Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис


,5.2. Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуі



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет203/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
4,5.2. Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуі

Қазіргі  қазақ тілінде  б,  в,  г,  ғ,  д  ұяңдары- 

нан басқа дауыссыздардың бәрі де сөзді аяқтап 

тұра алады және бұларға дауыстылардан  баста- 

латын қөсымшалар ретіне қарай жалғана береді. 

Бұған  көз  жеткізу  үшін  зат есімдерді тәуелдеп, 

етістіктерді есімше, әсіресе көсемше фөрмаларын- 

да  айтып  көру  жеткілікті:  ас  (зат  есім),  ас-ым,




88

ФОНЕТИКА

ас-ыц,  ас-ы; ас (етістік), ас-ар,  ас-ып,  ас-а.  Түбір 

соңындағы дауыссыздардың ішінде  келесі  мор- 

феманың басында кездесетін дыбыстың сапасын 

таңдайтын  үш  дыбыс  бар.  Олар  қ,  к,  п.  Түбір 

соңындағы  қатаң қ,  к, п дауыстыдан басталатын 

қосымш а ж алғанғанда ұяңданып ғ,  г,  б дауыс- 

сыздарымен алмасады.  Олар түбір мен  қосымша 

аралығында: тарағы (тарак-ы),  кесегі (кесек-і), 



кабым (қап-ым),  ағып (ақ-ып),  ағар (ақ-ар), көгер 

(көк-ер),  төгүп (төк-іп),  көгүрек (көк-ірек),  ағы- 

рақ  (ақырақ) ж әне  сөз  бен  сөздің  аралығында: 

ағеш кі (ақ ешкі),  көгала (көк ала),  көбадам  (көп 

адам),  қабалдым  (қап  алдым),  көбеді  (көп  еді), 

ағала (ақ ала),  ж оғекен (жоқ екен).

Осы заңнан ауытқу да  ұшырайды. Атап айт- 

қанда:

а)  еліктеуіштер  бұл  заң ға  илікпейді:  жарқ 



етті, жарқыл (лсарқ-ыл), күңк етті, күңкіл, лап етті, 

лапыл,  қътпыл, бүлкіл, дүңкт, зіркіл, лыпьтт.б.;

ә)  екінш і  буы ны ндағы   қы саң  дауыстылар 

гүсіп қалған жағдайда: үрік, үрк-ер, үрк-е, үрк-іп, 

үрк-у; бөркі (бөрік), қырқы,  еркі, нарқы, халқы т.б.;

б)  сын  есім  тудыратын  -ы  ж ұрнағы   жал- 

ғанғанда'.қазақы, қалмақы, тозақы;

в)  ф ам илияға  -ов,  -ев  қосылғанда:  Беков, 



Себепов,  Қазақовт.б.;

г) тәуелдік жалғауы ж алғанғанда екі сөздің 

соңындағы п сақталады: тарапы,  сапында.

Бұдан  қ,  к,  п  қатаңдары ны ң  морфемалар 

жігінде де дауыстылармен  ымыраға келіп қатар 

тұра алатынын байқаймыз. Алайда мұны сөздің 

мэн-мағынасы, дыбыстың ортасымен байланыс- 

ты деп  қарау керек.  Сөздің семантикасы,  грам- 

м атикалы қ  ф ормасы ,  дыбыстардың  белгілі  бір 

тіркесімі  ф онетикалы қ  заңдылықтардан  ауыт- 

қуға итермелейді.  М ұның өзі  артикуляциямыз- 

дың да икемділігін  аңғартады.

Мэселен: бөрік, ерік, нарық, халық, ғүрып, қалып 

сөздеріне тәуелдік жалғауы ж алғанғанда екінші 

буындағы  қы саң дауысты  түсіп  те  (әдеби  нор- 

ма), түспей де қолданылуы мүмкін.  Бірінші жағ- 

дайда  сөз  соңы ндағы   қатаңдар  ұяңданбайды, 

екінш і  жағдайда  ұяңданады.  М ұның  бір себебі 




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет