Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014



жүктеу 7.28 Kb.

бет18/19
Дата08.01.2017
өлшемі7.28 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

 «...ТАБИҒАТҚА ӨЛЕҢ АЙНАЛАР»
 Қасиетті Шыңғыстау мен киелі Қарқаралының арасында 
Берікқара атты тау бар. Біздің ұлы даланың маңдайына біткен 
таулар секілді бұл да мажар, бағзы тау. Тарбағатай сілемдері-
мен ұласып жатыр. Сонау палезой заманында қалыптасқан.
Бір тау бар біздің елде – Берікқара,
Тұрады жақын жерден төніп қана.
Алыстан менмұндалап шақырады,
Дегендей құпиямды келіп қара.
Қызылжал – бір қойнаудан үн қатады,
Қызарып сол бір Жалға күн батады.
Қазақтың қара өлеңін, құлақ тоссаң,
Ескен жел Қараөлеңнен тыңдатады.
Жабырқап біреуді іздеп Жал тұрады,
Бір мезет көкірегіне ән тұнады.
Жазықта Ноха қажыға ас берілген,
Арқаның шертпе күйі тартылады.
Қалады сол жағымда Абыралы,
Аршадан әшекейін тағынады.
Ұқсатсам сол тауларды киіз үйге,
Ақбиік – ақ орданың шаңырағы.
Жалғызтау оң жағымда қарауытып,
Мәрәмік ұшқан құстан ән ағытып.
Құшағын кеңге жайып Берікқара,
Тұрады жылда мені дара күтіп...

291
Аймалап айналаңды самал келіп,
Ақ бұлттан кигізіпті далам бөрік.
Тау едің қасиетті, кие қонған,
Тәу еттім, Берікқара, саған келіп...
Осы Берікқараның бауырында өскен Баукеңнің өлеңі бұл, 
Бауыржан Жақыптың. 
Біздің дархан халықта әр әулиесіне бір-бір биік, әр ақынына 
бір-бір тау сыйлайтын (атын беретін, телитін) дәстүр бар емес 
пе еді. Сексенінші жылдары әдебиетке келген буынның ішінде 
серілігімен де, сергектігімен де, сыршылдығымен де өзі де бір 
биік Бауыржаннан аярым бар ма, баяғының шайырларынша 
шалқыма көңілмен осы тауды саған қидым дейін десем, бұл 
екеуінің тарихы тіпті арыда жатыр екен. 
Бұрын Құран Кәрімде айтылып, кейін ғалымдар ашып, 
таудың да тамыры болатынын білдік. Бауыржан Жақып – сол 
Берікқараның тамырына берік байланып, түп-тұқиянымен 
бітісіп, тұтас болмысымен жымдасып кеткен ақын. Жоғары-
дағы өлеңінің өзінен соны аңғаруға болады.
Берікқараның қызылқоңыр топырағы жүзіне қызылкүрең 
шырай беріп, селеулі беткейлерінен селдір шашына дейін 
аумай қалған. Есте жоқ ескі замандарда Берікқараның ба-
тыс бөлігі силур (палезой кезеңдері) жыныстарынан түзілсе, 
Бауыржанның болмысы сақ заманындағы салқам сезімдерден 
(«садағындай боп сақтардың»), Берікқараның шығысы де-
вон кезеңі жыныстарынан болса, Бауыржанның жаны Дешті 
Қыпшақтың дауылпаздығынан («жарқ етті найзағайларым, 
қыпшақтың қылышындай боп»), Берікқараның енді бір беткейі 
ордовик кезеңі жыныстарынан болса, Бауыржанның табиғаты 
ортағасырлық түркілердің тектілігінен («Көктүріктің мәңгі 
тірі рухымын») туғандай. Ақынның Қызылқұмның жерін-
дегі «төрт мың жыл бұрын болған гуманоидтардан» бабасын 
іздеп жүруі де төрт жүз миллион жыл бұрынғы кезеңдерде 
қалыптасқан тауды сүйіп, тасын маңдайына басқандығынан 
да шығар. 
Табиғат лирикасының талғампаз жыршысы Бауыржан Жа-
қыптың түпкі дүниесі, тұңғиық сыры – осы Берікқараның 

292
бітімінен-дүр деп білеміз. Сол таудың тағдыры ақынға көш-
кендей, сол таудың зар-мұңын ақын арқалағандай, сол тау 
арқылы бүкіл қазақ даласын жырлайды, сол Берікқараның өзі 
болып ұлан-ғайыр байтақ өлкені кезеді. 
Қылаң беріп қырды асқан мынау таңдар менікі,
Мынау өзен, мынау көл, мынау талдар менікі.
Ай мүйізі нұр шайқап, күн арқандар арқарлар,
Шыңдарына шыршалар шығар таулар менікі.
Жасын жыры менікі, жаңбыр әні менікі,
Жағажайдың балауса балқұрағы менікі.
Дөң маңдайлы, тұма көз құба жазық менікі,
Жыра қазып жол ашқан тау бұлағы менікі.
Қызыл-жасыл гүлдері, шалғыны да менікі,
Адамдардың сан қилы тағдыры да менікі.
Ақын болып туған соң, жырлау керек бәрін де,
Аспан асты, жер үсті – 
Барлығы да менікі! («Ақын монологі») – 
деп таңбасынан танып, ен салып еншілейді де:
...Шөкімдей ақ бұлт көрсең көк жүзінен,
О, жұртым, менің жырым деп ойлағын;
немесе:
Көкөрім шыбық көрсең көктемеде,
Ойларым ол да менің бүршік атқан;
яки:
Уақытты шырқ үйірген құйын көрсең,
Ішінде сол құйынның өлеңім бар;

293
...Көл көрсең көз алмаған түнгі аспаннан,
Дүние, мені есіңе бір аларсың... («Элегия»);
болмаса:
Даламын – мен, созылған даламын – мен,
Баяу ескен самалмен аламын дем.
Көк жүзіне аударып көл көзімді,
Ойға батып кей кезде қаламын мен («Дала»);
тағы да:
Таумын – мен, аспан төсін еркін емген,
Күйлерін биіктіктің шертіп, өрген.
Ешқашан аласармау – шыңдарымның
Алдында құдіреттің серті берген.
Тәкаппар тұлғам осы төмендемес,
Сол тұлғам тұтасымен өлеңге көш.
Шоламын қарауылдай кең даланы,
Қыраттар мен көргенді көрем демес («Тау»);
одан соң:
Аспанды демім шарпыған,
Бұлтпын – мен көкте қалқыған.
Анаға құштар сәбидей,
Жетем деп күнге талпынам («Бұлт»);
 
ары қарай:
Қынамын – мен, қынамын,
Қойтасқа өрлеп шығамын.
Жабысып жартас басына,
Қайызғақтанып тұрамын, – 

294
деп сол табиғаттың өзіне айналып (құдайым-ау, ең ақыры 
қынасына да), «мен – бір жалғыз сәулемін жерден өнген», «мен – 
бір жалғыз тамшымын шөлдеп өлген» («Жалғыз»), «ұшып бара 
жатырмын құсқа айналып» («Ақмешіт») деп, табиғаттың өзі 
болып жырлайды. Жырлағанда, жағалауда тұрып жарқабақты 
ұрған толқындарға, етегінде тұрып, жел мен жаңбыр тоз-
дырған шыңдарға, саясында тұрып, жапырағын самал ойнат-
қан қайыңдарға қарап, сүйсініп жырлаушы ғана емес, сол 
жарқабақ болып, сол шың, сол жапырақ болып түйсініп жыр-
лайды Бауыржан Жақып.
«Аспаны – ұлы суретші», «аспаны – фотограф» («Ақ нөсердің 
астында»), «күні – альпинист» («Жасыл әлем»), «қыраттары – 
батыр, гүлдері – орден», «тауы – қария», «бұлттары – бәдәуи», 
«айы – қайық» («Ертіске сыр»), «жанары – объектив, жү-
регі – фотоаппарат», «ұшқан бұбұлдары – қарағайлардың 
әндері» болатын ақынның мәңгі жас, мәңгі жасампаз сұлу 
әлемі сүйсіндірмей, сұқтандырмай қоймайды. Оның әлеміне 
енгің келеді, бірге ілесіп жүріп, үзеңгі жолдастықпен, үзілмес 
сыйластықпен сапар шеккің келеді. 
Ол жырлағанда – дүние өзгеше. Ол жырлайтын «көк жота, 
қызыл адыр, күрең белі, тойған қозы секілді дөңдерімен» ат ба-
уырымен шық кешіп кезгің келеді екен кең дүниені.
Тербетіп Оңтүстікті, Арқаны үнмен,
Қазақтың қоңыр күйін тарта білген,
Алтайдан кең көсілген Атырауға,
Сүйемін кең даламды жан-тәніммен
                                                   («Менің далам»).
Осылай деген ақын «түйе таулары түрегеліп кетердей» бай-
тақ даланы суреттегенде, сағым көшкен сар дала сана түк-
піріне шөге береді, шөге береді. Осы бір өлеңінің өзінде жуса-
ны мен бетегесі, жыланшөп, түйетабан, жалбызы, құлқайыр, 
итошаған, киікоты, сүттіген, атқұлағы, ханқызы, қарақат, 
бүл діргені, долана, жиде, мойылы, шиі, қамысы, терегі, үйең-
кісі, қайыңы, ыққыны, көкбедесі, шыршасы, аршасы, селеуі, 

295
сасыры, қияғы, шытыры, тобылғысы, қызғалдағы, сар-
ғалдағы, тораңғысы, қарағаны, жантағы, адыраспаны, ке-
кіре, ерменқурай, меңдуана, қырықбуын, шашыратқы, изені, 
айғыржуа, итмұрыны, сорасы, есекмия, дерменесі, ақ шең-
гел, қара шеңгелі, рауғашы, қымыздығы, кәуілі, бидайық, 
жыңғыл, мыңбас, жолжелкенін сыйдырып, сүйдіріп үлгереді. 
Енді бақсақ, сол даланы сүйдіріп, сол далаға ғашық еткенде, 
таңдансын, тамсансын демеген екен, толғансын, тозғанын 
көрсін, зарын естісін деген екен оның жүрегі. Бауыржан болып 
сол даланың әнін айтса, Берікқара болып зарын айтқан екен. 
Құлпырған құлан жазық, құмай белің,
Шыңғыстау, Абыралы, шұрайлы едің.
«Сол бағың қайда кеткен бастан ұшып,
Сол шағың қайда кеткен?!» – сұрайды елің...
Жазығың бұрынғыдай гүл тақпаған,
Төсіңді қайғы басып, мұң қаптаған.
Мен де енді өзің болып толғанайын,
Тозған жер, жүдеу өлкем, сырқат далам, – 
деп кешегі зұлмат жылдардың зардабын, долы қолдардың 
даланың алқымында қалған қанды ізін көрсетеді. Алдында 
тау болып жырлағанында тауға айналғандай күй кешсек, енді 
Дегелең тауының зарын айтқанда жауға айналғандай қуыстана 
бастайсың. Дегелең тауы былай деп жырлайды:
...Ақша бұлт басымдағы сеңсең еді,
Ұлдарым – шоқыларым еңселі еді.
Тіл бітті бүгін маған, бәрін де айтам,
Ей, адам, сен сенбесең, жер сенеді.
Күлмін – мен, тау емеспін, үйіндімін,
Шертіліп жатыр соңғы күйім бүгін.
Сан алуан дүниедегі таулар үшін
Көтеріп тұрмын тірлік қиындығын.

296
Көкірегім, күл болсам, тола жара,
Қасымнан қоныс тепті «мола» жаңа.
Жүрегім соқпайды енді, демім бітті,
Ей, таулар, жиналыңдар жаназама!
Дегелең Берікқараны жаназасына шақырғанда, ақын оқыр-
манына оны қалай айтпасын?! Ескертпеде өзі де көрсеткенін-
дей, Дегелең тауының астында ядролық сынақтар нәтижесінде 
көп мөлшерде радиоактивті қалдықтар қоймасы қалыптасқан. 
Өз қуатын мыңдаған жылдар бойы жоғалтпайтын плутоний 
газы бір кездері жер үстіне жарып шығып, аса қауіпті апат бо-
луы ықтимал екен. 
Өң жоқ, түс жоқ ажарымды
Көз жасыммен сулап та алғам.
Тыңда бәрің азалы үнді,
Тоғаймын мен қурап қалған.
Тіршіліктен кенде қалдым,
Тамыз көзден түсті көп шық.
Ей, жұмбақ дерт, меңдеп алдың,
Қу тіземді құштым өксіп, –
деген қураған тоғайдың соңғы сөзі сай-сүйегіңді қалай сыр қы-
ратпасын?! Сұлулықтың артындағы ұсқынсыздықты, ұсқын-
сыздықтың артындағы шарасыздықты, шарасыздықтың ар-
тын дағы өмір үшін күресті жырлайды. 
Мен – боз даламын!
Қоршалдым.
Дүмпулерден тозды алабым.
Орыны тілім-тілім сорға айналып,
Сағынып жатыр көлім қаздар әнін.
Мен – боз даламын!
Жылайын десем, жасым жоқ,

297
Тарайын десем, шашым жоқ.
Әлдекімдердің қолымен
Көкірегіме басылды от;
немесе:
Құдайға жылап, табындым:
«Қайтар, – деп, – титтей жұрнағын 
                                                                қуатты ағынның».
Бітеліп қалған көздері ашылар ма еді,
Мен тұс-тұстан демейтін бұлақтарымның.
Айқайласам ба шыңғырып өктем,
Толар ма еді арнам тек сонда ындыны кепкен?! 
(«Тартылған өзеннің мұңы»);
немесе:
Айдала – тозақ,
Айналам – азап,
«Құтқар!» – деп Айға жалындым.
Мойнымда – қамыт,
Қойнымда – тамұқ,
«Құтқар!» – деп Күнге табындым.
Баладай өксіп жылаймын,
Қашанғы мен де шыдаймын?!
Жер шарын кезіп жүрейін,
Барамын қайда?
Молаға барып түнейін... («Желдің жоқтауы»).
Міне, осылай дала шаттығының симфониясы дала қасі-
ретінің реквиеміне айналады. Ақын соны айтады, соны жыр-
лайды. 
Біз бұл мақалада Бауыржанның ғылым көкжиегіндегі же-
тістіктерін, атақ-абырой, марапат-мадақтарын сөз етуді мақсат 
етпедік. Сол жетістіктерінің бәрі, түптеп келгенде, ақын жы-
рына қызмет ететіндей елестейді маған.

298
Бауыржан Жақып поэзиясы, оның табиғатты жырлаудағы 
лиризмі мен трагизмі, оның формалық, мазмұндық жаңашыл-
дықтары, оның қазақ өлеңінде әже культін биік деңгейге 
көтергендігі, сан қилы кезеңдер жыныстарынан тұратын 
Берікқара секілді сан қырлы, сан қатпарлы Бауыржан Жақып 
болмысы, табиғаты жайлы әңгіме енді айталады. Бауыржан 
Жақып кешіп келген елу жыл Берікқара тауы кешкен бес жүз 
миллион жылдай мазмұнды, мағыналы деп білеміз. 
Бауыржан Жақып,
Бауыр баласың,
Балаған жырды дауылға Қасым.
Жаныңды, жаным, жұрт қайдан ұқсын,
Ақындық дертпен ауырмағасын.
Сапарда сені сынап елеңдер,
Қасқа бұлақтар,
Құба белеңдер.
Шыңғыстан шыңға қанат қағады – 
Қазаққа біткен қыран өлеңдер.
Өнерге іштей бекіп таласың,
Жететін жерге жетіп қаласың.
Ағалар асқан асыл асумен
Ауылыңа қарай кетіп барасың.
Ақынға Алла ақ ғұмыр берген,
Сорын да берген,
Шаттығын берген.
Естелік болып есілсін өлең – 
Тіршіліктегі тәтті күндерден.
Аспаннан ақық,
Жауыннан жақұт,
Іздейсің білем дауылдан бақыт.
Ататын таңды аялап бүгін – 
Жыр оқиықшы, Бауыржан Жақып!..

299
ӨЛЕҢДІ КІМ ҚОРҒАЙДЫ?
«Анық ақынды арашалайық»
Өлең, әдебиет атаулыдан сәл мақұрымдау инженер досым 
бірде мынандай әңгіме айтты:
– Кеше бір үйде қонақта болдық. Отырыс сондай қызықты 
өтті. Онда үш кісі, сосын бір ақын болды...
Бәлкім, ол осы сөзді ойланбай-ақ айтқан шығар. «Ақын 
кісі емес пе?» деген сұрақ көкейімде кептеліп қалды. Бірақ он-
сыз да жан дүниесі жүдеу әкімсінген мықтыға ақынның шы-
нында құбыжық болып көрінуі мүмкін. Өмірде осыған ұқсас 
жәйттерді жиі кездестіреміз. Бұған әлде ақын атын жамылған, 
көздері кілегейленіп, өз буына өзі ісіп-кеуіп жүрген, шеттерінен 
«ұлы», мақтаншақ ақынсымақтар кінәлі ме? Әлде бар-жоғы 
2-3 мың дана тиражбен шығып, дүкен сөрелерінде шаң ба-
сып тұрған, ішінде іліп алар бір шумағы жоқ сапасыз жыр 
жинақтары кінәлі ме? Бір ақиқаты – поэзияның жанкүйерлері 
жоғалған жоқ. Бірақ олардың сенімі суыса, 2-3 мың тиражға да 
зар болып қалуымыз мүмкін-ау.
Рас, Сәкен Иманасов мақаласын ашынып жазған. Бірақ 
ашыла қоймаған. «Ендеше өз арбамыздың дөңгелегін дөңгелете 
алмай жүрген бізге белгілі бір нақты халтурщик, езбелердің 
атын атап, түсін түстеуден құдай сақтасын. Әуелі басқалар айт-
сын. Жаманатты болып неміз бар?»
Көрдіңіз бе, көбімізді осы пиғыл меңдеп, қазақ өлеңінің 
көсегесін көгертпей, арамшөпті қаулатып жібергенімізге та-
лай уақыт өтті. Әрине, ол кеселді індету оңай емес.
Ақын – өрісі кең, өресі биік ойдың иесі. Өз елінің өмірбаянын 
да жазып, жасайтын солар. Ақындық деген біз үшін сұлулық 
пен нәзіктіктің, елдік пен ерліктің символындай көрінеді.
Ендеше қазақ өлеңінің бағаналы бәйтеректерінің бірі, 
төкпе талант Ғафу Қайырбеков ағаларымыз әдебиеттің «Әбу-
лақаптарына» неге көңілжықпастық танытады? «Алуан-

300
алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» деген мақал халтур-
щик пен графомандарды қорғау үшін шыққан жоқ шығар. 
Талантсыз болса да «өлең», оған қоса арыз жазып жүрген 
«Әбулақаптардан» гөрі оқырманға қасиетті өлеңді өмірінің 
барометрі сияқты көретін, соның тауқыметін бір кісідей тар-
тып, тапқанын пәтерақыға беріп жүрген Аманхан Әлімов, 
Әбубәкір Қайрановтардың өлеңдері керек.
Сыңаржақ «сын» өлеңнің мерейін өсірейін деп жүрген жоқ, 
ақынның беделін өшірейін деп жүр. Осыдан біраз уақыт бұрын 
ортақол ақын Әубәкір Нілібаевтың республикалық үлкен 
газеттердің бірінің бетінде бүгінгі қазақ поэзиясының талант-
ты өкілі Иранбек Оразбаевтың республиканың Мемлекеттік 
сыйлығына ұсынылған жинағынан бірде-бір жібі түзу жол тап-
пай, жалпақ жұртқа жар салғаны нені көрсетеді? Бұдан кім 
ұтып, кім ұтылды? Құдайлығын айтсақ, Ә. Нілібаев Иранбек 
жырына тек «күйе» жағуды мақсат етіп қойғандай көрінеді 
оқырманға. Бірақ оқырман үшін Әубәкір – Әубәкір де, Иран-
бек – Иранбек. Бір қызығы, Иранбекті Әубәкірге, Жарасқанды 
Мыңбай Рәшевке «сойғызып» қойып, ауыздары дуалы ақса-
қал, аға ақындарымыз неге қарап отырады? Шындықтың 
жүзіне тура қарап, жөнін айтар бірі жоқ па? Сөйте тұрып, 
биік мінбелерден, жасымыз бар, кәріміз бар, «Әдебиет – ардың 
ісі» деп мақалдауға жүйрікпіз. Әдеби әлеуметтік әділеттілік 
іздейміз және.
Жарасқан, Кеңшілік, Иранбектердің қатарлары «тоқырау 
заманына тап болып тұншыққан буынбыз» дейді. Ал бүгінгі жас 
ақындар ше? Жариялылық келіп, алдарынан ақ жол ашылып 
тұр ма? Әрине, таланттыларын айтып отырмын. Аракідік бол-
маса, творчествосы талқыланып, бағасын алып жатқан оларды 
да көрмедік. Баспалар ондаған, жиырмалаған жас ақындардың 
өлеңдерін топтап, «коллективтік жинақ» дегенді тәжірибеге 
мықтап енгізді. Бұл не? Поэзиядағы арендалық-мердігерлік 
әдіс пе? Әлгі жинақтарда жүргендердің қайсысы ақын, қай-
сысы жолбике екенін оқырман түгіл, әйдік сыншыңыздың 
айыра қоюы екіталай. Қазір әнебір жылдары шығатын ортақ 
белбеулі жеке-жеке «Тұңғыштарға» да зар болып жүрген жа-
йымыз бар.

301
Біз астанадан алыста тұрамыз. Жазғанымызды оқып, 
пікір білдірер орта жоқ. Қазақстан Жазушылар одағының 
Қара ғандыдағы облысаралық бөлімшесі жезқазғандықтарды 
ұмытқалы қашан. Арыз жазбасақ та, тәңірге жалбарынып 
жүріп, бір баспатабақтай өлеңдерімнің 1988 жылы «Жалын» 
баспасынан шыққан жинаққа енгеніне шүкіршілік етіп отыр-
мын. Жырымыз жарамды болса бағасын алар, болмаса ау-
ылда жүріп ешкіммен бет жыртысар жай жоқ. Мен мұны 
келесі кітабыма пайдасы тиер деген мысық тілеумен жазып 
отырған жоқпын. Ауылдағылардың жайы осындай болғанда, 
Алматыдағы менің ақын бауырларым, құрдас-достарымның 
ақжолтай болып жұргені шамалы.
Талантты жас ақын Әбубәкір Қайрановтың:
...Ей, Алматы – астана,
Сен ұқсама басқаға.
Аталарды тастама,
Боталарды жасқама, – 
деген өлең шумағынан әдебиет ауылына ат басын тіреген 
көп ақынның, жанарлары жаудырап жүрген талай талант-
ты жігіттер мен қыздардың жайын ұғуға болады. Олар сонда 
да ешқайда арызданбайды. Хал-қадарынша өлеңдетіп, оқыр-
манды елеңдетіп, алдағы күндеріне сеніммен қарайды. Олар-
дың ішінде де кездейсоқтары бар шығар. Ондайларды бүгін 
тезге салмасақ, ертең бой бермей кетуі мүмкін.
Поэзияны жүйрік поезға теңесек, оның вагондарына билет-
сіз де жармасатын тентектер жоқ емес. Ревизор мен жолсерік 
уақтылы тексерсе, оларға айып ақша төлетіп, кез келген стан-
циядан түсіріп кетуге болады. Әйтпесе әлгі билетсіз қулар 
вагонның ауасын тарылтып, бірде тамбурға, бірде үшінші 
сәкіге тығылып, біраз жерге баруы мүмкін. Өлеңдегі жағдай да 
осыған ұқсайтыны даусыз.
Бір кезде Маяковский: «Ей, аспан, қалпағыңды ал, мен 
келемін!» – деп күркіреп жыр оқығанда, біреулер ішек-сілесі 
қатқан болуы да мүмкін. Ол сонысымен поэзияға айналып, 
ғасырларға жол тартқан жоқ па? Ендеше, өлеңнің қорғаушы -
сы – Уақыт та, ақынның қорғаушысы – Ар. Сөзімнің соңын 
мына бір жыр шумақтарыммен аяқтағанды дұрыс көрдім:

302
Неге осы мен әлсізбін, күйгелекпін,
Ұсынбайды оп-оңай сыйды ерек күн. 
Жарықшағы қалғандай жүрегімде
Лермонтов пен Пушкинге тиген оқтың.
Қайғы болып бұл тағдыр талайлы ұлға,
Жеткізбеген арманға, арайлымға.
Жең ішіне тығылған жұдырықтар 
Басын жарған кезінде Абайдың да.
Сезімге ерік ақылың бермегенге,
Мақсаттауға не жетсін өрлегенге.
Құлагердің тасада жолын тосқан
Батыраштар әлі де өлмеген бе?..
Ей, жүрегім, жылама, бұлқын, егес.
Болып кетер бұл жалған бір күн елес.
Ілиясты, Сәкенді, Бейімбетті
Бәйіт айтып тірілту мүмкін емес.
Тереңінде тербелген ғалам әні, 
Өлеңдері аққудай таранады. 
Мұқағали марқұмның жыр бәйгесін 
Көзі тірі көкектер неге алады?
Көкірек ояу, сана сау, тірімін деп,
Мықтылардың жүрсің, дос, бірімін деп.
Шыңғыртып бір айтпасаң – шындық жетім,
Жалғандыққа жанаспау – ұлы міндет...
...Абзал іні, зиялы, тамаша аға, 
Жабы мінез сендерге жараса ма?
Өлгендердің бағасын ұрпақ берер,
Тірі ақынды, адамдар, арашала!
 «Қазақ әдебиеті» газеті.
1989 жыл

БІР ӨЛЕҢІМ БАР ЕДІ...

305
ТҰРҚЫ ЕРЕК ТҰЛПАР 
ҚОСТЫМ АЛАМАНҒА
Аламанды Алашқа бақ қыламын,
Жүйріктерім,
Жүйіткіп бір шапқылағын!
Алтын жалды арғымақ жыл келеді –
Төрт аяғын тең басқан ақ пырағым.
Сағымды қыр сағынған
Құба белең,
Арғымақ жыл!
Арман ең,
Құлагер ең.
Үміттерін үкілеп арда жұрттың –
Шырақ-өлең шалқысын,
Пырақ-өлең!
Мұзарты тауларының мәңгі мұнар,
Дүние қарап тұрсам сан құбылар.
Үріккен қысырақтың үйіріндей –
Қазақтың таланында тағдыры бар.
Жалғанның жарық күні
Тіріге құт,
Жүгірер көз ұшында ғұмыр-елік.
Айрылып ақтабанда анасынан,
Шұрқырап қайта тапқан құлын едік.
20-267

306
Дүние қарап тұрсам дара шыңдай,
Көзімнің ағы менен қарасындай.
Сездірмей арығанын тың жортатын
Алаш та арғымақтың баласындай...
Тағдыр боп таланына талайлының,
Аман бол,
Арғымақ жыл,
Арайлы күн.
Қарышта қазағымның даласында –
Шайнаған ауыздығын қара  айғырым...
Дүние, құпияңды осы ұқтырдың,
Үстінен күн ағады жосып қырдың.
Шарт түйіп жал-құйрығын,
Аламанға –
Тұрқы ерек тұлпарымды қосып тұрмын...

307
АЙМАУЫТОВ ТОЙЫ
Құстардың әуеніндей қайтардағы,
Жайқалсаң, жарық күннің, жайқал бағы.
Намысың нар шөктірген қайта оянды,
Арысың, Аймауытов ай таңбалы!
Әуелде жаратқан соң дарынды ғып,
Алдыңнан тұрмайды екен бағың күліп.
Ұлтымда ұшар шыңдай ұл сыйлаған,
Жұртында Дәндебайдың қалың Күлік...
Аптықпай салсаңыздар артқа назар,
Тағдырмен тасмаңдайлы тартқан ажал.
Қазақпен қайта бүгін табысқандай
Күнікей, Ақбілек пен Қартқожалар.
Тапсырсаң ұрпағыңды бір құдайға,
Жандарың жаһаннамда шырқырай ма?
Бағыңа Жүсіпбектер тумағанда,
Қазақтың ұлты қайда,
Жұрты қайда?..
Көргенбіз басымыздан қайғы озғанын,
Қалмады қай қиырда қай боздағым?
Аймаңдай Аймауытов бастап келді
Алаштың арда туған Айбоздарын.
Шындығың шықпай қалса шырайыңнан,
Сұмдығын көрген күннің құдай ұрған.
Айналдым Аймауытов айдай тұлға,
Қазақы қара сөзден қыл айырған.

308
Қанатын кең дүниеге жайғанда азап,
Қайрағы қасиетіңнің қайралған шақ...
Ескерткіш құтты болсын, Ертіс-Баян,
Тойларың құтты болсын, қайран қазақ!..

309

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал