Бағдарламасы бойынша жарық көрді НҰРҒалым ұ. Болмыс. Мақалалар/Ұ. Нұрғалым



жүктеу 6.44 Kb.

бет2/12
Дата15.02.2017
өлшемі6.44 Kb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

17
БОЛМЫС
заманынан алған екен. Анығы – «Тасжарған» 
романындағы Қатира мен Матековтың семьясынан. 
Әли. Бұл да құрбан. Әлиді де мұндай құрбандыққа 
қоғам алып келді. Өзі журналист. Әли Матековтей 
намыссыз емес, намысы күшті, бірақ ісінде тиянақ жоқ, 
бойында қайраты әлсіз. Қазақы жігіт, әрине. Сондықтан 
да әйелінің жеңіл жүрісі жайлы көршісі Уәлидің семіз 
қатыны айтқан сөзге сенсе де сенгісі келмей, өз отбасы 
шаруасына біреудің араласқанын намыс көріп «Семья 
менікі, өзім шешем» дейді. Мас болып келіп «Ей сен..., 
мына Ұлықбекті бақытсыз қыламыз ғой енді» деп 
жан жүрегі езіледі. Бұл енді оның аса қатігездігі жоқ, 
ақкөңіл, жұмсақ, обал-сауапты білетіні ғой. Алайда 
мына жағдайды көтере алмасы анық. 
«Ақыры Әли бір сапардан қайтқанда Ұлықбек айтып 
қойды ғой. «Азып кетіпсің ғой, не болды?» дегенде, 
«Ұйықтай алмай жүрмін!» – деді ғой жалғызы. – 
Ылғи бір дядя келеді. Мамам мені сенің кабинетіңе 
жатқызады. Мен жалғыз қорқам. Өздері спальниді іліп 
алады».
Осыдан кейін Әли ажырасады. Қанша бауырмал, 
баласына қанша жаны ашыса да ажырасады. Сол үшін 
де Әли – ол, сол үшін де – қазақ! Матеков емес ол.
Бұрын қазақта байы өліп жесір қалған қатынды (ол 
кезде ажырасу жоқ) «ерден кетсе де, елден кетпесін 
деп» әмеңгерлікпен өз руының жігітіне қоспаушы ма 
еді, баланы өзге руға қаңғытып жібермеудің тәсілі еді 
ғой ол. Оның бәрі бұл кезде «ескіліктің қалдығына» 
шығарылып тасталған. Енді Ұлықбек қаңғу керек. 
Басқа амал жоқ. Жердің жарты шеңберін солқылдатып 
өз үкімін жүргізіп тұрған Сәбет үкіметі жалғыз Әлидің 
«ұлым қаңғымасын» дегеніне қарай ма?! Бойында өз 
тегіне деген жауапкершілік, жанашырлықтың бабадан 

18
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
қалған жұқанасы бар Әли байқұс шыр-шыр етеді, өзін-
өзі: «Әли сенікі жөн, ұлың төртіншіні бітірсін, соттассаң 
да қолыңа алып ал» -деп қайрайды, сендіреді 
Әлиге әулеті ренжиді. Дұрыс. Ажырасу деген 
әсіресе қазақ үшін оңай дүние емес. Бір жігіттің ғана 
емес, бір әулеттің бетіне таңба түседі. Не деп ақталады? 
Қазақ үшін «Әйелім жеңіл жүріс жүрді» деп айту 
ажырасқаннан бетер ауыр. Әлидің ауыл маңынан үй 
салуының өзі намысқа тырысудың нәтижесінде болды. 
Туыстары Әлиге, Әли туыстарына қарамастай өкпеледі. 
Алайда Әлидің өлермендігіне көзі жеткен ағасы Ғали 
Есентайларды (Әлидің руы) жинап: «Бұны бүйтіп 
жалғызсыратып қойғанымыз Есентай әулетінің сүйегіне 
дақ түсіреді, бірігіп қимылдайық» дейді. Ертеңінде 
кәрісі бар, жасы бар үйге керекті материалдарды 
тиеп бүкіл Есентай Әлиге көмекке келеді. Әли жау 
шапқандай ытырынады. Айқайлайды, ышқынады, 
«кетіңдер!» деп боқтап та жібереді. «Әли әркімге бір 
шабылып аузын көпірте берген соң, ақсақалдардың 
асаулау бірі: - Байлап тастасаңдаршы өзін - деді».
Асау Әли ақыры бокалға тоқтайды. Туыстарымен 
қағыстырып ішеді. Көңілі босап, әр қайсысының бетінен 
сүйіп, жылап жүріп ұйықтап қалады. Бұл жылау - Әлидің 
жоғалтып алдым деп жүрген туысқандық, ағайындық 
дейтін асыл мүлкін қайта тауып алғандағы тіл жеткісіз 
әсерінен еді. Оны өзі анық білмейді, тек жалғыздыққа 
төзбейтін еді Әли. Өзімен қалтқысыз сенісетін шын 
жанашыр іздейді. Ол қаладан, қаламдастар ортасынан 
табыла қоймайтынын іштей сезетін. Аңқылдап іздеп 
барғанда кіргізбей қойған Жамаладдин құрдасы анау, 
Мирастың мінезі анау шорт кететін, жақын тартып 
жүрген Омары өзінен мүлде алыс адам екенін үйрек 
атуға баратын кезде білген, ішіне түйіп қойған.

19
БОЛМЫС
Дәл бүгінгі оқиғаға шарап қосылып, бір сәт болса 
да Әлидің жаны сусап жүрген жалғыз нүктеге дөп 
тиіп еді. Сол буынына түсіп кеткенде ұйықтап кетпей 
қайтсін. Әлидің пәлен жылдан бергі бір рахат ұйқысы 
осы шығар. Ал, Әли неге жалғыздыққа төзбейді? Ол 
туралы сөз бөлек. 
Сөйтіп, жесірдің соңынан жетімді ертіп (Бұл жерде 
Әлидің баласының аты Ұлықбек, яғни ұл болуының да 
өзіндік мәні бар.) жат ру, жат босағада жаутаңдатып 
жіберген қазақ болмысына жат бұл жағдай бастауын 
сонау Сәбет заманынан алған екен. Анығы – 
«Тасжарған» романындағы Әлидің отбасынан.
Мұсаның шаңырағы. Романдағы аса маңызды 
отбасы – осы. Себебі, романда бас кейіпкер Омардан 
кейін тұратын кейіпкер – Ұлмекеннің әрекетін 
(болмысын) осы шаңырақпен байланыстыра отырып 
талдаймыз. Ұлттық болмысты айқындай түсуге адам 
арқылы анықтама берер болсақ, бұл шаңырақтың 
отағасы, он бір баланың әкесі – Мұса мен Торшолақ 
тоқалдың орны бөлек деуге болады. 
Ішкіштігі болмаса, сол ішкіштігі себебінен 
Торшолақтың төркініне арнаған ақшаның біразын 
өз қалтасына басып алғаны болмаса, Самаркөлдегі 
түнде қызы Ұлмекеннің Омармен бірге болғанын сезе 
тұра ертесі Омардың вертолетін сұрағаны болмаса, 
оң аяғын соғысқа беріп, балдақпен жүретін Мұсаның 
бойында қазақы болмыстың көріністері көп еді. Әрине, 
қазақы болмыстың да өз өлшемі бар, өлшемін білмесе 
жақсылықтан жаманшылыққа өтіп кететін шекарасы 
да бар. Сондықтан тақырыбымызға орай ұлттық 
болмыстың ылғи да жақсы жақтарын бір кейіпкердің 
бойынан іздеп табамыз деп зорлансақ, шығарманы 
топастықпен бұрмалаған, авторының талғамына қиянат 

20
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
жасаған қылмыскер болар едік. Сыншы немесе оқырман 
түйсігі сезетін болса, ондайға көнбейтінін шынайы 
шығарма өзі-ақ айтып тұрады. 
Сөйтіп, Мұсаға келейік. Біріншіден, ол даусыз-
дамайсыз өз отбасына толық тұлға, толық басшы. «Кісі 
үйінде күй таңдар, өз үйінде қипаңдар» отбасына тұлға 
емес адамның елге, ортаға тұлға болуы қазақ ұғымына 
сай келмейді.
Екіншіден, бәйбішеден қалған екі тұяқ – ұлы Жексен 
мен қызы Ұлмекеннің оқиғасына байланысты ұстанымы 
еді. Ұлы жетегі бар жесір қатынмен үйленбек болғанын 
естігенде өзін қалай ұстады? Ұлмекеннің байдан қайтып 
келгенін көргенде не істеді? Мұсаның ішкі таным мен 
қазақы болмысын осы екі оқиға ашып береді.
Қазақтың бұрынғы отбасы дағдысын еске алсақ, 
отағасы өз отбасына байланысты кез келген оқиғаны 
елден, көшеден естімеу керек, бәрін әйелі бақылап, 
келеңсіз жайттарды, өсек-аяң, сыбыс-сыбдырды 
алдын ала естіп, оны өлшеп-пішіп, лайығымен күйеуіне 
жеткізіп отыру керек, ер адам өз шешімін бір-екі ауыз 
сөзбен ғана жеткізеді, ар жағын әйелі қапысыз түсініп 
лайықты харекетке көшеді. Жексеннің өзінен жасы көп 
үлкен жесір қатын Рәзияға үйленем деп жүргенін «...
көршінің қатыны майын тамызып тұрып айтып кеткен, 
оны Торшолақ  тоқал  Мұсаға жеткізсін, Мұса үн-түнсіз 
тыңдап алып сыр бере қоймаған: «...төргі бөлмеге кіріп 
бүк түсіп жатып алды, сәскеде жатқан, кешке дейін бас 
көтермеді, үһілеп-аһылаған жоқ, ... Жексеннің келуін 
күткен екен».
Сонымен, Жексен келеді. «Баласы жұмыстан 
оралғанын естіп орнынан тұрды, далаға шықты. Жексен 
біркиер күрең костюмін киіп, жасанып, есік алдында, 
қолжуғыштың үстіндегі алақандай айнаға үңіліп тұрған 

21
БОЛМЫС
жерінен тап болды. Мұса ләм-мимсіз келіп баласының 
шүйдесінен балдақпен бір перді. ...Жексен балаша қаша 
түсіп кері бұрылды, әкесіне таңырқай қарады, сосын 
бұл ашудың мәнісін түсінді, түсінді де, атарға оғы жоқ, 
өзіне қарап бедірейіп тұрған әкесіне:
– Өлсең де Рәзияны аламын, – деп күңк етті. – 
Маған сендердің қазақпайшылықтарың – бес тиын! 
Оның қызы менің қызым болады, вот и все!
Мұсаның көзі қанталап, басы айналды, не болғанын, 
не дегенін еміс-еміс қана білді».
Бұл үзінділерді неге алып отырмыз? Себебі, 
Мұсаның ішкі дүниесін автор да жалаң сөзбен бермеген, 
біз де сөзбен бейнелеп өз қалпында жеткізе алмас едік. 
«Әке әлсіздігін балаға білдірмес» дегендей, 
Мұса «Ішін жеген жегі құртты мына ұсақ-түйек 
мұрынбоқтарға білдірмесе де, бес-алты күн әлетінде 
күйзеліп, шөгіп бара жатты, қанша дегенмен Қаныша 
марқұмнан қалған екі тұяқтың жөні бөлек еді».
Сөйтіп жатқан Мұсаға екінші соққы келіп тиеді. 
Ұлмекен қайтып келеді. «... қызының байдан қайтып 
келгенін айтпай түсінді, өзі де соңғы кезде, анадағы 
Самаркөлдегі түннен кейін «сөйтеді-ау» деп жүрген. 
Қызына ештеңе демеді, сұрақ қойып басын ауыртпады. 
Қызымен қатар отырып бір-екі пияла шай ішті 
де, Торшолақ тоқалға «сен де сұрақ қойма, менің 
айтқанымды істеуді біл!» дегендей қатқыл үнмен:
– Уляның өз бөлмесін босатып бер, – деді. Өзі 
даладағы сәкідегі төсекке жатқан, таң атқанша үнсіз 
жылап шықты. ...Бұл жолы ызадан булығып жылаған 
жоқ, қызына жаны ашып жылады».
Осындай үнсіздік, үнсіз өкпесін айту, үнсіз қатесін 
мойындау, үнсіз кешірім сұрау, үнсіз ескерту жасау, бір-
бірін үнсіз, қапысыз түйсіну, үнсіз түсіністік – қазақы 

22
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
отбасылық қарым-қатынастың шырқау шыңы. Әрине, 
қазақы дастарқан басында әңгіме болмауы мүмкін 
емес, бір-бірімен де шүйіркелеседі, ұзақ-ұзақ әңгімелер 
айтылып, шай ішіледі. Бұл одан бөлекше жағдай. Осы 
романдағы Аблездің отбасы бастаған біраз шаңырақта 
үнсіздік бар, бірақ ол Мұсаның отбасындағы үнсіздікке 
мүлде ұқсамайды. Олардағы үнсіздік бір-бірін түсініп, 
түйсінетіндей үнсіздік емес, жанашырлықтан ауыз 
ашуға болмайтын, танымайтын адамдай бір-бірімен 
байланыссыз өз-өз әлеміндегі  үнсіздік.  
Мұса Жексенге балдақ сілтеді, қол көтерді, бірақ 
Ұлмекенге келгенде үнсіз қалды. Неге? «Әке ұрған 
ұл оңса да, шеше ұрған қыз оңбас». Қазақта қызға 
әке түгілі, шеше қол көтермейді. Шеше қол көтермесе, 
қызға әкенің ұрсуға негізі бар ма? Ұлмекеннің шешесі 
Қаныша қайтыс болған. Шешесі болса Ұлмекеннің 
қандай байға тиюіне ақыл қосар ма еді, Досымға бермек 
болған Мұсаны алдап-сулап болса да бетін қайтарар ма 
еді, кім білсін? 
Ұлмекеннің Досымға қалай тұрмысқа шыққаны 
жайында шығармада: «Ұлмекен – Досымның екінші 
қосағы, біріншісі дүние салған, одан қалған екі ұл 
әпкесінің қолында, елде. Қосылғалы бес жылдан 
асып барады, құрсақ көтерер емес. Екеуінің арасында 
дәнекер де жоқ. Сүйдім-күйдім дейтін бұлар емес, 
Досым өйтіп алдай алмайды. Бұл сүйгенмен ол сүйе 
ме, Гүлшара марқұмның нағашы ағасы Мұса өз қызын 
бұған зорлағандай ғып қоспады ма, дүние-жайға ие 
бол демеді ме...» – дейді. Қалай дегенмен бұл үнсіз 
жылаудың астарында осыншама қалың қатпар жатыр. 
Ал, Жексенге ыза болғаны, қол көтергені түсінікті 
болар. «Ұл ұяты – әкеге, қыз ұяты – шешеге». Мүмкін 
бір жағынан өзіне де ызаланғаны.

23
БОЛМЫС
Алайда Мұса «Осындай қос күйіктен ішіп кетсе 
тоқтай алмасы анық, бірдеңеге ұрынары анық, біржола 
күйіп кетуі анық. Сондықтан бұндай кезеңде беріктік 
қажет, Мұса тас түйін боп бекіп алды».  Мұсаның 
Мұсалығы – осында! Қазақтың «еркек!» деп сүйінетін 
еркектігі де – осында! Әли болса ішіп кетер еді, күйіп 
кетер еді...
«Автор Мұсаны ұнатпайтын шығар» деп бір 
ойладық. Тіпті, «автордың байдан қайтқан қатын болса 
да өзі сүйіп қосылған Жексенді бақытты етіп көрсетіп, 
әкесі біліп тұрмысқа берген Ұлмекеннің некесін сәтсіз 
қылғаны – қызын кімге беруді әке-шешесі шешетін 
«ескілікті» сөгіп, сол кездің «жаңа заманның жастары 
өз қалауымен қосылсын» деген жаңа ұранына үн 
қосқаны, идеологияға иілгені ме?» деп күмәндануымыз 
да қисынға томпақ емес, «Ата-анасы өзі біліп қолынан 
ұзатқан бұдан бұрынғы қазақ біткен отбасында 
бақытсыз болып қалған жоқ қой, ондай ата-анадан, 
сондай тату-тәтті шаңырақтан өсіп-өндік емес пе?» деген 
уәжді көлденең тартуға болатын еді. Көлденең тартып 
көрдік. Нәтиже мынадай болды: Жоқ, олай емес екен, 
мойында, мойындама ол қоғам мен бұл қоғам, ол айнала 
мен бұл айнала екі басқа екен. Жексеннің талғамына 
Мұса намыстанғанмен, Жексеннің айналасына бәрібір, 
айналасына бәрібір болған соң Жексенге де бәрібір 
екен. Мұсаның болмысы оны қабылдай алмайды. 
Жиені Гүлшара қайтыс болған соң бір жағы туыстық 
жақындығын ескеріп, жетім қалған балаларға жанашыр 
болсын деп, (біздің ой)  бір жағы «дүние-жайға ие 
бол» деп Ұлмекенді зорлағандай ғып қосқанда қазақ 
даласында бұрын-соңды болмаған жағдай – Досымның 
жетімдер үйінде өскенін, саусақпен санарлық азы 
болмаса, бұл қоғамның еркегінің көбі ұсақталып кеткенін 

24
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
Мұса бейшара өлшей алды ма?.. Және Ұлмекеннің, 
Жексеннің тәрбиесіне, адамгершілікті болып өсуіне өз 
болмысының, қазақы болмысты әкелік мінезінің үлесі 
зор болғанын өзі де, айналасы да аңғара алар ма?..
Мұсаның жан дүниесін автор да арнайы түрде 
екіге бөліп көрсеткенін енді түсінгендейміз. Кейде 
сал-серілігін ұнатпай, дүние жинап бала-шағасына 
қарайласқанның жөн екенін мойындайтын. Сал-
серілігі ұстаса, дүниеқоңыздығы жайында қалатын. 
Енді түсінбесе де түйсінгендей болды, іркес-тіркес 
екі соққы алғанда барып түйсінгендей болды, мына 
айнала бұрынғыдай қазақшылап өмір сүруге болмай 
қалғандығын. Соңғы кезде сал-серілігін іштей жек 
көргіштеп жүргенін де атап өткен еді автор. Оның 
мәні енді түсінікті бола бастады. Жоғарыда мысал 
келтіргеніміздей, біржола бекіп алғаны да сондықтан. 
Шығарма шыншылдығымен осылай тереңдеп бара 
жатқанын бірден байқау бізге де оңай соққан жоқ. Әлі 
де басқаша қалтарыстары бар екенін сезсек те, Мұса 
жайын осылай бір пайымдап қойып алға жылжуға тура 
келіп отыр.
Ал, автордың сөзімен айтқанда «Өмірге үнсіз 
келіп, үнсіз кететін» күйеуі оңашада ғана «Тоня» деп 
еркелететін, өмірдегі өз міндетін анық түйсінетін және 
орындап та жүрген Торшолақ тоқалдай кейіпкердің 
қазақы болмысына үңілу де бір ғанибет болса керек! 
Қазақтың «Әйелі жоқ үйдің іші сүркей, еркегі жоқ 
үйдің сырты сүркей» немесе «Әйел үй сақтайды, еркек 
түз сақтайды» сынды қағидаларына сайма-сай келетін, 
балалары мен күйеуінің қамында тұмсығы тершіп 
томпаңдап жүретін Торшолақта проблема да онша 
көп емес. Айналасына зияны да жоқ. Жалғыз шешесі 
қайтыс болғанда бара алмай, айлап серілік жасап ішіп 

25
БОЛМЫС
кеткен Мұса келгенде ғана күңкілін айтып, көз жасын 
сығымдайды. Бармағанына тіпті Мұса сенбейді, жаны 
ашиды. «Тоня» деп еркелетеді, басу айтады, балаларына 
ашуланады, Торшолақтың алдында өзін де, Ұлмекен мен 
Жексенді де жазғырады. Қарыздар сезінеді. Торшолақ 
күйеуіне арқаланып мұндай сәтті «пайдаланып» қалуды 
да білмейді. Ұлмекенге, Жексенге бәлсінбейді. Баяғы 
Торшолақ – сол Торшолақ! 
Қазақ көбейіп, көгерсе осындай аналарымыздың көп 
болғандығынан шығар, қазақтың құрсағы мен пейілі 
бірдей тарылып көгермей, көбеймей жатса осындай 
аналарымыздың аз боп жатқандығынан шығар. Екеуі 
екі басқа кезең.
Сөйтіп, байдан қайтқан қатын алам деген ұлы мен 
қайтып келген қызының қайғысын қатар қарсы алып, 
оны шын себепкер болған айнала адамдар мен қоғамнан 
гөрі өзінен көріп, үнсіз ғана төсегінде төрт бүктеліп 
жатып қалған әкенің ауыр жағдайы сонау Сәбет 
заманынан бастау алған екен. Анығы – «Тасжарған» 
романындағы Мұсаның отбасынан.
Толғам. Негізгі қарастырып отырғанымыз 
отбасылық қарым-қатынастар емес, ұлттық болмыс 
әрине. Ұлттық болмысты романда айтылған сол 
кездегі отбасылық қарым-қатынастар арқылы 
қарастырдық. Ұлттық болмыс тақырыбын сөз еткенде 
көп зерттеушілердің кейіпкерлердің домбырамен 
өлең айтқанын немесе кейіпкерлердің көкпар тартып, 
қызқуар салған көріністерін қуалап кетіп жататыны бар. 
Біз олай етпедік, себебі талдау жасап отырған шығарма 
олай жазылмаған. Абай атамыздың «Жұртым-ай 
шалқақтамай сөзге түсін, Тыңдашы сыртын қойып 
сөздің ішін...» дегеніндей, бұл шығарма керегімізді 

26
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
кейіпкерлердің сыртынан емес, ішінен іздеуге мәжбүр 
етеді.  
Сыртынан қарасаң шешесі қайтыс болып көңілі 
жарым отырған әйеліне арақты нұсқап: «Анауыңнан 
құйып жібер, тие берсін деп бір ішіп жіберейін, бұл 
құрғырды қойып едім, енді болмас, аруақтан ұят та 
ішпесең!» деген Мұсаның бойынан қалай қазақы 
болмыс іздемексің? Бұл – сырты. Ішіне жоғарыда 
үңіліп көрдік. Автор Торшолақтың шешесінің қырқын 
пәлен жәшік арақпен өткізгелі отырған ауылдың төріне 
күміс сақалын салалатып «Төле биді» отырғызып 
қоя алмайды ғой. Ол өтірік болар еді, заман басқа. 
Олай етсе бұл шығарма басқа шығарма болар еді, 
өтірік болар еді. Арақ ішілді, жаппай ішілді. Онымен 
бірге әрине, ұлттық болмыс, қазақ бойындағы асыл 
құндылықтар шайылып бара жатты. Мұны «жауырды 
жаба тоқығандай» көлеңкелеп көрсетсек шындыққа 
жете алмас едік. Ал, Торшолақтың шешесінің қырқына 
қой сатып алғалы барғанда, қора иесінің: ««Сат» деген 
пәлені ендігәрі айтпаңыз! Мені олай қорламаңыз! Екі 
қойды өзім таңертең мына төтемен айдатып жеткізіп 
тастаймын Үреңкейдің үйіне. Бүгін ешқайда кетпейсіз. 
Қонасыз. Бір қойдың басын мүжімей қалай кетесіз?» 
деуі автордың сөзімен айтсақ «Әр ұрттаған шайына 
алғыс жаудыратын» қазақтың қонақжай болмысы өз 
ретімен көрініс тапқан. Бұл мінез қазір өзгеше форма 
алып, басқаша мақсаттанса да жойыла қойған жоқ. 
Жойыла да қоймас.
Сонымен, «Тасжарған» романындағы әр қайсысы 
әр түрлі отбасылық қарым-қатынасты толықтай талдап 
шығу мүмкін емес, аса күрделі. Бұл сол кездегі қазақ 
шаңырағындағы күрделі жағдайлардың айқын көрінісі 

27
БОЛМЫС
еді. Сол себептен де автор әр отбасыдағы әйелдерді 
әртүрлі қырынан ашады. 
Мысалы, Мұсаның әйелі күйеуіне қарсы бір ауыз 
сөз айтпай мүлтіксіз бағынады, Мамыржанның әйелі 
ақылды, көңіл бостығын балаларымен айналысып 
толтырады, күйеуін сыйлайды. Альберттың әйелі 
күйеуімен сырлас, әңгімелесіп, ой бөліседі. Аблездің 
әйелі күйеуін бар екен, жоқ екен, адам екен демейді, өз 
әлемі, өз әлегі бар. Матековтың әйелі ойына келгенін 
істеп, күйеуінің төбесіне шай қайнатып, оны қорлағаннан 
ләззат алады. Әлидің әйелі кеткен. Омардың әйелі 
күйеуін сезіне алмайды, өзін де күйеуіне әйелі ретінде 
сезіндіре алмайды. Жексеннің әйелі жесірліктен 
құтылып, тарамысы жібігеніне шүкір дейді. Досымның 
әйелі Ұлмекен ше? Күйеуі өз әкесі секілді қуаты іште, 
адуынды ер болса Торшолақтай томпылдап... жоқ, 
күйеуіне анасы секілді қамқор, ортасына беделді, ер 
тілеуін тілеген ана болар ма еді? Иә, болады. Онсызда 
қамқор болып жүр ғой. 
«Әйелінің кетіп қалғанына бір емес, екі Досым қатар 
қайғырып еді, бірі  – қор болған, қатыны тастаған 
нашар, сорлы Досым, бірі – бұл дүниедегі жақыны 
да, туысы да, серігі де, жанашыры да болып кеткен, 
бауыры болып кеткен жалғызы өлген – жетім Досым 
еді».
Енді сұрақ қысады. Неге бұлай? Неге анау әйел 
алай? Неге мынау әйел былай? Неге?
Мәселенің бір ұшы Матековтың басындағы 
«мәдениетте» жатқан секілді, бір ұшығы балалар 
үйінде тәрбиеленген Досымда жатқан секілді. Досым 
«Маңдайында жұлдызшасы бар, құлақ-құйрығы 
кесілген қара күшік» бағады және Аблезде солай. Бұл 
семьялардың берекесі осынша неге қашты? «Әйел 

28
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
теңдігі» деген жалған ұранға қазақтың еркектерінің 
неге жалы жығылып, айғырдай омыраулап, осқырынып 
тұратын айбынынан біржола айырылып қалды ма екен? 
Содан Ұлмекен, Назияш секілді әйелдер қазақтың 
еркек болмысты ерлеріне зәру боп, Қатира секілді тән 
құмарлығынан асып ойлай алмас қатындар Абай айтқан 
«Біләткәнің байы – ақша, ер жақсысын таңдамас»  
болып, көрінгенмен көңіл көтере беретін әуейіге айналып 
кетті ме екен? 
Досым дастарқан үстінде Омардың істі болғанын 
айтқанда Ұлмекеннің: «– Әрине, бәрің жабылдыңдар, 
өңкей шәуілдек! Араларыңа бір сырттан түсіп кетіп 
еді, бірің балағынан тартып, бірің алқымынан алып 
құлаттыңдар ақыры!» дегені содан шығар бәлкім. 
Бәлкім! Ұшақ өртенетін болды дегенде Омардың 
бұтының арасына кіріп кеткен күйеуі Ноғайбекті 
Назияштың шапалақпен тартып жібергені содан шығар 
бәлкім. Бәлкім!
Бәлкім?.. Үңіле бересің, қатпарын арши бересің, 
тереңдей береді, тарамдала береді. Романда айтылған 
дүниеден айтылмаған дүние әлдеқайда, әлденеше есе 
көп секілді көрінеді. Үңги түскен сайын бір оқиға, бір 
диалог тегін берілмегенін анықтай түсесің.
«– Қатын ал деп әжем маза бермей жүр, – дейді 
Төлбасы жайланып жатқаннан кейін. – Тегін алатын 
қыз жоқ. Тегін алар едім-ау, оған әжем көне ме, тегін 
келген келіннің қадірі болмайды деп. Қалыңмал төлеуге, 
өзің білесің, біздің қызмет... Қып-қызыл жағамен біз 
қалың төлесек, басқалар мал болып кетпей ме? Басым 
дал. Қалаған қызым бар еді, Ташкенде, экономика 
институтында оқиды. Қалың мал деген пәлені айтпа, 
біздің жақта ондай жоқ деп зарлайды. Оның әке-шешесі 
алмайды екен деп менің әке-шешем бермей тұра ма? 

29
БОЛМЫС
Мәселе сонда, Омар!». Бұл Омарға Ташкентке барар 
жолда жолыққан Сержант жігіттің айтқан әңгімесі. 
Ылғи да қонақ аңсап отыратын бұл жігіттің әжесі Омар 
барғанда «– Атың Пайғамбардың аты екен, Үйге 
кір, қонағым бол. Мына біздің сары күріштей емес, 
салиқалы жігіт көрінесің!» деп қарсы алған қазақы әже 
еді. «Қалыңсыз қыз – қадірсіз» немесе «Қалыңсыз қыз 
болса да, кәдесіз қыз болмайды» дегеннің де өз мәні 
бар шығар бәлкім. Бәлкім!?. Әйтеуір ата дәстүр, салт-
сананы су түбіне жіберген, жібермек болған, өзгенің 
қаңсығын таңсық көріп, тапырақтап жүрген осынау 
жұрттың отбасылық сыйқы осылай-тын.
Сөйтіп, оның алдында ғана тектің тазалығын сақтау 
үшін, некесізден туылған шата ұрпақтың көбеймесі 
үшін зинашы Қодар мен Қамқаны жазалаған қазақтық 
«ескілікті» артта қалдырып, кімнің қатыны кіммен 
көңілдес болып, кімнің қатыны кімнен бала тауып 
жатқаны белгісіз, мысықша мауығып, итше ылыққан 
«мәдениетті» кезең бастауын сонау Сәбет заманынан 
алады екен. Анығы – «Тасжарған» романындағы әр 
қилы отбасылардан.

30
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
 «Тасжарған» романындағы қоғамдық 
жүйе мен бас кейіпкер болмысы 
арасындағы күрес
Қақтығыс. Әкім Тарази шығармасын талдағанда 
мынаны қатты ескеруіміз керек. Ол кейіпкерлерін 
жағымды және жағымсыз кейіпкер деп бөлуден 
барынша қашқан жазушы. Оны шығармаларынан 
және Қазақстан жазушыларының X-шы съезінде «Ел 
оянды, қаламгер» (қазақ прозасы) атты баяндамасында 
Ғабит Мүсіреповтың «Талпақ танау» әңгімесін, 
Сайын Мұратбековтың «Көкорай» атты комсомол 
қызметкері өмірінен жазылған повесін сынға ала 
отырып төмендегідей айтқан өз сөзінен аңғара аламыз: 
«Кейіпкеріміз ақылды, жігерлі-ақ болсын дейік, екі-
үш ауылда көркемөнерпаз үйірмесін ашып, концерт 
қойсын, ел-жұртқа ақыл айтсын, бірақ ол арқылы біз 
өмір шындығын, халық басындағы ауыр халді жеткізе 
алмас едік. Өзге кейіпкерлеріңіз өмірдегідей біреуді 
алдап-арбап, өтірік айтып, жала жауып, ұрлық қылып 
жатады да, ал аққарға кейіптес кейіпкеріміз мұның 
бәрінен бойын аулақ ұстайды. Ал мұндай адамды 
жағымсыз кейіпкерлеріміз ғана емес, өмірдегі қалың 
оқырмандарымыз да ақымақ санайды. Міне, сөйтіп 
біз Ф.Достоевскийдің «Идиотына» қайтып оралдық. 
Өйткені өмірде өзгелер сынды қулық-сұмдықпен тірлік 
кеше алмайтындарды XIX ғасырда да, кемелденген 
социализм дәуірінде «идиот» санайды...». Сондықтан 
да біз Омарды ««Тасжарған» романындағы «бас 
кейіпкер» деп атасақ та, «Тасжарған» романындағы 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал