Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014



жүктеу 7.28 Kb.

бет17/19
Дата08.01.2017
өлшемі7.28 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

АҚЫНДЫҚ ӘЛЕМ, АРДА ӨЛЕҢ...
Ақынды ашу – тылсым бір әлемді ашумен бірдей дүние. 
Бұлттардай көшкен, күндей күркіреген, асау толқындары ар-
наға сыймай жағалауды ұрған ақын шығармашылығы туралы 
сөз қозғаудың өзі қиынның қиыны ма деп қалам кейде. Кейде 
бала, кейде дана, ал кейде дәруіш бейнесіндегі ақын атты жа-
ратылысты шебер Құдай қалайша қиыннан қиюын тауып сом-
дады екен? Ақ дүниеге ақын болып келіп, жыр болып ағылып, 
ақ шуаққа шомылып, керуен-күннің легінде өз Тағдырын өзі 
жасай білу – сиректің сирегінің еншісінде. 
Онсыз да ақынды адам еместей көретін мына қоғам кімді 
аялап, қай жыршыны төрге оздырып, күнгейінде күміс ерлі 
тұлпарын сайлап отыр дейсіз. Алқалы топтың алдына шығып 
сөз бастаған ақын – Ақын. Әсіресе замананың запыранын ішіп, 
зар құсатын қазақ ақынының басынан қара бұлт қашан сейіліп 
еді? Уақыттың дырау қамшысы – солақайлықтың сойылы, 
батыраштың балтасы болып ақынның қақ маңдайына тиюі 
заңдылық сияқты қабылданады бізде.
Қазақтың қара өлеңінде қара нардай жүк теңдеп, мәңгілік-
тің өлмес күйін шертіп, бірде қобыз болып күңіреніп, бірде 
көктем болып көгеріп, бірде көл болып тасып, бірде шөл болып 
қуарып жүріп азап арқалап, қызыл-жасыл дүниенің қызығына 
арбалып, шыжығына күйіп келе жатқан бір ақын болса, ол – 
Иран-Ғайып. Оның ақындық әлемі, Абай атасы айтқандай, 
«сыңғырлап өңкей келісімнен» тұрмайды. Ол өз бойындағы 
адуын мінезді ақпа-төкпе ақындығы елге бірде жағып, бірде 
жақпай қалса да, қырық жыл бойы оқырманын көзайым етіп 
келе жатқан, тағдырмен тайталасқан қуатты құбылыстың 
қыры мен сырын, болмысы мен бітімін көп жағдайда байыптай 
бермейтін сияқтымыз. Бажайлап, байыптамаған соң ақындық 
атты ғайып өнердің де құны құнарсыз, өгейсінген сөз жетім. 

275
«Болған соң адам қайтіп мен Бәріңе бірдей жағайын?..» Иран-
Ғайып ақынның осы екі жолында сезімінің дірілі, жанының 
жасыл жайлауы бар. 
Жалпы, Иранбек ақынның құпия әлемімен осыдан отыз 
жылдан арырақта «Құпия ғашық» балладасы арқылы таныс 
болғанмын. Сол сюжеттің құрылымы тосындау көрінген. Кү-
зетте тұрған солдатқа ғашық болып, сол жауынгердің қабірінің 
басына келіп өлетін әбжылан туралы екен. Финалы, оқиғаның 
шарықтау шегіне келгенде айтатын ойы да бөлек:
...Өлең, сен ерке еліксің далада өрген,
Мен болсам – қызықтаған бала мерген...
Адамға ғашық болған әбжыландай,
Не өліп, не өлтіріп ала көрмен!..
Содан бері де талай көк шығып, талай су ақты.
«Құпия ғашықты» жырлаған жас ақын Иранбек Оразбаев 
емес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лау-
реаты, көрнекті ақын-драматург Иран-Ғайыптың алпыстың 
асқарына шыққандағы тойын қара орман жұрттың қаласы, 
даласы, баласы, данасы – бәрі қосылып тойлап жатыр. Иран-
Ғайып Иран-Ғайып болу үшін де талай соқтықпалы, соқпақты 
соқпақтардан өтіп, тар жол, тайғақ кешулерді бастан өткерген. 
Күні кеше ақынның он үш томдық шығармаларының то-
лық жинағы қолымызға тиді. Көлемді он үш том еңбегін 
оқырманның талғам таразысына ұсыну да оңай тірлік емес. 
Бұл – өлең атты өлкедегі үлкен жеңіс, айтулы оқиға.
Иран-Ғайып Мемлекеттік сыйлыққа қатарынан бірнеше рет 
ұсынылды. Соның бірінде мақала жазып: «Иран-Ғайыптың 
Мемлекеттік сыйлыққа емес, Мемлекеттік сыйлықтың Иран-
Ғайыпқа қолы жетпей жүр», – деп ой айтқаным бар еді. Осыған 
сыйлық алғаннан бетер қуанып, Ирағаңның өлең жазғаны бар.
Ұлы Гейне шығармашылық туралы айтқан бір сөзінде: 
«Өзіңе-өзің қатал бол. Суреткердің бірінші парызы сол», – де-
ген екен. Иран-Ғайып та осы қағиданы берік ұстаған ақын. 
Өмірде де, өлеңде де алғаусыз сөйлеп, ардың сөзін айтады. 

276
Тандыры кепкен тақырға шөп шығушы ма еді? Әкесі Әбітай 
Иранының ат жалын ертерек тартып мінгенін арман етті ме 
екен? Жасы алтыға толмай тұлпар сайлап, аламанға қосыпты. 
«Ешқашан бәйгенің алдынан келмеп едім», – дейді Ирағаң. 
Келмесе келмеген шығар, әкесі жарықтық аламанға қосылған 
ұлының жүрегіне нұр, сезіміне сәуле сеуіп, намысын қайрап 
жібергенін сезді ме екен? Жыр бәйгеге жарау жүйрігін қосып 
тұрғанын білді ме екен? Осының бәрі тағдыр. Тағдырлы 
ақыннан тағдырлы өлең туады.
Қазақ жырындағы қабырғалы ақынның бірі Сырағаң – Сыр-
бай Мәуленов Абай туралы мақаласында: «Таланттың кесек 
құйғандай бір тегіс боп шығатын қалпы жоқ. Әрбір таланттың 
өз таразысы бар. Әр таланттың табиғаты әр басқа. Бір-біріне 
ұқсамайды. Сондықтан басқа талант жөнінде барлығын байы-
бына жетіп, тап басып айттым дей алмайды. Бірде ол көк 
мұнармен көмкерілсе, бірде ол жаз жаңбырмен шайылады. 
Бірде ол аспанның ақ сәулесіндей аппақ қардың нұрына шо-
мылады», – деп әдемі айтқан. Ормандай оқырманына он үш 
том ұсынған ақынның шығармашылығына шағын мақалада 
талдау жасау мүмкін болмас та еді. Иран-Ғайып шығармашы-
лы ғы – зерттеуді, зерделеуді қажет ететін еңбек. Иран-Ғайып 
ақын – өз қыры, сыры, тылсымы көп тұлға.
Образды, эмоциялы құрылыс ақын өлеңдерін құбылысқа ай-
налдырып, биік ноталы даусын жаңғырықтырып естіртетіндей. 
Оның зары мен мұңы тіршілікпен егесіп, төбе билердей кеңесіп, 
рухқа айналып кеткендей.
Бекзатыма іңкәрмін,
Таусылғандай амалым.
Тұяғы едім тұлпардың,
Тобан қылдың, заманым.
Қолтығыма – үзеңгі,
Қыр арқама ер батты.
Тікен шақты тіземді,
Қамшы артты сорлатты.

277
Ата тектен айырдың,
Айғыр күнім ақта боп.
Қойша күйіс қайырдым,
Бағым да жоқ, бап та жоқ.
Зар шағымды көр мына,
Жақсы түстей жоғалдым –
Кісінеудің орнына 
Ақыратын боп алдым!..
Қазтуған, Доспамбет, Бұқарлардан жеткен рухтың жетім-
сіреген үні қайта жеткендей құлаққа. Күзеуден көшпей қалған 
жұрт сияқты уақыттың ызғары ұрып, суыққа тоңа бастаған 
кездегі жанның даусы, ұрпақтың үні бұл.
Иран-Ғайып поэзиясы түрлі бояулардан түзілген. Қарасы 
мен ағы, күнгейі мен көлеңкесі алмасып тұратын өмір сияқты 
ақын жырларының кейде қуантып, бірде мұңайтып тұруы да 
кездейсоқтық емес. Суреткер қаламынан ақиқаттың алдаспа-
нындай, сертке ұстаған семсердей, шынның жүзіндей өткір 
өлең құйылып, зереніңде толқып жатса ғажап емес пе?! Ой 
сәулесі жарқырап тұрған ақынға әлеуметтік ортаның көлеңкесі 
де түспей қалмайды.
Кете ме деп
Ел де –
Тегін,
Жер –
Тегін,
Қазақ мұңын –
Қайманаша шертемін...
...Тегін –
Билеп,
Теп-тегінге –
Төстеніп,
Түгесіліп –

278
Бітпей қойды 
Ертегің!
...Тегін!
Тегін
Бәрі –
Саған теп-тегін.
Сонша –
Қайыршы,
Бейшара еткенің...
...Бір есебі болар –
Хақтың...
Халықтың
Көзінің жасы –
Құр төгіледі деп пе едің?!
Кінәлай алмайсың. Ақынның жан сөзі сол. Айналадағы 
көріністі, болмысты жұрттан бұрын көріп, жан-жүрекпен 
сезінудің өзі азаптың азабы шығар. Әйтеуір, ақын – бақ пен 
сордың ортасындағы жаратылыс. Таразыға салсаң, екіншісінің 
батпаны басып кетердей ме, қалай?
Ауырма!
Ауыруға жоқ құқың, балам!
Сен ауырсаң, басыма мұң ораған.
Тұлпар-жырға тоқым ғып тоздырайын,
Ауруыңды маған бер жұмарлаған.
Ауырма!
Ауыруға жоқ құқың, балам!
Сен ауырсаң, ауырар бүкіл ғалам!
Сен ауырсаң, күн сөніп, аспан жылап,
Жер шары боп кеудеңде лүпіл қағам!.. –
деп басталатын жыры бар еді Иран-Ғайыптың. Ауырып тұруға 
қимайтын ақынның ұлы Мұнарды көктей қырқып кетті. «Күн 

279
сөніп, аспан жылаған» күндерде Қаратаудай мүжіліп, қара нар-
дай шөгіп барып, еңсе тіктеген де осы ақын. Елегізіп, егілді. Ақ 
қағаздың бетіне қара сиямен түскен зарға толы зар-толғаулар 
«ақынның тілін бір рет алмайтын» Жаратқан Иеге жалбары-
нумен аяқталатын. Жігерінің қайрағын жанып, шыдамының 
шарығын қайрап жүріп-ақ өлең деген киенің ғұмырына серік 
болғанын сезінудің өзі – Ақынның бағы.
Халықтың сөзін, ұлттың тағдырын сол деңгейде ойлайтын 
ақын ғана айта алады. Иран-Ғайыпта да антологиялық сирек 
өлең жеткілікті. Соларды тізбелемей-ақ, соның бірін Сізбен 
бірге оқиық:
...Оқыранды белдеудегі арғымақ –
Отырды шал немересін алдына ап.
«Біссіміллә!» деді ақ кемпір ақырын,
Сырқат жеңген сүйектері саудырап.
Кемсең қағып, кимешегін дұрыстап,
Төсегінен тұра берді жылыстап –
Шымылдықта шыдамына тұншықты,
Жас келіншек арқа-басы құрыстап.
Кәрі төбет үре бере үні өшті –
Өшкен үнге ерен екпін ілесті –
Сыралғы әдет тыным бермей тұтқаға,
Қоңыр үйге ену үшін күресті.
«Кім болды екен, – десті бәрі, – кешіккен?!»
Қара мақпал сусып түсті бесіктен –
Жалғыз көзді, 
Сыңар аяқ,
Шолақ қол –
Жеңіс кіріп келе жатты есіктен!..
Бұл – Иран-Ғайыптың ертеректе жазған «Оралу» деп ата-
латын өлеңі. Тілдің шұрайы жырға шырай кіргізіп, тұтас бір 

280
уақыттың суреті болып көз алдыңа келеді. «Жалғыз көзді, 
сыңар аяқ, шолақ қол – жеңіс» сонау жылдары қазақтың әр 
босағасының есігінен енген. 
Осыдан бес-алты жыл бұрын Түркі әлемі ақындарының 
Стамбұл қаласында өткен фестиваліне қатысқаным бар. Сонда 
Шыңғыс Айтматовтың бір пікірі жадымда жазылып қалыпты. 
«Талантты ақынның өлеңі, мейлі, ол төрт-бес шумақтан-ақ 
тұрсын, тұтас бір халықтың, тұтас бір мезгілдің тарихын көз 
алдыңа әкеле алады. Тіпті, әлгі төрт-бес шумақ эпопеяның 
жүгін арқалауы бек мүмкін», – деп еді сонда ұлы суреткер. 
Жоғарыдағы «Оралу» жырының әр жолында қазақы бол-
мыс, ұлттық бояу, шымырқанған шындық бар. Төрт шумақтағы 
шал да, кемпір де, келіншек те, немере де кәдімгі Сіз бен біздің 
ауылдың адамдары сияқты. Өлеңнен сағыныштың самалы 
мұң боп есіп тұрғандай әсер аласың. Таныс, бейтаныс бейне-
лер көз алдыңа көлбеңдесе, ол да ақындық қуаттың жемісі. 
Ақын жырларының динамикасы табиғат, Адам, өмір сияқты 
философиялық категориялардың иінін түсірмей, иін қандыру 
арқылы құрылады да, тұтас бір жанды образға айналады. Оған 
ақындық мінезді қоссаңыз, Иран-Ғайып атты жыр әлемінің ақ 
бастауына тап боласыз. Бірде суып, бірде қатып, бірде мөлдірей 
қалатын сол тұманың ешкімге ұқсамайтын өз дәмі бар. Сол 
бастаудың тұнығы мейіріңді қандырып, шөліңді басады.
Ұлы Абай хақында жазған Иран-Ғайыптың «Пайғамбар» 
деп аталатын ой-толғамы бар. Оқырманмен сыр бөліскен 
ақынның: «Ақын – қашанда Ақын. Кешегінің ақыны, Бүгіннің 
ақыны, Ертеңнің ақыны деп ақынды уақыт таразысына салып 
бөлшектеу – білместіктен шығады. Шын ақын – көріпкел. Ол – 
Кешенің де, Бүгіннің де, Ертеңнің де қамын ойлап, қасіретін 
шегетін ортақ жыршысы. Ақын үшін Уақыт – әрі биіктік, әрі 
кеңістік, әрі тереңдік...» – деп ой түйгені бар.
Иран-Ғайыптың өзі де осы үш өлшемнің тоғысқан жерінен 
үн қатуды о бастан-ақ алдына мақсат етіп қойған секілді. Сол 
мақсаты мұқалмай, арманы аласармай, алпыстың асқарына 
аман жеткен ақын – Иран-Ғайып.

281
Өзі бүгінгі көңіл күйін былайша толғайды:
Нең бар іске татыр?
Қатыр басты, батыр!
Шақырым-шақырым жақындап –
Алпыс келе жатыр!
Топаланып оңай –
Опаланып самай:
Отырсам да, тұрсам да –
«Оһ... Жаным-ай... Жан-ай!..»
Ішік түсіп Бүгім –
Қалмағандай түгім:
Бұрын – ашкөз Нәпсім
Мүлдем тоймайтұғын...
...Өлім-тірім – тылсым,
Бүйткен күнім құрсын!
Бары-жоғын...Оллаһи,
Сезсем – Құдай ұрсын!
Алқын-жұлқын Пәле –
Келе жатыр... Әне...
«Алпыс деген – Тал түс!» –
Дегендерің, кәне?!
Дүниенің тынышын алып, беймаза күй кешкен Ақын-
ның көңіл күйі.
Иран-Ғайып еңбегі қазақ қауымына аян. Көрнекті ақын ғана 
емес, түрлі тақырыптағы бірнеше драмалық шығармалардың 
авторы. Кейіпкерлері – Шыңғыс хан мен Абайдан бастап Сіз 
бен бізге дейін. Ол шығармалар жайлы талай айтылған, айты-
лады да.
Алпыс асуға шыққан асау қанды ақын аға онсыз да маза-
сыз дүниенің мазасын алып жүргендей көрінеді. Бір-бірімен 

282
ғұмыры қиылыспайтын жолдарға жалғыз көлікпен шы 
ғып 
бара жатқандай елестейді. 
Алпыс деген, Сіз айтқандай, «Алқын-жұлқын Пәле емес», 
аға! 
Бәрі құтты болсын! 
Бүгінгі айтар сөздің негізі осы. 
«Жұлдыз» журналы.
2007 жыл

283
ӨЛГЕНДЕР ҚАЙТЫП КЕЛЕДІ...
«Сол ағалар бар болса, биыл алпысқа толар еді ғой...» Кеше 
Иран-Ғайыптың тойында отырып осылай ойлағам. Өмір мы-
нау, заман мынау. Кей-кейде қос қарашығыңның өзі бір-біріне 
қитарлана қарап тұрғандай ма, қалай?..
Алаштың асау қанды ақынының бірі Дәуітәлі Стамбековті 
аға тұттым, тірлігінде қасына ерген сәттерім де аз болмады. 
Жасым отызға таянғанда үй-орманыммен қопарыла көшіп, 
Жезқазғаннан Алматыға тартқам.
«Әй, Ғалымтай-ай, партия мектебі дейсің бе? Дегенмен, 
келгенің дұрыс болды. Өлеңдеріңді жариялат, біреулер 
балағыңнан тартып жатса, маған айтарсың», – деді қызуқанды 
ақын менің Алматыға қоныс аудармақ ниетімді сезген соң. 
«Келін-балалар қиналып қалмасын, үйге келіп тұрыңдар», – 
деген сөзді де қадап айтты. 
Жаны жомарт, рухы биік, кісілігі үлкен, Ақтоғайдың 
арайын, Тораңғының тоғайын сүйіп өскен арлы ақын бола-
тын. Ғайбат сөз айтпайтын. Жаны жарық нұрға толы еді. Бал-
қаштан Абзал Бөкенов, Қарқаралыдан Серік Ақсұңқарұлы
Жаңаарқадан Төкен Әлжантегі, Жезқазғаннан Қасым Орынбе-
тов сияқты қаламгерлердің Алматыдағы «штаб-пәтері» секілді 
еді Дәукемнің шаңырағы.
Өзі жайлы жазған өлеңінің:
...Соттады мені қатындар,
Ақтады мені ақындар;
немесе:
Ақынның айтар сыры бар,
Кез емес еді ол жан күйттер.

284
Достарым менің – ұрылар,
Достарым менің – бандиттер, 
дей келіп:
Өлгендер қайтып келеді,
Тірілер өле алмайды, –
деп аяқталатыны жадымда жаңғырып отыр. 
Фаризаны қастерледі, Мұқағалиды жанындай жақсы көрді. 
Қасым ақынды кие тұтты.
– Әй, осы біздің Нұрлан әулие, – деді бірде.
– Қай Нұрлан?
– Оразалин ше?
– Өзі «Егеменнен» одаққа ауысып бара жатып, ұжымға ал-
ғысын айтып, қоштасып болған соң «Дәуітәлі-ай, саған қиын-
дау болып қалмаса жарады...» деп еді, айтқаны айдай келіп 
тұр.
Ерке ақынның сан еркелігін көтерген ғой Нұрлан досы. 
Өзі республиканың бас басылымын басқарып тұрғанда, 
Дәуітәліні айына бір шығатын экология бетіне жауапты 
етіп қойыпты. Ноқтаға басы сыймайтын досын парасатымен 
ауыздықтаған, қамқорлығын жасаған.
– Нұрлан азамат қой, – деп үнемі айтып өтті, жарықтық.
...1990 жыл. Желтоқсанның желтең күндерінің бірі. Абай 
мен Ленин даңғылының қиылысқан жерінде Алматы Жоғарғы 
партия мектебі бар. Кезекті лекциядан үзіліске шықсам, 
Дәукең күтіп тұр екен. Түс әлетіне жақын мезгіл.
– Ғалымтай, сені тосып...
Сәл шаршаңқы сияқты. Әрі қарай сауал қойғызуды жөн са-
намадым. Сабақтан сытылып шықтым. Үстіндегі қара күртесі 
мен қара шляпасы сәл күреңіткен жүзімен жарасым тауып 
тұрғандай. Онсыз да үлкен жанары бетіңе тура қарағанда, сыр 
мен мұңға батырып жіберердей.
– «Алматы» мейрамханасының үстіне барайық, Дәуке!
– Әй, осы сенің айтқызбай білетінің жақсы.

285
Арада 10-15 минут өтпей, діттеген жерге троллейбуспен 
салып-ұрып жеттік.
– Кеше сәл болмай қалыппын, – деді Дәукең айғыр стаканмен 
қызыл шарапты тастап алған соң. – Енді аздап сыралатайық. 
Екі саптыаяқ тобылғы торы сыраның алдымызға келгені 
сол еді. Темекінің тұманына тұншығып, сырахана іші араның 
ұясындай гуілдеп тұрған. Шеткерірек үстелден қарлығыңқы, 
құмыққан үн естілді:
...Қарғам-ау, сен қалайсың мен дегенде?..
...Қарағым-ау...
Сәл ащылау басталған әннің бірінші жолын темекінің тұ-
маны демде жұтып қоятын сыңайлы. Қарлығыңқы үн сол 
тұманмен ерегеске түскендей қайта-қайта «қарғамаулайды». 
Дәуітәлі ағам әлгі дыбыс шыққан жаққа жалт қарады. Масаң 
дауыс үш-төрт мәрте «қарғамайлап» саябыр тартқандай болған. 
Дауыс иесіне Дәукең қарағыштай береді. «Қарғамайлаған» 
сұлба көк тұманның арасынан арылып, бері қарай жүргендей 
болды. Үстіндегі көне тонның түте-түтесі шыққан, шалбары 
мыж-мыж, аяғына шұлықсыз жазғы шәркей іліп алыпты. Оң 
жағының шашы жоғары көтеріліп кеткен, ұйпа-тұйпа. «Сай-
тан су» сайқымазақ еткен, кір-қожалақ біреу.
– Құдай-ай, мынау Аманкелді ғой! Такси ұстап үйге тар-
тайық, Ғалымтай.
Дәукең дереу әлгі жігітті жетелеп біз тұрған үстелге әкелді. 
Ақсары жігіттің көздерінде мағына, тірлігінде мазмұн жоқтай 
көрінді маған.
– Әй, жынды, мына жүрісің не? Көптен көрінбеп едің, қонақ 
боласың үйге, қазір «Қазақфильмге» тартамыз. 
Аманкелдіде үн жоқ. Тіпті, Дәуітәліні жыға танымай тұр-
ғандай көрінді маған. Алдындағы сырадан бірер рет ұрттаған 
болды. Дәукеңнің манағы «сырқаты» демде жоқ болып кеткен-
дей. Құдайдың құдіреті, шайқалған шарап та, тобылғы торы 
сыра да жайына қалды.

286
– Кеттік, кеттік, – дей береді дегбірсізденіп.
Үшеуміз көшеге шығып такси ұстадық. «Қазақфильмге» 
тартып келеміз. Әбден қажыған Аманкелді мызғып кеткендей 
болды.
– Ұйықтасын. Бес-он минут болса да, қазір бәрі жақсы бола-
ды. Бұл – қазақтың ұлы әншісі Аманкелді Сембин ғой, нағыз 
талант... 
Дәукең ауыр күрсінді.
Енді мен де елең еттім. Ла-Скалада оқыған, итальян әншілік 
мектебінен дәріс алған опера әншісі Аманкелді Сембин жайлы 
білетіндерім бар еді. Аса көркем жігіттің суретін мектепте оқып 
жүргенде журнал мұқабасынан көріп тамсанғам. Арада біраз 
жыл өткенде осы жағдайда кездесем деп кім ойлапты онда?
Үйге келдік. Дәукең үйі үшінші қабатта.
– Фарида, қонақ келді, қазан көтер, қазы-қартаң бар сияқты 
еді, ас бәрін.
Алғашқыда сәл аңтарылып қалған жеңешем ас қамына 
кірісті.
– Аманкелді, сен ашыған көже іш, өзім жасағам. Сосын бір 
сағат ваннаға түсесің... Өйтүп-бүйткенше ас та даяр болады.
Дәукең сөйлеп жүріп құйып берген бір шара көжені басына 
бір-ақ көтерді Аманкелді.
– Киімдеріңді шеш, су ағызып қойдым. Сәл шаршап қалған 
ғой, қалпына келтіремін мұны. Сен асықпа, тура бір сағат 
жуын!
Дәуітәлі ағам балаша дегбірсізденіп кетті. Аманкелдінің 
барлық киімін жинап алып, даладағы қоқыс жәшігіне салып 
келді.
– Ішкиім, нәски дайында! – деп қояды жеңгейге. Өзі шал-
бар, жемпір әзірлеп әлек. 
– Ағаң өзі әліне қарамай модный киінеді, қоңыр курткам, 
күздік етігім бар, кигіземін бәрін, Дәуітәлі Стамбековтің үйі-
нен бұл жындыны Аманкелді Сембин етіп шығарамын.
Арада бие сауым уақыт өткенде жуынып-шайынған ұлы 
әнші буы бұрқырап қасымызда отырды.

287
– Мынаны тартып жібер, – деді Дәукең, – қазір ас іше-
міз. – Ақаңнан жүз грамм тартты әнші. – Енді тамам, ерекше 
жағдайда ғана.
Ас келді. Қазы-қартаны жұқалап турап, пиязы мен бұрышы 
аралас сорпамен тұздықтап үшеуміз жеп отырмыз. Құрт езіп, 
сорпа берді Дәукең. Назары Аманкелдіде.
– Бұл өзі біздің Ақтоғайдың жылқысының еті. Мына сорпа-
дан тағы бір кесесін тарт! Барлық аурудың емі, – дейді Арқаның 
ақ самалындай аңқылдаған ақын. 
Тамақ ішіп болған әнші бой-бой боп терлеп қоя берді. 
Дәукеңнің қонақ бөлмесіне жерге салынған жайлы төсекке 
үшеуміз де біраз уақыт үнсіз жатып ұйықтап кетіппіз. Оянсақ, 
жеңгей де, балалар да бір шаруамен кеткен бе, үйде болмай 
шықты. Кешеден қалған сорпаны ішіп, қою күрең шайды со-
раптап тағы біраз уақыт өтті.
– Мен қазір қуырдақ қуырамын, – деді Дәукең. – Аман-
келдіге бар өнерімді көрсетіп қалайын. Сен ағаңмен ана жақта 
әңгімелесе тұр.
Аманкелді ағам да кешегідей емес, жуынып, киінген, сәл-
пәл қаны жүгіре бастағандай. Сонда да әңгімеге зауқы жоқтау. 
Ақсары реңіне жарасқан тұңғиық көздері қадалған нүктесін 
жұтып қоятын сияқты.
Әне-міне дегенше Дәукеңнің қуырдағы да дайын болыпты. 
Буы бұрқырап тұр. Қашан, қайда жүріп үлгергенін білмеймін, 
үш литрлік банкімен сыра да әкеліп қойыпты.
– Енді мынадан бір-бір кесе тартамыз, сосын қуырдақтың 
әкесін көрістіреміз, – деді Дәукең. Солай еттік те. 
Кешегідей емес, Аманкелдінің тәбеті тәуір. Майы мен еті 
аралас тағамды бізден қалыспай сүйсіне жеді.
– Аманкелді, сыраға қалайсың?
Дәукең досының бетіне барлай қарады.
– Ашыған көжең дұрыс-ау деймін, Дәуке!
Дәуітәлінің мәз болғанын көрсең.
– Айттым ғой бәрі дұрыс болады деп!
Тамаққа тойған әнші ағам диванға барып, жастыққа ба-
сы тигені сол еді, қор ете қалсын. Үш-төрт сағат жайынан 

288
ұйықтады-ау деймін. Ояна салып ашыған көже сұрады. Одан 
үлкен бір кесесін тартып алды да, жуынуға кірді. Тап кешегідей 
бір сағат болды-ау деймін. Жуынып, шайынып, шырайланып 
шықты.
– Бүгін күн сенбі, осында қонамыз, – деді Дәукең.
– Мен енді... – дей беріп едім: 
– Әңгіме айтамыз, бұл өзі саған керек болады, – деп кесіп 
айтты ағам, жібергісі жоқ.
Сол түні екі ағамның ортасында жатып таңды көзбен аты-
рып едік. Өнер, өлең, тағдыр, кісілік пен пенделік, бақастық 
пен адамдық жайлы кереғар ұғымдарды тілге тиек етіп, 
сырсандықтың пернесін басқандай ғажап бір күй кештік. Сол 
ағалармен өткізген екі түн, екі күн менің жадымда жаңғырады 
да тұрады. 
– Үй осы, қысылма, кез келген уақытта келіп тұр, Аманкел-
ді, – деді Дәукең сәл мұңайған кейіппен бізді аялдамаға 
шығарып салып тұрып. Ұлы әнші Аманкелді Сембин мұнтаздай 
таза қалпында досын бетінен бір сүйіп, автобусқа асығыс мініп 
еді сонда. Енді мені шығарып салмақ болып аялдамада тұрған 
Дәуітәлі ағам Аманкелді досы кеткен автобусты көзімен ұзатып 
салып, мұңлы бір күйге түскен. Не ойлады екен сонда?..
...Адуын ақын Дәуітәлі Стамбеков те, ғаламат әнші 
Аманкелді Сембин де фәниден бақиға озған. Біреуі Ақто ғай-
дың, екіншісі Сарысудың баласы ғана емес, алақанға салуға 
тұрарлық, Алаштың аққудай арманы бар аяулы ұлдары еді. 
Жұлдызы жарқырап тұрған ағаларым еді менің! Зиялым-
сып жүріп ұрпаққа зиянкестік жасайтын куыс кеуделердің 
өнбес дауы өршіген сайын менің ойыма өнерім, өмірім 
деп өткен қос боздақ  ағам түседі. Олардың бір-біріне деген 
жанашырлығының, достығының белгісіндей екі ағаммен бірге 
өткізген екі түн, екі күн түседі.
...Өткен аптада Маралтай екеуміз Балқашқа барып қайт-
тық. Облыстық ақындар мүшәйрасына қазылық жасап. Қара-
ғандыдан Ақсұңқардың Серігі келді. Дәуітәлінің ел-жұрты 
алдына, әкім-қараларға осы өңірде биыл күзде «Дәуітәлі күн-
дерін» өткізуге ұсыныс жасадық. 

289
Қазақтың ғажайып ақыны Дәуітәлі Стамбеков алпысқа ке-
лер еді биыл. Ұлы әнші Аманкелді Сембин досы да...
Өлгендер қайтып келеді,
Тірілер өле алмайды...
«Кентавр» газеті.
2007 жыл
19-267

290

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал