Бағдарламасы бойынша жарық көрді Армандастар: жинақ / құраст. Рахат Қосбармақ. Алматы: Баспагерлер



жүктеу 6.16 Kb.

бет1/13
Дата22.02.2017
өлшемі6.16 Kb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Алматы 
2014
 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
журналистика факультеті 
1994 жылғы түлектерінің 
көркем шығармалары

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді
Армандастар: жинақ / құраст. Рахат Қосбармақ. – Алматы: Баспагерлер 
мен кітап таратушылар ассоциациясы, 2014. – 208 б.
ISBN 978-601-7459-07-9
Бұл  кітап  –  өткен  ғасырдың  тоқсаныншы  жылдарының  басында 
әдебиетке  алаулатып,  жалаулатып  келген  жас  қаламгерлердің  көркем 
шығармаларының жинағы. Олар бүгінде өмірдің әр саласында абырой-
лы  қызмет  етіп  жүр.  Араларында  жас  ғұмырында  жарқ  етіп  көрініп, 
бұл дүниеден тым ертерек кетіп қалған таланттар да бар. Қазақ журна-
листикасына  екпіні  тау  жығардай  болып  қатты  келген,  қазіргі  күні 
қай  салада  жүрсе  де,  қолдарынан  қаламы  мен  қағазы  түспеген  бұл 
толқынның  бір  ерекшелігі  –  қай  тақырыпта  қалам  тербесе  де,  шығар-
малары  шынайылығымен,  өткірлігімен,  өзектілігімен  оқырман  жүрегін 
баурап алады. 
Жинаққа  топтастырылған  барлық  туындылардың  басын  қосқанда, 
негізгі айтар ойы, ағар арнасы, құяр сағасы біреу-ақ. Ол – адамгершілік, 
ар-ождан, мейірім мен шапағат, иман мен инабат мәселелері. 
Қаншама  қадірін  асырып,  майын  тамыза  мақтағанмен,  кез  келген 
нәрсенің  одан  бағасы  аспандап,  артып  кетпейтіндігі  белгілі.  «Мың  рет 
естігеннен  –  бір  рет  көрген  артық».  Ендеше,  тоқсаныншы  жылдардың 
жүрек лүпілін өз құлағыңызбен тыңдап, өз көзіңізбен оқып, өз жүрегіңіз-
ден өткізіп көріңіз, мәртебелі Оқырман! 
 УДК 821.512.122
 ББК 84 (5 Қаз)
                                                                           © Қосбармақ Р., 2014
                                                                           © «БКА»Баспагерлер мен кітап 
ISBN 978-601-7459-07-9                                        таратушылар ассоциациясы» ЗТБ, 2014
УДК 821.512.122
ББК 84 (5 Қаз)
      Қ 67
Қ 67

3
АЛҒЫСӨЗ
«Армандастар»  жинағына  егемендіктің 
елең-алаңында,  яғни,  тоқсаныншы  жылдардың 
басында  балауса  туындыларымен  әдебиетке 
келіп,  бүгінде  қырықтың  қырқасына  шыққан 
бір  топ  қалам  иелерінің  шығармалары  топтас-
тырылды.  Уағында  әдебиетке  үміттерін  үкілеп 
келген  бұл  үркердей  шоғырдың  біразы  бүгінде 
өмірдің асау ағынымен, тіршiліктің тегеурінімен 
сөз  өнерінен  жырақтау  өзге  арналардан  бағыт 
тапқаны да ақиқат. 
Әйтсе  де,  өткен  жүзжылдықтың  соңында 
ескі  жүйе  күйреп,  өтпелі  кезең,  өліара  шақтың 
өңменнен  өтер  салқынында  бұл  буын  өкілдері 
әдебиеттің  киелі  сүрлеуін  үзбей,  қара  сөзге 
деген  адалдығынан  айнымады,  қолдан  қала-
мын  тастамады.  Қал-қадірлерінше  Алаш  арыс-
тарының  ағартушылық  ағысынан,  көркем 
әдебиетке  тың  серпіліс  әкелген  жетпісінші 
жылдардағы  аға  буынның  үлгісінен,  Кеңестер 
Одағы дәуірлеп тұрған сексенінші жылдардағы 
ақжарма  туындыларымен  ақтарылған  алдыңғы 
ұрпақ  өкілдерінің  сүрлеуінен  ғибрат  алған 
бұл  жастар  да  әдебиетке  өзіндік  үнімен,  дара 
стилімен келді. 
Ұсынылып  отырған  жинақ  тәуелсіз  елдің 
жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеуге, олардың 
бойына  ұлттық  қасиет,  елдік  рух  сіңіруге  үлес 
қосады деген үміттеміз. 

4
ӘБДУӘЛИЕВ  СЕРІК  БЕГАЛЫҰЛЫ  1972 
жылы  18  қаңтарда  Оңтүстік  Қазақстан 
облысының Бәйдібек ауданына қарасты Боралдай 
ауылдық  округінде  дүниеге  келген.  1989  жылы 
Саттар  Ерубаев  атындағы  орта  мектепті 
күміс  медальмен  аяқтап,  әл-Фараби  атындағы 
Қазақ  ұлттық  университетінің  журналистика 
факультетіне оқуға түсті. 
1994  жылы  университетті  тәмамдаған 
соң  еңбек  жолын  Оңтүстік  Қазақстан  об-
лыстық  телерадиокомпаниясында  редак-
тор  болып  бастады.  1995-1996  жылдары  осы  жұмыспен  қатар 
«Хабар» агенттігінің осы өңірдегі штаттан тыс тілшісі міндетін 
қоса  атқарды.  2001  жылдан  бастап  «Қазақстан»  Ұлттық 
телеарнасының  ОҚО-дағы  меншікті  тілшісі,  2006-2007  жылдар 
аралығында «Хабар» агенттігінің Қарағанды облысындағы меншікті 
тілшісі, 2007-2013 жылдар аралығында осы агенттіктің Өзбекстан 
Республикасындағы  меншікті  тілшісі  болып  қызмет  істеді.  Қазір 
«Хабар»  агенттігі»  АҚ-на  қарасты  «24.kz»  ақпараттық  теле-
арнасының жауапты шығарушы редакторы. 
АЩЫ ДА БОЛСА, АҚИҚАТ
 Маржан сөзге малданар
 Қара да бар, хан да бар.
 Арзан сөзге алданар
 Арсыз туған жан да бар.
 Ақиқатты айтатын
 Қасиетім қанда бар.
 Бүгінде бұлбұл орнына
 Сайрайтын болды қарғалар...
 Әділдікті айтсам, әспеттер:
 Құзғынға жем боп жас кептер;
 Қыран-ерлерді жылатып,
 Құлагерлерді құлатып,
 Бәйгені ап жүр мәстектер....

5
«СЕЗІМДІ СЕЗУ ҮШІН СЕЗІМ КЕРЕК..»
(Мұқағали Мақатаев)
Жүрегіме жүк артып ,
Қалдым неге құмартып?
Азабынан ғашықтың
Жалғыздық еді мың артық...
Еркесі ме едің еліктің,
Жанымнан жадау нені ұқтың?!
Жайнаған жаздың күніндей
Көңілдің мұзын еріттің.
Өмірде қатал аз ба сын?!
Махаббат оты маздасын.
Сезімнің серті жар болып,
Жұбымды сенен жазбасын!
Байланып қалсын тіл, мейлі,
Жүрекке әмір жүрмейді.
Сағынған сана өзіңнен
Басқа жан барын білмейді...
Тауысып тағат, төзімді,
Жанарым әрең көз ілді.
Асыға күтем, асылым,
Бір ауыз жылы сөзіңді.
Ғасырдан ұзақ түн болды,
Аңсаумен өткен өзіңді.
Шаттықтың нұры шарпысын
Мөп-мөлдір нәркес көзіңді. 
Күдерімді үзбей күтемін
Сен сыйлар іңкәр сезімді...

6
* * *
Сезімнің болдың гүліне белес,
Түсімде – бейнең, түнімен елес.
Бақытым, бағым, аңсаған жаным,
Сені ойлап кірпік ілінер емес...
Бақытым, бағым, сағыныш-сағым, 
Жанымды жаулап, арбады.
Күлімдеп көзің,
Дірілдеп төзім, 
Тағатым таңға қалмады. 
Бір тыным білмей, кірпігімді ілмей, 
Көзіммен Айды батырдым.
«Сендікпін» десең,
Кіндігін кесем 
Періште-махаббатымның...

7
ӘЛІШЕВА  НҰРЖАМАЛ  ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ  
1971 жылы 14 қаңтарда Қызылорда облысының 
Арал  ауданындағы  Бөген  ауылында  дүниеге 
келген. Еңбек жолын №20 Бөген орта мектебінде 
пионервожатый болып бастады. 
1989  жылы  әл-Фараби  атындағы  Қазақ 
ұлттық 
университетінің 
журналистика 
факультетіне оқуға түсіп, оны 1994 жылы бітіріп 
шықты.  Студент  кезінде  Алматы  облыстық 
«Жетісу» газетіне жұмысқа қабылданды. Содан 
бері  табан  аудармай  бір  орында  еңбек  етіп,  қарапайым  тілшіліктен 
жауапты  хатшылық  қызметіне  дейін  көтерілді.  Қазір  осы  «Жетісу» 
газетінде әлеуметтік мәселелер бөлімінің меңгерушісі. 
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. 2006 жылғы республика-
лық «Жыл журналисі» атағының иегері.
АЙ ЖАРЫҒЫ
Мұрат мектепті бітірген соң басқа да сыныптастары сияқты 
үкілі  үмітін  жетелеп,  Алматыға  –  жоғары  оқу  орнына  барған. 
Бірақ жолы болмады. Сынақтан төмен бал алғанда, «Қаржыгер 
болсам» деген арманының күлі көкке ұшқандай болды. Бірден 
ауылға  тартты.  Жолға  жиналғанда  көз  жасын  сығып  қалған 
анасына  асыққан-ды  сонда.  Ешқашан  үйінен  алысқа  ұзап 
шықпаған  ол  жаз  бойы  қалада  жүргенде  денсаулығы  шамалы 
сырқат  шешесін  көре  алмай  қалатындай  болған.  Қараторы 
жүзін күн қақтаған ауыл баласы өзін тас жолдың үстінде еркін 
сезіне  алмаған.  Үлкен  қалада  туған-туысы  жоқ  оны  Алматы 
көшелері  жатырқағандай.  Әйтеуір  бауыр  баса  алмады.  Досы 
Дәурен  Астанадан  бір-ақ  шыққан,  Еуразиялық  университетке 
түсті.  Парламент  төрінде  отырған  ағайындары  бар,  солардың 
көмегі тиген болуы керек, әйтеуір жолы болды. Дәуреннің өзі 
де білімді бозбала-тын.
«Оқуға келесі жылы тапсырармын» дегенде, осы Зәмзәгүл 
анасы  еді  көнбей  қойған.  «Жинаған  азын-аулақ  қаражатпен, 

8
не де болса, барып келші, жарқыным. Мүмкін ілініп кетерсің. 
Әлдеқандай  заман  бар,  оқу-тоқусыз  қалмағаның  дұрыс. 
Маған  алаңдама,  айналамызда  Құдайға  қараған  адамдар 
баршылық.  Мың  болғыр  Күлғайшаның  өзі-ақ  «апалап», 
күніге  үш-төрт  мәрте  келіп-кетіп  жүр  ғой.  Елдің  ішінде 
отырған мен өлмеспін, уайымдама», - деген шешесі көз жасын 
көрсеткісі келмей, теріс айналып кеткен-ді. Үнемдеп, қысып 
ұстаған,  қарны  қасқырша  ұлыған  кездерде  де  жұмсамаған 
ақшасынан  қалғанына  апасына  төрт  бұрышында  сары 
түсті  майда  моншақтары  бар,  қымбат  аппақ  орамал  сатып 
алды.  Өмірі  иығына  жарқыратып  бір  қымбат  киім  ілмеген 
анасын қуантқысы келгені еді. Апасының сонда балаша мәз 
болғанын  көрсеңіз  ғой!  Қымбат  орамалды  болғанына  емес, 
әрине,  ұлының  алыста  жүріп  өзін  ойлағанына  риза  болғаны 
ғой. «Құлыным, Құдай бере салған жалғызым!» деп күбірлей 
жүріп, дастархан үстін қамдаған...
Мұраттың  өмірінде  айтарлықтай  өзгеріс  жоқ.  Сол  баяғы 
бір  қоңыр  тірлік:  таң  атса,  кеш  батады.  «Мемлекеттік  атаулы 
әлеуметтік  көмек  кедейшілік  шегінен  өз  күшімізбен  шығамыз 
деп талпынғандарға бір реттік жинақталған мөлшерде беріледі» 
дегенде,  Мұрат  апасымен  «Мал  сатып  алсақ  қайтеді?»  деп 
ақылдасқан. Сөйтіп, бір буаз сиыр сатып алған.
Ол енді күн ұясына қона көше кезіп кететін әдетін тастады. 
Араққа  әуестігі  жоқ  болғанымен,  бұрын  топ  болып  жиналып 
алатын  жігіттердің  жанында  отырушы  еді.  Оны  да  қойды. 
Себебі, ермек табылды. Таңмен таласа тұрып, қорадағы бұзаулы 
сиырды өзі сауып, өріске қосады. Қайтып келіп, «Әукім» деп ат 
қойып  алған  сүйкімді  бұзауын  қасқа  маңдайынан,  тамағынан 
сипап ұза-а-ақ тұрып алады. Сосын сиырдың астын тазалайды. 
Тауықтарына  жем  шашады.  Бір-екі  сағат  кітапқа  үңілетіні  бар. 
Қазір Мағауиннің «Менін» оқып бастаған.
Бүгін Жәкіш кемпір келді үйге.
–  Қараң  қалғыр,  мына  мәсімнің  сөгіліп  кеткен  жерін  бір 
жүргізіп  берші.  Үйімізде  соқталдай  үш  еркек  бар,  біреуінің 
қолынан  келмейді  осыны  тігу!  Соларды  өмірге  әкелген  әке-
шешесін кінәлаймын ба, жоқ, әлде жұмсамай, еркелетіп өсірген 
мына өзімді ме? - деп күңкілдеп отыр. 

9
Мұрат әдеттегіше жылы жымиып алды да, іске кірісіп кетті. 
Зәмзәгүл де көрші кемпірмен шүйіркелесіп, бір жасап қалды.
– Әй, Зәмзәгүл келін, сен бақыттысың ғой. Тілім тасқа, алтын 
асықтай  ұлың  менің  анау  үш  немеремнен  артық.  Айналайын, 
қолынан келмейтіні жоқ, Құдайдың қарасқаны шығар саған. Осы 
ауыл жұрты шебер Тұяқ шал көз жұмғалы Мұратқа келеді, «іске 
жарады» деген осы, - деп бір қойды. 
Кейуана  сөзінің  жаны  бар.  Ауыл-аймақтағы  аяғы  жеткендер 
Мұратқа  бірі  тілі  салақтап,  табаны  түскен  бәтеңкесін,  енді  бірі 
өкшесі мүжілген етігін, ал үшіншісі бұзылып қалған үтігін немесе 
шәйнегін, ал төртіншісі басы сылқылдап тұрған айыр-күрегін ала 
келеді. Еңбегі үшін жас жігіт ақы сұрамайды. Апасы: «Қол ақыңды 
өздері беріп жатса – аларсың, әйтпесе, дәметпе», - дейді.
Ауылға  бастауыш  сынып  мұғалімі  келгелі  Мұрат  өзгерген 
сияқты.  Жүрегіне  өзіне  бағынбайтын  әлдебір  сезім  ұялағандай. 
Кеше өзінің бұрынғы сынып жетекшісі: «Тәрбие сағатын өткізейін 
деп  едім,  көлемді  стенд  жасап  берші,  мектепке  келіп  кетерсің», 
-  дегенде,  жүрегі  тайдай  тулай  жөнелген.  Ал  мектеп  ауласынан 
қарсы  жолығып  қалған  Жұлдыздың  өзін  көргенде,  кеудесінен 
жүздеген ат дүрсілдете шауып өтіп жатқандай жүрегі тарсылдап 
кетті.  Мұндай  кездесуді  күтпеген  ол  ұялғанынан  балаша  құйын-
перен  жүгірген  күйі  кітапхана  алдынан  бір-ақ  шығыпты.  Жолда 
сынып  жетекшісін  қағып  кете  жаздағанына  тіпті  қысылды.  Көз 
алдынан Жұлдыздың әнтек ашылған қалың ерні мен мөлдір қара 
көзі кетпеді. «Балалар үйінде тәрбиеленіпті» деген әңгіме естіген. 
Расымен де, көзінде әлдебір мұң бардай.
Сол күні кешке Мұрат малын жайғап  болған  соң үйде отыра 
алмай,  өзен  жаққа  барды.  Сырын  бөлісер  жан  таппағанда  ылғи 
солай,  алып  таудың  өр  қойнауында  жатқан  өзенге  телміретіні 
бар. Аспан төрінен алғашқы жұлдыздар көрінгенше отырды. Түн 
түндігінде  моншақтай  жарқыраған  жұлдыздарды  санай  бастады. 
Олардың  бірте-бірте  әр-әр  жерден  көбейе  бастағаны  соншалық, 
санынан  жаңылысып  қалды.  Оралханның  бір  шығармасынан 
оқығаны бар-ды: «Не жылуы жоқ, не жарытып жарық бермейтін 
жұлдызды  адамзат  не  себепті  жақсы  көреді  осы?  Әлде  өте 
тұңғиықта, қол жетпес биікте болғандықтан ба?.». Ай жарығымен 
екі езуі көпіршіп, долдана ағып жатқан өзенге қарап, оның бетінен 

10
Жұлдыздың  мұңға  толы  бағанағы  әдемі  көзін  іздегендей  болды. 
Таппады. Түнде өзен сарыны күндізгіден әлдеқайда қатты естіледі. 
Бойына  қорқыныш  ұялағандай.  «Жұлдызға  ғашықтығымды 
білдіртсем»  деген  ойынан  да  қорқып  кеткендей  селк  етті.  Ол 
өзінен  үш  жас  үлкен  ғой.  «Баласың»  десе,  меселі  қайтып  қалса 
ше?.. Оның үстіне киімі де мәз емес, «Үнемі мұнтаздай тап-таза 
жүретін мұғалім бәріне зер сала қарайтын шығар» деп ойлады...
...Тау  қойнауында  жатқан  момақан  ауылға  әртістер  келді. 
«Ауыл  жылына»  концерт  қоюға  келген  көрінеді.  Едені  ырсиып-
ырсиып тұрған шағын клубты көктемде үш жігіт болып тақтайлап, 
төріне қоңыр мата іліп, сахна кейпін жасаған. Қоғамдық жұмысқа 
тартылған екі әйел бірнеше қайтара әктеп еді, әжептәуір еңселеніп 
қалды.  Бүгін  сахнаға  аспан  түстес  көк  матамен  жабылған  үстел 
қойылыпты. Алдымен ауданнан келген өкілдер сөйлейтін сыңайлы.
Клубқа  үлкен-кіші  бірдей  жиналыпты.  Енді  ше,  күнделікті 
күйбең тірліктен бір босамайтын ауыл тұрғындары бір серпілгісі 
келеді де. Бірақ Мұраттың апасы: «Ауырыңқырап тұрмын», - деп, 
бармай,  үйде  қалды.  «Сен  де  жүрсеңші»,  -  деп  қиылып  тұрған 
ұлының  көңілін  алдағандығы  бұл.  Әйтпесе,  Зәмзәгүл  шуды, 
көпшілікті көтере алмайды.
Қайсысының кешігіп жатқаны белгісіз, әйтеуір концерт жуық 
арада бастала қоймады. Арт жақта ұйлығып отырған жігіттер үсті-
үстіне ысқырып, одан қалды, тілі күрмеліп отырған масаң Самат 
«әкеңнің  аузына»  басып  жатты.  Насыбайшыл  Тайбек  отырған 
жеріне бұтының арасынан былш еткізіп түкіре салғанда, қыздар 
жағы жиіркене бір қарап қойды. Бірақ қарсы сөз айтқан ешкім жоқ. 
Себебі, есерсоқ одан бәрі қаймығады. Шыдамады білем, Жұлдыз:
– Бұл – клуб, демалатын мәдени орын ғой, мұныңыз не? - деп 
еді, Тайбек беті шімірікпестен:
– Мені жөндейтін сен кімсің?! Мәдениет-сәдениетіңді шайнап
басыңа жақ! – дегенде, Жұлдыз көзі боталаған қалпы үнсіз отырып 
қалды. Мұрат Тайбектің жанына жетіп келді де:
– Кешірім сұра, сенікі дұрыс емес! - деді ызаланып.
– Мәссаған, мынаны қара! Жетім жетімді қызғыштай қорғауын 
қарашы-әй, ә! Боқмұрын, ағасына қарсы сөйлейтін сен өзі кімсің?! 
– деп, анау жуан жұдырығын ала жөнелді. 
Клуб ішінде апай-топай қып-қызыл төбелес басталды да кетті. 

11
Әсілі, «Момын адамның ашуы қатты болады» деген рас екен, Мұрат 
Тайбектен  аласа  да  шағын  денелі  болғанымен,  терісіне  сыймай 
кеткені соншалық, оның үстіне қырандай қомданып отырып алған.
– Кешірім сұра деймін, кешірім сұра Жұлдыздан! – деп кіжініп 
қояды.
– Өй, мынау қайтеді-әй?! – деп, Тайбек қапелімде ауыр денесін 
игере алмай қалды. 
- Қай жеңгенің менікі, бір шиша «Талас» алып бересің, - деп, 
көзін ашып-жұмып, масаң Самат отыр ықылық атып. 
Екеуін Мұраттың көршісі Күлғайша жеңгей әзер ажыратты.
Ол көптің ішінен Жұлдызды таппады. Бірден сыртқа ұмтылды. 
Есік  алдында  мұнда  есесі  кеткен,  тәмам  жұрттың  алдында 
«баладан»  жеңіліп  қалғаны  үшін  терісіне  сыймай  тұрған  Тайбек 
күтіп тұрған болатын. Қара күш иесі Мұратты желкелеп, аулаққа, 
қараңғылыққа қарай сүйрей жөнеліп, аяусыз ұрып-соғып тастады.
Бет-аузы  көнектей  болып  ісіп  кеткен  Мұрат  үйіне  бармады, 
шешесін ойлады, «Мына түрімді көрсе, тағы жүрегі ауырар» деді. 
Анасының көзі ұйқыға кеткенше сыртта жүре тұрайын деп, өзен 
жағасына келді. Дуылдатып әкетіп бара жатқан бетін өзен суына 
шайып отырған-ды. Біреудің таяғанын сезді. Таң қалды. Өйткені, 
мұнда тек Дәурен екеуі ғана келуші еді. Болашақ жайлы, оқыған 
кітаптарындағы  кейіпкерлердің  мінезі,  әрқайсысының  орны 
жайлы  ой  бөлісетін.  Жанына  тізерлеп  ақ  көйлекті  бойжеткен 
отыра  кеткенде  ғана  барып,  Жұлдыз  екенін  білді.  Сосын  іштей: 
«Төбелескенім  қандай  жақсы  болған!  Әйтпесе,  Жұлдызбен  бұл 
жалғанда тілдесуге дәрменім жетпес те еді» деді қуанып...
...Бейнеттен көз ашпаған шешесі төсек тартып жатып қалды.
– Сені «Мұғалім қызбен жарасып жүр» дейді. Егер үйге келуге 
қарсы болмаса. ертіп келсеңші сол баланы. Қанша өмірім қалды 
дейсің, тым болмаса, жалғызымның кіммен бас қосатынын көріп 
қалайын, – деді кемсеңдеп. 
Мұрат  қысылып  қалды.  Өйткені,  Жұлдыз  екеуінің  арасында 
үйлену  туралы  сөз  қозғалмаған-ды.  Ол  тек  әзірге  Мұраттың 
қиялындағы  арман  болатын.  Тіпті  ұсыныс  жасауға  батылы  да 
жетпей жүр. 
Бір кеште екеуі өздері айнымас серік етіп алған өзен жағасына 
келген. Екеуіне ұрлана қараған сүттей айдың жарығымен бір-бірін 

12
ұзақ  аймалап,  көп  сырласқан.  Шөп  үстінде  иық  түйістіріп  қатар 
жатқанда Мұрат бұл көрініске сене алмаған. «Мұндай оқиға тек 
киноларда немесе оқыған кітаптарымда ғана болады» деуші еді. 
«Жазушылар да басынан өткен соң жазады екен-ау» деп ойлады.
Жұлдызға  ұрлана  көз  қиығын  салып  еді,  кеудесіндегі  қос 
алмасы  шыт  көйлегінің  сыртына  шығып  кетердей  бір  көтеріліп, 
бір  басылады.  Бойын  әлдебір  құмарлық  шырын  сезім  билей 
жөнелген  Мұрат  көзін  тарс  жұмып  алған  бойжеткеннің  қалың 
ерніне төне берді. Жұлдыз қарсылық көрсеткен жоқ, қайта оның 
мойнын аппақ білегімен орап алып, шырын сәтті көптен күткендей 
жігіттің ыстық ернінің табынан балқып бара жатты. Тек Мұраттың 
қолы төмен жылжып, көйлегінің етегін көтере бергенде, есін жиып 
алды. Сосын:
– Мұрат, асықпайық... – деді күмілжіп. 
Оның да өзіндік себебі жоқ емес-ті.
Жұлдызды  балалар  үйінде  жүргенде  әскерден  кеше  ғана 
оралған  екі  жігіт  зорлап  кеткен  болатын.  Мектептегі  еден  жуу 
кезекшілігінен кеш қайтып келе жатқан оны қою қараңғылықтан 
шыға  келген  масаң  екеу  ағаш  түбіне  сүйрей  жөнелді.  «Қыз 
көрмегелі  қай  заман!  Мынау  бір  қатып  кетті-ау  өзі!»  –  деп 
гүжілдеген  жиіркенішті  дауыс  әлі  күнге  құлағының  түбінде 
тұрады.  Тағдырдың  мазағын  айтсаңшы,  арам  ниеттілердің 
әрекетінен кейін бойына бала бітіп қалды. Өз-өзімен саяқ жүретін, 
тым тұйықталып кеткен, дұрыс тамақтануды да қойған қыздың 
іші біліне бастағанда, тәрбиешілердің аяғынан тік тұрғаны бар. 
Шарана өлі туды.
Басынан өткен, еске алуға соншалықты ауыр осы оқиғаны, ақ 
тәніне түскен қара дақ туралы жүрегі жылылыққа толы, тым сенгіш, 
аңғал ауыл баласына айтуға батылы жетпейді-ақ. Мұны періштеге 
балап жүр ғой ол. Иә, сымбатты арудан талай жігіттің дәмесі бары 
анық. Оның әсіресе қазір көп қыз өсіре бермейтін мойылдай қап-
қара ұзын бұрымы – еркек біткеннің көз құрты. Шағын ауылдағы 
ең  бай  саналатын  кәсіпкер,  бір  сөзбен  айтқанда,  дәурені  жүріп 
тұрған, әйелі өлген Алмас мұның қыр соңынан қалмай жүр. Бұл 
туралы Мұраттың білмеуі мүмкін емес, тек сұрауға жүрексінетін 
сияқты.
–  Жұлдыз,  сенде  бір  сыр  бар,  оны  сен  жасырғанмен,  мен 

13
қараудан  ешқашан  жалықпайтын  әдемі  көзің  жасыра  алмайды. 
Айтсаңшы. 
Шалқасынан  жатқан  Мұрат  қос  қолын  басына  жастанған 
күйі  мөлдіреген  айға  тесіліп  алған.  Оның  орнынан  тұрмағанын 
пайдаланған  Жұлдыз  құпиясын  ақтаруға  бекінді.  «Ауыр  сырды 
серігіңнің жүзіне қарамай жеткізген әлдеқайда жеңілірек-ау осы» 
деп ойлады қыз.
– Мұрат, білемін, сен мені періштеге балап жүрсің. Олай емес... 
Иә, мен, балалар үйінде тәрбиеленгендей, адал болуға ұмтыламын. 
Ешкімге  жаманшылық  ойлағым  келмейді.  Тіпті  қиналған 
сәттерімде өзімді тағдыр талқысына тастап, күресінге лақтырып 
кеткен, аты да беймәлім анама да ренжіген емеспін. Қиналғанды 
сүйегім, жылағанды жұбатқым келіп тұрады. Сондықтан өзгелерге 
тым жақсы болып көрінетін шығармын. Бірақ мен... мен... саған тең 
емеспін, абыройымнан ерте айырылғанмын... – Жұлдыз әрі қарай 
көз жасына тұншығып, әңгімесін аяқтай алмай, жылап жіберді. 
Дереу  басын  көтеріп  алған  Мұрат  қапелімде  абдырап  қалды. 
Айыр-күректің  сабынан  әбден  қатайып,  жарылып  кеткен 
алақанымен оның жүзін жуып кеткен жасты сүрте берді. Құдай-
ау,  жүрегін  ғашықтық  сезімі  тұтқындап  алған  жігітке  не  кедергі 
болмақ?!  Тізесін  құшақтап,  ағыл-тегіл  жылап  отырған  ай 
астындағы қыздың келбеті қандай көркем еді!
–  Жұлдыз,  болды,  маған  ешнәрсе  де  айтпай-ақ  қой,  бәрін 
түсіндім.  Маған  сен  керексің!  –  деп,  қыздың  демін  тұншықтыра 
сүйе бастады...
***
Сіңірі шыққан тарамыс қолдарын алға созған Зәмзәгүл:
– Тамағы құрғыр құрғап кетті ғой, су берші, құлыным, – деді 
даусы дірілдеп. 
Тамағына  тас  кептеліп  қалғандай  күйде  тұрған  Мұрат  теріс 
айнала бере қос жанарына толып тұрған жасты ұстап тұра алмай, 
кеудесіне еріксіз төгіп-төгіп алды.
Жетіншіде оқып жүргенде «Көксерек» фильмін көріп отырып, 
бір  жылаған.  Қасқырдың  дәрменсіз  бөлтірігін  жек  көретін 
нағашысы суға ағызып жібергенде, өзен жағалай жанұшыра дедек 
қаға  безілдей  жүгіріп,  ағыл-тегіл  жылаған  кейіпкерге  –  жүрегі 

14
кішкентай, ал ойы таудай Құрмашқа қосылып егілгені бар. Сонда 
өзін «Боркемікпін, әйтпесе, жігіт адам қыз сияқты жылай ма?!» деп 
кінәлаған. Содан кейін өмірінде бұл – екінші мәрте шын жылауы.
Жұлдызды  анасына  таныстырамын  деп  жүргенде,  қыз  екі 
өкпесіне суық тиіп, ауруханаға түсіп қалды. Ал Зәмзәгүл күннен-
күнге нашарлай берді…
«Жақсы  адам  еді  ғой,  бір  жанға  «Әй,  сен  қандайсың»  деп 
көрмеген марқұм жалғызының қызығын көре алмай кетті-ау! Күн 
көзінің ашық болғанын қарашы». Бұл – ауылға алғашқы қар түскен 
күні  Зәмзәгүл  қайтыс  болғанда  жұрт  аса  бір  ілтипатпен  айтқан 
әңгіме.
Кеше Мұрат аудан орталығына, денсаулығын сұрап Жұлдызға 
барып қайтқан. Жүзі төменшіктей берген жігітті дәрменсіз баладай 
қабылдаған Жұлдыз шашынан аялай сипады. Мұратқа анасының 
жылы алақанының табы сезілгенедй болды.
– Жұлдыз, апам түсіме кіріпті. «Жұлдыз екеуің тойларыңа мені 
шақыруды да ұмытпаңдар», - деді. Ол кісі кеткелі үйде отырғым 
келмейді.  Ошақта  от  лаулап  жатса  да,  тоңатын  секілдімін.  Сен 
ауруханадан шыққан соң екеуміз үйленейікші...
– Біз бақытты болуға тиіспіз. Себебі, анаң, дәлірек айтқанда, 
шешеміздің аруағы бізді ылғи желеп-жебеп жүретін болады, – деді 
Жұлдыз Мұраттың бетіне бетін тақап. 
Ал жігіт қуанғанынан қызды төсегінен тік көтеріп алып, палата 
ішінде билеп кетті.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал