Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014



жүктеу 7.28 Kb.

бет1/19
Дата08.01.2017
өлшемі7.28 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі 
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша жарық көрді
Жайлыбай F.
Таңдамалы.  – Астана: Фолиант, 2014. 
ISBN 978-601-7568-45-0
Т.3. Эссе, ой-толғамдар, сұхбаттар 
және өлеңдер
. – 336 б.
ISBN 978-601-7568-48-1
Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері 
Ғалым Жайлыбайдың бұл кітабына негізінен қаламгердің әр 
жылдары жазған ел, жер тағдыры, экология мәселелері туралы 
ой-толғамдары, эсселері, мақалалары топтастырылған. Поэзия 
парасаты, әдебиет өкілдерімен сырласу, руханият тақырыбын-
дағы мақалалар кітаптың екінші бөлімінде. Ал үшінші бөлімде 
ақынның кеңестік кезеңде жазылған өлең топтамалары берілген.
ISBN 978-601-7568-45-0
УДК 821.512. 122-1
ББК 84 (5 Қаз)-5
УДК 821.512. 122-1
ББК 84 (5 Қаз)-5
    Ж 19
Ж 19
© 
Жайлыбай Ғ., 2014
© «Фолиант» баспасы, 2014
ISBN 978-601-7568-48-1 Т.3

3
КӨНЕ ҮННІҢ КӨМЕЙІНЕН 
САБАҚТАЛҒАН ЖЫР
НЕМЕСЕ АҚЫН ҒАЛЫМ ЖАЙЛЫБАЙ ЖАЙЛЫ СЫР-ШЕРТПЕ
Өлең-жыр деген өз оқырманының жұбанышы, қайғырса қа-
бырғасын бүтіндейтін, қуанса төрт құбыласын теңестіретін 
құ дірет иесі секілді. Ол да өзінің рухы биік жандарын тапқан 
кезде ғана өз дәрежесінде көгеріп-көктеп, көңіл деген құйт тай 
мәйектің мән-мағынасын аспандатып жіберетіні де содан бо-
лар. Болмаса, адам санасы мен жыр әлемінің арасы домбыра-
ның қос ішегіндей бір-біріне үйлесе кетуі екіталай. 
Шынайы жырдың өз өресіне назар салсақ, олар да кәдімгі 
адам сияқты, кейбір жырлар дара-дара құдай пана боп, өз 
оқырмандарына жеке жауап беріп жатады, ал қайсыбіреулері 
топтаса үн қатып, бір заманның, яғни бір дәуірдің тыныс-тір-
шілігін түбегейлі айқындап, тарихи түп тамырын паш етіп 
отырғандай әсер тастайды. Жекелеген жырлардың ой иірімі 
мейіріміңді қандыра қанаттандыратыны да бар. Мұның екеуі 
де ұлы қасиет, бірін алай, бірін бұлай деуге де болмайды. Құда-
й ым тек талқан жегендей, ішінде түйір дәні жоқ әләуләйімнен 
сақтасын. Бізде ондай жырлардың да неше атасының ұлы бар. 
Айтатыны жоқ. Тіпті кейде тұшынып оқитын тіркестерді де 
таба алмай қор болатынымыз да рас. Мұндай тіркестерді және 
өзіңнің үлкен үміт күтіп жүрген жандарыңнан кездестірген-
де, амал жоқ, бас шайқайсың да, осы азамат өзін босқа қинап 
жүрген жоқ па деп те ойға шомасың. Осындай күйзелістің 

4
үс 
тінде жүргенде өзіміздің «Қазақ әдебиеті» газетінен бір 
ақынның бар айтарын сөз орамының ішіне аса шеберлікпен 
сыйыстырып, сірескен бәлелердің салқындық самалын сыртқа 
ысырып тастап, өлең-жырдың ішкі мазмұн-мәнді қаймағын 
бұздырмастан, өзінің шынайы да ширатпа сәнімен, әрбір сөздің 
көкірек ашар сабырлы да салмақты әнімен, ет-бауырыңды 
жаулап алып, ой суатыңа табиғи тыныспен еніп кететіндей 
етіп жазғанына куә болып едім. Енді, міне, биыл тағы да дәл 
сондай үлкен әсерге куә болдым. Алдыңғысы Өтеген Оралбаев 
ініміздің жырлары болса, бұл жолы не жазса да жанымен, өзін-
өзі адастырмай таза арымен жазатын Ғалым Жайлыбай інім 
жырларына қатты риза болдым.
Бұл ақынның ешкімге ұқсамайтын бұл ғажап арнасына 
тәнті болғандығымда шек жоқ («Қазақ әдебиеті», №16, 20-
26 сәуір, 2012 жыл). Ол өткеннің үнін бүгінгінің жырына айнал-
дырып жүрген ақын ба деп қалдым. Дәл осыған ұқсаған бір 
жолды кезінде қазақтың ұлы ақындарының бірі Әбділда 
Тәжібаев ағамыз жазған еді. Ол кісі бірақ халық жырларының 
бір шумақтағы алдыңғы екі жолын алып, соңғы екі жолына 
өз ой жүйесінің қаймағын орнатып жазған. Ал біздің Ғалым 
өткеннің ой өресіндегі бір тал алтын тіндей жол мағынасын іліп 
алып, оны өмір-өлеңінің өрісіне айналдырып, жаңа заманның 
даңғылына ұластырғандай жаңалық ашқан. Бұл жырлардың 
ұлы қасиеті көне үннің күмбірінен, өз көкірегіндегі тар қыс-
пақтың тандырлы тағдырын тас-талқан етіп, халықтық үннің 
даңғылына ілестіріп, қапырықтан қазбауыр бұлтты дархан 
даланың өңіріне, оның жазира самал өтіне бір-ақ алып шыққан. 
Ақынның «Бір тал үкі» атты жырын оқып көрейік:
Гүл жайнап әнге басса гүл-гүл өрен,
Кешеден қалып кеткен бұл бір өлең.
Басында сол қалқаның бір тал үкі,
Үп етіп жел сипаса үлбіреген.
Шемені байланғандай шерге бейне,
Бұл қазақ сезімсізді пенде дей ме?

5
«Басында Қамажайдың бір тал үкі...»
Көкеме қосыламын мен де кейде.
Аумасын бір күнінен бір күн мейлі,
Ән салса, қайран көкем іркілмейді.
«Басында Қамажайдың бір тал үкі...»
Үрия үміті боп үлпілдейді.
Белдерден ән ұшырған бетегелі,
Бал еді сол бір күндер, шекер еді.
Басқанда «Қамажайға» ара-тұра,
Көкем де көріктей боп кетер еді...
Бұдан әрі ақынның өз көкесінің ізін басып өскендігін, оның 
жолындағы небір көтеріңкі көңілдің жолын талай мұңның 
кескендігін баяндай келіп:
...Адамның уысында тұрмайды арман,
Әуелеп өткен солай жырдай жалған.
«Басында Қамажайдың бір тал үкі...»
Аман-сау алып қайтқан сұм майданнан.
Шырқалса тербелгендей шынар бағы,
Аққудың сұңқылдайды сыңарлары.
Қарғам-ай, 
бір тал үкі... –
Жарықтықтың
Жарыққа жағып кеткен шырағданы... – 
дейді ақын.
Ақын халықтың «Басында Қамажайдың бір тал үкі» әнінің 
өресін өз әкесінің әнімен, бар пәледен сақтайтын киелі құдірет-
ке айналдырып жіберген. Былай алып қарағанда, туған жердің 
құдіретін беретін «Бір уыс топырақ», «Бір жұтым су», «Бір 
жұтым дем» сияқты құдіретті қуатқа енді, міне, халық әнінің 
«Бір тал үкісін» алып шыққан. Бұл тек қана бір тал үкі емес, ол 

6
махаббаттың символы, одан қала берді, аталарымыздың әуен 
әлемінен кейінгі ұрпаққа мәңгілік мұрат етіп қалдырған киелі 
тынысының сарқылмас қуаты, құты, бағы іспеттес дәрежеге 
жеткізгені қандай ғажап!
Мен осы өлеңді, тек бұл өлеңді ғана емес, газеттің сол 
санындағы тұтас шоғырын оқығанда, өзімнің бабаларымның 
жалғасы, адамзат өмірінің мәңгі өшпейтін өресі екендігімді 
сезініп, сонау көне дәуірден жалғасып келе жатқан тарихым-
нан сыр тартқандай сезім ошағына түстім. Және өз бойымдағы 
жалыны қайтқан шақтың қуатын қайта сезінгендей болдым. 
Яғни, осы сезім адамзат баласын ешқашанда өлтірмейтін 
өмір жалғасының жалғансыз бейнесін алдыңа тартқандай еді. 
Бір ғана жоғарғы әуен сөзінің, тек әкесінің ғана тағдырына 
араласқаны емес, бұл жерде бүкіл халқымыздың амандығын 
сақтап жүрген көненің көмейіндегі мәңгі өлтірмейтін құдіретті 
беріп отыр бұл жерде ақын.
Енді бірде ақын сол құдіреттің ғажайып көркін сезімге орап, 
яғни балға ораған күлшедей көмейіңе сүңгітіп жібереді, яғни 
бұл ақынның жалпы адамзат баласының амандығын қорғап 
жасаған, жан дүниесінің жарығы мен жылуы, қуанышы мен 
қуаты, әрбірден соң сонау ата-бабасынан тартқан сарабдал 
сырының өз бойыңда ойнаған қан тамыры іспеттес әсерге 
бөлейді. Болмаса, біз «Аспантау аққуларын» оқиық:
Көктемнің көз жасындай іркілмеген,
Кеудемде лықсып жатты біртүрлі өлең.
Аспантау аспанынан аққу көрдім,
Мамығы ақша бұлттай үлпілдеген.
Көгерсе көк теңіздей көгілдір маң,
Көгеріп қайтар, бәлки, көңіл қырдан.
Аспантау асқарынан арай көрдім,
Арыңды айдынына шомылдырған.
Ақ шуақ апай төсін аймалапты,
Күнін де сағым сүйіп сайға батты.

7
Аспантау алқабынан ару көрдім,
Аршын төс, алма мойын, ай қабақты.
Ашылған ай нұрымен ерте гүлі,
Өлке бұл өренінің ер көңілі!
Тәңірі жарылқағыр Тәңіртаудың
Есейген етегінде ерке елігі, – 
дей келіп, ақын өз жырының соңғы түйінін былай береді:
...Тәжінен Тәңіртауды танып анық,
Жұлдыздай көк төсінде жамырадық.
Аққудың қауырсынын қалам еттім,
Жанымның жарығына малып алып.
Ақын бұл жерде құтты мекенінің бір бұрышынан сөзбен 
сәуле шашып, және сол сөздердің тал бойына сол жердің көркін 
асыл тастай тізбектеп, өзі де сол табиғатқа сіңіп кеткендей үн 
қатады. Және оны: 
Кеудемде лықсып жатты біртүрлі өлең, – 
деп сипаттайды. Мұнда ақын өзінің кеудесіне тосыннан келіп 
ұя салған табиғаттың құпия сырына қанып сөйлеп, қамыға 
еске алғандай, бірақ өзінің ашық үнін қарлығыңқы пәледен 
жоғары ұстап, бүкіл қазақы ой мен қазақы пәлсапаның қадірін 
асырып, кеңістікке атойлап шығады. Ақынның сол кеңістігіне 
байыздап қалған оқырман көңілі де тосыннан келгендей бір 
қуаттың жалында ойнап, бір сәт өз халқының әуелеген әуезі 
мен көркінен көз тұнатын әлемге рахаттана қарайды. Иә, сол 
кезде ақын өз оқырманын: 
Көгерсе көк теңіздей көгілдір маң, 
Көгеріп қайтар, бәлки, көңіл қырдан, – 

8
дей отырып, «Аспантау асқарынан арай көрдім, Арыңды айды-
нына шомылдырған» әлемге бөлеп салады. Бұдан кейін мұн-
дай жырды түсіне оқыған жандардың жан-жүрегі қазақ деп 
соқпағанда қайтсін? 
Жалпы, Ғалым ақынның осы топтамасының ұлы ұраны 
өлең төңірегінде және ол жай өлең емес, өзекті әлемнің өз 
бейнесін айнытпай беретін тылсым табиғат әлеміне алып бару 
болса керек. Және осы жырлармен барша Қазақстан табиғаты 
толықтай бейнеленіп, оған қоса сол табиғаттың төл туындысы – 
Қазақ деген ұлттың жаратылысына жарасатын құбылыстарды 
асыл тастай жарқыратып, сан қырынан көрсете білген деуге де 
болады. Және оның ішке бүккен жан-жүрегінің қатпар-қатпар 
құпия сырын сезім деген әлемімен астастырып, оның ақыл 
жетпес даналығын паш еткендей ұғымға ұластырады. Енді 
бір жағынан, осы топтамада кең-байтақ қазақ елінің ақын қай 
бұрышын жырласа да, соның тек өзіне ғана тән табиғатын ба-
рынша толық қамтуға тырысады және онысы өте сәтті шыққан.
Болмаса: 
Тамылжып тұрған таңда атқан 
Жұртыңды көрдім, Бұланды. 
Жамырап жеткен жан-жақтан 
Бұлтыңды көрдім, Бұланды! 
Арқада, сонау ақ таңда 
Алдымнан өрді көп елік. 
Көкшеге бара жатқанда 
Көктем боп шықтың көгеріп.
 
Үміттің оты жана ма 
Кермарал қырдың көзінде,
Сағыныш түнеп санама, 
Сарғайып жүрген кезімде... – 
дей келіп, ақын осы өңір жайлы ойын: 

9
Көктемнің көріп көк түсін, 
Бастап та кеттім бір әнді. 
Көңілден ұшқан көп құсым 
Көгіңде қалсын, Бұланды! – 
десе, енді бірде: 
Ақырды ақпан тағы, 
бөрісырғақ, 
Өлеңім, өзегімнің өрісін тап! 
Ақ таңда ақбоз мініп арқырасам – 
Бөрісырғақ әуені – тегіс ырғақ. 
Ердім де елесіне осы ақпанның, 
Арғымақ ойларыммен қосақталдым. 
Ақ боран демін ішке тартқанында, 
Ақ әлем, сені көріп босап қалдым. 
Керуен түзегенде күнге көшін, 
Өлкемнің өле сүйгем қыр, белесін. 
Өмірі өлеңімнің өртке оранып, 
Көңілі көкөрімнің кірлемесін. 
Ұққаным – әр кеудеде бір қараша, 
Бақ түнеп, баршасына нұр тараса... 
Ақ боран тозаңымды қағар ма екен 
Ақпанда бөрісырғақ сырғанаса? – 
дейді. 
Тағы бірде ақын: 
Алтайдың Тарбағатай тұғырындай, 
Бұлақтың мамырдағы тұнығындай. 
Қара Ертіс, Қайран Ертіс сылаңдайды, 
Сұлудың толқынданған бұрымындай. 

10
Сайраны сары белдің сағымындай, 
Алтайдың алтын құрсақ тамырындай. 
Шыңғыстау шырағданын жақты мәңгі, 
Қазақтың жанындағы жарығындай. 
Бір салар анашымның киізіндей, 
Келеді көңілімнің күйі үзілмей. 
Шығыста қасиетті бәрі-бәрі – 
Марқакөл маралының мүйізіндей. 
Жүгіртіп жүректегі киігімді, 
Жырыма іздеп келдім иірімді. 
Ақынға төге алмасаң мейіріңді – 
«Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді... – 
деп өзінің ақындық назын шырқау биікке көтеріп алатын да 
қасиеті бар. 
Біз жоғарғы оқыған үш жырдың өресінен, біріншіден, бір-
біріне ұқсамайтын үш өлкенің табиғатын көреміз. Екіншіден, 
сол өңірдің өзіне ғана тән мінез-көркін тамаша берген ақын 
шеберлігіне тәнті боламыз. Үшіншіден, бәріне ортақ алтын 
арқауындай ақын жырының өлең-тұлпар жалынан жасын ой-
натып, тұяғынан от шаштырған әлемін сүйсіне қабылдаймыз. 
Және сол ұлы топырақтың қасиетін қанатты періштедей үкі-
леп сөйлеуі ақынның қолтығы сөгіле жырлағанын білдірсе 
керек – бұл нағыз поэзиямыздың толқынды тұрпатын күлте-
лендіре тұтас көрсетуі еді. Сөйте отырып, өзінің сүйікті байтақ 
елі мен жерінің табиғатына бас ие толғанады. Және ол үйірлі 
сөздің үймелеген илеуіне ұрынбай, әрбір шумақ немесе әрбір 
жолдарына дейін қан жүгіртіп, қабырғасын қағидамен бекітіп 
сөйлегенінің өзі, өзі емес, өзге бір тосын қуатты елестеткендей 
болады. Бір сөзбен айтқанда, бұл жерде ақын өзінің бәйгесіне 
қатысайын деп тұрғанын сезінгенмен, соңғы мәреге қалай 
жетіп келгенін байқамай да қалған сияқты:

11
...Бесқарағай басынан бесін ауған,
Сені көріп сол кеште есім ауған.
Тағдырыңның, дариға-ай, иесі – жалған,
Елес болып қалады есіл арман.
...Бесқарағай басынан бесін ауған.
Жаным, мейлі, жалғанды жалған десін,
Ақ дүниенің аялап арман кешін.
Еркелетіп Ертістің толқындарын,
Бесқарағай басынан ауған бесін.
Ай ауысқан, қалқам-ай,
Күн алмасқан, 
Мұңайтады жаныңды мұнарлы аспан.
Бұла түзде бұлдырап бұлан қашқан,
Сен де мені қалдың-ау ұға алмастан!... – 
десе, ақын тура өзін айтып отырғандай. Және әрбір жырының 
тұрақты тұғырындай қайталанып отыратын бір жолы әрқа-
шан да әр жырының тұтқасын ұстап тұрғандай әсер тастайды. 
Көкірекке көне дәуірдің көшін алып келген сол ойларының 
құдіретті қуаты, бүгінгі заман ақынының мәйекті құтысына 
құйылған көне дәуірдің ұлағатты сөздері мен олардың ай-
наласында өткен уақиғалардың өнегелік өрісі ірге тепкен. 
Ашығын айтқанда, зерделі жастың жасырын құпиясының 
кілтін тапқандай емін-еркін сілтеніп жүре беретінін қайтерсің. 
Қысқасы, ауызға салғанда жұпар шашып, тіл үйіретін үнді-
нің шайындай көкірек күрмеуін демде ашатын қасиеті осы 
бір ақынның жаратылысындағы жақұт жырдың қақпағын 
ашып жібергендей. Содан да болар, бұл ақынның елестей ел 
ке 
зе 
тін өлең деген пешенесіне жазылған періштесі мұның 
тіліне бар сақтаған дәмді асын тосып ішкізгендей. Ол кей-
де Тобылғыжарған боп, кейде Бесқарағай боп, енді бірде Бір 
тал үкі боп немесе Бөрісырғақ болып, Ғалым ақынмен сыр-
ласып тұрғандай елестейді. Ондай ізденіс кімнен ұтылсын. 

12
Ұтылуы мүмкін де емес. Өйткені оның өзінің де жаратылы-
сы сол ғой. Одан қалай қашқақтап кете алады, мүмкін емес. 
Бәлкім, содан да шығар, бұл ақынның жыр ағымы еріксіз 
еркін кететіні:
Көктем дегенің – көгілдір арман,
Көгертер кез бұл көңілді қалған.
Сәуірдің айы сәуле шашарда –
Тобылғыжарған, тобылғыжарған...
Қыратқа барсам жолыма жақын,
Бұлаққа барсам толып ағатын.
Тобылғыжарған бүршік жармаса –
Тобылғы сынды торығады ақын.
Ұқтырған ерте туар айларым,
Алағайларын, бұлағайларын.
Жанымда желген желдірмелерім –
Мамырда өрген Құралайларым.
Өтпелі дей ме өмірді жалған,
Көгертер көктем көңілді қалған.
Толғатқан жанның толайым күйі –
Тобылғыжарған, тобылғыжарған...
Осылай төгілген сөз ағысы табиғаттың өзі жаратқан тобыл-
ғыжарғанмен ұласып барып, өзінің көкірегін жарған жыр 
жолдарының аяулы арнасын ақтарыла табады. Бір сәт байқап 
көрсек, бұл жерде тобылғыжарған ақын жырының арқауына 
айналса, керісінше, ақынның өзі де сол тобылғыжарған-
ның арқауына айналып жүре береді. Сонда ғана ол толғатқан 
жанның толайым күйі болып шыға келмей ме. Көңіл күй 
түйсігі тұтасымен дөңгеленіп жырға айналып, адам жанын 
қозғағандай бір әсер әрі қарай жалғасын тауып жүре береді, 
яғни:

13
Көктемді көр де көшті көр,
Жарқ ете қалған жанары.
Еңкейе біткен ескі жол
Еңіске тартып барады.
Жаңбыр мен қары аралас
Өліара кезді көзге ілмей.
Саздауға біткен сары ағаш,
Сағынышын да сездірмей.
Аспан мен жердің арасы –
Көктемнің түсі көгілдір.
Көзімнің ақ пен қарасы –
Өзекті жанға өмір бұл!
Уақытқа айтпай төрелік,
Тербеліп жатыр текті өңір.
Көктеммен бірге көгеріп,
Көгімен бірге көктегір.
Мойныма тағар тұмар ма ең,
Мойылдай екен бұл әлем.
Сен салмай кеткен бір ән мен 
Мен жазбай кеткен бір өлең... – 
деген элегиясы адам жанын тербете отырып, мына алдам-
шы өмірдің бір сәттік рахатын көз алдыңа елестетіп, ақын 
бір өмірді «Құс қанатының астында қысқарып жатыр күн-
дерім» дегізеді. Адамды қапы қалдырып көз алдыңнан бұл-
бұлдай ұшқан қысқа ғұмырдың тәттілігі мен ащылығын қо-
са-қабатынан тербетіп, көгілдір дүниенің құшағына күмп ет-
кізеді. Әрине, бұдан кейін біз жоғарыда айтқан «Бесқарағай», 
«Бұландының бұлттары», «Бір тал үкі», «Бөрісырғақ», «Аспан-
тау аққулары» бірінен соң бірі тізіліп келіп, көз алдымыздан 
әрқайсысы адамзат пәлсапасының әр тұсынан ажарлайтын 

14
көкірек көзіне ұялаған поэзия әлеміне рахаттана жүзгендей 
боламыз да Ұлытауымызға бас ұрамыз.
Ұлытауымның дара шыңында
Ұлтыма біткен бар әлем.
Қараша айының қарашығында
«Қарғам-айлаған» қара өлең.
Сарыарқа жақта сағым биледі,
Желпініп кейде жел ессе.
Жанымның жалқы жалын күйлері
Дүбірің сенің емес пе?!
Арғымағым-ай!
Ар қанаттым-ай,
Аламан көрген ақ таңда.
Жарығы жанда жатталатындай,
Баяны мәңгі бақ бар ма?
Тізгінін тарттым қаракерімнің,
Бір күнім аумай бір күннен.
Қарағым-айлаған» қара өлеңімнің 
Кекілін сылап тұрмын мен... – 
дегеннен кейін өз-өзіңнен «Қайран, өмір...» деген сөзді еріксіз 
еске аласың. Еске аласың да, өз-өзіңнен салмақтана түсесің. 
Ол салмақ ойдың салмағы еді. Түсінген адамға шошаңдаған 
жеңілтаптық өмірдің кенеттен кенересіне су жүгіріп, кәлләсіне 
кемел ой ұялап, ортасындағы керенаулықты ысырып тастау-
ға мәжбүр болмақ. Бір қызығы, осының бәрі өткен әлемнің, 
яғни көне әлемнің сағағынан ұстап, санасының сәулесінен 
талшықтап алып, оны өз табиғатымен сыпайы жетелеп, жырға 
айналдырған ақын құдіреті демеске хақымыз жоқ. Олай болса, 
бұл топтамадағы жоғарғы айтқан жырлардың әрбірінің жүгі 
ауыр екендігі айдан анық. 

15
Оның үстіне әрбір шумағы мен жолдары жүгенге түсіп жү-
демей, ақынның зергерлік айтқыштығымен ен даладағы ер-
кіндігімен асауланған ойдың арынын ақырын басып, аптық-
қан өмірдің тарпаңдығын сипай сылып, сүліктей сылаңдаған 
тұрпатын мүлт кетірмей жібітіп, көкірек күмбезіне көрікті 
өрнек орнатып, санаңа сап-салқын салмақ түсіре көсілтетін 
ой-парасаты көрініп тұрғаны аян. Олай болса, біз енді осы 
ақынның көсілгенде ат тұяғынан от шашқандай ойларының 
енді келіп адамзат баласының екінші ғұмырына айналатын 
екінші жалғанмен жалғастырған жырларына да ден қояйық. 
Бұл – ауыл шетіндегі «Ескі қорым». Ол – әрқашан да естен 
кетпейтін іргелес ауыл. Ол бізге өте ыстық, әрі сондай бойды 
түршіктіретін суық өмір. Ол әрі жақын, әрі алыс көрінгенмен
біздің өмірімізден алшақ кетуі тіпті де мүмкін емес. Онда біздің 
ең асыл да ардақты адамдарымыз және көп ұзамай өзіміз-
дің де жаман айтпай жақсы жоқ деп баратын жеріміз де сол. 
Сондықтан да оны «Екі дүниең абат болсын» деген мағынада 
мақал-мәтелге айналдырып айтатынымыз бар. 
Жоғарғы біз айтқан тамаша жырлардың бір ұштығы осы 
ауыл іргесіндегі ескі қорымға барып тірелмеуі мүмкін де емес. 
Бұл – әрбір ойлы адамның есті тебіренісі. Біздің ғажап жырла-
рын оқып отырған ақынымыз да ақырындап осы ауылға соғып 
өтіпті. Былай бағдарлап айтар болсақ, бұған дейін жоғарғы 
оқыған жырларымыздың бастауы көнеден суыртпақталса, 
оның аяғы да болуы заңды. Яғни, жалған дүние жырларының 
бір ұштығы бізді жетектеп апарып, яғни дайындап әкеліп сол 
ауылға соқтыруы да жөнді. Олай болса, бұл жөнінде Ғалым 
ақын не деді екен, бір сәт соған назар аударайық:
Елден хабар, көп болды, естімедім,
Елең-алаң көңілім... 
кешкіремін.
Қобыз шалып жатыр ма қоңыр қырда,
Ескі қыстау қасында ескі қорым?

16
Ақ дүниеге ұмтылдым төзім қашып,
Қызыл-жасыл әлемге кезімде асық.
Қобыз шалған қыраттың етегінде
Ескі қорым... 
Көргенім көзімді ашып.
Сан сапарлар жайлы сан толғадым да,
Тіршіліктің бұралаң жолдарында.
Ұлы сарын көңілде қобыз тартып,
Көшіп жатыр сол ауыл сол қорымға.
Аялаған ақ мекен ұлы арманды,
Саған келсем көз алдым мұнарланды.
Ескі қорым – ескі әні дүниенің
Жалғандығын қайталап тұрар мәңгі, – 
дейді ақын.
Жоғарғы жырларды оқытып, әбден дайындап алғаннан 
кейін ақын өз оқырмандарын өмірдің түйініне бір-ақ түсіреді. 
Бұл жерде сен шошымайсың, қайта сол қорымнан бір қи-
мастықтың ұштығын көргендей, ол да саған жылыұшырап 
тұрғандай сезінесің. Өйткені ол қорым болғанмен, қай жағы-
нан болмасын, қол-аяғыңды байлап тастайтын өзекті өрке-
шіңді бағаландырады. Бағаландырады да сені алхам-шүкір-
лікке келтіреді. Сондықтан да одан сен тым алшақтап кете де 
алмайсың. Өйткені ол саған дейінгі өмір тарихтың түп қазығы 
және сенен кейінгі жалғасың да, демек, өзіңнің алды-артың 
да сол, оны өшіріп тастау мүмкін де емес. Содан да ақын бұл 
өлеңін:
Тіршіліктің айта алсам дұрыс әнін,
Қанаттылар тобымен бір ұшамын.
Қоңыр қырды тербеген ұлы сарын,
Сенімен де бір күні ұғысармын, – 
деп түйіндейді.

17
Қандай астарлы ұғымды беріп отыр. Рас, адам баласы қанша 
жасасын, бәрібір баратын жері сол қорым. Ақынның айты-
мында да одан алшақ кету әсте болмайтын ұғым. Ақынның 
осы топтамадағы жоғарғы жырларының сарыны осыған кеп 
тіреледі. Ол тек тіреліп қана қоймайды, уақыт өткен сайын 
өз ауылының көлемін толықтыра түседі. Ақынның айтымын-
ша: «Үркердей боп қалыпты үлкендерім, Ескі қорым үлкейіп, 
көз алдымда...» Қандай әдемі айтылған! Қорқытып, үркітіп, 
қарғыс айтып ақырып-шақыру жоқ. Жайма-шуақ өмір ағысы. 
Жалпы, бұл өмірдегі көзге көрініп жатқан жайлардың бәрі 
де оғаш емес – өмір заңы. Шынымды айтсам, ақынның жоғарғы 
жырларын оқып келгеннен кейін оның «Ескі қорымы» да маған 
тосын емес, күнделікті тіршілікте етене араласып жат 
қан 
әлемдей, бірақ кешегі өзіммен жүрген бір жандардың кө зіміз ге 
қайта көрінбейтіні ғана өкінішті. Ол өкініштің де өз қағидасы 
бар. Оны сол көне қорымнан есілтіп қоятын ақын  ның «Қобыз 
шалып жатыр ма қоңыр қырда, Ескі қыстау қасында ескі 
қорым?» дегенінің өзі ескі досым аман ба деген мағынаны 
паш етіп тұрғандай. Қысқасы, шағын ауылды бөліп-жарудың 
қажеті жоқ. Жақсы мен жаманы қатар жүрген топырақ ыстық 
екенін және содан шыққан: «Тіршіліктің айта алсам дұрыс 
әнін, Қанаттылар тобымен бір ұшамын». Осы қос жолдың аста-
рында қаншама мәнді мақсат жатыр. Иә, ақынның бұдан кейін 
ауылды аңсауының өзі не тұрады. «Ойласам жүрегімнен жыр 
атқылап, Жанымда мөлдірейді бір ақ бұлақ» деген сағыныш 
ақынды жайлап алған. Қарап тұрсаң, осы топтаманың тұтас 
тұлғасы сол шағын ауылды сағынудан шығып жатқан сияқты. 
Ал кейде бүкіл Қазақстанның жерін аралап келіп, соңғы 
нүктесін осы ауылда қойғандай әсер тастайды.
Тіпті, әрі-беріден соң, ақын мен өлең егіз қозыдай ойнап-
күліп, бір-біріне тіл қатысып, шабыт деген әлемнің шаңырағын 
шағын пәлсапаның ошағына айналдырып жібергендей. «Ақын 
едім сор емес, бақ іздеген, Жағып кеттім жаныңа жаны ізгі 
өлең» немесе: «Көктемнің көз жасындай іркілмеген, Кеудем-
де лықсып жатты біртүрлі өлең». Тағы бірде: «Елсізде еңіресе 
2-267

18
Елім-ай жыр, Қозғаған шеменімді шерім-ай бұл!» – деген ақын 
тебіреністері өз өлеңімен өзектесіп кеткендігін білдіреді. Ал 
ақынның суреттеу құдіретінің өзі өз алдына әңгіме боларлық 
десек, артық айтпағанымыз. Ұтқырлықтан да оза шапқан жай-
лары жетіп жатыр. «Айымды жылдар ұрттады, Тағасы күннің 
кетілді». Немесе: «Елсізде ескі бейіт есінейді, Тірлігің, ақын 
балам, осы ма деп». Тағы бірде: «Жүгіртіп жүректегі киігімді, 
Жырыма іздеп келдім иірімді».
Шынайы ақынға оң-солы бірдей дегені осы болар. Ал енді 
сөзімізді қорытындылай келе, ақынның осы топтамасының 
соңғы түйініндей жырын біз де құп алайық. Ол өзі «Бір-ақ 
өлең!..»
Аласа да емеспін, биік емен,
Көңілімнің сырластым күйіменен.
Белден асып барады бебеу қағып,
Көз ұшында жүгірген киік өлең.
Киік өлең қағынан безінгесін,
Бебеу қағып, бел асып, безілдесін.
Ел көшкен соң елсізде елеңдеген
Елік жырдың, дүние, көзіндесің!
Жамылыпты, жалған-ай, Көктөбе гүл,
Көктем туа кетеді көктеп өңір.
Қараңғы мен жарықтың арасында
Зу-зу еткен бұл өзі неткен өмір?!
Ілияс-жыр киесі – Құлагер ең,
Мұқаңдардың мұңына мұрагер ем.
...Ақ құсымды қондырар айдыныма,
Сан сауалдың жауабы – бір-ақ өлең! – 
деп аяқтайды.

19
Ақынның бұл өлеңі – байқағанға, бүкіл осы топтаманың 
соңғы нүктесі. Екіншіден, Қазақстан өлкесінің барша қасие-
тінің түйіні әрі көркемдігінің көзді тартып, көңілді тойғыза-
тын көркінің жиынтығы десе де болғандай. Үшіншіден, ақын-
ның аптықсыз алып шыққан көкірек жемісінің нәрі, яғни 
жан жаратылысының жемісі. Төртіншіден, ақынға Алламның 
өзі сыйға тартқан олжасы. Бесіншіден, біз жоғарыда айтқан 
топтамамен беретін кеңістік пен жалғыз жырмен өзін-өзі 
тиянақтайтын үлкен ойдың келісті нұсқасы, яғни көп өлеңнің 
бір тоқтамы, керісінше, бір өлеңнің оқпанды ойы десек те бола-
ды. Өйткені еркін ақынның көкірегінен ұшқан құстай жүгіріп 
шығатын киесі – киік өлең осының бәрін өзі өргізіп, өзі тыныс-
татып отырғанына куә боламыз. Куә боламыз да біз де:
 
Киік өлең қағынан безінгесін, 
Бебеу қағып, бел асып, безілдесін. 
Ел көшкен соң елсізде елеңдеген 
Елік-жырдың, дүние, көзіндесің... –
деп безектейтін сияқтымыз. Осы бір шумақ жырдың өзі біздің 
бүгінгі таңдағы барша елдік жаратылысымызды бір уысқа 
салғандай айтып беріп отырған жоқ па? Бұған не дерсің? 
Ұғынар сана, ұқтырар пана таба алмаған жанның арпалыс 
ойы осыны дәлелдейді. Бұл жырларда дойыр жолдар, қайыр 
шумақтар жоқ, керісінше, халық ырғағымен ақырын айтылса 
да, үні алысқа жететін ақын көкірегінің шері жатыр. Бізге сол 
шердің шешіміне назар аудару керек шығар. 
Осы жерде мен ауылда болған бір жайды айта кетейін.
Елде сол кезде жасы тоқсаннан асқан бір Өлмесек деген әке-
міз болды. Сол кісі отырған жерде өз қатарларымен бірге сол 
ауылдың естияр азаматтары келіп сөз тыңдайтын. Ол кісінің 
қума тамның ең төріндегі бөлменің төрінде отырып, ақырын 
айтқан тәлімді әңгімесінің үні арадағы бірнеше есіктен өтіп, 
сырттағы ойынмен есі шыққан балалардың жарғақ құлағына 
жетіп, солардың қызықты ойынды ысырып тастап, ашық 

20
есіктің алдына үймелей үңіліп, құлақ қоя тыңдағанын талай 
көрген едік. Сол ойын балаларының ішінде өзім де бар бола-
тынмын. Сол құдіретті қайта елестеткендей болдым. Ал мына 
Ғалым інімнің жырлары соншалықты жұмсақ та салмақты 
айтылғанымен, сонау Өлмесек әкеміздің тәлімді әңгімесіндей 
алыс-жақын барша оқырманына жететіндей боп елестеді. 
Және оның жететініне де өз басым кәміл сенем. Лайым, осы 
інімнің өзінің қазақи арнасындағы осы үні өрістей берсінші 
деп тілеймін. Сонда ғана бүкіл халқымыз өз арнасына қайта 
түсер, бәлкім! Елеулі ел болармыз.
Сейфолла ОСПАН

ЖЫЛҚЫ ЖӨТЕЛГЕН 
ЖЫЛ...

23


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал