Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1217/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1213   1214   1215   1216   1217   1218   1219   1220   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
704

СИНТАКСИС

сөйлемдер ж әне  құрм аласты ң сыңарлары деген 

ұғымдар екі  басқа екендігі аңғарылады.

Қарасөзге  құ ры лған   мәтіндерде  басы ңқы  

сөйлем сабақтас сөйлемнің ұнемі аяғында, ал ба- 

ғы ны ңқы   сөйлемдер  көбіне  оны ң  алдында  ке- 

леді.  Бұл тәртіп  өлеңді  сөйлемдерде сақталмауы 

мүмкін.  Мысалы:



Тебінгі теріс тағынбай,

Темірқазык жастанбай,

Қу т олағай бастанбай,

Ерлердің  ісі  бітер м е ?! 

(М ахамбет)



Көп ойладың тыншымай 

Түнде де кірпік  бір какпай,

Талмай көзің жұмбайсың

Ағарып  сүттей таң атпай. 

(Ж ұмабаев)

Байқап отырғанымыздай, бірінші өлеңде ба- 

ғы н ы ң қ ы -б а с ы ң қ ы л ы қ   тәртіп  сақтал ған .  Ал 

екінш і өлеңде басы ңқы  сөйлемдер б ағы н ы ң қы - 

ның алдына ш ы ғы п  кеткен.

Сабақтас  сөйлемдерге  қатысты  назар  ауда- 

рарлық тағы бір нәрсе  - олардың бастауыштары- 

на қатысты болмақ.

Кейбір түркология  мамандары  сөйлемдерді 

құры лы мы на  қарай  жай  сөйлем,  күрделенген 

сөйлем,  құрм алас сөйлем деп  топтайды.  Күрде- 

ленген сөйлемді ұсынушы ғалымдардың айтуынша 

олардың жай сөйлемдерден айырмасы екі  преди- 

кативтік единицадан тұратындығында, ал құрма- 

ластан  айырмасы  сол  екі  предикативтілік қаты - 

настың да бір бастауышқа телінуінде екен.  Қазақ 

тіл  білімінде  Қ .Е сенов бір бастауыш қа телінген 

сөйлемдерді жай сөйлемнің күрделенген түрі деп 

таниды және ондағы баяндауыштарды пысықта- 

уыштық деңгеймен бірдей  қарайды.  Т.Қордабаев 

ондай  құрылымдарды сабақтас деп танып,  олар- 

дағы тиянақсы з формаларды  баяндауыш деп та- 

ниды.


Сібір халы қтары ны ң тілін  зерттеуші  маман- 

дар бұл мэселені бұдан да тереңірек қарап, төмен- 

дегідей  модельдерге бөледі:

1. Ж алғыз субъектілі бірбастауышты көппре- 

дикативтілі  құры лы мдар ТУ =п  (N

5

 



Уфин)

2.  Бірсубъектілі көпбастауышты  құрылымдар 

(14,  о  Т = п )  (Ы,  <-> Уфин)

3.  Көпсубъектілі  (ІМ,)...  ТҮ=п  ("Ы,  <-> Үфин)

4.  Көпсубъектілі көпбастауышты құрылымдар

(Ы,  о   ТУ=п)  (]М,  <-> У ф ин)’ .

Бір субъектіге телінген,  бірін-бірі  толықты- 

ратын  немесе бір іс-әрекетті  (синонимдік немесе 

антоним дік мәнде)  бірігіп  атайты н  баяндауыш- 

тарды  біры ңғай  баяндауыш тар деп есептеп,  он- 

дай  құры лы мдағы  сөйлемдерді жай  сөйлем деп 

таны ған дұрыс.  Бірақ ортақ бастауыш қа телініп 

баяндауыштары  эр  ш ақта  келетін  және  әр  сөз 

табынан жасалатын сөйлемдерді сабақтас бағы - 

ныңқылы сөйлемдер деп таныған дұрыс. Өйткені 

олардың сыңарларының арасы әр түрлі мағына- 

лы қ қатынаста келеді.  Сонымен  қатар ортақ бас- 

тауышты  құрмаластар тек сабақтас емес, салаласа 

да,  құрмаласа  да  береді.  Ия,  күйші  атамыздың 

ұлы  рухы  тірі,  т уған  жерінде,  балыкшы  үйінде, 

бүгінгі балалары,  іні-ұрпактарымен аралас-кұра- 

лас тұрып жатыр.ҚНұрпейісов).  Бұл сөйлемнің 

бастауышы  -  рухы;  баяндауыш тары  -  тірі  (сын 

есім), тұрып жатыр (етістік).  Сондықтан мұндай 

сөйлемдер  құрмалас  деп  танылуы  керек.  Я ғн и , 

ортақ бастауышты сойлемдері тек бастауыштың 

саны на қарап бөлу жеткіліксіз. Алдымен,  бағы - 

ныңқы-басыңқы сөйлемдер арасындағы мағына- 

л ы қ  қаты настарға  қарау  керек  және  құрмалас 

жасаушы  бөліктер  пысықтауыш  дәрежесінде ме, 

әлде баяндауыш дәрежесінде  ме - сөны өлшеуіш 

етіп алған дұрыс.  Егер көсемше, есімше тұлғала- 

ры  арқылы жасалған баяндауыштарды  қалыпты 

пысықтауыш тар  емес,  баяндауыш   деп  танитын 

болсақ,  онда есімше, көсемше тұлғалы бағының- 

қы лы  баяндауыш тары  бар  ортақ  бастауышты 

сәйлемдерді  де  сөз  ж оқ  құрмаластар  қатарына 

жатқызамыз.


жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1213   1214   1215   1216   1217   1218   1219   1220   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет