2 .1 . Д А У Ы С Т Ы Л А Р Д Ы Ң Т ІР К Е С І
Қазақ тілінде дауыстылар сөз ішінде, сөздер
аралығында қатар тұра алмайды, қатар келе қал-
ған жағдайда алдыңғысы түсіп қалады.
Қазіргі қазақ тілінде жалаң (бір ғана) дау-
ыссыздан тұратын бірсыпыра қосымш а бар: -й
(ойла-й, сөйле-й, апа-й, жеңге-й, касқа-й, қара-й);
-қ, -к (қайра-қ, күре-к, барды-қ, келді-к); -м (ана-м,
шеше-м, барды-м, келді-м, болжа-м, сөйле-м); -н
(бора-н, ойла-н, анасы-н, шешесі-н); -р (ойаа-р, биле-р,
қайғы-р, ескі-р);-п (ойла-п, быле-п); -с (барма-с,
келме-с, ойла-с, сөйле-с, тала-с, тірке-с); -т (ойна-т,
биле-т, бөге-т, мүнар-т); -у (ойла-у).
Дауыссыздарды дауысты тіркемей, жеке өзін
айту мүмкін емес. Сөйлеу кезінде буыннан кіші
бөлшек болмайды.
Қазақтілінде морфемалар (түбір, қосымша)
буыннан кем болмайды. Я ғни дауыстылар жеке
тұрып (буын құрай алады) соз, қосымша болуы
мүмкін, ал дауыссыздарда ондай қасиетжоқ. Олай
болса, сөзге жалғанатын жоғарыдағы қосымша-
лардың әрқайсысы дауыстымен тіркесіп айтыл-
ған. Дәлірек айтқанда, көсемш енің -й жұрнағы
мына түрде келген: -ай (ойла-ай), -ей (биле-ей),
Поделитесь с Вашими друзьями: |