Жасалым белгілері: ерін, тоғы сы ңқы , үнді
дауыссыз дыбыс.
Н дауыссыз дыбысы
Жасалымы:
1. Н дауыссыз дыбысы тілдің ұшы мен күрек
тіс-қы зы л иектің шегарасы арқылы жасалады.
Ж асалу орны на қарай тіл ұшы дауыссыз болып
табылады.
2. Н дауыссыз дыбысы тіл ұш ыны ң күрек
тіс-қы зы л иек ш егарасымен тоғысуы арқылы
жасалады. Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы да-
уыссыз дыбыс болып табылады.
3. Н дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс
желбезегі мол тербеледі, яғни мол қатысады. Да-
уыс қатысына қарай үнді (тербелімді) дауыссыз
дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тіл ұшы, тоғы сы ң қы ,’
үнді дауыссыз дыбыс.
Ң дауыссыз дыбысы
Жасалымы:
1.
Ң дауыссыз дыбысы тіл арты мен тілшік
арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тілшік
дауыссыз болып табылады.
Поделитесь с Вашими друзьями: |