Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис


*8.  Салыстырмалы  сабақтас  қүрмалас



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1241/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1237   1238   1239   1240   1241   1242   1243   1244   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
4.2.3*8.  Салыстырмалы  сабақтас  қүрмалас 

сөйлемдер

Салыстырмалы  сабақтас  сойлемнің  жоғарыда 

талдаған басқа сабақтастардан озіндік айырмашы- 

лығы  бар.  Мүнда  бағыныңқы  компонент  басың- 

кыда  хабарланған  қимыл-әрекетгі  әр  түрлі  мағы- 

налық жақтан  айқындап,  толықтап  жатпайды.  Әр 

синтаксистік  компонент  мағыналық  жақтан  жеке 

дербестігін  сақтайды,  тек  байланысу амалы  жағы- 

нан  ғана  бағыныңқының  баяндауышы  тиянақсыз 

қалыпта  болады.  Компоненттердің  мағыналық 

қарым-қатынасы  бір-бірімен  салыстырыла  айты- 

лады.  Осыған  орай  да  сабақтастың  бүл  түрін  са- 

лыстырмалы  сабақтас  сойлем деп  атаймыз.

Сабақтас сөйлемдердің бойындағы салыстыр- 

малық  мән  оңдағы  жеке  создердің  қолданысына

байланысты  болады.  Алайда  компоненттер  ара- 

сындағы  салыстырмалық  мәннің  өзі  бір  дәреже- 

де  болмайды.  Мүндай  сәйлемдердегі  салыстыр- 

малық мән кейде  бір-бірімен өзара тең түсіп жат- 

са,  енді бірде тең түспей,  әр түрлі ыңғайда жүмса- 

лады.

Салыстырмалы мағына төмендегідей тәсілдер 



арқылы  жасалады.

1.  Шартты  рай  формалы  етістікке  аяқталған 

бағыныңқы  компонент  қүрамында  әрқаш ан қан- 

дай,  қанша,  қалай деген  сүрау  есімдіктерінің  бірі 

келеді  де,  басыңқы  компонентте  сонымен  түлға- 

лас,  соған  жауап  ретінде  айтылатын  сондай,  сон- 

ша,  солай деген  создердің  бірі  айтылады.  Сойтіп, 

екі  ком поненттегі  ж ай-күй,  әрекет  бірдейлік, 

теңдестік  барлы ғы   салы стыры ла  корсетіледі. 

Сіздің  үйдегі  Соду  агай  маган  қандай  жақын  бол- 

са,  Келдібай  да  сондай  бауырым  еді.  Басқалар  қан- 

дай  қуанса,  ол  да  сондай  қуанган  еді.  Бәлекбас- 

тың  жүрісі  қандай  паң  болса,  сөзі  сондай  паң 

(Әбішев).  Еңбекті  қанша  істесең,  табысты  сон- 



ша аласың.  Кісі қалай жүрсе,  көлеңке солай жүреді.

2.  Салыстырмалы  бағыныңқылы  сабақтас 

сөйлем,  сондай-ақ  бағыныңқы  компоненттің  ба- 

яндауышы  қызметінде -дай,  -дей жүрнақты  откен 

шақтық  есімше  келу  арқылы  жасалады.  Сондай 

өмір өзіне еліктіргендей, Дәулет ауылдагыдан  әлде- 

қайда  сауықшыл  болып  кеткен  сияқты.  Қүлпырган 

масаты  дала  денем  шамданбасын  дегендей,  айна- 

ла  толқыган  сагымнан  ақырын  гана  сілкінеді.  Ма- 

ңайына  үйірілген  балалардың  бәрі  де  өзінен  ту- 

гандай,  Антонина  Порфирьевна  әрқайсысын  жылы 

жүз,  жүмсақ  сөзбен  еркелетеді  (Мүқанов).  Грам- 

матикалық тәсілдермен қоса салыстырмай  сабақ- 

тастардың  жасалуына  септігін  тигізетін  тірек 

сөздер  бөлады.

1)  Б ағы н ы ң қы   және  басы ңқы   сөйлемдер 

қүрамында өзара салыстырыла жүмсалған сөздер. 



Үлкендер  пүшпақ  тымақ  кисе,  соңгы  жылдары 

бозбаланың  көбі  осындай  түлкі  тымаққа  ауысқан 

еді.  Төлеген  жасынан  сері  жігіт  болса,  Сансызбай 

сауыт  киіп,  садақ  асынган,  жаратып  ат  мінген 

батыр  жігіт  болып  тәрбиеленеді  (Әуезөв).  Онда 

күндіз  аңызақ  тынбай  соқса,  түнде  масасы  қой- 

май  ызылдайтын  (Қыдырбекүлы).

Осындай  дәрежедегі  салы сты рм алы қ  мән 

кейде  бағыныңқы  көмпөненттің  баяндауышы  - 

ган фөрмантты  есімшенің жатыс  септігінде  түруы 

арқылы да  беріледі:  Ел арасының  өзге сөзі бір төбе 



болганда,  Түсіп  үшін  осы  жай  өзі  бір  төбе  бола- 

тын.  Аналар  қырық  шамалы  болганда,  бүлардың 

бары  -  жиырмадан  артық  емес  (Әуезөв).

2)  Енді  бір  сойлемдердің  қүрамында  мағы- 

насы  жағынан  бір-біріне  қарама-қайшы  жүмсал- 

ған  создер  қолданылып,  салыстырмалық  моннің




күшін  одан  сайын  айқындай  түседі:  Надан  Мал- 

қар  ескі  әдетімен  елді  қорқытып  устамақ  болса, 

залым  Ш әлкендер  алдап  устамақ  (М үстаф ин). 

...Біреулері  әлі  маздан  турса,  енді  біреулер  жер 

ош ақт а  қ а л га н   қозы дай  солгын  бозарады 

(Кекілбаев). Біреулері куле келсе,  енді біреулер қабақ 



шытып,  ренжи  келеді  (Газеттен).

3)  Әр  түрлі  дәрежедегі  салыстырмалы  сабақ- 

тастың  осы  жолында  да  бір-бірімен  өзара  салыс- 

тырыла  айтылған  сөздер  болады.  Сонымен  қатар 

мүнда  бағы ны ңқы   компоненттің  баяндауышы 

болса,  сияқты  болса түрінде  аяқталып,  келесі  ба- 

сыңқы  компоненттегі  оқиға  желісімен  салғасты- 

рыла  айтуға  жол  ашады:  Я,  мен  көк  ит  болсам, 



сендер  көп  итсіңдер  (Әуезов).  Озық  елдің  өмірі 

тармагы  коп,  қуймагы  коп  озен  сияқты  болса,  бул 

елдің  омірі  ойдым-ойдым  иіалшықтай  таяз  да, 

колемсіз  де  (Мүсірепов).

4)  Салыстырыла  айтылудың  енді  бір  түрінде 

бағыныңқы  компоненттегі  салыстырудан  басың- 

қының  мәні  артық,  үстемелі  дәрежеде  түсіп  жа- 

тады.  М үндай  белгінің  орын  алуына  басыңқы- 

ның  қүрам ы нда  одан  да  тәріздес  күш ейткіш  

үстеуінің  қолданылуы  себеп  болады:  Тән  куші 

олай  болса,  жан  куші  одан  да  керемет.  Қазақтың 

Шоқан  естіген  музыкалық  фольклоры  соніиалық 

бай  болса,  создік  фольклоры  одан  да  бай  (М үқа- 

нов).  Стаханов  жер  ж узілік  рекорд  ж асаса, 



Әкімдер  одан  да  асты  (Мүсірепов).

Салыстырмалы сабақтас сөйлемдер сабақтас- 

тың озге  түрлерінен  осындай  жасалу тәсілдері  ар- 

қылы  ерекшеленіп  түрады.




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1237   1238   1239   1240   1241   1242   1243   1244   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет