Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014



жүктеу 7.28 Kb.

бет15/19
Дата08.01.2017
өлшемі7.28 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

БАЛАМЕН ДЕ, АҒАМЕН ДЕ СЫРЛАСҚАН
Қайран да бiздiң ағалар!.. 
Мен бүгiн Қабекең жайлы, қазақ өлеңi нiң қанатты тұлғасы, 
әйгiлi «Баянауыл валь сi», «Қайдасыңдар, достарым?» секiлдi 
ән мәтiндерiнiң авторы Қабдыкәрiм Ыды ры сов жайлы сөз ай-
тар алдында сәл ғана лирикалық ше гiнiс жасағым келiп тұр.
Құдай Керекуге қанша ұлы перзент бер 
се, соны көтерiп 
тұрар соншалық кең жүрек берген екен. Қанша қиындық бер-
се, сонша мықты иық берiптi. Қанша сұлулық берсе, сонша 
сұңғылалық, қанша ұлылық берсе, сон ша ұлағаттылық берген 
екен-ау!
Қазақ даласының күретамыры – ерке Ер тiс, қалың қазақ-
тың өзi секiлдi қарағайлы ор мандар мен қайыңды тоғайлар, 
ақ маң дайын күнге төсеп жатқан алтын далам – Сарыар қам, 
көздiң жасындай Жасыбай, сайын далада сағымдай көл  беп 
жатқан Сабындыкөл мен Торайғыр, басымдағы ба 
ғымдай 
Баянауыл. Құшағымызға сыймас осы ұлан-ғайыр байтақ өлке 
өз құрсағына қан ша ұлыны сыйдырды!
Дала данагөйi Бұқар жырау мен әулие Мәш һүр Жүсiп, Жаяу 
Мұса мен Иса, Естай мен Иманжүсiп, Сәбит Дөнентаев пен Жү-
сiпбек, Сұлтанмахмұттар, Дихан аға мен Қа лижан Бекхожин, 
Зейiн Шашкин мен Қабдыкәрiм Ыдырысов секiлдi қазақ мә де-
ниетi мен әдебиетiнiң қабырғалы тұлға ларын тудырған өлке – 
киелi Керекудiң ор ны бiр бөлек.
Бұл бабалар мен ағалардың атын текке атағаным жоқ. 
Осы тұлғалардың қай-қайсы 
сының болсын өмiрi «тар жол, 
тайғақ кешу лi», мехнаты мен азабы атан түйе көтер местей 
зiлмауыр едi. Қайсысы болса да, өз жеке басының мұңын емес, 
ұлт қайғысы мен қасiретiн жырлады, мұңын мұңдады, жо-
ғын жоқтады, сол қанды жолдан оралмады, сол қанды қолдан 
құтылмады. Қазақ хан дығының қаралы жылдарынан бастап, 

243
ке 
шегi сталиндiк репрессияның қанды кеш 
уiнен өттi. Бұл 
зобалаң Қабдыкәрiм Ыдырысовты да айналып өткен жоқ.
Көз алдарыңызға «Ер болсаң, Ежовтай бол елiмдегi» деп, 
кеңестiк насихатшыл өлеңдi саңқылдап жатқа оқып тұрған 
сегiз-тоғыз жастағы жеткiншектi елестетiңiз 
дер 
шi. Алайда, 
тыңдарман оны ықыласпен қабылдаудың орнына, көз 
дерiн 
төмен салып, күр сiне бердi. Бұл жағ  дай ға таңыр қа ған жас ба-
ланың жанына ке лiп әлде бiр қария: «Балам, сенiң әкеңнiң тү-
бi не жеткен Ежов қой бұл...» – дейдi. Жас ба ла – Қа бекең едi. 
Сол сөз арқылы өзе  гiн өртеп жi бер ген дерт – әке қа    сi ретi бола-
шақ  ақын       ның  азаматтық  по  зициясын  қа лып тас  тыр ды.
Қабдыкәрiм Ыды ры сов өз есте лiгiнде 1937 жылы қыркүйек 
айының 17-жұлды зын да, күн құ ланиектенiп кө терiлген тұста 
әкесi н «үш әрiп» «халық жауы» деп алып кет ке нiн айтады. 
Сол қан ды 1937 жыл дан бастап Қабе кең «ха лық жауы ның» 
ба ласы», «биографиясы келiспеген адам» се кiлдi қара күйе-
лi атауларды жон ар 
қа 
 
сымен сезiнiп, жол бойына көтерiп 
жүрдi. Өмiр бойына!.. Кейiн «Қош бол, қош бол, ой налмаған, 
тойланбаған балалық!» деп жырлауы да соның куәсi едi.
Қазақтың қасiретi Қабекеңнiң өзегiнен өттi. Осы қайғы 
Қабдыкәрiм Ыдырысовтың кейiн жазған «Әке жолы» атты ре-
прессия жай   лы даңқты поэмасының арқауы болды. Осы поэма 
оны ақын ретiнде халыққа танытты.
Содан сәл ертерек, ауылда «өлеңшi бала», «әншi бала» ата-
нып жүрген Қабекең қа зақ әдебиетi аталатын үлкен әлемнiң 
белдi өкiлi Қабдыкәрiм Ыдырысов боларын, әдiлетсiздiктiң 
құрбаны болған Ыдырыстың есiмiн даңққа бөлерiн, жетiншi 
сыныпты ендi бiтiрген шағында ауыл ағаларының қалауымен 
ауылсоветтiң хатшысы болған жасөспiрiм кейiн мемлекеттiк 
наградалармен марапатталарын, Павлодар облыстық кеңесі 
атқару комитетiнде қызмет қыларын, республикалық «Қазақ-
стан пионерi» газе тiнде бөлiм меңгерушiсi, «Қазақ әдебие-
тiнде» жауапты хатшы, Қа 
зақстан Жазушылар одағының 
хатшысы, Қазақ мемлекеттiк Кiтап палатасының директоры
«Жалын» бас 
пасының директоры қызметтерiн ат 
қарарын 
бiлдi ме екен?!

244
Қабдыкәрiм Ыдырысовтың өлең дүние 
сiне еншi салуы-
на мұрындық болған, «Аласа адам айлалы деген бізде мақал 
бар, Кiрiп келсем бұл үйге, өңшең қара тапалдар» деп өлең 
жазатын, ел iшiнде «Қа ра мол да» атанған Иманқұл атасының 
және өзге де ауыл қарияларының ықылымнан тартқан 
әңгiмелерiн ыждағатпен тыңдап жүрген жас бала ертең өзi де 
жас жеткiншектерге арналған «Өмiр гүлi», «Саяхатта», «Ол 
кезде он үште едiк», «Үйелмелi-сүйелмелi», «Жа сырынбақ», 
«Әрқашан күн сөнбесiн», «Аршында, балақай» секiлдi жинақ-
тардың, «Әке жолы» поэмасы, «Шуақты күндер», «Жарқын 
жағалау», «Армысың, Арабстан!», «Жолыққан жол 
дар: 
жыл 
дар жырлары», «Қиял көзi қиянда», «Қимас дәурен», 
«Қайдасыңдар, достарым?» секiлдi жыр кiтаптарының, «Ой-
найық та ойлайық» пьесасы мен «Ел жатса да, Ерекем жатпай-
ды» әңгiмелер жинағы ның ав торы боларын, чех жазушысы Ян 
Дрданың «Май күндерiнде» повесiн, О. Гончардың «Қоңырау» 
романын, Гарсиа Лорканың «Қа сiреттi қайыңдар», И. Куп-
рияновтың «Вьет нам жұлдызы» пьесаларын, А.С. Пушкин, 
М.Ю. Лермонтов, К.Л. Хе тагуров, Н. Хикмет, М. Луконин 
секiлдi әлем классиктерiн қазақша сөйлетерiн сездi ме екен?!
Ол жағы бiзге беймәлiм. Бiзге мәлiмi – оның әке аманатына 
адалдығы мен ана культiн дәрiптегенi. Қабекеңнiң өмiр жолы 
мен шығармашылығына қарап отырып, оның әке мен ана 
бейнесiнен Отан мен ұлт образын сомдап шыққанын көремiз. 
Әкеге деген мәңгiлiк басылмаған сағыныш, жастай жесiр 
қалып, үш жетiмегiнiң екеуiнен айырылып, Қабдыкәрiмдi 
жеткiзген Жекен анамызға деген құрмет – ақынның барлық 
шығармашылығының өзегi, қала бердi, оны балалар әдебиетi-
нiң тұнық бастауында тұрған ақынға айналып, балаларға 
арнал ған, тiлi орамды да ойнақы жырларды жазуына да осы 
жағ дай – өз тағдыры алып кел дi деп ойлаймыз.
«Әншi бала» атанып жүрген шағында Ке рекуде өткен ән до-
дасына қатысып, «Ақ құмның» әуенiне салып, соғыстан еңсесi 
ба сылған елдiң бейбiтшiлiкке деген құш тарлығын жырлаған 
жас Қабекең жүлделi екiншi орынды иеленiп, жүлдесiне 
әйелдiң туфлиiн алады. Ендi сол кездегi елдiң жағ дайы соған 

245
ғана жетiп тұр ғой. Сонда Қа бе кең: «Есесiне анамды қандай 
қуанттым!» – деп шаттаныпты. Өмiр бойына, жанында жүрген 
жандарға: «Анамды ренжiте көрмеңiздершi», – деп өтiнедi 
екен. Өзiнiң көзi кеткенше Ананы – Ана бейнесiндегi Отанды 
сүйiп өттi.
Анашым-ау, анашым,
Неге жүдеп барасың?
Жүдеттiм бе мен сенi,
Үрлеп жүрек жарасын?
...Қарамай шаштың ағына,
Көрiк боп менiң бағыма,
Балаларыңның бағына,
Күлшi, ана, күлшi тағы да! – 
деп жырлаған Қабекең анасынан 16 жыл бұрын дүние сал ды.
Қазақ өлеңiнiң қабырғалы өкiлi Қабды 
кәрiм Ыдырыс-
ұлы ның жарқын бейнесi, баладай таза көңiлi, әкедей қамқор 
кiсi лiк тұлғасы жадымыдан өшкен жоқ. Өшпек емес. Кезiн де 
Жұбан Молдағалиевтiң Қабекеңдi «Баламен де, атамен де сыр-
ласа бiлетiн ақын» деп, Қалижан Бекхожин «Қаб дыкәрiмнiң 
алғашқы жырларымен сырласа байқасақ, жетiмдiктi сезiнсе 
де, «өмiрге өкпелемеген, өкiнбеген», алдынан зор үмiт күткен 
жастың алғашқы көгершiн жырларына қанат берген де сол 
өр сенiм» деп, ал Сырбай Мәуленовтiң «Аршаның шипалы 
қасиетi де Қабдыкәрiмнiң қан тамырында бар едi. Онымен бiр 
кездескен адамның өзi жылы күлкiсiне, жұмсақ сөзiне, әсем 
әнiне мейiрленiп, рахаттанып қалар едi» деп бағалауы – үлкен 
әдебиеттiң, ұлт әдебиетiнiң бағалауы деп бiлуiмiз керек.
Қайран да бiздiң ағалар!..
2013 жыл.
Кереку

246
«ТАҢБАСЫН» ҚАЛДЫРҒАН СУРЕТКЕР
Біз – Жайық Бектұровтай болмысы бөлек тұлғаны көзбен 
көріп, өнегесін алған ұрпақпыз. Азаматтық табиғатына сы-
зат түсірмей өмірден өткен бауырмал ағамыздың өзінен ке-
йінгілерге деген қамқорлығы да, көңілі де ерекше еді. Өмір 
жолында тағдырлары түйіскен адамдардың барлығы да осынау 
бір абзал ағаның адамгершілігін жоғары бағалайды.
Елі үшін аянбай еңбек еткен, ғибратты ғұмыр кешкен сол 
ағамыздың өмір жолына қысқаша барлау жасасақ, ол кісі 
өліара кезеңге екі рет тап болды. Біріншісі – Патша өкіметінің 
тақтан түсіп, Кеңес өкіметінің құрылуы болса, екіншісі – сол 
өкіметтің ыдырап, Қазақ елінің тәуелсіздік алуы еді. 
Қытайда «Өліара кезеңде өмір сүр» деген қарғыс бар. Қо-
ғамдағы түрлі формациялардың алмасуы шығармашылық 
тоқырау мен сан қилы адасушылыққа соқтырады. Бұл – өз 
кезегінде тұтас бір ұлттың рухани дағдарысы. Бірақ Жайық 
ағамыздың ішкі түйсігі ерекше болғаны анық. Ол өз бастауынан 
адаспады. Жалған дүниеде жаңылмады. Кеңес өкіметі құлаған 
соң көп классик жазушымыздың шығармалары бүгінгінің 
кебіне келмей, кешегінің белгісі болып қана қалды. Ал Жайық 
Бектұровтың діттегені осы шақта да құнды һәм қызықты. Оның 
романдары мен поэмаларында қызыл империяның қылмысы 
әшкереленген. Ол Кеңес өкіметінің құрылғаны мен құлағанын 
өз көзімен көрді. Сол жылдарды жазды. Жырлады. Тарихын 
танығысы келген жас ұрпақ Жайықтан келіп сусындап, кешегі 
күннен өнеге алары хақ. Жайық неге бұлай десеңіз, оның 
әуелде қалыптасқан тұсына ой жүгіртіңіз. Алаштың біртуар 
арыс ұлдары Сәкен, Бейімбеттердің көзін көрді. Сол ұлтшыл 
тұлғалардың ұстанымын бойға сіңірді.
Ұлт зиялыларының қасында жүргені үшін Жайық жаза сыз 
қалған жоқ. Сталиннің жандайшап жендеттері қолдарынан 

247
келгенді жасап бақты. Көргені қара қапас, қара түн. Ағаларына 
ілесіп Алаш деп атқа қонғанын кешпеді. 1942 жылдың ба-
сында №105 кавалерия дивизиясының «Қызыл семсер» атты 
газетінің редакторы болып жұмыс істеп жүргенінде НКВД 
тұтқынға алды. Соңынан 10 жылға бас бостандығынан айыры-
лып, Свердловск облысындағы Ивделлагқа айдалды.
Жалпы, Жайық ағамызды жазушы еткен тағдыры. Оның 
ғұмырының өзі бірнеше томдық романға арқау боларлық. 
Сталин лагерінде өткізген жылдары мен лагерь өмірі тура-
лы, текті ұлдарымызды жойған геноцид жөніндегі романын 
Жайық Бектұров 1940 жылдан бері жаза бастаған болатын. 
Осы шығарма 1989 жылы жарыққа әрең шықты. Бұл кітап үш 
бөлімнен тұратын «Төгілген ар» романы еді. Осы кітапты оқи 
отырып, қазақ халқының қасіретін, мұңын көресіз. Отаршыл 
империяның озбырлығын, Кеңес өкіметінің қазақ халқына 
қылған қастығын байқайсыз. Біз тілге тиек етіп отырған жа-
зушы осының бәрін басынан кешірді. Жығылса да жасымады, 
құласа да құлазымады. Ол кісінің темірдей төзімі, қайыңдай 
беріктігі турасында Манаш Қозыбаев ағамыз: «Сіз ғажайып та-
лант иесісіз. Сіз өз ісіңізден, өнеріңізден ләззат алып, шабыт-
танатын жансыз. Сіз ел адамысыз. Жасыңыздан шыныққан 
ұрпақ өкілісіз. Зейнетті де, бейнетті де көп көрдіңіз. Зейнеттен 
тасымадыңыз. Бейнеттен жасымадыңыз», – деген еді. Манаш 
ағамыздың «Сіз ел адамысыз. Жасыңыздан шыныққан ұрпақ 
өкілісіз» деген сөзінен Жайық ағамызды Алаш зиялысының 
бірі деп танитынын байқаймыз. Иә, шынымен де Жәкең ел ада-
мы. Әлихан, Ахметтермен мақсат-мұраты бір тұлға.
Жайық ағамызға Тәңір сыйлаған бір ерекше қасиет бар. 
Ол – қанша жыл өтсе де, болған оқиғаны күні тұрмақ, са-
ғатына дейін есте сақтайтын зердесі. Бектұровтың өзге қатар-
ластарынан басым тұсы осы. Басынан өткен небір зұлмат жыл-
дарды романына арқау еткенде оқиға өрісін өмірдің өзінен 
суыртпақтаған. Айна-қатесіз көшірген. Сондықтан да оның 
шығармалары шынайылығымен құнды. «Таңба» аталатын 
туын дысы – жазушының өз тағдыры.

248
Бұл шығарма турасында Тұрсынбек Кәкішев ағамыз: 
«Жайық Бектұровтың «Таңба» атты романының журналдық 
нұсқасын оқығанда, сталиндік зұлымдықтардың бәрін ба-
сынан өткеріп, азаматтық қалпын сақтап қайтқан Тұрлыбек 
есімді табанды да жанды кейіпкердің қазақ әдебиетіне кел-
ген 
дігіне куәлік беремін және қазақ прозасында кезеңдік 
міндетті ғана емес, жеке адамға табынушылық заманындағы 
озбырлық пен ожарлықтың, қиянат пен зорлықтың, аярлық 
пен арамзалықтың, жағымпаздық пен жауыздықтың қандай 
болғанын «көзге көрсетіп, қолға ұстататын» көркем туын-
ды келді деп есептеймін», – деп баға берген. Мұндағы басты 
кейіпкер Тұрлыбек – Жайықтың өзі. Оның көрген мехнатын 
осы туындыны оқи отырып сараптап, безбенге тартып көріңіз. 
Жәкең 10 жылдық мерзімін өтегеннен кейін де талай қуғын 
мен сүргінді көрді. Қызыл жағалының жаққан жаласы ел 
тәуелсіздік алғанша соңынан ала күшікше шәуілдеп, еріп жүр-
ді.
Жайық ағамыздың Алаш зиялыларын ақтауға қосқан үлесі 
зор. Қазақстанға жеткен жариялылықтың алғашқы сәтінде 
«Қазақ әдебиеті» газетіне «Ағалардың жазығы не еді?» де-
ген мақаласын жариялады. Мұнда Кеңес өкіметін орнатқан, 
оның шаңырағына алғашқы уықты қадаған азаматтар Сәкен 
Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Тұрар Рыс-
құлов, Смағұл Сәдуақасов, Ораз Жандосов, Әбілқайыр До-
сов, Жанайдар Садуақасов, Қабылбек Сармолдаев, Нығмет 
Сырғабеков, Нығмет Нұрмақов сынды көптеген ағалардың 
ғибратты өмірінен, толымды ой-пікірлерінен мәнді көріністер 
жасап, көпшілікке ой салды. 
1988 жылы «Жалын» журналының екі санында (№3, 4) 
«Сәкеннің соңғы сәттері» аталатын деректі хикаясы жария-
ланды. Баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары мен 
естеліктерінде кеңестік дәуірдің айқын бейнесі бар. Шәкәрім 
өліміне байланысты «Ақын мен арамза» поэмасын жазды. 
Жәкеңнің шығармаларын оқи отырып, ұлт зиялыларының 
прототиптерін тап басып танисыз. Сонымен қатар, жазықсыз 
жапа шеккендерді қызғыштай қорыған азаматтығына тәнті 

249
боласыз. Себебі аумалы-төкпелі заманда сталиндік репрессия 
құрбандарының атын атаудың өзі қауіпті болатын.
Жәкең – өзіндік жазу стилін қалыптастырған, өзінің пози-
циясын танытқан жазушы. Талай жас өркенге үлгі, өнеге бол-
ды. Жәкеңді өзіне ұстаз санайтындардың бірі – белгілі қаламгер 
Әзілхан Нұршайықов. Ол ұстазына жазған бір хатында: «Сіз 
менің үнсіз ұстаздарымның бірісіз ғой. Ал мен сіздің көкейдегі 
ой, көмейдегі сөзіңізді айтқызбай ұғуға ұмтылып, талантты 
шәкіртіңіз болуға тырысқандардың бірімін. Ұстаздың үмітін 
ақтау оңай жүк емес. Ақтадым ба, жоқ па, оны білмеймін. 
Бірақ ұстаз өнегесін орындауға үнемі тырысқаным хақ, әлі де 
тырбана берерім аян...» – деген екен. 
Жәкеңнің туындыларымен танысқанда көзбен емес, құ-
лақпен қабылдағандай әсер аласыз. Құдды біреу келіп кұла-
ғыңызға сыбырлап, әңгімелеп беріп отырған секілді. Оқы-
ғаныңды ойға тоқуға, қорытуға жеңіл келетін жайы бар. 
Мұндай әңгімешілдік стиль Әзілхан Нұршайықовта да бар 
екенін көзіқарақты оқырман білер. Әзілхан ағамыздың Жә-
кеңді ұстаз тұтуының да себебі осында жатса керек.
Жәкеңнің Ивделлагтағы өмірі мен сол жылдары басы-
нан кешкен тауқыметтері оның «Этап», «Сібірде» поэмасын-
да, «Ыстық карцерде», «Тайгадағы қысқы суық карцерде» 
өлеңдерінде және тағы да басқа шығармаларында суреттелген. 
Қазақ КСР НКВД-сының Алматы қаласындағы түрмесінде 
Жайық Бектұровтың қандай азап тартқаны туралы газет-жур-
нал беттерінде жарияланған мақалалардан оқып-білуге бола-
ды. Бұрынғы республика прокуроры Ғ. Төлегеновтің «Пара-
сат» журналында жарық көрген хабарламасында, 1990 жылғы 
2 қарашада «Казахстанская правда» газетінде жариялан ған 
Қазақстан прокуратурасы аппаратының қызметкері А. Жев-
ляковтің «Агентурное дело» националистов» деген соттық 
очеркінде, сондай-ақ Мәскеуде шыққан «Берия: конец карье-
ры» деген кітапта Жәкеңнің азапты жылдары жазылған.
Сөз соңында Жәкеңнің ұлт үшін қызмет еткен ұлы тұл-
ғалардың бірі екенін айта кетуіміз керек. Жазушының 100 
жылдық мерейтойына орай оны ұлықтауды кеңірек қолға алған 

250
жөн. Жалпы, кез келген тұлғаны насихаттағанда оның басты 
қағидасы – ұлылықты ұлықтау, тұлғаны тұғырына қондыру. 
Жайық – қазақтың ұлы, қазақтың Жайығы! Ел үшін 
езгіні көрді, еңсесі түскен жоқ. Халқы үшін қамауда болды, 
қары сынған жоқ. Жайықтың аты Алаш тарихында алтын 
әріптермен жазылары сөзсіз.

251
СӘКЕН СОҚПАҒЫ
«Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» дейтін қа-
ғидаға сүйенсек, қатарластарының арасында Сәкен Имана-
совтың қалам сілтесі көп торының ортасында төбеліндей, көп 
қайқаңның қатарында төбесіндей боп бірден көзге түседі. Жас 
ақындарға тән еліктеу-солықтау салқынынан ерте арылған 
ақын небір дүмді білек дүлдүлдер бағын сынап жүрген жыр 
көкпарына белі берік бесті ат мініп келгендей арындап қо-
сылған еді. 
Оның сол жылдары күнделікті баспасөзде топ-тобымен 
жарияланған жырларынан қазақ өлеңінің басты шарты – 
техникаға тастай тиянақтылық пен ой-сезімге құрылған нәзік-
тікті берік ұстанғанын байқауға болатын. Оқырманға айтар ой 
түсініктірек болу үшін шумақты бітеу күйінде жібере бермей, 
қажет жерінде тармақты сындырып отыру да сол кезде енген 
тәсіл еді. Ақынның қара өлеңнің қалыптасқан үш буынды 
ұйқасын қанағат етпей, ішкі ұйқастарымен оны бесеуге дейін 
жеткізген жаңашыл ізденісі де сол қалыптасу кезеңінде бой 
көрсеткені анық.
Сәкен ағамыз – өзінің қаламдас інісі Жарасқан айтқандай, 
«соғыс көрген әкелерден жаралып, соғыс көрген аналар 
ды 
емген» буынның өкілі. Сәкен өмірбаяны – соғыстан соң туған-
дардың өмірбаяны. Ауық-ауық оралып соғып отырар тақы-
рыбы да сол – соғыстан соңғы өмір тақырыбы. Оның өз дәуірінің 
ұлы, өз уақытының үні болып төмендегіше тебіренуі де содан.
Мен сөйлеймін!
Бұрын да сөйлеп келгем,
Ұрпақ бар ма біздердей бейнет көрген.
Жалаң аяқ, жалаң бас жер айдадық,
Жел гуілдеп жамаулы көйлектерден.

252
Бәрін көрдік... 
Желіне дейін бұрқақ,
Көрмесек, тек көрмедік ойын-күлкі-ақ.
Мезгіл өзі ертерек сомдап алған
Біздің ұрпақ – соғыстан кейінгі ұрпақ, – 
дейді ақын бір өлеңінде.
Соғысқа дейін дүниеге келген буын Қадыр, Тұманбай, Жұ-
мекендердің жырларына арқау болған елдің ауыр күй, азапты 
тіршілігі соғыстан соң туғандардың да талайына бұйырған 
тақырып болғандығын байқаймыз. Қаршадайынан қараңғы 
таңнан тұрып, қара өгіздің басын жетелеген қара баланың 
жүрегіне байланған шемен уақыты жете келе шерменде жыр 
боп төгілгеніне таңдана қоймайтынымыз да содан. «Жалаң аяқ, 
жалаң бас жер айдаған жыртық жейделі» бала тағдыры – сол 
дәуірдегі барша қазақ баласының тағдыры. Жекенің мысалы 
жалпыға жалғасқан жерде (немесе керісінше) типтендіру деген 
төтен тәсілдің бой көтеретіні әлгінде келтірген егіз шумақтан 
анық аңғарылып тұр.
Сәкен – өмірде өзі қандай сырбаз болса, өлеңді де сондай 
сұлу сезіммен өрнектейтін талғампаз ақын. Абай айтқан «ма-
хаббатсыз дүние бос» деген күй кімдердің басынан өтпеген?! 
Ақындар да осы бір текті сезімінің тұнық бастауын айналып 
өтпегені белгілі. Бірақ бірі елесіне есінеп, емеурінмен жаз са, 
екіншісі оның шарпыған отына шырпыдай өртеніп, қолам-
тасын қопара жазатыны белгілі. Сәкен ақынның екінші 
топқа жататынына күмән жоқ. Оның аппақ қыздың образын 
жасаған бірталай өлеңдері шынайы өмірден сыр тартқан сұлу 
сәттердің сәулесіндей әсер етеді. Жырдағы шарпысқан сезім 
мен шалдыққан төзімнің қосамжар қимылы біресе аңқаң кеуіп 
жеткен шәрбәтіңді ерніңе тигізе бере алып кеткендей, біресе 
төбеңе төңкере жұтып, мейіріңді қандырғандай күй кештіреді.
Жалпы, Иманасов ақынның интимдік иірімдері жеке әңгі-
менің тақырыбына лайық дер едік.
Сәкен Иманасов – сезім сілкінісі мен жан жүйе жұлқы-
нысының ақыны. Ол үшін көңілді қозғап кеткен сәл құбылыс, 

253
лүп еткен самалдай сәл серпілістің өзі – тың тақырып, жа-
ңа жыр. Әбден жаттанды, жауыр болған үрдістерді қайта 
езгілеуден ештеңе шықпасын білетін шайыр қай өлеңінде де 
ұтқыр ой мен тапқыр тұжырымға табан тіреуді тапжылмас те-
мірқазығына айналдырған. 
Айтулы ақынымыздың артында қалған жауһар жырларын 
қайта бір ақтара отырып, аға жүрегін тебірентпеген тақырып 
кемде-кем екенін байқаймыз. Оның өлеңдерінде адам жанының 
небір нәзік пернелерін жаңылмай басып, біресе сыңғыры мол 
сырға, біресе күңіренісі мол мұңға батыратын сәттермен қа-
тар, атақонысының даласы мен қаласын, данасы мен баласын, 
тарихы мен тағылымын, салты мен салауатын сан қыры нан 
толғаған тұстар мол ұшырасады. Және осының бәрі – Сәкен 
ақынның көзімен ғана көріп, Сәкен ақынның көңілімен түйген 
ойлар, бейнесі анық, бояуы қанық дүниелер. Шеберліктің 
шеңберіне салған кезде тақырыптың ұсақ-түйегі болмайтынын 
ақын өлеңін абайлай оқығанда, аңғара тоқығанда ғана түсіне 
бастайсың. 
Ілгеріде айтып өткеніміздей, Сәкен ақын – буыныңды 
балқытып, көңіліңді шалқытар лирикалық өлеңдермен қа-
тар ел рухын, ер еңсесін көтерер азаматтық-патриоттық тақы-
рыптағы туындыларымен де ерекшеленер қалам иесі. Қашанда 
жалған пафос, жадағай ұраннан аулақ жүретін ақын табиғаты 
мұнда да шынайылықты шырақ етіп, бұра тартуға мұрша 
қалдырмаған.
Сәкен Иманасов шығармашылығының тағы бір қыры – 
лағып айтпай, қағып айтатыны. Қауып сөйлемей, тауып 
сөйлейтіні. Екінің бірінде бұйыра бермейтін мұндай қасиет – 
үнемі ой үстінде жүретін, тақырыбының түйінін тереңнен 
тар  тып, тебіреніспен күн кешетін ақындармен ғана еншілес 
екені мәлім. Егер осы тұжырымға ден қойсақ, онда Сәкен 
ақынды буыныңды бу шалғандай балқытар лириктігімен 
қатар, философиялық өлеңнің де өнімді өкілі деуге негіз бар. 
Бұл да әлгі «қарама-қарсылықтың күресі мен бірлігінен» 
туатын құбылыс. Ойшыл ақын болу үшін әйгілі ғалым ашқан 
әлгі заңның кемінде бірер «бабы» шеке тамырыңдай бүлкілдеп 
тұруы керек-ақ. 

254
Айта кетер бір жәйт – ақынның сөздік қорының бай да шұ-
райлы екендігі. Қайсыбір қалам иелері тіл байлығын кітап оқу 
арқылы толықтырса, бұл кісі ұлт тілінің шұрайына уызынан 
жарығандығын анық байқатады. Содан да болар, шабыттың 
Шалқұйрығын шұлғыта мінген сәтте небір қиын қылталардан 
қиналмай қарғытып, күрделі ұйқастардан кібіртіктемей ор-
ғытып, толқыған селдей, көлкіген көлдей ағыл-тегіл төгілетіні 
бар. Жүре пайда болмай, туа пайда болған ақындық мінез 
осындай болса керек-ті.
Мінез демекші, Сәкен ақынның ет пен сүйектен жаралған 
пенде ретіндегі болмыс-бітімі де бөлекше болатын. Өмірде өзі 
бір бөлек, сөзі бір бөлек жүретін әріптестеріміздің талайымен 
түк болмағандай жүріп жатырмыз ғой. Тазалық пен туралықты 
қорғауға келгенде «Платон достың» да бет-жүзіне қарамайтын 
нағыз Аристотель-қазақ осы ағамыз еді десек, еш артық емес. 
Әділетке ара түспесе қарадай мазасы кететін ақын, көптеген 
өлеңдерінде төл табиғатынан хабар беретініндей, шындықтан 
бұра тартам дейтіндерге бұйдасын да сипатпайтын асау мінездің 
иесі еді. Екі сөйлеуді еп көрмейтін, нағыз «не бел кетеді, не 
белбеу кетедінің» өзі болатын.
Тағы бір қызық жері – шығармаларында, әдейілеп болмаса 
да, өз болмысын өзі бейнелеп кеткен кісіңіз де осы ағамыз дер 
едік. Оның жан сарайының қақпасын айқара ашып, ақтарыла 
жазатын таза табиғаты қай шығармасында да «менмұндалап» 
тұратынына байланысты айтылып жатқан сөз бұл. Лирикалық 
геройдың «мені» өмірдегі «менмен» біте қайнасып кеткенде 
осылай болмақ.
Сәкен Иманасовтың шығармашылық тәжірибесінен қа-
нат тас інілері – біздер үйренген игіліктер аз емес. Өлең тех-
никасындағы мергендік, ой жүйесіндегі тапқырлық, сезім 
дүниесіндегі шынайылық – хас шеберден қуана қабылдаған 
қазынамыз. Әсіресе ақын ағаның ішкі ұйқасты магнит тарт-
қан майда металдай түйдек-түйдегімен қолдануы көп әріп-
тестеріміздің қызығушылығын туғызғаны анық. 
Замандасы Асқар Сүлейменов айтқандай, «поэзия әлемін де 
өз Менделеев таблицасын» қалыптастырған өр мінезді ақын-

255
ның, міне, екінші, мәңгілік ғұмыры да басталды. Өлең-жыр-
ларын кейінгі ұрпақтың жаттап өсетіндігі және күмәнсіз. 
Осыны болжағандай, қайтыс болғанына жыл толмай жатып, 
75 жылдығына орайластыра өткізілген ұлықтау іс-шараларын 
Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық және Алакөл 
ауданы әкімдіктерімен бірлесе жоспарлаған еді. Онда жазба 
ақындар мүшәйрасын, мектеп оқушылары арасында Сәкен 
оқуларын өткізу секілді шаралар қамтылды. Ақын оқыған 
Үшарал қаласындағы Абай атындағы орта мектепте мұражай 
ашылды. Осының барлығы Сәкен Иманасовтың есімін мәңгілік 
есте қалдыру мақсатында болашақта өткізіліп тұратын игі 
шаралардың бастауы ғана деп түсінгеніміз жөн. Себебі артында 
өлмес мұра қалдырған ақын есімі ел жадынан шықпайды деп 
сенеміз.

256

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал