Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1227/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1223   1224   1225   1226   1227   1228   1229   1230   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
712

СИНТАКСИС

бөлініп  шықты деген  пікірінің де  жаны  бар  екені 

байқалады.  Мезгіл  және  себеп  бағыныңқыларды 

сабақтастыратын бірдей формалар алдымен мезгіл 

бағыныңқыларды,  кейін  себеп  бағыныңқыларды 

да  жасай  бастаған.  Ал  сөйлемнің  ықшамдалу  ар- 

қылы  жасалуы  сабақтастың  эволюциялық дамуы 

емес,  мағынаның  дайын  ықшам  формаға  қонуы 

болып  табылады.

Біз  жогарыда  синтетикалы қ  тәсіл  арқылы 

жасалған мезгіл және себеп бағыныңқыларды бір- 

бірінен  ажыратудың  қиы н  екенін  айттық.  Енді 

аналитика-синтетикалық  тәсілмен  жасалған  се- 

беп  бағыныңқыларды  мақсат  бағыныңқылардан 

да  ажыратудың  қиы н  екенін  байқаймыз.  Мәсе- 

лен,  Бір  жәрдемі  тие  ме  деп,  жыл  сайын  жүзде- 



ген  тонна  суперфосфат  төктік.  Шалқайып  кет- 

кен  шаруаны бір тузесе осы тузер деп,  өткен жылы 

баст ы қ  қып  сайлады қ  (Ж ү м а д іл о в ).  О сы  

сөйлемдерді  не  себепті  бастық  қып  сайладық,  не- 



месе  не  себепті  жуздеген  тонна  суперфосфат 

төктік  деген  сүрауды  қойы п,  себеп  бағының- 

қылы  сөйлемдерге  жатқыза  салуға  болады.  Бірақ 

басыңқы  сыңардағы  іс  себептің  салдары  емес,  ба- 

ғыныңқы  сыңардағы  мақсатты  жүзеге  асырудың 

нәтижесі  болып  табылады.  Өйткені  бірінші  сы- 

ңарлардағы  іс  салдардың  себебі  болатындай  әлі 

жүзеге  аспаған.  Басыңқы  сөйлемнің  баяндауышы 

болжалды-мақсатты келер шақта айтылып түр.  Сол 

себептен  де  осы  тәріздес  сөйлемдер  мақсат  бағы- 

ныңқылы сөйлемдерге жатады. Ал себеп  бағының- 

қылы  сөйлемдерде  бірінші  сыңардағы  іс  жүзеге 

асып  түрады.  Яғни,  ондағы  баяндауыш  формала- 

ры  осы  шақта,  не  өткен  шақта  жүмсалады  да, 

басыңқыдағы іс  соның салдарын  көрсетіп түрады.

Себеп  бағыныңқылы  сабақтастарды жасаудың 

негізгі  төл  тәсілі  -  шығыс  жалғаулы  есімшелер. 

Көсемшелер  арқылы  жасалған  себеп  бағыныңқы- 

лы сабақтастар шығыс жалғаулы есімшелерден кейін 

көсемше жүрнақтарының қүрмалас  сөйлем жасау- 

дағы  қызметінің  өріс  алуынан  келіп  шыққан.

Екі  сыңардан  қүралған  себеп  пен  салдардың 

қатынасы тілімізде әр түрлі тәсілдермен берілетіні 

белгілі.  Салаласа  қүрмаласу  кезінде  жалғаулық- 

та р д ы ң   қ о л д а н ы л у ы   с ы ң а р л а р   а р асы н д ағы  

себептік қатынасты айқын  көрсетіп түрады.  Сон- 

д ы қ тан   көсем ш е  ф орм алы   б ағы н ы ң қ ы л ар д а 

себептік  мағына  бар-жоғына  көз  жеткізу  үшін 

себептік  мағына  айқы н  көрінетін  осы  жалғау- 

лықты тәсілдерге және  бағыныңқы  жасаудың тол 

тәсіліне  салып  айтып  көру  керек.  Патша  тагы- 



нан  тусін,  Жәуке  турмеден  қутылын  уйіне  келіп 

еді  (Майлин)  деген  сөйлемді  мағынасын  бүзбай 

себеп  пен  салдардан  түратын  басқа  тәсілдерге 

қ о й ы п   айты п  к ө р ел ік . 

П ат ш а  т агы нан 

тускендіктен,  Ж әуке  турмеден  қутылып  уйіне

келін  еді.  -  Патша  тагынан  тусті,  сондықтан 

Жәуке  турмеден  қутылын  уйіне  келген  еді.  -  Жәу- 

ке  турмеден  қутылып  уйіне  келген,  өйткені  нат- 

ша  тагынан  тускен  еді.

Қаншама бірдей формамен жасалса да, мезгіл, 

амал  т.б.  б ағы н ы ң қ ы л ар   бүлай  етіп  себепті 

білдіретін  басқа  формалармен  айтуға  еш  уақта 

келмейді.

Қүрмалас сөйлемдердің сыңарлары арасында 

себептілік  қатынас  болады.  Оның  берілу  жолда- 

ры жоғарыда корсетілгендей әр түрлі тәсілдермен 

жүзеге  асады.  Себептестік қатынасты беретін  сы- 

ңарлардың  салаласа,  сабақтаса  байланысуы  он- 

дағы  ішкі  мағынаға  көп  әсер  ете  қоймайды.  Сон- 

дықтан  себептік  қатынастағы  қүрмалас  сөйлем- 

дер  үшін  сабақтаса және  салаласа  байланысу жай 

формальды  белгілер  деуге  болады.

Себеп  бағыныңқылы  сойлем  басыңқыдағы 

оқиғаның  (салдарлық)  себебін  білдіріп,  дағдылы 

себеп пысықтауыштың сүрағына жауап беріп түра- 

ды.  Осыған  байланысты  оларға  60-жылдардағы

Н.Сауранбаев еңбектеріне  шейін  себеп  пысықтау- 

ыш  бағыныңқылы  сабақтас  деген  атау  таңылып 

келді.  Жай  сөйлемдердегі  себеп  пысықтауъші  пен 

себеп  бағыныңқылы  сөйлемдердің  жасалу жөлда- 

ры  үқсас  келеді.  Мамандар  бірауыздан  себеп  пы- 

сықтауыштардың басты жасалу жолы ретінде  шы- 

ғыс  жалғауында  түрған  есімшелерді  көрсетеді. 

Екінші  тәсілі  есімшеге  соң  шылауын  тіркестіру 

арқылы  жасалады.  Одан  кейін  сиректеу  қөлданы- 

латын  тәсіл  ретінде  кесемше  жүрнақтары  атала- 

ды.  Осы формалар  осы  ретпен  себеп  бағыныңқы- 

лы  сойлем  жасауға  да  қатысады.

Сәйтіп,  себеп  пен  салдардың  қатынасы  жай 

сойлемде  де,  қүрмалас  сәйлемде  де,  қүрылысы 

қалыпты  қүрмалас  сойлемдердегіден  күрделі  бо- 

лып  келетін  қүрылымдарда  да  кездеседі.  Сабақ- 

тас  сәйлемдерде  себепті  білдіретін  бағыныңқы 

басы ң қы н ы ң   алдында  түрады.  Ж ай  сөйлемде 

себепті  білдіретін  сөз  пысықтауыш  мүше  бөлса, 

сабақтастарда  бір  сөйлем  (бағыныңқы)  түгелімен 

себепті  білдіріп  түрады.  Көп  бағыныңқылы  са- 

бақтастың да бір ғана себептілік қатынасқа қүрыл- 

ған  түрлері  болады:  Бір  байдың  қызына  шешек 

шыгып,  бетін  тыртық  қылгандықтан,  ешкім  ал- 

май,  аягында  екі  кәзіне  ақ  тускен  бір  соқырга 

берінті  (Ш әкәрім).  Сөйлем  түгелімен  тізбектеле 

айтылған себептілік қатынасқа қүрылған. Ал егер 

себептілік қатынастар тікелей болатын болса, онда 

екі  сыңардан  ғана  қүралып,  қалыпты  қүрмалас 

болады.  Егер  себеп  пен  салдар  тікелей  емес,  ал- 

ғашқы  себеп  салдар  туғызып,  ол  салдар  келесі 

салдардың  себебіне  айналып,  тізбектеліп  келетін 

қатынастардан  сабақтас  сөйлемдердің  көп  бағы- 

ныңқылы  түрі  жасалады.  Мәселен,  өсімдіктердің




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1223   1224   1225   1226   1227   1228   1229   1230   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет