Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет990/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   986   987   988   989   990   991   992   993   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
қорқ-қорқ  етіп дегендерді  м ағы н а  ж ағы н ан   са- 

лыстыруға болады.

Еліктеуіш   сөздердің  қай тал ан ған   түрінің 

екінші сыңарындағы аш ық дауысты дыбыс қысаң 

дауысты  еріндік  ды бысқа  айналы п  өзгерсе,  ол 

сөздің тұлғасында туған осы өзгеріске байланыс- 

ты  м ағы насы нда да сәл  өзгеріс туады.  Мысалы: 

Біреу  есікті  тарс-тарс  үрды  және  біреу  есікті 

тарс-түрс  үрды деген  сөйлемдердің  Кұрылысы 

мен  құрамдарында  айы рм аш ы лы қ  болмаса  да, 

мағыналарында (сәл болса да) айырмашылық бар; 

тарс-тарс  ұрды  дегенде,  адам  есікті  әрі  қатты, 

әрі  бірнеше рет ұрғанымен, бірқалыпты  ұрғаны 

аңғарылады,  ал тарс-түрс ұрды дегеннен есіктің

қатты ұрылуы бірқалыпты емес, бірде қатты, бірде 

онан да қаттырақ, я солғын болып алмасып отыр- 

ғаны аңғарылады.  Бірақ бұл екі форманың  қыз- 

метінде тарс-тарс (сарт-сарт) дегенде де, тарс- 

тұрс (сарт-сүрт) дегенде де ешқандай өзгешелік 

болмайды.  Олар біреуінің орнына біреу тұра ала- 

ды.  М орф ологиялы қ ж ағы нан да бұл  үш форма 

(тарс, тарс-тарс,  тарс-тұрс) өзгермейтін сөздер 

ретінде қала береді.



Басқа сөздер сияқты ,  м ағы на ж ағы нан  бір- 

біріне  ж ақы н ,  синонимдес,  екі  түрлі  еліктеуіш 

сөз қосарлана береді,  мысалы: сатыр-күтір,  сал- 



дыр-күлдір, бұрқ-сарқ т.б.  Бұл ерекш елікте - елік- 

теуіш  сөздердің  қосарлануы на  тән  қалы пты , 

заңды құбылыс. Әдетте, су бұрқ-бұрқ қайнап жа- 

тыр деп  те,  су  сарқ-сарқ  қайнап  жатыр  деп  те 

айтыла береді.  Бұл сөйлемдердің де  құрылыста- 

ры мен  құрамдарында еш қандай айырмаш ылық 

ж оқ,  арасы нда азды-көгіті  м ағы налы қ  айы рм а- 

ш ылы қ бар: бұрқ-бұрқ қайнауға қарағанда, сарқ- 

сарқ  қайнау әлдеқайда  күшті.  Солай  болса,  сол 

екі дыбысты (созді) есіткеннен  кейінгі алынатын 

әсер де бірдей емес.  Ендеше,  бұл екеуінің м ағы - 

налары да бір-біріне  қарайлас та, жақын да.  Егер 

бұл  екі  сөздің  бір-бір  сыңарларын  бөліп  алып, 

оларды  қосарлап:  Су  бұрқ-сарқ  қайнап  жатыр 

десек,  оған   бұрқ  және  сарқ  деген  екі  сөздің  де 

беретін  мағынасы бірдей кіреді, демек, су я бірың- 

ғай бұрқылдап та; я біры ңғай сарқылдап та қай- 

намай,  ж оғары дағы   айтқан  тәрізді  (тарс-тұрс 

сияқты ),  бірде  (я  бір  жері)  бұрқылдап,  бірде  (я 

бір  жері)  сарқы лдап  қайнаудың  ды бы сты қ  та, 

бейнелік те  көрінісі  білінеді.  Салдыр-күлдір,  са- 

тыр-күтір си яқтан ған  сөздердің де құрылыста- 

ры  мен мағыналарынан осыны байқауға бөлады.

Еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты ды- 

быстың  не аш ы қ,  не  қы саң  бөлуы да сөл  сөздің 

м ағы насы на әсер етеді.  М ысалы, есік сарт етіп 

жабылды  ж әне  есік  сырт  етіп  жабылды  деген 

сөйлемдерде құрылыс ж ағынан еш қандай айыр- 

ма  ж оқ  бола  тұрса  да,  м ағы на  ж ағы н ан   бір- 

бірінен,  сәл де болса, ерекшеленіп тұр.  Ол  ерек- 

шелік: сарт ж ән е сырт деген сөздердің дауысты 

дыбыстарына ғана байланысты, демек, сарт етіп 

ж абы лғаннан  есіктің  қатты  ж абы лғаны ,  я ғн и  

құлаққа естілетін дыбыстың қатты  ш ы ққаны , ал 



сырт етіп ж абы лғаннан есіктің дыбысы ақыры н 

шыққаны аңғарылады. Ал есіктің қатты я ақырын 

жабылғандығын (соған сәйкес дыбысын да ажы- 

ратып диф ф еренциялау)  білдіріп  тұрған  нэрсе- 

лер түбірлердің дауысты дыбыстарының я ашық, 

я қысаң болуына ғана байланысты.  Екінші сөзбен




552

М ОРФОЛОГИЯ

айтқанда,  еліктеу сөздің түбіріндегі дауысты ды- 

быс аш ық болса,  құлаққа келетін табиғат дыбы- 

сы да қатты естіледі,  қы саң болса,  ақы ры н есті- 

леді. Осыған сәйкес сол сөздің мағынасы да ажы- 

райды  (диф ф еренцияланады ).  Ондай  сөздердің 

м ағы налары ндағы   айы рм аш ы лы қты   білу  үшін, 

қосымш а,  мысалы,  тарс  және  тырс,  шак-шақ 

және  шық-шық,  ш аңқ-ш аңқ  және  шыңқ-шыңқ, 



қарш-қарш  және  қырш-қырш,  борт-борт  және 

бырт-бырт деген сөздерді салыстыруға болады.

Еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты ды - 

быстардың  я  жуан,  я  ж іңіш ке  болуы  да  сөздің 

мағынасына әсер етеді. Мысалы: шыңқ-шыңқ етеді, 



шіңқ-шіңқ етеді дегендердің м ағы налары нда ай- 

ы рм аш ы лы қ  бар.  Ш іңк-ш іңк дегендегі  дауысты 

дыбысты ң  ж іңіш ке  болуынан  еліктеуіш  сөздің 

мағы насы сәл өзгеш ерек болып тұр, демек, одан 

дыбыс әлсіз болатыны, соған сәйкес, лажсыздық- 

тан  ащы  келетіні  аңғары лады .  “ Тоғыз  тоңқыл- 



дақ  жэне  бір  шіңкілдек”  деген  ертегіде  зорлы қ- 

шыл,  қара  күш   иесі  то ғы з  жігіттің  тоңқы лдақ 

делініп  аталуы,  күш і аз, әлсіз,  бірақ тәсілшіл  бір 

жігіттің шіңкілдек делініп аталуы кездейсоқ нәрсе 

емес.  М ұндағы  тоңқылдақ даген зат есім бастап- 

қы  тоңқ деген  еліктеуіш созден,  шіңкілдек деген 

зат  есім  бастапқы   шіңк  деген  еліктеуіш  сөзден 

шыққан. Солай болса, елікгеуіш сөздерден жұрнақ 

арқылы ж асалған туынды сөздердің де семанти- 

калы қ м ағы налары , ж оғары да айтқандай,  олар- 

ды ң түбірлеріндегі дауысты  ды бы старға  байла- 

нысты болады.

Ауызекі тілде адамның көңіл күйіне, эмоция- 

л ы қ  ж айы на  байланы сты   еліктеуіш  сөздердің 

кейбір дыбыстарының айтылуында ерекшеліктер 

болады. А ш ық дауысты еліктеуіш сөздердің дау- 

ысты  дыбыстары  созы лы п  айтылады,  мысалы: 

сарт  ете  түсті  дегенді  саарт  ете  түсті  деп, 

тарс  ете  түсті  дегенді  таарс  ете  түсті  деп 

түбірдегіа дыбысын созып, ал қысаң болса, соң- 

ғы  дауыссыз ды бы с  созы лы п  айтылады,  мыса- 

лы:  тыз  ете  түсті,  тырс  ете  түсті,  шыж  ете 



түсті,  шыр ете түсті,  шың ете түсті деген си- 

яқтыларды ауыз сөзде соңғы  з,  с,  ж,  р,  ң дыбыс- 

тарын созып,  мысалы, тызз, тырсс, шыжж,  шырр, 

шыңң деп айтуға болады.

Еліктеуіш сөздер ауызекі тілде, ауыз әдебие- 

тінде,  көркем  әдебиетте  өте  жиі  қолданылады, 

мысалы:  Социалистік индустрияның дөңгелегізыр 



жүгірді (М ұстаф ин); Күн көрістің ескі тәсілдері, 

ескі салт-сана, эдет-ғүрып шірік иіүберектей дыр- 

дыр жыртылып жатты (Сонда);  Колхоздың қара 

сабалары  кү м п -кү м п  пісілді  (Сонда);  Кешікпей

т ағы  да  мылт ық  даусы гүрс-гүрс  шықты  (Сла- 

нов); Боз, күрең, жирен,  ала, шүбар,  Өтеді ауызды- 



ғын қарш-қарш іиайнап  (Жамбыл).

Сөйтіп, 



жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   986   987   988   989   990   991   992   993   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет