Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет775/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   771   772   773   774   775   776   777   778   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
он бес күн өтіп кетті.  Бұл күндердің ішінде арыз 

бойынша  начальниктен  жоғарыда  айтып  өткен 

к а ға з да келіп  к а лға н  еді (Дулатов).

4) Сілтеу есімдіктері есімдік сөздердің орны- 

на  қолданы лады .  Әңгімедегі пікір не нәрсе тура- 

лы  болса, сол нәрсе шығарманың такырыбы бола- 

ды (Байтұрсы нов). Әйтсе де Қарткожаның бірде- 

м есі жетпей тұрғандай болады, 

бірдемені 

іздейді де тұрады.  Ол іздегені калада  емес,  дала- 

да  тәрізді көрінеді  (Аймауытов)  дегенде,  “со л ” 

есімдігі,  “ н е ”  деген  сұрау  есімдігі,  ол  есімдігі 

“бірдем ені”  деген  белгісіздік есімдіктерінің  ор- 

нына ж ұмсалып тұр.

5)  Сілтеу  есімдіктерінің жеке  етістік сөздер 

орны на  қолданы лу дағды сы   кездеспейді.  Бірақ 

сілтеу есімдіктері түгел бір сөйлемнің және онда- 

ғы  берілген  әрқилы   ойларды ң,  іс-әрекеттердің 

орны на  қолданы лғанда,  ондағы   ауыстырылып 

алмасатын мағыналардың жетекші мәні сол етістік 

сөздердің бойы на топталады. Әуезе (әңгіме) акын 

айтканынан өткен уакиғаның әңгімесін естиміз, 

айтыс-тартыста уакиғаны  біреудің айтканынан 

есітіп  білеміз,  көзбен көріп те білеміз.  Әуезе м ен 

айтыс-тартыс арасындағы зор айырыс осы (Бай- 

тұрсынов).Жармұхамет кешіккен соң, оның үйінде 



күтіп  отырған  болыс  пәтеріне  кайтты.  Мұны 

көріп  т ұрған  Берікбол  м ен  Малтабар  сарттың 

дүкенінен шыкты  (Дулатов). Шариғат,  шариғат 

деп халыктың көзін бояудан басканы білмейсіңдер, 

онан  да  зекетті  молда  алғанда  халы кка  пайда 

келе ме,  жок мектеп пайдасына жұмсалып,  елдің 

көзі аш ылған  жаксы м а ?  Соны  неге  айтпайсыз

(Дулатов) дегендегіосы,  мұны,  соны есімдіктері

алдағы  айты лған  ойлар  мен  баяндалған  о қи ға- 

ларға,  іс-әрекет, амалдар орнына, соларды ауыс- 

тыра  қолданылып  тұр.  Ал,  ауыстырыла  қолда- 

н ы л ған   сөйлемдердегі  негізгі  м ағы налар  сол 

сөйлемдердегі “әңгімесін естиміз” ,  “көзбен көріп 

те білеміз”,  “пәтеріне қайтты” ,  “елдің көзі ашыл- 

ғ а н ”  деген сияқты сөз тіркестеріне түсіп,  онда- 

ғы   етістіктер  негізгі  ойлар  мен  амалдардың ма- 

ғы налы   ұйтқысы  есебінде  көрініп  тұр.  Бұндай 

жағдайлардың бәріне де сілтеу есімдіктері әрқа- 

шан субстантивтенген мәнде  қолданылады.

Ж оғарыда келтірілген мысалдар мен ондағы 

заң д ы л ы қтарға  қар аған д а,  сілтеу  есімдіктері 

белгілі  бір  контексте  қолданылу  мақсаттарына 

қарай  көптеген  сөз таптары ны ң,  я ғн и   зат  есім, 

сын есім,  сан  есім,  есімдік ж әне сөйлемдегі ой- 

лар  мен  амалдардың  орны на да қолданыла ала- 

тын сөздер болып ш ығады.

Дегенмен,  бұл  заңды лы қты   барлы қ  сілтеу 

есімдіктеріне  бірдей  тән  заңды лы қ деп  қарауға 

болмайды. Сілтеу есімдіктерінің ішінде бұған ба- 

ғы на  қойм айты н ерекш е  мәнді сөздер де  кезде- 

седі. Я ғн и   сілтеу есімдіктерінің құрамында қол- 

данылу мақсаты әр түрлі болғаны мен негізгі ма- 

ғынасы өзгеріске ұшырамайтын, сол себепті еш- 

қандай сөз не амалдардың орнына қолданылуды 

қажет етпейтін сөздер бар. Әне бір жерде түтіннен 

аулак шығып,  бір топ кісі екі жар отырып күрес 

салып  жатыр.  Міне  біреулер  бастары  түйісіп, 

төмен карасып жатыр,  ойнағаны әлде дойбы, әлде 

карта  (Аймауытов).  Сона  біреу таудың  бетінен 

корыннан  отын  аркалап  түсіп  келеді  (Сонда). 

О сы н дағы ән е,  міне,  сона сөздері  еш қандай сөз 

таптарының орнына қолданылып тұрған жоқ.  Бұл 

сөздер - әрқаш ан өздерінің негізгі аралық қаты- 

настарды  білдіру  м ағы налары нда  ғана  тікелей 

нұсқау мәнінде жұмсалатын сөздер.  Сол себепті 

олар  барлық жерде ерекше көзге түсіп отырады.

М іне,  осы себепті сілтеу есімдіктері өзге сөз 

таптарын алмастыруы,  солардың орнына қолда- 

нылуы тұрғы сы нан  алып  қарағанда,  негізгі екі 

салаға бөлінеді:

1)  Өзге  сөздер орны на  қолданылатын  есім- 

діктер.  Бұған  бұл,  ол,  мына,  ана,  мынау,  анау, 


жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   771   772   773   774   775   776   777   778   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет