Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014



жүктеу 7.28 Kb.

бет3/19
Дата08.01.2017
өлшемі7.28 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

 «Қазақстан» журналы.
 1999 жыл

36
АЖАЛ АЖДАҺАСЫ
Бұл – жазирасында тұлпар жортып, қырларынан қыран ұш-
қан қасиетті жер еді. Бұл аймақта қызғалдақтар құлпырып, 
ақбөкендер жол кесетін...
Бала күнімізде ақсақалдар мен бәйбішелердің аузынан «Ахау, 
Семей!» деп басталатын көңілді әнді сан мәрте есті дік. Естідік 
те, елдігіміздің еншісі, бақытымыздың бесігі секілді аймаққа 
ынтық болып өстік. 
Шыңғыстау – халқымыздың ұлы тұлғалары Абай мен Шә-
кәрімнің, Мұхтар Әуезовтің туған топырағы. Олар қазақ хал-
қының ғана емес, Ататүрік баласының қасиетіне айналған 
ұлдар. Енді біздің буынның еншісіне «Ахау, Семей!» деп шал-
қытпай, көкейімізге көбік кептеліп, «Қайран, Семей...» деп 
кібіжіктеуді жазса не шара?..
...Семейде 1953 жылғы тамыздың 29-жұлдызында болған 
тұңғыш сутегі бомбасының сынағын көзімен көргендердің 
дені әлдеқашан-ақ о дүниелік болып кеткен. Осы сынақ-
тарда бұрынғы Кеңес үкіметі ондаған қаракөздерді «тәжірибе 
көжегіне» айналдырғанын енді-енді ғана біле бастадық. Ше-
телдік бір маман осы полигон жөнінде: «Бұл – тұтастай алған-
дағы Чернобыль мен Хиросима», – деп пікір айтты. Ашық 
аспан астындағы алып лабораторияға айналған осы аймақ бұл 
күнде бейдауа, талма, сусамыр, қояншық секілді небір елде 
жоқ сырқаты бар тұрғындардың мекеніне айналды.
Қатерлі аймақ Семейдің оңтүстігіне қарай 120 шақырым 
жерден басталып, жалпы көлемі 18,500 шаршы шақырым 
аумақты алып жатыр. 1991 жылдың тамызында Қазақстан 
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Семей ядролық полигонын 
жою жөніндегі құжатқа қол қойды. Шын мәнінде, сынақ 
1989 жылдың 13 қазанында «Невада – Семей» экологиялық 
қозғалысы, оның басшысы – белгілі ақын Олжас Сүлейменовтің 

37
еңбегінің нәтижесінде тоқтатылған болатын. Жабылғанға 
дейін полигон бес техникалық аймаққа бөлінетін. Олар – екі 
атом реакторы, екі полигон және ядролық қару қоймасы. 
Кеңестер Одағы соңғы 40 жыл ішінде 714 ядролық сынақ жа-
саса, оның 467-сі Семей полигонының үлесіне тиген. Мұнда 
ядролық қарудың барлық түрлері: атом, сутегі, нейтрон бом-
балары сынақтан өткен. 1949-1963 жылдар аралығында әуе 
жарылыстары, содан соң жер асты жарылыстары сынақтары 
жүргізілген. Әлем дәрігерлері халықаралық ұйымының са-
рапшылары осы жарылыстардың барлығының қуаты Хироси-
маға тасталған бомбаның қуатынан 2500 есе артық екенін 
дәлел дейді.
Радиоактивті ұшқындарды жазық даланың қарлы бұрқа-
сындары облыс көлемінен шалғай жерлерге де таратуда. Бұл 
облыстан тысқары аудандардағы 500 мыңнан астам адам жары-
лыстан зардап шеккен болып есептеледі. Қазақстанның Семей, 
Қарағанды және Павлодар облыстарын осы қатарға жатқызуға 
болады.
1949-1963 жылдар аралығында әскерлер мен ғалым-фи зик-
тер бұл өлкенің радиациялық деңгейін өлшеу жұмыстарын 
жүргізді. Бұл жұмыстар негізінен 300-500 метр биіктікте, са-
молетке орнатылған арнайы түтікшелер арқылы жүзеге асы-
рылатын.
«Шын мәніндегі кеңістіктегі радиоактивті тозаң жерден 
0,5-2 метр аралығында болады. Ал адамдар осы ауамен тыныс-
тайды», – дейді Семей маңындағы орналасқан Қазақ онколо-
гия және радиология институтының маман-дәрігерлері.
Жарылыс зардаптарынан адам өлімі жыл өткен сайын 
көбейе түсуде. Әсіресе балалар арасында түрлі дертке шал-
дыққандар көп. «Невада – Семей» қозғалысының дерек теріне 
сүйенсек, 1990 жылы осы аймақтағы әрбір 1000 тұрғын-
ның 204-і онкологиялық сырқаттың әр түрімен ауырады. 
Демікпеге шалдыққандар, ақыл-есі ауысқандар – Семей сына-
ғының нәтижесі. 1990 жылдары мұнда өмірге келген әр 1000 нә-
рестенің 43-і шетінеп кеткен.

38
Сондықтан да көптеген балалар мен жасөспірімдер өзде ріне 
қол жұмсауға барады. Мұндай арам өлім мұсылман халық-
тарының табиғатына жат нәрсе еді. Бұл күнде республика-
ның барлық территориясы Арал теңізінен Қытай шекарасына 
дейін радиоактивті қалдықтар қоқысына айналған.
Адамзат өміріне 40 жыл бойы қасірет «сыйлаған» ядролық 
полигон Семей өңіріндегі Сарыжал елді мекенінің тұрғын-
дарын күні бүгінге дейін тұншықтырып отырғанын көпшілік 
қауым әлі де біле бермейді. Себебі оның тіршілік атаулыға 
кел 
тірер залалдары мен зардаптарын жариялауға кезінде 
Қазақстанды 70 жыл бойы билеген, қылышынан қан сорғала-
ған әкімшіл ресейлік империя тыйым салып келді. Жергілікті 
тұрғындардың улы радиация кесірінен тұқымдарымен тұздай 
құрып бара жатқандарын ашына да зарлана тілдеріне тиек 
етіп, жоғарғы жақтағы қолымен көк, табанымен жер тіреп 
тұрған билік пен бұйрық иелеріне жолдаған арыз-шағымдары 
уақытында ешкімді де селт еткізбеді. Мәскеудің мәуелі бағы-
ның саясында салқын самал жұтып, май шайнап, кілегей тү-
кіріп отырған игі жақсылар қасірет тырнағына ілігушілерге 
миықтарынан күле қарап, түркі тектес халықтар тағдырына қол 
қусырып, көз жұмып қарап отыра берді. Тіпті қазақстандықтар 
болашағының тамырына балта шабылып жатқанына дүние 
жүзі жұртшылығы қатты алаңдап, сонау қияндағы Америка, 
Дания, ФРГ, Жапония сияқты басқа да көптеген ірі-ірі шет 
мемлекеттердің ғалымдары арнайы экспедициялық сапармен 
келіп, зерделей зерттеп, тереңдей тексеріп, соңғы 1991-1993 
жылдардың өзінде Сарыжал өңіріндегі «Шүрек», «Атым-
тай» атом көлдері мен Атымтай жазығындағы радиация фоны 
3000-нан 10000 микрорентгенге жеткенін дәлелдеп бергенде де 
«өлмесеңдер өмірем қабыңдар» дегенді ашық аңғартты. Ажал 
аждаһасындай аузын ашқан, тірі организм тұлдырын жегі 
құрттай кеулеген бұл радиация көрсеткіші, шындық алдына 
жүгінер болсақ, 1945 жылғы Жапонияның Хиросима, Нагаса-
ки қалаларынан кейінгі ең жоғары деңгейдегі залал еді.
Әділдіктен аттап, көз алдындағыны көпе-көрнеу көлегей-
леген сайқал саясаттың қолшоқпарларының жымқырма әре-

39
кеттерінің тағы бірі – олардың Семейдің полигон аймағы ре-
тінде белгілі болуы 1949 жылдан басталады деп, беттері бүлк 
етпей жұртшылық санасына өтірік сіңірулері еді. Кезінде өз 
шаңырағын өзі күйреткен Кеңестер Одағының архивтік құпия 
құжаттарында әскери басшылар бұл алып аждаһа аймағының 
картасын 1947 жылы жасап, көбейтіп бастырып, оған Семей, 
Павлодар, Қарағанды облыстары бойынша 18 мың шаршы ки-
лометр жерді енгізгені қазір дәлелденіп отыр. Адамды ажал ау-
зына байлап берудің осыдан асқан сорақы «үлгісі» болар ма?!.
Ядролық атом жарылысы бара-бара, болашақ ұрпақтар үшін 
«көрген түстей сағымға» айналуы мүмкін. Бірақ оның жү-
ректерге салған жарасы, тіршілік атаулыға тартқызған тау-
қыметі мен қисапсыз қырғыны еш уақытта да ұмытыла 
қоймас. Сарыжал өңіріндегі осындай көріністерді саналы 
ғұмы рында өз көзімен көріп, өз басынан өткеріп келе жатқан 
сол елді мекеннің заманауи тұрғыны, 75 жастағы қарт Қабден 
Есенғариннің зар-запасына да бір сәт құлақ түріп көрелік. 
Ол – кезінде Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысқан, еңбек 
демалысындағы әскери адам. Туған жерінің төсінде болып 
жатқан ядролық жарылыстардың халыққа қандай зиян 
келтіріп, қандай азап арқалататынын зерттеуге ерекше ден 
қойған. Сөйте жүріп талай құпия жайларды көзімен көріп, 
қайсыбір жасырын құжаттарды қолына түсірген.
«...Біз – сарыжалдықтар, атомның адам баласына, таби-
ғатқа, жалпы тіршілік атаулыға қасірет пен қайғы әкеле -
тінін өмір тәжірибесінен өткізген дүние жүзіндегі жа-
пондықтардан кейінгі екінші халықпыз, – деп жазады 
ол «Қазақ әдебиеті» газетіне (№3, 21 қаңтар, 1994 ж.) 
жа 
риялаған «Полигон және мен» атты мақаласында. – 
Жұртшылыққа мәлім, 1953 жылы 12 тамызда термоядролық 
сутегі бомбасы Семей полигонында сынақтан өткізілді. Бом-
баның кіндік атасы, академик А.Д. Захаров оны ойлап таба-
рын тапса да, кейін өкінішін жұрттан жасыра алмай: «Один 
мегатонный взрыв – это тысячи безвестных «тихих жертв», – де-
ген болатын. Мәскеу мықтыларының сол жылдары осы «үнсіз 
құрбандыққа» шалғаны сарыжалдықтар еді. 

40
Жоғарыдағылар арнайы тексеруге Мәскеу – Ленинград, 
Мәскеу – Алматы экспедицияларын ғылымның озық техни-
каларымен жабдықтап, бізге қарай «жәрдемге» аттан-
дырумен болды. Бір шеті мен бір шеті ат шаптырым ау-
мақ 
қа ақ палаткалар бөлек қалашық боп тігіліп, күндіз-
түні жанған электр жарығы үлкен бір істің тындырылып 
жатқандығына «куәгер» боп тұрды. Ал әрбір жарылыстан 
соң сарыжалдықтардың жаңа туған сәбиінен бастап, ең-
кейген кәрілеріне дейін дәрігерге тексерілуге міндеттелді. 
Бір лі-жарым бармағандарды дәрігерлік машиналарға салып, 
еріксіз апарды. Олардың бәрінен де қан алды, шамамен, әрбір 
он адамның біреуінің терісінен, ал 2-3 адамның құлақ, тамақ 
астындағы бездерінен кесіп алып, тексеруге табыстады, 
жергілікті халық бұлардың не үшін істеліп жатқандығынан 
бейхабар еді. Кейін осы тексерудің қорытындысы бойынша Са-
рыжалда 243 адам облыстық №4 аурухананың диспансерлік 
қарауына бақылауға алынды. Қазір олардың барлығы да о дү-
ниелік болып кеткен». 
Қабден қарияның бұдан арғы айтқандары да нақты де-
ректер жүзінде өрбиді. Бірде олар – жиыны төрт адам Са-
рыжал ауылдық кеңесінің төрағасы Дәулетбек Жәкеевтің 
отының басына жиналған. Орталарындағы екі бейтаныс 
адамның бі рі – Алматы экспедициясының бастығы, медици на 
ғылымының кандидаты Бақия Атшабаров, екіншісі – дәрігер 
Сайым Балмұқанов екен. Атшабаров мәселені төтесінен қой-
ған. «Біздің сіздерге ескертпей кетуге арымыз жетпеді. Сары-
жал халқы ядролық қауіп қатеріне ұшырап отыр. Енді біраз 
жыл өткен соң халық жазылмайтын дертке ұшырайды. Өмірге 
келген сәбилер іштен кем, жарымжан болып туады. Сондықтан 
қазірден бастап басқа жерге қоныс аударуларыңыз керек», – 
дейді. 
Расында да, сол кезде мемлекеттік құпия болып саналатын 
полигон сырын ауыл адамдарына сеніп, ашып айту – Атшабаров 
пен Балмұқановтың көзсіз ерліктері еді. Содан кейін-ақ аудан, 
облыс тарапынан «қызыл жағалылар» келіп, үнсіз тың тыңдап, 
тексеру жүргізуді жиілетеді. Қ. Есенғарин сияқтылар ерекше 

41
нысанаға алынады. Сол қуғындау Қабденнің ядролық жары-
лыстарды ерекше ден қойып, мұқият қадағалауына ықыла-
сын арттырады. Себебі «ойран» жасаушылардың бірі – полков-
ник А.Д. Жариков соңғы жылдағы естелігінде 1954 жылы бір 
атом бомбасының Сарыжалда жарылмай қалғандығы туралы 
жазған болатын. Онысы рас еді. Қаратышқан қыстағынан 3-4 
шақырым жерде қатар-қатар қазылған 5 орға заряд қойып 
атқан кезде, ортаңғы ордағы жартылай ғана от алып, қалған 
төрт шұңқырдағы зарядтар жарылмай қалған. Мұны Қабден 
сол кезде-ақ анықтаған болатын. Олар қазір де сол жерлерде 
шамамен 50-100 метрдей тереңдікте жатыр.
Тағы бір айтар жай, 1963 жылға дейінгі жарылыс ошақта-
ры онша терең бұрғыланбайтын. Тек 1964 жылдан бастап шұң-
қырлар 400-500 метрге тереңдетіледі.
1963 жылы көкек айының ішінде Қабден Есенғарин рұқсат 
қағаз алып, Дегелең тауының Ұялы деп аталатын сайына 
орналасқан, әскерилер «Г» деп атайтын бөлімшеге барады. Ол 
кезде Дегелең тауы ешкім баруға болмайтын құпия өңір бо-
латын. Қабденді бөлімше бастығы, майор Иванюк қарсы ала-
ды. Тау қойнауында күніне бірнеше рет жасалатын жарылы-
стан аспанға будақтаған көк түтін Дегелеңді әлденеше күнге 
көзден таса қылып жатқан кез. Сол сәт тағы бір жарылыс жа-
салады. Соны пайдаланып Иванюктен: «Штабтың дәл іргесінен 
жасалған жарылыс ауаға әсер етпей ме?» – деп сұрайды. Ол 
оған күдіктене бір қарайды да: «Бұл жерде уранмен жарылыс 
жасауға болмайды. Жарылысты динамит, ең күштегенде, тро-
тилл қолдану арқылы жасау керек. Ал мына алдыңда тұрған 
тас «маялар» – түгелдей уран үйінділері. Егер уранды уран-
мен жарса, миллион градустан астам қызуға шыдамай тау жы-
ныстары реакцияға ұшырап, тіршілікке зиянды химиялық 
элементтер шығарады. Оған шахта ішінен тарайтын метан 
газының «уын» қосыңыз. Бұл – өте қауіпті», – деп түсіндіреді. 
Міне, полигон халыққа қандай «сый-сияпат» тарту еткенін 
байқап отырған боларсыздар.
1963-1970 жылдар аралығында бұрынғы Кеңестер Одағы 
ядролық полигондарда сынақ жүргізбеу туралы мораторий 

42
жариялап, үндеу қабылдады. Бірақ бұл дүние жүзі халықта-
рын алдау болып шықты. Сол аталмыш уақыт ішінде бейбіт 
мақсатта деп жер бетінде 27 рет ашық жарылыс жасалса, соның 
6 жарылысы Сарыжал жерінде жүргізілді. 1964-65 жылдарда 
Чурек, Тайлан, Мәстен қыстақтары аралығынан екі атом көлі, 
Шаған, Ащысу өзендерінің түйісінен ұзындығы – 14, көлде-
неңі – 9 шақырым «Атымтай» атом көлі жасалды. Әскерилер 
бұл көлді «Балапан» көлі деп те атайды. Оның зардабының 
соншама күштілігін білген әскери әкімшілік көл жағалауына 
бір жыл бойы күшті күзет қойды. Соған қарамастан Қабден 
түн жамылып, қасына облыстық санэпидстанцияның сол кез-
дегі радиологі А.П. Уваровты ертіп алып, жасырынып ба рып, 
көлдің радиациясын өлшеп қайтты. Сондай зерттеу нәти же-
сінде адам бойындағы радиация дозасын дәрі арқылы дене-
ден шығаруға болатын әдіс ойлап табады. Қабденнің ондай 
жетістіктерін растайтын 1989 жылы 12 қыркүйекте тексеру-
ден өткен №Е-754 құжаты бар.
Міне, осылай Қазақстан халқының ажал аждаһасына ай-
нал ған Сарыжал елді мекені 1990 жылға дейін құпия сақта-
лып келді. «Халқым» деп қан жылаған Қабден Есенғарин 
сын ды ел азаматтарының арқасында мұндағы сойқанды қасі-
рет шетелдіктердің құлағына шалынып, солардың үрейлі ай-
қайларының нәтижесінде әлем жұртшылығының назарын ау-
дара бастады. Германияның «Шпигель» журналы 1992 жылы 
шыққан бір нөмірінде Сарыжал жеріндегі полигон құпиясының 
біраз мәселелерін ашып жазған. Сонда жарылыстың кіндік 
орталығындағы Сарыжал, Сарапан, Шынжы жерлерінде 100 
килотонналық бомба жарылғанда жер қозғалысы 5,5- 6,5 балл 
деңгейінде болатыны көрсетілген.
Сондай-ақ, жапониялық киношылар тобындағы Кэидзи 
Накадзава, Масаюки Хаяси, Хироси Сакано, тағы басқалар 
Сарыжал жеріндегі атом көлдерін, «Атымтай» жазығындағы 
№1331 скважинаны киноға түсіріп қана қоймай, жарылыс 
орындарын тексеру, зерттеу жұмыстарын да жүргізе келіп: 
«Мынау аждаһадай аузын ашқан нағыз ажал аймағы екен», – 
дегендері бар.

43
Қазір еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қол-
дап, халқымыздың сүйікті ақын ұлы Олжас Сүлейменовтің іс-
әрекет жасауының нәтижесінде жарылыс тоқтатылды. Бірақ 
көрсеткен зардабы, тартқызған залалы әлі де кетер емес. 
Ендеше, бұдан былайғы уақытта қазақ халқын Құдай қол-
дап, Алла жарылқасын! Әмин!

44
АТТЫДАН ЖАЯУ ЖҮРІП КЕГІН АЛҒАН
Халқымыздың өнер тарихына мәңгі өлмес атын жазып 
қалдырған, шынжыр балақ, шұбар төс заманның бетіне 
арсыз дығын басып, тағдырының тарғыл түсті талапайлары-
на мойымаған, туа өмірдің өгей баласы сияқты теңсіздіктің 
тезіне түскен, өз сөзімен айтсақ: «Әділетті жүргізіп, жауыз-
дықты жерлесем», – деп мұрат еткен, сөздің семсерін сертке 
ұстаған азамат ақын, өмірлі өнерпаз, күрескер тұлға – Жаяу 
Мұса Байжанұлы. 
Оның ғұмыр жолы тайғақты да тартысты. Заманы ның 
зарын, қарашаның халін естисің туындыларынан. Мұса жай-
лы кесімдерді өзінің құрдасы, ғұлама Шоқаннан асырып кім 
айта алар дейсің? «Оның көк етікті көпке ұқсамайтын мі-
незі бар. «Жаным – арымның садағасы» деп ант етіп, оны 
өзіне бойтұмар еткен ердің әлі де алысқа ұшар, ұзаққа 
сілтер тұрқы бар. Көзінде от, жүрегінде жалын, өңінде қай-
рат-жігер табы жатыр. Мойымаған, жасымаған. Баян басы-
на шыққан жас емендей ешкімге иілмеген. Алдау мен арбауды 
қорлыққа санаған намыскер». 
Аттының арын сынаған заман Жаяудың жанын шыға-
ра алмаған. Әділет іздеп, зорлық-зомбылыққа қарсы күресіп 
өткен оның шығармаларында өмірінің өткелі, күрсінісі мен 
мұңы, бақыты мен соры бар. Сарыбелдің сауыры, Баянның 
ба уырында жүріп-ақ Жаяу Мұсаның көңілінің кептері алыс-
алыс көкжиектерді шолған. Сол күндердің күнесінде тұрған 
ұлы есімнің ұлағат сыйлар өнері жыр болып төгіліп, сыр болып 
өріліп, ән болып қалықтап, шабыт боп шарықтап, ғасырлар 
керуенімен келер күндерге көш түзеген.
Жаяу Мұса – тұлға. Жаяу Мұса – тағдыр.
Өлең емізіп, өнер сауғызған өлке өз өренін өзекке тепсе 
өзегіңді өксік шалмас па? Сол өксік серт болып серпіліп, дерт 

45
болып шертіліп, намысыңның найзағайын ойнатар. Шырма-
уы көп шырғалаңнан шырай іздер шақ емес ол. Есер обырдың 
ессіз әрекеті естіні есейтпей қойсын ба? Бір мүшелге толар-
толмастан елден безіп, Омбы мен Қызылжарды кезіп, тыншу 
алмас дүниенің тылсымдарын сезіп қайтуы ғұмырының келесі 
кезегінің беташар сапары іспеттес.
Жаяу Мұса – мұнар күнде мұз жастанып, қар кешіп арпалы-
сып өткен арыс ақын.
Үш жүзге мағлұм болған атым Мұса,
Жігіттер, шешен болсаң маған ұқса.
Сыртымнан мені қазақ қашқын дейді,
Көрер ем қашқындықты күнім туса.
Осы шумақтың өн бойында қатыгез тағдырға деген қай-
сарлық та, жасымайтын жігер де, ақындық адуын мінез де бар. 
Жаяу Мұса топас тобырдың торына шырмалып, торғайдай 
шырылдап 12 жылға Тобылға жер ауып айдалып кете барады. 
Одан әрі солдат тірлігін кешіп сапқа тұрады. Жат жердің дәм-
тұзы бұйырып, өмір көріп, өнер шыңдайды.
Тобылға он екі жыл мен айдалдым,
Артымда, елім-жұртым, бәрің қалдың.
Жазығым еш адамға жоқ болса да,
Нақақтан жазаландым, көп сандалдым, –
деп шерлі көңілдің қылын шертер кезі де осы тұс.
Жаяу Мұсаның күрескерлігі – әлеуметтік жағынан алғанда, 
саяси саналы күрес. Оның наразылығының негізі Шорман әу-
летіне кектенуден туған деген түсінік жаңсақ пікірге әкеліп 
ұрындыратындай. Жайдың отындай лапылдап, сұңқардай 
саңқылдаған ақын көзқарасынан туған күрестің Сүйіндік 
атамның сүйкімді бұтақтары Айдабол-Қаржастың арасындағы 
дау-дамай, ессіз егестен гөрі де ауқымды, арналы екендігіне көз 
жеткізу қиын емес. Ол зорлықшыл заманның запыран құсарын 
сезген де, обыр ойлы озбырлыққа өлмес өнердің өшпес рухы, өр 
толқынымен қарсы тұрған.

46
Жаяу Мұса жайлы сөз болғанда елдің есіне бірден түсіп, 
жадында жаңғырары – атақты «Ақ сиса» әні. Бұл әннің шығу 
тарихы жөнінде бізге жеткен деректерде домбыра, сырнай, 
скрипканы кезек тартып, берісі Омбы мен Қызылжардан әң-
гіме тиегін ағытатын көкірегі сара, ойы дара Байжанның Мұ-
сасының елге қадірінің артуы Шорман тұқымына ұнамайды. 
Шорманның Мұстафасы бір күні Мұсаның жалғыз атын тар-
тып алып, жүгенін қолына ұстатып, ерін арқалатып жібереді. 
Осы жерде академик Ахмет Жұбановтың Жаяу Мұса жөніндегі 
мақаласында: «...Бұған дейін үлкен аға әншілердің репертуа-
рынан орыс, қазақ, татар әндерінен домбырасына, сырнайына, 
скрипкасына қосып орындап, өзі ән шығаруға әлі ерте деп кел-
ген Мұса тап осы арада жаңа бір жігерге мінеді. Өзінің халық 
аузында күрестің гимні болып кеткен атақты «Ақ сиса» әнін 
шығарады.
Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса,
Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса?
Шорманның Мұстафасы атымды алып,
Атандым сол себепті Жаяу Мұса.
Жаныма батқандықтан ашынамын,
Мен неге жаяумын деп басыламын?
Малым жоқ Шорман айдап алатұғын,
Қылығын Мұстафаның паш қыламын... –
деп, жоғарыда айтылғандай, Шорманның қара күшіне өнер-
дің тотықпас, жеңілмес күшін қарсы қояды. Жаяу Мұсаның 
бұл өлеңі Шормандарды, феодалдықты мәңгілік бетіне күйе 
жағып масқаралап кетті және орындаған сайын зорлықшылар-
ға бір үкім құрылып тұрады.
«Ақ сисаның» өлеңі осындай болғанда, әні оған сай. Ол 
бұрын-соңды қазақ халқының музыкасында болмаған үлгі, 
басталғаннан Мұстафаны «жағадан алғандай» күшті, сер-
пінді, дауыстың жоғарғы регистрінен алып кеткен дыбыс, 
сол сатыдан түспей, өршеленіп, екіленіп, автордың рухани 

47
күшінің анау-мынау «белдеу күштен» басым екендігін көр-
сетеді. Сол екпінімен, сол жігермен ән аяғына дейін барады. 
Қайырмасының өзі де «гәгә-ги, гәук-ки» деп, сөзсіз келсе 
де, ашу, кейіс дыбысындай, қышырланып, үдей түсіп, тек 
аяғында «айтарымды айттым!» деп құйқылжып барып біте-
ді», – деуінен көп сырды аңғаруға болады». Демек, «Ақ сиса» – 
Жаяу Мұсаның елге атын кең жайған, қазақтың кең сахарасы-
на лезде тараған ән. 
«Ақ сисадан» басқа Жаяу Мұсаның «Сұрша қыз», «Хаулау», 
«Көгершін», «Сүйіндік», «Баянауыл», «Гауһар қыз», «Тол-
ғау», «Шормановқа» сияқты ақын-сазгердің атын Алашқа 
әйгі леген тамаша әндері бар. Жаяу Мұса әндерін Борис Ер-
закович, Ғазиза Жұбанова зерделеп, зерттеп, симфониялық 
шығармалар жазды. Белгілі өнер зерттеушісі Илья Жақанов 
ағамыз оның әндері жайлы толғамды ой, тың пікірлерін айтып 
та, жазып та келеді. Жазушы Зейтін Ақышев Мұса Байжанұлы 
өміріне байланысты көлемді роман мен пьеса жазғаны қазақ 
қоғамының көзіқарақты оқырманына аян.
«Ол – өзіндік өнер тілімен қосылған кең арна... Мұсаның 
музыканттық өнерінің басқалардан ерекшелігі – қазақ топы-
рағында бұрын өрістемеген күлкі-ойнақы элементтердің кө-
ріне бастауы. Айта берсеңіз, оның кейбір музыкалық шағын 
шығармалары биге шақырып тұрғандай естіледі. Ол мозурка 
ырғағынан да түсінік алған адам деп ойланбай, батыл айтуға 
болады», – деп ой түйеді академик, өнер зерттеушісі Ахмет 
Жұбанов.
Мұса туралы жазған өнер зерттеушісі А. Затаевич оның өз 
тұсындағы халық композиторларына қарағанда жан-жақ-
тылығына баса назар аударады. Оның әндерінде орыс, та-
тар музыкасының ырғақ, элементтерінің болуын, қазақ ән 
сөздігіне басқа елдердің интонациясын қосқанын біздің өнер 
зерттеушілеріміз де жоққа шығармайды. Бұл Мұсаның музы-
ка аспабының сан түрінде ойнап, әлем мен Батыс классикасы-
нан хабары барын танытса, екіншіден, орыс пен татар саздарын 
көкірегіне құйып берген түрлі «сапарларының» жемісі деуге 
болар. 

48
Ән мен жырдың ордасы Баянауланың алтын бесігі қандай 
жағдайда да оны сазға тербетті, шуаққа шомылдырды. Осы 
өңірдегі ән мен әншіліктің жалғасын тауып келе жатқан үлкен 
дәстүрі Мұсаны айналып кетуі мүмкін емес еді. Біржан сал мен 
Ақан серінің, Құлтума мен Жарылғапбердінің нәзік иірімде-
рі, асқақ нақыштары зердесіне қонақтап, көңіл көліне қонып 
жатса, сезімін ән оятпай қайтеді? «Гауһар қыз» сияқты қазақ 
ән өнерінің шедевріне айналған әндер соның жемісі шығар. 
Мұса өмірін зерттеушілер оның Петерборға Кострома, Ярос-
лавль арқылы барғанын, одан Польшада, Литвада, одан Влади-
мир қаласында болғанын, Черняев отрядының құрамындағы 
кездерін ақынның өз қолжазбасын алға тартып дәлелдейді.
Оның «Құлбай бай», «Шолпан» сияқты ойнақы да жеңіл 
әндері сарказмға, қалжың мен мысқылға толы. Жаяудың 
күлкісінен күрсініс туады.
Құлбай байдың тұсағы,
Өткір екен пышағы.
Өзі оңбаған болса да,
Қызының жақсы құшағы, –
деп өзінің алатын жары Сапарды байдың сезімсіз тірлігінен 
оқшаулап алғысы келеді де, ән қайырмасында өзіне ғана тән 
екпінмен ойнақтатып, құйқылжытып: 
Әй, Құлбай бай, Құлбай бай! 
Әнім менің красивай, 
Қыпшақский жәрмеңке-ай, – 
деп өзінің жүрген жүрісі қалың қыпшақ ішінде жәрмеңкедей 
екенін айтады.
Осы дәстүрде орындалатын әннің бірі «Шолпанда»:
Таң алдында Шолпан туса,
Тартқан сымдай белін буса.
Неше алуан ән шырқайды
Сол сипатты Жаяу Мұса, –

49
деп сызылтқанда, бір қарағанда татардың жеңіл әуеніне ұқса-
ғанымен, мұнда әлемнің әсемдігін, жаратылыстың жарығын, 
табиғаттың тылсымын аңсаған көңілдің аңсары, ынтызар жү-
ректің дірілі бар.
Жалпы, Жаяу Мұса – сан қырлы талант иесі, сол кездегі 
қазақ қауымынан шыққан қайраткер дәрежесіне көтерілген 
тұлға. Ол – көкірек көзі ерте ашылған, заманының қан тамы-
рын тап баса алған ойлы адам. Оның «Олжабай батыр» дас-
танынан бастап, Пушкинге, Гогольге, Глинкаға, Кутузовқа 
арналған өлеңдерінен ақынның интеллектуалдық бай мұра-
сын тану қиын емес. «Баянауыл дуанында», «Жұлдыз» атты 
өлеңдері, «Данышпан қыз» дастаны – көркемдік көрігінен шық -
қандай дүниелер. 
Өзі де құс салып, ит жүгіртіп аң қаққан Мұсаның жырла-
рының бір парасы осы кәсіпке арналады. Осы санатта 
«Жақ сы мылтық», «Қаршыға», «Бүркіт», «Қақпан» секілді 
өлеңдерін атап айту абзал.
Оның кез келген шығармасы өмірінің дерекнамасы сияқ-
ты. Мәселен, «Жорға қоңыр», «Жетісу» әндері Жаяу Мұсаның 
Жетісу өңіріндегі Үйсін, Дулат, Жалайыр арасында, Қаратал, 
Көксу бойында өткен күндерінің естелігі іспетті.
Жаяу Мұса – әлі де зерделеуді қажет ететін халқымыздың 
біртуар ұлы. Бүгінгі ұрпақ Қайрат Байбосынов сияқты же-
келеген орындаушылардың жекелеген әндерінен басқа, ғұ-
мырбаяндық қысқа деректен басқа ақын ғұмырының сан сала-
лы тармақтарына бойлай бермейді.
Жаяу Мұсаның Абай, Шоқан, Сұлтанмахмұт, Иса, Тәттім-
беттермен кездесуі жөніндегі айтылып келе жатқан деректер 
өте жұтаң. 
«...Жаяу Мұса әндері ауыздан-ауызға таралып, Абай ау-
ылына да жеткен. Әндердің өзгеше құрылымына, болмы-
сына, саздылығына тәнті болған ақын оны Мақай деген кісі 
арқылы сәлем жолдап, Шыңғыстауға шақыртып алады. Айна-
ласындағы ақын, жыршы өнерпаздармен бірге Жаяу Мұсаның 
әндерін, өлеңдерін Абай ықыласпен тыңдаған. Музыкалық-
эстетикалық талғамы қалыптасқан ақыннан ол Батыс елде-
4-267

50
рінің әдет-ғұрпы, өнері, халықтарының тұрмыс-тіршілігі жа-
йын да сұрап біледі. Абайдың ақыл-парасатына риза болған 
Жаяу Мұса:
Құнанбайұлы Ыбырай,
Өнерің жүр зымырай.
Бір ауыз тағылым сұраймын,
Білмедім жұмыс түрін-ай,
Бір жақсыға, бір жаман
Тұрмайды екен ұрынбай, –
деп өзінің ақыннан ақыл-кеңес күтетінін білдіреді». 
Бұл дерек «Абай» энциклопедиясында Ә. Телғозиевтың ав-
торлығымен беріліпті.
Зейтін Ақышевтің «Жаяу Мұса» романында шешесі өлген 
Мұсаның он үш жасында нағашыларының ауылын бетке алып 
қашып, одан әрі Қызылжар мен Омбыдан бір-ақ шыққаны су-
реттелсе, академик Ахмет Жұбанов өз зерттеуінде Мұсаның 
жалғыз атын анасы Нақыш ауылға келгенде «аяқ-лау» бол-
сын деп бағып, баласын сағына күткені айтылады. Мұса ғұ-
мырбаянында Шорман төңірегіне, жер мәселесіне байланыс ты 
да, генерал-губернаторға, оязға жазған шағымдары жайлы әлі 
де байыптай түсетін деректер аз емес.
Қара сөздің хас шебері, ойын дәйекке орап жеткізетін жазу-
шы ағамыз Қалмұқан Исабаевтың аузынан мына бір әңгіме  нің 
желісін құлағым шалғаны бар: «Сөз жоқ, Шорманның Мұс-
тафасы мен Жаяу Мұса арасында тартыс болған. Ел ішінде 
мынандай да бір әңгіме бар. Шорман ел аралап жүрсе, Ай-
дабол ішіндегі Малқозы Байжан деген кедейдің бір ұлының 
аты Мұса, екіншісінің аты Мұстафа екенін біліп, қатты ашу-
ланады. Екеуі де Шорманның өз ұлдарының есімдері ғой. 
Байжан сол өлкенің аса абыройлы адамы Шорманмен дәулет 
таластыра алмаса да ұрпағының сәулеті кем түспесін деген де 
шығар. «Жоқ, бұлай болмайды, – депті Шорман, – бұдан былай 
үлкеннің аты Жаяу Мұса, кішісінің есімі жалаңаяқ Мұстафа 
болсын».

51
Бұл енді елден естіген әңгіме. «Мұсаға Жаяу деген атты 
Шорманның өзі қосып берген, Мұстафа оның жалғыз атын тар-
тып алып не қылсын...» дейді біреулер. Бұл сөздің ақиқатын 
бір Құдай білер, ал менің айтпағым, 1840 жылдардың екінші 
жартысында Баянауыл түгелдей Орыс казачествосының запас 
жеріне айналды. Шоң сол аймақтың алғашқы аға сұлтаны бол-
ды, содан кейін Шорман болды аға сұлтан. Орыстар ағаштан 
үй салып, бүкіл жерді босатып алды, қазақ қыстаудың бәрін 
қырға шығарды. Сабындыкөлдің жағасындағы қазіргі «Фа-
кель» санаторийі тұрған жерді қазақтар бұрын «Қызылағаш» 
деп атайтын. Сол жердегі бүгінгі «Рыбный ключтің» бұрынғы 
аты «Шорманбұлақ». Шорманның Мұсасы Ақкелінге қала 
салғым келеді деп губернаторға хат жазады. Баянауыл сілем-
дерін даламен айналып өтетін Ащысу өзені бар. Сол жерге 
үлкен қорық жасалады. Архивте материал жатыр. Шорманның 
Мұстафасының губернаторға жазған хаты. Онда ағам Мұса 
үй салып жатқан жерге мен де үй салғым келеді делінген. 
Ақкелінде оған дейін бос жер болмайтын, онда Айдаболдың 
Малқозысы тұрған. Мына әрекеттің бәрі соларды ығыстыру-
дың амалы. Малқозы жақтан күресуге Жаяу Мұса шыққан. 
Бұл – жер үшін күрес. Губернатор шешімін бір рет бұздырған 
Жаяу Мұса. «Жаяу жүріп аттыдан кегін алған» деген халық 
қарасындағы сөз сол кезде айтылса керек. Орыстың саясаты – 
қазақты отырықшы елге айналдыру. Шорман балалары бас бо-
лып, тізім жасап, ол тізімге 39 адам қол қойып, губернаторға 
тағы да шағымданады. Ақкелінге қала саламыз деп. Осылай 
қазіргі Ақкелін пайда болады». 
Қалмұқан аға тағы да бір қызық деректің тиегін ағыт ты: 
«...Имантайдың Қанышы 1919-1921 жылдар аралығында 
Баянауылдағы жастар комитетінің төрағасы болғаны белгілі. 
Сонда татар көпесінің қызы Меңжамал Тамашевамен қарым-
қатынаста болып, оны халық үйіне жеткізіп береді. Оның 
ішінде қара пианино да бар екен. Жаяу Мұса халық үйіне бірде 
бас сұққанда, әлгі аспапты көреді. Бөлмеде орыс қыздары «Ин-
тернационалды» шырқап, хордың дайындығына кіріскен кезі 
еді.

52
– Жарықтық мына күймеге Қазанда қолым тиіп еді, кө-
рейінші, – деп отыра қалады да, түймелерін саусағымен түрте 
бастайды. Сәлден кейін сазды әуен әнге ілесе жөнеледі. Күпі 
киген қазақ қартына орыс-татар қыздары таңғалысып қарап 
қалған еді». 
Бұл әңгімені Қалағаң осы оқиғаның куәсі болған сол кездегі 
Қаныш Сәтбаевтың орынбасары, Баянауылдың ардагер ұстазы 
Пәкен Жүсіпбаев марқұмның өз аузынан естіпті.
Қалай дегенде де Жаяу Мұса – тағдырлы тұлға. Оның есімі 
Баянның шың-құздарын жаңғыртып, Алаштың аспандағы әні-
не айналған. Заман өзгерді, адам өзгерді. Тарихқа деген көз-
қарас та өзгеруі тиіс. Жаяу Мұса жайлы шығармалардың дені 
бұл уақытқа дейін біржақты пікірмен, қызыл империяның 
қас-қабағын бағып жазылып келгені рас.
Енді өткенді басқаша зерделер шақ туды. Қазақ сахара-
сына аты кеткен Шорман тұқымы жайлы да салиқалы пікір 
қалыптасуы керек. Олар да бір елдің бағына біткен, ырысы мен 
құты болған есімдер.
Өз елімізді айтпағанда, Қазан, Омбы, Санкт-Петербург қала-
ларындағы мұрағаттарда жатқан Жаяу Мұса өміріне байланыс-
ты материалдарды мұқият байыптап, жаңа уақыттың жаңа 
сөзін айтар кез жетті.
Қайраткер ақын, сазгер, әнші, өнерпаз өрен, арыс азамат 
Жаяу Мұса бабамыз ұрпақтарының рухын аспандатып Ақ-
шоқыда жатыр.
 Тоқсан төртте жасым бар,
Енді жүрек басылар.
Мен жүргелі жатырмын,
Қоштасайық, халқым-ау!
Қуанышым – заман кең болды,
Содан орын қазыңдар, –
деген батыр баба аманатын орындаған ұрпақ ақын аруағын да 
аялайды. Жаяу Мұса – осы елдің шырқар әні, шырқау биігі.

53
Биылғы тамыздың тамылжыған бір күндерін Жасыбайдың 
жағасында, Сабындының сағасында Баянның ұл-қыздарымен 
бірге өткізгенім бар. Алдында ғана Елбасы келіп, ұлылардың 
бесігіне бас иіп, бата алып кеткен. Ел еңсе көтере бастаған. 
Баянауылдың әкімі Қорабай Шәкіров ағамыз ел үшін туған 
ердің өзі ме деп қалдым. Абызша толғап, ақынша толғанғаны-
на қызыға қарадым.
– Жақында Жаяу Мұса бабамыздың тойы өтеді, – деді ол. – 
Енді сол шараның дайындығына кірісеміз. 
Ел жадында жаңғырар ерлер туған өлкені тек Қорабай 
Шәкірұлы сияқты азаматтар басқару керек сияқты елестеді 
маған.
Осы сапар Жаяу Мұса бабамыздың басында болып, Жаяу 
Мұса ауылынан дәм татып едім. Сол ауылдан қимастық 
сезіммен аттандым.
«Қазақ әдебиеті» газеті.
2005 жыл

54

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал