Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет587/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   583   584   585   586   587   588   589   590   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
356

СӨЗЖАСАМ

тәуелдікжалғауын (қамзол+ы), тәуелдікжалғауы 

мен септікжалғауды  (өз+і+не),  көсемше жұрна- 

ғы н  (ж арас+ы п)  қабы лдаған.  С оны м ен,  осы 

сөйлемге дайы н сөз ретінде мына сөздер кірген: 

қызыл күрең, қамзол,  өз, жарас, сөздердің кейбірі- 

не сөйлемнің  қажетіне  қарай түрлі грамматика- 

лы қ  көрсеткіштер  қосы лған. Ал қызыл күреңдр- 

ген  к ү р д е л і  с ы н ғ а   е ш б ір   г р а м м а т и к а л ы қ  

көрсеткіш  қосы лм аған,  ол  сын  есімнің зат есім- 

мен қосымш асыз тіркесу қабілетіне байланысты.

Сын  есім  қазақ тілінде  қосы м ш аға бай  сөз 

табы на  жатады.  Ол  өзі  тіркесетін  зат  есіммен 

қосымш а арқылы байланыспайды.  Бірақ шырай 

жұрнақтары бар, олар күрделі сындарға түгел жал- 

ғана бермейді. Дегенмен жалғана қалса,  күрделі 

сы нны ң соңғы   сы ңары на жалғанады.  М ысалы, 



қоңыр қызғы лт ,  қара бурылдау,  қара көктеут.Ь. 

Бұл жағдай  күрделі сы нны ң сөз ретіндегі  ш ека- 

расы аны қ соңғы  сыңары екенін көрсетеді, олай 

болса күрделі сынның соңғы сыңарына сөз аяқта- 

лады, ол оның сөз ретіндегі ш екарасы болып са- 

налады.


Күрделі  сы н н ы ң   құрам ы ны ң  екі  я  онан  да 

көп  болуы  оны ң  жасалу тәсілінің  ерекшелігіне 

байланысты.  Күрделі сөз сөзжасамның аналити- 

калық тәсілі арқы лы  жасалаты н болғанды қтан, 

оны ң  құрамы  екі  я  онан да  көп  сөздерден  бола 

береді.  С онды қтан  күрделі  сы нны ң  ш екарасы 

оны ң құрам ы ндағы  сөздердің ең соңғы  сыңары 

болады.


Күрделі  сы н  сөз  атаулыға  қойы латын  сөз 

құрам ы ны ң  тұрақты лы қ  белгісіне  сай  келеді. 

Күнделік  қолданыста создің дыбысты қ  құрамы 

тұрақты,  ол  құбылмалы  құбы лы сқа  жатпайды. 

М ы салы ,  кіт ап,  қ а ға з,  кел,  кет,  жақсы деген 

сияқты  кез келген сөзді алсақ,  олардың мағына- 

сын  осы ды бы сты қ  құрамда  ғана танимыз.  Бұл 

сөз  атаулыға  тән  қасиет,  белгі,  сондықтан  ол 

күрделі сы нға да  қатысты.

Күрделі сындардың құрамы да тұрақты, олар- 

дың сыңарларының орны  берік,  орнықты бола- 

ды.  М ысалы,  т ом аға түйық дегенді тұйық то- 



м аға деуге болмайды,  өйткені ол томаға тұйық 

күрделі сыны ның қалыптасқан мағынасын  бере 

алмайды.  Сол сияқты ат жақты, ал қызыл, қызыл

ала, бос белбеу, ерке тотай, ұзың тұра т.б. осындай 

күрделі сындарды жақты ат, қызыл ал, ала қьізыл, 



белбеу бос, тотай ерке,  тұра ұзын түрінде қолдану 

тілде жоқ.  Бұл ерекшелік тек күрделі сындарда ғана 

емес, жалпы күрделі сөзге қатысты.

К үрделі  сы н  ал ғаш   ж а с ал ға н д а ,  қан дай  

құрамда болса, сол құрам сақталады. Өйткені оның 

мағы насы белгілі құрамда қалыптасқан, сондық- 

тан ол м ағы на берілу үшін,  оның құрамы да сақ- 

талуы  қажет.

Күрделі сындардың мағынасы белгілі құрамда, 

құрам ы ндағы   сыңарлар белгілі тәртіпте тұрған- 

да, қалыптасқан, сондықтан олардың құрамын да, 

сыңарларының орнын да өзгертуге болмайды.  Бұл 

күрделі  сындарды ң  негізгі  белгілерінің  бірі  бо- 

лып саналады*.

Күрделі сындардың  құрам ы ны ң тұтастығы- 

на  оларды ң  құрам ы ндағы   сы ңарларды ң  орын 

тәртібі де жатады. Анығырақ айтсақ, күрделі сын- 

дардың құрамындағы сыңарлардың орын тәртібі 

де берік, әбден қалыптасқан, сондықтан олардың 

орны н  ауыстыруға  болмайды.  Ө йткені  күрделі 

сындар белгілі  құрамда,  құрам ы ндағы  сыңарлар 

белгілі тәртіпте тұрғанда,  бір м ағы на беретін бо- 

лып  қалы птасқан.  Бұл  күрделі сы нны ң  құрамы- 

ның,  құрамындағы сыңарлардың орналасу тәртібі 

берік  екенін  дәлелдейді.  С онды қтан  ақ  боз  ат 

дегенді  боз  ақ  ат,  қызыл  шырайлы  қыз  дегенді 



шырайлы  қызыл  қыз,  қара  ала м ат а дегенді  ала 

қара л ш та д е у ге   болмайды.  Бұл да күрделі сын- 

дардың  құрам тұтастығына жатады,  ал  оның сы- 

ңарлары ны ң  орнын  ауыстыру  күрделі  сынны ң 

құрам тұтастығы ның бұзылуы болып табылады.

Күрделі  сындар біртұтас  м ағы н аға көш кен, 

біртұтас  м ағы на  беретін  сөздер  болғанды қтан, 

оның құрамындағы сыңарлар өз мағынасын сақ- 

тамаған. Осымен байланысты  күрделі сындардың 

құрам ы ндағы  сыңарлар дербестігін сақтамайды. 

Ол  -  жалпы  күрделі сөз атаулыға тән  құбылыс.

Күрделі сындардың құрамындағы сыңарлар- 

ды ң сөз ретінде өз дербестігін сақтамауы на бай- 

ланысты  күрделі  сы нны ң әр  сы ңары  жеке-жеке 

сөйлем  мүшесі  бола  алмайды.  С оны мен  бірге, 

күрделі сынның құрамындағы сыңарлардың әрқай- 

сысы  сөз  тіркесіне  жеке  мүше  де  болмайды,

* Ж .  Ш акенов  күрделі  создердің қүрам ы   туралы  былай дейді:  “ Қ андай да  сөз  болмасын,  ол  ж алаң  бола  ма,  күрделі 

ме  -  борі  бір,  онда  қалы птасы п  қалған  қүры лы м  болуы  -  шарт.  С онд ай-ақ  қ а за қ   тіліндегі  күрделі  біріккен  сөз  бола  ма, 

тіпті  қүрам а сөз  бола ма  -  борі бір  күрделі сөздердің негізгі  бір  белгісі  -  онда  қалы птасы п  қалған қүрам ы н ы ң  болуы жоне 

ол  тек  сы ртқы   түр-түрпаты   ж ағы нан  ғана  емес,  беретін  мағынасы ,  номинативтік  қызметі  ж ағы нан  бекем,  жеке  қолда- 

нуға  келмейтін,  ж үбы н   ж азбай  үнемі  бірге  ж үмсалатын  қүры лы м   болды.  Ондай  қүры лы м ,  бай қап   оты рсақ,  қазақ 

тіліндегі  күрделі  создердің  борііще  бар  (Қазіргі  қазақ  тіліндегі  сы н  есім  категориясы.  канд.  диссертация.  1953,  85-6.)





жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   583   584   585   586   587   588   589   590   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет