Бағдарламасы бойынша жарық көрді НҰРҒалым ұ. Болмыс. Мақалалар/Ұ. Нұрғалым



жүктеу 6.44 Kb.

бет3/12
Дата15.02.2017
өлшемі6.44 Kb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

31
БОЛМЫС
«жағымды кейіпкер» деп айтуға еш уақытта қақымыз 
жоқ екен. Қалай атау керектігін шығарманы талдау 
барысында оқырман өзі аңғарады. Себебі барлық іс-
қимылы шынайы суреттеледі. Бір түсінгеніміз сол, 
автор қолдан жағымды кейіпкер жасамайды.
Сөзіміздің басында «Шығарма авторы бір 
кейіпкердің жан дүниесін екінші кейіпкермен қарым-
қатынаста, тіпті қақтығыстарда ашуға тырысатынын 
байқадық» деген болатынбыз. Енді сол қақтығыстың 
нақ өзіне тіреліп тұрмыз. 
Бізге бұл қақтығыс тіпті автор мен кейіпкер – 
Омардың арасындағы қақтығыс сияқты сезілгенін 
жасырмаймыз. Автор Омарға соққы жасайды, қолдан 
емес, өмірдің, сол кездегі ортасының, сол кездегі 
қоғамның соққысын. Асырмай да, кемітпей шынайы 
жайды көрсетеді, болды. Неден екенін қайдам, автор 
мен Омардың қақтығысын бокс тәсілінде елестеттік. 
Ұзағынан ұзақ үш кезекке (таим) жалғасқан бокс. 
Стадион – сол қоғам. Шығармадағы өзге кейіпкерлер 
сол стадионда. Майдан (Ринг) – автордың көкірек 
алаңы. Көрермені – бұған дейінгі, бұ кездегі және 
бұдан кейінгі қалың оқырман. «Тасжарған» деген 
атпен бейнетаспада сақталып қалған сол боксты қазақ 
көрермендері сонау 70-жылдардан бері қарай көріп 
келеді, кәсібиі бар, кәсіби емесі бар, талқыға салып 
келеді, бірақ әлі қайсысының, қай соққының арқасында 
жеңістік алғанын анық біле алмай келеді. Білсе де айта 
алмай келеді. Себебі, үшінші кезектің соңында төреші 
Омардың қолын көтергенде автор да өз қолын қоса 
көтереді. Соңы...
Осы бейнетаспаны көрген мың-миллион көрерменнің 
бірі ретінде біз де талқыға салып көруге тәуекел еттік. 
Әрине, біздің болжамды автордың өзі де, өзге көрермен 

32
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
де қатеге шығаруы мүмкін. Оған таласпаймыз. Алайда 
біз де бейнетаспадан нақты дәлелдер келтіре отырып, өз 
пайымымызды айтуға құқылы екенімізді әбден білеміз.
Алғашында Омар мұндай соққыны күтпеп еді, 
өзіне соққы дарып кеткенін аңғармай қалды, тіпті 
сеніңкіремеді, әлі де өзін еркін ұстады, екінші, үшінші, 
төртінші соққылар арты-артынан тигенде барып өзінің 
анық соққының астында қалып бара жатқанын сезді, 
енді жинала беріп еді, бесінші, алтыншы, жетінші 
соққылар сарт та сұрт тиді. Омар есеңгіреп қалды, 
«нокдаун». Бірінші кезек аяқтады.
Аралық тыныста бір жиналып алғандай болады. 
Екінші кезек. Тағы да соққылар. Шыдас бермейтін 
соққылар. Аямайды. Мүлде. Енді Омар ерегісе 
бастайды. Өліспей-беріспейтін ерегіс басталады. 
Адам түсінбейтін қиқар ерегіс. Жақын досы да боқтап 
жіберетін ыңғайсыз ерегіс. Сол ерегіспен екінші кезек 
аяқтады. 
Үшінші кезекті біз бокс рингінен емес, мүлде 
басқаша, Омардың көз алдына өлім келген жойқын 
сілкініс алаңында көретін боламыз. Ол сілкіністің 
жойқындығы сондай, стадиондағы кей төрешілердің 
жүректері отырған жерінде тоқтап қалған сілкініс, 
отырған жерінде жүректері жарылып кеткен сілкініс. 
Сондай сілкініс.
Енді шығармадағы шынайы жаймен қоса өре 
отырып «үш кезектің» жайын баяндаймыз. Омардың 
жан дүниесіне, болмысына үңілеміз. 
Соққы. Омарға сілтенген әр жұдырық сол 
қоғамның әртүрлі сипаты еді. Сондықтан да оны автор 
әркімнің қолымен сілтеді. Аблездің, Мамыржанның, 
Досымның, Оразханның, Құлгелиев, Кашафов, 

33
БОЛМЫС
Меңдіғали, Матековтың іс-әрекет, болмыс-мінезімен, 
сол қоғамның оларға салған таным-түсінігімен сілтейді.
Омар өзіне тиген соққыны жай сезді. Жалпы Омар 
қайғыны да, қуанышты да жай сезетін, барып-барып 
қабылдайтын жан. Өйткені ол кез келген жағдайды 
болмысымен және тұтасымен қабылдайды. Қандай 
ауыр. Бойына сіңірмей суық ақылмен сезінетіндер тек 
сол мәселе төңірегіндегі ақпарат аясында анық біліп, сол 
аяда ғана жылдам жауап қайыруды Омардың болмысы 
қабылдай алмаған. Қазіргі кездегі қысқа ақпараттарға 
қысқа ғана жауап беретін, екінші сауалға жауап 
алуың үшін басқа кнопканы басу керек болып қалған 
жасанды (робот) адамдар секілді емес еді. Шамасының 
келгенінше дүниені тұтасымен қамтып ойлайтын, 
ойлайтын ғана емес-ау, түйсінетін. Ондай адамның әр 
нәрсеге сол тұтастықпен жауап беруге тырысатыны 
заңдылық қой. Орайы келгенде айта кетпеске болмас, 
тарихтағы би, жырау, абыз ақсақалдарымыздың, 
ғұлама-даналарымыздың болмысында сондай тұтастық 
бола-тұғын. Сондықтан олар ұзақ сапар – өмір 
айдынында алып кемедей ақырын қозғалатын, анау-
мынау желге шайқалмай барар бағытына тарта беретін. 
Жан тебірентер қуанышқа желігіп кетпей, жан күйзелтер 
қайғыға егіліп кетпей, екеуін де сабырмен қарсы алатын. 
Қуаныш пен күйзелістің артығы болса ішке сақтайтын. 
Аталар табиғаты осылай болатын. Барлығы емес, 
қаймағын қалқып, Абайша айтқанда «единицасын» 
айтып отырғанымызды түсіндіріп жатудың керегі жоқ 
та шығар бұл жерде.
 Омардың сондай болмысына анығырақ көз жеткізу 
үшін оқуға түсу кезінде өз басынан өткен мына бір 
оқиғасын айта кетуді қажет деп таптық. 

34
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
«– Әуелде документімді журналистика факультетіне 
тапсырғам... ол кезде қазақ балалары ия журфакқа, ия 
юрфакқа баратын кезі ғой. Техникалық институтқа аяқ 
баспайтын, – деп бастады әңгімесін. 
Сын кезінде барлық пәнді беске тапсырыпты, 
бірақ оқуға түсе алмапты – он жетіге толмадың депті, 
«сентябрьдің аяқ кезінде туғаныма мен кінәлідей, 
содан университеттің физика-математика факультетіне 
түседі». Сөйтіп, шпаргалка пайдаланып жүріп оқуға 
түседі. Бірақ  физика-математика дегеннен ештеңе 
түсінбейді. Оны Омар Әлиге айтқан әңгімесінде 
тәптіштеп баяндайды: «Біз оқыған мектепте физика мен 
математикадан сауатсыз бір жарықтық сабақ берген 
екен. Түк үйреткен жоқ еді! Саған өтірік, маған шын, 
алгебраның өзін білмейтін едім, ...Екі-үш рет лекцияға 
барып едім – шашым тік тұрды. Мен танымайтын 
цифрлар, мен танымайтын әріп-белгілер. ...Ұялғаннан 
лекцияға баруды қойдым. Содан әлі есімде, елу бесінші 
жылдың бірінші январы келді, жатақхана іші гу-гу, 
жаңа жыл кеші, демалыс бөлмеде би, ән, бөлмеде 
жататын сегіз баланың  жетеуі кеткен қыдырып, мен 
жатырмын жалғыз, жұдырығымды басыма жастап: 
төртінші январ күні матанализден бірінші сын, 
қалың кітап Фишер, бетіне қарасам құсқым келіп, 
басым айналады. Кітаптың дәл ортасынан ашып, бір 
тақырыпты түсіну үшін алдыңғы жақтан үш теореманы 
біліп алу шарт, соларды оқыдым. Сүйте-сүйте, сізге 
өтірік маған шын, әлгі кірпіштей кітапты үш күннің 
ішінде түгелдей, бір әрпін, бір ноқатын қалдырмай, 
сноскасына дейін жаттап алдым!». Содан не керек, 
емтихан басталады. Профессорға бірінші болып Омар 
кіреді, қайдан салса содан шығады, судыратып тұр, 
мүдірмейді. Физикадан да солай, ширатылып отырған 

35
БОЛМЫС
доценттың өзі таң-тамаша болады. Омекеңнің екпіндеп 
алғаны сондай, «Сұрақтарды оқымай-ақ жауап бере 
берем» дегенге көшеді. «Ал айт», айтады. «Доцент 
қатты толғанды, орнынан тұрып кетіп ары жүрді, бері 
жүрді, аудиториядан шығып кетіп басқа мұғалімді ертіп 
келді. Екеуі мені тағы қуды, ұстатпадым. Ақырында 
әлгі кісі, «қыстың күні экзамен үстінде сыра алдырып 
ішіп, сызданып отыратын» әлгі кісі: «Сен, қалқам, 
маған көмекші боласың» деді. Деді де сәл ойланып, 
«Мен сені қызметке аламын. Оқу оқып жүріп, менің 
лабораториямда қызмет істейтін боласың» деді. Деді де 
сәл ойланып, «Мен мемлекеттің арнаулы тапсырмасы 
бойынша бір зерттеу жүргізіп жүрмін. Кәдімгі пар бар 
ғой, судың буы, соған байланысты. Парды, судың буын 
білесің ғой?» деді. Мен судың буын білмейтін едім, 
көзім жыпылықтап сыр беріп қойсам керек. «Будың 
формуласын жазшы» деді. Жаңағыдай кірпіш кітапты 
жатқа жазып тұрған мен үшін буды білмеу онша 
үлкен қылмыс емес шығар деп ойладым да, шынымды 
айттым, «Буды білмеймін» дедім. Доцентім талып 
қала жаздады. Бу дегенді мектеп балалары сегізінші 
класта өтеді екен. ... Әй марқұм-ай, осы күнге дейін 
есіме алсам ішім өртеніп кетеді. ...мені жерден алып, 
жерге салды, зачеткама екі қойып қуып шықты... Мен 
коридорға шығып жылап жібердім, жылағанда да 
әкем өлгенін естігендей боздадым. Қайта тапсыруға 
барған жоқпын. Сол шыққаннан университетке қайта 
кірмедім, біреулердің сөзіне еріп Мәскеуге кеттім, 
сонда түсті металл институтына түстім». Міне, 
Омардың оқу тарихындағы ұмытылмас бір белгі. Біздің 
пайымдауымызша бұл оқиға Омарға екіден кейін 
келетін үшті білмесе де, екінің алдындағы бірді білуі 
шарт екенін мықтап ұқтырған, кез келген істің қисынын 

36
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
(логикасын) ретке келтіре ойлауға дағдыландырған 
оқиға. Оған «әкесі өлгендей» жылауы, бас-аяғы жоқ 
шолақ біліміне қорлануы табиғатына сіңген тәрбиеден 
шығар...
Алда-жалда буды біліп қап, ширатылған доцентке 
көмекшілік қызметке алынып кеткенде бұдан сорақы 
оқиға болатын шығар деп еріксіз күліп алдық. Бұл 
енді тақырыпқа қатысы жоқ, оқиға желісіне оқырман 
ретіндегі қызығушылық деп  қабылданар дейміз. 
Енді соққыға келейік. Соққының басы Омар өзі іштей 
сезіп ғана қойған, мүмкін сезбеген мына бір жағдайдан 
басталған негізі. Алматыдан келген екі жазушының бірі 
Мирасты Омар танитын болып шығады. Екеуі бірінші 
класта бір мектеп, бір класқа барған болып шығады. 
«Ал сен менің есімде жоқсың» дейді Мирас. «Ол 
түсінікті ғой, сен бұзық болатұғынсың. Қорланғанның 
есінен зорлықшы шықпайды, зорлықшы қорлағанын 
ұмытып кетеді, өмір заңы солай» дейді. Ал Омардың 
қорлық көретін себебін мына бір сөйлемнен аңғара 
беруге болатындай. Омардың әкесінің атын естіген 
Мирас: «Тоқта, Тоқта! Балапан... Балапан! Ауылдың 
шетінде ескі үй бар еді, ... «Балапанның үйі» деп жұрт 
қатыспайтын».
Осы сөйлемде Омардың тарихы жатыр. Сөйлем 
дейміз-ау, үтір-нүктесіне дейін үлкен мағына беріп 
тұр. «Балапан...» деп бірінші айтқаннан кейінгі көп 
нүктенің орнында Омардың әулетінің тарихы бар деп 
топшыладық. Ол кезде «жұрт қатыспайтын» отбасылар 
қандай отбасылар екені тарихтан аян емес пе?! «Халық 
жауы» деп айдар таққан бай, молда, ағартушы, зиялы, 
кілең ұлттың қаймақтары емес пе еді?! Мирастың есіне 
мүмкін сол түсті. Әрине текті, ұлт қаймағы ретінде емес, 
«Халық жауы» ретінде. Оның Омар туралы жазғалы 

37
БОЛМЫС
келіп, аяқ астынан бұзылып Алматыға кетіп қалуында 
осындай сыр жатыр.
Омарға тиген бірінші соққы осы. Оны қасында 
жүрген Әли түсінген жоқ, әрине. Мирасты да, Омарды 
да. Қанша досы болса да «Әулетім осылай» деп Омар 
Әлиге айтпауы да түсінікті. «Халық жауының» ұрпағы 
екенін білген Мирастың іш тартуынан-ақ оларға деген 
саяси көзқарастың қандай екені түсінікті емес пе! 
Омардың: «...мамамнан «Халім нашар» деп хат алғанда 
бармадым ғой! Кейін, абырой болғанда, «Түзелдім», 
келмей-ақ қой» деп телефон соқты. Ал қазір ойлаймын, 
со кісі дүние салса мен бармас едім. Жаным соншалықты 
күйзелді ғой... Неліктен дейсің? Сен, әрине, ойлайсың, 
қызметінен түсіп қалғанына күйінді деп. Тіптен олай 
емес!» деуін де енді түсінгендейміз. Омардың әйелі 
Сәуле жайында: «Шешесі өз төркініне барып, жақын 
ағайынның қызы, «кеудеден тепсең де кетпейтін өз 
адамдарымыз» деп осы Сәулені жетектеп келген» 
жайы да жоғарыдағы «Халық жауы» жағдайына 
байланысты емес деп айта аламыз ба?! Жоқ! Омардың: 
«- Мен қырық тоғыз дастан жатқа білем» деуі тегін 
бе еді?! «Омардың өлең айтып, домбыра тартатынын 
Әли сол күні білді, Омардан мұндай қылықты мүлдем 
күтпеген». Омар бұл қасиеттерін бүгінге дейін ел түгілі, 
досы Әлиге білдірмеуі бекерден-бекер ме еді?! Олай 
емес, әрине. 
Сонымен, «Омардың аюға атқан оғы Мамыржанның 
баласы – Дулатқа тиген» деген жаламен ауыр-ауыр 
соққылар тізбегі басталады. Қалалық совет төрағасы 
деген дүркіреп тұрған қызметінен босатады. Біреу 
орнына отыра қалмақшы болып онан ары жарға итереді, 
біреу арызды қайта-қайта қарша боратып қаматып 
жібермек болады, біреу кекетіп қорлайды, біреу мұқатып 

38
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
қорлайды, біреу бұрынғы жұмысшылармен бірге қара 
жұмысқа салып мазақ етеді, біреу сәлемін алмай, біреу 
сәлем бермей мұрнын шүйіреді, біреу бұрын Омардың 
астындағы аппақ волгамен дәл қасынан зымырап өтеді, 
жай өтпейді: «біздің жағдай осындай, сенің жағдайың 
қалай, ей Омар?» деп өтеді. Кешеуілдеп болса да 
бірлі-жарым ақыл қосып, жанашырлық білдіргендер 
жоқ емес, бірақ «Қайғыны бөліссең азаяды» дейтін 
қазақтың біреудің қайғысын бөлісер баяғы заманы емес 
қой бұл. «Ағайынның қадірін жалалы болғанда білесің» 
дейтін қазақтың «Ағайынның қашқанын жалалы 
болғанда көресің» дейтіндей заманға ауысып алғалы 
қашан! Оның үстіне Омардың қайғысы «қызметтен 
түсіп қалдым» деген секілді ғана емес, тым тереңде, тым 
арыдан, іштен кеміретін жегі болатын. Мына заманда 
оны кім, қалай бөліспек!? Біз жоғарыда сөз еткен 
«қуанышты да, қайғыны да сабырмен қарсы алатын» 
аталар тұсында қайғыны бөлісер ел, жалалы болсаң 
жабылып кеп құтқарып алар ағайын жұрт бар еді ғой! 
Қазір қайда олар? Жоқ қой! Бәрі өліп қалған жоқ, тірі 
ғой, бірақ, жоқ қой! Замана диірменінің зәһарлі тісіне 
бір жаншылып түсті емес пе? Жаншылып қалды емес 
пе! Болмыс!
«Алғашқы үш күннің қалай өткен бұлдыр, ұйқылы-
ояу бір халден айықпады, ояу жүрген тәрізді, бірақ 
қимыл-әрекеті берекесіз, өз еркінен тыс, қиқы-жиқы, 
үзік-үзік, жүріп келе жатып қалғып кететін сияқты, 
жатса жүріп кететін сияқты, бір сәт қалжырап көз 
жұмса астындағы жер қозғалып жүре береді, аяқтары 
өз-өзінен серпіліп кетіп, бар денесі дір ете қалады да, 
шошып оянып көзін ашып алады, оянғаны емес бірақ, 
әлде тұман, әлде бұлт сейілмейді, шырқау биікке 
шалқалай жатып қалықтайды, ләззат сәтін тапқандай 

39
БОЛМЫС
болады, іле-шала аяқ-қолы қайта серпіліп, денесі дір 
етеді де, көк аспаннан әлдебіреу тастап жіберген қара 
тастай құлап бара жатады, айқайлап жіберіп атып 
тұрады, суық терге малшынып қалғанын сонда біледі. 
... Күні түнге айналды, түні күнге айналды». «Аблезге 
жал бітіп табан астында қоңданып шыға келгеніне таң». 
«Өзімен-өзі салғыласып, сөз таластырып, ойқуалап 
кететін әдеті еді, тоқтай алмай қалатын. «Күтіп-
ақ жүрген екен ғой, сорлы!», «Енді қалай? Құлан 
құдыққа құласа құлағына құрбақа ойнамаушы ма еді?», 
«Сөйтетін», «Ендеше несіне таңғаласың? «Ондайлар 
сөйтеді».
«Омардың жуынып, киіне бастағанын естіген болар, 
жатын бөлмеден Сәуле мен Зәуре шықты, соңғы үш 
күн әлетінде екеуі Омардың көзіне түспеуге тырысып, 
үйіне бұғып қана үн-түнсіз жүрген, екеуінде де зәре-құт 
қалмаған, үрпиіп Омарға үрейлі қарайды.
– Папасы, тұрдың ба?  – деді Сәуле өзін-өзі 
зорлағандай, үні әрең шықты. Жайшылықта әкесінің 
мойнынан асыла кететін Зәуре бата алмай, кең коридор 
ортасында шошайып жалғыз тұр. Қызына Омардың 
жаны ашып кетті; «Енді не болдық, шаңырағымыз 
ортаға түсті ме?..» дегендей шешелі-балалы екеуінде де 
ұсқын жоқ. Екеуіне жұбаныш сөз айтып, күле сөйлеуге 
міндетті екенін біле тұрса да Омар аузын аша алмады, 
өңешіне тас тығылғандай тынысы тарылып, ауа жетпей 
тұрып қалған...
Жоқ жерден семьясының бейшара бола қалғанына, 
оларға қысылып өзінің мүсәпір бола қалғанына 
Омардың жыны келді, ...Сол бір ызаның әсерімен 
Омар көшеге шыққан...».
Ерегес. Омардың ерегісі тікелей адаммен емес, 
ғылыммен болды. Яғни қоғамға ерегісін ғылым арқылы 

40
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
көрсетуі. Қазақ ретінде «мен де ғылымды бағындыра 
аламын» деген ерегісі. Есігін іштен іліп алып, күндіз-
түні айналысты. Өзін соған саналы түрде салды. Ол 
туралы кейін Әлиге айтқан әңгімесінде: «Теориялық 
бір тақырыпты мен он жыл айналдырдым. Он жыл! Он 
жыл түк шығара алмадым десем де болады. Адасқан 
адам адастым деп ойлаған жеріне қайтып айналып келе 
береді екен, менің халім дәл солай еді, сол түйіннің 
шешімін, он жыл таппаған шешімін, саған өтірік, маған 
шын, мен жиырма бір күнде таптым да, шештім де. Бір 
жамандықтың бір жақсылығы бар деген, мына шатаққа 
ұрынып ыза болдым да ышқындым, ышқындым да 
таптым. Содан кейін селсоқ халге түскенім заңды. 
Мен босанған ананың қалпына келдім. Менің қазір 
құр сүлдем қалған. Бұл азаптан құтылуым үшін мен, 
анайы тілмен айтқанда, қайта жүкті болуым шарт. 
Ыза болуым керек, өзімді өзім жеңуім керек! Сонда 
мен анау неандерталецтерді, маймылдан гөрі жақын 
туыстарымды быт-шыт етер едім, мың қарғаға бір кесек 
сонда болар еді».
Омардың осыдан кейінгі ерегістері қырсықтыққа 
ұласқан. Өзіне қатысы шамалы төбелестерге киіп-
жарып кіріп кетеді немесе адам ойына келмейтін 
қитұрқы әрекеттерге баратын болған. Атқан үйрегі арғы 
жағадағы қамыстың арасына түсіп «бетіне қағаз тастасаң 
түбіне тартып кететін»Үкікөз көліне қойып кетеді. 
«Өлдім-талдым» дегенде жағаға әрең шығады. Үйрек 
атуы да адам ұққысыз: «Әлаға, бұның ғажайып сыры 
бар! Бұл тегін үйрек емес, бұл... – принциптің үйрегі! 
Түнде өзіме серт қойдым «Ата алмасам маған серт, 
Күрең-Мірім, тигізе алмасаң саған серт» деп. Көлденең 
ұшқан көк үйректі көлденең өткен көк атты атып ала 
алады. Мен түнде серт еттім «Маңдайдан келген 

41
БОЛМЫС
немесе кеткен құсты атам» деп. Және «Екі оғымды да 
бір үйрекке тигізем» деп. Орындадым, сертіме жеттім! 
Міне, қара, Әлаға, міне, бір оқ алқымынан тиген, міне 
бір оқ қарнынан тиген, көрдің ғой.
Омардың үйрек деп ұстап тұрғаны үйрек емес, екі 
оқ тиіп парша-паршасы шыққан үйректің қалдығы еді, 
соны бір қанатының ұшынан салбырата ұстап:
– Енді бітті, енді болды, енді мен қайтадан адаммын, 
Әлаға. Адаммын! – деді».
Қайда, онымен бітпейді, онымен болмайды. Арасында 
Академик ұстазы Александр Александровичтен хат 
келіп, жиырма бір күнде ашқан ғылыми жаңалығынан 
жақсы хабар келеді. «...Сіздің халық айтатындай 
сүйіншіні маған бересің! Сонымен, байқап отырсың ба, 
доктордың, тіпті академиктің куәлігі қалтаңда жатыр...» 
деп жазыпты тіптен. Қуанады, әрине, көңілі көтеріледі. 
Бірақ ерегіс тоқтамайды, жалғаса береді. Омарды әрі 
қайрап, әрі сабасына түсіріп, әрі шерін тарқататын 
баяғы қырық тоғыз дастаны бар, соның бірін айтады да 
жүреді. Әсіресе ғашығы Ұлмекен есіне түскенде айтады. 
«Әй батырым, батырым, сөз айтады алдыңда, Сыпыра 
жырау пақырың: ханы, халқың жиылып, айта отыр деп 
біздерге, құлақ салып тыңдасаң біз айталық сіздерге! 
Аруақты туған ер болсаң – неғыласың бір қызды? Жас 
балаша жайдақтап, жас тайлақтай ойнақтап, шыға берме 
түздерге! Мына туған ханыңыз, қимылдаған жаныңыз, 
сый қылады алыңыз! Қара лашын береді, көлден-көлге 
шүйсейші! Қара арғымақ береді, елден-елге мінсейші! 
Балдағы алтын ақ берен, мұны саған береді, аш беліңе 
ілсейші! Бадана көзді кіреуке, мұны саған береді, баса 
келіп кисейші!».
«Неғыласың бір қызды?! Бес жүз атан береді, 
Шағаннан көшсең суытып, бес жүз бие береді, 

42
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
желілеп бұны байлашы! Неғыласың бір қызды?! Бес 
жүз ауыл береді, өз алдыңа сұлтан боп, сүйген жерің 
жайлашы! Неше батыр болсаң да алмаймысың бұл 
сыйды, неғыласың бір қызды?!». Бұл жырдың айтпағы, 
бұл жыр арқылы Омардың айтпағын тарқатып сөз 
ұзартпай-ақ қоялық. Дәл түсуіміз де неғайбыл. 
Жырдың «Неғыласың бір қызды?!» деген жері өзін 
Ұлмекеннен алыстатуға тырысқан жағдайда ойына келе 
беретін болуы керек. «Өз алдыңа сұлтан боп, сүйген 
жерің жайлашы!» деген де ойына бекер келмесе керек.
Ұлмекенмен біржола қоштасып келе жатып «Бұл 
да бітуі керек еді, бітті міне!» деп қорытып келе жатып 
қырсық ерегісі тағы ұстады. Ташкентке барар жолда 
кезігіп жолдас боп қалған Төлбасы көрсеткен өзеннің 
үлкен оппа иірімі бар еді, «Киімшең қалпы сүңгіп 
кеткен, ...бар денесін  суыра тартып, сорып бара жатқан 
ғаламат дүлей дүниені сезінді. Өмірмен қоштасар шақта 
адамның әр минуты мың секунд болып кете ме, қалай, 
Омар өзіне-өзі соншама баяу, асықпай қимылдайтындай 
көрінді. Денесінің салмағы зіл қара тас, қолын жұлып 
барады, әне-міне кеттім деп ойлады». Сөйтіп, су ішінде 
арпалысып жүріп бір қолы шеңберге ілінеді, су ішінде 
іштей өз-өзіне сөйлеп жүреді. «Саспа, Омар, саспа, 
жүзге дейін жүз, жүз әлі болған жоқ... Енді екінші 
аяғыңды аналарға бер!». Сырттан біреулердің көмекке 
келгенін біледі... Есін жиса асфальттың үстінде жатыр. 
Төлбасы боқтап тұр: «Әкеңнің ғана!.. Жынданып 
кеткен иттің баласы!».
Оппаға жақындай бергенде Омар өз-өзіне «Егер...» 
деп еді, сол ойын жағаға шыққан соң ары қарай 
жалғайды: «Егер осыдан осы оппаны жеңсем – жеңдім, 
жеңбесем – өкінішсіз-ақ кеттім бұл жалғаннан!» демек 
еді. Төлбасы бекер араласыпты-ау... «Өзім жеңгенде 

43
БОЛМЫС
тез ұмытатын едім, тез ұмытатын едім ол бейбақты. Әлі 
де ұмытамын, ұмыта аламын мен. Мен мен ғой!».
Омар өзін сабырға көп шақыратын. Сәлде болса 
шері тарқап қала ма, әсіресе осындай бір ерегістерден 
кейін, өзін алдарқататын: «... Сен... әлдекім емессің 
сен, қолтықтың кірі емессің сен! Бұл дүниеге келгенде 
арқалай келген зілқара жүгің бар – соныңды өрге 
сүйрей бер, сүйрей бер. Жауға қарсы шапқан ер ауыл 
үйдің итін қуалап кетсе не болмақ? Масқара болмақ. 
Соны ұмытпа, соны ұмытпа, соны ұмытпа!».
Қайда, қайта басталады ерегіс. Ішкі ерегіс. Самолетте, 
«Ташкент –Шевченко – Баку» деген рейсте отырып: 
«Маңғыстау – қазақтың бет-ажары десек, жүзіңді 
замандар оспасы, замандар қамшысы көп тіліпті-ау, 
елім!» деген. Бұл Маңғыстауға ғана айтқан сөз емес 
әрине, «қазақтың бет-ажары» дейді, Маңғыстауды 
айтып отырған соң қисын бойынша сөйлем соңын 
«жерім!» деп аяқтау керек еді ғой, жоқ,«елім!» дейді. 
Замандар оспасы, замандар қамшысы айғыздап тұрып 
тіліп кеткен қазақтың бет-ажарын, болмысын ойлайды. 
«Көкте бұлт сөгілсе – көктеп болмас, не пайда, көктегі 
жұлдыз сиресе – септеп болмас, не пайда?! – деді 
Омар «неғыласың бір қызды?!» дегенді айтқысы 
келмей». Қасында отырған келіншек ол сөзінің мәнісін 
сұрағанда бірінші сөйлемінің мәнін өтірік айта салған. 
Ол да тоз-тозы шыққан ел жайлы, қазақ жайлы еді. 
«Көктегі сөгілген бұлтты көктеу қалай мүмкін емес 
болса, тоз-тозы шыққан қазақтың мына күйін баяғы 
қалпына келтіру сондай мүмкін емес-ау!..» деген 
мағынамен айтып отырған шығар, бәлкім. «Неғыласың 
бір қызды?!» дегенді айтқысы келмегені де содан шығар. 
Ұлмекенді ұмыту туралы өзін қамшылап: «Жауға қарсы 
шапқан ер ауыл үйдің итін қуалап кетсе не болмақ?» 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал