын өтеді. Аудандық оқу бөлімнен екі бірдей жауапты 
қызметкер келеді. Бұл жиында әрине, бүкіл мұғалім 
(Лима мен Ұлжаннан басқа) Түнғатарды жерден 
алып, жерге салады. Автордың сөзімен айтсақ «Бір-
бірінің аузындағы лебізін жырып алып, эстафетадай 
жалғастыра жөнелген қызу жиналыс», «Түнғатар 
кетсін!» деген ұранға ұласады.

70
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
Құрметті оқырман! Енді бүкіл Кеңестік оқу оқыту 
жүйесінің кейіп-кеспірі ашылады. Сәбеттік жүйенің 
адам санасына салған алып құрсауын, адам санасын 
буындыра салған бұғауын көреміз. Мына Түнғатар 
сол бұғауға шыдамаған, сол ноқтаға басы сыймаған, 
мынадай жалған жүйенің адамдар тағдырын, қазақтың 
болашағын ойыншыққа айналдырып бара жатқанына 
іші удай ашитын, сөйтіп, ауру анасын арқалай жүріп 
жалпақ жүйеге жалғыз өзі қарсы шыққан азамат. 
Сондықтан Түнғатардың мейлі осы жиналыста, мейлі 
Лимаға айтқан зар запырандарынан мүмкіндігінше 
көбірек келтіруді қажет деп таптық. Түнғатардың 
мақсаты жайында жоғарыда айтқан сөзімізге дәлелді 
өзі айтады. Осы жиналыста айтады:
«...Мен әлгі әдеби кітаптарда кездесетін, көзілдірік 
киген, ілмиген, сыпайы ғана интеллигент емеспін, бұл 
күнде интеллигенттің, зиялының азуы алты қарыс 
болмаса өмір сүре алмайды, күн көре алмайды. Қаншама 
адамның түбіне жетті бұлар. Қаншама жақсы адамдар 
ішіп кетті, қаншама жақсы адамдар қор болып, қоңыз 
теріп кетті осылардың кесірінен! Жоқ, ендігі жерде, 
қарақтарым, бізбен күресу сіздерге оңайға түспес! 
Сіздердің амал-айлаларыңызды жақсылап меңгеру 
керек, сол амал-айлаларыңды өздеріңе қарсы жұмсау 
керек, сөйтіп мыстарыңды құрту керек. Мен сондай 
жолға шыққан адаммын...» дейді.
Сол жиналыста бүкіл мұғалім мұны қарғап-сілеп, 
бойларындағы бар заһарларын шашып болып соңында 
сөз берген ғой. Оның өзін кекетіп, мұқатып: «...Оның 
өзіне сөз беруді ұмытып кетіппіз ғой, құлдан да бір 
лебіз демекші... Кәне, Орманов жолдас, не айтасыз?» 
деген Сәрсенбай.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал