Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жинақты басуға М. О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған



жүктеу 5.72 Kb.

бет1/13
Дата19.01.2017
өлшемі5.72 Kb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Н рпейіс
БАЙ АНИН
ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ 
ЖИНАҒЫ
3
том

УДК 821.512.122 
ББК 84 Қаз 5
Б 17
Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі 
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша жарық көрді
Жинақты басуға М.О.Əуезов атындағы
Əдебиет жəне өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған
Редакция алқасы:
С.Қасқабасов, С.Қирабаев, С.Қосан, Ж.Ысмағұлов, С.Қорабай
Жауапты редактор:
Р.Жұманиязова, өнертану ғылымдарының кандидаты
Құрастырған, ғылыми қосымшаларын дайындаған: 
А.Əбдірəсілқызы, филология ғылымдарының кандидаты
 
  Байғанин Нұрпейіс
Б 17    Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы, «Қазығұрт» баспа-
сы, 2014.
  
ISBN 
9965-22-319-Х
 
  Т.3:  Алпамыс  батыр;  Қобыланды  батыр  (Н.Байғанин  нұсқа-
лары). – 2013. – 384 бет.
  
ISBN 
978-9965-22-478-2
Нұрпейіс Байғаниннің 3 томдық шығармалар жинағының ІІІ то-
мына  «Төрехан», «Қарасай-Қази», «Құбығұл»  жырларының  ақын 
жырлаған  нұсқалары  еніп  отыр.  Ақын  репертуарындағы  «Батырлар 
жырының желісі» мен «Қараүлектің Мамайды жоқтауының» байға-
ниндік нұсқалары да осы томға енгізілді.
Жинақтың соңында томға енген мəтіндерге түсініктер, мəтіндерде 
кездесетін тарихи жəне діни есімдер, жер-су атаулары, сөздік, шартты 
қысқартулар қамтылған ғылыми қосымшалар берілген.
             
 
 
 
УДК 821.512.122 
 
 
 
 
 
ББК 84 Қаз 5
ISBN 978-9965-22-478-2 (Т.3)
ISBN 9965-22-319-Х
© «Қазақстанның халық ақыны
Нұрпейіс Байғанин атындағы
мəдени қоры» ЖҚ, 2014
© «Қазығұрт» баспасы», 2014

БАТЫРЛАР 
ЖЫРЫНЫ  
ЖЕЛІСІ

4
БАТЫРЛАР ЖЫРЫНЫҢ ЖЕЛІСІ
Тыңда, халқым, бастайын
Батыр батыр болғаннан,
Ер жеделге толғаннан,
Тұлар таңдап мінгеннен,
Берік сауыт кигеннен, 
Жасанған жауға тигеннен,
Жауды көрсе желігіп,
Шаттық дəурен сүргеннен.
Жауды көрсе тербенген,
Тербенсе, қалмақ жерге енген,
Үш күн жауды көрмесе,
Көкірегі шерленген,
Біреуін бастап айтайын
Бұрынғы өткен ерлерден.
Тартайын жырдың желісін,
Келтірейін келісін.
Сөз білмейтін олақтай
Қысқартпас бабаң өрісін.
Балдан тəтті жырымның
Халқым татсын жемісін.
Өткен заман шағында,
Батырлардың бағында,
Қайырымсыз хандардың
Ел бастаған шағында
Елге тыным болмаған,
Хан мен бегі оңбаған,
Оңбаған демей не дейін:
Бүлініп жатқан халыққа
Тура көзін салмаған.
Қайырымсыз хан залым,

5
Мейірімсіз би залым,
Халықты жеп, жалмаған.
Бұрынғының ерлері
Береңгі сауыт кигені,
Беліне садақ ілгені,
Жасанған жауға тигені,
Ерлікпен дəурен сүргені.
Тұлпардан таңдап ат мінген,
Ат құйрығын шарт түйген,
Жасанған жауға кеп тиген.
Қолындағы көк жебе
Қара тастан өткізген,
Жауыздықты жаулардың 
Кемесін құмға шөккізген.
Алмасын тасқа қайраған,
Жауды көрсе жайлаған,
Маңдайы жаудан таймаған,
Халықтың қамын ойлаған.
Байтақ елін қорғаған,
Басына ерлік орнаған,
Қайраты асқан өңді адам.
Тебінгі терге шіріткен,
Терлігін сүттей іріткен,
Айғайласқан шағында
Басын қосып біріккен,
Беттеген жауы үріккен.
Алты малта ас еткен,
Қатын-бала жат еткен,
Қуантып халқан шат еткен,
Ұрысқан жауын мат еткен.
Тұлпар мініп, «шу» деген,
Жүрегі қызып гулеген.

6
Астындағы тұлпардың
Табаны жерге тимеген.
Қарсы келген жау болса,
Балшықтай басып илеген.
Жау дегенде айбатты,
Айбаты асқан қайратты,
Астына мінген тұлпардың 
Ауыздығын шайнатты,
Мінген атын ойнатты,
Халқына бақыт орнатты.
Арыстан, шер батырлар
Халықтың қамын ойлапты,
Байтақ елін қорғапты.
Береңгі сауыт кигені
Белгілі жауға тигені,
Ұшқырлы найза қолға алып,
Беліне садақ ілгені,
Жасанған жауға тигені.
Салтанатпен самғады,
Халқының арын арлады.
Арлау – ердің арманы,
Күшін күшке жалғады,
Ер қайраттан танбады.
«Ə» дегенде «мə» деген,
Азын көпке теңеген,
Қолындағы жебесін
Өткізген сауыт көбеден.
Қолына жасыл ту алған,
Туды қанға суарған,
Ерлігі елге сыналған,
Бастары ердің құралған.
Тартайын жырдың желісін,
Келтірейін келісін.
Сөз білмейтін жыршыдай

7
Қысқартпайын өрісін.
Батыр батыр болғаннан
Сапарын ерлер оңғарған,
Жауды көрсе, долданған,
Қияқты найза қолға алған.
Баба Түкті Шашты Əзиз,
Едіге сұлтан, Нұрадын
Халықтың еткен мұрадын.
Қызыл қанға бояған
Көк алмастың қияғын.
Ешкім осал деген жоқ
Мұның тұқым-тұяғын.
Едігедей ер еді,
Елге тиген себебі.
Қалмақ деген халыққа
Ішкізген қаннан керені. 
Астана елдің сүйеніші –
Едіге батыр керегі.
Арыстан батыр Едіге,
Батырлығы білінген
Мұсылман, кəпір шегіне.
Басып қонған ер еді
Тоқтамыс ханның көліне.
Қырғын берген ер еді
Көп қалмақтың еліне.
Ел қондырған Едіге
Қалмақтың нулы көліне.
Құлағың салып, халық, тыңда,
Менің тартқан желіме.
Жырым менің қара ...............
Қартың жырды таппаса,
Кəрі тарлан шаппаса,
Обалы болсын өзіне.
Жырдың міні бар болса,
Балаларым, айт көзіме.
Сонан туған Нұрадын,

8
Еткізген елдің мұрадын.
Халқының жаққан со күнде
Манар шам мен шырағын.
Он екі баулы халықтың
Жеткізген мақсат-мұрадын.
Қартының айтқан жырына
Балаларым салсын құлағын.
Нұрадыннан хан Мұса,
Ойлағаны ар Мұса.
Еріккен күнде ер Мұса,
Ерінген күнде би Мұса.
Отыз ұлды сол Мұса,
Дəулет пен баққа зор Мұса,
Берекеті мол Мұса.
Үлкен тоқал баласы
Он екі екен шамасы,
Əліби екен ағасы.
Бəрі батыр, бəрі би,
Білік пен артық санасы.
Ортаншы тоқал баласы
Он бір туған шамасы.
Біліктің асқан данасы
Тобаяқ екен ағасы.
Кіші тоқал баласы
Күніке менен би Сидақ,
Ең үлкені кер Шойнақ,
Мұның жайы солай-ақ.
Бəрі қатар бір туған
Əліби, Смайыл, Тобаяқ.
Айтайын деп жырласам
Сөз желісі оңай-ақ,
Мұның жайы солай-ақ.
Бəйбішеден Алшағыр
Халық билеп, хан болған,
Қараңғыға шам болған.

9
Батыр болған, паң болған,
Ойлағаны ар болған.
Көңіліне жедел зар толған,
Жауға алды тар болған.
Онан туған хан Мамай,
Хан Мамай атты жазған-ай.
Талай жерге барған-ай,
Талайға ойран салған-ай,
Қылышын қанға малған-ай.
Шежіреден сұрасаң,
Мұнымның жоқ жалғаны-ай.
Қанша патша болса да,
Бір перзенттің зарынан
Көп болыпты арманы-ай.
Інісі туған қанды Орақ,
Қарт бурадай қарлы Орақ,
Айдаһардай зəрлі Орақ,
Салтанатты, сəнді Орақ.
Жауға бүлгін салды Орақ,
Қылышын қанға малды Орақ,
Орақтайын орды Орақ,
Ұрысқан жауын жойды Орақ,
Терісін бітеу сойды Орақ.
Қалмақтың басы Хан Жөке
Екі көзін ойды Орақ.
Орақтайын орған ер,
Қарсыласқан жау болса
Қарасын құртып, жойған ер.
Орақтан туған Қарасай,
Ер Қазимен екеуі
Айбатты Орақ баласы-ай.
Алты мен жеті жасында
Жауға шапқан таласа-ай.
Артық болған тұқымның

10
Ерлік пен билік санасы-ай.
Сансыз айта келсек те
Осыған қояр санасы-ай.
Тыңдауыңа бұ қалай,
Əр сүреге түсейін.
Құлақ сал, халқым, жағалай
Желіктіріп жырлайын,
Жеріне қашқан маядай.
Мұным пəлен болмаса,
Бұған көңілің толмаса,
Жылжытайын шіркінді
Тұяғы тайпаң жорғаша.
Үлкендіктен танбасам,
Аз ойымды шалмасам,
Сары жорға базармын,
Бұлбұл құстай сайрасам.
Өкпелерсің, балаларым,
Бір желіге бармасам.
Орақ, Мамай өткен соң,
Дүниеден бұлар көшкен соң,
Қарасай, Қази қос жетім
Бұл атадан жас қалды-ай,
Əрі ақылдан бос қалды-ай.
Баба Түкті тегінен
Осы жерде бақыт тоқталды.
Дəулет бітіп, бай қылған,
Халықты риза, жай қылған
Шаруаның тұқымы – 
Он екі баулы көп ноғай
Шынтемірді хан қылған.
Дəулет малды айдаған,
Шағанға бие байлаған,
Самардың бойын жайлаған
Кең шаруа болған хан еді.
Орақ, Мамай өткен соң,

11
Хан дүниеден көшкен соң,
Халық хансыз болмас деп,
Хансыз халық оңбас деп,
Өткен Орақ, Мамайдың
Өксісек орны толмас деп,
Бұ тұқымның қашаннан 
Өткірлігі алмас деп,
Жақсы тұқым нəсібі
Кем орынға қалмас деп,
Енді ноғай кеңесті,
Кеңескенде не десті:
Хандықтың жайын сөйлесті,
Ноғайлының кəрісі,
Ақсақалдың бəрісі
Шынтемір жай адам деп,
Соны хан қоюға меңдесті.
Жастар үлкенге ақыл салмады,
Жастың арын арлады:
«Қарасай мен ер Қази
Аталы тұқым ер еді,
Екі жағы тең еді,
Шынтемірдің атасы
Қимайысын байлаған
Қойды баққан неме еді.
Кем атаның баласы
Байтақ елді баға алмас,
Елдің көңілін таба алмас.
Атасында ерлік жоқ,
Ел шетіне жау келсе,
Қарсы жауға бара алмас.
Қарасай мен ер Қази
Асыл несеп тұқымы
Кем орынға қала алмас.
Ақсақал, тіліңді алмаймыз,
Қаулыңа құлақ салмаймыз.
Қарасайды хан қойып,

12
Атасының алтын тақ
Өз жолына арнаймыз».
Ақсақалдар бас қосып,
Жастарға ақыл салмады,
Қаулысын қабыл алмады.
Иесіз тұрған алтын тақ
Шынтемірге арнады.
Алпысқа келген шағында,
Тұрғанда хан тағында
Бір перзент көреді.
Бала атаның керегі,
Сүйеніш перзент тірегі.
Бір ер бала көреді,
Оның атын Əділ деп еді.
Тоғыз жасқа келгенде
Əділ патша хан болды,
Хандығы халыққа таң болды.
Батыр болды, паң болды,
Ойлағаны ар болды,
Жүрегіне зар толды.
Сыпырадай қартына:
– Халықтың ханы мен, деді,
Көпті көрген қартым сен, деді,
Ерігіп тұрған ханыңа
Бір жау тауып бер, деді.
Сүйдеп патша желікті,
«Балам толсын мерейің,
Сөзіңді қабыл көрейін.
Лайықты жауыңды
Ханым, тауып берейін.
Адам аттың ізін салмаған,
Бұрын ерлер бармаған,
Он екі айлық жері бар, 
Үш айшылық жолы бар,
Торпақ көл деген көлі бар,

13
Қиғаштың қара белі бар.
Батырлардың бағы бар,
Керекті жауың табылар,
Əскер алып, жол шегіп,
Сол жауға барсаң неғылар?
Білгенін айтар кəріңіз,
Қартыңның тілін алыңыз,
Қиғаштың қара тауында
Қызылбастың қанды жау, 
Салтанатты сəн мекен
Ханым, соған барыңыз».
Ерлерді жиды саралай,
Тоқсанға келген қарт кемпір
Қараүлекке ақыл салады-ай.
Барған жауы Қиғаш тау,
Қызылбас деген қанды жау,
Қызылбасқа барған ер,
Барып уығын салған ер,
Он жеті қатар зынданға 
Қапияда түсіп қалған ер,
Арманда болған жазған ер.
Тарттым сөздің желісін,
Ерлердің айттым тегісін,
Тыңдауыңа бұ қалай?
Мұным бəлен болмаса,
Бұған көңілің толмаса,
Нұрекең ақын сөз табар,
Тереңнен қиял ойласа.
Жəне кім бар десеңдер,
Асылы күннен жараған,
Төре тұқым тараған,
Арғы атасын айтайын,
Руы баян Шыңғысхан,
Шыңғысханнан Шынтас хан,
Шынтас ханнан Бектас хан.

14
Қаһарлы болған батыр хан
Аяғы ақсақ Темір хан.
Бəйбішеден туыпты
Жалқы туған Төрехан.
Тоқалдан туған Егізбай,
Егізбай мен Сегізбай.
Бəйбішенің жаңғызға
Көп беріпті жəбір-ай.
Қасиетсіз дейді жұрт
Екі жарым көрімді-ай.
Екі қатын баласы
Екі орда ел деп еді,
Ескілік үлгі сөздері.
Бəйбішенің жалғызы
Егізбай қорлық береді,
Бұ да керек сөздері. 
Егізбай мен Сегізбай
Жаңғызға жəбір береді-ай,
Тумадан қорлық көреді.
Бұ сөзім тұрсын мұнымен,
Жыр жырлайын сынымен,
Бұрынғы өткен ерлердің
Көрсетейін төрінен.
Он екі баулы халықтың
Көтерейін түбінен.
Астана байтақ елдерім,
Елге қоныс жерлерім,
Туырлықтай ту алып,
Тұлпар мінген ерлерім.
Жау дегенде кəрленіп,
Қалмаққа шапқан ерлерім.
Жау шайқаған серлерім.
Ұзын өзен суларым,
Қалың ағаш нуларым,
Қайыршақ торбақ құмдарым.
Бай дəулетін асырған

15
Көлденең қара шыңдарым.
Балдырғанды, балқашты
Шалғын шыққан шымдарым.
Есілдерім, елдерім,
Ел бастаған ерлерім,
Көк алмасын қолға алып,
Жау жаулаған ерлерім.
Хандарменен қарысқан,
Дұшпанменен алысқан,
Арыстандай ерлерім.
Дəулет, бағы бірдей тең,
Бақытты тұрмыс елдерім.
Ел дəулеті кен еді,
Берекет елде көп еді,
Азын көпке теңеді.
Қаһарлы туған ерлердің
Халыққа тиген көмегі.
Бұлап-талап ел мүлкін
Біреуді біреу жеп еді.
Хандарменен қарысқан,
Жауларменен алысқан,
Батырларым данышпан.
Қарсыласқан дұшпанды
Жерге таптап жанышқан.
Тітіреген жау дұшпан
Айқайлаған дауыстан.
Қарасы менен ханы тең,
Құлыны мен тайы тең,
Батыры менен паңы тең,
Қыры менен сайы тең,
Мекен қоныс жері тең,
Жерге лайық елі тең,
Елге лайық ері тең.
Кебеже қарын, кең құрсақ,

16
Ойдық желке, кекшіл бас
Ерлердің мінген кері тең.
Ақылы асқан пірі тең,
Жүйрік шешен биі тең.
Би кеңескен үйі тең,
Үйге ұстаған шиі тең.
Қойды мыңнан өткерген
Нарынның қара құмдары-ай,
Жылқыны санға жеткізген
Еділдің иір сулары-ай.
Арқаның алпыс саласы
Қалың ағаш нулары-ай.
Бұлбұл құстай сайраған
Ақындардың жырлары-ай.
Түйені қомды көрсеткен
Атыраудың ащы сулары-ай.
Жылқыны санға жеткізген
Арқаның тарау боздары-ай.
Ер халықтың қорғаны-ай,
Арыстан туған ерлерім
Көк найзасын толғады-ай.
Батырларым бас қосып,
Жасанған жауға тиген ер,
Береңгі сауыт киген ер,
Беліне алмас ілген ер.
Жау дегенде шаттанып, 
Қуаныш етіп күлген ер.
Қарына садақ ілдірген
Əскерге сауыт кидірген,
Көрсе жауды бүлдірген,
Қыз-келіншек, байларды
Қуанышпенен күлдірген.
Дəулет пен бақты ел көрген,
Ел тілегін ап берген,
Кемді басқа теңгерген,
Алдына сауыт өңгерген.

БЫ Л

18
ҚҰБЫҒҰЛ
Көк Еділдің бойында
Уəли деген хан болған,
Батыр болған, бай болған,
Төрт түлігі сай болған.
Ойлағаны намыс пен 
Қарал, жедел, ар болған.
Ықпалы жүрген күнінде
Бақыты асып, өрлеген,
Дұшпандасқан жауына 
10      Ешбір ерік бермеген.
Тентек пенен телісін
Жүргізбей қияс, жөндеген.
Бақытты тұрмыс күнінде
Маңына жан келмеген.
Егер келсе дұшпан-шет,
Ешбір ерік бермеген.
Ықпалы жүрген күнінде
Малы менен бағы сай,
Тəрбиесі  тағы сай
20      Патша еді халыққа,
Төресі ғаділ, сөзі жай.
Малы менен бағы тең,
Тəрбиесі  тағы тең.
Шеттен дұшпан көз салса,
Əскер, құрал бəрі тең.
Сөйтіп жүрген Уəли
Тап жетпіске жас жетті,
Жастағы дəуір – бақ кетті.
Баласы жоқ, қубас хан –
30      Жайылып жұртқа ат кетті.
Үлкендікке шаталды,

19
Кəрілікке маталды,
«Қубас хан» халыққа аталды.
Бақыты кеткен күнінде,
Қартая келген шағында
Халқы ханға келмеді,
Алдияр айтып ханына 
Елі сəлем бермеді.
Əңгіме айтса Уəли,
20      Елі қабыл көрмеді.
Сол халықтың даулысы
Хан екен деп Уəлидің
Алдына ешкім барған жоқ.
Уəлиді адам деп 
Ешкім есіне алған жоқ.
Қайғымен көрді тарлықты,
Енді күні зарлықты.
Елемеді еш адам 
Мінген тақыт, хандықты.
50      Құлдан көрді қорлықты,
Əркімнен көрді зорлықты.
Алдына ешкім келмейді,
Хан деп сəлем бермейді.
Осындай көрген қорлықты
Патша  өксіп, еңірейді.
Енді ісі оңбады,
Малында ерік болмады.
Ықпалы қайтқан патшаны
Қараша жұрты қорлады.
60      Уəли бір ой ойлады,
Ойламасқа болмады,
Хан ойламай неғылсын,
Қартайған күнде оңбады.

20
– Бүйтіп тірі жүргенше,
Дүние жиып нетейін,
Дүние, бақыт, малымның
Баршасын талақ етейін.
Бір баланың зары үшін
Қаңғырумен өтейін.
70      Ел қорлығы өтті ғой
Құлдардың берген зəбірі
Түп-түбіме жетті ғой.
Бір баланың қайғысы
Басымнан бақты төкті ғой.
Дүниеден күдер үзейін,
Кешікпейін, жүрейін,
Пірлерден тілек тілейін,
Темір аса қолға алып,
Темір кебіс киейін.
80      Хандық ауды басымнан,
Пақырлық, міскін жолымен
Дүние кезіп көрейін.
Мен патшамын демейін,
Енді қалған өмірді
Талайымнан көрейін.
Жердің жүзін кезейін,
Бақ пен малдан безейін,
Хандық, байлық күнімді
Қайыршыға теңейін.
90  Бүйтіп қорлық көргенше
Мен кетейін, кетейін.
Қайыры жоқ қонысты
Енді талақ етейін.
Қайғыменен қамығып,
Қаңғырумен өтейін.
Ықпалым жүрген күнімде
Қайырлы патша мен болдым,

21
Бақ, дəулетке кен болдым.
Əскерді оймен жүргізіп
100    Қайыспас берен ер болдым.
Бір баланың жоқтығы 
Қартайған күнде кем болдым.
Тапталған тақыр, мысалы,
Бейне қара жер болдым.
Осындай тарлық көрген соң,
Халық қайғы берген соң,
Бір қылықты бастады.
Дүние, мал, шаһарды
Талақ етіп тастады.
110    Үлкейе келген шағында
Бір бала – ханның тілегі.
Қайғы, құса үдеді,
Дүниеден күдер үзеді.
Темір аса қолға алып,
Темірден кебіс киеді.
Талақ етіп елінен, 
Қоныс еткен жерінен
Енді Уəли жүреді.
Ел билеген патшаның
120    Кеміген күні жүрегі
Дүние жүзін кезіпті.
Əулие қоймай қыдырып,
Халқынан солай безіпті.
Ел билеген  ер еді,
Ақырында падиша
Осындай тарлық көріпті.
Əулие қоймай тарығып,
Бір бала үшін зарығып,
Жүдеді патша  жабығып,

22
130    Қаңғырып кезіп жүрсе де, 
Еш дегені болған жоқ.
Талабы ханның оңған жоқ,
Бармаған жері қалған жоқ.
Қаңғырумен жүреді,
Есі дұрыс Уəли,
Тек ақылдан танған жоқ.
Тоғыз айдай қыдырған,
Əулиеге сиынған,
Маңдайдан тері шұбырған,
140    Патша  еді  саналы,
Пірлерден себеп болмады,
Еш ишарат қонбады.
Іші оттай жанады,
Қайғыға қайғы ұласып,
Аяққа киген кебістің
Теңгедейі қалады,
Қолға алған асаның
Тебендейі қалады.
Бар киімі жыртылған,
150    Патша  қайтып барады.
Еш ишарат көрген жоқ,
Тілегін пірлер берген жоқ.
Таңдайы қатып, арықтап,
Тек жаны бар, өлген жоқ.
Енді қайтты еліне,
Көк Еділдің өріне,
Туып-өскен жеріне.
Тап он айдың жүзінде 
Қайта келді Уəли 
160    Ұлы өзен Жеміне.
Ұлы Жемді жағалап,
Жердің жүзін аралап,
Шетірлінің бойына

23
Патша келді шамалап.
Жүдеп келген Уəли
Үш күн жатты паналап.
Оңғара ма Құдай деп,
Оң ойлаған талапты,
Үш күн жатып қарапты.
170    Үш күн жатып тынығып,
Маңындағы халықтан
Сұрап ішті тамақты.
Шетірлі бойын жағалап,
Тау мен тасты аралап,
Шетірліде қара су 
Қасына келді шамалап.
Көңілінде бір ой бар,
Соны іздеп қарамақ.
Шетірлінің бойында,
180    Баба түкті əулие
Жүреді көңіл, ойында.
Қызыл жарды қарады,
Қара судан су ішіп 
Шөлдегені қанады,
Жан-жаққа көзін салады.
Шырақ жанған зиратты
Уəли патша табады.
– Уа, Баба түкті пір бабам!
Басыңа келдім мен, – деді,
190    Іздегенім сен, – деді,
Халыққа патша мен, – едім,
Бүгінде болдым кем деді.
Ақсұңқар құс қыран ем,
Қартая келген күнімде
Қарғаға болдым жем, – деді.
Құлдардан көріп қорлықты,

24
Жалшыдан көріп зорлықты,
Көкірек қайғы-шер, – деді.
Жасым жеткен шағымда,
200    Қараша көзін салмады,
Менсінбеді ел, – деді,
Елемеді ер, – деді,
Ақырында халық қорлап,
Ел тізгінін бермеді.
Қиялы бүркіт қыран ем,
Құзғын менен қарғаға
Қартайып болдым жем, – деді.
Ықпалым тұрған күнімде 
Ғаділ патша болғанмын,
210    Халқыма қорғанмын.
Қатарымнан озғанмын,
Қырымға қолым созғанмын.
Бақытым тұрған шағында
Талай жерге барғанмын,
Талай жауды алғанмын,
Дұшпанға бүлік салғанмын.
Ғаділшілік хандықпен 
Халқымды баққан заңғармын.
Сол күнімнен айрылып,
220    Ақырында сандалдым.
Жердің жүзін айналдым,
Басыңа келіп зарландым.
Тап жетпіске жас жетті,
Қартайғанда бақ кетті,
Астыма мінген тақ кетті,
Падишамын тарыққан,
Қайғы шегіп зарыққан,
Тарлық көріп халықтан
Жердің жүзін айналып
230    Келдім қаңғып алыстан.

25
Халықтан көрген зорлықтан,
Құлдар берген қорлықтан
Мұңымды айтып зарығып,
Басыңа келдім сондықтан.
Қартайған күнде шаталдым,
Мұндай күнге маталдым,
Орта ноғай еліме
Қайыршы қубас атандым.
Басыңа келіп жыладым,
240    Пірден тілек сұрадым.
Бір баланың қайғысы,
Болмады халықта тұрағым.
Бұрын патша болсам да,
Бүгінде міне сияғым,
Өле кетсем, артымда
Қалмас болды тұяғым.
Сізден тілек сұрадым,
Неғылсаң да өзің біл,
Бір перзентті сұрадым.
250    Орта ноғай елінде
Мазасыз болды құлағым.
Баба түкті пір едің,
Басыңда тілек тіледім,
Бір баланың жоқтығы, 
Суыды халықтан жүрегім.
Батырлардың бабасы,
Жығылғанды тұрғызып,
Қисайғанды түзедің.
Соны айтты да Уəли 
260    Қатып келген қабағы,
Шаршап келген бейшара
Қалғып кетіп барады.
Көзі ілініп ұйқыға, 

26
Көңілі кетіп барады.
Мейірім болар бабадан
Қасына келген пақырға,
Жетпіске келген шағында
Аса таяқ қолында,
Ақ шалмасы басында,


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал