Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014



жүктеу 7.28 Kb.

бет11/19
Дата08.01.2017
өлшемі7.28 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

«Қазақ әдебиеті» газеті.
2005 жыл
12-267

178
ҚАЗАҚ ҚАРА СӨЗІНІҢ ДАРАБОЗЫ
«Шынайы жазушы әдебиетке өз тағдырымен келеді»
– Сіздің «Қазығұрт» баспасынан 12 томдық таңдамалыңыз 
жарыққа шықты. Ондағы шығармалардың дені қылышынан 
қан тамып тұрған Совет цензурасының заманында жазылды. 
Сараптау барысында бүгінгі оқырманның талабына дөп кел-
мей, жинаққа ене алмай қалған шығармаларыңыз болды ма?
– «Қазығұрт» баспасынан шыққан  бұл 12 томдығым 
шығармашылық белестегі үлкен бір табысым болды. Шы-
нын айтқанда, бұл томдықтарды шығару оңайға түскен 
жоқ. Көмектеседі деп сенген үкімет бір тиын да қаржы бөл-
меді. Біреуге сенген күн күн емес екенін осы жолы қатты 
сезінгендеймін. Томдықтарды шығару барысында қатты 
қиналғанымда, «Осының бәрі маған не үшін керек?» деп 
бәрінен бас тартпақ болып та оқталдым. Дегенмен, әдебиетті 
қадірлейтіндер, көркем сөздің киесін түсінетіндер бар екен. 
Солардың жанашырлығымен барлық қиындықты жеңіп 
шықтым. Тіпті, томдықтарға алдын ала тапсырыс беріп, 
қаржыларын баспаның есепшотына аударып, жүгіріп жүрген 
жанашыр оқырмандарымды көргенде, төбем көкке екі елі жет-
пей қалды. Оларға рахмет, әрине! Ел бар екен... 
Осындай тілеулес жұртшылықтың арқасында 12 томдық 
екі жылға созылып, 2004-2005 жылдары жарыққа шықты. 
Жақында ғана осы томдықтардың соңғы кітабы жарық көрді. 
Қазіргі өлшеммен алғанда, таралымы да жаман емес, 3000 
дана! Көп томдық үшін бұл жақсы көрсеткіш.
Айтып өтейін, томдықтарға негізінен елге танылған ке-
сек шығармаларымды енгіздім, 10 роман, 5 повесть, ондаған 
әңгімелерім бар. Оның алғашқы он бір кітабына таза прозалық 
дүниелерімді кіргіздім, ал он екінші том естеліктер, мақа-

179
лалар, ой-толғамдарымнан тұрады. Менің жазғандарымның 
көпшілігі, өздеріңіз айтқандай, кеңес дәуірде, советтердің 
қылышынан қан тамып тұрған кезде жазылған дүниелер.
Әйтсе де, «Соңғы көш», «Тағдыр», «Атамекен» атты роман-
дарым қайта басылғанда пәлендей өзгеріске ұшыраған жоқ. Тек 
«Соңғы көштің» бірінші томында 1932 жылғы ашаршылықты 
суреттеген тарау бар еді, ол кезінде қырағы цензурадан өтпей 
қалған болатын. Соны қайта кіргіздім.
Мен өзі жұрт жабыла мақтай беретін 60-жылдардың түле-
гімін. Осы кезеңде әдебиетке үлкен талантты топ келіп қо-
сылды. Негізінен олар алдындағы аға буын өкілдері сияқты 
емес, ой-жүйесі бөлек, ұстанымы ұлтжанды жаңа буын өкілдері 
еді. 37-нің зұлматтарын басынан кешпеген, соғысты көрмеген, 
52-нің мүштегіне ілінбеген бұлар алдыңғы ұрпаққа қарағанда 
батылырақ, асаулау, дүбірлі болды. Әдебиетке жаңа өріс 
әкеп қосты. Тіпті, сол уақыттағы әбден қалыптасып үлгерген 
социалистік реализм қағидаларынан шығып кетіп отырды. 
Өйткені уақыттың мүмкіндігі солай еді. 60-жылдағылар осы 
мүмкіндікті сәтті пайдаланды. Осындай таланттар туғыз-
ған уақытта келгенім үшін мен өз тағдырыма ризамын. Ба-
қыттымын.
Дегенмен, менің жазу машығым, мәнерімде әріптестеріме 
қарағанда өз ерекшелігі болды. Таратып айтсам, шынайы жа-
зушы әдебиетке өз өмірбаянымен, өз тағдырымен, өз тақы-
рыбымен келеді ғой. Қолына қалам ұстаған кісі ретінде мен де 
осы қағиданы аттап кеткенім жоқ. Сонда не ерекшелік дейсіз 
ғой? Менің өмірбаяныммен біршама таныс адам біледі, өзім 
Қытайда – Шыңжаңда дүниеге келген қазақпын. Сол жақтағы 
қазақтардың көшпелі өмірлерін (ең соңғы деуге болар) өз 
көзімізбен көріп ержеттік. Міне, осы көшті мен әдебиетке 
әкелдім деп ойлаймын. Былайша айтқанда, қазақ диаспорасы 
жайындағы тақырыпты әдебиетке енгізген, соның іргетасын 
қалаған қаламгер ретінде танылдым. Әдебиет сыншылары 
болсын, жазушылар болсын, маған басқаны қимаса да, осы 
ерекшелігімді мойындайды. Оған да шүкіршілік! 

180
Шынына келсек, бұл өзі қиын болды. Маған дейін ешкім 
қозғамаған, түрен түспеген тақырып еді. Қиын болған соң да 
«Соңғы көшті» жазғанда мүмкіндігінше шындықты, ақиқи 
болмысты бұрмаламай, барды бардай, жоқты жоқтай жеткізуге 
тырыстым. Төңкерістер дәуірінде ұлттың рухани дүниесі, идео-
логия көп өзгеріске ұшырады ғой, бұдан бәрінен бұрын тарих-
шылар мен әдебиетшілер көп қағажу көреді. Тіпті, тоқырауға 
ұшырап қалатын кездері де болады. Олардың жазғандары 
жаңа дәуірге үйлеспей, оқылмай, мазаққа ұшырап қалады. Бір 
тәуірі, өз басым осындай оқылмайтын немесе жазғандары түкке 
тұрмай күресінге лақтырылатын дүниелерден аман екенмін. 
Осы шығармамды неге жаздым деп өкінетіндей кітабым жоқ 
екен...
– Сіз 1962 жылы қазақтың ұлы көшіне мұрындық бо-
лып, сонау Шығыс Түркістанда жатқан қалың елді өзінің 
атажұртына қарай көшіріп, қондыруға үлкен үлес қостыңыз. 
Осы көш туралы «Соңғы көш» атты тамаша роман жазып, 
қазақ прозасына қомақты олжа салдыңыз. Бізге осы жайында 
әңгімелеп берсеңіз?
– «Бір жамандықтың бір жақсылығы болады» деп бұ-
рынғылар қалай тауып айтқан десеңізші! Алдымен мен 
Қазақстанға 1956 жылы оқуға келгенмін. Сосын екі алып 
елдің (ол кезде КСРО және Қытай) арасына салқын сызат 
түсіп, қайта шақыртып әкетті. Ол жақта мені басымнан сипай 
қойған жоқ, сүргінге айдады. Сүргінде 4 жылымды өткіздім. 
Сөйтіп, атажұртқа 1962 жылы қайта оралдым. Төрт жыл 
сүргінде жүру, былайша қарағанда, босқа өткен уақыт секілді. 
Шығармашыл адам үшін үлкен шығын, әрине. Бірақ, есесіне, 
ол жақтан үлкен олжамен оралдым. Олжа деп отырғаным – 
«Соңғы көш» атты екі томдық кітабымның материалдарын 
жинап, зерттеп, зерделеп қайттым. Егер елге қайта бармасам, 
әлгіндей қысымға ұшырамасам, «Соңғы көш» жазылар ма 
еді, жазылмас па еді?.. Бұл – бір. Екінші бір жеңісім – өткен 
ғасырда, 1962 жылы атажұртқа бет алған көштің бұйдасын 
ұстап келгендігім. Әрине, көшке жетекшілік жасаған адамдар 
көп болды. Алайда сол көшке дем беруші, яғни идеологі өзім 
болғанымды мақтан тұтамын. Неге идеологі? Түсіндірейін. 

181
Ол кезде Мәскеудің ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс бо-
лып, атқа мініп тұрған тұсы. Қазақстан өз бетінше ештеңе 
де шеше алмайды. Біз жүздеген адамдардың қолы қойылған 
ондаған хаттар жазып, оны тұп-тура Кремльге жіберіп отыр-
дық. Хрущевтің атына, Ворошиловтың атына, кейде олардың 
көшірмесін Қонаевқа салатынбыз. Осы хаттардың бәрін мен 
өз қолыммен жазып, жіберіп отырдым. Өйткені мен Алматы-
да оқыған адаммын, кириллицаны жақсы білемін, орысша да 
сауатым жетеді. Сондықтан маған жұртшылық қатты сенетін. 
Оның үстіне танылып қалған жас жазушы деген атағым бар. 
Таңғаларлығы, бізге қолма-қол жауап келіп отырды. Қайдан 
десеңізші! Кремльден! Сол бізге сенім ұялатты. Сонымен, 1962 
жылы 10 сәуірде көш басталып кетті. Бұл көш бар болғаны 
20 күнге ғана созылды. Айтқандай көш те келді, Совет жағы 
Тарбағатайдың төрт жерінен бір-бір шақырым қашықтықта 
шекараны ашып тастады. Сонда негізінен Шәуешек қаласы 
мен осы аттас аудан, Шағантоғай мен Дөрбілжін ауданы-
нан барлығы 200 мыңдай адам өтіп үлгерді. Алайда Қытай 
жағынан қатаң ультиматум қойылып, мамырдың 1-і күні ше-
кара қайта жабылды. Қаншама қандастарымыз өтуге үлгере 
алмай қапыда қалды. Дегенмен, мұның өзі үлкен шаруа болды 
ғой деп ойлаймын. 
Биыл осы көштің өткеніне 44 жыл толып отыр. Кітапта-
рымды, жазған дүниелерімді есепке алмағанда, осы көштің 
басы-қасында жүргенімді өзімнің ұлт алдындағы азаматтық 
қызметімнің шыңы деп есептеймін. Тағдыр маған осындай бір 
миссияны орындауды маңдайыма жазған болу керек, мен сол 
сенімді абыроймен атқарып шыққаныма ризамын. Оның соңы 
өздеріңізге белгілі «Соңғы көш» романына ұласты. «Соңғы 
көш» қалай жазылды, негізгі кейіпкерлері кім деген мәселеге 
тоқталмай-ақ қояйын. Себебі ол туралы көп жазылды, айтыл-
ды. Онымен оқырмандарым жақын таныс. Бұл жөнінде «Соңғы 
көш» қалай жазылды?» деген мақаламда да егжей-тегжейлі 
айтылған.
Ескерте өтетін бір нәрсе, «Соңғы көш» деп тақырып таң-
дағанда, мен жай әншейін көшіп келе жатқан көшті емес, одан 

182
гөрі ауқымдырақ мағынада, яғни көшпелілердің соңғы тұяғы 
деген ұғымда жеткізгім келді. «Соңғы көш» деп тақырып 
таңдағанда да осы ұғымды негізгі ұстанымға алдым. Дерек-
ке сүйенсек, жалпы көшпелілердің көші үш мың ба, әлде бес 
мың ба жылға созылған ғой. Соның ең соңғы тұяғы секілді 
мағынада... Былайша айтқанда, көшпелілердің ең соңғы баты-
ры, ең соңғы баһадүрі, ең соңғы аруы, ең соңғы көш көріністері, 
керек десеңіз, ең соңғы ұрысын да суреттеп, көрсеткім келді. 
Біле білсеңіз, бұл типтер мен кейіпкерлер галереясы күні ертең 
тарихқа айналады. Тарихтың беті аударылайын деп тұрған 
уақыттың характерін, қоғам мінезін қағаз бетіне сол күйінде 
түсіргім келді. Оның үстіне бұл кітап сол көштің тірі куәсі 
ретінде құнды ғой деп ойлаймын.
«Отанын іздейтін қазақ қалмай қала ма деп қауіптенемін»
– Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері алыс-жақын шетелдегі 
қандас бауырларымыз өзінің ежелгі атажұртына бет түзеді. 
Жапа-тармағай, қауырт көшіп келіп жатпаса да, көш сорабы 
үзілген жоқ. Сіз дәл осы мәселе туралы талай рет дабыл қағып, 
баспасөз бетінде ой-толғамдарыңызды ашық айтып келесіз. 
Әйтсе де, осы бір өзекті мәселе әлі де өз шешімін тапқан жоқ. 
Мұның себебі неде деп білесіз?
– Рас айтасыз, сол көш әлі тоқтаған жоқ, жүріп жатыр. 
Тәуелсіздік алғаннан кейін, 90-жылдардың басында қайта 
жанданды. Тіпті, бұл жолы географиялық көлемі ұлғайды. Тек 
Қытай ғана емес, Моңғолиядан, Өзбекстаннан, Ресейден, сонау 
қияндағы Түркиядан қандас бауырларымыз ат басын атаме-
кенге тіреп жатыр. Бұған тәубе деуіміз керек. Шындығында, 
бұрын хабарсыз екенбіз, 5 миллион қазақ сырт жерде өмір сүреді 
екен. Бұл – халықтың үштен бірі деген сөз, өте сирек кездесетін 
жағдай. Өзім бір кезде көш бастап келген адам ретінде бүгінгі 
еліміздегі көші-қон мәселесіне әрқашан назар аударып оты-
рамын. Көңілім толмаған жағдайларды ашық айтып, талай 
мақалалар жаздым. Мысалы, «Қазақ әлі қоныстанып біткен 

183
жоқ» деген сыни дүнием жоғарыда біраз дүрбелең салды. Одан 
басқалары да бей-жай қалдырған жоқ.
Осы жерде бір мәселе, қазақтың басындағы трагедиялық 
жағдайлар халық санының аздығынан болып жатыр деп 
сеніммен айта аламын. Қазақтың саны кем дегенде 80 па-
йызды құрасыншы, не болар екен?! Қазіргі проблемаға айна-
лып жүрген көптеген мәселелер өздігінен-ақ шешілер еді. Тіл 
мәселесі, дін мәселесі зәрезап ауруға айналмас еді. Мәселен, осы 
күні халықтың санын 20 миллионға жеткіземіз деп ұрандатып 
жатырмыз. Осылай ұрандатып аламыз да, балаларымызды ше-
телге сатуға арланбаймыз. Логика қайда? Бұл – бір. Екіншіден, 
табиғи өсім қанша жақсарды дегенмен, баяулап қалғанын 
мойындайық. Бірақ оның да үлесі бар екені рас. Меніңше, осы 
демографиялық өсімге өзіндік үлес қосып, қарқын беретін 
бір тетік – жат жұртта жүрген қандастарымызды елге әкелу 
болса керек. Сондықтан демографиялық дүниеге байланы-
сты үкіметтің ұстанып отырған саясаты шын болса, көші-қон 
қарқынын арттыру қажет. Олардың халық санының көбеюіне 
өз үлестерін қосатынына сенімдімін. 
Бірді айтып, бірге кетемін. Қиыншылықты, қысымды, 
тепкіні көп көрген халық шыдамды, қайсар, төзімді, білімді 
келеді. Қазіргі қазақ тап осындай жайтты басынан кешіріп 
отыр. Ендігі бір мәселе, негізгі көштің көзі қай жерде, осы-
ны анықтап алу керек. Менің ойымша, көш көздері үш-
төрт елде ғана. Айталық, Қытайда 1,5 миллион қазақ бар, 
Моңғолияда 150 мыңдай, Өзбекстанда 1,5 миллион, Ресей-
де 1 миллионнан астам. Міне, көштің көздері осылар. Жуық 
арада сарқылмайтын, таусылмайтын көштер. Алайда, көш 
қозғала қалған жағдайда, оларды лайықты қарсы алуға біздің 
еліміз дайын ба? Күмәнім бар. Мұның, әрине, объективті 
және субъективті себептерінен айналып өте алмаймыз. Қарап 
отырсаңыз, бүгінге дейін көштің көңілдегідей жүрмеуін оған 
бөлінетін квотаның аздығынан көріп келдік. Осы жайтты 
шешетін кез келді. Еліміздің экономикасы қарқындап дамып, 
тұрғындардың жағдайы көп жақсарып қалды.

184
Оның үстіне бізде Ұлттық қор деген қорымыз жұмыс 
істейді. Өткенде осы қордың басшысы «Біздің Ұлттық қорда 
8 миллиард доллар қаржы бар» деп сөйлеп жатыр. Меніңше, 
осы қордағы қаражаттың біразын көші-қонға бөлсек дұрыс 
болар еді. Ұлттық қордың қаржысын ұлттың басын қосуға 
жұмсамағанда, қайда жұмсаймыз?! Ең игілікті жұмыс сол емес 
пе?! Біздің байлықтың пайдасын шетелдегі қандастарымыз да 
көрсін. Бұған олардың толық моральдық құқы бар ғой деп ой-
лаймын.
Былтыр Президенттің кандидатурасын ұсынып тұрып мы-
надай пікір айтып едім: «Мәскеу бір күнде салынған емес» 
дейтін орыстарда жақсы тіркес бар. Сол секілді Астана қаласы 
да бір немесе бес жылда тұрғызылмайды. Ол салына береді. 
Осы қалаға құйылып жатқан қаржының тым болмаса үштен 
бірін көші-қонға бұрса, нұр үстіне нұр болар еді. Көші-қон 
біздің жайбасарлығымызды күтіп жатпайды. Өйткені қазір 
ұлттардың оянған кезі. Мысалы, Қытайда қазақ мектептері 
бірінен соң бірі жабылып жатыр. Ең сорақысы, оны ұялмай-
қызармай, кәдімгідей айтып істейді. Енді бір жиырма жыл-
дан кейін ол жақта Отанын іздейтін қазақ қалмай қала ма деп 
қауіптенемін. Өзбекстан мен Ресейде де осындай жағдай деп 
естимін. Қазірше тілін, елін білетін, атажұртын аңсайтын 
ұрпақ бар кезде көшіріп алу – кезек күттірмейтін мәселе. Эко-
номикамызды жөндеп алайық, сосын көшіріп аламыз ғой деу 
дұрыс емес. Мемлекеттің ең негізгі ресурсы – адам екенін бір 
сәт те естен шығаруға болмайды. Әсіресе, біз секілді алып жері 
бар, кішкентай елі бар мемлекетке...
Шынын айту керек, осыған біздің ықыласымыз өте төмен. 
Мұны артық жұмыс, орынсыз шығын деп түсінетін шенеуніктер 
бар. Бұл мәселенің мәнісін терең түсінбегендіктен. Сосын осы 
мәселеге жауапты адамдардың жауапсыздығынан квотаға 
бөлінген ақша тиісті адамына жетпей, жолда адасып жатады. 
Тіпті, өз пайдасына пайдаланып кеткен жағдайлар да кез-
дескен. Неге екенін, әйтеуір, аталған Агенттіктің маңында 
көші-қонның не екенінен хабарсыз, не жаны ашымайтын, пай-
дакүнем біреулер отырады. Біздіңше, оның басшысы тағайын-

185
далғанда, қасына осы жайттан хабары бар, терең ұғынатын 
ұлтжанды азаматтарды қосса дұрыс болар еді-ау деп ойлай-
мын. Сонда оралмандарға аса зиян келмес еді. Мұның артында 
үлкен ұлттық саясат жатқанын ескере бермейді біреулер.
– Қадірлі Қабеке, Сіз Қазақстандағы қазақ әдебиеті ғана 
емес, алыс-жуық шетелдегі қазақ әдебиетін де жетік біле-
тін білікті тұлғасыз. Шыңжаң қазақ әдебиетінің негізін 
қалаушылардың бірегейі, аса талантты жазушы Қажығұмар 
Шабданұлының тағдыры мен оның шығармашылығы жайлы 
мұндағы оқырмандарды хабардар еттіңіз. Осы тақырыпты 
әрі қарай қаузасаңыз. Біз білмейтін тағы қандай талант-
ты ақын-жазушылар бар? Жалпы, Шыңжаңдағы қазақ жа-
зушыларының бүгінгі жай-күйі қандай?
– Жазушылар одағында Шетелдердегі қазақ әдебиеті деген 
кеңес бар. Мен сол кеңестің төрағасымын. Сондықтан келіп-
кетіп жатқан қаламгерлерді қадағалап отырамын. Өздеріңе 
де белгілі, тәуелсіздік алғаннан кейін шет жақта жүрген көп-
теген ақын-жазушылар қайтып оралды. Шама-шарқынша 
ең 
бектеніп жатыр. Олардың ішінде Жақсылық Сәмитұлы, 
Жәр кен Бөдеш, Оразанбай Егеубаев, тағы басқаларды атауға 
болады. Ал енді талантты бір шоғыры атамекенге жете алмай 
арманда өтті. Мәселен, Рахметолла Әпшеұлы, Мақатан Шә-
ріпханұлы, тағы басқалар... Міне, сондай жанның бірі әрі 
бірегейі – Шыңжаңдағы қазақ әдебиетінің классигі Қажығұ-
мар Шабданұлы. Бұл кісі ұзақ жыл түрмеде, тар қапаста жат-
ты. Сізге айтсам, бастан-аяқ қырық жыл бойы түрмеде отырған 
адам өте сирек. Ол қазір 80 жасқа келген ақсақал. Осы сексен 
жастың тең жартысын түрмеде өткізген. Шәуешек қаласында 
тұрады. Аман-есен жүріп жатыр. Былтыр осында Жазушы-
лар одағы бас болып, ол кісінің 80 жылдық мерейтойын атап 
өттік. Өзі жоқ, туыстары, Қажығұмарды білетіндер мен көзін 
көргендер қатысты. Көптеген естеліктер айтылды, соның 
қар саңында ғана Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 
демеу 
шілігімен оның «Пана» романы мен алты кітаптан 
тұратын «Қылмыс» романының бірінші томы жарық көрген 
болатын. 

186
Айтып өтейін, осы «Қылмыстың» 3 томы бостандықта жүр-
генде жазылса, қалған 3 томы тар түрмеде дүниеге келген. 
Роман оқиғасы шамамен 50 жылдық тарихты қамтиды. Қы-
тайда Тарым дейтін жер бар, Қашқариядағы Тарым өзенінің 
бойындағы атақты шөл. Қажығұмар Шабданұлы, міне, осын-
да түрмеде жатты. Мынау қазақтар «итжеккен» деп атайтын 
Сібірде – азап болса, Тарымда – тозақ. Өйткені 50 градус ап-
тап ыстықта өмір сүру кім-кімге де оңай емес. Әсіресе еркін 
қанатты қазақ үшін...
«Жазушы – әркімге ұнағысы кеп тұратын 
бойжеткен қыз емес»
– Қабеке, қазақтың прозасын қандай сүйіп оқысаңыз, поэ-
зиясын да сондай сүйіп оқып келесіз. Құстың қос қанатындай 
әдебиеттің осы бір егіз жанрына бірдей қапысыз қалам тарт-
қан жазушысыз. Заман өзгерді, уақыт талабы өзгерді, оқыр-
ман ойы мүлде жаңғырды. Осы орайда қазіргі қазақ ақын-
дарының аяқ алысына көңіліңіз тола ма? Оларда ізденіс 
байқала ма, байқалса, қай тұстан байқалады?
– Білесіз бе, мен соңғы кезде қызық нәрсені аңғарамын. 
Қаншама мемлекетте қазақ диаспорасы болса, соншама әде-
биет бар деп айтуға болмайды. Сонан соң әдебиеттің болуы 
санға да байланысты емес. Мәселен, Қытай қазақтарында 
әдебиет бар. Ол – талассыз. Сосын бар болғаны 150 мың қазағы 
бар Моңғолияда да әдебиет біршама жоғары деңгейде. Есесіне, 
1 миллионнан астам қазақ өмір сүретін Ресейде әдебиет мүлдем 
жоқ, үлкен өнер де жоқ. Өзбекстанда там-тұмдап қана деуге 
болады. Меніңше, әдебиет ұлт тұрған жерде тумайды, әдебиет 
ұлттың ұйыған жерінде пайда болады. Ұйытқы дегеніміз не? 
Сол жерде мектеп болу керек, ана тілінде ұрпақ тәрбиелеу ке-
рек, дәстүрлі қаймағы бұзылмау керек, ақыр соңы біршама 
тығыз қоныстанып отыруы керек. Осы секілді әдебиеттің өмір 
сүруінің көптеген себептері бар. Осындай ұйытқысы бар жер-
де әдебиет туады. Ал Түркияда 20-25 мың қазақ тұрады деп 
жүрміз. Бірақ ол жерден үлкен әдебиет туады деп үміттенудің 
керегі жоқ. 

187
Бір әңгіменің орайы келіп тұр. 1988 жылы Украинада Қа-
зақстан мәдениеті мен әдебиетінің онкүндігі өтті. Көптеген қа-
ламгерлер, өнер жұлдыздары, зиялы қауым өкілдері қатысты. 
Бөлініп-бөлініп алып облыстарды араладық. Біздің топ Днепр-
ді бойлап, Черкасск қаласына аялдап, сонда жұртшылықпен 
кездесу өткізді. Кездесудің ең бір шырқау шегіне жеткенде бір 
мектептің директоры былай сұрақ қойды: «Сіздерде 800 мың 
біздің қандастарымыз бар деп естиміз. Оған қуанамыз. Әсіресе 
халық санағы кезінде бір қарап, марқайып қаламыз. Бірақ не-
шеме жүз қаламгерлердің ішінде бірде-бір украин жоқтығы 
біздің қарнымызды аштырып отыр. Неге бұлай? Сонда Сіздің 
елде тұратын украиндар әдебиетті қойған ба?» деді. Мұндай 
тосын сұрақты ешкім күтпеген болу керек, зал құлаққа ұрған 
танадай тым-тырыс қалды. Бұл ауыр үнсіздік біразға созылып, 
тіпті зіл батпандатып жіберді. Топ жетекшісі ретінде маған жа-
уап беруге тура келді. «Украиндар – талантты халық. Украин 
ұлтынан шыққан бізде жақсы хатшылар бар. Совхоз дирек-
торлары, колхоз төрағалары бар. Талантты инженерлер бар. 
Ұяттысы сол, бірде-бір украин жазушысы жоқ. Жазушының 
жоқ болатыны – украин тілінде дәріс беретін бірде-бір мектеп 
жоқ. Тілдік орта болмаса, украин әдебиеті қайдан пайда бола-
ды? Рас, бірлі-жарым қолына қалам ұстағандар бар, олардың 
өздері орыс тілінде жазады» дедім. Олар түсінді. Түсінгендіктен 
болар, қатты өкініш білдірді. Шетелдерде тұратын қазақтар да 
солай, ұйытқысы жоқ болса, ол жерде әдебиет те, өнер де ту-
майды.
Енді қазақ әдебиетінің болашағы қандай, кейінгі толқын-
нан кімдерден үміт күтесіз дегенде, қазіргі жастарды қада-
ғалап, үзбей оқып жүрмін деп өтірік айта алмаймын. Әйтеуір, 
әдебиеттің бар екеніне сенемін. Әсіресе тұлпар мінезді жанр – 
поэзияның қадамы сүйсіндіреді. «Қазақ әдебиетіндегі» «Жас 
қалам» қосымшасынан ара-тұра болса да жылт еткен жақсы 
шығармаларды көріп, қуанып қаламын. Форма жағынан бол-
сын, мазмұн жағынан болсын, ішкі иірім, ширығу, мінез – бәрі 
орнықты. Прозаға келгенде бұлай деп ауыз толтырып айта ал-
маймыз. «Мынау қайтеді-ей?!» дегізетін ешкімді көріп отырғам 

188
жоқ. Прозаға қарағанда поэзияның аяқ алысы алымдырақ се-
кілді. Ал Асқар Алтай, Нұрғали Ораз, Роза Мұқанова, Жү-
сіпбек Қорғасбек – бұлар қалыптасып қалған жазушылар ғой. 
Оларды жастардың арасына қосуға аузым бармай тұр. Елуді 
алқымдаған жігіттер қашанғы жас болып жүреді? Олар жаса-
мыс жазушы болды. Сондықтан менің көзіме ешкім түспей жүр 
дегенде, 40-қа жетпегендер туралы айтып отырмын. Қазіргі 
жаңа типтерді әдебиетке әкелетін, міне, осы жастар болу ке-
рек. Меніңше, олар да атқа мінетін күн жақын шығар деген 
үмітім бар.
– Қабеке, Сіз Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше 
ауданның Құрметті азаматысыз. Сіз 70 жасқа келіп жат-
қанда ол жақтағы ағайындар да қуанып жатқан болар. Ел 
жаққа барып, аунап-қунап қайту ойыңызда бар ма?
– Бұл сұрақтарыңа былай жауап берейін. Маған «Құтты 
қонысыңыз қай жерде?» десе, алдымен Алматыны атар едім. 
Себебі сонау 1956 жылдан бері өзімді алматылық санаймын. 
Алдымен оқуға келдік. Араға біраз уақыт салып осы арман қа-
ла – Алматыға қайта оралдық. Осы оқиғаға, Құдай қаласа, биыл 
елу жыл толады екен. Арғы беттегі төрт жылдық сүргінді есеп-
темегенде, негізінен осындамын. Осында үйлі-баранды болдым. 
Балаларым да осы қалада дүниеге келді. Шығармаларымның 
негізгі арқауы да осы қалада жазылды. Сондықтан, егер мен 
70 жылдығымды атап өтуге ниет етіп жатсам, ол қуанышым-
ды алдымен Алматы жұртшылығымен бөлісемін. Жазушы-
лар одағы, қала әкімдігі бар, менің шығармашылық кешімді 
өткізуге қолдау көрсетеді ғой деген сенімдемін. Ал атажұртым, 
менің кіндік қаным тамған жер – Тарбағатай. 
Меніңше, әркімнің арқа сүйейтін бір тауы болуы керек. 
Менің тауым – Тарбағатай. Айтпақшы, Тарбағатайдың 
ескі аты – Барқытбел. Мен Барқытбелдің күнгейінде дүниеге 
келіппін. Осы таудың теріскейі мен күнгей жағындағы үш 
ауданның да Құрметті азаматымын. Олар – Тарбағатай, Аягөз 
және Үржар – Мақаншы аудандары. Менің жазған шығар-
маларымның дені осы өңірдің табиғатын суреттеуге арналған. 
Мәселен, «Дарабоз» романын жаздым. Дарабоз – Қабанбай 

189
батырға халықтың берген лақап аты ғой. Оның ұрпақтары осы 
уақытқа дейін осы жерде тұрып келеді. «Прометей алауы» де-
ген романымның басты кейіпкері Ақтайлақ бидің де ұрпақтары 
осы өңірде. Бұлардың бәрі менің шығармаларымның алтын 
арқауы ретінде қалады. Айтайын дегенім, егер ел жақтың 
жұртшылығы 70-ке келгенімді ескеріп, «Келіңіз, кездесу өт-
кі зейік» деп шақырып жатса, ел алдында есеп беріп қайту – 
көңіл де жүрген нәрсе. Қалай десек те, 70-ке күнде келе бермей-
міз ғой...
– Сүйегі асыл бұрынғы ата-бабаларымыз 70-ке келдік екен 
деп омалып отбасында отырмапты. Ат үстінде желдей 
есіп жүріп, бар-жоғын адақтап өмір кешкен екен. Қасиетті 
қаламның қанатын талдырмай, шалғысын өртке шалдыр-
май, Сіз де сол жасқа келіпсіз. Бұл заманда адамға сүйенгеннен 
гөрі, қаламға сүйенген сенімді екен. Осындайда ұлы Абайдың 
мына бір жыр жолдары ойға оралады: 
Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап, 
Әуре етеді ішіне қулық сақтап. 
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, 
Ақылың мен еңбегің екі жақтап.
– Жетпіс деген оңай жас емес, әрине. Өмірдің ащы-тұщы-
сын көріп жүріп, бұл жасқа қалай жеткенімізді де аңғармай 
қалыппын. Дегенмен, өз басым негізгі дүниелерімді бойымда 
күш-қуатым барда жазып тастағаныма дән ризамын. Бұл жас-
та бүйтіп тастаймын, өйтіп тастаймын деп уәде беру қиын. 
Бұлай істесем күпірлік болар еді. Қаламым қолдан түскен 
күні тіршілік те тоқтайды деп білемін. Осы уақытқа дейін 
қандай абырой-атаққа жетсем, соның бәрі осы қара қалам-
ның арқасы. Соңғы кезде публицистикаға көбірек бет бұрып 
жүрмін. Біреулер «Осы сенің публицистикада не шаруаң бар? 
Көркем дүниеңді жазып жүре бермейсің бе, жоғары жаққа 
ұнамай қалуың мүмкін ғой» деп ділмәрсиді. Оған мен «Жазу-
шы – әркімге ұнағысы келіп тұратын бойжеткен қыз емес қой» 
деймін. Солай емес пе?!

190
– «Қазақ әдебиетінің» оқырмандары атынан Сізді 70-ке кел-
ген мерейтойыңызбен құттықтай отырып, қайсар да ұшқыр 
қаламыңыздың  ұшы мұқалмасын деген тілек айтқымыз 
келеді. Маңызды да мағыналы әңгімеңіз үшін рахмет!
Сұхбат Болат ШАРАХЫМБАЙМЕН бірге дайындалған.
«Қазақ әдебиеті» газеті,
2006 жыл

191

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал