Бағдарламасы бойынша жарық көрді НҰРҒалым ұ. Болмыс. Мақалалар/Ұ. Нұрғалым



жүктеу 6.44 Kb.

бет11/12
Дата15.02.2017
өлшемі6.44 Kb.
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

142
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
кеткен жоқ қой, жоқ. Қайта оның бауырына ене түспеді 
ме мың-миллион белсенді, мың-миллион комсомол. 
Енді Манана сөйлейді. Тарихи факты айтады. 
Уколдың не укол екенін айтады.
«– Шәй іш, Аким, – деді. – Іш шай. Сендердің 
киргиздарың... осы сөз аузыма түсе береді, кешірші. 
Қазір қазақ деп атайсыңдар ғой. Білемін қазақтар 
маған керемет ұнайды. Жақсы халық. Мен киіз үйлерде 
ас ішіп, қонып та жүрдім ғой... Отыз бірінші жылы... 
отыз бірінші жылы... біз үлкен иттік жасадық. Біздің 
уколдан кейін қазақ ауылында түрлі аурулар пайда 
болды. Талай қазақтың мұрны шүңірейіп ойылып түсті, 
талай қазақ сары аурумен ауырды, талай қазақ, қазақ. 
Байғұс киргиздар... – өз-өзіне сөйлеп, сандырақтап 
отырғандай болып кетті Манана. – Көкірек ауруын 
да тараттық біз. Ең қиынын адамның ерік-жігерін құм 
қылатын дәрі салдық қой біз оларға. Есінен адасқан 
адамдай мәңгіріп қалды түгел Алтай халқы. Қайда 
жұмсасаң бара беретін, не айтсаң көне беретін халыққа 
айналды. Біз ауылдарды аралап жүрдік. Содан кейін 
білесің бе сен, білмейсің бе, ОТЫЗ ЕКІНШІ ЖЫЛ 
басталды ғой, Аким». Отыз екінші жыл дегенді 
үрейленіп, шошынып, қиналып айтты:
– Мен осы күнге дейін өзіме-өзі кешірмеймін. 
Сол арада мен, Әкім, мына мен, риясыз ыржиып 
қалжыңдадым:
– Отыз үшінші жылы тудым ғой мен, Манана. 
Мен отыз екінші жылды білмеймін, – дедім. Жетесіз, 
мәдениетсіз адамның сөзін айтқанымды сездім. 
Өзімнен өзім жиіркендім. «Жетесіз ит-ай»  деп, өзімді 
өзім тұқыртып, үнсіз отырып қалдым». «Мен киргиз 
халқының алдында күнәһармын. Мен киргиздарға 
қаншама түрлі укол салдым. Бастарын таз қылдық, 

143
БОЛМЫС
мұрындары опырылып түсетін укол салдық. Мен, мен 
мына қолыммен. Ал Вера болса менен де батыр еді. 
Вера болса менен де өжет еді. Тапсырманы бұлжытпай 
орындайтын. Бәрін айт та, Аким, ты сын киргизского 
народа, извини пожалуйста, сен сын казахского 
народа, не поймешь меня. Біз салған уколдан қаншама 
мықты болса да еркек адамдар мәңгіріп қалатын еді. 
Айтқан бұйрықты орындай беретін, орындай беретін 
кәдімгі нағыз мәңгүрт болып қалатын еді... Аким, ты 
понимаешь это?».
Міне, Манана сөзі осындай. Замана сыры осындай. 
Иә, Манана айтқандай «Біздің халық жақсы халық, 
біздің халық жақсы халық еді...». Рас, Манана 
айтқандай «Қайда жұмсасаң бара беретін, не айтсаң 
көне беретін халыққа айналды». Рас, Манана айтқандай 
«Еркектері қаншама мықты болса да мәңгіріп қалды...» 
Бәрі Манана айтқандай болды. Рас...
Бұлар кетерде Манана Андрейге үйінің екінші кілтін 
берген болатын. «Акимды ертіп кел, өздерің-ақ ашып 
кіре беріңдер» деген болатын. Бұлар өз кілттерімен 
есікті ашып кіргенде, кіріп барғанда..., автор айтады: 
«Ас бөлмедегі биік әдемі абажурлы люстраның жоғарғы 
жағындағы қайқы, сәнді болат мүйіздеріне арқан төрт-
бес рет оралып кәдімгідей жуан арқанға бергісіз өріліпті. 
Ең алдымен салбырап тұрған өлік денені көрдім. Көзі 
шарасынан шығып кеткен Манананы көрдім. Бұл, енді, 
Манана деп айтуға келмейтін басқа бір адам. Дәлірек 
айтқанда, басқа бір ұғым еді. Еденде жамбастай құлаған 
арқасыз орындықты көрдім. Дәл сол сәтте ештеңе 
түсінбесем де кейін келе ұғындым, түсіндім. Манана 
мойынына тұзақ салып асылып өлерінде астындағы 
орындықты теуіп жіберген болар деп ойлаймын...

144
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
Манананың аяғында етік бар екен. Қыста киетін 
етік. Әлде Манана далаға барып, сыртта жүріп, ұзақ 
жүріп үйіне қайтты ма екен. Етіктің табаны соншалықты 
балшыққа батқаны қалай? Балшық-балшық етік, 
балшық-балшық табан. Ас бөлменің төрт бұрышында 
сол балшық етіктің іздері қалған. Алдымен табанымен 
түскен, өкшесімен қоса түскен іздері қала беріпті. Ботқа 
жеген баланың аузындай жағал-жағал Манананың ас 
бөлмесі көшенің лайымен, етіктің өкшесімен, етіктің 
табанымен былғана беріпті, былғана беріпті. Бір ғажабы 
қарама-қарсы екі қабырға кемінде жиырма-жиырма 
мәрте етік табанымен тебілген. Соны байқадым...» - 
деп баяндайды автор.
...Менің миым самарқау. Содан бері жарты ғасыр 
өтті. Жарты ғасыр!
Москвада, ас бөлмеде болған сол сұмдық оқиғаның 
мән-мағынасын, астарлы сырын енді-енді ұғына 
бастаған сияқтымын. Аппақ қабырғаға анық басылған 
балшық табан етік... Мөрі... замана мөрі...
Көк аспанда қырағы көз бар» деп толғанады Әкім 
Тарази.
Манананың өлім сәтінде көз алдында осы қазақ, 
осы Аким болыпты. Өлерінің алдында хат жазбақ 
болыпты. Жазыпты да. «...Дәл ортадағы аса қымбат 
ұзын да жалпақ столдың үстіне бір жапырақ ақ қағаз 
жатыр екен. Мен қасына барып үңіле бердім. Себебі, 
мынадай тап-таза жиналған столдың үстінде бір 
жапырақ қағаздың жатуы заңсыз секілді көрінді. 
Мен қарадым да таңқалдым. Қағаздың бас жағында 
«Аким» деген сөзді оқып қалдым. Қағазды қолыма 
ала бердім де таңқалдым. «Аким» деген сөзден кейін 
тире қойылыпты. Тиреден кейін «кир» деген үш әріп 
жазылыпты. Кейін де, осы күнде де ойлаймын: «кир» 

145
БОЛМЫС
деген үш әріп киргиз деген сөздің алғашқы үш әрпі болу 
керек. Ол үш әріптің белінен қайтадан сызып қойыпты. 
Содан кейін толығымен «Сын казахского народа» 
депті. Бұл сөздерге тіпті таңқалдым. Ол не деген сөз, 
Манана менің атымды жазған ғой. Одан кейін және 
бір телефон номері теріліпті. Ол кездегі Москваның 
орталық көшелерде тұратын адамдардың телефоны «К» 
әрпімен басталатын. «К» деген әріп содан кейін алты 
цифр сан түсіпті. Одан кейін бес-алты жол сиятындай 
кең-мол орын қалдырыпты да ШАЯ ИЦХАКОВИЧ 
ГОЛОЩЕКИН деп жазыпты».
Бұл Манананың, бұл Москваның (мүмкін орыстың) 
бұйрығымен бейуаз қазаққа улы укол салған армян 
қызының аянышты халы. Кешірім сұрағысы келген, 
Акимге көмек көрсетіп сәл де болса, өлім алдында 
тұрған жанына сәл де болса тыныштық іздеген аянышты 
халі. Соңғы бейнесі...
Жоғарыда, осы талдау жұмысымыздың басында 
Андрейдің мінезіне, оның әскери адамдардың түймесін 
жұла беретін әдетінің сырына тоқталамыз деген едік. 
Сол жайды қысқа қайырып айтып өтудің реті енді ғана 
келді. 
«...Жарты сағат па екен, қырық минут па екен біз бір-
бірімізге қарап бақырайып отырғанда Анрейдің әкесі 
мен шешесі келді. Әкесі генарал-лейтенант формасын 
киіп аса салтанатты түрде келді... 
...Сонан кейін Андрейдің әкесі Манананың 
телефонынан әлдебір жерге хабарласты. Көп ұзамай, 
ары кетсе он бес минутта, Манананың үш бөлмелі үйі 
қызыл жағалы, сары ала жағалы қызметкерлерге толып 
кетті».
Бұл Манананың өліміне, туған қарындасының өлімін 
естіп келген Андрейдің әкесі. Андреймен еріп үйіне 

146
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
барғанда Әкімнен қазақ туралы, Қазақстан туралы талай 
әңгіме сұраған кісі бұл. «Мен Қазақстанда болғам...» 
дейтін кісі бұл. «Сен оқу бітірген кезде маған кел 
үйге. Димаш Ахметович Қонаевқа хат жазып беремін. 
Ол кісі жақсы, біледі мені...» дейтін кісі бұл. Бұл кісі 
туралы да талқылауды ұзаққа созуға болар еді, бірақ 
тым күрделі, тым тереңге кетеміз және біздің нысанаға 
алған зерттеу тақырып көтермейді де. Әйтпесе бұл 
кісінің армян екенінен де алға тарта отырып сол кездегі 
көп жайды індете ашуға болар еді. Иә, бұл шығармада 
да біз талқыламақ түгілі, қалам ұшын тигізбей кеткен 
оқиғалар, эпизодтар жетерлік. Ол өз алдына бөлек 
зерттеу еңбегінің жүгі... 
Андрейдің әскерилердің түймесін жұлып, құлағына 
сыбырлағанда небір айбарлылардың буыны босап 
сала беретінін Әкім сонда түсінген. «Андрейдің әкесі 
Советтер одағы Қауіпсіздік Комитетінің «Француз 
тілді елдер» деп аталатын бөлімін басқаратын адам. 
Әскери атағы – генерал-лейтенант».
Міне, өткен ғасырдың 60-ыншы жылдары, он бес 
республикадан жиналған отыз екі тыңдаушының бірі 
болып Москвада жүрген қазақ жігіті. Варвар – жабайы 
атанған жігіт. «Шыңғысханның ұрпағы» атанған жігіт. 
Кіл ашкөз, кіл қатігез, кіл адам жегіш, кіл тапсырма 
орындағыш, кіл қандықол жауыздардың ортасында 
осының бәрін көріп, осының бәрін естіп, бәрін көкірегіне 
түйіп, көкірек қазанында қайнатып жүріпті.
Дәл осы шығармада, дәл осы жігіт Андрейдің 
әкесінің үйінің, Манананың үйінің терезесінен Москва 
өзеніне қарап тұратын. Әр қараған сайын осы Москва 
өзені туралы ой толғайтын. Оны әлденеге теңейтін. 
Әлденеге ұқсататын. Соның біреуін ғана келтірейік. 

147
БОЛМЫС
Манананың үш бөлмелі кең үйінің терезесінен қарап 
тұрып былай ойлаған Әкім:
«...Төменде білінер-білінбес бүлкілдеп ағып жатқан 
Москва өзенін мен сол арада аса жуан айдаһарға 
теңедім. Айдаһар болғанда қабыршығы, жыбырлап, 
сәулеленіп білініп тұратын, ұзын, иретіліп солға бір, 
оңға бір бұрылып кететін айдаһардың жұп-жуан бел 
тұсы сияқты. Дәл мен қарап тұрған кезде ешқандай 
кеме, катер жоқ еді. Сондықтан да болар өзен бір сабыр 
тапқан, әлгінде ғана бұлқына түсіп енді сабырға түскен, 
ұстайтын аңын тапқан, оны асықпай жұтып жатқан 
айдаһар...».
Өткен ғасырдың 60-ыншы жылдары. Иә, дәл 
айтады. Ол кез қазақты аштықпен қырып, біріне-
бірінің етін жегізіп, қуғын-сүргінге, итжеккенге айдап, 
атып-шауып, соғысқа салып, бәрін-бәрін тындырып, 
укол салып, жұмсаған жағына бара беретін мәңгүртке 
айналдырып, енді қалған соларды асықпай жұтып 
жатқан кезі еді Москваның. Дәл солай болатын! 

148
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
Гуманизмнің шыңы
«Күлтәй жеңешем мен Александр Солженицын». 
Қазақтың көп жазушысының прозасы сыңарезулеп 
публицистикаға тартып тұрады – «Айтып қал, қамтып 
қал, көсіліп қал» деп. Әкім Таразидың прозасы 
сыңарезулеп драматургияға тартып тұрады – «Бұдан 
да дәл, бұдан да қысқа, әр сөз, әр қимыл, әр мимика 
дәл болсын» деп. Сол үшін Әкім Тарази проза мен 
драматургия жанрынан өзге жанрларға жоқ деуге 
болады. Эссеге, естелікке аса қажеттіліктен барады. 
«Күлтәй жеңешем мен Александр Солженицын» 
солардың бірі. Соның өзінде «Күлтәй жеңешем туралы 
әңгімені бастамақшы болдым. Отырдым, жаза алмадым. 
Кілтін таппадым» дейді автор. Және осы сипатты 
сөздер бұл шығармада неше жерде қайталанады. 
Себебі, бұл ешқашан көркем прозаның қалыбына 
түспейтін шығарма. Өйткені, бұл туындыда Кеңес 
дәуірінде де, ол дәурен келмеске кеткен тұста да, тіпті 
қазір де аты-жөні жер шарына танымал жазушылардың 
біреуі Александр Солженицын жайлы, соның қазақ 
халқы туралы айтқан сөзі төңірегінде, қазақ даласында 
автордың Күлтәй жеңешесімен қатысты болған тарихи 
жағдайлары аясында сөз қозғалады. Сондықтан таза 
проза емес, эссе ретінде жазады. Сонда да «Менің, 
әрине, жазушылық қиялым ойнап кеткен болар. Сол 
паром. Сол Бәселей. Темекі түтінінен ыстанып кеткен 
күлгін сары мұрт. Паром мінген төртеу. Төртеуі де 
әлсіз, аш. Сай табанында кетіп бара жатыр, кетіп бара 

149
БОЛМЫС
жатыр.... Қалың қамыс, жылға-жылға жолдар...» 
кәдімгі прозаның қойжорғасымен ырғалта жөнеледі.
«...Жылдар бойы бойы су сіңіп, зіл қаратасқа 
айналған паром жағаға келіп, бар екпінімен соққанда, 
жылдар бойы мыжылып, суланып, мипалауға айналған, 
жағалаудың қара балшығы былш етіп паром шетінде 
тұрған мүсәпір пенделердің жұпыны киімін малмандай 
қылды.
...Оның тұла бойына байлап алған алтыны бар еді 
ғой, бір пұт алтыны... Ол кезде бидай алтыннан қымбат 
еді ғой». Бұл Күлтәй жеңешесінің талай айтқан әңгімесі. 
Шығармада Күлтәй жеңешесінің бұл туралы ауызекі 
айтқан әңгімесі де беріледі. Бірақ жазушы көңілі одан 
қанағат таппағандай, тура сол әңгімені кәдімгі прозалық 
тілде қайта баяндайды. «Сонымен Әкімнің қиялы ойнап 
ала жөнелді...» – деп қояды.
Иә, осылай аздаған қажетті кіріспеден кейін әңгіме 
өзегіне оралайық. 
Сол дәуірдің өзінде түрме лагеріндегі тіршілік 
туралы ең алғаш «Иван Денисовичтің бір күні» атты 
әңгіме жазып атақты болған жазушы кейіннен жүйені 
барынша әшкерелейтін КСРО-дағы саяси репрессия 
туралы «ГУЛАГ архипелагы» деген романымен дүние 
жүзіне әйгілі қаламгерге айналады. Көзі тірісінде жер 
шарына тараған романының мол қаламақысын өз 
атындағы қорға аударып тұрған, жазушы, академик, 
қайраткердің компартия тараған тұста да алмаған 
атағы, көрмеген құрметі жоқ бұл жазушының алыс 
ауылдағы Күлтәй жеңешеге не қатысы бар дейсіз 
ғой? Солженицынның өмірбаянын бір кісідей білетін 
адамдар жазушының 1950 жылы Қазақстанға жер 
аударылып үш жыл өмірін лагерде өткізгенін, одан 
кейінгі үш жылында Жамбыл облысына қарасты 

150
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
сол кездегі Көктерек ауданының алыс бір ауылында 
математика пәнінен сабақ бергенінен хабары болуы тиіс. 
Міне, алты жыл өмірі қазақ даласында өткен болашақ 
үлкен жазушы бір кездерде Күлтәй жеңешемен де 
«тоқайласады». Хикаятта. Қаламгер Күлтәй жеңешесі 
мен Солженицынді «кездестірмес» бұрын Жазушылар 
Одағынан шағын бір эпизодты көңіл айнаңызға түсіреді: 
«Күндердің күнінде, менің құрдасым Сәкен Жүнісов 
Жазушылар Одағында кездесіп:
– Әй, Әкім, оқыдың ба? – деді.
– Нені? –дедім.
– Анау Солженицын деген қазақты масқара 
қылыпты ғой, – деді. – Мен оны дуэльге шақырам, 
іздеп барам, әкең... – деп қатал-қатал сөздер айтты. – 
Атып тастаймын мен оны барып! – деді. Совет одағында 
10 миллион данамен тарайтын газетте Солженицын 
«орыс елін көркейту туралы» ойлары баяндалған 
мақаласында Совет одағының тарайтынын айта келіп, 
одақ құрамындағы әрбір халықтарға көзқарасын 
білдіреді. Кейбіреуін бостандық сүйгіш деп дәріптесе
кейбірін орыс халқына пайдасыз ғып көрсетіп, ең 
соңында қазақтар туралы «бұлар адамзаттың қас жауы, 
атқа мінген қазақ, атының тұяғы жеткен жердің бәрін 
өз жерім деп санайды» – деп қатты шүйлігеді.
«Соның алдында ғана Қалихан: «Бәленше 
деген кісі қазақ халқын жер бетінен жою керек деп 
жазғанын білесің бе? – деген. Мен сол мақалаларды 
іздеп, тауып алып, оқып, ыза болып жүрген кезім еді. 
Солженицынның мынау мақаласы... «Орыс елін қалай 
көркейтеміз?» деген ойын айта келіп, осылай біткенде, 
мен, әрине, Солженицынды жақсы көре алмадым. 
Сәкен досым секілді тез күйіп, тез жанатын мінезім 

151
БОЛМЫС
жоқ. Іште қалды бір кіжіл, іште қалды бір ашу»– дейді 
автор.
Ары қарай, күйзеліс, толғаныс. Әйгілі жазушының 
бұлай жауығуына не себеп? Әдетте, кез-келген 
жұмырбасты пенде бір халықты ұнатпайтынын бір 
жерлерде ашық айтып отыратыны табиғи құбылыс 
болғанымен, адами болмыстың сырына үңілген жазушы 
қауымы ондай пендешілікке бармауы керек емес пе? 
Ақиқатында тұтас халықтың жаманы болушы ма еді? 
Ал, тұтас ұлтты «адамзаттың қас жауы» деп отырған 
адамның өзі кім? Осы тақылеттес ойлардың тізбегі 
автордың, Әкім Таразидың ойына Күлтәй жеңешесінің 
әңгімесін салады. 
«Жеңешем бұл әңгімесін маған бір емес, үш рет 
айтты. Үш емес, төрт рет айтты. Және әр айтқан сайын 
жаңа детальдар қосып, қызбаланып айтты.
– Қайда кетті ол әйел, қайда кетті? Ол кезде бір 
пұт бидай бір қап алтыннан қымбат еді ғой! – деген 
сөз де жеңешемнің өз сөзі». Бір ауданның прокуроры 
қызметін атқарған Күлтәйға шағым айтып келген әйел 
Қарағандыдан Фурмановкаға келе жатқан, белінде 
бір қап бидайы бар әпкесінің ұшты-күйлі жоғалғанын 
баяндайды. Сонымен жаңа бір іс басталып кетеді. 
Бірақ, жоғалған әйелді ешкім таппайды. Күндердің 
күнінде прокурорға және бір әйел келеді. Бұл беліне 
бір қап бидай байлаған әйелмен бірге паромға мінген, 
ауру бала жетектеген мүсәпір әйел екен. Сол паромнан 
түскен төрт жолаушының Көлтабан ойпаңында үш 
шақырымдай жаяу жүргенін, содан бір тұста баласы 
екеуі әлсіреп жүре алмай қалғанда, әлгі тұла бойына 
бидай орап алған пысықтау әйелдің алдыға түсіп жүріп 
кеткенін, оның соңынан мойнына дорба асынған орыс 
ілескенін, бірақ, Көлтабанның шұңқыр сайынан қырға 

152
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
шығатын кезеңге келгенде мойнына дорба асынған 
орыстың жалғыз шыққанын баяндайды... 
Қысқасы, жоғарыда жазушы баяндағандай паромға 
мінген төрт аш-арықтың біреуі «... сонау Қарағандыдан 
сіңлісінің төрт баласына, аштан өледі ғой деп, бір 
пұт бидай алып келе жатқан әйел өледі». Ол әйелді 
өлтіріп бидайын алған кім екенін сол паромға мінген 
балалы әйел жоғарыдағыдай тәптіштеп айтып береді. 
Автор жазушы ретінде өзінше бөлек және баяндайды. 
Бидайын қалай тартып алғанын жазады. «Әне, әйел 
кетіп барады. Қойны толған бидай. Ақ бидай, дәмі 
сүт татыған ақ бидай... Енді байқады, оның екі езуінен 
сілекей ағып келеді екен. «Ашпын ғой мен, ашпын!» 
жаңағы күздік бидай мұның көз алдына келді, санасын 
билеп алды. Енді бір байқағаны таңдайына шикі 
бидайдың, сүт татыған, сүт татыған шикі бидайдың дәмі 
... бар санасын билеп алып барады екен».
Прокурор Күлтәй балалы әйелге аудандағы екі 
орыстың бірі саналатын мектепте сабақ беретін, саяси 
қуғында жүрген күдіктіні көрсеткенде әйел «Дәл өзі! 
Мынау, мінеки! Мынау маңдайынан оң қабағына тік 
түскен тыртығы бар, осы кісі! Дәл өзі! Осы кісі! Мынау 
мойнындағы дорбасы да сол!» дейді. Сол адам, сол орыс 
Совет одағында 10 миллион данамен тарайтын газетте 
қазақ туралы әлгіндей сөз айтып жүрген Александр 
Солженицын еді. Және ол сіңлісіне бидай әкеле жатқан 
әйелді өлтірген болса да, қылмысы анық куәлармен 
айғақталып тұрса да аудандық партия комитетінің 
бірінші хатшысы прокурор Күлтәйға нұсқау береді. 
«Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы 
Тілеубердин жуастау адам еді:
– Қарағым, қайтесің, өзі жалғыз орыс болса, бүкіл 
аудан жабылып, сол жалғыз саяси айдауда жүрген 

153
БОЛМЫС
орыстан көрді деген сөзге қаламыз ғой. Босатып жібер, 
енді қоя ғой, – деп маған жалынғандай болды.
–  Сонымен, амал жоқ тілімді тістеп отырып қалдым, 
– дейді Күлтәй жеңешем.
Үйіне бір барғанымда Күлтәй жеңешем сол әңгімені 
және де жалғастырды.
... Осы жақында ғана, әлгі, Солженицын деген 
кісіңіз шетелден..., анау әлгі Владивостоктан Москваға 
қарай пойызбен жүргенде, күнде суретін басып, Ресей 
газеттері, телевидение күнде көрсетіп жатты ғой. Соны 
көргенде мен, орнымнан:
– Ойбай-ау, Өмірзақ-ау! – деп қарғып тұрыппын, 
– деді жеңешем. – мынау сол кісі ғой, мынау сол кісі 
ғой! Мынау маңдайынан оң қабағының үстіне тік түскен 
тыртық. Мынау баяғы мен тексерген, мен күдіктенген 
сол кісі ғой! – дедім. Бірақ, мынау Өмірзақ ағаң:
– Тәйт, ары! – деп мені басып тастады. Қайтесің, 
бір халықтың мақтанышы ғой ол. Бір халық оны 
төбесіне көтеріп отыр, сен қайдағы бірдеңені айтасың! - 
деп ұрысты, Әкім-ау, маған мынау ағаң сүйдеп ұрысты 
ғой... – деп «шағым» айтып отырды Күлтәй жеңешем».
«Өзінің ұрлығын, қарлығын жасырып қалу үшін 
билік басындағы адамдар неге бір халықты екінші 
халыққа айдап салып, менің халқым періште халық, 
аналар жаман халық, түкке тұрғысыз халық деген 
жымысқы пікір, жымысқы саясат жүргізуі керек?». 
Автор, Әкім Тарази мың толғанады. Мұны жазу да 
оңайға соқпаған. «Мен бұл әңгімені екі рет бастаған 
едім, екі ретінде де аяқ алысым өзіме ұнамады. ...Міне, 
бүгін таң алдында, таң деймін-ау, түнгі сағат үштердің 
кезінде оянып алып, төсектің бір шетінде отырғанымда 
келген ой сол еді». «Шын мәнінде, үлкен адамнан 
сондай кішкентай қылмыскер шыға ма?». «Сен олай 

154
Ұларбек  НҰРҒАЛЫМ
ете алмайсың!» – дедім мен. Сен дегенім – Александр 
Исайұлы Солженицын еді. «Мен» дегенім әлі төсекте 
отыр.
«Сол этаппен Александр Исайұлы да қазақ 
жеріне келді ғой, саяси тұтқын болып келді. Жалғыз 
бас кемпірдің үйінде тұрды. Қазақ мектебінде сабақ 
берді. «Коминтерн» деген колхозда. Атының өзі 
қандай ғажап, қандай символ. Ком-интерн – халықтар 
достығының, халықтар бірлігінің символы. Коммунистік 
интернационал. Еңбекші халықтардың бірлігі, достығы. 
Сол Коминтернде тұрды ол. Мектепте сабақ берді ол». 
Әрине, кекесінді, ызалы сөздер бұл. 
«Әрине, әділдік бәрібір жеңеді, шындық бәрібір 
ашылады. Адамның пиғылының ақ-қарасы Аллаға 
ғана аян. Көк аспанда қырағы көз әрқайсысымыздың 
көкжелкемізде кірпік қақпай, қарап тұрған жоқ па?
Көк аспанның қырағы көзі қалғып-мүлгіп кету 
дегенді білмейді ғой».
«Түнгі сағат үш. «Мен» Алматыда, Сайын досының 
үйінде, төсекте отыр. Сайын досының бала-шағасы 
«менге» үш бөлмелі үйді босатып беріп: – «Аға, 
жазыңыз!» деген». Бұл қандай арпалыс?! Жазушы 
деген қауымның жан дүниесінде мыңдаған ерегес, 
күрестер осылай жүріп жатады екен-ау... және біз осы 
талдап отырғанда шығарманың белгілі бір тұсын ғана 
көрсетіп отырмыз. Автор Солженицын айтқан «атының 
тұяғы жеткен жердің бәрін өз жерім деп санайды» деген 
сөзіне тарихи шегініс жасайды. «Иә!» дейді. «Солай 
болған!» дейді. Қаламы еріксіз тарихтың қатпар-қатпар 
жұмбақ әлеміне тарта жөнеледі. Еріксіз!
«Қазіргі қазақ деп аталатын халықтың тарихта аталу 
– есімі көп болған. Қазақ. Күн. Көк тұрұқ. Қазіргі тілмен 
айтсақ, көк тұрғыны. Қаз-Сақ-Күн-Көктұрғыны-

155
БОЛМЫС
Құба (дала) сақ. Тынық мұхит пен Атлант мұхитының 
арасын жалғастырып жатты. Бүкіл жер бетін дүрілдетіп 
тұрды. Бірақ аты өзгере берді, өзгере берді. Халықтың 
да шаршайтын кезі болады, халықтың мүлгіп кететін 
кезі болады. Сондай кезден қаз-сақ та өтті қазақ.
Сол аты көп халықтың заты – біреу еді. Оны 
Қытай, Орыс, Ватикан тарихшылары жақсы білетін. 
«Қазақ қауіпті халық, астындағы арғымағының тұяғы 
тиген жердің бәрін менің жерім дейді» – дегенде 
(«Правда» газеті) А. Солженицын соны анық біліп 
айтқан. Ал, мүлгіп кеткен, қалғып кеткен халық, өз 
тарихын өзінен жасыратын. Сол бабалардың атының 
тұяғы кемінде он мың жыл таптаған Алатаудың бір 
шағын ғана қойнауына-қолтығына Күлтәй жеңешемнің 
көп немересінің бірі Жанат үй салды...
Сол Жаннаттың ұлына Өмірзақ атасы Бөдехан деп 
ат қойыпты. Мен таң қалдым...
...Мен білетін Бөде ханның үш есім-атауы болған. 
Бірақ – әкесі Қара-хан қойған аты – Бота. Екінші 
есімін өгей шешесі қойған: Бөтен. Никита Бичурин 
аударған Қытай жылнамаларында; Мөде, Мөден 
болып екі түрлі жазылған. Жапон ғалымы Синатори 
көне заманда «М» болып оқылатын иероглиф қазіргі 
кезде «Б» болып оқылу керек дейді. Ендеше – Мөде 
– Бота, Мөден – Бөтен деген мағынаны білдіреді. Бо-
хан, Бөтен-хан бұдан 2200 жыл бұрын өмір сүрген, 
Қытай Цин-Ши Хуан-димен замандас.
Цин-Ши Хуан-димен замандас қана емес, сол Цин-
Ши Хуан-димен өмір бойы арпалысып өткен, сол Цин-
Ши Хуан-диді тізе бүктіріп, өз елін Қытай бұғауынан 
босатып алған...
Босатып қана қоймаған, империяны өзіне 
бағындырған!


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал